Транзиттік экономика



Кіріспе
Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік салалардағы, әлеуметтік сферадағы, сондай.ақ аймақтардағы барлық әлеуметтік.экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Рыноктық шаруашылық жағдайында экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс.әрекеттердің қолданыстағы формаларының ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді.
Мемлекеттік реттеу негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен әдістер құрайды. Мемлекет экономикалық іс.әрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары кеңінен қолданылады.
Мемлекеттік реттеу экономикалық іс.әрекеттің ережелері мен тәртібін орнықтырады және осы ережелердің сақталуын қадағалайды. Сонымен бірге мемлекеттік реттеу бүкіл экономикалық құрылымдардың әрқайсысының дербес қызметін қамтамасыз етеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңыздылығы, әсіресе қазіргі кезде еселеп артып отыр. Әлемдік экономиканың жаһандануы үдерісінде Қазақстан экономикасы бірқатар мәселелермен бетпе.бет келіп отырған жағдай бар. Қазақстан Республикасының 2003.2015 ж.ж. индустриалдық . инновациялық даму Стратегиясында көрсетілгендей оларға: экономиканың шикізаттық бағыты, әлемдік экономикаға интеграциялануы деңгейінің төмендігі ел ішіндегі салааралық және аймақаралық экономикалық интеграцияның әлсіздігі, ішкі рыноктағы тауарлар мен қызмет көрсетулерге тұтынушылық сұраныстың төмен дәрежесі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамымауы, кәсіпорындардың техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы, ғылым мен өндіріс арасындағы шынайы байланыстың болмауы, ғылыми.зерттеу және тәжірибе.конструкторлық жұмыстарға арналған қаржы тапшылығы, экономиканы жаһандану үдерісіне сәйкестендіре отырып сервистік.технологиялық экономикаға өту мәселелері жатады.
Стратегия ел ішінде ғылым және инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Аталмыш мақсаттарға жету үшін қаржы рыногын дамыта түсу, сондай.ақ фискалдық, білім беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру шаралары қолға алынады. Стандарттау саясаты шеңберінде экономика мен басқару салаларының түгелінде дерлік әлемдік стандарттарға өту көзделіп отыр.
Стартегияны ойдағыдай жүзеге асыру экономика құрылымында сапалық өзгерістерге қол жеткізуге көмектесетін болады да, адами, өндірістік және табиғи капиталдарды тиімді пайдалану негізінде оның тұрақты дамуының және Қазақстанды әлеуметтік өркендеудің жаңа деңгейіне жоғарылатудың кепілі болады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен механизмдерін жетілдіру бойынша жекелеген ұсыныстарды негіздеу үшін стартегияның тиісті бөлімдерінде импортты алмастыру және экспортқа бағдарланған саясатты жүзеге асыру бойынша шетелдік тәжірибе кеңінен қарастырылған. Сондықтан еліміздің бәсекеге қабілетті елуліктің (елу елдің) қатарынан орын алуы үшін қолға алынған шаралар өз жемісін береді деп сенімді түрде айтуға болады.
Жалпы, 2015 жылға қарай стратегияны ойдағыдай жүзеге асыру нәтижесінде ел экономикасы сервистік.технологиялық даму жолына дайын болуы тиіс.
Өтпелі кезең іс.тәжірибесі көрсеткендей экономикалық теорияда экономиканы мемлекеттік реттеу проблемасын қарастырудың негізінен үш тәсілі белгілі болып отыр. Олар: өркениетті.тарихи; мемлекеттік, яғни әлеуметтік экономикалық трансформация кезеңіндегі мемлекеттің өзіндік рөлін баса көрсету; конъюнктуралық.практикалық, яғни реттеудің нақты құралдарын іздестіру және тиімді қолдану.
Біз ұсынып отырған оқу құралында экономиканы мемлекеттік реттеудің ғылыми негіздері және ұйымдастыру мәселелері рыноктық экономика талаптарына сай қарастырылады. Меншік қатынастарын, материалдық.өндіріс салаларын, еңбек рыногын, қаржы рыногын, табиғатты пайдалану, инвестицияларды келтіру, өңірлік даму, сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеу мәселелері жан.жақты қарастырылады.
Бұл оқу құралы экономикалық жоғары оқу орындары және факультеттерінің студенттері мен оқытушылары, сондай.ақ мемлекеттік басқару органдары қызметкерлері және кәсіпорындар мен мекемелердің экономикалық бөлімдері үшін пайдалы болады деп сенгіміз келеді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 151 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін
өндірістік салалардағы, әлеуметтік сферадағы, сондай-ақ аймақтардағы барлық
әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет.
Рыноктық шаруашылық жағдайында экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды
қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-
әрекеттердің қолданыстағы формаларының ұтымдылығын арттыру және жағымсыз
үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік
сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың
дамуына аса зор әсер етеді.
Мемлекеттік реттеу негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей
және жанама тетіктер мен әдістер құрайды. Мемлекет экономикалық іс-
әрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік
тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде
жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары
кеңінен қолданылады.
Мемлекеттік реттеу экономикалық іс-әрекеттің ережелері мен тәртібін
орнықтырады және осы ережелердің сақталуын қадағалайды. Сонымен бірге
мемлекеттік реттеу бүкіл экономикалық құрылымдардың әрқайсысының дербес
қызметін қамтамасыз етеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңыздылығы, әсіресе қазіргі кезде
еселеп артып отыр. Әлемдік экономиканың жаһандануы үдерісінде Қазақстан
экономикасы бірқатар мәселелермен бетпе-бет келіп отырған жағдай бар.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 ж.ж. индустриалдық – инновациялық даму
Стратегиясында көрсетілгендей оларға: экономиканың шикізаттық бағыты,
әлемдік экономикаға интеграциялануы деңгейінің төмендігі ел ішіндегі
салааралық және аймақаралық экономикалық интеграцияның әлсіздігі, ішкі
рыноктағы тауарлар мен қызмет көрсетулерге тұтынушылық сұраныстың төмен
дәрежесі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамымауы,
кәсіпорындардың техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы, ғылым
мен өндіріс арасындағы шынайы байланыстың болмауы, ғылыми-зерттеу және
тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға арналған қаржы тапшылығы, экономиканы
жаһандану үдерісіне сәйкестендіре отырып сервистік-технологиялық
экономикаға өту мәселелері жатады.
Стратегия ел ішінде ғылым және инновациялық қызметті ынталандыруға
бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді
көздейді. Аталмыш мақсаттарға жету үшін қаржы рыногын дамыта түсу, сондай-
ақ фискалдық, білім беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты
жетілдіру шаралары қолға алынады. Стандарттау саясаты шеңберінде экономика
мен басқару салаларының түгелінде дерлік әлемдік стандарттарға өту көзделіп
отыр.
Стартегияны ойдағыдай жүзеге асыру экономика құрылымында сапалық
өзгерістерге қол жеткізуге көмектесетін болады да, адами, өндірістік және
табиғи капиталдарды тиімді пайдалану негізінде оның тұрақты дамуының және
Қазақстанды әлеуметтік өркендеудің жаңа деңгейіне жоғарылатудың кепілі
болады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен механизмдерін жетілдіру
бойынша жекелеген ұсыныстарды негіздеу үшін стартегияның тиісті
бөлімдерінде импортты алмастыру және экспортқа бағдарланған саясатты жүзеге
асыру бойынша шетелдік тәжірибе кеңінен қарастырылған. Сондықтан еліміздің
бәсекеге қабілетті елуліктің (елу елдің) қатарынан орын алуы үшін қолға
алынған шаралар өз жемісін береді деп сенімді түрде айтуға болады.
Жалпы, 2015 жылға қарай стратегияны ойдағыдай жүзеге асыру нәтижесінде
ел экономикасы сервистік-технологиялық даму жолына дайын болуы тиіс.
Өтпелі кезең іс-тәжірибесі көрсеткендей экономикалық теорияда
экономиканы мемлекеттік реттеу проблемасын қарастырудың негізінен үш тәсілі
белгілі болып отыр. Олар: өркениетті-тарихи; мемлекеттік, яғни әлеуметтік
экономикалық трансформация кезеңіндегі мемлекеттің өзіндік рөлін баса
көрсету; конъюнктуралық-практикалық, яғни реттеудің нақты құралдарын
іздестіру және тиімді қолдану.
Біз ұсынып отырған оқу құралында экономиканы мемлекеттік реттеудің
ғылыми негіздері және ұйымдастыру мәселелері рыноктық экономика талаптарына
сай қарастырылады. Меншік қатынастарын, материалдық-өндіріс салаларын,
еңбек рыногын, қаржы рыногын, табиғатты пайдалану, инвестицияларды келтіру,
өңірлік даму, сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеу
мәселелері жан-жақты қарастырылады.
Бұл оқу құралы экономикалық жоғары оқу орындары және факультеттерінің
студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары
қызметкерлері және кәсіпорындар мен мекемелердің экономикалық бөлімдері
үшін пайдалы болады деп сенгіміз келеді.

1 тарау.
Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарының тарихи сипаты.
§1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар.

Өзінің толық мәнінде экономиканы мемлекеттік реттеу орныққан саяси
жүйенің ұлттық шаруашылыққа макроэкономикалық әсерін дарыту болып табылады.
Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы, оның экономикаға әсерінің деңгейі
туралы пайымдаулардың өзіндік ұзақ тарихы бар. Есте жоқ ерте замандарға,
яғни капитализмге дейінгі кезеңдердегі мемлекеттің рөліне үңілмей-ақ,
рыноктық экономика дамуы кезеңдеріндегі мемлекеттің рөлі мен
функцияларындағы өзгерістерді құнттап алғанның өзі жеткілікті болар еді деп
ойлаймыз.
Тарихи тұрғыдан мемлекеттің рыноктық экономикадағы рөлі туралы алғашқы
концепциясы капитализм саяси экономиясы классиктерінің концепциясы болып
табылады. Классикалық теория XVII- ғасырда дүниеге келді және ол өзінің
ортасына экономикалық ғылымның көптеген өкілдерін шоғырландырады. Олардың
ішіндегі ең көрнектілері шотландық экономист және философ А.Смит және
ағылшын экономисі Д. Рикардо. Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы ілімнің
дамуына А. Смиттің Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы
зерттеу (1776ж) еңбегі зор үлес қосты.
Бұл концепция бойынша рыноктық күштердің еркін әрекеті тепе-теңдікті
механизм жасап шығарады. Классиктер рыноктық экономикадағы мемлекет
рыноктық үдеріс жағдайындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп,
меншігін қорғауы тиіс және рынокқа қатысушылар арасында туындайтын дауларға
төрелік айтуы қажет. Басқаша айтқанда, мемлекет жекелеген адам дербес
атқара алмайтын немесе тиімді түрде жүзеге асыра алмайтын істерді атқаруы
тиіс. Экономикалық мәні бойынша бұл концепция рыноктық экономиканың өзін-
өзі реттеп, өзін-өзі ұйымдастырып отыруға хал-ахуалы әбден жететіндігін
дәлелдеу болатын. Өндіріс тұтынуды арттыру үшін ұйымдастырылады, ал
тұтынудың өсуі өндірісті ынталандырады деді классиктер.
Бұл себепті – салдарлы өзара байланысты жүзеге асыру билік
құрылымдарының тауар өндірушілердің шаруашылық қызметіне араласуынсыз-ақ
мүмкін болады. А. Смиттің пікірі бойынша өндірушілердің жеке экономикалық
мүдделеріне ұмтылысы және рыноктағы бәсекелестік жағдайы рыноктық экономика
дамуының басты механизмі болып табылады, және мұның өзі әрбір тауар
өндірушінің және бүкіл қоғамның байлығын арттыруға әкеледі. Рынокқа
қатысушылардың жиынтық әрекеті тепе-теңдік бағаларды орнықтырады және әрбір
сатып алушы осы бағаларға бағынады, ал бағалардың өздері болса жекелеген
адамдардың жиынтық әсері шеңберінен шыға алмайды. Экономиканың осындай
табиғи қызметін А. Смит рыноктың көрінбейтін қолы принципі деп атады.
Капитализм дамуының ерте сатыларында мемлекеттің экономикаға араласуы
негізінен екі қызметпен шектеледі деген пайымдаулар басымдық танытты. Олар:
жеке меншік құқықтарын заңнамалық тұрғыдан қорғау және экономикалық таңдау
еркіндігін қауіпсіздендіру. Мемлекеттің экономикалық рөлі аталған бастапқы
құқықтарды жүзеге асыру болып табылады. Осыған байланысты XVIII-XIX ғ.ғ.
экономикалық әдебиеттерде laisser-fire (іс-әрекет еркіндігі) + констебль
тезистері, яғни мемлекет – бұл жеке меншіктің түнгі күзетшісі деген
ұстаным кеңінен тараған болатын.
Классикалық мектептің тағы бір өкілі Жан Батист Сэй өзін-өзі реттеу
механизмін көрсету үшін келесі идеяны алға тартты. Тауар және қызмет
көрсетулер өндірісі үдерісінің өзі өндірілген тауарлар құнына тең табыс
жасайды. Бұл өндірістің өзі жасалған игіліктер мен қызмет көрсетулерді
сатып алуға қажетті табысты автоматты түрде қамтамасыз етеді деген сөз.
Ұсыныс өзіне сәйкес сұранысты туындатады дейтін Сэй заңы мәртебесін алған
тұжырымның мәні осындай.
Қоғамдық тепе-теңдіктер пайыздық қойылым, баға, жалақы, бәсеке тәрізді
рыноктық механизмдермен реттеледі. Жоғары немесе төмен жылжу арқылы бұл
механизмдер рыноктық субъектілердің тиісті әрекетін қадағалап отырады және
экономиканы теңдестірілген даму мен толық жұмыспен қамту жолымен жетелейді.
Еңбек рыногындағы бәсеке мәжбүрлі жұмыссыздыққа қарсылық білдіреді.
Классикалық мектептің тағы бір өкілі Д.С. Милль өзінің еңбектерінде
laisser-fire жалпы практикалық принцип болуы тиіс және одан кез-келген
ауытқу, ақылдан озған бірдеңе болмаса, зиянның нағыз өзі болып табылады
деп жазған еді.
Классиктердің идеясы, атап айтқанда Сэйдің өндіріс өзіне жеткілікті
сұранысты өзі туындатады деген идеясы ғасыр бойы экономикалық теориядағы
ақиқаттың дәл өзі деп саналып келді. Белгілі американдық ғалым-экономист
Дж.Гэлбрейттің айтуынша XX ғасырдың 30-шы жылдарына дейін адамдардың Сэй
теориясын қабылдауы немесе қабылдамауы экономисті ақымақтан ажыратудың
негізгі белгісі болып келген. Мемлекетті түнгі күзетші ретінде тану XVIII-
XX ғ. басы кезеңдеріндегі капитализмнің туындауы мен еркін кәсіпкерліктің
дамуы заманына тура келген еді. Ол кезеңнің әлеуметтік-экономикалық негізін
өндіріс ресурстарына шағын меншік пен экономикалық байланыстардың еркін
бәсекелі рынок арқылы жүзеге асырылуы сипаттаған болатын. Мұндай
жағдайларда рынок шын мәнінде реттеуші қызметтерді ойдағыдай атқарып келді,
сондықтан мемлекеттің рөлі рыноктың гүлденуіне ешкімнің де ешнәрсенің де
кесірін тигізбеуді қадағалаумен шектелгені тарихи шындық болатын.
Англиядағы 1825 жылғы экономикалық дағдарыстан бастап әрбір 10-12
жылда көптеген елдерде қайталанып отырған экономикалық дағдарыстар өзін-өзі
реттейтін рыноктық механизмдердің кейбір жағдайларда істен шығып қалуын
көрсетті. Еңбек өнімділігінің жедел артуы, сондай-ақ экономикалық өсу
қарқынының серпінділігі салдарынан Құн заңы сұраныс пен ұсынысты еркін
реттеуші рөлін атқара алмайтын жағдайға душар болды. XIX ғасырдың екінші
жартысында ұлттық өндірістер орасан зор масштабтарға жетті. XIX ғасырдың
соңы ғылыми-техникалық прогресс қарқынының жеделдеуі және жаңа салалардың
туындауы әсері қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдей түсуіне әкелді. Жеке
меншік капиталдар қызметін қалыпты ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін
үйлестіру және антикризистік реттеу қажеттілігі туындады.
1929-33 ж.ж. әлемдік дағдарыс және Ұлы күйзеліс мемлекеттің рыноктық
экономикадағы рөлі туралы классикалық теорияны қайта қарауды талап етті.
Практиканың талаптарына жауап ретінде ағылшын экономисі және қоғам
қайраткері Дж.М.Кейнс мемлекеттің рыноктық экономикаға араласуының
объективті қажеттілігі туралы жан-жақты негізделген теорияны талдап жасады.
Дж. Кейнс негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс
бар екендігін дәлелдеп, оларды мемлекеттік шешімдер арқылы жүзеге асыру
жөнінде практикалық шараларды қолға алды. Осылайша Дж. Кейнс
макроэкономикалық немесе ұлттық шаруашылықтың, мемлекеттік қызмет өрісінің
теориялық негіздерін қалады. Дж. Кейнс теориясының негізгі нәтижесі
капитализм өзін-өзі реттейтін жүйе емес, онда тепе-теңдіктің ішкі
механизмдері жоқ деген тұжырым, сондықтан да Дж. Кейнс капиталистік
экономиканы мемлекеттік реттеу теориясының негізін қалаушы болып
есептеледі. Оның теориясы және экономиканы мемлекеттік-монополистік реттеу
бағдарламасы өзінің басты еңбегі Жұмыспен қамту пайыз және ақшаның жалпы
теориясы (1936ж) еңбегінде баяндалған. Өзінің зерттеулерінде Дж. Кейнс
жинақталған көрсеткіштерді пайдаланады.: жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс,
жиынтық инвестициялар т.с.с. Оның пайымдауларындағы бастапқы нүкте жиынтық
сұраныс болып табылады. Дж. Кейнстің пікірінше мемлекеттің рынокқа әсері
сұранысты ұлғайту мақсатындағы бюджеттік-қаржылық, кредиттік-ақшалай
реттегіштерді қолдана отырып экономикалық конъюнктураны, циклдық тербеліс-
ауытқуларды, экономиканың жоғары өсу қарқынын және жұмыспен қамту деңгейін
қолдауды тұрақтандыруға бағытталуы тиіс.
Тұтынушылық талғауды сипаттау үшін Дж. Кейнс тұтынуға шекті
бейімділік түсінігін енгізді. Инвестицияның өсімі және шығарылым (табыс)
арасындағы тәуелділікті түсіндіру үшін ол мультипликатор (табыстың өсімімен
осы өсімді мүмкін еткен инвестициялық сұраныстың арақатысы) түсінігін
пайдаланды. Кейнстік теория құралдарын пайдалану соғыстан кейінгі кезеңде
дамыған елдерде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етті.
Дегенмен, өткен ғасырдың 70-жылдары ұдайы өндіріс жағдайы күрт
нашарлап кетті. Стагфляция (күйзеліс жұмыссыздық және инфляцияның өсуімен
бір уақытта орын алады) жағдайындағы ағылшын экономисі Филлипс ашқан
тәуелділік бойынша жұмыссыздық және инфляция бір уақытта өсе алмайды
(Филлипс қисығы). Дағдарыстан шығудың Кейнстік жолдары инфляциялық
серіппені (спиральді) одан әрі ширықтыра түседі. Аталған дағдарыстың
әсерінен мемлекеттік реттеуде түбегейлі қайта құру орын алды да реттеудің
жаңа моделі қалыптасты.
Қазіргі кейнсиандық бір емес, бірнеше макроэкономикалық теориялардан
құралып, макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдарын таңдау
мүмкіндіктері бар екендігін айғақтайды.
Неоклассикалық теорияның классикалық теориядан айырмашылығы – ол
біртұтас концепция емес. Дегенмен, кейбір жалпы принциптері классикалық
теория принциптерімен үндес болып келеді. Бұл теория бірнеше мектептердің
өкілдерін біріктіреді. Неоклассикалық бағыт ағылшын, австриялық,
американдық ғалым-экономистердің еңбектерінде көрініс тапты. Аталған
бағыттағы толық және құнды мағлұматтарды ағылшын экономисі А. Маршаллдың
(Кембридж мектебі) еңбектерінен табуға болады.
Неоклассиктер еркін бәсеке және рыноктық механизм жағдайларындағы
шаруашылық жүргізу заңдылықтарын қалыптастырды және бұл жүйенің
экономикалық тепе-теңдік принциптерін анықтады. Мұндағы басты идея рынокта
жүріп жатқан үдерістерді анықтайтын сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті
болып табылады. Айталық, А.Маршалл өндірістік шығындар теориясы мен шекті
пайдалылық туралы австриялық мектептің ұстанымдарын негізге ала отырып тепе-
теңдікті баға концепциясын талдап жасады. Неоклассикалық теория бойынша
бәсеке жағдайындағы бағалардың автоматты қозғалысы ұсыныс пен сұраныс және
өндіріс пен тұтыну араларындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Сондықтан,
мемлекеттің қандай болмасын бағаны реттеуі тепе-теңдіктің бұзылуына
әкеледі. Осылайша неоклассикалық теория мемлекеттің экономикалық болмысқа
араласпауы принципін жариялайды.
Макрореттеудің монетарлық теориясы неоклассикалық теорияның бір
тармағы болып есептеледі және белгілі бір дәрежеде кейнстік теорияға балама
ретінде қарастырылады. Монетаристік бағыттың лидері Чикаго мектебін
қалыптастырған американдық экономист – М. Фридмен. Бұл теорияның негізгі
ұстанымы: рыноктық жүйе өзін-өзі реттеуге қабілетті, ол өзін-өзі тепе-
теңдік жағдайында ұстай алады, оның беріктік деңгейі жоғары, сондықтан
реттеуді қажетсінбейді. Олардың пікірінше ешқандай үкімет рыноктан ақылды
емес. Экономиканы нақты және ақша секторларына бөле отырып монетаристер
негізгі зерттеулер мен практикалық ұсыныстарды ақша секторына арнайды.
Мемлекет, дейді олар, ақша секторын нақты секторға қатысты
бейтараптандыруы қажет. Нәтижесінде қажетті ақша санымен қамтамасыз
етілген рынокқа қолайлы қызмет жағдайы жасалады. Ақша массасын көбейтуді
жүйелі түрде, біртіндеп жүргізу керек, оның ұлғаюы циклдық тербелістерден
тәуелсіз жылына 3-5% артпауы тиіс. Бұл ұстаным М. Фридменнің ақша ережесі
деген атауға ие болды.
Сонымен, монетаристер жұмыспен қамту және экономиканы тұрақтандыру
үшін ақша-кредит әдістерін қолдануды жақтайды. Олардың пайымдауынша ақша
экономиканың дамуын анықтайтын басты құрал болып табылады және басты назар
инфляцияға қарсы күреске аударылуы тиіс. Мемлекеттік реттеу ақша массасын
бақылаумен шектелуі қажет. Бұған ұлттық банктің кредиттік құралдары арқылы
қол жеткізуге болады. Ақша ұсынысының өзгерістері баға динамикасы мен
ұлттық табысқа тікелей сәйкес болуы керек.
Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарының марксистік моделінде
мемлекеттің экономикалық қызметі өндіріс пен тұтынуды қоғамдық
ұйымдастырудың тарихи формасының мазмұны ретінде қарастырылады және
қоғамдық меншік экономикалық жүйедегі бірден-бір үстем сектор болып
танылады. Бұл жүйенің негізі болып табылатын өндірістің құрал-жабдықтарына
мемлекеттік меншік экономикалық процестерді бір орталықтан реттеу
қажеттілігін ұйғарады. Аталған жүйенің артықшылығына, теория жүзінде болса
да, ресурстарды тұрақты түрде бақылау және басқару арқылы толық жұмыспен
қамтуға қол жеткізу жатады.
Маркстік моделдің басты белгілері:
• өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық (мемлекеттік) меншік;
• өндіріс және тұтыну арасындағы экономикалық байланыстар, салалар,
өңірлер арасындағы пропорциялардың жоспарлы болуы. Қоғамдық болмыс
сфераларының барлығы жоспарға бағынады;
• өндірілген өнім бағалары бір орталықтан, қатаң түрде белгіленеді,
сондықтан сұраныс пен ұсыныс жағдайлары есепке алынбайды;
• бәсеке экономикалық күрестің антогонистік формасы ретінде социалистік
жарыспен алмастырылады, ал ол болса ешқандай материалдық ынталандыру
көздері қарастырылмағандықтан формальді әрекет ретінде қала береді.
Мұндай жағдайларда мемлекет түгел қамтитын рөл атқарады. Ол, жоспар
арқылы бүкіл экономикалық (және экономикалық емес те) үдерістерді реттеп
отырады да рынокты жаншып, оның құралдарына тек қана формалды, тіпті
жағымсыз сипат беруге ұмтылады. Ал, жоспар болса саяси мақсаттарға қызмет
етуі тиіс. Сондықтан субъектілердің экономикалық талғауын реттеудің саяси
механизмдері шаруашылық бастамашылдығын жасанды түрде алмастырады.
Өмірдің өзі көрсеткеніндей мемлекет пен экономиканың өзара
қатынастарын реттеудің марксистік моделі қолда бар шектеулі ресурстарды
тиімді бөлу және пайдалану ісінде толық қабілетсіздігін танытты.

§2 Рыноктық жүйенің сипаты – аралас экономика
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы рыноктың
көрінбейтін қолы теориясының авторы А. Смиттің өзі де айтқан болатын. Ол
өзінің атақты Адамдар байлығының табиғаты және себептері туралы еңбегінде
ол былай деп жазды: мемлекеттің мейлінше маңызды үш міндеті бар: әскери
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әділ сот жүргізу және пайдалылығы үлкен қоғам
үшін едәуір болғанымен жеке тұлғаның немесе шағын топ, шығындарының орнын
ешқашан толтыра алмайтын, сондықтан жеке тұлғалар немесе шағын топтар үшін
оларды құрап, ұстаудың пайдасы жоқ белгілі бір қоғамдық мекемелерді құрып
және ұстау міндеттері.
Бүгінгі таңда әлемдегі дамыған елдердің қайсы біреуінен де таза
рыноктық қатынастарды іздеп, таба алмайсыз. Іс жүзінде ұлттық және әлемдік
шаруашылықта аралас экономика қалыптасқан. Сондықтан, бүгінгі, егер әңгіме
рыноктық жүйе туралы өрбитін болса, мәселе аралас экономика жайында болып
отыр деп айтуға толық қақымыз бар. Мұның өзі таза күйінде рыноктық
критерийлер мен механизмдер әрекет етпейді және әрекет етуі мүмкін емес
деген сөз, себебі кез келген ұлттық шаруашылық меншіктің көптүрлі формалары
мен кәсіпкерліктің көпқырлы қызметтерінен құралады және рыноктық,
корпоративтік, мемлекеттік, халықаралық тәрізді экономикалық реттеу
түрлерінің аралас әрекетінен түзіледі. Мұндай жағдайда мемлекет осы жүйенің
ажырамас бір бөлігі, сонымен бірге бүкіл жүйенің өміршеңдігі мен қызмет
атқаруының кепілі ретінде көрінеді.
Аралас экономика дегеніміз негізін рыноктық қатынастар және жеке
кәсіпкерлік, сондай ақ басқа да көптеген институттар (қаржы өнеркәсіп
топтары, трансұлттық компаниялар т.б.) құрайтын экономикалық жүйе. Бұл
жүйеде шаруашылықтың ең маңызды үдерістері мен өрістерін (сфералары)
мемлекет реттейді (қорғаныс өнеркәсібі, энергетика т.б.).
Теория және практикада экономиканы мемлекеттік реттеудің бірқатар
анықтамалары бар. Олар:
Экономиканы мемлекетік реттеу рыноктық қатынастарды тиімді
қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатындағы әлеуметтік экономикалық
процестерге қажетті әдістер мен құралдарды қолдану негізінде мемлекеттің ел
экономикасы болмысына қатысуы болып табылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз мемлекеттің экономикалық
өсуді ынталандыру, инфляциялық процестерді әлсірету, халықты әлеуметтік
қорғау мақсатындағы салықтар, кредиттер және басқа да тетіктер арқылы
ұлттық шаруашылыққа макроэкономикалық әсер етуі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл өкілетті мемлекеттік органдардың
экономиканы тұрақтандыру және дамыту, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық
жүйені өзгермелі жағдайларға бейімдеу мақсатында қолданатын заңнамалық,
атқару және бақылау сипатындағы шаралар жүйесі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мазмұны келесідей:
• рынок субъектілеріне зиян келтірмеуге бағытталған, сондықтан олардың
құқықтары мен міндеттерін, өзара жауапкершілігін анықтау үшін
қабылданған заңдардың жиынтығы;
• рынок субъектілерінің шаруашылық әрекетін қадағалауды қамтамасыз
ететін ұйымдастыру-экономикалық құрылымдарды қалыптастыру;
• мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты негізінде жасалған
механизмдерді анықтап, нәтижелі қолдану.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні әкімшілік ресурстарды шамадан
тыс қолдану және таңдап алынған кәсіпорындар мен рынокқа қатысушыларды
қолдауда емес, жеке бастамашылық пен меншіктің барлық формаларын қорғауда
болса керек. Биліктің міндеті – рынок субъектілері қызметін қамтамасыз
ететін мемлекеттік институттардың жұмысын жолға қою болып табылады.
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргізу қызметтері
мемлекеттік, өңірлік және жергілікті биліктер арқылы жүзеге асуда.
Сондықтан біртұтас экономикалық және құқықтық кеңістік қамтамасыз етілмеген
жағдайда ұлттық бағдарламалар өміршеңдігінің болашағы беймәлім күйінде қала
береді.
Билік құрылымдарының реттеуші рөлінің күшеюі уақыт белгісі болып
табылады. Қазіргі қолда бар маңызды стратегиялық бағдарламаларды жүзеге
асыру үшін елдегі әлеуметтік-экономикалық процестердің басқарылу деңгейін
жоғарылата түсу оларды ойдағыдай атқарудың кепілі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының объективті экономикалық
заңдары негізінде жүзеге асады. Рыноктық қатынастар жағдайында бұл, ең
алдымен сұраныс және ұсыныс заңы, құн заңы т.б. Мемлекеттік реттеудің
мақсаты рыноктық жүйе қызметінің құқықтық базасын қамтамасыз ету, өнімді
өндірушілер, жеткізушілер және тұтынушылар арасында заңды және тиімді өзара
қатынастарды орнықтыру болып табылады. Мемлекеттік реттеу өркениетті бизнес
әрекетін қалыптастырудың негізгі құралы және халықтың әлеуметтік
теңсіздігін салыстырмалы түзейтін жағдайларды орнықтыратын күш болып
табылады.
Аралас экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері мен мазмұнын
рыноктық экономиканың мәні анықтайды. Қазіргі рыноктың негізгі міндеті
өндірістік және өндірістік емес тауарларға, қызмет көрсетулерге сұранысты
қанағаттандырып тауар тапшылығын жоюға бағытталған әрекеттерді
қалыптастыру.
Рынокты декретпен енгізуге де тоқтатуға да болмайды. Оның қалыптасуы
белгілі бір өтпелі кезеңді талап ететін тарихи үдеріс. Бүгінде экономиканы
мемлекеттік реттеу барлық елдерде, соның ішінде дамыған елдерде де жүзеге
асырылып келеді. Мемлекеттің белсенді реттеуші рөлінсіз тиімді рыноктық
экономика жасау мүмкін емес.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей әлеуметтік-экономикалық
даму мәселелерін рыноктық стихияның шексіз еркіндігіне беріп қою өте терең
дағдарыстарға итермелейді. Әсіресе, мұндай жағдайларда рыноктық
инфрақұрылым объектілері өлшеусіз жапа шегеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау үшін бірқатар
шараларды жүзеге асыру қажет. Олардың негізгілері мыналар:
• қаржы жүйесін сауықтыру, индикативтік әдістерге көшу, қаржылық
тетіктерді пайдалану;
• бірден жойылуы мүмкін болмайтын шығынды және тиімділігі төмен
кәсіпорындар үшін бейімделу және содан кейінгі даму жағдайларын жасау;
Оларды жеңілдіктер мен дотациялар көмегімен қолдап рынок жағдайына
лайықтау қажет. Келесі кезеңі – мемлекет меншігінен алу және
мемлекетке пайдалы шарттар негізінде жекешелендіру;
• елдің бүкіл шаруашылық кешенін қажетті құрылымдық өзгерістерге
ұшырату арқылы жаңа техника мен технологияларды енгізіп, ресурс сақтау
шараларын жүзеге асыру. Құрылымдық өзгерістерді әдетті әдістермен,
яғни капиталдарды шашырату арқылы қажетті қорлануды жасау – бұл өте
ұзақ және ауыр жол. Мақсатты бағдарланған жоспарлау және сараптаумен
астасқан тиімді реттеу, сондай-ақ құрылымдық өзгерістерді мемлекеттік
тікелей және жанама әдістермен ынталандыру бұл процесті едәуір
жеңілдетеді.
• белсенді әлеуметтік саясат жүргізу арқылы рынокқа өтудің халық үшін
теріс салдарын жеңілдету, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, халықты
жұмыспен қамту үшін кешенді шаралар жүйесін жүзеге асыру.
• айқын антимонополиялық саясат жүргізу, монополиялар қызметіне
мемлекеттік бақылауды күшейту, ірі монополиялар меншігін акцияландыру
кезінде ондағы мемлекеттің үлесін арттыру.
Реттеудің басты тетіктеріне құндық пропорциялар жатады. Олардың
көмегімен экономика сфераларында даму және ұдайы өндіру пропорцияларын
қалыптастыруға болады.
Бағалар, салықтар, солар бойынша жеңілдіктер, қаржылық ресурстарды
бөліп беру, кредиттік қойылымдар, ренталық төлемдер, еңбекті төлеу,
зейнетақы, жәрдемақы мөлшері – мұның барлығы өндірістердің, өңірлердің
экономикалық мүдделеріне әсер ететін экономикалық тетіктердің жиынтығы
болып табылады. Мемлекеттік реттеудің маңызды элементіне бағаларға бақылау
орнату мәселесі жатады. Әрине, рыноктық экономика жағдайында барлық
өнімдердің бағасына бақылау орнату мүмкін емес. Дегенмен, шикізат бағасына
бақылау қажет, себебі ол бағалардың барлық тізбегінің қалыптасуына әсер
етеді. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы зор негізгі тауарлар бағасына да бақылау
орнату қажетті іс-әрекеттердің қатарына кіреді.
Мемлекеттік реттеу жай ғана ұйымдастыру – басқару немесе экономикалық
мәселе емес, ол әлеуметтік мәселе де болып табылады. Қазіргі кезеңнің, яғни
экономикалық өсуді тұрақтандыру жағдайындағы реттеу рыноктың құндық
құралдарын пайдалану принциптеріне негізделуі керек.
Өтпелі кезеңде тауар-ақша қатынастарын пайдаланудың мәні мынада:
1. құндық категориялардың сандық параметрлерін жоспарлы түрде реттеуді
қамтамасыз ету және оны тауар өндірісі заңдарының шарттарына
сәйкестендіру қажет, яғни қоғамдық еңбек шығыны тепе-теңдігі
базасындағы эквиваленттік заңына және оған қоғамдық қажеттіліктің
шамасына сәйкестендіру абзал.
2. Өнімге қоғамдық қажеттілік шамасының әсері арқылы құндық
параметрлердің мәнін өзгерте отырып, өндірушілер мен тұтынушылардың
шаруашылық мүдделеріне мақсатты әсер ету қажет. Бұл арада құндық
категорияларды құрылым және өндіріс пен тұтынуды реттеу құралдары
ретінде пайдалану керек.
3. тауар өндірушілерге құрылым және өндіріс көлемі, өнімді бөлу және
өткізу туралы орталықтандыра орнықтырылған құндық параметрлер
шектеріндегі шаруашылық шешім еркіндігін бере отырып, жалпы
мемлекеттік жоспарлы көрсеткіштерді орындауға кәсіби ынталандыру.
4. қоғамға қажетті өнім өндіруді тауар өндіруші үшін де пайдалы ету
бағытында олардың түпкі мақсаттарының жақындасуына және бір жерден
шығуына қол жеткізу.
Рыноктық шаруашылық жағдайындағы өндіргіш күштер дамуының жоғары
деңгейі және осы деңгейдің объективті экономикалық заңдарға сәйкестігі
экономикаға мемлекеттің араласуы арқылы ғана қол жеткізуге болатын мәселе.
Сонымен, экономиканы мемлекеттік реттеу міндеттері келесідей:
• Экономиканы мемлекеттік реттеу өтпелі кезеңнің бастапқы сатысында –
экономиканы ырықтандыру (либерализациялау) бағытындағы шараларды
жүзеге асыру; екінші кезеңі – экономиканы тұрақтандыру бойынша
шаралар жүйесін жүзеге асыру және қорытынды кезеңі – тиімділікті
арттырып, тұрақты өсуді қамтамасыз ету.
• Экономиканы мемлекеттік реттеу мүдделердің тепе-теңдігіне жеткізуі
тиіс, яғни бір жағынан ол экономикалық реформалардың тиімді
барысын, қамтамасыз етуі тиіс, екінші жағынан табыстар мен
ресурстарды әділ бөлуге қол жеткізуі қажет.
• Рыноктық еркіндікті сақтай отырып табиғи, адам, қаржы ресурстарын
ұтымды пайдалану арқылы бюджет түсімдерін көбейтуге, құрылымдық
өзгерістерге, жалпы ұлттық экономиканың дамуына жол ашуы керек.
• Реттеу арқылы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын, салалық,
өңірлік, сондай-ақ мақсатты бағдарламаларды жасау, инвестициялық
жобаларды, қысқа және ұзақ мерзімді болжамдарды түзу жұмыстары
атқарылуы тиіс.
• Мемлекеттік реттеу негізінде өңірлердің қаржылық дербестігін,
олардың даму деңгейлерінің біркелкілігін және табиғи-экономикалық
жағдайы төмен аймақтарды жан-жақты қолдау жүзеге асырылуы қажет.
Рыноктық экономиканы құру жөніндегі әлемнің басқа елдерінің
тәжірибесін қабылдай отырып Қазақстан олардың моделдерін тікелей көшіріп
ала алмайды, оның басты себебі әлемнің ешбір елі (ТМД елдерінен басқа) ұзақ
уақыт бойы әкімшіл-әміршіл басқару шеңберінде болып көрген емес. Бұл бір.
Бұдан басқа әрбір мемлекеттің өзіндік тарихы және ұлттық ерекшеліктері және
өңірлік дамуының әртүрлі деңгейлері бар екендігін естен шығармау қажет.
Сондықтан экономиканы реформалаудың алғашқы кезеңдерінде орын алған бұрыңғы
басқару жүйесін толығымен қирату едәуір экономикалық қиыншылықтар туғызып,
өндірісті құлдыратып, салыстырмалы ұзақ дағдарысқа ұшыратқаны белгілі.
Экономиканы мемлекеттік реттеуде жоспарлы реттегіштер мен рыноктық
реттегіштерді қатар қолдану тиімділігін бірқатар елдердің тәжірибесі
көрсетіп отыр.
Жоспарлы реттегіштер дегеніміз нақты экономикалық қызметті
қалыптастыру бойынша іс-әрекеттер жиынтығы. Рыноктық реттегіштер – ол
көптеген өндірушілер мен тұтынушылардың өзара іс-әрекеті нәтижесінде
қалыптасып, объективті түрде қызмет ететін реттегіштер болып табылады.
Жоспарлы және рыноктық реттегіштерді бірін-бірі толықтыратын тетіктер деп
қарастыру қажет.
Мемлекет қолданатын реттегіштер мен, тұрақтандырғыштарды тиімді
пайдалану, әлеуметтік орнын толтыру әдістерін икемді қолдану мемлекеттік
реттеу тиімділігінің кепілі бола алады.

§3 Аралас экономикадағы мемлекеттің негізгі функциялары.
Жоспарлы, аралас және өтпелі экономика жағдайларындағы мемлекеттің
экономикаға араласу дәрежесі арқилы болып келеді. Директивті жоспарлар,
индикативті (нұсқаулық) жоспарлау, болжау, бағдарлау функциялары
экономикалық жүйенің объективті қалыптасқан қажеттіліктері талабы үдесінен
шыға білуі керек.
Өтпелі кезеңдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу рөлінің күшейе
түсуінің бірқатар объективті себептері бар. әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей
дамудың күрделі кезеңдерінде, әсіресе қоғам мен экономиканың әлеуметтік-
экономикалық, технологиялық жаңғыруы кезеңінде мемлекеттің белсенді
ұйымдастырушылық әрекетінің қажеттілігі арта түседі.
Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің рөлі аса зор мәнге ие болатындығын да
дүниежүзілік практика көрсетіп отыр. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын едәуір
кеміту ісінде, егер мемлекет жаңа өміршең формалардың бастамашысы және
тірегі бола білсе елеулі нәтижелерге жету ықтималдығы да жоғарылайды.
Қазақстанда рыноктық қатынастарға өту кезіндегі мемлекеттік
функциялардың қысқаруы рыноктық ортаның өзін-өзі ұйымдастыруын қалыптастыру
әрекеттерімен толықтырылмады. Ал, мұның өзі рыноктық экономикасы бар
елдердің практикасында бар жағдайға қарама-қайшы келді. Өтпелі кезең
жағдайында қалыптаса бастаған еркін рынок мемлекеттің реттеуші ықпалынсыз
монополизацияланған ел экономикасын әлеуметтік бағдарланған рыноктық
экономикаға айналдыру ісінде көптеген қиыншылықтарға тап келді. Бір жағынан
ескі әміршіл-әкімшіл, жоғарыдан төменге дейін жоспарға бағындырылған жүйе
жойыла бастады да, орнына жаңа экономикалық жүйе келе бастады. Көпукладты
экономика негіздері туындап, бәсекеге, сұраныс пен ұсынысқа бағдарланған
экономиканың алғышарттары күнделікті өмірге ене бастады. Екінші жағынан,
өтпелі кезеңде мемлекет шешуі тиіс басты проблемалар қараусыз қалып
шиеленісті.
Соның салдарынан рыноктық реформалардың бастапқы кезеңінде бірқатар
кемшіліктерге жол берілді олар:
• Меншікті жекешелендіру көбінесе өз бизнесін тиімді атқаратын
меншік иелерін тауып, қалыптастыра алмады;
• Меншікті иемденіп алған шектеулі адамдар тобы табыстарының
шексіз өсуі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікке алып келді;
• Рыноктық жаңартулар мен жаңғыруларда әлеуметтік тұрғыдан едәуір
кемшіліктер жіберілді.
• Кәсіпкерліктің мәні мен сипатында алып-сатарлық және қылмыстық
әсерлер көптеп кездесті.
Біртұтас бәсекелік күрес ережелері талдап жасала қоймағандықтан
мемлекеттің ойын ережесін қадағалау мүмкіндіктері шектеулі қалпында
қалып, маңызды салаларға инвестиция тарту, орташа тапты қолдау мәселелері
ұмыт қалды. Ұлттық экономиканы сауықтырып, жандандырудың құрылымдық
өзгерістері сияқты маңызды шаралары қабылданбастан кешеуілдей берді.
Өтпелі кезең тәжірибесі көрсеткеніндей қандай болмасын дамудың
қайсыбір дайын теориялық моделін таңдап алып, соның қағидаларын бұлжытпай
орындау мақсатқа жетудің ең қолайлы жолы емес, керісінше, барынша нақты,
сонымен бірге жеткілікті мөлшерде синтезделген конструкцияны пайдалану
көздеген нәтижеге жетудің ең ықтимал бағыты болмақ. Белгілі теориялық
мектептердің әрқайсысы өзінің идеялары мен қолданатын құралдары арқылы
өзекті практикалық қажеттіліктердің біреуін ғана қарастырады. Мемлекеттің
алдында бірқатар мәселелер мен міндеттердің үлкен шоғыры тұратындықтан
экономиканы дамыту туралы және оны мемлекеттік реттеу жөніндегі түсінік-
пайымдарды синтездеп, жергілікті болмысқа бейімделген даму моделін таңдаған
дұрыс деп саналады.
Сонымен бірге, теорияда сыннан өткен, рыноктық экономика дамуының
нақты кезеңін сипаттайтын жалпы ұсыныс-нұсқаулар баршылық. Айталық,
тұрақтандыру мен өсудің алғышарттарын жасау қажеттілігі туындағанда
институционализм идеяларын пайдаланған абзал (егер трансформациялық
кезеңдегі мемлекеттің ерекше рөлін ескеретін болсақ). Өрлеу жағдайында
интитуционализмді, тепе-теңдік элементтері бар неоклассикалық
конструкцияларды, сондай-ақ монетаризмнің тиісті ұстанымдары негізіндегі
экономикалық саясаттың комбинациясын қолдануға болады. Даму үстіндегі
экономика үшін тұрлаулы даму теориясының идеялары мен принциптерін
қолданған тиімді болмақ. Мұның барлығы да ұлттық ерекшелік және елдің
әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста жүзеге асырылуы қажет.
Өзінің объективті мәні бойынша өтпелі кезең түп-түзу даңғыл жол емес,
керісінше қарама-қайшылықты, тепе-теңдіктен ада, өзінің нақты формаларын,
әдістері мен жүзеге асыру механизмдерін тұрақты түрде өзгертіп отыратын
процесс болып табылады.
Өтпелі кезеңнің бастапқы кезеңінде ТМД елдерінің барлығында дерлік
басты реттеуші ретінде өзін-өзі реттейтін рыноктық механизм болады деген
қағида басымдыққа ие болды. Соған сәйкес негізгі күш мемлекеттің шаруашылық
рөлін кемітуге, оны либерализациялау арқылы реттегіш қуатын әлсіретуге
бағытталды. Мұндай саясат өз жемісін берді де. Мемлекеттің қатаң
басқаруындағы орталықтандырылған экономика күйреді, өндірістік-экономикалық
байланыстар үзілді, экономиканың көптеген салалары мен сфералары толықтай
күйзеліске ұшырады.
Жаңа экономикалық қатынастарды қалыптастыру әрқашанда шығармашылық,
креативтік үдеріс болып табылады, ол экономикалық дамудың тарихи
тәжірибесімен есептесуді талап етеді және туындаған сұрақтарға негізделген
жауаптарды қалайды. Сондықтан, қоғамдық өзгерістер қисынын түсініп, зерттеу
өте маңызды. Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді реттеудің заманауи
механизмдері мен құрылымын дер кезінде ұғынып, пайымдау ғана жемісті
болмақ.
Қоғамдық меншікті нақты топтардың қолына беру (шетелдік фирмалар, жеке
меншік кәсіпорындар т.с.с.) жаңа проблемаларды туындатты, соның ішінде
әлсіз, әлжуаз реттелетін шаруашылыққа тән стихиялы әрекеттерді көлденең
тартты; еңбек нәтижесімен байланысты емес ресурстар мен табыстарды ысырап
етті; бастапқы ресурстар экспортының көбеюі және өңдеу (ұқсату)
көлемдерінің қысқаруы өндіріс деңгейін құлдыратып жіберді. Ал, басты мәселе
өтпелі кезеңдегі қоғам құрылымының өзі экономикалық қатынастары мен
мүдделері әралуан қайдағы бір жиынтық қоғамдастықтардан қалыптасты. Міне,
осындай жағдайда қоғамдық және топтық мақсаттардың арасында қарама-
қайшылықтар туындап, шиеленісе бастайды. Бұл қайшылықтарды шешу үшін
қоғамда пайда болған көптүрлі мүдделерді жүзеге асыру формаларын іздеп,
табу қажет болды. Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей әлеуметтік жіктер мен
топтардың шынайы мүдделерінің өндіргіш күштер деңгейімен байланысында ғана
әлеуметтік-экономикалық даму моделдерін жасап, мемлекеттің экономикалық
саясаты объектілерін анықтауға болады.
Әрбір топтық мүдде өзінің мақсатын тиісті өкілеттікпен
қамтамасыздандырылған қайсыбір субъектіден табуы керек. Мұндай субъектінің
күш-қуаты мен ресурстары бағытталатын нақты объектісі болуы тиіс. Сонда
ғана, топтық мүддені жүзеге асыру үшін кепілді мүмкіндіктер пайда болып,
практикалық нәтижелерге жетуге болады. Меншіктің үш құрамдас бөлігі –
иемдену, пайдалану, билеу – нақты мүдделерді жүзеге асыру ісіне жауап
беретін қоғамдық немесе басқа институттардың тиісті деңгейлеріне бекітіліп
берілуі тиіс. Қазіргі кезде ҚР-да көзқарастар мен пікірталастардың кейбір
қайшылықтарына қарамастан мәселелерді дәл осы бағытта шешуге ұмтылыс бар.
Бір жағынан заң шығарушы биліктің өкілеттік сферасы анықталып бекітілуімен
бірге әртүрлі демократиялық институттарға атқарушы биліктің
өкілеттіктерінің едәуір бөлігі берілу үстінде. Бұл өкілеттіктер, тұтастай
алғанда заң шығармашылығы сипатын дәлелдеп, оларды қабылдау процедурасы да
демократиялық мәнге ие болып отыр. Екінші жағынан, республикада рыноктық
қатынастар үшін заң шығарушы база қалыптасқанына қарамастан, даму үстіндегі
шаруашылық байланыстар мен қатынастар тек қана құқыққа (заңға) жүгініп
отырған жоқ, сонымен бірге корпоративтік топтардың, мемлекеттік аппаратпен
формалды емес байланыстарға арқа сүйеп отырғаны да бүгінгі күннің шындығы
болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық даму сферасында мемлекеттік реттеудің
объектісі ретінде меншіктің жаңа формаларын орайластыруды қалыптастыру
процесі қарастырылады. Меншік қатынастарын жаңғыртумен қатар елде әртүрлі
меншік иелерінің өзара әрекетінің институционалдық жүйесін құру процесі
жүргені белгілі. Бұл жердегі әңгіме шаруашылық субъектілерінің әрекет
ережесі, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарды (институттарды)
орнықтыру негізінде рыноктық өзара әрекеттесу процесіне қосылған барлық
сфералар мен субъектілердің қалыпты қызметін қамтамасыз етуде болып отыр.
Осы шақта мемлекеттің қызметі жалпыұлттық мақсаттар мен қажетті
шектеулерді анықтау мәселелеріне қарай жұмылдырылуы тиіс. Ұлттық
мақсаттарды, олардың басымдықтарын, оларға жетудің кезектілігі мен
мерзімдерін белгілеу өте маңызды сипат алады. Себебі қоғамда бар әртүрлі
мүдделер меншік иелерінің біріне мақсат ретінде көрінсе, екіншілеріне
шектеу сияқты көрінуі әбден мүмкін. Қоғамдық мүдделерді келесідей
топтастыруға болады: ұлттық, өңірлік, кәсіби, әлеуметтік топтардың
мүдделері, сондай-ақ ұжымдық, отбасылық мүдделер. Бірақ қандай болмасын,
яғни барлық жағдайларда да мемлекет ұлттық мүдделердің кепілі және қорғаны
болуы тиіс. Оның міндеттері рыноктың қалыпты қызмет етуіне жағдайлар жасау,
қоғамдық мүдделер тепе-теңдігін сақтау, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз
ету болып табылады.
Бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық дамудың институционалдық
негіздерін тереңдете түсу, олардың қаржылық қамтамасыз етілуін және
тұрақтылығын орнықтыру міндеттері алдыңғы қатарға шығып отыр. Осыған
байланысты қазіргі күннің өзекті мәселесі қоғамда жүріп жатқан реформаларды
әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге жұмылдыру өзекті болып отыр.
Сондықтан, мемлекеттің рөлі әлеуметтік-экономикалық дамуда теріс
үрдістердің етек алып кетуіне қарсы шараларды дер кезінде қабылдап, жүзеге
асыруда болса керек.
Қазақстан – 2030 даму стратегиясы бойынша – бұл әлемдік шаруашылық
жүйесіне интеграцияланған, әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономикасы бар
құқықтық мемлекетті қалыптастыру болып табылады.
Ендеше, аралас экономика жағдайындағы мемлекеттің негізгі функцияларын
атап өтейік:
• Экономикалық шешімдер қабылдау үшін құқықтық негіздер
қалыптастырады мемлекет жеке және мемлекеттік кәсіпорындар мен
ұйымдардың әрекетін кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңдарды
талдап жасайды және қабылдайды; азаматтардың құқықтары мен
міндеттерін анықтайды.
• Экономиканы тұрақтандырады; Үкімет бюджеттік-салықтық және
кредиттік-ақшалай саясатты қолдану арқылы өндірістің құлдырауын
тоқтатады, инфляцияны тежейді, жұмыссыздықты төмендетеді, баға
деңгейі мен ұлттық валюта бағамын орнықтырады.
• Макроэкономикалық және құрылымдық тепе-теңдікті қолдайды;
аталмыш тепе-теңдікті қамтамасыз ете алатындай рыноктық
механизмді қалыптастырады.
• Даму стратегиясын талдап қабылдайды, қолайлы инвестициялық және
кәсіпкерлік ахуалды қалыптастырады, сондай-ақ ұлттық стратегияны
жүзеге асыру мақсаттары мен мұраттарын қамтамасыз етуді
қосқандағы экономиканың қалыпты қызметі үшін қолайлы әлеуметтік
жағдайлар жасайды.
• Ресурстарды үйлесімді бөледі, мемлекет жеке сектордың
қызығушылығын туғызбайтын тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін
өндіруді ұйымдастырады. Ол ауыл шаруашылығын, байланысты,
транспортты дамыту шараларын қарастырады, қорғанысқа, ғылымға
қажетті шығындарды анықтайды, білім беру, денсаулық сақтау
бағдарламаларын қалыптастырып, жүзеге асырады т.с.с.
• Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кемшіліктерді қамтамасыз етеді,
мемлекет минималды еңбекақыға, қарттыққа байланысты зейнетақыға,
жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға кепілдіктер береді.
• Шетелдегі ұлттық бизнесті қолдайды; мемлекет әлемдік
шаруашылықта отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін
арттыру мақсатында ұлттық бизнес қызметін үйлестіреді.
• Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; мемлекет
тұрақсыздық қауіп-қатерлері мен факторларына қарсы шаралар
қолданады.
• Елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде ұстайды.
Мемлекеттің жоғарыда аталған негізгі функцияларынан басқа нақты
сфераларда, салаларда және өңірлерде атқаратын реттеуші функциялары да
баршылық.
Бұрынырақ айтып кеткеніміздей мемлекеттік реттеу функциялары
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының мақсаттарымен анықталады.
Дамудың әрбір кезеңінің ерекшеліктеріне сәйкес қысқа мерзімді, орта
мерзімді, ұзақ мерзімді мақсаттар айқындалады.
ҚР үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатының ұзақ мерзімді мақсаты
әрбір азаматтың өз мүмкіндіктерін пайдалануына, әлеуметтік теңсіздікті
төмендетуге, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мәдени құндылықтарын сақтауға,
дүниежүзілік қоғамдастықтағы елдің экономикалық және саяси рөлін күшейтуге
алғышарттар жасауға арналуы тиіс.
Мемлекеттің саяси мақсаттарына оның іс-әрекеті негізін құрайтын
құндылықтар жүйесі сәйкес болуы керек. Біздің қоғамға Қазақстандық
дәстүрлерге сай жаңғыртылған құндылықтар жүйесі қажет. Сонымен бірге
қазіргі жалпыадамзаттық құндылықтар – еркіндік, жауапкершілік, сенім, адам
өмірі мен еңбегінің құндылықтарын асқақтату қағидаларына берік болу қажет
деген болар едік.
Қоғамда азаматтар мен мемлекет, азаматтар мен бизнес, бизнес пен билік
арасындағы өзара сенімділік нығайып, дамыған сайын мақсаттар бірыңғайлығы
да арта түседі. Сонда ғана мемлекеттік реттеудің де түпкі мақсаты қоғамдық
мақсаттарға толықтай сәйкестеніп мүдделер үйлесімдігіне қол жеткізіледі.

§4 Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері
Мемлекеттік реттеудің методологиялық негізін ұзақ мерзімді болжамдар
мен әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары құрайды. Солардың ішінде
мемлекеттік реттеудің объектісі болуы тиіс басым стратегиялық мәселелер
баршылық. Олардың негізгілерін атап көрсетейік:
1. Экономиканы дамытудың жаңа концепциясы адам факторын алдыңғы
қатарға шығарады. Адами әлеуетті қалыптастыру ұзақ мерзімді
стратегия болып табылады. Адами дамытуды қаржыландыру ұзақ
мерзімді инвестициялардың ең тиімдісі екендігін әлемдік тәжірибе
көрсетіп отыр. Бұл стратегияны жүзеге асыру Қазақстанның
демографиялық дамуымен тікелей байланысты. ҚР Президентінің 2015
жылға қарай Қазақстан халқының санын 20 миллион адамға жеткізу
туралы бастамасы адам факторының ұлттық экономиканы дамытудың
негізгі ұстанымдарының біріне айналғандығының айғағы болып
табылады.
2. Экономикалық өсу – ол ғылыми-техникалық прогресс, инновациялар
(жаңалықтар), өндірістің негізгі факторларының ғылыми сыйымдылығын
арттыру. Дамыған елдердегі жаңа технологияларға енгізілген
жаңалықтар үлесіне ішкі жиынтық өнім (і. ж. ө.) өсімінің 70 тен 85%
дейінгісі тиетін көрінеді. XXI ғасыр ғылым мен жоғары
технологиялардың, қатаң халықаралық технологиялық бәсекелестік
ғасыры болмақ. Әлемдік рыноктағы ғылыми сыйымды өнімдегі өнеркәсібі
дамыған жеті елдің үлесі 80-90% болып отыр және сол өнімдердің
экспорты да өсіп өркендеген мемлекеттердің құзырында қалған жайы
бар. Ал, Қазақстанның ғылымды қажетсінетін өнімдегі үлесі жоққа
тән. Еліміздің индустриялық инновациялық даму стратегиясына сәйкес,
сондай-ақ өндірістік және шикізаттық базасы мен кәсіби деңгейі өсу
үстіндегі кадрлардың болуын ескере отырып, әлемдік деңгейдегі, яғни
бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру біз үшін де жақын болашақтың
ісі болуы тиіс.
3. Өндіргіш күштерді орналастыру. Мұның өзі ұзақ мерзімге арналған
мемлекеттік реттеуді қалайтын стратегиялық мәселелердің ең маңызды
дегендерінің бірі болып табылады. Аумақтық-шаруашылық үдерістерді
реттеудің маңызды құралына өңірлерді әлеуметтік-экономикалық
дамытудың мақсатты бағдарламалары жатады. Өңірлерді (аймақтарды)
дамыту бағдарламалары орталыққа проблемалық аумақтар мәселесіне
арнайы жобалар жасауға көмектеседі де ағымдағы міндеттерді
стратегиялық мақсаттар аясында қарастыруға мүмкіндік береді.
4. Экологиялық фактор-өңірлік және стратегиялық экономикалық шешімдер
қабылдау үдерісінің маңыздыларының бірінен саналады. Әлемнің
көптеген елдерінде экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікпен
қатар қойылып, стратегиялық мәнге ие болып отыр. Ресурстық әлеуетті
тиімді пайдалану үшін экономикалық дамудың ресурс сақтаушы типіне
көшу қажеттілігі туындайды. Қазақстанның қуатты ресурстық әлеуеті
өсу үстіндегі экономиканы мейлінше тұрақтандырудың кепілі болып
табылады. Экономикалық дамудың жаңа стратегиясы Қазақстанды дамушы
мемлекеттер қатарынан дамыған мемлекеттер қатарына қосудың жасампаз
жобасы екендігіне мемлекеттің қазіргі ұстанымдары мен шаралары
кепіл бола алады.
Сонымен, экономиканы мемлекеттік реттеу объектілеріне ұлттық
экономиканың тиімді қызметі үшін мемлекеттің бүкіл реттеуші іс-әрекеті
бағытталған сфералар, салалар, өңірлер, әлеуметтік-экономикалық процестер
жатады.
Мемлекет ықпалында болатын негізгі объектілер мыналар:
• Ұлттық шаруашылықтың салалық, өңірлік, ұдайы өндірістік және
әлеуметтік құрылымдары;
• Экономикалық цикл;
• Жұмыспен қамту;
• Өмір сүру деңгейі;
• Білім беру және кадрларды даярлау;
• Ақша айналымы;
• Ғылыми-зерттеу жұмыстары және инвестициялар;
• Төлем балансы;
• Әлеуметтік сфера, еңбек қатынастары, халықты әлеуметтік қолдау
механизмі;
• Қоршаған орта;
• Бағалар, антиинфляциялық үдерістер;
• Экономиканың мемлекеттік секторы;
• Қаржы ресурстары және бюджетаралық қатынастар;
• Мемлекетсіздендіру, жекешелендіру, демонополизациялау;
• Экономиканың әртүрлі салаларындағы меншік формалары;
• Сыртқы экономикалық іс-әрекеттер және т.б.
Қазақстанда рынокқа өту кезінде де, қазір де толыққанды, тиімді меншік
иелерін қалыптастыру міндеті күн тәртібінен алынған емес, сондықтан меншік
құрылымы, мемлекетсіздендіру, демонополизациялау сияқты мемлекеттік реттеу
объектілері ешқашан да мемлекеттің жіті назарынан тыс қалмауы тиіс.
Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары экономиканы
мемлекеттік реттеудің субъектілері болып табылады.
Қ.Р. жағдайында бұл: қос палаталы Парламент, Үкімет, Қазақстан
Республикасы Президенті, Қ.Р. Конституциялық Кеңесі. Мемлекеттік реттеу
субъектілеріне, сондай-ақ биліктің өңірлік органдары да жатады.
Аралас экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің функциялары мен
объектілерінің өзгерістерге ұшырауы жаңа субъектілердің туындауымен қатар
жүреді. Қазіргі кезде дамыған елдердің ақпараттық қоғамға өтуіне байланысты
ұлттық мемлекеттерден тәуелсіз, дербес трансұлттық капитал оқшауланып
мемлекеттік реттеуде маңызды рөл атқара бастады. Трансұлттық корпорациялар
әлемдік өнеркәсіп өнімдерінің жартысына дейінгісін өз бақылауында ұстайды.
Бүгінгі таңда әлемдік шаруашылық жүйесінің негізін өздеріне едәуір билік
функцияларын шоғырландырған 500-дей трансұлттық корпорациялар құрайды.
Реттеу ұйымдарына сәйкес тұжырымдасақ трансұлттық корпорациялардың ішкі
құрылымдарында еркін рынок заңдары толықтай қолданылмайды, себебі оларда
рыноктық емес корпорацияның стратегиясы анықтайтын ішкі бағалар
белгіленеді.
Егер заманауи трансұлттық компаниялардың көлеміне сәйкес айтатын
болсақ, онда әлемдік экономиканың бір бөлігі еркін рынок жағдайында қызмет
атқаратын болса, екінші жартысы өзіндік сипаты бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның көлік қызметтері саласындағы интеграциялық үрдістердің ерекшеліктерін ашып көрсету
Транзиттік жүк тасымалдаулары саласындағы көліктік-логистикалық орталықтардың дамуы
Қазақ-Қытай сыртқы экономикалық байланыстары: даму ерекшеліктері мен болашағы
Халықаралық транспорттық операциялар және халықаралық жол жүрулер
Транзиттік тауарларды тасымалдау тәртібі
Қазастандағы көлік жолдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ КӨЛІК СТРАТЕГИЯСЫ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
Халықаралық көлік құқығы
Көлік инфрақұрылымы
Пәндер