Медеу



Жоспар:

І. Кіріспе
Техникалық карта
Маршрут схемасы

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Алмалы бақ
2.2 Кіші Алматы шатқалы
2.3 Медеу тоғайлысы
2.4 «Медеу» мұз айдыны
2.5 «Премьер.Медеу Интернешнл» қонақ үйі
2.6 Медеу плотинасы
2.7 Шымбұлақ
Кіріспе
Қайырлы күн! Менің аты-жөнім Алимбаева Айгерім Тохтарқызы, мен бүгін сіздердің экскурсоводтарыңыз боламын.Бүгін біз сіздермен «Медеуді қарсы алу» атты экскурсияға шығамыз. Біздің маршрут Абай алаңынан Достық даңғылынан «Шымбұлақ» тау шаңғы курортына дейін жалғасады. Тоғайлыға дейін уақыт ұзақтығы 45 минут, ал 2 сағаттан кейін біздің автобус сіздерді Абай алаңына әкеліп салады.
Әр қаланың өз символы болады. Мәскеу үшін ол Кремль, Париж үшін – Эйфелева башнясы, Санкт-Петербургке – Нева. Ал Алматыны басқа қалалардан несімен ерекшелінеді? Президент Сарайы ма? «Қазақстан» қонақүйі ме? әлде Телеорталық па? Жоқ. Алматы - өзінің Іле-Алатау атты таулары мен әйгілі. Міне, осы символды, әдемілікті сіздер бүгінгі маршрут барысында көресіздер. Сонымен қатар, сіздер қызықты да жаңа дүниелермен танысасыздар. «Медеу» мұз айдынын көресіздер, Алматының флорасымен, фаунасымен танысасыздар. Плотинаны көріп және Алматы қаласының символы апорт алмалары екенін білетін боласыздар. Іске сәт-сапар!!!!!!

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе
Техникалық карта
Маршрут схемасы

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Алмалы бақ
2.2 Кіші Алматы шатқалы
2.3 Медеу тоғайлысы
2.4 Медеу мұз айдыны
2.5 Премьер-Медеу Интернешнл қонақ үйі
2.6 Медеу плотинасы
2.7 Шымбұлақ

Табиғатқа экскурсия.
Міндеті: Флора және фауна обьектілерін, жергілікті табиғи комплексті оқып-
білу, қоршаған ортамен танысу.
Мақсаты: Қоршаған ортаға аяушылық қарым-қатынасты тәрбиелеу.
Экскурсия маршруты: Абай алаңы – Медеу
Ара-қашықтығы: 12-13 км.
Барлық экскурсант типтеріне.
Экскурсия түрі: Қала сыртындағы, автобусты – жаяу жүру.
Ұзақтығы: 3 сағ.

Кіріспе
Қайырлы күн! Менің аты-жөнім Алимбаева Айгерім Тохтарқызы, мен бүгін
сіздердің экскурсоводтарыңыз боламын.Бүгін біз сіздермен Медеуді қарсы
алу атты экскурсияға шығамыз. Біздің маршрут Абай алаңынан Достық
даңғылынан Шымбұлақ тау шаңғы курортына дейін жалғасады. Тоғайлыға дейін
уақыт ұзақтығы 45 минут, ал 2 сағаттан кейін біздің автобус сіздерді Абай
алаңына әкеліп салады.
Әр қаланың өз символы болады. Мәскеу үшін ол Кремль, Париж үшін –
Эйфелева башнясы, Санкт-Петербургке – Нева. Ал Алматыны басқа қалалардан
несімен ерекшелінеді? Президент Сарайы ма? Қазақстан қонақүйі ме? әлде
Телеорталық па? Жоқ. Алматы - өзінің Іле-Алатау атты таулары мен әйгілі.
Міне, осы символды, әдемілікті сіздер бүгінгі маршрут барысында көресіздер.
Сонымен қатар, сіздер қызықты да жаңа дүниелермен танысасыздар. Медеу мұз
айдынын көресіздер, Алматының флорасымен, фаунасымен танысасыздар.
Плотинаны көріп және Алматы қаласының символы апорт алмалары екенін
білетін боласыздар. Іске сәт-сапар!!!!!!

Алмалы бақ
Сіздердің ең бірінші көріп танысатын обьектілеріңіз Алмалы бағы. Бұл
жерде әйгілі Алматы апорты өсіріледі. Апортты Верныйға ХІХ ғасырдың ІІ-
жартысында Воронеж губерниясынан көшіп келгендер алып келген. Бұл сортты
шеберлі бақташы – селекционер Н.Т. Моисеев өсіріп өндіре бастады.
Бірінші көшіп келген Е.В. Редько, Т.И. Алферов, З.И. Колчев және т.б.
сияқты Н.Т. Моисеев те ағаштың көшеттерін алып келіп, Кіші Алматы өзенінің
бойына отырғызды. Жергілікті энтузиасттардың көмегімен Верный қала – баққа
айнала бастады. 1910 жылға таман тек Үлкен Алматы станциясында 1131 га
жерге бақтардың саны 521-ге жетті. Апорт әдемі пішіні және бояуымен, жоғары
қанттылығымен, жеңіл қышқылдығымен және өзгеше хош иісімен ерекшелінеді.

Кіші Алматы шатқалы
Келесі сіздердің көріп тамашалайтындарыңыз Кіші Алматы шатқалы.
Қазақстанның бұл көрікті де әсем табиғаты өзінің қалың шыршалы орманымен
Мохнатка тауы, оның үстінде трапеция пішінді Кумбель, ұзақта таңғы аспанның
тереңдігін кесетін Абай шыңы, Тұйық-Су қақпасының үлкен жоталары
үйлесімділігімен көз тартады. Бұл аудан өзінің жеңіл де қиын да 46
альпенистік маршрутымен әйгілі. Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарының
арасында Көк- Жайлау атты альпілік шалғын орналасқан. Бұл жаяу жүру
маршрутының ең әйгілісі. Көк-Жайлау үстіртіне көтерілу Кіші Алматы және
Батарейка өзендерінің қосылған жерінде орналасқан. Просвященец демалыс
үйінен басталады (Медеу мұз айдынынынан 1 км төмен). Көтерілу шыршалы
және қайыңды ормандармен 2-2,5 сағат өтеді. Бұл маршрут қыс мезгілінде де
қызықты. Шаңғы мен шананы сүйетіндер 8км бөктерден түсуді рахаттана
игереді. Үстірттен көрші Кумбель шыңына (3200метр) шығуға болады.
Тұйық – Су қақпасының үлкен жоталары Тұйық-Су граниттік шыңына
апарады (4200м). Тұйық – Су Шымбұлақ тау-шаңғы курортының оң жағында
орналасқан. Мүмкін бұл ең тиімді мұздықтардың бірі. Бұл мұздықтар тобының
ортасында орналасқан. Мұздық орташа есеппен жылына 10 метр қысқарады,
нәтижесінде еріген сулар жазда көл ққұрайды. Қар интенсивті еріген кезде
көлдің толуы салдарынан сел болуы мүмкін. Алматы қаласын осы сел
ағындарынан қорғау үшін Кіші Алматы өзенінің бойымен гидрлтехникалық
құрылыс кешені салынған.
Кіші Алматы шатқалы – бұл демалыс үйлер, санаторийлер және жеке
иеліктердің зонасы, сол себепті жол қақпаларымен қоршалған. Жол бойына
мейрамханалар салынған. Бұл жерде санаторийлерге жолдама алуға болады. Ал
белсенді демалуды ұнататындар сөмкелерін толтырып, тауға шығуларына болады.
Таулар – біржақты өмір сүруден емдейтін бірден-бір шипа болып табылады. Бір
тәулік ішінде бірнеше табиғи ендіктерде болып қайтуға болады. Келесі
сіздердің танысатын обьектілеріңіз ол – Медеу тоғайлысы.

Кіші Алматы шатқалы Таудағы Күннің шығуы

Кіші Алматы шатқалы

Медеу тоғайлысы.

Бұл жер ауылы осы жерде орналасқан Медеу атты көшпендінің атымен
аталған. Медеу тоғайлысы теңіз деңгейінен 1691 м биіктікте, қала
орталығының 16км қашықтықта орналасқан. Жанында қаладан өсіп кеткен орман
сияқты болып көрінетіндігінен Мохнатка беткейлері орналасқан. Көтеріліске
дейін бұл беткейде шіркеу қызметкерлері тұрған үңгірлі мешіт болған. Кеңес
Үкіметі келгеннен кейін барлығын кесіп, ал үңгірді жарып тастаған. Қазіргі
кезде Құдайға табынушылар сол мешіт болған жерге барып, Құдайға сыйынады.
Медеу тоғайлысы Іле Алатау жоталарында 1520 – 1750 м биіктікте Кіші
Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Медеуді Кимарлы, шығысында –
Қабырғатау, оңтүстік-батысында Кумбель қыраттары мен, оңтүстігінде - спорт
комплексі, биік мұз айдыны және Медеу қонақ үйі, селден қорғайтын плотина
қоршап жатыр. Медеу арқылы Мыңжылқы тоғайлысына жол салынған. Медеу орманды
дала және орманды тау зоналарының шекарасында орналасқан.
Медеу – адам тұратын аудан. Бұл жерде туристік, спорттық және емдік
базаларын салуда перспективалы құрылыс кешені болып табылады. Соның бірі
әйгілі Медеу спорт комплексі.

Медеу спорттың қысқы түрлерінің биік таулы кешені.

Медеу – аса құнды спорт кешені, ол теңіз деңгейінен 1700м биіктіктегі
Медеу тау қойнауында орналасқан. Медеу қысқы спорт түрінің ең биік және ірі
спорт кешені болып табылады, мұз айдынының алаңы 10,5 шаршы метрді алып
жатыр. Мұнда 170 әлемдік рекордт жасалған, сондықтан да ол спорт
кешендерінің көшін бастауда.
Медеу 1972 жылы (архитекторлар В.З. Кацев, А.С. Қайнарбаев, инженер
С.Б. Матвеев және т.б.) табиғи мұздың үстіне салынған. 1951 жылдың 4-6
ақпанында мұнда алғашқы ресми жарыстар өте бастады. 2003 жылы биік тау
спорт кешені толық қайта жарықтанудан өтті, болашақта жабық шатыр жасау
жоспарлануда.
Медеу тәкаппарлығымен кәсібі спортшыларды, әр жалпы әлемнің әр
түкпіріндегі табиғат сүйушілерді өзіне көптеп тартады. Аспантаулар
аясындағы әсем Медеу ғасырларға жалғасқан мәңгілік жасыл шыршалар
арасындағы мұз аралы іспетті. Мұнда саф таза ауаны, таулы Арктиканың суық
лебін сезгендей боласың.

Медеу биік таулы мұз айдыны
Медеу неліктен әлемдік рекордтардың ошағына айналып отыр?
Ғалымдардың жорамалы бойынша мұз айдыны астында терең жер асты өзені бар
айналымға орналасқан. Айналымда үлкен соленоид, бағыттаушы алаң бар. Демек,
мұз сыртқы суықтан қабыршақтанған кезде, кристаллдар белгілі бағытқа қарай
бұрылады. Мұздың екінші рет қабыршақтануы 17-20 минут аралығында емес, 12
минутте – ақ жүзеге асады. Мүмкін, конькилер осы қабыршақтардың қабырғалары
бойынша сырғанайтын болар. Жылдамдықтың сыры, міне осында жатыр! Ғалымдар
сандық сиқырды да байқаған: Медеу теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте
орналасқан, ал мұндағы ең жылдам мұз нөлден 1,7 градус төмен
температурада пайда болады екен. Айдындағы ең сапалы мұз – күннің шығуына
және батуына жарты сағат қалған кезеңдер. Мұнда Жер айналуының космостық
және күн сәулелерінің де өзара ықпалы айтарлықтай роль атқарса керек.

Медеу мұз айдынында

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медеу мұз айдыны
«Медеу бөгетінің суағытқыштары» ТУ абж үшін ОРС-серверді Masterscada құралдарымен жобалау және баптау
МЕДЕУ СӘРСЕКЕЕВТІҢ ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫ РОМАН - ЭССЕСІН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ
Медеу Сәрсекеевтің шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы
Қазақсатан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі
Алматы қаласы – оңтүстік астана
Алып стадионның ашылуы
Алматы қаласына қатысты 100 факт
Алматы аумағында сел қауіпі
Жанама салықтарды есептеу және төлеу механизміжәне олардың бюджеттегі орнын талдау (Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық Комитетінің мәліметтері негізінде)
Пәндер