Қазақстан Республикасында туризмнің дамуы, оның мәселелері мен өзектілігі



Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді салалардың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстанды орталық азиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру.
Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. теңгеден астам сома көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Кластерлік инициатива шеңберінде туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады.
- Қонақ үйлер жүйесін, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік маршруттардың құрылысына жағдай жасалатын болады.
- Инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстар негізінде аймақтық мөлшерде база қалыптасқан. Алғашқы кезеңде 90 инвестжоба сарапталып, жинақталды. Олардың 11–і 386 млн АҚШ долларына өзектірек саналып алынды, және «Қазына» тұрақты даму қорына мемлекеттік қолдау көрсету үшін жіберілді.
- Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпфункционалды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды, оны Елбасы мен ел Үкіметі мақұлдап отыр. Аталмыш жоба бойынша инвестиция жұмылдыруға жоспарланып отырған сома 30 млрд АҚШ долларын құрайды.
Мемлекеттік бағдарлама республикада қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік әлеуетті арттырудың, елдің тартымды туристік имиджін, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды.
Ғылыми жобаның мақсаты:
- туризм саласының мазмұнын түсіну;
Әдебиеттер:
1. Кулбаева М.А. «Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің иннвоациялық түрлерін жетілдірдің нарықтық механизмдері».
2. Франчайзингтің әлемдік тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері «Қазақстанның БСҰ-ға кіруі, жүйелік жағдайларын талдау, оң бағыты, теріс салдары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік коонференция материалдары жинағы. Алматы: Экономика.
3. Манап А.С. «Қызмет көрсету саласындағы франчайзингтің қалыптасуы және даму бағыттары (Алматы қаласындағы франчайзингтік фирмалардың материалдары негізінде)».

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ, ОНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ӨЗЕКТІЛІГІ

Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне
негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің туристік қызмет
көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе
жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына
қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді салалардың бірі
болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген
барынша маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстанды орталық азиялық өңірдегі
туризм орталығына айналдыру.
Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы
және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін,
сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына
айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған.
Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. теңгеден
астам сома көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Кластерлік инициатива шеңберінде туристік инфрақұрылымды дамыту үшін
инвестиция жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады.
- Қонақ үйлер жүйесін, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен
өзге де маңызды туристік маршруттардың құрылысына жағдай жасалатын
болады.
- Инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстар негізінде аймақтық мөлшерде
база қалыптасқан. Алғашқы кезеңде 90 инвестжоба сарапталып,
жинақталды. Олардың 11–і 386 млн АҚШ долларына өзектірек саналып
алынды, және Қазына тұрақты даму қорына мемлекеттік қолдау
көрсету үшін жіберілді.
- Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі
заманауи көпфункционалды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы
жасалды, оны Елбасы мен ел Үкіметі мақұлдап отыр. Аталмыш жоба
бойынша инвестиция жұмылдыруға жоспарланып отырған сома 30 млрд АҚШ
долларын құрайды.
Мемлекеттік бағдарлама республикада қазіргі заманғы тиімділігі жоғары
және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға және экономиканың
сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол
туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі
бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды
және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу мен
қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік әлеуетті арттырудың, елдің
тартымды туристік имиджін, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар
қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды.
Ғылыми жобаның мақсаты:
- туризм саласының мазмұнын түсіну;
- Қазақстан Республикасының туризм саласына байланысты
бағдарламаларды қарастыру;
- Қазақстан Республикасы, Шығыс- Қазақстан облысы және Семей қаласы
бойынша туристік саласына талдау жасау;
- Туризмге байланысты негізгі мәселелерді айқындап және шешу жолдарын
ұсыну.

Туризмді мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен міндеттері

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - сырттан келушілер туризмі және
ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жүмыспен қамтуды, мемлекет пен
халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті
туристік индустрия құру. Қойылған мақсаттарға сәйкес бірінші кезектегі
міндеттер мыналар болып айқындалды: туризм инфрақүрылымын дамыту; туризмді
мемлекеттік реттеу менқолдаудың тишді тетігш құру; елдің тартымды туристік
имиджін қалыптастыру; туристік әлеуетті арттыру; рекреациялық шаруашылық
мамандануы бар аймақтар қалыптастыру. Туризм саласының болашағын
айқындайтын ұсыныстар әзірленіп жатыр. Алдымен туристік саланың құқықтық-
нормативтік базасын мен мемлекеттік үйлестіруді жетілдіруіміз керек. Бұл
туризмді экономиканың кірісті саласымен бәсекеге қабілетті индустрия
ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Халықаралық міндеттер мен мақсаттарды
тереңдете түсу қажет. Қазақстанның туризмдегі имиджін қалыптастыру - аса
маңызды міндеттердің бірі. Сол сияқты ішкі жэне өзге елдерде шығатын
туристік басым бағыттардың маңызы зор. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз
етіп олардың мақсаттары мен міндеттерін қорғау, туризм инфрақұрылымын
жетілдіру, туризмнің міндеттері мен мақсаттарын туристік сала мамандарын
дайындау шараларын дамыту сияқты негізгі мэселелер шешімін тауып жатса,
Қазақстан туризімінің болашағы өте зор.
Қазақстанда туристік қызметті дамытудың негізгі мақсаты - қазіргі
заманға сай жоғарғы тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру. Ол
бір жағынан, қазақстандық және шетел азаматтарының туристік қызметтерге
деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктер беретіндей,
екінші жағынан - ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес, соның ішінде
жүмыс орындары санын арттыру, мемлекет бюджетіне түсетін салық түсімдері,
шетел валютасының ағымы, мәдени және табиғи мұраларды сақтау мен рационалды
пайдалану есебінен қосатындай болуы керек. Аталмыш мақсаттарды жүзеге асыру
бойынша шаралар мынадай:
• Қазақстан экономикасын дамытудың негізгі бағыттары қүрамына туристік
саланы енгізуді іс жүзінде қолға алу;
• Қазақстанда туристік қызметті дамыту бағытындағы
мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру;
• Әлемдік және құқықтық тәжірбиелерге сэйкес туризмнің нормативті -құқықты
даму базасын құру;
• Енгізілген туристік қызметті сертификациялау мен лицензиялау жүйесін
қатаңдату;
• Туристік банктік қүрылымдар, көлік, қонақ үй және
сақтандыру компанияларының кооперациясына ұтымды жағдайлар жасау, сол
арқылы туристік қызметтің жоғары технологиялық кешеннін қалыптастыру жэне
саланың материялды - техникалық базасын дамыту;
• Шетел және ішкі туризмнің дамуын ынталандыратын экономикалық
механизмдерді құру, осы аяғы инвистицияларды тарту және салық пен кедендік
жеңілдіктер, мемлекеттік кепілдеме мен мемлекеттік қолдаудың басқада
шараларын қосатын жолы мен ішкі туризм нарығын қорғау.

Шығыс-Қазақстан облысындағы туристік саланың даму жағдайын талдау

Қазіргі уақытта туризм – экономиканың перспективалы саласының бірі
болып табылады. Тарихи-мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстармен тең
қолдануда туризм тұрғындардың жұмысбастылық деңгейін көтеруге және тауар
өнімін, қызмет көрсету өнімділігін жоғарлатуға ықпал етеді.
ҚР Президентінің халыққа жолдауында экономиканың шикізат секторының
дамуының қажеттілігін атап өтті.
Шығыс-Қазақстан облысында туристерді қызықтыратындар бар: әдемі
ландшафтар, әртүрлі климаттық зоналар, мәдени-тарихи құндылықтар,
экологиялық және спорт туризмі қызметтеріне үлкен таңдау
2008 жылы Шығыс-Қазақстан облысында 27 туристік фирмалар мен
агенттіктер қалыптасты. Оның ішінде, 24 заңды тұлға, 3 жеке кәсіпкерлер.
Бір жылда олар 17830 туристке қызмет көрсетті, ол 2007 жылмен салыстырғанда
230 адамға арттық (1,3%-ға). Бір жылда облыс 1649 шығушы туристерді,
облыстан тысқары 2622 туристті және ішкі туристердің саны 13559 адамды
қабылдады. 2006 жылмен салыстырғанда туристердің өсу саны резиденттер мен
бейрезиденттермен сәйкесінше 35,6% және 17,2%-ды құрады, ішкі туризмде
қызмет көрсету, 4,9%-ға төмендеді. Туризмнің ағымының негзгі бөлігін ішкі
туризм құрайды.
Шығыс-Қазақстан облысының туристері ТМД елдеріне шығуды көздеді (95,2%
(2496 адам). Шығушылар негізінен келесідей бағыттар бойынща шығады: Қытай
(54,8 % алыс шетелге шыққан резидент туристер), Түркия (13,3%), Германия
(10,1%), БАЭ (7,6%). Аталған елдерден басқа туристер әлемнің басқа да 27
елінен шыққан. ТМД елдеріне жылына 126 турист, Ресей Федерацияна келушілер
62,7%, Украина – 21,4% және Қырғызстан – 15,9%.
2008 жылмен салыстырғанда жеке туристер іске байланысты шығушылар саны
артты. 2009 жылы келуші туристер көбіне демалыс пен қызметтік іс-сапармен
облысқа келді.
Шығушы туристер көп жағдайда шоп-турларға шықты. Іскерлік және кәсіби
мақсатпен Қытайдан келген азаматтар саны (99% осы келушілер
категорияларынан), Бельгиядан және Литвадан. Туыстарына келушілер
Германиядан (92,5%), Литва, Ресейден, Словениядан болды.
Демалысқа келген туристер Ресейден (73,7%), Германиядан (87%),
Австралиядан (5,1%), Франциядан (4,3%) және басқа 13 елден.

Туристік қызмет көрсетудің көлемі

Қызмет көрсету, мың тенге
барлығы Соның ішінде
Заңды тұлғалар Жеке кәсіпкерлер
Облыс бойынша 10486,8 10055,8 431,0
Өскемен қаласы 6543,8 6227,8 316,0
Семей қаласы 3843,03828,0 15,0
Риддер қаласы 100,0- 100,0

Бейрезидент-туристер облыста негізінде ұшақпен, қалааралық
автобустармен және құрғақ жолды көліктер. Шығушы туристер көбінесе
автобустар мен әуе транспортын қалады: ішкі туристер негізінен өзінің жеке
құрғақ жол көліктерімен қозғалды.
Байланыс қызметін 83,0 мың нөмірге жуық телефон стансасының
сыйымдылығымен қалалық телекоммуникация торабы көрсетеді.
Соңғы жылдары АТС-66, АТС-62, АТС-63, АТС-45, АТС-44 он күндік
желісінің бес моралдық-физикалық тозған телефон стансаларға және ПСК-1 және
ПСК-2 екі подстансаға ауыстыру жүргізілді.
Ұялы байланысты K-Cell, K-Mobile, Beeline, Altel жүзеге асырады.
Кәбілдік телевиденияның қосымша қызметін Семсат ЖШС және Алма ТВ
ЖШС және спутниктік Қазтелерадио АҚ ұсынады.
Қала тұрғындарына пошталық байланыс қызметін Қазпошта АҚ қалалық
пошта байланыс торабы көрсетеді, 2008 жылдың бірінші тоқсанында Озерка
ауылынан жаңа типті пошта байланыс бөлімшесі ашылды.
Қазақтелеком АҚ желісіндегі байланыс сапасын жоғарлату және
қызметін жақсарту жөнінде жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта өңірдегі аз
тұрғыны бар ауылдары байланыстың магистралды желісіне шығу үшін
картотаксофон жүйесі келесідей ауылдарға орнатылды: Тепкаши, Маралды,
Мұрат, Малая Актюба, Половинки, Каштак, Климентьевка, Талица, Жарқын,
Талдықорған, Гранитный, Баженова және Шоптығақ стансасы.
NGN байланыс жүйесінің қызіргі заманғы түрін енгізу жөнінде жұмыс
басталды. NGN жүйесінің жоғары технологиялық құрал-жабдықтары
телекоммуникация желісі бойынша байланыс абоненттеріне Интернетті,
спутникалық телевидения арналарын және тоқ байланысын пайдалануға ауқымды
мүмкіндік береді.
Облыста Интернет желісі - Мегалайн жүйесі қазіргі кезде қарқынды
дамыды.
Байланыс саласындағы негізгі проблемалар
- Аз тұрғыны бар ауылдық округтерде инфрақұрылымның дұрыс дамымауы;
- Байланысты қызметінде тұтынушыларды одан әрі қанағаттандыру;
- Аз тұрғыны бар ауылдарға қымбат тұратын құрыл-жабдықтарды алу үшін
жергілікті бюджеттен қаражаттың жетіспеушілігі.
Қонақүй кешенді жағдайы – туризмнің дамына маңызды мүмкіндік болып
табылады. Облыстық қонақүй шаруашылығы көлемінің артуы, толуымен
сипатталады (5 сурет).
01.01.2009 жылға облыста 5 қонақ үйлер ресторанымен, 16 ресторансыз
қонақүйлер және 17 басқа да қысқа мерзімді тұруға арналған орындар болуы
(заңды тұлғалар қарамағандағы). Көрсетілген орындарда 2358 номер, бір
уақыттағы сыйымдылығы 6332 төсек-орынды құрады. 2008 жылдағы аналогиялық
мерзіммен салыстырғанда номерлер 6,5%-ға, сыйымдылық -6,9%-ға өсті.
Қонақ үй қызмет көрсетуі мен басқа да қысқа мерзімді тұру орындарымен
өткен жылы – 8,8 мың адам, 2007 жылмен салыстырғанда 20,2 және 72,5% көп
болды.
2009 жылы келушілерге 350,7 мың төсек-орын берілген болатын (120,1%
өткен жыл көрсеткіші).
Қызмет көрсету көлемі 412,6 млн теңгені құрады. Олардың көп бөлігін
мейрамханасыз конақүйлерге тиесілі. 2007 жылмен салыстырғанда қызмет
көрсету көлемі 11,3 %-ға өскен.
Облыста туристік ресурстарды табиғи байлықтар, экотуризмді жақсы
көретіндердің қызығуына сай (аңшылық, балық аулау) болып табылады. ШҚО
табиғаты экологиялық және дене шынықтыру туризміне қолайлы. Оған: Белуха
тауын, Марқакөл көлі, Қатын өзені, Оңтүстік Алтайдың етегі аңшылық пен
балық аулауға қолайлы, табиғи парктер мен қорықтар.
2009 жылы облыс бойынша ерекше қорғалатын 4 орын: Батыс Алтай және
Марқакөл мемлекеттік қорығы, Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи парк
және мемлекеттік табиғи резерват Семей орманы болды.
Жалпы ауданы 1434 мың га, оның ішінде 627,7 мың га (43,8%) орманмен,
49,4 мың га (3,5%), су қоймаларымен. Ерекше қорғалатын жерлердің үлесі
облыс территориясының жалпы көлемінің 5,1% құрайды.
Ауданы бойынша үлкені Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи
паркі, жалпы территориясы 643,5 мың га. Қорық территориясында 192 аң түрі,
678 құс түрі, 11 балық түрі және 2813 өсімдік түрі қорғалады.
Облыс Рахманов бұлағы, Алакөлдің шипалы азымен, таза ауасымен,
ормандарымен танымал.
2009 жылы облыста 9 санаторий жұмыс істеді, профилактикалық санаторий
орындары мен 5 демалыс базасы мен пансионаттар болды. Айына максимум төсек-
орын саны 1263 және 785 болды. Қалпына келтіру, емдеу орындарында жыл бойы
7,2 мың адам емделіп, 4,7 мың адам демалыс базасында демалды.
2010 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 11 музей (270,4 мың экспонаты
бар) болды. 2009 жылы музейге келушілер саны 617,2 мың (6%-ға көп 2008
жылмен салыстырғанда) болды. Экскурсоводтармен 14,9 мың экскурсия, 1531
дәріс, сәйкесінше 106,4 және 136,7 % болды (2006 жылғы көрсеткіш
деңгейімен).
2007 жылдың басында Шығыс-Қазақстандық Жамбыл аындағы облыстық драма
театр ашылды. Ол 297 орынға арналған болды. Сонымен қатар, Жаңалық сервис
театры (500 орынға, Семей қаласында) ашылды. Өткен жылдың ішінде театр
колелктивімен 525 қойылым көрсетілді (2005 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға
көп). Көрсетілген қойылымдардың 215-і (41%) әлемдік классика мен шетел
драматургиясы негізінд, 246 (46,8%) – балаларға, 64 (12,2%) – қазіргі
кездегі тақырыпта болды. 2008 жылы 24 жаңа қойылым болды. Қойылымды 123,1
мың адам көрді (2007 жылмен салыстырғанда 10,1%-ға жоғары).
Облыс бойынша 2009 жылы киноқойылымдар 4 үнемі жұмыс істейтін
кинотеатрларда 1780 орны бар, 6 залында болды. Жыл бойы 6,7 мың киносеанс
өткізілді, оларды 173,3 мың көрермен көрді. Концерттік бағдарламаларды
облыс бойынша 5 ұйым жүргізді. Олармен жыл ішінде 546 концерт, олардың 300
филормониялық, 246 эстрадалық концерт болды. Концерттің жалпы санының 349-ы
балаларға арналған болды. Концерттерді 2006 жылы 126,1 мың көрермен көрді.
2010 жылы 1 қаңтарда облыс бойынша 259 кітапхана (2009 жылмен
салыстырғанда 6 артық). Оқырман залы 2321 орынға, кітапхана қоры 8,5 млн,
периодтық басылымдар – 329,9 мың, кино-фото қор құжаттары – 11 мың,
электрондық басылымдар – 835, басқа әдебиеттер – 2,7 млн. жыл бойы (2004 ж)
кітапханада 343,4 мың оқырман болды.
Облыста 171 клуб типтес орындар да 2009 жылы 13000 мейрамдар болды:
демалыс паркі 18 объектісімен және зообақта 43 экземпляр құс 18 түрінің
және 9 түрлі сүтқоректінің 14 экземпляры бар.
Осыдан келе қорытатын болсақ, облыста қызмет көрсететін туристік
кешендердің, турфирмалар мен агенттер санының өсуімен сипатталады.
Саланың әрі қарай дамуына, яғни экономикалық 19 аймағында, қызмет
көрсетуді көтеру және турфирмалардың және қонақүй объектілерін
әртүрлендіру.

Қазақстан Республикасында туристік индустриясының даму мүмкіндігі мен
болашағы (Шығыс-Қазақстан облысы мысалында)

Қазақстан Республикасы – Евразия материгінің түбіндегі ежелгі жер.
Мемлекет әлемде көлемі бойынша тоғызыншы орында және Қытай, Қырғызстан,
Түркменстан, Өзбекстан, Ресей елдерімен шекараласқан.
Республиканың территориясы батыста Волганың төменгі ағысынан (3000 км-
да), шығыстағы Алтай тауларына дейін. Солтүстікте Батыс-Сібір жазығынан
оңтүстіктегі Қызыл-Құм шөлі мен Тянь-Шань тау жоталарына дейін 2000 км
жалғасады.
Қазақстанның табиғат байлығының 100 ден бір бөлігі қолданылуда, ал
қалғаны өз көрермендерін күтуде. Туристік потенциалы өте жоғары: қазіргі
уақытта Қазақстанда табиғаттық территориясы ерекше қорғауға алынған
құрылымына кіретіндер: 9 мемлекеттік қорықтар, 5 ұлттық парктер, 57
тапсырыс орындары, 25 табиғат ескерткіштері, мұнда туризмнің әр түріне
қатысты дамытуға үлкен мүмкіндігі бар – танымдық, экологиялық, ғылыми,
шытырмандық және т.б. Туризмнің ең негізгі элементтерінің біріне
шытырмандық туризм болуы мүмкін және болу да керек: парустық спорт,
дельтапланеризм, үрлемелі шармен көтерулер, рафтинг, треккинг және т.б.
Қазақстандық туроператорларымен 2002 жылдан бастап 800 маршруттар
жүзеге асырылып шығарылды. Олардың 78 түрі – экологиялық турлар, көбінесе
бұл ұлттық парктер, қорықтар, басқа да табиғат орындарын аралау. Оларға:
Чарын каньоны, Шымбұлақ, Көлсай көлі жатады. 126 денсаулық сақтау маршруты
ұйымдастырылды. Таңдағандар оларды курорттық-санитарлы емдеу мен демалыспен
біріктіреді.
Балық аулау мен аңшылықты ұнататындарға 61 маршрут, онымен туристтер
18 бағытта ат үстімен жүруге болады. Сонымен қатар 50 шытырмандық турлар
да бар. Оның маршруты Ұлы Жібек жолымен өтеді, ол өзімен бірге көрші
елдерді аралауды қосып алады. 315 маршрут демалыс күндеріне арналған мәдени-
тану турлары бар.
Оңтүстік-Қазақстан облысы - тарихи байлығы, табиғаты, зор өндірісі
бар, адам потенциалы дамыған жер бөлігі. Ол Ұлы Жібек жолы үстінде орналаса
отырып, өзіне тарихшылар мен қыдырушыларды тартқан. Себебі ол Шығыс салты
мен батыстың дәстүрін танытқан. Облыста 802 мәдени-тарихи ескерткіштері
бар, ал Шығыс шеберлігін білдірткен (Екінші Мекке барлық түріктілді
әлемнің – Түркістан қаласы мен ондағы Мавзолейі – Ахмет Яссауи, Сайрам
ескерткіші Арыстан-баб ескерткіші, Отырар қаласы). Оңтүстік Қазақстан
облысының ең негізгі орынды алатын Ақсу-Жабағылы қорығы. Ол өзіне
туристерді тартады. Оның байлығы: өсімдік пен жануар әлемі.
Қызылорда облысы. Сырдың жері – құдаймен қорғалған жер, мұнда Ұлы
Жібек жолының ізі қалған, әрбір адам осында туған болса, өзіне қадір мен
құрмет Сырдарияға қатысты сіңіреді. Сонымен қатар, Арал суына, осы жерде
жерленген Қорқыт-Ата – философ, әнші, музыкантқа құрмет сіңіреді. Сырдың
жерінің ежелгі және тарихы бар. Мұнда 504 архитекторлық, археологиялық,
мәдени ескерткіштер орналасқан. Облыс территориясында Барсакелмес қорығы
орналасқан, ласпен емделу санаториясы Жаңақорған, Космодрон, Байқоныр
орналасқан.
Батыс Қазақстан – Еуропа мен Азия континенттерінің қиылысқан жерінде
Каспий теңізінің бассейнінде орналасқан, сонымен қатар Волга, Орал
өзендерінде орналасқан. Мұнда әлемнің екінші нүктесі орналасқан – Қарақол
облысы. Ол 132 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС - ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Туризмнің экономикалық сала ретінде
Туристік ресурстарды дамыту
Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
Экологиялық туризмнің белсенді туризм мен байланысы
Тұлғалармен сөйлесу мәдениеті
Халықаралық туризмдегі көлік саласының теориялық негіздері
ТУРИЗМ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Іскерлік туризм жайлы
Туризмді ұйымдастырудың экономикалық тетіктері
Пәндер