Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің ерекшеліктері мен дамуы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

1 Ақшаның түрлері мен ақшалық белгілер, олардың дамуы

1. 1 Ақшаның даму эволюциясы мен ақша айналысының сипаттамасы . . . 5

1. 2 Ақшаның қажеттілігі және экономикадағы рөлі . . . 9

1. 3 Ақша жүйесі жөнінде түсінік, оның элементтері . . . 12

1. 4 Ақша жүйесінің типтері мен қызметтері . . . 15

2 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің ерекшеліктері мен дамуы

2. 1 Қазақстандағы ақша жүйесі мен ақша айланысының

ерекшеліктері . . . 19

2. 2 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесін

талдау . . . 20

3 Ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен мүмкіншіліктері

3. 1 Ақша жүйесін жетілдірудің жолдары . . . 24

3. 2 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша тұрақтылығын

дамыту жолдары . . . 26

Қорытынды . . . 31

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 33

Қосымша

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазіргі кездегі Қазақстан экономикасының дамуындағы ең өзекті тақырыптардың біріне арналған. Өйткені, экономиканың тиімділігі толассыз ақша айналымын ұйымдастыруда айналыс шығындарын азайта түсудің жаңа ғылыми технологиялық әдістерін іске қосқан сайын арта түспек. Әсіресе, жаңа төлем инструменттерін ақша айналымында қолданудың және банк секторында осыған байланысты озық электрондық технологияны ақшаның белсенді қызметтерін атқаруды жеделдету үшін тәжірибеге енгізудің келешегі зор. Әрине, бұл экономикасын жаңа инновациялық негізде дамытуға бет алған Қазақстанның қаржы нарығының инфрақұрылымын әлемдік стандартқа сай қалыптастыруда өзекті мәселе.

Дүниежүзілік валютаның қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы. Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайырымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.

Куртық жұмыстың мақсаты ҚР ақша жүйесі мен ақша айналымына талдау жасау болып табылады. Осыған сәйкес келесі міндеттерді шешеміз:

- Ақша - жүйе - ақша айналысының өзара қатынасын талқылау;

- ақша заңдарын қарастыру;

- Ақшаның түрлері мен белгілерін, олардың дамуын қарастыру;

- Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің дамуын талдау;

- ақша жүйесін жетілдірудің қиындықтары мен даму мүмкіндіктерін қарастыру;

- Қазақстан Республикасында ақша жүйесін ұйымдастыруды және ақша айналысын ұйымдастыруды талдау;

- валюта - қаржы жүйесін сыртқы сауда мен валюта несиелік қатынастардың халықаралық стандартына сәйкес қайта құру керек.

Республикада ұлттық валюта теңгені енгізу, тәуелсіз мемлекеттің барлық атрибуттарын қалыптастырудың соңғы маңызы бар. Теңгені енгізуге байланысты алда тұрған басты міндет - оның тұрақтылығы мен жоғары сатып алу қабілетін қамтамасыз ету, оны болашақта валютаға айналдыру. Қазіргі таңда, теңгені тауарлармен, алтын - алмас қорымен, валютамен қамтамасыз ету, оны қажетті деңгейде ұстап отыру басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Зерттеудің теориялық негізі танымал экономист ғалымдардың еңбектерінде баяндалған ақша айналымына қатысты теориялық және тәжірибелік аспектілері жөніндегі зерттеулерге сүйенеді. Зерттеу жұмысына тақырыпқа байланысты Қазақтан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, Президент Жарлықтары, Ұлттық Банктің есептік материалдары, Қаулылары мен шешімдері, екінші деңгейлі банктердің мәліметтері мен есептік материалдары және басқа мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, отандық және шетелдік әдістемелік-анықтамалық мәліметтер тартылды.

1 Ақшаның түрлері мен ақшалық белгілер, олдардың дамуы

1. 1 Ақшаның даму эволюциясы мен ақша айналысының сипаттамасы

Б. з. б. 3 ғ - дағы хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып келсе, б. з. 1 ғ - нда салық есебіне алтын, күміс құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит (түркі - руни) жазуы бар теңгелер жасап, сауда айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6-8 ғ - да билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 - 8 ғ - дың 1 жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі , сәл ұмтылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер; екінші бетінде садақ және шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы бейнелеген. Екіншісі , үшбұрыш таңбалы (түркінің ана әулетінің таңбасы) теңгелер. Мұнда соғды жазуымен жазылған сөздерді бедері өшкендіктен ғалымдар күні бүгінге дейін оқи алмай келеді. Бұлардың да бір бетіне арыстан бейнесі салынған.

Б. з. 704 - 766 ж. Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің бетінде «Түргеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар бар. Бұл - тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемл. дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме. Осы сияқты 6 - 8 ғ. аралығына жататын мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып тұрған. Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы болған.

ХVI - ғасырда отырардың мыс теңгелері, Иасының (Түркістанның ) күміс теңгелері Оңтүстік Қазақстан жерінде сауда айналымында өз міндетін атқарып келді. ХVI - ғасырдың соңы - ХVIІ - ғасырдың басында Қазақ хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде болғанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 жылы Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы шығарылды (Тенге) ;

Ақша (итальян сөзі, сөзбе-сөз, құн) - елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.

Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру - міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етеді. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.

Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалысты жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы - ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.

Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етеді. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып - оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.

Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.

Ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.

Тауарлық немесе тауарлық емес фирмада болатын өндірістік және жеке тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.

Сондай-ақ ақшаның көмегімен несие мен басқа қаржы ресурстары қалыптасып, қайта бөлінеді және пайдаланылады. Бұл арада шаруашылық жүргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер арасындағы, олардың мемлекет арасындағы, шаруашылық жүргізуші субъектілер және олардың жұмыскерлері арасындағы, халық пен мемлекеттің арасындағы, сондай-ақ жеке азаматтардың арасындағы тікелей ақша қатынасында қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдайда есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз формасы мен қолма-қол ақша қозғалысы бір-бірімен өзара тығыз әрекеттесіп, бірыңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық ақша қызметтерінің олардың тауар айналысының процесіне қызмет етуі барысында, өндірісті ұлғайту процесінде жалпы ұлттық өнімнің одан әрі және ұлттық табыстың бұдан бұлай жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу барысында пайдаланылуы ақша айналымын қалыптастырады.

Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халықтың арасында, жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін құрайды.

Алайда, ақша айналымы тауар айналымының ақшалай жағын ғана білдірмейді. Ақшалай айналымның жиынтық көлемі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өткізген тауарлары мен қызмет бағаларының сомасынан әрдайым көп жоғары болады. Мұны ақша қызметінің тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен ғана шектелмейтіндігімен түсіндіруге болады. Ақшаны шаруашылық жүргізуші органдар жұмысшылар мен қызметкерлерді ынталандыру мақсатында оларға еңбекақыны төлеу үшін пайдаланады. Ақша, сондай-ақ жәрдемақы, зейнетақы, шәкіртақы, сақтандыру, айыппұл және т. б. төлемдер үшін пайдаланылады. Жалпы ақша айналымының көп бөлігін - ұлттық табыстың қалыптасуымен, бөлінуімен және қайта бөлінуімен байланысты жүзеге асатын айналым құрайды. Ұлттық табыстың қалыптасу сатысында ақша айналымы шаруашылық органдардың да, жеке азаматтардың да төлемдерін бейнелейді. Тауарларды өндіру мен өткізу процесінде қалыптасатын шаруашылық органдардың таза табысы пайда мен айналымнан салынатын салыққа бөлінеді. Мемлекеттік бюджеттің табысана айыалымнан алынатын салық пен пайданың бір бөлігі толық аударылады. Халық та өз табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджеттің табысына аударады. /5, 121 б. /

Ақша айналымының біршама бөлігі мемлекеттік бюджеттің табысын пайдалану сатысында, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді, экономиканы, мемлекетті, капиталдық шығындарды және т. б. қаржыландыруда жүзеге асады.

Ақша айналымының бір бөлігіне банктің несиелік ресурстарын жұмылдыру және оларды орналастыру (инвестицияны несиелеу) жатса, тағы бір бөлігіне сақтандыру бойынша төлем, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және т. б. төлемдері жатады.

Ақша айналымының жалпы көлеміне халықтың тұрғын үй, коммуналдық қызмет, газ, электр энергиясы, жылу энергиясы, байланыс қызметі және кәсіпкерлердің тұрмыстық қызметі, көлік және басқа да осындай қызмет түрлері үшін төлейтін төлемдермен байланысты айналым да кіреді.

Осылайша, бүкіл ақша айналымы қолма-қол ақша айналымына және қолма-қол ақшасыз айналымға бөлінеді, сондай-ақ, ол төменде келтірілген ретінде де бөлінеді:

- тауарлық сипаттағы, яғни өнімдерді өндіру мен өткізу процесін бейнелейтін ақша айналымы;

- еңбекақы төлеумен сақтандыру төлемдерін төлеумен, коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу, халықтық, көліктік, тұрмыстық және тағы басқа төлемдермен байланысты орын алатын тауарлық емес сипаттағы ақша айналымы.

Сонымен, ақша айналымы төлем құралы және айналыс құралы қызметінде төлемдердің ақша арқылы жүзеге асатын процесінде қалыптасатын кәсіпорындардың, шаруашылық, мемлекеттік, жеке және кооперативтік ұйымдардың, қаржы және несие мекемелерінің, халықтың қаражаттар жиынтығын білдіреді. Қолма-қол ақшаның көмегімен және қолма-қол ақшасы есеп айырысу тәртібімен жүзеге асырылатын жоғарыда аталған әрі әлі атала қоймаған барлық ақшалай төлемдердің жиынтығы ақша айналымының мазмүнын қүрайды.

Экономика тиімді басқарылғанда ғана ақша айналымын дұрыс ұйымдастыруға болады. Ақша айналымы экономикаға оң әсерін де, теріс әсерін де тигізуі ықтимал. Шаруашылықты жүргізудің тәжірибесі мемлекеттің бірыңғай эмиссия, несие, есеп айырысу орталығы болып табылатын банктің (ҚР Ұлттық банк) ақша айналымын шоғырландырып басқаруының мақсатқа лайықтығын дәлелдеп берді. Ол елдегі ақша айналымы мен ақша айналысына жауапты ұйым.

Ақша айналымы мынадай принциптердің негізінде ұйымдастырылады:

- барлық ұйымдар мен мекемелер, шаруашылық органдары өз ақшаларын банктерде сақтауы керек;

- шаруашылық органдарының арасындағы ақшалай есеп айырысу, әдетте, қолма-қол ақшасыз аударымдар мен өзара талаптарды шегеру жолымен жүзеге асырылады;

- есеп айырысу құжаттары тек банктер мен байланыс органдары арқылы өтетін төлемдер үшін пайдаланылады әрі олар айналыстың несие құралы бола алмайды;

- төлемдер тек төлеушінің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Бұл келісімшарт тәртіптерінің сақталуына тиімді бақылауды ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады.

Мынаны айрықша айта кету керек, ақша өзінің айналысында қолма-қол ақша айналысынан қолма-қол ақшасыз айналысқа және осыған керісінше қолма-қол ақшасыз айналыстан қолма-қол ақша айналысына ұдайы өтіп отырады. Мәселен, банкке қолма-қол акшамен берілетін сауда ұйымдарының түсімі олардың есеп айырысу шарттарында қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатқа айналады, олар осылайша өз жабдықтаушыларына ақша сомасын аудара алады. Соңғысы (жабдықтаушылар) өз шоттарына кеп түскен бұл ақша сомасын жұмысшылар мен қызметкерлердің қолма-қол ақшасымен еңбекақысын төлеу үшін пайдаланады.

Ақша банк кассасынан шаруашылық органдардың кассасына, шаруашылық органдардың кассаларынан халыққа, халықтан сауда-саттық, тұрмыстық, көліктік кассаларға және мекемелерден банк кассасына түсіп, ұдайы ауыспалы айналым жасап, қозғалыс үстінде болады. Мұның бәрі ақша айналымының бірыңғай болатынын көрсетеді. Бірыңғай ақша қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар да және қолма-қол ақшамен есеп айырысуда пайдаланылады.

Ақша айналысы тек қолма-қол ақшаның қозғалысын ғана қамтиды, ал ақша айналымына қолма-қол ақша қозғалысы да, қолма-қол ақшасыз айналымы да кіреді. Ақша айналымы ақша айналысына қарағанда сыйымдылығы жоғары, яғни мағынасы кең ұғым болды.

Осы бөлімнің аты «Ақша айналысының сипаттамасы» болғандықтан, бөлімді қорыта келе, ақша айналысы туралы мынадай сипаттама беруге болады: ақша - айналыс құралы, ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді. /5, 251 б. /

1. 2 Ақшаның қажеттілігі және экономикадағы рөлі

Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:

- тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы;

- оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма - қол) ақшалар орындайды,

- ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар - ақша белгілері орындайды.

Ақшаның қатынастары - әлемдік шаруашылықта ақша айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Ақша қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египтте, Римде) вексель және айырбастау істері пайда болған. Ақша қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше да әсер (жағымды немесе жағымсыз) етеді. Ақша қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі.

Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Ақша жүйесі - ол экономикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасқан ақша-экономиканың қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.

Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.

Ұлттық ақша жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайданалатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық ақша - елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төменгілер:

- ұлттық валюта;

- ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы:

а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жрғысында «еркін қолданылатын валюта» деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, франсуздық франк, ағылшындық фунт стерлинг;

ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль;

б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта; валюталық паритеттің бірдейлік ережесі - валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы.

Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-да 1991 жылдан) . ХВҚ ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР - арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны (корзина) негізінде анықталады. Ақша қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын, сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы американдық доллардың үлесі шамамен 39%, неміс маркасы -21, жапон иені - 18, француздық франк және фунт стерлингтің әрқайсысының үлесі 11%-тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ) он екі елдің валютасынан тұратын валюта қоржынынан құрылған, ЭКЮ 1999 жылдың 1 қаңтарынан ұжымдық валюта - еуромен біртіндеп алмастырылмақшы.

Валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі) . Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында он екі валюта бағамының өзара ауытқу шегі ± 15% шамасында бекітілген; 1995 жылдың екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына шаққанда 4300-4900 руб. аралығында, ал 1997 ж. 5750-6350 руб. болды. 1998 ж. валюта коридорының жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді. Валюта-қаржы дағдарысы кезінде, 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға шаққандағы бағамы бұл шектен шығып, деноминацияланған 15-25 рубльге дейін көтерілді. Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;

- ақшаның шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер берте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылғы Ресей ХВҚ жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды;

- төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1999 жылдан ЭКЮ-дың орнына, ХВҚ резервтік позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің) халықаралық валюта өтімділігін реттеу;

- халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;

- ақша нарығы мен алтын нарығы ережесі;

-ақша қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық банк, Рессейде - валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі) .

Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық банктің ақша айналысын басқаруы
Қазақстан Республикасындағы ақша айналысы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
ПРОЦЕНТЫ ВПЕРЕД салымы - салымды ашқан күні пайызды төлейтін мерзімді салым
Республикада ұлттық валюта - теңгені енгізу
Қазақстаннның банк жүйесінің дамуы және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдары
Қарыз капиталының қорлануы
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қатынастарының даму жүйесі
Несие жүйесінің қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz