Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қаржылық қызметі
Жоспар.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
І.Тарау. Қаржылар саласындағы басқарудың маңызы және құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
2. Тарау. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзіне
асыратын органдардың қызметінің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1. Мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыретті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
2.2. Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
2.3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
3.Тарау. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 31
3.1.Қазақсан Республикасы Қаржы Министірлігінің Қазыналық комитеті: негізгі міндеттерін, атқаратын функцияларын және құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31
3.2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің міндеттері, функциялары және қызметтерін ұйымдастыруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
3.3. Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің міндеттері, функциялары және қызметтерін ұйымдастыруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 46
Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қаржылық қызметі
РЕФЕРАТ
Менің бітіру жұмысымның тақырыбы “Қазақстан Республикасның мемлекеттік
қаржылық қызметі ” деп аталады. Бітіру жұмысы 50 бетті құрайды. Бітіру
жұмысы үш тараудан және кіріспе мен қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әр тарау
жеке – жеке тақырыптары бар бөліктерге бөлінген.
Бірінші тарауда Қаржылар саласындағы басқарудың маңызы және
құқықтық негіздері, түсінігі мен мәні және қызметі туралы баяндалады.
Екінші тарауда қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзіне
асыратын органдардың қызметінің құқықтық негіздері мен құзыреті, қаржы
бақылау комитеті туралы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің құзыреті жөнінде
баяндалады.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің құрылымы.
Қазақсан Республикасы Қаржы Министірлігінің Қазыналық комитеті: негізгі
міндеттерін, атқаратын функцияларын және құқығы.Қазақстан Республикасы
Қаржы Министірлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің
міндеттері, функциялары және қызметтерін ұйымдастыруы
Сондай-ақ, Бітіру жұмысы қолданылған әдебиеттер мен нормативтік
құқықтық актілер тізімін құрайды.
Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасының Конституциясына және өзге де
Заңдарына сүйене отырып жазылған.
Сонымен қатар, бітіру жұмысында ғылыми әдебиеттер және Қазақстан
Республикасы қаржылар саласындағы басқару, мемлекеттік басқару органдарының
қаржылық қатынастарды реттеуге қатысты шығарылған қаулылар, ережелер,
бағдарламалар және қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері
қолданылды.
Бітіру жұмысында көп кездесетін негізгі сөздер: қаржылық министрлігі,,
қаржы, қаржылық қызмет, бюджет, салық, банк, экономика, мемлекет, басқару,
органдар, және т.б.
Жоспар.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... . 4
І.Тарау. Қаржылар саласындағы басқарудың маңызы және құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1. Қаржылардың түсінігі мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Мемлекеттің қаржылық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2. Тарау. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзіне
асыратын органдардың қызметінің құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... . 17
2.1. Мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу
саласындағы
құзыретті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .. 17
2.2. Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің құқықтық

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.3. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі
Қазақстан Республикасының Агенттігінің
құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3-Тарау. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .. 31
3.1.Қазақсан Республикасы Қаржы Министірлігінің Қазыналық комитеті: негізгі
міндеттерін, атқаратын функцияларын және
құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 31
3.2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетінің міндеттері, функциялары және қызметтерін
ұйымдастыруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
3.3. Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің мемлекеттік мүлік және

ұйымдастыруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
Пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік актілер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
Кіріспе
Бітіру жұмысымда қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың
түсінігі, қоғамдағы орны, маңызы мен мақсаты қарастырылады. Басқару
қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі
әлеуметтік-экономикалық және саяси жөүйедегі процестермен айқындалып отыр.
Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың маңызы өте зор екендігі
белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның
міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып
есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі
орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің
экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді.
Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады
және базистің құрамына жатады.
Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты
экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және
әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рөлін
төмендету сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса
Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты
мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік
органдары) терминінің пайдаланылуы жаңағы көзқарастарға негіз болып отыр.
Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге
асыру болып табылатынын білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы
билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік
басқару жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз:
Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына
байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың
көмегімен жүзеге асыруға атсалысады. Бұл жерде олар алуан қоғам
мүдделіктерін көздейтіндіктен осы аялардағы мемлекеттік басқаруды жоққа
шығаруға болмайды;
Екіншіден, мемлекеттің экономика, рөлі күшейе бермек; үшіншіден, мемлекет
ешқашан да нарықтық экономикаға қарсы тұрмайды, қайта біз оның қолында
нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен жандануына себін тигізетін зор
мүмкіншілік бар екенін ұмытпағанымыз жөн; төртіншіден, нарықтық өзіндік
реттеу стихиялық процестер туындатады жөне ол процестер нарықтың бір қыры
ретінде қаржылар және әлеуметтік-мәдени салаларындағы дәрежесі ұзақ жылдар
бойындағы тарихи тәжірибелермен белгіленген. әсіресе қазіргідей, қысылтаяң
реформа кезеңінде мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың ауыздықталмаған қара
күштермен сипатталады. Оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің ғана қолынан
келеді; бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық өзіндік реттеу анархия
мен хаосқа әкеліп соғатынын байқадық.
Сондықтан нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді теңестіру
қажет. Ал бұл процестер өзінен-өзі жүзеге асырылмайды, олар тек мемлекеттің
тікелей қатысуымен жүргізіледі; алтыншыдан, жеке меншік және оған
байланысты қатынастар оның аясында мемлекет аумағында өте қатал
экономикалық билікті туындатады. Осы билікті шектеу ісі де мемлекет
құзырында болады; жетіншіден, мемлекет көлік, байланыс, энергетика
салаларының монополист субъектілерінің халыққа ауыр тиетін іс-қимылдарын
шектей отырып, осы нарықтық аялардағы қажетті режимді белілейді, сондай-ақ
ішкі рынок пен ұлттық мүддені сыртқы ықпалдардан қорғаудың кепілі болып
табылады. Мемлекеттік басқару әкімшілік заңдардың негізінде жүзеге
асырылатыны белгілі.
Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекеттік басқару ілімі, осы
жайындағы әкімшілік-қҗқықтық ғылым айтарлықтай жетістіктерге жеткенімен,
көптеген мәселелер оның ішінде қаржылар саласындағы мемлекеттік басқару
жеткілікті деңгейде (көлемде) өз шешімін тапқан жоқ.
Қазіргі кезде осыған байланысты сонымен бірге өтпелі кезең, мемлекет,
ғылым талаптарына сай болатындай аса ұтымды мемлекеттік басқару жолдарын
қалыптастыру мәселелері мына келесі сұрақтарды шешуді алға қойып отыр:
қаржылар саласындағы басқаруды экономика аясындағы түрлендірулерді және
меншік құқығымен өзара байланыстырып талдау; есептеу және ұйымдастыру
техникасының, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін экономикалық
және әкімшілік әдістердің жиынтығын, яғни қаржыларды басқарудың
автоматтандырылған жүйесін жетілдіру; нарықтық экономика аясында жүзеге
асырылып жатқан қаржылық қызметтің-мемлекеттің басқарушы қызметтің бір түрі
екенін және оның құқықтық негіздері әкімшілік және қаржылық заңдар болып
табылатынын теориялық тұрғыдан негіздеу; мемлекеттік басқару және атқарушы
билік органдардың қызметтері нарық талаптарына сай заңдар негізде, жаңаша
бағытта жүзеге асырылатыны жөнінде теориялық негіздеме бере отырып осы аяға
ықпал ететін факторларды зерттеп, талдау: қаржылар саласындағы мемлекеттік
басқару, қаржылық қызметті жүзеге асыру процестерінің ерекшеліктерін,
айырмашылықтарын зерделеп зерттеу және мемлекеттік реттеудің (мемлекеттік
бағдарламалар, мемлекеттік контракті, тіркеу, лицензиялау нысанындағы)
мемлекеттік басқару функциясы ретінде жүзеге асырылу маңызы мен мәнін және
механизмін жалпы мемлекеттік басқарушы-атқарушы органдар жүйесімен
байланыстырып, ұйымдастырып көрсету: мемлекеттің бюджет және салық
жүйесіне, олардың нарықтық қатынстар жағдайындағы құқықтық режиміне назар
аудару және олардың экономикалық табиғаты мен құқықтық маңызын қарастырып
зерттеу арқылы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу: Қазақстан Республикасы
Президентінің “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында айқындалған
мемлекеттік басқарушы-атқарушы билік жүйесін орталық, жергілікті атқарушы
билік органдарын қайта құру жөніндегі қағидаттар мен ережелерді және
осыған байланысты мемлекеттің қаржылық-фискальдық саясатының жетілдіруін
көздейтін жолдарды басшылыққа ала отырып, құқықтық тҗрғыдан негіздеу.
Жұмыста негізінен жаңаша сипаттағы мемлекеттің қаржы жҹйесін және оның
құрамын қалыптастыру критерийлерін айқындау, қаржылар саласындағы
мемлекеттік басқарудың құқықтық базасы ретінде әкімшілік және қаржылық
Заңдарды зерделеу және олардың негіздерін қалыптастыру, сондай-ақ осы
аядағы мемлекеттік қызметтердің экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында
оларды ғылыми мәселелері көзделді.[1]
І. Тарау. Қаржылар саласындағы басқарудың маңызы және құқықтық негіздері
І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні.
Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны,
олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атақаратын рөлі өте зор екені
әркімге белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және
тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды
қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Қаржылық құралдар арқылы
мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде
ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс
аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта
кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем
шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және т.б. құрал ретінде жалпыға
бірдей құндылық баламасын көрсетеді.
Ал қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген функцияларды
орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады,
сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге
асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшаларды пайдалану А-Т және Т-А
процесінде, тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал мемлекеттік
қаржыларды жұмсау – бөлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу
көзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттары мен
қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттарының
қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең мағынада
болатынын байқаймыз.
Өркениетті, нарықтық мемлекеттердің өзінде де қаржыларға айрықша көңіл
бөлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің қаржы жүйесі арқылы ұлттық табысты
қайта бөлу көрсеткіші елу проценттен асып отыр. Осыған байланысты,
олардың мемлекеттік бюджеттерінің көлемі де күрт өсіп отырады.
Сонымен, қаржылардың көпқырлы ұғым екенін байқадық. Сондықтан, оның
мәнін ашып көрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде қарастырсақ онда
негізгі үш қырынан көрініс табатынын көреміз.
Біріншіден, қаржылар деп өндіріс және тұтынуда экономикалық
ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша
қаражаттарын айтуға болады. Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанадағы
ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есепетелінеді.
Олар мемлекетте немесе шаруашылық субъектілерінің қарамағында әртүрлі ақша
түріндегі табыстардың, аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып,
қоғамның әлеуметтік және басқа да мұқтаждықтарын қанағаттандыруға,
жұмыскерлерді материалдық жағынан ынталандыруға, өндірісті ұлғайтып,
жетілдіруге пайдаланылады.
Екіншіден, қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру
терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы термині
мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерелерді, аумақтарды, әлеуметтік-
экономикалық т.б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің
қайнар көзін, көлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді.
Үшіншіден, арнайы және дербес экономикалық категория ретінде қаржылар
бөлу қатынастарын көрсетеді. Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу түрінде
жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады. Қаржылардың
арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлімдерінде және шаруашылықтың
әрбір деңгейінде қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлу процестері жүзеге
асырылады. Жасалған ұлттық табыстың құнын қайта бөлу ақшалай табысты
мемлекеттік деңгейде, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет деңгейінде
бөліктерге бөлу арқылы жҹргізіледі және осы жағдайларда туындайтын
көптеген қатынастар қаржылық қатынастар деп аталады. Сонымен қаржылардың
ақшалармен өте тығыз байланыста болатынын және ақшалардың қаржылар
болмысының міндетті көрінісі ретінде сипатталатынын білдік. Ақшалардың
тауар айырбасында, өзіндік айналымда болуы, қолдан-қолға өтуі ақшалай
қатынастар түріндегі айрықша нысандағы процестермен көрсетіледі.
Осы айрықша нысандағы экономикалық қатынастар қаржылар болып саналады.
Сонымен, қорыта келіп айтсақ, экономикалық категория ретіндегі қаржылардың
өте маңызды белгілері қаржылық қатынастардың бөлу сипатында болуы, ақша
нысанындағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіруі. Қорытынды ретінде тағы
бір айта кететін жәйт, қаржылардың материалдық негізі өндіріс болып
табылады. өйткені шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары мен
экономикалық өнімді жасау және оны өткізу нәтижесінде құралады. Сонымен
бірге, қаржылар сол өндіріс аясының өзіне қызмет көрсетеді, яғни өндірістің
ұлғайтылуына, дамуына және құрылымдық өзгертулеріне жағдай жасайды.
Қаржылардың арқасында мемлекеттің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, әртүрлі
меншік нысанына негізделген шаруашылықты дамытуға, аумақтар арасындағы
экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын
мемлекет қарамағына жұмылдырады. Қаржылардың негізінде, олардың көмегімен
шаруашылық қызметтердің нәтижелерін тексеру және бақылау жүзеге асырылады.
Енді осы қаржылар жөнінде оқымысты ғалымдардың көзқарастарына көз
жүгірте отырып, салыстырып көрейік. Қаржылық құқық саласының көрнекті
ғалымы Худяков А.И. “қаржы” термині латынның “финис”, яғни қандай да істің
бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен
туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде finatio, financio деген сөздер
міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші
ғасырда француздар financе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын,
мемлекет мүліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын
болған.
Қазіргі кезде “финанс” – қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз
байланысқан. Сондықтан болар, көптеген жағдайларда азаматтар қаржыларды
қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал экономистер
азаматтардың қаржылары; мемлекеттің қаржылары, заңды тұлғалардың
қаржылары деп бөледі. Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен
заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді.
Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын мағынасы “мемлекеттік ақшалар”
түсінігімен сәйкес келеді.
А.И.Худяковтың айтуынша қаржы термині қандай да болмасын мағынада
түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары деген
тұжырым.[2]
Егер арнайы мағынада қаржыларды – мемлекеттік қаржылар десек, яғни
белгілі бір қорларға бөлінетін, мақсатты бағыты болатынын, пайдаланылу
тәртібі белгіленетінін және оларды қалыптастырып, бөлетін органдардың бар
екенін байқаймыз деп жалғастырады, өз ойын А.И.Худяков. Осы қорларға
жиыстырылған ақша қаражаттары әрдайым мемлекеттік меншік нысанында болады.
Сондықтан, материалдық мағынада қаржылар деп, мемлекет меншігіндегі ақша
қаражаттарының жиынтығын айтамыз.
Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық
мағынада қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және
пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек
айтсақ экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Қаржыларға
байланысты тағы бір көңілге қонбайтын, санаға симайтын нәрсе олардың
құрамында ақша қорларын пайдалану жөніндегі қатынастардың енгізілуі.
Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың өзіндік тұтынушылық
күні жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе
экономист айтқандай, “А-Т”, “Т-А” қатынастарында жүзеге асырылады. Алайда
бұл қатынастар тауар-ақша қатынастары болғандықтан, қатысушы екі жақтың заң
жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал қаржылық экономикалық
қатынастардың бір жағында оның тұрақты субъектісі ретінде әрдайым
мемлекеттің біртұтас өзі немесе мемлекет уәкілдік берген мемлекеттік
өкілетті органы тұрады және осы қатынастар қаржылық құқықтық нормалармен
реттеледі. Сонымен қатар, қаржылық-экономикалық қатынастардың бір жағында
әрқашанда билікші субъект тұрғандықтан екі жақтың тең құқықтылығы жөніндегі
сөз қозғалмайды. Ал тауар-ақша қатынастары, яғни сату-сатып алу қатынастары
азаматтық құқық, еңбек құқығы және тағы да басқа құқық салаларының
нормаларымен реттеледі. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекет
қаржыларды пайдаланудан өзін аулақ ұстағанымен олардың жұмсалу процестеріне
ат үсті қарай алмайды. өйткені қаржылар өзінің ақша қаражаттары
болғандықтан, олардың талан-таражға түспей, заңды негізде, мақсатты
бағытта, ұтымды және тиімді түрде пайдаланылуын (жұмсалуын) ұйымдастырады.
Қаржылар мемлекттің өсіп-дамуының материалдық негізі болып табылады деп
жоғарыда айтып өткенбіз. Сондықтан қаржылардың атсалысатын басты бағыт –
қажеттілігі мемлекетті және қоғамды ақшалай қамтамасыз ету.
В.И.Белинский қаржыларды экономикалық категория ретінде және қаржылық
ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы автор қаржыларды
ақша қҗжаттары қорларын құру және оларды орталықтандырылған, сондай-ақ
орталықтандырылмаған негізде бөлу жөнінде туындайтын экономикалық
қатынастар деп түсіндіреді. Қаржылардың материалдық негізі өндірістік
қатынастар болып табылады. Сонымен қатар қаржылардың туындауының және
өмірден орын алуының бірден-бір шарты тауарлық өндірістің және айналымның
өздеріне тән құндылық категорияларымен болуы. Кейбір экономистер қаржыларға
ақша қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және басқа игіліктерді
немесе кіріс және шығысты, сондай-ақ, ақша қорларын жатқызады.
Қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне ешкімнің күмәні
жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты объектісі ақша қорлары болып
табылады.
Ал қаржылардың пайдалану негізіне белгілі бір кезеңдегі, яғни қазіргі
кездегі объективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және қоғамның тауарлық
өндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда көрініс табады – тауар
және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (А – Т - А) җдайы өндірістің бір
ерекшелігі, яғни үзбей жҹргізілетін қоғамдық қызметтің саласы болып
есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн нысандары
туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды
көрсеткендіктен шаруашылық механизімінің белгілі бір элементтерін құрайды.
Қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай-қаржылық қорларды
қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі болып
табылады.
Бұл жерден байқайтынымыз, қаржылардың ақшалай қатынастарға
негізделетіні және күнделікті өмірде, іс жүзінде ақша ресурстары ретінде
көрініс табуы.
Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың өзі немесе ақша қаражаттары
қаржылар жөніндегі ғылымның объектісі болып табылмайды. Қаржылардың
құрамындағы ақша қаражаттарының атқаратын функциясы ақшалардан бөлек
болады. Сондықтан, ақшалар және қаржылар өз алдына бөлектенген экономикалық
категориялар болып табылады. Негізінде қаржылардың өзіне тән функциясы –
бөлу (жиынтық өнімді және таза табысты) және бақылау функциясы бар. Бұл
жерде автор үшінші функция жөнінде, яғни жұмылдыру функциясы туралы сөз
қозғамаған. Ал ақшалар тауар – ақша қатынастары жағдайында бірнеше функция
атқарады: құн өлшемі ретінде; төлем құралы ретінде; айналым құралы ретінде;
қазына құрау құралы ретінде; дүниежүзілік ақша ретінде.
Ақшалар жалпыға бірдей құндылық баламасы ретінде шаруашылық айналымына
қызмет етеді және мемлекет аумағындағы барлық айналымдар мен әрбір
шаруашылық операциясын тексеруге мүмкіндік береді.
Қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан айырмашылығы,
олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу немесе пайдалануға байланысты
ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекеше аясын көрсетеді. Алайда
қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық маңызын айқындай алмайтын сияқты.
Себебі мемлекеттік бюджетте, кредиттік және кассалық жоспарларда,
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарларында қатынастар
емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының сомасы көрсетіледі. Бұл
сомалардың шаруашылық қызметтердің қаржылық нәтижесі екені белгілі.
Сондықтан қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ, онда оның
мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншік нысанындағы
кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттары қорларының жиынтығы екенін
байқаймыз, деп тұжырымдайды Белинский В.И.
Ресейлік ғалым Горбунова О.Н. қандай да болмасын мемлекетте жиынтық
қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу, сондай-ақ қайта бөлу процестері
ақшалай нысанда болады, ал “қаржы” термині француздың финанс, яғни
кәсіпорын, мемлекет қарамағындағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы мен
оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жүйесі болып табылды дейді.
Мемлекеттік қаржыларды өзінің материалдық мәні бойынша ақша
қаражаттары қорларынан тұрады және олар орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын жұмылдыру (жинақтау), қайта
бөлу, сондай-ақ пайдалану процесіндегі қоғамдық экономикалық қатынастардың
атқарылуымен тікелей байланысты болады.
Горбунова О.Н. мемлекет өзінің экономикалық және әлеуметтік
процестерін басқару жөніндегі қызметтерінің барысында кіріс және шығыстарға
ақша нысанында, әртүрлі ақша қорларын құра отырып есеп жүргізгендей,
қаржыларды ақша қаражаттары емес, олар тек ақша қаражаттары қорларын
жинастыру, қайта бөлу және пайдалану жөніндегі адамдардың арасындағы
қатынастар болып табылады деген. Бұл жердегі көзге түсіп отырған кемшілік
қаржылар экономикалық тұрғыдан алғанда, жәй ғана қатынастар емес арнайы
экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ал материалдық мағынасына келсек, онда
қаржы тек мемлекеттің меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығы деп
айта аламыз.
Қаржылар жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты білетін
экономикалық құрал болып табылады.
Мемлекетті басқарудың ең жақсы тәсілі ақша қаражаттарының көмегімен
басқару болып есептелінеді. Ақша қаражаттарын реттей және ақша қорларын
құруға бағыттай отырып кейіннен сол құрылған қорлардан қажетті, белгіленген
тараптарға қаражаттарды біліп, пайдалану арқылы мемлекет көптеген аялардағы
қызметтерді ынталандырады немесе кейбір бағыттар бойынша тежей алады.
Ресейлік оқымысты заңгер А.Жданов қаржыларды мемлекеттің және жеке
мекемелердің ақша қорларын құру, білу және пайдалану жөніндегі экономикалық
қатынастар, ал қаржы жүйесін қаржылардың әртүрлі буындарының өзара
байланыстары мен жиынтығы ретінде түсіну қажет деп көрсеткен.
Ресейлік ғалым О.Н. Горбунова қаржы жүйесін екі тұрғыдан қарастырған:
а) әрқайсысы тиісті ақша қорларын құратын және пайдаланатын қаржылық
институттардың жиынтығы;
ә) өздерінің құзыреттерінің шегінде қаржылық қызметті жүзеге асыратын
мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы ретінде.
Ал қаржылық институттардың жиынтығы өзіне орай мемлекеттің қаржы
жүйесін құрды
І.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
Мемлекеттік ақша қорлары, әрқашанда мемлекеттің қаржылық қызметінің
түпкілікті объектісі болып есептелінеді. Қаржылық қызметінің процесінде
қаржылардың үш функциясы жүзеге асырылады. Олар мына төмендегідей болып
келеді:
1) ақша қорларын жұмылдыру (жиыстыру) функциясы;
2) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды (материалдық өндіріс
аясындағы және аясында емес) ақшалай қамтамасыз ету функциясы;
3) бақылау функциясы;
Бірінші функцияның мәні мынада: жаңа, қаржылар туралы сөз
қозғағанымызда мемлекеттің өз меншігіндегі ақша қаражаттары болмай,
мемлекет бола алмайды дегенбіз. Ендеше осы функция арқылы мемлекет өз
мұқтаждықтарын өтеуге қажетті ақша қаражаттарын жиыстырады және осы
қаражаттарды ақша қорларына қалыптастырады, яғни мемлекет өтеуге қажетті
ақша қаражаттарын жұмылдырады.
Бірақ біз мемлекеттің алға қойған негізгі мақсаты – тек ақша
қаражаттарын жиыстыру ғана емес екенін білеміз. Сондықтан екінші функция
мемлекеттің өзіне және өз тарапынан жасалатын қызметтеріне жұмсалатын
шығындарды өтеуге байланысты ақша қорларын пайдаланудан тұрады.
Үшінші функция мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және білу, сондай-
ақ қандай да болмасын шаруашылық субъектілерінің осы қорлардан алған ақша
қаражаттарын мақсатқа сай пайдалануларын кезіндегі барлық әрекеттерінің
дәрыс және заңды болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған функциялар
туралы айта кететін бір жай бар.
Қаржылардың функциялары жөніндегі оқымысты ғалымдар әлі де пікір- талас
тудырып ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, қалыптасқан көзқарасқа келе алмай
жатқан жәйттер бар. Қазіргі қаржылардың функциялары турасында – білу және
ұдайы өндіріс атты екі концепция өмірден орын алып отыр.
Бірінші концепцияны жақтаушылар, қаржылар қоғамдық ұдайы өндірістің
екінші, яғни білу сатысында, ақша түріндегі қоғамдық өнімнің құнын білу
процесінде пайда болғандықтан, оларға тек білу функциясы ғана тән болады
деп есептейді.
Осы концепцияға сай қаржылар білу және бақылау функцияларын ғана
атқарады. Бұл жердегі қателік бірден көзге түсіп тұр, өйткені қаржылардың
басқа да білу процесіне қатысатын экономикалық (баға, ақша, жалақы төлеу,
несие т.б.) категориялар бар екенін білеміз.
Осы білу функциясының көмегімен жалпы қоғамдық өнімді және оның ең
басты білу және қайта білу процестері жүзеге асырылады. Бөлу функциясы
қаржылардың бөлу категориясы ретіндегі мағынасын ашып көрсетеді. Бақылау
функциясы, осы бөлу және қайта бөлу процестері кезінде заңдылықтың, сондай-
ақ мақсатқа сәйкестіліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Ал екінші, ұдайы
өндіріс концепциясы бойынша қаржылардың үстінде аталып, қарастырылған үш
фукнциясы көрсетіледі. Бұл концепцияны қолдаушылар, қаржылар, қоғамдық
ұдайы өндіріс сатыларын (бөлу, айырбастау және тұтыну) бәрінің категориясы
болып есептелінетіндіктен, оларды тек бөлу категориясымен шектеу
дұрыс емес деп тапқан.
Олар келтірген дәлелдер мына төмендегідей болып келеді:
1) қоғамдық ұдайы өндірістің сатылары бір-бірімен тығыз байланысқан;
2) қаржылар тек қана ұдайы өндіріс сатыларын ғана қамтамасыз етіп қоймай,
қоғам өмірінің барлық аяларын қамтиды;
3) қаржылар қоғамдық өнім қозғалысының барлық сатыларында пайдаланылатын
жан-жақты бақылау құралы болып табылады.
Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырудың (жиыстыру) тікелей
түсім көзі материалдық өндіріс аясында жасалатын ұлттық табыс болып
есептелінеді.
Ұлттық табысты бөлу кезінде мемлекеттің, кәсіпорындар мен
бірлестіктердің және азаматтардың кірістері құралады.
Мемлекеттің қарамағында ең мол ақша қаражаттары қорлары – бюджеттен бар
екенін білеміз. Бюджет арқылы, әр түрлі ақша қорларын құру нәтижесінде
қоғамдық өндіріске қатысушылар тапқан кірістер басқа қатысушылардың
мұқтаждықтарына пайдаланылады. Қаржылардың бақылау функциясы бар екенін
бірі мойындайды. Қаржылар белгілі жүйеден құрылатынын білеміз.
Қаржы жүйесі деп, мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, білу және
пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын және әрқайсысы белгілі бір
қаржылық құқықтық институттардың материалдық көрінісі (қорлары) болып
табылатын қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығын айтамыз.
Ал қаржылық-экономикалық институттар дегеніміз мемлекеттің ақша
қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда
болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Орталықтандыру дәрежесі мен
осы институттарға жататын ақша қорларының түрлері бойынша Қазақстан
Республикасының қаржы жүйесінің институттары қаржылары орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған болып екіге бөлінеді.
Орталықтандырылған институттар (қаржылар) мына төмендегідей болып
келеді:
1) Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған қаржылар республикалық бюджет
арқылы көрсетіледі.
2) Жергілікті орталықтандырылған қаржылар. Жергілікті өкілді органдардың
бюджеттері арқылы көрсетіледі. Жергілікті бюджеттерге мыналар жатады:
облыстық бюджеттер; Астана және Алматы қалаларының қалалық бюджеттері;
қаладағы аудандық бюджеттер; аудандық бюджеттер.
3) Мемлекеттік банктердің қаржылары. Осы банктердің ақша қорлары мынадай
көрініс табады: жарғылық қор; резервтік қор; өндірістік-әлеуметтік
даму қоры; қысқа мерзімге несиелеу қоры; ұзақ мерзімге несиелеу қоры;
валюталық аударым қоры; материалдық марапаттау қоры және т.б. Бұл
қорлар мемлекеттің орталықтандырылған несиелеу қорларын
қалыптастырады.
4) Мемлекеттің мүлікті жүне жеке басты міндетті сақтандыру қаржылары,
мынадай сақтандыру қорларымен көрсетіледі: жарғылық қор; сақтандыру
резервтік қоры; ағымдағы түсімдер қоры; сақтандыруды дамыту қоры;
әлеуметтік-мәдени шаралар қоры; алдын алу шараларын қаржыландыру қоры;
сақтандырудың қалпына келтіру түрлері бойынша запастағы қорлар жүйесі;
әлеуметтік бағыттағы: мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры; жұмыспен
қамтуға жәрдемдесу қоры және т.б. қорлар.
Мұнда айта кететін бір жәйт бар. Банкілердің қаржыларын оқулықтарда,
көбінесе, банкілік кредит деп айтатынын көріп жүрміз. Былайша айтқанда,
банкілік қызметтің кредит (несие) беру жағымен ғана шектелген. Бір жақты
көзқараспен шектеліп қоймай, бұл қаржыларды қаржы жүйесінің институты деп
алып қарасақ, онда олардың тек банкілердің ссудалық қорларын кредит беру
түрінде жұмсайтын институт ғана емес, сонымен қатар осы қорларды
қалыптастыратын да институт екенін көреміз. Сондай-ақ бұл институт тек
мемлекеттік банкілердің қызметі мен солардың ақша қорларын қамтиды.
Ал мемлекеттік емес банкілердің қызметтері қаржылық қызметке
жатпайды. Жеке басты және мүлікті міндетті сақтандыру институты туралы да
осыны айтуға болады. Бүл институт қаржы жүйесінің ерекше институты ретінде
қалыптасады және оның әрекеттері мемлекеттің қаржылық қызметі болып
есептелу себебі, аталмыш қызмет мемлекеттік сипатта болады, сондай-ақ
мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.
Сақтандыру қызметімен айналысатын мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен
мекемелердің әрекеттері қаржылық қызметтің құрамына кірмейді, сондықтан бұл
қызметтер қаржылық құқықтың пәніне жатпайды.
Негізінде, мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен мекемелердің және
азаматтардың ақшалай қорлары мен қаражаттары қаржылар жүйесінің құрамына
кірмесе де, олардың ақша жөніндегі қызметтері азаматтық-құқықтық
нормалармен реттелетінін білуіміз керек. Азаматтық-құқықтық әдістермен
реттеу реттеу арқылы өнім (тауар) өндірушілердің құқықтарымен мүдделері
қорғалады. Ал егер құқықтық реттеу қаржылы құқықтық әдістері арқылы жүзеге
асырылса, онда ол мемлекет мүддесін көздеу болып табылады.[3]
Қаржылық қатынастардың тауар-ақша қатынастарынан туындайтынын және
оларға қызмет ететінін білеміз. Сондықтан мемлекеттің қаржылық қызметінің
мақсаты тек қаржыларды қалыптастыру емес екені белгілі.
Орталықтандырылмаған институттарға (қаржыларға) мыналар жатады:
1) Мемлекеттік басқару органдарының қаржылары. Министрліктердің,
ведомстволардың және басқа да басқару орталықтарының орталықтандырылған
ақша қорларын білдіреді. Бұл салалық орталықтандырылған қорлар халық
шаруашылығы саласының немесе басқа да шаруашылық жүйелерінің орталық
басқару звенолары болғандықтан министрліктер мен ведомстволардың қарамағына
берілген ақша қаражаттарынан тұрады.
2) Мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің қаржылары. Осы субъектілердің,
яғни мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорларын білдіреді:
жарғылық қор, өнеркәсіпті, ғылымды және техниканы дамыту қорлары;
резервтік қорлар және т.б.
3) Мемлекеттік қазыналық ұйымдар мен мекемелердің қорлары. Осы
субъектілердің ақша қорларымен көрсетіледі.
Қаржы жүйесі жөнінде кейінгі кезде қалыптасқан көзқарастарды салыстырмалы
талдау жасау мақсатында қарап өтеміз. Е.Б.Стародубцеваның айтуынша қаржы
жҹйесі жалпы мемлекеттік, салалық және қоғамдық қаржылық қатынастардан
тұрады, сондай-ақ оның құрылу негізіне функционалдық бағдары, аумақтар,
жүйенің бірыңғайлығы сияқты үш элемент жатады.
2. Тарау. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзіне асыратын
органдардың қызметінің құқықтық негіздері.

саласындағы құзыреті.
Енді қаржылық реттеу мәселелеріне тоқталамыз. Қаржыны реттеу дегеніміз,
мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін қаржыларды теңдестіру процесі.
Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің теңдестірілуі өкімет
органдары пен атқарушы - әкімші органдардың бюджеттік – қаржылық саясаты
жөніндегі басты мақсаты болып табылады. Яғни, қаржыны реттеудің мақсаты
қаржы жүйесінің барлық құрама бөліктерінің өзара қатынастарын қамтамасыз
ету және тұтастай алғанда әрбір қаржы қорын теңдестіру.
Мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын:
Қазақстан Республикасының Президенті; Қазақстан Республикасының Парламенті;
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
Қазақстан Республикасының Үкіметі. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық
уәкілетті орган. Қаржылық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган.
Қаржыны атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган. Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Мәслихат;
Жергілікті атқарушы орган және тағы басқа органдар құрайды. Қазақстан
Республикасының Президентінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Президенті қаржылық қатынастарды реттеу
саласында: республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп
беру тәртібін айқындайды. Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол
туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды. Қазақстан Республикасының
аумағында төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу туралы шешім қабылдайды және
оны әзірлеу тәртібін айқындайды. Мемлекеттік жағдай мен республиканың ішкі
және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл
сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет
саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы ережені бекітеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану
тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен
бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді. Ұлттық Банктің
қызметін қадағалайды, есебін бекітеді, төрағасын тағайындайды және
босатады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасыны Парламенті қаржылық қатынастарды реттеу
саласында:
Республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен
толықтырулар енгізуді бекітеді. Қазақстан Республикасының Парламенті қаржы
саласын реттейтін, атап айтсақ бюджет, салық, кеден, валюталық, сақтандыру,
құнды қағаздар тағы басқа қаржылар жөнінде заңдарды қабылдап оларға
өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Қазақстан Республикасының Парламенті
Қазақстан Республикасының Үкіметінің төрағасын Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкісінің төрағасын тағайындауға келісім береді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің
атқарылуы туралы есептерін бекітеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
бюджеттік қатынастарды реттеу саласында:
Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін
белгілейді;
Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік
қаржы бақылауының стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және
олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады;
Төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің
орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық қатынастарды реттеу
саласында: Қазақстан Республикасының Парламентіне республикалық бюджетті
және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді; Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық
бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Жергілікті ақша
қаражат қорларының жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды; Республикалық
қаржының атқарылуын қамтамасыз етеді, республикалық және жергілікті
бюджеттерді атқару тәртібін айқындайды; тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулы қабылдайды; қарыз
алуды жүзеге асырады; шикізат секторы ұйымдарының тізбесін бекітеді; орта
мерзімді фискалдық саясат жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды; қаржылық
инвестициялық жобаларды қарау тәртібін айқындайды. Салықтық емес түсімдерді
алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратывн уәкілетті
мемлекеттік органдардың тізбесін, оларды бюджетке аудару тәртібін
айқындайды. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру
қажеттік туралы шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін,
мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыздарды алу, пайдалану, өту
және оларға қызмет көрсету, оларды тіркеу мен есепке алу, мемлекеттік және
мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі мен оны басқару тәртібін
айқындайды. Мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалған тауарларды
өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақсатн
Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервін
пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
активтерді есептеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану
тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген
қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге
мүліктің тізбесін айқындайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл
сайынғы аудиттің өткізілуін қамтамасыз етеді. Төмен тұрған бюджеттерден
жоғары тұрған бюджетке қаржыларды алып қоюлардың және жоғары тұрған
бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге қаржылық субвенцияларды аударудың
тәртібі мен кезеңділігін айқындайды: Жалпы сипаттағы ресми трансферттер
көлемдері есептерінің әдістемесін айқындайды.[4]
Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатын
бекітеді затта нормаларды бекітеді.
Бірыңғай сыныптаманы бекітеді және оны жасау тәртібін айқындайды;
Қаржылық бағдарламаладың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды.
Орталық атқарушы органдардың сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және
оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санына лимитін
бекітеді.
Жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымын және жергілікті
атқарушы органдардың штат саны лимитін бекітеді;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімі фискалдық саясатының
жобасын әзірлейді; тиісті қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы,
қаржыға өзгерістер мен толытырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын
әзірлейді және оларды қарауға Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс
етеді; тиісті қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы заңды іске
асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді;
қаржылық өтінім жасаудың және табыс тәртібін айқындайды; мемлекеттік
мекемелердің өз иелегінде қалатын тауарларды өткізуден түсетін түсімдер мен
ақша шығыстарының болжамын жасау нысанын белгілейді; бюджет түсімдерін
болжау әдістемесін айқындайды; бірыңғай бюджет сыныптамасының жобасын
әзірлейді; жылдық қаржыландыру жоспарын әзірлейді және бекітеді.
республикалық қаржыны нақтылау жөнінде ұсыныстар енгізеді; қаржылық
бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік қарыз алуды және борышты жоспарлау
мен талдау жүзеге асырады.
Бюджеттік кредиттеуді жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады.
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қаржылық
қатынастарды реттеу саласында:
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының
жобасын әзірлейді.
Басым қаржылық инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.
Гранттарды тартуға басымдылығы бар өтінімдердің тізбесмін
қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге
енгізеді.
Қаржылық инвестициялар мен гранттардың тиімділігне бағалауды жүргізеді.
Қаржының атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган:
Республикалық қаржыны атқарады және жергілікті қаржылардың атқарылуына
қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлеуге қатысады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық қаржы туралы заңды іске
асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуге
қатысады.
Қаржылық қорға түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік қаржыға
кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен
басымдықтарын айқындауға қатысады.
Республикалық қаржылық қордың түсімдері мен оны қаржыландырудың жиынтық
жоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуді жүзеге
асырады.
Мемлекеттік мекемелердң міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге
асырады
Уақытша бос бюджеттік ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкіндегі салымдарға орналастырады;
Банктік шоттардан шетел валютасын қайта айырбастау тәртібін айқындайды.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік
мекемелердің шоттарын ашу, жабу және жүргізу тәртібін айқындайды.
Бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Есептік жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарын алады, пайдаланады
тіркейді, өтейді және оларға қызмет көрсетеді, бағалы қағаздардың
ұйымдастырылған рыногында өзі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы
қағаздарды сатып алу мен сатуды жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес қарыздардың мемлекеттік кепілдіктері бойынша
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді,
Бюджет қаражатын игеру мониторингін жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік

Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бюджеттік есепке
алу есептілік жөніндегі әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша келіссөздер
жүргізеді, Қазақстан Респуьбликасы Үкіметінің қарыздар шарттарына қол
қояды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы
қағаздарын шығарады, мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік
кепілдіктер береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарына және мемлекеттік
кепілдіктері бар мемлекеттік емес қарыздарға қызмет көрсетуге екінші
деңгейдегі банктерді конкурстық негізде айқындайды жне оларға уәкілеттік
береді.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджет кредиттерінің берілуін,
оларға қызмет көрсетілуін жәнге олардың нысаналы пайдаланылуына бақылауды
жүзеге асырады, олардың есепке алынуын, мониторингін және қайтарылуы
қамтамасыз етеді.
Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
Мемлекеттік қаржылық бақылау обьектілері қызметінің Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкесітгіне ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы ол бойынша есеп
және есептілік жүргізу гранттардың мемлекет кепілдік қарыздардың мемлекет
активтердің мемлекеттік мекемелердің тауарлар сатуынан түскен өз
иеліктерінде қалатын ақшаның пайдаланылуы бөлігінде Қазақстан
Республикасының заңдары талаптарының бұзылу себептеріне баға береді.

орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан әкімдігі:
жергілікті бюджет жобасын әзірлейді және оны мәслихатқа табыс етеді.
Жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді және мәслихатқа оның
атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді.
Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы жергілікті өкілді
органның шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды.
Жергілікті атқарушы органның орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді.
Экономикалық бюджеттік жоспаарлау бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті органдарды құрады.
Облыстың республикалық маңызы бар қаланың астананың ауданның бюджет
комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.
Бюджеттік комиссия- бюджет жоьасын уақытылы және сапалы әзірлеу мен
бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету
мақсатында құрылатын комиссия.
Республикалық бюджетті комиссия және облыстардың республикалық маңызы
бар қалалардың астананың ауданның бюджеттік комиссиялары өз қызметін
тұрақты негізде жүзеге асырады.[5]
Бюджеттік комиссиялардың құзыретіне: алдағы үш жылдық кезеңге арналған
орта мерзімді фискалдық саясат жөнінде ұсыныстар талдап-жасау; тиісті қаржы
жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде
ұсыныстар талдап-жасау.
Алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланып отырған қаржы жылында
қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды іріктеу орта мерзімді
фискалдық саясатты негізге ала отырып, оларды іске асыру тетігін айқындай
жөнінде ұсыныстар талдап-жасау.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды
немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің
жобалары бойынша ұсыныстар талдап-жасау.
Тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар
талдап-жасау.
Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін қарау
және сролар бойынша ұсыныстар талдап-жасау.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті
органдар тиісінше бюджеттік комиссияның отырыстарын өткізеді, оның жұмысын
жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге
асырады және комиссия жүзеге асыратын қызметке жауапты болады.
Бюджеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын
бюджеттік комиссия төрағасының өзі тағайындаған орынбасары орындайды.
Бюджеттік комиссияның хатшысы бюджеттік комиссияның қызметін қамтамасыз
ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, бюджеттік комиссия отырыстарының
хаттамаларын дайындайды.
Жұмыс органы бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн
тәртіптеріне сәйкес бюджеттік комиссияның отырыстарына материалдар
дайындайды.
Бюджетті жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет
түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау
жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.
Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған
бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған
бюджеттің болжамы жасалады.
Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан
Республикасының Президенті айқындайды. Жергілікті бюджеттердің жобаларын
әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған
орта мерзімді фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы
жылдың 1 - маусымына дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға
жатады.
Жергілікті атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта
мерзімде фискалдық саясатын жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 1
шілдесіне дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.
Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді.
Заттай нормалар – қажетті материалдық немесе материалдық емес
игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсетьікшетір. Заттай
нормаларды қолдану бюджетті жоспарлау мен атқарылу кезінде міндетті болып
табылады.
Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзірлнйді және Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді.
Орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік бюджеттің және республиканың
әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсетікшетерін есекере отырып,
Республикалық бюджет комиссиясының қарауына заттай нормаларды өзгерту
немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстар енгізу құқылы.
Бюджет түсімдерін болжауды республиканың немесе аймақтық орта мерзімді
әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және үш жылдық кезеңге арналған орта
мерзімді фискалдық саясат негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті
орган жүзеге асырады.
Тауарлардың құны түріндегі бюджетке түсімдерді көрсетуге гранттар алған
кезде ғана, сондай-ақ тек Қазақстан Республикасы бектікен халықаралық
шартта көзделген жағдайлар жол беріледі.

негіздері.
Қаржы бақылау комитеті республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
құзыретінің шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің ведомсвтосы болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері:
Республикалық бюджеттің атқарылуын ішкі бақылауды және жергілікті
бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыру;
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ішкі бақылаудың
және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылаудың әдіснамасын және
әдістемесін әзірлеу.
Қойылған міндеттерге сәйкес Комитет мынадай функцияларды жүзеге
асырады:
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау саласында орталық
мемлекеттік органдардың ішкі бақылау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz