Мемлекеттік мекемелердің қазынашылық комитетімен есеп айырысу тәртібі


Жоспар
Кіріспе
1-бөлім Бухгалтерлік есептің жалпы мәселесін ұйымдастыру
1. 1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1. 2 Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру. Құжаттау және есептік регистрлер
1. 3 Қаржыландыруда жасалатын ұйымдастыру жұмыстары
1. 4 Қаржылық есеп беру жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
2- Тарау Мемлекеттік мекемелердің қазынашылық комитетімен есеп айырысу тәртібі
2. 2 Кірістер бойынша Қазақстан Республикасының Республикалық және жергілікті бюджетінің касса бойынша орындалуы. Кірістер шоты
2. 3 Бюджет бойынша ашылған лимиттер» шоты
Ақшалай қаражаттар шоты
2. 4 Жергілікті бюджеттер бойынша лимиттер шоты
2. 5 Валюта қаражатының жылжуы . Бюджеттен тыс және валюталық шоттар шоты
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі
Кіріспе
Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар.
Осы орайда қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есеп ғылымының пәні деп айтуға болады немесе қоғамдық өндіріс процестерін бухгалтерлік есепке алынатын біртұтас тұлға деп қарауға болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады.
Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысының жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Қоғамдық даму нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланып келеді. 1
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс құрал-жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы кең етек алуда. Осыған қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы
экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр.
Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындығы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде ақаратын ролінің ұшан-теңіз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.
Сонымен бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынастарға, барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басқарудың тиімді механизмін (тетігін) жасауға біртіндеп қолайлы жағдай туып келеді. Сонымен қатар, аталған құбылыстар бухгалтерлік есепке де, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойып отыр.
Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды, мемлекеттік мекемені сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жағдың мәні туралы дер сенімді ақпарат қажет. Тап осындай ақпараттың басы көпшілігі ьухгалтерлік есептің еншісіне тиетіндігіне дау жоқ. Сондықтан да, бухгалтерлік есепті, кейде мемлекеттік қаржылық тілі деп те атайды. Бұл арада қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, көп жағдайда, бухгалтерия қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі. Сонымен қоса, олар есепті оңайлатуға, салық жүйесінің талаптарын орындауға, нормативтік актілерді қатаң сақтауға, басшыға мәліметтердің дәл және анық болуына жауапты болып келеді.
Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есеп өте зор мәселе болып отыр.
I-бөлім Бухгалтерлік есептің жалпы мәселесін ұйымдастыру
1. 1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір мемелекеттік мекеме техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктігіне қарап нақтылған.
Мекемелер өзінің нақты жағдайына, көлеміне және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады: бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді, есептік саясатын қалыптастырады, қаржылық пен өндірістік есептері бойынша қызмет ету аясын белгілейді, шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін да қажет шешімдерді жасайды.
Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік -құқықтық құжаттарда белгіленген. 2
Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде мына жайларды қамтамасыз етіуі керек:
- есепберу кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен кейбір шаруашылық операцияларын көрсету кезінде қабылдаған есеп саясатының өзгермейтіндігі, белгіленген ережесімен сәйкес келетіндігі
- қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есептік кезенде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының есепте толығымен көрініс табуы
- тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табыстың дұрыс жатқызылуы
- әрбір айдың басында синтетикалық есеп шоттары қалдығы, аналитикалық есептің айналымымен сәйкестігі сақталуы керек.
Бухгалтерлік құжаттарда жасалған шаруашылық операциялары мәліметтердің айғақтылығын немесе жасалған операцияға жазбаша түрінде берілген жарлығы екендігін көрсетеді және осы соңғыларды бухгалтерлік есептің шоттарында көрсету үшін ол негіз болып табылады. Кез келген шаруашылық операцияларын тиісті есеп шоттарында көрініс таппауы, олардың тиісті құжаттармен рәсімделуімен байланысты болып келеді.
Операцияларды құжаттармен рәсімдеу процесі бухгалтерлік есептің алғашқы сатысы болып саналады, сондықтан аталған процесті құжаттау деп аталады.
Құжаттардың арналымы мен мазмұнын дәл және толық түсіну үшін, оларды біршама белгілері бойынша жіктейді: арналымы бойынша, жасау тәсілі бойынша, мазмұны бойынша, жасау орны, сандық позициясы, толтыру тәсілі бойынша.
Құжаттар арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:
- тәртіп орнататын (басқара білетін) жарлықтың мазмұны, шаруашылық операциясын жасауға берілген бұрық болып танылады, бірақ ол жасаған операцияның фактісін растамайды, сондықтан операцияның ол кезеңі бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.
Көптеген жарлық ретіндегі құжаттар, операция жасалғаннан кейін барып, ақтаушы құжаттарға айналады:
- ақтаушы -жасалған шарушылық операцияның фактісін растайды, яғни жасаплған операция ретінде рәсімделеді. Құжаттардың бұндай типі шарушылық операциялары ретінде бухгалтерлік есепте көрсетуге негіз болып табылады
- бухгалтерлік рәсімдеу- тәртіп орнататын және ақтаушы құжаттардың негізінде жасалатын құжаттар, бірақ олардың дербестік мағынасы болмайды
- қиыстырылған (құрастырылған) - жоғарыда келтірілген құжаттардың бінеше түріне тән қызметті, бір мезгілде атқаратын құжаттауларды құрастырылған құжаттау деп атайды, олардың пайдалануын жеңілдетеді, ықшамдайды және есептік құжаттауды аса көрнекті етіп көрсетеді.
Құжаттар жасау бойынша мына топтарға бөлінеді:
- бір жолғы -жасалған бір немесе шаруашылық операцияларын рәсімдеу кезінде пайдаланады
- жинақтаушы- біртектес шаруашылық операциялары жасап біткеннен кейін, оларды рәсімдеу үшін пайдаланады.
1. 2 Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру. Құжаттау және есептік регистрлер
Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын үйымдар, сондай-ақ жекелеген ұйымдардың жанындағы оталықтандырылған бухгалтериялар бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша шығыстар сметасымен орындау есебінен Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен ұсталатын ұйымдарға бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады.
Бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша шығыстар сметасын орындаудың бухгалтерлік есебі осы ңұсқаулықта көзделген шоттар жоспары бойынша біртұтас баланс негізінде жүргізіледі.
Министерліктер, мемлекеттік комиттетер және Қазақстан Республикасы өзге орталық және жергілікті органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрллігінің Қазынашылық департаментімен келісіп, қажет болған жағдайда өз қызметінің өзгешелігін ескере отырып, өз жүйесінің бюджеттік ұйымдарында бухгалтерлік есеп жөнінде жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығаруы мүмкін.
Шығыс сметаларын орындаудың бухгалтерлік есебі осы нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық- ордерлік нысаны бойынша жүзеге асырылады.
Есепті орталықтандырылған кезде қызмет көрсетуші ұйымдардың басшыларына лимиттерге иелік ету құқығы қалдырылады, атап айтқанда тауарларды жеткізіп беруге және қызметтер көрсетуге келісім- шарттар, орындалған жұмыстарға еңбек келісімін жасасу, белгіленген тәртіпте шаруашылық және басқа да мұқтаждарға аванстар алуға және өз қызметкерлеріне аванстар беруге рұқсат ету, бюджеттік қаржы беру шегінде бөлінген лимиттердің есебінен шығыстарды төлеуге рұқсат ету, белгіленген нормаларға сәйкес ұйымдардың мұқтажына арнап материалдарды, тарға сәйкес ұйымдардың мұқтажына арнап материалдарды, тамақ өнімдерін және басқа да материалдық құндылықтарды жұмсау, есеп беретін адамдардың аванстық есебінен түгендеу және т. б. бойынша құжаттарды бекіту.
Орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына осы ұйымдардың басшыларымен келісілген орталық бухгалтерияның бас бухгалтері белгіленген мерзімде шығыстар сметасының орындалуы туралы оларға қажетті мәліметтерді табыс етеді.
Ұйымдар бюджеттік мақсаттарға сәйкес сметаларда көзделген бюджеттік сыныптаманың коды бойынша шығыстарды жүзеге асырады.
Бухгалтерлік қызмет басшылары өз жұмысында Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы №2732 Заң күші бар жарлығын, белгіленген тәртіпте бекітілген бухгалтерлік есеп және есеп беру басқармалары туралы ережелерді, және қазақстан Республикасының басқа да нормативтік- құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуына, шығыс сметаларының орындалу барысында, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысудың жәй- күйіне, ақшалай қаражатармен мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтуы тиіс.
Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне мыналар кіреді:
- осы нұсқаулыққа және жекелеген нұсқауларға сәйкес бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз ету
- құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеуге және жасасқан операциялардың заңдылығына алдын- ала бақылау жасауды жүзеге асыру
- бюджет жөніндегі бекітілген шығыстар сметасы бойынша белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып ашық лимиттер және олардың нысаналы мақсатына сәкес қаржыларды дұрыс және тиімді жұмсауға, сондай-ақ ақшалай қаржылар мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау
- есепті дербес жүргізетін бюджеттік ұйымдарға ашық лимиттерді дер кезінде хабарлау, сондай- ақ олардың шығыс сметаларын орындауына және бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуіне бақылау жасау
- арнайы қаржылар сметасы бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алу және бюджеттен тыс басқа да қаржылар бойынша операцияларды есепке алу
- бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілеріне жалақыны, студенттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға және оқушыларға стипендиялар есептеу және мерзімінде төлеу
Бюджеттік ұйымының құрамына кіретін барлық бөлімшелер бухгалтерлік қызметке бухгалтерлік есеп пен бақылау үшін қажетті құжаттарды уақытында тапсыруға міндетті. Құжаттардың уақытында және тиісті сапада жасалуы, олардың бухгалтерлік есепте көрсету үшін белгіленген қажетті мерзімде тапсырылуы, құжаттарға қамтылған деректердің шынайылығы үшін осы құжаттарды жасаған және оған қол қойған тұлғалар жауап береді.
Бастапқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойы жауап береді. Бастапқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойында олардағы жазулардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдармен ғана жүргізілуі тиіс.
Қажетті жағдайларда бастапқы құжатқа қосымша реквизиттер: құжаттың нөмірі, ұйымның атауы мен мекен-жайы, құжатта расталған операцияны жасауға қажетті негіз, қосымша операциялардың сипатымен анықталатын басқа да қосымша реквизиттер енгізілуі мүмкін.
Бастапқы құжаттарда - мәтін бөлігінде де, сандық деректерде де тазартуға және келісілмеген түзетулерге жол берілмейді.
Бастапқы құжаттардағы қателер қате мәтінді немесе сомаларды сызып тастау және сызықтың үстінен дұрыс мәтінді немесе соманы жазу жолымен түзетіледі. Сызып тастау бұрынғы жазу көрініп тұратындай етіп жіңішке сызықпен жүргізіледі. Бастапқы құжаттағы қатені түзету «түзетілді» деген жазумен көрсетілуі және түзету уақыту көрсетіліп, құжатқа қол қойған тұлғаның қолымен расталуы тиіс.
Касса мен банк құжаттарында түзетуге жол берілмейді.
Есеп тіркемелеріндігі жазбалар үшін негіз болатын құжаттар ұйымның бас бухгалтері белгіленген және басшысы бекіткен мерзімдерде бухгалтерлік қызметке тапсырылыу тиіс.
Материалдық жауапты тұлғалар ф442 құжаттарын тапсыруды тіркеген кезде, екі данада жасалған, тауарлық-материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша бастапқы құжаттарды (кіріс және шығыс құжаттары бойынша жеке толтырылған) тапсырады. Материалдық жауап беретін тұлғаның қатысуымен жүргізілген, тапсырылған бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделуі тексерілген соң бухгалтер қызметкерінің қолы қойылған тізімдеменің бір данасы материалдық жауапты тұлғаға қайтарылады, екінші данасы бухгалтерлік қызметтің іс-қағазынада қалады.
Ақшалар мен материалдық құндылықтардың сақталуы үшін жауапты тұлғалармен толық жеке материалдық жауапкершілік туралы белгіленген тәртіппен жазбаша шарт жасалады.
Бухгалтерлік қызметке келіп түскен бастапқы құжаттар үлгісі бойынша да (бастапқы құжаттарды рәсімдеудің, реквизиттерді толтырудың толықтығы мен дұрыстығы), мазмұны бойынша да (құжатталатын операциялардың заңдылығы, жекешеленген көрсеткіштердің пайымдық қисыны) міндетті түрде тексеріледі.
20. Тексерілген және есепке алынған құжаттар операциялар жасалған уақыттар бойынша (хронологиялық тәртіппен) жүйеленеді және мемориалдық ордерлермен - жинақтаушы ведомстармен рәсімделеді, оларға мынадай тұрақты нөмірлер беріледі:
-1-ші мемориалдық нөмір - №381 кассалық операциялар жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 2-ші мемориалдық нөмір - №381 бюджеттік шоттардағы қаржылардың жылжуы жөніндегі жинақтаушы ведомость;
-3-ші мемориалдық нөмір - №381 бюджеттік шоттардағы қаржылардың жылжуы жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 5-ші мемориалдық нөмір - №405 жалақы және стипендиялар жөніндегі есеп айырысу ведомостарының жинағы;
-6-ші мемориалдық нөмір - №408 ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость;
-6-ші мемориалдық нөмір - №408 жоспарлы төлемдер ретінде есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 8-ші мемориалдық нөмір - №386 есепті тұлғалармен есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 9-ші мемориалдық нөмір - №438 активтердің босатылуы және ауыстырылуы жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 10-ші мемориалдық нөмір - №438 бағасы төмен және тез тозатын заттарды босату және ауыстыру жөніндегі жинақтаушы ведомость;
-11-ші мемориалдық нөмір - №398 тамақ өнімдерін кіріске алу жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 12-ші мемориалдық нөмір - №411 тамақ өнімдерін жұмсау жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 13-ші мемориалдық нөмір - №396 материалдарды жұмсау жөніндегі жинақтаушы ведомость;
- 14-ші мемориалдық нөмір - №409 арнаулы табыстар бойынша табыстарды есептеудің жинақтаушы ведомость;
-1- 15-ші мемориалдық нөмір - №406 балаларды асырағаны үшін ата-аналармен есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость;
Қалған операциялар мен «Сторно» операциялары бойынша жеке-жеке әрбір ай үшін 16-сынан бастап нөмірленетін №274 жеке мемориалдық ордер жасалады.
Операциялардың көлемі бойынша жинақтаушы ведомостар құруды талап етпейтін бюджеттік ұйымдарда шоттардың деректері №274 жеке мемориалдық ордерлерінде немесе жоғарыда көрсетілген тиісті нөмірлер беріліп, дәл бастапқы құжаттарға қойылатын бұрыштаманың таңбаларында көрсетіледі.
Жекелеген мемориалдық ордерлер операциялардың жасалуына қарай, бірақ жеке құжаттардың негізе де, бір текті құжаттардың негінде де, келесі күннен кешіктірмей жасалады. Мемориалдық ордерде қосалқы шоттардың деректері бір қосалқы шоттың дебеті және екінші қосалқы шоттың несиесі жөніндегі немесе бір қосалқы шоттың дебеті және екінші қосалқы шоттың несиесі жөніндегі немесе бір қосалқы шоттың дебеті және бірнеше қосалқы шоттың несиесі, немесе керісінше, бір қосалқы шоттың несиесі және бірнеше қосалқы шоттардың дебеті жөніндегі операциялардың сипатына байланысты жазылады.
Мемориалдық ордерлерге бас бухгалтер немесе оның орынбасары мен орындаушы қол қояды.
Барлық мемориалдық ордерлер №308 «Бас журнал» кітабында тіркеліп, тәртіп бойынша, қосалқы шоттар бойынша жүргізіледі.
«Бас журнал» кітабы өткен жылғы қорытынды балансқа сәйкес жылдың басындағы қалдық сомалары жазбаларымен ашылады. Ондағы жазбалар - мемориалдық ордерлердің жасалуына қарай, ал мемориалдық ордерлерді - жинақтаушы ведомостарды жасаған кезде - айына бір рет жүргізіледі. Мемориалдық ордерлердің сомасы басында «Ордер бойынша сома» бағанына, ал одан соң тиісті қосалқы шоттардың дебеті мен несиесіне жазылады. Дебет бойынша да, несие бойынша да, барлық қосалқы шоттар жөніндегі бір айлық айналымдардың тең болуға тиіс. Бір айдағы айналымдардан соң екінші бағанға әрбір қосалқы шот бойынша келесі айдың басындағы қалдық шығарылады.
Талдама есеп есептік тіркемелерде (кітаптарда, карточкаларда, жинақтаушы ведомостарда, т. б. ) жүргізіледі. Тіркемелердегі жазбалардың тәртібі осы нұсқаулықтың тиісті бөлімдерінде баяндалған.
Бухгалтерлік кітаптарда жазбалар басталғанға дейін барлық беттер (парақтар) беттеледі. Соңғы бетке бас бухгалтердің қолы қойылып: «Бүл кітапта барлығы бет (парақ) нөмірленген» деп жазылады. № КО-4, №440 касса кітабы, еңбек кітапшаларының бланкілері мен оған қосылған беттерді есептейтін ф. 449 кіріс-шығыс кітабы, жіппен байланып және сүргішпен бекітілугн, ал №КО-4 және 440 парақтарының саны - бюджеттіку ұйым басшысының және бас бухгалтердің қолымен, ал №449 - бюджеттік ұйым басшысының қолымен расталуға тиіс.
Әрбір кітаптың сыртында ұйымның, орталықтандырыған бухгалтерияның атауы және кітаптың ашылған жылы жазылады. Онда ашылған қосалқы шоттардың тақырыптары болуға тиіс. Жазбаларды кітаптың басқа беттеріне ауыстырылған кезде осы қосалқы шот бойынша тақырыпқа жазбаның ауыстырылғаны туралы, жаңа беттердің нөмірлері көрсетіліп, белгі қойылады.
Бухгалтерлік есеп кітаптары жыл аяқталғанда онда бос парақтар болған жағдайда келесі жылдың операцияларын жазу үшін падалануы мүмкін. Мұндайда кітапртар архивке екі жалда бір рет тапсырылады.
Карточкалар (активтер жөніндегі карточкалардан басқа) әрбір есеп үшін жеке жүргізілетін №279 карточкалар тіркеледі.
Карточкалар ішінде олар материалдық-жауапты тұлғалар бойынша, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда және қызмет көрсетілген ұйыдарда қосалқы шоттар бойынша орналастырылатын картотекаларда сақталады. Материалдарды, бағасы төмен және тез тозатын заттарды т. б. есепке алатын карточкалар жыл сайын немесе екі жылда бір рет карточкалардың тізімдерімен, тізбелерімен және басқа бухгалтерлік құжаттармен бірге, тігілген күйінде архивке тапсырылады.
Ішінде № ОС-6, 8, 9 соңғы түгендеу карточкасы бойынша құрал-саймандардың есептен шығарылғаны туралы белгі қойылған болса, активтерді есепке алу жөніндегі № ОС-10 түгендеу карточкасының сипаттамасы архивке тапсырылады. Түгендеу карточкаларын архивке сипаттамасыз тапсырған кезде олар жеке ведомсқа жазылып, онда карточканың нөмірі мен есептен шығарылған құрал-саймандардың атаулары, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда, бұдан басқа, қызмет көрсетілетін бюджеттік ұйымның атауы жазылады.
Бухгалтерлік есеп тізімдемелеріндегі жазбалар олар алынғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей бастапқы құжаттар бойынша жүргізіледі. әрбір ай аяқталғаннан кейін талдамалық есептің тізімдемелерінде айналыстардың қорытындылары жасалады және қосалқы шоттар бойынша қалдықтар шығарылады.
Өткен жыл үшін бухгалтерлік есептің жазбаларында байқалған қателерді түзету мынадай тәртіппен жүргізіледі:
а) бухгалтерлік балансты тапсыру сәтіне дейінгі осы есепті кезенде байқалған, аталған мемориалдық ордердің өзгертілуін талап етпейтін қателер дұрыс емес сомалар мен мәтінді, сызылып қалған жазбаларды
1. 3 Қаржыландыруда жасалатын ұйымдастыру жұмыстары
Қаржылық есеп берудің мақсаты қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: мемлекеттік мекеме қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір- бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады. 3
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz