Ұлт мәселелері Ресей тарихнамасында
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Тарау Европа тарихнамасындағы ұлт мәселесі ... ... ... .
1.1Ежелгі дүние (антик) және ортағасырлардағы ұлт
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.2 Жаңа заман ойшылдары. Ұлт туралы ... ... ... ... 11
1.3 Қазіргі таңдағы батыс тарихнамасындағы ұлт
мәселесі төңірегіндегі көзқарастар ... ... ... ... ... 14
ІІ Тарау Ұлт мәселелері Ресей тарихнамасында.
2.1 ХҮІІІ ғ. . ХХғ. басындағы орыс ойшылдарының
ұлтқа қатысты ұстанған ой.пікірлері ... ... ... ... . 22
2.2 Кеңестік ұлт теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
2.3 Қазіргі таңдағы Ресейлік зерттеушілердің ұлт
туралы тұжырымдары ... ... ... ... ... ... ... ... . 31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

Тақырыбы: ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХНАМАДА ҚАРАСТЫРЫЛУЫ. ЕВРОПА
МЫСАЛЫНДА
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Тарау Европа тарихнамасындағы ұлт мәселесі ... ... ... .
1.1Ежелгі дүние (антик) және ортағасырлардағы ұлт
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.2 Жаңа заман ойшылдары. Ұлт туралы ... ... ... ... 11 9
11
1.3 Қазіргі таңдағы батыс тарихнамасындағы ұлт
мәселесі төңірегіндегі көзқарастар ... ... ... ... ... 14
14
ІІ Тарау Ұлт мәселелері Ресей тарихнамасында.
2.1 ХҮІІІ ғ. – ХХғ. басындағы орыс ойшылдарының
ұлтқа қатысты ұстанған ой-пікірлері ... ... ... ... . 22
2.2 Кеңестік ұлт теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
2.3 Қазіргі таңдағы Ресейлік зерттеушілердің ұлт
туралы тұжырымдары ... ... ... ... ... ... ... ... . 31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі ... ... .. 38
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлттық фактор біз бұрын мән бермей,
елемей келген, бірақ заңды тарихи әлеуметтік құбылыс. Оның мәні ұлттың өзін-
өзі тануға ұмтылысында. Ұлт бойында қордалаған тарихи және әлеуметтік күш-
қайрат ғасырлар тоғысында жарыққа шығып, жаңа көрініс алып отыр. Тарихтың
қозғаушы күші таптармен олардың партиялары ғана емес, өзін-өзі таныған, өз
күшіне, өз жігеріне сенген ұлттар деген ой белең алып келеді.
Бүгінгі таңда ұлт мәселесі, егемендік, демократия, адам құқығы мен
бостандығы күн тәртібінен түспейтін мәселелерге айналып отыр. Оған қоса,
әлемдік ауқымдағы ортақ нарық пен шаруашылық, ортақ ақпарттық кеңістік,
ұқсас мәдени – рухани бағамдар қалыптасуы жағдайында этникалық жандану,
ұлттық сана-сезімнің өсу үрдістері де қатар жүруде. Себебі, қазір жер
жаһандық сипат алған үрдістерді адамзаттық дамудың табиғи нәтижесі ретінде
қабылдау орын алған уақытта, ұлттық реңктің тым алашабыр екені немесе жоқ
екеніне қарамастан, ұлттық атаулыны ығыстырып, көмескіленіп бара жатқаны да
рас. Бұл ретте жақандану үрдісі өзінен-өзі бір қарағанда ұлттық мемлекеттік
идеяның антиподы ретінде көрініс табатын сияқты. Алайда, жаһандану үрдісін
әрбір ұлт, әрбір мемлекет өзінің тән болмысына бейімдеп, жерсіндіре алғанда
ғана, әрбір этникалық орта осынау әрі құпиялау, әрі қауіптілеу болып
көрінетін құбылыстың тек қана игілігін көруге тиіс. Ал егер жаһандануды
ұлттық – мемлекеттік болмысқа сай жерсіндіре алмай, оның әсер ықпалына
табына мойын ұсынып, үлгі өнегесіне, жалаң еліктеуге ұрынатын болса, ондай
ұлт та, мемлекет те өз көрін өзі қазғандай күй кешіп, көп ұзамай геосаяси
тобырға ұласып, одан әрі тарихтың өткен шақпен айтылар естеліге айналады.
Осы ретте қазақ ұлтының бұл тараптағы тірлігі, бейелеп айтқанда
мынандай: Жаһанданудың ақжал толқынында бір бесік ағып барады; бесік
ішінде қазақ деп аталатын бір жас ұлан қанен қаперсіз ұйықтап жатыр;
Жаһанданудың ақжал толқыны бесікті аудара салуы да, тасқа соғуы да,
сарқырамадан құлатуы да немесе толқынсыз тымық айлаққа алып келуі де
мүмкін. Осындай ахуалда біз бір ғана жағымсыз тірліктен бас таруға тиіспіз.
Ол беймәлісіздікте ғұмыр кешуден бас тарту 1. Бұндай беймәлімсіздіктен
бас тарту, одан аман болудың жолы қазақтың ұлттық болмысын тану, ұлттық
санасын қалыптастыру. Ол үшін бізге жалпы ұлт теориясымен терең танысу, оны
зерделеу кезек күттірмес мәселе. Жаңа ғана тәуелсіздігін алап, аяғын жаңа
тәй басқан Қазақстан Республикасы емес, Франция, Англия, Ресей, Қытай
сияқты халқының саны жағынан да, ұлттық құраммен де ерекшеленетін
мемлекетердің ұлттық мәселеге қатты көңіл бөлуіде ұлт мәселесінің
өзектілігін көрсетеді. Себебі, ұлт табиғаты күрделі де, жан-жақты құбылыс,
көз алдымызда көптеген жас тәуелсіз мемлекетердің іргетасы қалана бастауы
ұлт теориясының түсінуді зерттеуді керек етеді.
Ұлт болмысының мәні, ұлттық келбетті айқындайтын факторлар, ұлттық
қатынастардың астары, ұлттың келешегі сияқты мәселелер ұлттар пайда болған
заманан бастап-ақ адамзатты ойландырып келеді. Ұлттық сана үрдісі өсіп
отырған біздің заманымызда бұл мәселе төңірегіндегі пікір таластар қай
ұлттың да өкілін бейтарап қалдыра алмайды.
КСРО-ның ыдырау нәтижесінде жаңа мемлекеттің пайда болуы, ұлттық
мемлекеттің қайта түлеуі, ұлттану мәселелерін бүгінгі өркениеттілігі
тұрғысынан қайта зерделеу қажеттілігін тудырып отыр. Ал бұл қайта зерделеу
тарихтың тереңнен тамыр алуы шарт, яғни әр тарихи дәуір ойшылдарының ұлт
теориясына, ұлттық мәселелерге қатысты ой-пікірлер жүйесін саралай отырып,
өз ерекшелігімізге, жаратылысымызға сай ұлт теориясын жасағанымыз абзал.
Өйткені ұлттық мемлекет болу үшін ең алдымен оның өзегі ұлттық идея,
ұлтшылдық, ұлттық болмыс, ұлттық сана тақырыбы жым-жырт тасада қалмай үнемі
талқыда болуы шарт. Кейінгі кезде бұл тақырыпқа байланысты жарыққа шығып
жүрген қоғамдық ғылым өкілдері, зерттеушілердің бірен сараң еңбектері бар
екенін жоққа шығармаймыз. Бірақ ұлттық мәселелерді сауатты түрде талқылап,
ұлт болмысын өз мәнінде түсіне алатын зиялы қауым өкілдерінің арасында бұл
тақырыпқа байланысты түсінбеушіліктер, келіспеушіліктер кезедеседі. Себебі,
біреуі ұлттық кісінің азаматтығын білдіретін батыстық көзқараста қараса,
енді біреулері әлі де болса бұрынғы Кеңестік дәуірдегі ұлт теориясының
таптық, партиялық қағидасының тар аясынан шыға алмай, болмыстың ұлттық
түріне өзіндік төл ерекшеліктеріне тереңірек үңіліп зерделеу ұлтшылдыққа
(социалистік түсініктегі) бой ұсыну, ақиқаттан аттау деп бағалайды.
Біреулері Қазақстанның негізгі ұлты қазақтардың мәдениетін, тілі мен дінін
жаңғыртып, маңызын арттыру көпэтносты мемлекетіміздегі басқа ұлтар
мүддесіне қайшы деген ой айтады. Ішінара Ұлттық мәселені дұрыс бағамдап,
ұлтты тек бір жақты емес, жан-жақты сипатына тоқталып жүрген авторларымызда
кездеседі. Әрине әлемдік тарихта өз орыны бар ойшылдардың ұлт, ұлттық
мемлекет мәселесіне байланысты еңбектеріне сүйену, оны өз ойыңа арқау ету
дұрыс та, бірақ оны пайдаланар алдында оның да бір ұлт өкілі екенін, өз
еңбегін, өз ұлттық ерекшелігіне, өз ұлттық ойлау жүйесіне сай жазғандығын
ескергеніміз жөн. Біз жалпыға ортақ ұлт теориясына сүйене отырып, оны
өзіміздің басқалардан өзгешелейтін ерекшелігімізге сай және өзімізден басқа
ұлт өкілдерін, олардың төл тума ерекшеліктерін құрметтей сыйлай отырып, өз
түсінігімізді қалыптастырсақ. Сондықтан да өз туындыларында ұлт мәселесіне
тоқталып, осы құбылыстың сырына үңілген авторлар еңбектерін сааралап шығу,
бүгінгі ғылыми білім деңгейіне сай бүгінгі талаптарды қанағаттандыратын,
теорияны қалыптастыратын ең маңызды өзектілердің бірі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлт категориясы күрделі сан қырлы құбылыс
болғандықтан, қоғам өмірінің бар саласы мен ықпалдасатындақытан ол
тарихшылардың, философтардың, саясаттанушылардың, әлеуметтанушылардың,
психологтардың зерттеуінің нысаны. Мәселені қарастыруда бір жақтылыққа
ұрынбау үшін оларды өзара байланыста қарағанымыз абзал. Өйткені әр
әлеуметтік қоғамдық ғылым саласы ұлттық өмірдің сол ғылымға тән
аспектілерін қарастырады. Сондықтан, тарих ғылымдарының докторы, профессор
Қ.Т.Жұмағұлов айтқандай: мәліметерді сыни електен өткізбей, жеткілікті
пайдаланбай, сондай-ақ өзге деректермен салыстыруға болмайды. Деректердің
бірін-бірі толықтырып отыратын мәліметтері қатар пайдалану тәсілімен бірге
пән аралық бағыттарда кеңінен пайдаланылуы керек2. Бұған П. Сорокин
3, С.В. Лурье еңбектері дәлел. Бұл тақырып, түрлі тарихи кезеңде де өз
мәнін жоғалтапаған. Ол ежелгі аникалық дәуірден дәл қазіргі күнге дейін
қоғамдық әлеуметтік ғылымдар саласының күн тәртібінен түспей келеді.
Сондықтан мәселені талқылау барысында, тақырыпты зерттеу барысында әр
тарихи дәуір өкілдерінің өз кезеңіне сай ерекшелігіне ескергеніміз абзал.
Немесе тақырыптың зерттелу деңгейі туралы айтқанда басқа да
тенденцияларына қарай, еңбектерді топтастыруға болады. Олар: Адамдар
ұлттық төл тума ерекшеліктерінен айрылған сайын тату өмір сүреді деген
алдамшы үстем пікір негізіндегі мәдени құндылықтарды емес, экономикалық
ерекшеліктерге негіделіп, ұлттарды өздерінің формациялық тәсіліне сай
Маркстік, Лениндік, Сталиндык ұлт теориясына сай өз еңбектерін
капиталистік, социалистік ұлт болмысын ашуыға арнаған авторлар: В.И.Ленин
5, И.В.Сталин 6, А.Козинг 7, Ж.К.Виллар 8, А.Қалмырзаев 9.
Керісінше Кеңестік ұлт саястаның мәнін түсніп, ұлттың қамын ойлап, халқын
ассимилияциядан қорғаушылыр және большивиктік саясат өз ұлттарының болашағы
үшін тиімсіздігін түсініп және сол үшін қуғынға ұшырушылар мәселен,
А.Байтұрсынов 10, М. Шоқай 11, Ғ.Тоғжанов 12, Н.Бердяев 13, И.А.
Ильин 14 және т.б.
Қазіргі таңда ұлт аралық жанжалдар мен қайшылықтарға толы Ресей
саясаткерлері мен ғалымдары соңғы кездері Совет халқы - жаңа тарихи
қауымдастық деген тұжырымды Ресей халқы ұғымымен алмастыруды мақұлдап,
уағыздауда. Осыған орай ұлт, ұлттық саясат, Ұлттық мемлекет сияқты
категориялар жоқ, оларды ғылыми айналымда қолданбау керек деушілерде 15.
Немесе ұлт теориясында ұлтты өз санаңдағы конструкция деушілерде бар. Олар
ұлтты белгілі бір интелликтуалдық ұйлесімді құрлым, ұлт деген құр қияли
елес деуші пікірлер жүйесі. Ол батыста және қазіргі таңдағы Ресей
тарихнамасында кең таралып отыр. Оның өкілдері К. Попер 16, Э.Гелнер
17, Тишков 18, Осипов 19.
Бірақ осы конструктивизмге қарам-қарсы, ұлтты объективті өмірде терең
негізі бар әлеуметтік қауымдастық деп қарастырушы этникалық, туа біткен
билогиялық ұлт қасиеттеріне шек келтірмей, оның адамның табиғатына тән
құбылыс екенін уағыздаушылар да бар. Олар А.Смит 20, Н.Бердяев сияқты
примордиялистік ағым өкілдері. Қатысты пікірлер жүйесін сыныптау Европа
елдерінде орын алып, кең зертелініп отыр.
Қазақстан да Тәуелсіздік алғалы бері, ұлттық болмысты жаңғыртуға
қатысты түрлі ғылым саласында өз теорияларымен тұжырымдарын айтушылар көп,
дегенмен ұлттық мемлекет, ұлттық идея т.б. ұлттық мәселелер туралы айтылған
ой-пікірлерді тарихнамалық тұрғыдан қарастырған зерттеушілер жоқтың қасы.
Мұның себебі де түсінікті.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі ұлттық мемлекет мәселесіне
тарихнамалық шолу болғандықтан тақырыптың зерттеулу деңгейі негізгі
бөлімдерде кеңінен қамтып қарасытырылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – ұлттық
мемлекет, ұлттық иидея ұлтшылдық, ұлттық сана сияқты ұғымдардың Батыс,
Ресей тарихнамысында қарастырылуын қамти отырып, онымен салыстыра отырып,
Қазақстанда мәселенің қай дәрежеде қарастырылып отырғанын көрсетіп, оған
Европа тарихнамысының ықпалы қандай екендігін анықтау. Европа, Ресей
тарихнамысы мен Қазақстан да қазіргі таңда қалай қойылып отырғанын
салыстыра отырып, ұлттық мемлекет оның тірегі ұлттық идеяны қалыптастыруда,
оның жалпы заңдылықтар негізінде өз ерекшелігімізге сай болуын көрсету.
Зерттеудің міндеттері: Диплом жұмысының мақсаты төмендегідей зерттеу
міндеттін туындатады:
- бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей отырған, ұлт мәселесі, ұлт
болмысының теориясы күрделі де, көп қырлы құбылыс екендігін
көрсету;
- салыстырмалы тарихнамалық тәсілдерді қолдана отырып, ұлт, ұлттық
мемлекет,ұлттық идея мәселесіне қатысты әлемдік ғылыми тұжырымдарға
талдау жасау;
- осы әлемдік ғылыми тұжырымдарға жасалған талдаудың Қазақстан
ғылымында ұлт теориясын қалыптастыруда маңызды екенін, өйткені
әлемдік тәжірибені жан-жақтылы түсіну арқылы ғана өз бағытымызға
тура жететінімізді дәледеу;
- ұлт табиғаты, ұлттық мемлекет, оның өзегі ұлттық идеяны теориялық
мәні мен мазмұнын ашу;
- Европа, Ресей, Қазақстан ойшылдарының, түрлі ғылым саласының
өкілдерінің тұжырымдарына шолу жасау, ашып айтсақ;
- Ежелгі антик ойшылдары мен ортағасырлық батыс Европа ойшылдары
еңбектеріндегі ұлттық мәселеге қатысты ой-пікірлерге талдау жасау;
- Жаңа дәуірдегі ұлт мәселесін қозғаған әдибеттерге тарихнамылық шолу
жасау;
- Қазіргі кезеңдегі Европа тарихнамысында орын алған тенденцияларды
көрсетіп, оларға анықтама беріп, мәнін ашу;
- ХҮІІІ ғасыр- ХХ ғасыр бас кезінде орыс зерттеушілерін көп
толғандырған ұлт, ұлттық мемлекет, ұлттық саясат мәселелеріне
арналған авторлар еңбектеріне тоқталу:
- Кеңестік ұлт саясаты, ұлт теориясына қысқаша анықтама беру;
- Қазіргі Ресей ғылыми ортасында ұлттық мәселенің қай тұрғыдан, қай
дәрежеде, қарастырылып жүргеннен хабардар болу;
- Қазақ ұлттық зиялыларының (Алаш) ұлтқа қатысты көзқарастарын
Европалық тарихнамамен салыстыра отырып қарастыру;
- Қазіргі таңда Тәуелсіздік алғанан кейінгі жылдардағы аталмыш
мәселенің қызу көтеріліп, талдануның себебін түсіндіру және оларға
шолу жасау.
Зерттеу жұмысының хранологиялық шеңбері. Ежелгі антик заманынан
қазіргі таңға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Диплом жұмысының деректемелік көзін Европалық, Ресей және Қазақстандық
түрлі кезең ғалымдарының еңбектері, ғылыми мақалалары, саяси, ғылыми
анықтамалар сөздіктерін құрайды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасында ел,
халқын ортақ мақсатқа жұмылдыратын Ұлттық идеяны қалыптастыру одан ары
дамыту қажеттілігін күн тәртібьіне қою кезек күттірмес міндетке айналған
кезде оны кешенді, ұлттың, тарихи дамуымен байланыстырып қарау керек. Ұлт
теориясын тек ойлаудың ұғымдық, категориялық статусын, тұжырымдық,
логикалық мәнін ғана көрсетіп қоймай, оны жүзеге асырудың нақты практикалық
формаларын ұсыну керек. Ал оны ұсынуды барлық тарихи кезеңдегі ұлтқа
қатысты барлық ғылым салаларының теориялық тұжырымдары тартылып,
пайдаланылуы керек.
Зерттеу жұмысының құрлымы. Ғылыми еңбектердің мақсаты мен міндеттеріне
сай түзілген. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және
пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Европа тарихнамасындағы ұлт мәселесі
1.1 Ежелгі дүние (антик) және ортағасырлардағы ұлт түсінігі
Ұлт, ұлттық мемлекет мәселесінде негізгі ұйытқысы ретінде танып, жаңа
дәуір, қазіргі заман қоғамтанушыларының көбін толғандырған мәселе ұлттық
идея болған, сондықтан да біз ең алыдымен ежелгі антик ғұламасы Платонның
(б.з.д. 437-347 жж.) идея туралы айтқандарына тоқталғымыз келеді. Платонның
пікірінше шын болмыс ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі.
Платнонның болмысы өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік. Әр идея өз
алдына мәңгң және өзгермейді. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес.
Әлемде қанша бір тектес, бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар, процестер
қатынастар болса соншама идеялар бар. Идеалар бір-бірімен тек қарым-
қатынаста емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты немесе бірнеше идеялар
бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Платон рухани әлемнің жеке-
жеке идеялары туралы айтқанда көбінесе, эйдос деген ұғымды қоданады.
Ежелгі грек тілінде идея, эйдос – түр, пішін, кейіп, тәсіл тағы басқа
түсінікті берген.
Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әртүрлі міндет атқарады.
Бірінші – себептілік; екінші – заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі; үшінші
– заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым. Заттар идеялармен үш түрлі
байланыста болады: Бірінші, заттар өздерінің идеяларына ұмтылады, сол
идеяларға ұқсауға тырысады; Екінші, әрбір затта идея бөлшектері бар,
сондықтан заттар өз идеялары сияқты,
Платонның идеяға берген анықтамасы, оны филочофиялық тұрғыдан талдап
беруі бізге ұлттық етенелену процесінде, ұлттық мемлекетке жетуге ұлттық
идеяның, ұлттық сананың қаншалықты орын алатынын көрсетіп бергендігі.
Платонның идеалды мемлекет.
Платно үшін ұлт – тайпалық, тілдік, салт дәстүрлік құндылықтардың
достыққа апаратын бірлігі 2.
Этникалық ерекшеліктер мемлекет пен таптардан да бұрын тас дәуірінде
қалыптаса бастады дегенмен ұлтты мемлекетпен байланыстыру, ұлт, ұлттық
ерекшеліктер туралы әрине ежелгі дүние авторлары айта қоймайды. Оларды
дүниенің болмысы, мемлекеттік құрылым т.б. қызықтырады. Мүмкін Платон мен
Аристотель үлгісін жасаған идеаалды мемлекет ұлттық идеяға негздеген
мемлекет шығар. Қазіргі заманда ұлттық мемлекет мәселесін көтергенде
міндетті түрде аса мән берілетін ұлттық интеллигенция Платон айтқан ел
билеуге лайықты философтардан бастау алғандай. ХІХ ғасырдың екінші
жартысындағы В.Соловьевтің орыс идеясының негізін діннен көруі әлемдік
тарихтың христиандық концепциясын жасаған Тақуа Августинның идеясына
сүйенген болуы мүмкін. ХІІ ғасырдың екінші жартысы – ХІҮ ғасырдың бірінші
ширегінде өмір сүрген итальиандық Альигери Данте (1265-1321) өзінің
Монархия және Құдайлық комедиясында (Божественная комедия) Италияны
саяси алауыздық күйінен қайта өркендетудің жолын іздейді 3. Мүмкін Данте
өз кезегіндегі ұлттық идея қандай болу керек, ұлттық мемлекет керек пе,
Италияның мемлекеттілігін сақтауды іздеуші болғандықтан есімі әйгіленіп,
әлі күнге ұмытылмай жүрген шығар.
Қайта өрлеу дәуірінің тарихшысы, мемлекет қайраткері, саяси ойшылы
Никколо Макиавелли (1469-1527) өзінің Билеуші Адамдар мен мемлекетті
басқару өнері туралы кітап еңбегінің Аралас мемлекеттер туралы бөлімінде
мемлекет басқа мемлекетті жаулап алғанда екі түрлі нәтиже болуы мүскін.
Жаулап алынған мемлекеттің этникалық ерекшеліктеріне байланысты ол немесе
тез бағынады, яғни тілі, дәстүрлері ұқсас жағдайда, немес керісінше. Енді
сөзбе-сөз келтірсек: следует заметит что государства, присоединяемые, по
своем приобритении, к прежнему государсту приобретшего их правителя, или
находятся в той же стране и говорят на том же языке, что и первое или же
нет. В первом случае удержать их очень легко, в особенности, когда они не
привычны к свободе. Ведь что касается остального, то люди сохранившие свое
прежние порядки, при отсуствии разницы в обычаях, будут жить спокойно, как
живут Бургундия, Бретань, Гасконь и нормандия столько лет составляющие
одног целре с Францией хотя между ними есть некоторые различия в языке.
Однако их обычай сходный, и они легко могут ладить между собой...
Но когда приобретаются государства в странах, отличных по языку,
нравами и порядкам, то здесь возникают трудности и, чтобы удержать подобные
государства надо обладать большим счастьем и энергией4. Макиавелли
ұлттық этникалық ерекшеліктерінің, саяси, т.б. ерекшеліктерінің
мемлекеттілікті сақтаудағы ролін көрсетіп, өзіндік болмыс, өзіндік табиғаты
сақталған халықты басқалардың жаулап, өзіне қосып алуы, жаулап алғанның
өзінде сіңіріп алуы қиын екендігін айтады. Қазіргі кезде біздің
қоғамтанушылардың тілді, дінді, салт-дәстүрді сақтау туралы жанайқайларының
орынды екеніне тарихи оқиғалармен дәлелденіп, сонау ортағасырларда айтылған
ойларға тағы бір жете көз жіберсек, мойын ұсына түсетініміз анық.
Гуманистік дәуірдегі неміс гуманизмінің ерекшелігі ұлттық мәселелерді
көтеруі, ұлттық мемлекет туралы ой көтерілуі, - дейді 5. Неміс
гуманизмінің көрнекті өкілі Эразм Роттердамский (1469-1536) өзінің Жалобы
мира атты еңбегінде әр мемлкеттің шекарасын өзгеріске ұшырата беру
тоқтатылуы керек, себебі ол аласапыран туғызып, аралас неке (билеущілердің)
орын алып, ағылшын французбен неміс французбен т.б. жауласуы болды, аяғы
соғысқа әкеледі, -дейді. Әр ұлт өз ұлттық мүддесінен жалпы адамзаттық
құндылықтарды жоғары қою керек, - дейді 6. Э.Роттердамский еңбегін
қазіргі ұлттаралық қатынастар шиеленісіп, соғыс дәрежесіне дейін жетіп
отырған мемлекет басшыларына саясаткерлеріне, қарапайым азаматтарына
түсіндірсе ғой.
Ортағасырлық француз саяси ойшылы, социолог Жан Боден (1530-1569)
ұлттық егеменділік принипін негіздеп, ұлттық бірлікті қалпына келтіруге
шақырды. Ол өзінің Метод легкого изучения истоии еңбегінде ұлттық
биологиялық физикалық, психологиялық ерекшеліктерін оның географиялық
орамен байланыстырып қарайды 7.
1.2 Жаңа заман ойшылдары. Ұлт туралы
Француз ағартушысы, философ Шарь Луи Монтеськенің Заңдардың рухы
туралы атты басты еңбегінің он төртінші тарауында (о законных в их
отношени к свойствам климата) әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктерін айтады,
яғни заңдар табиғаты ұлттардың климатқа сай қалыптасқан ерекшеліктеріне
бағынады дейді. Ұлттық рухани қасиеттерін ақыл, сезім, адамгершілік,
дәстүр, тіл, дін саяси заңдар мен елді басқару мәдениеті құрайды. Климат әр
ұлттың өзіне тән мінез-құлық, қасиет, шаруашылығын, әдет, саяси заңдары мен
басқару өнеріне әсер етеді. Ұлттық ерекшеліктің бәрі климаттан, мысалы
үнділерге сезімталдық, жалқаулық, ағылшындарға шыдамсыздық тән дейді8.
Монтеське заңдар қандай болуы керек деген мәселені қарастыра отырып,
осындай қорытындаларға келеді. Сондай-ақ оның еңбегінен евроцентризмді
байқауға болады.
Келесі бір француз ағартушысы Франсуа Мари Вольтер (1694 - 1778) бұл
тұжырымға мүлдем қарсы пікір айтады. Мемлекет басқарушы қай жерде де
әділетті болу керек. Бұл жерде заңның ролі күшті. Сараңдық, жалқаулық деген
ауру, бұл ауру әлемді жайласа басқа да қытай да сараңдық жолына түссе
екеуіне бірдей тәртіп керек. Климат айырмашылығының бұл жерде еш мәні жоқ.
Олар ұлттық болмысы, жаратылысы дейді 9.
Неміс классикалық философы Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831)
үшін ұлт, ұлттық мемелекет абсолюттік идеяның көрінісі. Ұлт мемлекет игілік
идеяларының шынайылығы, субстанциялық еріктің шынайылығы, бостандықтың
жүзеге асуы, дей, Патриотизм туралы, көбінесе оны төтенше құрбандықтар мен
әрекеттерге дайындық деп түсінеді. Бірақ ол негізінде мемлекетті
субстанциялық негіз және мақсат деп қарапайым жағдайлар мен өмір
шарттарында да түсіну білу. Бұл қарапайым өмірде және барлық жағдайда
сақталады, және ол төтенше, шұғыл әрекеттерге дайындық негізі болады -
дейді 10.
Маркс, Энгльстің ұлт, ұлттық мәселелерге қатысты көзқарасына қазіргі
зерттеушілер төмендегідей тұжырымдама береді: марксизмнің Ресейде тез
таралуының сыры ол өзін интернационалды қозғалыс дей тұра, іс жүзінде
бағдарламасына этникалық ұлтшылдық доктринасын енгізуінде. Бұл доктринаның
негізгі екі қағидасы көп этносты елде өзіне деген кереметтей тартылыс күшін
туғызды. Біріншісі - өз территориясы, экономикалық байланыстардың
ортақтығы, ортақ тіл мен айрықша әлеуметтік психологиялық ділі
(менталитеті) болуы сияқты міндетті түрдегі белгілердің жиынтығына ие
этнсикалық топтарды мемлекет хылқының негізі деп мойындау; екіншісі ұлттық
өмір сүруі мен дамуы байырғы негзгі ұлт өкілдері ретінде байырғы емес
кіріккен басқа ұлттармен қатар өз мемлекеттілігі аясында жүзеге асыруын
мойындау 11. Әрине Лениндік ұлт саясаты марксизмнен шыққанын ескерсек,
Маркс пен Энгельс ұлтты өздері бөліп көрсеткен тарихы формацияларға сай
түсіндіріп, ұлт буржуазиялық қоғамның жемісі дегенді айтады.
ХІХ ғасырдағы алғашқы біртұтас өзінің ұлт туралы концепциясын жасаған
француз ғалымы Э.Ренан 1877 ж. ұлт терминінің этникалық және этатикалық
трактовкасын біріктіруге тырысты. Ренан бойынша ұлт – бірге өмір сүруге
және ортақ мақсатқа бірге жетуге өздерінен бұрынғы буыннан алғанын болашақ
ұрпаққа мұра қылып жеткізуге тырысатын адамдар тобы. 12 Ренан өзінің 1882
ж. Ұлт дегеніміз не? деген лекциясында былай деген екен: Общая слава в
прошлом, общая воля в настоящем стремление, совершив вместе великие дела,
творить их в будущем – вот главные условия для того, чтобы быть народом...
Существование нации – это (извините меня за такую метафору)
повседневный плебист, так же как существование индивида – это постоянное
утверждение жизни.
Ұлт сөзіне күнделікті плебист деген теңеу таққанда француз ойшылы не
айтқысы келді екен. Ұлттар Ренан үшін жаңа тарихи құбылыс. Оны антикалық
дәуір білмеген: тарихтың субъектілері ретінде европалық ұлттардың
қалыптасуы тек Ұлы карл империясы құлағаннан кейін ғана басталды. Ұлттың
мемлекеттердің құрылуына алып келген оқиға санада тек мистикалық түрде
қалған: ұзақ уақытқа созылған. Бір сәттік әрекет, қантөгістер – тарихи
жетістік. Ұлттық болуы барлық индивидте көптеген ортақтықтың болуы, және
олардың барлығы көп нәрсені ұмытып қалғаны. Ұлттық сана үшін құлшыныссыз
ізденіс тек зиянды болуы мүмкін. Ренан адамдардан қалыптастыратын
анықтағысы келеді. Ол нәсілді, дінді, тілді, мүдде ортақтығын, географиялық
ортаны атайды да, бірақ осы аталған белгілердің ешбір өздігінен ұлттық
бірлігін қамтамасыз етпейді. Ұлт пен мемлекет арасындағы айырмашылық ол
үшін түсінікті болған. Ұлт – рух, рухани принцип, бұл рухтың бір бөлігі
өткенде, ортақ тарихи мұрада, бір бөлігі – осы қазіргі сәтте ата-бабадан
қалған мәдени мұраны қабылдау және оны әрі қарай жеткізу туралы келісімде.
Ренан ортақ ауыртпалықтар, ортақ қуаныштарға қарағанда ұлтты біріктіре
түседі, тұтастыра түседі деп санаған, ал бірге болуға деген құштарлық
тілдік, діндік айырмашылықтардан арылтады, - дейді 14.
Ренаның тұжырымында тарихқа, ортақ тағдыр мен зердеге, көп көңіл
бөлінеді. Ұлт бұл ұзақ дамудың белгісі. Ренан үшін өзінің тегін ұлттық,
мемлекеттік анықтау даулы территория тұрғындарына өткір мәселе болып
табылады. Мүмкін жоғарыдағы күнделікті плебисцит деген теңеуі осы ойынан
келіп шығады. Қалай дегенмен де ренанды примордиалистік көзқарас жүйесінің
өкіліне жатқызуымызға болады. Ол ұлттық көптеген уақыт дамуының жемісі,
рухани болмыс екенін айтады.
Автриялық ойшыл Отто Бауэр өзінің Ұлт мәселесі және социал-
демократия еңбегінде Ұлт туралы теорияның қажеттілігін, ұлы ұлттық күрес
кезінде ғана әрең дегенде оны жасауға алғашқы қадамдар жасалғанын айтады.
Ұлт теориясы қажет өйткені біз бәріміз ұлттық идеология, ұлттық романтика
ықпалындамыз, әркім өз ұлтын айтқанда ерекше бір сезімде болады дей келе,
Ұлт дегеніміз не деген сұраққа жауап беру үшін ең алдымен ұлттық мінез-
құлық деген түсініктен басталады, бірақ ол әр ұлттың өзіне тән мінез құлқы
таптардың мінез құлқында ортақтықтығы болуы мүмкін, - дейді. Ұлттық
әрекетін құпия халықтық рухпен түсіндіру мәселені шешпейді дейді. Ұлт тек
табиғи қауымдастық қана емес, сонымен бірге ол әрқашанда мәдени қауымдастық
дейді. Ұлттық мінез-құлықтың өзі – сол ұлттың тарихының тұнбасы дейді. Ұлт
– тағдыр ортақтығы. Бірақ осы тағдыр ұқсастығы екі бағытта әрекет етеді:
бір жағынан табиғи мұрагерлерлік жолмен ұлтқа тағдыр ортақтығы кезінде тән
болған қасиеттер беріледі, басқа жағынан – осы тағдыр ортақтығында
жасалынған мәдени құндылықтар беріледі, 15 - деген тұжырым жасайды,
яғни Ұлтты мәдениет пен мінез құлық ортақтығы, тағдыр ортақтығы негізінде
пайда болған деп, психологиялық тәсілдің негізін салады. Ол ұлттың
қалыптасуындағы ортақ шығу тегі, тілі, ортақ санасы, ортақ хылықтың рухтан
ұлттық мінез құлықты жоғары қояды. Әрі қарай ол ұлтты ұлттық мәдениетін
формациялармен байланыстырады. Капитализм ұлттық мәдени ортақтыққа тарту,
ұлттың өзін-өзі толық анықталуына қол жеткізуі ол ұлттық рухани жіктелісін
ұлғайта түседі.
Ұлттардың социалистік қоғамдағы мәдени ортақтығын қоғам тудырған,
тәрбие жемісі, ұжымдық ұлттық қызметтің қоғамдық еңбек процесіндегі жемісі.
Социализм – ұлттар бірлігінің кепілі. Ұлт толық, шынайы, өзін-өзі
анықтайтын мәдени қауымдастықтың болуынан бұрын, еңбек қауымдастығы болу
керек. Ұлттық өмір сүруінің тарихи көрінісі былайша көрсетеді. Басында –
рулық коммунизм мен көшпелі жер шаруашылығы кезінде шығу тегі ортақ
біртұтас ұлт. Одан кейін отырықшы жер шаруашылығына көшумен және жеке
меншіктің дамуымен – ескі ұлт бір жағынан үстем таптардың мәдени бірлестігі
бір жағынан ұлттың төмен таптары төменгі топ: ал осы төменгі топтықтар
топтың қауымдастыққа бөлінуі – бұрынғы ұлттық ыдырауының жемісі. Әрі қарай
қоғамдық өндірістің капиталистік формада дамуында ұлттық мәдени тұтастық
кеңейеді: еңбекші және қанаушы таптар әлі де ұлт негізінің астында жатыр,
бірақ ұлттың бірлікке деген ұлттық тәрбие негізіндегі тенденция қарама-
қайшылықтың есебінен біртіндеп күшейе түседі, ақырында қоғамдық дамудың
капиталистік формасы ыдырап, мәдениет, еңбек, тәрбие қауымдастығы ретінде
ұлт қайта өркендейді. Ұлттың дамуы – меншік және өндіріс формасы тарихын
көрсетеді.16
Ұлттық сана бірнеше ұлттар бір-бірімен қатар ораналасқан шегаралық
аймақтарда айрықша дамиды, ол ұлтқа деген сүйіспеншілікті немесе ұлттың
саяси бірлігіне ықтиярлықты білдірмейді 17 деген ойы релятивистік
көзқарастар жүйесінің белгісін айқын аңғартып тұрғандай. Өйткені ол жерде
ұлттың болуын келесі басқа бір ұлттың болуымен байланыстырады ғой.
Ұлттық сезім, ұлттық баға т.б. психологиялық ерекшеліктермен
байланыстарады.
Ұлттық мемлекет – ХІХ ғ. ұлттық принцип ұранында туды. Әр ұлттың өз
мемлекеті болуы керек, немесе әр мемлекет тек бір ұлттан тұру деп түсінеді
де, ұлттық мемлекет дегеннен де ұлттар мемлекеті деген түсінікті ұсынады.
Австрия Европадағы біршама дамыған ұлттар мемлекеті деп оны үлгі ретінде
көрсетеді 18. Жалпы Отто Бауэрдің көптеген көзқарастары маркс ілімімен
ұштасып жатыр.
Қысқаша оның ой түйінін берсек, ұлттың ерекшеліктің, даралықтың
сақтауы дүниені бірден-бір қайталанбас, өзіне қабылдайтын ұлттың
апперцепция (түсік) механизіміне байланысты Мемлекеттегі болып жатқан саяси
өзгерістерді де ол ұлттық мінездің қасиеттерімен түсіндіреді, ұлттық
мәдениеттің материалдық жағынан теңесуі, жақындасуы олардың төл, ұлттық
қасиеттерін жоймайды. Мәдениет пен өркениет дамуымен бірге ұлттық қасиеттер
нығайып, ұлттың сана-сезімі тереңдей түседі. Ұлттың мәселелерді тек бір
жақты психологиялық жағынан түсіндіреді демесек, кейбір ойларының
құндылығына көз жұма қарауға болмайды. Кей жағдайда Бауэр ұлтты таптық
тұрғыдан түсіндірген маркстік ілімді психологиялық жағынан негіздеді деуге
әбден болады.
1.3 Қазіргі таңдағы батыс тарихнамысындағы ұлт мәселесі төңірегіндегі
көзқарастар
Келесі бір Батыс ойшылы Э.Геллнер ұлтшылдыққа арналған еңбектерінде
19 ұлт пен ұлтшылдық қашан және қайда пайда болды? – дген емес, неліктен
және қандай жағдайларда қалыптасты? –деген сұрақтарға жауап іздейді.
Геллнердің үлгісі негізгі 4 категорияға сүйенеді. Ол өзінің гипотезалық
үлгісінің қорытындысынан өз тұжырымын шығарады. Жоғарыда аталған 4
категория: ұлт, ұлтшылдық, мәдениет, мемлекет. Ұлтшылдық принципі – ең
алдымен ұлттық қауымдастық пен мемлекеттің сәйкестілігін талап ететін
принцип. Бұл принципті жақтаушылар үшін еш қиын мәселе жоқ. Олар үшін ұлт
мемлекетте өмір сүру үшін пайда болады: осындай үйлесім – саяси күрестің
ақырғы мақсаты. Яғни Геллнердің қанатты сөзімен айтсақ, ұлтшылдық ұлтты
тудырады, керісінше емес 20. Бір кездері ұлтшылдық пен ұлттық мемлекет
ережеге айналады. Ұлтшылдықтың ХІХ ғасырда пайда болуымен, қоғамда көптеген
алға басушылықтар болыд. 1. Адамзат өмірінде маңызды, өзгеріс болды.
Ұлтшылдық яғни ұлттық мәдениеті бар мемлекеттің бірігуі жалпыға ортақ
нормаға айналған.Жаңа әлем бұл құбылыс сирек ұшырасатын немесе тән емес,
ескі әлемнен түбірімен өзгешеленеді. Мәдениет, билік үлгілері өзара
араласып кеткен, шекаралары айқын емес күрделі әлем мен, бір-бірінен айқын
дараланған, мәдени белгілер бойынша бөлінген, өз мәдени ерекшеліктерін
мақтан тұтып, іштей өзінің мәдени біртектілігіне ұмтылатын бірліктерден
тұратын әлемнің арасында үлкен айырмашылық бар. Ондай бірліктерде
тәуелсіздік идеясы мәдениет идеясымен байланысып, олар ұлттық мемлекеттер
деп аталады. Француз революциясынан кейінгі екі ғасыр бойы ұлттық мемлекет
саяси өмірдің нормасына айналды. Бұл қалай және неліктен болды? деп сұрақ
қояды да оған жауап беру үшін өзінің теориялық үлгісін ұсынады. Бұл
үлгісінде басты мәселе болып табылғанымен әлі күнге толық шешімін таппаған,
қоғамдағы өзгерістермен байланысты ұлтшылдық мәселесін түсіндіруге
тырысады. Ол өзінің үлгісін суреттеу үшін негізге екі түрлі типтегі қоғамды
алады. Олар: 1) аграрлы-жазбаша қоғам, 2) Индустриалды қоғам. Бірінші
қоғамға бізде терең тамыр жайғандай идеялар жатыр, бұл қоғамдағы
құндылықтар иерархия және күштеумен байланысты. Ал ұлтшылдықтың пайда болуы
индустриалдық қоғам мәдениетіне тән. Өйткені аграрлы қоғамда жоғарғы
жазбаша дәстүрмен (ең алдымен діни) қатар кіші халықтың мәдениет өмір
сүруі (қауым шеңберіндегі). Биліктегі әкімшілік және рухани элита мәдени
айырмашылықтарды қолдауға, тереңдетуге кейде ойлап табуға мүдделі, олар
өздерінің мәдени ықпал аймағын кеңейтуге мүдделі, олар өздерінің мәдени
ықпалаймағын кеңейтуге мүдделі емес. Осыдан келіп саяси шегара мен жеке
мәдениет аймақтарының үйлесуі сирек болады. өз табиғатында ыңғайлы
индустриалды қоғам мәдени бірлестікке қатаң функционалдық талаптар
көрсетеді. Негізгі білім барлығана бірдей болу керек, себебі адам басқа бір
қызмет түріне тек қосымша білім алып қана өте алуы керек және т.б.
Мәдениеттің біртектілігі тек білімнің артында қазір мемлекет тұрған
оталықтанған жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Ұлтшылдық өзіне дейінгі
мәдениетті, мәдениет байлықтарын пайдаланады, ұлтшылдық ұлттық
қозғалыстардың негізі емес, нәтижесі. Бір мәдениет – бір мемлекет немесе
бір мәдениет, өйткені кіші мемлекет немесе бір мемлекет – бір мәдениет,
өйткені кіші мәдениеттен жоғарғы мәдениетке өткенде оның таралуы мен оның
шекарасын сақтауды мемлекет өзіне алады. Мемлекет пен жоғарғы
стандартталған (негізгі білім жүйесі көмегімен) мәдениет өзара тығыз
байланысты. Мемлекеттің дінімен немсе әулеттермен байланысы ыдырап,
мемлекет діни сенімнің емес, мәдениеттің қорғаушысы мен қамқоршысына
айналады, - дейді. Аграрлы қоғамның ұлтшылдыққа икемі жоқ, ал индустриалды
қоғамның ұйытқысы ұлтшылдықтан басқа ештеңе болуы мүкін емес, әрбір
стандартталған мәдениет өзінің мемлекетін иеленгісі келеді, - дейді. Ал
қоғамның біріншісінен екіншіге өту жолы, немесе этникалық негіз бойынша
құрылмаған империялар әлемі мен ұлттық қатынастарында гомогенді мемлекеттер
әлемі немес микро саяси жүйе арасында өзіне тән бес өтпел кезең бар.
1. Этникалық бастама әлі толық айқын емес, оны биліктің заңдылығымен
байланыстыратын саяси идеялар толығымен жоқ деуге болады.
2. Әлемде алдыңғы кезеңнен мұраға қалған саяси құрылым мен шекара
сақталады бірақ ендігі жерде саяси принцип ретіндегі ұлттық
(националистическая) идея қалыптасады. Бұл ұлттық (националистік)
ирредентизм 21. Бұл жерде ұлтшылдық үгіт-насихат күшейеді, ол
ескі мемлекет бұрынғы шекараға қарсы бағытталған.
3. Ұлтшыл ирредентизмнің шырқау шегі және жеңілісі. Көп ұлтты
империялар, олармен қоса әдеттегі билікті діни негіздеу ыдырайды.
Оның орнын ұлттық принцип басады.
4. Түн мен тұман – көзге көрінбес қатігездікпен жүргізілетін
жинақталған этникалық топтар белгілі айқын территориялық саяси
құрылым бойынша жазылсын дейтін ұлтшылдық принцип. Оған
ассимилияцияның күштеу тәсілдері қолданылады.
5. Ұлтшылдық саясаттың нәтижелеріндегі қоғамның жоғарғы дәрежесі,
игілік және мәдени конвергенция 22. Геллнердің ұлт теориясында
да ұлтты матералистік тұрғыдан қарастырады, бірақ өзі айтып
кеткендей бұл маркстік теория емес. Бір шетінен Геллнер қоғамды
бөлген кезде қазіргі әдебиеттерде тарихта қайта кезеңдеуге
байланысты өркениет теориясындағыға ұқсас аграрлы және
индустриалды деп бөледі. Ұлтшылдық маркстік ілімдерден
айырмашылығы капитализм емес индустриалды қоғамда қалыптасады.
Ұлт ұлтшылдықты емес, ұлтшылдық ұлтты қалыптастырады. Біздің
бұдан аларымыз ұлттық мемлекет, ұлт боламыз десек ұлттық санаға,
ұлттық идеяға көп көңіл бөлгеніміз дұрыс. Бұл қазіргі қазақ
ғалымдары арасында көтеріліп жүрген өзекті мәселе.
Чех ғалымы Мирослав Хрохтың еңбегінде 23 ұлттың туындауы қоғамдық ірі
трансфорамциялардың бөлігі, тарихшылары міндеті шынайы тарихи
трансформацияларды түсіндіру дейді. Ұлт мәңгілік категория емес, ұзақ та
күрделі тарихи даму процесінің жемісі Ұлттық қалыптасуында жалпы өткен өмір
туралы ортақ көзқарас, ол топтың тағдыры ретінде түсіндіріледі; 2) топтың
шеңберінде біршама жрғары әлеуметтік байланысты қамтамасыз ететіңн тілдік
не болмаса мәдени қатынастардың тығыздығы және интенсивтілігі; 3) азаматтық
қоғамға біріккен топ мүшелерінің барлығының теңдігі туралы тұжырым. Осындай
шешуші элементтерді айналасында болатын ұлттардың қалыптасу процесін алдын
ала айқындалмайды және оны қайтадан жасауға болмайды. Ол арасында үзіліп
қалуы мүмкін, бірақ ұзақ үзілістен кейін жалғасады, - дейді. Европада
ұлттардың қалыптасуы екі әрқилы кезеңнен тұрады. Біріншісі Ортағасырлардан
басталып екі әрқилы нәтижемен аяқталып, екінші кезеңнің бастауын анықтайды
– капиталистік экономика мен азаматтық қоғамға өту. Осы сәттен қазіргі
ұлттарға өту жолы басталды – дейді де, батыс Европа елдері Англия, Франция,
Испания, Швеция, Нидерландия одан әрі шығыста Польшада, қазіргі мемлекеттер
ертерек бір этникалық мәдениеттің үстемдік жағдайында, абсолюттік монархия
немесе сословиелік монархия түрінде қалыптасты.
Екінші кезеңдегі ұлттар өзі үстем тұрмаған этникалық қауымдастықтардың
өздерінің этникалық тегі туралы талқылап, оны болашақта толыққанды ұлтқа
айналуға мүмкіндігі бар деп қабылдау, сәтінен бастап қалыптасады. Олар ерте
ме кеш пе болашақ ұлт болып қалыптасуға өздеріне қандай нақты белгілер
жетіспейтінін қарастырып, оны толыруға тырысып, өз отандастарын осы қадамды
жасауға жұмылдырғысы келеді, - дейді де осындай толыққанды ұлттың барлық
атрибуттарына ие болуға негізделген ұйымдасқан қадамдарды ұлттық
қозғалыстар деп атайды да, оның мысалы ретінде өз елінің тілін анықтауға
тырысқан норвег ақыны Вергаланы, өз Отанының азаматтығын аңсаған поляк
жазушысы Мицкевия, бар өмірін ұлттық тәуелсіздік бағдарламасын жасап,
жүзеге асыруға арналған чех ғалымы Масариктің әрекеттерін көрсетеді23.
Ұлтшылдық ұлттық сананың көп формасының бірі дейді де оның екі түрі
шовинистік және классикалық болады деп көрсетіп, осы классикалық ұлттық
қозғалыстың бағдарламасы талап-тіліктердің ұлттық болмыста байқала
бермейтін кемшіліктеріне сәйкес ірі топқа біріктіреді. 1) жергілікті тілгі
негізделген ұлттық мәдениеттің дамуы оның білі беру, басқару, экономикалық
өмірде қолданылуы; 2) бастапқыда автономия, ал кейін тәуелсіздік түріндегі
азаматтық құқық пен саяси өзін-өзі басқаруға ие болу; 3) дамыған әлеуметтік
құрлымның қалыптасуы.
Оны Хорх ұлттың қайта өркендеуі деп те атайды. Ұлттың қайта өркендеу
процесінің бастапқа сатысына білімді адамдардың кішігірім топтарының ғылыми
ағартушылық мүддесінің, өз халқының тіліне, ауыз әдебиетіне, салт-дәстүр,
тарихына деген қызығушылығының пайда болу тән (А фазасы). Бұл топтар
бастапқыда кең түрдегі қоғамдық қолдауға ие болмайды және өздері де өз
көзқарастарын кең түрде насихаттауды ойламайды, ал екінші сатысына (В
фазасында) жанданған және кең түрдегі патриоттық үгіт насихат, қалың
бұқараға ұлттың қалыптасуында шешуші роль атқарады. Ал С фазасында
ұлттық сана сезім сол этностың көпшілік бөлігінде бекіген. Осыған
байланысты ұлттық қозғалым бұқаралық сипатқа ие болады. Бұл құбылыстарды
автор ұлттық қайта өркендеудің толық дамуы ретінде қарастырады 25.
Осылайша толыққанды емес ұлттардың қалыптасу процесін кезеңдеу мәселесінде
М.Хорх ұлттық қозғалыстар кезеңіне ерекше көңіл бөледі, ұлттық қозғалыс ол
үшін қазіргі ұлттардың қалыптасу процесінің бірі, бірақ маңызды формасы.
Ағылшын ғалымы А.Д. Смит өз еңбектерін осы ұлт мәселесіне көп арнаған.
Ол өзінің Ұлттық етенеленуге қатысты зерттеуінде Ұлтқа төмендегі қаситтер
тән, дейді.
1. Тарихи территория немесе Отаны. 2. Ортақ миятер мен тарихи
естеліктер. 3. жалпыға ортақ халықтық мәдениет. 4. Барлық
қауымдастықтың мүшелеріне ортақ заң ережелері мен
міндеткерліктер. 5. Барлығы үшін ортақ эконоика 26. А.Д.Смит
үшін ұлт Жаңа заманның феномені, ұлт мүшелері егер ұлт тәуелсіз
болса азаматтық құқыққа ие, ұлт ұлттық территориядағы еңбек
бөлінісі кезіндегі бір тұтас экономика, еркін тауар айналымына
негізделіп, ұлттар табиғи қазғалатын шекаралары бар жеткілікті
түрде жинақталған территорияны керек етеді, оларға біртұтас
саяси мәдениет пен бұқаралық халық ағарту мен ақпарат
құралдарының біртұтас саяси мәдениет пен бұқаралық халық ағарту
мен ақпарат құралдарының біртұтас жүйесі жаңа буынды ұлт
азматтары болуға даярлауға керек. 27
Жоғарғы қасиеттерін атай келе, А.Д.Смит ұлттарға төмендегідей
анықтама береді: бұл тарихи территорияны бірге иеленген, ортақ миф, тарихи
естеліктері бар, бұқаралық хылықтың мәдениет, ортақ экономика бәрі үшін
ортақ заң ережелері мен заң ережелеріне ие, өзіне тән айқын атауы бар
адамзат халқы. 28
Ал Ұлтшылдық және тарихшылар 29 атты еңбегінде ұлтшылдық тарихы
бұл ұлтшылдық идеологиясы мен қозғалысының, оны баяндаушылардың тарихы.
Сондықтан да ол көптүрлі формаға ие, біздің түсінуімізден сырғақтай
береді, міне сондықтан да оны тарихи қозғалыс ретінде қарастырады.
Ұлтшылдық терең тарихи құбылыс болып табылады. Тарихшылар ұлтшылдықты
қалыптастырушылар мен жақтаушылар арасында ерекше рольге ие, бірақ сонымен
бірге олар ұлтшылдық феноменін түсіндіру мен бағалуға ұмтылушылардың бірі,
оны сынаушылардың бірі. Тарихшылар ұлтшылдықтан гументация жүйесі,
принципі немесе доктринасын көрді, олардың санасын ұлттан гөрі ұлтшылдық
теориясы қызықретінде, қозғаушы күш ретінде қарастырылды. Ұлтшылдықтың
тарихи тұрғыдағы түсінігі тар ғана анықтама мен сондайлық қана ерекше
түсіндіру констекстуальді, психологиялық бұлдыр болады, -дейді де 30 әрі
қарай Қазіргі европада өзіндік типтік экономикалық, саяси тәртіптің
күйрегенін қаншалықты бақыласа, ұлтшылдықта бүгінде алдыңғы орынға
психологиялық артықшылықтар мен аспектілер шығып отырғанын айтады.
Ұлтшылдықты ұлтты батыстың ұлттық идея, ұлттық қайта өркендеуді Азия,
Африка, Латын Америка элитасы, әсіресе интеликтуалдар қабылдап, өз
қажеттеріне бейімдейді. Ұлтшылдық европалық империализм мен колониализмнің
арнаулы атмосферасында гүлденеді, - дейді. Әрине А.Д. Смит ұлтшылдық
дегенде ХІХ ғасыр аяғы – ХХ ғасыр басындағы Азия, Африка елдерінің Батыс
елдерінің отарлық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарын айтып отыр. Бұл
бізге Шығыс елдерінің ұлт-азаттық қозғалыстарының мәні емес тек тарихи
оқиғалар барысы мен фактілері ғана зерттелгенін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz