Тұрақты тіркестерді аударудағы лингвомәдени аспект



ЖОСПАР

І. Кіріспе
Тіл біліміндегі тұрақты сөз тіркестерінің зерттелу тарихы
1.1. Тұрақты тіркестерді топтастыру принциптері
1.2. Тұрақты тіркестерге тән белгілер

ІІ. Негізгі бөлім
Тұрақты тіркестерді аударудағы лингвомәдени аспект
2.1. Лингвомәдениеттану ғылымының негізгі бағыттары
2.2. Фразеологизмдердің аударылу принциптері
2.3 Тұрақты тіркестердің аударма нұсқалардағы функциясы

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. Кіріспе
Тіл біліміндегі тұрақты сөз тіркестерінің зерттелу тарихы
1.1. Тұрақты тіркестерді топтастыру принциптері
1.2. Тұрақты тіркестерге тән белгілер

ІІ. Негізгі бөлім
Тұрақты тіркестерді аударудағы лингвомәдени аспект
2.1. Лингвомәдениеттану ғылымының негізгі бағыттары
2.2. Фразеологизмдердің аударылу принциптері
2.3 Тұрақты тіркестердің аударма нұсқалардағы функциясы

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Фразеологизмдер тіл-тілдің бәрінде бар құбылыс және бұларды
тілдің бөлекше бірсипаттыгы, шырыны мен сөлі таусылмайтын дәмді
элементтері деп айтуға болар еді. Тілдің байлығы,тілдің сұлулығы, тілдің
өткірлігі дегеніміздің айрықша көрінер жері осы фразеологизмдер маңы. Ойды
әсемдеп айтуды үйренудің мектебі осылар. Сөзіңіз нақты, дәлелді болсын
десеңіз, халықтың хас туьндысы-айрықша сөздер тобының тамырын басыңыз.
Сонда ғана сіз тілдің қасиеті деген не, байлығы деген не сияқты сауалдарға
нақты жауап бере аласыз (Ө.Айтбаев).
Қай елдің, кай жазушысының қай шығармасын алсаңыз да тілдің осы
халықтық элементтерінің сан түрін табуға болады. Яғни қаламгерлердің қай-
қайсысы да сөйлеудің халықтық формасын пайдалануға бейім. Осының өзінен-ақ
ғылымдағы фразсологизм проблемасының мейлінше кызық, мейлінше қиын проблема
екенін байқау қиын емес. Осыларды ғылыми проблема ретінде қарастыратын әр
алуан еңбектердің сөлін сүзсек, мұның не қилы мәселелері айқындала түседі
екен.
Біздің зерттеп отырған жұмысымыздың тақырыбы: "ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АУДАРЫЛУЫ"
Зерттеуге пайдаланған материалдар. Ағылшын тілінен қазақ тіліне және
керісінше, қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылған жазушыларының көркем
туындыларынан, ауыз әдебиетінен, газет-журналдардан және күнделікті халық
тілінен алынған мысалдар. Мыңга тарта фразеологизмдер талданып,
пайдаланылды.
Зерттеу жүмысының негізгі мақсаты. Қолда бар материалдарды пайдалана
отырып, қазақ тілінен ағылшын тіліне, керісінше ағылшын тілінен қазақ,
тіліне аударылған көркем әдебиеттер нсгізінде жинақталған тұрақты
тіркестердің (фраземалар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, теңеулер)
аударылу принциптерін анықтау.
Зерттеу жүмысының әдістері. Алға қойған мақсаттар мен міндеттер
кешенді зерттеуді талап етеді, соның негізінде туындаған сипаттамалы-
синхрондық, семантикалық, лингвистикалық топтастыру, салғастырмалы және
лингвомәдениетанулық әдістер қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылысы. Курстық жұмыс зерттеудің жаңалығын,
өзектілігі, талданған материалдар мен зерттеудің мақсаттары мен
міндеттерінен, қолданылған әдістерден тұратын кіріспеден, зерттеу жұмыстың
алға қойған міндеттерін шешу мақсатында талданған екі тараудан тұрады.
Негізгі бөлім II тараудан тұрады.
I тарау. Тіл біліміндегі фразеологизмдердің зерттелу тарихы.

Фразеология теориясындағы әртүрлі көзқарастар мен кайшылықтар. Тұрақты
тіркестердің тілдік бірлік ретіндегі ерекшеліктері айқындалды.
II тарау. Тұрақты тіркестерді аударудағы лингвомәдени аспект.
Тұрақты тіркестердің аударма әдебиеттерде берілуі, олардың
аударылуындағы ұлттық ерекшеліктердің ескерілуі және кейбір көркем
шығармаларда тұрақты тіркестердің аударылуындағы кемшіліктер талданады.
Сонымен қатар аударма теориясының принциптері мен аудару тәсілдері де
лингвомәдени аспектіде қарастырылды.
Әр тарау мысалдармен дәлелденіп, оларға лингвистикалық талдау
жасалынды.
Қорытынды бөлімінде курстық жұмыста талданған материалдардың негізінде
тұжырымдар жасалынды.

І ТАРАУ Тіл біліміндегі тұрақты сөз тіркестерінің зерттелу тарихы
Өмірдің барлық саласын қамтып ішкі мазмұны жағқұан өте бай
болып келетін, тілімізге бейнелі және мәнерлі рең беретін, озіндік
құрылысы мен белгілі мағынасы болатын тұрақты сөз тіркестері тіл-тілдің қай-
қайсында болса да көптен кездеседі.
Мұндай тіркестерді құраушы компоненттердің орнына кез-келген басқа бір
сөзді қолдануға болмайды, олай етсек тіркесінің мағынасы ауысып, не мүлдем
өзгеріп кетеді. Оларга тән белгілі тұрақтылық жойылады. Ғасырлар бойы
ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан осындай тұрақты сөз тіркестеріне тіл
мамандары көптен-ақ көңіл бөліп келеді.
Тіл-тілдің лексикасында жеке сөздерге айрықша мағынасымен
ұқсас келіп қолданылатын тұрақты сөз тіркестері бір бүтін единица
қызметін атқарады. Мысалы, казак.тілінде:көзді ашып жұмғанша
‘лезде’ , ит өлген жерде ‘алыста’, қой аузынан шөп алмас "момын", және
т.б.

1.1 Тұрақты тіркестерді топтастыру принциптері
Құрамындағы сыңарлары орын жағынан бұлжымастай берік, сыңарлар
арасындағы грамматикалық қатынастары тұрғысынан мүшеленбей бір тұтас тұлға
қызметін атқаратын осындай топтар тұтасымен тұрып дайын күйінде
қолданылады.
Тұрақты сөз тіркесі термині еркін сөз тіркестеріне қарсы мағынада
қолданылып, "фразеологиялық тіркес", "фразеологиялық единица",
"фразеологизм", тұрақты сөз тіркестері терминдерімен синоним ретінде
қолданылып жүр.
Фразеологиялық тіркестер тілдік единицалар жүйесінде басқа тұлгалармен
қатар өмір сүріп, көп уақыт бойы лексикологиялык зсрггеу объектісі қызметін
атқарып, сөздермен қатар сөздіктерде беріліп, бір жүйеге келтірілместен
тілдің лексикасына, сөздік қорға телініп келді. "Жалпы" фразеологиялық
тіркестер тілде жеке сөздерге ұқсас қызмет атқарады, кұрылымы жағынан
мүшсленбейтін бір тұтас тұлғада тұрып, сол дербес сөздің орнына толығымен
қолданыла береді, Мысалы, казақ тілінде төбесі көкке жету "қуану", төбе
шашы тік тұру "қорқу",қайтыс болу "өлу", дүниеге келу "туылу" және т.б.
Бұл мысалдардан көрініп тұрғандай фразеологиялық бірліктер лексикалық
бірлік есебінде бір ғана сөздің орнына қолданылып отыр.
Фразеологизмдердің бағалағыштық сипаты мен образдылығы өте жоғары.
Фразеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын құрылыс
материалы.
Фразеологиялық тіркестертердің қай-қайсысы болмасын бәрі де алғаш
халықтың сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық
саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болады.
Тіл білімі мамандары фразеологияның теориясын әр түрлі тілдердің
материалдарына сүйеніп, жан-жақты зерттеуде. Фразеология- мамандар назарына
қызықтыра тартудың себебі синтаксистік үлгімен жасаған орамдардан басқа,
құрамындағы сыңарлар ерекше семантикалық қарым-қатынаста болатын тіркестер
тіл білімінің жеке саласының арнайы зерттеу объектісі болган емсс. Ол баста
мамандар фразеологиялық тіркестсрдің құрылымына көңіл аудармай, олардың
астары мен образды бейнелі мағынысына, ішкі формасына назар қою себебі-
фразеологиялық тіркестерді анықтауда басты белгі болып дәстүрлі қайталанып,
дайын қолданылатындық кең астарлы мағына алынды.
Уақытында орыс ғалымдары А.А. Шахматов, Ф.Ф.Фортунатов,
В.К.Поржезинский, Л.М.Пешковский, А.А.Потебня тұрақты сөз тіркестерін
синтаксистік тұрғыдан зерттеп фразеологияга үлкен үлес қосты. Академик
Ф.Ф.Фортунатов және оның мектебі тұрақты сөз тіркестерді, олардың
сыңарларын семантикалық және грамматикалық белгілсрі жағынан зерттеу
проблемаларын қойды.
Академик А.А.Шахматов өзінің "Синтаксис русского языка" атты еңбегіндс
тілде кездесетін құрамындағы сөздер бір-бірімен ажырамай тұтас күйінде
қолданылатын тіркестердің зор маңызы тек лексикология үшін емес, грамматика
үшін де аса маңызды деген пікір айтты.
Кеңес тіл білімінде бірінші рет фразеологияны тіл ғылымының бір саласы
деп қарау мәселесі жиырмасыншы жылдардан басталады. Бұл ойды алғаш рет
көрнекті кеңсс лингвисті Е.Д.Поливанов синтаксистің, морфологияның және
лексиканың бір-бірінен айырмашылықтарын талдай келіп, фразеологияны олардан
ажырату керектігін ұсынды.
Бұл пән,-деді Е.Д.Поливанов,- (фонетика, морфология, т.б сияқты)
болашақтағы лингвистикалық әдебиеттерде тұрақты және өз алдына жеке сала
ретінде орын алып, әр түрлі мәселелерді анықтау кезінде кездейсоқ
кемшіліктерден құтылуға мүмкіндік береді.
Академик В.В.Виноградов синтаксистік және стилистикалық тұрғыдан қарап
фразеологиялық тіркестедің құрамындағы сөздердің орнығу теориясының негізін
салды.
Кейініректегі еңбектерінде лексикология, стилистика және
фразеологияны біріктіруші тұлга-сөздердің мағыналарының кеңеюі мен
тұрақтануы мәселелері зерттеледі. Бұл еңбекте сөз мағынасы фразеологиялық
байлаулы мағынаға дейін кеңейеді.
Сол кездегі фразеологияны зерттеуге арналған еңбектерге тән ерекше
қасиет фразеологиялық, тіркестер ғылыми тұрғыдан талдау, әр тұрақты сөз
тіркестерінің құрылымдық және мағыналық ерекшеліктерін анықтау мақсаты
болды.
Бірақ мамандар фразеологияның объектісі жалпы сөздердің заңдылығы
десе, басқалары тұтас идиомалык, мағынасы тұрақты сөз тіркестері деді.
Кезінде фразеологиялық тіркестердің құрылымдық біркелкілігі және
оларды сапасы жағынан өзгеше тұрақты тіркестерден айыру мәселесін қойған
еңбектер дүниеге келді. Б.А.Ларин мен А.И.Смирницскийдің еңбектерінде
аталған мәселелер қаралды. А.И.Смирницский: "фразеологиялық тіркестерді
зерттеумен лексикологиялық бөлім болып табылатын ғылым - фразеология
айналысқанмен, фразеологиялық тіркестс тілдің синтаксистік құрылымын оқып
үйрену міндетті түрде ескерілуі кажет".
Тіл мен сөйлеу тілінің құбылыстары тәуелділігіне және құрылымдық
байланысына қарай тұрақты сөз тіркестерінің дайын күйде тұйықталып,
тұтасқан қалпында қолданылатындығы жөнінде дәлелді пікір айтты. Сөйтіп,
ғылымда тұрақты сөз тіркестерін құрылым және қызметі жағынан білінетін
ерекше белгілері негізіндс басқа тектес құбылыстардан айыру, осы белгілерге
сүйеніп тіл байлығының фразеологиялық ядросын анықтау тенденциясы туды.
Фразеологияның дәстүрлі проблемаларынан: Оның құрамын анықтау,
фразеологиялық тіркестер түрлерін айыру және олардың шегін анықтау, тағы
басқа мәселелер қазіргі кезеңдс жан-жақты зерттелуде.
Тұрақты сөз тіркестерінің семантикалық ерекшеліктеріне теория жүзінде
мән беру сөздіктер ісінің дамуымен де байланысты.
Фразеологиялық тіркестер табиғатында семантикалық тәсілдердің
табылуымен көптеген фразеология теориясы үшін құнды мәселелер туды, мысалы:
Тұрақты сөз тіркестерінің және оларды құраушы сыңарлардың ішкі құрылымы,
фразеологиялық тіркестердің құрылымдық белгілері, фразеологиялық
тіркестерді топтастыру және тағы басқа.
Осыдан зерттеу жұмыстары тұрақты сөз тіркесінің лексика-семантикалық
құралу ерекшеліктері, олардың синтаксистік қызметі мен лексика-
грамматикалық құрылымының мәні нақты тілдің материалдарында құрыла бастады.
Фразеологиялық тіркестер сөздерге дайын тұлға тұрғысынан ұқсастық
жақтарын және олардың құрылымдық өзгешеліктерін сонымен катар, тіркесті
құраушы сыңарлардың лексика-семантикалық ерекшеліктеріне байланысты дайын
қолданылатын сөз тіркестерінің түрлерін анықтау қажет болды.
Аталмыш тұлғалардың ұқсастықтарын және өзгешеліктерін
анықтау:
* нақты семантикалық белгілер (фразеологиялык, тіркестер кей
сөздің мағыналарының эквиваленттілігінің белгісін табу, одан келіп
фразеологиялық тіркестертің синонимиясы көп мағынасын зерттеу басталады);
* фразеологиялық тіркестер тілдің лексикалық құрамымен байланысты
(лексика-фразеологиялық синонимия, фразеологиялық тіркестер және "ажыратыла
тұлғаланып жасалған" күрделі сөздерден ажырату);
* нақты грамматикалық белгілсрі (сөздсрдің лексика-грамматикалық
түрлері және сөз тіркестері мен сөйлем теориясы, фразеологиялық
тіркестердің сөйлемдегі қызметі) түрінде және фразеологиялық тіркестср сөз
тіркестеріне ара қатынасы мәселесі айналасында жүргізілді.
Фразеологиялык, тіркестср тілдің сөздік қорына телініп, фразеологияның
өзінің лексикологиясының карамағында қаралу себебі фразеологиялық тіркестер
жеке сездердің эквиваленті ретінде каралуына тікелей байланысты, ал
лексикология тілдің сөздік қорын, яғни сөздер мен олардың эквиваленттсрін
зерттейтін ілім. А. И. Смирннтский фразеологиялық тіркестер "сөздердің
эквиваленті" дейді.
Эквиваленттілік теориясына сүйене отырып, ол тек сөз тіркестерін ғана
фразеологиялық тіркестер бола алады деп есептейді де, фразеологиялық жүйеге
тұрақты сөздерді енгізеді. Фразеологиялық тіркестердің ерекшеліктерін
дәйекті және тыңғылықты зерттеу ғана оларды еркін сөз тіркестерінен
айыратын және фразеологиялық тіркес емес әр түрлі тұрақты единицалармен
жақындастыратын белгілер. Оларды басқа ұқсас орамдардан (мысалы, күрделі
сөздерден) айыратын белгілер "фразеологиялык тіркестер" ұғымын түпкілікті
келтірді.
Фразеологиялық тіркестердің жеке сөздерге эквиваленттілігі теориясын
Н.Н.Амосова шек келтірді.
Фразеологиялық тіркестер сөздермен семантикалық және синтаксистік
қызметі жағынан жақын болғанымен, олармен бірдей емсс.
Кейбір мамандар дербес мәнді сөзге фразеологиялық тіркестер
идентификатор (жеке сөзбен магыналас) компонентін
эквивалентті дейді. Тілдік единицаға бұл тұрғыдан қарау қисынды,
өйткені, фразеологиялық тіркестер тек бір сөзден ғана емес, екі
немссе одан да көп сөздерден құралады.
Тіркестің құрамындағы сыңарлардың мағынасы
тіркестен тыс
тұрған дербес мәнді сөзбен мағыналас болып келгенмен, барлық уақытта
сол сөздің мағынасы толық немесе жалпылап бермеуі мүмкін, себебі бүтін
тіркестегі оның мағынасы бүтін мағынамен байланысты жатады.
Бұл фразеологизмдердің мағыналас эквиваленттілігінде ешқандай
бірегейлік жоқ. Демек, фразсологиялық тіркестер әркашан дайын күйінде
қолданылып, сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаруы себепті, яғни
ү^сас белгісімен создермен араласып кеткен. Бұдан, әрине, бұл екі тілдік
единицалар бір-бірімен ұқсастығы жағынан құлан-таза дегенұүғым пайда
болмайды.
Сөйтіп, фразеологиялық тіркестер тілдік ерекшеліктерін нақтылау
фразеология тұлғаларының белгілерінің санын көбейтіп кана қоймай, оларды
талдау, сипаттау жүйесінде таласты мәселелерге әкеп тіреді. Осыған орай
қазіргі тұрғыдан фразеологияның басты проблемаларын шешудегі көзқарастардың
біркелкі жүйесі жоқ.
Тіркестегі бұндай алалыққа қарамастан орыс ғалымдары Н.Н.Амосова,
В.А.Архангельский, А.В.Кунин, И.И.Чернышев, қазақ тіл білімі ғалымдары
І.Кеңесбаев, Р.Жайсақова, Г.Смағұлова, және тағы басқа ғалымдардың зсрттеу
жұмыстары өте-мөте нәтижелі.
Ғалымдар фразеологиялық тіркестерді анықтаудағы басты белгі ретіндс
төмендегі белгілерді ұсынады: басқа тілге тікелей аударылмай, образды
мағына, дайын қолданылатындық, лексикалардың тіркесімділігі, компонент
аралық байланыс, идиомалық тұтас атау, шындық өмірге қатысты, мағына
тұтастығы, лексикалық бөлшектенбеу, орта тағы басқа фразеологиялық
тіркестердегі ішкі құрылымдық белгілеріне бағытталған зерттеулер де бар.
Негізінен Ю.Д.Апресян айтқандай, фразеологиялық тіркестер өз
табиғатынан "сөз тіркестері" болып табылады.
Фразеологиялық единицалардың қатарында предикативті сөз тіркестсрі мен
сөйлем түрлеріндегі единицаларды қарау проблемасы қазіргі күнге дейін даулы
күйінде қалуда. Бір сыпыра мамандар оларды фразеологиялық тіркестер деп
қарайды да, бірсыпыралары фраеологиялық тіркестерді кұрылымдық біркелкілігі
принципін басшылыққа ала отырып, оларды фразеологияның шегінен тыс
қалдырады.
Н.НАмосованың пікірінше, фразеологияның құрамы анықтама белгілері
болып:
* өзінің дербес номинативті тура мағынасын жғгалтудың бірден-бір жолы
болып табылатын, типті емес мағына беретін сыңарлардың семантикалық
өзгеріске түсуі;
* осы тұрақлы (тек бір ғана) жеке дербес компонент үшін тіркесіп
жұмсалуға семантикалық мүмкіндігі бар сөздердің минимумы есептеледі.
Н.Н.Амосова фразеологиялық тіркестерді зерттеудің контекстологиялық
әдісін дамытты.
Н.Н.Амосова мақал идиома болу үшін, тұтас мағынаға ие болуы және қолдануда
номинативті кызмет атқаруы қажет, "коммуникация единицаларына тұтас мағына
тән емес, мақал-мәтелдер мағына жағынан да, фразеологиялық тіркестердің
белгілеріне катыссыз тұлгалар",-деп тұжырым жасайды.
Фразеологиялық тіркестерді топтасырып, оларды бір құрамды тобына
мақалдар мен мәтелдерді, яғни коммуникация единицаларын енгізеді де,
А.В.Кунин олардың компоненттерінің жартылай немесе толық ауыс мағынаға ие
болып келетінін айтады. Ал фразеологиялық тұрақтылық көрсеткіштеріне ие
емес тіркестерді, соған қоса фразеологиялық тізбектерді, сөздердің тұрақты
тіркестерін сыңарлары тура мағынада қолданылатын тіркестерді
фразеологиялык, мәннен тыс түрақты тіркестерге жатқызады. Сол сияқты
Н.Н.Амосова да "фразеологиялық тізбектерді" тұрақты контекске
(фразеологиялык, тіркестерге) жатқызбайды.
В.Л.Архангельский өзінің еңбегінде жалпы фразеологиялық мәселелер
айналасында тұрақты фразалар теориясының негізін баяндады. Фразеологиялық
құбылыстарды зерттеуге "тілдік таңба" теориясын қолдануга әрекст жасады.
Зерттеу жұмысының алдында, зерттеуші фразеологияның басқа тілдік
пәндерге қатысын, фразеологиялық қурам ұғымын, оның жүйелік ерекшелігін,
тілдік ерекше құрылым тұрғысынан фраземалар мен тұрақы фразалардық
грамматикалық
типологиясын және семантикалық, парадигматикалыққ синтаксистік
қасиеттерін анықтауды басты мақсат етіп қояды.
Екінші маңызды зерттеу проблемасы ретінде тұрақты фразалардың
мағыналарының, оладың қолданылу ықпалын, тұрақты фразалардың құрушы
сыңарларының өзара тәуелділігін, олардың лексикалық құрамында тұрақты және
өзгермелі сыңарларды анықтау мәселелерін қарайды. Үшінші міндетке тұрақты
фразаларға семантикалық анализ жасау мен олардың классификациясын
жатқызады.
Фразеологиялық тіркестерге В.Л.Архангельский "белгілі тұрақты құрамы
бар және граматикалық құрылымы қалыптасып кеткен, жалпыга түсінікті тұрақты
мағыналы, сөйлемде оның белгілі бір мүшесінің немесе оны бір бөлімі, немесе
тіпті сөйлемнің құрылысынан тыс тұрып-ақ дербес тұрақты фраза қызметін
атқаратын сөздердің тұрақты тіркестерін" жатқызады.
Фрзеологияның аумағын лексикалык синтагматикалық факторларын талдау
бағытында кеңейте түсу профессор М.М.Копылеконың еңбектеріне де тән. Ол
"... фразеологияның тұлғасы тек жеке контекстің құрылымдары ғана емес,
сонымен қатар түгелімен барлық лексикалардың тіркестері болып табылады",-
дейді.
Сөздердің тіркескіштігі кез келген тілде кең тарағандықтан, сол
тіркескіштік негізінде құрылған сөз тіркестерін түгелдей фразеологиялық
тіркестер шегіне енгізу мүмкін болмаған болар еді.
Фразеологиялық тіркестер шегін лексикалық тәсілдср тарабынан байыту
берілген тілдің лексика-семантикалық ерекшеліктерін зерттеуде
фразеологияның міндетін арттыра түседі.
Жалпы тұрақты сөз тіркестерін кәдімгі тұрақты тіркестер және
фразеологиялық единицалар деп екі топқа бөліп қарау, фразеологияның
аумағының тарылып, кейде кеңіп, немесе оның аумағына еркін тіркестер, сөз
тіркестері немесе сөйлем, күрделі сөйлем құрамдас тұлғалардың енуіне әкеп
тіреді.
Фразеологиялық тіркестердің шегін анықтау мәселесіне Н.М.Шанский үлкен
үлес қосты, ол фразеологиялық тіркесті "мағынасы, құрамы мен құрылысы
қалыптасқан екі немесе одан да көп екпінді сөздік компоненттерден тұратын
дайын тілдік единицалар",-деп анықтайды.
Жалпы фразеология негізінен екі бағытта қарастырылды: түгелдей
фразеологиялық единицалар бір тіл көлемінде айталық, қазақ тілінде
І.Кеңесбаев, шығыс тілінен Ю.Рубинчик, Г.С.Голева, Г.С.Гвенадзе, ұйғыр
тілінде Ч.С.Сайфуллин, татар тілінде Г.К.Аханов, С.Н.Муратов, азербайжан
тілінде Ш.Рахматуллаев, М Рузикулова, түрікмен тілінде К.Бабаев, қырғыз
тілінде Ж.Осмонова, башқұрт тілінде З.Г.Ураксин, немесе фразеология
мәселелері белгілі бір жазушы тілінің фразеологиясын талдау процесінде
қарастырылды.
Аталған еңбектердің бәрі фразеологиялық тіркестердің бір түрін екінші
түрінен айыру негізінен барлық әлеуметтік және басқа жұмыстарды сол тілдің
фразеологиялық материалдарының өте бай қорының жеке жақтары және идиомалары
зерттелді, қайсы бір жалпы жақтары сөз болды.
Жалпы түркі тектес тілдерде, оның ішінде қазак тілі білімінде тұрақты
сөз тіркестерінің зерттеле бастауы І.К.Кеңесбаевтың есімімен тікелей
байланысты. Ол қазақ тілінің идиомалары мен фразалық қос сөздері жөнінде,
олардың ерекшеліктері мен экспресивті-стилистикалық қызметі жайлы еңбектер
берді.
Фразеология мәселесіне және фразеологиялық сөздіктер жасау жайында
тамаша пікірлер айтты.
Кейінінен "Түркі тілдеріндегі тұрақты сөз тіркестері" деген атпен
С.Н.Мұратовтың монографиялық еңбегі жарық көрді. Мұнда күрделі сөздер, қос
сөздер, біріккен сездер, лексикаланған және грамматикаланған тұрақты сөз
тіркестері, тұракты сөз тіркестеріне жататын тұлғалар да араласады,
еңбектің құнын төмендететін де жай кездеседі.
Түркі тілдерінде фразеологияны жан-жақты теориялық тұрғыдан зерттеген
З.Г.Ураксин. Бұл еңбекті ғалымдар жоғары бағалауда.
Қазақ фразеологиясына үлкен үлес қосқан еңбектердің қатарына,
К.А.Ахановтың, Р.Е.Жайсақова, А.Байтелиев, Х.Қожахметова тағы басқа
еңбектерін де атаған дұрыс.
Фразеологиялық тіркестер топтасып біраз мағынаға ие болатындықтан,
оларды бөлінбейтін синтаксистік фразеологиялық тіркестер деп атаймыз. Бірақ
фразеологиялық тіркестер біртұтас, сондықтан оларды структуралық жағынан
зерттеуге болмайды деген пікір тумау керек.

1.2 Тұрақты тіркестерге тән белгілер
Қазақ тілдерінде фразеологизмдер құрамы көбінесе екі, үш, төрт
компонентті болып келеді. Олар тіл-тілде көп қолданылса, бес, алты
сыңардан тұратын фразеологизмдер саны жағынан да аз, сонымен қолданылу
аясы да тар.
Фразеологиялык тіркестер компоненттерінің саны ұлгайған сайын, олардың
қолдану жиілігі төмендейді, керісінше фразсологиялық тіркестер
компоненттерінің саны азайған сайын қолданылу жиілігі арта түседі. Осының
өзі, қазақ тілінде екі-үш компонентті фразеологиялық тіркестер, төрт немесе
одан да көп фразеологиялық тіркестерге қарағанда көп екенін көрсетеді. Яғни
фразеологиялық қорды, осы екі-үш компоненетті фразеологиялық тіркестер
байытып отыр. Сондықтан да, зерттеудің негізгі объектісі де солар болуы
тиіс.
Тіл-тілдің қай-қайсысының болса да бір-бірімен байланысты екі жағы
болады. Оның бірі - тілдің сөздік жағы, екіншісі тілдің грамматикалық жағы.
Тілдің осы екі жағының бірлігінен барып бір тұтас тіл құралады да,
айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас құралы ретінде қызмет ете
алады.
Сонымен қатар сөздерсіз, жалаң грамматикалық формалар арқылы ешқандай
ойды хабарлауға да, түсіндіруге де болмайды. Сондықтан сөз бен
грамматикалық құрылыс үнемі бірлікте жұмсалады. Олардың әр қайсысының өзіне
тән ерекшеліктері мен қызметтері бар негізгі элементтер болып саналады.
Солай болса, сөзді тілдің материалы деп, ал грамматикалық құрылысы тілдің
сол материалдарын, яғни сөздерді, бір-бірімен ұштастырып, олардың бастарын
құрастырып, көріктендіретін жамылыш деп қарауға болады.
Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалык, құрылысын зерттегенде, өзінің
тексеретін объектісіннің негізгі өзегі етіп, сөзді және сөйлемді алады.
Тексеру объектілерінің осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика
ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Осы жоғарыда айтылып кеткен ережелер фразеологиялық тіркестсрге де тән
болғандықтан, оларға морфологиялық классификация жасауды жөн көрдік.
"Морфология - сөз және оның формалары туралы ілім. Сөйлеу дагғысында
әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әр қилы қарым-
қатнасқа түседі де, әлденеше қилы өзгеріске ұшырап, әр алуан қызмет
атқарады.
Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны
алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топ-топтың әрқайсысына тән жалпы
грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздерді әр тобының
өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары, жалпы грамматикалық формалары
айқындалады; сөз таптары ажыратылады; әр сөз табына тән категориялардың сыр-
сипаттары ашылады".
Кез келген тілдік бірлікке коммуникативтік фукциямен қатар
коммулятивтік функция да тән. Бұл қатарға тіл-тілдің фразеологиялық қоры да
кіреді.
Олардың бойында, семантикалық құрылымында сан ғасырлар бойы халықтың
өзімен бірге жасалып, екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде жеткен
қогамдық тәжірибелік халықтық ұлттық рухтың және материалдық мәдениеттің
көріністері сақталып, бейнеленген. Сондықтан да олар тілдің тұрақты
тіркестеріне (мақал-мәтел, фразеологизм және т.б.) алғаш көңіл бөліп,
олардың табиғатындағы халықтың қогамдық өмірін, салт-санасын, әдет-ғұрпын
көре білгендер тек тілші ғалымдар мен фольклористер ғана емес, сонымен
қатар этнографтар да болды.
Фразеологияның халықтық табиғатын түсінудегі, оның ұлттық мәдениетпен
байланысын көре білудегі негізгі фактор фраземалар мағынасындағы
экстралингвистикалық ситуацияның көзін ашу, қандай жағдайда немесе қандай
себептердің тұсында фраземалар пайда болды деген сұраққа жауап беруден
туындайтын мәселе олардың шығу модельдерін айқындау.
Лингвистикалық тілмен айтсақ, тура мағынасында қолданылатын еркін сөз
тіркесінің пайда болу, шығу модельдеріне реконструкция жасау,
фразеологизмдердің ішкі форманы айқындау болып табылады. Әрине, бұл жерде
етістікті фразеологияның образын жасайтын, оның ішкі формасының материалдық
негізін жасайтын, кұрамы жагынан толық грамматикалық тұрғыдан дәстүрлі,
шығу тегі еркін сөз тіркесі болып келетін тіл бірліктері сөз болып отыр.
Сөздің (сонымен қатар тілдік единица ретінде сөз орнында жүретін
фразеологизмдердің) мағынасы мен қолданысында жатқан ішкі форма мен
бейнелілікті тек сол сез немесе сөз тіркесі пайда болган материалдық және
рухани мәдени жағдайларды ескеріп, тілдің сол кездегі жүйесі негізінде ғана
ұғынып, түсінуге болады.
Еркін сөз тіркестерінің мағыналық жағынан "жаңаруы", олардың
семантикасының дамуы Б.А.Ларин пікіріне сүйенсек, еркін тіркестің ауыс,
бейнелі мағынада қолданылуы, нақтылықтан жалпылыққа өтуі олардың жаппай
қолданыстық мәртебе алуының негізіндс жатыр. Сөз тіркестерінің бойындагы
үжымдық тәжірибе, ұлтқа тән ерекше көрегендік пен білімнің жиынтығы мұндай
тіркестерге әжептәуір халықтық сипат береді.
Мағына "жаңаруының" тагы бір себебі - метафорлану, яғни еркін сөз
тіркестері мағыналарының нақтылығы, олардың біріншілік-номинитивтік
мағынасында қолданылу жиілігінің жоғарылыгы.
Фразеолог ғалым В.П.Жуков мұндай сөздсрге тілде жиі қолданылатын -
адамның денс мүшелерінің атауларын, мал атаулар мен жануарларды, құстар мен
құрт-құмырысқалар, азық-түлік атаулары мен киім-кешек, ыдыс-аяқтар және
т.б. атауларын жатқызады.
Г.И.Сляревскийдің де осыған ұқсас пікірі бар, ғалымның пікірінше,
метафоралануға жиі ұшырайтын заттар - тамақтың түрлері мен сусындар, бас
киім атаулары мен маталар және т.б. Қазақ, түркі тілдерінің фразеологиялық
материалына жүгінсек, В.П.Жуков пікірімен келісуге болады.
Халықтың тұрмыс-тіршілігі, мәдени мұрасы және рухани байлығы,
экономикасы мен қоғамдық саясаты, керініс тапқан фразеологизмдерде
қандай да бір нақты қүбылыстың, жагдайдың бейнесі ашық көрініп тұрады.
Бұлар фразеологиялық образға ерекше экспрессиялық нышан бергендіктен,
фраземалар идиомалануға анағұрлым "икемді" болып тұрады.
Фразеологияланудың себептері осымен шектеледі десек қателесеміз.
Жоғарыда көптеген тілдерге тән жалпы себептерін ғана көрсеттік, сонымен
қатар сөздердің ассоциативті-символдық байланыстары (қой аузынан шөп алмас,
ит пен мысықтай және т.б.), тіркестердегі ырғақ жүйесі (аты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фразеологизмдерді аудару тәсілдері
Көркем фильмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу ерекшеліктері
Саяси коммуникация және саяси дискурс
Академиялық дискурсты аударудың лингвомәдени мәселері
ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ тіліндегі заң терминдерінің ерекшеліктері
Американдық саяси дискурс
ЗАҢ МӘТІНДЕРІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ағылшын тіліндегі қажеттілік пен міндеттілікті білдіру құралдары
ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ АЛГОРИТМІ
Пәндер