Мемлекет нысаны


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Мемлекеттің түсінігі және белгілері

2. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНДАРЫ

2. 1. Мемлекетің басқару және құрылыс нысандары

2. 2. Мемлекеттік саяси режим

III. ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Адамдар біздің қоғамымыздың түпкілікті өркендеуін құқықтық мемлекетпен, адам құқықтарымен, әділ соттылықпен, құқықпен байланыстырады. Бірақ мемлекет қалай пайда болды? Осы қоғамдық құбылыс, қазіргі таңдағы өркениеті қоғамдағы алмастырылмайтын осы реттегіш қалай пайда болды, оның мәні неде? Бұл сұрақ көпшілікке қызық, оның ішінде өзінің болашақтағы немесе қазіргі кәсібін заңгер деп таңдағандарға аса маңызды болып табылады.

Бастапқы айта кететін жайт мемлекеттің мәні, құрылымы және қалыптасуы туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа бөлінеді: мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы мәселені қамти алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда мемлекет деп аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін көріп отырған нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін міндетті түрде оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет. Әрине, соншама ауқымды тақырыпты бірден түпкілікті саралау қиынға соғады. Алайда берілген жұмысымда аталған сұрақтардың барлығын да құрастырғым келеді.

Осы жұмыстың тақырыбы мемлекеттің мәні, нысандары және типтері болғандықтан, оны мемлекеттің қалыптасуы деп жалпылау батылдығын мен өзіме осы кіріспеде алайын.

Мемлекеттің қалыптасуы туралы сұрақ аса күрделі және осы орайда заңгерлер ортақ пікірге келген жоқ. Осы сұрақ бойынша, әр түрлі жағдайларға және факторларға негізделген концепциялар мен көзқарастардың алуан түрі әрекет етеді және әрекет еткен. Әр түрлі жағдайларға мыналарды жатқызуға болады: нақты тарихи кезең, нақты құқықтық ілімнің туған жеріндегі, яғни мемлекеттегі тарихи құқықтық ахуал. Ал, субъективті белгілерге ілімнің негізін қалаушы заңгер - теоретиктің жеке ойы мен қандай да бір әлеуметтік топқа жатуын келтіруге болады. Берілген жұмыста түрлі кұқықтық мектептердің мемлекеттің қалыптасу тарихы туралы ілімдерді баяндау қателік болар. Ғылыми емес концепцияларды (мысалы, мемлекеттің құдайлық пайда болуы тәрізді) бірден ысырып тастап, табиғи құқық мектебі (алғашқыда осы мектептің өкілі болған кейін бөлшектеніп, бірақ кейін өз орнына концепция болған мектеп оқуына түзетулер енгізіп, бөлектенген Рудольф Нерингтің ілімімен бірге), экономикалық материализм ілімі тәрізді классикалық құқықтық мектептердің көзқарастарын келтіргім келеді. Классикалық құқықтың мектептердің концепцияларына сүйене отырып, олардан әлде бір нәрсені ұғып, ал кейбір жерлерімен келіспей бір мемлекеттің мәні, нысандары және типтері туралы сұрақтарды қарастырамыз.

Мемлекет мәні, нысандары және типтері мәселесін талқылағанда бірқатар әдеттегі қайнар көздер зерттелді. Олардың негіздері болып мемлекет теориясы туралы еңбектер табылады. Олардан қандай да бір құқық мектептерінің көзқарастары, яғни теоретикалық материалдар алынды. Сөйте түра, қазіргі таңдағы заңгерлердің де («мемлекет теориясының» авторы С. С. Алексеев тәрізді. ), төңкеріске дейінгілердің де (ең алдымен Г. Р. Шерменевич, мемлекеттің жалпы теориясы) кітаптары алынды. Мемлекет және құқықтың тарихы туралы еңбектер (З. М. Черниловскийдің «Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы» немесе О. А. Жидковтың редакторлығындағы «Шетел мемлекеттерінін мемлекет және құқық тарихы» сияқты) мемлекет мәнін тарихи күқықтық тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді және фактілі оқиғалардың кезектілігі мен мәселені түпкілікті ұсынуға көмектеседі; мемлекет тарихы бойынша кітаптарды зерттемей, оның мәні мен пайда болуының заңды ескерткіштері (ежелгі құқықтық нормалар - Ману Заңы, XII таблица заңдары тәрізді ежелгі құқықтық нормалар мен Орыс Шындығы мен Слитік Шындық сияқты аталмыш варварлық шындықтар кіретін орта ғасырдың заңды ескерткіштері) туралы жалпы көріністі алу да қиынға соғады, ал онсыз берілген жұмысты толық қанды жазу мүмкін емес.

Өкінішке орай, берілген әдебиттердің аса шектеулі көлемі осы жаңа және актуалды сұрақты терең саралауға, оның барлық мүмкін аспектілерін қарастыруға мүмкіндік бермейді. Алайда менің ойымша бүл тақырыптың негізгі аспектілерін қарастырып, оны мейлінше толық ашуға бөгет жасамайды.

Мемлекеттің негізгі белгілері:

Мемлекет - саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы мүмкін.

Меншігінің орньша жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрықша түрі - жеке меншік қальштасады. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты қоғам таптарға бөліне бастайды. Бір жағынан, құрал-жабдықтар, өндірілген бұйымдар, мүлік-дәулет адамдардың бір тобының қолында шоғырланады да, байлар пайда болады. Сөйтіп, рулық қауым өзіне тән белгілерінен айырылып құлдырайды. Оның орнына жеке меншікке негізделген, айырықша екі үлкен әлеуметтік топтан тұратын қоғам қалыптасады. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп, еркін білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара алмайды. Меншік иелерінің - байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, басқару мүшелерімен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында қайшылықтар пайда бола бастайды. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалык-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде қоғамды билеу, басқару жүйесі де өзгере бастайды. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтіп, қоғамның белгілі бір сатысында мемлекет пайда болады.

"Мемлекет"- латынның "қалыптты жағдай" - деген сөзінен шыққан. Алғашқы кезде ол өкімет билігін иеленуші деген ұғымда айтылып, бірте-бірте ол өкімет функциясы ретінде қаралды да мемлекеттік билік ұғымына көшті. Бірақ мемлекетті ұғым ретінде қарамай, мемлекеттің құрылымдардың уақыт пен кеңістікке қарай өзгеріп отыратынын, соған қарай ұғымның да тұрақты болмайтынын ескеру керек. Мемлекет дүниеге келісімен ол әр түрлі қоғамдық пікірлердің қалыптасуына негіз болды.

Мемлекет пен билік туралы қағидалар бірте-бірте мифологиялық ұғымнан тазарып, біздін заманымыздан бұрынғы 5-6 ғасырларда ғылыми негізге ие бола бастады. Бұл бағытта Қытай философы Конфуцийдің (б. э. д. 551-479ж. ж. ) ілімі, ғалымдар Лао-цзы (б. э. д, 479-400) мен Шань-Янның (б. э. д. 390-338 ж. ж. ) идеялары маңызды роль атқарды. Мәселен Лаоцзы мемлекет пен билік жүргізу шарттық негізде шыкқан деген идея ұсынды.

Мемлекет туралы саяси ілімнің шығуы ежелгі Грецияның саяси өмірімен тығыз байланысты. Ондағы саяси ойдың ертеректегі дамуы көне мемлекеттіліктің қалыптасуына байланысты болды. Гераклиттің (б. э. д. 544-483) мемлекетпен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау пікірі де осы тұста қалыптасты. Гераклит "Өзіңнің отбасының берекесі үшін қалай күрессең, мемлекет белгіленген тәртіпті іске асыру үшін солай күресуің керек" - деген пікір айтып, билікке үлкен құрметпен қарады.

16 ғасырдағы қазақ мемлекетінің құрылуы да саяси-құқықтық идеологияның пайда болып, қалыптасуымен қатар жүріп отырды. Әсіресе Тәуке ханның (1680- 1718) тұсында құқықтар жинағы «Жеті жарғының» жария болып, саяси-әлеуметтік өмірге енуі қазақ мемлекетінің саяси құрылысын нығайтуға елеулі үлес болды.

Бірақ мемлекет - ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен, соның атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым.

Мемлекет қоғамның атынан қоғамның ішінде де, басқа мемлекеттермен қатынастарда да қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттің коғам өміріне тікелей және жанамалай әсер ететін ерекше органдары және басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар. Оларға жататындар мыналар:

1. Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі - ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. 1

Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптастырып, өз еркімен жүзеге асырады. Былайша айтқанда, басқа мемлекеттерге жалтақтамай, өзінің ішкі және сыртқы істерін өзі атқарады.

2. Билеуші органдар. Мемлекеттік билікті іске асырушы органдар мен мекемелердің ерекше жүйесінің болуы. (сот, армия, полиция) .

Мемлекеттің басты белгісінің бірі өкімет билігі бірлігінің болуы. Сонда ғана ол дау туғанда қоғамдық топтардың қарсылығына қарамай ішкі тыныштықты қамтамасыз ететін әрекет бағдарламасын іске асыра алады. Сондықтан да мемлекетке неміс ғалымы М. Бебердің айтуы бойынша, заңдылықпен күш көрсету монополиясы берілген. Демек, тек мемлекет қана полиция (милиция), армия, атқарушы, әкімгершілік және сот органдары арқылы күш көрсету, мәжбүр етуге құқықты санкцияға сүйенетін жария билік жүргізу мемлекеттің басты белгісі. Дегенмен мәжбүр мемлекеттік билікті қолданудың бірден-бір жолы емес.

Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаржыландыратын оның арнаулы материалдық қоры болады. Ол қорды жасау үшін мемлекет алым-салық белгілейді және оны жинайды.

3. Мемлекетте қалыптасқан белгілі бір нормалар жүйесін нығайтатын құқықтың болуы. Мемлекеттің барлық тұрғындары үшін міндетті болып табылатын заңдар шығару құқығының болуы. Салықтар және тағы басқа алымдар төлету құқығы. Азаматтық немесе елдің бодандығы. Егемендік-мемлекеттік биліктің ел ішінде де, одан тыс жерлерде де үстемдігі мен тәуелсіздігі. Құқықтық нормалардың жиынтығы мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды.

4. Мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады. Сол аумақта мемлекет құрылады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. Өз аумағының тұтастығын мемлекет барлық күш-куатымен сақтап, қорғауға тынымсыз әрекет жасайды. Мемлекеттер арасындағы қайшылықтар, келіспеушіліктер, соғыстар көбінесе осы жер, аумақ мәселесіне байланысты. Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін әкімшіліктерге бөлінеді. Халық әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлініп тұрғандықтан олардың құқықтық жағдайы соған байланысты болады. Мемлекеттің өмір сүруі өндірістік қатынастардың сипатына және бірыңғай өндіріс тәсіліне байланысты. Диалектикалық байланысын өзара тәуелсіздігін айқындамайынша, мемлекеттің шыққан тегін, оның бір тарихи типке өту зандылығын түсіну мүмкін емес. Даму барысында мемлекет бірте-бірте базистен біршама дербестік алады.

1. Мемлекеттің түсінігі және белгілері

Мемлекет түсінігіне - орын басты, анықтаушы, тұрақты және заңдастырылған мәнінің мінездемесі кіреді.

Саяси билік мемлекеттің маңызды белгісі мен оның мәнінін басты мазмұны екендігін марксизм ғылыми түрде дәлелдеген, Мемлекет мәні бойынша қоғамның саяси бірлігінің ұйымдастырылуы болып табылады.

Бірақ мұнымен қатар 70 жылдан астам уақыт бойы кеңестік қоғаммен жалғыз дұрыс деп танылып келген мемлекеттің марксистік түсінігі, тарихи тәжірибе мен ғылыми білімнің жаңа деңгейіне байланысты критикалық қайта қарауға және нақтылануға жатады.

Нақтылап айтқанда, антогонистік таптарға бөлінетін қоғамдағы мемлекетке есептелген және марксизм классиктерінің негізгі түсініктерінен туындайтын кеңестік заң, пәлсапалық саяси әдебиеттеріндегі мемлекеттің класстық түсінігін қате деп тану қажет. Дәл осылай кластық қоғамға қатысты олар мемлекетті-экономикалық жоғары кластың саяси билігінің ұйымдастырылуы және оның диктатурасының құралы ретінде қарастырды.

К. Маркс мен Ф. Энгельс былай деп жазған; "Саяси биліктің өзі бір класстың екіншісін басу үшін жасалған, ұйымдасқан зорлығы деген сөз”2.

Бұлардың соңынан В. И. Ленин де мемлекетті бір класстың екіншісінен басымдылығын қамтамасыз ететін мәшине ретінде көрген. Ол былай деген: "Мемлекет өзінің антиподымен (өзіне қарама-қарсы класпен) татуласуы мүмкін емес нақты кластың басты органы болып табылады. 3

Бірақ, 19 ғасырдың 40 жылдарының 2-ші жартысынан бастап, Қазан төңкерісі мен Ресейдегі социализм құрылысының басына дейінгі орнаған аталған антогонистік класстық қоғамдағы мемлекеттің марксистік түсінігі мемлекеттің пайда болуын, мәнін қызмет етуін, дамуын түсіндіруінде басым рольді атқарғанымен, өзгермелі тарихи жағдайда ол түсінікке жалпылама мағына беріп, догмаға айналдыруға және барлық кезең мен елдерге таратуға болмайтын еді.

Бұндай көзқарас жеке елдердің ішіндегі мен халықаралық алаңдағы күрес пен класстық қайшылықтарды шиелендіруге және аталмыш құбылыстағы мәжбүрлеу, зорлау жақтарына басымдылық етіп, мемлекет туралы ойды қате пайымдап, кедейлендіріп оның әлеуметтік мақсаты мен мәнін қарапайым, бір жақты түсінігін білдіреді.

Сондықтан екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болған әлемдегі түпкілікті өзгерістерге байланысты мемлекетті тек қана класстық тараптан талқылау Батыстың капиталистік елдеріндегі ғана емес, сонымен қатар Кеңес Одағындағы, ал ол ыдырағаннан кейін ресей мен ТМД-ның басқа да мемлекеттеріндегі мемлекеттің даму барысымен қайшылыққа түсті.

Айта кететін жағдай - қарастырылып жатқан мемлекет талқылауына көзқарас жаңашыл буржуазиялық теориялар мен батыс еуропалық социал-демократиядағы Аристотельден Каутскийге дейінге мемлекет туралы марксистік емес көптеген ілімдердің қазіргі ізбасарларын идеалистік және ғылыми емес деп негізсіз ығыстырған. Үлкен рухани құндылық болып табылатын осы ілімдердің осы алуан түрлілігі мен ерекшеліктеріне қарамастан, әлемдік дамудың көпғасырлық тәжірибесін бейнелей отырып, олардың барлығы дерлік мемлекетті ортақ бақытқа жету мен әлеуметтік компромистер институты ретінде түсінуге бірігеді.

Алайда мұндай көзқарас қандай жағымды болғанымен, ол да біржақты болып табылады: марксизм мемлекет түсінігінің мәнін, осы класстың зорлық жағына әкеп тіресе, марксистік әсем теориялар мемлекеттің екінші бір жағын ғана яғни, жалпы әлеуметтік және жалпы адамзаттық жағынан ғана мойындайды.

Осыған орай "Капиталда айтылған мынадай пікір ерекше көңіл бөлуді талап етеді: "Мемлекет өз қызметімен 2 сәтті қамтиды - қандай да болмасын қоғамның табиғатынан туындайтын ортақ істерді орындау және арнайы, класстық функциялар".

Өкінішке орай, құлиеленушілік және буржуазиялық мемлекеттерге тиесілі басқа сұрақты қарастыру барысында туындаған бұл тезис "Капиталдың" өзін де, Маркстың өзге де кейінгі еңбектерінде өрби алмады және мемлекеттің түсінігінің мәніне әсерін тигізбеді.

Сөйте тұра, Маркстың дәл осы ойында мемлекетке деген марксистік те, марксистік емес те түсінігіндегі маңызды құнды, синтездендірілген мәні көрініс табады, мемлекетті талқылаудағы бір жақтылықты жою бағытына қадам жасалды, оның бір-бірімен тығыз байланысты жалпы адамзаттық және классты жақтарының тұтастық түсінігі орын алды.

Шынында да, қандай да бір мемлекет болмасын шынайы класстық міндеттер шешумен қатар, онсыз ешбір қоғамның әрекет етуі мүмкін емес жалпы адамзаттық парызды да жүзеге асырады. Ортақ істерді орындауға ең алдымен қоғамның әртүрлі ұжымдық қажеттіліктерін жүзеге асыру жатады: денсаулықты қорғауды, білім алуды, әлеуметтік қамсыздандыруы көлік және байланыс құралдарын, ирригациялық құрылыстарды салуды, эпидемиялармен, қылмыстылықпен күресті, соғыстың алдын - алу шараларын және бейбітшілікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру және т. б. 4

Мемлекеттің жалпы адамзаттық мақсаты кеңдеу мағынада мынадай болып табылады: әлеуметтік компромисстің қайшылықтарды жұмсарту мен жоюдың, қоғамдық күштер мен халықтың әртүрлі қабаттарының бірігіп қызмет етулері мен келісулерін табудың құралы болу, өзі атқаратын барлық функциялардың мазмұнында жалпы әлеуметік бағыттылықты қамтамасыз ету.

Осылайша, класстылықты және жалпы адамзаттылықты өзінде біріктіре отырып, мемлекет бір уақытта қоғамның саяси билігінің ұйымы ретінде де, оның жалғыз ресми өкілі ретінде де шығады. Осыған сәйкес ол қандай да болмасын қоғамның табиғатынан туындайтын ортақ істерді қамтамасыз етуге де, арнайы класстық міндеттерді орындауға да міндетті болып табылады.

Мемлекетте жалпы адамзаттылықты мен класстылықты ескере отырып қана, оның шынайы түрінде қарастыруға және зерттеуінде ғылыми обьективтіліке жетуге мүмкіндік бар.

Сондықтан да, класстық көзқарастан толық бас тартып, жалпы адамзаттылықпен шектелуге ұсынып, өзгеше біржақтылыққа ұмтылғандармен келісуге болмайды.

Ескере кететін жағдай - мемлекеттегі жалпы адамзаттылық пен класстылықтың арасы әр дәуірі әркелкі және ол бір орында тұрмай, әлеуметік-экономикалық саяси-мемлекеттік дамуды шынайы, динамикалық түрде бейнелеп, прогресс пен демократияның жетістік деңгейін көрсетеді. Сәйкесінше, анықталған жағдайларда, мысалы: құл иеленуші және феодалды мемлекеттерде, өндірістік капитализм кезіндегі буржуаздық мемлекеттерде, монополистік капитал дәуіріндегі, әсіресе, тоталитарлық режимдегі кейбір буржуазиялық мемлекеттерде, сонымен қатар пролетариат диктатурасы бар мемлекеттерде, мемлекетін әлеуметтік мақсаты мен мәніне мінездеме бергенде бірінші орыңға класстық қожайындық, зорлық пен езушілік шығады.

Қазіргі таңда мемлекеттің жалпы әлеуметтік және класстық бастамаларының арақатынасын қарастырғанда, ортақ ереже бойынша жалпы азамзаттық құндылықтардың басымдылығын байқамау мүмкін емес. Бұндай гуманистік тенденция соңғы онжылдықтарда Америка мен Еуропаның дамыған елдерінде аса айқын көрінеді.

Әлеуметтік компромисстың қаруы болып табылатын мемлекет-идеологиялық плюрализммен, көппартиялықпен, еркін таңдаулармен, билік бөлінісіне заңның жоғарылылығымен, тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен, жоғары беделді және тәуелсіз соттың және т. б. болуымен мінезделетін демократияның даму денгейіне сай келеді.

Құрылымы, өкілеттіліктері, қызмет етуі, билік ету аумағы қатаң түрде құқыққа негізделіп, мақсаты - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мойындау және қорғау болып табылатын демоткратиялық, өркениетті мемлекет - құқықтық мемлекет болып табылады. Қазіргі таңда бұл мемлекет дамуының барлық көпғасырлық тарихындағы ең жоғарғы саты.

Ескере кететін жағдай - құқықтық мемлекет пен демократияның құкықтық нигилизммен, анархистік еркінділікпен ортақ ештеңесі жоқ. Керісінше, олар заңмен сот алдындағы баршаның теңдігі мен заңның баршаға бірдейлігін және оны бұзғандардың ешқайсысы жауапкершіліктен кете алмайтынын белгілеп, өз қоғамдарына қажетті заңдылық пен құқықтық тәртіпті көздейді.

Заңдылық пен құқықтың тәртіпті қамтамасыз ету - демократия мен құқықтық мемлекеттің беріктігі мен өміршеңдігінің негізі болып табылады. Мемлекеттің мәнінің және әлеуметік мақсатының жалпы әлеуметтік және класстық табиғатының қосалқылығы туралы қорытынды жасай отырып, осы қысқаша, жалпы анықтаманың мүмкін нұсқаларының бірін ұсынуға болады. Мемлекет қандай да болмасын қоғамның табиғатынан туындайтын ортақ істерді де, класстық міндеттерді де орындауға қажетті саяси биліктің ұйымы.

Мемлекеттің аса күрделі құбылыс екендігін ескере отырып және оның мәні мен әлеуметтік мақсатына тікелей әсерін тигізетін факторларды есептегенде жоғарыда қарастырылған жеке елдердің дамуының нақты тарихи жағдайларын да басқа да діни факторларды /Иран, Пакистан, Афганистан/, ұлттық факторларды /Балтық мемлекеттері/ және тағы басқаларын ескеру қажет. Алайда, бұл жалпы мемлекет анықтамасында барлық осы факторлар көрініс табуы қажет деген сөз емес. Сөйте тұра оның ең жалпы бастамаларына жалпы адамзаттық және кластыққа жүгіну жеткілікті.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне кіретін басқа ұйымдардан бірқатар маңызды белгілерімен ажыратылады.

1. Мемлекет өзінің территориялық шекарасының аумағында азаматтық белгімен біріктірілетін барлық тұрғылықты халықтың, барлық қоғамның жалпы ресми өкілі ретінде шығады.

2. Мемлекетік егеменділік, яғни, халық аралық қатынастардағы тәуелсіздік пен өз территорлясындағы мемлекетке тән жоғарылық. Мемлекет егеменді биліктің жалғыз иесі.

3. Мемлекет зандық күші бар және өзіне құқық нормаларын енгізетін зандар мен заңастылық актілерді шығарады.

Белгілі бір қоғамдық бірлестіктер өздерінің ұйымішілік бөлімдері мен мүшелеріне міндетті болып табылатын шешімдерді шығара алады, ал мемлекеттің нормативтік актілері барлық лауазымды тұлғаларға, жеке ұйымдарға қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік және муниципалдық органдарға міндетті болып табылады. Құқық шығармашылық-мемлекеттің айрықша өкілеттілігі.

4. Мемлекет өзінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға қажет сәйкес материалдық қаражаттар /заттық қосымшалар/ мен мемлекеттік органдар жүйесін құрайтын, жан-жақты әлеуметтік салалар мен үрдістерді және қоғамды басқарудың күрделі механизмі /аппараты/ болып табылады.

Тұтас болғанда мемлекеттік механизмді құрайтын органдардың спецификалық ерекшелігі мынада - осы органдарын құрылымы мен қызмет етуін міндетті түрдегі заңды бекітумен байланысты, оның өкілетіліктерінің мемлекеттік-биліктік сипаты және осыған негізделген құқықтық актілерді шығару мен оларды бұзушылықтардан сақтау қабілеті.

Осы арнайы құрылған мемлекеттік механизмнің осы өзінше дағдыланған "машинаның" қызмет етуі ерекше қабатының-мемлекет қызметшілерінің болуын талап етеді. Олардың негізгі міндеті - кластық қоғамда қалыптасқан еңбек бөлінісін есептегенде - басқару болып қана табылады. 5

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару нысаны
Мемлекет нысаны жайлы
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
ҚР мемлекетінің нысаны
Мемлекетті басқару нысаны
Мемлекеттік құрылым нысанының келелі мәселелері
Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны түрлері
Мемлекетің құрылым нысаны
Мемлекеттік басқару және құрылымы
Мемлекеттік құрылым және саяси режим
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz