Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі түрлері, әдістері, қорытындысы және қайшылықтары



Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Жекешелендіру теориясы
1.1 Жекешелендіру териясы: анықтамалар мен көзқарастар
1.2 Жекешелендірудегі жеке меншікті қалыптастырудың рөлі
1.3 Дүние жүзі елдеріндегі жекешелендіру

2 Қазақстандағы жекешелендіру: заңдық.нормативтік негіздері, кезеңдері, нәтижелері
2.1 Қазақстандағы жекешелендірудің заңдық.нормативтік негіздері, кезеңдері мен модельдері
2.2 Жекешелендірудің нәтижесі: жетістіктері мен кемшіліктері
2.3 Қазіргі кезеңдегі жекешелендірудің ерекшеліктері және мәселелері

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Жекешелендіру теориясы
1.1 Жекешелендіру териясы: анықтамалар мен көзқарастар
1.2 Жекешелендірудегі жеке меншікті қалыптастырудың рөлі
1.3 Дүние жүзі елдеріндегі жекешелендіру

2 Қазақстандағы жекешелендіру: заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері,
нәтижелері
2.1 Қазақстандағы жекешелендірудің заңдық-нормативтік негіздері,
кезеңдері мен модельдері
2.2 Жекешелендірудің нәтижесі: жетістіктері мен кемшіліктері
2.3 Қазіргі кезеңдегі жекешелендірудің ерекшеліктері және мәселелері

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан Республикасы 1991 жылы КСРО елдерінен бөлініп, өз
тәуелсіздігін алды. Қазақстан тәуелсіз, дербес елге айналған соң, бұрынғы
КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту
мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен барлық тауарлар мен қызметтердің
бағасын либерализациялау, мемлекеттің меншігін жекешелендіру қажет еді.
Нарықтық экономика еркін баға мен жеке меншіксіз дамуы мүмкін емес.
Нарықтық экономикада маңызды орын алатын жекешелендіру
болғандықтан, оған тоқталып кетсек:
Жекешелендіру дегеніміз – азаматтардың және заңды тұлғалардың
мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың
акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты – жекшелендірілген
кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін
арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту.
Қазіргі таңда еліміздің экономикасы әлеуметтік-экономикалық
модернизация мен дамуының алғашқы сатысында. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев 2007жылы 28 ақпан қабылдаған Жаңа Әлемдегі –Жаңа Қазақстан атты
Қазақстан халқына жолдауында айтып өтті: Үлкен жауапкершілікпен айтуға
болады: еліміз ауыспалы кезеңіді сәтті аяқтап, өзінің дамуының жаңа
кезеңіне нық басып келеді. Әрине, бұл оңай бастама емес, оны жүзеге асыру
үшін экономикада біртұтас жүйені қалыптастырып, жаңа білімді дүниежүзілік
рынокта бәсекеге қабілетті бола алатындай инновациялық техника мен
технологияға, тауарлар мен қызметтерге, мекемелерді басқарудың формалары
мен әдістеріне бұру қажет. Және бәсекелестік күресте маңызды роль
атқаратын Жеке меншік институты және контрактілік қатынастарды дамыту
болатын. Айта кетсек, Жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарды
жан-жақты нығайтып, жекешелендіру жүмысын жалғастыру және барлық деңгейде
жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарға құрмет сезімін
тәрбиелеу. Ол бір мезгілде адамның құқықтары мен бостандықтарының
кепілдіктері үшін негіз қалау. Мемлекет пен жеке меншік серіктестігінің
ережесін айқын анықтайтын контрактілік қатынастарды жетілдіруге қажетті
тиісті шаралар қолдануға тиіс[1].
Яғни, жекешелендірудің мақсаты - өндірісті монополиясыздандыру,
бәсекелестікті дамытуды, сыртқы экономикалық қызмете мемлекеттік
монополияны бірте-бірте жоюды және елге шетелдік инвестициялар мен
импорттың қажетті мөлшерін әкелуді қамтамасыз ету.
Курстық жұмыстың мақсаты – жекешелендіру теориясының мән-мағынасын,
түрлерін, жекешелендіруді жүргізудің әдістерін анықтау арқылы жетістіктері
мен кемшіліктеріне назар алу.
Курстық жұмыстың міндеттері – жекешелендіру теориясының мән-мағынасын
толығымен ашып, оның түрлерін, пайдалылығы мен зияндылығын ажырату. Сонымен
қатар, жекешелендірудің маңыздылығын талдай отырып, атап көрсету және
қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы жекешелендіруді сипаттау және
оның экономикамыздағы алатын орнын бағалау.

1 Жекешелендіру теориясы

1. Жекешелендіру териясы: анықтамалар мен көзқарастар

Экономикалық дамудың бұдан бұрынғы көп жылдық тәжірибесі жұмысшыларды
теория жүзінде қабыстыруға тиіс болған өндіріс құралдарын мемлекет
меншігіне алу іс жүзінде кері нәтиже берді. Өйткені, өндірісшілердің
өндіріс құралдарынан оқшау қалуына әкеліп соқты. Мемлекеттік меншік
экономикалық қатынастардың жүйесін шектеп отырды. Және әрбір азамат
солардың қауымдасқан иесі болып табылатынын пайымдап, оларды еңбекке деген
ынтамен шектеді. Сондықтан, жұмысшының еңбек ету қабілетінің меншіктенуі
бірсыпыра тұрақты теріс зардаптарға, соның ішінде: рнсурстардың тиімсіз
пайдаланылуына, тауар өндіру мен қызмет көрсетудің монополияландырылуына,
тауар-ақша массасының сәйкестенбеуіне, арамтамақтыққа, масылдыққа,
алыпсаталлыққа әкеліп соқты. Осындай келеңсіз жағдайлармен күресу үшін,
мемлекеттік меншікті бөлу мен меншік иелеріне беру, нақтырақ - мемлекеттік
меншікті жекешелендіру.

Жекешелендіру – мемлекет иелігінен алудың басты бағыттарының бірі.
Алайда мемлекет иелігінен алу – жекешелендіруге қарағанда ауқымды ұғым.
Мемлекет иелігінен алу процесі шаруашылық жүргізуші субъектілерлің
экономикалық дербестігінің күшеюіне және олардың коммерциялық мүдделерінің
жүзегеи асуына байланысты қазіргі мемлекеттік басқару жүйесінде
кәсіпорынның немесе ұйымның орны мен рөлі принципті түрде ауысатын құбылыс
болып табылады.
Жекешелендіру ұғымына келер болсақ, ол мемлекетке қарасты
кәсіпорындар, қөлік құралдары, тұрғын үйлер және басқа мүліктер ақы төлеп
немесе басқадай жолмен азаматтардың немесе акционерлік қоғамдардың жеке
меншігіне алынатын процесс.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің сапалық айырмашылығы
мынада: жекешелендіру процесінде мемлекетік меншік қатынастарының
субъектісі міндетті түрде өзгереді, оның жеке-даралануы күшейеді және
нақтыланады, ал мемлекет иелігінен алу кезінде олай болмауы мүмкін. Бұл
сапалы айырмашылықтың зор маңызы бар, өйткені мемлекет иелігінен алу
кезінде олай болмауы мүмкін. Бұл айырмашылықтың зор маңызы бар, өйткені
мемлекет иелігінен алу процесі ауыртпалықсыз өтеді және кері қалпына
келеді. Жекешелендіру процесінде өзгерістер болмайды.
Сонымен, жекешелендiру дегенiмiз – азаматтардың және заңды тұлғалардың
мемлекеттiк меншiк объектiлерiн немесе мемлекеттiк акционерлi қоғамдардың
акцияларын сатып алу.
Жекешелендiру терминi әртүрлi елдердiң ресми құжаттарында әртүрлi
берiлген. Мысалы: Румынияда жекешелендiру деп кәсiпорын мүлiгiнiң құнына
шаққандағы шығарылған құнды қағаздарды айтады. Англияда жекшелендiру
мемлекеттiң кәсiпорын капиталының 50% төмен денгейiне дейiнгi қатысуды
қысқарту ал басқа кейбiр елдерде (Малайзия, Турция және т.б.) мемлекет өз
меншiгiнде активтердiң көпшiлiк бөлiгiн сақтап қалса да, жекешелендiру деп
танылады.
Экономиканың нарықтық түленуі жағдайында жеке меншiк, жекелендiру,
мемлекет иелiгiнен алу, коммерциялизация түсiнiктерi қәртүрлә
көзқарастар туғызды. Мысалы, Дәстүрлiк, бұл көзқарас тұрғысынан қоғамдық
және жеке меншiк меншiктiң екi антогонистiк түрi ретiнде қарастырылады.
Әсiресе, бұл көзқарас кеңестер кезеңiндегi экономикалық әдебиеттерде өте
көп таралған. Оның iшiнде жеке еңбекпен құрылған ұсақ жеке меншiктiң өзi
қоғамдық антоганистiк деп саналды. Сондықтан жекешелендiру жеке меншiк
құрылымдағы өзгерiстермен көрсетiледi.
Екiншi көзқарас – еңбектiк. Бiрiншi орынға, еңбектiк және қанаушы
сипаттағы жеке меншiк критериiн қояды. Еңбекке қабiлеттiлiк түсiнiгi
өзiне қоғамдық меншiктен басқа да жеке еңбектiк және ұжымдық, акционерлiк
меншiктi қосады. Принципиалды қатынастар бойынша, еңбектiк және
дәстүрлiк көзқарастар бiр–бiрiне жақын, өйткенi бұл екуiнің негiзгi
критерийi қанаудың болуы және болмауы болып табылады.
Бұл екеуiнен үшiншi көзқарастың едәуiр айырмашылығы бар. Оны өзiнiң
критериi бойынша субьективтi деп атауға болады. Ол өндiрiс түрi мен
тәсiлiне қатысы жоқ жеке және дербес меншiгiнiң сәйкестiлiгiн қыспаққа
алады.
Төртiншi көзқарасты батыстық деп атайды: оған сәйкес мемлекеттiк
емес меншiк - жеке меншiк болып табылады. Сондықтан жекшелендiру де
мемлекет иелiгiнен алу сияқты түсiндiрiледi, яғни өндiрiс құралдарының
мемлекеттiк сектордың қысқаруы негiзiнде өтуi.
Жекешелендiру қатынастары жүйесiнiң мәнi оның мақсаттары арқылы
ашылады. Бұл аспектi жекешелендiру реформаның мақсаты емес, оның құралы.
Жекешелендiру өндiрiстiң монорамасыздандыруына мүмкiндiк бередi. Кiрiстер
мен мүлiктердi қайта бөлу жекшелендiруiн бiлдiрмейдi. Соңғысы меншiк
құрылымдағы өзгерiстермен қатар, баға деңгейi және құрылымының бiрқалыпты
өзгеруiне байланысты.
Меншiктiң мемлекеттiк емес мүлiкке берiлуi, сатушылардың нарықтық
таңдау механизiмен сәйкес келмейдi.
Мемлекеттiк және муниципалды кәсiпорындардың банкроттары жекшелендiрудiң
жаңа тәсiлi болып табылады. Ақшалай жекшелендiру кезеңiнде банкротқа түскен
кәсiпорындардың кредиторлары табысталуы инвесторды жұмылдырған
жекшелендiрудiң бiр формасына айналады. Арендалық кәсiпорындардың еңбектiк
ұжымдары мүдделерiнiң спецификасы: солардың базасында құралған акционерлiк
қоғамның жабық сипатымен және мүлiктiң ақысыз таратылуымен негiзделген.
Еңбектiк ұжымдарда келесi мәселелер шешiмi көп айтыс – тартыс туғызады:
мүлiк құны мен құрамының дәл анықталуы, арендалық ұжымның құн бағасы мен
мүшелерiнiң тиесiм үлесiн шығару, өсiм мүлiгiнiң үлесi үшiн құқығы бар
тұлғаларды анықтау, жауапкершiлiгi шектелген және жабық типтi акционерлiк
қоғамда арендалық кәсiпорындардың жеке үлесi жалақымен және жұмыскердiң
жұмысының қиындығына байланысты есептеледi.

1.2 Жекешелендірудегі жеке меншікті қалыптастырудың рөлі

Мемлекет иелiгiнен алу – мемлекет кәсiпорындарының, шаруашылықты
басқару функциясын және сәйкес өкiлеттiлiгiн тiкелей шаруашылық жүргiзетiн
субъектiлерге табыстауы арқылы түрлендiрiлуi. Кәсiпорындарды тiкелей
мемлекет бақылауынан толық шығуының 2 жолы бар, яғни мемлекет иелiгiнен
алу: өзiн-өзi басқару арқылы немесе жекешелендiру арқылы.

Кәсiпорынның өзiн-өзi басқару үлгiсi – шаруашылықтың жеке нақты
денгейiн бiр жақтан, топтық меншiктiң сипаттарын екiншi жағынан қамтамасыз
етуге мүмкiндiк бередi. Ол әкiмшiлiк – жоспарлық эканомиканың өзегiнде
нақты тотальдi мемлекеттiк бақылаудан шығу формасы және тиiмдi
шаруашылықтың қызметiне уәждеудi күшейту ретiнде пайда болды. өзiн - өзi
басқару үлгiсi Югославия мен Польшада ең көп таралды, бiрақта оның
жекелеген элементтерi басқа да социалистiк елдерде қолданылған (мысалы,
Венриядағы кәсiпорындардың шығындарында жұмыстың қатысу жүйесi ).

Жекешелендiру арқылы мемлекет иелігінен алу - өтпелi экономикада бiр
жағынан мемлекет иелiгiнен алудың басыңқы формасы болса, екiншi жағынан
қоғамдық мүлiктi қайта бөлудiң әртүрлi азаматтарға меншiктi тараудың
формасы болып табылады.

Жекешендiру деп – көбiнесе жеке азаматтарға, еңбектiк ұжымдарға немесе
заңды тұлғаларға сатылған немесе өтеусiз берiлген мемлекет мүлiгiн айтады.
Бұл процесс жеке меншiкті қалыптастырады. Ол меншік құқығын кәсiпорындарға,
мүлiктердi жеке адамдарға және қызметтерi мемлекеттiк емес мүлiкке
негiзделген заңды тұлғаларға берумен сипатталады. Жекешелендiру нәтижесiнде
мемлекет иелiк ету, пайдалану және мемлекеттiк мүлiк объектiлерiне билiк
жүргiзу құқығынан айырылады. Жеке меншікті қалыптастырудың бірнеше
формалары бар. Мысалы, Әлемдiк банк бұрынғы социалистiк елдерде
жекешелендiрудiң мынадай түрлерiн көрсеттi: активтередiң тiкелей сатылуы
арқылы, кепiлхат схемасы бойынша бұқаралық, менеджменттiң немесе
жұмыскерлердiң контрольдi пакеттi өтеп алуы, бұқаралық ұсыныс, ликведация,
акционерлеу арқылы жекешелендіру. Ең маңыздысы кіші жекешелендіру арқылы
жеке меншік объектілерін қалыптастыру болды.

Кiшi объектілерді жекешелендiру – бұл мемлекеттiң бөлшектi сауда
кәсiпорындарының (азық – түлiк, өнеркәсiп тауарлар дүкендерi, ресторандар,
тұрмыстық сферасының кәсiпорындары) жеке иелiкке өтуi. Бұл кәсiпорындар
тиiмдi нарықтық экономикаға өтудегi ең негiзгiсі болып табылады, өйткенi
олар дайын тауармен өнiмге сұраныс қалыптастырады.

Кепiлхат беру арқылы бұқаралық жекешелендiру – мемлекеттiк
активтердi көпшiлiк азаматтардың арасында салыстырмалы тез таратуға
мүмкiндiк бередi. Жекешелендiру куәлiктерi ақысыз немесе белгiлi бiр аз
ақша санына берiлетiнiне қарамастан, кепiлхат схемалары жекешелендiрудiң
әлеуметтiк жанжалы аз тәсiлi болып табылады. Кепiлхаттық \купондық\ схема
Чехия, Словения, Ресей, Албания, Монголия, Қазақстанда болды.
Активтердi, құнды қағаздарды мүлiктiк кешендердi тiкелей сату әдiсiмен
жекешелендiрудiң өз артықшылықтары бар. Олар – бюджетке түсудiң көзi
секілді, жекешелендiрiлген компанияға инвестиция болатын ақша алу. Сауда

құралы тек қана инвесторларға қызықты, пайдалы кәсiпорын болуы мүмкiн.
Сондықтан берiлген әдiспен, өкiнiшке орай инвестицияны керек ететiн
кәсiпорындардың көпшiлiгi жекешелендiрiле алмады. Инвесторлар саны
(кепiлхат схемаларымен салыстырғанда( нақты капиталы барлармен шектелдi.
Аукциондар мен конкурстар жекешелендiрiлген активтердiң максималды табыс
деңгейiндегi нарықтық бағасының шығуына мүмкiндiк бередi.
Активтердi шетел инвесторларына сату – жеке меншікті қалыптастырудың
ерекше түрі . Барлық ауыспалы эканомикасы бар елдерде сатушы –
бейрезиденттерден келген инвестиция түсiмiне ставка қойылды. Күтiм батыстық
тауар және қаржы нарығына мүмкiндiк алумен, батыс менеджiментiне енумен,
компанияның нарықтық құнының өсуiмен байланыстырылады. Тiкелей сауда әдiсi
Венгрияда, Хорватияда, Эстонияда, Полшада қолданылды, яғни жоспарлық
экономикада жеке меншiктің дамуы үшiн барлық жағдайлар қалыптасқан елдерде
болды.
Тiкелей сауда әдiсiмен жекешелендiру қаржы нарығының тез дамуына
мүмкiндiк бередi, ерекше маңыздысы ұлттық, шетел немесе аралас капиталмен
қайтадан құралған жеке меншiк кәсiпорындарының өсуiне жағдай жасайды.
Табыстау немесе жекешендiрiлген компания жұмыскерлерiне мемлекеттiк
активтердi жеңiлдiк саудада сату бұрынғы социалистiк елдердiң қатарында
(Латвия, Литва, Польша) кең тарады. Бұл әдiс әсiресе, Ресейде кең тараған,
ол жекешелендiрудiң бұқаралық кепiлхат схемасында қолданылады және еңбек
ұжымдарына жекешелендiрiлген кампаниялардын ¾ табысталуына мүмкiндiк
бередi. Жекешелендiрудiң осы әдiсiмен алынған активтердiң құндылығы салалар
мен компаниялар бойынша бiр қалыпты емес меншiк пен кiрiстiң аса маңызды
элементтерiнен бастап, кәсiпорын шығыны мен қарыздарын куәландырылмайтын
меншiктiң құқығына дейiн болады.
Келесi әдiс – қайта жекешелендiру арқылы жеке меншікті қалыптастыру,
яғни тәркiлеу нәтижесiнде заңсыз түрде мүлiктен айырылғандардың жеке меншiк
құқығының қалпына келуi. Қайта жекешелендiрудiң негiзгi формалары:
рестетуция, яғни мүлiктiң бұрынғы иелерiне натуралды түрiнде қайтарылуы
және өтемақы, яғни тәркiленген мүлiк құнының ақшалай немесе арнайы кепiлхат
ретiнде қайтарылуы. Қайта жекешелендiрудiң осы екi формасы бұрынғы
Чехословакияда, Венгрияда, Болгарияда, Словенияда, Хорватияда, Эстонияда
жүргiзiлген.
Кәсiпорын, компания қызметiнiң нәтижиелілігi, тиiмдiлiгi оларда үстемдiк
ететiн меншiкке байланысты. Бұл жерде компанияның тиiмдi функцияларын
қамтамасыз ететiн формаларды және меншiк қатынастарын түрлендiруге деген
талпыныс пайда болады. Бұл кәсiпорындарды жекешелендiрудiң басты себебi
болып табылады.
Әлемдiк практикада кәсiпорындардың үш жалпы тобы көрсетiледi
-Бұқаралық құқық негiзiнде қызмет атқаратын мемлекеттiк кәсiпорындар
(яғни, коммерциялық кәсiпорындар)
-Жеке меншiк құқығы негiзiнде қызмет атқаратын мемлекеттiк кәсiпорындар
(яғни, коммерциялық орындар )
-Жеке меншiкке негiзделген жеке құқық арқылы қызмет атқаратын
кәсiпорындар.
Жеке заңды тұлғалардың пайда болуының екi жалпы тәсiлi бар. Олар: жаңа
кәсiпорын құру арқылы және жұмыс атқаратын кәсiпорындарды жекешендiрiлу
арқылы. Жекешендiрудiң белгiлерi:
- Мемлекеттiк мүлiктiн жеке тұлғалар пайдасына өтуi немесе мемлекеттік
меншiктiң жеке меншiкке ауысуы.
-Мемлекет кәсiпорындарына мүлiкпен иелiк ету құқығын беру.
-Мемлекет кәсiпорындарын толық жеке тұлғаларға сату.
-Активтер бөлiгiн сату.Кәсiпорындарды жекешелендiру көмегiмен шешiлетiн
мәселелер: кәсiпорын пайдалылығының өсуi, мемлекеттiк шығындардың қысқаруы;
бюджет түсiмiнiң өсуi, iшкi және сыртқы берешектердiң жойылуы, капитал
нарығының кеңеюi, тұрғындардың инвестицияға деген сұранысының өсуi,
жұмыскерлердi компания капиталына қатысуға жұмылдыру, кәсiподақ
қозғалысының әлсiзденуi, саяси мақсаттағы ұсақ жеке меншiк иелерiнiң кең
әлеуметтiк баға құруы. Сонымен қатар жекшелендiру кiрiсi арқасында, салықты
азайту мүмкiндiгi туады, бұл жеке экономикалық белсендiлiкке жол ашады.

1.3 Дүние жүзі елдеріндегі жекешелендіру

Жекешелендіру бүкіл дүниежүзілік практикаға, соның ішіндегі Батыстағы
дамыған елдердің аралас нарықтық экономикасына тән. Қазіргі кезде ол
дүиежүзіндегі елуден астам мемлекетте белгілі бір нысанда, белгілі бір
көлемде жүзеге асырылуда.
Осыған байланысты түрлі елдерде жүзеге асырылып жатқан
жекешелендірудің мақсаттары мен міндеттері туралы сұрақ туып отыр. Дамыған
капиталистік елдер мен дамушы елдердегі жекешелендірудің негізгі мақсаты
екі міндетті орындау:
1. Түсімсіз және түсімі аз мемлекетік кәсіпорындарға субсидиялар мен
дотациялар берілуі себепті пайда болған бюджет тапшылығын қысқарту,
яғни мемлекеттік бюджет ауыртпалығын қысқарту;
2. Жекешелендірілген кәсіпорындарда экономиканың өсуі арқасында ұлттық
экономиканың тиімділігін арттыру.
Яғни, қаржы ауыртпалығын азайту. Мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс
тәжірибесі олардың көбінесе нарық жағдайында тұтынушыға емес, ал өздеріне
жұмыс істейтінін көрсетіп отыр. Себебі оларды негізінен қаржыландырып
отырған тұтынушылар емес, мемлекет. Яғни, салық төлеушілер есебінен
қаржыландыруда. Оларың қаржы жағдайы негізінен қызмет нәтижесінде, өз
өнімін тұтынушының сатып алатын-алмайтынына байланысты емес.
Осының бәрі мемлекеттік кәсіпорындар өзі үшін жұмыс істейтін жағдайға
әкеп соғуда. Жеке меншік кәсіпорындарына тән банкрот қаупі мемлекеттік
кәсіпорындарға қатысы жоқ. Мемлекет мұндай жағдайда қаражат және басқадай
өз кәсіпорындарына көмек беріп отырады. Бірақ көптеген елдерде ондай
көптеген кәсіпорындарды қанағаттандыруға мемлекеттің шамасы келмейді.
Сондықтан, мемлекеттік меншікті жекешелендіру ондай елдер үкіметтерінің
қаржы ауыртпалығын өз мойнынан алып тастауға көмектеседі. Ал мүлікті өз
қарамағына алғандар оның тиімді жұмыс істеуін өздері қарастырады.
Мысалы, АҚШ-та үкіметтің жекешелендіру бағдарламасының негізінде екі
принцип алынған болатын. Бірінші принцип, мемлекет стандартты тауарлар
өндіру мен сатуда және қызмет көрсетуде жеке меншік секторымен бәсекеге
түспеуі тиіс. Екінші принцип, мемлекет функцияларын қоғамдық тауарлар
дейтінді өндірумен шектейді, оларға, атап айтқанда қорғаныс, заңдардың
рындалуын бақылау, мұқтаждарға қаржы көмегін көрсету.
Жекешелендіру мемлекетке екі ақша қаражатының екі түрлі әдіспен
түсіреді: акцияларды сатудың өзі тез табыс әкеледі және жекешелендірілген
кәсіпорындардан салық алынады.
Латын Америкасы елдерінде мемлекеттік кәсіпорындардың көпшілігі
шығынмен жұмыс істейді. Өйткені, бюджетте үнемі қаржы бөлу мен мемлекеттік
кәсіпорындардың шығындарын қаржыландыру, олар беретін өнім мен көрсететін
қызмет бағасын төмендету мемлекеттік бюджеттер сәйкессіздігінің үдеуінің
және мемлекеттік қарыздың көбеюіне көп жағынан себеп болды. Мемлекеттік
кәсіпорындардың шығыны 80- жылдары мысалы Аргентинада ІЖӨ-ң 7%-ке, ал
Бразилияда 14%-ке жетті. Аргентинадағы бюджет тапшылығының 80%-ға жуық
шығыны мемлекттік сектордағы шығынды кәсіпорындарды қаржыландыруға
байланысты болды және сыртқы қарызының едәуір бөлігі де солардың үлесіне
келіп отыр. Мәселен, Аргентинада 90-жылдардың бас кезінде жетекші 13
мемлекеттік компаниялардың сыртқы қарызы елдің бүкіл сыртқы қарызының
төлттен бір бөлігі болған.
Ұлыбританияда М.Тетчердің үкіметі жекешелендіруді жүргізудің
негізгі міндеті - мемлекет кірісінің өсімі және билік басындағы партияның
қызметін мақұлдатқызу болды. Ұлыбритания үкіметі он жылдың ішінде
жекешелендіруден 35 млрд.фунт стерлинг алды. 1979 жылы банкроттық шегінде
болған үкімет ондай жекешелендірудің нәтижесінде сальдосы дұрыс тұрақты
мемлекеттік бюджет болуын қамтамасыз етті. Г.Коль үкіметі бірнеше жылдың
ішінде Швейцариядағы Мон Репо санатотийі үлгісіндегі түрлі ұсақ
объектілерді сатудан 10 млрд.марка қаржы түсірді.
Францияда Ж.Ширак үкіметі 1986 жылы жекешелендірудің кең ауқымды
бағдарламасын әзірледі. Парламент 1986 жылғы жазда жазда қабылдаған заңда
жеке меншік секторға бірте-бірте, 5 жыл ішінде, 65 банк, бәсекелік
салалардағы сақтандыру компаниялары мен өнеркәсіп орындарын беруді көздеді.
Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру 1986 жылғы қазанда басталды.
Жекешелендірудің бастапқы және тікелей мақсаты – мелекеттікбюджет
тапшылығын азайту мақсатында 1987 жылдың күзінде қол жетті. Мемлекеттік
юджетке 71 млрд.франк мөлшерінде қаржы түсіп, оның басым көпшілігі
мемлекеттік өарызды өтеуге жұмсалды.
Германияның шығыс және батыс бөліктерін біртұтас мемлекет етіп
біріктіру, бұрынғы ГДР-ді жаңғартуға жұмсалатын шығын үкімет қарызын 1992
жылғы 1300 млрд.маркадан 1995 жылы 1900 млрд.маркаға дейін ұлғайтты. Міне
осындай жағдайларда жекешелендіру сол қарызды азайтуға мүмкіндік туғызды.
Осы оң нәтижелерден соң, Германия үкіметі Люфтганза компаниясының
акцияларының 51%-н сатуды және биржадағы құнын 50-70 млрд.марка деп бағалап
отырған Дойче Текстомды сатуды көздеген.
Сонымен, мемлекеттік бюджет тапшылығыназайту міндеті бұрынғы
социалистік елдерінің бәрінің алдында тұрды. Бұл міндет мемлекеттік
меншікті жекешелендіру арқыры шешімін тапты. Бірақ сонымен бірге, дамыған
капиталистік елдердегідей социалистік елдерде жекешелендірудің негізгі
мақсаты бола алмады. Мысалы, мемлекет бюджетін толықтыруды көздеген
Ресейдің Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінің төрағасының орынбасары
Д.Васильев Ресей Федерациясының жекешелендіру бағдарламасын сипаттай келе,
мынадай ережені атап кетті: жекшелендіруден кіріс алу жөніндегі нұсқамадан
бас тартуымыз қажет, өйткені, күтіліп отырған түсім сомасы 92 млрд.рубльден
72 млрд.рубльге дейін төмендеді.
Сөйтіп, мемлекеттік меншікті жекешелендірудің негізгі мақсаты
мемлекеттің бюджет ауыртпалығын жеңілдету болуы ешбір мүмкін болмады. Және
оның екінші бір мақсаты – жекешелендірілген кәсіпорындарда экономиканы
өсіру арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру болды. Дамыған
және дамушы елдерде де жекешелендірудің алдында осындай міндеттер қойылды.
Жекешелендіру тәжірибесі өндіріс тиімділігінің артуына оң ықпал етіп
отырды. Мәселен, жеке меншікке көшкен көптеген британ компаниялары өз
рентабельділігін күрт арттырды. Атап айтсақ, елде байланыс қызметі
жекешелендірілгеннен кейін қызмет көрсету құны тұрақтанды және сапасы арта
түсті.
Сонымен, мемлекеттік меншікті жекешелендіру өндірістің тиімділігін
арттырады. Жеке меншік иелерінің табысқа жетуге ұмтылуы өндірістік
шығындардың азайтылуына себеп болады, сонымен қатар экономиканы тұтынушының
қажеттеріне бағдарлайды. Ал, бұл өзі тарапынан, тауарлар мен қызметтер
сапасын жақсартады.

2 Қазақстандағы жекешелендіру: заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері,
нәтижелері

2.1 Қазақстандағы жекешелендірудің заңдық-нормативтік негіздері,
кезеңдері мен модельдері

Қазақстан Республикасында 1991 жылы тәуелсіздік алған кейін мемлекет
иелігінен алу мен жекешелендіру процесі басталды.
Елдегі дербес экономикалық саясатты жүргізудің басталуы құлдыраған
тауар рыногы жағдайындағы кәсіпорындар арасында бірыңғай экономикалық
кеңістіктің құлдырауы өндірістік байланыстың құру салдарына әкелген жүйелі
дағдарыспен тұспа-тұс келді. Сол уақыттағы экономикалық жағдайға тән
ерекшеліктер кәсіпорындардың өз жұмысын тоқтатуы, төлемдердің төленбеуі,
дүкендердің босауы, инфляцияның басталуына әкелді. Осындай келеңсіз
жағдайлармен күресудің ең тиімді жолы - мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендіру процесі деп болжанды.
Мемлекеттік меншік реформасын өткізу үшін ұйымдық негізі – 1990 жылдың
20 желтоқсанында уәкілетті мемлекеттік орган – Мемлекеттік мүлікті басқару
жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің құрылуы болды, кейіннен
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Қазақ ССР Мемлекеттік комитетінің
мәселелері туралы Қазақ ССР Президентінің 1991 жылы 22 сәуірдегі
Жарлығымен комитеттің өкілеттіктері нақтыланды және анықталды, ал 1991
жылғы тамызда мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық органдар ұйымдастырылды.
Кейіннен республикадағы экономиканы қалыптастырудың әртүрлі кезеңдерінде
және тиісінше мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің мемлекеттік
бағдарламасын іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде орта мерзімді
бағдарламалар мен Үкімет міндеттемелеріне байланысты мемлекеттік басқару
органдарының жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер кезінде Мемлекеттік мүлікті
басқару жөніндегі мемлекеттік комитет қайта ұйымдастырылды. 1995 жылы
сәуірде оның базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті
жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитеті құрылды. 1997 жылдың аяғына
дейінгі кезеңде мемлекеттік басқару органы жүйесінде республикамызда
мемлекеттік мүлікті басқару және оны жекешелендіру жөніндегі екі
Мемлекеттік комитет жұмыс істеп тұрды. 1997 жылдың күзінде Мемлекеттік
мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет пен Мемлекеттік мүлікті
жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитет Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне біріктіру
арқылы қайта ұйымдастырылды. Аталған құрылым қазірде жұмыс істеп келеді.
1991 жылдан бастап мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз
ету және оны жекешелендіру процестеріндегі заңдық және нормативтік-
әдістемелік базаны реторспективті талдау олардың заңды және нормавтивтік-
әдістемелік актілермен біршама ретке келтірілгендігі туралы қорытынды
жасауға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік меншікті құруда, жеке меншік
институтын, нарықтық экономика негіздерін құру мен дамытуда және
мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал ететін
базалық реформаларды жүргізуде өз өкілеттіктерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық механизміне мемлекеттің әсер етуі
Қазақстандағы жекешелендіру: заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері, нәтижелері
Меншік түрінің эволюциясы
Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
Меншік саяси - экономикалық категория ретінде
Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы
ҚР нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасу мәселесі
Пәндер