Нарықтық механизм және жетілген бәсеке



Жұмыс жоспары:

Кіріспе

І Бөлім: Нарық туралы ілім және оның ерекшеліктері
1.1. Нарықтың сан салалы қызметі
1.2. Нарықтың пайда болу себептері
1.3. Нарықтың құрылымы, түрлері және сегментациясы

ІІ Бөлім: Бәсекелестік механизмі және оның рөлі

2.1. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары, түрлері
2.2. Еркін және жетілген бәсеке
2.3 Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері.
Нарықтық механизмнің қалыптасуы

Қорытынды

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Теориялық және қолданбалы экономика
кафедрасы

Курс жұмысы
Тақырыбы: _Нарықтық механизм және жетілген бәсеке_____

Күндізгі оқу бөлімдері үшін:
Орындаған студенті
Есеп және аудит 12 группа
Рахымбекова Индира
Тексерген: оқытушы
Мұхаметжанова Ж.С.

Алматы – 2006 ж

Жұмыс жоспары:

Кіріспе

І Бөлім: Нарық туралы ілім және оның ерекшеліктері

1.1. Нарықтың сан салалы қызметі

1.2. Нарықтың пайда болу себептері

1.3. Нарықтың құрылымы, түрлері және сегментациясы

ІІ Бөлім: Бәсекелестік механизмі және оның рөлі

2.1. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары, түрлері

2.2. Еркін және жетілген бәсеке

3. Нарықтық экономиканың элементтері, қызмет ету принциптері.
Нарықтық механизмнің қалыптасуы

Қорытынды

Кіріспе

1.Нарық туралы ілім және оның ерекшеліктері

Нарық қоғам өмірінде, біздің републикада күні – бүгінге дейін күрделі
ғылыми жұмыстар жоқтың қасы. Өйткені, бұрынғы одақты социализм орнату
процесінде бұл мәселе мүлде елеусіз қалды десе де болады. Бұл біздің тауар
– ақша қатынастарына теріс көзқарасымыздың теріс салдары екені түсінікті.
Нарық дегеніміз не?
Нарық бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін
тауарды өндіру және оларды ақшаның көмегімен айырбастау процесінде
туындайтын экономиканың қарым – қатынастың жиынтығы, шарттарды ұйымдастыру
формасы. Нарық – бұл нәтиже мен еңбек шығындары аралығындағы байланыстарды
объективті көрсететін, демек, өндірістің ағымдағы мөлшеріне сай тұтынуды
сипаттайтын өндіріс өнімдерін айырбастау актісінің жиынтығы. Элементарлық
қатынастар қалыптасқан қоғамда нарық қоғамының өндірісті біртұтас процесс
ретінде ұйымдастырады. Тек нарық көмегімен ғана қоғамның өндірісі
экономикалық жүйеге айналады.
Осылайша нарық өз шешімін тауып, қоғамдық тұтынуды қамтамасыз етуге
қажетті мөлшердегі өндіріс құрал – жабдықтары мен жұмысшы күші халық
шаруашылығы салалары арасында өзара пропорционалды түрде бөлінеді.
Нарық жағдайында тиісті алғышарттар бірден жүйеге келтіріліп, аз
уақытта белгілі бір нәтижелерге қол жеткізе қою оңайға соқпайды. Ол үшін
нарықтық экономиканың негізін осы бастан үйрену, білу қажет. Міне, осы
жолмен экономикасы оңды дамыған елдердің тәжірибесіне назар аударатын
болсақ, онда нарықтың ұзақ жылдар бойы қалыптасқандығын көреміз. Мәселен,
АҚШ-та 1902 жылдан бастап, Калифорния университетінде нарық туралы дәрістер
оқыла бастады. Себебі, сол тұста АҚШ-тың нарық жолына түсуіне 1873-ші
жылдарда басталған экономикалық дағдарыс себепкер болған еді. Америка
экономистері: Дэвид Уэлд, Эдвард Аткинсон, Генри Эмери, Вальтер Дилл Скотт,
Джорджа Фредерика және тағы да басқалары Маркетинг теориясының негізін,
нарық жүйесін капиталистік жүйеге орайластыру ісімен айланысты. Қазіргі
уақытта АҚШ-та осы мәселемен айналысатын төрт жүзден астам ғылыми – зерттеу
институттар мен коммерциялық фирмалар бар.
Ағылшын А.Смит экономика туралы бір ғана еңбек жазғанымен, оның дербес
ғылымға айналуының негізін қалаған ғалым деп саналады. Оның еңбегі Халық
байлығы 1776 жылы жарық көрген А.Смиттің досы Давид Юм алғашында бұл
ұғымға ауыр болғандықтан, оны оқып – түсінетін оқырмандар саны көп болмас
деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған кітапты адамдар 200
жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде.
А.Смиттің ойынша, ұлттың басты байлығы, өзге экономистердің теріс
түсінігінше – алтын немесе күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз
– еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауда жасайтын қарапайым
адамдардың әрекеттерінің нәтижесі.А.Смиттің пікірінше, нарықтық экономика-
белгілі бір ұйымдастырылған жоспардың нәтижесі емес, көптеген адамдар
өздерінің жеке мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттерінің
нәтижесі.

3
Экономика ғылым ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде
іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.
А.Смиттің нарық туралы ілімі Австрияның экономисі, Нобель сыйлығының
лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі бойынша
нарық деген ұғым – ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір
формасы. Хайектің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалылықтың белгілі
бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады; солар
үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдына қойған мақсаттарының қайсысы
бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.
А.Смиттің ілімінен шығатын қорытынды мынадай: нарықтың тиімділігі
және барлық бәсекелестердің әрі олардың әрқайсысы өздерінің экономикалық
мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.
Капиталистік қоғамның даму диалектикасының өзі нарықтық экономиканы
ұйымдастыруға әкелетіні аян. Айырбастау – дейді В. И. Ленин, - адамдарды
... нарық арқылы біріктіреді. В. И. Лениннің айтуынша, Нарық ұғымын
қоғамдық еңбек бөлінісінен айыруға болмайды. Міне, сондықтан да социализм
орнатуда және социалистік шаруашылықты ұйымдастыруда нарықтық қарым –
қатынастарды толық пайдаланудың қажет екендігін туралы В. И. Лениннің көз
алдында нарық мазмұнының өзгеруі, оның еркін бәсекелестік капитализм
сатысына көшу барысында атқарған рөлі; екіншіден, халқымыз орнатқысы келіп
отырған қоғам мен оның қорғаушы күштері туралы жалпы теорияның айқындала
түсуі; үшіншіден, өтпелі дәуір кезеңіндегі экономиканы мемлекет тарапынан
басқару механизмінің дамуы.
Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді
механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп
есептеледі; оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және
адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық
механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал
бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әртүрлі тауар өндірушілер болғанда
ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті
жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын
болашағынан үміт күттіретіне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың
қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі
және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз. Сонымен бірге нарық
механизмі идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз
жақтарына әлеуметік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға
деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай
сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және
қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам
атынан адамдардың
дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру хұқын реттеп отыратын шараларды
жүзеге асыруы қажет.
Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамдардың еңбек ету, білім алу,
табыс табу сияқты әлеуметтік - экономикалық хұқтарына кепілдік бермейді.
Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді.

4
Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу,
бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем
ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканы
қысымын жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты
саяси әлеуметтік ахуалды ұстап тұру мүмкін емес.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын,
еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ
көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағытарында стратегиялық
мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды
қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми –
техникалық саясатымен экономиканың көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен
бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не?
Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бұрын – соңды біздің елде
терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде
жиі кездеседі. Себебі нұсқау – бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі
жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ
жылдар бойы әкімшіл - әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген
экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық
көзқарас басым болды. Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен
пратикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің
және Қазақстан ғалым – экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір
жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын
айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі
немесе жүйесі.
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық
қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылардың арсында тауар және
қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың
жиынтығы.
Нарық – тауарды сатып алу – сатумен байланысты орын алатын
экономикалық қатынастар жиынтығы. Нарық тауарды өткізуге байланысты
сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып
табылады. Келтірілген көзқарастардың қай – қайсысы да жеткілікті түрде
дәлелді бірақ проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ
нәрсе – ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарық
қатынастарының субъектісі - өндірушілермен тұтынушылар емес, сатушылар
және сатып алушылар деп көрсетілді. Шын мәнінде тауар ақша, нарықтық
байланыстар сату – сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас
пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға
тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның
тауарға айналуын сипаттайтын, тауар – ақша қатынастарын қандай нақты
нысандарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу – оны бәсеке, ең аз

5
шығынға ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды
қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жай ғана тауар айырбасы емес
тауарөндірушілер мен тұтынушылардың қарым – қатынастарына тән
қайтарымдылық, эквиваленттілік, бәсекелестік болатын айырбастың
экономикалық өткізілуі ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты
әртүрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасында болатын экономикалық
байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.

кесте. Экономикалық қатынастар мен байланыстар

Берілген анықтамада әңгіме, біріншіден, тек өндірушілер мен
тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес сонымен қатар
өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы – тұтынушылардың,
тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып
отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе –
теңдікті, объективті түрде алдын – ала анықтайды, яғни шаруашылық
серіктестерінің қатынас субъектісі ретіндегі тең құқылығын бейнелейді.
Бұдан серіктестердің шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы
өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігімен
тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары –
бәсеке - өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық
байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі, нарық бәсекесіз
өмір сүре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік формалары мен әртүрлі
тауарөндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның нәтижесінде, өндіріс
экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық бірліктерімен
тазарады, ал басқа жағынан, тиімділігі жоғары және болашағы зор шаруашылық
субъектілеріне жол ашады. Біздің ойымызша, нарықты бұлай түсіну, оның
мүмкіндік сипатын толық қамтиды.

1.1.Нарықтың сан салалы қызметі.
Нарықтың мына түрдегі маңызды қызметтері бар:
1. Адамдарға ақпарат хабарларын, білімді тағы да басқа экономика
әлеміндегі өте қажетті мәліметтерді тарату. Бұл мәліметтер мен нарықта
қалыптасқан ақпараттар баға арқылы алынады. Баға механизмі нарықты
экономика тәрізді күрделі жүйенің сан алуан салаларының бір – бірімен
тығыз байланысының аса маңызды әрі сирек кездесетін әдісі болып
табылады.

6
2. Нарықтың тағы бір маңызды қызметі – жоғарыда айтылғандардан шығады. Ол
– шаруашылықты ұтымды жүргізуге, шектеулі адам және қоғам ресурстарын
үйлесімді пайдалануға ынталандыру. Табыс табу немесе шығынға ұшырау
және мол табысқа қол жеткізу немесе банкротқа (күйреу) душар болу
мәселелеріне де тап осы бағаның нарықтағы тепе – теңдігі жауап береді.
Бағаның нарықтағы тепе – теңдік механизмі көмегімен экономиканың
келесі проблемалары үйлесімді қалыптасады:
• әр түрлі тауарлар мен қызметтерді өндірудің пропорциялық құрылымы
мен көлемі;
• шектеулі өндіргіш ресурстар – еңбекті, жерді, техниканы,
шикізаттарды, ақпарат хабарларын және тағы басқа үйлесімді болу
қамтамасыз етіледі;
• өндірістің жаңа технологиялық әдістері туындайды; өнім сапасының
жоғары бәсекелестігі жағдайында шығындар төмендейді;
• өздеріне тиісті табыстары бойынша, қоғамның әр түрлі топтары және
индивидуумдары арасында ұлттық өнімді бөлу және айырбастау
қамтамасыз етіледі.
Міне, осындай экономикалық үш проблемаға қатысты: нені өнідіру керек және
жұмысты қандай техниканың, технологияның көмегімен орындау тиімді;
жұмыскерлерді қалай ұйымдастыру қажет өнім өндіруге қандай дәрежедегі
мамандық иесін тарту қолайлы деген сұрақтарға жауап іздеу нарықтың негізгі
әдіс – тәсілдері болып табылады.

1.2.Нарықтың пайда болу себептері.

Нарықтық қарым – қатынастардың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін
тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкіндігі олардың
қажеттілігіне қарағанда, табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілет-
қарымы бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп, белгілі затты
ғана өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған атауы бар әр
түрлі тұтыну игіліктері мен қызметтерін қамтиды.
Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат және
тағы басқа тән нәрсе – олардың сиректігі немесе шектеулілігі (шамалылығы).
Экономикалық теорияда бұл феномен шамалы ресурстар Заңы деп аталады.
Бұл жағдайда пайда табу мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік -
әлдекімнің даналығы немесе ақылдылығының нәтижесі емес, ол – еңбек бөлінісі
мен нарыққа байланысты көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр
түрлі ресурстар алу үшін өз еңбек өнімдерін бір – бірімен әр бастауға деген
табиғи қажеттілігінен және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған
байланысты А.Смиттің зерттеген көрінбейтін қол деген теориясына назар
аударайық. Бұл теория бойынша, адамдардың экономикалық, шаруашылық
субъектісі ретіндегі біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық
түсіндіріледі. Әдетте ол саналы түрде қоғамға пайда келтіруді ойламайды,
тіпті, оған қаншама пайда келтіріп отырғанын сезінбейді де. Ол тек қана өз
мүддесін ойлайды және оның басты мақсаты - өзіне ғана пайда түсіру,

7
сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін қол оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа
қарай бағыттап отырады. Сөйтіп ол жеке мүддесін көздей отырып, көп жағдайда
қоғам мүддесіне де пайдалы әрекет жасайды.

1.3.Нарықтың құрылымы, түрлері және сегментациясы.

Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық
сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай
жағдайлармен белгіленеді;
• меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);
• шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы
үлес салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен
(мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік
кәсіпорындары, т.б.);
• тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
• шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну
және жекешелендіру дәрежесімен;
• осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен.

Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді.
Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:
1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі
бойынша:
- игіліктер мен қызметтер нарығы;
- өндіріс құралдарының нарығы;
- ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;
- құнды қағаздар нарығы;
- жұмыс күші нарығы.

Нарықтың көп түрлілігі кәсіпорындардың өзара әсер етуінің барлық
жүйесіне күрделі өзгерістер енгізуді талап етеді, тауардың өткізілуін
тікелей байланыс негізінде жүргізуді, сату-стаып алудағы бейнелеп-

есептеу сипатын нақты сату-сатып алумен алматыруды, шаруашылық
байланыстарындағы серіктестерді еркін таңдануды талап етеді. Осындай
нарықтың құралдарына тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар,
коммерциялық орталықтар, көтерме сауда орындары, т.б. жатады.

2.Нарықтарды тауарлық топтар бойынша жіктеуге болады:
- өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;
- халық тұтынатын тауарлар; азық-түлік тауарлар нарығы;
- шикізат пен материалдар және т.б. нарықтары.

Ауылшаруашылық шикізаттары нарығында азық-түлікке және ауыл
шаруашылық шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз ететін,

8

ауылшаруашылық өнімдер қоры жасалады. Тұтыну тауарлары
нарығының қалыптасуы осы тауарлардың өндірілу көлемінің елеулі
дәрежеде өсуін тілейді, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшін
бәсекеліктің кең пайдаланылуын, фирмалық дүкендердің көбейуін тілейді.

3. Кеңістік (территориялық) критериі бойынша мынадай нарықтар болады:
- аймақтар ішіндегі;
- аймақаралық;
- республикааралық;
- халықаралық (әлемдік) нарықтар.
Осындай нарықтардың қалыптасуы республиканың мемлекттік егемендігін
қамтамасыз етеді.

4. Бәсекенің шектелуі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:
- монополиялық;
- олигополиялық;
- салааралық нарықтар.

5. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:
- көтерме сауда нарықтары. Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып
кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді.
- бөлшек сауда нарықтары. Бұнда сатып алушылар – жеке азаматтар.
- ауылшаруашылық өнімдерінің мемлекеттік сатып алу нарықтары. Бұнда
сатып алушы мемлекет, сатушылар – ауылшаруашылық өнімдерін тікелей
өндірушілер: совхоздар, колхоздар, фермерлер, агрокешендер, т.б.
Көтерме сауданың екі түрі болады. Бірінші түрі – жабдықтаушы
(жеткізуші) мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс жасау. Бұл түр
еңбек кооперациясы тұрақты байланыста болғанда пайдаланылады (тоқыма
және тігін комбинаттары, автомобиль және шина жасайтын заводтар).
Бұндай байланыстарда келісім шарт нарықты қалыптастырудың басты және
белсенді құралы болады. Көтерме сауданың екінші түрі – коммерциялық
орталықтар, биржалар. Бұл түр өніммен қамтамасыз етушілерді көптеген
ұсақ тұтынушылар пайдаланғанда орын алады. Көтерме сауда тек белгілі
экономикалық және әлеуметтік жағдайларға мүмкін болады.
6. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:
- заңды, ресми нарықтар;
- заңды емес, көлеңкеленген нарықтар, т.б.
Нарықтардың құрылымын зерттеу, оларды негізгі түрлерге бөлуге мүмкіндік
береді.

9
Тауарлар мен қызметтер нарығы .Бұл топқа жататын нарықтар:
- тұтыну тауарларының нарықтары – азық- түлік және азық-түлік емес
тауарлар нарығы;
- қызметтер нарығы – тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер:
- тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттардың нарығы.
Өндіріс факторларының нарығы. Бұған жататындар:
- жылжымайтын мүліктер нарығы;
- еңбек құралдарының;
- шикізат пен материалдардың;
- қуат ресурстарының;
- пайдалы қазбалардың нарықтары.
Қаржылар нарығы:
- капиталдар нарығы, немесе инвестициялық нарықтар;
- несие нарықтары;
- құнды қағаз нарықтары – акциялар, облигациялар, опциондар, варианттар,
және фьючерстік контрактардың тағы басқа;
- валюта-ақша нарықтары.
Интеллектуалдық өнімдер нарығы – инновациялардың, ойлап табулардың,
информациялық қызметтердің, әдебиет және өнер еңбектерінің нарықтары.
Жұмыс күші нарығы. Бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық
формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмысшы күші миграция
жасап отырады.
Аймақтық нарықтар: жергілікті, ішкі, ұлттық, сыртқы, халықаралық
нарықтар.
Нарықтарды сегменттеу. Нарықтың негізгі түрлері әртүрлі субнарықтарға,
нарықтық сегменттерге бөлінеді. Нарықты сегменттеу – тауарларға бірдей
емес талаптар қоятын осы тауардың тұтынушыларын жеке-жеке топтарға
бөлу болып табылады.
Нарықтың сегменті - бұл нарықтың бір бөлімі, белгілі ортақ көрсеткіштер
негізінде құрылған тұтынушылар, өнімдер, немесе, кәсіпорындардың тобы
болып табылады. Сегменттеу әртүрлі жолдармен, әртүрлі факторларды
(көрсеткіштерді) қолдану арқылы жүргізіледі. Осылардың негізгілері:
1.Географиялық:
- аймақтар бойынша: Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс, Оңтүстік;
- әкімшілік бөлім бойынша: республика, облыс, аудан, қала;
- тұрғындардың тығыздығы бойынша: теңіз, континенталдық, орташа, ыстық,
т.б.
1. Демографиялық:
- адамдардың жасына сәйкес топтау;
- жыныстық топтау;
- отбасы мүшелерінің санына қарай топтау;
- табыстар дәрежесіне қарай;
- кәсіби құрамына сәйкес – ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік
кәсіпорындардың жұмысшылары, қызметкерлер, зейнеткерлер, т.б. –
- білім дәрежесіне, діни көзқарасына сәйкес;
- ұлттық құрамға сәйкес топтаулар;

10
2.Психографиялық:
- халықты әлеуметтік құрамына сәйкес топтау;
- табыстардың дәрежесіне сәйкес;
- өмір салтына сәйкес: жастар, спортпен шұғылданатындар, ақсүйектер;
- жеке басының қасиеттеріне сәйкес: ашуланшақтар, өз-өзіншілігі молдар.
2. Мінезқұлықтық (тауарларды таңдауда):
- тауарды кездейсоқ сатып алады;
- сатып алуда пайда, бағалылық көздейді;
- сапалы заттар, төмен бағалы заттар алады;
- клиент болудың тұрақтылығы, өнімнің қажеттілік дәрежесі: үнемі керек,
анда санда керек;
- өнімге эмоционалдық қатынасы: позитивтік көзқарас, негативті көзқарас.

2. Бәсекелестік механизмі және оның рөлі

Егер баға механизмі пайда табу және шығындану арқылы ынталандыру мен
нарық жүйесінің бір жағын сипаттаса, мұның екінші жағы – бәсекелестік екені
рас. Бәсекелестік механизмі жоғарыдағы үш экономикалық проблемаларды шешуді
қамтамасыз етеді.
Бәсекелестікпен әрдайым өзімшіл жеке мүдденің күресін
байланыстырады, ал егер де осы пікірге байланысты экономикалық
субъектілердің шаруашылық сферасындағы тәртібін еске алатын болсақ, онда
мұны да негізсіз деп санауға болмайды. Бірақ та осының бәрі өте маңызды
құбылыс болып есептелінетін нарық жүйесін толық сипаттамайды.
Мәселен, Фридрих Фон Хайек бәсекелестікті – ешкімге белгісіз немесе,
тіпті, пайдаланылмай қалатын жаңа өндіріс факторларын ашудың процедурасы
әдісі деп санайды. Бәсекелестікке негізделген қоғам түбінде басқа
қоғамдарға қарағанда, алға қойған мақсатына ойдағыдай қол жеткізумен бірге,
табысқа да кенеледі. Бұл қорытындыны өркениетіліктің тарихы дәлелдеп отыр.
Егер экономикалық теория сирек кездесетін игіліктер тәжірибеден тыс пайда
болады деп түсіндірсе, онда ол бәсекелестіктің мазмұнын дұрыс түсінуге
кедергі келтіреді. Расында, қандай игіліктер сирек кездеседі немесе қандай
зат – бұйымдар игілік болып саналады? Міне, тап осы проблеманы анықтайтын
да бәсекелестік. Нарық процесі индивидуумдарға ізденіс бағытын
көрсеткенімен, ол қажеттілікті толық қанағаттандыруға немесе бағалы шкаланы
таңдап алуға кепілдік бермейді. Осыған орай, көптеген жұртшылықтың көп
ретте нарыққа қарсы болуының себебі осында. Бұған керісінше, көптеген
тұтынушылар әкімшілдік - әміршілдік экономиканы қажеттіліктің кейбірін
қанағаттандыратын, ал қайсыбірін қанағаттандырмайтынын анықтайтын тәртіпті
экономика деп санайды.

2.1. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері

Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері
арқылы ашылады. Ең алдымен нарық экономикалық тұрғыдан бөлектенген
материалдық игіліктерді

11

Экономикалық Ұдай өндіріс Экономиканың жағдайыБәсеке арқылы
игіліктерді процесінің туралы объективті экономиканы
және үздіксіздігін жәнеақпараттың қайнар тиімсіз шаруашылық
қызметтерді, тиімділігін көзі бірліктерінен
өндірушілермен қамтамасыз етудегі тазарту
тұтынушалрды реттеуші рөлі
байланыстыратын
буын
Нарықтың атқартын қызметтері
Тауардың қоғамдық Өндірістік шығындарды Еңбекке деген материалдық
мағыналығын азайтуды экономикалық стимулдарды экономикалық
мойындау ынталандыру жағынан қамтамасыз ету

Кесте. Нарықтың атқаратын қызметтері

және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын буын
түріндей көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық өндірістердің екі нақты
қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың
қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес. Нарықтың маңызды
қызметтерінің бірі – оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және
тиімділігін қамтамасыз етудегі реттетуші рөлі. Нарықтың реттеуші рөлінің
тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына, өндіріс
құрылымдарының үйлеспеуіне тапшылықтың пайда болуына, адамдардың
экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі рөлінің жоғалуына әкеліп
соқтырады. Нарықтың басқа бір атқартын қызметі – ақпараттық. Нарық тауарлар
бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк
депозитінің (салымына) проценттік нарқының (ставка) тағы басқа үздіксі
өзгеріп отыру арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып
алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс
шығындары, қроғамдық – қажетті сапа және ассортимент туралы объективті
ақпарат беріп отырады. Сонымен бірге нарық механизмі мынандай қызметте
атқарады – бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз
шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы
барларына тиімді жағдай жасайды. Біздің нарық терең монополияландырылған,
сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда
бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи
болмысы, бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға
байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.
Осылармен қатар, маңыздылығы жағынан басқалардан кем түспейтін нарықтың
атқаратын қызметтеріне мыналар жатады: тауарлардың қоғамдық мағыналылығын
мойындау; өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру; еңбекке
деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету. Нарық
күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әр түрлі
факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік - экономикалық
жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің
мынандай жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасатынын және
өмір сүруін дәлелдеп берді:

12
Шаруашылық субъектілердіңМеншік қатынастарының Өндіріс қуатының белгілі
дербестігі мен алуан түрлі формалары бір резерві мен бос
тәуелсіздігі жұмыскерлердің болуы
Нарықтық экономиканың шарттары
Тауар өндірушілердің жәнеКонтрагенттер өздерінің Нарық инфрақұрылымын
сауда делдалдарының өнімдеріне баға белгілеу жасау
бәсекесі құқы

Кесте. Нарықтық экономиканың шарттары

• шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
• меншік қатынастарының алуан түрлі нысандары; өндіріс қуатының
белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;
• нарық инфрақұрылымын жасау;
• тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы;
• контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы.
Енді осы шарттарға толығырақ тоқталайық.
Біріншіден, экономикалық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі,
олардың келісім шартқа отыруға және өздерінің тапқан табыстарына ерлік
етуге толық құқылығы.
Екіншіден, меншіктік қатынастардың алуан түрлі нысандарының болуы
(нарық өзінің жақсы қасиеттерін мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40
проценттен асқанда жоғалта бастайды), олардың өндірістегі тең құқылығы.
Меншіктің
әртүрлі нысандарын пайдалану туралы өндіріс және айырбас қатынастарының
алуан түрлі агенттерінің пайда болуына, олардың еркіндігіне, бәсеке
күресіне, былайша айтқанда тиімді қызмет жасайтын нарықтың құрылуына
жеткізіледі.
Дегенмен, бұл процесс әкімшілік - әміршілдік басқару жүйесін қайта құруда
кездесіп отырған қайшылықтар мен қарсылықтардың нәтижесінде өте баяу жүзеге
асуда. Бірсыпыра ғалымдар, саясаткерлер, журналшы – публицистер осы
жағдайдан шығудың жолын меншікті жаппай мемлекет иелігінен алу және
өндірісті жекешелендірумен байланыстырады. Біздіңше бұл ұшқары пікір.
Қазіргі кезеңде жаппай мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бір
кездердегі жаппай национализациялау (өндіріс құрал жабдықтарын мемлекеттік
меншікке айналдыру) және ауыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бір ғана бәсеке өндіруші
Нарық және нарықтық экономика
Нарықтық экономика жағдайы
Әлемдік нарық
Нарық тауарларды сатып алу сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы
Бәсеке, оның экономикалық табиғаты мен елдiң шаруашылық өмiрiндегi атқаратын рөлi
Нарықтық экономика туралы
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері
Нарық ұғымы және мәні
Қоғамдық өндіріс ұйымдастыру формалары
Пәндер