Телешығармашылық сырлары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ……… . . . 4
І-Бөлім. ҚХР-дағы Қазақ журналистикасы.
1. 1. Қазақ журналистикасың Қытайдағы
жемісті бұтағы . . . 8
1. 2. Қытайдағы Қазақ тележуналистикасы . . . 18
1. 3. Қазақ тілдегі телебағдарламалар . . . 25
ІІ-Бөлім. Телешығармашылық сырлары.
2. 1. Ізденіс іздері . . . 33
2. 2. Ана тілді ақпарат бетіндегі іркілістер . . . 36
Қорытынды ……… . . . 39
сілтемелер . . . 46
пайдаланған әдебиеттер . . . 48
КІРІСПЕ
«Тарихтың шындығы, тағылымы нақ солай, бiрақ, солай болғанымен, сайып келгенде түптiң - түбiнде бәрiн шешетiн, бәрiн айқындайтын, алдымен тағдырдың жазмышы, халықтың пешенесiне тағдыр не жазған, сол болады, сол орындалады. Халықтың рухани тағдыры, көзi, тiлi бола тұра журналистикада сол тағдыр пешенеге жазғанды бастан кешiредi. Сол тағдырдың бұйрығын орындайды». (1)
(Әбдiлфайыз Ыдырысов)
Қай халықтың болсада өсiп-өркендеу жолында сан - қилы өмiр өткелдерiн өткерiп, өткен iзiн қалдырып, тынынсыз тiрлiктiң тұрлаусыз шеңберiнде шиырлап бүгiнiне жетiп, ертеңiне көз салуы даусыз ақиқат. Әлемге аты әйгiлi iрi держава, өздерiн шығыстағы Алып Аждаһаның үрпағымыз деп атайтын Қытай елi бүгiнде жалпақ елге әйгiлi. Бауырына сан асылдың сынығын, талай тарихтың қойнау - қатпарын Үнсiз - ғана басып жатқан ұлы Қытай империясы бүгiнде 1 миллион 200 мыңнан астам қандас қаракөз Қазақ бауырластардың мекенi, жәй мекенi дегенiм бекер -ау, Атамекенi. Алтай мен Iле бойын мекендеп, Тарбағатайға талмай жеткен көсем қазаққа бұл лайықты болар едi. Аттың тұяғы тиген жерде жайлауы бар Қазақ бүгiнде егемендi ел болды, бүл тарих шындығы. Ал ат төбеліндей ғана болып өзге елде өгей баланың күйін кешкен Қазақты кім ойлаған ? Өзге елде болса да өз үнін өшірмей, дінін, ділін, қасиетті Ана тілінің қаймағын бүзбай, қатардан қалмай келе жатқан Қытай халық республикасындағы дана Қазақ халқымыздың ұландары бар. Әрине олар Қазақ журналистикасының үніне үн қосып, тарих бетінде қалуға тырысуда тың іздесністерімен, ақпарат ғасырының тай қазанында бірге қайнап, электронды өмірде өз еселерін бермей, Ана тілімізде көгілдір экран бетінде Қытайдағы қазақтардың рухани жан-дүниесін сусындатуда.
Қытай Халық Республикасы жансаны жағынан әлемдегі ең көп мемлекет, құрамында 56 ұлт өкілдері өмір суреді: егер 56 ұлттан құралған млрд-тан астам халқы бар қытай халық республикасында Қытайдан басқа саусақпен санарлықтай бес ұлттың (Тибет, Монғол, Ұйғыр, Қазақ, Корей) ғана өз тілінде жүргізетін телеарнасы бар екенін, соның бірі біздің еншімізде болғанын есекерсек бұл үлкен еңбек, таудай талаптың жемісі.
Біз қазір өзіміздің ақпарат тасқыны заманында өмір сүріп жатқанымызды ескергенімізде, милиардтан астам адам өмір сүріп жатқан ортаның, БАҚ-қа деген сұранысын елестету қиын емес. Ақпарат көздері өте көп. хабар тарататын барлық ұйымдар мемлекет қарауында, олар радио, кино және теледидар министрлігі құрамына енеді. Радио хабарлары мен телехабарлар арасындағы байланысты неғұрлым кеңейтіп, анағұрлым белсенді бола түсуде, жаңа жуңго (жаңаша Қытай) құру саясатымен Дың Цияу Пиңның сыртқа есікіті ашық ұстау саясатын одан әрі дамытқан бүгінгі Қытай мемлекеті бұқаралық ақпарат құралдарын қолына әлде қашан алған еді.
Қытай халық республикасында тұңғыш телемұнара 1957 жылы салынып, бір жылдан кейін тұрақты хабарлар көрсетіле бастады. Тибеттегі телеорталықты салу жұмыстары 1975 жылы аяқталғанан кейін, тұтас ел көлемінде телехабар жүйесі құрылды, осы жылдары Қытай үкіметі телеиндустрияға қаржы көлемін ұлғайтты. 1973 жылға дейін хабарлар ақ - қара түсте берілсе, РАL жүйесін пайдалану арқылы түрлі-түсті хабарлар беру басталды. Хабарлар ең алғаш рет «Пекин» телеорталығынан берілсе, кейіннен(1978 ж) ол «Қытай орталық теледидары деп, аталды. Ол қазіргі ССТV1. » Қазіргі кезде орталық теледидардан 138 сағат көлемінде хабар беретін 8 бағдарлама бар. Бірінші бағдарлама қоғамдық тәрбие, екінші бағдарламаның еншісінде мәдени көңіл көтеретін хабарлар, жетекші орын алатын - үшінші бағдарлама театр - музыка жайлы болса, төртіншісі халықаралық арна болып табылады. Бесінші арна - спортқа арналады, алтыншысы- киноға, жетіншісі әртүрлі тақырыпқа арналады, мұның ішінде балалар, ауыл - шаруашылығы, әскери ғылыми- техникалық хабарлар орын алады. Сегізінші бағдарлама - әдебиетке арналады. енді осы бағдарламалардың берілу ерекшелігіне тоқтала кетсек ең танымал «Информационная понорамма» - күн сайын жарты сағат берілетін ақпаратты бағдарламаны, солтүстіктегі хэйлунцзянннан Сары Теңіз жағалауынан бастап, батыстағы Тянь - Шань тауына дейінгі аралықта барлығы көреді. Жаңалықтар диктордың оқуында беріледі, бейнекадрлар жүріп жатады, дикторлар өте жас болып келеді, студияда бір - біріне өте жақын отырады, қарапайым ғана киініп, ешқандай мүлдірмей кәсіби шеберлікпен оқиды. Студия түрлі - түсті болып жабдықталады, ұлттық бояулар сақталады. шетел хроникасы бұл бағдарламада 5-7 минут қана орын алады. Көбіне си-эн-эн «Висньюс», Эн-эйч-кэй, Азия және Тынық мұхит елдері радиохабарлары одағының хабарларын спутниктік байланыс арқылы қабылдап береді. (2) жоғарыдағы әдебиетте айтып өткендей Қытай телевидениелерінде әуелбастан-ақ салаланған тележурналистиканың негізгі құрлымы пайдаға аса бастағаны белгілі болды.
Қазіргі кезде(ССТV) орталық телеарнасы- Қытайдың ең ірі ақпарат жүйесі болып табылады, ол әлемнің 130 елінің 250 телекомпаниясымен спутникттік байланыс арқылы қарым - қатынас жасайды. ҚХР-дың спутникттік жүйесі бүкіл әлемді қамтиды. Мұның өзі жалпы адамзаттық мәдени бағалылықты түсінуге түбегейлі бетбұрыс орнатты.
ХХ ғасыр мәдениеті даму барысында өзіндік тұрақты бағдарламаларынан айырылып қалып отыр. Бұл күрделі мәселе төңірегінде талай ғалымдар өз пікірлерін білдіріп келеді. Мысалы, Канадалық әлеуметтанушы, мәдениеттанушы М. Маклюэнның айтуы бойынша мәселенің түп - төркіні ақпарат алмасу құралдарында жатқан көрінеді. (3) .
Адамзат өркениетіндегі ең зор құндылықтардың бірі ол - мәдениет ұғымының мәні, әр елде, ұлтта, немесе әр саланың тіпті әр жанұяның, жеке адамның жылдар бойы қалыптасқан төл мәдениеті бар. Міне Қытайлықтар осы мәдениетін мәйектей жинаған жүмысшы құмырсқалар іспетті еңбектенеді. Қазіргі кезде телеарналар әр салаға бағытталып, Бағыты халыққа рухани азық беру, көңіл көтеру және білім болатын. телеарналарсаны жыл санапкөбеюде. Ақапаратпен арнайы ССТV1, айналысады, ол жаңа қосылған CCTV12 арнайы жасөспірімдермен бүлдіршін балаларға беріліп қойды міне бұл қазір біздің елімізге керек бағыт деп ойлаймын өйткені болашақ әрқашан бізге бесіктен басталатыны дау тудырмас. Қазіргі тақырыпқа арнлаған драма, трагедия, музыкалық және балалар спектаклдері, әдеби шығармалар бойынша қойылымдар көп көрсетіліп, жастарды болашаққа жетелейді. Жауапкершілік рух қалыптастырады. Осы тұрғыдан келгенде ауылымыз айғай салым жерде жатса да жарты ғасырға жуық екі империяның тақымы астында беймәлім тіршілік кешкен қытай қазақтарының рухани, мәдени болмысы әлі де болса тарихи отанына толық танылып, тарих бетіне өз айшығымен жазыла бастаған жоқ. Соның бірі - қытайдағы қазақтардың ақпарат баспасөзі. 99. 9 пайызы өз ана тіліне жетік, оқи да, сөйлей де, жаза да білетін тазалық қалпын сақтаған бір миллион 257 мыңнан астам қандасымыздың рухани ауыр жүгін арқалаған, ең алдымен олардың ақпарат, баспасөзі болды. XX ғасырдың өзінде төрт рет өзгеріске түскен қытай қазақтарының жазуы 40-тан астам журнал мен 10-нан астам газетті өмірге әкелді. Бұл күндері ондағы қандастарымыз Ахмет Байтұрсынов негізін қалаған төте жазуды зандасқан қазақ жазуы ретінде қолданып келе жатса, жасап отырған қоғамының қажеті үшін қытай жазуының дыбыстық белгісін таңбалауда латын әріпін қосымша пайдалажнады.
Диплом жүмысы кіріспеден және екі негізгі бөлімнен түрады, Бірінші бөлімі 3 тараудан түрады.
- тарауда: Қазақстаннан басталып Қытайда қалыптасып дамыған журналистикамыз туралы айтамын.
- тарауда: Қытайдағы Қазақ тілді телеарналардың қүрылыу пратцесімен қазіргі жұмыс пратцестерін айтып өттім.
- тарауда: Қытайдағы Қазақ телеарнасы XJTV3 -ден берілетін телебағдарламалар мен олардың бүгінгі экрандағы көрінісі мен көтенгер тақырыптарын баяндап өттім.
Екінші бөлім 2 тараудан түрады.
- тарауда: Қытайдағы Қазақ телевидениесінің қол жеткізген жетістіктері туралы айтылады.
- Тарауда: Ақпарат алмастыру қүралы ретінде Қазақ тілінің бүгінгі бет-бейнесінің, Қытаймен Қозақстандағы көрінісі жәилі айтылады.
Қортындыда қаралған мәселелер бойынша өз түжырым пікірімді айтып өтемін.
1- Бөлім. ҚХР-дағы Қазақ журналистикасы. 1. 1. Қазақ журналистикасының Қытайдағы жкмісті бұтағы.
1910 жылы майда баспамен Құлжа қаласында тұңғыш рет жарық көрді. "Іле уәлаяты" газеті Үш аймақ революциясы кезеңіндегі қазақ ақпарат, баспасөз кәсібінің қалыптасуы отандық ақпарат көздері мен журналист мамандарының шынайы жеңісі. Әрине бұл барыстағы тарихи тамырластығымызды зерттеуде әлі күнге белсенділік болмай келе жатқандығы өкінішті. Қытайдағы мәдениет революциясы аталатын он жылдық (1966-1976) ойран қытай халқымен бірге, ондағы қазақтардың да мәдени өміріне тоқырау тақсіретін ала келді. Кейінгі Қытай Халық республикасы тарихында алтын әріппен жазылып қалған 1978 жылғы қытай коммунистік партия орталық комитетінің XI кезекті 3 жалпы мәжілісінен кейін қазақ баспасөзі де өзінің өркендеу кезеңіне өтті. Осы барыста қазақ тілінде кітап, газет, журнал, әлманақ басып шығаратын "Шыңжан халық баспасы" (1953), "Іле халық баспасы" (1977), "Шыңжан жастар-өрендер баспасы
Әдеби журналдар
1. "Шұғыла" (1953) әдеби айлық журнал, СУАР жазушылар
одағының органы.
2. "Іле айдыны" (1979) әдеби қос айлық журнал, Іле Қазақ облыстық жазушылар қоғамының органы.
3. "Көкжиек" (1983) маусымдық әдеби аударма журнал, СУАР халық баспасы қазақ редакциясы жағынан шығарылады.
4. "Тарбағатай" (1980) маусымдық әдеби журнал, Тарбағатай аймақтық мәдениет басқармасы жағынан шығарылады.
5. "Алтай аясы" (1980) маусымдық әдеби журнал, Алтай аймақтық мәдениет басқармасы жағынан шығарылады.
6. "Боғда" (1984) әдеби журнал, Санжы облыстық жазушылар қоғамының органы.
7. "Құмыл алқабы" (1993) маусымдық әдеби журнал, Құмыл аймақтық мәдениет басқармасы жағынан шығарылады.
8. "Мұра" (1982) фольклорлық маусымдық журнал, СУАР фольклор қоғамы жағынан шығарылады.
9. "Шалғын" (1980-1986) ауыз әдебиеті, этнография, тарихи зерттеулерді мазмұн еткен маусымдық журнал. СУАР халық баспасы жағынан шығарылған.
Ғылыми журналдар
1. "Тіл және аударма" (1982) маусымдық журнал, СУАР тіл-жазу комитеті жағынан шығарылады.
2 . "Ғылым және өнер" (1983) қос айлық жаратылыстану ғылыми журнал, Алтай аймақтық ғылым-техника қоғамы жағынан шығарылады.
3. "Ғылым бұлағы" (1980) бастауыш, орталау мектеп оқушыларына арналған қос айлық журнал, СУАР жастар-өрендер баспасы жағынан шығарылады.
4. "Шыңжан мал шаруашылығы" (1980) мал шаруашылығына арналған маусымдық журнал, СУАР мал шаруашылық мекемесі жағанан шығарылады.
5. "Шөп қоректі жануарлар" маусымдық журнал, СУАР мал шаруашылық ғылым академиясы жағынан шығарылады.
6. "Дәрігерлік білім", маусымдық дәрігерлік универсал журнал, Алтай аймақтық денсаулық сақтау басқармасы жағынан шығарылады.
7. "Іле медицинасы" медициналық маусымдық басылым, Іле қазақ облыстық денсаулық сақтау мекемесі жағынан шығарылады.
8. "Халық әдлйясы", қос айлық кәсіптік журнал, СУАР халық сот мекемесінің Іле Қазақ облыстық бөлімшесі жағынан шығарылады.
9. "Шыңжан жоғары оқу орындары ғылыми журналы" (1981) қоғамдық ғылымдар мен жаратылыстық ғылымдардың универсал маусымдық журналы, СУАР университеті жағынан шығарылады.
10. "Шыңжан қоғамдық ғылымы" (1990) маусымдық ғылыми журнал, СУАР қоғамдық ғылым ақадемиясы жағынан шығарылады.
11. "Шыңжан оқу-ағарту" (1953) оқытушы, оқытушыларға арналған айлық журнал, СУАР оқу-ағарту комитеті жағынан шығарылады.
12. "Іле оқу-ағартуы" (1985) маусымдық журнал, Іле Қазақ Облыстық оқу-ағарту мекемесі жағынан шығарылады.
13. "Жастүлек" (1984) оқушыларға арналған маусымдық журнал Алтай аймақтық оқу-ағарту мекемесі жағынан шығарылады.
14. "Мектеп дене тәрбиесі" (1985) маусымдық журнал, Іле Қазақ облыстық дене тәрбие комитеті жағынан шығарылады.
15. "Шыңжан қоғамдық ғылымдар мінбесі" (1991) маусымдық ғылыми журнал, СУАР қоғамдық ғылымдар бірлестігі жағынан шығарылады.
16. "Іле педагогикалық институты ғылыми журналы" (1984) маусымдық журнал, Іле педагогикалық институты ғылыми басқармасы жағынан шығарылады.
17. "Іле оқу институты ғылыми журналы" (1985) Күйтүн қаласындағы Іле оқу-ағарту институты жағынан шығарылады.
18. "Іле прокуратурасы", заң білімдерінен сауат беретін маусымдық журнал, Іле Қазақ Олыстық халық прокуратурасы жағынан шығарылады.
19. "Тарлан" (1990) қарттарға арналған маусымдық басылым, Іле Қазақ облыстық қарт қадырлар мекемесі жағынан шығарылады.
Саяси идеялық универсал журналдар
1. "Іле жастары" (1956) саяси, ғылыми, әдеби айлық журнал, Іле Қазақ облыстық жастар комитеті жағынан шығарылады.
2. "Шыңжан авангарттары" (1959) нәзариялық айлық журнал, СУАР парткомы жағынан шығарылады.
3. "Іле нәзария мінбесі", нәзариялық маусымдық журнал, СУАР Іле Қазақ облыстық парткомының партия мектебі жағынан шығарылады.
4. "Оқырман өресі", саяси-нәзариялық, ғылым-техникалық, мәдениет-тұрмыстық айлық журнал, СУАР халық баспасы жағынан шығарылады.
5. "Іле әйелдері" (1988) саяси, қоғамдық, әдеби маусымдық журнал, Іле Қазақ облыстық Әйелдер бірлестігі жағынан шығарылады.
6. "Ақпарат арнасы" (2001) маусымдық журнал, Шыңжан газеті жағынан шығарылады.
7. "Ұлттар ынтымағы" (1990) саяси универсал қос айлық журнал, Мемлекеттік ұлттық істер комитеті жағынан шығарылады.
8. "Іздену" (1969) саяси айлық журнал, Орталық ұлттар баспасы жағынан шығарылады.
Суретті журналдар
1. "Ұлттар" (шыққан жылы туралы мәлімет ала алмадық. ) 2000 жылға дейін 435 сан шығарылған, 8 форматтық, айлық көркем журнал, Мемлекеттік Ұлттық істер комитеті жағынан шығарылады.
2. "Шыңжан" (шыққан жылы туралы мәлімет ала алмадық) 2000 жылға дейін 76 сан шығарылған, 8 форматтық қос айлық көркем суретті журнал Шыңжан газеті жағынан шығарылады.
3. "Қазақ балалары ғылыми суретті журналы" (1985) қос айлық ғылыми суретті журнал, Іле Қазақ Облыстық комсомол комитеті жағынан шығарылады.
Аталған журналдардан тыс почтадан ашық таратылмайтын, кәсіптік мекемелер мен жекелерге материал ретінде жеткізіліп келе жатқан мерзімсіз басылымдар тобына жататын "Шыңжан газеті" қазақ редакциясы жағынан әзірленетін "Тілшілік" журналы, "Іле газеті" қазақ редакциясы жағынан әзірленетін "Журналистер" журналы, Іле Облыстық Шежіре комитеті жағынан таратылатын "Іле шежіресі" журналы, Орталық ұлттар баспасы жағынан шығатын "Алқап" әлманағы, Іле Қазақ облыстық Саяси-Мәслихат кеңесі жағынан шығарылатын Іле тарихи материалдардың қатарлы әлманақтар бар.
Таралым көлемі жағынан ауқымы кең, информация жеткізу жағынан елгезек мерзімді басылым түріне жататын қытайдағы қазақ тілінде шығатын газеттерге келер болсақ, үлкен жақтан екі топқа бөлуге болады. Бірі - партия газеттері, енді бірі - кәсіптік газеттер.
Партиялық газеттер
1. "Шыңжан газеті" (1934) күндік газет, СУАР Парткомитетінің органы.
2. "Іле газеті" (1934) қос күндік газет, Іле Қазақ Облыстық Парткомитетінің органы.
3. "Тарбағатай газеті" (1933) қос күндік газет, Тарбағатай Аймақтық Парткомитетінің органы.
4. "Алтай газеті" (1935) қос қүндік газет, Алтай аймақтық Парткомитетіні" органы.
5 "Күйтүң газеті" (куәлік нөмірі 57-125) апталық газет, Күйтүң қаласы Парткомитетінің" органы.
6. "Іле кеші" (қуәлік нөмірі 57-158) қытайдағы қазақ тілінде шығатын бірден-бір ақшамдық газет, қос қүндік. Іле аймақтық Паркомитетінің органы.
Кәсіптік газеттер
1. "Пайдалану хабарлары" (өкілдік нөмірі 57-152) халықаралық, ел ішіндегі ағымдарды мазмұн еткен қос қүндік газет.
2. "Шыңжан оқу-ағарту газеті" (өкілдік нөмірі 57-161) айына үш сан шығарылады.
3. "Шыңжан ғылым-техника газеті" (өкілдік нөмірі 57-21) апталық газет.
4. "Іле өрендері" газеті (өкілдік нөмірі 57-16), аптасына екі сан. Бұдан сырт мерзімсіз басылым ретінде шығатын кәсіптік газеттерден "Шыңжан жан саны" (қуәлік нөмірі 0045) мен "Іле ғылым-техника арнасы" (куәлік нөмірі 0022), "Іле заң" газеті", "Сайрам" газеттерін атауға болады. Соңғы аталған газеттер ішкі материал ретінде ғана шығарылу рұқсатын алған, почталардан ашық таратылмайтын мерзімсіз басылымдар.
ҚХР-да қазір 1 миллион 200 мыңға жуық қазақ тұрады, Қытайдың аз санды ұлттар мүддесін ескерген тиімді саясатының (Қытайдың атазаңының 119-бабында: «Аз ұлттық автономиялы жерлердің автономиялы органдары білім-мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым-техника, дене тәрбиесі істерін өздері басқарады, аз ұлттық мәдени мұраларды қорғайды және зерттейді, аз ұлттың мәдениетін дамытады және гүлдендіреді. 121-бабында: «Аз ұлттық автономиялы жерлердің автономиялы органдары өз қызметінде сол жерде жаппай қолданатын бір немесе бірнеше тіл-жазуды қолданады . . . »; «ұлттардың барлығында өздерінің тіл-жазуын және дамыту еркіндігі болады», - деп көрсетілген) (4) нәтижесінде онда тұратын қазақ халқының баспасөзі қарқынды дамып келеді. Төменде қытайда қазақ тілінде шығатын газеттерді қысқаша таныстырып өтпекпіз.
«Шынжаң газеті» Шыпжаң өлкесінің орталығы Үрімжіде 1935 жылдан бері қазақ тілінде шыға бастады. Ол Қытайдағы қазақ баспасөзінің дамуына негіз болды. І950 жылы Қытай коммунистік партиясының басшылығы орнағанан кейін бұл басылым жергілікті баспасөз органы ретінде аптасына бір рет шығын, қазақша ең басты газеттердің біріне айналды.
1955 жылы Іле қазақ автономиялы облыс құрылғанан кейін «Іле газетін» қүшейту мақсатында «ІІІыңжаң газетінің» қазақ редакциясындағы редактор, тілшілердің бір тобы облыс орталығы Құлжаға ауысты. Сол жылдың қазан айынан бастап аталмыш газет «Шыңжаң малшылары» деген атпен аптасына 2 рет шығатын болып өзгерді. Ал 1959 жылдың 1-қаңтарынан «Шынжаң газеті» деген аты қайта қалпына келтіріліп, көлемі үлкейіп, күнделікті газетке айналды. Қазіргі қытайдағы қазақ тіліндегі ең бастысы болып есептелетін бұл газет ұйғыр, қазақ, қытай, монғол тілінде 4 нұсқа болып шығатын Шынжаң-Ұйғыр автономиялы райондық, коммунистік партия комитетінің органы болып саналады. Газеттің қазақшасы соңғы жылдарда Қытайда жүріп жатқан реформаға сай мазмұны, көркемделуі жағынан барған сайын жақсарып, Қытай қазақтарының мәдениет, тіл-жазу, білім саласына өлшеусіз үлес қосып келеді. 1988 жылдан хабар бөлімі, баспа бөлімі құрылып, 60-тан астам редактор, меншікті тілші жұмыс істеп келе жатқан бұл басылым Қытайдағы қазақтардың бірден-бір ақпараттық газетіне айналды. Ол қытай өкіметінің саясатын халыққа насихаттап, жаңалықтарды хабарлап, басқа газеттерге үлгі-нұсқа болып келеді.
1934 жылы Құлжада құрылған қазақ-қырғыз мәдени ұйымының жетекшісі Мақсұт Сасанов басшылығымен 1935 жылы қазақ тілінде «Төңкеріс таңы» атты газет шығады. Бұл газетке қазақ-қырғыз мәдениет ұйымы көркемөнер бөлімінің жетекшісі, ақын Таңжарық Жолдыұлы бас редактор болған. Кейіннен газеттің аты «Алға», 1951 жылы қаңтарда «Жаңа жол», 1951 жылы 1-шілдеде «Іле газеті» деп өзгертіледі. 1955 жыды 1-шрқұйеқте Іле қазақ автономиялы облысы құрылады. Осыдан бастап бұл газет Іле қазақ автономиялы облыстық партия комитетінің органы болады. Осы жылы Үрімжідегі «Шынжаң газеті» қазақ бөлімінен және басқа жерлерден бір топ редактор тілшілер келіп, газет жұмысын қүшейтеді. Басылым бұрынғы апталықтн күнделікті газетке айналып, көлемі үлкейіп, таралымы көбейеді. Осы жылдан «Іле айдыны» деген апталық әдеби қосымшасы жарық көреді. 1960 жылдары бүкіл Қытайда болған экономикалық қиыншылыққа байланысты газеттің көлемі кішірейіп, әдеби қосымшасы жабылады. 1964 жылы І-қаңтардан бастап қайта қалпына келіп, мазмұны жағынан едәуір ұлғайып, жергілікті қазақтардың тұрмыс-тіршілігі үшін өте қажетті, қүнделікті шығатын басылымдардың біріне айналады. Онда 50-ге тарта қызметкер жұмыс істейді.
30-жылдардың басында Алтай аймағының уәлиі және қарулы қүштерінің бас қолбасшысы болған Шәріпхан Жеңісханұлы осындағы қазақ баспасөзін дамытуға ерекше күш салды. 1934 жылы ол Қеңестер Одағынан баспахана жабдықтарын алдырып, 1935 жылы наурызда қазіргі «Алтай газетінің» басы болған «Шынжаң Алтай газетін» шығарады. БҰЛ газет сол жылдың соңында «Еріктгі Алтай», 1936 жылдың желтоқсанында «Жаңа Алтай» деген атпен айына 3-4 рет шығып тұрды. Қытай жаңа өкіметі орнағаннан кейін, 1951 жылдың 8 желтоқсаннан бастап, «Алтай халқы» деп өзгеріп Қытай коммунистік партиясы Алтай аймақтық комитетінің органына айналып, күнара шыға бастайды 1959 жылдың 1 қаңтарынан «Алтай газеті» аталып, 1973 жылдың 1-қаңтарынан күнделікті шығатын басылымға айналады «Алтай газеті» Қытай қазақтарының ең алғаш шыққан газеті болып, XX ғасырдың 30 - жылдарынан бастап қазірге дейін Алтай қазақтарымен бірге тыныстап, олардың өткендегісінен өшпес із қалдырып, бүгінгісі және келешектегі үшін бағыт - бағдар көрсетіп келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz