ХХ ғасырдың 40 жылдарының соңы мен 70 жылдар арасындағы араб-израиль шиеленісі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

1 ХХ ғасырдың 40 жылдарының соңы мен 70 жылдар арасындағы

Араб-Израиль шиеленісі . . .

1. 1 1948-1949 ж. ж. Араб-Израиль соғысы . . . 9

1. 2 Египеттің Суэц каналын ұлттандыруға байланысты

Араб-Израиль қақтығыстары . . . 11

1. 3 1967 ж. , 1973 ж. Араб-Израиль соғысы және АҚШ дипломатиясы . . . 12

2 ХХ ғасырдың 70 жылдардыңекінші жартысы мен 90 жылдардың екінші жартысына дейінгі Араб-Израиль мәселесі . . .

2. 1 1974-1982 жылдардағы Таяу Шығыс мәселесін бейбіт реттеу . . . 15

2. 2 1982 жылдан кейінгі жүргізілген бейбіт реттеу келіссөздері . . . 20

Қорытынды . . . 25

Қолданылған әбебиеттер тізімі . . . 26

Қосымша материалдар тізімі . . . 27

Кіріспе

Менің бұл тақырыпты таңдауым себебі Араб-Израиль шиеленісі мені бұрыннан толғандырып келген мәселе болып, мені бұл шиеленістің мәні және оның барысы қызықтырады. Бұл Араб-Израиль мәселесінің тағы да бір мәні қызықтырғаны осы күнге дейін ол мәселенің шешілмей жатқаны, сондай-ақ осы мәселе өз шешімін табадымекен деген сұрақ мазалайды.

Ал бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым Араб-Израиль шиеленісінің шығу тарихы, оның негізгі қақтығыс кезеңдері және сол кезден дипломатиялық қатынастарды қарастырып, оларды біліп алу және басқаларға да жеткізу. Сондай-ақ осы тақырыпты егжей-тегжейлі біліп алған соң, соңында өз қорытынды ойымды шығару.

Қазіргі таңда бұл өте өзекті мәселенің бірі болып отыр. Оның актуальдылығы бұл шиеленістің жалғасып жатқанына жарты ғасырдан астам уақытқа жалғасып, ол бүкіл Таяу Шығысты қамтиды. Араб-Израиль мәселесі әлемде терроризмнің күшеюіне серпіліс берген бірден-бір қорғауыш күш болды. Осы шиеленіс себебінен мыңдаған адамдар қаза тапты. Тіпті бүгінгі күндері де террористік әрекеттерден бұл екі елдерде кінәсіз халықтар зардап шегуде. Сондай-ақ ешқандай да конференциялар келіссөздер осы мәселені түпкілікті шеше алмады.

Қазіргі жаңа заманда Таяу Шығыс мәселесі, яғни Палестина-израиль шиеленісі ең тұрақсыз және жалғасушы әлемдегі мәселе. Көрші елдер мен халықаралық қаумдастықтар тАрабынан Араб-Израиль шиеленісін саяси тұрғыдан шешімдер пайда болғалы бері бір қаншама ұсыныстар айтылып және талқыланған болатын. Аймақта бейбітшілікті орнату мақсатында БҰҰ-ң, әлемдік державалар, діни өкілдері ортаға салуда ұсынылады.

Мен бұл жұмысты жазу да көптеген әдебиеттерге жүгіндім. Бұл тақырып өте актуальды болғандықтан және бірінші күнге дейін өз шиеленісін таппағандықтан әдебиеттерді табу онша да қиынға соқпады. Менің негізгі пайдаланған әдебиеттерімнің бірі ол «История дипломатий» под редакцией Громыко болды. Бұл әдебиеттен мен Араб-Израиль шиеленісінің шығу себептерін қарастырдым. Бұл кітап негізінен том болғандықтан оның қамтыған периоды шамамен 1945 жылдар мен 1956 жылдарды қамтиды. Соғыстың ең негізгісі 1948-1968 жылдардағы Араб-Израиль соғыстары жөніндегі мәліметтерді «Израиль мемлекеті» атты әдебиеттен қарадым. Осы шиеленісті реттеуге бағытталған келіссөздер, конференциялар мен жобаларды дипломатиялық сөздіктерден қарастырдым. Ал бұл шиеленістің 90-шы жылдардың бергі жағындағы орын алған оқиғаларды «Современные отношение» авторы Торкунов әдебиетінен алдым. Сондай-ақ қорытынды бөліміндегі интернет жүйесінің қызметтерін пайдалана отырып жаздым. Сондай-ақ қосыиша әдебиеттер негізінде «саясат» журналын да біршама метериалдардан пайдалана отырап жаздым.

Палестина - Таяу Шығыс пен Жерорта теңізінің жағалауындағы орналасқан территория болып, көпғасырлық және күрделі тарихқа ие. Қазіргі заманғы Таяу Шығыстық мәселенің түбірі Палестиналық арабтар мен еврейлер арасындағы территориялық-этникалық қарама-қайшылықтардан бастау алады. Алайда бұл жағдай барлық жерде бола бермеген болатын. Палестинада бейбіт өмір кешірген. Палестинада, негізінен Иерусалимде, ол кезде осы Ұлы Сирияның бір бөлігі болатын, оның негізгі бөлігіне арабтар орналасқан болатын. ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Палестинада, негізінен Иерусалимде және оның маңында, еврейлік қоныстар пайда бола бастады, алайда отаршылдық өте баяу жүріп 20 жүзжылдыққа дейін созылды. 1918 жылға қарай арабтар Палестинаның 93% халқын құрайды. Бірінші дүние жүзлік соғыстан соң, Ұлыбритания Палестинаны басқару мандатын алған соң жағдай бір шама өзгеруі (күшіне 1923 жылы қыркүйекте енді) Ағылшын үкіметінің қолдауымен (1917 жылы 2 қарашада Британияның сыртқы істер министрі Артур Бальфурдың сионистар лидеріне еврейлерге ұлттық мекемелер жөніндегі хаты( сионистер тАрабынан Палестинаны біртіндеп отарлау жоспары жасалды. 20-шы жылдың басында әскери ұйым «Хагана» құрылды, 1935 жылы «Иргун цвай Леуми» атты еврейлік экстремистік ұйым құрылды, алайда айтып өткен жөн, алғаш кезде арабтардың ығыстырылуы бейбіт түрде жүзеге асты. Германияға фашистердің келуі және ІІ дүние жүзілік соғыс себебінен еврейлік имиграциясы күрт көбейіп кетеді: егер 1932 жылға қарай Палестинада еврейлер 184 мың адам болса, ал 1938 жылы 414 мың, 1947 жылдың аяғында 650 мың адама жетеді. (яни Палестинаның үштен бір бөлігі) . Әрнине, еврей имиграциясының мақсаты еврей мемлекетін құру болды. Еврей мемлекетін құру идеясы өте ерте де қалыптасқан болатын, алайда екінші дүние жүзлік соғыс аяқталғаннан соң оны жүзеге асыруға мүмкіндіктер туады. 1945 жылдың қараша айында Палестинада жағдай күрт нашарлап кетті. Араб-еврей қақтығыстарынан бөлек Палестинада сионистік террор ағылшын үкіметіне қарсы күшейіп кетеді. Бұл мәселені шешуге күші жетпейтіндігін түсінген Ұлыбритания Палестина болашағын 1947 жылы сәуірде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында шешеді. Палестина тағдырын шешуде екі ұсыныстың нұсқалары болды. Палестина мәселесі бойынша арнайы құрылған, құрамында 11 адам болған, БҰҰ бұл комитетті Палестина территориясында 2 имемлекет, араб және еврей мемлекеттерін құруды және Иерусалимді құруды ұсынады. Ұзақ талқылаудан соң Палестинаны бөлу жоспары мақұлданады. 1947 жылы 29 қарашада (33-қолдап, сонымен қатар КСРО және АҚШ-та, 13-қарсы, 10-өз ойларын білдіреді) . 1947 жылғы 29 қарашадағы 181//ІІ резалюцияға сәйкес Палестинада еврей мемлекетін (оған 14, 1 мың 2 ауданда, яғни 56%-ін барлық территорияның) және араб мемлекетін (11, 1 мың км 2 - территорияның 43%) аймақты (1% территория) құру жоспарланды. Ал акғылшын әскері 1948 жылы 1 тамызға дейін шығарылып бітуі тиіс еді.

Израиль мемлекеті Оңтүстік - Батыс Азияда, Жерорта теңізінің Оңтүстік - Шығыс жағалауында орналасқан БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 181 (ІІ) -ші резалюциясына сәйкес оның территориясы 14, 1 мың кв. км. Халықаралық қауымдастық тек осы БҰҰ-ның бекіткен шекараларын мойындайды. 1948-1949 жылдары соғыс нәтижесінде Израиль 6, 7 мың кв. км оның 11, 1 мың кв. км территориясы БҰҰ-ның шешімі бойынша Палестина мемлекетінің құрылуына белгіленуі тиіс. Сонымен, Израиль бақылаунда 20, 8 мың кв. Км жуық территория болды. 1967 жылға агрессия нәтижесінде Израиль Синай жарты аралын, Газ секторын, Батыс жағалау Иордан өзенінің, сондай-ақ Голанд биіктерін жаулап алды.


1 ХХ ғасырдың 40 жылдарының соңы мен 70 жылдар арасындағы Араб-Израиль шиеленісі.

1. 1 1948-1949 жылдарындағы араб-изриль соғысы.

1948 жылы 14 мамырда Израиль мемлекеті ресми түрде жарияланды. Бұл шешім жарияланғаннан кейін, ертесіне сионистер тАрабынан нағыз жарияланбаған соғыс басталады - Израиль мемлекететінің жариялануына дейін 250 мыңға жуық палестиналық арабтар өздерінің тұратын жерлерін тастап кетуге мәжбүр болады. Бұл соғыс негізінен империалистік елдер тАрабынан (Англия, АҚШ) ұйымдастырылып, шиеленістің күшеюін пайдалана отырып Таяу Шығыстағы осы маңызды аймақта өз үстемдігін орнатуды көздеді [1] .

Израильдің Тәуелсіздік Декларациясында басшылық етуші сионистік орта жаңа мемлекеттің шекаралары жөніндегі сұрақты үнсіз қалдырды. Болашақ еврей мемлекетінің шекраларын БҰҰ-ның революциясы бойынша анықталған шекаралар сионисттерді қанағаттандырмады және олар өз алдыларына бүкіл Палестина территориясын иеленуді көздеді. Араб армиясына қарағанда Израиль қарулы күштері жақсы қаруланған және үйретілген болатын, ал Араб армиясы соғысқа дайын болмады. Өздерінің әскери шеберлігін пайдалана алған Израиль армиясы Палестинаның айтарлықтай бөлігін оккупациялады.

1948 жылы 14 мамырда Бэн-Гурионның Израиль мемлекетінің құрылғанын мәлімдегенннен кейін, араб лигасының елдерінің әскерлері: Египет, Иордания, Сирия, Ливан елдері Израильге қарсы әскери әрекеттерін бастайды. Сондай-ақ оған қарсы Сауд Аравия мен Йеменде соғыс жариялайды. 40 мыңға жуық әскері бар Иордания королі басшылығындағы араб лигасына 30 мың әскері Хагана ұйымы қарсы тұрды. Араб елдерінің әскерлері Палестинаның бір қатар оңтүстік және шығыс бөліктегі территорияларын сонымен бірге Иерусалимнің ескі бөлігіндегі кішігірім еврей кварталын иеленеді. Ал Израиль әскерлері бұл уақытта Иерусалидегі таулар арқылы өтетін басты жолдарды басып алады және арабтар шабуылына сәтті түрде тойтарыс беріп отырады.

Соғыстың алғаш кезеңінде әскери әрекеттер арабтардың жағынан күшті болғанымен, көп ұзамай жағдай өзгере түседі.

1948 жылдың маусым айларында Израиль өз әскерін 60 мыңға жуық жеткізіп, шілде айында ол үлкен шабуыл ұйымдастырып нәтижесінде Лидда (Лод) -Рашл аймағын (Шығыс Тель-Авив) басып алады және бұл жерден 100 мыңға жуық палестиналықтар қуылады. Ал Палестина әскерлері жақсы қаруланбаған, тек Иордания ғана сол заман талабына сай қаруланған болатын.

Еврейлердің қазан айындағы соңғы шабуылында, ол 1949 жыл басына қарай Израильдықтар Палестинаның бүкіл территориясын Ливанға дейінгі шекара және оңтүстікке Аккаба бұғазы мен Синайлық жарты аралға дейін басып алды.

1948 жылы 29 желтоқсанда қауіпсіздік кеңесі Палестинада қарулы қақтығыстарды тоқтату жайында резолюция қабылдайды. 1949 жылы қаңтарда Родос аралында Израиль мен Египет арасында, БҰҰ-ның қатысуымен, келіссөздержүреді. Содан кейін келіссөздер Израиль мен Иордания, Сирия, Ливан арасында болады. 1949 жылдың ақпан-шілде айларында Израильмен араб елдері ортасында бейбіт келісімдерге қол қойылады [2] .

1948-1949 жылғы араб - Израиль соғысы нәтижесінде Израиль БҰҰ-ның шешімі бойынша араб елдері еншісіндегі 6, 7 мың кв. км территорияны басып алып, 750 мың палестиндықтар туған жерлерінен көшіріледі. Кейіннен Газа секторы Египет бақылау сатына беріледі, ал Иордан өзенінің батыс жағалауы, сондай-ақ Иерусалимнің бір бөлігі Иорданияға біріктіріледі. Кейіннен Израиль тек қана араб елдері мен қарым қатынасты тұрақтандыруға ғана көңіл бөлмей, сондай-ақ территориялық экспансияға көшіп және аймақта өзінің үстемдігін орнатпақшы болды 1951 жылы мамыр айында Израиль Синай жартыаралының солтүстігіндегі Аль-Аудта әскер шығарылған аймақты басып алады.

Израильдің сыртқа саясаттағы негізгі бағыты империалистік елдер болды, яғни олардың саяси материалдық жағынан көмек беруі олардың сионистік ойларын жүзеге асыруда периалистік елдер Израильді Таяу Шығыстағы антиимпериалистік күштермен күресуде негізгі күш деп санады да Англия, Франция және АҚШ-тың үштік декларациясына қол қойылды. Бұл құжаттың көмегімен ірі державалы елдер Араб-Израиль шиеленісін бақылау құқығын алады.

1. 2 50 жылдардың екінші жартысындағы Египеттің Суэц каналын ұлттандыруға байланысты Араб-Израиль қақтығысы.

1952 жылдың шілде айында революция нәтижесінде Египет үкіметіне Г. А. Насер келеді сыртқы саясатта ол Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуды мақсат етеді. Алайда Израиль Д. Бен-Гурион басшылығындағы үкімет оның бағытын қоштамай, керісінше бұл шиеленістің жалғасуын қалады Израиь Несер үкіметін құлату және Египет пен АҚШ, Англия арасындағы қарым-қатынасты бұзу мақсатында 1954 жылы шілдеде Каирдегі американ және ағылшын мекемелдерінде жарылыстар ұйымдастырады. Бұл реті олардың Египет пен қарым-қатынасының нашарлауына алып келеді. Египет Сириямен қорғаныс одағын құрады [3] .

1956 жылдың шілде айында Насер үкіметінің ағылшындар мен француздар капиталының қол астындағы Суэц каналының кәсіпорнын ұлтандыру Англия, Франция және Израильдің ашық түрде агрессияға көшуге себеп болды. Ал АҚШ-қада бұл саясат ұнамай ол Египетті экономикалық блокадалауға көшті. 1956 жылы 29 қазанда Израиль әскерлері Синай жартыаралына басып кіреді. 31 қазанда Англия және Франция Египет жерлеріне аспаннан және теңізден оқ жаудырды. 5 қарашада ағылшын әскерлері Портсаида, ал француз әскерлері Портфуада ауданын да иеленеді. Израиль әскері Газа секторын және бүкіл Синай жартыаралын Суэц каналына дейін оккупациялайды.

Англия, Франция, Израиль әрекеттері бүкіл әлем наразылығын туғызады. 31 қазанда Совет үкіметі БҰҰ-на елдердің агрессиясын тоқтату жөніндегі шаралар қолдануын сұрайды. 2 қарашада БҰҰ-ның бас ассамблеясы қарулы әрекеттерді тоқтату жайында резолюция қабылдайды. 7 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қарулы қақтығыстарды тоқтату және Египеттен агрессорлардың әскелерін шығару жайлы жаңа резолюция қабылдайды. Содан соң ғана алдымен Англия және Франция әскерлерін (1956 жыл 22 желтоқсан), кейін Израиль әскері (1957 ж. 8 наурыз) алып шығарылды.

50-60 жылдарында палестин халықтарының арасында ұлттық азат ету ұйымдары көптеген құрыла бастайды. Осы кезде Фатх ұйымы және басқа да ұйымдар құрылады. 1964 жылы мамырда Шығыс Иерусалимде алғаш Палестиналық ұлттық Конгресс болып онда Палестиналық азат ету ұйымы құрылады (ПАҰ) . 1965 жылдың қаңтар айында Фатх Израиль жерінде портизандық әрекеттер жүргізе бастайды. Бұл Израильге таптырмас слтау болып, 1965 жылы мамырда Израиль армиясы Иордан өзенінің батысындағы Аль-Иизиух, Дженин, Калькимия пунктеріне шабуыл жасайды.

1967 жылы көктемде Израиль бірқатар Сириялық шекаралық халықтар мекендейтін пункттерге және ауадан елдің шеткі аймақтарын зеңбіректермен

жаудырады [4] .

1. 3 1967жылғы, 1973 жылдардағы Араб-Израиль соғысы және АҚШ диполоматиясы.

1967 жылы 5 маусымда Израиль Египетке, Сирия және Иорданияға қарсы агрессиясын бастады. Ол бұл елдердің әуе күштерінің бір бөлігін жойып жіберді. Артынша ол Синай жартыаралына басып кіреді және Шығыс Иерусалимге басқыншылық әрекеттерін бағыттап, екі күннен соң оны жаулап алады. 8 маусымға дейін Иордан өзеніне дейінгі территорияны басып алады. Израильдің агрессиялық саясатын сынға алып КСРО БҰҰ-на әскери қақтығыстарды тоқтатып 4 маусымға дейінгі шекаралға дейін агрессорлардың шегінуі жайлы резолюция қабылдануын құрайды. 9 маусымда Израиль БҰҰ-ның Египеттік және Иорданиялық майдандарда әскери әрекеттерді тоқтату туралы резолюциясына қабылдайды, бірақ ол агрессиялық әрекеттерді тоқтатпайтындығын және өз әрекеттерін Голандтық биіктерге бағыттады. Кеңес одағы оған жауап ретінде Израильмен дипломатиялық қарым-қатынастарды үзетіндіктерін мәлімдеді. Кеңес үкіметінің дәл мәлімдемесінен соң 10 маусымда әскери әрекеттерді тоқтатады.

Агрессия нәтижесінде Израиль 70 мың кв. км (Синай жартыаралы, Газа секторы, Иордан өзененің батыс бөлігі, Голанд биіктігі) территорияны басып алады және сол жерде қатаң әскери тәртіп орнатады. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша 1967 жылдың маусымында 100 мыңға жуық египеттіктер мен сириялықтар және 300 мың палестиналық басқындарға айналады [5] .

Таяу Шығыс мәселесін шешуді қолына БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі алды, ал 1967 жылы 22 қарашада №242-ші резолюция қабылдайды. Онда қаралған мәселелері: Израиль әскерлерін оккупацияланған жерлерден шығару, Таяу Шығыстағы соғыс жағдайының тоқтатылуы, аймақтағы барлық елдердің саяси тәуелсіздігі және террриторияларына қол сұғылмауды қамтамасыз ету, басқындар мәселесін шешу. Резолюцияны жүзеге асыру үшін Таяу Шығысқа БҰҰ-ның бас секретарының өкілі, швед дипломаты Г. Ядринг жіберіледі. Бұл резолюцияны Египет және Иордани ешбір қарсылықсыз қабылдады. Ал Израиль оны қабылдап, бірақ өз талаптарын ұсынды. Ол 1967 жылы 5 маусымдағыға дейінгі территорияларға қайтып оралкмен келіспейтіндігін айтты. Израильдің кесірінен резолюция өз деңгейінде орындалмай қалады [6] .

Израиль экспансиялық ойларын жүзеге асыру үшін оккупацияланған территорияларда әскери израильдық қоныстарды құра бастады. 1977 жылға қарай

48 қоныстар салынады. Осы аймақтарда араб халықтары қудалануға ұшырап, түрмелерге қамалды. Израиль агрессиясының күшеюіне АҚШ көлемі үлкен септігін тигізді. АҚШ-тың 1968-1973 жылға дейінгі әскери көмегі 1292 млн. долларды құрады.

1969 жылы көктемде Суэц каналы маңында Израиль әскерімен Египет әскерінің қақтығысы болады. Ал 1970 жылдың алғаш айларында Израиль Египеттің түкпір аймақтарын және Каирдың сыртқы аймақтарына оқ жаудырады. Египет әскерлеріне кеңес үкімет көмек беріп, Израиль түкпір аймақтардан бас тартуға мәжбүр болады. [7]

АҚШ-тың Израильді қолдау саясаты Никсон үкіметін қиыншылықтарға алып келеді, араб елдерімен қатынасында. Осы келеңсіз жағдайды жою мақсатында ол 1970 жылы 25 маусымда У. Роднерстің әскери әрекеттерді тоқтату және Ярринг миссиясын жапдандыруға бағытталған жоспарды қабылдады Никсон Израиль үкіметіне егер осы ұсынысты олар қабылдаса онда олар әскерлерін қайтаруға күштемейтіндігін және әскери, экономикалық көмекті күшейтетіндігін мәлімдеді. 31 шілдеде Израиль қабылдады. Египет және Иордания оқ атуды тоқтатуға келісіп, 7 тамызда әскери қақтығыстар тоқтатылды. 1970 жылдың қыркүйек айында бұл жоспардан бас тартады.

Мемлекеттік нышан Роджорстың 1971 жылдың көктеміндегі Египет пен Израильге сапары АҚШ-тың Араб-Израиль шиеленісінде араласуын білдірді. Вашингтон осы саясатымен араб елдері арасында өз беделін өсірмекші болды. АҚШ Египет үкіметіне Насерден соң келген Садат режиміне өз қысымын көрсетпекші болады. АҚШ өзінің мақсаттарын жүзеге асыруда Таяу Шығыстың шиеленісті шешуді пайдаланса, ал Израиль экспансиалық ойларын жүзеге асыруда күштеу саясатын таңдайды, дипломатиялық жолмен емес. Араб елдерінің оңайлықша жеңілуіне келіспейтіндігіне Израильдың көзі жетеді, 70 жылдың басында Тель-Авив қызуқанды дайындыққа көшеді. Израиль әскерлері бірнеше рет Оңтүстік Ливанға шабуыл жасайды, сондай-ақ халықтар мекендейтін Сирия және Ливан жерлерін бомбалайды, әсіресе сол жердегі палестиналық босқындар лагерін 1973 жылы сәуірде Израильдың диверсанттары Бейрутте ПАҰ (ООП) басшыларына қарсы террористік жарылыстар ұйымдастырады. Терроризм Израиль мемлекетінің саясатында қолдау тауып отырды.

Израильдың сөзсіз шиеленісті саяси тұрғыдан шешуден бас тартуы, араб территорияларын босатудан және палесталық мәселелерді шешуден бас тартуы Таяу шығыста 1973 жылы қазан айында жаңа соғыстың шығуына себеп болады. 1967 жылы соғыстан соң советтердің көмегінің нәтижесінде Египет және Сирия әскери әрекеттерін бастап, бірінші бөлімінде соғыстың айтарлықтвай жетітіктерге жетеді. Египет армиясы Суэц каналын сәтті босатты. Шығыс жағалаудағы Израильдің қорғаныс сызығын (Бар-Лева сызығы) бұзып өтеді және Синай жартыаралына 15-20 км-ге дейін жылжиды. Сириялық армия Голландтық биіктерге шабуыл ұйымдастырады.

Израиль әскерінің шегінуі және көп шығынға ұшырауы елде қолайсыз жағдай туғызды. Израиль үкіметі АҚШ-тан шұғыл шаралар қолдануды талап етеді. Никсон конгреске Израильдағы әскери көмек ретінде 2, 2 млрд доллар беру туралы жолдау жиі береді. Конгресс өз кезегінде көмектің жартысын қайтарымсыз беру туралы жолдау жиі береді. Конгресс өз кезегінде көмектің жартысын қайтарымсыз беру туралы шешім қабылдайды. АҚШ әуе көпірін Израильде орналастырып, оны орналастыру мақсаты үшін жасалды. Американың көмегі Израильдің майданда күшетерін тең жағдайға келтіруге көмек берді, 15 қазанда Израильдің әсерлері Суэц каналының Батыс бөлігіне өтті.

Кеңес үкіметі БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне әскери әрекеттерді тоқтатып қана қоймай, сонымен бірге бүкіл шиеленісті шешуге бағытталған резолюция қабылдайды ұсынды Москва қаласына 20-21 қазанда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Киесинджердың сапарында жүрген совет-американдық келіссөздерден соң, қауіпсіздік Кеңесі 22 қазанда № 338-ші резолюция қабылданып, ол бойынша соғысушы елдерге тез арада әскери қақтығыстарды тоқтатып тән әйгілі резолюцияны орындауға әрекеттер жасауды ұсынады. Алайда Израиль әдеттегідей бұл резолюцияға бой сұнудан бас тартты. Американ президентінің кейбір әлемнің аймақтарында американ әскерлерінің дайын тұруы жөніндегі шешімі Израильдің позициясын жақтағандығын аңғартты. Совет Одағы қауіпсіздік Кеңесіне 25 қазанда № 340 резолюцияны қабылдауды сұранды. Осы резолюция ғана Израильді оқ жаудырудан тоқтатты. Қазан айындағы соғыс нәтижелері айтарлықтай Таяу Шығыс мәселесінде әсер етті. Ең алдымен Израильдың әскери доктринасы сәтсіздікке ұшырады. 1973 жылғы соғыс нәтижесінде Израиль 3 мыңға жуық адамын жоғалтып, 900 танкі, 250-ге жуық әскери самолеттер және т. б. Сонымен бірге араб елдерінің АҚШ-қа қарсы мұнай байкотын жариялауыда айтарлықтай әсер етті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі халықарарлық қатынас
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
Қазіргі таңдағы әлемнің шиеленіс аймақ елдеріндегі жалпы саяси жағдай мен мәселелер, оларды бейбіт түрде шешу жолдары
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы
II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар мәселелері
Хатшылық және Халықаралық ислам
Екі белдеулі әлем жағдайында екі ірі мемлекеттің бір бірінің саяси ахуалына, сыртқы саясатына қызығушылығы - заңды табиғи құбылыс
БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ТАЯУ ШЫҒЫС
Шетелдік Азияның халқы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz