Шарль де Голльдің тұжырымдамаларын іске асырудағы басты қадамдары



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5

I.тарау. Шарль де Голльдің Еуропалық саясатына байла.
нысты басты тұжырымдамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.11
1.1. Шарль де Голльдің сыртқысаяси доктринасындағы Еуропа ... ...6.9
1.2. «Еуропалық Еуропа» . АҚШ.на тәуелсіз Еуропа ... ... ... ... ... ..9.11

II.тарау. Шарль де Голльдің тұжырымдамаларын іске асы.
рудағы басты қадамдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.28
2.1 Франция мен ГФР арасындағы қарым.қатынастар ... ... ... ... ..12.16
2.2 1961.1962 жылдардағы "Фуше жоспарлары" ... ... ... ... ... ... ...17.24
2.3 Англияға қатысты Шарль де Голльдің жүргізген саясаты ... ... 24.26
2.4 Люксембург компромисі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29.30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31.32

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .3-5

I-тарау. Шарль де Голльдің Еуропалық саясатына байла-
нысты басты тұжырымдамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-11
1.1. Шарль де Голльдің сыртқысаяси доктринасындағы Еуропа ... ...6-9
1.2. Еуропалық Еуропа - АҚШ-на тәуелсіз
Еуропа ... ... ... ... ... ..9-11

II-тарау. Шарль де Голльдің тұжырымдамаларын іске асы-
рудағы басты
қадамдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2-28
2.1 Франция мен ГФР арасындағы қарым-қатынастар ... ... ... ... ..1 2-
16
2.2 1961-1962 жылдардағы "Фуше
жоспарлары" ... ... ... ... ... ... ...17-24
2.3 Англияға қатысты Шарль де Голльдің жүргізген саясаты ... ... 24-26
2.4 Люксембург компромисі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29 -30

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...31-32

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік соғыстардың соңғысы әлемнің көптеген
елдерінің мүддесіне әсер етті, соның алғашқыларының бірі Франция болды.
Соғыстың аяқталуын ол жеңгендер жағында қарсы алса да, оған жеңілмеу және
күресті жалғастыру көп күш жұмсауды талап етті. Барлық сындардан өтуге
француз халқының ерлігі, батылдығы мен табандылығы және Иосиф Сталин,
Франклин Рузвельт, Уинстон Черчиль сияқты атақты фигуралардың қатарында
әлемдік тарихқа енген нағыз патриот Шарль де Голльмен елдің білікті
ұйымдастырылған басқарылуы көмектесті.
Түрлі түсінік пен көзқарастардың тарихшылары мен саяси қызметкерлері
де Голльдің көбіне болашақты алдын ала болжау мен осы болжам негізінде
қимылдау дарындылығын атап көрсеткен. Көптеген француздық және шетелдік
зерттеушілер де Голльдің қызметі мен көзқарасында екі маңызды құлқы:
патриотизм мен реализм.
1950 жылдардың соңы мен 1960 жылдардың ортасында Еуропаның Саяси
одағын құру бойынша француздық инициатива бұл елдің ұлы держава ретінде
саяси және экономикалық амбицияларымен, Еуропада және әлемде өзінің
тәуелсіз жағдайын орнату талпынысымен және де ішкісаяси даму
ерекшеліктерімен анықталды.
Шарль де Голльдің еуропалық саясатының басты бағыты АҚШ-тан тәуелсіз
Францияның бастауымен кіші Еуропа негізінде Саяси одақ құру еді.
Еуропаның Саяси одағын құру туралы француз бастамалары бұл мемлекеттің
саяси және экономикалық шамданушылықтарымен, Еуропа мен дүниежүзінде өзінің
тәуелсіз жағдайын нығайту мақсатымен түсіндіріледі. Генерал де Голльдің
ұсынған еуропалық интеграцияның конфедеративті моделінде ортақ атқарушы
және сот орғандарының болмауына байланысты конфедерацияның мүшелері өз
егемендігін сақтайды. Қарастырылып отырған мәселе қазіргі таңда өте өзекті
болып табылады, себебі Еуропаның Саяси одағын құру күн тәртібінде тұр және
еуропалық бірігу үрдісіне қатысып жатқан мемлекеттердің санының ұлғаюына
байланысты бұл мәселе тереңдей түсуде.
Зерттеу объектісі. Францияның 1950-1960 жылдардағы саясаты және Шарль
де Голльдің АҚШ-тан тәуелсіз Еуропаның Саяси одағын құру әрекеті кезіндегі
саясаты.
Жұмыстың хронологиялық шекаралары 1958 жылдан 1968 жылдар аралығын
қамтиды, себебі дәл осы жылдары билік басына генерал де Гольдің келуіне
байланысты Францияның сыртқысаяси бағытының өзгерісі болады.
Жұмыстың мақсаты. Еуропаның Саяси бірлестігін құру жөніндегі Франция
басшысы Шарль де Голльдің тұжырымдамаларын зерттеу болып табылды. Осы
қойылған мақсат шеңберінде келесі нақты міндеттер шешілді:
- Шарль де Голльдің АҚШ-тан тәуелсіз Саяси одақ құру жөніндегі
бастамаларын қарастыру;
- Еуропаның Саяси одағын құрудың конфедеративті және федеративті
принқиптерін қарастырған кездегі франко-бельгиялық және франко - голланд
қайшылықтарының ерекшеліктерін көрсету;
- Францияның де Голь тұсындағы сыртқысаясатындағы приоритеттерін
анықтау;
- Францияның еуропалық Саяси одақты фрако-герман негізінде құру
әрекетіне анализ жасау;
- Францияның АҚШ-тан тәуелсіз болу мақсатымен Англияның Ортақ
нарыққа кіруіне вето жариялауының себептерін қарастыру;
- 1965-1966 жылдары Франция мен ЕЭҚ мемлекеттері арасындағы саяси-
экономикалық қайшылықтардың негізгі себептерін қарастыру.
Курс жұмысында отандық және ресейлік авторлардың еңбектері,
сонымен қатар Бесінші Республиканың бірінші президенті Шарль де Голльдің
естеліктері қолданды. Оның Әскери мемуарлары мен Еуропалық құрылыс
жөніндегі тұжырымдамалары түсіндіретін Үміттер мемуарлары қолданды. Шарль
де Голльдің естеліктері еуропалық құрылысқа, әсіресе, Еуропаның Саяси
бірігуінің қажеттілігіне байланысты автордың көзқарасын білуге мүмкіндік
береді. Үміттер естеліктерінде Шарль де Голль конфедерация негізінде
қаланатын бірлестік ретінде көретін Еуропаның саяси интеграциясының
проблемаларына ерекше кеңіл бөлінеді.
Бірінші топқа Еуропаның тарихы мен еуропалық интеграцияның
тарихы бойынша жалпы еңбектер кіреді; екінші топқа Францияның сыртқысаяси
тарихы бойынша еңбектерді қамтиды. Отандық және ресейлік тарихнамада
бірінші топқа интеграциялық үрдістердің жалпы мәселелерін қарастырған түрлі
ғылыми мектеп өкілдеріне жататын еңбектер, зерттеулер тиесілі. Соның ішінде
Ж.У. Ибрашев, К.Н.Макашева, Э.Т.Енсебаева, М.Быченко және т.б.
редакциясымен жазылған Анатомия Европейской интеграции атты еңбегінде
(Алматы, 2003) Еуропалық Одақ құру идеялары, алғышарттары айқын
көрсетілген, Еуропаны біріктіру мәселелері қарастырылады. А.О.Чубарьянның
Европейская идея в истории. Проблемы войны и мира (Москва, 1987)
монографиясында еуропалық бірігу идеяларының соғыс пен бейбіт мәселелерімен
өзара байланысының дамуы зерттеледі. А.И.Безруковтың Проблемы
западноевропейской интеграции (Москва, 1987) және П.А.Зубченконың
Еуропейское сообщество на пути к единому рынку (Москва, 1990) атты
еңбектерінде интеграцияның жалпы теориялық сұрақтары қарастырылады, оның
Еуропаның үлкен және кіші елдеріне экономикалық және әлеуметтік
салдарлары, сонымен қатар еуропалық Ортақ нарықтың әлеуметтік экономикаға
ену мәселелері қарастырылады. В.Г.Барановскийдің Европейское Сообщество в
системе междуранодных отношении (Москва, 1986), Западная Европа:
Политическая и военная интеграция (Москва, 1984) атты еңбектерінде
Еуропаның Саяси Одағы құрылуының мақсаттары мен тапсырмалары қарастырылған,
еуропалық елдердің әскери-саяси блок НАТО-да қатысуының анализі беріледі.
Батыс Еуропаның 1950-1960 жылдардағы сыртқысаяси интеграциясының дамуының
ерекшеліктеріне келтірілген бағалар алтылық елдерінің әр қайсысының
интеграциялық бағытын түсінуге мүмкіндік береді, сонымен қатар Еуропаның
саяси интеграциясының мәселелеріне түрлі елдердің көзқарастарына анализ
беріледі.
Екінші топқа Францияның сяртқысаяси тарихына, Бесінші Республика
кезеңіндегі Шарль де Голльдің жүргізген сыртқы саясатына арналған
еңбектерді жатқызуға болады. Ж.У.Ибрашевтың Политическая концепция Ш. Де
Голля (Алматы, 1971) еңбегінде Шарль де Голльдің жүргізген саясаты, саяси
концепциясы қарастырылады. И.А.Колосковтың Внешняя политика Пятой
Республики (Москва, 1976), В.С.Шиловтың Политические партии и внешняя
политика Франции (1958-1969) (Москва, 1977), В.П.Славенованың Внешняя
политика Франции (Москва, 1981) атты еңбектерінде Францияның Бесінші
Республика периодындағы сыртқы саясаты зерттеледі. Сыртқы саясат
облысындағы, соның ішінде еуропалық саясат облысындағы әлеуметтік
сфераның жалпыеуропалық экономиканың жаңа талаптарына адаптациясының
қиындықтары қарастырылады. Аталған еңбектер де Голльдің еуропалық бағытының
Францияның сыртқы саясатының басқа бағыттарымен өзара байланысын тереңірек
зерттеп білуге мүмкіндік береді.
Курс жұмысы барысында тарихи оқиғаларға шолу жасалынып тарихи, конвент
анализ әдістері қолданылды.
Курс жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Генерал де Голльдің Еуропа саясатына
байланысты басты тұжырымдамалары деген бөлімінде француз президентінің
басты тұжырымдамаларына сипаттама беріліп, олардың негізгі ойын ашады.
Шарль де Голльдің өз тұжырымдамаларын іске асырудағы басты қадамдары деген
бөлімде француз-батысгерман қарым-қатынастарындағы келісушіліктер мен
шиеленістер, Фуше жоспарларындағы басты идеялар, Францияның Англияға вето
жариялауының негізгі себептері және 1965-1966 жылдары Еуропалық
қауымдастықта болған ең ауыр дағдарысқа тоқталынады.
Курс жұмысы Шарль де Голльдің еуропалық саясатының басты бағыттарының
мәнін ашуға тырысады.
I. Шарль де Голльдің Еуропалық саясатындағы басты тұжырымдамалары

1. Шарль де Голльдің сыртқысаяси доктринасындағы Еуропа

Еуропалық саясат де Голь үкіметінің сыртқысаяси қызметінің басты
бағыттарының бірі болды. Айта кету керек, өткен жүз жылдықтың 50-60
жылдардағы сыртқысаяси концепциясын Екінші дүние жүзілік соғыс пен Төртінші
республика кезеңінде құрылудан Бесінші республика кезеңінде іс жүзінде іске
асырылуына дейін қарастыру керек. Еуропаға қатысты де Гольдің саяси
концепциясында бірінші жағынан, Францияның еуропалық елдерге қатысты
саясатын, екінші жағынан, Францияның еуропалық мемлекет ретінде еуропалық
емес елдерге қатысты саясатын белгілеу қажет.
Сыртқы саясаттың құрылуының ұлттық ерекшеліктеріне келесілерді
жатқызуға болады. Францияда ел ұлы әлемдік держава болып табылады деген
тұрақты іштей келісім бар. Дәл осы де Голь Франция тек алдыңғы қатарларда
болған жағдайда ғана нағыз Франция болады[1] деп құрған голлистік дәстүр
болып табылады.
Басқа елдермен салыстырғанда, Франция өзінің колониальды өткен шағы
бойынша кінәлілігін аса сезінбейді, бұл оған әлемдегі ғаламдық рөлге
талпынуға ілгерілік береді және жетекші батыс елдері мен үшінші әлем
мемлекеттері арасында делдалдық рөлді атқарі талпынысында көрінеді. АҚШ-қа
қарағанда, Франция ешқашан бір жақты гегемонизмге талпынған емес.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұлы державалардың көпполярлық әлемдік құрылым
шеңберінде тепе-теңдігі арқылы дәстүрлі қарастырылады. Осыдан Францияның
жұмсақ балансталған саясатты жүгізу мен көпжақты одақтар пайдасына екіжақты
одақтардан бас тартудың дәстүрлі талпыныстары шығады.
Франция сонымен қатар әскери құралдарды қауіпсіздік саясатын
қамтамасыз ету негізі ретінде қарастырады, бұл НАТО және Еуропаның басқа
мемлекеттерінен ұлттық қорғаныс мәселелерінде ерекшеліктерінде және өзінің
жеке ядролық саясатын жүргізуде растығын табады.
Геосаяси тұрғыдан Франция өзін бір уақытта тек континенталды және
теңіз держава ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен қатар бір уақытта
Атлантикаға және Жерорта теңізіне шыға алатын жалғыз (Испаниядан басқа)
еуропалық ел екендігін нақтылайды. Францияның мұндай жағдайы геосаяси
спецификасын да алдын ала анықтады – біріншіден, өзінің бұрынғы
колонияларымен байланысы, екіншіден, Францияның Жерорта теңізі, Солтүстік
Африкамен қоса Таяу Шығыста және оған жақын акваторияларда аймақтық
тәртіпті құруда қатысуы. Үшіншіден, Еуропада қауіпсіздік жағдайының ерекше
маңыздылығы мен еуропалық істерде қатысу, мұнда Франция АҚШ, Ұлыбритания
(англосаксондық топ), Германия және кейбір жағдайларда Ресейдің еуропалық
тәбеттерін ұстап қалып отырып, өзін аймақтық көшбасты деп дәстүрлі санайды.

Франция соғыс аяқталғаннан кейін негізгі сыртқысаяси талпыныстарын
өзінің колониялдық иеліктерінде күштік саясатын жүргізуге шоғырланды.
Үндіқытай мен Алжирдегі соғыстардан қолы тимеген Франция Еуропада бірінен
соң бірі позициялерын жоғалтты. Француздық қарулы күштердің НАТО-ға
интеграциясы, яғни іс жүзінде АҚШ-тың бақылауы астына, 50-ші жылдардағы
ремилитаризация және ФРГ-ның ұстанымдарының күшеюі Франция АҚШ пен НАТО-ға
қатысты дербестігін ала алмауынсыз, өзінің дәстүрлі күштік саясатын қайта
қарауынсыз өзінің мүдделерін қамтамасыз алмайтындығын көрсетті.
Шарль де Гольдің 1958 жылы билік басына келуі және Бесінші
Республиканың режимінің орнауы Францияның ұлттық доктринасының радикалды
қайта қарауының басталуын білдірді. Ұлттық доктрина негізіне де Голь
ұлттық тәуелсіздік және Франция ұлылығы ұрандарын қойды. Ұлт идеясы
абсолютті құндылықтар категориясына қойылды.
Де Голь сонымен қатар Францияның көп полярлық әлемдік тәртіпке
ориентациялануын және әлемді биполярлы бөлуді қабылдамау ориентациясын
жариялады. Де Голь бұрынғы саясатты қайта қарауды келесі схема бойынша
құрды: АҚШ өзінің билеушілік жағдайын бара-бара жоғалтады, Ресей Еуропада
біршама шегінеді, үшінші әлем өзінің тәуелсіздігін алады, бірақ пассивті
болып қала береді. Әлемдік тәртіпке мұндай ұстаным Францияның негізгі
миссиясын ірірек державалардың күштер балансында ойын және олардың қайсысы
бірімен одақтан бас тарту ретінде анықтады. Мұнда Франция геосаяси
факторларды ескеріп көпжақты одақтар құру үшін шықты. Елдің қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді мақсаты ретінде де Голль әлемде басқарушы
орындардың бірін ұлттық күш қуат құралдарын және тез экономикалық өсімді
комплексті қолдану арқылы алу қажеттілігін анықтады. Жоспарлау-келісім-
ынтымақтастық формуласы алға тартылды.
Алғашында (1958-1962жж.) бұл мақсат Францияның НАТО-да АҚШ және
Ұлыбританиямен бірігіп үш жақты көшбасшылыққа негізделу шеңберінде іске
асырылды. Бұған негіз ретінде Францияның ядролық статусы және әскери күшке
арқа сүйеуі болып есептелді. Алайда, кейіннен әскери-стратегиялық
автономияға АҚШ-тың НАТО-дағы басымдылығын баланстайтын еуропалық одақты
параллельді іздеумен қатар ие болу бағыты басымдылыққа шықты. Ол үшін
қарастырылды: 1961-1962 жж. Әскери-саяси одақ алтылық Еуропасы
(Ұлыбританиясыз); француздық ядролық кепілдіктермен Франция мен ФРГ-ның
одақ негізі ретінде жалғыз және бірыңғай қорғаныс жобасы (Елисей
келісімінің француздық жобасы, 1962-1963 жж); франко-ағылшын ядролық одақ
(60 жылдардың соңы – 70 жылдардың басы).
Францияның жеткіліксіз экономикалық қуаты, голлистердің ойынша, оған
батыс әлемде дербестікті кепілдендірмеді, бұл елдің тек дипломатиялық,
саяси және моральдік резервтерін күшейту ғана емес, сонымен қатар ядролық
қуаттың қатаң демонстрациясының қажеттілігін тудырды: Францияда ұлттық
ядролық қаруының болуы Еуропа дамуының негзгі факторы болады.
Бұл көзқарастар француздық әскери доктринаның негізіне жатты, бұл
доктрина КСРО-АҚШ сызығы бойынша стратегиялық тепе-теңдігінің басталуынан,
Стратегиялық Ядролық Күштердің Жалпы Бағытталған Күштер үстінен приоритеті
және әлемде ұлттық қауіпсіздікті тәуелсіз қамтамасық етуден шықты.
Де Голльдің доктринасы шақырушы біржақтылық пен ұлттық қауіпсіздік
саясатына ғаламдық араласуға претензияларға негізделі арқылы іске асырылды.
Бұл саясат Францияны қайтадан ішкі жағдайдың дестабилизациясына әкеп соқты
және де Голль доктринасының көптеген конфронтациондық жағдайларын қайта
қару талаптарын түсінуге әкелді. Деголльдік Еуропалық саяси одақ
концепциясы, яғни суверенді мемлекеттер одағына негізделген
конфедерациялар, Мемлекеттер Еуропасын құру идеясына негізделеді.
Шарль де Голльдің еуропалық жоспарлары екінші дүниежүзілік соғыс
кезінде-ақ пайда болды. Бірақ сол кезде де Голль еуропаның бірігу
формаларын айтпаған болатын. Оның еуропалық позициясын дұрыс түсіну үшін
Мемлекеттер Еуропасы, Еуропалық Еуропа және Атлантикадан Оралға дейін
атты тұжырымдамаларын айта кету кереқ Бірінші тұжырымдама еуропалық
мемлекетаралық институттарымен байланысты, екіншісі Батыс Еуропа мен АҚШ-
мен қатынастарына қатысты, ал үшіншісінде Еуропалық географиялық шекаралар
туралы айтылады.
Генерал де Голль өзінің сыртқы саясатының ең маңызды мақсаты ретінде
Рейн, Альпы және Пиренеи бойында орналасқан мемлекеттердің саяси,
экономикалық және стратегиялық одағын құру және осы ұйым үш әлем
күштерінің біріне айналып, кеңес және англосаксон лагерлері арасында
арбитрға айналу мүмкіндігін қарастырады. Бесінші республика өкілдері Батыс
Еуропада ірі дербес топты құруды жоспарлады.
Бесінші республика құрылғаннан бастап, де Голль Батыс Еуропаның
континентальды мемлекеттерді бірігуде еуропалық экономикалық қауымдастықты
пайдалануға үлкен сенім артты. Бұл экономикалық топ алты мемлекетпен
Франция, Италия, ФРГ, Бельгия, Нидерланды, Люксембургпен құрылды.
Бұған француз сыртқы саясаты негізінен алты мемлекетттің еуропалық
бірлестіктеріне сүйенді: Ортақ нарық, ЕКББ, Еуроатом. Осы
бірлестіктерде Франция тәуелсіздігіне қауіп төндіретін ұлт ұстіндегі
элементтері бар еді.
Осы жағдайларда Шарль де Голль еуропалық ұйымдардың француз
басшылығымен тәуелсіз мемлекеттердің саяси блогын құру арқылы Францияның
беделі мен қуаттылығын қайта жаңғыртқысы келді.
1961 жылы Шарль де Голль кіші Еуропа негізінде АҚШ-тан тәуелсіз
Францияның бастауымен саяси блокты құру туралы өз жобасын алға тартады.
Батыс Еуропа мемлекеттерінің ынтымақтастығын қамтамасыз ету- бұл
Францияның ойы бойынша қажет, мүмкін және саяси, экономикалық, мәдениет
және қорғаныс салаларында тәжірибе жүзінде орын алады[2] - деген еді ол.
Батысеуропалық интеграциялық үрдістерге қарсы болмай, Шарль де Голль
интеграцияланған Батыс Еуропаның басқа формасы мен деңгейін ұсынады. Ол
Мемлекеттер Еуропасын немесе әрбір мемлекеттің ұлттық егемендігіне қол
сұқпайтын батысеуропалық конфедерацияны құруды ұсынады. Ал кейбір едәуір
болса да ұлт үстіндегі органдарға келсек олардың тек техникалық құндылығы
бар, бірақ саяси беделділікке ие емес және бола алмайды.
Шарль де Голль Жалпы нарыққа кірген мемлекеттерінің саналы түрде
үделендіріліп жатқан үрдістің орнына интеграциялық саяси ынтымақтастықты
ұсынды. Ал интеграциялық үрдістің өзіне келсеқ ол де Голльдің ойынша,
эволюциялық түрде, жалпы нарықтық мемлекеттерінің халықтарының біртіндеп
және жүйелі жолы арқылы дамуы керек және осындай бірігудің соңғы мақсаты ол
батысеуропалық конфедерацияның құрылуы еді.
Алайда бұндай конфедерация, Ш. де Голльдің пайымдауынша, Батыс Еуропа
елдерінің толықтай жақындасуы мен бірігуін қарастырмайды. Бұл осы
халықтардың одағы болады. Осындай конфедерацияда немесе батысеуропалық
мемлекеттердің одағында әрбіреуінің ұлттық ерекшелігі сақталынады.
Бірақ осындай жолмен интеграцияланған Батыс Еуропа еуропалық
мәселелерді шешуде тәуелсіз болуы керек. Бұл ешбір еуропалық емес
державаның еуропалық мәселелерді шешуде қатыспауы керек. Басқаша сөзбен
айтқанда, Батыс Еуропа АҚШ-қа тәуелсіз болуы керек, осы ойын нақтылау үшін
Еуропалық еуропа атты ұғым енгізеді.

1.2. Еуропалық Еуропа — АҚШ-на тәуелсіз Еуропа
Францияны біріккен Еуропаның басқарушысы ретінде қарастырған де Голль
өзінің елін тек тәуелсіз ұлттық саясатты құқықты іске асыра алатын ғана
емес, сонымен бірге Батыстың жалпы саясатын шығару міндеткерлігіне ие ұлы
держава ретінде қабылдауына талпынды.
Бесінші республика орнала салысымен оның басқарушылары ұлттық күш -
мемлекеттік саясат рангіне шығарылған француздық ядролық қаруды құру
бағытын алды. 1960 жылы 13 ақпанда Сахарадағы Регган полигонында алғашқы
француздық атомдық бомба сынақтан өтілді. Сосын Франция өзінің қарулы
күштерін термоядролық қарумен (алғашқы сынақтан өту 1968 болды) және
жеткізудің қазіргі заманғы құралдардың толық комплектімен қамсыздандырады:
жерге негізделген ракеталар, стратегиялық бомбардировщиктер, суасты кеме-
ракетатасушылар. Осылайша ол АҚШ пен КСРО-дан кейінгі үшінші ядролық
державаға айналды, алайда оның қуаты бұл екі аса державалардың
потенциалдарына жеткіліксіз. Елдің сапалы жаңа дербестікке ие болғандығын
айқындау мақсатында де Голль Францияның біріккен әскери басқару НАТО-дан
шығуы туралы шешім қабылдайды, алайда сонымен қатар сол уақытта
Солтүстікатлантикалық одақтың мүшесі болып қала береді.
1960 жылдың өзінде Франция АҚШ пен Англиядан кейінгі батыстық ядролық
клубтың үшінші мүшесі болады. Парижде бұл оқиғаға үлкен мән берілді.
Ядролық аргумент француздық дипломатияның маңызды козырьларының біріне
айналды.
Соымен қатар Атлантикалық одақтан бөлек Батыс Еуропаның континенталды
елдерінің әскери-саяси блогын құру үшін талпыныстар бағытталды. Оның
экономикалық негізі Ортақ нарық болу керек еді.
Францияның ЕЭҚ-қа қатысуы Шарль де Голль үшін тек қана экономикалық
маңызы болған жоқ. Француз президенті Ортақ нарықтың Франция басшылығымен
құрғысы келген Еуропалық Еуропаның экономикалық негізі болатынына сенді.
Ол бұл экономикалық блоктағы басты рөл Париждің НАТО-да көрнекі орын ала
алуға және Евроафрика жобасы арқылы Африка континентіндегі орнықты
күйінен шыққан француз позицияларын нығайтуға көмектесетініне кәміл сенген
болатын.
Еуропалық Еуропа атты ұғымын іске асыруда Батыс Еуропа мемлекеттері
арасында қолдау таппады. Алайда Шарль де Голль өзінің осы жоспарларын іске
асыруда одақтасы ретінде Батыс Еуропаны таңдайды.
Генерал де Голль Аденауэрге саяси одақтың концепциясын айтып, ЕЭҚ
мемлекеттерінің саяси одағының жобасын іске асыруда нақты мақсаттарды
көрсетеді: мемлекет, үкімет басшыларының, сыртқы істер, экономика,
мәдениет, әскери министірлерінің әрдайым болып тұратын кездесулерін
ұйымдастыруды, арнайы мәселелерге арналған комиссияларды құруды және
Парижде орналасатын тұрақты саяси хатшылықты құруды ұсынады.
Саяси одақтың қатысушыларынан Шарль де Голль ЕЭҚ-қа мүше емес деп,
Англияны ысырып тастайды. Генерал де Голль Англияны шынымен континенталды
держава деп санаған жоқ. Оның ойынша ол АҚШ-ң кіші бауыры еді. Сондықтан
өзінің мақсаттарына жету үшін, де Голль ЕЭҚ-қа Англияға кіруге екі рет вето
жариялайды.
Атлантикалық блок ішіндегі Еуропалық елдердің дербес одағын құру
француз жоспарлары француз - американ және француз-ағылшын қайшылықтарын
шиеленістірді. АҚШ басшылығы бірнеше жылдар бойы өзінің қамқорлығымен
батысеуропалық мемлекеттердің бірігуін жақтады. Сол кезде де Голль
жоспарларында американ экономикалық және саяси гегемониясына қауіп төнді.
АҚШ үкіметі сол кезде кең атлантикалық қауымдастық ұйымының жобасын
көздеді, осы ұйымның мүшелері өзінің қарулы күштері және сауда-экономикалық
жүйелерін біріктіру керек еді. Жаңа американ жобасы Кеннедидің ұлы жобасы
деп аталынды. Жоба бойынша НАТО-ның барлық мүшелері, оның ішінде, Англия
кіретін кең экономикалық қауымдастық құру болды[3]. АҚШ жобасы екіжақты
мақсатты алға тұтқан болатын: біріншіден, алтылықка экономика және саяси-
стратегиялық жағынан дербес бірлестік болуға кедергі жасау; екіншіден,
Батыс Еуропа мен АҚШ-тың қырғи-қабақ соғысында социализмге қарсы бірлігін
сақтау.
Бесінші республиканың дипломатиясы Кіші Еуропаның алты мемлекеттерін
тек сауда-экономикалық ғана емес, сонымен қатар НАТО-мен байланысты, бірақ
одан тәуелсіз әскери-саяси блоктың ұрығы ретінде қарастырған болатын. Бұл
Еуропалық Еуропаның негізгі мәні еді.
Осыған орай француз дипломатиясы көпжақты ядролық күштерді құру
арқылы ГФР-дің ядролық қаруға қол жеткізуіне мүмкіндік беретін жоспарларға
қарсы болады. Осы кезде француз-батысгерман қайшылықтары шеиленісе түседі.
Көпжақты ядролық күштер бағдарламасының жүзеге асырылуы ұлттық соққы
күшін құру туралы француз жоспарлары мен әсіресе, Еуропалық Еуропа атты
тәуелсіздік саясатын жоққа шығаратын еді.
1964 жылы қазанда де Голль НАТО-дағы еуропалық серіктестеріне
еуропалық бірлік пен көпжақты ядролық күштер арасында таңдау жасау керек
екендігін мәлімдейді.
Сол жылдың қараша айында министірлер Кеңесінің отырысында Шарль де
Голль алғаш рет егер ГФР мен Англия Франциядан одан ары алыстап бара
жатқаны расталса, одақтардың жойылу мүмкіндігі туралы мәлімдейді. Сонда
Ж.Помпиду жұрт алдында былай деген болатын: Егер көпжақты күштер
батысгермандық-американ әскери одағының құрылуына алып келсе, біз бұны ГФР-
мен орнатқан және француз-батысгерман келісімімен айқындалған қатынастармен
мүлдем сәйкес келмейтіндігін көрсететін едік[4].
Кизингер-Брандт коалициялық үкіметінің ГФР-да билік басына келуі
батысгерман-француз қатынастарын жылыта тұстіреді. 13 желтоқсан 1966 жылғы
Кизингердің декларациясында Франциямен қатынастардың дамуына арналған
болатын және осы қатынастарға еуропалық сипат берілген еді. Осылайша,
француз-батысгерман қатынастарының жаңа кезеңі басталады.
Англияның Ортақ нарыққа кіруіне генерал де Голльдің кедергі жасауы
Еуропалық Еуропа тұжырымдамасымен байланысты еді.

II. Шарль де Голльдің өз тұжырымдамаларын іске асырудағы басты қадамдары

2.1 Франция мен ГФР арасындағы қарым-қатынастар
Голлистердің жоспарларында Герман Федеративті Республикасы аса маңызды
орнында еді және онымен ынтымақтастықты нығайту Бесінші Республиканың
еуропалық саясатының негіздерінің бірі болған. Бесінші республиканың
басшыларының Аденауэр үкіметімен ресми саяси ынтымақтастығы Коломбэде 1958
жылдың қыркүйек айында өткен франко-герман келіссөздерінен басталады[5].
Келіссөздер жабық есікте өткен болатын, ал бұл келліссөздердің
коммюникесіне көз жүгірсек, де Голль мен Аденауэр келесі мәселелерді
талқылады: еуропалық институттардың болашағы; Еуропа және саяси бірлік;
атомдық энергия мәселелері; Африканың болашағы; Кеңес Одағы, Қытай және
Таяу Шығысқа қатысты саясат. Алайда келіссездердің басты мәселесі
Еуропадағы бірлескен саясат женіндегі мәселе (еуропалық институттарға
қатынас, Еуропаны біріктіру жоспарларындағы франко-герман
ынтымақтастығының орны) болып еді.
Шарль де Голль мен Аденауэр алғашқы кездесуінде франко-герман одағын
Еуропаның бірігуінің негізі ретінде және Атлантикалық одақты бекітудің
тәсілі ретінде қарастыруға келісті. Германия Федеративті Республикасының
және Француз Республикасының тығыз қарым-қатынасы Еуропадағы барлық
конструктивті бастамалардың негізі болып табылады. Ол Атлантикалық одақтың
бекуіне септігін тигізеді делінді коммюникеде. Сондай-ақ, франко-герман
ынтымақтастығына Франция мен ГФР байланыс орнатқан Батыс Еуропаның басқа
мемлекеттерін де тартып, ынтымақтасуды мүмкіндігінше еуропалық
мемлекеттердің максималды санын тарату туралы шешім қабылданды.
Коломбэдегі келіссөздерден кейін Бад-Крейцнахта 1958 жылы қарашада
еткен келіссөздер өтеді[6]. Берлин мәселесіне қатысты батыс державаларының
саясаты халықаралық жағдайдың шиеленісіне алып келеді. Франко-ағылшын
қатынастары еркін сауда зонасы туралы мәселедегі қайшылықтардан қиындады.
НАТО-да дағдарыс генерал де Голльдің реформаторлық тенденцияларынан
тереңдей түсті. Сондықтан Бад-Крейцнахтағы келіссездердің күн тәртібінде үш
мәселе алға шықты: халықаралық жағдай және Берлиндегі жағдаят; атлантикалық
саясат; еркін сауда зонасымен байланысты экономикалық мәселелер.
Келіссөздердің нәтижесі туралы ресми коммюникеге жүгінсек, Бад-
Крейцнахта Шарль де Голль мен Аденауэр өз позицияларын ризаласты.
Келіссөздердің қатысушылары Берлиннің бар мәртебесін қорғау және француз
әрі батысгерман үкіметтері Италия, Бельгия, Голландия, Люксембург
үкіметтерімен бірге экономикалық әрі саяси салаларда ынтымақтастықты
жалғастыру туралы келісті. Біріншісі Батыс Берлинде оккупациялық режимнің
сақталуына, ал екіншісі қатысушылардың санын шектеу және кіші Еуропаны -
алтылық Еуропаны нығайтуға бағытталған еді. Іс жүзінде бұл еркін сауда
зонасын қорғау туралы жоспарларын қабылдамау болатын.
Француз-батысгерман саяси ынтымақтастығы әскери ынтымақтастықтың
күшеюімен бірге жүрді. 1959 жылы қаңтарда Франция, Италия және ГФР арасында
қаруды стаңдартизациялау мақсатында әскери техника саласында біріккен
зерттеу мен өндіру туралы келісімге қол қойылды. Кейін Франция, ГФР мен
Италия арасындағы әскери ынтымақтастық барлық салаларда дамыды. ГФР қарудың
жаңа түрлерін жасап шығарудың француз жұмыстарын қаржыландарды, сонымен
қатар, ғылыми-техникалық көмек берді, ал өз кезегінде ГФР француз
технологиясына жету мүмкіндігін алды. Батыс Германияға қаруды сату бойынша
Франция АҚШ-тан кейін екінші орынға ие болады.
1960 жылы Бесінші республика үкіметі бундесвердің оқу базалары мен
складтары үшін француз территориясын пайдалануға береді. 1962 жылы біріккен
екіжақты француз-батысгерман әскери жаттығулар өткізіле басталды. 1962 жылы
мамырда құрлық әскерлерінің жаттығулары, ал маусымда әскери-теңіз күштердің
жаттығулары болып өтеді. Бұл жаттығулар НАТО жоспары бойынша емес, екі
жақты ынтымақтастық негізінде етеді.
Алайда Францияның және ГФР-ң әскери негізіндегі жақындасуы осы
мемлекеттер арасында негізгі қайшылықтарды жоя алмады. Франция да ГФР да
Батыс Еуропадағы өзінің ұстемдігін орнатқысы келді. Сондықтан еуропалық
және еуропалық емес саясаттың маңызды саяси мәселелерді шешкенде әр түрлі
позицияларды ұстанған болатын.
Осындай мәселелердің бірі екі неміс мемлекеттерінің ГДР мен ГФР
арасындағы шекара мәселесі еді. Осы мемлекеттер арасындағы шығыс шекарасы
Ялта және Потсдам конференцияларымен Одер мен Нейсе бойынша анықталды. 1959
жылы 25 наурызда пресс-конференцияда генерал де Голль егер де осы мемлекет
батыста, шығыста, солтұстікте және оңтұстікте қазіргі шекараларына қауіп
төндірмесе, Франция мемелекеттің бірігуіне қарсы шықпайтындығын
мөлімдейді[7]. Осылайша, француз үкіметі Одер-Нейсе бойынша шекарасының
зандылығын күмән етпейтінін көрсетеді. Бұл Батыс Германияның басқарушы
топтарында наразылық тудырды.
ГФР мен Франция арасында қарама-қайшылықтар еуропалық орғандардың
Еуропаның болашағына байланысты қызмет атқару әдіснамалары туралы мәселеде
бірталай келіспеушіліктер пайда болады. Төртінші республика кезінде бұл
мәселелер жөнінде ЕКББ, ЕЭҚ және Еуроатомды құру туралы келісім шарттарында
анықталған Париж бен Бонн арасында келісімге қол жеткізілген болатын.
Батысгерман және француз жақтары салалық экономикалық интеграцияның
мақсаты Батыс Еуропаның федерация түріндегі саяси интеграцияға қол
жеткізу болып табылады деп мәлімдеген еді. Бұндай саясатты ГФР де Голльдің
билік басына келуіне дейін ұстанған болатын. Аденауэр 1959 жылы Санди
таймс газетіне сұхбат берген кезінде, ол үкіметтің Жалпы рынок арқылы
континенталды Батыс Еуропаның саяси интеграциясына қол жеткізуге
тырысатындығын, себебі ол Батыс Еуропаны Шығыстың қысымынан қорғаудың
жалғыз ғана тәсілі деп мәлімдеме жасаған болатын.
Алайда Шарль де Голль және оның жақтастары өзгеше ойлады. Олар
негізінде Батыс Еуропаның бірігу идеясына қарсы болған жоқ. Дегенмен
олардың бірігу идеясында федеративті бастамалардағы ассоциация емес,
конфедерация принципіне біріккені Мемлекеттер Еуропасы қарастырылды.
Сондықтан бұған байланысты голлистер еуропалық институттарының қызмет
атқаруында олардың ұлт ұстіндегі функцияларын әлсіретуге тырысты.
Интеграцияның формаларына қатысты түрлі көз қарастар әскери күш
интеграция саласында да келіспеушіліктерге әкелді. Бесінші республиканың
басшылары әскери интеграцияға мүлдем қарсы болды және өз мемлекеті үшін
олар француздық ұлттық соққы беруші күштің құрылуын жақтаған болатын.
Бірақ ГФР-ң басқарушы топтары қазіргі заманда ұлттық армияның болуы мүмкін
емес және бундесвер бола алмайды және болғысы келмейді- деп өз позиқиясын
бекіткен болатын.
Сонымен қатар айтып кететін бір жайт, екі ел арасында Францияның
Алжирге байланысты жүргізген саясаты қайшылықтарға алып келеді. Бірнеше
жылдар бойы ГФР үкіметі француз үкіметіне қаржы көмегін керсетіп тұрған
болатын. Бұл өз кезегінде алжир соғысының қаржыландырылуы еді. Алайда
француз отарлық саясатының әдістері ГФР басшыларының қарсылығын туғызды.
ГФР отарлауға қарсы болуының себебі, Алжирдегі соғыс Солтұстік Африка мен
Еуропа арасында қарама-қайшылыққа алып келетінін және батысгерман
капиталына сол аймаққа өтуге, Африкадағы оның саяси-стратегиялық
позицияларының күшеюіне кедергі болатынынан қауіптенуі еді.
Осылайша, жоспарланған франко-герман одағы ішкі қайшылықтарға толы
болды және терендей тұсті.
1962 жылы сәуірде еткен ЕЭҚ мемлекеттерінің өкілдері арасында
келіссөздер сәтсіздікке ұшырағаннан кейін ресми француз-батысгерман
кездесулері жиеленіп, екі ынтымақтастықтың нығаюына бағытталған болатын.
1963 жылы қаңтарда француз-ағылшын және француз-американ
қайшылықтардың шиеленісуі жағдайында Аденауэр Францияға сапар шегіп,
генерал де Голльмен келіссөздер жүргізеді. Бұл Шарль де Голль мен
Аденауэрдың 13-кездесуі еді. Нәтижесінде 1963 жылы 22 қаңтарда
ынтымақтастық туралы екіжақты француз-баттысгерман келісіміне қол қойылады.
Келісім бойынша, түрлі деңгейдегі үкіметаралық кеңестер үнемі өткізілуі
керек еді. Мемлекеттер мен үкіметтер бастылары жылына екі рет, сыртқы істер
министірлері үш айда бір рет, бас штабтарының басшылары екі айда бір рет
кездесуі тиіс еді. ГФР мен Франция үкіметтері барлық маңызды мәселелер
бойынша кеңес өткізіп отыруы тиіс. Экономикасы әлсіз мемлекеттерге көмек
көрсетілуі көзделді.
Әскери стратегия мен тактика саласында доктриналардың жақындасуы мен
біріккен тұжырымдамаларды жасау, әскери персоналмен алмасу қарастырылды.
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруда ынтымақтастықты орнатуға міндет алынды.
1963 жылы 14 маусымда бұл келісім Ұлттық жиналыспен ратификақияланып,
шілде айында күшіне енеді.
ЕЭҚ-ң басқа мүшелерімен секілді ГФР-мен одақтасу де Голльмен АҚШ және
Атлантикалық пактінің қалған мүшелерімен одақтасудан тыс емес, қайта бұл
пактінің шеңберінде қарастырылды, себебі ол оның сақталынып қалуы үшін
маңызды тетік еді. Бұл француз-американ қайшылықтарына қарамастан голлистік
сыртқы саясаттың маңызды принципі болған еді.
Француз - батысгерман келісімінің күшіне енуіне қарамастан, оған қол
қойылғаннан кейін, Париж бен Бонн арасында қатынастар шиеленісе бастайды.
Бұл Аденауэрдың кетуімен және Л.Эрхардтың билікке келуімен байланысты еді.
Эрхард проамерикандық бағыт ұстанған еді.
Шарль де Голль француз-батысгерман ынтымақтастығын Батыс Еуропа мен
Атлантикалық одақ күштерінің ұйымдастырудың негізі ретінде қарастырды,
бірақ бұл ынтымақтастықтың АҚШ-ң бастамасымен іске асырылмауы керек болатын
деп тұжырымдайтын.
1964 жылы өзінің сыртқы саясатын белсендіре тұсті. ГФР-мен қарым-
қатынастарына ерекше көңіл бөлінді. Алайда Еуропаны бірігіп басқару
туралы ұсыныстардың Эрхардпен қабылданбауы француз-батысгерман қатынастарын
шиеленістіре түседі.
Француз-батысгерман қайшылықтары 60-жылдардың 1-жартысында көпжақты
ядролық күштерді құру мәселесінде анық көрінеді.
Көпжақты ядролық күштерді құру және Еуропалық Еуропаның тәуелсіздік
саясатын туралы француздық жоспарларды жоққа шығаратын еді. Сондықтан
генерал де Голль бұл жобаның іске асырылуына кедергілер жасады.
1964 жылы қазанда де Голль НАТО-дағы еуропалық серіктестеріне
еуропалық бірлік пен көпжақты ядролық күштер арасында таңдау жасау керек
екендігін мәлімдейді.
1966 жылы Франция НАТО-ң өскери ұйымынан шықаннан кейін француз-
батысгерман қатынастары шиеленіскен кезеңінің ең соңғы нүктесіне жетеді.
Алайда 1966 жылдың желтоқсан айына таман француз-батысгерман қатынастары
қайта жыли бастады. Кизингер-Брандтың коалициялық үкіметі құрылғаннан кейін
ГФР-ң сыртқы саяси бағыты өзгерді: ол Шарль де Голльдің еуропалық саясатына
жақын болған болатын. Бұл келесі жағдайлармен байланысты болған: 1)
халықаралық қатынастарда халықаралық қысым көрсетуді жою тенденциясы
нығаюы; 2) Бесінші республика президентінің көзқарасын көп жағдайларды
қолдаған батысгермандық деголльдіктер деп аталған топқа кірген үлкен
коалиция қайраткерлерінің үкімет құрамына енуі; 3) социал-демократтардың
үкіметте болуы мен әсіресе, жаңа шығыс саясаты бағытын құруға қатысуы.
Осының бәрі Бесінші республика мен ГФР-ң жақындасуына және ынтымақтастық
туралы франко-батысгерман келісімінің жандануына әсер етті.
1966 жылы 13 желтоқсандағы Кизингер-Брандт үкіметінің шығарған
декларациясы француз-батысгерман қатынастарының атмосферасын жылыта
тұсті.
1967 жылдың басында француз-батысгерман қатынастардың жақсаруы барлық
салаларда ынтымақтастықтың күшеюіне алып келеді. Кизингер мен Брандт өзінің
бірінші ресми сапарын АҚТП-ка емес, Францияға шекті. Пікір алмасу барысында
екі мемелекет басшылары ынтымақтастықты дамытуға, 1963 жылғы келісімді
қайта жаңартуға, Шарль де Голль мен Аденауэр анықтаған саясатты жүргізуге
келісті.
Бесінші республика басшыларының ГФР-ң жаңа басшыларымен екінші
кездесуі 1967 жылы 12-13 маусымда Боннда еткен болатын. Осы кездесу
халықаралық жағдайдың шиеленіскен кезінде өтті. Сол кезде Израильдың араб
мемлекеттеріне қарсы агрессиясы мен Вьетнамдағы американ интервенциясының
кеңеюі байқалды.
Шарль де Голль мен Кизингер халықаралық жағдайды, оның ішінде, Таяу
Шығыстағы жағдай, Ортақ нарыққа Англияның кіру мәселесін, француз-
батысгерман ынтымақтастығын талқылады.
Ресми құжаттарда келесі үш біріккен шешімдер туралы айтылды:
1. Экономикалық, өнеркәсіптік және техникалық ынтымақтастық
жөнінде тұрақты біріккен француз-батысгермандық комиссиясын құру
көзделді.
2. 1963 жылғы келісімге сәйкес барлық салаларда ынтымақтастықты
дамыту үшін әр мемлекетте министірлікаралық органды құру шешілді.
3. 70-жылдары Еуропада саяси және әскери-стратегиялық жағдайды
болжауды бірігіп жасау туралы келісімге қол жеткізілді.
Осылайша, 1967 жылы шілдедегі кездесу экономикалық, саяси және әскери-
стратегиялық салаларда ынтымақтастықты дамыту үшін тұрақты ұйымдасқан
құрылымның құрылуы жоспарланды.
Шарль де Голль мен Кизингердің үшінші кездесуі 1968 жылы 15-16 ақпанда
Парижде өткен болатын. Осы келіссездердің негізгі тақырыбы ағылшын
мәселесі болатын, яғни Англия мен басқа мемлекеттердің Ортақ нарыққа
кіру мәселесі және алтылықтың дамуы туралы мәселелері еді.
Төртінші кездесу 1968 жылы қазанда еткен еді. Келіссөздердің күн
төртібінде Кеңес Одағына қатысты саясат туралы тұрған болатын.
Франция мен ГФР арасындағы қатынастар он жыл ішінде біресе жақсарып,
біресе шиеленісіп отырған. Басшылардың басты келіспеушілігі де Голль
ұстанған саясатпен тығыз байланысты.

2.2. 1961-1962 жылдардағы Фуше жоспарлары
Шарль де Голльдің өз саясатын жүзеге асырудағы Фуше жоспарларының
мәні зор.
1958 жылы қыркүйекте Ж.Рюэфф басшылығымен эксперттер комитеті құрылды.
Бұл комитетке Ортақ нарық механизмін күшіне енуге Франция экономикасын
дайындауға тапсырма берілді. Комитет жасаған ұсыныстар 1958 жылы
желтоқсанда үкіметтің экономикалық және қаржы бағдарламасына айналды.
Бірқатар шаралардың жасалуына байланысты Франция ЕЭҚ үшін өтпелі кезеңнің
мерзімін қысқартуды ұсынды. Бірақ Францияның бұл ұсынысын қалған мүшелер
қабылдамады, әсіресе ГФР. Бұл мемлекет кедендік қарусыздандыруды
алтылық пен жетілік (Еуропалық еркін сауда ассоциациясы) арасында
келісімге қол жеткізбейінше кейінге қалдыру керек деп ұсынды. Алайда барлық
қарсылықтарға қарамастан, кедендік қарусыздандыру туралы француз ұсыныс
қабылданды.
Экономикалық интеграциядағы генерал де Голльдің дипломатиясы осымен
шектелген жоқ. 1959 жылы француз өнеркәсіп пен сауда министрі М.Жанненэ
ЕКББ құрылуы туралы Париж келісімін өзгертуге және осы келісімді Рим
келісмімен ауыстыруға ұсынды. Бірақ Ортақ нарықтағы әріптестері бұл
ұсынысты қабылдаған жоқ.
Еуропалық экономикалық интеграция жүйесіндегі ұлт үстіндегі
элементтерді жоюға бағытталған француз курсы, 1960-1962 жылдары Батыс
Еуропаның саяси бірігу жоспарын талқылағанда анық көрінді. 1960 жылдың
ортасында халықаралық жағдай шиеленіскен кезінде Франция президенті өз
жоспарларын жария етті. Алғашқы кезде бұл жоспарлар ресми түрде 1960 жылдың
маусымында генерал де Голль мен Аденауэр келіссездер кезінде айтылған
болатын.
Шарль де Голльдің егеменді мемлекеттердің одағына сүйенген
конфедерациясы, яғни, Еуропалық саяси одақтың концепциясы Мемлекеттер
Еуропасын құру идеясына негізделген болатын. Бұл терминді алғашқы рет
М.Дебре Француз Ұлттық Жиналысының алдында сөз сойлеген кезде қолданған
болатын, одан оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шарль де голль
Франциядағы Бесінші Республика Конституциялық құрылымына шолу жасап, президент Шарль де Голльдің ел тарихындағы алатын орны мен мемлекеттік реформаларының маңызын зерттеу
Франция отарлық саясатының күйреуі
Голль үшін тарихи тұлға - мемлекеттің дамуының негізі
Еуроодақ құрылуының алғы шарттары
Төртінші республиканың саяси партиялары туралы кітаптардың авторлары
ІV Француз Республикасының конституциясы және саяси шиеленістері
Ядролық әріптестік мәселелері
Франция ХХ ғасыр табалдырығында
Франция 1945-2006 ж.ж. аралығында
Пәндер