Мәдениет – ұлт-тіл тұтастығы


Кіріспе
« Аударма» деген түсініктің ауқымы өте кең. Бір тілден екінші тілге өлең, әр түрлі мазмұндағы көркем проза, ғылыми- көпшілік кітаптар, дипломатиялық құжаттар, іс- қағаздары, саяси қайраткерлердің мақалалары мен сөздері, газет материалдары, әр тілде сөйлейтіндіктен аудармашыға жүгінуге мәжбүр болатын адамдардың сөздері т. б. аударылады. Аударманың мақсаты- түпнұсқа тілін білмейтін оқушыны немесе тыңдаушыны берілген текспен немесе ауызша айтылған сөздің мазмұнымен неұрлым жақынырақ таныстыру: бір тілде жазылған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу. Сонымен қатар осы іс- әрекет арқылы алынған нәтиже, мәтін, туынды «аударма» деп аталады.
Аударма тарихында түпнұсқаның бұрмалануы, ондағы ойдың көмескіленуі сияқты жағдайлар өте көп болған.
Бұл әсіресе, көркем әдебиет пен қоғамдық- саяси еңбектерге қатысты.
Көркем әдебиет стилінің әдебиеттің тілдік ерекшеліктері аударма әдебиетке де тән. Белгілі бір халықтың тілінде көркем өнері: туындының эстетикалық функция, прагматикалық сипаты- баршасы тілді иеленуші халықтың рухани- мәдени ұлттық танымның мүддесінен шығуды көздейді. Көркем аударманың тілі де сол мақсатқа бағындырылады. Көркем аудармаға екі түрлі талап қойылады; біріншіден, аударылып отырған шығарманың негізгі идеясының екінші тілде дұрыс берілуі, ал екіншіден, шығарманың көркемдік қасиетінің толық сақталуы. Соңғы талап сол аударылып отырған жазушының тек оның өзіне ғана тән тілектерін, белгілі дәрежеге сөз бояулары арқылы әдемі суреттелулері арқылы, характерлердің саналуан болып қабысулары арқылы бүркемелеп қойған жасырын сырларын аудармашының түсінуіне байланысты. Әрине аударма екінші тілде қайта жасалған көркем шығарма болғандықтан аудармашылар түпнұсқаны жай ғана түсініп қоймай, оны екінші тілге көркем етіп жеткізу үшін шығармашылық елегінен өткізеді. Бұл елек аудармашының күшіне, мәдениетне, аудармаға сіңірген еңбегіне қарай нәтиже береді.
Көркем шығарманың әр алуан қырлары мен сырлары болады: табиғат көріністері суреттеледі, адамның ішкі сыры (монолог) шертіледі, көңіл күйі, сезім дүниесі баяндалады, философиялық толғаныстармен психологиялық тебіреністер ашылады, тағысын тағылар. Бұлар кейде суреттеу түрінде, кейде баяндау түрінде берілсе, кейде асқақ пафоспен, кейде ұтымды афоризммен беріліп отырады. Аудармада осылардың бәрін өз қырымен, өз сырымен, өз бояуымен жеткізу керек.
Жұмысымыздың тақырыбы «Ұлттық этнотұрмыстық белгілердің орыс тілінде берілуі»
Зерттеудің өзектілігі . Аударматану ғылымында түпнұсқа тілдері ерекшеліктердің сақталуына қатысты біршама зерттеулер жүргізілген. Аударылатын тілдің ұлттық бітімге негіздері қалай игерілгендігі турасында еңбектер аз.
Қазақ ғылымында дербес, арнайы, зерттеуді талап етіп отырған салалардың бірі - аударма әдебиеттің тілі. «Аударма теориясы ғылымның бір саласы болып әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып есею күйінде ғана екендігін» бұдан жарты ғасырдай уақыт бұрын М. Әуезов атап өткен болатын [1; 3] Ғұлама жазушының тәржіма ғылыми - аударматану турасындағы тұжырымы маңызын жоғалтқан жоқ, өйткені қазақ филологиясында - әдебиеттанымдық жағынан да, тілтанымдық жағынан да - қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері, шешуші негіздері аударматану ғылымының объектісі мен ұстанымдары, әдіс-тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне қойылатын, талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың оның- қанығы ғылыми тұрғыдан анықталған емес.
Осы ғасыр бойында, әсіресе соңғы жартығасырда қазақ мәдениетiнде өзге тілден қазақша аударудың бай тәжірибесінен жинақталды. Ал қандай да бір тәжірибиенің негізінде ғылыми тұжырымдарды түйіндеу, теориалық негіздемені қалыптастыру - бір тілден екінші тілге аударудың нысандарын, түрлерімен тәсілдерін қамтитын, өзге де бірнеше ғылым тармақтарымен тығыз байланысты, әлеуметтік, мәдени, шығармашылық, коммуникативтік қызметі бар тұтас жүйе аударма- мәдениеттің феномені, мәдениеттер байланысына тән құбылыс, ұлт мәдениеті мен ұлттық тілдің жеке адамды тәрбиелеудегі рөлі мейлінше артып отырған қазіргі кездегі кезеңде қазақ тілінде жасалған аударманың рухани- мәдени, тілді байыту қызметі, тәржімә әдебиетте қазақ тілінің лексикалық- фразеологиялық құрамының игерілуіндегі сипаттар тарихи- иәдени тұрғыдан, мәдениеттер байланысын мен тілдер ықпалдастығы аспектісінде зерттеуінің маңызы зор.
Еліміздіңдің рухани дамуындағы бағыттардың бірі - дүниежүізілік ақпараттар алмасудың сапалы деңгейіне көтерілу; ақпартаттық база жасау; ақпараттық анықтамалық ресурстар құру. Шет мемлекеттер мен ҚР-ның саяси-әлеуметтік байланыстары, қарым-қатынастары жөнінде нақты ақпараттарды жинау, қабылдау, өңдеу, жеткізу жүйесі бар бір тілден екінші тілге аудару ісімен тығыз байланысты. Аталған жағдаяаттарға орай соңғы онжылдық көлемінде аударылу процесінің объектісі ұлғайды, көркем аудармамен қоса, күнделікті баспасөз материалдары, публицистикалық стильдің әралуан жанрлары, саяси қайраткерлердің сөздері мен баяндамалары, ресми құжаттар (жарлықтар, бұйрықтар, өкілдер, өнімдер жардығар мен ережелер, қатнас қағаздары), кинофильмдер, жарнамалар негізінен аудармамен жолы арқылы жүзеге асырылуда - жазба аудармамен қатар ауызша аударма (ілеспе аударма және қосарлас аударма) жеке жанр ретінде байқала бастады. Сондай-ақ бұрын бір тілден екінші тілге аудару процесі орыс тілі мен қазақ тілінің арасында көрініс тауып келген болса, енді өзге де еуропалық тілдерден және араб парсы, қытай, жапон, түрік тілдерінен қазақ тіліне тікелей аудару тәжірибесі белгі беріп отыр. Қазақ тілімен өзге тілдерге тәржімалау ісі де жоғары деңгейде қалыптасқан. Қазіргі жаңа қоғамдағы еңбек, қарым-қатынастары шетел тілдерін оқып-үйренуді, шетел тілдері туралы білім дағдыны еңбек процесінде пайдалануды талап етіп отыр: осыған байланысты аудармашылық кәсіп жаппай сипат алуда. Байырғы тәжірибенің негізінде бір тілден екінші тілге аудару процесіндегі ортақ заңдылықтарды, тілдердің өзара ықпалдасуын, бір-біріне қарым-қатысын ғылыми тұрғыдан қорыту - егеменді Қазақстан Республикасымен рухани-мәдени, әлеуметтік-саяси байланыстары орныққан халықтар мен қазақ халқы арасындағы тіларалық коммуникацияның оңтайлы, ұтымды, білікті деңгейде қалыптасуына ықпал етеді.
Зерттелуi. Аударма ғылымында этнотұрмыстық белгiнiң этно- этникалық ерекшелiктердiң сақталуына қатысты бiршама зерттеулер жүргiзiлген. Олар Коныленко М. “Основы этнолингвистики”, В. С. Виноградов “Перевод. Общие лексические вопросы”, А. Алдашева “Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелерi”, Нурланова К. Ш. “Человек и мир. Казхская национальная идея ”, Н. Ж. Шаханова “Мир традиционной культуры казахов”, М. Муканов “Этнопсихическая специфика невербальных коммуникативных знаков”, және тағы басқа еңбектерде көрсетiлген. Бiрақ, әлi жеке тақырып ретiнде қарастырылмаған.
Зерттеудің мақсаты Мәдениетаралық және тіларалық байланыстардың нәтижесі -аударманың ұлттық мәдениетте ықпалын анықтау.
-тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, бір- біріне ықпалын танытатын, ұлттық мәдени нышанға ие тілдік единицаларды (лингвокультуремаларды, атап айтқанда этнобелгілерді) талдау.
- көркем аударма материалдарнегізінде аудармадағы сөз таңдау, сәйкестік заңдылықтарын айқындау;
- аударманың сапасын анықтау;
Осы жұмысымызда этнотұрмыстық белгілердің мағынасын ашу үшін салыстырмалы әдіс қолданылды.
Дипломдық жұмысымыздың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындымен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде көркем аударма әдебиеттің түрлеріне жалпы түсінік беріліп, көркем аударма жайлы айта отырып сонымен қатар Қ. Жұмаділовтiң орыс тіліндегі ерекше туындылары туралы айтылады.
Екінші бөлімде мәдениетпен тіл тұтастығы айтылып баламасыз лексика және ұлттық этникалық мәдениетте этнотұрмыстық белгінің алатын орны жайлы түсініктер берілген.
Үшінші бөлімде Қ. Жұмаділовтің шығармаларындағы этнотұрмыстық белгілердің аударылу ерекшеліктері туралы, аударылу барысында қолданылған әдіс- тәсілдер туралы айтылады.
1- Бөлім. Көркем аударма- дербес шығармашылық туынды
Қазақ мәдениетінде, тұтас бір кезең бойында жинақталған аударма қоры бар. Жанрлық, стильдік жағына келгенде аударманың түрлері де әралуан. Көркем әдебиеттің қай-қай тармағы да аударма елегінен өтті; ғылыми, әдебиет пен көсемсөз стилі жанрларының ағарту, білім беру, мақсатындағы кітаптар мен оқулықтардың көпшілігінің өз кезегінде мазмұны мен құрылымы жағынан өзге тілдегі түпнұсқаға иек артуы да басым болды. Сөз жоқ, әр жанрды немесе әр стильді дербес бөліп алып, аударма ерекшелігі тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл аударматанудың дербес теориясының аспектісі. Әр тармақтың түпнұсқа мен аударма арасындағы барша, айырым-белгілері мен ортақ заңдылықтарын бүге- шүгесіне дейін талдау, айталық, орыс тіл білімінде жоғары деңгейде қалыптасқан. Дербес мәселелерді талдап барып, «Жекеден жалпыға қарай принципімен жүріп, одан әрі жалпы теория негіздерін қалау - дұрыс, ұтымды бағыт.
Дегенмен, мәселенің ғылыми жағын сөз еткенде, қазақ тіліне аударылған барша нұсқауларды кешенді тұрғыдан топтастыруға мүмкіндік беретін басқа заңды факторлар жа жоқ емес. Белгілі бір бір заңдылықтарға сүйене отырып, ұзақ мерзім бойында жүргізіліп келген аударма нұсқауларды шартты түрде көркем аударма әдебиет және арнаулы ақпаратты әдебиет деген қос топқа жіктеуге болады. Шарттылықтың бұлай болуына жол ашатын дәйек - ойлаудың типі.
Аударма жұмысы -жеке адамның ойлау-психикалық қызметінің жемісі; аударманың психолингвистика ғылымына ұштасатын жағы осында. Жазылған дүние сондай-ақ қабылдаушының да ойлау-пайымдау қабілет деңгейін ескереді, адамның ойлау психикалық әрекеті, қоршаған дүниені өз пайымынан өткізуді бірізді, тұйық, «механикалық» түрде жүрмейді. Ой-психика қоршаған дүниені логикалық шындыққа сәйкес тура қабылдайды немесе көріп-білген мағлұматынан әсер алады, алған мағлұматын өзге құбылыстармен теңестіреді, шендестіреді, образдар, суреттер жасайды; міне, осылардан барып психолингвистика ғылымы ойлаудың образды типі және ойлаудың логикалық типі деген түрлерді ажыратады.
Көркем әдебиет-ойлаудың образды типінің нәтижесі; ал ғылыми әдебиет, көсемсөз, ресми стиль тармақтарының ақпарат беру, ақпаратты логикалық, ғылыми, дүниетанымдық шындыққа сәйкес етіп, астарламай тура, дәл жеткізу функциялары ойлаудың логикалық типі арқылы жүзеге асырылады. Бұдан, әрине, тіл қызметіндегі әр алуан функционалдық стильдердің өзіндік бет-бейнесі көмескіленіп кетеді деген ұғым тумаса керек. Әр стиль, стильдің құрамына кіретін, подстильдер - өз алдына жеке-жеке стильдік, тілдік ерекшеліктерімен дараланатын күрделі салалар. Әсіресе бұл көсем сөздің жанрлық түрлерінде айқынырақ; очерк, репортаж, сұхбат сияқты шағын, ішкі тармақтардың төл тілде жазылуында да, өзге тілден аударылуында да ойлаудың логикалық типі мен ойлаудың образдылық типі бір-бірімен астасып жатады. Жалпы алғанда, тіл мен ойлау-психика қызметінің арасындағы қарым-қатынас - өте күрделі мәселе. Бұған жол-жөнекей, хабардар ету мақсатында ғана соғып отырғанымыздың себебі бар: өйткені ойлау-писхикалық қызметтің көп сипаты аударма жұмысымен айналысқан істе нақтырақ байқалады. Туындыны төл тілде жазатын адамның ой-психика қызметі еркін, шектеусіз. Оның пішін жағынан да, мазмұн жағынан жаңалық ашуына өріс кең. Ал өзге тілден аударма жасаушылық ойлау қимыл-әрекетінің алдына шекара жатады.
Ақпаратты (арнаулы) әдебиет қоғамдық-саяси, ресми, ғылыми мазмұндағы тәржіма үлгілерін қамтиды. Бір қарағанда жеке-жеке, дербес аспектілерді қарастырылуға тиіс қоғамдық - саяси, ғылыми немесе ресми мазмұндағы әдебиеттерді біртұтас ыңғайда зерттеуге негіз болатын дәйек - олардың негізгі функциясы.
Ақпараттың (арнаулы) аударманың негізгі қызметі - түпнұсқада айтылған мәліметті, ақпаратты екінші тіл арқылы қабылдаушыға (рецепторға) нақты, дәл, ақиқат шындыққа сәйкес түрліде жеткізу. Тәржімалы бұл түрінде экспресивті функция негізгі рөл атқармайды, алайда бұндай үлгілерде негізгі хабарлау, хабарды дәлме-дәл жеткізу қызметіне осы хабарға қабылдаушының білгілі бір көзқарасын, пікірін туғызу функциясы, яғни ықпал ету қызметі де ілесе жүріп отыратындығын жоққа шығаруға болмайды. Егер әдеби көркем аудармада динамикалық баламалының тәсілі пайдаланылса (немесе адекватты, балама және еркін аударма), ақпаратты әдебиетте сөзбе-сөз аударма, баламаны аудару амалдары қолданылады. Сонымен қатар материалдың мазмұнына қарай бір мәтіннің өзінде бірнеше тәсілдің қатар жұмсалатындығы да аталып өтіледі. Мәселен, А. В. Федоровтың пікірінше «существуют и переходные или смешанные типы материала (например, художественной литературе-произведения на производственные термины с обилием терминов, фактических сведений и т. п., внаучной литературе - произведения популярного жанра с исполь-
зованием выразительынх средств художественной образности) », [2; 37]
Ақпаратты, мәліметті дәл жеткізу мүддесімен қатар ақпаратты (арнаулы) әдебиетті аударуда ең алдымен қабылдаушының ұлттық ерекшеліктері ескерілуге тиіс. Өзге тілдерден өзіңнің негізгі ана тіліне аударылған материалдарды оқу (есту, тыңдау) барысында қабылдаушыға тілдік-стильдік кедергілер кездеспеуі қажет. Алайда бұл ақпаратты аудармаға қатысты шартты түрде ұғынылуға тиісті талап: өйткені кейбір ақпараттың мазмұндағы әдебиеттің тәржімасында мазмұнды сақтау; түпнұсқаның мәні мен стилін жеткізу; баяндаудың ұғылықты әрі табиғи сипатта болуы; аударма мәтіннің нақ түпнұсқадай әсер туғызуы тәрізді міндеттердің баршасының үдесінен бірдей шығу мүддесі көзделмейді. Мәселен, ғылыми стиль үлгілерінің, оқу-ағарту әдебиетінің (айталық, математика оқулықтарында) тәржімасында ақпараттың, пәннің негізгі мазмұнының фактілік жағына көңіл бөледі де, қолданылатын күші тілдік-стильдік құрамдар осы мүддеге бағындырылады. Аталған міндеттерге қатысты өзге де стильдік тармақтардың өзіндік тілдік-стильдік ерекшеліктері бар. Бір тілдегі нақты бір функционалдық стильдің қалыпты тілдік-стильдік құралдарының екінші тілге аударылып берілуінің тармақтала, дербес қарастырылатын мәселелері сан салалы. Әсіресе синтаксистік құрылым ыңғайынан қарағанда салыстырылатын екі тілдің айырым белгілері жан-жақты.
1. 1. Аударма әдебиеттің түрлері
Көркем әдебиет - айрықша күрделі жанр. Оның әдебиет қисынынан туындайтын жазушылық, шеберлік, және жазушылық қаламгерлік даралығы (стилі) мен таланты, эстетикалық, функцияны, мазмұн мен пішінді жеткізудегі жазушының танымдық-психологиялық қабілет деңгейі сияқты сан алуан проблемалары бар.
Көркем әдебиет тілінің де өзге функционалдық стильдерге қарағанда иірімі мол, кез келген прозалық шығармадағы лексикалық-грамматиканың құралдардың көлемін, көкжиегін дәлелдеп көрсету, жалпыхалықтық, әдеби немесе ауызекі сөйлеу тілі элементтерінің бір-бірімен жандаса қолданылуының, әр сөздің стильдік рецептен құбылуының алуан түрлі себептерін - ғылыми тілімен айтқанда, тілдік құралдардың көркем әдебиеттегі атауыштық (номинациялық, референттік), қабылдаушыға әсер ету (прагматикалық), қабылдаушының, оқырманның рухани тармағына ықпал жасау, жан-дүниесіне, адамгершілігіне тағылым-өнегені насихаттау сияқты қызметтерді жеткіудегі рөлін, орын анықтау - өз алдына бір бөлек, бірақ әдебиеттанымдық қағидаттармен ұштасып жататын маңызды факторлар.
Эстетикалық функция - көркем әдебиеттің басты функциясы. Бұл - арнаулы ақпараттың әдебиеттен басты айырмасы. Көркем әдебиеттің екінші және маңызды белгісі - оның образдылығы, жалпыхалықтың тілдік қордағы элементтерді пайдалану мүмкіндігінің болуы. Бұлар -«көркем шығарма тілдің өзіндік табиғатын, өзіндік сөз қиюын айқындайтын» басты факторлар [5; 37. ]
Көркем әдебиет стилінің әдебиеттік, тілдік ерекшеліктері аударма әдебиетке тән. Белгілі бір халықтың тілінде жазылған әңгіме, повесть, роман - сол халықтың ұлттық көркемөнер, туындының эстетикалық функциясы, прагматикалық сипаты - баршасы тілді иеленуші халықтың рухани-мәдени ұлттық танымдық үдесінен шығуды көздейді. Көркем аударманың тілі де сол мақсатқа бағындырылады.
Көркем өнер ретінде аударма әдебиет жеке адамға ақиқат өмірінің сырлы суретін барынша жеткізуі керек. Көркемделіп жасалған ақиқат дүниенің, бейнесін жасап шығаратын құрал - тіл. Шығармасын ұлттық этникасы, тіл жағынан топтасқан қауым - өз ұлты, өз халқы қабылдайтынын білетін, яғни нақты арналған аудиториясы бар қаламгер, өз ана тілінде жазғанында тілдік құралдардан пайдлану, стильдік түрлендіру, сөз шығармашылығы жағынан еркін. Ал аударма жасайтын қаламгер мұндай еркіндікке бара алмайды. Тәржімашының алдында екі жақт, бір-бірімен ауыр, қос міндет тұрады. Осының бірі:
- түпнұсқаның мазмұнын, сюжеттін, түпнұсқа авторының негізгі иедеясын мүмкіндігінше толық сақтау;
- аударылатын тілдің - қазақ тілінің табиғи заңдылықтарын, нормаларын қадағалау.
Көркем аударманың мынандай айырым белгілері бар:
а) көркем аударма - ойлаудың образдылық типінің жемісі, демек, мұнда индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар;
ә) бірақ ізденістің шеңберіне шек қойылады, өткені аударманың алдында жатқан мазмұн - құрылымы дайын мәтін шығармашылық еркіндікке жіберілмейді;
б) көркем аударма да төл әдебиет сияқты эстетикалық қызмет атқаруы керек;
в) көркем аударма төл әдебиет сияқты тұнымды, тұщымды кедір-бұдырсыз оқылуы қажет;
г) сондықтан аудармада қазақ тілінің табиғи күйі, сөз қолдану, емлелік нормалары сақталуға тиіс.
Бірін-бірі тізерлеп, тұсап, аударманы қаламгер ретінде тым бастамдыққа жібере қоймайтын межелердің арасында белгілі-бір өлшемдестік (симметрия) бар. Көркем аударманың лингвистикалық табиғатын айту - осы өлшемдістіктің заңдылықтарын анықтау. Көркем аудармада қазақ тілі сөздік құралының, грамматикалық-стилистік жүйесінің, стильдік құралдарының қолданылуындағы тәуір тұстардың немесе кемшіл жақтардың болатындығы аталған талаптардың тең атқарылғанына немесе бірінің екіншісіне «ырық бермей», бірі екіншісінен басым болып келетініне байланысты. Демек, түпнұсқаның мазмұны үшін қазақ сөзі, айшықты тіркесі, синтаксистік тұтастық неліктен алынған; түпнұсқаның идеялық - көркемдік санасы аударманың бойына қандай тәсілмен, қалай ендірілген дегендер, басқа алуан түрлі сипаттар тікелей ретелгенде, көп мәселенің күрмеуі шешіледі.
1. 2. Жұмаділовтің ерекше туындылары орыс тілінде
Жұмаділов Қабдеш- 1936 жылы, Шынжақ өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. Ол қазақ Совет жазушысы. Оның мынандай ерекше туындылары бізге танымал: «Бақыт жолында» романы, «Көкей кесті» романы, «Қаздар қайтып барады» әңгімелері, «Саржайлау» повес және әңгімелері, «Соңғы көш» романы, «Тағдыр романы», «Шарайна» роман, повес және әңгімелері. Осылардың ішінде оқырманның сезімі мен көңіл күйін баурайтын ең ерекше туындылары «Көкейкесті», «Соңғы көш», «Бақыт жолында» деген романдары.
Көрнекті қаламгер Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтың Шығыс Түркістан қазақтарының өмірінен жазылған «Соңғы көш» роман- дилогиясы оқырман жұртшылыққа кеңінен танымал. Бұл романда сол кездегі заманның мал өсіріп, көшіп қонған қазақ халқының өмірі баяндалады. Әсіресе, отырықшылыққа енді үйрене бастаған қазақ халқының жай- күйі көркем суреттелген.
Қабдеш Жұмаділов- өзінің лирикалық жоспарда жазылған сыршыл әңгімелерімен, «Көкейкесті», «Соңғы көш» атты романдарымен оқушы жүрегіне жол тапқан жазушы. «Көкейкесті» романында бүгінгі жастар өмірі, жас жігіт Жәнібектің қиын сындардан өтіп, біртіндеп азаматтық биікке көтерілуі оның туған жерге, адамға деген қарым- қатынасы, алғашқы махаббаты шұрайлы тілмен шабытты суреттелген. Ал әңгімелерде ауыл еңбеккерлері мен қала зиялылары, студент қауым, тірлігі нанымды бейнесін тапқан. Жинаққа кірген шығармалардың қай- қайсысы да оқиға шынайлығымен, тіл көркемдігімен сүйсіндіреді.
Қабдеш Жұмаділовтің шығармаларының ішінде «Көкейкесті» романы орыс тілінде «Зов», «Соңғы көш» роман- дилогиясы- «Последнее кочевье» деген атпен аударылған.
«Көкейкесті»романын- «Зов» деген атпен жарыққа шығарған көрнекті аудармашы Н. Скалковский болатын. Ол аударманың қыр- сырын сақтай отырып, көркем аударған.
Ал енді «Соңғы көш» романына келетін болсақ, мұны Қ. Жұмаділовтың шығармашылық жағынан көп жыл бойы аудармашы ретінде жұмыстас болған. А. Смойленко «Последнее кочевье» деген атпен аударып, орыс оқырман халқына өзінің аудармашылық шеберлігімен тәнті еткен.
2- Бөлім. Мәдениет - ұлт-тіл тұтастығы.
Мәдениет - ұлт-тіл үштігі бір-бірімен тығыз байланыстағы ұғымдар. Ұлт мәдениеті мен ұлт тілі-ұлт тұтастығының негізгі белгісі. Мәдениет ұлттық тарихи даму бойында жинақталған материалдық рухани құндылықтарының жиынтығы, мәдениеттің ұлттық негізгі дүмпуі күшті әлеуметтік уақиғаларға қарамастан, әрқашанда тұрақты және мәдениет - ортақ нышан белгілері бар біртұтас жүйе.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz