Коммерцияық банктер, олардың жіктелуі



Қазіргі коммерциалық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызымет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банк деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай;
- мемлекеттік
- акционерлік
- жеке
- пай қосу арқылы(жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
- аралас (шетел капиталының қатысуымен);
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банк қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер.
3. Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- мемлекетаралық;
- ұлттық;
- аймақтық;
4.Салық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- саула банктері;
- ауыл шаруашылық банктері;
- құрылыс банктері;
- басқа;
5. Фирмалар санына қарай:
- филиалсыз;

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Коммерцияық банктер, олардың жіктелуі

Қазіргі коммерциалық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға,
сондай-ақ халыққа қызымет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банк деп
бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай;
- мемлекеттік
- акционерлік
- жеке
- пай қосу арқылы(жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
- аралас (шетел капиталының қатысуымен);
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді
банк қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер.
3. Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- мемлекетаралық;
- ұлттық;
- аймақтық;
4.Салық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- саула банктері;
- ауыл шаруашылық банктері;
- құрылыс банктері;
- басқа;
5. Фирмалар санына қарай:
- филиалсыз;
- көп филиалды;
ҚР-дағы банктік жүйеде 01.07.2003жылғы статистикалық мәліметтер бойынша
қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік
акционерлікқоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана
мемлекетке 100% тиісілі банктер оларға: Қазақстан даму банкі мен Эксимбанк,
ал шетел капиталының қатысуымен (100% - 10 банк, 50% - аса- 4банк) құрылған
банктерде саны – 14, оның ішінде, еншілес банктер – 10.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан
түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және
артықшылығы бар.
Жай акция – оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның
пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар
акция –оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы,
яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам
банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция есебінен бұрын қоғамға қосқан
өз үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда
оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта
анықталады және бұл банктің қатысушылары немесе құрылтайшылары өздеріне
тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылу және құқықтық формасына байланыссыз, оның
жарғылық капиталы оның қатысушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен
құралады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып
табылады. Жарғылық капитал оның қатысушыларының меншікті қаражаты есебінен
ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға
тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен
құрылуы мүмкін.
Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы
құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50%
төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның
жарияланған сомасы толық төленуге тиіс. Жарғылық капиталдың сомасы
заңдылықтармен шектелмейді. Ал коммерциялық банктердің операцияларына
келетін болсақ, олардың екі түрі бар:
1. Пассивтік операциялар
2. Активтік операциялар
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі
рөлі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған
анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: пассивтік операциялар
– бұл неселік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің
өз ресурсынқұру операциялары, - делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар – бұл нәтижесінде
пассивтік шоттағы немесе активті - пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін,
яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десек болады.
Пассивтік операцияларға: банктің меншікті қаржаттары, депозит,
депозиттік емес тартылған қаражаттар, талап етуіне дейінгі депозиттер,
мерзімді салым, жинақ салымдары, депозиттік және жинақ сертификаттары,
банкаралық несие жатады десек болады.
1. Банктің меншікті қаражаттары –банктің экономикалық дербестігін және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен
бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банктің меншікті қаражатына жататындар:
- банктің жарғылық капиталы;
- банктің резервтік капиталы;
- қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа да қорлары;
- сақтандыру резервтері;
- бөлінбеген пайдасы.
2. Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
3. Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде
немесе өзі меншікті қаражаттарынсату жолымен тарататын қаражаттары.
4. Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын
алатынәр түрлі шоттардағы қаражаттар.
5. Мерзімді салым (депозиттер) –белгілі мерзімібар және тұрақтыпайыз
төленетін, сол сияқты алдын ала шек қойылатын салым.
6. Тағы бір кең таралған салымның түрі –Жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді,
салымның жоғары шегі шектелмеген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ
кітапшасын көрсету қажет.
7. Депозиттік және жинақ сертификаттары –бұл салым иесіне белгілі мерзім
өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық
беретінжәне оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын
эмитент банктің жазбаша куәлігі.
8. Банкаралық несие –бұл коммерциялықбанктердің бір бетіне беретін
несиелері.
Банкаралық несие бұл басқа ресурстарменсалыстырғанда өте қымбат ресурс
болып табылады.
Банктің активтік операцияларына келсек, активті операциялар –бұл
банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында,
иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды
білдіреді.
Банктің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар
жатады:
- ссудалық(несиелік) операциялар;
- инвестициялық операциялар;
- депозиттік операциялар;
- қаржылық операциялар;
- басқа да операциялар.
Банктің активтері –пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әр түрлі
активтер бойынша орналастырған қаражаттары.
Коммерциялық банктін активтерін мынадай төрт топқа бөлуге болады. Олар:

1. Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
2. несиелер;
3. бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
4. банктің ғимараты менжабдықтары.
Банктің инвестициялық операциялары –табыс немесе пайда алу мақсатында
ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Банктің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат
орналастыруға кепілдік беру (андеррайтинг), сондай-ақ клиенттерге қандай
бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға
болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.
Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг –бұл бағалы қағаздарды
сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндігі туралы
эмитентке кепілдік беруді білдіреді.Мұндай жағдайда эмитент қор
құндылықтарын орнластыру жоспарын құрады.
Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын
операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы
қағаздары екі топқа бөлінелі: қор (акция, облигация) және коммерциялық
бағалы қағаздар (коммерциялық вексель, чек, қоймалық, кепілдік куәліктер).
Қор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайындағы кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарына тиімді ұсыныс беріп теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу
Банкті басқарудың үлгілі ұйымдастырушылық құрылымы
БИЗНЕСТIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗI
Қазіргі - заман мәдениеттің дамуы
Алматы қаласында Мемлекеттік Жастар саясаты
Менеджментгің басты ерекшелігі банк жүйесі шеңберіне банктік процедураларды ұйымдастырудың және экономикалық процестерді басқарудың бірегей технологиясын дамыту
Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
Шағын және орта бизнестің дамуының экономикалық мазмұны
Коммерциялық кәсіпкерлік
Коммерциялық емес заңды тұлға
Пәндер