Қылмыстық құқықтары қатынастар



Жоспары

КІРІСПЕ 3
1. Құқықтық қылмыстың негізгі ұғымдары 4
2. Қылмыстық құқықтары қатынастар
2.1. Қылмысты болдырмайтын мән.жайлар 10
3. Қылмыстық құқықтық жауапкершілік 13
3.1. Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату немесе рақымшылдық 18
4. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес 28
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

КІРІСПЕ 3
1. Құқықтық қылмыстың негізгі ұғымдары 4
2. Қылмыстық құқықтары қатынастар
2.1. Қылмысты болдырмайтын мән-жайлар 10
3. Қылмыстық құқықтық жауапкершілік 13
3.1. Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату немесе 18
рақымшылдық
4. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес 28
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

КІРІСПЕ

Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаларын,
қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен
белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан бостудың негіздерін
анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол
сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні
болып табылады. Қылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған жеке
тұлғалар мен мемлекеттің құзыретті органдары (тергеу, прокуратура, сот
т.б.) жатады. Аталған субъектілердің өзара құқықтары мен міндеттері осы
қатынастың мазмұнын құрайды. Мемлекеттің құзыретті, құқық қорғау органдары
қылмыс жасаушыларды жауапқа тартуға құқы бар әрі міндетті. Сол сияқты
қылмыс жасаған субъектіде заң алдында жауап беруге міндетті. Сонымен бірге
жауапқа тартылған қылмыс жасаушының құқықтары бұзылмай, заң бойынша
сақталуы қажет. Қылмыстық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі
бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімде ерекше бөлімнің баптарын дұрыс түсініп,
қолданудың жалпы ережелері мен институттары, тұлғаның қылмыстық
жауапкершілігі туралы мәселелер, қылмыстық заңнаманың міндеті, қылмыстық
жауапкершіліктін негіздері, қылмыстық заңның әрекеттік шегі, қылмыстың,
жазаның жалпы ұғымы, жаза тағайындау, жаза мен қылмыстық жауапкершіліктен
босату тәртібі жайындағы мәселелер көрсетіледі. Ерекше бөлімде қылмыс және
оның белгілері деп саналатын әрекеттерді көрсететін нормалардың жиынтығы
шоғырланған. Мемлекеттің ең басты құқықтық нормативтік кесімі, ең негізгі
заңы Конституция болып табылады. Конституцияда қоғам мен мемлекеттің
құрылымы, адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары, қоғамдық
бірлестіктердің, мемлекеттік билік органдарының мәртебесі бекітіледі.
Қазақстан дүниежүзілік қауымдастық тарапынан нарықтық экономикалы ел деп
мойындалып, үлкен бағаға ие болды.
1. Құқықтық қылмыстың негізгі ұғымдары

Қылмыстық құқықтың міндеттері адам мен азаматтың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен
заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын,
қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау,
сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Бұл міңдеттерді жүзеге
асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам
немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны
айқыңдалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық
ықпал ету шаралары белгіленеді.
Сонымен, қылмыстық заңнамалардың төмендегідей 3 міндетін атап
көрсетуге болады:
1) қорғау;
2) алдын-алу (профилактика);
3) тәрбиелік.
Қорғау - қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана отырып қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғау міндеті. Ол үшін қылмыстық заң қылмыстық әрекеттердің
шеңберін, түрін және оған қолданылатын жазаның мөлшерін анықтайды.
Алдын-алу (профилактика) міндеті қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың
жолдарын қарастыру немесе қылмыс жасаған тұлғаның қайта қылмыс жасамауының
алдын алу. Бұл мақсаттар әр түрлі қылмыстық-құқықтық шаралар қолдану арқылы
іске асырылады.
Тәрбиелік міндетті қылмыстық құқықтың барлық институттары мен
нормалары атқарады (жаза, қажетті қорғаныс, мәжбүрлі қажеттілік т.б.).
Қылмыстық құқықтың қағидаттары деп мемлекеттің қылмыстық құқық
саласындағы саясатының, қылмыспен күресудің іс жүзіндегі құралдарының
мазмұнының негізіне қойылған тіректі мұраттар мен бастамаларды айтамыз.
Сондай қағидаттардың бірі заңдылық қағидасы. Оның мәні қылмыстық
әрекет пен жаза тек қана қылмыстық заңмен анықталуы керек. Әрекет не
әрекетсіздік қоғамға қаншама қауіпті болса да, егер оларда қылмыстың құрамы
болмаса тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке жасанды түрде тартуға болмайды.
Азаматтардың заң жөне сот алдында теңдігі қағидасы. Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің 14-бабында көрсетілгендей, қылмыс жасаған
адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына,
жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық
бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген
мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей.
Тек қылмыстық әрекеті не әрекетсіздігі үшін кінәлі болған тұлғаны ғана
қылмыстық жауапқа тарту қағидасы. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған
қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған
қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.
Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық
жауаптылыққа жол берілмейді. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам
ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана
қылмыс деп танылады. Келесі қағидат есі дұрыс, қылмыстық кодексте
көрсетілген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.
Есі дұрыс емес, жасы Қылмыстық кодексте белгіленген жасқа толмаған адам
қылмыстық жауапқа тартылмайды.
Негізгі қағидаттардың бірі әділеттілік қағидаты. Оның мәні соттар
жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін, сотталушының жеке басының, оның
қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлығы
ерекшеліктерін, қылмысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды, отбасы
жағдайларын ескере отырып жаза тағайындаулары қажет.
Қылмыстық құқықтың тағы бір қағидаты ол ізгіліктік қағидат. Ізгілік
адамды адам, кісі, тұлға ретінде тану, оның ар-ожданын, намысын, қадір-
қасиетін, бақытқа, жақсылыққа, өркениетке ұмтылуын сыйлау, мойындау.
Сондықтан, жаза тағайындау барысында ізгілік қағидатына сүйене отырып
жасалған қылмысқа тиісті жазадан жұмсақтау жаза тағайындау. Қылмыстық
құқықтың деректік көздеріне әр түрлі қылмыстық заңнамалар жатады. Солардың
ішінде ерекше орын алатын қылмыстық заң. Қылмыстық заң жасалған қылмыс үшін
қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, мемлекеттік биліктің жоғарғы
органдарының нормативті актісі. Қылмыстық заңнама мемлекеттік биліктің
құзыретті органдары қабылдайтын қылмыстық-құқықтық актілердің жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабына сәйкес біздің елімізде
заңдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Парламентінің құзыретінде.
Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың негізгі дерек көздерінің бірі. Сондықтан
басқада қылмыстық-құқықтық нормативтік актілер (Конституция мен халықаралық
шарттан басқа) тек осы қылмыстық заңға сәйкес келу керек. Қазақстан
Республикасыңда қылмыстық заңның ең маңыздысы 1997 жылы 16 шілдеде
қабылданған қылмыстық кодекс.

2. Қылмыстык-кұқықтық қатынастар

Қылмыстық іс-қимылдардың, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату,
дәргерлік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында қалыптасады.
Қылмыстық кодекстің 9-бабында көрсетілгендей, қылмыстық кодексте жазалау
қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе
әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстың төмендегідей 4 белгісі бар:
қоғамдық қауіптілігі, құқыққа қарама-қайшылығы, кінәлілігі, қылмыстық
жауаптылығы.
Кінә. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті
әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті
зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Объективті айыптауға,
яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп
танылады. Абайсызда жасалған әрекет Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің
тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады. Тікелей
немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп
танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті
екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін
немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын
тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала
білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не
бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады.
Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда
жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің)
қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды
жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс
менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап
білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін
болжап білмесе, қылмыс немқұрайдықпен жасалған қылмыс деп танылады.
Қылмыс секілді қоғамдық қауіпті әрекеттің объективті және субъективті
белгілерінің қылмыстық заңмен бекітілген жиынтығын қылмыстық құқықта
қылмыстың құрамы дейді. Қылмыстың құрамы - белгілі бір қылмыстық іс-
қимылдың тек типтік белгілерін бекітетін нормативті санат. Егер қылмыс
жасау, қылмыстық жауаптылықтың нақты негізі болса, қылмыс құрамы оның
зандық негізі болады. Сондықтан бұл екі жағдайлар өзара тығыз байланыста,
бір тұтастықты құрайды. Заң ғылымдары қылмыс құрамының міндетті 4 бөлшегін
көрсетеді: қылмыстың объектісі, қылмыстың объективті жағы, қылмыстың
субъектісі, қылмыстың субъективті жағы. Бұлар өзара байланысты. Егер
жасалған қылмыста қылмыс құрамының аталған бөлшектерінің біреуі болмаса,
оңда қылмыс құрамы болмайды және қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық
жауаптылыққа тартуға болмайды.
Қылмыстық кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық
қауіптілік дәрежесіне қарай қылмыс онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы
орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді.
Жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас
бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ
жасалғаны үшін қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас
бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес
қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас
бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ
жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі
жаза кезделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп
танылады. Жасалғаны үшін қылмыстық қодексте көзделген ең ауыр жаза он екі
жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр
қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте он екі жыддан астам мерзімғе бас
бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана
жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады. Қылмыстық кодекстің ерекше
бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе
одан да көп әрекетті жасау — қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады.
Осы кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген,
адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген
негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да
көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Бұрын қасақана
жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың
қайталануы деп танылады.
Қылмыс бір ғана адам емес бірнеше тұлғалардың ұйымдасуымен де жасалуы
мүмкін. Екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана
бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Ұйымдастырушы, айдап салушы
немесе көмектесуші орындаушымен бірге қылмысқа қатысушылар деп танылады.
Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса
орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің
дұрыс еместігіне немесе осы кодексте көзделген басқа да мән-жайларға
байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану
арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен
қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады.
Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен
адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық
(қылмыстық ұйым) құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп
танылады. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де
жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.
Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе
құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың
жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс
жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған
заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды
сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп
танылады.

2.1. Қылмысты болдырмайтын мән-жайлар
Кейбір жағдайларда қылмыс жасалған кезде, сол қылмыстың құрамы, оның
қоғамдық қауіптілігі сияқты белгісі бола отырса да іс-қимыл қылмыс болып
табылмайтын мән-жайлар болады. Ондай мән-жайларға:
1) қажетті қорғану;
2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру;
3) аса қажеттілік;
4) жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру;
5) орынды тәуекел ету;
6) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу;
7) бұйрықты немесе өкімді орындау.
Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни
қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер
учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен
қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян
келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен
асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.
Барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет
жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық
адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе
мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі
болып табылады.
Нәтижесінде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян
келтірілетін, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне
қорғанудың көрінеу сай келмеуі қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады.
Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана
қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Адам өміріне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға әрекет
етумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезінде адамға зиян
келтіру қажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру қылмыс жасаған
адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу оның жаңа қол сұғушылық жасау
мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге
амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар
шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген зиян жағдай
мәжбүр етпейтін анық шектен тыс зиян қажетсіз келтірілген кезде, олардың
ұсталатын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне
және ұстаудың мән-жайына көрінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу
деп танылады. Бұлайша асыра сілтеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғана
қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға
бұған арнаулы уәкілеттігі бар адамдармен бірге жәбірленушілер мен басқа
азаматтардың да құқығы бар.
Аса қажеттілік. Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет
болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де
адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның
немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін
зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл
орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып
табылмайды.
Құқық қорғау мүдделеріне алды алынғанға тең немесе одан гөрі елеулі
зиян келтірілген, төнген қатердің сипаты мен дәрежесіне және қатер жойылған
жағдайға көрінеу сәйкес келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік шегінен шығу
деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген
жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.
Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру. Уәкілетті мемлекеттік орган
қызметкерінің не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның
тапсырмасы бойынша жедел-іздестіру шараларын орындауы кезінде заңға сәйкес
жасаған әрекетімен осы кодекспен қорғалатын мүдделерге келтірген зияны,
егер бұл әрекет бір топ адам, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам,
ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған
қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-
ақ егер құқық қорғау мүдделеріне келтірілген зиян аталған қылмыстармен
келтірілетін зиянға қарағанда онша мәнді болмаса және егер оларды
болғызбау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кінәлі адамдарды
әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, қылмыс болып
табылмайды.
Бұл көрсетілген ереже адамның өміріне немесе денсаулығына қатер,
экологиялық апат, қоғамдық қасірет немесе өзге де ауыр зардаптар қатерін
төндіретін әрекет жасаған адамдарға қолданылмайды.
Орынды тәуекел ету. Қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды
тәуекел еткен ретте қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру
қылмыс болып табылмайды. Егер аталған мақсатқа тәуекелмен байланыссыз іс-
әрекетпен (әрекетсіздікпен) қол жеткізілмейтін болса және тәуекелге жол
берген адам қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуін
болғызбау үшін жеткілікті шаралар қолданса, тәуекел орынды деп танылады.
Егер тәуекел ету адамдардың өміріне немесе денсаулығына көрінеу қатер
төндіруге, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзеліске немесе өзге де ауыр
зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды.
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу. Егер күштеп мәжбүрлеудің
салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса,
күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге
зиян келтіру қылмыс болып табылмайды. Психикалық мәжбүрлеудің нәтижесінде,
сондай-ақ күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде қылмыстық кодекспен қорғалатын
мүдделерге зиян келтіргені үшін соның салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне
басшылық жасау мүмкіндігін сақтаған қылмыстық жауаптылық туралы мәселе
қылмыстық кодекстің 34-бабында көрсетілген аса қажеттілік деген мән-жайдың
ережелері ескеріле отырып шешіледі.
Бұйрықты немесе өкімді орындау. Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе
өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның қылмыстық кодекспен
қорғалатын мүдделерге зиян қелтіруі қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян
келтірілгені үшін заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа
тартылады. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындағаны үшін қасақана
қылмыс жасаған адам жалпы негіздерде қылмыстық жауапқа тартылады. Көрінеу
заңсыз бұйрықты немесе өкіл орындамау қылмыстық жауаптылыққа ұшыратпайды.

3. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік

Қойылған міндеттерді орындау үшін Қылмыстық кодекс қылмыстық жауапқа
тартудың негізін және жеке адам, қоғам, мемлекет өміріне қандай қауіпті іс-
қимыл қылмыс болып табылатындығын, жасалған қылмысқа қандай жаза, қылмыстық-
құқықтық шаралар қолданылатынын белгілейді. Қылмыспен күресу барысында
мемлекет әр түрлі әдістер мен шаралар қолданады. Сондай әдістердің бірі -
жаза.
Жаза - өзіндік ерекшеліктері мен алдына қойған мақсаттары бар,
мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық кодекстің 38-бабына сәйкес жаза
дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы.
Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды
құқықтары мен бостандықтарынан қылмыстық кодекспен көзделген айыру немесе
оларды шектеу болып табылады.
Жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ
сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа
қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын
шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.
Қылмыстық жаза тек қана мемлекеттің атынан соттың үкімімен
тағайындалады. Жаза тағайндау туралы күшіне енген соттың үкімі барлық
мемлекетті және мемлекеттік емес ұйымдарға, мекемелерге, бірлестіктерге
міндетті және Қазақстан Республикасы аумағында міндетті түрде орындалуға
жатады. Сот үкімімен тағайыңдалған жаза жекелік сипатта болады, яғни басқа
адамдарға қатысы жоқ, тек қылмыс жасаған тұлғаға ғана тиісті. Жазаны
орындау мемлекеттің күшімен, ықпалымен іске асырылады. Мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс секілді құқық бұзушылыққа ғана
қолданылады.
Жазаның міндетті түрдегі қасиеті жазалау, жаза беру болып табылады.
Жазалау, жаза беру дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, күштеу сипаты, сотталған
тұлғаға заң шеңберінде белгілі бір құқықтар мен міндеттерді атқарудан айыру
және оның құқықтарын шектеу. Жаза міндетті түрде қылмыскерге белгілі бір
тән, жан, материалды зияндар шектіреді. Жазаның жазалау бөлшектері оның
қорқыту сияқты қасиетін білдіреді. Сондықтан жазалау жазаның ауырлық
дәрежесін, сипатын қөрсетеді.
Жасалған қылмыстың ауырлығы мен қоғамдық қауіптілігіне байланысты
мынандай жазаның негізгі түрлері қолданылады:
1) айыппұл салу;
2) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
кұқығынан айыру;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) түзеу жұмыстары;
5) әскери қызмет бойынша шектеу;
6) бас бостандығын шектеу;
7) қамау;
8) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
9) бас бостандығынан айыру;
10) өлім жазасы қолданылуы мүмкін.
Сонымен бірге сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай
қосымша жазалар:
1) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру;
2) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.
Айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту
жазалаудың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.
Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарында көп пікірталас тудырып
отырған мәселелердің бірі жазаның негізгі және ерекше түріне жататын,
адамды өмірінен айыратын өлім жазасы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің 49-бабына сәйкес өлім жазасы ату жазасы адамның өміріне қол
сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс
жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың
қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін
ғана ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін.
Өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған
адамдарға және сот үкім шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге
тағайындалмайды.
Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий
енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған
уақытта тоқтатыла тұрады.
Өлім жазасы туралы үкім ерте дегенде ол күшіне енген сәттен бастап бір
жылдан кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші
жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады.
Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу
колониясында өтеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан айыруға немесе жиырма
бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Өлім
жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орыңдауға мораторийдің күші
жойылған жағдайда, олардың мораторий енгізілгенге дейін өтініш бергеніне
немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы
бар.
Бүгінгі таңда (2004ж.) дүние жүзі елдерінің жартысынан көбінде өте
ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге өлім жазасы қолданылмайды. Халықаралық
рақымшылық деген ұйымның мәліметіне қарағанда әлемнің 76 мемлекетінде өлім
жазасы, сонын ішіңде Украинада, Түркменстанда, Молдовада, Әзербайжанда
қолданылмайды. 15 мемлекетте өлім жазасы тек қана соғыс кезінде немесе ұрыс
жағдайында мемлекеттік сатқындық үшін тағайындалады. 20 елде өлім жазасы
заң жүзінде сақталған, бірақ соңғы 10 жыл ішінде оларда өлім жазасы туралы
үкім іске асырылмаған. Қазақстан уақытша осындай мемлекетердің қатарына
жатады. Сонда, осы айтылғандардың барлығын қосқанда, өлім жазасы дүние
жүзінің 111 елінде өлім жазасы заң жүзінде жойылған не іс жүзінде
қолданылмайды. Өлім жазасына кесу туралы үкім шығару жағынан ең алдыңғы
орында Қытай, екінші Иран, үшінші Сауд Аравиясы, төртінші орында АҚШ.
Мысалы, АҚШ-та 50 штаттың 38-де өлім жазасы қолданылады және өлім жазасына
кесу жөніндегі үкімнің саны жылдан-жылға өсуде. Жер шарының 4 мемлекеті
жойылған өлім жазасына қайта оралды.
Қазақстанда өлім жазасы әзірге жаза ретінде қолданылады, әрі
тағайындалады. Бірақ ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы
Жарлығымен өлім жазасын орындауға мораторий енгізілді және өлім жазасы
туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады. Сонда
өлім жазасын жаза ретінде тағайыңдау әлі жойылған жоқ, ал өлім жазасына
кесілгендерді атуға мораторий жарияланып отыр, яғни мораторий мерзімінде
оларды өмірінен айырмайды. Өлім жазасына кесіледі, бірақ оларды атпайды,
өлтірмейді. Сонда мораторий өлім жазасын тағайындауға емес, оны орындауға
жарияланған.
Жаза тағайындау қылмыстық құқықтың жалпы құқықтық және ерекше салалық
қағидаттарын білдіретін белгілі қағидаттарға негізделеді. Ондай
қағидаттарға: заңдылық, ізгілік, әділеттілік, жазаның тағайыңдалуының
негізділігі, жазаның даралығы, қылмыстық қуғын-сүргінді үнемдеу жатады.
Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға қылмыстық кодекстің ерекше
бөлімінің тиісті бабыңда белгіленген шекте және қылмыстық кодекстің жалпы
бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады. Қылмыс
жасаған адамға оның түзелуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық түсінігі
Қылмыстық істер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету құралдары
Құқық нормалары мен құқықтық қатынастардың түрлерін анықтау
ӨМІРГЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
Қылмыстық құқықтың барлық ұғымдары мен категориялары
Конституциялық құқық жайында
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәндер