Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орны



М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1 Қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдерінің зерттелуі ... ... ... ... ... ..25

2 Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орны ... ... ... ... ... .26
2.1 Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер
2.2 Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер
2.3 Сан есім мен басқа сөз таптырының бірігуі арқылы жасалған терминдер
2.4 Зат есім мен қимыл атауының бірігуінен жасалған біріккен терминдер

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Р Е Ф Е Р А Т

Жұмыстың тақырыбы: Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер.

Жұмыс көлемі: 33 бет

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 26

Жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі мәселелерді қамтитын екі
тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мақсаты: қазіргі қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдерінің
зерттелуі олардың түрлері және біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының
орнын сипаттау.

Жұмыстың мазмұны: жұмыстың бірінші тарауы терминжасам тәсілдерінің
зерттелуі. Екінші тарауы біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орны.

Тірек сөздер: термин, сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер,
терминжасам тәсілдері

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1 Қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдерінің зерттелуі ... ... ... ... ... ..25

2 Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орны ... ... ... ... ... .26

2.1 Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер
2.2 Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер
2.3 Сан есім мен басқа сөз таптырының бірігуі арқылы жасалған терминдер
2.4 Зат есім мен қимыл атауының бірігуінен жасалған біріккен терминдер

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Кіріспе

Тіл-тілде термин жасау, оның терминологиялық қорын байытып,
терминологиялық жүйесін реттеу негізделді, ең алдымен сол тілдің өз сөздік
құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады. Кез келген қоғам
әлеуметтік өмірдің әрбір сатысы міндетті түрде, үздіксіз дамумен,
эволюциялық қозғалыспен сипатталатындықтан, қай кезде де жаңа, жаңарақ
түсініктер пайда болып, тілде оларды затына лайық атап, сөздің құрамын
түрлендіріп келгені ақиқат, яғни термин жасау, сөзден сөз тудыру – тілдің
төл қасиеті. Ғылым тарихының арнайы ғылыми зерттеу орталықтары ашылып, кей
жұртың өзін ғалымбыз деп атауымен басталмай, халықтың бар тіршілігімен
астасып, адам адам болғалы замандардан бастау алатындығы сияқты, термин
жасау тарихы да тіл тарихына сіңісіп кеткен десек те болады. Тілде термин
сөз жасау дәстүрі бұрыннан болғанымен, оның арнайы сөз табы ретінде
қарастырылуы – ғылымның хатталу тарихымен байланыстылығы негізінде, “қазақ
терминологиясының алғышарттары октябрь революциясына дейін болды” деп оны,
негізінен және сөзсіз түрде, Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауымен келген
ғылымға тели ғана қарау – дұрыс емес. Өйткені, әрбір сөз жаңа пайда
болғанда дерексіз, күрделі түсінікті деректендіруші термин қызметін
атқарып, уақыт өте ұғымдық қырлары ашылып, жатталып, қатардағы жай сөздерге
айналады. Ғылымның да, пәлен уақыттан бері пайда болды, оған дейін болмаған
еді деп, дәл мезгіл белгілеу мүмкін емес.
Терминнің термин екені, жай, басқа сөздердің айырмасы оның мағына
ауқымының шегін көрсетерлік түсіндірмесі болуынан, арнайы түсіндірілуінен
де көрінеді. Ал, жай сөздерге түсіндірме берілмейді. Ал, енді осы “термин”
деген ұғымның өз басына келер болсақ, бұл жайында көптеген ғалымдар
терминге анықтама беріп кеткен. Бұл жайында О.С.Ахманова “Термин дегеніміз
арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған тілдегі
арнайы (ғылыми-техникалық) сөздер мен сөз тіркестері” дейді. Д.Н.Ушаковтың
айтуынша да “термин – нақты анықталған ұғымның атауы болып табылатын сөз
әлдебір ортада әлденені, мамандықты белгілеу үшін қабылдамайтын арнайы сөз
неемесе сөз тіркесі”. Сондай-ақ А.В.Суперанская бастаған ғалымдардың
пікірінше: “термин – кәсіптік білімнің белгілі бір саласындағы ұғымдар
жүйесіне енетін ұғымды сөзбен таңбалау”. Термин мәселесімен тікелей
айналысқан қазақ ғалымы Қ.Жұбанов терминге мынадай анықтама береді:
“Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, ол сөздерді
әлгіндей ұғымдарға ғылым мен революция жағы қандай сатыда тұрса міне, осы
екеуі теліп отырады. Сонымен қатар, термин сөзінің терминдік ұғымы мен
күнделікті тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы да
мүмкін”. [2, 40]
Жалпы бұл анықтамалардан шығатын қорытынды бұлардың бір-бірімен қайшы
келмейтіндігі. Олардың терминге анықтама беруде сөз бен ұғымның әртүрлі
белгілерін негізге алуы, дәлірек айтқанда осы белгілердің әлдебірін баса
көрсетуі, осы негізде терминдердің арнайы ұғымды білідіретіндігін, яғни
ғылым мен техниканың және өндірістің белгілі бір саласына тән екендігін,
сондай-ақ сөз немесе сөз тіркесі түрінде көрініс табатындығын атап көрсете
аламыз. Бұл айтылғандар терминге қойылатын негізгі талаптар мен яғни
олардың дәл, қысқа және жүйелі болуымен шектесіп деуге болады.
Қазақ тілінде термин сипатты, дербес мағыналы сөздердің арнайы жасалып,
кең тарапты қолданыла, тұрақты түрде жазыла бастауы ХІХ ғасыр аяғы, осы
ғасыр басында ерекше көрініс берді десек болады. Оның өзі, осы тұста қазақ
тілінде “Айқап”, “Дала уалаятының” газеті “Қазақ” сияқты мерзімдік, әдеби
басылымдар мен шығармалар, алғашқы оқу құралдары бір және екі тілдік
сөздіктер, іс-қағаздары, басқа да қатынастық хат-хабарлардың көбеюімен
негізделеді. Бұл тұста арнайы ешкім де арнайы түрде сала атауларын түзіп,
түгендеумен айналыспағанымен, жұрттың түрлі мақала, еңбек жазу барысында
тілдің сөзжасамдық тәсілдері негізінде сөз тудыру, сөздерді түрлендіре
қолдану істері қағазға түсіп, жаңа қарқынмен дами бастады.
Әдетте, бірден бір сөзбен айта қойылу қиын, күрделі түсініктердің бір
сөзге, атаулы сөзге айналуына ол түсінікті жазуда қолдану сипаттау жазу
істері үлкен ықпал етіп, түсінікті бір сөзбен белгілеу қажеттілігін
туғызады. Яғни, аталмыш түсінікті беру үшін қайта-қайта сипаттап жазу,
ыңғайсыз болғандықтан және түсінік бірізді, бірыңғай қабылдануы үшін, оны
бір ғана белгімен беру тиімді болады. Жазудың алғашқы кезінде сөйлем ұзақ,
шұбалаңқы болып, кей сөздер жиі қайталанып, бірін бірі қайталап, бірі
жетпей, бірі артылып, айтар ойдың дәлдігі төмен болып жатады да, бірте-
бірте ой нақтылана бастайды. Бір сөзбен айтқанда, жаңа сөздер туып,
мағыналары айқындалып, тұрақтауы – жазу әсерінен жылдамдай түседі.
Ең алғаш рет “Қазақ” газетінде қолданылған баспасөз, ашықхат, теміржол,
сөзжарысы, ана тілі, оқу құралы, оқу кітабы сияқты сөздер сол кезде-ақ
терминдік сипат алып үлгерген болса, әрі қазірде өзгеріссіз қолданылып
жүрсе, дем алып, біраз өнеркәсіп, тұратұғын, шығатұғын, құрымайтұғын
(сөздерінің біразы) шекаралық, жат шөптерден, сөз жазғыш сөздерінің біразы
біраз, өнеркәсіп, шекара болып әсіресе, біразы ақырзаман, бөлім, тұратын,
шығатын түрінде өзгерсе, біразы жазушы, арамшөп болып ауыстырылды.
Бәрі бірдей дұрыс болмай, кейбір қалт-құлт етіп тұрғандай болғанымен,
бұлар түсініктің ұлттық баламасын іздеудің термин немесе жаңа сөз жасау
ісі, сырттан таңылмай, тілдің, тілдік қолданыстың өз табиғатынан
туындайтындығының көрінісі болып табылады.
Жалпы қазақ терминологиясын қалыптастырушылардың бірі ретінде біз ең
алдымен, А.Байтұрсынұлын атай аламыз. Ұлттық тілімізде енді-енді оқулық
жазылып, арнайы тілде термин жасаудың сол балаң шағында тіл, әдебиет сияқты
екі бірдей сала атауларын түгелдеп, бір сөзін де қалдырмай, ұлттық тіл
қаражатының атаған және тіл мен ғылым жүйелерін асқан шеберлікпен үйлестіре
білген. А.Байтұрсынұлы қалыптастырған бірқатар терминдер қазіргі қазақ
терминологиясы тұрғысынан да, термин жасаушылар ғалымның термин жасау
ерекшелігіне, термин жасауға ұмтылуда.
Содан кейінгі А.Байтұрсынов жолын жалғастырған Х.Досмұхамедұлы,
М.Жұмабаевтар термин жасамға ат салысты. Одан кейін Байтұрсынов жолын
жалғастырушылар Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Бәйішев, М.Жаналин, М.Балақаев,
Қ.Сағындықов, Қ.Шәріпов, І.Жарылғапов, Ә.Сатыбалдиев, А.Абдрахманов,
Ә.Қайдаров т.б.
Тіл-тілде жаңа термин жасау, оның терминологиялық қорын байытып,
терминологиялық жүйесін реттеудің негізгі көзі, ең алдымен, сол тілдің өз
сөздік құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады деп айтып
кеттік, яғни терминдер де байырғы сөздер секілді тілде бұрыннан бар сөздер
мен түбірлер негізінде жасалады. Қазақ тілінде термин жасау күрделі де
қызық проблемалардың қатарына жатады. Ал, терминнің жасалуына келсек, кез
келген термин белгілі-бір дәрежеде ғылыми негізге сүйеніп жасалады.
Терминжасам дегеніміздің өзі қоғам мүшелерінің саналы әрекеті нәтижесінде
жасалатын құбылыс.
Қазақ тілінің сөздік құрамы термин жасауға көптеген дайын материал
беріп келеді. Бұл – сарқылмайтын байлық көзі. Оның терминжасау
мүмкіншілігін біз әлі түгел пайдланып біте алғанымыз жоқ. Ол мүмкін де
бола бермейді. Термин сөзге деген сұраныс молайған сайын, жаңа қолданыстар
лебі пайда болады. [2, 297]
Көптеген ғалымдар терминжасам процесіне тікелей ат салысып, ол үшін
қазақ тілінің лексикалық байлығының грамматикалық амалдарын түгел іске
жаратуға бетбұрыс жасаған болатын. Соның нәтижесінде халық тілінің
сарқылмас қазынасы сарапқа түсіп, қарапайым сөздер терминдік мәнге көшті.
Ғасырлар бойы дайын қалыптасқан сөзжасам тәсілдері терминжасамның негізгі
тірегіне айналды және атап айтуға тұратын бір нәрсе, терминжасам тек ұлттық
тіліміздің өз материалымен ғана шектелмей, кірме сөздер қатарында тиімді
пайдаланды. Алайда ұлттық терминологияны, едәуір байыта түскен
терминжасаудың бірнеше тәсілдері белгілі бола бастағанмен бұл жөнінде
мамандарымыз әлі күнге бір пікірге келе алмай жүрген сияқты.
Жалпы айтқанда терминжасауда 4 түрлі тәсілге сүйеніп, жасалады. Екінші
тарауда осы тәсілдердің ішінде синтаксистік тәсілдері арқылы жасалған, яғни
сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдерге тоқталып өтемін.

Жұмыс тақырыбының өзектілігі:
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге таныла бастаған
соңғы он шақты жылдан бері термин жасау және қалыптастыру ісіне ерекше
көңіл бөліп келеді. Ұлт тілінде терминжасау ғылыми-техникалық
терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыру үшін термин шығармашылығында
іске қосылатын амал-тәсілдер мен термин жасауда пайдаланылатын ішкі
көздерді айқындап, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін көрсетудің
маңызы зор.
Қазіргі кезеңде термин жасауда ұлт тілінің ішкі байлығын тиімді
пайдалануға барынша мән беріліп отырғандығы баршамызға белгілі. Көптеген
жаңа терминдер жасалып, қолданысқа көше бастады. Термин ісінде неғұрлым аз
қателесіп, тіл табиғатына қайшы әрекет жасамас үшін тілдегі термин түзу
тарихын оның өз бойынан шыққан дәстүрін үнемі ескеріп назарда ұстап отыру
шарт. Бұл реттегі әрекет қандай да болмасын бөгде тілден тыс себептер емес,
олар уақытқа сай жетілдіре алынуы және алдыңғы тарихынан тым алыстап
кетпеуі тиіс. Осыған байланысты тілімздің терминжасам тәсілдері оның ішінде
сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдерге арналған дипломдық жұмыс
тақырыбы өзекті болып табылады.
Жұмыстың мақсаты:
Қазіргі терминжасам мәселесіндегі сөздердің бірігуі арқылы жасалған
терминдерді сипаттау, біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орнын
көрсету.
Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер алға тартылды:
1) Тілші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, жалпы терминологияның
қалыптасу тарихына тоқталу;
2) Қазақ тіл білімінде терминжасам тәсілдерінің зерттелуіне тоқталу;
Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының ролін айқындау;
3) Жұмыстың әдіснамалық негіздері ретінде Ш.Құрманбайұлының “Қазақ
лексикасының терминденуі”, Ө.Айтбайұлының “Қазақ терминологиясының дамуы
мен қалыптасуы”, С.Ақаевтың “Терминнің танымдық табиғаты”, Б.Қалиұлының
“Мемлекеттік терминология мәселелері” атты іргелі зерттеулері алынды.
Жұмыс құрылымы жағынан кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
Кіріспеде дипломдық зерттеу жұмысының объектісі пәні мен оның сипаты
көрсетіліп, мәселенің зерттелу тарихына шолу жасалды.
Жұмыстың бірінші тарауы “Қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдерінің
зерттелуі” деп аталып, қазақ тіліндегі терминжасам мәселесі,
терминжасамдағы қолданылатын тәсілдердің зерттелуі қаралады.
Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының рөлі екінші тарауда зат
есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер, сын есім мен зат
есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер, сан есім мен басқа сөз
таптарының бірігуі арқылы жасалған терминдер, зат есім мен қимыл атауының
бірігуі арқылы жасалған терминдер деп бөліп әрқайсысының терминжасамдағы
рөлін көрсетеміз. [1, 279]

1 Қазіргі қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдерінің зерттелуі

Тіл-тілде жаңа термин жасау оның терминологиялық қорын байытып,
терминологиялық жүйесін реттеудің негізгі көзі ең алдымен сол тілдің өз
сөздік құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады. Яғни
терминдер де байырғы сөздер секілді тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлер
негізінде жасалады. Терминжасам процесінде ұлт тілі өз сөзжасам амалдарының
үлгілерін алға тартса, басқа тілдерден кірме сөздерді қабылдау сәтінде де,
осы тәсілдерге сүйене отырып, өзіндік модельдерін құрайды. Жылдар бойы
қалыптасып келе жатқан сөзжасам амалдары терминжасамға тікелей қатысып,
олардың қайсыбірі белгілі бір кезеңде белсенді қызмет көрсетіп, активтеніп
қайсыбірі белгілі бір кезеңде солғын тартып, үнемі үздіксіз өзгеріске түсіп
отырған.
Қазақ әдеби тілі сөздік қорының жаңадан жасалып, немесе қабылданып
жатқан терминдік атаулар есебінен күн санап баюы, толассыз толыға түсуі
әрине мұның бәрі ғылыми техникалық прогресске байланысты жаңа техникалық
құбылыс. Жалпы сөз байлығымыздың бүгінде үштен екісі терминологиялық
лексикадан тұрады. Ғылым мен техника дамыған сайын мыңдаған жаңа ұғымдар
пайда болып жатады. Олардың әрбірі өзінің таңбалаушысын тауып, тілдік
тұрғыдан да жүйелеуді қажет етеді. Мұндай қажеттіліктерді өтеп, термин
жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу реттеу жұмыстарын дұрыс жолға
қою - бүгінгі күннің өзекті мәселлерінің бірі болып отыр. Қазіргі кезеңде
терминжасамда ұлт тілінің ішкі байлығын тиімді пайдалануға барынша мән
беріліп отыр. Жалпы термин жайында бүкіл тюркологияда, қазақ тіл білімінде,
орыс лингвистикасының өзінде де осыған тоқтайық дейтін нақты пікір
қалыптасқан жоқ. Оның не екенін, лексиканың қай тобына жататынын елдің бәрі
білгенімен, негізгі басты белгілерін ажыратып тануда әрқилы түсінік бар.
Академик І.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақов терминге мынадай анықтама береді:
“термин дегеніміз ең алдымен негізінен белгілі бір ғылым мен техника
саласында қолданылатын арнайы лексика”. О.С.Ахманова Термин дегеніміз
арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған тілдегі
арнайы сөздер мен сөз тіркестері. Ал, Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкова
терминінің осы айтылған белгілеріне қосыла отырып, және бір мағыналығына
мән береді. Яғни, тілдегі сөздердің біразы көп мағыналы боп келсе, термин
болатын сөздердің олардан айырмашылығы – жалқы мағыналығында деп түйеді.
Терминдерді зерттеуде және қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда
Д.С.Лоттенің, Т.О.Винокурдың, А.А.Реформатскийдің, В.В.Винокурдың,
Р.А.Будаговтың, Л.И.Скворцовтың, В.П.Даниленконың, А.В.Суперанскаяның,
М.Ш.Гасымовтың, Б.О.Орузбаеваның т.б. ғалымдардың рөлі зор болды.
Қазақ тілінің сөзіміздің басында айтып кеткендей, сөздік құрамы
терминжасауға көптеген дайын материалдар беріп келеді. Термин сөзге деген
сұраныс молайған сайын жаңа қоданыстар легі пайда болады. Қазақ тілінде
термин жасау негізінен тіліміздің сөзжасам процесінің аумағына енетін
мәселе. Біреулер терминжасамды бір тілдің термин сөздерін екінші тілге
аудару немесе тілдегі кез-келген сөзді пайдалану десе, енді біреулер кірме
сөздер деп түсінуі мүмкін. Ал енді тіл білімі тұрғысынан айтатын болсақ,
терминжасамның өзіне тән мынадай өзгешелік белгілерін атап көрсетуге
болады. Жалпыға бірдей қарапайым сөздер қоғамдағы өзара қарым-қатынас
қажетіне байланысты туындап, және оны сол тілде сөйлейтін кез-келген адам
жасай алатын болса, терминдер белгілі бір кәсіп пен мамандыққа тән ұғымды
білдіру үшін жасалады да сол саланың мамандары арасында ғана қолданылады.
Тіпті мұны Г.О.Винокур айтқандай, күнделікті практикалық мұқтаждық
тудырады, оны белгілі саладағы мамандар жасайды. Осыдан байқалатындай
терминді саналы түрде қадағалап, қолдан жасап, сұрыптап отырмаса, ғалымдар
бірін бірі түсінуден қалуы да ықтимал. Дегенмен, терминдер сол өзі пайда
болған салада тұрақтанып, өзгерместей қатып қалатын категория емес. [3, 89]
Сөйтіп, терминжасам дегеніміз қоғам мүшелерінің саналы әрекеті
нәтижесінде жасалатын құбылыс. Жалпы халықтық тілдегі көптеген сөздердің
қашан, қалай пайда болғанын біле бермейміз. Ал терминнің тіпті бүкіл бір
терминдік жүйенің неге байланысты, қалай, қай мезгілде жасалғанын дәл айтып
беруге болады. Мысалы, революция, колхоз, совхоз, бесжылдық, тыңгер,
тиімділік, сапалық белгі, ғарышкер, бетбұрыс, қайта құру тәрізді тағы басқа
толып жатқан сөздер мен сөз тіркесімдерінің қашан, қандай жағдайда жасалып,
терминге мәнге жұмсала бастағанын дәл айтып бере аламыз.
Кез келген термин белгілі бір дәрежеде ғылыми негізге сүйеніп жасалады.
Түркі халықтары тіліндегі терминжасам процесіне зер салсақ, терминология
жұмысында мынадай үш принцип басшалыққа алынады екен. Біріншіден бұрынғы
одақ халықтары тілдерінің бәріне ортақ принцип. Екіншіден қоғам мен тілдің
даму ерекшеліктеріне сәйкес туындайтын әрбір тілдің өзіндік терминжасау
ұлттық принципі. Жалпы ойымызды жинақтап келгенде айтарымыз жалпы түркі
тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде жаңа термин жасаудың модельдері
тұрақталған тәрізді. Термин жасау мен қалыптастыру ісі әсіресе 1920 жылы
аралығында жандана түсті. Себебі, 1917 жылы қазан төңкерісі қазақ жеріне
жаңа қоғамдық өзгерістер әкелді, жаңа басқару формасы енді, қазақ тіліне
орыс тілі күн санап өз ықпалын тигізе бастады.
Б.Н.Головин: Қазан төңкерісі елдің экономикалық және мәдени әлеуметтік
өмірін өзгертті, терминдердің дамуына әсер етті деп көрсетеді. [3; 27 ] Бұл
жырлары қазақ халқының ғылымға, мәдениетке қолы жетті. Түрлі мекемелер,
өндіріс орындары ашылды, ауылшаруашылығындағы жаңа техника мен жабдықталған
мәдениетті шаруашылыққа айналды. 1920 ж. 26 шілдеде сауатсыздықты жою
туралы арнайы қаулы қабылданып көптеген оқу орындары ашылды. Қоғамда болып
отырған осындай жаңалықтар өзімен бірге көптеген терминдер мен терминдер
тіркестер ала келді. Дегенмен жалпы қазақ терминологиясының терминжасам
мәселесін сөз еткенде ең алдымен А.Байтұрсынұлын айта кету керек. А.
Байтұрсынұлы терминжасам тәсілдерін анықтап, оларды өз тәжірибесінде тұңғыш
рет кеңінен пайдаланған ғалым. Терминжасам тәсілдерінің аражігі ашылып,
олардың термин шығармашылығында іске қосылуы – қазақ тілінің
грамматикасының жазылуымен тікелей байланыста қарастыруды қажет етеді.
Бүгінгі терминжасам тәсілдерінің ерекшеліктерінің бар екендігіне
қарамастан, ол негінен қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің құрамына енді.
А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтаумен қатар ол
тәсілдерді термин жасауда пайдаланудың жаңа үлгісін көрсеткендігін оның
қаламынан туындаған жүздеген терминдері дәлелдейді. Мәселен ғалымның
жұрнақ, жалғау, буын, шумақ, тармақ, рай, мүше, әдіс, т.б. семантикалық
тәсілмен, жақша, сызықша, көсемше, есімше, дәйекше, буыншы, бастауыш,
баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш, әуреленіс, күліс, әлектеніс,
әліптеме, зауықтама, мазмұндама, ермектеме, қорытпа, ұсынба, жалғаулық,
есімдік тәрізді көптеген терминдері морфологиялық тәсілмен, ал дауыссыз
дыбыс, дауысты дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс, түбір сөз, туынды сөз, қос
сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын
пысықтауыш, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем,
жалаң сөйлем, жайылма сөйлем, болымды сөйлем, болымсыз сөйлем, толымды
сөйлем сынды терминдер тобы синтаксистік тәсілмен жасалады. Бұл
терминдердің кейбіреулері орыс тіліндегі терминдердің негізінде калькалану
жасағалғаны аңғарылып тұр. Мысалы дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, қос сөз
т.б. А.Байтұрсынұлы терминжасам тәсілдері н анықтап, оларды өз
тәжірибесінде тұңғыш рет кеңінен пайдаланған ғалым. Ол 1912 жылы “Оқу
құралы” деген атпен қазақша әліппе, 1928 жылы тілді дұрыс жұмсай білу
тәртібіне арнап, “Тіл жұмсар” атты еңбек жазды. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлына
дейінгі қазақ тілінің құрылысы туралы орыс түркітанушыларының еңбектерінде
қазақ тілі ғылыми негізде зерттелгенмен, бірақ олар орыс тілінде жазылып,
түркі тілдерін зерттеушілерге арналған, оларда қазақша тіл терминдері
жасалған жоқ. Сол себепті А. Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басында ана тілінде
ұлттық тіл білімінің негізін қалаған қазақтардың тұңғыш ғалымы ретінде
танылады. А. Байтұрсынұлы терминжасам тәсілдерін анықтап оларды өз
тәжірибесінде кеңінен пайдаланган галым.Термин жасам тәсілдерінің ара жігі
ашылып, олардың термин шығармашылығында іске қосылуы-қазақ тілінің
грамматикасының жазылуымен тікелей байланыста қарастыруды қажет етеді.
Бүгінгі терминжасам тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар екендігіне
қарамастан, ол негізінен қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің құрамына
енеді. Жалпы термин жасауда А.Байтұрсынұлы ең басты екі принципті ұстанады.
Оның бірі – термин жасауда қазақ тілінің өз мүмкіндігін барынша тиімді
пайдалану. Әсіресе, ол тілді фонетика, морфология, синтаксис деген дәстүрлі
жүйеге бөліп сөздерді түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы сөз,
қосымшалар деп тұлғасына қарай беске бөледі, зат есім, сын есім, сан есім,
есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғау, одағай деп мағынасына қарай тоғызға
бөліп саралауы терминологияға қосқан зор үлесі екенін байқаймыз.
А.Байтұрсыновтан кейінгі ірі тұлғалардың бірі Қ.Жұбанов ол өзінің 11
принциптен тұратын жобасын ұсынған. Қ.Жұбанов жасаған принциптердің негізгі
идеясы екі басты бағытты қолдайды. Бірі – халықтық сипаттағы сөздерді
қазақшаға аудармай, сол қалпында алу болса, екіншісі – қазақ тілінің өз
ішкі мүмкіншілігін дұрыс пайдалану болып табылады. Оның терминжасамда:
дара етістік, қаратпа сөз, қыстырма сөз, кіріккен сөз, кіріккен түбір, сөз
бен ой, жетек сөз, жетекші сөз, түп мүше, тұйықша, есімше, қосар сөз,
қосалқы сөз, қиюлы сөз, жалғауыш сияқты терминдер жасайды. Ол терминжасауда
қазақ тілінің ішкі мүмкіндігін пайдалану қажеттігі туралы айта отырып,
сөзжасамның түрлі тәсілін басшылыққа алған. Олар: лексика-семантикалық,
синтетикалық немесе морфологиялық, аналитикалық немесе синтаксистік, калька
жолымен аудару тәсілі. Терминжасамда қазақ ғалымдарының көш басында тұрған
А.Байтұрсыновтан бастап Қ.Жұбановтардың ізін қуған Н.Сауранбаев, С.Бәйішев,
М.Жанғалин, М.Балақаев, Қ.Шәріпов, Р.Сыздықова, Ө.Айтбаев, Б.Қалиев,
Ш.Құрманбайұлы т.б. ғалымдарды айтуға болады. Профессор Ө.Айтбаев бір кезде
сөзжасамдық қабілеті шектеулі қосымшалар қатарына ығыстырылған -дама,
-неме, -неме, -лас, -лес, -дас, -дес, -ман, -мен тәрізді
морфемалардың қисынын тапса, терминжасам жүйесінде бірден бір өнімді
қосымша болары сөзсіз деген болатын. [5;22].
Терминолог ғалым Ш.Құрманбайұлының айтуынша ешбір ұлттық тілдің термин
жасауға мүмкіншілігі жетпейтін тіл деуге болмайды. Мәселе ұлт тілін термин
шығармашылығында пайдалануға байланысты терминжасам процесінде өз тілімізді
пайдаланбай, өзге тілдерді дайын терминдерді өзгеріссіз қабылдай берсек,
терминдеріміз ұлт тілінде жасалынбайды. Ұлт тілінде термин жасау үшін ана
тіліміздегі тәсілдерді пайдалану керектігін айтады. Академик Ә.Қайдаров
термин жасауда қазақ тілінің төл және бұрыннан қалыптасқан байырғы
лексикалық байлығын дұрыс пайдалану, терминдерді жаңадан жасауда дәстүр мен
шарттылық заңдылығын мойындау, ұлттық және халықтық терминдердің сандық
және сапалық арасалмағын табиғи қалыпта сақтау принциптерін ұстанады. Ол
қазіргі халықтық деп жүрген терминдерді қазақшаға аударуға болатынын
аударып, аударуға келмейтін сол қалпында емес, қазақ тілінің фонетикалық,
морфологиялық ерекшеліктеріне икемдеп, қазақша етіп жасауды ұсынады.
В.П.Даниленконың пікірінше жалпы халықтық тіл қорын байытып отырған
тәсілдің қай-қайсысы да терминжасам процесінде өнімді қызмет атқара алады.
[6; 90]
Көптеген ғалымдар термин жасау процесіне тікелей атсалысып, ол үшін
қазақ тілінің лексикалық байлығы мен грамматикалық амалдарын түгел іске
жаратуға бетбұрыс жасаған болатын. Соның нәтижесінде халық тілінің
сарқылмас қазынасы сарапқа түсіп, қарапайым сөздер терминдік мәнге көшті.
Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан сөзжасам тәсілдері терминжасамның негізгі
тірегіне айналды. Және атап айтуға тұратын бір нәрсе, терминжасам тек
ұлттық тіліміздің өз материалымен ғана шектелмей, кірме сөздер қатарынан да
тиімді пайдаланды. Алайда ұлттық терминологияны едәуір байыта түскен термин
жасаудың бірнеше тәсілдері белгілі бастағанымен бұл жөнінде мамандарымыз
әлі күнге бір пікірге келе алмай сияқты. Қазіргі қазақ терминологиясы
тұрғысынан да термин жасаушылар А.Байтұрсынұлының термин жасау ерекшелігіне
сүйеніп термин жасауға ұмтылуда. Қазіргі кезеңдегі сәтті жасалған
терминдердің қалыптасуы сол үрдістің нәтижесі деп білу керек. Олай болса
қазақ терминжасам жүйесін пайдаланудың барысында жылдарының алғашқы
кезеңінде шет тілі сөздерімен қоса аз да болса ұлттық төл сөздер арқылы да
терминдер жасалып, қалыптасты. Осы кезеңде жасаған терминдердің жиынтығын
қарастыра келіп 1931 ж. жарық көрген “Атау сөздері” сөздігінен мысалдар
ала отырып, олардың жасалу жолдарындағы ерекшеліктерді былай топтап бөліп
көрсетуге болады.
а) шет тілінің сөздерін өзгеріссіз ала отырып жасалған терминдер:
нашатыр - әнес тамшысы, нағыз логарифм, градус, бюджет, инозем дәрісі,
інтернатсанал,кәлендір, кабинет, кәлорі, үністет, инспектір, меліметр,
мекрескоп, негетіб, енженер және т.б.
ә) шет тілі терминдерінің соңына қазақ тілінің қосымшаларын жалғау
арқылы жасалған терминдер: магниттенген, инспектеу, потографияшы, призмалы
бинокіл, енженерлік электрлену және т.б.
б) төл сөздерді сол қалпында ала отырып жасалған терминдер: нұсқау,
бекіту, топшылау, пән, қасақана, ағын,(топ), мүдде, қазына, қисса(поэма),
бірлік, табыс, мәжіліс, өсиет т.б.
в) төл сөздерге қосымша жалғану арқылы жаңа мағына беру арқылы жасалған
терминдер: тарихи затшылдық (историчесий материализм), серпімділік,
себепкер (фактор), деректеме, меңгеруші және т.б.
г) төл сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы жасаған
терминдер: минерал+тану, ағым көзі, тұтқын түзеу заңы, айтыс-тартыс, қосшы
би (заседатель), тетік ілімі (механика) т.б. Орыс терминологиясының ішінде
Суперанская өз еңбегінде: “Ең алдымен ана тілінде термин жасауға ұмтылу
қажеттілігін, болмаған жағдайда ғана өзге тілден термин алу керектігін,
оның өзін тілдің ішкі заңдылықтары мен дыбыстау жүйесін икемдеп алу
керектігі алға тартады”. [6;49] Қазақ тілінің терминжасам тәсілдері термин
шығаруды 1940-50 ж. пайдаланды. Өйткені терминологиялық сөздіктерді 1940,
47, 48 жылдары және одан кейінгі жылдары да шығарып, жаңа терминдер
тізбегін сөздіктерде қамтып отырды. Оған 1959 жылдан бастап шығарыла
бастаған “Терминологиялық сөздіктердің” 1959 ж. жарық көрген 1 томы дәлел
бола алады. Бірақ ол кезеңде тілімізге жат сөздер тобы әбден сіңісіп, шет
тілдік терминдер үйреншікті болып үлгерген еді.
Т.Г.Аппақованың “Аффиксы терминообразования” атты мақаласы,
Е.А.Молдатаевтың “Термины спорта в русском и казахском языке” атты
еңбектерінде, белгілі ғалым Ө.Айтбайұлының “Қазақ терминологиясының дамуы
мен қалыптасуы”, “Қазақ сөзі” атты еңбектерінің терминжасам тәсілдерінің
зерттелуіне қосқан еңбектерінің қатарын жатқызуға болады. Қ.М.Молдабеков
жазған “Основы калькирования в современном казахском языке” (1979) атты
еңбегінде қазақ тіліндегі калька жолымен термин жасау үрдісінің табиғатына
тоқталып кетеді. Калька – расында да терминжасам жүйесінде аудармаға
қарағанда жиі жиі пайдалынып келеді. Бұл тәсіл қазіргі таңда да терминжасам
жүйесінде тиімді тәсілдердің бар болып есептеледі. “Қазақ тіліндегі термин
жасаушы морфологиялық тәсілдерді зерттеу бағынды Р.Аппақованың да бірқатар
ғылыми еңбектері жарық көрді. Ол негізінен қазақ тілінде термин жасауға
негіз болатын жұрнақтарды барынша қамти отырып, нақты мысалдармен олардың
қызметін ашып көрсетуге ұмтылған, яғни тілдің сөзжасам жүйесі терминжасамда
да толық қолданыла алады. Сондықтан жұрнақ арқылы жасалатын терминдерге
терминжасам жүйесінің негізін құрай алады.
Терминжасам тәсілдерінің қазақ терминологиясында зерттелуі.
Ө.Айтбаевтың “Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы”, “Қазақ сөз”.
Сонымен қатар Ш.Құрманбайұлының “Өсімдік мүшелері мен олардың құрылым-
құрылысына қатысты терминдер” деп аталатын еңбегі мен “Қазақ лексикасының
терминденуі” атты (1988) монографиясын жатқызамыз. Соңғы кезеңдерде
терминологияның басқа да әр түрлі ғылым саласындағы терминдер зерттеу
нысанасына алынып, олардың терминдеріне тән жасалу тәсілдері талданды.
Олардың қатарына: философия, мұнай, психология, математика, химия саласын
атап өту қажет. Олардың қатарына Д.Исакованың “Қазіргі қазақ әдеби
тіліндегі заң терминдері” (1997) М.Р.Насыровтың “Социально экономическая
терминология в современном казахском языке” (1969) Г.К.Жумашеваның “Жаңа
мектеп журналының тіліндегі терминологиялар” (2000) А.Ж.Төрениязованың
“Қазақ әдеби тілі синонимдер жүйесінің терминжасамдағы рөлі” (1999).
А.С.Нұржанованың “Қазақ тіліндегі мұнай терминдерінің лексика-грамматикалық
ерекшеліктері” атты 2000 еңбектері мен Ш.Біләловтың “Ұлттық ғылым тілін
қалыптастырудың өзекті мәселелері” атты (1996). С.Ақаевтың “Терминнің
танымдық табиғаты” атты 2002 атты докторлық диссертациясын атап өту
керек. Бұл жұмыстардың қай-қайсысы болсын әр сала терминдерін қамти отырып,
сол сала терминдерінің жасалу жолдарын, қалыптасу тәсілдерін талдап
көрсетеді.
Термин жасаудағы осы уақытқа дейін әр тәсілдер қолданылып, олар
қазақ тіліндегі терминдер қорын толықтырып келді. Сондықтан қазақ тілінің
термин жасау саласында белгілі дәрежеде мүмкіндіктері бар. Бұған аз да
болса, немесе үлес алмағы салыстырмалы түрде болсын кем түсіп жатса да
терминологиялық қорымызда бар терминдер қатары дәлел бола алады. Қазақ
тіліні сөзжасам жүйесіне сол арқылы термин жасам жүйесіне мән беріп
қарасақ, негізінен барлық тәсіл бойынша термин сөздер жасауға болатынын
аңғаруға болады. Мысалы, бір ғана компьютермен байланысты жүйеге қатысты
перне тақта (клавиатура), жады (память), жүгіртпе (мышка) сияқты терминдер
соңғы кезде жиі қолданыс тауып жүр. [7-21б]
Жаңадан жасалатын сөздер ойдан табылған жаңалық арқылы емес, тілді
бұрыннан бар сөз тудыру амалдары арқылы, бастапқы үлгілер негізінде соған
ұқсатып жасау арқылы пайда болады, жаңа термин жасаудың тілдерде, оның
ішінде әсіресе түркі тілдерінде қалыптасқан мынадай бірнеше жолдары яғни
тәсілдері бар: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік, калькалау тәсілі
осы тәсілдердің бәрі де негізінен екі түрлі арнадан туындайды. Оның бірі –
тілімізде бұрыннан бар сөздерді терминдік мәнде қолдану боса, екіншісі –
жаңа терминдерді қазақ тілінің сөзжасам мүмкіндіктерін пайдалана отырып
жасау. Көптеген ғалымдар термин жасау процесіне тікелей атсалысып, ол үшін
қазақ тілінің лексикалық байлығы мен грамматикалық амалдарын түгел іске
жаратуға кіріскен болатын. Соның нәтижесінде халық тілінің сарқылмас
қазынасы сарапқа түсіп, қарапайым сөздер терминдік мәнге көшті.
Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан сөзжасам тәсілдері терминологияның
негізгі тірегіне айналды. Жалпы айтқанда термин жасамның бірнеше тәсілдері
белгілі бола бастағанмен бұл жөнінде мамандарымыз әлі күнге бір пікірге
келе алмай жүрген сияқты. Әсіресе термин жасау тәсілдерін айқындауда қатып
ұстайтын қағидаға айналған келісім жоқ.
Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында терминдік мәнге көшкен байырғы
сөздердің алуан-алуан түрі молынан кездеседі. Мысалы тап күрес, еңбек,
жарыс, бопса, жалау, екпін (ударение), сұраныс (спрос), ұсыным
(предложение), сөре (старт), мәре (финиш), ізашар (предшественник), ізбасар
(последователь), аударма (перевод), демалыс (отпуска), отан (отечества),
шеберлік (мастерство), шарт (договор), тәртіп (дисциплина), әкім, әкімшілік
осы сияқтылар тілдің өз даму ырғағымен немес сырт күштің әсер-ықпалынсыз өз
бетімен пайда болған сөз емес. Бұлардың жаңа мағыналары, қолданыстағы жаңа
қызметі қоғам дамуының нәтижесінде, адамдардың саналы әрекетінің
нәтижесінде туындаған, келе-келе дағдылы қалыпқа түскен лексикалық
қабаттар. Жаңадан жасалатын сөздер ойдан табылған жаңалық арқылы емес,
тілде бұрыннан бар сөз тудыру тәсілдері, бастапқы үлгілер негізінде соған
ұқсатып жасау арқылы пайда болады. [7-22б]
Жалпы айтқанда термин жасау мынадай негіздерге сүйенуі қосымшалау, сөз
біріктіру және сөз қысқарту. Сонымен қазақ тілінің даму жолы
терминжасамның 4 төрт тәсілі арқылы қалыптаса бастады. Қай тәсілді
басшылыққа алып қазақша термин жасасақ ол халықтың игілігіне жарайтын
тілдік бірліктер болу керек.
Семантикалық тәсіл. Семантикалық тәсіл дегенде, біз ұлттық тіліміздің
өз мүмкіндігін толығырақ пайдалануды түсінеміз. Қазақ тілінің сөздік
құрамында отан, күрес, еңбек, жарық, мүше мәлімхат, бұйрық, даңқ, кеңес,
мазмұн, атақ, дәреже, білім, ғылым, мектеп тәрізді толып жатқан сөздердің
терминдік сапаға көшуге семантикалық тәсілге жатқызамыз. Семантикалық тәсіл
арқылы ғылым тілі үшін өте пайдалы, мұны пайдалану арқылы осы тәсілмен
термин жасаудың тар мүмкіндігі, ең басты талабы болып табылады. Негізінен
семантикалық тәсіл терминологиялық жүйесін жасаудың алғашқы кезеңіне тән.
Себебі ғылым мен техниканың қанат жайған қазіргі жағдайға терминжасамның
басқа сөз тіркесін сөз біріктіріп қосымшаны түрлері белең ала тастағанын
дәлелдейтін дерек көз. Соған қарамастан семантикалық тәсіл өзінің термин
жасаудағы өнімділік қасиетін жоғалтқан жоқ. Термин жасамның семантикалық
тәсілі терминнің лексика қабатының толыға, байи түсуіне үлкен апта жасайтын
негізгі амалдардың бірі болып табылады тағы бір ерекшелігі сол арқылы
жасалған терминдер терминжасамның өзге амалдарына қарағанда әрі қысқа әрі
нұсқа болып шығатындығында.
Г.Мусабаева: Сөз мағынасының пайда болуы, қалыптасуы заттың, құбылыстың
қасиетіне, түріне, белгісіне байланысты емес, қоғамдық тәжірибеге, өмірге,
дәстүрге байланысты – дейді. Мұндай пікірді ғалым Р. Барлыбаев та айтады:
Жаңа сөздердің пайда болуы, жасалуы, бар сөздердің мағыналарының дамуы,
кеңеюі, қоғамдық өмірдің өзгерістеріне, өндірістің, мәдениеттің дамуына,
жаңа ұғымның пайда болуына, сөздердің мағыналырының кеңеюіне қоғамдағы
жаңалық - өзгерістер негіз болады екен. Ал ол сөздердің көпшілігі қазақ
тілінің сөздік құрамында бұрыннан бар сөздер арқылы жасалған тілімізде
қолданылып жүрген бәсеке сөзінің о бастағы мағынасы егес, талас, күндес
дегенді білдіретін. Бұл сөздің де мағынасы кеңейіп, термин ретінде
қалыптасты. Бәсеке өнім өндіру мен өткізудің жақсы, экономикалық жағынан
неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы бәсеке. Бәсеке
сөзі үстіне жаңа мағыналық реңк қоса отырып, тіркесу аясын кеңейтті. Баға
бәсекесі, әлеуетті бәсеке, заттық бәсеке, кәсіптік бәсеке, қарапайым
бәсеке, нарықтық бәсеке, толымды бәсеке, сараланған бәсеке, маркетингтегі
бәсеке, таза бәсеке т.б. [8-167]
Соңғы жылдары қолданылып жүрген ғарыш сөзінің бұрынғы мағынасы көк
аспан болатын. Көк аспан төр мағынада, қазіргі терминдік кеңейген
мағынасы аспан кеңістігі, космос. Мысалы, қазір басқа саладағыдай ғарышты
игеру саласында да Қазақстан үшін қиындықтар бастап асып жатыр. Әлемде
ғарышты зерттемей-ақ, ғарышты игермей-ақ тап-тамаша өмір сүріп жатқан
қаншама мемлекет бар десеңізші! Ал дәріс сөзі әуелде пән деген мағынада
жұмсалғаны белгілі. Пән тармағынада қазіргі кеңейген мағынасы арнаулы
оқылған сабақ, лекция. Мысалы университет басшыларының айтуы бойынша
профессор, оқытушыларының 40 % қазақша дәріс оқуға толық мүмкіншіліктері
бар. Жолдас Бегалы Жаңғарбаев математика ғылымдарының кандидаты, өзі дәріс
беретін университетте ұзақ жылдар бойы қатар еңбек етіп келеді. Қағида,
негіз, шарт мағынасында қолданылып келген ереже сөзінің бүгінде мағынасы
кеңейді, терминдік мәнге ие болды. терминдік кеңейген мағынасы: ереже -
әлде қандай жағдайларға байланысты нақты бір қылықты жасауға немес одан
тежеліп қалуға рұқсат беретін немесе талап ететін ұсыныс. Ереже сөзінің
терминденуі нәтижесінде аукцион ережелері, бәсеке ережелері, жол жүру
ережелері, несие беру ережелері, өтелім ережесі, үйлесімділік ережесі т.б.
қолданылып жүр.
Жаңа мағынаға ие болған сөздердің бірі кеңес сөзі. Бұл сөз соңғы
жылдардағы баспасөз беттерінде ақыл сұрау, ақыл беру, ақылдасу сияқты
байырғы тар мағынада емес жаңа терминдік кеңейген мағынада жұмсалады.
Мысалы, Кеңесте сондай-ақ жұмысқа тартылған құрылыс ұжымдарының бәрі бірдей
ортақ іске лайықты үлес қосып отырғаны туралы айтылады. (Е.Қ. 1992, №76,
177 б.) Бұл кеңесте өнеркәсібіміздің өркендеуіміздің әсері зор маңызды
құжаттар қабылданды. Кеңес сөзінің терминденуі негізінде ақсақалдар кеңесі,
ардагерлер кеңесі, байқау кеңесі, банкілер кеңесі, басқарушылар кеңесі,
кәсіпорын кеңесі, үйлестіру кеңесі т.б.
Борыш қарыз мағынасында жұмсалып келген несие сөзінің де мағынасы
жаңарып, қазіргі уақытта экономика саласында қолданылатын терминге айналды.
Термин ретінде несие белгілі бір мерзімге процентімен қоса қайтару шартымен
ақшалай қаржы беру, несиелі төлем мерзімін ұзарту және борыштардың қарыз
міндеттемесін сатып алу түрінде берілуі мүмкін. Н.Назарбаев осы сапардың
барысында Жапонияның экспорт-импорт банкісінің Қазақстан 220 млн доллар
несие беретіні туралы келісімге қол қойылатындығын хабарлады. (Е.Қ. 1994
№47, 5 сәуір, 2.) Несиені дер кезінде өндіріп алу, несие үшін проценттер
мен комиссиялық алымды толық өндіріп алу әрқашан да бірдей қамтамасыз етле
бермеген. Бұндай терминнің негізінде жасалған тіркес қатары: айналымдық
несие, ақшалай несие, банк несиесі, қамтамасыз несие, делдалдық несие, жер
несиесі, өнімді несие, салық несиесі, сыртқы несиесі, тікелей несие жер
несиесі, тікелей несие, шетелдік несие, ішкі несие т.б. болып келеді. [9,
50]
Тілімізді жай ғана әңгімелесу түрінде жұмсалып келген сұхбат сөзі де
баспасөз беттерінде жаңа мағынада жұмсалып жүр. Терминдік мағынасын
нақтылай түссек: сұхбат – публицистика жанры бойынша жүргізетін бірнеше
адаммен қатар өзекті мәселелер бойынша жүргізетін әңгімесі. Мысалы,
мемлекеттік Дума сайлауы алдында өзіне арзан ұпай жинағысы келген баяғы
атышулы жерлесіміз В. Жириновский Караван газетінің тілшісімен
сұхбатымды ашықтан-ашық Өскеменде тұтқындалған 12 ресейліктің бәрінің де өз
жақтастары екенін мойындап, оларды босату үшін қолынан келгенінің бәрін
жасайтынын мәлімдеді.
Жалпы айтқанда,семантикалық тәсіл арқылы қалыптасқан терминдерінің осы
айтылғандармен шектелмейтіндігі анық. Семантикалық тәсіл сөздік қорымыздағы
негізгі төл немесе оған сіңісіп кеткен басқа тілдік элементтерге қатысты
түбір терминдер болып табылады.

Морфологиялық тәсіл. Түркі тілі, оның ішінде қазақ тлін тіл білімінде
ғылыми тілмен айтқанда жалғамалы тілге жатқызатыны белгілі. сол себепті
қазақ тілінің сөзжасамның жүйесінде қосымшаның, яғни оның ішінде
жұрнақтардың жаңа сөз тудырудағы рөлінің ерекше екендігін еш уақытта күмән
тудырмайды.
Соңғы жылдары ұлт тілде терминжасау ісі ерекше қарқынмен дамуда ұлт
тілінде терминжасауда басқа да тәсілдер де өзінедік алар орын айрыша.
Тілімізде қосымшалар арқылы көптеген терминжасамның қалыптасып, қолданысқа
енуі осының айғағы деген қөосымшаның ұлт тілінде терминжасаудағы
белсенділік деңгейі бірдей дәрежеде емес. Себебі, қоғам дамуы, қоғамдағы
болып жатқан түбегейлі өзгерістер, жаңалықтар қосымшаланың да атқаратын.
Дегенмен қосымшаның ұлт тілінде терминжасаудағы дамуы, қоғамдағы болып
жатқан түбегейлі өзгерістер, жаңалықтар қосымшалардың да атқаратын қызметін
өз жерін тигізбей қоймайтыны даусыз. Мәселен, ұлт тілінде термин жасауда
кезінде белсенділігі төмен делініп келген біршама жұрнақтардың бүгінгі күні
белсенділігі артып отыр десек, бұрын белсенділік танытып, келген екінші бір
қосымшалап жаңа сөз жасауда өнімсіздік танытып отыр, ал кейбір қосымшаның
терминжасаудағы белсенділігі барлық уақытта бір деңгейдегі терминдердің
қосымша жалғану арқылы жасауды сөз еткенде, оларда терминжасам деңгейіне
қарай өнімді, өнімсіз түрлер деп бөліп қарастырамыз.
Өнімді жұрнақ. Кейінгі онждылдықта жасалып, қолданысқа ене бастаған
жаңа терминдер мен сөздерді тудыруда белсенділік танытып жүрген
журнақтардың бірі -шыші. Бұл жұрнақтардың тіліміздегі сөз тудыруы бұрыннан-
ақ демек оған осы жұрнақтардың жаңа сөз тудырудағы өнімділігінің бүгінгі
таңда сақталғаны байқалады.
Ө.Айтбаев -шыші жұрнағы негізгі түбірге де, туынды түбірге де біріккен
сөздерге де, тіркесіп сөздерге де жалғана беретінін және сөз бір қосымшаның
көбіне көп орыстың -ист, -ун, -тель, -щик, -ник, -ик, -чик, -атор
қосымшаның жалғануымен жасалған сөздерді аударуға келгенді тіпті өнімділік
танытып жүргендігін айтады. [10, 168]
Жаңа сөз тудыруда -лық-лік жұрнағының алар орны мынадай. Буынды сын
есім жасайтын аффикстердің бірі және осы құрметте ең жиі қолданылатын -лық,
-лік аффиксіне қатысты ескеретін бір жай көне түркі, ескі түркі тілдерде,
бұл аффикс көбіне -лығ, сипатында айтылған да, әрі зат есім, әрі сын есім
жасаған. Бұл аффикстің -лық варианттарының қалыптасуы фонетикалық
өзгерістің нәтижесі.
Ғалым Б.Момынованың айтуынша -лық-лык, -дық-дік қосымшасының
сөзжасамдық парадигмасының шеңбері өте кең. -лық-лік жұрнағымен жасалған
белсенділік (активность) жарлық (указ), кепілдік (гарантие), куәлік
(удостоворение), мердігерлік (подряд), қос тілділік (билингвизм),
өкілеттілік (правомочия) тіл терминдер кездесуі.
Жаңа жарлық шетелдерде тұратын отандастарымыздың әлеуметтік-мәдени
қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз ететін нақты көмек ұйымдастыруы
тікелей көмегімізге мүмкіндік береді. (Е.Қ. 1997, 28) Ш.Құрманбайұлы
кейінгі жылдары біртектес ұғымдардың өзіндік ерекшелігін көрсетіп бере
алатын үлгілес терминжасамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Сөзжасам
Қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдердің жасалу көздері мен оларды аудару мәселелері
Қазақ тіліндегі ішкі терминжасам тәсілдері
Мұнай-газ терминдерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы ерекшеліктері
Сөз таптарының қасиеттері
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Қазақ тілінің сөзжасам негізі
Пәндер