Жапония


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЖАПОНИЯ

ЖАҢА САЯСИ Қ¥РЫЛЫМ

Бірінші дүниежүзілік соғыста Жапония өзінің колониалдық иеліктерін Тынық мұхиттағы германдық колонияларды жаулап алып кеңейтті. Ірі концерндердің («Мицуи», «Мицубиси» және т. б. ) позицияларының күшеюі өнеркәсіптің, соның ішінде әскери өнеркәсіптің де дамуы негізінде жүзеге асырылды. Бұл концерндер "дзайбацу 1 " деп аталынды.

Сонымен қатар, селода әлеуметтік шиеленістің өсуіне жағдай жасайтын феодалдық қатынастар да сақталынып келді. 20-жылдардың соңы - 30 жылдардың басындағы тоқырау әлеуметтік-экономикалық және саяси қайшылықтарды өршіте түсті. Бұл жағдайдан шығудың жолы ретінде мемлекет басшылары милитаризация мен әскери полицейлік режимнің күшейтілуіне ден қойды. 1933 жылы Жапония Ұлттар лигасынан шықты. 1937-І939 және 1940-1941 жылдары министр-президенттің лауазымын тоталитаризмнің жақтаушысы - ханзада Коноэ иеленді. Ол милитаристтік топтар мен «дзайбацудың» өкілі болып табылды. Оның үкіметі «жаңа саяси құрылымды құру туралы жариялады. Барлық партияларға ерікті түрде таратылуға ұсыныс жасалды. Олардың орнына жартылай қоғамдық-жартылай мемлекеттік ұйым - Таққа көмек беру ассоциациясы. Кәсіподақтардың орнына «отанға қызмет ету қоғамдары» құрылды. Аса милитаризацияланған әскери-полициялық режим орнады. Халықты идеологиялық және ұйымдастырылған түрде соғысқа дайындады (жалпы әскери дайындық пен әскери іске оқыту курстары енгізілді) .

Экономикада барлық кәсіпорындарды аумақтық-салалық қағида бойынша біріктіруді көздеген «Жаңа экономикалық құрылым» енгізілді. Ереуілдер жасауға тыйым салынды. Жұмыс уакыты өсіп, әскери техника мен кару-жарақ өндірісі анағұрлым жылдам күшейе түсті. Экономика соғыстык жағдайға икемделе бастады.

1941 жылғы желтоқсанда Қытаймен соғысып жатқан Жапония американдық әскери-теңіздік база Перл-Харборға (Інжулі жағалау) шабуыл жасап, АҚШ-пен, содан кейін антигитлерлік коалицияның басқа да мемлекеттерімен соғыс бастады.

ЖАПОНИЯНЫҢ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ДАМУЫ

Жапония соғыстан жеңіліс тапты. 1945 жылы Жапонияға американдық әскерлер келді, елде генерал Д. Макартур басшылык еткен әскери әкімшіліктің оккупациялық режимі орнықты. Әскер мен флот қайта құрылып, әскери қылмыскерлер Халықаралық трибуналдың сотына тартылды. Мемлекеттік аппаратта тазалаулар жүргізіліп, милитаристік органдар мен қоғамдар таратылды.

1946 жылы аграрлық реформа туралы заңмен ірі помещиктік жер иелену жойылды. Өңдеуге берілетін жердің көлемі 3 те-ден (9 га-дан) аспауы тиіс болды.

Кәсіподақтар қайта қалпына келтірілді, 8 сағаттық жұмыс уақыты және ұжымдык шартка деген құқық енгізіліп, ереуілдер жасауға рұқсат етілді.

Жаңа үкіметтің құрамын американдық әскери әкімшілік анықтады. Бұл әкімшілік Жапонияның жаңа конституциясының жобасын жасады.

1946 жылы жаңа сайлау заңының негізінде парламентке сайлау жүргізілді, бұл заңға сәйкес, әйелдер де сайлау құқығын иеленіп, жасқа қойылған ценз 5 жылға қысқарды. Конституция дамыған елдердің конституцияларында көзделген көптеген либералдық-демократиялық бостандықтарды ескерді. Соған қарамастан, монархия ұлттың рәмізі ретінде сақталып қалды. 1947 жылы конституция өз күшіне енді.

1947 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯ

1947 жылғы 3 мамырда күшіне енген жапон конституциясы императорды ұлт пен мемлекеттің рәмізі ретінде жариялайды (1 бап) . Императордың мемлекеттік істер бойынша барлық әрекеттері Кабинетпен (үкіметпен) келісіліп отыруы тиіс болған.

Сонымен қатар, бұл конституция жапон халкының соғыстан бас тартуын ұлттың егеменді кұкығы ретінде және әскер мен әскери флоттың болмауын жариялады. Формальды теңдік пен қандай да болмасын нысанда, қандай да болмасын белгісі бойынша (жынысы, нәсілі, діні және т. б. ) кемсітуге жол бермеу танылды. Тең жалпыға ортақ сайлау кұкығы (тікелей күшін дауыс берумен) жарияланды. Заңшығарушы билікті екі палатадан тұрған парламент жүзеге асырды, оның палаталары Өкілдер палатасы және Кеңесшілер палатасы. Екі палата да сайланбалы болды: біріншісі 4 жылға, екіншісі 6 жылға сайланды. Парламент сессиялары жылына бір рет шақырылатн. Өкілдер палатасы қабылдаған заң жобасына байланысты Кеңесшілер палатасы баска шешім шығарған болса, бұл жоба Өкілдер палатасының қатысушы мүшелерінің кем дегенде үштен екі бөлігі қайта қабылдағанада ғана заңға айналатын.

Атқарушы билікті премьер-министр мен мемлекеттік министрлерден кұралған Кабинет жүзеге асырды. Ерекше атап өтетін жайт конституция барлық министрлердің азаматтық тұлғалардан болуын талап етті. Мемлекеттік министрлердің басым көпшілігі сияқты Премьер-министр да Парламент мүшелерінен қатарынан ұсынылатын. Кабинет парламенттің алдында ұжымдық жауапкершілікте болды.

Сот билігін басында Жоғарғы сот тұрған соттардың біртұтас жүйесі жүзеге асырды. Судьялар 10 жылға сайланатын, ал егер заңмен белгіленген жасқа (отставка жасы) жетпесе, қайтадан сайлана алатын. Сонымен қатар, Жоғарғы сот кез келген заң мен актінің Конституцияға сай, немесе емес екендігі жөніндегі мәселені шеше алатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапониядағы демократиялық қозғалыстың өрлеуі (1917-1930 ж.ж.)
ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Жапониядағы саяси ахуал
Жапония мемлекеті
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Жапонияның сыртқы саясатындағы территориялық (РФ, ҚХР, Оңтүстік Кореямен) мәселелердің орны мен маңызы
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Қытайға Жапониядан капитал шығару
Жапония мемлекетінің саяси-экономикалық дамуы
Қытай және Жапония арасындағы сауда - экономикалық қатынастары
Елдің экономикасының даму стратегиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz