Мемлекет механизмі және басқару органдары
. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Мемлекет механизмі ұғымы
2. Мемлекет механизмі құрылымы. Мемлекет органдарының түсінігі мен түрлері
3. Қазақстан Республикасының мемлекет механизмі қызметінің негізгі принциптері
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы:
4.1. Қазақстан Республикасының Президенті
4.2. Қазақстан Республикасының Үкіметі
4.3. Конституциялық Кеңес
4.4. Қазақстан Республикасының Парламенті
4.5. Сот билігі және Құқық қорғау органдары
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиет

Курстық жұмыс: Мемлекет механизмі және басқару органдары.
Глоссарий
Мемлекет - белгілі бір аумақ шеңберінде халықты өз ырқына көндіріп отыратын, бүкіл қоғам атынан, ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын, сонымен қатар оның дамуын қамтамасыз ететін ұйым.
Мемлекет механизмі - мемлекеттің міндеттері мен мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдар жүйесі.
Мемлекеттік аппарат - мемлекеттік басқарушылық, қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі.
Мемлекеттік орган - мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi - мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi.
Мемлекеттiк лауазым - мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі.
Мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi.
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Мемлекет механизмі ұғымы
2. Мемлекет механизмі құрылымы. Мемлекет органдарының түсінігі мен түрлері
3. Қазақстан Республикасының мемлекет механизмі қызметінің негізгі принциптері
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы:
4.1. Қазақстан Республикасының Президенті
4.2. Қазақстан Республикасының Үкіметі
4.3. Конституциялық Кеңес
4.4. Қазақстан Республикасының Парламенті
4.5. Сот билігі және Құқық қорғау органдары
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиет
КІРІСПЕ
Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Әрине, оны жүзеге асыру үшін белгілі бір жауапты тұлғалардың ұйымы қалыптасады, яғни жекелеген бір функцияларды атқару жеке тұлғаға немесе адамдардың тобына жүктелетін еді. Мемлекеттің басқару механизмі бұрынғы ру - тайпаны басқаратын аппараттан өсіп қалыптасты. Қоғамдық күрделі мәселелерді жалпы халықтық жиналыста талқылып, шешімдер қабылдап отырған. Тайпа, одақ, бірлестіктерді, ру басшыларының кеңесі басқарып отырған. Алайда, қоғамның жұмысының мен көлемі мен шеңберінің молаюына байланысты ескі басқару аппаратты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Қоғамды басқаруды жақсарту; қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс әрекетін әлсірету, жою үшін; қоғамды, экономиканы дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту; қоғамдық қорғанысты күшейтіп, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін жаңа, күшті басқару жүйесі, мемлекеттік аппарат қажет болды. Мемлекеттің әлеуметтік ұйым ретінде пайда болуы қоғамдық өмірдің күрделену үрдісін көрсетті. Коғамның мемлекеттік ұйымдары бастапқыда қоғамның алғашқы мемлекеттік емес ұйымдарынан біраз мәнді белгілері бойынша ерекшеленді. Олардың негізгілері:
биліктің пайда болуы, ол өзін бүкіл қоғаммен теңестірмеді, яғни
бір адам басқа адамдарға билік етті;
халықтың аумақтық бөлінуі, бұдан кейін қандастық байланыстар
есептелмеді;
өнімді еңбекпен айналыспайтын, басқаруды кәсіпке айналдырған
адам топтары қалыптасты, яғни мемлекеттік аппарат пайда
болды;
әр түрлі салықтар шықты.
Билеуші әлеуметтік күштер әрдайым мемлекетті барлық азаматтардың мүдделерін қорғайтын орган есебінде көрсетуге тырысты және оны бүкіл коғамның тұрактылығын сақтайтын факторы ретінде дәріптеп бақты. Мемлекет ұлттық интеграцияның маңызды құралы ретінде көрінетіндіктен ұлтты калыптастыру және ұлттық қатынастарды реттеуші функциясын, сонымен қатар қоғам өміріндегі әлеуметтік саланың және халықты әлеуметтік қорғаудың көптеген проблемаларын шешуге байланысты әлеуметтік функция да атқарады.
Жоғары мамандырылу, билеушілердің арасында еңбектің бөлінуі, армия мен әскерге басшылық ету, үлкен материалдық және өзге де ресурстарға ие болу мемлекеттің негізгі артықшылықтары болып табылады. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс - әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш - қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
Кез - келген билік етуші субъект өз билігін басқа субъектілердің қолына беріп қоймайды, тек оларға белгілі бір қызметтерді жүктейді. Ерте заманнан - ақ мемлекеттің органдары (мекемелері) мемлекеттің жүрегінің қағысына, оның негізіне, функцияларына сәйкес қызмет етуіне тура келетін. Мысалы, егер қоғамда адамның бостандығына, құқығына шектеу қою, азшылық ұлттарды қанаушылыққа алу басым болса, онда бірінші орынға мемлекеттің күштеу, мәжбүрлеу аппатартары шығады.
Мемлекеттің құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік тарихи типтеріндегі мемлекет механизмін ерекше бөліп айтуға болады. Мұндай бөлуге қоғамның сипаты негіз болды, соның шеңберінде мемлекет қызмет атқарады. Мемлекеттің әрбір типі өзіне сай мемлекеттік басқару формалары арқылы көрінеді. Ал мемлекетті басқару формалары мемлекеттік билікті жүзеге асырудың ерекше тәсілі болып саналады. Мемлекеттің формальді өзгеренімен ( территориясы т.б.) қоғамның дамуы нәтижесінде басқарудың мазмұны мен әдістері, мақсаты саяси бағыттары өзгереді. Айталық, мемлекеттің құл иеленушілік типі деспоттық шығыстық монархия, аристократия және демократиялық республика формасында; феодалдық -- сословиелік - өкілдік және шексіз монархия формасында; капиталистік -- парламенттік және президенттік республика немесе конституциялық монархия формасында; мемлекеттін социалистік типі - социалистік республика формасында көрінді. Мемлекеттің механизмінің қызмет ету принциптері мен мүдде - мақсаттары қандай да болсын қоғам дамуының тарихи жағдайларымен, ұлттық салт - дәстүрмен анықталады, сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік, таптық күштердің арасалмағы, тіптен жетекші мемлекет қайраткерлерінің рөлі сияқты факторлармен де айқындалады.
МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекеттік билік қоғамдық процесстерге үздіксіз әсер ете келе, оның механизмі құрайтын белгілі бір ұйымдасқан, материалдық негізсіз өмір сүре алмайды. Мемлекет механизмі - мемлекет міндеттері мен функцияларын, мемлекет билігін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен мекемелерінің біртұтас иерархиялық жүйесі.
Мемлекет механизмі ұғымы мемлекеттік аппарат ұғымымен тығыз байланысты. Мемлекеттік аппарат ұғымын екі мағынада түсінуге болады: бірінші мағынасы қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі, яғни ол мемлекет механизмі ұғымымен сәйкес келеді, ал екінші мағынасы мемлекеттің белгілі бір басқару аппараты. Екінші мағынасы, яғни мемлекеттің бұйырушы-атқарушы, басқарушы органдарының жиынтығы ретінде әкімшілік құқық саласында қолданылса, бірінші мағынасы мемлекет және құқық теориясында жалпы, кең мағынасында мемлекет механизмі түсінігі ретінде қолданылады.
Мемлекет механизмі біртұтастық ( ұйымдастырылуы мен қызметінің бір принциптерге негізделіп жүргізілуі) және иерархиялық қасиеттерге ие болатын жүйе. Мемлекет механизмінің құрылымы әр елде әр түрлі болады. Мемлекет механизміне және оның қандай органдардан құрылатындығына көптеген факторлар әсер етеді:
1) Мемлекеттің даму кезеңінің сатысы ( алғашқы мемлекеттердің механизмі әлсіз, дамымаған болатын);
2) Мемлекеттің тарихи дамуының ерекшеліктері, белгілі бір тарихи кезеңнің оқиғалары;
3) Территориясының аумағы;
4) Халықтың ұлттық құрамы (мысалы көпұлтты мемлекеттерде ұлттық мәселелерді шешетін арнайы органдар болады);
5) Елдің географиялық орны;
6) Ғылыми, техникалық жаңалықтар және олардың адамдардың практикалық қызметінде қолдануы. Осы аталған факторлардың барлығы мемлекет механизміне жанама түрде әсер етеді, ал тікелей әсер ететін мемлекеттің саяси режимі болып табылады.
Саяси режим дегеніміз - мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, саясаттағы демократияның деңгейі. Бұл ұғым билеуші және тәуелді, басқарушы және басқарылушы таптардың әр түрлі іс - әрекеттері мен қарым - қатынастарын, қоғамның саяси өмірін реттейтін идеологиялық және саяси нормалар мен құндылықтардың, мемлекеттің және өзге де институттар мен мекемелердің қызметі мен арақатынастарын біріктіреді. Саяси жүйе биліктің орындалу құралы, қоғамның көпшілік бөлігі үшін міндетті мүдделердің орындаушысы мен қорғаушысы ретінде басқа қоғамдық жүйелерге қарағанда доминантты фактор қызметін атқарады. Белгілі бір қоғамның саяси жүйесі оның табиғатымен, әлеуметтік құрылысымен, басқару түрімен ( парламенттік, преиденттік т.б.), мемлекет типімен (монархия, республика), саяси режим түрімен ( демократиялық, тоталитарлық, деспотиялық және т.б.), мемлекеттің саяси - құқықтық дәрежесімен (конституциялық, дамыған немесе дамымаған құқықтық құрылымдары ), қоғамдағы мәдени және саяси-идеологиялық қатынастардың түрімен ( салыстырмалы түрде ашық немесе тұйық ) мемлекеттің тарихи типімен ( нейтралистік, иерархиялық - б юрократиялық құрылымдармен және т.б.), саяси өмірдің тарихи немесе ұлттық әдет-ғұрыптартардың қалыптасуымен ( саяси белсенділігі жоғары немесе төмен халқымен, дамыған немесе дамымаған азаматтық , туыстық қарым-қатынастарымен және т.б.) сипатталады.
Саяси жүйе негізі екі түрге бөлінеді: демократиялық және демократияға қарсы саяси жүйе. Демократияға қарсы жүйелер халық басқару процесіне қатыспайтын және оның еркімен санаспайтын жүйелер жатады: фашистік жүйе, әскери жүйе, расистік жүйе, авторитарлық жүйе және т.б. Демократиялық жүйе бұл халықтың құқықтарына кепілдік берген,демократиялық әдістердің көбін мемлекет басқару процесінде қолданған жүйе.
Мемлекет механизмі мен функциясының арасында тікелей және ажырамайтын байланыс болады, себебі, механизм мемлекет функцияларын жүзеге асыру үшін құрылады. Мемлекет органдары мен мекемелері мемлекет функциясының өзгеруіне байланысты оған бейімделіп отырады. Мысалы, егер қоғамда азшылық ұлттарды қанаушылыққа алу, адамның бостандығына, құқығына шектеу қоюға бағытталған функциялар басым болса, онда сәйкесінше мемлекеттің мәжбүрлеу органдары бірінші орынға шығады.
Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын, қоғамдық өмірдің барлық барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды. Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құққтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарға бөлуге болады:
1) Тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
2) Құқықтық нысандар - құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылатын және мемлекеттік міндетті салаларды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқық шығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
ә) құқық қолданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
б) құқық қорғаушы қызмет - бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен байланысты қызмет.
Мемлекет механизмінің құрылымы белгілі бір органдардан құрылғандықтан оны оқып - түсінуді оның негізгі элементтері - өзіндік қасиеттері мен әр - түрлі белгілерге ие және өзге басқару субъектілерінен ерекшеленетін мемлекет органдарынан бастаған жөн. Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік органдармен тығыз байланыста болады, бірақ оларға билік ету қызметі жүктелмеген, олар экономика, денсаулық сақтау, ғылым және т.б. салаларда жалпы-әлеуметтік функцияларды атқарады.
Мемлекеттік биліктің негізгі құралдары оның аппараты мен мемлекеттік органдары болып табылады. Қазіргі таңда мемлекет механизмі ұғымы мемлекет және құқық теориясында қолданылады. Бірақ бұл ұғым көбінесе отандық заң әдебиеттерінде қолданылады, ал шет елдердердің зерттеушілері бұл ұғымды мемлекеттік билік, мемлекет институттары,мемлекет нысаны, басқару нысаны ұғымдарымен алмастырады. Дегенмен, мемлекет механизмі ұғымы да дұрыс болып табылады.
Мемлекет механизмі - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдарының байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет туралы Заңның екінші бабында: Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет делінген.
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым - қатынастар, сана - сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір - бірімен қарым қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған. Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
Қазіргі мемлекеттік аппарат қызметі мынадай принциптермен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым - қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады. Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Яғни, құқық шығармашылықтың негізгі қағидалары - демократизм мен жариялылық, заңды кәсіпқойлық, құқық шығармашылықтағы заңдылық, құқық шығармашылық процессінің ғылыми сапасын көтеру жатады.
Демократизм мен жариялылық - шығармашылық процессіне қалың бұқара, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, еңбек ұжымдары, саяси партиялар, ақпарат, заңгерлер, ғалымдар қатысып, өздерінің пікірлерін айтып, ұсыныстарын береді. Өте күрделі мәселе бойынша жалпы халықтық референдум жүргізіледі.
Заңды кәсіпқойлық - мемлекеттің заң шығармашылық органдарының кәсіпқойлық саласын көтеру, оның жұмысына заңгерлерді, ғалымдарды, социологтарды, политологтарды т.б. тәжірибелі азаматтарды қатыстыру. Заң шығармашылық процесстің сапасын көтеру үшін: біріншіден - қысқа және ұзақ мерзімді заң шығару жоспары болу керек; екіншіден - заң және заңға тәуелді нормаларды шығарудың көп жылғы тексерістен,тәжірибеден өткен ережелері болу керек; үшіншіден - заңның жобасын тәуелсіз ғылыми сараптамадан өтіп барып, парламенте талқылау керек; төртіншіден - парламенттегі депутаттардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру қажет.
МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. МЕМЛЕКЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Біртұтас мемлекет механизмі өзінің белгілі бір мақсаттарын жүзеге асыруы үшін құрылымдық бөліктерге бөлінеді - белгілі иерархияда орналасқан органдар мен мекемелер жүйесі: әр түрлі органдар мен мекемелер мемлекет механизмінде бірдей орында болмайды, олар бір - бірімен қатаң, субординациялы қатынаста болады. Мұндай құрылым өзгермелі, бірақ кез келген жағдайда оның құрамында басқару және мәжбүрлеу органдары болады, олар өзара байланыста болады және осыдан мемлекеттің жалпы әлеуметтік және таптық негізі байқалады. Көптеген ғасырлар бойы мемлекеттік аппарат дамымаған болатын, ал оның органдары оның құрамы мен компетенциясына байланысты ажыратылмаған болатын. Осылайша, құлиеленушілік, феодалдық және капиталистік мемлекеттің жаңа қалыптасу кезеңінде мемлекет механизмінің негізін әскери ведомствто, ішкі істер, қаржы және шетелдік істер бөлімшелері құрайтын. Қазіргі мемлекеттің механизмі органдар мен мекемелердің түрлілігі мен күрделілігімен, ірі жүйелерге жіктелуімен ерекшеленеді. Оның бір бөлігін мемлекеттің жоғарғы органдары: мемлекет басшысы, парламент, үкімет құрайды. Әдетте олар қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының бақылауында болады. Екінші бөлігі бұл құқықты қорғау органдары, сот, прокуратура және қарулы күштер жүйесі ( әскер, полиция, барлаушы). Соңғылары мемлекеттің жоғарғы органдарының шешімдерін жүзеге асырады, соның ішінде мемлекеттік мәжбүрлеу әдістерін де қолданады ( әскери қысым, полициялық іс шаралар). Мәжбүрлеудің ең қатаң әдістерін адамдардың қаруланған топтары - әскер мен полиция атқарады.
Сонымен, мемлекет механизмінің құрылымына мыналар кіреді:
1) Өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2) Биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
3) Басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) Мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.
Әрине, мемлекеттік негізгі даму бағыттарын айқындап, оның функцияларының жүзеге асыру мен олардың дұрыс орындалуын қадағауқа мемлекеттік органдардың алатын орны ерекше.
Осылайша, мемлекет органы - бұл мемлекет механизмінің арнайы белгілері бар оның негізгі бөлігі. Оның негізгі белгілеріне келесідей қасиеттерін жатқызуға болады: біріншіден, мемлекеттік орган мемлекеттік билік құзыретіне ие, яғни заңды негізде бекітілген мемлекеттік билікті жүзеге асырады,мемлекет атынан заңдық маңызы бар шешімдерді қабылдауға және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік - биліктік құзыреті: а) мемлекеттік органның қалыптасуы мен қызметінің реті, оның құрылымы мен компетенциясының ( құқықтары мен бостандықтары) құқықтық нормалармен бекітілуі; б) мемлекеттік орган заң күші бар нормативтік актілерді қабылдауға; в) бұл актілермен талап етілген шарттар ең алдымен сендіру, тәрбиелеу, кешірім жасау сияқты шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады, ал бұл шарттардын міндетін орындамаудан мәжбүрлеу шаралары арқылы қорғалады. Яғни, мемлекеттік органдардың шығарған нормативтік актілері ерікті түрде орындалмаса, еріксіз түрде орындалуға тиіс; г) мемлекеттік орган өз міндеттерін атқару барысында өз құзыретінің шеңберінде біртұтас мемлекеттік қордың белгілі бір материалдық негізін қолдануға құқығы болады. Белгілі бір мекеме немесе ұйымда осы аталған белгілердің барлығы болып, олар өзара тығыз байланыста болған жағдайда ғана біз оны мемлекеттік билік ету жүктелген орган немесе мемлекеттік орган деп атаймыз.
Мемлекеттік билік ету қызметінің жүктелуі және оларды атқару мен қолдану мемлекеттік органның ең басты белгісі және ол оның басқа да белгілерімен тығыз байланыста болады.
Екіншіден, мемлекеттік орган мемлекет механизмінің бір бөлігі ретінде белгілі бір экономикалық және ұйымдық ерекшелігі мен дербестігі болады. Әрбір мемлекеттік орган өз құзыреті шеңберінде өзіне тән функцияларды, мемлекеттік механизміндегі алатын орны мен ролін атқарады.
Мемлекет, оның механизмі жеке мемлекеттік органдар арқылы қызмет етеді, жалпы мемлекеттің функциясы әрбір жеке мемлекеттік органның функциясының орындалуы арқылы жүзеге асады. Кез келген мемлекеттік орган өз функцияларын орындай келе, сонымен бірге, мемлекеттің түрлі функцияларын орындауына да қатысады - бұл үшінші белгі. Осы функцияларды орындау үшін олар материалдық ресурстармен қамтамасыз етіледі - бұл төртінші және ең соңғысы, олардың болуы қызмет етуші адамдар (коллектив) болмаған жағдайда мүмкін емес. Мемлекеттік биліктің болуы, тек белгілі бір қызметкерлердің, әскердің, әкімшіліктің, соттардың болуына байланысты. Егер оның физикалық келбетін қарастырмаса, мемлекеттік билік тек көлеңке, қиял, жалпы тек атау ретінде көрінер еді - деп жазды К.Маркс. Мұнда ең алдымен мемлекеттік қызметкерлер, лауазымды тұлғалар жөнінде айтылады.
Қазіргі мемлекеттік органдардың қызметі мынадай принциптермен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Әрбір мемлекеттік органға мыналар тиесілі:
1) Оның оралымды басқаруындағы мемлекеттік, қазыналық мүліктер;
2) Қаржы құралдары, банктегі есепшот, бюджеттен қаржыландыру көзі;
3) Өзіне тән ұйымдастырушылық құрылымы, онымен байланысты қызметтік бағыныстылық және қызметтік тәртіп жүйесі;
4) Биліктік өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті әрекеттерді жүзеге асырады.
Қарастырылған мемлекеттік органның белгілерінің жиынтығы мен өзіндік органикалық байланысы мемлекеттік орган ұғымының мағынасын ашып, оның анықтамасын айтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік орган - бұл заңды негізде бекітілген, мемлекеттік қызметкерлерден құралған, өз қызметі шеңберінде мемлекеттің шешімдері мен функцияларын орындау үшін мемлекеттік билік құзыретіне ие және қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етілетін мемлекет механизмінің ұйымдастырушы-атқарушы, ерекше құрылымды бөлігі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Мемлекет қызметінің негізгі мүдде мақсаты - адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Бұл міндеттерді орындау үшін мемлекет механизмі тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияларға бөлінеді:
а) мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері (заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау органдары);
б) жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал;
в) мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік - билік өкілеттілігі бар қызметкерлер және өкілеттілігі жоқ қызметкерлер.
Мемлекеттік өкілеттілігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді: категория а Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары, Министрлер, жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория б бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары; категория в екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері.
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе - жүйеге, сала - салаға жіктеледі. Мемлекеттің органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді: 1) мемлекеттік билік органдары: Парламент, Маслихаттар; 2) Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттарына байланысты Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.
Сонымен қатар көптеген органдарды әр түрлі негіздерде классификациялауға болады.
Мемлекеттік органдардың түрлері:
1) Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысанына қарай мемлекет органдары:
oo Өкілдік
oo Атқарушылық
oo Сот
oo Прокурорлық және басқа да бақылаушы - қадағалаушы органдар болып бөлінеді.
2) Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы бойынша:
oo Заң шығарушы органдар
oo Атқарушы органдар
oo Сот органдары болып бөлінеді.
3) Қызметінің құқықтық нысандары бойынша:
oo Құқық шығарушы (нормативтік актілер жобаларын дайындау, оларды қабылдау мен жариялау жұмыстарымен шұғылданатын органдар)
oo Құқық қолданушы ( құқықтық нормаларды жүзеге асырушы органдар)
oo Құқық қорғаушы органдар ( заңдардың сақталуын бақылайтын және қадағалайтын, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен айналысатын органдар ) болып бөлінеді.
4) Бағыныстылық деңгейіне байланысты:
oo Республикалық органдар
oo Жергілікті органдар.
5) Өкілеттіліктерінің мерзіміне байланысты:
oo Тұрақты ( қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады)
oo Уақытша ( қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады).
6) Құзыретінің сипатына қарай:
oo Жалпы (мысалы, Үкімет)
oo Арнайы ( мысалы, белгілі бір саладағы министрліктер) болып бөлінеді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ
ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары бұл мелекеттің органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі бағыттарын айқындайтын бастамашылық ережелер.
Қазақстан Республикасында көзделген Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкiметi мен өзге де мемлекеттiк органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ғана билiк жүргiзедi.
Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс - қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекет механизмінің қалыптасуы, ұйымдасуы мен құрылымы, қызмтінің негізінде жататын принциптерді екі топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген принциптерді, ал екіншісіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы және өзге де Конституциялық күші бар заңдарда ( Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы, Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы т.б.) қалыптасқан принциптерді жатқызамыз.
Бірінші топ мемлекет механизмінің құрылымы мен қызметінің Конституциямен бекітілген принциптерін қамтиды:
қоғамдық келісім;
саяси тұрақтылықты орнату;
экономикалық даму;
қазақстандық патриотизм;
Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші және нормаларының тікелей қолданылу принципі. Бұл принциптердің Қазақстан Республикасы аумағында қабылданатын және әрекет ететін барлық нормативтік - құқықтық актілерінде көрініс табуын, яғни барлық мемлекеттік органдардың қызметінің заңға қайшы келмеуін және олардың конституцияда белгіленген тәртіппен сайлануын заң нормалары арқылы бақылайтын, конституциялық құрылысты белгілейтін Конституциялық Кеңес болып табылады.
Билік бөлу принципі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде Конституцияның мемлекеттік органдарының жүйесі мен құзыретін, олардың өзара өкілеттік шегін бекіткен көптеген қағидаларында көрініс тапты. Қазақстан Республикасының Конституциясында республикада мемлекеттік билік біртұтас, оның заң шығарушылық , атқарушылық және сот билігі тармақтарына бөліну және тепе - теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара байланыс жасау принциптеріне сәйкес Конституция мен заңдардың негізінде жүзеге асырылатындығы атап көрсетілген. Бұл биліктің әр тармағының өз құзыреті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz