ҚР Қаржы Министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы ретіндегі құзыреті
Ж О С П А Р
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Бөлім. ҚР Қаржы Министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы
ретіндегі құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
І.1. ҚР Қаржы Министрлігінің міндеттері, атқаратын функциялары
және құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
II Бөлім. ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері ... ... ... ..9
II.1 Салық комитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
II.2. Қазынашылық комитетi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
II.3. Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетi ... ... ... 15
II.4. Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
II.5. Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi ... ... ... ... ... ... ..19
II.6. Кедендiк бақылау комитетi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ретіндегі
құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..4

және
құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...4
II Бөлім. ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған
комитеттері ... ... ... ..9
II.1 Салық
комитеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...9
II.2. Қазынашылық
комитетi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..12
II.3. Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу
комитетi ... ... ... 15
II.4. Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс
комитетi ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
II.5. Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру
комитетi ... ... ... ... ... ... ..1 9
II.6. Кедендiк бақылау
комитетi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..26
Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы егемендігін алып, басқа да
тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылып, терезесін теңестіру, жаңадан аяғына
тік тұрып қадам басу, нарықтық экономикаға өту барысында біршама
қиыншылықтардан өтуге тура келіп отыр. Бұл қиыншылықтар түрлі салалардан
әрі түрлі деңгейде көрініс табуда.
Жалпы экономика саласы, мәдениет саласы, қорғаныс, спорт, денсаулық
салалары болсын қазіргі заман талаптарына сай болу үшін біздің зайырлы
мемлекетімізден көптеген өзгерістер мен толықтыруларды талап етуде. Мұндай
өзгерістер мен толықтыруларға тоқтала кетсек оларға осы салаларды әрдайым
тәртіпті де тұрақты дамыту үшін жетілген заңнаманың болуын, басқарушы
мемлекеттік органдардың және сонда қызмет етуші мемлекеттік
қызметкерлердің, яғни біліктілігі жоғары, халықаралық стандарттарға жауап
беретін, бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандардың болуын, т. с. с.
жатқызуға болады.
Солардың ішінде төменде қарастырылатын курстық жұмысымның негізгі
мәселесі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және оның мемлекеттік
органдар жүйесіндегі орны туралы болмақ. Мұнда жалпы Министрліктің алға
қойылған мақсаттарға жетудегі атқаратын қызметтері, соған сәйкес алатын
орны, оның реттейтін салалары және т.б. өзекті мәселелер қарастырылады.
Қаржы саласы мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз етуші бюджет
саласындағы жүзеге асырылатын тұлғалар арасындағы қаржылық қатынастарды
уақытылы, мерзімді әрі толық жүргізілуін қамтамасыз етуші, қаржыны бөлуші,
реттеуші және бақылаушы экономикалық категория болып қарастырылады. Сол
себепті осындай маңызды да әрі жауапты функцияларды атқарушы ерекше орган,
яғни Қаржы министрлігінің құзыреттілігі, атқаратын міндеттері мен
функциялары біршама күрделі.
Бұл жұмыс екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімінде Министрліктің
құзыреті, ал келесі бөлімде оның мамандандырылған комитеттерінің
құзыреттері қарастырылған.
Мақсатым тақырыбымды жан – жақты қарастырып, соңғы ақпараттарға сүйене
отырып, Министрліктің түрлі салалардағы органдар жүйесіндегі орнын анықтау
болып табылады.
ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы ретіндегі
құзыреті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк)
басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретіне жатқызылған
қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiк өз
қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк
құқықтық кесімдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi
туралы ережe сәйкес жүзеге асырады. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң
ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар:
– Қазынашылық комитеті;
– Кедендiк бақылау комитетi;
– Салық комитетi;
– Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетi;
– Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті;
– Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi.
ҚР Қаржы министрлігінің міндеттері, атқаратын функциялары
Негiзгі мiндеттерi: мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы, кедендiк,
салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, темекi
өнiмдерiнiң, этил спирті мен алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерінің
жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның айналымын мемлекеттiк реттеу,
банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын
қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсiмi, дәрменсiз
борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, мемлекеттiк меншiктi басқару,
бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілік және аудит саласындағы мемлекеттiк
саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету;
Мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы, бюджеттік есепке алу, кедендiк,
салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу, темекi
өнiмдерiнің, этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерiнiң

қоспағанда), борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi, мемлекеттiк меншікті
басқару, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, бухгалтерлiк
есеп, қаржылық есептілiк және аудит саласындағы салааралық үйлестiру мен
әдiстемелiк басшылық жасау болып табылады.
Министрлiктiң функциялары мен құқықтары
Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн
стратегиялық функцияларды:
тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге,
сондай-ақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды
iске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын
әзiрлеуге қатысуды;
мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының
стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-
экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын, негiзгi макроэкономикалық
көрсеткiштердi әзiрлеуге қатысуды;
бюджетке түсiмдердi болжауға және мемлекеттiк бюджетке кiрiс
түсiмдерi саласында мемлекеттік саясат мақсаттары мен басымдықтарын
анықтауға қатысуды;
заңнама қолдану практикасына талдауды, оны жетілдiру жөнiндегi
ұсыныстарды дайындауды, өз құзыретi шегiнде нормативтік құқықтық
кесiмдердің жобаларын әзiрлеудi және дайындауды (немесе қабылдауды);
өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк, салалық (секторалдық)
бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз етудi;
2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететін функцияларды:
республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етудi және жергiлiктi
бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетудi;
түсiмдердiң жиынтық жоспарын бекiту мен оған өзгерiстер енгізiлуiн
және республикалық бюджеттi қаржыландыруды қамтамасыз етудi;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнен қарыз алуды, пайдалануды, тiркеудi,
өтеудi және қызмет көрсетудi, бағалы қағаздарды ұйымдастыру рыногiне олар
шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатудың
жүзеге асырылуын, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген мемлекеттiк емес
қарыздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi;
ұтымды үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алуды, сондай-ақ
мемлекеттік борыштың басқарылуын қамтамасыз етудi;
келiссөздер жүргiзудi, Қазақстан Республикасының Үкiметi қарыздарының
шарттарына қол қоюды, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк
эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруды, мемлекеттiк емес қарыздары бойынша
мемлекеттік кепiлдiктер берудi ұйымдастыруды;
мемлекеттiк кепiлдiктермен тартылған үкiметтік қарыздар, мемлекеттiк
емес қарыздардың және жергiлiктi атқарушы органдар қарыздарының шарттарына
қаржылық сараптама жүргiзудi;
республикалық бюджетте көзделген және Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес инвестициялық жобаларға, мемлекеттiк
бағдарламаларға және өзге де iс-шараларға кредит берудi;
үкіметтiк сыртқы қарыздар туралы келiсiмдердi бекiтуге қажеттi
құжаттарды дайындауды;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша конкурстық
негiзде үкiметтік қарыздарға мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес
қарыздарға және кейіннен үкiметтік қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет
көрсету үшiн екiншi деңгейдегi банктердi, бастапқы дилерлердi, лид-
менеджерлердi және мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөнiндегi басқа да
әрiптестердi iрiктеудi;
уәкiлеттi банк-агенттермен бiрлесіп республикалық бюджеттен
оқшауландырылған қаражатты өндiрiп алу жөнiнде түпкi қарыз алушылармен
жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргiзудi;
түпкі қарыз алушылар мен екiншi деңгейдегi банктердiң үкiметтік
қарыздардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкiметінің бiрлесiп
қаржыландыру үлесiн республикалық бюджетке қайтару туралы iшкi кредит
келiсiмдердiң жобаларын дайындауды;
республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджеттiк кредиттердiң
берiлуiн, қызмет көрсетілуiн және мақсатты пайдаланылуын бақылауды, олардың
есебiн, мониторингі мен қайтарылуын қамтамасыз етудi;
республикалық бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттiк
бағдарламалардың тиiмділігiн бағалауды;
бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі есептіліктi жасауды, сондай-ақ
мемлекеттік қаржы және меншiк бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының қалыптасуы және пайдаланылуы туралы статистикалық есептердi
жасауды;
бюджет есебiнiң жүргiзiлуiн қамтамасыз етудi;
бюджет жүйесiнде бюджеттiк және бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктi
дамытуды және жетілдiрудi;
қаржылық бақылау мәселелерi бойынша есептілiк нысандарын, оны жасау
мен берудiң тәртiбiн әзiрлеудi;
бухгалтерлiк есеп пен аудит саласындағы, оның iшiнде өз құзыретi
шегінде аудиторлық қызметтi лицензиялау саласындағы функцияларды орындауды;
мемлекеттік сатып алу процесiн үйлестiрудi және мемлекеттiк сатып
алудың ұйымдастырылуы мен өткiзiлуiн, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
сатып алу туралы заңнамаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етудi;
салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң түсiмдерiн және бюджетке түсетiн өзге де түсiмдердi, мiндеттi
зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына
әлеуметтiк аударымдардың толық және уақытылы аударылуын, шикiзат секторы
ұйымдарынан бюджетке түсетiн түсiмдер бөлiгiнiң Қазақстан Республикасы
Ұлттық Қорына аударылуын қамтамасыз етудi;
этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң, темекi өнiмдерiнiң, мұнай
өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен айналымының мемлекеттік
реттелуiн және салықтық бақылауды қамтамасыз етудi;
республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы жөнiндегі есеп
пен есептіліктің атқарылуы, жүргізiлуi, олардың атқарылуына баға беру,
гранттардың, мемлекет активтерiнiң, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың,
мемлекеттiк мекемелердiң иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды,
қызметтердi) сатудан түскен ақшаның пайдаланылуы бөлiгiнде мемлекеттік
қаржылық бақылау объектiлерi қызметiнiң Қазақстан Республикасының
заңнамаларына сәйкес келуiн тексерудi қамтамасыз етудi;
республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен оны қаржыландырудың жиынтық
жоспарларын бекіту және оларға өзгерiстер енгiзу, республикалық бюджеттік
бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар беру, мемлекеттiк мекемелердiң
азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу, мемлекеттік мекемелердiң
мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегі жұмыстарды
ұйымдастыруды;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердi
қаржыландыру жоспарларын жасаудың дұрыстығын мемлекеттік бақылауды және
бекiтілуiн қамтамасыз етудi;
Қазақстан Республикасында кеден iсінің басшылығын жүзеге асыруды және
Қазақстан Республикасының кеден және орындалуын бақылау кеден органдарына
жүктелген өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз етудi;
банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiн (банктерді және сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттiк бақылауды, соттан тыс рәсiмде
дәрменсiз борышкердi таратуды, сондай-ақ дәрменсiз борышкерлерге қатысты
оңалту рәсiмдерiн қолдану жөнiндегi іс-шараларды қамтамасыз етудi;
мемлекеттік меншіктi басқару және жекешелендiру жүйесiн
ұйымдастыруды;
мемлекеттiк кiрiстер бойынша мемлекеттік есептілік алымының нысандары
мен әдiстерiн жетiлдiрудi;
өз құзыретi шегiнде жұмылдыру жұмыстары мен мемлекеттiк құпияларды
қорғауды қамтамасыз етудi;
Министрлiк ведомстволарының мiндеттерi мен функцияларының орындалуын
үйлестіру мен қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
Министрлiктiң:
мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан
Министрлiкке жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажеттi ақпараттарды
сұратуға және алуға;
өз құзыретi шегінде барлық мемлекеттiк органдардың, өзге де
ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк
құқықтық кесiмдердi шығаруға;
Министрлiктiң қарамағындағы комитеттер мен мемлекеттiк ұйымдардың
бұйрықтарын, өзге де кесiмдердi жоюға немесе тоқтата тұруға;
акционерлiк қоғамдардағы мемлекеттік үлеске және республикалық
меншiктегi басқа да мүлiкке иелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ заңнамалық
кесiмдермен және Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген жағдайларда
билiк етуге;
Министрлiктiң қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды
мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыруға;
бюджеттік заңнамада көзделген жағдайларда бюджет қаражаттарын
қайтарып алуды және қаржыландыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге;
жергілікті атқарушы органдардан облыстың, Астана және Алматы
қалаларының бекiтілген бюджетi туралы жиынтық деректер мен олардың
атқарылуы туралы ай сайынғы есептердi, сондай-ақ республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден - шығыстар сметаларының
атқарылуы туралы ай сайынғы есептердi алуға;
республикалық және жергілікті бюджеттердiң атқарылуы туралы Қазақстан
Республикасының бюджет заңнамаларының талаптарының бұзылу себептерiне баға,
сондай-ақ бекiтiлген республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi
бағдарламалардың) тиiмділiгi мен орындылығына баға беруге;
Министрлiктiң құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асыруға құқығы бар.
ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері
Салық комитеті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (бұдан әрi
- Комитет) өз құзыретi шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және
Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық
және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласындағы iске асырушылық және
бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгінiң ведомствосы болып табылады[1].
Комитеттің басты мiндеттерi мыналар болып табылады:
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң толық
түсуiн, мiндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк
сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын
қамтамасыз ету;
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген
тәртiпте салық бақылауын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң, темекi өнiмдерiнiң, мұнай
өнiмдерінің жекелеген түрлерiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк
реттеудi қамтамасыз ету;
Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына жән е
заңнамаларына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң
кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгiнің Салық комитетi туралы Ережеге сәйкес
жүзеге асырады.
Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды
тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауымен мөрi және мөртаңбасы,
белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында бюджеттік
шоттары және Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексiнде, Қазақстан
Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда қарастырылған жағдайларда өзге
де шоттары бар. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттің функциялары мен құқықтары
Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн
жүргізу;
салық төлеушiлердi, салық салу объектілерiн және салық салуға
байланысты объектiлердi есепке алудың бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу және
жүргiзу;
салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық
және жергілікті мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;
этил спиртiнiң, алкоголь өнiмдерiнiң және темекi өнiмдерiнiң
өндiрiлуi және айналымы саласында есепке алу мен есептілікті ұйымдастыру;
салық төлеушiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiне, мұнай өнiмдерiн
өндірушілердiң, мұнайды жеткiзушілердiң және мұнай өнiмдерiн базалардан
сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың, сондай-ақ темекi өнiмдерiн өндiретін
тұлғалардың қызметіне мониторинг;
өз құзыретi шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті
төлемдердiң түсуi мәселелерi бойынша, сондай-ақ акцизделетiн өнiмнің
өндiрiсi мен айналымы саласында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау
және ынтымақтастық;
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы"

тәртіппен салықтардың, өсiмақы мен айыптар есептелген сомасы бөлігінде,
сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды тұлғаларының әрекетi
(әрекетсiздiгi) бөлiгiнде салықтық тексерулердiң кесiмдерi бойынша
хабарламаларға заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау;
салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерi бойынша
Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн орындау;
2) мынадай бақылау-қадағалаушылық функцияларды:
салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердiң түсуiнiң
толықтығын көздейтiн заңнаманың сақталуын бақылауды;
нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленген құзыретi шегінде салықтық
емес төлемдердiң түсуiн бақылауды (мемлекеттiк кәсiпорындар пайдасының
үлесiнен, мемлекеттiк меншiк болып табылатын акциялардың пакеттерiне
дивидендтерден, "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшін жалгерлiк төлемнен,
республикалық мемлекеттiк мүлiктi жалға беруден және сатудан, мемлекеттiк
меншiк объектілерiн жекешелендiруден түсетiн түсiмдерден, капиталмен
жасалған операциялардан алынатын түсiмдерден басқа);
қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес таңбалауға жататын акцизделетiн
өнiмдер бойынша акциздiк алым маркiлерiнің сақталуын, сатып алынуын және
есепке алынуын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркiлерiнiң жасалуын,
сақталуын, сатып алынуын және есепке алынуын бақылауды;
өз құзыретi шегінде нормативтiк құқықтық кесiмдердiң сақталуын
бақылауды;
мұнай өнiмдерiнiң айналымына мұнай өнiмдерiнің өндiрiсi және айналымы
бойынша iлеспе жүкқұжаттар мен декларациялар арқылы бақылауды.
Салық органдарына салық төлеушілердің міндетті зейнетақы төлемдерін
және салықытық міндеттемелерін уақытылы және толық түрде төлеулерін
қамтамасыз ету тапсырмалары жүктеледі.
Салықтық тексеру – салық органдарының салық міндеттемелерінің жүзеге
асуын тексеру.
Салықтық тексерулер келесідей түрлерге бөлінеді:
1) құжаттық тексеру; 2) рейдтік тексеру.
Құжаттық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кешенді тексеру – салықтардың және басқа да бюджетке төленетін
міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салықтық міндеттемелердің
орындалуын тексеру;
2) мазмұндық тексеру - салықтардың және басқа да бюджетке төленетін
міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салықтық міндеттемелердің
орындалуын тексеру;
3) қарсы тексеру - салықтық тексеру барысында салық органына үшінші
тұлғаларға байланысты салық төлеушінің орындаған операцияларын салықтық
есепте дұрыс көрсетілуі туралы ақпарат қажет болған жағдайда аталған
тұлғаларды тексеру.
Рейдтік тексеру бұл салық қызметі органдарымен заңнамалардың жекелеген
талаптарын сақту мәселелері бойынша жекелеген салық төлеушілерге байланысты
жүргізіледі.
Тексеру негізі бұйрық болып табылады.
Салықтық тексеру аяқталуымен салық органының лауазымды тұлғасы
мыналарды көрсете отыра салықтық тексеру актісі толтырылады:
1) салықытық тексеру орнын, акт толтыру күнін;
2) тексеру түрін;
3) тексеруді жүргізген салық органының лауазымды тұлғасының қызметін,
тегін, аты, және әкесінің атын;
4) салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын немесе толық атауын;
5) салық төлеушінің банктік реквизиттерінің және регистрациялық
нөмірінің орналасқан жерін;
6) салық төлеушінің салықтық және бухгалтерлік есептілікті және
салықты төлеуді жүргізуге жауапты басшысының және лауазымды тұлғаларының
тектерін, аттарын және әкесінің аттарын;
7) алдыңғы тексеру туралы мәліметтерді;
8) салық органдарына табыс етілген құжаттар жайлы жалпы мәліметтерді;
9) заңнамаға нұсқау жасай отырып салықтық құқық бұзушылықты нақтырақ
сипаттауды;
10) салықтық тексерулер нәтижелерін.
Салықтық тексеру аяқталысымен салық органы салықтық тексеру актісінде
көрсетілген нәтижелер негізінде хабарлама хат жазып беріледі, ол салықтық
тексеру актісін тіркеумен қатар орындалады.
Салық төлеуші хабарлама хатты ала салысымен онда көрсетілген
есептелген сомалар, айыппұлдар және өсімпұлдар бойынша міндеттемелерін
бекітілген уақыт аралығында орындауға міндетті.
Салықтық тексеру барысында салықтық заңнамаларды бұзушылық
анықталмаса, салықтық тексеру нәтижелері бойынша хабарлама хат
жазылмайды[2].
Қазынашылық комитетi
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық комитетi
(бұдан әрi - Комитет) өз құзыретінің шегінде мемлекеттiк бюджеттің
атқарылуы саласындағы іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнің ведомствосы болып
табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері:
республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру;
жергілікті бюджеттерге, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің
шоттарына қызмет көрсету;
Комитет органдарына бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен
мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың қолданыстағы бюджет заңнамасына
сәйкестігін бақылау болып табылады.
Комитет өзінің қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын,
Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi
мен Үкiметінiң кесiмдерін және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
Қазынашылық комитетi туралы ережені басшылыққа алады.
Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды
тұлға болып табылады. Өз құзыретінің мәселелерi бойынша заңнамада
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күшi бар
бұйрықтар шығарады.
Комитеттiң функциялары мен құқықтары
Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
мынадай салада мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн
функциялар:
мемлекеттік бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсету және республикалық
және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу нәтижелерi туралы ақпаратты даярлау;
кезекті қаржы жылына арналған бюджеттiк тағайындауларға сәйкес
республикалық бюджеттiң шығыстарын қаржыландыру;
мемлекеттік мекемелердiң тапсырыстары бойынша ұлттық, сол сияқты
шетел валютасы түрiнде де ақша аударымын жүзеге асыру;
екiншi деңгейдегi банктер және банктiк қызметтердiң тиiстi түрлерiн
көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдар арқылы мемлекеттiк мекемелердi
қолма-қол ақшамен қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
жергiлiктi атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігіне жергiлiкті бюджеттердiң атқарылуы туралы ақпарат ұсыну;
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жедел, айлық, тоқсандық және
жылдық есеп берудi даярлау;
республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың
әкiмшілерiне, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын
мемлекеттiк мекемелерге бағдарламалар, кiшi бағдарламалар және ерекшелiктер
бөлiнiсiнде жүргiзiлген шығыстар туралы ай сайын ақпарат берiп отыру;
ақылы қызметтерден, демеушiлiк және қайырымдылық көмектен алынатын
қаражаттың пайдалануы туралы, валюталық шоттардан шығыстар жасалғандығы
туралы жиынтық есептер дайындау;
қазынашылықтың мемлекеттiк ақпараттық жүйесiнiң жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ету;
мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк сыртқы қарыздар мен
мемлекеттік емес сыртқы қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету кезiнде
ақша аударымын жүзеге асыру;
мемлекеттiк кепiлдiк, қарыз алушылардың қаражаты күшiне енген
жағдайда бюджеттік кредиттер мен республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты
беру, оларға қызмет көрсету және қайтару жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
үкiметтік және мемлекет кепiлдiк берген борыштық мiндеттемелер мен
талаптардың есебiн және үкiметтік сыртқы қарыздар шоттарынан қаражатты алу
жөнiндегi операцияларды қамтамасыз ету;
қарыз алушылардың республикалық бюджет алдындағы бюджеттік кредиттер,
Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк
берген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету;
республикалық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық қаржы жоспарын
қалыптастыру және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi
қаржыландырудың нақтыланған жиынтық жоспарын жүргiзу;
бюджет ақшасы есебiнен мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-
құқықтық мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыру;
республикалық бюджеттiң қолма-қол ақша ағынын болжау және оларды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң салымдарына (депозиттерiне)
орналастыру жолымен кiрiс алу мақсатында республикалық бюджет ақшасының
ағымдағы қалдықтарын басқару;
жергілікті атқарушы органдардың сенiмдi басқаруға алған уақытша бос
ақшасын басқару, оларды орналастыру және есептелген сыйақымен қайтару;
республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасындағы мемлекеттiк
салықтар мен төлемдердi бөлудi қамтамасыз ету және оларды түрлi деңгейдiң
бюджеттерiне есепке алу;
мемлекеттiк мекемелер заңсыз және мақсатсыз пайдаланған кезде,
қаржылық бақылау органдарының ұсынысы бойынша ақшаны бюджетке даусыз
тәртiппен өндiрiп (қайтарып) алуды жүзеге асыру;
жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен қымбат бағалы
металдар мен асыл тастарды есепке алу және сақтау;
Бақылау-қадағалау функциялары:
бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерi жиынтық қаржы жоспарының
мемлекеттік мекемелердi қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкестігін
бақылау;
мемлекеттiк мекемелер қабылдайтын мiндеттемелер сомаларының берiлген
рұқсаттардың сомаларына сәйкестігiн бақылау;
мемлекеттiк мекемелер қабылдайтын мiндеттемелердiң бюджеттiк
бағдарламалардың паспорттарында көрсетiлген iс-шараларға сәйкестiгiн
бақылау;
мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың бюджет заңнамасына
сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асыру;
мемлекеттік мекемелердiң валюталық операциялар жүргізу кезiнде валюта
заңнамасының сақталуы бойынша тексерулер ұйымдастыру;
мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп туралы заңнаманың
сақталуын алдын-ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік мекемелердiң, ақылы қызметтердiң, демеушiлiк және
қайырымдылық көмектiң шоттарын және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz