Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың әдістемелік жүйесі


Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері
Мазмұны
I ТАРАУ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1 Шығармашылық іс-әрекетті дамытудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері
I. 2 Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамытудың қазіргі жағдайы.
II ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ.
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың тиімді жолдары.
2. 2 Тәжірибелік эксперименттің нәтижелері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған «Білім туралы заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, » - деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді» делінген.
Бастауыш саты - мектепте білім берудің алғашқы сатысы, яғни бастауыш білім беру арқылы жалпы орта білім берудің келесі сатысына дайындау мақсаты жүзеге асырылады.
Халқымыздың мақтанышы, тұңғыш ағартушы педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ашқан Ы. Алтынсарин мектеп туралы: «мектеп-қазақтарға білім берудің негізгі кілті. Бар үміт осында, қазақ халқының болашағы да осыған байланысты» - деген болатын.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім берудің деңгейлері мен мазмұны нақты көрсетілген. Онда 12 жылдық орта білім үш сатыда қарастырылып, оның I-сатысы - бастауыш білім беру 1-4 сыныптарды қамтитыны айтылған. 12 жылдық орта білімнің басты ерекшелігі оқу яғни 1-сыныпқа балалар 6 жастан қабылданатындығында. Сонымен бірге осы тұжырымдамада бастауыш мектептің негізгі міндеті - «баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту, » - делінген. Осы міндетті шешудің бірден-бір жолы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту болып табылады. ХХ-ғасырдың басындағы белгілі ғалым А. Байтұрсынов: «Бала білімді тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі - балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру, » - деген болатын. Автордың мұндағы басты ойы мен идеясы Ресейлік ғалымдар, белгілі психологтар В. Давыдов пен Я. Занковтың идеясымен үндесуінде.
Сондай-ақ Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жүмабаев, М. Дулатов, Ә. Диваев т. б бастауыш мектепте оқытуды ұйымдастыру мәселесіне арналған еңбектерін атап өткеніміз жөн.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы деген еңбегінде: мемлекетіміздің егеменді, тәуелсіздігіне жеткізетін төрт күш аталған біріншісі: - жеріміздің қойнауындағы байлық; екіншісі - жеріміздің бетіндегі байлық; үшіншісі - өндіріс байлығы; төртіншісі - тапқырлардың ақыл-ой байлығы, тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіл-әлемдік деңгейдегі жасалымдары» - дегеннің өзі шығармашыл тұлғаның ерекше, дәстүрлі емес, ой пікірінің нетижелі мағынасын береді. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіру. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңындағы білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында:
- Жеке адамның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектілік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдеп-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу қажеттігі атап көрсетілген.
Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі болып табылады. Сондықтан бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, білім негізінің іргетасы. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Бүгінгі мектеп тәжірибесіндегі дамыта оқытудың басты мақсаты баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
И. Д. Левитовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп, іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады.
Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Шығармашылық әрекет - оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет, мұндай оқушының жеке білім траекториясын қалыптастыруға бағытталған.
Белгілі психолог ғалым Л. С. Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек» - дейді. Сонымен қатар ғалым - психологтар Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин т. б. зерттеу жұмыстарында оқыту дамудың алғы шарты дей келе, әр қайсысы өз тұрғысынан анықтама берген.
Психологиялық тұрғыда шығармашылық процесс дегеніміз - үнемі білімдер мен ептіліктерді өз бетімен жаңа жағдайға өткізу болып табылады, білім өз бетінше жүзеге асса, соғұрлым ілімді қолдану шығармашылық сипатта болады, - деп анықтама берілген.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен одан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту жас ұрапаққа тәлім-тәрбие берудегі негізгі әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілетті дамыту үшін оқу процесін тиімді ұйымдастыру іс-әрекеттің субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақта және сабақтан тыс мезгілде шығармашылық тапсырмаларды тиімді қолдана білу қажет.
Қазақстанда шығармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген психолог - ғалымдар: В. К. Шабельников, Н. Палагина, Қ. Р. Рақымбаев, М. О. Резванцева, С. Қ. Бердібаева еңбектерін атап өтуге болады. А. Матюшкин дарындылықты шығармашылықтың көрінуімен, өзіндік шығармашылық іс-әрекеттің ерекшеліктерімен байланыстыруды қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасының білім беру саласында жүріп жатқан реформаның негізінде бастауыш сатының мақсаты мен міндеттерінің өзгеруіне байланысты оқытудың мазмұны да өзгеруде. Осыған орай бастауыш сатыда оқытудың теориясы мен әдістемесінің әр саласынан зерттеуші ғалымдар - профессорлар: Қ. А. Аймағамбетова: «Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері», С. Рахметова: «Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік негіздері», Т. С. Сабыров: «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары» атты докторлық диссертациялар қорғады. Онда жекелеген әдістемелердің жаңа мазмұнын оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс - тәсілдерін оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасап ұсынған. Сонымен қатар бастауыш сатыда жаңа мазмұнды оқу бағдарламалары мен оқулық, әдістемелік кешенін жасауға өзіндік үлесін қосқан ғалым Б. А. Тұрғынбаеваның еңбегін атап өтуге болады. Автор өзінің зерттеу проблемасы етіп алған: «Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту», А. Б. Мырзабаевтың: «Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері», Ә. Ә. Сағымбаевтың: «Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері арқылы шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты тақырыптағы диссертациялар шығармашылық жұмыс мәселесінің ғылыми теориялық негіздеріне сипаттама берген.
Дегенмен, әрбір жаңа дүниенің өзіндік ерекшелігі, басты жаңалығы болады. Ол үшін алдымен жаңа мазмұнды меңгертудің әдіс-тәсілдерімен бірге ұстаздардың теориялық дайындағы яғни білімі де болуы керек.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту үшін мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің жас және жеке ерекшелігін білуі маңызды болмақ. Жаңа буын оқулықтарына негіз болған дамыта және кіріктіре оқыту идеясы бүгінде бастауыш сынып оқушыларының өз бетіндік танымдық әрекеттерінің, оның дамуындағы маңызын дер кезінде көргенін байқауға болады. Жаңа буын оқулығының басты ұстанымы дамыта оқыту десек, онымен оқушыларды оқыту барысында профессор Ж. Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясын» басшылыққа алдық. Мұнда біздің алға қойған мақсатымыз өз бетімен дами алатын, өздігінен шешім қабылдайтын, қорытынды жасай алатын тұлғаны қалыптастыру. Жаңа буын оқулығының басты ерекшеліктерінің бірі оқушының белсенділігін дамытып, білім сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. Олай дейтініз оқулықтарда берілген тапсырмалардың міндетті және мүмкін деңгейде берілуінің өзі деңгейлік саралау технологиясымен оқытуда оқушының да, мұғалімнің де, белсенді шығармашылық іс-әрекетін қажет етеді. Бүгінде қоғам сұранысынан туындап отырған шығармашылық жеке адамды дамыту қажеттілігі мен мектеп тәжірбиесін оқытудың дәстүрлі оқыту мен жаңа технологиясын сабақта тиімді пайдаланудың ерекшеліктерін ажырата біліп, мұғалімнің оқушы шығармашылығын ұйымдастыру әдістемесін жетілдіру біздің «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері» атты тақырыпта диплом жұмысын таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу нысанасы (объектісі) : бастауыш сыныптардағы оқыту тәрбие процесі.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытуды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемелік жүйесімен қамтамасыз ету;
Ғылыми болжамы:
Егер бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін оқыту процесінде дамытудың психологиялық, педагогикалық мәні тұлғалық, бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыда теориялық негіздері айқындалса, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқытудың жаңа технологияларын жүйелі қ олданылса, әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе, онда оқушыларыдың шығармашылық іс-әрекетін дамытуға болды. Зерттеу әдістері:
- Зерттеу тақырыбымызға сай педагогикалық, психологиялық әдебиеттермен танысу, талдау жасау. -Б астауыш сыныптардың құжаттары мен танысу, бағдарлама, жоспарлау, сабақтарға қатысу.
- Арнайы ұйымдастырылған сабақтарда және тәрбие жұмыстарында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамытуды тәжірибелік эксперимент арқылы анықтау.
Зерттеу базасы: Алматы қаласы №128, №136 мектептер, Алматы облысы Талғар ауданы №16 мектеп.
I ТАРАУ. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1 Шығармашылық іс-әрекетті дамытудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұлы кемеңгер Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген немесе грек философы Сократ: «алдымен ізгілік, одан кейін білім» деген. Еліміздің, қоғамның экономикалық саяси мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік цивилизация көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеп шығару - мектептің ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы маңызды міндеті.
Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы педагогтары, психологтары айтарлықтай үлес қосты. Олардың ой - пікірлері қысқаша байымдау, еске түсіру, ғылыми және әдеби еңбектерін жастарға білім беру саласында, әсіресе өскелең өмір жағдайында кең түрде қолданудың қажет екендігі сөзсіз.
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі - Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы. Шоқанның өзіндік педагогикалық көзқарастары болды. Ағартушы - ғалым қазақ даласындағы оқу мектеп ісін ғылыми негізінде құрып, оқу - білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуші әкімдер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы Ыбырай Алтынсарин. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу педагогика құралдарын жазуға, тәлімгер - ұстаз даярлауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халқының қоғамдық өміріндегі саяси - әлеуметтік мәселелерді жан - жақты қамтып, жазуға жұмсады.
Қазақ халқының ұлы ойшыл - ақыны Абай Құнанбаев поэтикалық шығармалары мен қара сөздері педагогикалық ой - пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатын түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы, қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім тәрбие алуға шақыруы - оның педагогикалық көзқарасының дүниежүзілік классиктерінің ой - пікірлерімен терең қабысып жатқандығының айғағы. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ», «Пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой - пікірді қуаттау болды.
«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болуды» көксеген ағартушы - педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров артына педагогикалық ой -пікірдің өшпес мұрасын қалдырды. Өзінің қысқа өмірінде ол қоғамдағы әділетсіздікті, теңсіздікті көре біліп, бұларды оқу - ағарту, тәлім - тәрбие ісімен жөндеуге болады деген пікірді насихаттап, ағартушы - демократ деңгейіне көтерілді.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілдерінің бірі - Шәкәрім Құдайбердиев. Шәкәрімнің жастарға ұсынған адамгершілік жолы -адалдық пен ғылымды меңгеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, өз мінін өзі көріп, түзете білуге шақырды, бар білімінің түп атасы - ақыл деп қорытындылады.
Ағартушы - педагог Ахмет Байтұрсынов бай педагогикалық мұра қалдырды. А. Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім - ғылымның дамуына, мектеп ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектебінде бала оқытты, оқу - тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді.
Міржақып Дулатов Ы. Алтынсаринның ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып, А. Байтұрсынов сияқты оқу - тәрбие мәселелерін ғылыми тұрғыдан қараған, шәкірттердің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән берген педагогтардың бірі.
Жүсіпбек Аймауытов педагогика, психология саласындағы құнды ғылыми - зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. Оның «Тәрбие» атты көлемді мақаласындағы (1918ж) тәлім - тәрбиелік ой - пікірлері ғылыми тұрғыдан терең баяндалған.
Мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі -талабы таудай жеке тұлғаны тәрбиелеу және білім беру. Әр оқушының қабілетін танып-біліп, дамытып, адам дәрежесіне жеткізу үшін, жаңашыл жұмысқа бет бұру керек. Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.
«Технология дегеніміз-қандайда болсын істегі, шеберліктен, өнердегі адамдардың іс-әрекеті, ал, педагогикалық технология -педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім адамдармен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы», - деп түсіндіреді В. Кларин.
Бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдестемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.
Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйкелерінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті құнды қасиеттердің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілет олардың белгілі -бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінді.
Психология баланың ақылының кіріп, қалай есейетінін, ал, педгогика баланы оқу тәрбие жұмысы үстінде нендей тәсілдер қолданып ұғындыруға, не тіл алдыруға болатынын зерттейді.
Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілеттерінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, И. Л. Лернердің, А. Н. Луктың, В. И. Андреевтің, А. Л. Яковлевтің, Д. Б. Богоявленская т. б . Енді осы еңбектерге қысқаша тоқталсақ.
А. Н. Лук шығармашылық қабілеттердің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді 3 негізгі топқа бөліп қарастырады:
1. ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылықтар және икемділік) ;
2. темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй) ;
3. ақыл ой -қабілеттері.
Біздің пікірімізше, А. Н. Луктың оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері құрамына қатынасты айтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіруге болады;
1. Оқушы кез-келген іс - әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе белгілі қабілет түрін дамыту үшін алдымен, осы іс-әрекет, қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса оның нәтижесінің де төмен болатыны белгілі.
2. Көңіл күй - бұл кез - келген істі орындауда негізгі, қажетті көрсеткіш деуімізге болады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың осы бағыттағы іс-әрекетке деген көңіл-күй дегеніміз маңызды, сондай - ақ ол олардың жұмыстарының нәтижелігіне әсер етеді.
3. Кез келген іс-әрекетті біз ақыл ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де алдымен істейтін әрекеттерін, алдымен осы ақыл ой -қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді. Я. А. Пономарев кез - келген шығармашылық бағыттағы іс - әрекеттің негізгі, бастысы - шығармашылық дей отырып, оның даму критериясы яғни өлшемі ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе ойша әрекеттену қабілетін алады.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың ойша әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп жасында, яғни негізгі оқу іс - әрекеті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай - ақ олардың шығармашылықпен өзін - өзі көрсете білу қажеттігі болатындығын дәлелдеген.
В. В. Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалы қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: оқушы өз әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі варианттарын салыстыра алады және есептің шешуін бақылай алады.
Біздің елде бала психологиясының тарихына тоқталсақ, осыған орай жүргізілген зерттеулер тек Қазан төңкерісінен кейінгі кездері болды. Мұндай зерттеулерге әсер еткен, біріншіден, И. П. Павлов шәкірттерінің жұмысы - Н. И. Красногорскийдің және Б. М. Бехтеревтің басшылығымен оның шәкірттері Н. М. Щелованов зерттеулер жүргізген.
Бұл зерттеулер көбіне балалардың шартты (немесе Бехтеревтің терминологиясы бойынша «ұштастыру») рефлекстері туралы зерттеу жүргізілді. Екіншіден, сол кездегі бала психологиясын зерттеуге үлес қосқандар: Н. А. Рыбников (1880-1961), К. Н. Корнилов (1879-1959), П. Н. Блонский (1884-1941), Л. С. Выготский (1896-1934) және мұнымен шұғыл айланысқандар: Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, П. Я. Гальперин т. б.
Ал педагогикалық, психологиялық зерттеудің тарихына келсек, бұл туралы ізденулер XIX ғасырдың аяқ кезінен бастап жүргізілді. Психологияның бұл саласының дамуына сол кездерде үлес қосқан К. Д. Ушинский (1823-1871) болатын. К. Д. Ушинский «Егер педагогика адамды әр жақты етіп тәрбиелегісі келсе, оны ол барлық жағынан да жақсы білуі қажет» деген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz