Қазақстан Республикасында ұлттық республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе (РАБИС) программасын құру және оны таратудың мәселелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
Кіріспе. . . . 3-8
І-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ақпарат-
тық-библиографиялық қызметі . . . 9-11
- Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасындағы библигорафия-
лық қызметтің даму тарихы . . . 11-16
- Анықтамалық-библиографиялық аппарат қызмет көрсету базасы
ретінде . . . 17-20
- Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында тұтынушылардың
ақпараттық библиографиялық сұранысын қанағаттандыру канал-
дары . . . 21-23
ІІ тарау. Қазақстан Республикасында ұлттық республикалық авто-
маттандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе (РАБИС)
программасын құру және оны таратудың мәселелері . . . 24-29
2. 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ақпараттық ре-
сурстар орталығының қызметі . . . 29-34
2. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қызметінде Интер-
нетті және жаңа ақпараттық технологияны пайдалану . . . 34-37
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы библиографиялық өнімдер жүйесі . . . 38-40
3. 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында библиография-
лық құралдар дайындау әдістерінің ерекшеліктері . . . 40-44
Қорытынды . . . 45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 46-50
К і р і с п е
Көпшілік кітапханалар - бұл өткеннен болашаққа өту көпірі. Мұнда көнелер сақталады, жаңалар пайда болады және болашақта ақпараттық ресурстарды басқару үшін негіз дайындалады.
Бүгінгі таңдағы кітапхана ісіне тән ерекшелік - онда қарқынды техникалық прогреске қарамастан негізгі құралдарының дәстүрлі болып қалуы. Кітапхана қоры терімен түптелген томдарға келіп тірелмейді: электронды кітапханалар құрылуда, ал Интернеттің енгізілуі ақпаратқа қол жеткізу жолдарын кеңейтті. Кітапханалық ғылым болашақ мыңдаған жылдардың талаптарын ескере отырып, басқа ғылымдармен қатар дамып келеді. Кітапханалар өз қызметін жеке тұлғалардың және жалпы қоғамның сұранысына сәйкестен-діріп ыңғайландыруда.
Белгілі болғандай, Қазақстан Ресупбликасының конституциялық нормаларына негізделген әлеуметтік, зайырлы, демократиялық мемлекет құру принциптерін ұстана отырып, өркениеттік деңгейдегі және қазақстандық қоғамдағы тиісті кітапханалық өлшемдер сипатындағы принциптерді ұстану қажеттілігін куәлендіреді.
Қазақстан Республикаcының Ұлттық кітапханасы (ҚР ҰК) әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Бүгінгі таңда Қазақстандағы кітапхана ісінің көшбасшысы ретінде танылған. Республиканың кітапханалық кеңістігінде ҰК жетекші ғылыми-зерттеу, анықта-малық-библиографиялық, кітапханалық ақпараттық технологияны дамыту орталығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы алғашқы күннен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан территориясында шығарыла-тын кітаптардың, республикалық, облыстық, аудандық мерзімді басылымдардың міндетті данасын алады.
Тақырыптың өзектілігі. Біздің көзқарасымыз бойынша, кітапхана институтының адамзат қоғаымының даму тарихында мәдени мәнді және әлеуметтік тиімділікті талқылауға және оны дәлелдеуге негіз болатын екі негізгі нүктенің қиылысы жатыр.
Біріншіден, бұл кез-келген қоғамның әлеуметтік-экономикалық корди-наттарының қиылысындағы өзіндік тұрмыстық еркіндікпен таңдалған дамуы негізінде ұлттық рухтың метафизикасы және адами тәжірибесі жатыр. Осының барлығы кітапхана қорында барлық ұрпақтарға синтезделген және жеңіл оқылатын түрінде шоғырланған.
Екіншіден, заманғы технологиялық үрдістерге қадам басқан адамдар алдында адамзатпен үздіксіз бірге жүретін ғаламдық және өркениеттік қақтығыстардың барлығы да адамзаттың жылдар бойы жинақтаған біліми тәжірибесі мен ақыл-ойының жиынтығы ретінде әлемдік кітап қоры жиынтығында көрсетілгендей, оны қабылдауға, әлеуметтік психологиялық жағынан көбейтуге және осы байлықты қазіргі қоғам игілігіне пайдалануға үйренбеуі қазіргі салыстырмалы капитуляцияның әсері.
Бәрінен бұрын осы жағдайлардан келіп, қазіргі социумның мәдени және демократиялық құндылығы жүйесін таратудағы әмбебап ғылыми кітапханалардың ең маңызды әлеуметтік институт ретіндегі мета-ролі туындайды.
Қанша дегенмен «ұлттық есеп» бізді алдын-ала қорытын-дыланған келесі ғылыми-әдістемелік базаны бұрмауға міндеттейді. Біз қордың интеллектік ауқымдылығын кітапханалық өлшемнің бірінші сипаты ретінде болашақта айқындалатын мобилизациялық, руханилық, креативтілік потенциал ретінде қабылдауға тиіспіз.
Біз Орталық Азия аймағындағы кітапханалық кеңістіктіктің сенімді курсына дер кезінде қол жеткіздік. Осы идеологияны кітапханалық кеңістіктікте терең және кеңінен дамыта отырып, біз өзіміздің жеке ұлттық мәдениетімізді дамытуға және оны әлемдік мәдениетке толлеранттықпен тоғысу мүмкіндіктерінің берік тірегі ретінде қол жеткіземіз.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Тұтастай алғанда, қазақстандық қоғамдағы кітапханалық өлшем Республиканың эпи-ентрінде орналасқан жаңа дәуір құндылығын қалыптасырудағы геомәдени экстерриториялығына бағытталған. Екінші фактор, қазақстандық қоғамдағы кітапханалық өлшемді белсендіретін қазақстандық социумның толлеранттық ортада өмір сүруші тұрғындардың көпмәдениеттілігін қалыптастыруды негіздейді. Осы зерттеудің негізгі мақсаты ҚР ҰК-ның ақпараттық-библио-рафиялық қызметін талдау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеті. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- ҚР ҰК-ның ақпараттық-библиографиялық ресурстарының құрамын және оның ерекшелігін көрсету;
Дипломдық жұмыстың пәні ҚР ҰК-ның ақпараттық-библиогра-фиялық қызметінің бағыттарын зерттеу болып табылады. Оларға жататындар:
- қазақстандық және шетелдік кітаби және мерзімді басылым-дар туралы ақпараттарды ағымдағы ақпаратттар, бюллетеньдер, баспасөз - релиздер, ақпарат күндерін дайындау жолымен;
- библиографиялық ақпараттармен қамтамасыз ету.
Жұмыстың негізгі көздері. Дипломдық жұмысқа анықта-малық-ақпараттық жұмыс және ғылыми-библиографиялық қызмет көрсету мәселелеріне арналған әдістемелік әдебиеттер, монографиялар, «Библиография» журналынан алынған мақалалар, анықтамалық әдебиеттер пайдаланылды. Жұмысты орындау барысында отандық және шетелдік авторлардың жарияланымдары ең маңызды орын алды.
Жұмыстың ғылыми маңыздылығы. Зерттеу барысында ҚР ҰК-сы бүгінгі таңда еліміздегі ең бір автоматтандырылған кітапхана екендігіне көз жеткізілді. Кітапханада технологиялық процестерді автоматтандырудан тыс мына төмендегі технология-лар құрастырылған және пайдаланылуда: CD-ROM-дық өнімдер және жеке CD-ROM-дар шығару, сирек кітаптарды сандық жүйеге көшіру, штрихкодтау базасында автоматты түрде идентифи-кациялау жұмыстары.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Экономикалық реформалар жағдайында республикада шектелген материалдық және қаржылық ресурстармен ғылымды ақпараттармен қамтмасыз ету тиімділігі ең өзекті мәселенің бірі болып табылады, өйткені барлық тұтқаларда дұрыс қалыптастырылған, нақты және икемді ұйымдастыру және басқару жүйесі арқылы жұмыс сапасының қорытындысына қол жеткізіледі.
Бүгін таңдағы әлемдік ақпараттардың кең ауқымды ағынында, оның әртүрлі көздер арқылы таратылуы және қол жетімсіздігі бары-сында отандық және шетелдік ақпараттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен басқару мәселесін барынша жетілдіретін кезең келді.
Мұндай ақпараттық қамтамасызету оқырмандардың нақты-ланған категорияларына ғана емес, барлық саладағы ғылыми басшылық қызметкерлеріне және республиканың білім беру жүйе-сіне кеңінен қол жетімді болуы тиіс.
Ол пайдаланушы үшін барынша толық және жедел ақпаратты жиі және тұрақты алуына сенімді, ыңғайлы түрін қамтамасыз етуі, сол сияқты ақпаратты іздестіру және талдау мерзімін қысқартуы қажет. ҚР ҰК үшін - бұл әлемдік ақпараттық кеңістікке ену мүмкін-дігі.
Жұмыстың құрылымы. Аталған дипломдық жұмыс үш тарау-дан, кіріспеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмысты орындау барысында көпшілік мақұлдаған ғылыми синтездеудің эвристикалық, материал-ды талдау және тарату ғылыми зерттеу әдістері қолданылды.
І-тарау Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының
ақпараттық-библиографиялық қызметі
Ақпараттық-библиографиялық қызметтің негізгі мақсаты - шын мәніндегі және потенциалды пайдалауншылардың әртүрлі жеке, кәсіби немесе қоғамдық тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру мақсатындағы әлеуметтік ақпаратпен қамтамасыз ету.
Ақпараттық-библиографиялық қызмет ҚР ҰК-ның оқырман-дарына библиогра-фиялық қызмет көрсетудің негізі болып табылады. Ол ҰК-ның қорын көпаспектілі жағынан көрсетуге және ашып көрсетуге арналған, оқырмандарды оларға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді және кәсіби кітапханалық-библио-графиялық қызметке ықпал етеді.
Ақпараттық-библиографиялық қызмет - бұл библиография-лық ақпаратқа қажеттілікті қанағат-тандыру саласы. Ақпараттық-библиографиялық қызметтің мазмұны әртүрлі процестерді және библиографиялық ақпараттар дайындау операцияларын тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес жеткізуді құрайды.
Библиографиялық ақпараттарды дайындау процестері, бұл библиографиялық анықтау, библиографиялық іздестіру, библиографиялық өңдеу, библиографиялық іріктеу, библио-графиялық топтастыру, жалпы алғанда, «библиографиялау» терминімен белгілеу қабылданған, ал құжат туралы алғанда ақпаратты тұтынушыға дейін жеткізу - «ақпараттық-библиогра-фиялық қызмет көрсету» терминімен белгіленген. Соңғысы анықтамалық-библиографиялық аппарат құрастыруды қолдануды, анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуді, библиографиялық ақпараттандыруды және ақпараттандыруды үйретуді қамтиды.
Анықтамалық-библиографиялық аппарат ҚР ҰК-нда оқырман-дарға библиографиялық қызмет көрсетудің негізі болып табылады. Ол ҚР ҰК-ның қорын көпаспектілі жағынан көрсетуге және ашып көрсетуге арналған, оқырмандарды оларға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді және кәсіби кітапханалық-библиографиялық қызметке ықпал етеді. Ақпараттық-библиографиялық қызметке тән ерекшеліктер мазмұны үнемі пайдаланушылардың ақпараттық талап-тілегіне сәйкес трансформацияланады. Оқырмандарға көрсе-тілген қызметті талдау барысында туындаған мәселелерді анықтауға және жаңа тақырыптық рубрикалар ашуға жол ашады.
Анықтамалық-библиографиялық аппарат мазмұнының өзектілігі бірінші кезекте, көпшіліктің назарына арналған дерек қорлар, онда конференциялардың, симпозиумдардың, жиналыс-тардың материалдары, аз таралымдағы басылымдар, мерзімді және жалғасты басылымдардан мақалалар қамтылса, онда бұл дерек қор бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін Қазақстанның дамуы туралы құнды мәлімет көзі болып табылады.
Оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйеге негізделеді. Ақпараттық жүйе құрылымы бір ғана дерек қорды әртүрлі нұсқада пайдалануға мүмкіндік береді. Библиографиялық қызметтің барлық процестері тығыз байланысты және өзара тәуелді. Бүгінгі таңда олар автоматтандырылған технология көмегімен ақпаратты бір реттік өңдеу, алынған нәтижені көп реттік және көп мақсатта пайдалану принциптеріне негізделген. Ақпараттық-библиографиялық қызметтің сәттілігі әртүрлі құжаттар топтамасында берілген құжаттың қызметін, олардың негізгі түрлерін, мүмкіндігін меңгерудегі библиограф маманның білімділігіне тікелей байланысты.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында библигорафиялық қызметтің даму тарихы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстан-дағы кітапхана ісі саласы бойынша ең ірі ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік орталығы; Қазақстан баспа басылымдарының міндетті данасының, 1993 жылдан бастап ЮНЕСКО басылымдарының депозитарийі болып табылады.
Кітапхананың ашылу мерзімі 1910 жылдың 31 желтоқсаны болып саналады. Осы күні Верный қалалық Думасының шешімімен кітапхана-оқу үйшігі ретінде ашылады, кейіннен 1924 жылы Жетісу губерниялық көпшілік, ал 1928 жылы ҚазССР Алматы аймақтық көпшілік кітапханасы болып өзгертілді.
1931 жылы ҚазССР мемлекеттік көпшілік кітапханасы болып қайта құрылды. Оның ұйымдастырушысы көрнекті қоғам қайраткері Ораз Жандосов. Ол кітапхана қызметінің алғашқы міндеті ретінде «қазақ тіліндегі және Қазақстан туралы барлық баспа басылымдарын жинақтау» мәселесін қойды. Осы уақыттан бастап кітапхана республикада мемлекеттік ұлттық кітапқоймасы ретінде қазақ елінің және Қазақстанды мекендеуші халықтардың мәдени мұрасын жинақтаушы және мәңгі сақтаушы әлемдегі бірден-бір мекеме ретінде қызмет ете бастады.
Кітапхана Қазақстанның кітаби байлығын қалыптастырушы орталық ретінде ғана емес, гуманитарлық ғылымдар бойынша библиографиялық жұмыстар орталығына тез айналды. Ары қарайғы міндеті ұлттық библиографияны дамыту және қалыптастырумен қорытындыланады.
- 1991 жылдан еліміздің бас кітапханасы құнды мәдени объект ретінде мемлекттік және қоғамдық дәрежеге қол жеткізді. Кітапхана қабырғасында мазмұны жағынан бірегей 50 тілдегі әлем халықтарының 5, 7 млн. баспа басылымдарының жинағы жинақталған. Күн сайын кітапханаға 2-2, 5 мың оқырман келеді және оларға арнайы жабдықталған 1500 орынды 14 оқу залдары қызмет көрсетеді1.
Кітапхана қызметі оның ұзақ мерзімді «Халық жады», «Кітаби және қолжазба ескерткіштерді сақтау және консервациялау», және «Республикалық автоматтандырылыған кітапханалық-ақпараттық жүйе» (РАБИС) бағдарламаларымен анықталады.
1992 жылдан Ұлттық кітапхана Халықаралық кітапханалық мекемелер ассоциацияның федерациясына (ИФЛА), 1993 жылдан «Евразиялық кітапханалық ассамблеясына» (БАЕ) мүше. Кітапхана 1971 жылы арнайы жобамен салынған ғимаратта орналасқан және
1 Национальная библиотека РК (НБРК) //Библиотеки Казахстана: Справ. -Алматы. - 1998. -С. 89-92.
ол қаладағы бірден-бір көруге тұратын келбетті сәулет құрылысы болып табылады. ҚР ҰК қорында 25, 0 мыңнан астам сирек кітаптар және қолжазбалар қоры жинақталған. Соның ішінде тарихы 500 жылдық кітаптар бар. Кітапханада Құрандардың қомақты жиын-тығы сақталуда. Соның ішінде 1000 жылдық тарихы бар бірегей Құран сақталуда.
Түркі жазбасының ескерткіші ретінде шағатай тіліндегі «Шахнаме», «Фирдауси» қолжазба кітаптары бар, олар парсы тілінен түркі тілдеріне аударылған алғашқы аудармалар болып табылады. Аударманы Қожа Шахижран Каляндар Низамдинұлы Жаркент басқармасының өтінішімен шамамен 1721-1723жж. аударған.
А. Яссауидің және оның шәкірті Бақырғанидың жазба мұралары әлемде теңдесі жоқ ұлттық мақтаныш ретінде ЮНЕСКО-ның «Халық жады» бағдарламасы бойынша Халықаралық реестрге енгізілген. Қазақ ағартушылары Абай, Алтынсарин, Шәкерімдердің және т. б. зиялылардың көзі тірісіндегі басылымдарының жинақтары және алғашқы басылымдары бар. Редакциясында талантты қазақ журналистері мен жазушылары Ж. Аймау-ытов, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов (бас редактор), Х. Досмұхамедов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтар жұмыс атқарған және 1913 жылдан 1918 жылға дейін 3, 0 мың таралыммен Орынбор қаласында шығарылған «Қазақ» газеті мағынасы жағынан құнды болып саналады. Газет сол кезеңдегі ағарту идеясын насихаттаушы «Алаш» партиясының баспа органы ретінде қазақ халқының ұлттық санасының қалыптасуына және нығаюына бірқатар өзіндік үлес қосты.
ХУІІІ-ХІХ ғғ. славян және корей кітаптары (2, 0 мың дана) әлемдік деңгейдегі библиографиялық құндылық болып табылады. Оны оқып зерттеу үшін Корея, Италия, Америка, ТМД елдерінің ғалымдары елімізге келеді. ҚР ҰК-ның сирек кітаптар қолжазбалар қорымен каталогтар және библиография арқылы танысуға болады; «1807-1917жж. Қазақ кітаптары», «1806-1917жж. Қазақ кітаптары-ның жиынтықты каталогы», «Казахстан в рукописных материалах фонда редких книг и рукописей Государственной республиканской библиотеки им. А. С. Пушкина», «Руханият», «Послание из глубины веков» (ХУІ-ХІХ ғғ. неміс тіліндегі кітаптар) .
Ұлттық құжаттық мұраны сақтау үшін Кітапхана коллекция-ларын сақтау орталығы құрылды. Мақсаты - Қазақстанды мекен-деуші және әлемдегі басқа да халықтардың ұлттық ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету, оның дамуына және таралуына ықпал ету.
Шетел әдебиеттері қоры әлемнің 50 тіліндегі 308, 0 мың дана кітаптан құралған. Кітап қорының өзегін энциклопедиялар, оқулық әдебиеттер, европалық және шығыс тілдерінің лексикологиясы бойынша әдебиеттер, көркем әдебиеттер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы әдебиеттер құрайды 2 .
Электрондық басылымдар залының қоры электрондық басылымдардан (CD-ROM, CD, дискеттер) құралған. Бұл ақпарат-тық материалдар мазмұны жағынан танымдық сипатта. Кирилл
2 Абусеитова М. Х. Автобиографические рукописи, хранящихся в фондах г. Алматы //Восток. - 2004. -N1. -С. 167-181.
және Мефоди тарихи энциклопедиялары серияларынан алынған. Әлемнің ірі ақпараттық орталықтарының толық мәтінді дерек қор-ларына, сол сияқты Интернет ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі бар.
Электрондық құжаттар қызметі ұсынылған. Электрондық басылымдар залы жаңа компьютерлік технологиямен жабдықталған. ҚРҰК-нда «Қазақстандық корпоративті каталогтау орталығы» қызмет етеді. Мақсаты - еліміздің ірі кітапханаларының күшімен Қазақстан туралы электрондық жиынтықты Деректер қорын құру және on-line режимінде оған қол жеткізуді ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының диссертация қоры ҚР-дағы барлық ғылым салалары бойынша Қазақстанда қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың Жоғары аттестациялық комитетінің (ВАК), 2000 жылғы МАГАТ келісімі бойынша ТМД елдерінің авторефераттар депозитариі болып табылады. Қор жазба мұраның ұлттық ғылыми мұрағаты болып табылады. Бөлімнің қорында 1984-1992жж. диссер-тациялардың микрофиштерге түсірілген көшірмелері, 1996 жылдан қазақстандық ғалымдардың диссертациялары, 1999 жылдан ресейлік ғалымдардың CD-ROM-ға және микрофиштерге түсірілген көшірмелері жинақталған. Жыл сайын бөлімнің қорына 1500 қазақстандық және 3000 астам докторлық және кандидаттық диссертациялар түседі. 3
3 Тлеубаева Г. интеллектуальный потенциал - важнейшая составляющая национального
богатства //Бюллетень ВАК. -2001. - N4. - С. 101-105.
Өнер бөлімінің қорында кітаптар, журналдар, ноталар, сол сияқ-ты әртүрлі жанрдағы және өнер түрлерінің музыкалық жазбаларынан құралған 84, 0 мың дана басылым бар. Тек нототека қоры 50, 0 мың бірлікті құрайды. Бірегей фонотекада әлемдік және отандық музыканың 21, 0 мың винилді дискісі жинақталған, соның ішінде қазақ музыкасының сирек кездесетін жазбалары бар.
Мұнай және газ саласы бойынша ресурстар Орталығының, Иран әдебиеттерінің орталығы, Қазақстан және Орталық Азия, Қытай мәдени орталығы және басқа да арнайы залдардың қорлары оқырмандарға жаңа әдебиеттер, толық мәтінді және библиография-лық дерек қорлар, Интернет ресурстар базасында кешенді қызмет көрсетеді.
Мерзімді басылымдар қоры 2, 0 млн. данадан астамды құрайды. Жыл сайын Қазақстанда, Ресейде және т. б. елдерде шығарылатын 1400 атаудан астам журналдар, 1200 атаудан астам газеттер түседі.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының баспалық қызметінің негізгі мазмұны баспа басылымдарын шығару: ғылыми монографиялар, ғылыми еңбектер жинағы, реферативтік журналдар, кітапхана ісі саласы бойынша құқықтық және нұсқаулық құжаттар, библиографиялық көрсеткіштер. 1998 жылдан бастап ҚР ҰК-сы қоғамдық ғылымдар, мәдениет, әдебиет, тіл білімі, қазақстандық авторлардың өнері бойынша реферативтік журнал шығарады. Журнал республикалық реферативтік ақпараттар жүйесіне кіреді. Журнал екі сериямен шығарылады: 6 - «Қоғамдық ғылымдар», 7- «Мәдениет. Тіл білімі. Әдебиет. Өнер». Музыкалық жазбаларды, суреттерді, мәтіндерді сандық жүйеге көшіру, интерактивті мультимедиялық альбомдар өндіру техноло-гиясы меңгерілген. Кітапхана CD-ROM-да «Музыкальное наследие Казахстана» мультимедиялық анықтамалықты үш тілде құрастыр-ды. Анықтамалық қазақстандық музыка бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылған әлемдегі бір ғана өнім болып саналады. Сонымен қатар осы тектес CD-ROM-дар қатарында «90 лет НБ РК»; «Хроника Казахстана в казахских газетах (араб графикасында) с 1913 по 1932гг. »; «Культурная мысль Казахстана» бар4. .
1. 2. Анықтамалық-библиографиялық аппарат қызмет көрсету базасы ретінде
Анықтамалық-библиографиялық аппарат - бұл оқырмандарға қызмет көрсету барысында пайдаланылатын дәстүрлі, электрондық және библиографиялық басылымдардың, кітапханалық каталогтардың жиынтығы. Анықтамалық-библиографиялық аппарат кітапханада құрастырылады және қызмет етеді. Ақпараттық - іздестіру аппараты ғылыми-техникалық ақпарат ұйым-дарында осы тектес қызметпен анықтамалық - іздестіру
4Муканова Н. Электронные коллекции CD-ROM //Музыкальное наследие Казахстана. - Алматы. - 2006 - 19 февраля.
аппараты деп аталады және ол ақпаратты анықтамалық - ақпараттық қордан іздестіру құралы болып табылады.
Оқырмандарға қызмет көрсету кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппараты негізінде жүргізіледі. Анықтамалық-библиографиялық аппарат ҚР ҰК-сы оқырмандарына библиогра-фиялық қызмет көрсетудің негізі болып табылады. Ол ҚР ҰК-сы қорын кітапханалық-библигорафиялық кәсіби қызметпен көпаспек-тілі және толық ашып көрсетуге арналған. 5.
Анықтамалық-библиографиялық аппарат Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасындағы жалпы қызметтің негізі болып табылады, және оқырмандардың сұранысын қанағат-тандырудағы жылдамдық, толықтық және дәлдік анықтамалық-библиографиялық аппараттың тиімді ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Анықтамалық-библиографиялық аппараттың тиімді ұйымдастырылуы жүйелілік, икемділікі, сенімді-лік, қол жетімділік және үнемділік қасиеттерінің болуына тән.
Анықтамалық-библиографиялық бөлім - Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының құрылымындағы ең көне бөлімдердің бірі. Бөлім 1933 жылы құрылған және ұзақ тарихи даму жолынан өткен. Бүгінгі таңда библиографиялық қызмет көрсетуді жетілдіру механизмдерінің ең бастысы ақпараттандыру процесі, пайдаланушылардың ақпараттық ресурстарға қол жетімділігін қамтамасыз ету.
5. Бердигалиева Р. А. Будущее национальной библиографии Казахстана // Кітапхана. - 2007. - № 3. - С. 14-23.
Бөлім жұмысының бағыттары:
- библиографиялық сұраныстарды дәстүрлі библиографиялық және электрондық аппараттарды пайдалана отырып орындау;
- библиогрфиялық құралдарды пайдалану туралы оқырман-дарға кеңестер беру;
- ақпраттық-библиографиялық көздерді ұсыну және беру;
- қорды қалыптастыру жұмыстары.
Анықтамалық-библиографиялық аппарат негізі библиография-лық бөлімге жинақталған: барлық ғылым салалары бойынша энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, библиографиялық құралдар. Қордағы басылымдар құндылығы «Қазақстан» атты газет, журналдар мақалаларының картотекасы. 1938 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ұлттық кітап палатасының, сол сияқты Ресейдің ірі ақпараттық-библиографиялық орталықтарының шығарған басылымдарының түсуі. Бұл өнімдер Ресей Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми ақпараттар институты (ИНИОН), Жалпыресейлік ғылыми-техникалық ақпараттар институтының» (ВИНИТИ) реферативтік журналдары, Ресей кітап палатасының газет, журнал мақалаларының шежірелері, авторефераттар, диссертациялар, рецензиялар шежірелері, кітаптардың жылнамалары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz