Капитал тартудың көздері мен әдістері


Капитал тартудың көздері мен әдістері
Кәсіпорынның (корпорацияның) қаржылық саясатын жүзеге асыру мен ақша айналымын басқаруда маңызды ролді фирмаішілік қаржылық жоспарлау алады. Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезінде қаржылық жоспар (бюджет) өндірістік және коммерциялық қызметті реттеудің маңызды құралы ретінде қалыптасып қалды. Қаржылық жоспарларды (бюджеттерді) жасақтауға кіріспес бұрын, ағымдағы (операциялық) және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін, капитал тартудың әдістері мен көздерін анықтап алған жөн.
Кәсіпорын басшылығының алдында тұратын бірінші сұрақ: жоспарланған жобаның (бағдарламаның) жүзеге асуы үшін қандай құралдар қажет?
Екінші сұрақ: қаржы құралдары қандай көздерден және қандай формада алынады?
Үшінші сұрақ: салынған құралдардың қайтарымын және инвестордың табыс алуын қашан күтуге болады?
Бірінші сұраққа, шығындар мен табыстар бейнеленген кәсіпорынның қаржылық жоспарынан (бюджет) жауабын іздеуге болады. Бюджет - бұл кәсіпорынның болашақ операцияларына жоспарлау мен бақылаудың құралы болып табылатын қаржылық құжат. Бюджеттің болжамдың бөлімдерін анықтаудың негізі болып кәсіпорынның дамуының көзделген стратегиялық мақсаттары мен оларға қол жеткізудің әдістері табылады. Бюджеттің табыс бөлігінің болжамдары табыстың барлық мүмкін көздерінің есебімен құрылады: жеке, заемдық және тартылған. Тәжірибеде түсірілген өнімге (не көрсетілген қызметке) төлемдердің кешіктірілуі жағдайлары жие кездеседі. Осындай жағдайларда есептік бюджеттің табыс бөлігі төмендейді. Сондықтан да бюджет тапшылығын болдырмау үшін оның кірісі мен шығысын әрдайым қайта қарастырып отырған жөн.
Екінші сұрақтарға жауап беру үшін, корпорацияның жеке көздерден, тартылған көздерден не осы екі көздердің бірігуінен қаржыландырылатынын анықтап алған жөн. Заемдық құралдардың есебінен қаржыландыру ( құнды қағаздардың эмиссиясының қоса алғанда), рентабелдік талабында кәсіпорын өндірісінің кеңеюімен байланысты жобалар үшін тән. Бір жағынан, мұндай кәсіпорындардан банктер несие үшін жоғары төлемді талап етпейді, өйткені салымның тәуекелділігі де төмен. Екінші жағынан, несиенің материалдық қамтылуы болып активтер табылады (егер олар ликвидті болса) .
Тек өз күшіне сену көбіне қаланған нәтижені бермейді, әсіресе ірі көлемді инвестициялық жобаларды жүзеге асырған кезде. Сондықтан да өз жобаларын жүзеге асыру үшін бөтен инвесторлар мен кредиторлардың қаржы ресурстарын тартқан жөн.
Үшінші сұрақтарға жауап беру үшін, ірі инвестициялық жобаның бизнес жоспарларында ұзақ мерзімді инвестицияның көлемін, табыстылығын және сатылу мерзімділігін бағалауға мүмкіндік беретін, арнайы есептемелерді де қосу қажет. Олардың сатылуының есептемесі үшін негізгі формулаларды келтіріп өтсек:
Р и = БП(ЧП) /И *100; Т ок = И/ БП(ЧП) ;
Р иб = БП(ЧП) /СК+ДО*100; Т окв = СК+ДО/БП(ЧП)
Мұндағы Р и - инвестицияның рентабелділігі, %
БП(ЧП) - бухгалтерлік не таза пайда.
И - капитал салымы түріндегі ұзақ мерзімді инвестицияның жалпы көлемі.
Т ок - ұзақмерзімді инвестицияның сатылу кезеңі, жыл.
Р иб - квартал (жыл) соңына бухгалтерлік баланс бойынша ұзақ мерзімді инвестицияның рентабелділігі, %.
СК- жеке капитал
ДО- ұзақ мерзімді талаптар.
Т окб - бухгалтерлік баланс бойынша ұзақмерзімді инвестицияның сатылу кезеңі.
Сонымен, кәсіпорынды қаржыландыру көздерін таңдаған кезде:
- ұзақмерзімді және қысқа мерзімді капиталдағы қажеттілікті анықтап алу қажет;
- көлемі мен түрлері бойынша оптималды құрылымды анықтау мақсаттарына активтер мен капитал құрамындағы мүмкін өзгерістерді талдау қажет;
- ұдай төлем қабылеттілігін, соған сәйкес қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- жеке және заемдық құралдарын барынша пайдалы пайдаландыру;
- шаруашылық қызметті қаржыландыру бойынша шығындарды төмендету.
Қаржылық және инвестициялық жоспарлардың болуы келесілердің есебьімен кәсіпорынның қаржы ресурстарының көлемін анықтауға мүмкіндік береді:
- оның басшылығының компетенциялары;
- салықтық заңнама мен оның компания табыстарына әсері;
- мемлекеттің қаржы-несиелік саясаты;
- баланыс пассивтеріндегі жеке және заемдық құралдырының қатынасы;
- сатылудың әртүрлі нұсқаларының барысында ағымдағы инвестициялық қызмет шығындары.
Қазақстан кәсіпорындары қаржыландыру көздері екіге бөлінеді: ішкі (жеке капитал) және сыртқы (заемдық не тартылған капитал) .
Ішкі қаржыландыру - бұл жеке құралдарды пайдалану, ең алдымен таза пайда мен амортизациялық аударымдар. Белсенді өзін өзі қаржыландыру кезінде, кәсіпорынның пайдасы бюджет жүйесіне салық төлеу үшін, эмитент акциялары бойынша дивидендтеріне, негізгі корлар мен материалдық емес активтерін кеңейтуге, айналым құралдарын толтыру және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жеткілікті болуы керек.
Белсенсіз (жасырын) қаржыландыру кезінде, кәсіпорынның балансында бейнеленбейтін, резервтік қаражатттарға салымдары төмендететін, меншікке төмен баға берудің кесірінен қосымша көздер пайда болады.
Жасырын қаржыландырудың көздері келесілер:
- таза айналым капиталы;
- бағалық резервтер;
- табысты төлеу бойынша қатысушыларға қарыз;
- болашақ кезеңдерінің табысы;
- келешек шығындарының резервтері;
- жеткізушілерге қарасты мерзімі асып кеткен қарыз және т. б.
Өзін-өзі қаржыландырудың өзіндік артықшылықтары бар:
- Жеке капиталдың таза табысының қосымша құрылғандығының есебінен кәспорынның қаржылық тұрақтылығы артады.
- Жеке құралдары құрылуы жыл барысында тұрақты болады.
- Сыртқы қаржыландыру бойынша шығындар азаяды.
- Қосымша инвестицияның есебінен кәсіпорынның дамуы бойынша басқару, шешімдерін таңдау процесі қарапайым бола түседі, өйткені инвестициялық шығындары жабу көздері алдын ала белгілі.
Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруының деңгейі тек ішкі мүмкіндіктерге ғана емес, сонымен қатар сыртқы ортадан да тәуелді (салық, амортизация, бюджет, кеден және мемлекеттің қаржы-несие саясаты) .
Атап кеткен жөн, өзін -өзі қаржыландыру салық салынатын пайда көлемін заңды әдістермен реттеу үшін мүмкіндіктер туғызады. Ол мыналарға байланысты:
- негізгі құралдар бойынша амортизациялық салымдарының әдісін таңдау (сызықтық әдіс, қалдықты азайту әдісі) .
- Материалдық емес активтердің амортизациясын бағалау тәртібі.
- Материалдарды -өндірістік қорлары есептеу әдісін таңдац (дайындаудың фактілік өзіндік құны бойынша- өндірілген өнімдерінің өзіндік құны төмендейді және салық салу бойынша табыс жоғаоылайды; соңғы сатып алу құны бойынша (ЛИФО әдісі) - кәсіпорынның шығындары көбейіп пайдасы төмендейді; алғашқы саты алу құны бойынша (ФИФО әдісі) -пайда артып, өндірілген өнімнің өзіндік құны кеми түседі;
- Шаруашылық қоғамның (ЖШС, қауымдастық) ажрғылық капиталға қатысушының салымдарын бағалау тәртібі;
- Дебиторлық қарыздың инвентаризациясының нәтижесі бойынша қалыптастырылатын, күмәнді қарыздар бойынша резервтері құру тәртібі; жалпы шаруашылық шығындардың құрамы мен оларды бөлу тәртібі.
Сыртқы қаржыландыру - бұл мемлекеттің, қаржы-несие ұйымының, қаржылық емес компанияның, азаматтардың қаржы құралдарын пайдалану. Жеке құралдар есебінен сыртқы қаржыландыру кәсіпорынның қатысушыныың қаржы ресурстарын пайдалану арқылы жүзеге асады. Кәсіпкерлік қызметтің қаржылық қамтылуының бұл түрі көбінесе көп таңдауға ие болады, өйткені кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді және несиелерін алу талаптарын жеңілдетеді.
Заемдық капитал есебінен қаржыландыру - бұл қайтарымдылық және төлем талаптарына кредиторлардың қаржы құралдарын ұсынуы. Мұндай қаржыландыру қарыз алушы мен қарыз беруші арасындағы қарапайым несиелік қарым қатынасты білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz