Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылуы



МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Тарау. Қылмыстық заң және оның міндеттері
1.1 Қылмыстық заңның ұғымы және оның белгілері
1.2 Қылмыстық заңның құрылысы

2. Тарау. Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылуы
2.1. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы
2.2. Қылмыстық заңның уақытта қолданылуы

3 Қылмыстық заңның кері күшінің ұғымы
3.1 Қылмыстық заңның кері күші қағидасы дамуының тарихи аспектісі
3.2 Қылмыстық заңның кері күшінің Қылмыстық кодексі Жалпы бөлімінің нормаларында қолданылуы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер және нормативті.актілер

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. Тарау. Қылмыстық заң және оның міндеттері
1.1 Қылмыстық заңның ұғымы және оның белгілері
1.2 Қылмыстық заңның құрылысы
2. Тарау. Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылуы
2.1. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы
2.2. Қылмыстық заңның уақытта қолданылуы
3 Қылмыстық заңның кері күшінің ұғымы
3.1 Қылмыстық заңның кері күші қағидасы дамуының тарихи
аспектісі
3.2 Қылмыстық заңның кері күшінің Қылмыстық кодексі Жалпы
бөлімінің нормаларында қолданылуы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер және нормативті-актілер

Кіріспе

Қылмыстық заңның негізгі ұғымдарын, белгілерін, қылмыстық заңның кері
күшін, кері күштің ҚР ҚК Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларында қолдануға
арналған.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаумен бірге елімізде
саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда түбегейлі өзгерістер жүруде.
Жалпы халықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Жаңа
Конституциясы қабылданды.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 18 ақпан 2005жылы Қазақстан халқына
жолдауында былай деп айтты: біздің Конституциямыз әлемде демократиялық
қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келеді және мойындалады,- деді.
Конституциялық ережелерге және қағидаларға сүйене отырып жұмыс істеп
тұрған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі өзіне қылмыстық заңның
уақытта және кеңістікте қолданылатын бірқатар ережелерін қосады. Осы ҚР ҚК
бірінші рет іс-әрекеттің жасалу уақыты болып зардаптың туындау уақытына
қарамастан қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау уақыты саналады деп көрсеткен.
Сонымен бірге 1959ж. ҚазССР Қылмыстық кодексі алғаш рет неғұрлым қатал
заңның кері күші болмайды десе, ҚР ҚК сәйкес сотталынған адамның жағдайын
нашарлататын жағдайға немесе заңға кері күш болады дейді, соның ішінде
жазаны өтеген немесе жазаны өтеп болған, бірақ соттылығы бар адамға
қолданылады.
Сонымен жоғарыда айтылған мән-жайлар бітіру жұмысының өзектілігін
дәлелдеп тұр. Бітіру жұмысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері
пайдаланылды. Қылмыстық құқықтың бірден бір қайнар көзі ретінде Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексін танимыз. Сондықтан да қылмыстық заңның
кері күшінің ұғымын, қағидаларын білу маңызды.
Қылмыстық жауаптылықты тарылту және жеңілдету қылмыстық заңнамада
көптеген іс-әрекеттерді қамтиды, оның ішінде қоғамға қауіпті іс-әрекетті
қамтиды, тарылту қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларында
қолдануға жол беріледі.
Әділсоттылықты жүзеге асыру барысында соттар заңды басшылыққа алуы
тиіс. Қылмыстық іс бойынша әділсоттылықты жүзеге асыру үшін қоғамға
қауіпті, кейде ауыр зардаптарды қоғамның мүддесіне сәйкес қорғайды.
Қылмыстық заңның ұғымы және маңызы, осы заңдардың түрі және құрылысы,
ұғымы, қылмыстық құқық норманың мазмұны және маңызы мемлекеттік қылмыстық
заңнаманың өзара қатынасы, кеңестік қылмыстық заңнаманың әрекеті, қылмыстық
заңды талқылау және басқа да мәселелер айтылады.

1. Тарау. Қылмыстық заң және оның міндеттері

1. Қылмыстық заңның ұғымы және оның белгілері

Қылмыстық заң дегеніміз – қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен
қағидаларын белгілейтін, қандай қоғамға қауіпті іс – қимылдарды қылмыс деп
тануды, оларды жасағандығы үшін қандай жаза қолдану керектігін және
қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мүмкіндіктерін анықтайтын,
мемлекеттік билік органдарымен қабылданған нормативтік актіні айтамыз.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 1 бабының 1 бөліміне
сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана Қылмыстық
кодекстен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы
Кодекске енгізгеннен кейін еана қолданылуга тиіс. Яғни, бір нормативтік
бастаудың болуы қылмыстық – құқықтық ескертулерді жүзеге асыруды
жеңілдетеді. Көптеген шет ел мемлекеттерінде Қылмыстық кодекс дара
қылмыстық құқықтық акт болып табылмайды. Мысалы, Германияда Қылмыстық
кодекске енгізілмеген, біртектес қылмыстар үшін жауаптылықты белгілейтін
қылмыстық – құқықтық актілер қолданылады.[1]
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі дүниежүзілік интеграцияның
өзгерістерін бейнелеп, ҚР Конституциясының мемлекеттің құқықшығармашылық
қызметіндегі үстемдігін білдіреді. ҚР ҚК 1 бабының 2 бөлімінде қылмыстық
заңның Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың
жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделетіндігі
көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясы қылмыстық-құқықтық сипаттағы
бірқатар нормаларды (өлім жазасы туралы мәселелерді, қажетті қорғану
құқығын, заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол бермейтін нормалар)
қамтыған.
Егер, Конституцияны мемлекеттің құқықтық саяси негізін құрайды деп
айтсақ, қылмыстық құқықтың қайнар көздеріне Конституцияның (қылмыстық
саясаттын, қағидаларын олардың бағытын анықтайтын, заң аткару және құқық
қорғау органдарының, жаза жүйесін немесе нақты бір қьлмыс құрамдарына
қолдануды анықтаудың) барлық нормаларын жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, халықаралық құқықтың
жұр таныған қағидалары мен нормалары және ҚР халықаралық шарттары құқық
жүйесінің құрамдас белгісі болыа табылады. Егер де, ҚР халықаралық
шарттарында, заңмен қарастырылғаннан өзге ережелер көрсетілсе, халықаралық
шарттар қолданылады. Халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары
халықаралық пактілерде, конвенциялар мен басқа да құжаттарда бекітілген.
Мысалы: Адам құқықтарының Жалпы декларациясында, азаматтық және саяси
құқықтар туралы Пактіде, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар
туралы Пактіде.
Заң әдебиеттерінде бұдан басқа да көзқарастар кездеседі. Мысалы,
Қылмыстық құқық оқулығында былай деп көрсетілген: қылмыстық істерге
байланысты жоғарғы инстанция болып табылатын, РФ Жоғарғы Соты қылмыстық
құқықты қолдану мәселесіне байланысты түсіндірмелерді шығаруға құқылы. Заң
бойынша бұл түсіндірмелер барлық соттарға міндетті сипатта болады. Себебі,
қылмыстық құқықтың нормаларын қолданатын барлық құқық қорғау органдары,
сотқа жұмыс істегендіктен, Жоғарғы Соттың басшылыққа алатын түсіндірмелері
оларға қатысты міндетті сипатта деп айтуымызға болады.[2] Яғни, берілген
оқулықтың авторларының пікірі бойынша Жоғарғы Соттың бұл қызметі норма
шығармашылық қызметіне жатқызылады.
Бірақ та, жоғарыда көрсеткеніміздей, бұл көзқарас ҚР ҚК 1 бабына
кереғар келеді. Себебі, ол жерде қылмыстық заң тек Қылмыстық кодекстен
тұрады деп, ал ҚР ҚК 3 бабында іс – қимылдың қылмыстылығы мен
жазаланушылығы тек қылмыстық кодекспен анықталынады деп айқын көрсетілген.
Біздің қылмыстық құқықта сот прецеденті – нақты іске байланысты сот
шешімі құқықтың қайнар көзі ретінде қолданылмайды. Сот прецеденті басқа
елдерде құқықтың қайнар көзі ретінде қолданылады. Мысалы: Ұлабританияда,
Канадада т.б.Кінәлі адамның қылмыстық жауаптылығын анықтау барысында сот
заң ережелерін және жасалынған іс – қимылды бағалайды, түсіндіреді. Мысалы,
ҚР ҚК 52 бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген. Қылмыс
жасауда кінәлі деп танылған адамдарға, ҚР ҚК Жалпы бөлімінің ережелерін
басшылыққа ала отырып, ҚР ҚК Ерекше бөлімінің сәйкес бабында көрсетілген
шектерде әділ жаза тағайындалады. Жаза тағайындағанда сот iстелген
қылмыстық сипаты мен коғамдық қауiптiлiк дәрежесiн, айыпкердiң жеке басының
ерекшелiктерiн, мiнез-құлқын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын
мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуiне
және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына
ықпалын толық есепке алады. қылмыс iстеген адамға оның түзелуiне немесе
жаңа қылмыс iстеуден сақтандыруына қажеттi және жеткiлiктi әдiл жаза
тағайындауы керек. Мұның өзi соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен
қоса өзiнiң құқықтық сана-сезiмiн басшылыққа алатынын көрсетедi. Алайда,
құқықтық сана-сезiм құқық нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана
қылмыстық құқықтық норманың мазмұнын дұрыс түсiнуге жөн сiлтейдi. Қылмыстық
заң, басқа заңдар сияқты барлық лауазымды адамдар, азаматтар, заңды
тұлғалар үшiн мiндеттi күшi бар заң нормасы болып табылады.[3] Оны қандай
да бiр болмасын сылтаумен бұзуға немесе орындамауға жол берiлмейдi.
Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы бiлдiрудiң нысаны, ал оның нормасы
оның мазмұнының көрiнiсi болып табылады.
Сонымен, қылмыстық заң дегеніміз – қылмыстық жауаптылықтың негіздері
мен қағидаларын белгілейтін, қандай қоғамға қауіпті іс – қимылдарды қылмыс
деп тануды, оларды жасағандығы үшін қандай жаза қолдану керектігін және
қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату мүмкіндіктерін анықтайтын,
мемлекеттік билік органдарымен қабылданған нормативтік актіні айтамыз.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 1 бабының 1 бөліміне
сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана Қылмыстық
кодекстен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы
Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуга тиіс.

2. Қылмыстық заңның құрылысы
ҚР Қылмыстық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім
жеті тараудан тұрады.
Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімі ҚР ҚК міндеттері мен қағидаларын,
қылмыстың түсінігін, қылмыстық жауаптылықтың негізін, қылмысқа қатысуды, іс
– қимылдардың қылмыстылығын жоятын мән – жайларды, жазаның түсінігі мен
мақсатын, жазаның түрлерін, жаза тағайындаудың жалпы негіздерін және де
қылмыстылықпен қылмыстық – құқықтық күрестің басқа да ережелерін анықтайды.
ҚР ҚК көптеген нормалары реттеуші сипатта, оларды қолдану нақты қылмыс
жасаумен байланысты емес. Сонымен бірге, ҚР ҚК Жалпы бөлімінде құқық
қолдану сипатындағы нормалар да бар. Мысалы, ҚР ҚК 43 бабының 4 бөлімінде
түзеу жұмыстарынан қасақана бұлтару барысында, түзеу жұмыстарын бостандығын
шектеу, қамау немесе бас бостандығынан айырумен алмастыру көрсетілген.
Реттеушінормалар келесі түрлерге бөлінеді:
1. Декларативті: қылмыстық заңның міндеттерін белгілейтін;
2. Жалпы реттеуші, қылмыстың, қылмысқа қатысудың, соттылықтың жалпы
түсінігін беретін;
3. Мадақтайтын, мысалы: шартты түрде босатудың, мерзімінен – бұрын
шартты түрде босатудың, бас бостандығынан айыру жазасын басқа
жазаның жеңіл түрімен алмастыру шарттарын белгілейтін;
4. Рұқсат беретін, қажетті қорғану, қылмыс жасаған адамда ұстау
барысында зиян келтіруді анықтайтын;
5. Босататын, ескіру мерзімінің өтуіне, жәбірленушімен татуласуына,
сотталған адамның ауруға шалдығуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босатуды көздейтін нормалар.[4]
ҚР ҚК Жалпы бөлімінің нормаларын бұлай бөліп қарастыру шартты түрде.
ҚР ҚК жалпы бөлімінде құқық қолданатын нормалар өте көп емес. Олар,
айппұл төлеуден қасақана бұлтарған (41б.); қоғамдық жұмыстардан қасақана
бұлтарған (42б.); түзеу жұмыстарынан (43б.); бостандығын шектеуден
бұлтарған (45б.) жағдайда жазаның басқа түрімен алмастыратын нормалар.
Ерекше бөлімнің баптары бір қылмыс үшін жауаптылықты белгілейді. Бірақ
та кейбір жағдайларда бір баптаекі қылмыс үшін жауаптылық көрсетілінеді.
Мысалы: ҚК 200 бабының 1 бөлімі коммерциялық немесе банктік құпияны
жинағандығы үшін, ал 2 бөлімі - коммерциялық немесе банктік құпияны, оның
иесінің келісімінсіз заңсыз жариялағандығы үшін жауаптылықты белгілейді.
Заңдарды кодификациялаудың көп жылдық тәжірибесіне сәйкес, жаңа
ережелер қосымша нөмірлермен заңның жүйесін сақтай отырып, Қылмыстық
кодекске енгізіліп отырады. Мысалы: ҚК 330-1, 330-2, 330-3, 347-1 баптары.
Қылмыстық жазалар соттың үкімде жазаның мөлшерін өзгертуіне байланысты
нақты анықталған және салыстырмалы анықталған деп бөлінеді.
Нақты анықталған жазаларға өлім жазасы жатады. Яғни, санкцияда дара,
жалғыз бір ғана жаза көрсетіледі. Нақты анықталған санкция қолданыстағы
қылмыстық кодексте жоқ. Бұл жаза түріне мысал ретінде, 1959 ж. Қылмыстық
кодекстің 273-1 бабын милиция қызметкерінің өміріне ауырлататын жағдайда
қастандық жасау өлім жазасымен жазаланады келтіруімізге болады. Осы
мысалдан көріп отырғанымыздай, өлім жазасына балама басқа жаза түрі
санкцияда көрсетілмеген.
Салыстырмалы – анықталған санкция жазаның түрі мен мөлшерін көрсетеді.
Салыстырмалы – анықталған санкция келесі түрлерден тұрады: жазаның
жоғары және төменгі шегі көрсетілген санкция; жазаның тек жоғары шегі
көрсетілген санкция; жазаның тек төменгі шегі көрсетілген санкция.
Жазаның жоғары және төменгі шегі көрсетілген санкцияға мысал ретінде:
ҚР ҚК 179 бабын келтіруімізге болады: яғни, қарақшылық үшін үш жылдан жеті
жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген.
Жазаның тек жоғары шегі көрсетілген санкцияға мысал ретінде: ҚК 178
бабын келтіруімізге болады: яғни, тнау үшін заң шығарушы төрт жылға дейінгі
бас бостандығынан айыру жазасын белгілеген. Заң шығарушы бұл жерде жазаның
төменгі шегін тікелей осы бапта көрсетпеген. Жазаның төменгі шегін анықтау
үшін біз ҚК Жалпы бөліміндегі 48 бапты қарап, бас бостандығынн айыру
жазасының төменгі шегі алты ай екендігін анықтаймыз. Ендеше сот осы алты
айдан төменге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауы қажет.
Жазаның тек төменгі шегі көрсетілген санкцияда жазаның тек төменгі шегі
көрсетіліп, жоғары шегі көрсетілмейді. Бірақ та бұл санкцияның түрі біздің
Қылмыстық кодексте орын алмаған.
Санкциялардың көпшілігі жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің
баламасын көрсетеді. Бұл соттарға кінәлі адамға жазаны дараландырумен
байланыстыжасалған іс – қимылдың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтауға
мүмкіндік береді.
Қылмыстық заңға келесідей талаптарды қоюға болады. Заң нақты,
түсінікті, басқа нормаларға кереғар болмауы қажет. Сондай – ақ құқықтық
нормалар бір жағынан – тұрақты, екінші жағынан – динамикалық болуы қажет.
- Тұрақты норманы тиянақты түрде зерттеп, талдау қажет. Себебі, уақыт
өте бұл нормаларды білетін, осы нормаларды қолданатын адамдардың
саны өседі. Осы норманың қолдану мерзімімен қатар, норманы қолдану
тәжірибесін жалпылау және зерттеу мүмкіндігі де туындайды. Осыған
байланысты, құқық қолданушылық қызметі жақсарып, әдеттегі
қателіктердің саны азаяды. Норманың өміршеңдігі оның беделі мен
маңыздылығын арттыра түседі. Ал екінші жағынан норма өмірдің
қажеттіліктерінен арта қалып, ескіруі де мүмкін. Норманы қолдану
процесі барысында, оның кемшіліктері табылуы мүмкін. Бұл жағдайда,
норманы жойып немесе оны өзгерту қажеттілігі туындайды. Бірақ та
назар аударатын басты мәселе, қылмыстық заң маңызды құқықтық акт
болғандықтан, жиі – жиі өзгерістерге ұшырамас екен дейміз. Себебі,
заң шығарушымен енгізілген кейбір олақ өзгертулер құқық қолдану
тәжірибесінде әртүрлі дәрежедегі түсінбеушіліктрерді тудыруды.
Мысалы, ҚК Ерекше бөлімінің кейбір баптарында бір ғана субъектінің
жауаптылығын көрсететін бірнеше бөлімдер бар. Қылмыстық кодекстің 13
тарауына енгізілген өзгерістер белгілі бір алаңдатушылықтарды
туындатады. Олар қылмыстың субъектісіне байланысты. Атап айтқанда,
ҚР ҚК 307 бабы. Сондықтан да, заңға енгізілетін өзгерістер жан –
жақты түрде зерттелінуі қажет.
Сонымен бірінші тарауымызды аяқтай келе шығарған қорытындымыз қысқаша
қылмыстық заңның негiзгi қырлары мен маңыздылығын көрсетуге мүмкiндiк
бередi.
- Негiзгi қыры: ол оның мемлекет билiгiнiң жоғарғы органдарының
құқықтық актiсi, негiзгi мiндетi қорғау болып табылады. Соның
iшiнде: тұлғаны, оның құқықтары мен бостандықтарын, табиғи,
айналамыздағы ортаны, меншiктi, қоғамның және мемлекет мүдделерi мен
мұқтаждықтарын, барлық құқықтық тәртiптi қылмыстық қол сұғушылықтан
қорғау;
- Қылмыстық заң Қазақстан Республикасы Конституциясы мен жалпылама
танымал принциптер және халықаралық құқықтық нормаларына
негiзделедi; Айтылғандарды қорыта келе, келесі тұжырымдарды
атауымызға болады:
Қылмыстық кодекс дегенiмiз барлық қылмыстық заңдардың белгiлi бiр
жүйеге келтiрiлген жиынтығы болып табылады. Кодексте қылмыстық құқықтың
жалпы ережелерi мен принциптерi, нақты қылмыс түрлері мен олар үшін
қолданылатын жаза түрлері мен мөлшері көрсетілген.
Қылмыстық кодекс Жалпы және Ерекше бөлiмнен тұрады. Қылмыстық кодекстiң
Жалпы бөлiмiнде жоғарыда айтылған қылмыстық құқықтық жалпы ережелерi,
мiндеттерi, қылмыс пен жазаның түсiнiгi, қылмыс пен жазаны жоятын мән-
жайлар, т. б. мәселелер қарастырылады. Жалпы бөлiмнiң баптары өзара бiр-
бiрiмен тығыз байланыста болады. Мысалы, жауаптылықты жеңiлдететiн және
ауырлататын жағдайлар жаза тағайындауда және шартты жазаны қолдануда
мiндеттi түрде есепке алынады.[5]
Ерекше бөлiмде жекеленген нақты қылмыс түрлерi үшiн жауаптылық және
жаза белгiленген. Ерекше бөлiмiнiң бабы диспозиция және санкциядан тұрады.
Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптары топтық және түрлiк болып
екiге бөлiнедi. Топтық баптар бiр тектес қылмыстардың ортақ және соларға
тән белгiлерiн анықтайды. Мысалы, қылмыстық кодекстiң 366-бабында — әскери
қылмыстардың түсiнiгi берiлген. 307-бапта лауазымды тұлғаның түсiнiгi
айтылған. Топтық баптардың түсiнiгi әр түрлi тарауда орналасқан, әр түрлi
қылмыс топтарын бiр-бiрiнен жiктеуге мүмкiндiк бередi. Түрлiк баптар
бойынша заңда көрсетiлген жекелеген қылмыстық белгiлерi және осы қылмысты
iстегенде қандай жаза тағайындалу керек екендiгi көрсетiледi.

2. Тарау. Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылуы

2.1. Қылмыстық заңның кеңістікте қолданылуы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде төмендегідей жағдай
көрсетілген:
- Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс
бойынша жауапқа тартылуға тиіс.
- Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған,
не аяқталған әрекет Қазақстан Реслубликасының аумағында жасалған
қылмыс деп танылады. Қылмыстық заң Қазақстан Республикасының
құрлықтық шельфінде және ерекше экономикалық аймағында жасалған
қылмыстарға да қолданылады.
Қылмыстық заңның күші белгiлi бiр территория бойынша шектелген. Осыған
байланысты белгiлi бiр аумақтың бар болуы және оны бекiту, мазмұнды қатаң
сипатқа ие болған. Бiрiншiден, бұл Қылмыстық кодекстiң қорғау және
сақтандыру сияқты негiзгi мiндеттерді орындауымен байланысты. Екiншiден,
қылмыстық заңның кеңiстiктегi күшiнiң қолданылуында заңдылық, заң алдындағы
теңдiк немесе жауаптылықтан бұлтармау сияқты қылмыстық құқықтық
қағидаларының iске асыру мiндеттерiмен анықталады. Үшiншiден, халықаралық
құқық нормалары және оған сәйкес конвенциялардың бар болуы бұл мәселелердi
шешудегi әсерiнiң болуы. Сонымен қатар, мемлекеттiк шекараның, азаматтықтың
түсiнiгiн беретiн құқықтық норманың елеулi рөл атқаруы.[6]
Қылмыстық заңның кеңiстiкте қолданылуы сәйкес мемлекеттік органдармен
нақты мемлекеттің аумағында заңды нақты қолдануды білдіреді. Қылмыстық
заңның кеңістікте қолданылуы бес қағида негізінде жүргізіледі: 1) аумақтық;
2) азаматтық; 3) нақты; 4) әмбебап; 5) қорғаншылық.
Осы аталған қағидалардың ішіндегі бастысы, үстемі – аумақтық қағида
болып табылады. Аумақтық қағиданың мәні келесідей: Қазақстан
Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс бойынша жауапқа
тартылуға тиіс.
Осыған байланысты, қылмыстық – құқықтық юрисдикцияның кеңістіктегі
шектерін анықтау мемлекеттің аумағымен тікелей байланысты. Халықаралық
құқыққа сәйкес, мемлекеттің аумағы деп – белгілі бір мемлекетке тиісті,
соның шегінде мемлекет өзінің суверенитетін жүзеге асыратын жер шарының бір
бөлігін айтамыз.
Мемлекеттің аумағына: құрлық, су, су мен құрлықтың астындағы қойнау, су
мен құрлықтың үстіндегі әуе кеңістігі кіреді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы “Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы” заңының 1-бабына сәйкес,
Қазақстанның аумағын құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңiстiгi шегiн
айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетiн беткi қабат құрайды.
Мемлекеттiк шекара белгiленедi:
құрғақ аумақта - жер бедерiнiң сипаты нүктелерi сызықтары жатады.;
су аумағында – Қазақстан Республикасының iшкi суларынан басқа, аумақтық
теңiз жағалауындағы теңiз сулары.
әуе кеңiстiгi аумағында – Қазақстан Республикасы құрғақ немесе су
аумағы үстiндегi берiлген аспан кеңiстiгі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі ерекше экономикалық аймақта
жасалынған қылмыстарға қатысты да қолданылады.
Ерекше экономикалық аймақ – халықаралық құқық ерекше құқықтық статус
берген, аумақтық теңiзге жалғасатын, енi 200 мильден аспайтын аудан.
Мемлекет өз аумағында жасанды аралдарды құруға және қолдануға, ғылыми
зерттеулер жүргiзуге, қоршаған ортаны қорғауға құқылы.
Ерекше экономикалық аумақтың ерекше құқықтық статусы мынада: жағалау
мемлекеті теңіз түбін жауып жатқан, тірі немесе өлі табиғи ресурстарды
барлауға, өңдеуге, сақтауға құқылы. Жағалау мемлекетінің жалпы құқықтық
юрисдикциясы экономикалық аумақ шеңберінде жасанды аралдарды, құрылымдарды,
жасау мен пайдалануға, теңіз ортасын ғылыми зерттеу, қорғау мен сақтауға
қолданылады.
Ерекше экономикалық аумақтың шегінде қылмыстық – құқықтық юрисдикция
тек қана, осы аумақ көлеміндегі мемлекеттің тәуелсіз құқықтарын жүзеге
асырумен байланысты ғана қолданылады.
ҚР ҚК 284 бабына сәйкес, экономикалық аймақ шегінде жасалған қылмыстар
үшін жауаптылық туындайды:
1. Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық
аймағында қауіпсіздік аймақтарын заңсыз құру, сол
салынған құрылыстың және теңіздегі кеме жүрісінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын салу,
пайдалану, күзету мен жою ережелерін бұзу;
2. Қазақстан Республикасының ерекше экономиаклық
аймағының табиғи байлықтарына тиісті рұқсатсыз
жүргізілген зерттеу, барлау, игеру.
Қылмыстық – құқықтық юрисдикция, сондай – ақ Қазақстанның портына
тіркелген теңіз және әуе кемелеріне де қолданылады. ҚР ҚК 6 бабының 3
бөліміне сәйкес, әскери кемелерге аумақтық суларда, шет мемлекеттердің
аумақтық суларында немесе портында тұқрса да Қазақстанның қылмыстық –
құқықтық юрисдикциясы қолданылады. Егер де, әскери кеме немесе оның экипажы
арқылы шет ел жағалау мемлекетінің ережелері сақталынбаса, немесе қылмыс
жасалынса бұл кеме жағалау мемлекетінің порты мен аумақтық суларынан
шығарылып тасталынады.
Азаматтық кемелерге қатысты да мәселе осылай шешілуі керек. Бірақ та,
азаматтық сауда – саттық кемелерінде қылмыс жасалынған кезде мәселе
келесідей жолмен шешілуі қажет:
Жағалау мемлекетінің қылмыстық – құқықтық юрисдикциясы қолданылады:
1. Қылмыстың нәтижесі жағалау мемлекетіне қатысты болса;
1. Жасалынған қылмыс елдің тыныштығы мен аумақтық сулардағы тәртіпті бұзса;
3. Кеме капитаны, дипломатиялық агент немесе консулдық лауазымды тұлға
көмек сұрап, жергілікті өкімет органдарына барса;
4. Есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз сауда – саттық
жасауды тыю мақсатында.
ҚР ҚК 6 бабының үшiншi тармағы Қазақстан Республикасның туының астында
су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемелерде жасалған қылмыс үшiн
жауаптылықтың тәртiбiн реттедi: “Қазақстан Республикасының портына
тiркелген де ҚР шегiнен тыс ашық су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде
қылмыс жасаған адам, Қазақстан Республиксының халықаралық шартында өзгеше
көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.”
Қандай жағдайда болмасын қай жерде болмасын ҚР әскери әуе және су
кемелерi Қазақстан Республикасы территориясының бiр бөлiгi ретiнде
саналады, яғни ашық суларға шыққан кезде, сондай-ақ шет мемлекеттiң
портында тұрақта тұрған сәтiнде ҚР кемесiнде жасалған қылмыс ҚР Қылмыстық
Кодексiмен сараланады.
Дурмановтың көзқарасы бойыша, КСРО шекарасына кез келген шетел әуе
кемесенiң ұшып кiрген, ұшып шыққан және КСРО аумағының үстiмен ұшып жүрген
кезінде осы кемеде болған тұлғаларға қатысты кеңестiк Қылмыстық кодекс
қолданылады, ал сол әуе кемесiнде жасалған қылмыстар КСРО аумағында
жасалған деп саналынып, КСРО-ның Қылмыстық Кодексiмен сараланады.
ҚР ҚК 6-бабының төртiншi бөлiмiнде шет мемлекеттердiң дипломатиялық
өкiлдерiнiң және имунитеттi пайдаланатын өзге де азаматардың қылмыстық
жауаптылығы туралы мәселелер халықаралық құқық нормалары негiзiнде
шешiлетiндiгi атап айтылған.
Қылмыстық заңның кеңiстiкте қолданылуы тек аумақтық қағидамен шектелiп
қана қоймайды. Қазақстандық азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың
жауаптылығының барлық үлгіленрді қамти алмағандықтан, ол қылмыстық заңның
кеңiстiктегi азаматтық, нақты және әмбебап қағидаларымен толықтырылады.
Азаматтық қағидаға сәйкес, егер Қазақстан Республикасының азаматы
белгiлi бiр қылмысты шетелде жасайтын болса, онда ол қылмыс жасағаны үшiн
сол мемлекеттiң сотымен жазаланбаса, Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңы бойыша жауап бередi.
1991 жылғы 20 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының азаматтық
туралы” Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы деп заң күшiне
енген күннен осында тұрақты тұрған және азаматтығын осы заңның негiзiнде
алған тұлғалар танылады. Заңның 6-бабында былай делiнен: “Қазақстан
Республикасының аумағында тұрған және оның азаматы болып табылмайтын
тұлға барлық құқықтар мен бостандықтарға ие болады, сондай-ақ
Конституциямен, Заңдармен және Қазақстан Республикасының мемлекетаралық
келiсiмшарттарымен бекiтiлген барлық мiндетердi атқарады...”
Азаматтығы жоқ тұлғалар деп белгiлi бiр мемлекеттiң азаматы болып
табылатындығын дәлелдейтін құжаттары жоқ тұлғалар танылады.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қылмыс жасаған Қазақстан
Республикасының азаматтарына, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты
қылмыстық заңның күшi ҚР ҚК 7-бабымен анықталады. Аталған тұлғалардың
жасаған iс-әрекетi сол мемлекетте қылмыс деп танылатын болса және олар сол
мемлекетте жауапқа тартылмаған болса, онда олар ҚР ҚК бойынша қылмыстық
жауапқа тартылады.
ҚК 7-бабының төртiншi тармағына жүгiнсек, егер де шетел азаматтары
Қазақстан Республикасынан тыс жерде Қазақстан Республикасының мүддесiне
қарсы бағытталған қылмысты жүзеге асыратын болса, онда ол тұлға қылмысы
үшiн және басқа да халықаралық келiсiм-шартарда орын тапқан жағдайларда
жасаған қылмысы үшiн Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық
жауаптылыққа тартылады.
Бұл жағдайда басқа мемлекетте жасалған қылмыс нәтижесiнде туындаған
сотталғандық және басқа да қылмыстық-құқықтық салдар Қазақстан
Республикасының мүддесiне қайшы келмеген болса, Қазақстанда жасалған
қылмысты саралауда ешбiр қылмыстық-құқықтық маңызға ие болмайды. ҚК 7-
бабының үшiншi тармағы Қазақстанның шетiне дислокацияланатын әскерилердiң
қылмыстық жауаптылық жағдайы атап айтылады. Аталған тұлғалардың шетелде
қылмыс жасауы Қазақстан Республикасының заңымен саралануда жалғасын табады.

Көптеген әдебиеттерде қылмыстық заңның кеңiстiкте қолдануының – нақты
және әмбебап қағидаларын кездестiруге болады. Алғашқысы халықаралық
қылмыстармен және де халықаралық сипаттағы қылмыстармен (мысалы, есiрткi
заттарын жасау, сату немесе таратумен байланысты қылмыстармен) күресу
қажеттiлiгiнен туындайды. Яғни Қазақстан Республикасының осындай
қылмыстармен күресуі бойынша конвенцияларға қатысуы аталған қылмыстар орын
алған кезде (яғни, бұл қылмыстар Қазақстан Республикасының халықаралық
келiсiм шартында, сондай-ақ Қазақстан Репсубликасы заңында тыйым салынған
болып табылады) оның заңымен реттелуiн талап етедi.[7]
Әрине, ҚР ҚК 7-бабы қылмыс жасаған шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ
тұлға басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының
аумағында қылмыстық жауапқа тартылса қолданылады.
Әмбебап қағидасы қылмыскердi беру қағидасымен тең дәрежеде тұр. Яғни,
қылмыскердi берудi, белгiлi бiр тұлғаны аумағында қылмыс жасаған
мемлекетке беру, немесе жасаған қылмысы сол мемлекеттiң мүддесiне қарама-
қайшы болатын болса,не ол тұлға сол мемлекетiң азаматы болатын болса,
аталмыш мемлекетке беру деп түсiнуге болады.
Ал Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қылмыс жасап, Қазақстанның
аумағында тұратын шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды беру
мәселесi екiжақты келiсiм-шартардың (мысалы, өзара құқықтық көмек көрсету
туралы келiсiм-шарт) не халықаралық келiсiмдер негiзiнде шешiледi. Айта
кететiн бiр жайт, ҚК 8-бабының, 1-тармағына сүйенсек: “басқаКурс советского
уголовного права. мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған Қазақстан
Республикасының азаматтары, егер халықаралық шартта өзгеше белгiленбесе, ол
мемлекетке берiлмеуге тиiс”, делiнген.
Қылмыстық заңның кеңiстiкте қолданылуының аумақтық қағидасы шетел
азаматтарының, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде Қазақстанның
мүддесiне қарсы қылмыс жасау мүмкiндiгiне байланысты туындаған мәселелердi
шеше алмайтындығы байқалады. Бұл жерде қылмыстық заңның нақты қағидасының
маңызы зор болып табылады.
Нақты қағиданың мәнi мынада, Қазақстан Республикасында тұрақты
тұрмайтын шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан
Республикасының жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесiне қарсы бағытталған
қылмысы үшiн қылмыстық жауаптылыққа ҚР ҚК негiзiнде тартылады.
Қылмыстық құқық теориясында аталған қағидалардан басқа, қылмыстық
заңның кеңістікте қолдану мәселелерін шешу барысында қорғаншылық және
оккупациялық қағидалар қарастырылады.
Оккупациялық қағида аумақтық қағидадан алынады да, мәні келесідей
сипатта болады: оккупацияланған аумақта жасалынған қылмыстарға оккупацияны
жүзеге асырған мемлекеттердің заңының қолданылуы.[8] Бұл аумағына соғыс
кезінде немесе жеңілгеннен кейін әскер енгізілген мемлекеттердің
келісімімен жүргізіледі.
Аумақтық қағидадан алынған келесі қағида қорғаншылық қағидасы болып
табылады.
Қорғаншылық қағидасының негізгі мәні мынада: шетелдерде орналасқан
әртүрлі әскери құрылымдардың қызметшілері эксаумақтыққа ие. НАТО – ға
қатысушы – мемлекеттердің қарулы күштерінің статусы туралы 1951 жылғы 19
маусымдағы Конвенцияға сәйкес, американ қарулы күштері НАТО елдерінде
абсолютті иммунитетке ие болып табылады.
Қылмыскерлерді беруден бас тарту, құқықтық институт ретінде ежелден
белгілі. Бірақ та, саяси қылмыскерлерді беруден бас тарту түріндегі қағида
ретінде француз буржуазиялық революциясы кезеңінде нақты қалыптасты деп
айтуымызға болады. 1793 жылғы якобиндер конституциясында француз халқы өз
елінен бостандық ісі үшін қуылған барлық шетелдіктерге баспана беріп,
тирандарға баспана беруден бас тартады,- деп көрсеткен.
Баспана беру құқығы – тәуелсіз мемлекеттің өзінің негізгі заңдарында,
басқа мемлекеттерде қудаланған адамдарға, өз жерінде қылмыстық жауаптылыққа
тартпай тұруға мүмкіндік берулерін жариялауы.
Сонымен: қылмыскерлерді беру заңды егер де ол, бейбітшілікті сақтау
және халықтардың өзара ынтымақтастығы үшін жүзеге асырылса.
Халықаралық әдет – ғұрыпқа сәйкес саяси қылмыскерлер берілмейді.

2.2. Қылмыстық заңның уақытта қолданылуы

Қылмыстық заңға сәйкес, әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол
әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленеді. Қоғамдық
қауіпті іс-әрекет (әрекетсіздік) жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың
басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп танылады.
Осы ережелерді басшылыққа ала отырып қылмыстық заңның мезгілдегі күші
негіздерімен ғана әрекеттің қылмыстылыққа немесе жазалылыққа жататындығын
анықтауға болады.
Әрекеттегі іске асырылып отырған заң деп өзінің күшіне енген және де
белгіленген тәртіптерге сай өз күшін жоғалтпаған заңды аитамыз.
Республиканың заң және өзге де нормативтік қүқықтық актілермен әзірлеу,
ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы зандармен және
Парламент немесе оның Палаталарының регламенттерімен реттеледі. Мұндай заң,
Қазақстан Республикасы 24 наурыз 1998 жылғы шыққан Нормативті құқықтық
актілер туралы заңы болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында, қылмыстық заңды жариялау және
күшіне енгіу тәртібі былайша белгіленген:
1. Егер заң күшіне енуі туралы сол
заңның өзінде белгіленсе, яғни сол
мерзімге жеткен күннен бастап заңды
күшіне енген болып (жарияланған
күннен немесе нақты көрсетілген
мерзімнен) саналады;
2. Қазақстан Республикасында заңдардың
жариялануы және күшіне ену тәртібі
туралы заңға сәйкес қабылданған
заңдар Парламент Жаршысында
жарияланса, он күннен кейін (егер
заңда оның күшіне енуінің басқа
мерзімі көрсетілмесе) заңды күшіне
енеді.
Жалпы мерзімдерді есептеу қағидаларына сәйкес, белгіленген мерзімнің
соңғы тәулігінің өтуінен кейін ол заң күшіне енген болып ескерілінеді.
Қылмыстың жасалу уақытын анықтау қылмыстық заңды дәлме – дәл дұрыс
қолдану үшін қажет. Қылмыс құрамдарының материалды және формальді болуына
сәйкес, олардың жасалу, аяқталу уақытын анықтаудың қалыптасқан ережелері
бар.
Қылмыстық заң әртүрлі негіздерген байланысты өзінің күшін жоюы немесе
тоқтатылуы мүмкін. Қылмыстық заңның күшінің тоқтатылуы келесі жағдайларда:
1. Қылмыстық заң басқа жаңа заңмен алмастырылса;
2. Заңда көрсетілген заңның қолдану мерзімі өтсе;
3. Егер қылмыстық заң белгілі бір мерзімге не болмаса ерекше мән –
жайлардың болуымен байланысты шығарылса, ол өзінің күшін белгіленген
мерзім өткеннен кейін немесе аталған мән – жайлардың жойылуымен
өзінің күшін жоюы немесе тоқтатуы мүмкін.[9]
Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшін жазасын өтеп жүрген әрекеттің
жазаланатындығын жеңілдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған
қылмыстық заң санкциясының шегінде қысқартылуға тиіс.
Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілеитін, жа-
уаптылықты немесе жазаны күшейтетін немесе осы әрекетті жасаған адам-ның
жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның кері куші болмайды.
Қылмыстық кодекстің 5-бабы қылмыстық заңның кері күшін қолдануға, яғни
жаңадан қабылданған қылмыстық заңның күшінің, оның заңды күшіне енгенге
дейінгі істелген іс-әрекетіне қолданьлуына мүмкіндік береді.
ҚК 5-бабы бірінші бөлігіне сәйкес, әрекеттің қылмыстылығын немесе
жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе
қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін заңның кері
күші болады, яғни осындай заң кушіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған
адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ
соттылығы бар адамдарға қолданылады.
Жаңа қылмыстық заң мына жағдайларда әрқашанда кері күшіне ие: а)
әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоюға;
б) жауаптылықты немесе жазаны жеңілдетуге;
в) қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңілдетуі. Әрекеттің
қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын заң, ол әре-
кеттің қылмыс қатарынан (яғни, Қылмыстық қодекстен) алынып тасталуы
немесе осы әрекеті үшін жазаланушылығының жойылуы.
Жаңа заңның, ескі заңмен салыстырғанда жауаптылықты немесе жазаны
жеңілдететіндігін анықтау үшін, екі заңның диспозициясы мен санкциясын
салыстыру негізінде шешілуі қажет.
Өзгеріске енбеген диспозицияда жаңа заң неғұрлым жеңілірек болады, егер
ол:
а) Жазаның бір ғана түрі басқа - жеңіл жазамен ауыстырылса (мысалы, бас
бостандығынан айыруды, түзеу жұмыстарына ауыстыру);
б) бұрынғы қарастырылған жазаның бір ғана түріне (мысалы, бас
бостандығынан айыру) жаңа заңның санкциясына басқа да неғұрлым жеңілірек
жазалар енгізілсе (мысалы, бас бостандығынан айыру немесе түзеу жұмыстары
немесе айыппұл);
в) Сол аталған жаза мерзімінің ең жоғарғы жазалау шегін төмендетсе
(мысалы: 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырудың
орнына, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен
ауыстырылуы);
г) сол аталған жазаның ең төменгі жазалау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық заңның нормаларының құрылысы
Қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші
Қылмыстық заңның кері күшінің ұғымы
Қылмыстық құқықтың кері күші - қылмыстық құқықтың кері күші
Қылмыстық заңның түсінігі мен мақсаты
Әкімшілік процесс субьектілері
Қылмыстық заңның түсінігі және міндеттері
Қылмыстық заңның түсінігі
Қылмыстық іc жүргізу құқығының көздері
Қылмыстық заңның әрекет етуінің шегі
Пәндер