Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың салдары


Жоспар
Кіріспе
1 Кеңес үкіметінің қазақ шаруаларын жаппай отырықшылыққа көшіруі
1. 1 Кеңс үкіметінің қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшіру саясаты
1. 2 Қазақ шаруаларын күштеп отырықшылыққа көшірудің барысы
2 Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың салдары
2. 1 Отырықшылыққа көшкен қазақ шаруаларының экономикалық жағдайы
2. 2 Халықтың күштеп отрықшыландыру саясатына наразылығы
Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тарихымыздың күрделі беттеріне өткен ғасырымыздың 20 - 30 жылдары жатады . Қазіргі біз өмір сүріп отырған қоғамымыздың демократиялануы тарихтың күрделі беттерінін, яғни «ақтандақ» тұстарын ашуға, оны зерттеуге кең мүмкіндіктер ашты. Қазақ халқын күштеп ұжымдастыру, зорлап отырықшыландыру бағытын ұстанған кеңестік дәуірдегі коммунистік партияң қатал қуғын - сүргін саясатын мұрағат қойнауында сақталған құжаттар айқындап беріп отыр. Комунистік идеолтгия үстемдік құрған кезеңде осы мәселеге қатысты тарихи деректер бір жақты зерттеліп келсе, ендігі тарихшылар мұрағат қорындағы объективті шындықты айқындайтын тарихи деректі ғылыми айналымға қосуға толық мүмкіндіктер алды. Зерттеліп отырған «Қазақ хақын» отрықшыландыру мен соған байланысты туған босқыншылық тарихы бүгінгі таңда Отан тарихында өзекті мәселенің бірі ретінде көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудырып, зерттеу объектісіне айналдырғаны тарихнамаға қосылған еңбектерден белгілі бұндай жағдай тек қазақ халқының басында ғана болған жоқ, ол Украйнада, Волга бойында бұрынғы КСРО территориясының басқада аймақтарында болды. Бірақ қазақ халқының басынан өткен нәубет, басқа елдереге ұлттарға қарағанда анағұрлым ауыр болды деп айта аламыз. Себебі осы жылдары қазақ халқының 52% кемігені белгілі болып отыр. Жалған «мнтерноцианализм» мен қазақ халқын орыстандыру немесе түп - тамырымен жою, орстардың кең байтақ қазақ жеріне отарлау көзделгені қазіргі кезде белгілі болып оттыр. Жазған «интернационализмен» қазақ халқын орыстандыру немесе түп тамыры мен жою, орыс шовинистерінің кең байтақ қазақ жеріне отарлау көзделгені қазіргі кездегі зерттеулерден көріп отырмыз. Жиырмасыншы жылдардың аяғы мен отызыншы жылдардың басындағы отырықшыландыру туралы зерттеулер әліде болса толық зеттеуді қажет етуде. Жалпы отырықшыландыру өзінің тарих сахынасында қандай орын алды. Осы отырықшыланыру арқылы Кеңес Үкіметі өзінің көздеген мақсантына қол жеткізді ме? Қазақстандағы отырықшыландырудың бастаушысы болған Ф. И. Голощекин о бастан-ақ «Отырықшыландыру, - деді ол өзінің осы мәселеге байланысты 1 Өлкелік кеңесте (1930ж 9-10 қараша) сөйлеген сөзінде, - бәрінен бұрын бұл таптық мәселе. Отырықшыландыру арқылы біз нені шешкіміз келеді?
Біз қазақ ауылының экономикасын көтеруді қалймыз. Біз отырықшыландыру жолымен астық мәселесін қазақтар қожалығында мал шаруашылығын жөндесек дейміз. Бұл дегенің ұлтық экономикалык теңсіздікті жою болып шығады» 1 . Кеңестік дәуірдегі «көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын отырықшыландырудағы» Халық комиссарлары жанынан құрылған Республикалық отырықшыландыру комитетінің рөлі, орны және маңызын осы тақырыпты зерттеу барысында білеміз.
Зерттеу тақырыбым - 1929 - 33 жылдарды қамтыйды. Бұл тарихи кезеңді зерттеу жұмысына таңдап алған себебіміз бітіру жұмысы тақырыбым «Қазақ шаруаларын күштеп жаппа отырықшылыққа көшіру және оның салдары»болғандықтан осыхронологиялық шеңберді қамтыдым.
Бітіру жұмысымның тақырыбы зерттеушілер назарын аударып келеді1. Отырықшыландыру мәселесі жөнінде бірқатар тарихшылар еңбек жазды. Мәселенің жаңаша қойылуына тарихи шындықты дұрыс танып білуге апаратын жолды іздеуді және сан алуан тын деректерді кең көлемде тауып, ғылымиайналымға енгізуді талап етеді. Кеңестік ресми тарихнамада Қазақстандағы ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрып, ұжымдастыру тарихы социализм орнату жолындағы аса үздік жетістік ретінде дәріптеліп келгені мәлім. 2 Отан тарихында ХХ Ғасырдың 20 - 30 жылдарына қатысты соның ішінде ұжымдастыру мәселесіне қатысты тарихнамалық процесті құрайтын бірнеше еңбектерді атауға болады. Осы кезең тарихнамалығының маңыздылығын деректерді талдау дәлелдей түседі. Кеңес үкіметінің тарихнамасында «ұжымдастыру», «отырықшыландыру» мәселелері социалистік қоғамға өтудің бірден - бір түрі, үлкен жетістік деп айтылып келді. Тарихи деректер ауыл шаруашылығын қата құрудың сталиндік көзқарсын балама теориялық пікір ұсынған көрнекті ғалымдар профессор С. П. Швецов, М. Г. Сириус, профессор Н. Н. Челинцев, А. Дончин, еңбектері еді. Бұл агарарлық ғалымдар көшпелі қазақ халқын жоспарлы түрде отырықшылыққа айналдыруға қарсылығын білдіріп, өз пікірлерін айтты. Сол кезеңдерде бұл ғалымдардың пікірлері ескерілмей, оларды «буржуазияшыл», «білгірлер» деп айыптап қуғын - сүргінге ұшыратты. Сол сияты Алаш зиялылары Ә. Бөкейханов. А. Байтұрсынов, М. Дулатов тағы басқалары да қазақ қауымының отырықшы тұрмысты қабылдай қоюына күдікпен қарап, өз пікірлерін білдірді. Кеңестік тарихшылардың ішінде қазақ шаруаларының тарихын объектитивті тұрғыдан баяндау бағытындағы талпыныстарды көрсететін бірнеше еңбектерді атауымызға болады. Оларға Ә. Тұрсынбаевтың, Г. Дахшлейдердің, Б. Төлебаевтың, К. Нұрпейісовтың еңбектерінатауға болады. Бұл еңбектердің маңызы деректік материалдардың мол пайдалануында. Әрине бұл ғылыми еңбектер кеңестік қоғам тұсында жазылғандықтан, кеңестік идеологияның тар шеңберінен ары бара алмағандықта, қазақ халқның басынан кешірген қасіреттері толық ашлып айтылмады. 3 Жұмыстың мақсаты - Қазақ шаруаларын күштеп жаппай отырықшылыққа көшіруі және оның салдары қалай болғандығын дан - жақты зеттеп көз жеткізу. Осы тақырыпта көбірек мағылымат алу. Жұмыстың осындай мақсатына жету үшін зерттеуде мынандай міндеттер қойылды. Кеңес Үкіметіне отрықшыландыруды тез арада жүргізудің қажеттілігін жан - жақты қарау арқылы шынайы бағасын беру.
Және бұл отырықшыландыру қазақ жерінде қаншалықты қарқынды жүргендігін көрсету.
Қазақ халқын отрықшыландыруды жүзеге асырудағы әкімшіл - әміршіл жүйенің қыспағына түскен тұстарын, дерек көздері арқылы ашып көрсету.
Орықшыландыру салдарында қазақ қоғамындағы өзгерістердібаяндау.
Зерттеу жұмысымның құрылымы Жоспар, Негізгі бөлім деп алдым. Негізгі бөлім екі тараудан тұрады. Кеңес Үкіметінің қазақ шаруаларын жаппай отырықшылыққа көшіруі және Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың салдары. Бұл екі бөліктерді әрқайсын екі бөлімдерге бөлдім. Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшіру саясаты. Қазақ шаруаларын күштеп отырықшылыққа көшіруінің барысы.
Отырықшылыққа көшкен қазақ шаруаларының экономикалық жағдайы. Халықтың күштеп отрықшыландыру саясатына наразылығы.
Қорытынды, Әдебиеттер тізімі. Жалпы бітіру жұмысын осы бағытта жаздым.
Кеңес үкіметінің қазақ шаруаларын жаппай отырықшылыққа көшіруі
1. 1. Кеңес үкіметінің қазақ шаруларын отырықшылыққа көшіру саясаты.
Қазақ жері патша заманында Ресейге қосылған Орта Азияның солтүстүстік Қиырында жатқандықтан орыстың Сібір мен Қиыр шығыстағы отарлау жолы осы жердің үстімен өтті. «Сондықтан қазақ жері дөрекі түрде екіге бөлінді:
1. Орыстардың қалың қоныстанған солтүстік бөлігінде егіншілік жақсы дамыды .
2. Қазақстанның көбісі оңтүстіктегі әлі түрен түртпеген жапан далаға мал бақты. 4Қазақстанның осы ерекшеліктерін ескермеген большевиктер көп қиыншылықтарға тап болды. 1926 жылы Қазақстан тұрғындарының тек ширегіне жуығы егіншілікпен 38. 5% мал шаруашылығымен қоса егіншілкпен айналысты. Республика тұрғындарының 70% жуығы толық көшпелі өмір кешті. Бірақ оның 3 тен 2 - сі жартылай көшпелі болып саналатын. Кеңес Үкіметі сан ғасырлардан бері өзгеше мәдени дәстүрлері қалыптасқан осы көшпенділер мен жартылай көшпенділер бірер жылдың ішінде отырықшы егіншілерге айналдыруды ұйғарды. 1928 - 1929 жылдарға арналған жерге орналастыру жұмыстарын атқару жоспарының негізгі принциптері туралы баяндаманы тыңдап, БК(б) П Өлкелік комитетінің 2 пленумы былай деп атап көрсетті:
1. Өлкелік комитет бюросының жерге орналастыру туралы қаулылары БК(б) П Орталық Комитетінің төмендегі негізгі ережелерде көрінген директиваларының дұрыс дамытылуы болып табылады: а) жүргізіліп жатқан жерге орналастыру халықтың белгілі бір ұлттық топтары жөнінде ешқандай кезек белгілемей - ақ жерге отырықшыландырылып жатқан аудандарда барлық халықты бір мезгілде қамтуға тиіс; Қазақстанға 1925 жылғы 14 қыркүйекке дейін көшіп келгендердің бәрі де іс жүзінде ауыл шаруашылығымен шұғылданушылар тұрғылықты халықпен бірдей жерге отырықшылануға тиіс. ә) Қазақ АССР - інің басшы партия және кеңес органдары жерге орналастыру кезінде ең алдымен қазақтар, сол сияқты басқа ұлт шаруаларының кедей және орташа топтарының мүдделерін қамтамасыз ету қажеттігін ескеруге, осы арқылы бүкіл Қазақстанның кедей - орташа халықтарының бай және кулак элементтерге қарсы таптық топтасқандығын қамтамасыз етуге тиіс.
б) Жер пайдаланудың нормасын белгілеген кезде көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыстан отырықшылық жағдайға көшетін қазақ халқының топтары үшін жоғары нормалар енгізілуі тиіс. Ал бұл шешім ежелгі халықтардың мүделеріне қайшы келетінін айтпасада түсінікті. Бұл жоспар ұжымдастыру науқанынан бірнеше жыл бұрын талқыланды. Шындығында мамандардың барлығы қазақтар ұжымдастыру атаулының барлығына, отырықшыландыруға мүлдем дайын емес деген пікірде еді. Арганомдардың көбісі мал шаруашылығы ағайындық туыстық қатынастармен реттелетінін елдің ежелгі қаумдық қалпын бұзу экономикалық тұрғыдан қауіпті екенін баса көрсетті. Жергілікті жағдайды жетік білетіндерде елдің мал өсіретін аудандарды егін өсіруге жарамсыз екендігін түсіндірді. Негізгі қиындық көшпенділерді отырықшылыққа көшірді талап ету еді. Партиялық доктрина мұнымен көшпелші халықтардың «экономикалық және мәдени мешеулігін жою» мақсатын көздеді, нақтырақ айтқанда бұл міндет, - «отырықшылыққа көшу байлардың жартылай феодализмін жою, тайпалық қатынастарды қирату деген»5 деп тұжырымдады. Қазақстан териториясы экономикалық тұрғыдан бүкіл кеңестік Сібір мен Қиыр Шығыс үшін азық-түлік резервтерінің қуатты көзі болып көрінді, сондықтан да көшпенділерді отырықшылыққа көндіру арқылы Орталық, Оңтүстік Қазақстаннан қыруар астық мақсатын көздеді.
БК(б) П Орталық комитетінің 1929 жылы қарашада өткен пленумында қазақ көшпенділерінің жерін кәмпескелеу және бұл жерді алып астық шаруашылықтарын құру туралы қаулы қабылдады. 1932 жылы осы жаңа астық 1, 6 млн астық беруге тиіс болды. БКП(б) Орталық Атқару Комитетінің ұсынысымен 1928 жылы 27 тамызында қабылданған қаулысында «өздерінің ықпалымен ауылды кеңестендіруге бөгет жасап келе жатқан жергілікті халықтан шыққан ірі байлардың иелігіндегі меншігін тәркілеу, сондай-ақ байлармен жартылай байлардың жанұяларын жер аударып, иелігіндегі жарты миллиондай ірі-қараны тәркілеуді ұсынды». Республикалық жер қатынасының наркомы куәлігі бойынша: «ауқатты шаруалар өз шарушылығына ең құнарлы, ең шұрайлы, жерлерді кең көлемде орташалар мен кедейлерге қарағанда өзіне алып алған». 6 Қазақстандағы отырықшыландырудың бастаушысы болған Ф. И. Голощекин о бастан-ақ «Отырықшыландыру, - деді ол өзінің осы мәселеге байланысты 1 Өлкелік кеңесте (1930ж 9-10 қараша) сөйлеген сөзінде, - бәрінен бұрын бұл таптық мәселе. Отырықшыландыру арқылы біз нені шешкіміз келеді?
Біз қазақ ауылының экономикасын көтеруді қалаймыз. Біз отырықшыландыру жолымен астық мәселесін, қазақтар қожалығында мал шаруашылығын жөндесек дейміз.
Бұл дегенің ұлттық экономикалык теңсіздікті жою болып шығады». 7 Әлі басталмаған жаңа жұмыста түсініксіз нәрселер де аз емес еді. Отырықшыландыру процесі бәрінен бұрын көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының нақты санын анықтауды қажет етті. Өйткені бұл іске байланысты жұргізілетін көп салалы жұмыс және бөлінетін қаражат осыған тікелей тәуелді еді. Сондықтан 1931 жылы 14 желтоқсанда Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы отырықшыландыру жөніндегі республикалық комитеттің техникалық кеңесінде бұл мәселе арнайы қаралған. Мәжілістің хатмасының мынадай мәселелер қаралған:
«1. Жаппай отырықшыландыру жөніндегі жұмыстар жоспарына енгізілуге жататын қожалықтар санын анықтау. Барлық көшпелі және жартылай көшпелі қожалықтар саны мемлекеттік жоспарлау бойынша 706 000. Осының 5% құрайтын 42 000 байлар қожалықтары шығарылып тасталынды. Қалған 664 000 шаруашылық төмендегідей жіктелді:
- 1930 жылғы жерге орналастыруға дейін отырықшыланғандар-70 000 қожалық
- Орталықтары отырықшыландыру мекендерімен шартты сәйкес келетін шаруашылық ауылдарға орналасқандар - 30 000
- 1931 ж өнер кәсіпке кеткендер-20 000
- 1932ж өнер кәсіпке беруге жобаланғандар-57 000
- 1930-1931жылдары жоспарлы отырықшыланғандар-164 000
- Жоспарлы отырықшыландырумен шартты түрде қамтамасыз етілгендер-75 000
- ҚАКСР аумағынан шығып кеткендер-37 000 қожалық.
- Еуропалық поселоктар бойынша отырқшыланғандар-2.
- Отырықшыландырумен толық қамтуға жататындар-191 000»8
Осы шараның дәстүрлі қоғамының өмір сүру жүйесін шұғыл түрде қирату ақылы іске асырылуын қамтамасыз етіуде отырықшыландыру комитеті де белгілі мөлшерде қызмет еткені мәлім. Бұл комитет 1930 ж 2 қаңтарда Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің екніші сессиясында қабылданған «Қазақ елін отырықшылыққа айналдыру жолдары туралы » қаулысы негізінде құрылды. «Қазақ шаруашылығын социалистік негізде қайта құру дәуірі Қазақстан шаруасының қарқынды түрде ілгері басуы, қазақ елін отырықшылыққа айналдырылып, оның өсіуі екпінді түрде жүргізілуді керек етіп отыр »- деген тұжырымға негізделген еді. Қаулы бойынша бес жылдың ішінде Қазақстанның солтүстік және оңтүстік аудандарында 808 000 қожалық қоныстандырылып, 567 000 отбасы агрономиялық жолдармен отырықшылыққа айналдырылсын деген әкімшілік шешім жергілікті өкімет оырндарына түсірілген болатын. Бұл комитеттің жергілікті органдары округтік, аудандық кеңес комитеттері жанынан да құрылып, оларға тиісті кеңес комитетінің төрағалары басшылық етті. Жергілікті кеңестер, қоғамдық ұйымдар, корпорациялар, ауыл шаруашылық кооператив одағы, барлық шаруашылық және өндіріс орындары өз жұмыстарында отырықшыландыруға байланысты, тиісті шараларды іске асыруға міндетті болды., Сондай-ақ халық ағарту мекемелері тарапынан істелген жұмыстар отырықшыландыру шараларымен тығыз байланыста жүргізілсін деген нұсқаулар да барлық аудандарға жіберілді.
Сөйтіп ҚазақАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің жанындағы отырықшыландыру ісіне жалпы басшылық ету тапсырылды. Отырықшыландыру комитетіне көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқының қоныстандыру ісіне жалпы басшылық ету тапсырылды. Отырықшыландыру комитеті қоныстандыруға байланысты шараларды жүргізетін барлық мекемелердің ісін үйлестіріп отыратын орталық ұйым болды. Республикадағы қоныстандыру ісін жүргізетін округтік атқару комитеттері мен ұйымдары, басқа да толып жатқан мекемелер мен халық комиссариатының қоныстану жөніндегі шаралары мен жоспарлары отырықшыландыру комитетіне түсіп отыруы қажет делінді. ҚазақАКСР Халық Комисарлар Кеңесінің жанындағы отырықшыландыру комитетінің мүшелерін Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы тағайындады және оның құрамына міндетті түрде Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасынан басқа оның орын басары және жер-су Халық Комиссариатының, өлкелік колхоз одағының, басқада халық комиссариаттары мен ұйымдарының өкілдері енді. 9 Қазақ Халық Комиссарлары Кеңесінің жанында ұйымдастырылған комитет көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын отырықшылыққа айналдыру жұмысына жалпы басшылық қылады. Отырықшылыққа айналдыру жөніндегі жұмыстардың басын құрастырып, шешіп, бұл мәселелерді жеке комисариаттармен бірлестіріп отырады. Көшпелі, жартылай көшпелі қазақ халқын отырықшылыққа айналдыру ісін басқаратын комитеттің міндеттері мыналар:
а) отрықшылыққа айналдыратын аудандарда олардың санын белгілеу:
б) орындарда және республика ішіндегі переселендерге (қара шекпенділер) отырықшылыққа айналуына жәрдемдесу: Бұл міндеттерді орындап шығу үшін комитетке мыналар жүктелді:
а) Қазақстан Жер-Су комиссариатының, кооператив одағының, басқа комиссариаттар мен мекемелердің отырықшылыққа айналдыру жөніндегі іс жоспарларын қарап, қорытынды беріп отырды:
б) отырықшылықтың айрықша арнаулы мәселелерін қарап шешіп, заң жолы мен орындалатын жұмыстар туралы ұсыныс енгізді:
в) отырықшылық мәселесі туралы мәжілістер шақырып, отырықшылыққа айналдырыу қалайша орындалып жатқандығын зерттеп отырады. Бұл үшін жергілікті органдардың ісін тексерді. Отырықшылыққа айналдыру ісінің жоспары тапсырылған мекемелердің есептерін. баяндамаларын тыңдап отырады:
г) көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын оытрықшылыққа айналдыру ісіне көмекші болған, әлеуметтік ісіне көмекші болған әлеуметтік ұйымдарының жұмыстарын бақылап отырды.
Отырықшылыққа айналдыру мақсаттарымен комитеттің жұмыстарын Қазақстанда Одақ көлемінде еңбекшілерге жеткізу, қазақ шаруаларын отырықшылыққа айналдыру ісіне арналған қаражаттарды жоспарлы түрде бөліп беру. Отырықшылық мәселесі туралы республикалық комитеттің шығарған қаулыларын орындау әр-бір комиссариаттарға, міндет болып саналды. Егерде бірер мекеме риза болмай комиссарлар кеңесіне шағым берген күнде де ол қаулының жүзеге асырылуы тиіс болды. Сондай-ақ ережеге сәйкес комитет мүшелерін Қазақстан Орталық Кеңес Комитетінің Төралқасы тағайындайтыны, Республикалық комитеттің төрағасымен орынбасарын Халық Комисарлары Кеңесі сайлайтыны белгілі. Ал округтік жүгізілетін жерлерде отрырықшылық жұмысы округтік комитеттер мен аудандық комиссиялар ұйымдастыратын болды. 10 Отырықшыландыру шаралары жүріп жатқан жерлерде отырықшылыққа өтетін халықтын санын анықтау үшін округтер мен аудандық атқару комитеттерінің жанына құрылған комитеттер мен көптеген жұмысшылар жұмыс істеді. Ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру дәстүрі мен өркениетін бір мезгілде өзгерту мемлекет тарапынан алға қойылған басты саясат ретіндет іске асырылуы қажет болды. Сондықтан ресми түрде құрылған отырықшыландыру комитетінің қызметіде өкімет тарапынан осы шараны іске асырудың қосалқы механизмі ретінде қарастырылды.
Қазақтарды жедел және отырықшыландыруға зор мән берген Өлкелік партия Комитететінің бюросы 1930 жылы 19 қаңтарда өзінің «Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын отырықшыландыру туралы» келесі қаулысын қабылдады. Онда 78, 3 мың көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын отырықшыландыруға байланысты шараларын «тіптен де жеткіліксіз» дәрежеде жүргізіліп жатқандығы және бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу атап көрсетілді. 11 Алғашқы күннен бастап - ақ отырықшыландыруды қандай аудандарда қалай жүргізу керек, - деген мәселе Комитеттің күн тәртібінде тұрды.
Қазақтарды отырықшыландыру мәселесінде республика басшыларының өздерінің де жүйелі жан - жақты ойластырылған тиянақты көз қарастары болған жоқ. 12 Қазақстан ХКК - нің төрағасы О. Исаевтан басқа қазақ басшылары жаппай отырықшыландыруға едәуір сақтықпен қарады. Олардың бірі құрылысты барлық колхоздарда жүргізу мүмкін еместігін айтса, ал екіншісі отырықшыландыру үшін 3-4 алқапты таңдап алуды ғана ұсынды, ал үшіншісі алғашқы жылы қазақтарға үлгі боларлық поселоктар салғанды жөн көрді. Тіптен осы мәселеде негізінен Ф. Голощекинмен пікірлес болған О. Исаевтың өзі де отырықшыландыруды «кең майданда» жүгізуді ұсына тұрсада отырықшыландырылатын аудандардағы қожалықтардың жалпы санын алғашқы жылы 25-30 мыңнан аспағанын қалады. 13 Үкімет жоспарлы отырықшыландыруды қаржыландыру процесін оны жедел жоспарлау мен қатар қолға алды. Одақтық бюджеттен қазақтарды жерге ораналастыру үшін 1400 сом ақша бөлінді. Респуликалық Халық Комисарлар Кеңесінің 1930 жылы 8 наурыздағы шешімімен қазақтар отырықшыланған колхоздарға 8 жылға дейін процентсіз үй және мал қораларын салуға арналған қарыздар берілетін болды. Жоспар бойынша 1929 - 30 жылдары 84340 шаруашылық отырықшылыққа көшіу керек болатын. Отырықшылыққа көшіуге 8, 333 мың сом қаржы бөлінген еді., оның ішінде ауыл шаруашылық машиналарына 3140, мал сатып алуға 193, және 3, 400мың сом ақша баспана тұрғызуға бөлінді, бұл қаржының 60% несиеге берілген еді.
Егерде бір семьяда бес адамнан деп ескерсек, онда әрбір адамға 20 сомнан, ал 7адамнан деп ескерсек, тек қана 11 сомнан әрбір адамға бөлініп шығады. Көшпенділерді отырықшылыққа көшіруге болашақ ауылдың аумағы тым үлкен болды. Сонын салдарынан колхоз-қалалар салу іске асырылды, кеше ғана жайылымда жүретін малдарды, бір аптаға жетпейтінін жем-шөп қорымен бір жерге қамап қойды14 Шолақ белсенділердің отырықшылыққа көшіуге таңдап алынған жерлерінің көбінде кейде ішетін ауыз суда болмады. 1929 жылы Қазақстанда 87900 түтін колхоздарға бірікті. Ал бірінші бесжылдықтын ішінде бұл көрсеткіштерді екі-үш есе ұлғайтуды көздеген болатын. Өлкелік партия комитетінің 5 - конференциясында - ақ (1925 ж) ҚАКСР - ның халық шаруашылығының басты желісі мал шаруашылығы болып табылатынын мойындаған еді. Онымен республикада халықтың 75% айналысты және ол барлық өнімнің 50 пайызын берді. 1927 - 28 жылға қарай мал шарушылығының рөлі бұрынғыдан да арта түсті. Енді ол ауыл шарушылығындағы жалпы өнімнің 66, 6%, оның тауарлы өнімінің 70, 5 % беретін болды. Кеңестер елінің рыногында өткізілетін Қазақстанның мал шаруашылығының тауарлы өнімдерін негізінен Одақтың өнеркәсіпті аудандары, астаналары (Мәскеу, Ленинград) және Орта Азияның мақта өсіруші аудандары тұтынды. Өнімнің бір бөлігі Қиыр Шығысқа жөнелтілетін. Сонымен бірге «мал шаруашылығы Қазақстан үшін аса жоғары дәрежедегі ұлттық мәселе де болып табылды». Өткені жергілікті қазақ халқының 90% мал шарушылығымен айналысты. Қазақстан үшін мал шаруашылығының зор маңызын түсінген ғалымдар оның болашағын болжауға күш салды.
Мамандардың мұндай болжаулары бойынша,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz