АҚШ-тың ішкі жағдайы және “жаңа бағыт”



КІРІСПЕ

Курс жұмысының өзектілігі: Бұл жұмыста АҚШ.тың I.ші және II.ші дүниежүзілік соғыс аралығындағы жалпы жағдайы көрсетіледі. Оның ішінде ішкі, әлеуметтік және экономикалық саясаты баяндалады. Әсіресе, 1929.1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу тәсілдеріне,яғни «Жаңа бағыт» саясатына ерекше көңіл бөлініп, түсінік беріледі. Сол кезде қалыптасқан халықаралық қатынастар жүйесіндегі АҚШ.тың сыртқы саясатта ұстанған бағыты мен негізгі ұстанымдары сипатталады.
Курс жұмысының мақсаты: екі дүниежүзілік соғыс кезіндегі АҚШ.тың ішкі және сыртқы саясатын айқындап беру. Енді осы мақсатқа жету үшін осындай міндеттер қойылады:
1. I.ші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі барысындағы АҚШ.тың жетістіктерін көрсету.
2. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуы және «Жаңа бағыт» реформаларын көрсету.
3. АҚШ.тың ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысуы және сыртқы саясаттағы алатын орнын көрсету.
Тарихнамалық шолу: Осы курс жұмысын жазу барысында автор негізінен орыс тарихшыларының еңбектері мен әдебиеттерге сүйенді. В.Л. Мальковтың «Жаңа бағыты» атты еңбегінде АҚШ.тың «Жаңа бағыты» туралы толық мәліметтер берілді. Сондықтан автор Рузвельттің «реформалар жинағын» сипаттауда толығымен осы еңбекке негізделді. Сонымен қатар бұнда «Жаңа бағыттың» әлеуметтік.экономикалық саясаты да нақты сипатталған. Осыған тағы да Т.В. Галкованың «Социально.экономическая политика правительства Ф.Рузвельта на завершающем этапе нового курса» атты еңбегін де қосуға болады. Бұл әдебиет біршама өзгеше мәліметтер берді. Оның ішінде «Жаңа бағыттың» не себептен құлдырап,заңды күшін жойғандығы туралы сауалдарға осы еңбектің көмегімен анық көрсетті. А.С.Маныкиннің «Эра демократов» атты еңбегі АҚШ.тың жалпы саяси жағдайын суреттеген. Ал, АҚШ.тың сыртқы саясаты А.И.Уткиннің «Дипломатия Франклина Рузвельта» атты еңбегінде толық зерттелген. Сонымен қатар, В.Л.Мальковтың «Франклин Рузвельт. Проблемы внутренней политики и дипломатии: Историко.документальные очерки» еңбегі құнды материалдар берді. Сол сияқты, В.С.Ковальдің «США во второй мировой войне: некоторые проблемы внешней политики» және Ю.Кузнецтің «Вступление США во вторую мировую войну» атты еңбектері жалпы АҚШ.тың соғыс алдындағы және кезіндегі ұстанған ұстанымы мен жүргізген саясаты туралы толық мағлұмат берді. Ал, Куйбышевтің «История внутриполитической борьбы и общественной жизни США» еңбегі АҚШ.тың ішкі

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Курс жұмысының өзектілігі: Бұл жұмыста АҚШ-тың I-ші және II-ші
дүниежүзілік соғыс аралығындағы жалпы жағдайы көрсетіледі. Оның ішінде
ішкі, әлеуметтік және экономикалық саясаты баяндалады. Әсіресе, 1929-1933
жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу тәсілдеріне,яғни Жаңа
бағыт саясатына ерекше көңіл бөлініп, түсінік беріледі. Сол кезде
қалыптасқан халықаралық қатынастар жүйесіндегі АҚШ-тың сыртқы саясатта
ұстанған бағыты мен негізгі ұстанымдары сипатталады.
Курс жұмысының мақсаты: екі дүниежүзілік соғыс кезіндегі АҚШ-тың ішкі
және сыртқы саясатын айқындап беру. Енді осы мақсатқа жету үшін осындай
міндеттер қойылады:
1. I-ші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі барысындағы АҚШ-тың жетістіктерін
көрсету.
2. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуы және Жаңа бағыт
реформаларын көрсету.
3. АҚШ-тың ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысуы және сыртқы саясаттағы алатын
орнын көрсету.
Тарихнамалық шолу: Осы курс жұмысын жазу барысында автор негізінен орыс
тарихшыларының еңбектері мен әдебиеттерге сүйенді. В.Л. Мальковтың Жаңа
бағыты атты еңбегінде АҚШ-тың Жаңа бағыты туралы толық мәліметтер
берілді. Сондықтан автор Рузвельттің реформалар жинағын сипаттауда
толығымен осы еңбекке негізделді. Сонымен қатар бұнда Жаңа бағыттың
әлеуметтік-экономикалық саясаты да нақты сипатталған. Осыған тағы да Т.В.
Галкованың Социально-экономическая политика правительства Ф.Рузвельта на
завершающем этапе нового курса атты еңбегін де қосуға болады. Бұл әдебиет
біршама өзгеше мәліметтер берді. Оның ішінде Жаңа бағыттың не себептен
құлдырап,заңды күшін жойғандығы туралы сауалдарға осы еңбектің көмегімен
анық көрсетті. А.С.Маныкиннің Эра демократов атты еңбегі АҚШ-тың жалпы
саяси жағдайын суреттеген. Ал, АҚШ-тың сыртқы саясаты А.И.Уткиннің
Дипломатия Франклина Рузвельта атты еңбегінде толық зерттелген. Сонымен
қатар, В.Л.Мальковтың Франклин Рузвельт. Проблемы внутренней политики и
дипломатии: Историко-документальные очерки еңбегі құнды материалдар берді.
Сол сияқты, В.С.Ковальдің США во второй мировой войне: некоторые проблемы
внешней политики және Ю.Кузнецтің Вступление США во вторую мировую войну
атты еңбектері жалпы АҚШ-тың соғыс алдындағы және кезіндегі ұстанған
ұстанымы мен жүргізген саясаты туралы толық мағлұмат берді. Ал,
Куйбышевтің История внутриполитической борьбы и общественной жизни США
еңбегі АҚШ-тың ішкі жағдайына,оның ішінде әлеуметтік және қоғамдық
өміріне,төменгі таптың ереуілдері мен толқуларына,бір сөзбен айтқанда,ішкі
шиеленістерге нақты түсінік берді.
Деректік шолу: Курс жұмысын жазу барысында автор орыс және шет
тілдерінен аударылған деректерді қолданды.
Оның ішіндегі ең маңыздыларын атап кеткен жөн: Р. Хофшдадтердің “Эпоха
реформ” атты еңбегінен “Жаңа бағыттағы” заңдар жинағы пайдаланылса,
Г.М.Андрееваның “От Рузвельта до Никсона” атты аударылған еңбегінен
Рузвельттің жүргізген саясаты жайлы бірнеше толықтырулар енгізілді. Сол
сияқты А. Шлезигнердің “Эпоха Рузвельта” және Дж. М. Бернстің “Рузвельт:
Человек Свободы” атты еңбектерінен құнды мәліметтер алынылды. Ал қорытынды
бөлімін жазуға үлкен көмегін тигізген - "Соционика, ментология и психология
личности" атты журналдар. Онда Рузвельттің саясаткер екендігі туралы
дәлелдемелер, цитаталар, саяси тұлғалардың айтылған ойлары мен пікірлері
және қоғам қайраткерлерінің берген бағалары, жалпы АҚШ-тың өміріне қосқан
зор үлесі туралы айтылды. Сонымен қатар, А.В. Сабанинаның Вашингтонская
конференция по ограничению вооружений и тихоокеанским и дальневосточным
вопросам 1921-1922 годов атты акттар мен құжаттардың толық аудармасынан
осы конференцияда қабылдаған шешімдер туралы мағлұмат алынды. Ал, Советско-
американские отношения во время Великой Отечественной войны,1941-1944 годы
атты екі томдық құжаттар мен мағлұматтар екі ұлы державаның соғыс
барысындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасының шиеленісуі мен
дамуын көрсетті. Сонымен қатар,автор АҚШ-тың сыртқы саясаты жайында
интернеттен алынған деректерді де қолданды.
Әрине, бұл курс
жұмысы қолданылған әдебиеттермен ғана шектелген жоқ, олардың толық тізімі
қолданылған әдебиеттер тізімінде көрсетілген.
Методология: Осы курс жұмысын жаза отырып,автор тарихи және
салыстырмалы анализ әдістерін қолданды. Яғни тарихи деректер мен
әдебиеттерді пайдалана отырып ,ол тақырыпты талдап қарастырды.
Құрылымы: Курстық жұмыс құрылымы әдеттегідей үш бөлімнен,яғни
кіріспе,негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі,деректемелік шолу,мақсат-міндеттері жан-
жақты қаралса,негізгі бөлім тиісінше үш тарауға бөлінген.
Қорытынды бөлімінде жоғарыдағы пікірлер тиянақталып,
ой-түйін жасалған.

I ТАРАУ 20 ЖЫЛДАРДАҒЫ АҚШ-тың ЭКОНОМИКАСЫ
МЕН САЯСАТЫ

1.1 I дүниежүзілік соғыстың нәтижесі мен Вильсон үкіметінің
саясаты
I дүниежүзілік соғыс АҚШ-тың экономикасының дамуына үлкен түрткі болды.
Сол жылдары оларға ерекше орайлы болып табылды. Себебі бүкіл Еуропаны
қамтыған әскери әрекеттер АҚШ континентінің маңайына да жолаған жоқ. Тек
1918 жылдың жазынан бастап АҚШ әскери күштері соғыстың соңғы сатысына ғана
қатысты.Сондықтан басқа соғысушы державаларға қарағанда АҚШ-тың соғыстан
көрген шығыны мен зардабы аз болды: 50 мың адам өліп, 230 мың адам
жарақаттанды.
Соғыс барысында АҚШ Еуропаның соғысушы елдерін әскери материалдармен,
азық-түлікпен және шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Бұның нәтижесінде
американ экспорты үш есе- 7,9 млрд-қа өсті. Сонымен қатар АҚШ-тың
монополиялық буржуазиясы да бұдан өз пайдасын тигізді. 1914-1919 жылдары
олардың таза табысы 33,6 млрд долларды құрады. Жалпы 20 жылдардың басына
таман АҚШ әлемдік көмір өнімінің жартысын, әлемдік шойын және болат
өнімінің 35 бөлігін, әлемде өндірілген мұнайдың 23 бөлігін және де
әлемдік көлік шығарудың 85% берді.
1914-18 жылдардағы АҚШ дамуының негізгі жетістіктері оның экономикасының
дамуы , әлемдік экономикада ұстанымдарының нығаю және әлемдегі экономикалық
жағдайы ең қуатты елге айналуы болды.
I дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың қаржылық статусының түбегейлі
өзгерісі үлкен мәнге ие болды. Соғысқа дейін олар экспорт капиталының
көлемі бойынша басқа импералистік елдерден артта қалды.
1913 жылғы деректер бойынша американдық инвестиция шетелде 2,6 млрд.
долларға жетті, немесе Англияның шетелдегі инвестициясынан он есе кем
болды, және Франциядан алты есе, сонымен қатар герман елінен 4,5 есе кем
болды. Сол кезде Еуропа елдерінің АҚШ-тағы инвестициясы 1914 жылы 7,2 млрд
долларға жетіп, американ инвестициясынан асып түсті.
АҚШ- тағы Антанта елдерімен орналасқан үлкен әскери тапсырыстар Еуропа
елдері инвестициясының қысқаруына әкеп соқты. 1919 жылына қарай олар 3,3
млрд долларға кеміді. Сол уақыттағы соғыстың қажеттіліктері американ
капиталы экспортының өсуіне әсерін тигізді. 20 жылдары оның ортақ көлемі
11,1 млрд долларға жетті. Сонымен қатар соғыс кезінде американ капиталының
шет елдегі жеке инвестициясы өсті.20 жылдары басында жеті млрд долларға тең
болды. Осылай I дүниежүзілік соғыстың келесі маңызды нәтижесі АҚШ-тың
негізгі кредиторға айналуы болды, дәл сол кезде Нью-Йорк халықаралық қаржы
орталығына айналды.
Өзінің соғыс жылдарындағы экономикалық дамуының нәтижесінде Құрама
штаттар индустриалды эволюциясында жаңа деңгейге көтерілді. 20 жылдарда АҚШ
жоғары дамыған елге айналды. 1920 жылдардағы деректер бойынша 105,7 млн
халқы бар АҚШ-тың қала тұрғыны ауыл тұрғынан асып түсті. Бұл тарихтағы
бірінші оқиға болатын. АҚШ-тың 42 млн адамының 25 млн (60% ) өндірістегі
, транспорттағы, ауылшаруашылығындағы жұмысшыларды құрады. Империализм
дәуіріндегі ірі монополиялық бірлестіктер АҚШ экономикасының негізін
қамтыды. Соғыс талаптарының нәтижесінен пайда болған экономикалық өрлеу
АҚШ- та өнеркәсіп пен капиталдың одан әрі дамуына әкелді.
Дүние жүзілік соғыс кезінде өнеркәсіптік өрлеуге байланысты АҚШ
жұмыссыздықтың қысқартылуының, өнеркәсіптің маңызды салаларындағы нақты
айлық ақысының деңгейі біршама өсті. Соғыстан кейін де нақты айлық ақысының
өсуі бір уақытта байқалып отырды. Ресми деректер бойынша, 1920 жылы
американдық жұмысшы күшінің орташа жылдық айлығы 1467 долларға тең болды.
Үкімет статистикасы деректері бойынша, 1914-20 жылдары АҚШ өмірінің құны
екі есе көтерілді.
Сонымен қатар қала және ауыл шағын буржуазиясы да біршама экономикалық
қиындықтарды көрді. Соғыстан кейін АҚШ тұрғындарының бұл тобы недәуір
көлемде болды. 1920 жылғы деректерде ұсақ кәсіпкерлер, саудагерлер,
фермерлер және басқа ұсақ басқа буржуазиялық топтағы жұмысшылардың саны 14-
15 млн адамға есептелді. Яғни, бүкіл елдегі іскерлердің үш бөлігін құрау
керек болды. Сонымен қатар орта деңгейдегі қала
тұрғындарының да жағдайы нашар болды. Себебі олар трестер және
концерндермен бәсекелестік күрес жүргізді.
Осындай экономикалық процесстер ұлттық табысты үлестіруде теңсіздікті
арттырды. Ресми деректер бойынша жалдамалы еңбек еткендерге 20 жылдардың
басында ұлттық табыстың жартысы буржуазияға келді.
I дүниежүзілік соғыс кезінде елдің экономикалық ресурстарын
мобилизациялау мақсатында соғыс қажеттіліктеріне арнайы 1917-1918 жылдары
әскери өнеркәсіптік басқармасы мен әскери-шаруашылық селодағы басқармалар
құрылды. Олардың қызметіне: әскери тапсырыстарда үйлестіру, өнеркәсіптік
кәсіпорындарды шикізатпен, отынмен, көлікпен және жұмыс күшімен қамтамасыз
ету.
1917 жылы Вильсон үкіметі барлық темір жолдармен мемлекет қарамағына
беру туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, федералды қор жүйесінің ролі өсті.
Банктердің орталықтандырулары қаржы оллигархиясына және онымен тікелей
байланысқан мемлекеттік аппаратқа американ қоғамының экономикалық өмірін
бақылау құрамын берді.
Сол сияқты мемлекеттің еңбек пен капиталға араласуы, яғни әлеуметтік
жағдайға араласуы артты. Вильсонның ойы бойынша әлеуметтік саясаттың
негізгі міндетіне өнеркәсіпті өндіруді тоқтатпау, ереуілдерді алдын алу
және капитал мен еңбектің арасында бірлікті орнату кіреді. Бұл мақсатқа
жетуде кәсіподақтардың рөлі ерекше. 1917 жылы қарашада Американ еңбек
федерациясының отырысында Вильсон жұмысшыларды ереуілге шықпауды шақырды.
Оның орнына үкімет органдарының делдалдылығымен және кәсіпкермен бірлестік
туралы келіссөздер жүргізуді ұсынды.
Бұл саяси бағытты жүзеге асыру мақсатында 1918 жылдың басында
кәсіпкерлер мен кәсіподақтардан тұратын еңбектің әскери басқармасы құрылды.
Осының барысында жұмысшыларға белгілі бір құқықтар берілді. Алайда, бұған
әскери басқарма өз талаптарын орнатты. Жалпы сол жылдардағы Вильсонның
либералды-реформалық бағыты американ жұмысшыларының өмір сүру жағдайын
жақсарту жолындағы күреске орайлы жағдай туғызды.
Соғыс кезінде пайда болған мемлекеттің экономика мен әлеуметтік жағдайға
тікелей араласуы, монополистік капиталдың мемлекеттік-монополиялық
капиталға айналуын көрсетті. Бұл соғыстан кейін де өз жалғасын тапты.
Алайда соғыс аяқталғаннан кейін де Вильсон үкіметі әскери ұйымдарды
қысқартқанымен, АҚШ өнеркәсібінің көлік саласында мемлекеттік бақылау әлі
де сақталды.
X ғасырдың басындағы класстық күрестің және капитал дағдарысының
басталуы, Ресейдегі Қазан революциясының жеңуі Вильсонды өз шешімдерінде
қайта толғандырды. Нәтижесінде ол бүкіл қауіпті радикалдарға қарсы тұрып,
оларды репрессияға тарту заңдарын таратты. 1917-18 жылдары қамауға Юджип
Дебс және басқа да Американ социалдық партиясының көрнекті
өкілдері,сонымен қатар индустриалды жұмыс әлемі кәсіподақтық ұйымының
бүкіл басқармасы алынды.
Соғыстан кейін Ленинді қолдағандарға деген аңшылық артты. Федералды
үкіметтің органдары, штаттарды билеушілер революциялық Ресейді қолдаған
радикалдарды қудалады. Он мыңдай
жұмысшылар мен интелегенция өкілдері пальмерлік рейд кезінде ұсталып,
түрмеге қамалды немесе елден қуылды.
Бұндай жағдайда әртүрлі шовинистік, расистік топтар мен бірлестіктер өз
қызметтерін бастады. Олардың ішінде ең көрнектісі 1919 жылы құрылған
Американдық легион соғыс ардагерлерінің қоғамы. Бұл ұйымның бөлімшелері
елдің әр бөлігінде болды. Сонымен қатар қантөгістік әрекеттерді өте жиі
қолданды. 1919-20 жылдары Ку- клупс-клан атты террористік отряды
құрылды. Бұл отряд елдің әр аймағындағы негрлерге, шетелдіктерге және
радикалдарға қарсы террорлық саясат жүргізді.
Осындай елдің демократиялық күштерінің шабуылдауы американизмді қорғау
атты лозунгы астында болды. Яғни әр жерде Американы большевизм мен өзге
шетелдік күйзелту әсерлерінен қорғау керек деген ұрандар пайда болды.
Бұндай қозғалысты протестанттық шіркеудің консерваторлары да қолдады. 1919
Филадельфияда өткен съезде олар бірігіп әлемдік христиандық
фундаменталистер ассоциациясын құрды. [1]
Американизмді қорғағандардың ұрандарының бірі болып құрғақ заңды
қабылдау болды. Бұл заңды әсіресе спиртті ішімдіктерге қарсы ұйымдар
қолдады. 1917 жылы желтоқсанда конгресс АҚШ конституциясына XVIII түзету
ретінде бұл заңды енгізді. 1920 жылы бұл заң өз күшіне енді және оның
жақтастары қарсылық білдіргендерді большевиктер және өркениетті
бұзушылар деп таныды.
Соғыстан кейін пайда болған шиеленістерден кейін Вильсонның жұмысшылар
құқығын арттыру, олардың кәсіподақ құруға құқықтарына ие болуы, ұжымдық
келіссөздер қабылдауға және ереуілдерге шығуға рұқсат берген саяси бағытын
кәсіпкерлер қабылдамады. АҚШ-тың көптеген монополиялық буржуазиясы
жұмысшы табына табанды шабуылдау жасауға дайындалды. Нәтижесінде, Вильсон
президентінің қабылдаған зорлық-зомбылықты болдырмау, еңбек пен капитал
арасында тең серіктестікке қол жеткізу және жұмысшылардың құқығын мойындау
туралы либералды декларацияларына буржуазия ашық наразылық көрсетті.
1919 жылы қазанда президент Вильсонмен шақырылған ұлттық индустриалды
конференция ешқандай нәтижеге әкелген жоқ. Тек жұмысшы өкілдігін құру
туралы шешімге келді.
Вильсонның әлеуметтік либералды заңнамасының пайдасына жасаған
декларациясы конгрессте қабыданбады. Бұдан кейінгі сайлауда 1918 жылы
республикандықтар конгресстегі көптікті жаулап алды. Олардың талаптары:
президент өкілеттігін қысқарту,экономиканың қай саласында болмасын
мемлекеттік бақылауды жою және болашақта еркіндік жолындағы жаңа
экспериментті болдырмау.
Бұған Вильсон қатты қарсыластық білдірген жоқ, себебі сол жылдары ол
қатерлі ауруға ұшырады. Тек, 1920 жылы тамызда ол АҚШ конституциясына XIX
түзету ретінде әйелдерге сыйлық құқығын беру құжатын қабылдады.
1919-20 жылдары Вильсон үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатында
негізгі заңдардың бірі – темір жол заңы қабылданды. Бұл бойынша бүкіл
мемлекет қарамағында болған темір жолдар жекеменшікке өтті.

1.2 Вильсонның 14 пункті және Вашингтон
конференциясының шешімдері
1919 жылғы 18 қаңтар мен 1920 жылы 21 қаңтар аралығында өткен Париж
конференциясы АҚШ-тың белсенді қатысушылығымен өтті. АҚШ конференция
нәтижесінде Ұлы бес державалардың қатарына кірді: АҚШ, Ұлыбритания,
Франция, Италия, Жапония.
Ресейдегі Ұлы Қазан революциясының жеңісі, Лениннің идеялары
импералистік езгіде жүрген әлемнің бүкіл халқына таралды. Бұл АҚШ-тың
гегемондығына жетуге қайшылық тудырды. Осындай жағдайдан шығуды Вильсон өз
қолына алды.
Жалпы АҚШ тарихындағы Вильсонның рөлі ерекше. Оның вильсонизм саясаты,
яғни агрессия мен реформалардың байланысуы, I-ші дүниежүзілік соғыс аяғында
АҚШ-тың билеуші топтарында қолдау көрді.Енді буржуазиялық ұлттық либерализм
өз мақсаты етіп Қазанға қарсы күресін қойды. Сонымен қатар антисоветизм
Вильсон саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылды.
Соғыстан кейінгі АҚШ бағдарламасын жүзеге асырған негізгі құжаттардың
бірі президент Вильсонның 1918 жылғы 8 қаңтарда конгресске жолдаған жолдауы
ретіндегі 14 пункті. Ал 1918 жылы қазанда Вильсон госдепартаментпен
дайындалған 14 пунктқа толықтыруларды мақұлдады. Бұл екі құжат бойынша
АҚШ-тың әлемді басқаруға дайындық барысында екенін көруімізге болады.
Мысалға: Ұлыбритания, Франция және Жапонияның құпия келісім шарттарына
бағытталған колония және әскери облыстары сферасында: 14 пунктің 1-ші, 2-
ші, 3-ші,4-ші және 5-ші пункттары.
Ресейге 6-шы пункт арналды, яғни бүнда Ресейге деген суйіспеншілік
білдірілді.
Алайда бұл пункте берілген комментарияға бұндай қонақжайлылықтың ізі
де қалған жоқ. Себебі пункт бойынша Ресей, Польша, Финляндия, Эстония,
Литва, Украинадан қажетті түрде бөлінуі керек болды. Кавказды Түрік
империясының мәселесі деп, ал Орталық Азияны өзге бір державаға протекторат
ретінде берілуін қарастырды. Бұл яғни Ресейдің кішкентай, тәуелді
бөліністерге бөліну мақсатында жасалды.
Құжаттың өзге пункттарында Германияның Франциядан қорғау талаптары алға
шығарылды. Сол сияқты Балкандағы Италияның ұстанымын қысқарту және оның
Албанияға протекторатын орнату, бұрынғы Австро-Венгрияның орнына оңтүстік-
шығыс Еуропаның конфедерациясын құру және Австрияның Германияға қосылуы
сияқты талаптар.
Вильсонның ең сүйікті 14 пунктында АҚШ-тың лидерлігі Ұлттар Лигасының
құрылуы туралы жазылды.
Бұл құжатта арнайы өзінің жарнамасы болды. Олар: Жаңа библия, бүкіл
адам қоғамына арналған хартия, большевизмге қарсы балама. Полковник
Хауздың жазғаны бойынша әр елдің либералдары бұл құжатта өзінің ішкі
толқыныстарына қарсы құнсыз қолдау табылады-деді. [2]. Бұның арқасында
Вильсонды Еуропада жаңа саяси тәртіптің апостолы деп атап кеткен.
14 пункттің шындық мәнін Ленин: бұл американ гегомониясының және
революциямен күрес құжаты-деді. Оның жазбалары бойынша: Вильсонның
идеалдық демократиялық республикасы іс жүзінде әлсіз халықтарды арсыз қанау
әрекетіне толы құтырған имперализм-деді. [3].
Версаль конференциясына жиналған АҚШ делегациясы Вашингтонда шешілетін
сыртқы саясаттағы экспансионистік және антидемократиялық сипаттағы
мәселелерді бекітті. Себебі, алғашында американ делегациясының тізімі
армия,флот,авиация,сауда,кеме салу,отын өнеркәсібі,байланыс,кәсіподақ және
баспасөз өкілдерінен тұрды.
Алайда,келіссөздерден кейін бес ұлы державаның өкілдерін бес адамға
дейін қысқарту туралы өзгеріс енгізілді. АҚШ-тың өкілетті өкілдері болып –
президент Вильсон,мемлекеттік хатшы – Лансинг,полковник Хауз,генерал Блисс
және Франция және Италияның бұрынғы елшісі Уайт барды. Делегациямен 1300
адамнан тұратын штат ерді.
Вильсон мен Лансинг АҚШ-ты Париж конференциясының басқарушы органы –
Оңдық кеңесте таныстырды. Бұл Кеңеске Ұлыбританияның,Францияның,Италияның
және Жапонияның өкілдері қатысты.
Алайда,бұл конференцияда АҚШ-тың жоспарлары мен бағдарламалары жеңіліске
ұшырады. Оның ішіндегі жеңілістің маңызды себептерінің бірі Кеңестік
Ресейге деген қарулы интервенцияның күйреуі болып табылады.
Сол сияқты АҚШ-тың бастамасымен шақырылған Вашингтон конференциясы
Версаль конференциясының жалғасы болып табылады. Оны ұйымдастыру барысында
АҚШ Версальда тапқан жеңілісін орнатып, қайта әлемде өз билігін қалпына
келтіру мақсаттарын көздеді.
Талқылау барысында болашақ форум Қарусыздандыру,тынық мұхиты және қиыр
шығыс мәселелері жөніндегі конференция деп аталды. Оған 14 ел және британ
доминиондары қатысты. Тек КСРО конференцияға қатысқан жоқ.
Конференция 1921 жылдың 12 қарашасы мен 1922 жылдың 6 ақпанында өтті.
Жұмыс барысында 28 келісім ,резолюциялар, декларациялар мен мәлімдемелер
қабылданды. Мынандай негізгі мәселелер қарастырылды: қаруды шектеу, Қиыр
шығыстық Антантены құру және Қытайдағы ықпал үшін күрес. Конференция
барысында державалар арасында төрттік,бестік және тоғыздық келісім-
шарттарға қол қойылды.
АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Жапония арасында 1921 жылы 13 желтоқсанда
Төрттік келісім-шарт болды. Ол төрт баптан ғана тұрды: Тынық мұхит
аймағындағы жеке аралдар мен аралдық территориалардың құқығын өзара
сыйлау; егер осы территориаларға өзге державадан қауіп төнген жағдайда оны
бірігіп қорғау; келісім-шарттың оң жылдық мерзімін бекіту; 1902 жылғы
ағылшын-жапон одағының бұзылғанын мойындау (4-ші бап бойынша). Нәтижесінде,
бұл келісім-шарт юридикалық түрде Тынық мұхиты аймағында статус-кво мен
төрт державаның осы аймақтағы уаөытша теңдігін бекітті.
АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония және Италия арасында 1922 жылы 6
ақпанда теңіз қаруын шектеу туралы Бестік келісім-шарт болды. Бұл
құжатты қабылдауға бастама көрсеткен АҚШ. Қарастырылған мәселелер: линейлік
кемелерді қысқарту; бес державаға қатысты кеменің тоннажын орнату; өте
үлкен кемелерді салуға тыйым салынды (35 мың тонно водоизмещение).
Нәтижесінде, линейлік кемелердің ара-қатынасы: АҚШ (5): Ұлыбритания (5):
Жапония (3) :Франция (1.75) : Италия (1.75). Әскери ұшақ кемелеріне тоннаж
бойынша: (А)135: (Ұ)135: (Ж)81: (Ф)61: (И)61.
Вашингтон конференциясына қатысқан ағылшын доминиондарынан басқа барлық
елдердің арасында 1922 жылы 6 ақпанда Тоғыздық келісім-шарт болды. Бұл
келісім-шарттың негізін американдық жоба құрады. Бұның барысында Қытай
мәселесі шешілді,жалпы оның тәуелсіздігі жарияланып,территориялары
қайтарылды.
Вашингтон конференциясында АҚШ үлкен бір дипломатиялық жеңіске жетті
десек қателеспейміз. Ол Азиялық-Тынық мұхиты аймағында күштердің теңдігін
орнатты. Сонымен қатар әскери-теңіз балансы мен Қиыр шығыс мәселелерін
ретке келтірді.
Жалпы бұл тарауда АҚШ-тың I дүниежүзілік соғыстың аяғынан бастап
жүргізіп келе жатқан саясаты баяндалады. Яғни, соғыстың жеткізген
нәтижелері мен жетістіктері,Вильсонның жүргізген саясаты,оның ішінде 14
пункті, Версаль конференциясынан кейінгі әлемнің реттелуінде ерекше орын
алған Вашингтон конференциясы,оның шешімдері туралы нақты жазылған.Бұның
бәрі АҚШ-тың әлемдік экономикалық дағдарысқа жасаған бір қадамы.

II ТАРАУ АҚШ-тың ІШКІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ

“ЖАҢА БАҒЫТ”

1 АҚШ-тың өркендеуден экономикалық дағдарысқа өту кезеңі

ХХ ғасырдың І ширегінде АҚШ экономикалық даму жағынан алдыңғы қатарлы
елдер құрамында болды. АҚШ-тың өнеркәсіптік капитализмнен монополиялық
капитализмге ауысуы, әлемдік экономикалық дамудың Еуропадан Солтүстік
Америкаға көшуіне себеп болды. АҚШ басқа, кез келген Еуропалық мемлекеттен
қарағанда тез дамып, көп өнім шығарды. Олардың әлемдік өнеркәсіптік өнім
өндірісі әрқашан да өсіп тұрды. Ал І Дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың
жағдайы одан да жақсарды, негізінен Антанта елдеріне қару-жарақ сату
есебінен. Осы кезең өнеркәсіптік өнім шығарудың өсуімен, негізгі капиталдың
интенсивті түрде ұлғаюымен және экспорттың өсуімен сипатталады. Оның ішінде
тез қарқынмен дамыған - көлік жасау, ұшақ салу, резеңке, химиялық, болат
өндіру салалары болды Яғни нақты сандарға келетін болсақ, 1920 жылы АҚШ
көлік жасау өнеркәсібінен әлемдік нарықта 85%, мұнай өндірісінен 67%, қара
металл өндірісінен 60%, ал болат өндірісі Англиядан қарағанда 4,5 есе көп
болса, Франциядан 14 есе көп болды. Капитализмнің тұрақтануы ең алдымен АҚШ-
та байқалды, яғни 1922 жылы. Нәтижесінде АҚШ-тың өнеркәсіптік өнім шығаруы
1923-1929 жылдары 20% өсті, ал өндіріс бойынша әлемдік нарықтың 44%
иемденді, яғни бұл Германия, Франция, Англия, Италия және Жапония елдерінің
бәрін бірге қосып алғандағыдан да көп болды. Осы мәліметтерге қарағанда АҚШ-
тың осындай қуаты ешқашанда өшпестей болып көрінді. Бірақ шындыққа келетін
болсақ, 1929 жылы экономикалық дағдарыс басталды. Бұл жағдай Нью-Йорк
биржасындағы құлдыраудан басталды [4].
1929 жылы 24 қазанда Нью-Йорктың қор биржасында “Дженерал моторс”
компаниясының үлкен акция пакеті сатуға шығарылды, ал бірнеше уақыттан
кейін ірі компаниялардың банкротқа ұшырағаны туралы хабар келді. Сол күні
көптеген басқа ірі компаниялардың үлкен акция пакеттері сатылуға шығарылды.
Осы акциялардың бағалары тез қарқынмен төмендей бастады, оған қарамастан
жаңа акциялар да сатылуға шығарылып жатты. 24 қазаннан 28 қазанға дейінгі
аралықта Доу-Джонс компаниясының өнеркәсіптік индексі 20% төмендеді. Осы
акцияларды несиеге алған компаниялар үшін қаржылай құлдырауды білдірді.
Ақшаның құнсыздануы басталды, ол 1932 жылға дейін созылды. 1932 жылы Доу-
Джонс компаниясының өнеркәсіптік индексі 90% -ға төмендеп кетті [5].
Биржалық құлдыраудан кейінгі уақытта банктер жабыла бастады, яғни 1930 –
1933 жылдары 9 мың банк жабылды. Сонымен қатар осы аралықта 23
кәсіпорындар жабылып, алтын қоры азайып, халықаралық капиталдың қозғалысы
бір орында тұрды. Күнделікті қажет тауарларға сұраныс азайғандықтан,
олардың өтуі кеміп, нәтижесінде тауар айналым жүйесі нашарлады. Бұл жүйенің
нашарлауы көптеген сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындардың және
тасымалдаушы компаниялардың кедейленуіне алып келді. 1932 жылға таман АҚШ-
тың жалпы өнеркәсіптік өнім шығаруы 46% төмендеді, ал жеке салалар түрінде
айтатын болсақ, біршама көбірек, яғни шойын өндіру - 79%, көмір өндіру -
42%, болат өндіру - 76%, көлік жасау - 80%-ға төмендеді. 279 домна пешінен
тек жұмыс істейтін тек 44 ғана қалды. 1929-1933 жылдары 135 мың сауда,
өнеркәсіптік және қаржылық фирмалар кедейленіп, өз жұмысын тоқтатты. Сыртқы
сауда айналымы 3,1 есе азайды. Сонымен, АҚШ экономикалық даму жағынан кері
қарай бағыт алды, яғни 1911 жылғы деңгейге түсіп кетті.
Әрине, экономикалық құлдырау нәтижесінде жұмысшылардың әлеуметтік
жағдайы нашарлады. Олардың өмір сүру деңгейі кенеттен төмендеп кетті.
Акциялар бағаларының төмендеуі 15 – 25 млн. американдықтарға әсерін
тигізді. Жұмыссыздық орын ала бастады, яғни халықтың жартысындай жұмыссыз
болса, ал жартылай жұмыссыздар саны бірнеше милионға дейін жетті.
Жұмысшылардың жалақысы 2 есе азайды, ал 1933 жылы 1929 жылмен салыстырғанда
60% төмендеді. Сонымен қатар көптеген жұмысшылар тұрғын үйлерден айырылды.
Нәтижесінде қаланың шеттерінде жәшіктерден және құрылыс қалдықтарынан
жасалған жұмыссыздар тұрақтары пайда болды. 1931 жылы тек Нью-Йоркте ғана
аштықтан 2 мың адам қайтыс болды.
Ауылшаруашылық дағдарысы: Өнеркәсіптік дағдарыс ауылшаруашылық
дағдарысымен ұласты. Мақтаға сұраныс 30% азайды. Бидайды экспорттау 82%
төмендеді. 1934 жылға таман бидай жинау 36% төмендеді, ал жүгері - 45%.
Ауылшаруашылық өнімдердің бағасы 58% түсті, ал егіншілер табысының 40%
астамы қарыздарын жабуға және салық төлеуге кеткен. Дағдарыс жылдары 1
милиондай егіншілік кедейленді, негізінен оларды сатуға мәжбүрлетті және
егіншілер жер меншігінен айырылды. Олар ауылшаруашылық өнімдеріне бағаның
түспеуі үшін егінді өртеп, сүтті цистернадан төгіп, картоп және мақта
өрістерін керосин құйып, өртеді [6].
Осы кезеңде АҚШ-та “американдық индивидуализм” философиясы кең тараған
болатын, ол бойынша мемлекеттің экономикаға және жеке бизнеске қатыспауын
қалады. Осы кезеңде Герберт Гувердің билікке келуі елде протекционизм
саясатын жүргізумен сипатталды және оның ойынша дағдарыстан автоматты
түрде, 60 күннен кейін шығады деген көзқарас болды. 1930 жылы енгізілген
тауарларға үлкен баж салығын орнатып, шетел тауарларының азаюына алып
келді. Нәтижесінде ұлттық өнімдердің өтуіне мүмкіндік берді. Осыған жауап
ретінде басқа мемлекеттер де енгізілген тауарларға үлкен тарифтер орнатты.
Ел ішіндегі жағдай нашарлап, көптеген жұмысшылар қозғалысқа шыға
бастады. 1930 жылы 1,2 млн. қатысқан жалпы ұлттық демонстрациялар басталды.
1931-1932 жылдары Вашингтонға жұмыссыздар мен аш қалған адамдардың, сонымен
қатар І Дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің де көтерілісі басталды. Кейін
жұмыссыздардың Ұлттық Кеңесі құрылды. Тау-кен, көлік жасау және тоқыма
салаларында ірі жұмысшылар қозғалысы басталды. 1933 жылы көтерілісшілердің
саны 1 миллионға жетті. Сонымен экономикалық дағдарыс банк жүйесін,
өнеркәсіптікті және ауылшаруашылықты қамтыды.

1.2 “Жаңа бағыт” түсінігі

1933 жылы 4 наурыз күні президент Ф. Д. Рузвельт өзінің қызметіне
кірісті. Дәл сол кезде елде төтенше жағдай болатын. Сондықтан бұл жағдайдан
шығу үшін тез арада шаралар қолдануға мәжбүр болды. Осы кезде Рузвельт
үкіметі ірі масштабты реформаларды жүзеге асырды және бұл реформалар
тарихқа “Рузвельттің Жаңа бағыты” деген атпен енген болатын.
“Жаңа бағыт” алдын ала ойластырылмаған жаңа жүйе болмағанымен де,
әлемдік тарихтағы ең танымал және нәтижелі реформалар жүйесі болып
табылады. Рузвельт сайлану кезінде уәде берілген реформалардан әлдеқайда
көбірек реформалар жүзеге асырылды. Президенттіке келгеннен кейін көп
ұзамай, яғни 9 наурыз күні Конгрестің арнайы сессиясы шақырылды және “100
күн” ішінде “Жаңа бағыттың” негізі қаланды. Президент Рузвельт дағдарыстан
шығу үшін, Гувердің “тұрпайы индивидуализм” саясатын қолдамай, шаруашылықты
жобалау жолын, яғни ел ішінде “таптық бейбітшілікті” орнату арқылы және кез
келген басқа елдермен татулық көршілестік саясатын жүргізу арқылы жүзеге
асатын жолын көрді.
“Жаңа бағыттың” теоретикалық негізі болып әйгілі ағылшын экономисті Джон
Майнерд Кейнстің мектебі болып саналады. Бұл мектеп бойынша монополия
бақылап, бағыт беріп отырған капиталистік мемлекеттерде енді елдің
экономикалық және әлеуметтік саясаттарынде мемлекеттің міндетті түрде
араласуын қолдайтын теория негізі болып табылады. Сонда осы айтылғанға
сүйене отырып, біз Рузвельттің кез келген экономикалық және әлеуметтік
саясатында мемлекеттің араласуын көздегенін көруге болады. “Жаңа бағытты”
іске асыру барысының екі кезеңін бөліп көрсетуге болады, яғни 1933 –
1935жж., өріс алған кезеңі және 1935-тен ары қарай, “сол жаққа” ығысқан
кезеңі [7].
Соғыс қарсаңындағы “Жаңа бағыт”: 1936 жылғы сайлау кезеңі “Жаңа бағыт”
демократиялық коалицияның триумфальді кезеңі болды. Әрине, демократиялық
партияға қызғанушылық білдіргендер де болды, яғни оңшылдар күштері. Олар
“жаңа бағыттың” құлдырау кезеңін күтумен ғана емес, сонымен қатар шаралар
қолданумен айналысты. Оны , мысалы, газеттерде “еңбектеніп келе жатқан
социализм” деп, реформаларды тек жамандаумен айналысты.
Ал Рузвельт болса, “жаңа бағыттың” жалпыұлттығын сақтап қалғысы келді.
Бірақ енді елде саяси қатынастар шиеленісе түсті, сонымен қатар оңшылдардың
қысымы күшейе түсті, президент айнасында оның өміріне қауіп төндіргендер де
болды.
1935 жылдың аяғына таман оңшыл күштер бастарын көтерді. Сонымен қатар
президенттің өзі де оның реформаторлық мінезі әлеуметтік – экономикалық
негіздерін бұзбай, шектеулі болуы тиіс екендігін мойындады. 1936 жылы “жаңа
бағыт” ескірді, экономикалық жүйенің түпкіліксіз өзгертулерін жаңаландыру
өзінің шегіне жетті. 1937 жылы Рузвельттің өзі айтқандай: “Көптеген
американдықтар нашар киілген, аш және тұрғын үйлері жоқ” деген. Бірақ
Рузвельт ары қарай өзгерістер енгізуге талпынды және ол былай деген: АҚШ
тек 40-шы жылдарға таман алдыңғы қатарлы елдер құрамында болады. 1940 жылы
сайлану алдында Рузвельт тексерілген, “ұмытылған адамға” апелляция жасау
әдісін қолданды.
1937 жылы жазда “ашық цех” саясатына қарсы өзінің құқықтарын сақтау
мақсатында жұмысшылар қозғалысы басталды. Бұл қозғалыстардың негізгі күші –
жұмыссыздар және қара американдықтар болды. Бұл қозғалыстың басталу себебі
“жаңа бағыттың” реформаторлық қызметіндегі “арандату рөлі” туралы хабардың
таралуы. Осы арада “біздің қазіргі кездегі қоғамдық құрылымда қойылған
талаптарға сай әр жанұяға қауіпсіздік және кедейшілік пен тапшылықтың
қиындықтарынан сақтай аласындар ма?” деген сұрақтар жиі-жиі қойылатын
болды. Осындай кезде жұмысыздық – ол қазіргі заманғы капитализмнің серігі
болып табылады. Либералдардың арманы - өнім шығару механизмін толық күшіне
жеткізу орындалмас болып шықты. Экономикалық жүйе үкіметтің қоғамдық өнім
шығару механизмін бақылауына қатаң тәртіптер қояды. Сөтіп, 1937 жылы жаңа
экономикалық дағдарыстың белгілері байқала бастады.
Әрқашандағы көп мөлшердегі жұмыссыздық нәтижесінде қоғамдық мұмыс жүйесі
әрқашан істе болатын экономиканың секторіне айналды. Бұл сектор жүйе үшін
сақтандыратын клапан рөлін атқарды және жеке меншік секторіне
бәсекелестікті құрамады, яғни ооолардың жалақысы жеке меншік
кәсіпорындарынан қарағанда 2-3 есе аз болды. “Жаңа бағыт” жақтастарының
ойынша, капитализмді сақтау – ол өмірге шыншыл көзқараспен қарауға
бейімделуді айқындады.
Таптық күрестің тез арада шиеленісуі және буржуазияның экономикалық пен
саяси ұстанымда қайтадан сенімділік сезімінің тұрақтылығы “жаңа бағыт”
рөлінің азюына алып келді және реакцияшылдыққа қолайлы жағдайды тудырды.
Рузвельт әрқашанда мәмілеге келуден бас тартпады. 1940 жылы сайлау
алдында “жаңа бағыт” әкімшілігі ірі капиталмен жақындасуға қол созды. Осы
кезде Рузвельт өз реформалары арқылы ірі капиталдың мазасын алмайтыны
айқындалды. Сонымен, “жаңа бағыт” біртіндеп көптеген экономикалық салаларда
өз күшін жоғалта бастады. Тек 1941 жылы, яғни АҚШ екінші дүниежүзілік
соғысқа қатысқаннан кейін “Жаңа бағыт” өз қызметін тоқтатты [8].
Сонымен, “Жаңа бағыт” (“New Deal”) – АҚШ үкіметінің экономикалық
дағдарыстан шығу үшін қолданылған іс-шаралар жүйесі. Енді осы жерде “Жаңа
бағыттағы” жасалған заңдар және жалпы іс-шараларды атап кеткен жөн. “Жаңа
бағыттың” бірінші кезеңінде (1933-1934жж.) осындай шаралар іске асырылды:
“Ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы заң”; көптеген әр түрлі өнім
шығару салаларында “әділ бәсекелестік кодекстерді” енгізді, яғни ол бойынша
кез келген өнімге оның бағасы, өнім өндірушіліктің деңгейі және т. б.
қарастырылды. Сонымен қатар, “ауылшаруашылықты реттеу туралы заң”, ол
бойынша ауылшаруашылық өнімдеріне бағаны өсіру және егіндіктің аумағы мен
сиырдың санын азайтқандығы үшін фермерлерге ақшалай қайтаруға бағытталған
заң болды. Екінші кезеңде (1935-1938 жж.) осындай шаралар іске асырылды:
“еңбек қатынастары туралы заң”, “әлеуметтік қауіпсіздендіру және
жұмыссыздарға көмек беру туралы заң”, яғни кейбір категориялы жұмысшылар
үшін минималды жалақы және максималды жұмыс уақытын орнататын жұмыс күшін
әділетті түрде қолдану туралы заң [9]. Енді осы заңдардың негізгілеріне
тоқталып кеткен жөн. Ең алдымен, Рузвельт қаржы нарығынан бастады. Оның
ішінде банк және қаржы жүйелерін құтқарудан басталды. Олардың “емделуі”
үшін алтынды сыртқа шығаруды тыйым салды; сонымен қатар банкноттардың
алтынға айырбастау да тоқтатылды. АҚШ-та барлық банктер жабылды. Көптеген
қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер банктердің мемлекеттендіруін талап
еткеніне қарамай, ондайға Рузвельт барған жоқ. Кейін бірыңғай қабылданған
“банктер туралы төтенше заңда” федералды қор жүйесінен тек жағдайы барларға
несие алуға рұқсат етілді, яғни тек ірі банктерге ғана. 1933 жылы наурыз
айының соңында Федералды қор жүйесінің 45 банктер қайтадан ашылды, бірақ 2
мыңдай банктер бұған рұқсат ала алмады.
Президент Гувер кезінде құрылған “Қалпына келтіру корпорациясы” несиеге
беру мүмкіншіліктерін “Жаңа бағыттың” алғашқы 2 жыл ішінде кеңейтіліп,
6 млрд. доллардан асты. Нәтижесінде банктерді бір жүйеге жинау
күшейтілді, банктер саны 25 мыңнан 15 мыңға азайды.
Мемлекеттің қаржылық ресурстарын көбейту және оның бақылайтын
қызметтерін ұлғайту мақсатында АҚШ осы кезеңде алтын стандартынан бас
тартты, яғни алтынды айналымнан шығарып, доллардың құнсыздануын өткізді.
Нәтижесінде, 1934 жылы қаңтарда долардың алтындық құрамы 41% түсті.
Осы жерде Рузвельт қолданған ақша бірлігінің девальвация әдісі де орын
алады. Доллардың девальвациялануы белсенді сауда және төлеу балансын
қиындатты. Ал алтынмен қамтамасыз етілмеген қағаз ақшаларды көптеп шығаруды
мүмкін деп ойламады. Сондықтан ол инфляциялық дамудың ерекше бағытын тапты.
АҚШ доллардың алтынға қатынасы үлкен болған кезінде алтынды үлкен көлемде
сатып алу жүзеге асты. 1933 жылдың соңына таман 187,8 млн. доллар көлемінде
алтын сатып алды. Осы жағдай жасанды түрде доллардың құнын түсірді. Сонымен
қатар алтын қор федералды қор банктерінен алынып, мемлекеттік қазынаға
берілді. Ал банктерге оның орнына алтынмен жалатылған сертификаттар
берілді. 1934 жылдың басына таман “алтын қор туралы заң” қабылданды. Ол
бойынша 1971 жылға дейін күшке енген алтын мен доллардың жаңа қатынасы
орнатылды, яғни бір унцияға 35 доллар.
Девальвацияның көмегімен табысты бөлісу қарыз капиталы емес, өнеркәсіп
жағына табысты болып келді. Сонымен қатар несие жүйесіндегі жалпы кедейлену
жойылды, монополиялардың үкіметке қарызы азайды және АҚШ-тың экспорттық
мүмкіншілігі күшейді. Ал ұсақ акционерлер мен салушылардың сенімін тудыру
үшін банк салымын сақтандыру корпорациясы құрылды. Осы салымдардың
мемлекеттік сақтандыру шарасы кедейлену мүмкіншілігін жойып, салушылардың
сенімін үлкейтті [10]
“Жаңа бағыттың” негізгі шаралары ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіру
проблемасына үлкен көңіл бөлінді. Сондықтан 1933 жылы ең қажетті заңдардың
бірі – “Ұлттық өнеркәсіптікті қалпына келтіру туралы заң” (НИРА)
қабылданды. Оның өткізілуі үшін Ұлттық қалыпқа келтіру әкімшілігі құрылды.
Оның құрамына қаржы олигархия өкілдері енді (сауда палатасынан бастап,
“Дженерал моторс”, “Стандарт ойл” фирмалары және т. б. концерндер). Сонымен
қатар экономистер және Американдық еңбек федерациясының өкілдері де болды.
Ұлттық қалыпқа келтіру әкімшілігінің басқарушысы болып генерал Хью Джонсон
тағайындалды. Бұл органның эмблемасы көк бүркіт болды. Сондықтан, егер кез
келген тауарда осындай эмблема болмаса, онда халық осындай тауарды алмайтын
болды.
Ұлтық өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы заң экономиканың осы саласына
мемлекеттік бақылау жүйесін енгізді. Оның 3 саласы болды. Бірінші сала
экономиканың жандануын қарастырған шаралар болды және оның дағдарыстан
шығаруын көздеді. Негігі тірек “әділетті бәсекелестік кодексіне” жасалды.
Кәсіпорындар ассоциациясы бүкіл өнеркәсіпті 17 топқа бөлді. Оның
әрқайсысы “әділетті бәсекелестік кодекс”тәрізді кодекс жасауға міндетті
болды. Кодекс ретінде кәсіпорын үшін өнім көлемін, жалақының деңгейін,
апталық жұмыс уақытын орнатуды, өнімді өткізу нарығын және бірыңғай баға
саясатын жасауға міндетті болды. Әр кодексте, сонымен қатар, міндетті
түрде несие туралы талаптар айтылуға тиісті болды. Несие берілген кезде
кәсіподақ мүшесінің дискриминация жасауға жол берілмеді, ол үшін оның
минималды жалақысы мен максималды жұмыс уақыты анықталған болатын.
Президенттің кодексті қаулы етіп шығарса, ол заң болып саналды, егер осы
заң антитрестік болса, онда осы заң тоқтатылған болады. Жалпы айтқанда
Рузвельттің үкіметі бүкіл американдық индустрия мен сауданың 99% қамтыған
746 кодексті бекітті.
Заңның екінші және үшінші бөлімдерінде салық салу мен қоғамдық
жұмыстардың түрлері анықталды. Онда осы қордың атқару қызметіне байланысты
орын тәртібі көрсетілді. Жұмыссыздарға көмек көрсету нәтижесінде Конгресс
бұл үшін Қоғамдық жұмыс әкімшілігін құрды. Оны Ішкі істер министрі Г. Икел
басқарды. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 3,3 млрд. доллар бөлініп
отырды. Бұл сол кездегі естілмеген ақша көлемі болды. Сонымен қатар
жұмыссыздықпен күрестің басқа да шаралары болды. Ол үшін 18 – 25 жас
арасындағы жастар үшін еңбекші лагерлер құрылды. Оларды тегін тамақтандырды
және тегін форма мен үймен қамтамасыз етілді, оған қарамастан күніне 1
доллардан табыс етіп отырды. Лагердегі жастар саны
250 мыңға дейін жетті. Бұл жұмыстарды әскери күштің қордағы офицерлері
басқарды. Осындай шараның нәтижелі болуына байланысты 1935 жылы лагерлер
саны екі есе көбейіп, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін 3 млн адам болып
шықты. Жастар негізінен орман-тоғайларды тазалады, ағаш отырғызды және
жолдарды қалпына келтірді. Ал Рузвельттің кеңесшісі
Г. Гопкинс басқарған Төтенше көмек көрсету әкімшілігі әр штатта
жұмыссыздарға көмек көрсету туралы бұйрықтарды беріп отырды. АҚШ үкіметі
ұйымдастырған қағамдық жұмыстар масштабы өте үлкен болды. 1934 жылдың
қаңтар айына таман осындай қағамдық жұмыстарға 5 млн. адам қатысты. Ал 20
млн. американдықтар жәрдемақы алды.
1933 жылы бос және әлдеқайда артта қалған аудандарды меңгеру үшін
Басқарма құрылды. Мұнда ГЭС-тің салынуы, орман өсіру және топырақтың
эрозиясымен күресу, Теннеси аймағын энергиямен қамтамасыз ететін өнеркәсіп
құруды көздеді. Бұл жұмыс 40 мың адамды қамтыды. АҚШ-тың Оңтүстігінде
жұмыссыздарды жұмысқа орнату үшін жаңа инфраструктуралар құрылды: көлік
алаңдары, аэромдромдар, көпірлер және т. б.
Рузвельттің өзі осы заңға көп көңіл бөлді: “Ұлттық өнеркәсіптікті
қалпына келтіру туралы заң тарихқа Конгресс қабылдаған өте маңызды және
кейін де пайдасы болатын заңдылықтардың бірі болып енді”.
“Ұлттық өнеркәсіптікті қалпына келтіру туралы заң” екі жыл мерзіміне
енгізілді. Ол еңбек қатынастардағы либералдық реформаларды қарастырды.
Алғашында бұл заң ірі капитал мен жұмысышылар арасында қарым-қатынасты
орнату үшін жасалған болатын. Кәсіпкерлер үшін антитрестік заңдылықтың
жойылуы, өз септігін тигізді. Осы кезде кәсіподақтар ұжымдық қорғанысқа
рұқсат алды. Ал енді “таптық бейбітшілікті” жүзеге асыру мақсатында
“әділетті бәсекелестік кодекстің” 7а бөлімшесі бойынша жұмысшылар арқасында
бәсекелестікті жоюды көздеді. Ол бойынша жұмысшылар тек кәсіподаққа ғана
емес, сонымен қатар кәсіпорындармен де ұжымдық келісімдер жасауға құқық
берілді. Осы саясат нәтижесінде, Рузвельт үкіметі жұмысшыларды көтерілістен
аластатты. Бірақ осындай жағдайда монополиялар өз мүддесі туралы ұмытпады:
олар кодестерде жалақы деңгейін минималды етіп, ал апталық жұмыс уақытын
максималды етіп көрсетіп, оларды бекітіп отырды. Осындай кодекстерді
енгізгеннен кейін, жалпы жалақы көлемі азайды.
Осы заңның іске асырылуы ірі монополиялар жағдайын жақсартты, өйткені
өнім шығару мен оларды өткізу талаптарын монополиялар айқындап отырды;
әлсіз компаниялар ойыннан шығып отырды. Сондықтан “Ұлттық өнеркәсіптікті
қалпына келтіру заңын” американдық монополиялар үшін картельдеудің күштеп
етілгенімен де, қолайлы түрі болған екенін қарастырамыз.
“Ұлттық өнеркәсіптікті қалпына келтіру туралы заңы” қабылданғаннан
кейін, алғашқы кезеңдерде американдық ірі капиталистер жақтаушылықпен
қарады, ал 1934 жылдың күзінен бастап, өндіріс өнімдері мен капиталды
артықшылықпен орталықтандыру саясатына наразы болып, олар осы заңды қайта
қарастыруды талап етті. Бірақ осының бәріне қарамастан, 1933 жылдың наурыз
– шілде айлар арасында өнеркәсіптік өнім шығару дәрежесі жоғарылады. Ал
“Жаңа бағыттың” радикалды түрде дамуын тоқтату үшін “Американдық Бостандық
Лигасын” құрды. Сондықтан 1935 жылы Рузвельт осы заңның күшін ұзарту туралы
сұрақ қойғанда, ол көптеген әр түрлі күштердің қарсылығына ұрынды. Ірі
бизнес өкілдері осы заңды сынға алды және онда “мемлекеттік социализмді”
көрді. Ал ұсақ кәсіпорындардың ойынша, бұл заң ірі монополиялармен
бәсекелестікте олардың позициясын әлсіздетуде. Нәтижесінде 1935 жылы осы
заңның жақтастары қарсыластарынан қарағанда аз болды, сондықтан 1935 жылы
27 мамырда АҚШ-тың Жоғарғы соты бұл заңды конституциялық емес деп
жариялады, бірақ оған қарамастан, мемлекеттің бағыттаушы рөлі көптеген
салаарда сақталды.
“Ауыл шаруашылығын реттеу туралы заңды” АҚШ Конгресі 1933 жылы,
фермерлердің жаппай ереуілді жариялаудың алдында қабылдады. Оны жүзеге
асыру үшін Ауыл шаруашылығын реттейтін әкімшілігі құрылды, басқаша атауы
ААА еді. Ауыл шаруашылық дағдарыстан шығу үшін заң бойынша ауыл шаруашылық
өнімдерге баға 1909-1914 жылдардағы деңгейге дейін көтерілуі керек еді.
Олардың құрамына:
1. Өнделетін жерлердің ауданын және мал санын азайту. Әрбір егілмеген
гектар жер үшін фермерге компенсациялар мен премиялар берілді, бұлар өз
кезегінде компаниялардан, ұн және мақта-қағаз өнімдері үшін алынған
салықтар арқылы мобилизацияланды. Бұндай шараның енгізілуінің алдында
дәндерге деген бағалар оны жанармай ретінде пайдалануды тиімдірек етті,
кейбір штаттарда бидай мен жүгеріні көмір мен отынның орнына пайдаланды.
2. Фермерлік қарызды мемлекеттің қаржысымен өтеу шараларына 1933 жылдың
басында 12 млрд. жұмсалды.
3. Инфляцилық шаралар. Үкімет долларды девальвациялауға, күмісті
ремонетаризациялауға, 3 млрд. доллар сомасына қазыналық билеттер мен
мемлекеттік облигациялар шығаруға құқық алды. Осының салдарынан 1933-1935
жылдар аралығында фермерлер 2 млрд. доллар сомасына несие алды, осыған
байланысты шығынға ұшыраған фермалар аукциондардан сатылуы тоқтатылды.
Бұл заңның іске асырылуына байланысты мақтамен егілген 10 млн. акр
жерлер қайтадан жыртылды, бүкіл егістің ¼ бөлігі жойылды. ААА-ның бір жыл
ішінде жасаған жұмысы барысында 23 млн. ірі қара мал мен 6,4 млн. бас шошқа
өлтірілді. Өлтірілген малдың етін тыңайтқыштарға айналдырды. Өнім шықпай
қалған кезде сәттілік деп қарастырылды. Осылай 1934 жылы АҚШ-та ең қатаң
қуаншылық пен шаңды борандар болып өтті, бұл өнімді айтарлықтай азайтты.
Осылай бағаларды сақтап қалуға мүмкіншілік туды және ауыл шаруашылық
саласында жағдайды жақсартты, 1936 жылға таман фермерлердің табысы 50%-ға
арты. Несиелер арқылы көптеген фермерлік шаруашылықтар дағдарысты жене
алды. Алайда, барлық фермалардың жалпы санының 10% (600 мың) шығынға
ұшырап, бірден сатылып кетті. Ауыл шаруашылығын реттеу заңының
қарастырған шаралардың көбісі кішігірім фермерлік шаруашылықтарға
байланысты еді, өндірістің және алынатын өнімнің санын арттыруды
көздегендіктен ірі фермерлер егіс алқаптарын құнарсыз жерлерді жою арқылы
азайта алатын, оның орнына құнарлы жерлерден көбірек табыс, пайда көре
алатын, ауыл шаруашылық машиналарды және тыңайтқыштарды сатып ала алатын.
Жеңілдіктері бар несиелерді сонымен қатар қарыздары жоқ, бәсекелесе алатын
фермалар ала алатын. Ірі ауыл шаруашылық монополиялар мен фермерлер
бағаларды көтеру арқылы үлкен табыстарға жетті. Осыған орай жер
меншіктерінің концентрация процесі жеделдетілді.
1935 жылы Жаңа бағыт саясатында солға бұрылыс байқалды. Бұған
өздерінің күрестері нәтижесінде жұмысшылар қол жеткізе алды. 1933-1939
жылдары 8 млн.-нан астам адам ереуілдерге қатысты. Таптық күрестің ең
белсенді түрі отыру ереуілдері еді, ол кезде жұмысшылардың бір бөлігі
зауыттарда қалатын, ал қалғандары тәулік бойы ереуілдерге қатысты. Бұндай
ереуілдер табысты болатын, кәсіпкерлердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Америка дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
Ресейдің әскери - саяси жағдайы
АҚШ бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін
АҚШ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
АҚШ Ұлы депрессия жылдарында
1930 ж. Америка құрама штаттарындағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері
АҚШ президенті
ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы
Пәндер