Түркия



Түркия Республикасы – Азияда және ішінара Оңтүстік Шығыш Еуропа жерінде орналасқан мемлекет. Аумағының 97% -ы Қіші Азия (Анадолы) түбегін, 3% -ға жуықы Еуропа ендігін немесе оңтүстік шығыс Балқан түбегін ( Шығыс Фракия ) қамтиды. Солтүстік шығысында ТМД елдерімен, шығысында Иранмен, оңтүстік батысында Иракпен, Сириямен, солтүстік батысында Болгария және Грекиямен шектеседі. Жер аумағы 780,6 мың км², халқы 75,1 млн. адам (2004). Астанасы – Анкара қаласы. Негізгі халқы түріктер. Одан басқа күрдтер, арабтар, гректер, кавказ халықтары, т.б. тұрады. Сондай-ақ 2-дүние жүзі соғыс жылдарындатұтқында болып, кейіннен батыс Еуропада қалып қойған, 1940 – 50 жыл Шығыс Түркістанда Қытай коммунитеріне қарсы күресіп, Үндістан мен Пәкістан арқылы келген және 1970 – 80 жылдары Ауғаныстанындағы соғыстан бас сауғалаған қазақтар мен олардың ұрпақтары тұрады (10 – 15 мың адам). Жергілікті халық негізінен ислам дінінің суннит тармағын ұстанады. 1982 жылы қабылдаған соңғы конституциясы бойыншамемлект басшысы – президент. Оны елдегі бір палаталы парламент – Түркияның ұлы ұлттық мәжілісі 7 жылға сайлайды. Президент премьер-министр мен үкімет мүшелерін мәжіліс депутаттары арасынан тағайындайды. Елде көппартиялы сайлау жүйесі орныққан. Премьер-министр сайлауда ең көпшілік дауыс алған партия арасынан ұсынылады және үкімет мүшелері партиялардың мәжілістегі орнына тәуелді. Ресми тілі – түркі тілі. Ұлттық валютасы – түрік лирасы. Әкімшілік жағынан 67 ильге бөлінген.
Табиғаты. Түркия – Кіші Азия мен Армян қыраттары шегінде жатқан таулы ел. Солтүстік және оңтүстік жағалаулары аз тілімденген. Батыс жағалауы шығанақты келеді. Жері батыстан шығысқа қарай 160 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 500-600 км-ге, ал теңізбен шектесетін жағалауы 7 мың км-ге созылған. Жері негізінен таулы-үстіртті. Солтүстіктен Понтий таулары, оңтүстіктен Тавр тау жүйелері, шығыстан Солтүстік Тавр жоталары, ішкі бөлігін Анадолы үстірті алып жатыр. Жері әр түрлі климат
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Еремеев Д.Е. «Этногенез турог» Москва – 1971;
2. Турецкая Республика, Москва – 1975;
3. Тюрко-язычный мир, Алматы – 1997 ж .
4. Тюркские народы, Алматы – 2004 ж .

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Түркия
Түркия Республикасы – Азияда және ішінара Оңтүстік Шығыш Еуропа
жерінде орналасқан мемлекет. Аумағының 97% -ы Қіші Азия (Анадолы) түбегін,
3% -ға жуықы Еуропа ендігін немесе оңтүстік шығыс Балқан түбегін ( Шығыс
Фракия ) қамтиды. Солтүстік шығысында ТМД елдерімен, шығысында Иранмен,
оңтүстік батысында Иракпен, Сириямен, солтүстік батысында Болгария және
Грекиямен шектеседі. Жер аумағы 780,6 мың км², халқы 75,1 млн. адам (2004).
Астанасы – Анкара қаласы. Негізгі халқы түріктер. Одан басқа күрдтер,
арабтар, гректер, кавказ халықтары, т.б. тұрады. Сондай-ақ 2-дүние жүзі
соғыс жылдарындатұтқында болып, кейіннен батыс Еуропада қалып қойған, 1940
– 50 жыл Шығыс Түркістанда Қытай коммунитеріне қарсы күресіп, Үндістан мен
Пәкістан арқылы келген және 1970 – 80 жылдары Ауғаныстанындағы соғыстан
бас сауғалаған қазақтар мен олардың ұрпақтары тұрады (10 – 15 мың адам).
Жергілікті халық негізінен ислам дінінің суннит тармағын ұстанады. 1982
жылы қабылдаған соңғы конституциясы бойыншамемлект басшысы – президент. Оны
елдегі бір палаталы парламент – Түркияның ұлы ұлттық мәжілісі 7 жылға
сайлайды. Президент премьер-министр мен үкімет мүшелерін мәжіліс
депутаттары арасынан тағайындайды. Елде көппартиялы сайлау жүйесі орныққан.
Премьер-министр сайлауда ең көпшілік дауыс алған партия арасынан ұсынылады
және үкімет мүшелері партиялардың мәжілістегі орнына тәуелді. Ресми тілі –
түркі тілі. Ұлттық валютасы – түрік лирасы. Әкімшілік жағынан 67 ильге
бөлінген.
Табиғаты. Түркия – Кіші Азия мен Армян қыраттары шегінде жатқан таулы
ел. Солтүстік және оңтүстік жағалаулары аз тілімденген. Батыс жағалауы
шығанақты келеді. Жері батыстан шығысқа қарай 160 км-ге, солтүстіктен
оңтүстікке 500-600 км-ге, ал теңізбен шектесетін жағалауы 7 мың км-ге
созылған. Жері негізінен таулы-үстіртті. Солтүстіктен Понтий таулары,
оңтүстіктен Тавр тау жүйелері, шығыстан Солтүстік Тавр жоталары, ішкі
бөлігін Анадолы үстірті алып жатыр. Жері әр түрлі климат белдеулерінде
орналасқан. Тауларында мәңгі қар жатады. Пайдалы қазбалардан хромит, борат,
боксит, вольфрам, сынап, сүрме, мыс, мұнай, марганец, темір, қорғасын,
мырыш, қоңыр көмір, магнезит, барит, асбест, күкірт, фосфат, тас тұзы
өндіріледі. Жан-жануарлар дүниесі дала және таулы орманды жерлерді
мекендеушілерге бөлінеді. Түркияны қоршап жатқан теңіз бассейндері барлық
түрлеріне бай.
Тарихы. Түркия жерін адамдар ерте замандардан мекендеген. Ежелгі
халықтар: хеттер, фракиялықтар, лидиялықтар, галаттар, ассириялықтар
гректер, армяндар, т.б. бұл жерде өз мәдениеттерін қалдырған. Ежелгі
заманда және ертедегі орта ғасырларда бұл аймақ түрлі мемлекет
бірлестіктердің – Хетт патшалығының, Мидияның, Ахемен әулетінің, Александр
Македонский державасының, Селевки әулетінің, Пергамның, Рим империясының,
Византияның, т.б. құрамында болды. Б.з.б. 3 ғасырда басталған халықтардың
ұлы қоныс аудару кезінде қазіргі Түркия жеріне сақ-скифтер, сарматтар,
ғұндар, аланда, т.б. келе бастады. 750 жылы Бағдад халифатын құрған Аббас
әулеті Орта Азия түріктерін әскерге көптеп тарта бастады. Ол әскерлер өз
отбасыларымен Кіші Азияға орналасты. Жалпы түрік тайпалары Түркия жеріне 2
бағыттан: 1) Кіші Азияға Иран мен Кавказ сырты арқылы; 2) Балқан түбегіне
Шығыс Европа арқылы келді. 11 ғасырдың ақырында қыпшақтардан ығысқан
түрікмен және оғыз тайпалары Кіші Азияда Салжұқ әулетінің басшылығымен өз
мемлекетін құрды. 12 ғасырда түрік-салжұқтар Византиядан Кіші Азияны
біржолата тартып алды. 1243 жылы Кіші Азия түркі-моңғолдар бағындырды. 13
ғасырдың аяғына таман бұл өңірде тәуелсіз ұсақ иеліктер пайда болды. 14
ғасырдың 20-30 жылдары Кіші Азияның солтүстік – батысында дербес иеліктерді
бір орталыққа біріктірген Осман сұлтанның атымен Осман сұлтандғы
қалыптасты. 14 ғасырдың 2-жартысында осман түріктер Шығыс Фракияны,
Болгарияны, македонияны бағындырды. 15 ғасырдың бас кезінде Әмір Темірден
күйрей жеңілгенімен көп ұзамай қайта күшейген түрік-османдар 1453 ж
Византияның орталығы - Константинопольды басып алып, Стамбұл деген атпен
өз астанасына айналдырды. 1450 – 70 ж Сербияны, Боснияны, Аттиканы,
Трапезунд империясын, Қырым хандығын, Валахия менАлбанияны өзіне қаратты.
1514 – 17 ж Осман сұлтандығы Месопотамияны, Сирия, Палестина, Египет,
Хиджиз, 1519 ж Алжирдің біршама бөлігін бағындырды. 16 ғасырда да қуатты
Осман флоты бүкіл Жерорта теңізінің бассейндерін бақылап тұрды. 1540 – 50 ж
Эгей теңізіндегі аралдар, Триполия, Алжир толығымен Осман сұлтандығының
қарауына өтті. Сүлеймен сұлтан билеген кезде мемлекет өзінің шарықтау
шегіне жетті. Осы кезде ол Еуропа, Азия және Африка құрлықтарындағы
ұланғайыр аумақты иеленген еді. Осыншама Үлкен аумақты иелену мемелекетттің
күшін сарқыды. Дегенмен, Осман сұлтандығы өзінің шекарасын әлі де жүз жыл
бойы сақтап тұрды. Бірақ 1683ж Вена түбінде поляк әскерлерінен жеңілген
түрік армиясы еңсесңн көтере алмады. 1684ж ұйымдасқан қасиетті лига
түріктердің билік кеңістігін тарылта бастады. Осман сұлтандығының толықтай
күйреп құлау қаупі билік басындағыларды тиімді реформалар жүргізуге мәжбүр
етті. 1789 – 1807ж Махмұт ІІ сұлтан тұсында ғана жаңа әскер құрылып, қаржы,
құқық, мәдениет саласында прогрестік шаралар жүзеге асты. Бірақ реформалар
Осман сұлтандығын ыдыраудан құтқара алмады. Арабияның едәуір бөлігі Египет
иелігіне көшті. Сербия мен Грекия тәуелсіздік алып, Ресейдің шекарасы
Прутқа дейін кеңейтілді. Елдің Еуропа Капиталына экономикалық тәуелділігі
күшейді. Осындай жағдайда 1839ж жаңадан реформалар жүргізіліп, ол Түркия
тарихында танзимат дген атпен елдің қоғамдық-саяси тұрмысына ішінара
өзгерістер енгізді. Сот ісі жолға қойылды, түрік интеллегенциясының
қалыптасуына, танзимат әдебиетінің пайда болуына жағдай жасалды. Бірақ жаңа
реформаның табысты жүруіне елдің сыртқы және ішкі саясатында қалыптасқан
ахуал кедергі болды. 19 ғасырдың соңында жас түріктер саяси күрес аренасына
шықты. Негізінен офицерлер қауымына сүйенген жас түріктер 1908ж қарулы
көтеріліс ұйымдастырып, Абдулхамид ІІ сұлтанды парламент шақыруға мәжбүр
етті. Бірақ жас түріктердің бірінші дүниежүзілік соғысқа Германияның
одақтасы ретінде қатысуы олардың бүкіл қызметін жоқа шығарды. 1918 жылдың
басында ағылшындар Палестина, француздар Македония майданында түрік
армиясын жеңді. Іс жүзінде бұл Осман сұлтандығының ақырғы күндері болды. Ел
астанасы Стамбұл мен одақтастар әскері басып алған басқа да аймақтар
Антанта елдерінің уысына түсті. Мудрос уақытша бітіміне қол қойылғаннан
кейін Антантаның соғыс флоты Қар теңізге кіріп, Мосул, Киликия, Анадолы,
Измир жері басқыншылардың табанында қалды. Елде ұлт-азаттық қозғалыс
күшейді. Түрік зиялылары, әсіресе, әскери элита өкілдері ел тәуелсіздігі
мен тұтастығы үшін күресті өз қолдарына алды. Оларды түрік ұлтшылы Мұстафа
Кемал Ататүрік басқарды. 1920ж 23 сәуірде Анкараға шақырылған Түркияның ұлы
ұлттық мәжілісі өзін елдегі бірден-бір заңды өкімет органы ретінде
жариялап, 1921-22ж шетел басқыншыларынан бүкіл Анадолы жерін азат етті.
1923ж 29 қазанда Түркия Республика болып жарияланды. 1924-1934 ж елдің
экономикалық-әлеуметтік және мәдени саласында реформалар жүзеге асырылды,
шетел концессиялары түгел дерлік жойылып, ұлттық банктер құрылды, порт
құрылыстары, өнеркәсіп орындары салынды. Екінші дүниежүзілік соғыс
басталған кезде Түркия алғашында ағылшын-француз блгына қосылып, 1940 ж
Франция тізе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы
Қазіргі таңдағы Қазақстан - Түркия арасындағы экономикалық қарым - қатынастары
Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы қарым қатынас деңгейін көтерудегі рөлін көрсету
Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері
ТҮРКИЯ ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ
Түркия Республикасының тоғызыншы
Қазастан мен Туркия арасындағы қарым-қатынастың даму кезеңдері
Таулы Қарабах мәселесі аясындағы түрік - армян қатынастары
Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланыстар
Қазақ-түрік қатынастарының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер