Рельеф құрушы эндогендік факторлар


Реферат

“Геоморфологиялық - геоморфологиялық қималау негізінде Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі морфоқұрылымдарды бөлу және талдау” атты бакалаврлық бітіру жұмысы кестеден, суреттен, тұратын компьтерлік бетте баяндалған. Жұмыс кіріспеден, 4 тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Мұнда Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі әртүрлі құрылымдарды және олардың қалыптасуына әсер етуші негізгі факторлар зерттелген.

Кілітті сөздер: морфоқұрылым, беткей, тектоникалық қозғалыстар, антиклинальдар, синклинальдар, горст, грабен, үгілу, жарылымдар.

Жұмыстың мақсаты: Солтүстік беткейдегі морфоқұрылымдарды талдап, бөліп, оларға сипаттама беру. Жаратылыс тегін, құрылысын, жасын анықтау. Осы мақсатта келесідей міндеттер шешілді:

  • морфоқұрылымдардың түзілуіне әсер етуші экзогендік факторларды талдау;
  • Эндогендік факторларды сипаттау;
  • Геоморфологиялық құрылымдарға қималар ақылы сипаттама беру;
  • Жотаның солтүстік беткейіндегі рельеф тектүрлерін бөлу.

Жоспар

Кіріспе

І. Рельефқұрушы экзогендік факторлар

І. 1. Климат

І. 2. Гидрография

І. 3. Топырақ және өсімдік жамылғысы

І. 4. Мұзбасу және мұздықтар

І. 5. Антропогендік факторлар

ІІ. Рельефқұрушы эндогендік факторлар

ІІ. 1. Тау жыныстарынң литологиясы

ІІ. 2. Жаңа тектоникалық қозғалыстар

ІІІ. Морфоқұрылымдық зерттеулерде геологиялы-геоморфологиялық қималарды қолдану (Іле Алатауы мысалында)

ІҮ. Жотаның солтүстік беткейіндегі морфоқұрылымдардың тектүрлері

ІҮ. 1. Биік таулар

ІҮ. 2. Орташа таулар

ІҮ. 3. Аласа таулар

ІҮ. 4. Аккумуляциялық жазықтықтар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Іле Алатауы Солтүстік Тянь- Шанның ең ірі жоталарының бірі. Ол шығысында Шарын өзенімен, батысында Қастек асуымен, оңтүстігінде Шелек және Шонкемін өзендерімен, солтүстігінде ені 50 км-дей болатын тауалды жазықтығымен шектеседі. Биік нүктесі-Талғар шыңы (5017 м) .

Іле Алатауы жотасы бірнеше кіші-гірім шығыс-солтүстік-шығыс, батыс-солтүстік-батыс және ендік бойымен бағытталған жоталардан және тауаралық ойыстардан тұрады. Батысқа қарай оның биіктігі 1500 м-ге, ал шығыстағы Түрген өзенінің аңғары маңында 1300 м-ге дейін төмендеп, үш тау сілемдеріне бөлінеді.

  1. Солтүстік-Қарашаш, Бақай, Сөгеті, Бөгеті
  2. Ортаңғы- Сарытау, Торайғыр
  3. Оңтүстік - Далашық тау үстірті

Олардың аралықтарында Сөгеті, Жалаңаш, Асын, Жіңішкен ойыстары жатыр.

Іле Алатауының беткейлері ассиметриялы болып келген, яғни солтүстік беткейі жалпақ, ал оңтүстік беткейі құлама және қысқа. Солтүстік беткейінде екі тауалды сатысы бөлінеді. Міне осы солтүстік беткейдегі морфоқұрылымдар жұмыстың зерттеу нысанасы болып табылады. Олардың қалыптасуына негізгі әсер етуші эндогендік және экзогендік факторлар жан-жақты қарастырылады.

І. Рельефқұрушы экзогендік факторлар

Кез-келген морфоқұрылымдық элемент өзінің қалыптасуының бас кезінде-ақ сыртқы рельефқұрушы күштердің әсеріне ұшырайды. Экзогендік процесстер бір жағынан оң морфоқұрылымдарды бұзып, бөлшектесе, екінші жағынан теріс рельеф пішіндерін толтырады. Рельефқұрушы экзогендік факторлар өздерінің жаратылысы әртүрлі морфомүсінді рельефін қалыптастырады. Міне сондықтан кез-келген ауданды зерттеу барысында экзогендік факторларды ескерудің маңызы өте зор.

Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі рельефтің қалыптасуына экзогендік факторлардың, яғни климаттың, гидрографияның, топырақ пен өсімдік жамылғысының, адам әрекетінің тигізген әсері өте зор. Енді соларға тоқтала кетейік.

І. 1. Климат

Климаттың негізгі заңдылықтары Тянь-Шань тауының, соның ішінде Іле Алатауының континент ішіндегі шөл зонасында орналасуымен анықталады. Бұл жердегі атмосфераның термикалық режимі негізінен географиялық ендік және инсоляция арқылы, ал ылғалдану режимі атлантикалық атмосфералық ылғалдың батыс циклондық бағытта тасымалдануымен, сондай-ақ таулардың кесе-көлденең орналасуымен анықталады. Ылғылдың тасымалдануы қыс пен көктем мезгілдерінде артса, ал жаз мезгілінде азаяды.

Қыс пен көктем мезгілінде бұл жерге Артиканың құрғақ суық ауасы ұдайы еніп, шығыстан Сібір антициклонын әкеледі. Оларға таулардың кедергі болуы өз кезегінде алдыңғы қатарлы жота беткейлеріндегі ылғалдылық конденсациясын ұлғайтады, әрі биіктеген санын термикалық режімнің өзгеруі де тік климаттық белдеулердің қалыптасуына ықпал етеді. /3/

Негізгі климаттық көрсеткіштер 1 және 2-ші кестелерде келтірілген. Оларға қарап, климаттық заңдылықты осы тік климаттық белдеулердің анықтайтындығына көз жеткізуге болады. Жергілікті жерде биіктік өскен сайын, ауаның орташа температурасы азаяды да, бірақ оның есесіне түсетін атмосфералық жауын-шашынның мөлшері артады.

Таудың басына көтерілген сайын ауа температурасы төмендейді, әрі жауған қардың мөлшері көбейеді. Биік таулы зонада жауын-шашын қатты түрде түсіп, тұрақты қарлар мен мұздықтарды қалыптастырады. Ауа температурасының күрт ауытқуы нивальды белдеуде үгілу процессінің қарқынды жүруіне ықпал етеді. Сондықтан бұл жерлерге солифлюкция құбылысы мен беткей бойымен үшкіртастардың жаппай құлауы тән. Ал тауалды жазықтықтарында дефляция процессі, топырақтың кебуі, шаңды құйындар болып тұрады.

Температуралық режім беткейлердің құламалылығына және беткейлер экспозициясына байланысты қатты өзгереді. Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі 10 0 С-тан жоғарғы орташа тәуліктік температура қосындысының өзгеруінен, олардың азаюы 450 м-ден 1500 м-ге дейінгі биіктікте ақырын жүретіндігін көруге болады. Бұл беткей құламалылығының аудан бірлігінде айтарлықтай өсетіндігіне байланысты. Жылдық ауытқу тауға көтерілген сайын азаяды: тауалдында 36 0 С болса, биіктаулы аудандарда 20 0 С-қа тең. //

Жылдың ең жылы айы болып есептелетін шілдедегі температура таудан жазықтыққа түскен сайын бірте-бірте көтеріледі. Мысалы Медеуде 18 0 С болса, әуежайда 22, 4 0 С-қа жетеді (1 кесте) . Мұздықты белдеуде жаз мезгілінде де суық болады. Жалпы алғанда орташа жылдық температура жазықтыққа қарағанда таулы жерлерде төмен, 2530 м биіктікке дейін ол оң болса, ал одан жоғары теріс болады. Тау беткейлерінде биіктік бойынша температура бірдей тарайды, әрі орташа айлық температураның тік градиенті аз өзгеріп, Іле Алатауының солтүстік беткейі үшін әр 100 м сайын 0, 6-0, 7 0 С құрайды.

Жер бетінің рельефін қайта құруда немесе жаңартуда атмосфералық жауын-шашынның рөлі өте зор. Мұндағы жауын-шашынның бір бөлігі батыстан ауа массасын әкеледі. Бірақ оларға тау кедергі жасайтындықтан жотаның солтүстік беткейіне жауын-шашын көп түседі. Ал қалған жауын-шашын жер бетінің көктем мен жазда қызуының салдарынан қалыптасатын жергілікті ауа циркуляциясы есебінен пайда болады. Жылы ауа тауға көтеріліп, күшті бұлттылықты қалыптастырып, жауын жаудырады.

Іле Алатауы жотасында атмосфералық жауын-шашынның түсуі барлық жерінде бірдей емес. Олардың ең аз мөлшері Шелекке (198 мм) түссе, ал батысқа жылжыған сайын ол 506 мм-ден 557 мм-ге дейін артады. Жауын-шашын мөлшері жазықтықтан тауға қарай көбейеді: Алматыда -557 мм, Медеуде -843 мм, Жоғарғы Горельникте 881 мм (2 кесте) . Одан ары жоғарлаған сайын жауын-шашын мөлшері тағы да азаяды. Бұған қарап, орта тауларда жауын-шашын мөлшерінің ең көп түсетіндігіне байланысты бұзылулар да көп жүреді деген қорытынды шығаруға болады.

Жауын-шашынның жыл ішінде түсуінің екі максимумы - көктем мен күз және екі минимумы - жаз бен қыс бар. Олардың ең көп жауатын кезі көктемде, яғни жаздың басында.

Іле Алатауының климаттық ерекшеліктері экзогендік процесстердің дәрежесін анықтайды. Бірақ тауларда өз кезегінде климатқа әсер етеді. Орографияның әсерінен ауа массасының циркуляциясы өзгеріп, фронтальды процесстер күшейіп, жауын-шашын мөлшері артып, жергілікті желдер пайда болады. Климаттың ерекшелігі -бұл биіктікке байланысты анық дифференциацияның болуы. Тау алды жазықтығында құрғақ әрі ыстық жаз болса, орта таулы белдеуде аса ыстық емес жаз болып, жауын-шашын көп түсіп, жұмсақ қыс болады. Ал биіктаулы белдеуге салқын, әрі ылғалды жаз, қатты қыс тән.

Жотаның климаттық жағдайы тау жыныстарының қарқынды түрде үгілуіне жағдай жасайды. Таудағы жауын-шашынның көп, әрі жиі болуы, қар мен мұздың еруі тау өзендерінің суын тасытады. Соның салдарынан кейде апатты селдер де болып тұрады. Нивальды белдеуде рельефқұрушы маңызға мәңгі мұздықтар ие.

Қорыта келгенде Іле Алатауының климаттық ерекшеліктері өзен алқаптарындағы (геоморфологиялық) экзогендік процесстердің жүруіне айтарлықтай дәрежеде әсер етеді. Ауа температурасының тәулік бойында ауытқуы биік таулардағы тау жыныстарының бұзылуына әсер етсе, қатты нөсер жаңбырлар күшті салындылар ағысын тудырады.

І. 2. Гидрография

Іле Алатауының гидрографиялық торы Іле өзенінің алабына жатады. Жотаның гидрографиясында өзендердің алатын орны ерекше. .

Жалпы алғанда Іле Алатауының өзендері - қатты ағысты, тереңдік эрозиясы жақсы дамыған жас тау өзендері. Жазықтықта олардың суы азайып, тыныш ағады. Бастауларының орналасуына, қоректену сипатына, су режіміне байланысты барлық өзендер таулық, тауалдылық, жазықтықтық деп үш түрге бөлінеді. Жазықтықтық түрге негізінен жерасты суларымен қоректенетін ұсақ өзендер жатады.

Тауалды өзендеріне Іле Алатауның солтүстік беткейіндегі атмосфералық жауын-шашынмен және жерасты суларымен қоректенетін өзендер жатады. Көптеген жағдайда олар өз бастауларын мұзды белдеуден төменіректен, яғни 3000 м-лік биіктіктен төмен алады. Оларға Қараш пен Бақай тауларының беткейлерінен ағатын Талдыбұлақ, Белшабдар, Қаратұрық, Теректі, Сүгір өзендері жатады. Негізінен бұл кішірек тау өзендердің ағысы жылдам, ұзындықтары 15-20 км, суларының тасуы көктем мезгілінде болады.

Тау өзендері ең суы мол, айтарлықтай су жинау алаптары бар ірі өзендер. Олардың бастаулары 3000 м биіктіктен жоғарыда жатыр. Негізінен мұздықтармен, жауын-шашынмен және жерасты суларымен қоректенеді. Олар Шелек, Түрген, Талғар, Кіші және Үлкен Алматы, Қаскелең, Шамалған өзендері.

Ең ірі өзен - Шелек. Ол өзінің бастауын жотаның оңтүстік беткейінде, 3750 м биіктікте орналасқан Жаңғырық мұздығынан алады. Төменіректе Оңтүстік Талғар өзенімен қосылып, енді Тоғызтарау жайылмасын түзеді. Төменіректе өзен шығысқа қарай мұздықты аңғар бойымен қатты ағып, терең әрі өткелсіз тар шатқалға кіреді. Жалаңаш ойпатына енген кезде солға күрт бұрылып, Суықтоғай шатқалы арқылы ағып, екі тау массивін кесіп, тауалды жазықтығына шығады. Мұнда кең аңғармен бойымен ақырын ағады. Тауда Шелек өзенінің мұздықтармен қоректенетін 45 саласы болса, жазықтықта оған бірде бір өзен құймайды. . Су жинау бассейнінің ауданы 5300 км, жалпы ұзындығы 281 км. Шелек қарапайым тау өзені, негізгі қоректендірушісі мұздықтар, орташа жылдық ағысы 32, 7 м 3 /сек. (3 кесте) Негізгі ағысы жазда, шілде мен тамыз айында жылдық ағыстың 40 құрайды.

3 кесте

Іле Алатауы өзендерінің негізгі морфометриялық көрсеткіштері

Өзендер: Өзендер
Ұзындығы, км: Ұзындығы, км
Алап ауданы, км2: Алап ауданы, км 2
Орташа құлауы, м/км: Орташа құлауы, м/км
Өзендер: Таулы жерде
Ұзындығы, км: Ысырынды конус белдеуінде
Өзендер: Шелек
Ұзындығы, км: 281
Алап ауданы, км2: 5309
Орташа құлауы, м/км: 14
6, 6
Өзендер: Түрген
Ұзындығы, км: 90
Алап ауданы, км2: 905
Орташа құлауы, м/км: 56
9
Өзендер: Есік
Ұзындығы, км: 96
Алап ауданы, км2: 550
Орташа құлауы, м/км: 57
7, 6
Өзендер: Талғар
Ұзындығы, км: 108
Алап ауданы, км2: 116
Орташа құлауы, м/км: 104
7, 7
Өзендер: Кіші Алматы
Ұзындығы, км: 102
Алап ауданы, км2: 1090
Орташа құлауы, м/км: 109
5
Өзендер: Үлкен Алматы
Ұзындығы, км: 80
Алап ауданы, км2: 498
Орташа құлауы, м/км: 93
7, 5
Өзендер: Ақсай
Ұзындығы, км: 70
Алап ауданы, км2: 236
Орташа құлауы, м/км: 110
9
Өзендер: Каскелең
Ұзындығы, км: 135
Алап ауданы, км2: 372
Орташа құлауы, м/км: 80
4, 7
Өзендер: Шамалған
Ұзындығы, км: 56
Алап ауданы, км2: 332
Орташа құлауы, м/км: 84
9, 5

Сондай-ақ Шелек өзені Іле Алатауының ең лас өзені. Таудан шығар жеріндегі орташа жылдық ластығы 571 г/м 3 . Жыл сайын бұл өзен таудан 1702 мың т салындыны шығарады.

Жоғарғы ағысында оның арнасының ені 3-4 м болса, орта ағысында 10-15 м, енді жерлерінде 100 м дейін жетеді. Максимальды тереңдігі 1, 5-2 м.

Талғар- солтүстік беткейдің ірі өзендерінің бірі. Ол үш бастаудан басталады. Олардың ішіндегі суы молы Сол Талғар өзені. Орманды белдеуде өзен өте тар аңғармен ағып, Оң Талғарға келіп құяды. Жалпы Талғар өенінің суы мол, ұзындығы 108 км, алабының ауданы 1116 км. Су жинау алабының биік белдеудегі мұздықты облыста орналасуына байланысты ол негізінен мұздықтармен қоректенеді.

Іле Алатауының солтүстік беткейінің барлық ірі өзендері бір-біріне ұқсас. Олардың барлықтары өз бастауларын мұздықтардан алып, орта тау белдеулерінде олардың ағысы қатты болып, аңғарларының тереңдігі 800-1000 м болатын тік шатқалдарға айналады. Тауалды жазықтығында судың көп мөлшері инфильтрацияға, булану мен суғаруға кететіндіктен кейбір өзендер Іле өзеніне дейін жетпейді. Тау өзендері суды үлкен территориядан жинайды, сулары ның молдығымен ерекшелінеді, барлық биік ландшафттық және геоморфологиялық белдеулерді кесіп өтеді.

Төменгі палеозойлық жыныстардың ашық жарықшақты белдеуіндегі жерасты сулары Іле Алатауында кеңінен тараған. Жарықшақты белдеудің қалыңдығы 100м болғанымен жыныстардың жарылу дәрежесі үлкен емес. Жотаның өстік бөлігіндегі жерасты сулары үгілу беттерінің жарылымдары мен тектоникалық жарылым белдеуінде шоғырланған. Тектоникалық жарылым сулары тау өзендерін жыл бойына қоректендіріп отырады.

Жалпы алғанда Іле Алатауындағы өзен торларының тығыз орналасқандығына атмосфералық жауын-шашынның, жерасты суларының молдығы және мұздықтардың болуы себеп болады. Өзендердің эрозионды-аккумуляциялық жұмысы тау рельефінің қайта қалыптасуына әсер етуші ең негізгі фактор. Өзендер өз ағыстарында тауларды тілімдеп, оларды ұдайы бұзып, тау рельефін өзгеріске ұшыратып отырады. Өз жолдарында көптеген шатқалдар, жырасайлар қалыптастырып, тауларды жеке массивтерге, қырқы-жалдарға бөледі.

І. 3. Мұзбасу және мұздықтар

Солтүстік Тянь-Шань тауында жүріп жатқан мұзбасудың ең күшті орталығы Іле Алатауы болып табылады. Мұнда 369 мұздық бар, олардың жалпы ауданы 544 км 2 . Солтүстік беткейдегі қар сызығы 3700-3900 м биіктікте орналасқан. Қысқа оңтүстік беткейге қарағанда, кең әрі ұзын тегістеу солтүстік беткейде мұзбасу кең тараған.

Тау басындағы мұздықтар тау жыныстарының қарқынды түрде үгіліп, түйіртпекті материалдардың төмен қарай тасымалдануын қамтамасыз етіп, мүсіндік және аккумулятиытік рельеф пішіндерін қалыптастырады. Нивальды белдеуде тау жыныстарының үгілуі өте күшті жүреді. Оған ауа температурасының мезгілдік, әсіресе тәуліктік ауытқу амплитудасының үлкендігі әсер етеді. Күндіз жалаңашталған жер беті қатты қызып, оның мұзбен жалғасқан жеріндегі температурада үлкен айырмашылық болады. Соның салдарынан тау жыныстары шытынап, сызат пайда болып, ақыр соңында жарылады. Осы жарықшаларға кірген су түнде қатып, мұз болып оны кеңітеді. Уақыт өте тау жынысы бөлшектенеді. Міне осындай жолмен мұздықты жайпақнауа мен цирк беткейлерінің төменгі бөлігі бұзылады. Бұзылу өнімдері мұздықтармен төмен сырғып жылжиды. Жартасты беткейлер осылай үнемі жалаңаштанып, тау жыныстарының жаңа қабаттары үгілуге ұшырайды. Сондықтан жайпақнауалардың беткейлері тік, әрі тез бұзылып желінеді.

Үгілудің екінші түрі мұздың таужыныстарының қозғалысы кезінде тигізетін механикалық әсермен байланысты. Бұл жағдайда мұздық жартастың шығыңқы бөлігін сындырып, тегістеп, түйіршіктерді өзімен бірге ала кетеді. Бұдан басқа таулы белдеуде қар көшкіндері мен тасқұлаулар жиі болады. Олардың нәтижесінде түйіртпекті материалдың үлкен үйіндісі мореналар мен аллювилі-делювилі жиындылар қалыптасады. Осы материалдардың барлығы мұздықтармен және ағын сулармен төмен қарай тасымалданады.

Тау басында мұздықтардың әсерінен қалыптасқан мүсіндік рельеф пішіндеріне жайпақнауалар, карлар, үшкір грабендар, жартасты шыңдар, тік беткейлер жатады. Іле Алатауында жайпақнауалар кең тараған. Олардың ені 600-800 м, ал ұзындығы 10-15 км, кейде 60 км дейін жетеді. Жотаның бас жағындағы үздіксіз созылған кар тізбектерінің аралығында үшкір жартасты шыңдар-карлингтер дамыған. Олардың беткейлері өте тік және жартасы болып келген. Кардың артқы қабырғалары бұзылып қарама-қарсы орналасқан карға жақындағанда тау асулары пайда болады. Сондықтан суайрық айдары тар, ал оның көлденең қимасы тегіс емес үшкір тасты болып келеді.

Іле Алатауына мұздықты рельефтің аккумулятивті пішіндері тән. Олар морнеалық қырқалар, жалдар, флювиогляциалды террасалар, термокарсты воронкалар. Мореналар мұздықтан ағып шыққан өзендермен тілімделген. Беті тегіс емес, онда төментүсіп майысқан жерлер баршылық. Көне мореналар шайылған және су ағындарымен қырқалар мен жалдарға бөлінген. Көп жағдайда олардың беті құмдақтармен, топырақпен, өсімдіктермен жабылған. Морендік шөгінділерден түзілген тау беткейлері мен аңғарларында жер пирамидалары кездеседі.

Мұздықтар өзен аңғарларының қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Бір жағынан олар жайпақнауа секілді аңғарлар қалыптастырса, екінші жағынан өзендерді қоректендіреді.

І. 4. Топырақ пен өсімдік жамылғысы.

Іле Алатауының топырақ және өсімдік жамылғысы физикалы-географиялық заңдылыққа тәуелді, яғни жергілікті жердің биіктігіне байланысты тараған. Жалпы алып қарағанда олар рельеф ярусымен және климаттық белдеумен сәйкес келеді. Енді соларға тоқтала кетейік.

Шөлді-дала белдеуі тауалды жазықтығының шығыс бөлігіндегі 1200-1300 м биіктікте орналасқан ойпаттарды қамтиды. Мұндағы топырақ негізінен лесті құмдақтағы сары топырақ. Онда шөптесінді өсімдіктер мен аласа бойлы бұталар өскен.

Бұл белдеудің үстінде астықты-шөптесінді шалғындар орналасқан. Олардың биіктік шектері 900-1700м биіктік аралығында, негізінен Асы, Шелек, Ұзынқарғалы өзендерінің жоғарғы жағында кеңінен тараған. Қалыңдығы 50-60 см болатын таудың қара топырағы қалыптасқан. Ылғалдың көптігіне байланысты бойы биік шөптер мен бұталар дамыған.

Орманды-шалғынды белдеу. Олар 1200-1300м биіктіктен басталып 2600-3000м биктікке дейінгі аралықты алады. Тау ормандары жеке массив түрінде өскен. Ормандарда негізінен тянь-шань қарағайы, ал тасты, жартасты жерлерде мүктер мен папоротниктер тараған. Орманды белдеудің төменгі бөлігіндегі терең шатқалдарда алма, алмұрт, өрік өскен сирек ормандар кездеседі. Бұл жерлерде таудың шаалғынды топырағы тараған.

Субальпілік белдеудегі делювилі құмдақтарда субальпілік таудың шалғынды топырағы тараған. Оларда сөлді шөптер, бұталар, аршалар, қарағайлар өскен.

Альпілік белдеу 2600-3200 биіктік аралығын қамтиды. Рельеф өзен бастауларымен тілімделген. Суайрық бөлігі тегістелген, кейде жалаңашталған жартастар мен тасты сусымалар кездеседі. Суық, әрі ылғалды климат жағдайында альпілік тау-шалғынды топырақ дамыған. Мұнда кобрезиялы жне криофильді шалғындар кең тараған.

Жартасты-мұздық белдеуі жотаның шыңды бөлігін алып жатыр. Бұл жерлерде жартастар мен мұздықтар, үшкіртастар көп. Климат өте суық болғандықтан өсімдіктер сирек кездеседі. Мәңгілік тоң басқандықтан тек қана мүктер ғана өседі.

Өзен аңғарларында азональды тоғайлар тараған.

Жотаның солтүстік беткейіндегі экзогендік процесстердің жүруіне осындай биогендік факторлардың тигізер әсері де аз емес. Бұл жұмыста біз өсімдік жамылғысын тау беткейіндегі экзогендік процесстердің жүруіне кедергі жасаушы және оған жағдай жасаушы фактор ретінде қарастырдық.

Топырақ пен өсімдік жамылғысы бірінші жағдайда тау беткейлерін бұзылудан, шайылудан қорғайды. Себебі таудың қарашірігінде өскен ағаштар мен биік шөптердің тамырлыры, өсімдік қалдықтары беткейдің беріктігін арттырып, беттік шайылулар мен эрозияның жүруіне айтарлықтай дәрежеде кедергі келтіреді.

Ал кей кездерде өсімдіктер керісінше денудацияның жүруіне жағдай жасайды. Мысалы жарлы беткейлерде өскен өсімдіктер өздерінің салмағымен үгілген тау жыныстарының төмен сырғуын тездетеді.

Жалпы алғанда қалың, әрі биік бойлы шөптесін өсімдіктер өскен таулы шалғындарда, жиі жауатын қатты нөсерлерге қарамастан эрозия аз дамыған. Сондықтан Іле Алатауындағы өсімдік жамылғысының денудацияға кедергі болу қасиеті, эрозияның жүруіне жағдай жасайтын қасиетіне қарағанда басым деп қорытынды жасауға болады.

Қорыта айтқанда Іле Алатауының солтүстік беткейінің топырақ пен өсімдік жамылғысы күрделі және әртүрлі ландшафтар кешендерімен, яғни шөлейттен бастап, таудағы мәңгі мұздарға дейін өзара үйлесе отырып дамыған.

І. 4. Антропогендік фактор

Антропогендік факторлар табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып, жер беті рельефін өзгерістерге ұшыратады. Соның нәтижесінде рельеф өзінің алғашқы бейнесін жоғалтып, оның орнына жасанды рельеф пішіндері пайда болады. Бұл өз кезегінде табиғи ортаны да өзгеріске ұшыратады, яғни беткейлердің беріктігі бұзылып, өзендердің ағу режімі өзгеріп, топырақ пен өсімдік жамылғысы жойылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геоморфология пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Рельеф және климат
Геоморфология оқу - әдістемелік кешен
Адам, табиғат және климат
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі туралы ақпарат
Қазақстанның биік таулы аймақтары
Географияны оқытудың көрнекі әдісітерінің мәні
Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері
Қазақстан Республикасы геоморфология ғылымының негізін қалаушы профессор Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың өмір жолы
Морфометриялық карталарды құрастыру принципі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz