Парцелляциялық құбылыстың көркем мәтін тіліндегі лексика-грамматикалық және стилистикалық қолданысы



Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
І тарау. Парцелляция құбылысының зерттелуі.
1.1 Парцелляция құбылысының табиғаты.
1.2 Жалпы тіл білімінде зерттелуі.
1.3 Қазақ тіл білімінде зерттелуі.
ІІ тарау. Парцелляциялық құбылыстың көркем мәтін тіліндегі лексика.грамматикалық және стилистикалық қолданысы.
2.1 Парцелляциялық құбылыстың лексика.семантикалық түрлері.
2.2 Парцелляциялық құбылыстың грамматикалық болмысы.
2.3 Парцелляциялық құбылыстың көркем мәтін тіліндегі стилистикалық қолданысы.
ІІІ Қорытынды.
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
V Пайдаланылған көркем әдебиеттер тізімі.
VI Қолданылған жаңа терминдер.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
І тарау. Парцелляция құбылысының зерттелуі.
1.1 Парцелляция құбылысының табиғаты.
1.2 Жалпы тіл білімінде зерттелуі.
1.3 Қазақ тіл білімінде зерттелуі.
ІІ тарау. Парцелляциялық құбылыстың көркем мәтін тіліндегі лексика-
грамматикалық және стилистикалық қолданысы.
2.1 Парцелляциялық құбылыстың лексика-семантикалық түрлері.
2.2 Парцелляциялық құбылыстың грамматикалық болмысы.
2.3 Парцелляциялық құбылыстың көркем мәтін тіліндегі стилистикалық
қолданысы.
ІІІ Қорытынды.
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
V Пайдаланылған көркем әдебиеттер тізімі.
VI Қолданылған жаңа терминдер.

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген
республикамыздың әлеуметтік - экономикалық, мәдени өмірінде үлкен
өзгерістер болып жатыр. Сол себепті қазақ тіл білімі саласында жаңа
терминдер еніп, қалыптасуда. Соңғы он жыл көлемінде ғана парцелляция
құбылысы зерттеле бастады. Жас зерттеуші филологтардың ғылыми жұмыстарының
тың тақырыптарына айналып сөз болып жүр.
Алайда, бөлшектеуге көнетін грамматикалық құрылымдар бөлшектелген
компоненттердің өзара байланысы, негізгі сөйлемнің шекарасынан тысқары
бөлшектеліп шығарылған парцелляттың, яғни қосалқының грамматикалық,
стилистикалық және коммуникативтік қызметі әлі анықталып ашылмаған.
Р.Сыздықтың Бұл құбылыс туралы үзілді-кесілді тұжырымдар айту үшін, оны
мол материал жинап ғылыми тұрғыдан зертеу керек- деуі де бұл мәселенің
өзектілігін, маңыздылығын дәлелдейді.
Жұмыстың нысаны. Диплом жұмысы көркем мәтін тіліндегі парцелляция
құбылысының өзіндік ерекшелігін, стильдік және тілдік сипатын,
парцелляцияның түрлері және оларды топтастыру проблемасын қарастыруға
арналған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты көркем мәтін тіліндегі
парцелляция құбылысын әдеби тілдің жеке бір тармағы ретінде қарай отырып,
оның өзіндік тілдік, стильдік, типтік үлгілік табиғатын ашу.
Жұмыста осы көрсетілген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу
көзделеді.
- парцелляция, оның сильдік қызметі жөнінде түсінік бере отырып өзіндік
сипаттамасын, ерекшелігін айқындау.
- тіліміздегі парцелляция құбылысын сөз ете отырып, оған қойылатын
талаптар мен шарттарды айқындау.
- қазіргі парцелляция құбылысында орын алып жүрген кейбір олқылықтар мен
кемшілік мәселелерге тоқталып өз көзқарасымызды таныту.
Жұмыстың дерек көздері. Аталған мақсат пен міндеттерге жетуде
А.Байтұрсынов, М.Балақаев, С.Сауранбаев, Р.Сыздықова, т.б. ғалымдардың
әдеби тіл, оның стильдік тармақтары жөніндегі теориялық еңбектерін; орыс
тілінің синтаксисін зерттеушілер Ф.И.Буслаевтан бастап Пешковский,
Белашапкова еңбектерін және оқытушы ұстаздардың теориялық және практикалық
еңбектері мен ой-тұжырымдарын, ұсыныстарын қолданып, басты назарға алынды.
Осылармен қоса мектеп оқулықтарындағы, баспасөз беттеріндегі үлгілер
талдау материалы ретінде пайдаланылды.
Жұмыстың әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай
әртүрлі әдістер қолданылды. Олар: сипаттау, талдау, жинақтау, топтау,
салыстырудың құрылымдық-типологиялық әдістері. Тілдік фактілерді талдау,
мәтіндік бақылау және салыстыру әдістері арқылы жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Тіл – тарихи құбылыс. Белгілі бір тарихи
кезең үшін өз терминдері қалыптасады.
Міне, бұрын А.Байтұрсынов іргелес сөйлем деп атаған ұғым қазір басқа
қырынан зерттеліп парцелляция күрделі синтаксистік тұтастық деген ұғымдар
туып, тілдік термин ретінде орнықты.
Жалпы тіл біліміне парцелляция термині француз тіліндегі parceller
сөзінен енген. Бұл ұғым қазақша ұсақ бөлшектерге бөлу дегенді білдіреді.
Сондықтан да бөлшектелген сөйлем деп алғанды жөн көрдік.
- бөлшектелген сөйлем әдеби тілге ауызекі сөйлеу тілінің әсерімен енген
құбылыс.
- бөлшектеу барысында негізгі сөйлем мен қосалқы арасындағы байланыс
үзілмейді; толымды және толымсыз құрылым бірігіп, қосалқылардың санына
қарай екі немес бірнеше фазаларда жеткізілетін біртұтас-айтылыс түзеді.
- сөйлемнің бөлшектелуінің алғы шарты – жай сөйлем мүшелері, құрмалас
сөйлем бөліктері арасындағы синтаксистік жағынан ғана емес, ішкі
–семантикалық жағынан да тым күрделілігі, шұбаланқылығы.
- парцеллят сөз тіркестері, жай сөйлемдер (сөйлем мүшелері) құрмалас
сөйлем компоненттері түрінде келеді.
Жұмыстың практикалық маңызы. Диплом жұмысында талдауға түскен мәселелер,
ол бойынша сараланған нәтижелер орта мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ беру
барысында кеңірек мәлімет беру, меңгертуде мұғалімдерге пайдалы болмақ.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
1. Парцелляция – қазақ әдеби тілінің бір бөлшегі. Оның өзіндік
тарихы, даму жолы, қалыптасу кезеңдері бар.
2. Парцелляция өзіндік қалыптасқан сөз, термин, синтаксистік құрылымы
бар біртұтас жүйе. Оны қалыптастыру, орнықтыру – тіліміздің
кемелденіп дамуының кепілі.
3. Парцелляция – жазу, дағдылану арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыстың құрылысы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан және қорытындыдан
тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Тіл нормасы – тарихи құбылыс. Ол сөйлеу және жазу арқылы қалыптасып,
дамып, жетіліп отырады. Соған орай әр кезде тіл қолдану заңдылықтарын
білдіретін ұғымдар да өзгеше болады. Белгілі бір тарихи кезең үшін өз
терминдері қалыптасады. Міне, бұрын А.Байтұрсынов іргелес сөйлем деп
атаған ұғым қазір басқа қырынан зерттеліп парцелляция, күрделі
синтаксистік тұтастық деген ұғымдар туып тілдік орнығып, соңғы кезде өте
қарқынды зерттеліп жүрген объектіге айналды. Бұл ауызекі сөйлеу мен жазба
әдеби тілдің бүгінгі кемелденген шағында біріне-бірінің әсерін тиге отырып,
дамуының нәтижесі.
Әдеби тіл ауызекі сөйлеу тілінің лексикалық, грамматикалық жүйесіне
сүйеніп қалыптасады. Ауызекі сөйлеу тілі синтаксисінің жазба тілге жалпы
әсері әртүрлі жанрлар мен стильдерге айтылыс тізбегінің үзіктілігінен,
синтаксистік құрылым компоненттері байланысының әлсіздігінен, құрылымдардың
актуалдануы әрі бөлшектелуінен байқалады.
Міне, сондықтан да қазіргі көркем әдеби шығармалардың тілін зерттеп,
сөйлемдерді синтаксистік тұрғыдан талдағанда баяғыдан қалыптасқан сарын мен
тек жай сөйлем салалас құрмалас деп қана қарау сөйлемдердің байланысын,
олардың коммуникативтік қызметін, логикалық мақсатын, несинтаксистік,
нестилистикалық деңгейде аша алмайды. Өзара нүктемен ажыратылған кейбір
тілдік единицаларды жеке тұрған қалпында ешқандай синтаксис-единица ретінде
қарастыруға келмейді және жекелеп қарастырғанда да қандай коммуникативтік
ойды жеткізбек болғаны да түсініксіз болады. Өйткені, контекстен үзіліп
алынған жеке сөйлем өзінің грамматикалық дербестігін сақтағынымен,
контекстегі өзімен байланыстағы басқа сөйлемдердің қатысуымен ғана ашылатын
толық мағынасынан айырылып қалады. Мынандай мысал алып көрейік.
Лагерьдегі сынық шеге мұның назарынан тыс қалар ма екен. Қазымыр.
Шалдыртпайтын жылпос. Сергек. Комендант Ганс Шуллерге осы қасиетімен жаққан
ол.
( І.Жақанов )
Осы мысалдағы бірінші жайылма сөйлемнің өзінен әңгіменің кім туралы
екендігін анқытау мүмкін емес. Ал одан кейін тұрған екі жеке сын есім мен
сөз тіркесін бөлектеп алып қарастырсақ, олар неге оқшау тұр? Қандай қызмет
атқарып тұр? Кімге, неге қатысты сөздер? Синтаксистік тұрғыдан қалай
атаймыз? Деген сұрақтар туады. Міне, осы сауалдарға жауап беру үшін бір
ортақ ойды білдіретін, бірақ өзара нүктемен ажыратылып, бөлшектелген
сөйлемдер тізбегін, яғни парцелляцияланған сөйлемдерді зерттеп, мәнін ашу
қажеттігі қазіргі қазақ тіл біліміндегі көкейтесті мәселелердің бірі боп
табылады.
Жалпы тіл біліміне парцелляция термині француз тіліндегі parceller
сөзінен енген. Бұл ұғым қазақша ұсақ бөлшектерге бөлу дегенді білдіреді.
Сондықтан да бұл терминді бөлшектелген термин деп алғанды жөн көрдік.
Әлемдік тіл білімінде бұл бөлшектелген сөйлемдер жан-жақты зерттеу
объектісіне айналып, көптеген еңбектерге арқау болып, қызу тартыс тудырып
жатқан тұста қазіргі қазақ тілінде осы жылдары ғана назарға ілініп, сөз
болып жүр. Алайда, бөлшектелуге көнетін грамматикалық құрылымдар,
бөлшектелген компоненттердің өзара байланысы, негізгі сөйлемнің шекарасынан
тысқары бөлшектеліп шығарылған парцелляттың, яғни қосалқының грамматикалық,
стилистикалық және коммуникативтік қызметі әлі анықталып ашылмаған.
Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, С.Е.Крючков т.б. лингвистер тіркесуді өз
алдына дербес синтаксистік категория деп санайды. Соңғы кездері бұл тіркес
конструкция проблемасына қызығушылықтың соншалықты артуының нәтижесінде
бұл кең аумақты түсініктен тарлау мағыналы парцелляция ұғымы бөлініп
шығарылды. Ол В.В.Виноградов, А.П.Величук салаласа, сабақтаса байланысу
түрі ретінде тұжырымдап, ал М.О.Платонова, А.А.Андриевская,
А.П.Сковородников, Р.Сыздық тілдің көркемдегіш құралы ретінде қарастырып
жүрген құбылыс.
Бұл парцелляция құбылысы роман, герман, славян тілдерінде, оның ішінде
орыс тілінде фонетикалық, синтаксистік, стисилтикалық деңгейде жан-жақты,
өте толық зерттелген болса, қазақ тілінде бұл құбылысқа енді ғана көңіл
бөліне бастады. Тек М.Балақаев пен Т.М.Сайрамбаев осы мәселеге арнаған
мақаласында бұл құбылыс қазақ тіліне аударма нәтижесінде енген деген
пікірде.
Алайда, көркем әдеби шығармаларды синтаксистік, стилистикалық тұрғыда
зерттеп оқысақ, біз парцелляцияланған сөйлемдерді қазақ жазушылары да
бұрыннан қолданып келе жатқанын байқаймыз. Тек бұл құбылыс арнайы зерттеу
обьектісі болмаған. Сондықтан біз әлі күнге сөйлемдер синтаксисін оқытқанда
да, оларға талдау жасаған кезде де ертеден қалыптасып қалған бір жүйе: жәй
сөйлем, құрмалас сөйлем, оны салалас құрмалас, сабақтас құрмалас дегеннен
шыға алмай жүрміз. Мынандай бір мысал алып көрейік:
Бурнашев қолын тез жұлып ап, бар денесімен Бокинге қарады. Шегір көзі
оқ атады. Тістенген. (З.Шашкин) немесе мынандай мысал карастырайық: Ол
портретті менің алдыма қоя салды. Қараймын. Өзім. Аң-таң болып Асқарға
қараймын. Ол үндемейді. Қайта қараймын. Тап өзім. (І.Жақанов).
Міне, бұл екі мысал да бір ой желісімен байланысқан бірнеше сөйлемдер
мен сөз тіркестерінен, жеке сөзден тұрады. Біз оларды бұрынғысынша,
қалыптасқан дәстүрмен тек қана жай сөйлем, сөз тіркесі, дара етістік деп
қарай алмаймыз.
А.Байтұрсыновтың сөйлемдерді құрылуынша түрлерге айыруына ден қойып
қарағанда іргелес сөйлем деген терминнің бар екендігін анықтадық. Ішкі
жақындық-мағына жақындығынан басқа жақындық жоқ сөйлемдер іргелес
делінеді, - деген А.Байтұрсыновтың анықтамасының байыбына барар болсақ,
біз қазіргі кезде барлық ленгвистер бірдей парцелляция деп атап жүрген
құбылысқа балама табамыз. Бұдан парцелляция құбылысын қазақ тілінде ала
бөтен осылай атау керек деуден аулақпыз, тек мұндай синтаксистік құрылымның
қазақ тілінде де бұрыннан бар екендігіне көңіл аударылады. Іргелес
сөйлемдерге А.Байтұрсыновтың келтірген мысалдарын қарағанда,
парцелляцияланған сөйлем деп қарастырылып жүрген осы сөйлемдер екендігіне
көзімізді жеткіземіз. А.Байтұрсынов: Күн кеш болды. Ат болдырды ел
көрінбеді. Батыр сасайын деді, - деген мысал келтіреді де, мысалға
алынған сөйлемдер арасында кеш уақытта болған уақиғаның жайын сөйлеген ой
іргесінің ғана біргелігі бар деп келіп, бұлар тек ой іргесімен жанасқаны
болмаса, бастарын қосып тұрған басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан бұлардың
аралары да бір-біріне қосылмай, ашық-ашық, үзіліп айтылады. Жазғанда
араларына үлкен тыныс белгісі – нүкте қойылады (2.300), - деп
тұжырымдайды.
Біздің зерттейін деп отырғанымыз да осы бір ойдың өзара нүктемен
бөлінген жеке-жеке, дербес бірнеше сөйлемдерде берілуі. Т.Қордабаев бұл
іргелес сөйлемдерді көнерек заманда сөйлем құрамындағы сөздерді, сол сияқты
жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын қазіргі дәнекерлер,
тәсілдердің, бірі-екіншісін меңгеріп, жетектеп, өзіне тәуелді етіп тұру
сияқты байланысу тәсілдерінің анағұрлым берік түрлерінің болмағандығынан,
сөздер, сөйлемдер арасында тек мағына желілерінің жақындықтарына қарай бір-
бірімен қабыса, іргелесе байланысу тәсілі болған, сөз бен сөздің, сөйлем
мен сөйлемнің бір-бірімен байланысы, ара қатынасы тығыз берік
болмағандықтан, оларда дербестік, бір-біріне тәуелсіздік күшті болған деген
пікір айтады.
Парцелляция құбылысы мейлінше жан-жақты, толық зерттелді деген орыс,
француз, ағылшын, испан тілдерінің өзінде әлі де ара жігі анық ашылмаған
мәселелер көптеп кездеседі. Мысалы, орыс және француз тілінде
парцелляцияланған сөйлемдер тіркескен конструкциялармен пара-пар деп
есептелсе, испан тілінде парцелляцияны оқшаулаудың ең биік, жоғарғы
дәрежесі деп атаған.
Мұның бәрі әлі күнге дейін жалпы парцелляцияланған құрылымның және
бөлшектелу нәтижесінде пайда болған негізгі (базалық) сөйлем мен
парцелляцияттың (қосалқының) грамматикалық статусының анықталмағандығынан.
Сондықтан да парцелляцияланған құрылымның грамматикалық болмысы туралы
сұрақ та әлі ашық қалып тұр.
Парцелляция мәселесінің тағы бір басы ашылып, анықталмаған қыры- оның
грамматикалық категорияға жатқызылуы ма, әлде стилистикалық әдіс қатарына
қосылуы ма. Себебі барлық зерттеулерде парцелляция құбылысы деп қана атап
қойып, әр ғалымдар әр тілдегі оның ерекшеліктерін, жасалу жолдарын, шығу,
таралу тарихын, қолданылу жиілігін, негізгі сөйлем мен қосалқының байланысу
жолдарын зерттеп жүргендерімен, оның лингвистиканың қай саласында қаралуы
да әлі шешілмеген мәселе. Өйткені әдеби жазба тілде парцелляция тек
синтаксистік мақсатта - күрделі, шұбалаңқы конструкцияларды жеңілдету
мақсатында ғана емес, стилистикалық мақсатта да негізінен жеткізілетін
ойдың семантикалық мағынасына эмотционалдық түрлендіруші ренк қосу үшін де
қолданылады.
Эмоционалдық синтаксис деген терминді енгізген француз ғалымы Ш.Балли:
Сөйлем айтушының негізгі ойын жеткізумен қатар оның сол ойға көзқарасын да
білдіреді. Ендеше айтылар ойға эмоционалдық көзқарас сөйлемнің жалпы
мағынасының тағы бір негізгі құрамды бөлігі болып табылады. Біз күн суық,
күн ыстық, жаңбыр жауып тұр дегенде фактіні жалаң жеткізумен шектелмей,
іс-әрекетті анықтауға қабілетті эмоционалдық әсерімізді немесе практикалық
пікірімізді; әр жағдайда суық, ыстық, жаңбыр деген оймен байланыстыра
өзіміздің ризалығымызды немесе ренішімізді, қызығушылығымызды немесе
немқұрайдылығымызды білдіреміз, - дейді. Бейнелеушіліктің өзі көңіл-
күймен байланысты. Ол көңіл-күйді, тілекті білдіреді; жай интеллектуалдық
пікірді жеткізгенде де ол көңіл-күйге байланысты түрленеді, боялады.
(12.43)
Мына мысалдарға көңіл аударып көрейік:
Әлияның жанары, сол арқылы тұтанған от суретшінің талай шығармасына
сәуле түсіргені анық, өйткені сәтсіз махаббат - адамның бүкіл өмір жолына
созылған күй. Ұмытылмас күй. Сырлы, назды. Ерке, мұңды. Қайғы әуенінен
қуаныш сазы басым. Сондықтан да көңіл түрінде. Сондықтан да мәңгілік.
(М.Мағауин).
Күй ана боп аңырады. Дала боп уілдеп, жүректен қан тамшылатты.
Қансыратты, талдырды. (І.Жақанов).
Бұл мысалдарды оқығанда әрбір оқырман оның грамматикалық формасы мен
семантикалық мағынасына емес, оның бейнелелігіне, көңілді толқытып, жүректі
тебірентер әсерлілігіне бірінші назар аударады. Ал бұл бейнелілік араларына
нүкте қою арқылы бөлшектелген, яғни парцелляцияланған конструкциялар арқылы
жеткізіліп тұр. Міне, осы жағынан қарастырғанда парцелляцияны да
көркемдегіш құрал қатарына жатқызуға әбден болады.
- Сөйлемнің көлемі мен формасы;
- сөйлемдегі сөздердін орын тәртібі;
- шақтардың қолданылуы; эмоционалдық синтаксистін немесе синтаксистік
стилистиканың қамтитын мәселелері болып табылады.
Енді осы эмоционалдық синтаксистің бір мәселесі – нүктемен ажыратылатын
сөйлемдердің өзара байланысын қарастырып көрейік.
Сөйлем ішіндегі нүкте мен үтір арасындағы айырмашылық – паузаның
ұзақтығында. Нүктеге сәйкес келетін пауза кезінде сөйлемдер арасындағы
байланыс әлсірейдіде, керісінше тәуелсіздігі артып, бір-бірінен оқшаулана
түседі. Нүктемен ажыратылған сөйлемдерден гөрі үтір мен ажыратылған жай
сөйлемдердегі факторлардың өзара алмасуы жеңілірек болады. Бұл жағдайда бір-
біріне тек жанасып тұрып логикалық байланыста болатын жай сөйлемдерді
күрделі контекстік бірлестік деп атауға болады. Нүктемен ажыратылған
сөйлемдерде де үтір мен ажыратылған сөйлемдердегі сияқты логикалық байланыс
грамматикалық конструкциялар сызақ не қиысу, не меңгеру түріндегі
семантикалық байланыс болуы мүмкін. Үтір мен ажыратылған ыңғайлас
салаластар өте тығыз байланыста болатыны айқындалды. Сөйлемдер нүктемен
ажыратылғанда логикалық және шақтық байланыс синтаксистік түрде емес, тек
семантикадан туындайды. Әр фраза жеке ойды бейнелейді, жеткізеді. Оларды
бөліп тұрған нүктелер ұзағырақ пауза мен аяқталған сөйлем интонациясын
нұсқайды. Бұл орайда сабақтас құрмалас сөйлемдердің орны бөлек. Оларда
бағыныңқылық қатынас сөйлемдердің бір ізділік тәртібімен беріледі. Енді
негізінен тығыз логикалық байланыста бола тұрып, нүктемен ажыратылатын
күрделі синтаксистік бірлестіктің басқа бір структурасы қосымша
констукцияларға яғни парцелляцияттарға тоқталайық. Қосымша конструкциялар
нүктеден кейін сөйлемнің оқшауланған мүшесі түрінде немесе жалғаулық
шылаулар арқылы байланысқан салалас құрмалас, яки сабақтас құрмалас
сөйлемдер түрінде келеді. Қосымша конструкциялар алдыңғы аяқталған сөйлемге
қосымша ой-пікір үстейді. Қосымша конструкцияларда берілетін фактілер
алдыңғы сөйлеммен логикалық байланыста, бағынышта, тәуелділікте болады. Бұл
байланысқа нүкте кедергі болмайды. Нүктеге қарамай қосылатын бұл
конструкцияларды француз стилистері аяқталған фактіден (істен) кейінгі
қосымша дейді.
Академиктер Л.В.Щерба мен В.В.Виноградов, А.М.Пешковский жалғаулық
шылаулардың байланыстырушылық функциясы жайлы айтқан. Қосымша мен салалас
сөйлем арасындағы айырмашылықты анықтай келіп С.Е.Крючков: Қосымша
айтушының санасында тура сөйлеу барысында туатын әңгіме үстүндегі
толықтырушы үстеме элемент - деп атайды. Дәл әңгімелеу үстінде толықтыру
үшін туатын келесі элемент –деп те атайды.
Алдыңғы сөйлеммен логикалық, психологиялық немесе эмоциялық тұрғыда
байланысқан қосалқы сөйлем мағына жағынан емес, тек қалыптан тыс форма
жағынан ерекшеленеді, оқшауланады. Әдеттен тыс нәрселердің бәрі, әдеби тіл
нормасына жатпайтын әр конструкция қалыпты грамматикалық құрылымның шегін
бұзып тұрған жағдай ерекше көңіл аударады.
Сөздердің логикалық тәртібінің бұзылуы тындаушының зейінің, назарын
ынталандырып, жандандырады, ал логикалық реттілік, керісінше, оны
самарқаулыққа түсіріп, ой ақылын жалқауландырады.
Қосымша конструкциялар әдеби тілде ауызекі тілден пайда болды. Қосымша
конструкциялар фразаны ойда құрау аяқталған сәтте, айтылған ойға үстеме
түрінде туындайды да қалыпты құрылымды бұзбай ойды жалғай алмайды. Әрине,
кейінгі ой жеке сөйлем түрінде берілгендіктен, оның алдыңғы сөйлемдегі ой
мен байланысы жалғаулық шылау арқылы байланысқан қосалқыдан гөрі әлсіздеу
әрі бейтараптау. Қосымша конструкциялар қай түрде болсада семантика
жағынан: түсіндірме немесе айқындауыштың белгісін сақтайды. Осындай үзік
немесе дараланған, оқшауланған сөйлемдер қазіргі біздің көркем
әдебиетімізде көптеп кездесуде. Мұндай сөйлемдер әдетте шығарма
кейіпкерінің көтеріңкі немесе толқулы, абыржулы көңіл күйін сипаттауда,
суреттеуде жиі қолданылады. Мысалы,
Мен бұл әнге құмармын! Ынтықпын! (І.Жақанов)
Сен мені еш уақытта мұндай қасірет үстінде көрмеуге тиіссің, Айнаш. Сен
әлі уызсың. Гүлсң. Пәксің. Мөп-мөлдір армансың. Жарқыраған үміт жұлдызысың.
(І.Жақанов).
Бұл жігіт өлуі керек! Бүгін! Қазір! Дәл осы арада! (І.Есенберлин). Тірес
конструкциялар түрлі сөйлемнің әр мүшесі болып келуі мүмкін. Предикаттық ұя
тұйықталмаса да, алдынғы фразаны аяқтайтын нүктеден кейін басталатын тіркес
конструкциялар өз алдына жаңа дербес сөйлем құрай алмайды.
Семантикалық жағынан қарастырғанда тіркес конструциялар алдында
айтылған ойды толықтыру, анықтау немесе түсіндіру қызметін атқаратын
қосымша идеяны білдіреді. Автор тіркес қонструкцияны ол жанасып тұрған бір
мүшені күшейту үшін немесе негізгісөйлемде жоқ мүше түрінде қосымша
мінездеме, анықтама беру үшін сөйлемнің жоқ мүшесінің орнын толтыруға
қолданады.

І тарау. Парцелляция құбылысының зерттелуі мен табиғаты
Парцелляция терминінің енуінен бұрын тілдегі бұл фактілер
присоединение-тіркесу терминімен аталып, көптеген ғылыми зерттеулердің
объектісі болып келген. Соңғы 10-15 жылдың ішінде бір феномен осы екі
терминмен қатар аталып жүр. Сондықтан да олар белгілі бір дәрежеде синоним
болып келді. Бірақ бұл парцелляция мен қосымша мәселесіне арналған
еңбектердің тақырыптарының тарлығына, тілдің осы екі фактісінің толық
ашылып, анықталмағанынан болып отыр.
Ғылыми синтаксистік қолданыста қосымша тіркес ұғымынаң кеңтаралуына
Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, С.Е.Крючковтардың еңбектері арқау болды. Олар өз
еңбектерінде қосымша тіркестердің синтаксистік байланыстың ерекше түрі
ретіндегі белгілерін тұжырымдап шығарды.
1. Психологиялық белгісі аяқ астында, табан аузында, кенет, оқыс ойға
келуі. Бұлай тіркесе байланысудың құрмаласа байланысудан
айырмашылығы - екінші элемент - қосымшаның – ойды айтып болған соң,
немесе сөйлеу барысында кенеттен туындауы.
2. Экспресивтік – семантикалық белгісі. Қосымша тіркестердің бұл
жағдайында бөлшектер мағына жағынан бір сөйлемге, логика жағынан
біртұтастыққа сыймайды. Бұл кезде субьективтік мотивтер,
экспрессивтік форманың нәзік иірімдері синтаксистік құрылымның
қалыпты логикасын бұзып, өзгертеді, синтаксистік форма мен
стилистикалық қолданыс арасында алшақтық пен үйлеспеушілік тудырады.

3. Семантикалық белгісі. Бұл жағдайда қосымша тіркес жайлы
тұжырымдағанда ауызекі орыс тілі жайлы айтқан. Бірақ іс жүзінде
қосымша тіркес ой-санада сөйлеу барысында туындаған қосымша ойды
жеткізуші, толықтырушы болып табылады. Л.В.Щерба қосымша тіркес
жайлы тұжырымдағанда ауызекі орыс тілі жайлы айтқан. Бірақ іс
жүзінде қосымша тіркес проблемасын зерттеген көптеген ғылыми
еңбектерде Л.В.Щербаның осы критерийі бүкіл орыс әдеби тіліне, ең
алдымен жазбаша тілге қатысты айтылып жүр.
Ауызекі сөйлеу тілі мен жазбаша тілдің айырмашылығын дәйекті түрде
қарастырғанда қосымша тіркестің негізгі белгісі, ерекшелігі болып саналатын
аяқ асты айтылуда көптеген лингвистер ауызекі тілмен оның жазбаша
көріністерін кейбір фактілерін ғана бейнелейді.
В.В.Виноградовтың еңбектерінде де қосымша тіркестің осы белгісі алға
тартылады. В.В.Виноградов қосымша тіркесті негізінен грамматикалық құбылыс
емес, стилистикалық әдіс ретінде қарастырды. Бұл турасында Қарғаның
мәткесінің стилі деген мақаласындағы ой түйіндеуі мен мысалдарын
талдағанда В.В.Виноградовтың қосымша тіркесті тілде семантикалық –
экспрессивтік негізі бар стилистикалық әдіс, семантикалық-стилистикалық
категория деп қарастыратына еш күмән қылмайды. В.В.Виноградов бұл еңбегінде
қосымша тіркестің синтаксистік категориялық белгілерін емес, композициялық
монтаж бен текстегі единицалар монтажы арасындағы байланысты (құрылым
біртұтастығының принципі) анықтауға тырысады.
В.В.Виноградов: Пушкин стилінде жалғаулық шылаулар кейде байланысудың
алдамшы сигналы болып табылады, қосымша тіркестер үшін жалғаулық шылаудың
болуы мүлде міндетті емес, тек олардың көршілес тұруы, жанасуы маңызды деп
пайымдайды.
Бірақ тіркесу туралы В.В.Виноградов тұжырымдаған критерий негізінде
орыс тілінің синтаксисінде қосымша тіркес категориясының шекарасын
айқындап, анықтамасын жасау мүмкін емес.
С.Е.Крючков қосымша тіркес жайлы өз түсінігін, пікірін жеткізудегі
қосымша пайымдауды білдіретін қосымша хабарлама деп тұжырымдап, бұл
байластың маңызын ашып, қосымша тіркестің синтаксистік категориясын анықтау
бағытында белгілі қадам жасайды.
Алайда С.Крючковтың еңбегінде де тек осы байланыс түріне тән арнаулы
белгілер шектеліп көрсетілмегендіктен, онсыз да өте кең, әрі толық
анықталмаған қосымша хабарлама, яғни қосымша пайымдаудың семантикалық
критерийі-қосымша тіркес категориясының аясын шексіз кеңейтіп жібереді. Бұл
еңбегінде қосымша ретінде арнаулы жалғаулық шылаулы және шылау тіркесті
сөйлемдермен қатар салаластық және сабақтастық шылаулы құрмалас
сөйлемдердің әртүрлері, жай сөйлемдердің парцелляциялануының
(бөлшектенуінің) айқын көрінісі болып табылатын шылаусыз байланысқан
сөйлемдер де қарастырылады.
Елу, алпысынша жылдарда жазылған тіркесу жайлы еңбектерде бұл
анықтаманың тұжырымдалу аясы шексіз кең айқын грамматикалық шеңберге
түспеген. Сондықтан да қалыптасып әдетті ұғымға айналған тіркесу туралы кең
түсінік, қазіргі кезде парцелляция деп аталып жүрген құбылысты
синтаксистік және стилистикалық зерттеулердің жеке объектісі ретінде жол
берілмеді. Қосымша тіркес пен парцелляцияның барабарлығын теріске шығарушы
Ж.Е.Петрашевскаяның өзі олардың арасындағы айырмашылық тек түрінде деп,
парцелляцияны қосымша тіркестің бір түрі деп санайды. Тіркесу мен
парцелляция арасындағы айырмашылық сөйлемнің синтаксистік құрылысы екі
аспектігі: құрылымдық және функционалдық болып бөлініп қаралған еңбектерде
айқын көрсетілді. Бұл айырмашылық В.А.Белашапкованың монографиясында жақсы
анықталған. В.А.Белашапкова тіркесу мен парцелляцияның барабар еместігін,
түр арақатынасы жағынан бірқатарға жатпайтындығын дәлелдей келіп,
парцелляциялық сөйлемнің коммуникативтік-функционалдық деңгейдегі , ал
тіркесу ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар т.б байланыс түрі сияқты
логикалы-грамматикалық қатынастардың бір типіне жататын, яғни сөйлемнің
конструкциялық құбылысы екені ашып көрсетілді. Сонымен қазіргі кезде
синтаксистер парцелляцияны тіркесудің бір түрі ретінде қарастыруға
болатынын анықтай бастады. В.К.Покусаенко болса өз еңбегінде парцелляция
мен тіркесу бір-біріне қарама-қарсы құбылыс, себебі, парцелляция кезінде
тілдегі біртұтас құрылым сөзде (речь) сөйлегенде бөлшектеледі, керісінше,
тіркесу кезінде тілде бөлшектелген құрылдымдар сөйленісте тұтас бірлік
ретінде беріледі деп пайымдайды.
Орыс тілінде парцелляция құбылысы әр мақалада, әр еңбекте, әр ғылыми
ізденісте әр жағынан қарастырылып, талдау жасауға талпыныс болғанымен олар
тек синхроникалық ізденіс еді. Оларда парцелляция құбылыс не жай сөйлем
деңгейінде сөйлемнің әр мүшесіне қатысты, не болмаса құрмалас сөйлем
деңгейінде де толық зерттелген. Оған қосымша парцелляция мен тіркес
құрылымдардың айырмашылығы да әжептәуір айқын көрсетілген.
Славян тобы тілдерінде парцелляция құбылысы бұл тілдерде жазылған өте
ертедегі әдеби ескерткіштерден бастап ХХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі
кезеңнен сараң болса да байқалады.
Сабақтас құрмалас сөйлем деңгейінде ХІІІ-ХҮІІ ғасырдағы ежелгі және көне
орыс текстерінде парцеллят қызметінде тек жалғаулықты (понеже, иже, еже, и
ино) себеп салдар бағыныңқы сөйлемдер табылған .
ХҮІІ ғасыр шығармаларында ибо себеп жалғаулықты бағыныңқы сөйлемді
парцелляттар кездескен.
Орыс тіліндегі ХҮІІІ ғасыр текстерінде ибо және потому что себеп
жалғаулықтары мен себепті білдіру үшін қолданылған для того чтобы мақсат
жалғаулығы арқылы енгізілген бағыныңқы сөйлемді парцелляттар ұшырысқан.
Осындай себеп бағыныңқылығы парцелляттар осы ғасырдағы украин авторларынан
да табылған.

Парцелляция құбылысының көркем әдебиет тілі мен публицистика стилінде
кеңінен таралып, оған әр тілде көптеген ғылыми еңбектер арналғанымен
қарамай, бұл құбылыс түркі тілдерінде де өте аз, тіпті санаулы ғана еңбекке
арқау болған.
Қазақ тіліндегі парцелляция құбылысына алғашқылардың бірі болып, көңіл
аударып, талдау жасаған ғалымдар: М.Балақаев пен С.Сайрамбаев. Бұл ғалымдар
парцелляция қазақ тіліне орыс тілінің әсерімен, әсіресе аударма
тәжіребиесімен байланысты енген деген пікір білдірді және мақалаларында
негізінен бөлшектелген қосалқы сөздердің орыс тілінен қазақ тіліне
аударылғанда сол қосалқы қалпында берілетін жағдай да, негізгі сөйлем
құрамына еніп кететін жағдайы да болатынын атаған. Бұл мақалада авторлар
қосалқа синтаксистік топтарға өз алдына оқшау қалпында синтаксистік
объектіге жатпайтын деп анықтама береді. Осы аталған мақала қазақ тіліндегі
парцелляция құбылысын зерттеудің бастамасы болып табылады. Парцелляция
құбылыс қазіргі қазақ тіліне енгізілді. С.Орынбасарованың ғылыми мақалалары
да осы парцелляция мәселелеріне арналған.
Қазақ әдеби тіліндегі парцелляция құбылысына стилдік тәсіл ретінде назар
аударып, біршама талдау жасаған ғалым Р.Сыздық бұл тәсілді бір сөйлемнің
кетілуі, ал тұтас құрмалас сөйлем болса, оның сөгіліп, сөгілген
бөлігінің күзеліп қолданылуы деп жатық қазақшалап түсіндіреді. М.Әуезов
шығармасына кетіліп берілген жай сөйлемдер де, сөгіліп, күзеліп
берілген құрмаластарда да көптеп кездеседі. Жалпы академик Р.сыздық тіл
проблемаларын дер кезінде көтеріп отырады. Күрделі синтаксистік тұтастыққа
1970 жылы назар аудару қажеттігін атаған болатын. Күрделі синтаксистік
тұтастық туралы Ж.А.Жакупов ғылыми-зерттеу жүргізген бірнеше парцеллятты
құрылымдар құрылымдық-семантикалық жағынан осы екі синтаксистік тұтастыққы
жақындайды.
Қазіргі татар тіліндегі парцелляция құбылысы Р.С.Сафиуллинаның
мақаласында сипатталып, талданған. Мақала авторы тіркесуді парцелляцияның
бір көрінісі деп есептейді.
Парцелляция тұрғысынды Р.С.Сафиуллинаның Ю.В.Ванниковтың көптеген
қорытындыларымен келіседі де, сөйлемнің әр мүшесінің бөлшектелу
мүмкіндігінің әр түрлілігін атайды. Сонымен қатар Ю.В.Ванниковтың сөйлем
екі бағытта интенсионалдық және экстенсионалдық бағытта дамитынын мақұлдап,
бірыңғай мүшелер экстенсионалдық, яғни кеңейту бағытында
қолданылатындықтан, олардың сөйлемдегі мөлшері шектелмейді дейді, ал сөйлем
құрылысының интенсионалын тұйық синтаксистік қатар деп есептеп, бұл
сөйлемдерді дамыту, өрістету бағытындағы мүшелер саны шектеулі дейді.
Сондықтан құрылу жағынан әлсіздеу байланысқан эксенсионал элементтер –
бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелер, парцелляцияға көбірек, жиірек
ұшырайды да, сөйлемнің интенсионал мүшелері тұрлаулы мүшелер мен толықтауыш
парцелляцияға сирек ұшырайды деген тұжырымды қолдайды.
Егер ХХ ғасыр басына дейін татар тіліндегі көркем әдебиетте парцелляция
өте сирек қолданылса, қазіргі кезде, татар тіліне тән ерекшелікке айналған.
Қазіргі парцелляция кейіпкерлер сөзінде де, авторлар баяндауында да
кездеседі. Қазіргі татар тілінде де сөйлемнің барлық мүшелері
бөлшектелінеді, парцелляцияланған бөлігінде сөздер кері тәртіпте
орналасады.

ІІ тарау. Парцелляциялық құбылыстың көркем мәтін тіліндегі стилистикалық
қолданысы.
Роман тобы тілдерінің ішінде француз тілінде парцелляция құбылысы
әсіресе ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында өте кеңінен қолданыла
бастаған. Испан тіліндегі парцелляция құбылысын диахрониялық сипатта
зерттеген Е.В.Литвиненконың еңбегінде роман, герман тобы тілдеріндегі
парцелляцияның тарихына да шолу жасаған. Парцелляция құбылысын славян
тілдерімен қатар роман, герман тілдерінде ХІІ ғасырдан бастап олар әрекет
етіп келе жатқан ХХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі кезеңнің өн бойында
қалыптасып, орныққан тарихи құбылыс екенін Е.В.Литвиненко өзінің докторлық
зерттеулерінде толығынан дәлелдеп шыққан. Бұл құбылыс әдеби кейіпкерлердің
сөйлеу тілінде де, авторлардың баяндау тіркесінде де кездеседі.
Кейіпкерлердің ауызекі сөйлеу тіліндегі парцелляция аталған барлық
тілдердің бүкіл кезеңдерінде бірдей ауызекі сөйлеу тілінің эмоционалдық
бояуы бар спонтанды сипаты. Автордың баяндау тексіндегі парцелляция басқа
тілдерде ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін, ал герман тобы тілдерінде ХХ
ғасырдың басына дейін, негізінен ХІ-ХVIIIғасырларда кеңінен қолданған,
салаластық, сабақтастық жалғаулықтары мол аса күрделі құрылымдарды
жеңілдету, ықшамдаумен байланысты. ХХ ғасырда, әсіресе оның екінші
жартысында парцелляция құбылысының басты себебі – стилистикалық. Бұл
кезеңде автордың баяндау тексіне ауызекі тілдің синтаксистік-стилистикалық
нормалары қарқынды түрде енеді. Күрделі құрмалас сөйлем деңгейіндегі
парцелляция испан, партугал, француз, итальян, неміс, орыс, украин
тілдерінде ең ерте кездегі шығармаларда-ақ кездеседі.
Роман герман және славян тобы тілдерінің олар әрекет еткен ХІІ ғасырдан
ХХ ғасырдың басына дейін бәріне ортақ жалпы заңдылықтармен қатар
(парцелляциятты сөйлемдер құрылысы үлгілерінің бір тектілігі) олардың әр
тілде кездесу жиілігінде де, типологиясында да кейбір спецификациялық
ерекшеліктер бар. Роман тілдерімен салыстырғанда герман және славян
тілдерінде парцелляттар саны аз. Роман және славян тобы тілдерінде
парцеллят қызметінде сабақтастық жалғаулықтары арқылы енгізілген сөйлемдер
қолданылса, герман тобы тілдерінде себеп-салдар салаластық жалғаулықтары
арқылы енгізілген сөйлемдер қолданылады. Күрделі сөйлем деңгейіндегі
парцелляцияның дамуы әрқашан тек өрлеуде болған жоқ. Қолданылуы сирексіген
кездер де болған: роман тобы тілдерінен француз тілінде ХVII ғасырда,
португал және испан тілдерінде ХVIIІ ғасырда. ХІХ – ХХ ғасырдың бірінші
жартысындағы талдауға жатқызылған роман және славян тілдерінің бәрінде
парцелляция сирек әрі кейбір авторларда ғана ұшырасады. Бұл автордың
болжауы бойынша, аталған тілдер синтаксисінде осы кезеңде синтаксистік
бірліктер көлемін қысқартуға бет бұрғандықтан болса керек. ХІІІ-ХVIIІ ғасыр
тілдеріне соншалықты тән күрделі синтаксистік комплекс кезеңі толығынан
қолданудан шықты. ХІХ-ХХ ғасыр басының авторлары күрделі сөйлемдерді, тіпті
күрделенген құрылымдарды аса қолайсыз, шұбалаңқы деп есептемейді. Автордың
баяндау мәтініне ауызекі сөйлеу тілінің енуі бұл кезеңде әлі жеткілікті
бірізділікке түспеген.
Жай сөйлем деңгейінде сөйлем мүшелі парцелляттар ХХ ғасырдың екінші
жартысына дейін, герман тілдерінде ХХ ғасырдың басына дейін бірен-саран
мысалдардан кездеседі. Роман, славян тілдерінде ХХ ғасырдың екінші
жартысынан, герман тілдерінде ХХ ғасырдың басынан күрделі сөйлем деңгейінде
де, жай сөйлем деңгейінде де парцелляция қазіргі проза тілінің синтаксистік-
стилистикалық тенденциясына айналды. Бұл кезеңде сөйлем мүшелі парцелляттар
саны сөйлем бөлікті парцелляттар санынан кем түспейді, кейбір авторларда
бөлшектелген сөйлем мүшелері тіпті көп.
Еңбек авторы парцелляцияланған құрылымдар мен тіркес конструкциялар
арасындағы айырмашылықтарды өзінше анықтауға тырысады. Парцелляттар деген
өзіне базалық болып саналатын толымды сөйлем құрамынан бөлшектеліп
шығарылған, бірақ онымен семантикалық, стилистикалық байланысын үзбеген
құрылым.
Синтаксистік байланыстың сақталатынын парцелляттар базалық сөйлем
құрамына қайтарылғанда олардың ешқандай құрылымдық өзгеріске түспей-ақ
базалық сөйлемнің басқа компоненттерімен толық мәнді мүшесі ретінде
синтаксистік қатынасқа түсуі айғақтайды.
Тіркес конструкциялар - өздері тек семантикалық жағынан байланысқан
толық сөйлем құрамына бөлшектеліп кіргізілетін құрылымдар тіркес
конструкция мен толық сөйлем арасында синтаксистік байланыс болмайды. Мұны
толымсыз құрылымды тіркес конструкцияларды толымды сөйлем құрамына олардың
құрылымына өзгеріс енгізбей кіргізуге болмайтынынан көруге болады.
Кіргізетін жағдайда дербес құрылым бағыныңқы құрылымға айналады. Ал еш
өзгеріссіз айқындауыш мүше не кірме элемент ретінде енгізілсе, олар толық
сөйлемнің басқа ешбір мүшесімен синтаксистік қатынасқа түспей, бөгде
элемент ретінде қабылданады. Толымсыз құрылымды парцелляттар сөйлем
деңгейіне жатқызылса, толымсыз құрылымды тіркес конструкциялар мәтін
деңгейіне жатқызылады. Тіркес конструкциялар толымды сөйлеммен қосылып
күрделі синтаксистік тұтастық құрайды.
Мұнымен қоса еңбекте бөлшектелген құрылымдардың үлгілері берілген. Олар
жоғарыда айтылған славян тілдеріндегі бөлшектелген констукциялардың
үлгілерімен біртектес. Айырмашылықтары тек әр үлгінің қолданылу жиілігі мен
варианттарының өзгешіліктерінде ғана.

Жалпы алғанда, біз парцелляцияны жазбаша әдеби тілдің экспрессивтік
синтаксисінің синтаксистік жағынан байланысқан мәтінді текст нүктемен
ажыратылатын, интонациямен оңашаланатын бөліктерге бөлшектелу тәсілі деп
түсінеміз.
Парцелляция құбылысын зерттеп жүрген лингвистердің түгелге жуығы негізге
алып, одан әрі дамытып жүрген Ю.В.Ванниковтың анықтамасы бойынша
парцелляция дегеніміз сөйлемнің яғни біртұтас синтаксистік құрылымның
бөлшекеліп, бір не бірнеше тілдік интонациялық-мағыналық единицаларда, яғни
фразаларда айтылуы.
Н.С.Валгина ауызекі тілден жазба тілге ауысқан құбылыс ретінде ұзақ
пауза – нүктеден кейін шылаусыз, тек логикалық жағынан байланысатын тіркес
конструкциялар (присоединение) парцелляция (расчленение) деп анықталатынын
айтса, Р.П. Лисиченко: парцелляция айтылыстың жеке бөліктерін бас айтудың
(выделение) арқасында әр парцелляцияланған бөлікті айтылыстың актуалды
элементіне айналдырудың күшті алмалы - деп анықтайды.
Таппасаң, таптың. Алдың алатыныңды. Тобылға жүресің. Тап ертең жүресің!
(С.Сматаев).
Аршагүл-ау! Сүйіншімді бер! Жоламан тірі екен! (С.Сматаев) деген сияқты
бөлшектеуді Т.М.Николаева акценттік назар аударту, просадикалық ерекшелудің
өзгеше түрі ретінде ситуацияға шұғыл ендіру үшін ерекшелеу деп атауды
ұсынады.
Парцелляцияның біз айтып отырған мағынасында тексті бөлшектеудің негізгі
белгісі нүкте болып табылады. Леп белгісі мен сұрау белгісі де осы қызметті
атқара алады.
Көп ұзамай Есіл мен Ертістің аралығын тұтас жайлаймыз. Жетісу, Жайық,
Сыр – бәрін. (М.Мағауин).
Дәрі жоқ па? Сүзекке... тұмауға... дизентерияға. Әйтеуір толып жатыр.
(І.Жақанов).
Жазбаша әдеби тілдің әдісі болып табылатын парцелляцияның негізінде
ауызекі сөйлеу тілінің дамуына еліктеу жатады. Сөйлеу барысында фразалар
алдын ала ойластырылып дайындалып құрастырылған формула бойынша емес, ойдың
ағымына қарай құралады.
Парцелляцияланған конструкция базалық не толық стурктураға және
парцеллятқа, яғни толық емес құрылымға бөлшектеледі. Лингвистикалық
әдебиеттерде сөйлем мүшесі не құрмалас сөйлемнің бөлігі түріндегі толық
емес құралымдар, яғни парцелляттар өздері нүктемен ажыратылған толық не
базалық құрымдарға қатысы жағынан да (тұтас құрылымды парцелляциялау
нәтижесінде пайда болған бөлшек не толық құрылымға толық емес құрылымды
біріктіру нәтижесінде пайда болған тіркес), грамматикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси интернет дискурстағы субъективтік модалділік категориясының берілуі
Қазақ және ағылшын газет беттеріндегі саяси метафораларды аудару ерекшеліктері
Көркем мәтіндегі мәтінтүзуші фоносемантикалық және лексика-семантикалық факторлар
АНТОНИМДЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикасы
Тіл мен сөйлеу
Қазақ тілі стилистикасы пәнінен дәрістер
Әбіш Кекілбаевтың тілдік тұлғасы
Эмотивті лексика және аударма
Когнитивтік парадигмадағы терминология
Пәндер