Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері



МАЗМҰНЫ
Кіріспе

I Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні
1.2. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі
1.2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарының экономикалық мәні

II Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және ресімдеу тәртібі
2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бонустарды төлеу мерзімі
мен ресмдеу әдістері
2.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері роялтиді төлеу мерзімі
мен ресмдеу әдістері
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері өнiмдi бөлу бойынша
Қазақстан Республикасының үлесi
2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм.шарт бойынша
жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiy
төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері
2.5 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы

III Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың
салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні
1.2. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі
1.2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарының экономикалық мәні

II Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және
ресімдеу тәртібі
2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бонустарды төлеу мерзімі
мен ресмдеу әдістері
2.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері роялтиді төлеу мерзімі
мен ресмдеу әдістері
2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері өнiмдi бөлу бойынша
Қазақстан Республикасының үлесi
2.4 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері келiсiм-шарт бойынша
жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiy
төлеу мерзімі мен ресмдеу әдістері
2.5 Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы

III Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін жүзеге
асырудағы қазіргі кездегі жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты-
бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты- салық жүйесін құру және оның тиімді
қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды
бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып,
қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті.
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет
болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне
көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға
қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен
көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып,
өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.
Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің дамуы 3 кезеңнен өтті.
Бірінші кезең. 1991 жылы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің ҚазКСР
мемлекеттік салық қызметін құру туралы Жарлығымен ҚазКСР-нің басты
мемелекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27
жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті
қабылданды.
      Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі
қызметке салық салу:
        1. Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық және бюджетке
төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу
оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген
Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.  
      2. Мiндетті салық сараптамасынан өткен және 2004 жылғы 1 қаңтарға
дейiн жасалған, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган
мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы жер
қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда айқындалған салық режимi
олардың қолданылуының белгіленген бүкiл мерзiмi ішiнде сақталады және
қолданылады әрі Қазақстан Республикасы салық заңдарының өзгеруіне
байланысты тараптардың келісімі бойынша түзетiлуi мүмкiн.  
      3. өнiмдi бөлу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен жасалған келісім-шартта ғана айқындалады.
      Өнiмдi бөлу туралы келiсім-шартта белгіленетiн салық режимi келісім-
шартқа қол қойылған (жасалған) күні қолданылатын жеке және заңды
тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді
төлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiне
сәйкес болуға тиіс.

I Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың
салықтары мен төлемдерінің экономикалық мәні

1.2. Қазақстан Республикасының Салық жүйесі

1991 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасындағы салық жүйесі туралы Заңына сәйкес сол кездегі салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлеріне тоқталып өтейік.
I.Жалпы мемлекеттік салықтардың түрлері:
1.Қосылған құнға салынатын салық.
2.Пайдаға салынатын салық.
3.Акциздер.
4,Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық.
5.Экспорт пен импортқа салынатын салық.
6.Кеден тарифі және баж салығы.
7.Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық іздестіру
жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұсалатын алым.
8.Тіркелген (ренталық) төлемдер.
9.Транспорт құралдарына салынатын салық.
10.Автотранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық.
11.Автотранспорт құралдарының Қазақстан Республикасына келіп кіргені үшін
төленетін ақы.
12.Заңды ұйымдардың мүлкіне салынатын салық.
13.Қазақстан Республикасының азаматтарынан, шетел азаматтарынан және
азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы.
14.Мемлекеттік баж салығы.
15.Табиғат ресурстарына салынатын салық.
16.Колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.
II.Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:
1.Жер салығы.
2.Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.
3.Орман табысы.
4.Су үшін төленетін ақы.
5.Табысқа салынатын салық.
6.Кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін алынатын алым.
7.Кәсіпкелік қызметтің субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан
алынатын алым.
8.Заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым.
9.Елтаңбалық алым.
10.Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын
салық.
III.Жергілікті салықтар мен алымдар.
1.Курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысына салынатын
салық.
2.Курорттық алым.
3.Азаматтардан алынатын мақсатты алым.
4.Жарнамаға салынатын салық.
5.Автотранспорт құралдарын, есептеу техникасы жәнежеке компьютерлерді
қайта сатуға салынатын салық.
6.Автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым.
7.Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алым.
8.Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым.
9.Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым.
10.Ипподромдарда тотализатор ойынына қатысушы адамдардан алынатын алым.
11.Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған
мәмілелерден алынатын алым.
12.Аукциондық сатудан алынатын алым.
13.Кино-телетүсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым.
14.Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз үшін алынатын алым.
15.Ит иелерінен алынатын алым.
16.Спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау құқығы үшін алынатын
лицензиялық алым.
17.Жергілікті аукциондар өткізу және лотореялар ойнату құқығы үшін
алынатын лицензиялық алым.
Екінші кезең. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық
реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің
Салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық
салу принциптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24
сәуірде Салық және бюджетке төленетін басқа да мінбдетті төлемдер туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.Бұл өз қаржы жүйемізді
құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу ықшамдалып, салық саны 45-тен 11-
ге дейін қысқартылды. Оның ішінде бесеуі мемелекеттік, алтауы жергілікті
салықтар.
Жалпы мемлекеттік салықтар:
1.Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.
2.Қосылған құнға салынатын салық.
3.Акциздер.
4.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық.
5.Жер қойнауын пайдаланушылапрдың арнайы салығы мен төлемдері.
Жергілікті салықтармен алымдар:
1)Жер салығы.
2)Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.
3)Көлік құралдарына салынатын салық.
4)Кәсіпкерлік қызметпен айналсатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды
тіркегені үшін алынатын алым.
5)Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын алым.
6)Аукциондардан алынатын алым.
Қазақста Республикасы Президентінің бұл Жарлығы Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 16 шілдедегі 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды.

1.2. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтарының экономикалық мәні
Жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай салықтары мен арнайы төлемдерiн:
      1) үстеме пайда салығын;
      2) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн:
      а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);
      б) роялтидi;
      в) өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн;
      г) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын
жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу мен төлеу тәртiбi
белгiленедi.  
     "жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар", "мұнай операциялары",
"мұнай" және "келiсiм-шарттық аумақ" ұғымдарының Қазақстан Республикасының
жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай туралы заңдарында
айқындалған маңызы бар.
      Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт
жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын
пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан
Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар
жасайды.
      Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-
шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының
салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық
режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.
      4. Өнімді бөлу туралы бiр келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын
пайдалануды бiрнеше салық төлеушi жүзеге асыратын жағдайда келісім-шартта
белгіленген салық режимi олардың барлығы үшін ортақ болып табылады. Бұл
ретте:
      1) осындай келiсім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша
салық төлеушiлер салық салу мақсатында бірыңғай шоғырландырылған есеп
жүргізуге және келісім-шартта белгіленген барлық салық пен төлемдерді
төлеуге міндетті;
      2) бiр келісiм-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын резидент eмec
жер қойнауын пайдаланушыларға келiсiм-шартта белгіленген салықтар бойынша
осы Кодекстің 184-186-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы келісiм-шарт аясында жүзеге асырылатын
қызмет бойынша салық міндеттемелерін eceптеу және осы келісiм-шарт аясынан
тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін бөлек есеп жүргізуге
міндетті.
      Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды және (немесе жер асты
суларын өндiру жөніндегі келісім-шарттарға және барлаумен және өндiрумен
байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға
қолданылмайды.
      6. Қорларын осы мақсаттар үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен
жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта көзделмеген пайдалы
қазбаларды өндiрген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстiң 281-
бабында белгiленген тәртiппен солар бойынша төлемдер жүргiзедi.
     Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттардың салық режимiнiң
үлгiлерi
      Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келiсiм-шарттардың негiзгi
түрлерiне қарай екi үлгiге бөлiнедi:
      1) бiрiншi үлгi, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін
қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте көзделген салық пен
басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;
      2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша
Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ осы Кодексте
көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің
барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға:
      экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;
        роялти;
        шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз; 
       үстеме пайда салығы;
      жер салығы;
      мүлiк салығы қосылмайды. 
       Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға қатысы  жоқ операциялар
бойынша салық режимi
      Келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық
мiндеттемелерiн орындау жер қойнауын пайдаланушыны осындай мiндеттемелердiң
пайда болған күнi қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес, келiсiм-шарт
шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асырғаны үшiн осы Кодексте көзделген салық
мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды. 
Салық заңдары өзгерген кезде өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша
салық салу шарттары
      1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда белгiленген салық салу
шарттары тараптардың келiсiмi бойынша салық заңдарының өзгеруiне байланысты
түзетiлуi мүмкiн. 
      Салық заңдарындағы өзгерiстер нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушыға
салық салу шарттары жақсарған жағдайда, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-
шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру
мақсатында салық салу шарттарына түзету жасалады.
      2. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көзделген салық және бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған
жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағында айқындалған
тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн келiсiм-
шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi
жалғастыра бередi.
Салық сараптамасы
      1. Салық сараптамасы - құзыреттi орган жасайтын жер қойнауын
пайдалануға арналған келiсiм-шарт жобасына, оған толықтырулар мен
өзгерiстерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы
төлемдерi мен салығын белгiлеудi қоса алғанда, салық режимiн бекiту
мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама. 
      2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық келiсiм-шарттарға қол
қойылғанға дейiн олар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн
тәртiппен және мерзiмдерде мiндеттi салық сараптамасынан өткiзiлуге тиiс.
Осы ереже бұрын жасалған келiсiм-шарттарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен
толықтыруларға да қолданылады.
      3. Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу
шарттары өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне ешбiр
өзгертулер мен түзетулерсiз мiндеттi түрде енгiзілуге тиіс.
 
      

II Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен төлемдерін төлеу және
ресімдеу тәртібі

2.1 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері бонустарды төлеу мерзімі мен
ресмдеу әдістері

Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi болып
табылады.  
Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргiзудiң жеке
жағдайларын негiзге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерiн:
 1) қол қойылатын; 
  2) коммерциялық табу бонусын төлейдi. 
Қол қойылатын бонус
      Қол қойылатын бонусты белгiлеу тәртiбi
      1. Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт
жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
құқығы үшiн бiржолғы тiркелген төлемi болып табылады.  
      2. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерлерiн пайдалы қазбалар
көлемi мен кен орнының экономикалық құндылығы ескерiлген есеп негiзiнде
Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. 
      3. Қол қойылатын бонустың түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын
пайдалануға құқық алуға өткізiлген инвестициялық бағдарламалар конкурсының
нәтижелерi бойынша комиссия белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалану үшiн
берiлетiн кен орындарының (келiсiм-шарт аумақтарының) экономикалық
құндылығы есепке алынып, келiсiм-шартта бекiтiледi, бiрақ бастапқы
мөлшерлерден төмен болмауы керек.
Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмi
      Қол қойылатын бонус келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап
күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленедi.  
Салық декларациясы
      Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус бойынша декларацияны
тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi
айдың 15-iне дейiн табыс етедi.
2. Коммерциялық табу бонусы
Коммерциялық табу бонусын төлеу тәртiбi
      1. Коммерциялық табу - келiсiм-шарт аумағы шегiнде ашылған, өндiру
үшiн экономикалық жағынан тиiмдi пайдалы қазбалардың белгiлi бiр түрiнiң
запастары. 
      2. Осы баптың 3-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда,
коммерциялық табу бонусы келiсiм-шарт аумағындағы әрбiр коммерциялық табу
үшiн, оның iшiнде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында, бастапқы
анықталған алынатын қорды арттыруға жеткiзетiн пайдалы қазбалардың
табылғаны үшiн төленедi.  
      3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi
көздемейтiн барлау жүргiзуге жасалған келiсiм-шарттар бойынша коммерциялық
табу бонусы төленбейдi.  
      Қол қойылатын бонус келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап
күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленедi.  
Коммерциялық табу бонусының мөлшерi
      Коммерциялық табу бонусының мөлшерi салық салу объектiсi, есептеу
базасы мен ставка негiзге алына отырып белгiленедi. 
      Коммерциялық табу бонусының мөлшерiн есептеу үшiн: 
      1) кен орнынан алынатын пайдалы қазбалар қорының уәкiлеттi
мемлекеттiк орган бекiткен осы мақсаттағы көлемi салық салу объектiсi болып
табылады; 
      2) алынатын пайдалы қазбалар қорының бекiтiлген көлемiнiң құны
төлемдi есептеу базасы болып табылады. Алынатын қордың құны, Қазақстан
Республикасының Үкiметi бекiтетiн ақпарат көздерiнiң деректерi бойынша осы
пайдалы қазбаның төлем жүзеге асырылған күнгi Халықаралық (Лондон) биржада
белгiленген биржалық баға бойынша есептеледi. Пайдалы қазбаларға биржалық
баға белгiленбеген жағдайда шығарылатын қордың құны құзыреттi орган
бекiткен жұмыс бағдарламасында көрсетiлген өндiруге жұмсалатын жоспарлы
шығындардың жоспарлы рентабельдiлiк мөлшерiне түзетiлген сомасынан
айқындалады;  
      3) коммерциялық табу бонусы есептеу базасының 0,1 проценті ставкасы
бойынша бөлінедi.  
      Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмi
      Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшiн уәкілеттік берiлген
мемлекеттік орган кен орнындағы пайдалы қазбалар қорының шығарылатын
көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.  
Салық декларациясы
      Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын
пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған
айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.
  Роялти
Роялти туралы жалпы ережелер
      1. Жер қойнауын пайдаланушы роялтидi Қазақстан Республикасының
аумағында өндiрiлетiн пайдалы қазбалардың әр түрi бойынша, оның сатып
алушыларға өткiзiлгенiне (тиеп жөнелтiлгенiне) немесе өз қажетiне
пайдаланылғанына қарамастан, жеке төлейдi.      2. Жер қойнауын пайдалануға
жасалған келiсiм-шартта белгiленген роялти, осы баптың 3-тармағында
көзделген жағдайларды қоспағанда, ақшалай нысанда төленедi. 
      3. Келiсiм-шарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында роялтидi
ақшалай төлеу нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен құзыреттi
органмен қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанмен
ауыстырылуы мүмкiн.
Төлеушiлер
      Техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса
алғанда, пайдалы қазбалар өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушылар, есептi кезеңде олардың өткiзiлген-өткiзiлмегенiне
қарамастан роялти төлеушiлер болып табылады.  

2.2 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері роялтиді төлеу мерзімі мен
ресмдеу әдістері

      Роялти мөлшерi салық салу объектісi, eceптeу базасы мен ставка
негізге алына отырып айқындалады.
      Пайдалы қазбалардың өндіріліп алынған көлемi немесе нақты өндiрiлген
пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнің көлемi салық салу
объектiсi болып табылады.
      Мыналар:
      1) пайдалы қазбалардың өзi:
      мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;
      көмiр және жанғыш тақтатастар;
      тауарлы кендер;
      жер асты сулары, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткен сулар;
      слюда, керіш, құрылыс материалдары өндiрісіне арналған шикізат;
      металлургияға арналған кен емес шикізат;
      2) қымбат бағалы металдар, құмда, кенде, концентратта болатын
металдар;
      3) қара, түсті, сирек кездесетiн және радиоактивті металдардың, кен-
химия шикізатының концентраттары;
      4) қымбат бағалы тастар, бастапқы өңдеуден өткен жарқырауық тас және
пьезооптикалық шикізат;
      5) басқа пайдалы қазбалар бойынша - бастапқы өңдеуден өткен
минералдық шикізат алғашқы тауарлы өнiм болуы мүмкiн.
      2-1. алып тасталды
     Пайдалы қазбалардың құны роялтиді есептеу үшiн салық базасы болып
табылады.      4. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда,
пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти:
Кесте №2
Газ конденсатын қоса алғанда, мұнай бойынша - қызметтiң күнтiзбелiк әрбiр
жылы үшiн, газ конденсатын қоса алғанда, мұнайдың жинақталған өндiрiлiмiнiң
көлемiне байланысты айқындалған процент ретiнде жылжымалы шкала бойынша
және мынадай:
      500 000 тоннаға дейiн - 2 процент;
      500 000-нан 1 000 000 тоннаға дейiн - 2,5 процент;
      1 000 000-нан 1 500 000 тоннаға дейiн - 3 процент;
      1 500 000-нан 2 000 000 тоннаға дейiн - 3,5 процент;
      2 000 000-нан 2 500 000 тоннаға дейiн - 4 процент;
      2 500 000-нан 3 500 000 тоннаға дейiн - 4,5 процент;
      3 500 000-нан 4 500 000 тоннаға дейiн - 5 процент;
      4 500 000-нан 5 000 000 тоннаға дейiн - 5,5 процент;
      5 000 000 тоннадан жоғары - 6 процент ставка бойынша төленедi.
      Егер газ тәрiздес көмiрсутектердi сұйық көмiрсутектермен бiрге жер
бетiне шығару көзделген жағдайда, роялтидi есептеу мақсатында осындай газ
тәрiздес көмiрсутектер мынадай арақатынас арқылы мұнайға ауыстырылады: газ
тәрiздес көмiрсутектердiң 1 мың текше метрi мұнайдың 0,857 тоннасына сәйкес
келедi; 
      2) алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен
қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша -
Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ставкалар бойынша төленеді.
      Осы Кодексте белгiленген роялти ставкалары жүргiзiлетiн өндiру түрiне
қарамастан, пайдалы қазбалардың барлық түрiне қолданылады.  
      4-1. алып тасталды  
      5. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша роялти
осы Кодекстің 300-бабында белгіленген ставкалар бойынша төленеді.
      6. Жер қойнауына керi айдалатын газ тәрiздес көмiрсутектер бойынша
роялти төленбейді.  
      Ескерту. 297-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа
енгізіледі), бапқа өзгерту енгізілді - 2004.12.13. N 11 (күшіне ену
тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңда рымен.
      298-бап. *
     Ескерту. 298-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29.
N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Пайдалы қазбалардың құнын айқындау тәртiбi  
      1. Роялтидi есептеу мақсатында алтынды, күмiстi және платинаны
қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, кең таралған пайдалы қазбалардың, жер асты
сулары мен пайдалы қазбалардың құны өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған
алғашқы тауарлы өнiмнiң салық кезеңiндегi орташа өлшемдi өткiзу бағасы
негiзге алына отырып, жанама салықтар мен оларды сату (тиеп жөнелту)
пунктiне дейiн тасымалдауға кеткен iс жүзiндегi шығыстар сомасы есепке
алынбай айқындалады.
      Осы баптың мақсаттары үшiн тасымалдауға арналған шығыстар деп темiр
жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңiз жолдары арқылы тасымалдау
кезiнде көлiк тарифiн қамтитын iс жүзiндегi шығыстар, ағызу және құю (сұйық
заттар үшiн) жөнiндегi шығыстар, тиеу және түсiру (қатты заттар үшiн)
жөнiндегi шығыстар және, егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-
шартта өзгеше көзделмесе, жолда сақтандыру жөнiндегi шығыстар түсiнiледi.
      2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген алтынның,
күмiстiң және платинаның құны Халықаралық (Лондон) биржада салық кезеңi
ішінде қалыптасқан осы металдардың орташа құны негiзге алына отырып
есептеледi.
      3. Алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған жағдайда, алтынды, күмiстi,
платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген
мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны осындай сату орын
алған соңғы салық кезеңiндегi алғашқы тауарлы өнiмiнiң орташа өлшемдi
өткiзу бағасы негiзге алынa отырып айқындалады.
      4. Алғашқы тауарлы өнiм мүлде сатылмаған кезде алтынды, күмiстi,
платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген
мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны мұнайды, жер асты
суларын өндiруге және көрсетілген пайдалы қазбаларды өндiруге салық
кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.
      Келесi сату жағдайында жер қойнауын пайдаланушы алғашқы тауарлар
өнiмнің iс жүзiнде сатылған бағасын негiзге ала отырып, алғашқы caту орын
алған салық кезеңiнде есептелген роялти сомаларына түзету жүргiзуге
мiндеттi.
      5. Кең таралған пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiм
сатылмаған не толық сатылмаған кезде немесе оларды толығымен өз қажеттерi
үшiн пайдаланған жағдайда, кең таралған пайдалы қазбалардың құны жер
қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан
рентабельділiк нормасына ұлғайтылған, өндiру мен бастапқы өңдеуде iс
жүзiнде қалыптасқан шығындар сомасы негiзге алына отырып айқындалады.
      Газ тәрiздес көмiрсутектерiн одан әрi өңдеу үшiн өтеусiз берген
жағдайда, осындай көмiрсутектерiнің құны Қазақстан Pecпубликасының Үкiметi
айқындайтын тәртіппен салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельдiлік
нормасына ұлғайтылған, оларды өндіру мен бастапқы өңдеуге iс жүзінде
қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады. Бұл ретте, газ
тәрiздес көмiрсутектерi бойынша роялти ставкаларын айқындау үшiн осы
Кодекcтiң 297-бабында айқындалған ауыспалы коэффициент пайдаланылады.
      Жер асты суларын шығарылатын өнiмдердің және (немесе) көрсетiлетiн
қызметтердiң негiзгi компонентi ретiнде пайдаланған жағдайда, өндiрiлетiн
жер асты суларының құны салық кезеңінде iс жүзiнде қалыптасқан
рентабельділік нормасына ұлғайтылған, оларды өндiру мен бастапқы өңдеуде iс
жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.

Кесте №1
Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты
               сулары бойынша роялтидiң ставкалары
      1. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтиді
жер қойнауын пайдаланушылар, оның iшiнде пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн
өндiруге жасалған келiсiм-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындар
мынадай тiркелген ставкалар бойынша төлейдi:
___________________________________ ________________________________
Рс                                                        Роялти
N                Пайдалы қазбаның атауы                  ставкасы,
                                                               %
___________________________________ ________________________________
1    Металлургияға арналған руда емес шикiзат                  1
2    Қалыпқа салынатын құм, глиноземдi жыныс (далалық шпат,    1
     пегматит), әк, доломит, әк-доломит жыныстары
3    Тамақ өнеркәсiбiне арналған әк                            1
4    Басқа руда емес шикiзат                                   3,5
5    Отқа берiк саз балшықтар, каолин, вермикулит             3,5
6    Ас тұзы                                                   3,5
7    Жергілікті құрылыс материалдары                           4,5
8    Ауа кіретін кеуек жыныстар, құрамында суы бар            4,5
     ауа кіретін шынылар мен шыны тектес жыныстар (перлит,
     обсидиан), малта тас пен қиыршық тас, қиыршық
     тас-құм қоспасы, гипс, гипстік тас, ангидрит, гажа, саз
     балшық және саз балшықты жыныстар (баяу балқитын және
     тез балқитын саз балшық, құмды саз балшық, аргиллиттер,
     алевролиттер, сазбалшықты тақтатастар), бор, мергель
     мергельдi-борлы жыныстар, кремнийлі жыныстар (трепел,
     опока, диатомит), кварцты-далалық шпаты жыныстар, шой тас,
     шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфозалық
     жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыпқа
     салынатыннан басқа құм (құрылыстық, кварцты, кварцты-далалық
     шпатты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас.
___________________________________ ________________________________
9    Жерасты сулары                                             10
___________________________________ ________________________________
      2. Жер қойнауын пайдаланушы кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты
сулары бойынша роялтидi, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды
қоспағанда, олардың тұтынушыларға сатылғанына немесе өз қажеттерiне
пайдаланылғанына қарамастан төлейдi.
      3. Роялтидi: 
      1) жеке тұлғалар өзiнiң жеке меншiк құқығындағы жер учаскелерiнде
өндiретiн жерасты сулары бойынша, осы сулар сыртқа сатылмайтын және
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде өндiрiс пен технологиялық
қажеттерге жұмсалмаған жағдайда;
      2) жерасты суларын өзiнiң шаруашылық қажеттерi үшiн өндiрудi жүзеге
асыратын мемлекеттiк мекемелер;
      3) жер қойнауын пайдаланушылар iлеспе өндiрiлген жерасты суларын жер
қабатының қысымын қалпында ұстау үшiн керi айдағанда төлемейдi.
Төлеу мерзiмдерi
      Пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти салық кезеңiнен
кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей төленедi.
Салық кезеңi
      1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,
күнтiзбелiк ай роялти төлеу жөнiндегі салық кезеңi болып табылады.
      2. Егер алдыңғы тоқсандағы роялти бойынша орташа айлық төлемдер 1000
айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, онда салық кезеңi тоқсан болып
табылады.
Салық декларациясы
      Жер қойнауын пайдаланушы роялти жөнiндегi декларацияны тiркелген
жерiндегi салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей
табыс етедi.

2.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан
Республикасының үлесi
Төлеушiлер
      Өнiмдi бөлу жөнiндегi келiсiм-шартта өзгеше келiсiлмесе, өнiмдi бөлу
туралы келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар өнiмдi бөлу
бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеушiлер болып табылады.
     
     Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт аясында
              жүзеге асырылатын қызметке салық салу
              ерекшелiктерi
      1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт соған сәйкес Қазақстан
Республикасы белгілi бір мерзiмге жер қойнауын пайдаланушыға ақылы негiзде,
келiсiм-шарт аумағындағы мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын
пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргізу және оның есебiнен осыған
байланысты жұмыстарды жүргiзу құқығын беретiн шарт болып табылады.
      2. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт мынадай негiзгi талаптарды:
      1) өлшеу орнынан өткен өндiрiлген өнiмнің жалпы көлемiн және оның
құнын айқындауды;
      2) келісiм-шарт бойынша жұмыстарды орындауға арналған шығындарды өтеу
үшiн жер қойнауын пайдаланушының, меншiгiне берілетiн өндiрілген өнiм
бөлiгiн (өтемдік өнiм) айқындауды;  
      3) өтемдік өнім шегерілгеннен кейін бөлуге жататын өндірілген өнім
бөлігін (пайда түсіретін өнім) айқындауды;  
      4) Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушының арасындағы
бөлiс үлесін (процент);
      5) Осы Кодексте белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының пайда
түсiретiн өнімдегі үлесiн айқындау тәртiбiн қамтуға тиiс.
Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан
                 Республикасының үлесiн айқындау:
      1. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жер қойнауын
пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегі үлесі шегеріліп, Қазақстан
Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөліске түсетiн пайда
түсіретін өнімнің жиынтық құны ретінде айқындалады.
      2. Өндiрiлген өнiмнiң құны осы Кодекстiң 313-4-бабына сәйкес
белгiленедi.  
      3. Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлес
төмендегі үш триггерге:
      1) R-фактор (табыс көрсеткіші) - жер қойнауын пайдаланушының
жинақтаған табысының жоба бойынша жинақталған шығыстарға қатынасына;
      2) мердігер рентабельдiгінiң iшкi нормасы (PIH) - нақты таза
дисконтталған табыс өзiнің нөлдік белгісiне жететін дисконтталған
ставкасына;
      3) Р-фактор (баға коэффициентi) - жер қойнауын пайдаланушы табысының
есепті кезеңдегі өндiру көлеміне қатынасына сәйкес келетін проценттiк
мәндерінiң ең төменгiсi ретінде айқындалады.
      Жоғарыда тiзiп көрсетiлген триггерлер осы баптың 4-6-тармақтарында
аталған әдiстемеге сәйкес айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушыға берiлуге
тиiстi пайда түсiретiн өнiмдегi үлестiң проценттiк мәнiн айқындау үшiн
әрбiр триггерден алынған нәтиже өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта
айқындалған төменгi мәндермен салыстырылады.
      Жер қойнауын пайдаланушының өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта
айқындалған пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң нақты проценттiк мәнi жобаның
экономикалық көрсеткiштерiне қарай осы бапта көзделген шектерде, осы
Кодекстiң 285-бабында көзделген тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер
енгiзiлгенге дейiн оның қолданылу мерзiмi iшiнде өзгерiссiз сақталады.
      4. R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) есепті кезеңдегi мәнi (Rn) жер
қойнауын пайдаланушының жинақталған табысының жоба бойынша жинақталған
шығыстарға қатынасы ретiнде айқындалады.
      Жоба бойынша жинақталған табыс өтемдік өнімнiң нақты жиынтық құны мен
жер қойнауын пайдаланушының бюджетке төленген нақты жиынтық табыс салығы
шегерiлген пайда түсіретін өнiм үлесінiң нақты жиынтық құнының сомасы
ретiнде есептеледi.
      Жоба бойынша жинақталған шығыстар нақты жиынтық өтелетiн пайдалану
шығыстарының, барлауға және бағалауға жұмсалатын нақты жиынтық өтелетiн
шығыстардың және жep қойнауын пайдаланушының басқа да нақты жиынтық
өтелетiн шығыстарының сомасы ретiнде есептеледі.
      Осы баптың мақсаттары үшiн өтелетiн шығыстар осы Кодекстiң 313-бабына
сәйкес айқындалатын өтелетiн шығындарды және өтелетiн шығындардың құрамына
қосылмайтын, жиынтық жылдық табыстан шегеруге рұқсат етiлетiн және осы
Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көрсетiлген өзге де шығыстарды
бiлдiредi. *
      Жер қойнауын пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң
көрсетiлген төменгi мәндерге сәйкес келетiн және жер қойнауын
пайдаланушының пайда түсiретiн өнiмдегi үлесiн айқындау үшiн қажеттi
проценттiк мәнi өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта мынадай шектерде
белгiленедi:

Кесте №4

R-фактордың (кiрiстiлiк Жер қойнауын пайдаланушының пайда
көрсеткiшiнiң) мәнi түсiретiн өнiмдегi үлесiнiң
проценттiк мәнi
1,2-ден аз немесе 70 проценттен 90 процентке дейiн
соған тең
1,5-тен көп немесе соған 10 процент
тең

      Егер R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) алынған мәнi 1,2-ден көп
және 1,5-тен аз болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының пайда
түсiретiн өнiмдегi үлесi мына формула бойынша есептеледi:
      жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі = (A% -
(A% - 10%)0,3*(Х - 1,2)* 100%), мұнда:
      А - жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесiнiң
өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көрсетiлген R-фактордың (кiрiстiлiк
көрсеткiшiнiң) мәнiне сәйкес келетiн, 1,2-ден аз немесе соған тең
проценттiк мәнi;
      X - жобаның iске асырылуы кезеңiндегi R-фактордың (кiрiстiлiк
көрсеткiшiнiң) iс жүзiнде алынған мәнi.
      R-фактордың (кiрiстiлiк көрсеткiшiнiң) мәнi үтiрден кейiнгi екiншi
белгiге дейiн дәлдiкпен айқындалады.
      5. Рентабельдiлiктiң iшкi нормасы (РIН) жер қойнауын пайдаланушының
өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт күшiне енген кезден бастап әр есептi
кезеңдегi және осындай есептi кезеңдi қоса алғанда, жер қойнауын
пайдаланушының нақты қолма-қол таза ақша ағынының мәнi бойынша есептелген
таза ағымдағы құны нөлге тең болатын дисконттың жылдық ставкасы ретiнде
(процентпен) айқындалады.
      Таза ағымдағы құнды есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
      Таза ағымдағы құн = ДЧДП0 + ДЧДП1(1 + СД1)1 + ДЧДП2(1+СД2)2+...+
ДЧПn (1+СДn)n;
      ДЧДПn - eceпті кезеңдегi қолма-қол ақшаның нақты таза ағыны;
      СДn - есептi кезеңдегi дисконт ставкасы (процентпен көрсетілген);
      n - есептi кезең.
      Есептi кезеңдегi нақты таза қолма-қол ақша ағыны мынадай формула
бойынша айқындалады:
      ДЧДПn = (ДСКПn + ДСДППn) - (ДВЭРn + ДВРРОn + ДВРОn + СДНn +
ДБКОn +ДПБn);
      ДСКПn - жер қойнауын пайдаланушының есептi кезеңде алған өтемдi
өнiмiнің нақты құны;
      ДСДППn - жер қойнауын пайдаланушының есептi кезең iшiнде алған пайда
түсiретiн өнiм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау
Мүлікке салынатын салық. Қосылған қүнға салынатын салық
Қазақстан Республикасының салық жүйесi жайлы ақпарат
Салық және салық жүйесі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ
САЛЫҚ КОДЕКСІ БОЙЫНША САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ЖЕР САЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлері
Пәндер