Марксистік философия


МАРКСИСТІК ФИЛОСОФИЯ
МАРКСИСТІК ФИЛОСОФИЯ- бүкіл философия тарихында ерекше кезең болып есептеледі. Ол XIX ғасырда Батыс Еуропа елдерінде капитализмнің келуімен сипатталады. Капитализммен бірге тарихта пролетариат та пайда болды. Сонымен қатар жаратылыстану ғылымында үш үлкен жаңалық ашылды: Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі, клетка теориясы және энергияның сақталу және өзгеру заңы. Сонымен қатар адамдардың барлығы ілеуметтік тұрғыдан тең болу керек деген ой пайда болды. Осы жаңалықтарды ескере отырып К Маркс мен Ф. Энгельс жаңа ғылыми теорияны жасады. Олар өз теориясында Гегельдің диалектикасын және Фейербахтың материализмін пайдаланды. Олардың ілімдері: диалектикалық материализм, тарихи материализм (қоғам дамуының 5 формациясы), таптар және топтар күресі туралы ілім. Бұл ілімдер бүкіл ғылымда төңкеріс жасады. К. Маркс алғаш рет жеке меншік туралы және оның түріне байланысты қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың өзгеретіндігін айтты. Ал қоғамдағы өзгерістер белгілі бір «күшке» байланысты өзгереді деді. Мұндағы «күш» дегеніміз, ол мемлекет, деп түсіндірді. К. Маркстің айтуынша, мемлекеттік органдар қоғамдық өмірді реттеп, ондағы қатынастарға билік жүргізеді. Биліктің формалары көп: саяси, діни, моральдық, философиялық. Сонымен қатар ол қоғамдық өмірдің дамуын, ондығы өзгерістерді адам ғана басқарады деген пікірін айтты, мұнда Құдайдың ешқандай қатысы жоқ деді.
Марксизм философиясының пайда болуы және оның пайда болуының негізгі кезеңдері
МАРКС КАРЛ (1818-1883ж. ) -неміс ойшылы диалект және тарихи материализмнің, ғылымның саяси экономияның негізін қалаушы. Маркс дүние-танымының бастау көзі - Гегелъ философиясы, оның солшыл бағыты болды (Жас гегельшілдер) . Бірақ жас гегьшілердің арасында Маркс теорияда да, практикада да рев. -демокр. айқындаманы неғұрлым дәйектілікпен қорғады. Ертеректегі еңбегі-«Демокриттің натурфилософиясы мен Эпикурдың натурфилософиясы арасындағы айырмашылықта» (1841) -Маркс әліде идеалист болып қала отырып, Гегель философиясынан неғұрлым радикалдық және атеистік қорытындылар жасайды. Практикалық қызметі мен теориялық зерттеулері Марксті Гегель филооофиясының ымырашыл тенденцияларынын, кері-тартпа саяси тұжырымдарының теориялық қағидаларының нақты қоғамдық қатынастар мен оларды өзгерту міндеттеріне сай келмейтіндігі себепті Гегель философиясымен тікелей қақтығысқа түсуге апарып соқтырады. Гегельмен және жас гегельшілдермен филос. тұрғыдағы қақтығыс материалистік айқындамаларға көше бастауынан көрінді, бұған Маркстің нақты өмірлік, ең алдымен экономикалық қатынастармен танысуы және Фейербахтың философиясы елеулі ыкпал етті. Маркстің жаңа айқындамасы «Неміс-француз жылнамасында» (1844), «Гегельдің хұқ философиясына сын жөніндегі Кіріспе» және «Еврей мәселесі жөнінде» деген мақалаларында тұжырымын тапты. Бұл еңбектерінде Маркс пролетариаттың тарихи ролін тұңғыш рет ашып көрсетеді, әлеуметтік революңияның болмай қоймайтындығы туралы, жұмысшы табының қозғалысын ғылымның дүниетаныммен ұштастыру туралы тұжырымға келеді. Маркстің «Экономикалық-философиялық қолжазбалары» (1844), Энгельспен бірлесіп жазған «Қасиетті әулет» (1845) және «Неміс идеологиясы» (1845-1846), «Фейербах туралы тезистер» (1845) және «Философияның қайыршылығы» (1847) деген еңбектері ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қорытындылауға және жаңа теорияның негізгі қағидаларын негіздеуге арналды. Маркс философиясы дүниені танып-білудің және өзгертудің нерұрлым баламалы әдісі. Маркс саяси экономияға енгізен негізгі еңбегін - «Капиталды» жазуға (1-т., 1867 ж. шықты, 2-т. Энгельс 1885-ж. бастырып шығарды, 3-т. 1894 ж. шықты) ғылыми тұрғыдан баса ықылас қойды. Ғылымның саяси экономияның жазылуы коммунизмді ғылыми тұрғыдан негіздеудің, материалистік диалектиканы дамытудың аса маңызды құралы болды. «Капиталдың», сондай-ақ ол жөіндегі ұланғайыр дайындық жұмыстарының (олардың ішінде 1857-59 және 1861-63 ж. қолжазба ерекше маңызды) орасан зор философиялық маңызы бар. Оларда капитализмнің экономикалық қатынастарының жүйелері, маркстік философияның аса маңызды қырлары мен принциптері (диалектикалық әдіс, диалектиканын, логиканың жене таным теориясының бірлігі принципі жене т. б. ) жан-жақты дамытылып, тамаша қолданылған. Өзінің алғашқы экономикалық еңбектерінің біріне жазған алғы сөзінде -«Саяси экономияның сын жөнінде» деген еңбегінде-ақ (1859) Маркс тарихты материалистік тұрғыдан танудың мәнін қысқаша баяндап берді. «Капиталда» бұл түсінік ғылыми тұрғыда қолданылды. Маркстің хаттарында оның философиясына сипаттама беретіп кептеген материалдар бар.
ЭНГЕЛЬС ФРИДРИХ (1820-1895) -Маркспен бірігіп марксизімнің негізін жасаған, ғылыми коммунизм теориясының диалектикалық және тарихи материализм философиясының іргетасын қалаушы. Гегельшілдер деп аталатын филосиялық ағымның сол қанатына кіретін ІІІеллингтің діни мистикалың көзқарасына, Гегельдің диалектикалық қайшылықтарына, консервативтік қорытындыларына сын айтти. Энгельс козқарастарына түпкілікті әсер еткен жағдай Англияда сол кездегі жұмысшы табының өмірі мен тұрмысы болды. Бұл жағдайлар Энгельсті көп ойландырды. Олар: плролетараттың нашар тұрмысы, саяси еріксіздігі, сол кездегі Англиядағы чартизм деп аталатын жұмысшы табы идеологиясының әлсіздігі. Бұл идеология бойынша, капиталистер өзінің еркімен өкіметті жұмысшы табына береді деген утрпиялық ілім етек алғанды. Осы жағдайларға ой сала отырып 1844 ж. «Саяси экономияға сын туралы жоспарлар»деген еңбегін жазды. Энгельстің бұл еңбегін Маркс жоғары бағалады. 1845 ж. Энгельс «Англиядағы жұмысшы табының жардайы» деген еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбектерінде ол пролетариаттың «тарихи миссиясын» ғылыми. түрде дәлелдей отырып, пролетариатты тек қана қорлық көріп жүрген тап емес, ол өзінің бостандығы үшін күрес жүргізіп жатқан тап ретінде көрсетеді. 1844-46 жж. Маркспен бірігіп жарған «Қасиетті семья», «Неміс идеологиясы» деген еңбектерінде сол кездегі үстемдік еткен Гегельдің, Фейербахтың философиялық жүйелеріне сын айтты, оларды диалектиқ немесе тарихи материализмнің негізі салдынды. «Капиталды» шьғаруға Маркске көмектеседі. Маркс өлгеннен кейін, оның ғылыми жұмысын жалғастыра отырып, «Капиталдың»2-3 тарауларын өзі басып шығарады. Философияның қалыптасуымен дамуындағы Энгельстің еңбегі өте зор. Онын; «Людвиг Фейербах және классикалық неміс философиясының ақыры», «Анти-Дюринг», «Семьяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы» сияқты шығармалары маркстік философияға қосылған құнды еңбектер болып табылады. Диалектикалық және тарихи материализмнің идеяларын Энгельс табиғаттану ғылымдарына таратты. Мұндағы негізгі идеялары: материя мен қозғалыстың, кеңістік пен уақыттың ажырамас байланыстылығы, материя формаларының сарқылмастығы, атом құрылысының күрделігі, органикалық емес табиғаттың белгілі бір кезеңде пайда болған тіршіліктің қозғалыс формасы екендігі, т. б. ғылымның классификациясын жасауға мүмкіндік берді, Әрбір жекелеген ғылм материя қозғалысының белгілі бір объективтік формасын бейнелейді. Сондықтан философия «ғылымдардың ғлымы емес», ол басқа, дара нақтылы ғылымдардың методологиясы. Энгельс философияның негізгі мәселесін, оның таптық сипатын белтіледі. Таным теориясын дамытудағы және агностицизмді сынауда Эгельстің еңбегі өте зор. Ол диалекикалық логиканың да біраз мәселелерін терең зерттеген. Тарихи материализмнің негізгі мәселелерін дамыта отырып, Энгельс тарихты материалистік тұрғыда түсінудегі дерекілік көзқарасқа қатты соққы берді. Энгельс дәлелдедегі адам өміріндегі экономикалық ахуал шешуші роль атқарады деген түсінік жеке адамның тарихтағы ісін жоққа шығармайды. Сол сияқты, базис пен биологиялық қондырма арасындағы байланыстар жай байланыс емес, күрделі, диалектикалық байланыс. Энгельс Россиядағы реолюциялық қозғалысқа да көңіл бөліп, революцияның жақын кезде болатынын болжады және оған үлкен сенім артқан. Өз өмірінің соңғы сәтіне дейін Энгельс Европаның саяси өміріне белсене араласты.
ГЛОССАРИЙ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ САЯСАТ. Экономика - өндірістік қатынастар (яғни, материаддық игіліктерді өндіруге, айырбастауға, бөлісуге және тұтынуға байланысты адамдар арасындағы қарым-қатынастар. Экономикалық қатынастар қалған барлық қоғамдық қатынастарды белгілейді және олардың базисі болып табылады. Саясат экономикалық базистің қондырмасына жатады (Базис және қондырма) . Ол таптар пайда болған кезде өмірге келіп, таптық қоғаммен бірге жасайды және таптар мен таптық айырмашылықтардың жойылуымен бірге құриды. Саяси мүдделер - ең алдымен түбірлі таптың мүдделер, Терең таптық мүдделер таптың түбірлі экон. Мүдделерінің мәнісін құрайды. Демек, саясат тұжырымды түрде экономиканы білдіреді және сонымен бірге оған барынша кері ықпал етеді Саяси күрес негізінен түбірлі экономикалық. таптық мүдделер жолындағы күрес. Таптың берік экономикалық үстемдігін орнатып, сақтауға мүмкіндік беретін саяси күрестің негізгі аса маңызды құралы - мемлекет. Мемлекет өкіметек билігін өз қолына алмайынша таптың берік экон. үстемдікке жетуі мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда Э. ж. с. бірінші орында тұрады. Э. ж. с-тың арақатынасы өзгеріссіз қалмайды. Жүзеге асырылатын кезеңнің өн бойьшда саясат бір жағынан экономикаға айқьшдаушы дәрежеде ықпал етеді, экономикамен бірлікті сақтайды, ал екінші жағынан таптар мен таптық қайшылықтардын; ершуі саясаттықтың экономикадан барынша бөлектенуіне, барған сайын көбірек дербестік алуына және оның экономикаға кері ықпал етуінің күшөюіне әкеледі. Экономика мен салыстырғанда саясат неғұрлым көбірек дербестікке капитализм тұсында ие болады, онда өндірістің қоғамдық сипаты барынша күшейеді.
МАТЕРИАЛИЗМ - (лат. мaterialis - заттық ) - идеализмге қарама-қарсы ғылыми философиялық бағыт. Сыртқы дүниенің объективті түрде өмір сүретіні жайлы балық адамдардың стихиялы сенімі ретіндегі материализмнен ғылыми тұрғыдан негізделген философиялық дүниетаным ретіндегі материализиді айыру қажет. Философиялық мериализм материалдықтың алғашқылығын және руханилықтын, идеалдықтың соңғылығын тұжырымдайды, ал бұл дүниенің, міңгіліктің, оны ешкімнің жаратпайдығын, уақыт пен кеңістік жағынаншексіздігін көсретеді. Сана материяның жемісі дей отырып, материализм оған сыртқы дүниенің бейнелену формасы ретінде қарайды, сөйтіп табиғаттың танымдылығын қостайды. Философия тарихында материализм әдетте қоғамның алдындағы қатарлы топтары мен топтарының ғана дүниетанымы болды. Олар дүниені дұрыс танып-білуге, адамның табиғатқа үстемігін күштеуге мүдделі еді. Ғылымның жетістіктерін қоштай отырып, материализм ғылыми білімнің өсуіне ықпал етті. Ертедегі материализмде материалистік және диалектикалық ой-пікірлердің дамуы әлі де мифологиялық идеологияның шырмауында еді. Орта ғасырларда материалистік бағыттар номинализм формасында, «табиғат пен құдайдың мәңгілігі» жайлы және ерте пантеистік күпірлік ілмдер түрінде көрінді. Қайта өрлеу дәуірініде материализм көбінесе пантеизм және гилозоизм формасын киіп, табиғатты біртұтас ретінде қарастырды, сөйтіп көп жағдайда ежелгі заманның материализміне ұқсас болды. Материализм кейіннен ХVII-XVIII ғасырларда Европа елдерінде әрі қарай дамыды (Бэкон, Галилей, Гоббс, Гассенди, Спиноза, Локк) . Материализмнің бұл формасы капитализмнің дүниеге келуіне байланысты өндірістің, техниканың, ғылымның дамуы негізінде пайда болды. Сол кездегі прогрессивтік буржуазия табының идеологы ретінде материалисттер Орта ғасырлық схоластикамен және шіркеу беделімен күрес жүргізді, тәжірибені ұстаз деп, ал табиғатты философияның объектісі ретіндеқарастырды. ХVII-XVIII ғасырлардағы материализм сол кездерде қауырт өсіп келе жатқан механикамен және математикамен байланысты болғандықтан ол механикалық сипатқа ие болды. Материализмнің барлық түрлері атеизм арасындағы табиғи байланыс он сегізінші ғасырлардағы француз материализмнен ерекше айқын көрінеді. Материализмнің бұл формасының Батыстағы ең шырқау шыңы Фейербахтың «антропологиялық» материализмі болып табылады. Сонымен бірге бүкіл марксизмге дейін материализмге тән пайымдаушылық Фейербах материализмінде ерекше айқын байқалады. ХІХ ғасырдың ортасына қарай Маркс пен Энгельс жасаған диалектикалық материализм -материализмнің ең жоғарғы және дәйекті болып табылады. Ол есті материализмнің жоғарыда аталған кемшіліктерін түзеп қойған жоқ, сондай-ақ оның барлық өкілдеріне тән адамзат қоғамының идеалистік ұғымын да жоя білді. Материализм бұдан кейінгі тарихында бір-бірінен түбірлі айырмашылығы бар екі бағытты өрбіді: бір жағынан диалектикалық және тарихи материализм және екінші жағынан, материализмнің бірқатар бұрмаланған, тұрпайы түрлері дамыды. Соңғысының ішінде позитивизмге жақын тұрған тұрпайы материализмді атаған жөн; материализмнің ХІХ және ХХ ғасырлар аралығында диалектикалық материализмді бұрмалау түрінде пайда болған (марксизм механистік тұрғыдан ревизиялаушы және т. б. ) түрлері де, сондай-ақ «ғылыми материализм» деп аталатын түрі де (Дж. Омарт, М. Бунге және т. б. ) позитивизмге ұмтылады. ХІХ ғсырдың екінші жартысында материализмнің дамыған формалары буржуазияның өрісі тар таптық мүдделерімен сійкеспей қалды. Атеизмді және материализмнің теориялық-танымдық оптимизмін теріске шығара отырып, олардығ кейбіреулері, сонымен қатар өндіріс пен жаратылыстануды өркендету мақсатымен материалистік дүниетанымының жеке элементтерін мойындауға мәжбүр болды.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛИЗМ - экономикалық «факторды» (немесе «ортаны»), экономиканы нақты индивидтерден бөліп қарамай, адамдардың орнына барлық міндеттер жүктелген тарихи субъекті ретінде қарастыратын қарабайыр материалисттік коцепция. Экономика тарихы адамдардың қатысынсыз тек өзін ғана жасайтын болып шығады. Адам болмысының, оның мәлени дүниесінің, сондайақ саясаттяң, саяси мекемелердің, идеялардың, теориялардың тарихи процестегі маңызы бұл орайда теріске шығарылатын немесе кемсітіледі. Егер Марк заттардың қатынасынан адамдар қатынасын ашса, экономика материализм керісінше, адамды заттық функцияғы әкеліп саяды. Экономикалық материализм тарихты материалистік тұрғыда түсінудің тұрпайылау фомасы ретінде пацда болды. Жақтаушылары батыста Бенштейн және басқа.
ТАРИХИ МАТЕРИАЛИЗМ - Тарихтың материалистік ұғымы филооофияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыда қарастыратын және осының ніегізінде тарихтың дамуы мен адамдар кызметінің формаларын жалпы социол. тұрғысынан зерттейтін, қоғам туралы филос. ғылым. Маркске дейінгі философтарынығ бәрі, соның ішінде. материалистер де қоғам өмірін түсінуде сыңаржақ: көзқараста болды, өйткені олар соқыр күштер әсер ететін табиғатқа қарағанда қоғамда өз істерінде идеалдық сезім-түйсіктеді басшылыкқа алатын саналы адамдар өмір сүретіндігін баса айтып, негізінен солармен шектелді. Т. м. жасалуы қоғамдық ойдың дамуындағы түбірлі төңкеріс болды. Ол, бір жағынан, тұтас дүниеге - тек табиғатқа ғана емес, сонымен қатар қоғамға да, жүйелі наным көзқарасты қалыптастыруға әсер өтсе, екінші жағынан, қоғам өмірінің барлык жақтарының дамуының материалдық негізін ашуға мүмкіндік берді. Қоғам дамуы табиғи және тарихи процесс екендігі туралы негізгі идеясын Маркс қоғам өмірінің әртүрлі саласынан, энономикалық саланы барлық қоғамдық қатынастардан өндірістік қатынастарды негізгі және барлық басқа қатынастарды айқындаушы ретінде беліп алып қалыптастырды. Қандай да болмасын қоғамға тән негізгі бастама қажетті өндіріс құралдары екеніне сүйене отырып, адамдардың осы құрал-жабдықтарды өндіру барысында белгілі бір қатынасқа -өндірістік қатынасқа түсуімен байланыстырып, осы өндірістік қатынастардың жиынтығы белгілі бір қоғамның реалды базасын жасайтындығынғ ал оның саясизаң қондырмасып қоғамдық сананың алуан түрлі формалары к, алыптастыратынын кереміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz