Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау



Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3.4
1. Шетел құқығын түсінудің жалпы мәселесі ... ... ... 5.9
2. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау ... 10.14
3. Шетел құқығына түсінік беру және қолдану ... ... .15.20
3.1. Интерлокалды және интерперсоналды коллизиялар.20.23
3.2. Өзара түсіністік ... ... ... ... ... ... ... ...23.29
4. Кері сілтеме жасау және үшінші елдің құқығына сілтеме жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30.37
5. Шетел құқығын қолдану шегі ... ... ... ... ... . 38
5.1. Жария тәртіп туралы ескерту ... ... ... ... ... 38.41
5.2. Императивтік нормаларды қолдану ... ... ... ..41.46

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47.50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ..51.54

Жоспар:

Кіріспе ___________________________________ ___________ 3-4
1. Шетел құқығын түсінудің жалпы мәселесі ____________5-9
2. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау____ 10-14
3. Шетел құқығына түсінік беру және қолдану_________15-20
1. Интерлокалды және интерперсоналды коллизиялар_20-23
2. Өзара түсіністік_________________________ ______23-29
4. Кері сілтеме жасау және үшінші елдің құқығына сілтеме
жасау______________________________ ____________30-37
5. Шетел құқығын қолдану шегі_____________________ 38
1. Жария тәртіп туралы ескерту___________________ 38-41
2. Императивтік нормаларды қолдану______________41-46

Қорытынды__________________________ _______________47-50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі______________________51-54

Кіріспе
Азаматтар мен заңды тұлғалар қатысатын, халықаралық қатынастың
әр алуандық формалары, халықаралық жеке құқықтың механизмдері мен
институттарын, олардың қазіргі заманға сай және тиісті қолдану
қажеттілігінің толық жетілдіруін қажет етеді. Халықаралық жеке
құқықтың құралдарына қарасақ, ол Қазақстан және шетел заңдырының
қақтығыстырын алдын алуды мақсат етіп отыр.
Бүгінгі күндері халықаралық жеке және басқа да құқық
салаларының шекараларында шетелдіктердің құқықтық жағдайы, сыртқы
сауда әрекеті, шетелдік инвестициялар, интелектуалды меншік тәріздес
шиеленіскен провлемалар туындап отыр.
Егер әр түрлі құқықтық жүйеден шығатын, бір немесе бірнеше
заңдар қатар сол бір құқықтық қатынасты реттеуге үміттенген жағдайда
ғана коллизиялық заңдар пайда болады. Алдымен осы заңдардың
қайсысы осы құқықтық қатынастың қолданылуына жататыны анықтау қажет.

Азаматтық немесе сауда құқығы сияқты, ұлттық құқықтың
салалары, қарапайым жағдайлар жөніндегі істер мен болады. Белгілі
бір құқықтық қатынасты реттеуге қолданылатын, ішкі мемлекеттік
құқықтық ережелер жиынтығын табу жеткілікті болып табылады. Егер де
құқықтық қатынас бір немесе бірнеше шетел элементімен байланысты
болса, ол бірнеше құқықтық жүйемен байлануда, осыдан кейін таңдау
проблемасы туындайды. Қолдануға үміткер, жүйе арасынан, біреуін
таңдау қажет болып табылады.
Осы таңдау қалай болса солай емес және ол тараптардың еркіне
де, соттың еркіне де байланысты емес. Халақаралық жеке құқықтың
мақсаты халықаралық жеке құқықтық қатынастарды реттеу болып
табылады. Әр түрлі құқықтық жүйеге қатысты, бірнеше заңдар
қақтығысып жатады. Бұл жерде осылардың бірнешеуінің біреуіне
пайдасына қалай болса солай жоққа шығару шешімі болып табылмайды,
ал бұл жерде халықаралық құқықтың миссиясын растайтын – сот
ынтымақтастығының және халықаралық құқықты қамтамасыз ету болып
табылады.
Халықаралық жеке құқықтың өзінің түсінігі мен мақсаты бола
тұра, сонымен қатар өзінің әдісін қолданады.
Осы коллизиялық әдіс, коллизиялық нормалармен негізделеді – сот
елінің құқықтық нормасымен қазіргі уақыттың даму кезеңіндегі, барлық
мемлекеттерге міндетті болып табылатын нормалардың халықаралық
жалғанның жеке құқығы қызмет етпейді.
Әр мемлекетте өзінің халықаралық жеке құқығы болады және
сонымен қатар өзінің коллизиялық нормалары бар. Сондықтан көп
жағдайларда сол бір дау, қай елдің сотында қарастырылғанына
байланысты әр түрлі болып шешіліп жатады.

1. Шетел құқығын түсінудің жалпы мәселесі
Коллизиялық нормалардың қолдану тәртібі мемлекеттік ішкі құқықтық
нормасын қолдану процесінен айтарлықтай өзгерістері бар. Осы процесстің
қиыншылығы яғни осы нормаларды қолданар кезде қзінің қолдану кезеңі мен
айырмашылық шегі бар, әр түрлі құқықтық жүйенің өзара іс-әрекеттестігі
болады.
Бірінші кезеңде осы жағдайда коллизиялық норманың қолданылуы тиіс па,
соны анықтайды, егер де қолданылуы тиіс болса онда ол қай елге сілтеме
жасап жатыр. Екінші кезеңде осы коллизиялық норманың сілтеме жасаған сол
елдің құқығы қолданылуы болады. Егер бірінші кезеңде коллизиялық норманы
қолдану болса онда екіншісінде материалдық құқық немесе отандық, немесе
шетелдік норма қолданылады. Осы жердегі екінші кезеңде жария тәртіп туралы
құқықтық мәселелерді шешуге және тануға және де шетел құқығының мазмұнын
анықтауға тиіс.
Осы екі кезеңде халықаралық жеке құқық шеңберінде болатын құқық
қолданушылық процедура болып табылады.
Коллизиялық нормаларды қолданар кездегі басшылыққа алатын бір нәрсе
ол шетелдік өз елінің азаматынан гөрі құқықтық артықшылығы болуы болмайды.
Бұл ереже әр елдердің халықаралық байланыс процессіндегі жеке және заңды
тұлғалардың теңдігіне негізделіп құрылған. Басқа сөзбен айтқанда,
халықаралық жеке құқықтағы субъектілердің өзара қатынастарында құқық
қолданушылық практика процессінде өзара түсіністік болжамдалады. Бұл өзара
түсіністік материалды және сонымен қатар формалды болуы да мүмкін.
Материалды өзара түсіністік бұл құзіреттіліктің мөлшер теңдігін білдіреді.
Формалды өзара түсіністік бұл шетелдіктерге өз елінің ұйымдары мен
азаматтарының құқықтарын сол күйінде өздеріне ұсынуды болжамдайды. Әр
елдің әр түрлі құқықтық жүйесінің өзгеруіне байланысты материалды өзара
түсіністікті қамтамасыз ету әр қашан мүмкін болып отырған жоқ, сондықтан
формалды өзара
түсіністікті қамтамасыз етуге әрекет етеді.
Халықаралық жеке құқықтық аспектілерін реттейтін халықаралық келісім
шарттардың ұқсас бірдей әрекеттері жоқ: келісім шарттың біреуін өзара
түсіністік принципін жоққа шығарады, басқалары оның айналымын қолдайды, ал
үшіншісі осы мәселеге байланысты ешқандай нұсқаулар жоқ. 1993 жылғы
экономикалық ынтымақтастық туралы Қазақстан-Египет келісімдерін зер қойған
дұрыс шығар деп ойлайсың, яғни ондағы әр баптың өзара түсіністік принципі
жол тауып отыр.
Коллизиялық норманың оған сілтеме жасауына байланысты басқа
мемлекеттің шекарасындағы шетел заңын қолданар кезде өзара түсіністік
туралы мәселе туындайды. Бұл дегеніңіз алдымен сол мемлекеттің
шекарасындағы қолданған заңды және жеке тұлғаларға коллизиялық сілтеме
қолданған сондай құқықты мемлекет мемлекет мүмкіндік беруін тану
қажеттілігін білдіреді.
Басқа мемлекеттің заңды тұлғаларын және азаматтық құқықтарын жауапты
шектеулер мүмкіндігі бар, егер соңғысы бірінші мемлекеттің заңды және жеке
тұлғалардың құқықтарына шек қоюына мүмкіндік берсе.
Дау мамандығы әдетте коллизиялық жалғаудың көмегімен шешіледі, яғни
оны сот заңы (lex fori) бойынша мамандандыру деп атайды. Бұл жерде сот
немесе орбитраж әр түрлі коллизиялық нормалардың түсініктемелері мен
қақтығысып отырады, осы елдің азаматтық заңнамаларының түсінігі бойынша
түсініктемелерді мамандандырады.
Шетел заңы сол немесе басқа мемлекеттің шекарасында әрқашан қолданыла
бермейді, өйткені онда жария тәртіп түсінігі қызмет етеді. Жария тәртіп
туралы ескерту шетел мемлекеттерінің заңдарын қолдануды шектейтін, немесе
осы мемлекетте белгіленген, жария тәртіпке қарсы келетін шетел мемлекетінің
құқығын қолдану кездегі, шетел мемлекеттерінің заңдарын қолдануын
шектейтін, өзінше қорғаушы клапан ретінде қызмет етеді.
Халықаралық жеке құқық шеңберіндегі тәжірибелерге көз салсақ, жария
тәртіп туралы ескерту азаматтық процес мәселелері бойынша да қолдана
бастады. Бұл дегеніңіз құжаттарды тапсыру, куәгерлерден жауап алу және тағы
басқа процесуалды іс-әрекеттер осы елде мүмкін, бірақ жария тәртіп туралы
ескерту қолданылуы мүмкін, егер тапсырылған құжатта немесе мәлімдемеде
куәгер айтқан мемлекеттік немесе әскери құпия болса, өйткені бұл осы елдің
қауіпсіздігі мен мүделеріне нұқсан келтірді.
Көптеген елдерде мысалы, ГФР сот өз инициативасымен шетел заңын
қолданып және оның мазмұнын анықтай алады, егер де шетел заңы дұрыс
қолданбаса, бұл сот шешімін қайта қарауға негіз болмайды. Бірақ
Қазақстан мен Ресейде шетел заңын дұрыс қолданбаса оны қайта
қарауға негіз бар. Қазақстан заңнамаларында жария тәртіп туралы
ескерту қатынастары әлі толық қалыптасып біткен жоқ.
Шетел заңы Қазақстан шекарасында қолданылуы мүмкін емес, егер
осы қолдану республикада белгіленген жария тіртіпке қарсы келетін
болса, сондықтан қажет болған жағдайда республика азаматтық құқықтағы
құқықтық тәртіппен жеткен нормаларды басшылыққа алады.
Жалпы ойға кеклктін болсақ, сот әдетте, өзінің ұлттық құқығын
қолданады. Сот шетел заңы күшімен пайда болған, құқықты мойындай
отырып, ол шетел құқығын мойындамайды, ал ол белгілі бір шетел
заңының әрекеттерінен пайда болатын, субьективтік құқықты мойындайды.

Сол немесе басқа шетел құқықтық нормасын дұрыс қолдану үшін,
алдымен осы нормалардың мазмұнын анықтау қажет. Бүгінгі күні осы
шетел құқығының қолданылуына қызығушылық білдіріп отырған және сотта
өзінің әділдігін дәлелдеуші, тараптар және соттың өзі шетел
заңының мазмұнын анықтайды. Сот шетел құқығының мазмұнын анықтауға
міндетті, сонымен бірге ол процеске қатысушылардың дәлелдемелерімен
шектеліп қалуына болмайды және де дауда тараптар сілтеме жасаған
сол немесе басқа да шетел заңының болуына өзі көз жеткізуі
керек, сонымен қатар басқа да шетел мемлекеттерінен немесе
қажетті заңдардың тексттерін әділет министірлігі арқылы сұрату
қажет.
Шетел құқығы өз елінде қалай қолданылса, солай қолданылуы
қажет және өзі шыққан елінде қалай түсінік берілсе оған солай
түсінік берілуі тиіс.
Қазақстан соты шетел заңын қолдануы тиіс, егер бұл қажеттілік
істі қарастырудың мазмұнынан шығып жатса; сонымен қатар тараптар
шетел заңына сілтеме жасады ма жоқ па, немесе олар шетел заңының
қолданылуына өтініш жасады ма жоқ па, оның маңызы жоқ.
Қазақстан соттары шетел заңының қолданарда, осы заңның қабылданған
елде түсінік беру және қолданып жатса, сол қалпында оған түсінік
беріп және қолдану қажет. Осындай тәртіп Қазақстан Республикасының
Сауда - Өнеркәсіптік Палатасының Арбитражды сотына да таралады.
Сот отырысындағы дауды реттеу мүмкіндігімен шетел заңының жоқ
болуына байланысты сотқа қандай шаралар қолдану мәселесі
туындайды. Бұл жағдайда Lex fori (сот заңы) қолдану мүмкіндігі
пайда болады.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерге байланысты бірнеше қорытынды
жасауға болады. Негізі халықаралық жеке құқықтың, барлық
мемлекеттерге ортақ халықаралық жария құқықтан айырмашылығы ол әр
мемлекеттердің ұлттық құқық шеңберінде қызмет етеді. Қазақстанның
халықаралық жеке құқығы, Ресейдің халықаралық жеке құқығы және
тағы басқалары. Әр мемлекеттірдің азаматтық құқығ
ында бірдей немесе жақын тәртіптер мен ережелер кездесіп жатады.
Сонымен қатар жеке құқық азаматтық құқықтың бөлімі болып
табылмайды, ол ішкі мемлекеттік құқықтық жүйеде өз орнын тауып отыр
және өзінің пәнімен әдісін реттейтін өзін - өзі басқару саласы
болып табылады.
Халықаралық жеке құқық өзіне нормалардың екі түрі кездеседі.
Ол: коллизиялық ішкі және келісімді және үндестірілген материалды
азаматтық құқық. Тек осылар ғана халықаралық жеке құқықтың пәні мен
әдісіне жауап береді.
Коллизиялық нормалар жүйесімен ажыратылады. Коллизиялық норма
жүйесіне себепші болған: 1) осы нормаларға әсер ететін, біркелкі
қатынастар ерекшелігі (шетел элементімен қиындатылған азаматтық
құқықтық характердегі қатынастар); 2) олардың жалпы міндетті
(коллизиялық проблемаларды жеңу); 3) жалпы әдіспен қатынастарға әсер
ету (реттеу әдісі); 4) басқа құқықтық нормалар құрылымынан
ажыратылатын коллизиялық норманың біртұтас құрылымы.

2. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау.
Колллизиялық норма шетел заңына (құқықтық жүйесіне) сілтеме жасар
жағдайларда соттың немесе арбитраждың алдына сұрақ туады, шетел құқығы
нормаларының мазмұнын қалай анықтау?
Осы фактілі жағдайдағы маңызды дауды шешуді анықтауға қолданылатын
процессуалды ережелерді басшылықа алу керек па, немесе әңгімі құқықтық
норманың мазмұнын анықтау болды ма, деген ерте заманнан бері дау болып
келген еді. Оның айырмашылығы ол соттың өзінің шешіміне негізделген
құқықтық норманың білуі қажет және оның мазмұнын анықтауға шара қолдануға
міндетті. Осы уақыттағы фактілі жағдайдағы қатынастарда әр тараптар өзінің
талап тарына негіздеген немесе басқа тұлғаның талаптарына қарсы
қарсылықтарын фактілі дәлелдеме ауыртпалығын өзі тартады.
Соттың отандық коллизиялық нормаға сілтеме жасайтын шетел құқығының
мазмұнын анықтауға о бастан білу міндетті емес. Егер коллизияның мәселесі
шешілсе және шетел құқығының қолдануына жатса онда сот ұйғарымының
мазмұнын анықтау керек. Өзінің талаптары мен қарсылықтарын шетел құқығының
нормасына сілтеме жасауды негіздеген тараптарға емес, тек сотта ғана
міндеттеменің мазмұнын анықтауды өзгертуге болады. Сондықтан да сот өзінің
инициативасымен және заңмен жүктелген, міндетті күшінен шетел құқығының
нормасының мазмұнын анықтайды.
Шетел құқығының мазмұнын анықтауға өзінің мақсаты бар, ол Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттары мен заңдары міндеттейтін істерді
қарастырудағы маңызды фактілі жағдайлардың табылмауына яғни шешімдердің
қабылдануындағы нормативті құқықтық негізді табу болып табылады. Басқа
сөзбен айтқанда Қазақстан соттарында шетел құқығы істерді қарастырудағы
маңызы бар басқа жағдайлармен бірдей дәлелдеуге жататын жағдай ретінде
емес. Ол құқықтық категория ретінде қарастырылады.2 Қазақстан
Республикасының АК 1086 бапта шетел құқығын қолданған кезде сот оның
нормаларының мазмұнын олардың ресми түсіндірілуіне, қолданылу практикасына
және тиісті шет мемлекеттегі доктринаға сәйкес анықтайды.
Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау мақсатында сот жәрдем және
түсінік алу үшін Қазақстан Республикасының әділет министірлігіне және
Қазақстан Республикасының өзге де құзіретті органдары мен мекемелеріне,
соның ішінде шетелдерде орналасқандарына белгіленген тәртіппен жүргізілуі
не сарапшылар тартуы мүмкін.
Іске қатысушы тұлғалар өз тараптарын немесе қарсылықтарын негіздеуде
сілтеме жасаған шетел құқығы нормаларының мазмұнын растайтын құжаттар табыс
етуге және осы нормалардың мазмұнын анықтауда сотқа өзге де түрде
жәрдемдесуге құқылы.
Егер қатысушы тұлғалар өз талаптарын немесе қарсылықтарын негіздеуде
сілтеме жасаған шетел құқығы нормаларының мазмұнын растайтын құжаттар табыс
етуге және осы нормалардың мазмұнын анықтауда сотқа өзге де түрде
жәрдемдесуге құқылы.
Егер осы бапқа сәйкес қолданылған шараларға қарамастан, шетелдік
құқық нормаларының мазмұнын орынды мерзімдерде анықтамасы, Қазақстан
Республикасының құқығы қолданылады.3
Шетел құқығының мазмұнын анықтауға заң шығарушыларғы ұсынылған
негізгі талаптар ол азаматтық кодекстің 1086 бабында және Қазақстан
Республикасы отбасы және неке туралы заңда көрсетілген. Бұл ережелер
негізінен ұқсас бірақ басқа да өзгерістері бар.
Бірінші кезектегі болып табылатын шетел құқығын өз отанында қалай
қолданылады, сол қалпында қолдану міндетті. Шетел құқығының нормасын
қолданушы орган ресми талқылауға сәйкес, қолдану практикасына және шет
мемлекеттің доктринасына сәйкес оның мазмұнын анықтайды.
Шетел құқығының нормасының мазмұнын анықтау мақсатында сот және басқа
да оны қолданушы орган Қазақстан Республикасы әділет министірлігінен
түсіндіруді және көмек сұрауға немесе басқа да құзіретті органдардан немесе
Қазақстан Республикасының мекемелеріне және басқа шекарадан әрі эксперттер
тартуға құқылы.
Егер де шетел құқығының нормасының мазмұнын қолданылған шараларға
қарамастан анықтамаса онда Қазақстан Республикасының құқықтық нормасының
қолдануына жатады.
Шетел құқығының мазмұнын анықтауға ұқсас тәртіп ол ТМД елдеріне
арналған азаматтық кодекс моделінде көрсетілген. Яғни онда шетел құқығының
мазмұнын анықтау уақытында саналы уақыттарда моделімен қанағат етіледі.
Қазақстан Республикасының шарттарын немесе басқа да қолданысқа
жататын заңдарын, шетел құқықтық нормасын бұзғаны немесе дұрыс қолданбаған
жағдайда қандай шаралар қолдануы мүмкін деген сұрақ тууы мүмкін . ондай
жағдайларда шетел құқықтық нормасын бұзғаны немесе дұрыс қолданбаған
жағдайда кассациялық тәртіпте шешімді өзгертуге негіз бар жағдайда
қарастыруы мүмкін.
ГФР заңнамаларында сотқа белгісіз шетел құқығының мазмұнын анықтауға
тараптардың ұсынған дәлелдемелерін шектемей-ақ басқа қайнар көздерді
тартуға және басқа да шаралар қолдануға сотқа уәкілеттілік берілген. Шетел
құқықтық нормаларының мазмұнын анықтау ех officio Венгрияның, Австралияның,
Туркияның, Италияның халықаралық жеке құқық туралы заңдарында
қарастырылады.
Щвейцарияның халықаралық жеке құқық туралы заңдарында шетел құқығының
мазмұнын анықтауға сотқа жүктейді, сонымен қатар соттың тараптардан жәрдем
сұрауға мүмкіндігі бар. Мүліктік талаптарды қарастыруда шетел құқығының
мазмұнын дәлелдеу тараптарда жүктелуі мүмкін.
Француз соттарында шетел құқығының нормасын дәлелдеу ауыртпалығы
тараптарға жүктеледі, сонымен қатар соттар шетел құқығының нормасының
мазмұнын танымаса да өз инициативасымен қолдана алады.
Шетел құқығының мазмұнын қорлданудағы ерекше мәселелері көптеген
елдердің істеріне практикасында пайда болған яғни осы мәселемен байланысты
мұрагерсіз қалған мүліктің мәселесі жайында сұрақтар туындаған. Дерлік
көптеген елдердің заңнамаларында қарастырылуы бойынша егер заң бойынша да,
өсиет бойынша да мұрагер болмаса онда өлген адамның мүлігі мемлкетке өтеді.
Бір мемлекеттерді бұндай мүліктің мемлекетке өтуін басқын иессіз мүлік
ретінде анықтайды (Мысалы) Франция, Австрия), ал басқа елдерде (ГФР,
Италия, Испания және т.б) осы жағдайға байланысты мүліктің мемлекетке өтуін
мұрағерлік құқық бойынша белгілі заңнамалары мен қарастырылады.
Көптеген елдердің соттары шетел элементімен қиындаған және
коллизиялық мәселелер туындаған бірнеше істерді қарастырған. Мысалы
ағылшынның соты (1954 ж) мұрагерліктің домицили заңына бағыныңқы қозғалатын
мүліктің мұрагеріне қатысты өзінің коллизиялық нормасын қолданар кезде
өлген адамның Испанияда домициленген мұрасыз қалдырған Англиядағы ақшалай
қаражатын Испан заңдарына сәйкес Испан үкіметіне өтуін қарастырады, яғни
мұрасыз қалдырған мүліктің мұрагерлікке қатысты заңға сәйкес мемлекетке
өтуі тиіс деп шешті. Басқа да 1936 жылғы шешімдерде ағылшын соты Англияда
қалған мұрагерсіз мүлікті түрік заңын қолданарда мүлікті иесіз деп тапты.
Яғни түрік заңдарына сәйкес бұндай мүлік қарастырылды. Шетел мемлекеттеріне
қатысты иесіз иесіз қалған мүліктің
басқыншылықтың пәні ретінде қызмететілуін міндетке ала отырып сот осындай
құқықтық басқыншылықты Британия қазынасына анықтады.
Франция, Англия және АҚШ-та қолданысқа жататыншетел құқығын дауды
шешуге фактикалық жағдай ретінде қарастырады. Англо-американдық құқық
елдерінде шетел құқығының мазмұнын анықтауға дәлелдемелік құқық
принципін қолданады.
Егер коллизиялық норма шетел құқығына сілтеме жасарда өз дәлелін
тапса, онда келесі екі қорытынды болуы мүмкін:
а) ағылшын соты Британ құқығына сәйкес дәлелденбеген мазмұнының
презумпциясынан шығады.
1. ә) АҚШ соттарының позициясы белгілі, бірақ көптеген жағдайларда соттар
ұқсас презумпциясына көрсетілгені қолданылады. Егер де талаптар немесе
талапқа қарсы қарсылықтар басқа елдің заңына негізделсе онда осы заңның
дәлелденбегеніне талаптың қабыл алынбауы мүмкін. АҚШ бірнеше штаттарын
осы тәртіпке байланысты өзгерістер енгізілген: сот дәлелденбеген заңға
бәріне белгілі факт ретінде қарастыруы тиіс, егер тараптар заңға негізделсе
онда сот осы мәселеге байланысты инициатива көтеру керек.

______________

3. Шетел құқығына түсінік беру және қолдану
Коллизиялық нормаларда қолданар кезде басқа да құқықтық нормалар сияқты
оның мазмұнын ашу үшін және танып білу үшін оған түсінік беруге жатады.
Коллизиялық нормаға түсінік беру кезде халықаралық жеке құқықтың
спецификалық белгілерін көрсететін бірнеше қосымша құқықтық мәселелер пайда
болады.
Коллизилық норманың байланысында бірнеше терминдер бар: тұлғаның
тұрғылықты жері (домицили), заңды тұлғаның мекеме жері, заттың
табылған жері, мәміленің жасалған жері, құқық бұзушылықтың орын алған
жері және т.б. Коллизиялық нормалардың көлемі терминдер арқылы
белгіленеді әрекет қабілеттілік, мүліктік меншік, келісім шарттағы
міндеттемелер, құқық бұзушылықтағы міндеттілер, мерзімі өткен іс және
т.б. Көрсетілген терминдердің және оларға келтірілген түсініктер
мемлекеттің құқықтық жүйесіндегі ішкі мемлекеттік мазмұнға ұқсас бола
бермейді.
Ең бастысы әр түрлі әлеуметтік экономикалық құрылысы бар елдердің
аттас құқықтық институттары мен ажыратылады: социализм және капитализм
елдерінің құқықтық консепциясының терең өзгерістерін көрсету жеткілікті.
Бірақ капитализм елдерінің аттас құқықтық категорияларының арасында да
сонымен қатар англо- американдық жалпы құқық институттарын континенталды
Еуропа елдерінің азаматтық құқық институттарымен салыстыру ерекшеліктерінде
айтарлықтай өзгешеліктер бар. Олардың айырмашылығы жалпы құқық және
контименталды құқықта материалды құқық және азаматтық процесс әртүрлі болып
шектелген.
Осы мемлекеттер мен бірге бірнеше аттас құқықтық концепциялардың
айтарлықтай өзінің ерекшеліктері бар. Мысалы, Англия және Жапонияда
мәміленің жасалған жері болып акцептің жіберген жері саналады, ал көптеген
басқа елдерде-мұны қабыл алған жері саналады; бір мемлекеттерде құқық
бұзушылықтың жасалған жері болып зиянды іс-әрекеттердің жасалған жері
саналады, ал басқаларда – осы іс-әрекеттің нәтижесі болған жері саналады
(Мысалы, жәбірленушінің өлімі).
Өткен ғасырдың аяғындағы Батыс Еуропалық құқықтанушылар (Германиядағы
– Кан және Франциядағы - Бартэн) басында өзіне назар аудармаған бір
құбылысты көрсетті. Кан оны жасырын коллизия деп атап өтті, ал Бартен -
мамандық дауы деді. Әр елдің коллизиялық нормалары бірдей терминдермен
өзінің жағдайын білдіріп тұрса да, дегенмен де маманды даудағы мәселені
туғызатын жасырын коллизиялар бар дегенге қос авторда осындай қорытындыға
келді.
Коллизиялық нормалар ұлтты әр мемлекет өзінің коллизиялық құқық жүйесі
бар болған мағынадай емес, -олар мазмұны мен ұлтты, олардың әрқайсысы
өзінің жеке азаматтық құқық, өздерінің азаматтық кодекс терминдерімен және
түсініктемелері мен пайдаланады; осы жағдайларда тек сөздік айтылулар ғана
бірегей, бірақ басқа елдердің коллизиялық нормасының мазмұны емес.
Мамандық дауы көбінесе келесі образдармен шешіледі: сот (арбитраж) өз
елінің коллизиялық нормасын қолданарда осы елдің азаматтық заңнамаларындағы
түсініктемені мазмұнына сәйкес коллизиялық нормаға сүйенетін түсініктемені
мамандырады. Сот заңы (Lex fori) бойынша мамандандыру теориясы Батыстағы
сот практикаларында және әдебиеттерінде үстемдік етуде, бірақ оның көптеген
қарсыластары да баршылық.
Осыған қарсы Вольф-та қарсылық білдірген.1 Ол осы нормаға сілтеме
жасаған (lex causae) сол құқықтың ішіндегі коллизиялық нормалардың белгілі
түсініктемелерге түсінік беруді ұсынды. Бұл ұсыныс дәлелді сынға ұшырады:
ол Вольфтың теориясы логикалық қате тұжырым деп көрсетілген, немесе сол
коллизиялық нормаға негізделгенін әлі анықтау керек. Сол коллизиялық
норманың түсінігі сол құқықтық жүйеге келтірілген түсінік негізін
қабылдауға болмайды.
Халықаралық айналымның келесі құқық танушының көзқарасы қазіргі заман
талабына сай келеді. Ол – Робелдікі ол коллизиялық норманың заңи
түсінігіне сәйкес осы елдің ішкі материалды құқығына тәуелсіз, өзінің
автономды мамандандыру докторинасын сот заңының мамандық теориясын қарама-
қарсы қоюушылардың бірі; коллизиялық норма көптеген елдердің заңнамаларына
сілтеме жасайды және ол өзі қолданатын түсініктерді ашуға әр түрлі ішкі
мемлекеттік жүйенің цивилистикалық түсініктерін талдап қорыту жолымен ғана
мамандандыру дауының проблемасы болмайды, ал коллизиялық норманың оның
көлемі және байланысы түсінік беру мәселесіне жатады.
Сот заңы бойынша мамандандыру теориясы Батыста бірнеше рет қолданылған
болатын сонымен қатарколлизияның социалистикалық елдердің заңдарына сілтеме
жасау мүмкіндігіне қарсы шыққандар немесе шетел құқығын қолданарда отандық
(буржуазиялық) құқықтық концепцияға өз талабын алға қоятын осындай
сілтемелерді аумағын шектеуге тырысатындар да қолданды және де шетел
құқығын қолданудың алғы шарты болып сотзаңының минимум ұқсастығы деп
ұйғарым шығарды.
Осындай негіздерде капиталистік елдердің соттарында социализм
елдерінің капиталистік жеке меншікті ұлттандыру іс-әрекетін мойындауды
бірнеше рет қабыл алмай отырды: сол негізде дамушы мемлекеттерде
өткізілетін шетел монополиялық жеке меншікті ұлттандыру практикалық
бәсекесі әлі жалғасуда. Социалистикалық елдердің ұйымдарына заңды тұлға
түсінігін қолданылмайтын туралы позициялар қозғалған болатын және осы
жолдармен осы ұйымдардың азаматтық құқық субъектілігі өздігінше қарсы
қоюуға әрекеттер жасалатын. Осы негіздерде Батыстың соттары шетел мүлігіне
(банкілік депозиттер) сол социалисті елдің бір ұйымынан басқа ұйымының
талабы бойынша айыппұл салынатын.
Халықаралық жеке құқықтағы кеңес докторинасында әр түрлі социалды
құрылымда әрекет ететін мемлекеттерде меншіктік екі жүйенің теңдігімен
бастамасымен коллизиялық норма заңдарымен қолдануға жіберілгенге сәйкес
принцип бекітілді және теке қана осы принцип Кеңес Констутциясында
көрсетілгендей барлық талаптарға жауап береді. Осы жерден келесі
қажеттіліктер туындайды: кеңестік коллизиялық нома өзінің қолдану шегін
көрсете тұра әр түрлі құқықтық жүйеге бірдей өзінің түсініктеме көмегімен
өзінің жағдайын көрсетіп тұр.
Азаматтық заңнама негізінің 126-бабының айтылуынша мүліктік меншік
құқығы осы меншіктің тұрған елінің заңы танылады. Меншіктік түсінігі әр
түрлі құқықтық жүйеде қолданылуда және де бір аттаспен сәйкес келуі мүмкін
емес. Бірақ ІІ бөлім негізіндегі айтылған меншіктік түсінік оның мазмұнын
және де әлеуметтік қажеттіліктерінің терең өзгерістері бар. Осы негізде
сонымен қатар кеңес құқығының жеке меншіктің пәні бола алмайтын мұралық
ретінде меншіктік құқыққа өтуі мойындалады. Сонымен қатар шетелдегі
объектілерді де (мысалы, жер участкесі).
Азаматтық заңнамалардың негізіндегі 11-13 бабындағы нормаларға
негізделгендей және 2 бөлім 124 - бап негізіндегі нормалары қолданылған
заңды тұлға түсінігі жөнінде ВТАК өз практикасынан шыға әр түрлі социалды
құрылыстары бар ұйымдардың құқық қабілеттілігін анықтаудағы сыртқы
экономикалық байланыс шеңберінде қабылданатын заңды тұлғаның жалпы түсінігі
бар. Кеңес ұйымдарының шекарадағы өздінінше құқық субъектілігін мойындау
осы ұйымдармен орындалған сыртқы сауда мәмілелер қажеттілігі әрқашанда
қарастырылып отырды, сонымен қатар осындай мойындау барлық құқықтық жүйенің
заңды тұлғаның жалпы түсінігін болжайды. Дегенмен де ұлттық құқықтық
жүйенің белгілі реттеу ерекшеліктерін мойындау мүмкіндігі жоқ емес.
ВТАК практикасында сонымен қатар англо-американдық құқықтың қолдану
уақытының ескеруіне байланысты мәселелер қозғалды яғни белгілі мәмілелер
жалпы құқық елінде жасалған болатын. 1967 жылғы ағылшын фирмаларының
арыздарының шешімдерінен Хьюсон, Чэлмен энд Ко Лтд ВО Экспортлес
фирмасына ағылшынның алты жылдық талап арызды уақыты ескіруі қолданылды.
Өйткені мәміле Лондонда жасалған болатын және Кеңес құқығында
көрсетілгендей жауапкердің қарсылықтары үш жылдық талап арыздың мерзімі
өтуіне байланысты қабыл алынбады.
Ағылшын институтының уақыт мерзімінің өтуінің қабылдау кедергісі болып
осы институт ағылшын құқығында процессуалды ерекшелігі бар. ВТАК
түсінігінше осы институттың түсінігіндегі осы белгілі уақыт мерзімінің өтуі
осы құқықтың мәжбүрлеп орындалуына кедергі жасайды.
Азаматтық заңнама негіздеріндегі 126 бапта көрсетілгендей осы
қатынастың тараптары міндеттері және құқық бағынушылығы елдік заңнамаларға
уақыт мерзімінің өтуін қолдану мәселесі көрсетілген.
___________________________________ ____________________
Көріп отырғандай осы тұжырымнан осы көрсетілген жалпы уақыт мерзімі
өту түсінігі шығып отыр. Жалпы түсінік әр коллизиялық нормаға түсінік беру
алғышартының қажеттілігі болып табылады.
Коллизиялық нормаларды қолданудың басқа да мәселелері. Коллизиялық
байланыс құқыққа қандай да бір мемлекетке қосылар да сонымен қатар осы
мемлекеттің заңына сілтеме жасайды. Яғни азаматтық құқықтық заңдардың кіру
уақытының мәселесін реттейді және де фактілік құрамының оның алдында пайда
болған қолданулар туралы да мәселелерді реттейді.
Егер тараптар өздерінің қатынастарын белгілі шетел құқықтық тәртіпке
бағындырылса онда осымен қатар осы құқықтық тәртіптің болашақ өзгерістерін
қолдануға және келісім берулеріне жол беріледі.

1. Интерлокалды және интерперсоналды коллизиялар
а) Интерлокалды коллизия
Бірсыпыра мемлекеттердің шекаралары бірнеше админстративтік
округтерге бөлінген, оның әр қайсысында өзінің заңнамалары бар. Бұл жердің
критериі таза географиялық Италияның орта ғасыр кезеңіндегі,
республикалар деп аталатын әр қалаларында (Венеция, Греция) статут деп
аталатын өздерінің заңнамалары болған. Осығын байланысты Ежелгі Франция
жайында айтуға болады, яғни онда әр провинция өздерінің әдет-ғұрыптарына
бағынған. Бүгінгі күннің өзінде Эльзас және Лотарингии, - герман шығуынан,
құқықтық әрекет етуі Францияның басқа да провинцияларында қолданылатын
құқықтан айтарлықтай өзгерістері бар. Бұл феномен колониялды шекараларда
әрекет ететін, бірдей заңдармен метроломий заңдарының болуы колониялдық
дәуірде байқалған болатын. Колониялар тәуелсіздік алған кезде, өткен
колониялар мен өткен колонияларды державалар арасында қатынастар туындап,
интерлокалды коллизиялар халықаралыққа айналды.
Қазіргі уақытта интерлокалды коллизия әдетте федералды құрылым
мемлекеттерінде пайда болды – Құрама Штаттарда және де Кеңес Одағында
Американ штаттарының әр қайсысында, оларды ол елу, өздерінің жеке
заңнамалары бар, ал сонымен қатар өздерінің халықаралық байланыстары бар.
Сонымен қатар Кеңес Республикасының әр он бесінде ішкі мемлекеттік коллизия
заңдарын туғызатын, өздерінің заңнамалары бар.
Ішкі мемлекеттік және жалықаралық коллизия заңдарының ұқсасты туралы
және сонымен бірге ішкі мемлекеттік коллизиялары халықаралық және құқықпен
реттеледі деп айтуға болады ма? Осы сұраққа қарсы жауап беру керек деп
ойлайсың, өйткені айтарлықтай өзгерістер бар: ішкі мемлекеттік коллизияда
федеральды бірліктен жоғары тұратын (мысалы, АҚШ-тың жоғарғы соты) әр
қашанда өзінің билігі бар немесе ішкі мемлекеттік коллизияны (СССР)
реттейтін заңы
ә) Интерперсоналды коллизия
Интерперсоналды коллизияның интерлокалды коллизиядан айырмашылығы ол
әр түрлі әлеуметтік топтардың болуына байланысты. Яғни бұл жердің критериі
болып шекараның құрамында болушылық емес, ал этникалық топқа немесе дін
тұту болып отыр. Осы типтілік мысал – Оңтүстік Сахара және Таяу Шығыс.
Тәуелсіздікті жаулап алғаннан кейін ғана тек бірнеше африкалық елдер,
Сенгал немесе Рабон сияқтылар өздерінің заңнамаларын бір ізге келтіреді. Ал
басқа колониялды дәуірдегі елдер әр түрлі құқықтық жүйелер өз жалғасын
тапқан болатын. Әрине, осы құқықтық жүйенің болуы интерперсоналды
коллизияның пайда болуына әкеп соқтырады. Негізгі түрі-ол өткен колониялды
державалардың құқықтық нормасын анықтайтын, басқа жақтан қарағанда
жергілікті әдеп-ғұрыптардың азаматтық статусы, қазіргі заманға сай
статусы арасындағы коллизия.
Бұл коллизиялар әр түрлі әдістермен шешіледі. Ал бір мемлекеттерде
дәстүрлі және қазіргі заманға сайекі статустың теңдігі мойындалады. Сонымен
қатар дәстүрлі статустардың өздерінің арасындағы теңдігі. Бұндай жағдай
1960 жылы сенегал Ордонанстың 19 бабында және 3-ші бөлімнің 52 бабында,және
1962 жыфлы нигериялық заңның 54 көрсетілген. Ал басқа колониялды уақыттағы
елдерде жәй құқық қазіргі заманға сай бағынышты болып қалып отыр. Кейбір
елдер әдет-ғұрыпқа жалпы құқық статусын береді және оны қазіргі заманға сай
деп тапты.
Әр түрлі әдет-ғұрыптар арасындағы коллизиялар көп жағдайларды
заңнамалық тәртіпке шешіледі. Осыған мысал болып 1960 ж сенсгал Ордонанстың
16 бабы және 1962 ж малагасий Ордонанстың 6 бабы, ондағы ең маңызды рөл
тараптардың теңдігіне бөлінеді, құқық таңдау персоналды статустан бас тарту
және т.б. Осындай өзгешелік коллизиялық норма сілтеме жасаған құқықты
қолдану тәртібі сотқа қосымша қиындықтар әкеп соқтырады: егер осы елдің
құқығы бір ізге келтірілмесе, сот заңның немесе әдет-ғұрыптың қолдану
қажетілігіне жататынын өзі таңдауы қажет.
Жеке заңдардың көпшілігі жеке статустың болуы емес, ал конфессионалды
статустың Таяу Шығыс елдерінде де кездесіп жатады. Егер коллизиялық норма
осы бір мемлекеттердің құқығын қолдануға нұсқап тұрса, қай заң қолдану
керектігін айтуға болмайды, - осы елдің ішкі құқықтық жүйесін алдын-ала
танып білу қажет. Мысалы, Француз құқығы сияқты құрылған Ливан құқығының
коллизиялық нормасы ұлттық заңның қолданылуын нұсқағанның өзінде ливанцтың
жеке статусы қай қоғамға жататындығына байланысты болады.1

3.2 Өзара түсіністік
Қазақстан коллизиялық нормасы өзара түсіністік пен сілтеме жасаған
шетел құқығын қолдану алдын ала келісім алды ма? Қазақстан соты алдын ала
бет бұрудан бұрын шетел құқығының коллизиялық нормасының ұсынысымен жүруге
белгілі шекарадағы елдерде осы жағдайға байланысты Қазақстан құқығы
қолданылуын анықтау осы жағдайға байланысты соттың шешімі байланысты ма?
Шетел құқығын қолдану керек пе, немесе оны қолдануды қабыл алмау керек пе?
Осы сұрақтың жауаптары нықталған отандық доктринадан және практикадан
бастама алады: коллизиялық нормаға сілтеме жасаған шетел құқығын қолдану
өзінің сөзсіз айырмашылығы бар. Шетел құқығын қолдану мәселесі жөніндегі
алғы шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтық кодекс 1089 - баптың
өзара түсіністік жайлы ережелерінен көре аламыз.
Осы ережелердің бірі мыналардан тұрады: шетел құқығын өзара
түсіністік негізінде қолдану Қазақстан Республикасының заң актілерінде
көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті шет мемелекеттегі ұқсас
қатынастарға Қазақстан Республикасының құқығын қолдануға болатын –
болмайтындығына қарамастан, сот шетел құқығын қолданады.
Егер шетел құқығының қолдану өзара түсіністікке байланысты болса,
өзгеше дәлелденбегендіктен, ол бар деп ұйғарылады.
Халықаралық жеке құқықтағы өзара түсіністік тақырыбы коллизиялық
нормалардың әрекет ету шеңберімен шектеліп қана қоймайды. Ол сонымен қатар
шетелдегі жеке және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтық жағдайларын
белгілейтін яғни барлық ережелердің және материалдық құқықтық бұйрықтарын
қолдану мәселелерін қозғайды. Шетел элементімен қиындаған жеке құқықтық
қатынастар аумағындағы өзара түсіністікке материалды және формалды
өзара түсіністікті ажыратушы арнайы құқықтық институттардың маңызын береді.
Материалды өзара түсіністік сол елге мекендеген шетел азаматтары
мен заңды тұлғаларының заңдылықты беруін білдіреді яғни ол осы шетел
тұлғаларына жататын азамматар мен заңды тұлға елдеріне берілетіне ұқсас
болып келеді. Құқықтық айырмашылықта әрине материалды өзара түсіністіктің
кең қолдану мүмкіндігі шектелуде.
Формалды өзара түсіністік сол елге мекендеген шетелдіктердің
жергілікті азаматтары мен заңды тұлғалардың құқық пен міндеттемелердің
теңдігін болжайды. Халықаралық жеке құқықта формалды өзара түсіністік
негізіндегі шетелдіктердің құқықтық режим анықтамасы бар.
Осы кең аумақтағы азаматтық құқық айырмашылықтар қатынастарын өзара
түсіністікпен ұсыну сөзсіз болып табылады. Бұл дегеніміз шетел азаматтары
мен шетел заңды тұлғаларын ресей азаматтары мен Ресей заңды тұлғалары
сияқты жалпы құқық бойынша құқықтар мен міндеттемелерді тең үлестіру өзара
түсіністікке байланысты емес және де Ресей соты белгілі шетел мемлекетінің
өзара түсіністіктің болуы туралы мәселені талқыға салудың қажетті жоқ. Егер
де РФ халықаралық шарттары мен федерельды заңдарында өзгеше көзделмесе.
Кең мағынадағы өзара түсіністік-ол теңдік негізіндегі қамтамасыз
етілетін және ортақ пайдалы құқықтар мен мемлекеттік мүделер, олардың
азаматтары мен ұйымдарына мүмкіндік беретін, халықаралық ынтымақтастық
бастамаларының бірі болып табылады. РФ халықаралық шарттарының бірінде
өзара түсіністікке азаматтар мен ұйым тараптарының белгілі заңдарын
белгілеу жағдайы міндетті мағына береді.
Өзара түсіністік туралы мәселе бойынша қарсы шектеулер (реторсия) деп
аталатын бір кіріспенің байланысы бар, оның мақсаты өзара түсіністік
принципін қалпына келтіру болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан
Республикасының АК-1093 бапта былай делінген: Қазақстан Республикасының
азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарына арнайы шектеулері бар
мемлекеттердің азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарына қатысты
Қазақстан Республикасы қарсы шектеулер (реторсиялар) белгілеуі мүмкін.
Реторсия деген ол халықаралық құқықтың көзқарасы бойынша басқа
мемлекеттәі дискриминациялық актілер туралы болып отыр. Реторсияға
амалсыздан келетін мемлекеттік ұйымдар және азаматтардың мүделері мен
құқықтарын немесе мемлекеттің өзінің мүделері мен құқықтарын қосқанда
бұзатын актілер туралы болып отыр. Қарсы шектеулер дискриминациялық
актілерге енгізілген барабар шектеулермен бірдей болуы тиіс
Ресей Федерациясының шетелде тұратын РФ үкіметімен бекітілген
отандастарға қатысты мемлекеттік саяси бағыттарының негізі ол отандастардың
құқықтарын дөрекі бұзатын мемлекеттерге қатысты, әлемдік тәжірибеде
қолданылатын және қазіргі заманға сай халықаралық құқықпен рұқсат етілген,
қажетті жағдайларға байланысты белгілі бір шараларды қолдануды қарастырады.
Бұл жерде әңгіме, сауда – экономикалық байланысты қысқарту, кедендік
режимді өзгерту, Ресей шекарасында өз әрекетін жүзеге асыратын, белгілі
мемлекеттердің заңды және жеке тұлғалардың жеңілдіктерін өзгерту болып
отыр.
Ресей мүделерінің оның сауда айналымының және экспорттерінің
айтарлықтай зиян келтіріп тұрған ол Ресей экспорттеріне қатысты шетелдердің
дискриминациялық шараларына байланысты сыртқы рынокты қолдану.

Коллизиялық нормаларды қолданар кездегі басшылыққа алатын бір нәрсе
ол шетелдік өз елінің азаматынан гөрі құқықтық артықшылығы болуы болмайды.
Бұл ереже әр елдердің халықаралық байланыс процессіндегі жеке және заңды
тұлғалардың теңдігіне негізделіп құрылған. Басқа сөзбен айтқанда,
халықаралық жеке құқықтағы субъектілердің өзара қатынастарында құқық
қолданушылық практика процессінде өзара түсіністік болжамдалады. Бұл өзара
түсіністік материалды және сонымен қатар формалды болуы да мүмкін.
Материалды өзара түсіністік бұл құзіреттіліктің мөлшер теңдігін білдіреді.
Формалды өзара түсіністік бұл шетелдіктерге өз елінің ұйымдары мен
азаматтарының құқықтарын сол күйінде өздеріне ұсынуды болжамдайды. Әр
елдің әр түрлі құқықтық жүйесінің өзгеруіне байланысты материалды өзара
түсіністікті қамтамасыз ету әр қашан мүмкін болып отырған жоқ, сондықтан
формалды өзара түсіністікті қамтамасыз етуге әрекет етеді.
Халықаралық жеке құқықтық аспектілерін реттейтін халықаралық келісім
шарттардың ұқсас бірдей әрекеттері жоқ: келісім шарттың біреуін өзара
түсіністік принципін жоққа шығарады, басқалары оның айналымын қолдайды, ал
үшіншісі осы мәселеге байланысты ешқандай нұсқаулар жоқ. 1993 жылғы
экономикалық ынтымақтастық туралы Қазақстан-Египет келісімдерін зер қойған
дұрыс шығар деп ойлайсың, яғни ондағы әр баптың өзара түсіністік принципі
жол тауып отыр.
Коллизиялық норманың оған сілтеме жасауына байланысты басқа
мемлекеттің шекарасындағы шетел заңын қолданар кезде өзара түсіністік
туралы мәселе туындайды. Бұл дегеніңіз алдымен сол мемлекеттің
шекарасындағы қолданған заңды және жеке тұлғаларға коллизиялық сілтеме
қолданған сондай құқықты мемлекет мемлекет мүмкіндік беруін тану
қажеттілігін білдіреді.
Басқа мемлекеттің заңды тұлғаларын және азаматтық құқықтарын жауапты
шектеулер мүмкіндігі бар, егер соңғысы бірінші мемлекеттің заңды және жеке
тұлғалардың құқықтарына шек қоюына мүмкіндік берсе.
Дау мамандығы әдетте коллизиялық жалғаудың көмегімен шешіледі, яғни
оны сот заңы (lex fori) бойынша мамандандыру деп атайды. Бұл жерде сот
немесе орбитраж әр түрлі коллизиялық нормалардың түсініктемелері мен
қақтығысып отырады, осы елдің азаматтық заңнамаларының түсінігі бойынша
түсініктемелерді мамандандырады.
Шетел заңы сол немесе басқа мемлекеттің шекарасында әрқашан қолданыла
бермейді, өйткені онда жария тәртіп түсінігі қызмет етеді. Жария тәртіп
туралы ескерту шетел мемлекеттерінің заңдарын қолдануды шектейтін, немесе
осы мемлекетте белгіленген, жария тәртіпке қарсы келетін шетел мемлекетінің
құқығын қолдану кездегі, шетел мемлекеттерінің заңдарын қолдануын
шектейтін, өзінше қорғаушы клапан ретінде қызмет етеді.
Халықаралық жеке құқық шеңберіндегі тәжірибелерге көз салсақ, жария
тәртіп туралы ескерту азаматтық процес мәселелері бойынша да қолдана
бастады. Бұл дегеніңіз құжаттарды тапсыру, куәгерлерден жауап алу және тағы
басқа процесуалды іс-әрекеттер осы елде мүмкін, бірақ жария тәртіп туралы
ескерту қолданылуы мүмкін, егер тапсырылған құжатта немесе мәлімдемеде
куәгер айтқан мемлекеттік немесе әскери құпия болса, өйткені бұл осы елдің
қауіпсіздігі мен мүделеріне нұқсан келтірді.
Көптеген елдерде мысалы, ГФР сот өз инициативасымен шетел заңын
қолданып және оның мазмұнын анықтай алады, егер де шетел заңы дұрыс
қолданбаса, бұл сот шешімін қайта қарауға негіз болмайды. Бірақ
Қазақстан мен Ресейде шетел заңын дұрыс қолданбаса оны қайта
қарауға негіз бар. Қазақстан заңнамаларында жария тәртіп туралы
ескерту қатынастары әлі толық қалыптасып біткен жоқ.
Шетел заңы Қазақстан шекарасында қолданылуы мүмкін емес, егер
осы қолдану республикада белгіленген жария тіртіпке қарсы келетін
болса, сондықтан қажет болған жағдайда республика азаматтық құқықтағы
құқықтық тәртіппен жеткен нормаларды басшылыққа алады.
Жалпы ойға кеклктін болсақ, сот әдетте, өзінің ұлттық құқығын
қолданады. Сот шетел заңы күшімен пайда болған, құқықты мойындай
отырып, ол шетел құқығын мойындамайды, ал ол белгілі бір шетел
заңының әрекеттерінен пайда болатын, субьективтік құқықты мойындайды.

Сол немесе басқа шетел құқықтық нормасын дұрыс қолдану үшін,
алдымен осы нормалардың мазмұнын анықтау қажет. Бүгінгі күні осы
шетел құқығының қолданылуына қызығушылық білдіріп отырған және сотта
өзінің әділдігін дәлелдеуші, тараптар және соттың өзі шетел
заңының мазмұнын анықтайды. Сот шетел құқығының мазмұнын анықтауға
міндетті, сонымен бірге ол процеске қатысушылардың дәлелдемелерімен
шектеліп қалуына болмайды және де дауда тараптар сілтеме жасаған
сол немесе басқа да шетел заңының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ заңнамасында колданылатын құқықтың орын алуы
Заңды тұлғаның заңы
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Еңбекті қорғау мен еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау мен бақылау бойынша құқықтық қатынастар
Халықаралық жеке құқық
Халықаралық жеке құқықтың әдістері
Халықаралық еңбек ұйымының еңбек құқығы
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
Дәлелдеу процесі және дәлелдеу субьектілері
Пәндер