Қабдеш Жұмаділов және қазіргі роман жанры



Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдарын талдай отырып, өзімнің де тарихқа жүгінуіме тура келді. Қашанда әдебиет пен тарих байланысты ғой. Сондықтан да диплом жұмыста көп нәрсеге түсінік беру үшін, тарихи мәлеметтерге сүйену керек болды. Бұл мақсатта «Қазақ ССР тарихы», «Қырғыз ССР тарихы», энциклопедиялар, тарихшылардың мақалаларының барлығына шолу жасалды. Әсіресе, жазушының Қаракерей Қабанбай туралы жазған «Дарабоз» романы көп ізденісті талап етті.
Өйткені, әрбір жазушы кез.келген шығарманы жазу алдында көп ізденіс, шығармаға байланысты материал тауып, даярланады. Содан кейін бәрін сарапқа салып, содан кейін шығарма жаза бастайды. Ал, тарихи романды жазу үшін жазушыға үлкен дайындық керек. Ол тарихты тарихшыдан кем білмеу керек. Қабдеш Жұмаділов те «Дарабозды» өмірге әкелерден бұрын, көп нәрсені зерттеп, талдау жасайды. Бүгінде «Дарабоз» романының маңызды шығарманың бірі болып отырған сондықтан.
Қабдеш Жұмаділов . тіл байлығы керемет қаламгер. Қай шығармасын оқысаң да, осы айтылғанға көзің жетеді. Бұл әрине жазушының «сөз өнерінің» шебері екенін дәлелдейді. Оның сөздері орынды пайдаланып, әр түрлі тіркестерді қолдануының өзі шеберлігінің бір көрінісі.
Дипломдық жұмыста жазушының романдарында қолданған әр түрлі мақал.мәтелдерді, сөз тіркестеріне ерекше мән берілді.
Асылы, Қабдеш Жұмаділов . әдебиетке үлкен дайындықпен келген жазушы. Ең алдымен . ол шебер суреткер.
Мәселен, «Көкейкесті» романындағы Қарлығаш бейнесі, «Атамекен» романындағы Ғалия бейнесі, «Дарабоз» романындағы Назым бейнесі, сонымен қатар «Көкейкесті», «Атамекен» романындағы қала мен ауыл көрінісінен үзінді берілген. Сонымен қатар, диплом жұмысында романдардың идеясы, жазылу себептері, оған жасалған дайындық туралы да айтылып өтеді. Бұларды жазуға жазушының ғұмырнамалық романы көмекші болды. Өйткені, мұнда тек жазушының өмірбаяны ғана

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдарын талдай отырып, өзімнің де
тарихқа жүгінуіме тура келді. Қашанда әдебиет пен тарих байланысты
ғой. Сондықтан да диплом жұмыста көп нәрсеге түсінік беру үшін,
тарихи мәлеметтерге сүйену керек болды. Бұл мақсатта Қазақ ССР
тарихы, Қырғыз ССР тарихы, энциклопедиялар, тарихшылардың
мақалаларының барлығына шолу жасалды. Әсіресе, жазушының Қаракерей
Қабанбай туралы жазған Дарабоз романы көп ізденісті талап етті.
Өйткені, әрбір жазушы кез-келген шығарманы жазу алдында көп
ізденіс, шығармаға байланысты материал тауып, даярланады. Содан
кейін бәрін сарапқа салып, содан кейін шығарма жаза бастайды. Ал,
тарихи романды жазу үшін жазушыға үлкен дайындық керек. Ол
тарихты тарихшыдан кем білмеу керек. Қабдеш Жұмаділов те Дарабозды
өмірге әкелерден бұрын, көп нәрсені зерттеп, талдау жасайды.
Бүгінде Дарабоз романының маңызды шығарманың бірі болып отырған
сондықтан.
Қабдеш Жұмаділов – тіл байлығы керемет қаламгер. Қай шығармасын
оқысаң да, осы айтылғанға көзің жетеді. Бұл әрине жазушының сөз
өнерінің шебері екенін дәлелдейді. Оның сөздері орынды
пайдаланып, әр түрлі тіркестерді қолдануының өзі шеберлігінің бір
көрінісі.
Дипломдық жұмыста жазушының романдарында қолданған әр түрлі мақал-
мәтелдерді, сөз тіркестеріне ерекше мән берілді.
Асылы, Қабдеш Жұмаділов - әдебиетке үлкен дайындықпен келген
жазушы. Ең алдымен – ол шебер суреткер.
Мәселен, Көкейкесті романындағы Қарлығаш бейнесі, Атамекен
романындағы Ғалия бейнесі, Дарабоз романындағы Назым бейнесі,
сонымен қатар Көкейкесті, Атамекен романындағы қала мен ауыл
көрінісінен үзінді берілген. Сонымен қатар, диплом жұмысында
романдардың идеясы, жазылу себептері, оған жасалған дайындық туралы
да айтылып өтеді. Бұларды жазуға жазушының ғұмырнамалық романы
көмекші болды. Өйткені, мұнда тек жазушының өмірбаяны ғана емес,
сонымен қатар оның әр бір шығармасының жазылу тарихы баяндалады.
Дипломда, жазушының соңғы жылдары жарық көрген романдары да
қарастырылады. Мәселен, жазушының 2002 жылы жарық көрген Прометей
алауы романы жан-жақты талданады.
Қабдеш Жұмаділов жасының жетпіске жақындағанына қарамастан,
жазушылық қызметін тастар емес. Соңғы жылдар ол бізді Таңғажайып
дүние, Ақтайлақ би, Прометей алауы, Қыл көпір сияқты
романдарымен қуантып жүрді. Әлі де қуантатынына сенемін. Өйткені,
бұл қаламгер ең соңғы демі таусылғанша өз қаламымен қоштаспайды.
Ал бұл жазушы тірі тұрғанда, біздің әдебиет үшін қорқатын жөніміз
жоқ. Сол үшін, бұл жазушыға тек ұзақ өмір тілеуден басқа ешнәрсе
айта алмаймыз.
Негізгі бөлім.
Қабдеш Жұмаділов және қазіргі роман жанры

Алпысыншы жылдары тұтасымен қарастыратын болсақ, бұл кезеңді
туған әдебиетіміздің ілгері қарай ілкі қадам жасаған тағы бір
сәтті кезеңі деп айта аламыз. Бұған, әрине сол кезеңдегі
заманаралық ерекшеліктер өз септігін тигізбей қойған жоқ.
Әдебиеттің саны ғана емес, сапасы да өсті. Халқымыздың да әдебиетке
деген ынта-ықыласы өсе түскен кезең. Белгілі жазушы Тынымбай
Нұрмағамбетов, өзінің әдебиетке осы шақта келгенін еске алып,
ол жылдар туралы Егемен Қазақстан газетінде шыққан Шынайылық
шырайы атты( атты мақаласында былай деп жазады: Алпысыншы
жылдары (одан былай бұрын да) әдебиет пен өнердің бағы жанды ғой!
Өнер қуған жанның мәртебесі өзге кәсіп-мамандықтардың бәрінен де биік
тұрды. Ел – жұрттың ғана емес, жазушы мен өнер адамдарына деген
құрмет билік басынан басталды деуге болады. Алқа жиын, той,
думанның, екеуара, үшеуара сырласудың да көптен-көп сыр
шертісулері осы әдебиет, өнер жайлы десек, тағы да қателеспейміз.
Өйткені, ол шақта Әдебиет пен өнердің деңгейі – ұлттық деңгейі
деген қағида айтылып қана қоймай, мойындалды, құрметтелді. Ол кез
көркем сөз шебері, әдебиетіміздің бір биігі – Ғабит Мүсіреповтың
Әдебиет ұлы болмай, ұлт болмайды - деген сөзінің мен қазақпын
дегендерді ұйытып тұрған шағы болатын.
Шынында да, 1956 жылы ақпан айында КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда
Сталиннің жеке басына табынушылықтың қоғамға орасан зор зиян
келтіргені анықталғаннан кейін, қоғамда бірақ өзгерістер болғаны
белгілі. Бұл съездегі Н.С.Хрущевтің осы мәселеге байланысты жасаған
баяндамасы ең алдымен партия мүшелерінің ішінде толғаныс тудырып, бұл
баяндама үлкен дауға айналды. Бірақ Хрущев, Булгакин, Сабуров,
Кириченко, Суслов сияқты президиум мүшелерінен қолдау тапты. Содан,
1957 жылы жеке адамның басына табыну қалдықтарын жою туралы ортақ
партия Комитетінің қаулысы шықты. Нәтижесінде, идеологиялық
шылбырдың босаңсуы, еркіндік белгілерінің нышан беруіне, айқындалуына
себеп болды. Бұл өзгерістер әдебиетті де айналып өтпей, оған да
өзіндік әсер беріп, оң ықпалын тигізді.
Әдебиетке заманның кеңігені жақсы әсер тигізді. Жазушылардың
да тұсауы кеңіп, арқыны ұзарды. Жазушылардың саны да күннен күнге
өсті, жазушылар одағының мүшелері де көбейді. Бірақ жазушылар не
жазса да, олардың шығармалары Социалистік реализм дейтін дайын
қалыптан шықпауы тиіс еді. Әйткенмен, бұл жағдай әдебиеттің бір
орында тоқтап қалмай, ары қарай қозғалып алдыға жылжуына кедергі
жасамады. Біздің жас жазушыларымыз бен ақындарымыз қазақ әдебиеті
деп аталатын ұлы өзенге қарай асау екпінмен шапқылаған жылғалар
іспетті еді. Соншалық іңкәр сезіммен, ұлы үміт, үлкен махаббатпен
жылт-жылт аққан сол алпысыншы жылдардың жылғалары болмаса,
жетпісінші, сексенінші одан кейін де алдағы уақыттары да ағып келіп
жатар жылғалар болмаса, болмай ма, аға ма, ақпай ма? Ал, ұрпағы
сусындар, өнеге алып өсер әдебиет деген өзені болмаса, қазақ
ұлтының күйі не болғаны?
Алпысыншы жылдары әдебиетіміздің ара жарысына алғаш келіп
қосылғандардың ішінде дәмелілердің қаралдысы аз емес-ті. Содан
арада біраз уақыт өтіп, алғашқы қара нөпірдің қатары селдіреп,
ауыздықпен алысқан ұшқырлардың талайы көш соңында қалып, тек
ұзаққа шабатын жүйріктер ғана аламан бәйгеден алқынбай өтіпті. Қазір
сол маңдайы жарқыраған топтың ішінде жазушы Қабдеш Жұмаділов те
бар.
Қабдеш Жұмаділовтің жалпы қазақ әдебиетінен бұрын Қазақстанға,
өз ата-жұртына келуінің өзі бір хикая. Белгілі жазушы, драматург
Әкім Тарази қаламгермен алғаш таныстығын еске алып, ол туралы
былай деп жазады: Сол бір алпысыншы жылдардың ортасында ойдан-
қырда құралып, Алматыда бас қосқанымыз есімде. Алғаш танысқан
кезімізде-ақ, Қабдеш біздің назарымызды бірден аударып әкетті.
Өйткені оның өмірбаяны ешкімге ұқсамайтын. Өзі Қазақстанда емес,
сонау Шығыс Түркістанда көшпенділер ауылында туып өсіпті, оның
есесіне, Қабдештің бастан кешіріп келген өз хикаясы да аз еместі.
Әлі қаймағы бұзылмаған көшпенділердің тұрмыс-салты, араға жылдар
салып, шекарадан бірде ары, бірде бері, жөңкілген босқындар
тағдыры, Шығыс Түркістандағы ұлт азаттық күресі. Міне, осыларды
майын тамыза әңгімелеп отырғанда, ол бізге алыс бір өлкеден ғана
емес, арғы аталар заманынан, көне тарих қойнауынан келген адамдай
әсер қалдыратын.
Расында да, Қабдеш Жұмаділов Қазақстанда туып өспеген, ол
есейген шағында ғана біздің елге көшіп келді. Жазушының туған жері
– Тарбағатай тауының күнгей беті, Қытайға қарап қалған Шәуешек
шаһарынан елу шақырым жердегі Малдыбай бұлағы. Негізінен, бұл
жерлерді қазақтар мекен еткен. Әкім Тарази айтып өткен Шығыс
Түркістан республикасы деп отырғанымыз, 1945 жылы, негізінен Алтай,
Тарбағатай, Іле аймақтарының Гоминдан мемлекетінің үстемдігі құлағанда,
соның орнына пайда болған мемлекет.
Қырқыншы жылдардың басында Оспан батыр мен Дәлелхан
Сүгірбайұлының Гоминдан үкіметіне қарсы бастаған Алтайдағы Тарбағатайға
ұласты да, осы аймақтардағы Гоминдан армиясын түре қуған-ды. Үш
аймақтағы қарулы қозғалыстың бұлайша тез қарқын алып, жеңіске
жетуіне іргедегі Кеңес Одағының көмегі тиеді. Кеңестік қызыл
империя о баста көтерілісшілерге қол ұшын бергенде, сол жерлерді
мекен ететін ұлттарға жаны ашығандықтан емес, шығысқа қарай бір
табан болса да ілгерілеуді, Жапония мен Гоминданға қарсы қалқан
тұрғызуды көздепті. Жапония жеңілді, Гоминданға өз ішінен коммунистер
тықсырды. Міне, осындай жағдайда Сталин шығыстан мұсылман дініндегі
тағы бір түрік мемлекетін құрып қайтсін, ақыры Шығыс Түркістан
республикасын 1949 жылдың күзіне дейін тәк-тәкпен тізгіндеп ұстап
келді де, сол жылы билік басына келген Қытай коммунистері өз қолымен
сыйға тартты. Шығыс Түркістан республикасы өз алдына мемлекет
болудан қалып, Қытайға біржолата қосылды. Қытайда коммунистер іске
жетіп, Қытай халық республикасы деген жаңа үкімет орнайды. Қытай
мен Кеңес Одағы арасында жақсы қарым-қатынастар туған кез – осы кез
деп айтсақ болады. Тіпті, Қытай үкіметі Кеңес Одағына 1956 жылы
Үрімжі, Құлжа, Шәуешек тағы да басқа аймақтардан елу оқушыны оқуға
жібереді. Солардың ішінде Қабдеш Жұмаділов те болған. Ол Алматыдағы
Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне қабылданады.
Бұл – болашақ жазушының Қазақстанға бірінші рет келуі еді.
Қабдеш Жұмаділовтың өз ата-жұрты – Қазақстанға алғаш қадам басуы,
оның қазақ әдебиетіне қадам жасауының тұсау кесері еді. Қабдеш
Жұмаділов Алматыда оқуда жүргенде ешкімнен кем түспей, керісінше,
өз тобындағы студенттер арасында суырылып шығып, көзге түседі.
Болашақ жазушының білімге деген құштарлығына, оқуға деген ынта-
ықыласына ұстаздар қауымы да таң қалысқан. Қабдеш ағамызға
әдебиеттен Бейсенбай Кенжебаев, әдебиеттанудан Зейнолла Қабдолов,
тіл білімінен Кәкен Аханов, қазақ тарихынан Мұсатай Ақынжанов сияқты
ұстаздар дәріс бергенін ескерсек, Қабдеш Жұмаділовтің оқудан осал
емес екенін бірден аңғарамыз. Университетте жүргенде ол көптеген
танымал адамдармен кездеседі. Соның ішінде, Жұмаділов үшін ең бір
есте қаларлық кездесудің бірі – Мұхтар Әуезовпен жүзбе-жүз кездесу
еді. Болашақ жазушы үшін ұлы жазушымен танысу - өмірдің сыйлаған
үлкен сыйы сияқты болды. Әуезовтың шығармаларымен он үш жасында
танысқан Қабдеш Жұмаділовтің, сонау 1956 жылы Шәуешек гимназиясын
бітіріп, арнайы жолдамамен Алматыға оқуға аттанғанында, ата-жұртты
көру, астанадан білім алу секілді қат-қабат қуаныштар арасында,
Әуезовті көремін-ау деген тәтті қиялы, өңінде, шын өмірде
орындалады. Бұл алғаш кездесудің қалай болғаны, қалай өткені
жайлы, Қабдеш Жұмаділов былай деп жазады: Қазан айының бас
кезі. Бір күні студенттер арасында Әуезов үшінші курсқа Абайтанудан
лекция оқиды екен деген хабар дүп ете түсті. Енді, бір күні,
кезекті лекциядан шықсақ, Әуезов кіші залда сабақ өткізіп жатыр
екен. Есікті ашып қарау ыңғайсыз. Біз енді, не болса да, шығар
ауызды күттік. Менің қасымда Шыңжаннан келген Төлеубек, Аманжан,
Оразақын, Мырзахан деген жігіттер бар еді. Бір уақытта қарасақ,
бір топ адам есікке қарай беттеп келеді екен. Ортада - Әуезов,
маңайында Темірғали Нұртазин, Зейнолла Қабдолов және Мәскен
Сармұрзина апай бар.
Көп ұзамай Мұхаңмен жүзбе-жүз сөйлесудің сәті түсті. Олай
болатыны, ол кезде шетелдік студент деген Алматы жұртына таңсық.
Қытайдан арнайы келіп, университетте Мырзахан Құрманбаев екеуімізді
ректордан бастап, о у министрлігіне дейін білетін. Бір күні біздің
хабарымыз Әуезовтің де құлағына шалыныпты. Кезекті лекциялар
арасында сендерді кафедраға шақырып жатыр деген соң барсақ,
Самұрзинаның кабинетінде Мұхан отыр екен. Біздің сасқалақтап
қалғанымызды сезіп:
- Бәрекелді, алыстан келген бауырлар екенсіңдер ғой! Елге ел
қосылмағанымен, төл қосылады деген осы! – деп, біздің бұл келісімізге
үлкен мән берген Мұхаң, өзіне таяу жерден орын ұсынып, Қытайдағы
қазақтар жайында сұрақ қоя бастады...(.
Әуезов университетте үшінші курсқа сабақ бергенімен, Жұмаділов
үшінші курста оқымаса да, бұл мүмкіндікті жібергісі келмей, ұлы
жазушының лекциясына үнемі қатысып жүреді. Мұхаңның лекцияларынан оның
байқағаны: Абай әлемі - Әуезовтың күнде кіріп жүрген есігі тәрізді
екен. Абай мұхитын онды-солды талай шарлаған жырынды теңізшідей,
бұл ортада Әуезов өзін тіпті еркін сезінеді екен. Әуезов, бірде
Қабдеш ағамыздың түсіне кіреді екен. Түсінде Әуезов ақ періштелер
сынды аппақ костюм мен шалбар киіп алып, самолеттен түсіп келе
жатып:
- Қабдеш, сен әлі осында екенсің ғой? Мен сені алып кетуге келдім,
- депті. Қабдеш ағамыздың болашақта елге танымал жазушы болуына осындай
ұлы адамның түсінде аян беруінде бір мән бар сияқты. Мұхаңмен ең
соңғы рет Қабдеш ағамыз Ғабдол Слановтың үйінде көріседі. Ол кезде Қабдеш
ағамыз сияқты шыңжандық студенттері Қытай елшілігі Үрімжіде бір
айлық курс болады деп шақырып жатыр екен. Қытай мен Кеңес Одағы
арасы едәуір суығандығы, Қытайдағы ішкі бүліктерді білгендігінен
болар, Жұмаділов бұл шақырудан қатты сескеніп, ол жайында Әуезовпен
сыр шертіседі. Жұмаділовтің Қытай еліне деген сенімсіздігі тегін емес-
ті. Өйткені, Жұмаділов Үрімжіге келген соң көптеген қиындықтар көреді.
Осы кездесуде, Әуезов қоштасарда жас Қабдешті құшақтап: Тағдыр
аман-есен көрісуге жазсын деген-ді. Сөйтсе, ұлы жазушы бірдеңені
сезген екен ғой. әлде жас Қабдештің түбі неғайбыл, алмағайып
тағдырын еске ұстады ма, немесе өзінің біртіндеп қусырылып келе
жатқан ғұмырын уайым етті ме, әйтеуір, алдағы жылдардың тым жеңіл
болмасын болжағаны анық.
Шынында да, Жұмаділов Мұхаңмен осы кездесуден кейін қайтып көрісе
алмайды. 1961 жылы Әуезов дүниеден өткенде, Қабдеш Жұмаділов
Шәуешекте сүргінде жүрген. Қайғылы қазаны ол үш ай кейін естиді.
Үрімжіге бір айлық курсқа келген студенттерге, Қытайда оңшыл,
ұлтшыл деген айып тағылады. Осылайша, Қабдеш ағамыз сияқты
студенттер оп-оңай қақпанға түседі. Жұмаділов Үрімжіге келгенде
неліктен өзі сияқты студенттерге мұндай айып тағылып, оларды
жазаға тартып жатқанын түсінбейді. Жағдайды ол кейін түсінді. Бәр
іде 1957 жылы Қытайда өткен ашылып-айраудан басталыпты. 1957 жылы
бүкіл Қытай бойынша: Барлық гүлдер шешек ашсын, барша бұлбұл
сайрасын! деген бір оқшау ұран тасталады.
Ұранды ортаға тастаған басқа біреу емес, ұлы көсем Маоның өзі.
Сол арқылы бізге демократия бар дегенді әлемге әйгілемек болған
көрінеді. Көсемнің өз еркіндік беріп тұрған соң, ішкі өлкедегі
зиялы қауым бұлбұл атанып, коммунистік партия мен үкіметтің ел
басқаруындағы жіберілген қателіктерін сынға алып, балама бағдарлама
ұсынады. Осындай ашылып сайрауда Қытайдағы ұйғырлар Ұйғырстан
республикасын, ал қазақтар Іле Қазақ автономиялы облысының мәртебесін
көтеруге біраз тірліктер жасайды. Ал енді, бір күні, Мао көсем
тағы бір ұран тастайды: Сайрағанның барлығы бұлбұл емес, арасында
қарғасы бар, гүлдің бәрі гүл емес, арасында арам шөбі бар. Енді
1957 жылдан бастап сайраған бұлбұлдар ішінен қарғаларды ысырып
шығару науқаны басталады. Кешегі ел қамы үшін сайраған қазақ
зиялылары бұлбұлдан қарғаға айналады. Көсем айтса бітті. Бүкіл
ел бойынша Стиль түзету дейтін жаңа науқанда Ішкі Қытайда
сайраған зиялыларды оңшыл оппортунистер деп атайды да, Шыңжандағы
зиялыларды жергілікті ұлтшылдар деп айып тағып, қуғын-сүргінге
айдайды. Стиль түзету науқанында Қабдеш Жұмаділов та ілінеді.
Ашылып сайрауға қатыспаған шетелдік студенттердің шаруасы жеңіл
болар деп ойлаған Қабдеш Жұмаділов, о баста онша қорықпайды. Бірақ
бәрі де ол ойлағандай оңай шықпайды. Қытайда егер де сен Стиль
түзету науқанына іліндің бе, бітті, сенің жауларың дазыбау деп
аталатын қағазды қабырғаға жабыстырып тастайды екен. Біздіңше,
дазыбау деп айтып отырғанымыз - домалақ арыз. Тек бұл арызға сен
жұрт алдында жауап беру керек. Қабдеш Жұмаділовке де айыптар тағылды.
Соның ішінде, мысалы: Жұмаділовтің қазақ ұлтшылдарының идеологтары
Қажығұмар Шабданұлы мен Жағда Бабалықпен таныстығының тегіннен-тегін
еместігі немесе жазушының Іле газетінде жарияланбаған Шыңжаң
қазақтары Қазақстан алфавитіне көшу керек атты мақаласындағы негізгі
астарлы ойлары және басқа айыптар. Қытайда айып тағылды ма, енді сен
үкім күтудің керек. Осылайша, Қабдеш Жұмаділовке үкімді күтуден
басқа еш нәрсе қалмады.
1958 жылдың күзінде Қытайда Үш қызыл ту деген ұран көтерілді.
Қытай иероглифтарымен таңбаланған бұл формуланы тарқатсақ, олар: сара
жол, секіріп ілгерілеу, және халық коммунасы дегенді білдіреді.
Жұртшылық Стиль түзетуден есін жия алмай мәңгіріп тұрған кезде,
Қытайда тағы да бір науқан басталды дей бер. Науқан емес, трагедия!
Тек зиялы қауым ғана емес, бүкіл халықтың басына түскен ауыр
апат. Алпысыншы жылдардың басында Н.Хрущев коммунизмге өтудің
жиырма жылдық жоспарын ұсынса, шығыста Мао оның алдын орап,
коммунизмді үш-төрт жыл бұрын жариялап жіберді. Секіріп ілгерілеудің
алғашқы қадамы болат қорытудан басталады. Көсем: Егер Англия бір
жылда он миллион тонна құрыш қорытса, біз оны биыл қуып жетеміз
деген ұран тастайды. Бұл науқанға қала мен қыстақ түгел қатысады.
Шаруалар сол жылғы өнімдерін жинап ала алмайды. Қала халқы да
оқу, қызмет дегенді жинастырып, жұрттың бәрі Шисан тауына болат
қорытуға шығады. Ол кезде оңшыл атанған Жұмаділов те, бұл
науқаннан қалыс қалмау тиіс еді, ол шахтада жұмыс істейді. Осылайша
бір айға Үрімжіге курсқа келген Жұмаділов үшін, Алматы және ондағы
бітпеген оқуды алыс сағымға айналады.
Бұл науқанның қажетсіздігі үкіметпен мойындалған соң, жұрт таудан
түсіп, үй-үйлеріне тарайды. Ал қуғында жүргендер өз үкімдерін
естіп, бірі - Такламан шөліндегі Тарим лагеріне, бірі – еңбекпен
түзету лагеріне, ал бірі – төмен түсіріледі. Қабдеш Жұмаділов ауыр
еңбек үстінде жақсы қырынан танылып, түзелуге бет бұрғаны үшін,
Алматыдағы оқуына қайтып жіберілуі тиіс еді. Ал, бұл ол кезде
мүмкін болмаған соң, өз ауылына төмен түсіріледі. Төмен
түсірілу дегеніміз – қызмет бабының төменделініп, әрқашан үкімет
қарауында болу.
Өз ауылына келгенде Қабдеш Жұмаділовті жаман жаңалықтар күтіп
тұр екен. Ауыл адамдары коммунаға біріктіріліп, бір қазаннан тамақ
ішетін болған екен. Босқындар жайлап кеткен екен. Аш-жалаңаш халық,
бұрын былай жүдемеген еді. Былтыр болат қорытудың арқасында
шаруалар егінді жинай алмағаны, астық тапшылығына әкеп тіреген.
Қалада да, ауылда да халық жаппай аштықтан өліп жатты. Әр түрлі
науқандардан, ұрандардан шаршаған халық тығылатын тесік таппай отыр
екен. Өзінің ғана емес халқының басына осындай ауыр күндер туғанын
сезген Қазақстанға шекара арқылы өтіп кетуді көп ойлайтын болды.
Шекараның жақындығынан болар, жазушы бұл ойдан арыла алмай-ақ
қояды. Қабдеш үшін осындай қиын-қыстау кезде ата-жұртқа өтіп кету
ең дұрыс шешім секілді болатын. Тек Қазақстанға Қытай қазақтарын
өткізеді ме, осы бір үлкен сұрақ еді. Бірақ Кеңес үкіметі қытай
қазақтарын шекарадан өтікізіп қана қоймай, әр отбасыны баспанамен,
жұмыспен қамтамасыз етеді деп кім ойлаған. Атажұрт - Қазақстанға
көшу 1962 жылы көктемде басталады. Қабдеш Жұмаділов те өз отбасымен
Ұлы өштің бұйдасын ұстап, Қазақстанға біржола көшіп келеді.
Қазақстанға оралған Қабдеш Жұмаділовке дүниенің барлық есігі
айқара ашылғандай болады. Өйткені, Жұмаділов ең алдымен, сұмдық
сағынған ата-жұртымен қауышады. Әсіресе, ол Алматына қатты сағынған
екен. Екіншіден, білім ордасының есігі, Қабдеш ағамыз үшін қайта
ашылады. Қазақ Университетінің жаңа ректоры Асқар Закариннің көмегімен,
ол төрт жыл үзілістен кейін қайтадан оқуын жалғастыруға мүмкіндік
алады. Ал үшіншіден, Қабдеш Жұмаділов осы өмірден көргені мен
білгенін, өз басынан кешірілгенін бәрін ойда тізіп, сол жайлы
шығарма жазуға кіріседі. Асылы, Қабдеш Жұмаділов - өмірбаяны аса
бай жазушы. Бір елде туып-өсіп, есейген шағында екінші бір елге
келіп, сол ел туралы шығарма жазу – екінің бірінің қолынан келер
нәрсе емес. Екі түрлі өмірді, екі түрлі қоғамдық формацияны
салыстыра зерттеуге мүмкіндік алған Қабдеш Жұмаділов, табиғи таланты
мен өмір тәжірибесінің көмегімен шығармаларды өмірге әкеледі.
Қабдеш Жұмаділов әдебиеттегі шығармашылық сапарын сонау 1954 жылы
Шәуешекте жүргенде-ақ бастаған-ды. Қазақ қаламгерлерінің көбіне
ортақ өнер өлкесіне өлеңмен аттанатын дәстүр Жұмаділовтің шығармашылығына
тән екен. Оның алғашқы өлеңі 1954 жылы бірінші қаңтарда Шыңжаң
газетінде басылды. Ал тұңғыш прозалық шығармасы – Жамал әңгімесі,
1956 жылы Шұғыла журналының бірінші санында жарық көрген екен.
Университетті 1965 жылы тәмамдаған соң, Қабдеш Жұмаділов екі
жыл Қазақ әдебиеті газетінде қызмет атқарды. Газеттен 1967 жылы
Жазушы баспасының проза бөліміне ауысты. Ол кезде Жазушы
баспасының басында белгілі жазушы Ілияс Есенберлин отырған еді.
Ілияс Есенберлин Қабдеш Жұмаділовке қамқорлық жасап, оған көп
жәрдем берді. Мәселен, Қабдеш Жұмаділовтің тұңғыш кітабын басып
шығаруға көмектескен, дәл осы кісі. Осылайша, жазушының 1966 жылы
ең тұңғыш кітабы – Жас дәурен атты өлеңдер жинағы жарық көрді.
Жас дәурен өлеңдер жинағы - жазушының ең тұңғыш және соңғы
поэзиялық шығармалар жинағы болып табылады. Өйткені, Жұмаділов
поэзия әлемінен проза әлеміне біржола өтіп, енді шағын шығармалар
жаза бастады. 1968 жылы ең алғашқы шағын әңгімелер жинағы Қаздар
қайтып барады деген атпен Жазушы баспасында жарық көрді. Бұл
жинаққа Қаздар қайтып барады, Қайран құрдастар, Өмір, сен
тамашасың сияқты әңгімелер енді.
Шағын әңгіме жазып шыныққан жазушы, енді көлемді шығармалар
жазуға кірісті. Ең тұңғыш көлемді шығармасы – Көкейкесті романы.
Болашақ жазушы романның идеясы қалай туғаны жайлы өзінің
ғұмырнамалық романында былай деп жазғаны бар: Тұңғыш романға өзім
жақсы білетін жастар өмірі арқау болып еді. Біржола Семей жаққа бара
жатып, пойыз үстінде бір жас жігітпен танысқаным бар. Түрмеден
шыққан беті екен. Мектепті бітірген жылы әке көзіне шөп салған өгей
шешенің кесірінен жанжалға ұрынып, үш жылға кесіліп кеткен. Әкесі
жә деген ғалым көрінеді. Жас жігіт мына бетінде өзін межі еткен
Алматыдан қашып, сонау шығыстағы нағашыларын іздеп барады. Болашақ
романның идеясы осылай туды. Көкейкесті көлемді шығарма жолындағы
алғашқы тәжірибем еді ғой(. Романның басты кейіпкері - Жәнібек. Ол
өз әкесінен безіп, нағашы жұртына кетіп қалады. Кеңестік
дәуірде туған топырақтан, ата-баба дәстүрінен қол үзген мәңгүрт
әке мен ежелгі тегіне, бастау көзіне ұмтылған саналы жастың
арасындағы тартыс.
Соңғы көш дилогиясы (І кітабы) – жазушының 1974 жылы жарық
көрген екінші көлемді шығармасы. Соңғы көштің негізгі идеясы жазушы
сонау Қытайда өмір сүріп жүргенде туған. Оның мазмұнына келетін
болсақ роман оқиғасы Шығыс Түркістан республикасының мемлекет болудан
қалып, 1950 жылы Қытай Халық азаматтық армиясының Тарбағатай
аймағына кіруінен басталады да, алпысыншы жылдары Қытайдағы
социалистік қоғамның заңдылықтарын аяқасты еткен желбилеушілерді
арандатушылық саясаты тек Қытай халқына ғана емес, аз ұлттарға,
соның ішінде қазақтардың да басына қара дауыл боп соғып өтті.
Соңғы көш дилогиясының бас қаһарманы кім дегенде, ол – алданған,
опық жеген, ақыры тағдырдың тәлкегіне ұшырап, туған жерден ауа
көшкен бұхара халық десек болады. Романның бірінші кітабында
сол халықтың әлеуметтік құрамы, тұрмыс күйі, азаттық жолындағы күресі
желі болып тартылған. Әрине, халық деген жалпы ұғым. Көркем
шығарманың негізгі объектісі – адам екені түсінікті. Адам обзары
жасалмаған жерде ғалым жаңа фактілер жиынтығына, белгілі белгілі
идеялардың ана рупорына айналып кетуі оп-оңай. Мұндайда ең дұрыс
тәсіл халық басындағы трагедияны жеке адамдардың тағдыры арқылы
көрсету болса керек. Соңғы көште басты кейіпкерлер ретінде
көрінетін Естай, Нұрбек, Жолбарыстар, жазықсыз мерт болған Тұрсын,
Шәкен, Нартайлар, алуан тағдыры Қанағат, Ұзақ, Жағыпарлар – сол
халықтың типтік өкілдері. Романда баяндалған оқиғалардың барлығы
да, міне, осы адамдардың тағдыры да, ара қатынасы, көкірек көзі
арқылы өтіп жатады. Бұлардың ой-өрісі, білім – түсінігі, қоғамдық
көзқарасы, күрес тәсілдері түрлі-түрлі болғанымен, бастарына түскен
тағдыр ортақ – бәрі әділетсіздік құрбандары, жазықсыз
жәбірленушілер. Бұл адамдар қанша қайсар болғанымен, өмірде өз
қарсыластарын жеңе алған жоқ, жеңуі де мүмкін емес еді. Автор
романда осы шындықты ұстанады. Романның екінші кітабы 1981 жылы
жарық көреді. Мұнда халықтың ашық қарсылық көрсеткен саналы тобы
жазықсыз оққа байланып, жазалау лагеріне айдалып, қаталдық құрбаны
болып кетеді де қалғандары бостандыққа ұшырап, көрші елдерге бас
сауғалауға мәжбүр болады.
Соңғы көштің екінші қабаты жарық көрген соң, Жұмаділов біржола
кеңсе қызметін тастап, бірыңғай шығармашылық қызметін қайта бастады.
Жазушының 1981 жылдан 1985 жыл аралығында жарық көрген
шығармаларының барлығы да советтік өмір шындығын, қайта құру
кезеңін суреттейді. Сол жылдар жарық көрген Атамекен романы,
Сарыжайлау, Сәйгүліктер, Бір қаланың тұрғындары, Бір түп тораңғы
сияқты повестер уақыт талабымен жақсы үндескен шығармалар. Осы
жерде жазушының Атамекен романына тоқтала кетейік. Бұл роман
жайлы Әкім Тарази былай деп жазғаны бар: Қандай тақырыпқа қалам
тарса да, шиыр болмаған санаға ұмтылу – Қабдештің айнымас
принципі. Ол әрбір шығармасында оқырманның күтпеген жерінен шығып
отырады. Мәселен, жиырмасыншы жылдардың аяғында бай-кулактарға
конфиска жүргізіледі. Қанаушы алпауыт аталған адамдардың талайы
тап ретінде жойылды. Ал солардан ұрпақ қалды ма деген сұрақ
туады. Қалса, олардың тағдырғы советтік дәуірде қалай қалыптасты?
Шынымды айтайын, өзбасым бұл жайында ойланбаған екенмін. Қабдештің
Атамекен романын оқи отырып, ойға қалдым. Иә, кезінде жойылып
кетті делінген табы жат адамдардан да ұрпақ қалған екен. Және
олар жай өлместің күнін көріп қана жүрген жоқ, кейбіреулері
қоғамның алдыңғы қатарлы, мүшесіне айналған. Атамекен романындағы
Атаханов сол мыңдардың бірі ғана(.
Бұл айтылғаннан қорытарымыз, шынында да Жұмаділов - өз ісінің
шебері. Автор Атаханов образы арқылы советтік қоғамның гуманистік
қырын өте жақсы ашып көрсеткен.
1985 жылы жазушы біржола тарихи романдар жазуға көшеді.
Жұмаділовтің Соңғы көштен кейін жарық көрген екінші тарихи
әлеуметтік сарындағы шығармасы – Тағдыр романы. Тағдырдың бас
қаһарманы – Демежан Үкірдай. Демежан Шыңжаң қазақтарының азаматтық
теңдігі үшін алысып жүріп, сол жолда басын берген. Маошыл
берушілері оны 1908 жылы Шәуешекте дарға асып өлтірді. Демежан
заманы оқиғаларға аса бай, Ресей мен Қытай империялары арасында шекара
сызығы тартылып, бір қазақтың екіге бөлінуі сол тұсқа тура келді.
Демежан образы арқылы Қытайдағы қазақтардың өміріндегі ірі тарихи
оқиғалар суреттелген.
Асылы, Соңғы кеш дилогиясы мен Тағдыр романы – жазушының қазақ
әдебиетінің алтын қорына қосқан шедеврлері болып табылады. Қабдеш
Жұмаділовке 1983 жылы Соңғы көш романы үшін М.Әуезов атындағы әдеби
сыйлық берілсе, 1990 жылы Тағдыр романы үшін Абай атындағы
мемлекеттік сыйлық берілді.
Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдар топтамасын Дарабоз романы
толықтырды. Жазушының бұл тарихи романында – жоңғарға қарсы соғыстың
даңқты қолбасшысы - Қаракерей Қабанбай батырдың өмірі мен жорық
жолдары әңгіме болды. Романда XVIII ғасырдағы Абылай ордасы, оның
ішкі - сыртқы саясатына да кең орын берілген. Жазушы тек Қабанбай
төңірегімен шектелмей, тарихта орны бар басқа да батыр, билердің
реалистік бейнесін жасауға күш салған.
Дарабоздың бірінші кітабы 1994 жылы Шабыт баспасында басылса,
екінші кітабы 1996 жылы Жазушы баспасында басылды. Дарабоздың
екінші кітабының жарық көруі, жазушының 60 жасқа толған мерей тойын
республика жұртшылығы салтанатпен атап өтті.
Той салтанаты 1996 жылы 21 маусымында Алматыдағы Мұхтар Әуезов
атындағы Академиялық театрда өтті. Тойға Шерниаздан Елеукенов, Мұхтар
Мағауин, Қалдарбек Найманбаев, Тұманбай Молдағалиев, Жәркен Бөбешов,
Иранбек Оразбаев, Мұхтар Құл-Мұхаммед сияқты есімі елге елеулі
азаматтар қатысты. Той салтанатын Жазушылар одағының төрағасы
Қалдарбек Найманбаев ашты. Ол Елбасының жазушыға жолдаған
құттықтау хатын оқып берді. Н.Назарбаев жазушының Соңғы көш
дилогиясын, Тағдыр романын, Дарабоз сияқты тарихи романдарын
ерекше атап өтіп, той иесін шын жүректен құттықтап, отбасы аман-
саулығын және ең алдымен шығармашылық табыс тіледі.
Иә, шынында да өнер адамы үшін ең үлкен табыс та, байлық та,
әрине, оқырманның ықыласы мен шығармашылық табыс екені белгілі. Асылы
– жазушыны жазушы ететін халық қой. Тек халық мүддесін қорғап,
халықтың тілегін тілейтін адам ғана мұндай атаққа ие бола алады.
Қабдеш Жұмаділов халық алдындағы миссиясын толығымен орындады – ау
деймін. Бүгінде Қазақстанның халық жазушысы деген құрметті атқа ие
болған Қ.Жұмаділов әлі де шаршап шалдығар емес. Жазушы осы жылдың
сәуір айының жиырма төртінші жұлдызында алпыс сегіз жасқа толды.
Алпыс жылдық мерей тойы өткен соң жазушы тағы да бірқатар
шығармаларды дүниеге әкелді. Таңғажайып дүние ғұмырнамалық
романы, Прометей алауы тарихи романы, Қыл көпір сияқты
романдары бүгінгі оқырманның ойынан шығып отыр.
Алпыстан асып, пайғамбар жасына таяп қалған жазушы 1999 жылы
жарық көрген Таңғажайып дүние атты ғұмырнамалық романында қазіргі
өз жағдайына келе, былай деп қорытыпты: Міне, алпыстан асып
қалыппыз. Алда қанша ғұмыр бар, ол жағы - тағдырдың ісі. Дегенмен,
енді қалған ғұмырымды олжа деп қарайтыным анық. Бұл жаста енді
пәлен жұмыс бітірем, түген кітап жазам деп уәде беру артық болар.
Бірақ, бойда қуат, ойда сәуле бар кезде, ала қағаздан аулақ
кетпеспіз(.
Лайым солай болғай! Жазушыға небір қиын кездерде сүйеніші әрі
серігі болған жалғыз қаруы - қаламы әрқашан қолында болсын. Қолың
талмасын ардақты жазушы! Ал, сенің шығармаларыңды оқудан біз
шаршамайық!
Сонау он бірінші ғасырда дүниеге келген, өн бойына лирика мен
трагедияны қабат өретін, сан бояулы сансыз мүмкіндігі мен күрмелуі
қатты күнделілігі қапталдасып қатар жарысқан, кемел ойлы, кең
құлашты эпикалық жанр-роман он сегізінші, он тоғызыншы ғасырдан
бастап әдеби әдістер мен жинақтау тәсілдерін толық игеріп,
көркемдіктің биік шыңына шықты. Алғаш үнді-европа тобындағы роман
тілдері арқылы сөз алған француз, ағылшын, испан, румын, португал
жазушыларының қауымымен қашалған бұл эпикалық жанрдың көкжиегін
кеңейтіп, бағын жандырған ілгерідегі бағбандардың алдыңғы легінде
француз Бальзак пен Флобер, орыс Толстой мен Достоевский, Ағылшын
Диккенс пен Скотт, АҚШ-та Джек Лондон мен Марк Твен, неміс Томас
Манн мен Генрих Манн, испан Сервантес сынды алыптар бар. Кейінірек бұл
қатарға Джон Стейнбек, Михайл Булгаков, Габриэль Гарсиа Маркес және
басқалар келіп қосылды. Михайл Шолоховтың Тынық Дон, Юрий Бондаревтің
Жағалау, Таңдау, Тыныштық атты романдар шоғыры әлем әдебиетінің
қорына қосылған асыл қазыналар. Төменде тұрып төбесіне қарасаң бас
айналар осынау шырқау шыңға ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтың Абай
жолы эпопеясы арқылы қазақ әдебиеті де көтерілді.
Міне, осылайша көне тарихы соншалық аса бір көркемдік табыстары
бар, алыптардың өзін қинаған күрделі жанр роман жазу – оңай тірлік
емес.
Қазақ даласында роман жазу дәстүрін ХХ ғасырдың басында
М.Дулатов алып келгені белгілі. Міне осы кезден бастап қазақ
әдебиетінде қазақ романының тарихы басталады. Бүгінде жүз жылға
жақын тарихы бар роман жанры өз мәресіне жетіп, шыңына шыққаны
хақ. Танымал жазушылар Қабдеш Жұмаділов, Әкім Тарази, Қуаныш Жиенбай,
Нұржан Қуантайұлылар бұл жанрды одан әрі дамытып, әдебиетке өз
үлестерін қосып отыр. Әсіресе, бұл топтың басшысы - Қабдеш
Жұмаділовтің қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше.
Қабдеш Жұмаділовтің әдебиетке алып келген тұңғыш романы –
Көкейкесті Кеңестік өмір шындығын суреттейтін жазушының бірден-бір
шығармасы. Тұңғыш романға жызушының өзі жақсы білетін жастар өмірі
арқау болыпты. Романның бас кейіпкері – Жәнібек Нұрбаев. Шығарма осы
жас жігіттің түрмеден шығып, үйіне қайтып бара жатқан жерінен
басталады. Пойызда Жәнібек Қарлығаш деген қызбен танысады. Асылы,
романдағы сәтті жасалған бейнелердің бірі – Қарлығаш бейнесі. Автор
сөзімен айтсақ, дегдар отбасыда, таза ұяда өскен балапан, нұрлы
жүзіне әлсін-әлсін лып етіп шыға қалатын жұқалтаң қызыл арай да
- шыншылдық, пәктік нышанындай, кісімен сөйлесіп тұрғанда, сол бір сыр
бүкпес шыншыл жүзімен, әр алуан ерке, ұяң тұнжыр, кейде мүләйім
көзқарастарымен айтар сөзіне астар беріп, әр сөзін қинала толқып,
бір балалық таза аңқаулығымен айтады(. Жәнібек Қарлығаштың осы
шынайы мінезін бірден танып, қызды жақтырқамай, жан тартып бірден
үйірлесіп кетті. Жәбірленген, жылы алақан аңсаған жетім баладай
кінәмшіл жігіт осы қызды бірден ұнатады. Қыз да жігітті ұнатады.
Жігіт өз жайын, өзінің бұлыңғыр өмірбаянын жалтармай айтып береді.
Өзі Алматыда зиялылар жанұясында туғанын, әкесі білдей профессор
екенін, мектеп бітірген жылы кездейсоқ шырғалаңға ілігіп, үш жылға
сотталғанын, енді міне түрмеден босап, үйіне сапар шегіп келе
жатқанын айтады. Қарлығаш Жәнібектің осындай біртұтам өмірбаянын
естіген де жігітке осы шын айтып отыр ма деп екі алақанын жағына
тіреп, аңырап қалды. Жоқ, қыз өз алдында отырған күмәнді, мойнында
қылмысы бар жігіттен қорықпайды, керісінше, қыз жігітті іштей
аяды. Түрме адамды көп нәрсеге ойландыртады, көп нәрсеге үйретеді
ғой. Қарлығаш өзі танысқан жігіттің тегін адам емес екенін бірден
сезеді. Бұл да түрмеде отырып, еркіндіктен айырылып, көп ойланып,
көп толғанған, өзінше өмірге деген пікірін қалыптастырған адам. Қызға
өзі бір философ сияқты болып көрінеді. Қыз бен жігіт еркіндік, бақыт,
өмір жайлы көп әңгіме айтады. Екі жас бір-бірін қатты ұнатады,
бірақ пойыз Алматыға жеткенде екеуі екі жолға түсіп айырылысады.
Осы екі жасты роман басында табыстырған жазушы соңында бәрібір
табыстырады. Жолдары қақ айырылғанымен, түбінде екеуі бірге болады.

Атамекен романы

Қаламгер қуат - зерек ой мен зерделі көкіректен от алмақ. Жазушы
табиғатының өзгеден биіктігі де, оның рухани қазынасының қалыңдығында
жатыр. Онда шын суреткердің сырын қаламгер жан дүниесінің
өзіндік болмыс бітіміне іздеген абзал. Осы тұрғыдан сараптасақ Қабдеш
Жұмаділов шығармашылығының алуан сырлы, көп қырлы әлемі өз бедер
белгісімен көрініс береді. Тұңғыш туындысы Көкейкесті романы жарық
көрген соң, жазушы көп еңбек етіп, Соңғы көш, Тағдыр,
Атамекен, және тағы басқа романдар өмірге келді. Сол романдардың
ішінде Кеңестік қоғамның гумманистік қырын өте жақсы ашып көрсететін
шығармасы - Атамекен.
Қабдеш Жұмаділов іркіліксіз ізденген шығармашылық қиялы бай, көркем
ойының көкжиегі кең жазушы екенін Атамекен романы дәлелдейді.
Атамекен романының көтерген әлеуметтік салмақты жүгі суреткерлік ой
тереңдігі кейіпкерлердің тұлғалану ерекшеліктері осы пікірімізді
пайымдап тұр.
Романның бас қаһарманы – ғылым жолын қуған академик Ақжан
Атаханов. Қабдеш Жұмаділов осы романды жазуда Атаханов образын
жасауда қандай қиыншылық көргені жайында ғұмырнамасында былай деп
жазады: Маған ауырлық келтірген бір нәрсе, өз кейіпкерім Ақжанға
ғылымның қайдағы бір қиын саласын таңдапппын. Менің романымда
Академик Ақжан Атаханов ұзақ жыл генетиканы зерттеген ірі биолог,
атақты селекционер болуға тиіс. Ол қазақтың ақбас сиыры мен ақ
қойының неше түрлі тұқымын шығарып өз әріптестерін еріксіз
мойындатуы керек. Әрине, бас кейіпкер ғұлама болған соң, автордың
өзі де сол саладан бірдеңе білуі шарт. Маған енді генетика
ғылымын зерттеуге тура келді. Сол мақсатта Алматыдағы эксперименттік
биология институтына барып, генетик ғалымдармен, қой
шаруашылығымен айналысып жүрген селекционер жігіттермен сөйлестім.
Сөйтсем, ол жәй сұрап ала салатын нәрсе емес екен. Генетика –
Кеңес дәуірінде көпке дейін қуғынға ұшыраған ғылым көрінеді.
Менің талабымды құптаған маған бір қоржын кітап берді. Сол
кітаптарды оқып, мен өз кейіпкеріме мамандық, кәсіп тауып, жан-
жақты дайындықпен Атамекен романын жазуға кірістім(. Жазушының
бұл сөзінен, біз жазушы мамандығының көп ізденіс талап ететінін
дәлелдейміз.
Шығарманың желісі, роман оқиғасы отызыншы жылдары заманның
қыспағымен екі айрық жолға түсіп, алпысыншы жылдары табысқан екі
достың өмірінен өрілген. Бұл елде тұра алмай Қытай асып кеткен
Қайдар мен осы бетте қалған Ақжан тағдыры.
Әйгілі ғалым Ақжан Атаханов романда шатырман тағдырды адамы
ретінде көрінеді. Бір кезде кәмпескеге ұшырап, жер аударылған бай
баласы қазақ жерінен тұрақ таппай, көп жыл Мәскеуді паналайды.
Мәскеуде генерал Виктор Алексеевич Кирсановтың қызы Елизаветаға
үйленеді де, ұясынан үркіп ұшқан қаздай, ұзақ уақыт туған жерге ат
ізін салмайды. Ал Қайдар Қарашев болса Қытайдан отыз жылдан кейін
бір-ақ оралады. Домбыраның қос ішегіндей қатар желі тартқан
осы екі тағдыр романның орта тұсында қайта түйіседі.
Романның прологі Ақжан мен Қайдардың отыз екінші жылдың
көктемінде шекара бойындағы Күргей тастың үңгірінде қош айтысады.
Олар үш жыл ішінде бір-бірімен көрісуге серттеседі. Бірақ бұл
ажырасудың өздері ойлағандай үш жыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ прозасы және тарихи тақырып
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
Тарихи қазақ романдары
Көркем шығармадағы психологизм
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРЛЫҚ РОМАН ЖАНРЫ
Қ.Шабданұлы "Қылмыс" романын талдау
Қазақ романдары және қ.жұмаділов романы
Қ. Жұмаділовтың Дарабоз роман-дилогиясындағы тарихи тұлғалардың көрінуі
Қабдеш әңгімелеріндегі қазақы тәрбие мәселесі
Пәндер