Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігін айтылым әрекеті арқылы меңгерту әдістемесі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігін айтылым әрекеті арқылы меңгерту әдістемесі.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-5

1. Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігін айтылым әрекеті арқылы меңгертудің теориялық негіздері.

1. 1. Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігін меңгерту мәселесінің зерттелуі . . . 6-14

1. 2. Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігін айтылым әрекеті арқылы меңгертудің педагогикалық негіздері . . . 15-19

1. 3. Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігін айтылым әрекеті арқылы меңгертудің психологиялық негізі . . . 19-26

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Мемлекеттік тілдің қызметі - Қазақстанды мекендейтін халықтардың ол тілді білуі және осы қатынас құралын ірі зерттеулермен, жаңа бағыттармен толықтыру. Бұл қазақ тілінің оқыту әдістемесінің қарастыратын негізгі мәселесі. Тіл әрқашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын құрығы болғандықтан, осы биіктерге жетудің бірден-бір көзі айтылым әрекеті болып табылады. Айтылым әрекеті арқылы адамдар бір-бірімен пікір алмаса отырып, қоғамдық әлеуметтік қатынасты іс жүзінде асырады. Сөйтіп, ол адамзат ісінің барлық саласында және күнделікті тұрмысында бірлесіп жұмыс істеуіне, бірін-бірі түсінісуіне мүмкіндік береді.

Елбасымыздың « Әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы Мемлекетіміздің қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларының тілдің қызметіне тигізетін әсері мол екенін көрсетеді.

Ойдың ұғымдық мәнін ашуда дыбыс үндестігінің орны ерекше. Сондықтан қазақ тіл біліміндегі тарихы әріден келе жатқан дыбыстардың өзіндік ерекшелігін ашып, оларды айтылым әрекеті арқылы меңгерту барысы мен оның өзгешелігін анықтау фонетиканы оқыту әдістемесінің өзекті мәселесі болып табылады. Қазіргі қазақ тілі фонетикасының оқыту әдістемесі жан-жақты терең қарастырылғанымен, қазақ тілі, тіпті түркі тілдерінде, дыбыс үндестігін айтылым әрекеті арқылы меңгерту мәселесі - осы күнге дейін қазақ тілінің оқыту әдістемесінде тереңірек қарастырылып ескерілмеген мәселе. Сондықтан да үндестік заңын да тілдегі басқа заңдылықтарды айтылым әрекеті арқылы меңгерту барысында зерттеліп келгендей, оның да айтылым әрекеті арқылы меңгертілуінің орны айқындалуы қажет.

Сондай-ақ үндестік заңын нақтылау барысында оларға қатысты қосымша мәселелер де саралануы тиіс.

Мектеп қабырғасындағы оқушылар мемлекетіміздің болашағы, олар - елімізді саяси-экономикалық рынокта, дипломатиялық қарым-қатынастарда танытатын болашақ мамандар. Осыған байланысты қазіргі қазақ тілін кәсіптік өндіріспен байланыстырып үйрету тиімді болып табылады.

Сондықтан күнделікті өмірдегі сұранысқа, өзгерістерге байланысты ғылым, білім саласында түрлі жаңалықтар енгізілуде. Бүгінгі таңда елімізде ақпарат беретін құралдардың көзі техникаландырылған, автоматтандырылған деңгейге көтеріліп отыр. Оқушылар өздерінің мамандықтарына сай түрлі ақпарат, деректерді Интернет желісі, техниканың басқа түрлері арқылы қабылдай отырып, тілдік қарым-қатынаста пайдаланады. Мұндайда сөйлесім әрекетінің түрлері негізгі қызмет атқарады.

Берілген ақпаратты ой елегінен өткізе отырып, оқушылардың бір-бірімен пікір алмасып, ой бөлісуі сөйлесім әрекетінің түрлері оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім - тілдік қатынасты қамтаммасыз ете келіп,

3

ұлт пен ұлттың, халық пен халықтың түсінісуіне әсер ететін ерекше процестер екені белгілі. Айтылым сөйлесім әрекетінде қатысымдық мақсатта ауызша сөйлеу арқылы жүзеге асады. Екінші адамды әңгімеге тарту арқылы сөйлеуші, яғни баяншы өз ойын басқаға жеткізеді.

Сонымен қатар, жас жеткіншек еліміздің болашағын ойлай отырып зі жұмыс істейтін өндіріс орнында ойын қазақша еркін айта білуге, іс қағаздарды мемлекеттік тілде меңгеруге; мамандығына қатысты кәсіби лексиканы игере отырып, кәсіптік жоғары деңгейде баяндамалар жасап, мәжілістер жүргізе білуге міндетті. Ол үшін болашақ маманды тәрбиелейтін оқытушы қазақ тілі сабағын осы бағытта жүргізіп, сөйлесім әрекеті арқылы қазақ тілін меңгертудің тиімді амал-тәсілдерін білуі қажет.

Қазақ тілін орыс тілді мектеп сыныптарында оқытуда үндестік заңына ерекше көңіл бөлуімізге тура келеді. Адам ойын тиянақты айтылған сөйлем арқылы жеткізетін болса, сол сөйлем ішіндегі сөздердің буын үндестігі немесе дыбыс үндестігі бойынша өзгерген буын мен дыбысты дұрыс жазудың алатын рөлі ерекше.

Себебі, сөйлеу барысында бір дыбыс екінші бір дыбысты, бір буын екінші бір буынды, бір түбір өзіне жалғанған қосымшаны, бір сөз екінші бір сөзді өздерінің соңғы дыбысындай етіп үйлестіруді, ұқсастыруды, қиюластыруды талап етіп тұрады. Қазақ тілінде айтылым әрекетін игертудіңең басты қатысымдық мақсаты - тіл үйренушілердің, оқушылардың өз пікірлерін, көзқарастарын еркін жеткізілуі, мемлекеттік тілде сұхбаттасып, пікір алмасуы. Демек, үндестік заңы арқылы сөздегі буындардың, дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерін анықтап, оқушылардың қазақша еркін тілдік қатынасқа түсуі, ой-пікір алмасуы сөйлесім әрекетімен соның ішінде айтылыммен тығыз байланысты.

Сондықтан да дыбыс үндестігін (сингармонизм, ассимиляция) айтылым әрекеті арқылы мамандыққа сай меңгерте отырып, оның тілдік қатынастағы маңызын әдістемеліктұрғыдан зерттеу бұл көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі.

Адамдар қарым-қатынаста, сөйлеу сәтінде, біреуге сөзбен хабар бергенде, яғни ойды сөйлеммен құрастырғанда неғұрлым қысқа, әрі анық, ойды шашыратпай шағын көлемде құрастырады.

Зерттеу нысаны. Дыбыс үндестігін айтылым әрекеті арқылы меңгерту процесі, дыбыстардың үйлесуі.

Зерттеудің мақсаты.

Дыбыс үндестігін айтылым әрекеті арқылы қатысымдық тұрғыда меңгерту. Қазақ әдеби тіліндегі сөздер, сөз тіркестері, тіпті, сөйлем ішіндегі дыбыстардың үйлесуін айтылым әрекеті арқылы оқытудың әдістемесін анықтау. Осы мақсат мынандай міндеттерді шешуді қажет етеді:

Зерттеудің міндеттері:

  • Дыбыс үндестігін меңгерту барысында айтылым әрекетінің ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау;

4

  • Айтылым әрекеті арқылы меңгерілетін дыбыс үндестігінің түрлері мен

олардың тілдік қатынастағы алатын орнын айқындай келіп, дыбыс үндестігін қатысымдық тұрғыдан оқытудың ұтымды жолдарын ұсыну;

  • Айтылым әрекеті арқылы дыбыс үндестігін қатысымдық тұрғыдан оқытудағы шеберлік деңгей мен шығармашылық деңгейдің маңызын, ерекшеліктерін көрсету.
  • Зерттеудің дерек көздері. Ғылыми еңбекте А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Қ. Жұбанов, Ы. Алтынсарин, А. Ысқақов сияқты ғалымдардың пікірлері мен С. Рахметова, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев сынды әдіскерлердің, педагог-психолог мамандардың көзқарастары талданды. Сонымен қатар, Ф. Оразбаеваның қазақ тілін оқытуға байланысты ұсынған қатысым теориясы мен әістемесі негізге алынды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
  • Қазақ тілін жалғастырушы топ оқушыларына айтылым әрекеті арқылы қатысымдық тұрғыдан үйретудің ғылыми-әдістемелік негізі айқындалды;
  • Айтылым әрекеті арқылы дыбыстардың үйлесуін қатысым әдісі арқылы игертудің әдістемесі жасалды;
  • Айтылым әрекеті арқылы дыбыс үндестігін оқытуға арналған жаттығулар жүйесі ұсынылып, олардың қатысымдық бағыты, ақпараттық қызметі, танымдық өрісі анықталып, олардың шығармашылық, шеберлік деңгейде меңгертудің ұтымды амал-тәсілдері берілді.

Зерттеудің әдістері.

Жұмыста салыстырмалы, құрылымдық сипаттау, компоненттік және сөйлемдерді жеке талдау әдістері қолданылады. Жұмыста қатысым әдісі, сонымен бірге баяндау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, талдау, қорыту, тәжірибеден өткізу, бақылау әдістері қолданылды.

Зерттеудің методологиялық негіздері. Зерттеуде психология, педагогика, лингвистика, қазақ тілін оқыту әдістемесі, соның ішінде дыбыс үндестігін, сөйлесім әрекетін меңгертуге байланысты ғылыми-әдістемелік зерттеу еңбектері мен оқулықтар, оқу құралдары негізге алынды.

Мектептегі 5-11 сыныптардағы қазақ тілін оқыту саласындағы озық тәжірибелерді ала отырып, болашақ ұрпаққа қазақ тілін жетік үйретудің, соның ішінде айтылым әрекетін іске асыру барысында, дыбыстардың үндесуін, олардың бір-біріне әсерін меңгертудің ұтымды жолдары анықталып, сабақтар өткізілді.

Оқушылардың қызығушылығын тудыратын мамандыққа қатысты мәтіндер сұрыпталып, оларды қатысым әдісі арқылы үйретудің басты бағыттары жүзеге асырылды.

Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиетер тізбегінен тұрады.

5

1. Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігін айтылым әрекеті арқылы меңгертудің теориялық негіздері.

1. 1. Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігін меңгерту мәселесінің зерттелуі.

Фонетика - тіл дыбыстары туралы ғылым. Бұл ғылым дыбыстау мүшелері, дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі және екпін, буын мәселері деген салаларға бөліп зерттейді. Фонетика ( гректің phoneticos - «дыбыс мағынасы» дегеннен шыққан) тіл дыбыстарын зерттейді, оның негізгі объектісі - тіл дыбыстары.

Фонетика ғылымы дыбыс атаулының бәрін бірдей зерттемейді, ол тек адам аузынан шыққан мағыналы дыбыстарды ғана сөз етеді. Адам аузынан шыққан дыбыстардың бәрін емес, тек мағыналы сөздер жасай алатын дыбыстарын ғана зерттейді. Мәселен, жол , жел , жал , жыл , жұл немесе тас , жас , қас , бас сөздерін алсақ, алғашқы сөздердің мағыналарын бір-бірінен ажыратып тұрған о, е, а, ы, ұ дыбыстары болса, соңғы сөздердегі т, ж, қ, б дыбыстары сөз мағынасын ажырату қызметін атқарып тұр. Сондай-ақ, сөздердің құрамындағы дыбыстарды қалай болса солай бірінің орнына бірін ауыстырып қоя да салмаймыз. Себебі, тіл дыбыстары - жүйелі құбылыс. Оның жүйелілігі жоғарыда аталған фонетиканың барлық салаларынан да айқын көрінеді. Сонымен, фонетика адам аузынан шыққан, сөз мағынасын өзгертуге себі бар жүйелі дыбыстарды ғана зерттейді.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің зерттелуі Құдайберген Жұбановтан басталады. Қазан революциясына дейін қазақ тілінің фонетикалық жүйесінің кейбір мәселелері ғана өте қарапайым түрде баяндалған. Совет дәуірі кезінде фонетика жан-жақты зерттелді. Фонетика фонология, эксперименттік фонетика, салыстырмалы фонетика, тарихи фонетика болып тармақтала, сала-саласы бойынша зерттелді. Әрине, ол бірден жүзеге асқан жоқ. Қазақ тіл білімінде фонетика мәселелерін жүйелі зерттеу ХХ ғасырдың басында басталды.

ХХ ғасырдың басында қазақ тіл білімі дами бастады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын ғалым А. Байтұрсынұлы зерттеді. Одан кейін қазақ алфавитін, емлесіне үлкен үлес қосты. Үшіншіден, қазақ жазба жұмысын өзге тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға, төртіншіден, іс-қағаз тілін, ғылыми тілді ретке келтіруге үлкен еңбек жасады. А. Байтұрсынұлының 1912 жылы «Оқу құралы», «Қазақша әліппе» деген атпен жарық көрді. Ғалымның тілдік дыбыс жүйесіне арналған «Дыбыстарды жіктеу туралы» мақаласы 1928 жылы жарық көрді. Дауыстыларды толық ( а, е, о, ұ, ы ) және шала ( р, ң, л, м, н, у, й ) деп екіге бөледі. Шала дауыстыларды ауыз шығысты ( р, л, у, й ), мұрын шығысты ( ң, м, н ) деп бөледі. Одан әрі босаң жолды ( р, у, й ), қысаң жолды( л ), босаң бөгеулі ( ң ), қысаң бөгеулі( л ), тұйық бөгеулі ( м ) деп айырады. Дауыссыздарды қатаң-қысаң ( п, т, с, ш, к, қ ), босаң-ұяң ( б, ж, з, д, г, ғ ) жолды деп екіге бөледі. Әрі қарай ашықтар ( с, ш, ж, з ), тұйықтар ( п, т, қ, б, д ) және тұйықтаулар деп бөледі.

6

Дауыстылар мен дауыссыздардың шегін жалғаулар арқылы ажыратуға болады. Ал дауыстылар буын ішінде дауыссыз дыбыстың алдында да, соңында да кездесетін болса, шала дауыстылар буын ішінде дауыссыздардан кейін тұра алмайтынын дұрыс аңғарған. «Дауыссыз дыбыстардың тіркесуі жөнінде: «Қысаңдар мен босаңдары біріне-бірі жуыспайды; екінші сөзбен айтқанда, бірі қысаң, бірі босаң болып екеуі қатарынан келмейді» осындай құнды пікірлерін береді. Сондай-ақ, ұяң дауыссыздар: з, ж сөз басында да, алдында да келеді, ал б, д сөз ортасында ғана келетіндігін ескертеді. А. Байтұрсынұлы қазақ тілінде тіл терминдерін жасап, оның негізін қалыптастырды.

ХХ ғасыр басында қазақ халқының зиялыларының бірі - Халел Досмұхамбетұлы қазақ тілінің сингармонизм заңы туралы арнайы еңбегін шығарады. Ол еңбек С. Исаевтың басшылығымен 1992 жылы Алматы қаласында жеке кітапша болып екінші рет қайта жарық көрді.

Ғалым сингармонизм заңын «таңдайлық әуенді заң» деп атайды. Өйткені, «Дыбыстарды жуандатып, жіңішкелетуде таңдай еңбек сіңіреді» дейді де, кірме сөздердің жазылуына тоқталады. Тоғыз дауыстылардың санын көрсетеді, «тоғыз жуанды, жіңішкелі дауысты дыбыстар сөздің жанды тамыры есебінде болып, сөздің әуеніне тірек болатын болғандықтан, бұлардың барлығына бірден тоғыз әріп белгіленеді» дейді, ал дауысты дыбыстарды жуан, жіңішке, еріндік, езулік деп қазіргіше бөледі.

Автор өзінің ғылыми еңбегінде түркі тілдеріндегі, соның ішінде қазақ тіліндегі сингармонизмді түсіндіреді. Түркі тілдерінің ішінде сингармонизм заңдылығын сақтағаны - қазақ, қырғыз тілдері. Басқа түркі тілдерінде «жат» сөздердің көп болуынан сингармонизм заңының бұзылуы жиі кездеседі деп санайды. Х. Досмұхамбетұлының ғылыми еңбегінде қазақ тіліне тән сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып бөлінетіні, сингармонизм заңы тек дауысты дыбыстарға қатысты екендігі сөз болады. Еңбекте түбір сөздерге жалғанатын қосымшалардың жуан, жіңішке варианттары болатындығы және жуан түбірге жуан, жіңішке түбірге жіңішке қосымша жалғанатыны туралы айтылады. Ғалымның тілімен нақтырақ айтсақ: «Өзінің заңымен өзгертпей, қазақ-қырғыз тілі ешбір жат сөздер кіргізбейді».

Ғалым Х. Досмұхамбетұлы басқа тілден енген сөздерді қазақ тілінің заңдылығына бағындырып қолдануды, оған жалғанатын қосымшаларды сингармонизм заңдылығы арқылы жалғауды ұсынады. Халел Досмұхамбетұлы тілімізде ерін үндестігінің қолданыста бар екендігін де сөз етеді. Әсіресе кірме сөздерді игерудің жолдарын жан-жақты баяндайды.

Шығыстанушы ғалым И. Лаптептің 1900 жылы қырғыз-қазақ тілінің зерттеулері туралы жинағы жарық көрді. Ғалым қазақ тілінің фонетикасын, дыбыстардың жіктелуін түбір сөздерге қосымшаның жалғануы және екпін мәселелерін қарастырады. Еңбекте үндестік заңына байланысты төмендегі деректер берілген:

  1. м дыбысы дауысты дыбыстан кейін және дауыссыз р, д, з дыбыстарынан кейін өзгермейді;
  2. п, т, ш, с, к, қ дауыссыздарынан кейін м дыбысы п дыбысына, д

7

дыбысы т дыбысына, м, н, з, ң дыбыстарынан кейін м дыбысы б дыбысына өзгереді;

  1. н дыбысы з, р, л дыбыстарынан кейін д дыбысына өзгереді \базарның-базардың\;
  2. л дыбысы дауыссыз п, т, ш, с, к, қ дыбыстарынан кейін д дыбысына өзгереді;
  3. л дауыстыдан кейін өзгеріске түспейді;
  4. түбір етістіктің соңғы дыбысы п болса ып қосымшасы жалғанғанда, у дыбысына өзгереді.

Дауыссыз дыбыстардың к-г, ч-ш, ш-с, м-б, л-д болып алмасуының себебін түсіндіреді және ы қысаң дауысты дыбысының редукциясы жайында қысқа айтады. Түркі тілдерінде қосымшалардың жуан-жіңішке варианты естілуіне қарай жалғанады деген.

Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасын алғаш зерттеген ғалым - В. В. Радлов. Ғалым ең бірінші болып «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деген атпен түркі тілдерінің алғашқы, салыстырмалы фонетикасын жазған. В. В. Радлов қазақ тілінің дыбыстық құрамын, дыбыстардың тіркесу, әрі өзгеру заңдылықтарын, сингармонизм заңын және екпін категориясын түркі тілдерінің материалдарымен салыстыра жазды. В. В. Радлов дауысты, дауыссыз дыбыстарды акустика-артикуляция жағынан төмендегідей етіп жіктейді.

Дауысты дыбыстардың 9 түрін \ а, ә, е, о, ө, і, у, ұ, ү\ және дауыссыз дыбыстардың 20 түрін \ ғ, қ, к, т, п, с, ш, ж, д, в, с, з, б, г, м, ң, р, и\ атайды.

Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстарды жуан \а, о, ұ, ы\, жіңішке \і, е, ә, ү, ө\, еріндік \ө, і, ү, у\, езулік \ы, і, ө, а\ дыбыстарға жіктейді. Дауыссыз дыбыстарды қатаң \ғ, қ, т, п, с, ш\, ұяң \б, ж, д, в, с, з\, үнді \н, ң, м, р, л\, жуан және аралық немесе жарты дауысты \у, й\ деп жіктейді.

В. В. Радлов л дыбысын өзге дауыстылардан бөліп жуан-жіңішке айтылады деп қараған. Дифтонг, трифтонг дыбыстар бар екендігін айтады. Түркі тілдеріндегі екпін сөздің соңында келетінін көрсеткен. Ғалым дауыстылардың сингорманизміне айрықша мән береді. Ерін үндестігі, тіл үндестігі бар деген пікірді дәлелдейді.

Қ. Жұбановқа дейінгі ғалымдардың еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық құрамы, дыбыстардың жіктелуі, дыбыстардың бір-біріне әсері мектеп оқулығының дәрежесінде ғана қаралып келгені жоғарыдағы шолудан байқалады. Фонетиканы жоғары оқу орындарындағы студенттерге оқылатын ғылыми курс дәрежесінде жеткізе зерттеген Қ. Жұбанов екені даусыз. Профессор Қ. Жұбановтың өзі де анық айтқан: « . . . бұл уақытқа дейінгі қазақ тілін зерттеудің бәрі де тйіп-қашты зерттеулер, терең қарамаған, үстірт қана, көрініп, сорайып тұрған мүйістерін ғана қамтыған нәрселер. Грамматикалардың бәрі - мектеп грамматикалары ғана. Олай болса, қазақ тілін зерттеу жұмысы әлі күнге дейін ғылым жолына салынбаған, ғылым сатысына көтерілмеген». Міне, қазақ тіл білімінің зерттелу жайы осындай кезеңде Қ. Жұбановтың «Қазақ тілінің ғылыми көрінісі жөнінен лекциялар» атты журналдың 7-8 нөмірінен бастап шыға бастады. Оған Қ. Жұбанов бұл еңбегін

8

қазақтың алғашқы жоғарғы оқу орны КазПИ-де 5 жыл бойына оқыған лекцияларының негізінде шығарған. Ол кезде жоғарғы оқу орнына арналған қазақ тілінен бірде-бір оқулық жоқ еді. Осындай жағдайда ғалымның бұл еңбегі студенттер, мамандар үшін өте қажет еді, сондықтан да ол сол заманда үлкен қызмет атқарды. Екінші жағынан бұл еңбек жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми курсқа арналған оқулықтарға апаратын алғашқы адым еді. Өкінішке орай заманының ағымы автор еңбегін баспадан толық шығаруға мүмкіндік бермеді. Сонымен бірге шығып үлгерген бөлімдерінің өзінің көпшілікке кең тарауына тосқауыл жасалып, ғалымның ғылыми пікірінің өріс алуына мүмкіндік болмады. Қазақ тіл білімінің оқырман қауымы ғалым еңбегімен 1966 жылғы екінші басылым арқылы танысты.

Қ. Жұбанов еңбегінің ішінен тақырыбымызға қатысты мәселелер туралы тоқталсақ, олар лекциялар ретінде жарияланып үлгерген. Онда фонетикаға кіріспе ретіндегі жалпы мәселелер сөз болған. Бұл мәселелер мектепке арналған «Қазақ тілінің грамматикасында» берілген. Профессор Қ. Жұбанов мектеп грамматикасының көлемінде дыбыстардың жіктелуін, үндестік заңын баяндаған. Дауысты дыбыстарды топтастыруда Қ. Жұбановтың өзіндік ерекшелігі бар. Ол өзіне дейінгі зерттеушілердің дауысты дыбыстарды топтастыруынан орын алмаған дифтонг дауыстыларды қосып, үш топқа бөлген. Олар: ашық, келте, қосынды дауыстылар. Сонымен бірге дауыстыларды жуан, жіңішке деп топтастырған, бұлай топтастыру бұрынғы ғалымдарда да болғаны айтылады. Бірақ онда кейбір ауытқулар кездесіп отырды. Мысалы, В. В. Радлов 4 жуан дауысты дыбысты ғана көрсеткен: а, о, ұ, ы; 5 жіңішке дауысты дыбысты атаған: ә, е, і, ү, ө. Қ. Жұбанов жуан, жіңішке дауыстыларды у, и дыбыстарының әрі жуан, әрі жіңішке айтылуын ескеріп, олармен толықтырған. Қазіргі кезде бұл топтастыру қалыптасқан үлгіге айналды.

Дауыссыз дыбыстарды топтастыру мәселесінде де Қ. Жұбанов үлкен табысқа жеткен. Өзіне дейінгі көш ілгері озған. Қазіргі кездегі дыбыстарды топтастырумен салыстырғанда, Қ. Жұбанов топтастыруы әлдеқайда толық, онда үлгі алатын жайлар өте мол. Ал Қ. Жұбанов қолданған терминдер дауыссыз дыбыстардың сыр-сипатын дәл көрсетеді деуге болады. Мысалы, Қ. Жұбанов дауыссыз дыбыстарды үнділер, үнсіздер деп екі топқа бөледі. Қазір олар қатаң, ұяң дауыссыздар үннің қатысына қарай топтастырылған болғандықтан үннің қатысын үнділер, үнсіздер деген терминді анық көрсетеді. Осы терминнің қалыптаспағаны өкінішті-ақ. Ғалым үнді, үнсіз дыбыстардың жұптасып келуін де көрсеткен. үндестік заңы Қ. Жұбанов еңбегінде ғылыми қағида дәрежесіне жеткен. Қ. Жұбановқа дейін тек сингармонизм ғана ғылыми тұрғыда Х. Досмұхамбетұлының еңбегінде дәлелденген. Ал дыбыс үндестігі жөнінен кейбір дыбыстардың сөзде бір-біріне әсері сөз болғанымен, ол фонетикалық заңдылық сретінде анықталып, ғылыми түрде дәлелденбегені шолудан көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІН ОҚЫТУ
Бастауыш сыныптарда үндестік заңдылығын үйретудің жолдары
Есімдікті бастауыш сыныпта оқытудың тиімді жолдары
Дыбыстар бойынша талдау
Ауызша сөз нормаларын оқытудың психолингвистикалық негізі
Фонетиканы оқыту - қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі
САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ
Кәсіби қазақ тілінің маңызы мен міндеттері
Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тілін оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz