«ТемірБанк» қызметіндегі тәуекелділік



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Банктік қызметтегі тәуекелділіктер мәні.
1.1 Банктік қызметіндегі тәуекелділіктер түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Банктік қызметтегі тәуекелділіктердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Хеджирлеу әдістерінің жүргізілетін тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2 «ТемірБанк» қызметіндегі тәуекелділік.
2.1 «ТемірБанк» қызметіндегі тәуекелділіктердің түрлері ... ... ... ... ... ... ...19
2.2 «ТемірБанк» қызметіндегі тәуекелділікті жүзеге асыру тәртібі ... ... ...26
3 Банктік қызметтегі тәуекелділікті төмендету шаралары ... ... ... ... 31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Қолданылған әдебиеттер

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .3
1 Банктік қызметтегі тәуекелділіктер мәні.
1.1 Банктік қызметіндегі тәуекелділіктер
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Банктік қызметтегі тәуекелділіктердің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3 Хеджирлеу әдістерінің жүргізілетін
тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2 ТемірБанк қызметіндегі тәуекелділік.
2.1 ТемірБанк қызметіндегі тәуекелділіктердің
түрлері ... ... ... ... ... ... ...1 9
2.2 ТемірБанк қызметіндегі тәуекелділікті жүзеге асыру
тәртібі ... ... ...26
3 Банктік қызметтегі тәуекелділікті төмендету
шаралары ... ... ... ... 31
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...34
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А

Кіріспе
Бұл курстық жұмыста банктік қызметіндегі тәуекелділік мәселесі
қарастырылып отыр. Новиков И.А. айтқандай Банктік нарық
тәуекелділіксіз – нарық емес, сонымен қатар барлық банктік
операциялардың спецификасы тәуекелділікке байланысты . Соған сүйене
отырып, банк үшін тәуекелділіктен қашу емес ( өйткені ол мүмкін
емес), оны басқару арқылы шығындарды барынша азайту керек.
Банк тәуекелділігі дегеніміз не? Тәуелділік негізінде ықтималдылықты,
ал нақтырық айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз
ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін
түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болу үшін келесі категорияларды
ескеру керек: жоғалтулар, шығындар және залалдар.
Тәуекелділік пен жоғалту түсініктерін өзара тығыз байланысты.
Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан
жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы
үшін негіз болып табылады.
Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады.
Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін
жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу
нәтижесінде пайда болады.
Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық
шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы
операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен
немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады.
Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфелімен байланысты
болып келеді, яғни банктің қаражатына жұмсалынған қаржылық
активтерімен байланысты.
Банктер басқа да коммерциялық ұйымдар сияқты белгілі бір
мақсатқа сүйенеді – пайданы барынша көбейту. Бірақ бұл мақсатқа
жету барысында банк мынандай заңдылыққа қарама – қайшы келеді,
Пайда жоғарланған сайын, тәуекелділік те жоғарылайды . Ал банк
жүйесінде жүретін операциялардың соңғы нәтижесін, ол дегеніміз
пайданы максималандыра білу, осы тәуекелділіктердің басқарып білумен
тура байланысты. Міне, осы мәселенің барлығы бірінші бөлімінде
қарастырылған.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр
түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік
бақылау дұрыстығының маңызы артады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі
банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер
қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар – нұсқауы бойынша қызмет
етті. Сондықтан банктік тәжірибеде тәуекелдік деген түсінік те
болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу
кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде
оған төлем несиесін ұсынатын.
Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелсіз мүмкін емес және
біздің Қазақстан Республика екінші деңгейлі банктік қызметінде қалай
жүзеге асыратындығы туралы курстық жұмыстарының екінші бөлімінде
жазылған. Ал жаппай банктік қызметіндегі тәуекелділікті төмендету
шаралары үш бөлімінде мәлеметтелген.

1 Банктік қызметіндегі тәуекелділіктердің мәні.
Банктер басқа да коммерциялық ұйымдар сияқты белгілі бір
мақсатқа сүйенеді – пайданы барынша көбейту. Бірақ бұл мақсатқа
жету барысында банк мынандай заңдылыққа қарама – қайшы келеді,
Пайда жоғарланған сайын, тәуекелділік те жоғарылайды . Ал банк
жүйесінде жүретін операциялардың соңғы нәтижесін, ол дегеніміз
пайданы максималандыра білу, осы тәуекелділіктердің басқарып білумен
тура байланысты. Міне, осы мәселенің барлығы бірінші бөлімінде
қарастырылған.

1.1 Банктік қызметіндегі тәуекелділіктердің түрлері.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр
түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуелдік
бақылау дұрыстығының маңызы артады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелділік
түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайда
банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқаулы бойынша
қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде тәуекелдік деген түсінік
те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын
төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты
түрде оған төлем несиесін ұсынатын.
Қазір кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез
келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы
мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәукелділікті мүлдем жою
емес, алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды
болып табылады.
Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәукелділік негізінде
ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды
жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе
қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз
болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар,
залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш
ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз.
Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан
тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту
түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді
жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге
болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негізгі болып
табылады.
Шығындар. Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар
шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық
институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп
айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар;
жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар. Шығын
категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға
байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде
пайда болады.
Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық
шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы
операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен
немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді
залалдар тәуекелдігі нашар несиелік портфельмен ( ресурстрады нашар
орналастыру), конъюктураның толық есептелінбеуімен байланысты болғанда
банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға ұшырауына қауіп төндіреді.
Жалпы кез келген қызмет түрі міндетті түрде белгілі бір
тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келген
кәсіпорын сияқты банкте жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы
мүмкін.
Шығында да, банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып,
шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.
Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық
тудырады, оған банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің
қарсы келуі негіз болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін
тәуекелдікке баруға дайын болса, л екіншілер үшін, банкке сеніп
тапсырылған қаражаттардың сақталуы ең маңызды. Табыстылық пен
тәуекелдіктің арасындағы ықшымды қатынасты ұстап отыру, банкті
басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.
Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфелімен
байланысты болып келеді, яғни банктің қаражатына жұмсалынған
қаржылық активтермен байланысты.
Тәжірибеде төрт басты портфельдік тәуекелдік түрлері белгілі:
несиелік, өтімділік, пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуеклі, валюталық
тәуекелдік.

1.2 Банктік қызметіндегі тәуекелділіктердің жіктелуі.
Банк қызметіндегі коммерциялық кәсіпкерлікпен айналысу негізгі
принциптерінде – тәуекелділік бар. Коммерциялық банктердің қызметіндегі
негізгі принциптер мыналар:
1. Банк өзінің реалды бар ресурстармен қолдану арқылы активті-
пассивті операцияларды іске асыру.
2. Банктің экономикалық тәуелсіздігі және өз қызметінің
нәтижелеріне толықтай жауаптылығы. Қорыта айтқанда
коммерциялық банк қызметіндегі тәуекелділікті тек қана өзі
мойындайды.
3. Банк өз тұтынынушыларымен нарықтық қатынастар деңгейінде
араласады. Сонымен қатар бәсекелестік негізінде тұтынушыға
тауарды өзіндік спецификасымен ұсынады және негізгі
принципке сүйенеді – табысты мейлінше көбейту.
4. Банктің өндірістік процесі технологиялық принциптерге сүйене
жүргізіледі: ликвидтігі, өзіндік капиталының жеткілігі,
бәсекелестік қабілеті бар болуы, қаржылық тұрақтылық,
рентабельдық, табыстығы, төлем қабілетілігі.
5. Банк мақсаты – технологиялық операциялардың нәтижесі пайда.
Соған орай банк пайданы көбейткен сайын, тәуекелділікте
жоғары болады.
6. Орталық банктің коммерциялық банктің қызметтерін реттеу,
тек қана жинамалы сұраптау түрінде жүреді, бірақ ол
арқылы коммерциялық банктердің қызметіндегі тәуекелділікті
азайту мүмкін емес. Сол себептен, банк шығындар мен
банкроттан қорғану үшін әртүрлі әдістер, принциптер
қолдананды. Бұл қорғану процесі банктегі тәуекелділікті
басқару деп аталады.
Банктегі тәуекелділік келесі екі типтерден тұрады: сыртқы және
ішкі.
Сыртқы тәуекелділік сырттан әсер ету жағдайда пайда болады
және басқарылмайтын, кездейсоқ басқарылатын болып екі түрге
жіктеледі.
Апаттар тәуекелділігі - бұл тәуекелділік, банке жер сілкінісі,
өрт, су қаптау, дауыл тағы сол сияқты арқылы материалдық шығындар
әкеледі. Сонымен қатар, мұндай тәуекелділік тек қана банкке емес,
оның клиенттеріне шығын әкеледі.
Саяси тәуекелділік - мұндай тәуекелділік түрі, банкке саяси
лауазымдардың өзгерісімен және жүргізілік жатқан саяси бағыттардың
өзгеруімен, көтеріліс немесе азамат көтерілісі жағдайыннан туу
мүмкін.
Жалпы экономикалық тәуекелділік –мемлекеттегі экономикалық
жағдайының күрт төмендеуінен пайда болады. Бұл дегеніміз –
мемлекеттік валюта тауарының деңгейінің төмендеуі, мемлекеттік
бюджеттің өсу дефициттілігі, инфляция деңгейінің өсуі, экономикалық
структураның кризистік жағдайы, тағы сол сияқты мәселелер.
Мемлекеттік тәуекелділік - бұл тәуекелділік түрі шетел
серіктестіктер үшін банктің орналастыруы мен байланысты туу мүмкін,
егер клиент экспорттық-импорттық іс әрекет жасаса, немесе банктің
контрсеріктестігі басқа мемлекетте болса, банк несиелі шетел қарыз
алушыға берсе туады.
Мемлекеттік тәуекелділікке мыналар кіреді: саяси, жалпы
экономикалық және заңды тәуекелділік.
Сонымен қатар, сыртқы жанама тәуекелділікке,қаржылық
тәуекелділіктің бір бөлігін кіргізуге болады. Себебі кейбір қаржылық
тәуекелділік банкте бір уақытта ішкі (эндогендік) және сыртқы
(экзогендік) сипатта жүреді. Мысалы, банк дүниежүзілік нарықтағы
пайыздық мөлшерлемелерге әсер ете алмайды, бірақ банк өзінің
депозиттік және ссудалық пайыздарға әсер етеді, міне қаржылық
тәуекелділіктің екі жақтылығы мынада.
Несиелік тәуекелдік - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін
орындамауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу
тәуекелдігі.
Ол қарыздар портфелінің сапасымен тікелей байланысты. Несиелік
тәуекелдігін, үш түрге бөлуге болады: қиянатшылық жасау тәуекелдігі,
шетел несиелері бойынша тәуекелдік, ішкі займдар бойынша төлем
төлемеу тәуекелдігі.
Қиянатшылық жасау - 1991-1993 жж. біздің республикамызда банктің
үмітсіз қарыздарының неғұрлым көп таралу себебі.
Тексеру нәтижесінде маусымды егіндік жұмыстарға, астық жинауға,
меншікті қаражаттарды толықтыруға бөлінген мақсатты несиелік
ресурстардың көзделген мақсатында пайдаланылмауы туралы көптеген
фактілері анықталған. Мұндай жеңілдік несиелері басқа банктерден
алған несиелер бойынща қарызды өтеуге машиналар сатып алуға
бағытталған. Сондай-ақ бұл несиелерді нарықтың мөлшерлеме бойынша
коммерциялық құрылымдарға қайта сатып валютаға айналдыру, т.б.
жағдайлар жиі болып отырған.
Қиянатшылық жасау – банктік жүйеде 80-жылдардың басында кеңірек
тарап, олардың үлесіне АҚШ-ғы барлық банкротқа ұшыраған банктердің
жартысынан астамы түскен. Бұл жерде банк директорлары мен жоғары
лауазымды қызметкерлердің әріптестеріне, туыстарына, достарына,
достық несиелерді ешқандай да қамтамасыз етусіз және қарыз
алушының қаржылық жағдайын тексерусіз бергендігі туралы сөз
қозғалады.
Шетел несиелері бойынша тәуекелдіктер - дамушы елдердің қарыз
алушыларының несиелер бойынша жаппай төлем төлеуіне байланысты 70-
жылдарда анықталды. Бұл АҚШ-тың бірқатар ірі банкротқа ұшырауына
себеп болған.
Ішкі займдар бойынша төлемсіздік - қарыз алушының төлем
қабілетіне ықпал ететін барлық факторларды есепке алу қиындығымен
байланысты туындайды.
Несиелік тәуекелдікті төмендетудің бірнеше тәсілдері бар:
1. Банктік қарыздар портфелін диверсификациялау, яғни бір қарыз
алушыға берілетін несиенің мөлшерін несиелеу шегін белгілеу
арқылы азайту. Бұл тәсіл банк клиентінің несиелік қабілетінің
жеткіліктігіне сенімсіз болған кезде қолданылады. Қысқартылған
несие мөлшері, оны қайтармаған жағдайда зиян шегу шамасының
қысқаруына мүмкіндік жасайды.
2. Несиелік қабілетін талдау, яғни қарыз алушының несиені өтеу
мүмкіндігін талдау. Көптеген банк осы әдісті қалайды, себебі
ол несиенің қайтарылмауына байланысты мүмкін болар барлық
зиянның алдын алады.
Несиелік қабілетті бағалау қарыз алушының қаржылық жағдайының
тәуекелдігін және олардың талдауын сипаттайтын көрсеткіштер есебін
білдіреді. Ондай көрсеткіштерге келесілер жатады:
- абсолюттік өтімділік коэффициенті – бұл ақшалай қаражаттар +
бағалы қағаздардың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысады;
- аралық өтеу коэффициенті – бұл ақшалай қаражаттар + бағалы
қағаздар + есеп айырысудағы қаражаттардың қарыз алушының қысқа
мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.
- жабудың жалпы коэффициенті – бұл айналым капиталы қарыз
алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.
Сонымен қатар, банкке несиені алдағы уақытта қайтару көзі
ретінде ақшалай түсіндерді, сондай-ақ қарыз алушының қаржылық
тұрақтылығының көрсеткіштерін де бағалау қажет.
Соңғы уақытта шетелдік банктік тәжірибеде қарыз алушыны баллдық
баға беру арқылы негізделген әдіс кеңірек қолданылуда. Ол клиенттің
рейтингін жасауды ұсынады.
3. Несиелерді сақтандыру, несиенің қайтарылмай қалу тәуекелі оны
сақтандырумен айналысатын ұйымдарға толық өтеуін сипаттайды.
Несиелерді сақтандырудың бірнеше жолдары бар, бірақ оларды
іске асырумен байланысты шығындардың барлығы қарыз алушыға
тиіс болып келеді. Біздің республикамызда несиелерді
сақтандырумен сақтандыру компаниялары айналысады.
Өтімділік тәуекелдігі. Ең жақсысы оны балансталмаған өтімділік
тәуекелдігі деп атау керек. Ол қаржылық активтерді тез арада
шығынсыз төлем қаражаттарына айналдыру мүмкінсіздігімен байланысты.
Банктерде өтімділікті қамтамасыз етудің екі түрі болады: ішкі жіне
сыртқы.
Ішкі өтімділік – инвестордың көзінше ақшаны орналастырудың сенімді
объектісі болып табылатын, тұрақты нарығы бар тез іске асырылатын
активтер. Бұған мемлекеттің бағалы қағаздар – 1,3,6,9, ай ішіндегі
қазыналық вексельдер жатады.
Сыртқы өтімділік - оның өтімді қаражаттар қорын ұлғайтатын
кейбір міндеттемелерді банктің нарықтан сатып алу жолымен (басқа
банктер федералдық қорлардың қалдықтарын сатып алу, қолдан-қолға
ауыспалы салым сертификаттарын, т.б. сатып алу) қамтамасыз етілуі
мүмкін.
Егер де банктер ертеректе тез іске асырылатын активтер құру
арқылы ішкі өтімділікті қамтамасыз етуге ұмтылған болса, ал қазір
олар активтер мен пассивтерді біртұтас басқару есебінен баланс
өтімділігін қамтамасыз етуге тырысады.
Бұл тұста ұсақ банктер өтімді активтер құруды дұрыс көрсе, ірі
банктер пассивті басқару саясатын (керек уақытта бағалы қағаздарды
сата отырып, кейіннен қайта қайтарып алу туралы келісім-шарт жасасу
жолымен банктік активтерді сату-сатып алу, коммерциялық бағалы
қағаздарды қолма-қола шығару және т.б.) жүргізуді қалайды.
Бұл тәуекелді Ұлттық банктің белгіленген міндетті өтімділік
нормасын сақтау жолымен, сол сияқты орналастырылған активтер мен
банк пассивтерінің қайтарылу мерзімдерін көлбеу жолымен басқарады.
Өтімділік деңгейін қамтамасыз ету тәсіліне төмендегілер жатады:
- Пайыз мөлшерлемесін өзгерту жолымен жаңа депозиттер тарту;
- Айналыста жүретін депозиттік сертификаттар, облигациялар, т.б.
шығару;
- Қарыздар және бағалы қағаздар портфелінің бір бөлігін сату;
- Пассивтерді диверсификациялау, яғни қарыздарды ұзақ мөлшері
бойынша жинақтау;
- Несиелердіқайтарып алу;
- Ұлттық банктен, т.б. несиелер алу.
Қажетті өтімділік деңгейін ұстап отыру үшін, банк пассивтің
төмендеуі және несиеге деген сұраныстың ұлғаюы, яғни конъюнктуралық
өзгеру мүмкіндігін болжауға тиіс.
Пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелдігі - бұл пайыз
мөлшерлемелерінің ауытқуы салдарынан мүмкін болатын зияндар. Соңғы
уақыттарда, Батыста инфляция және реттеу саясатын жүргізу
нәтижесінде пайыз мөлшерлемелерінің тұрақсыздығы байқалуда. Пайыз
мөлшерлемесінің артуы, тұрақты пайыз әкелетін бағалы қағаздар
бағасының түсуіне жол беріп, нәтижесіне банктің портфелінің
құнсыздануына және бағамдық зияндардың болуына әкеледі. Әр түрлі
нарық сегменттеріндегі пайыз мөлшерлемелерінің секірмелі өзгерісі
банктің операцияларының пайымдылығына қатты әсер етеді.
Пайыздық тәуекелдікті нарықтық деп атауға болады, егер ол ашық
нарықтағы бағалы қағаздар бойынша операциялармен байланысты болса,
мұндай тәуекелдік бірқатар себептерге байланысты пайда болады.
Солардың ішінде қарыздық пайыз нормасының ауытқуы, эмитент-
компаниялардың (акция туралы сөз болса) пайдалығы мен қаржылық
жағдайының, сондай-ақ инфляцияның өзгерісі де бар. Бірінші фактордың
ықпалы бағалы қағаздардың нарықтық құны мен қарыздық пайыз
нормасының арасындағы кері байланыстан анықталады (пайыз
мөлшерлемесінің өсуі бағалы қағаздың құнсыздануына әкеледі). Екінші
фактордың ықпалы акция бағасының оларға төленетін дивиденттерге
байланысты анықтамасын ескерсек, онда ол өз кезегінде эмитент-
компанияның пайдасына байланысты анықталады. Ақшаның инфляциялық
құнсыздануы тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар бойынша нақты
табыстың төмендеуіне жол беріп, нәтижесінде олардың ұсынысын
ұлғайтады және бағасын төмендетеді.
Пайыздық тәуекелділік, қарыздар мен тартылған қаражаттардың
қайтару мерзімдері сәйкес келмесе немесе активтік және пассивтік
операциялар бойынша мөлшерлемелер әр түрлі тәсілдермен белгіленген
жағдайда пайда болады. Соңғысын мысал ретінде, Ұлттық банк
ресурстарды жоғары пайыздық жеңілдікпен несиеге берген жағдайдан
көруге болады.
Пайыз тәуекелділігін келесідей тәсілдер көмегімен төмендетуге
болады.
- пайыз тәуекелдігін сақтандыру - несиелік тәуекелдіктен
сақтану сияқты тәуекелділікті толығымен сақтандыру ұйымына
беруді білдіреді;
- өзгермелі пайыз мөлшерлемесімен несиені беру – банкке шарт
өзгерген жағдайда, соған сәйкес пайыз мөлшерлемесін
өзгертуге мүмкіндік береді;
- мерзімді келісімдер – банк пен қарыз алушының арасында
арнайы форвард келісімін жасау, яғни қарызды келісілген
мерзімде белгілі бір сомадан және белгіленген мерзімге беру
туралы келісім жасаумен байланысты тәуекелден қорғану
әдісі;
- пайыздық фьючерстік (болашақ) контрактілер. Олар пайыз
мөлшерлемесіндегі ойындар үшін пайдаланылатын мерзімді
контрактілерді білдіреді. Шарт бойынша құжатты (қарыз
немесе депозитті ) белгілі бір мерзім өткеннен кейін,
келісілген уақытта болашақтағы тұрақты бағада сатып алады;
- пайыздық опциондар – опцион ұстаушыға қысқа мерзімді қарыз
немесе депозитті тұрақты бағада мерзімді қарыз белгілі бір
күн жеткенге дейін сатып алуға немесе сатуға құқық
беретін келісімді білдіреді;
- пайыздық своптар - бұл белгілі бір сомаға, бірақ әр түрлі
шартпен жасалатын несиелік міндеттеме бойынша пайыздық
төлемдердің айырбасын (мысалға, пайыз мөлшерлемесі әр түрлі
қарыздық капиталдар нарығындағы мөлшерлемелерге бағытталған
немесе тұрақты, өзгермелі болуы мүмкін) түсінідіреді.
Валюталық тәуекелдік – ұлттық валютаға қатысты шетел валюталарының
бағамдарының өзгерісімен байланысты валюталық (бағамдық) зиян шегу
қаупі. Валюталық тәуекел бір валюта бағамдарының әр түрлі валюта
нарықтарында сәйкес келмеуінен немесе әр түрлі уақыт кезеңінде
валюта бағамдарының айырмашылығынан түзілетін алып-сатарлық табыс
алуға тырысатын банктерде өте жоғары келеді.
Валюталық тәуекелдікті төмендету мақсатында көбіне пайыздық
тәуекелдік қолданылатын әдістер пайдаланылады: валюталық фьючерс
контрактілері, валюталық опциондар, валюталық своптар. Сонымен қатар,
несиелік келісім-шарттағы ақшалай міндеттемелердің валюта
бағамдарының өзгеруіне байланысты өзгерісінің алдын алу үшін төлем
құралы ретінде тұрақты валютаны таңдау әдісі (әрине, ұлттық валютаны
таңдауға болады егер американ доллары тұрақты пайдаланыланатын
болса) қолданылады. Сондай-ақ, мұнда үшінші бір ел валютасы немесе
халықаралық ақша бірліктері ( СДР, ЭКЮ) де пайдаланылады.
Банктік тәжірибе валютаның тәуекелдігін төмендету үшін шетел
валюталары бағамдарының ауытқуын үнемі бақылау (диверсификация),
сақтандыру, форвард контрактілерін жасау және басқа да әдістер
қолданылуда.
Сонымен, біз қай тәуекелдіктің банктік қызметте болатыны және
оны төмендетудің негізгі әдістерін қарастырайық. Мұндай шараларды
жасау тәуекелдік шеңберіндегі банк стратегиясының маңызды компоненті
болып табылады.
Демек, нарық шаруашылығындағы банктік қызметтің басты
тәуекелдікті және банкротты төмендету арқылы операциялардан түсетін
пайданы барынша жоғарлатудан тұрады.
Банк стратегиясы төмендегідей қағидалардан құралады:
- қалай да арзанға сатып алу;
- рентабельдік мөлшерлеме бойынша оны және көрсетілген
қызметтерді сату;
- келесідей жолдармен тәуекелдік зияндарын төмендету: сенімді
клиенттер таңдау және кепілдемелер алу, операцияларды
диверсификациялау және әр түрлі қарыздық капиталдар нарығын
игеру.
1.3 Хеджирлеу әдістерінің жүргізілетін тәжірибелері.
Валюталық тәуекелділік - ұлттық валютаға қатысты шетел
валюталарының бағамдарының өзгерісімен байланысты валюталық (бағамдық)
зиян шегу қаупі. Валюталық тәуекелділік – кассалық және мерзімді
болып екіге бөлінеді.
Кассалық нарықта, келісім ақшасын келісім шартқа қол қойған
күннен бастап екі жұмыс күн мерзімінде төлену қажет. Сондықтан
мұндай нарықта келісім ақшасы төлембеу мүмкіншілігі аз. Мұндай
келісім шарттарға: спот, оверналь жатады. Мерзімді валюталық келісім
ақшасы төлембеу тәуекелділігі инвестордың несиені төлем қабілетіне
және келісім шарттың мерзіміне байланысты келісім мерзімі ұзарған
сайын, курстың өзгеруімен төменбеуі мүмкіншілігі жоғары.
Банк клиенттері тез мерзімді құралдарды өздерінің қаржыларын
валюталық тәуекелділіктен сақтандыруға (хеджирлеу) қолданады. Сонымен
қатар мерзімді келісім шарт өте күрделі және тәуекелді, сондықтан
банк өзінің клиентімен қойған келісімді сақтандыруға тура келеді.
Мерзімді келісімге: фарвардтың операциялар, своптар, опциондар және
фьючерстер жатады.
Валюталық тәуекелділігін сақтану үшін хеджирлеу әдістері
қолданылады. Ол дегеніміз - әр тәуекелділіктерді келісім шартқа
қоятын томаптарын есепке алу жолымен олардың міндеттемелерін толық
немесе ішінара қысқарту әдісі.
Хеджирлеу әдісі үстеме томаптар мен міндеттемелерді шетел валюта
арқылы валюталық тәуекелділіктен сақтандырады.
Хеджерлеудің құралдары мерзімді операциялар болып табылады:
1. Форвардтық валюталық операциялар.
2. Валюталық фьючерстер.
3. Валюталық опциондар.
4. Своп операция.
Енді осы хеджирлеу әдістерін практикада қолданып көрейік.
Традициондық және хеджирлеу әдістерінің кең таралған түрі форвардтық
валюталық операциялары болып табылады. Мұндағы форвард курсы, спот
курсы оған қоса таза табыс плюс таза шығын пайыздарына негізделе
белгіленеді:
- төлем мерзіміне дейін спот бойынша сатып алынған және
депозиттерге салынған валюталар.
- Төлем мерзіміне дейін спот бойынша сатылған және келісім
шарт бойынша контрагентпен депозитке салынған валюталар.
Таза табыс пен таза шығын спот курсы бойынша қосылады және
алынады, сондай-ақ пипстер арқылы белгіленеді.
Экспортер форвардтық операция кезінде, келісім шартқа қол қояр
алдында төлем мерзімінің графигін біле тұра өз банкімен алдында
белгіленіп қойған шетел валюта курсымен төленетін келісім орнатады.
Экспортер үшін мұндай келісімнің оңтайлы жағы, ол төлемді олар
алдында табысты ұлттық валютамен белгілейді және сол арқылы келісім
шарттың да бағасы белгіленеді.
Мысалы, неміс фирмасы 180 күннен кейін аргентинаға тауар
шығарған үшін аргентина песосын алуы тиіс. Бірақ олар аргентина
песосының курстық ағымы Евро ағымының қарсы өзгеріс тәуекелділіктен
қорқады. Мұндай жағдайда неміс фирмасы болашақта сатылатын тауарға
хеджирлеу жасайды. Ол үшін ол 180 күнге форвардтық келісім шарт
жасайды. Алайда мұндай келісім шарт жасағаннан кейін, фирма 180
күннен кейін Евро эквивалент арқылы сатылған песо мөлшерін алу
керек. Егер де осы уақыт ішінде сатылған валютаның курсы түсетін
болса, онда оның шығыны мерзімді валюталық келісім шартының табысы
жабатын болады.
Тағы бір мерзімді келісім шарттың түрі валюталық фьючерлер
болып табылады. Мұндай келісім шарт көбінесе ірі арнайы биржаларда
сатылады. Валюталық фьючердің негізгі мақсаты – шетел валютаны алу
емес, тек қана валюталық тәуекелділіктен өтем орнын толтыру болып
табылады. Сондықтан хеджирлер фьючерстік нарықта табыстарын алып
жеңілістерін өтеп өздерінің кейінгі сату сессиясында валюталық
позициясын жабады. Фьючерстік нарық банк үшін көбінесе өздерінің
клиенттері арасында форвардтық келісім шарт қойған жағдайда
сақтандыру құралы ретінде қолданылады.
Валюталық фьючерстірді сату немесе сатып алу клиенттер
келісіміндегі валютаның ауытқуынан туатын шығындарды өтеу үшін
ыңғайлы.
Валюталық фьючерстік нарықта хеджир – фьючерстік келісім шартты
сатып алған. Егер споттық нарықта шетел валютасының курсы өскен
жағдайда фьючерстік келісім шартта белгіленген және өзіне ыңғайлы
курс бойынша сатып алуға болатын кепілдік алатын адам.
Тағы бір келісім шарт түрі – своп келісімі. Алайда своп
келісімі деп бір валютаны басқа валютаға айырбастау процесі белгілі
бір уақыт периодында жүреді және қолма-қол келісім – спот; мерзімді
–форвардтық келісім комбинациясынан тұрады. Екі келісім шарттың
екеуі де бір уақытта, бір серіктеспен және алдын ала белгіленіп
қойған курспен орындалады.

2 Темірбанктің қызметіндегі тәуекелділік.
Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелсіз мүмкін емес және
біздің Қазақстан Республика екінші деңгейлі банктік қызметінде қалай
жүзеге асыратындығы туралы курстық жұмыстарының екінші бөлімінде
жазылған.

2.1 Темірбанктің қызметіндегі тәуекелділіктің түрлері.
Ликвидтік тәуекелділік. Оның тәуекелділік формасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы банктердің маркетингтік қызметінің ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерді жүйелеп, жинақтап және барынша нақты жағдайын айқындап көрсету, сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді Республикамыздың банк жүйесіне қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру
Коммерциялық банк активтерінің құрылымы
Банк балансының активі мен пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету бағыттары
Казақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуы мен коммерциялық банктерді ұйымдастыру принциптері
Темірбанк АҚ қаржылық жағдайын талдау
Барлық ұлттық банктер
Банк активтерін басқару, жетілдіру мәселелері
Банктік маркетинг жайлы
Екінші деңгейлі банктердің өтімділік және төлем қабілеттілігінің экономикалық мазмұны
Казақстан Республикасындағы банк жүйесі туралы
Пәндер