Құқықтық мінез - құлықтағы тәрбиенің алатын орны


Жоспар:
Кіріспе . . . 2
І тарау. Құқықтық мінез-құлық . . . 4
1. 1 Құқықтық мінез - құлықтың түсінігі және белгілері . . . 4
1. 2 Құқықтық мінез - құлықтың түрлері . . . 6
1. 3 Құқықтық мінез - құлық белсенділігінің деңгейі . . . 10
ІІ тарау. Құқықтық мінез - құлықтағы тәрбиенің алатын орны . . . 15
2. 1 Құқықтық тәрбиенің маңызы . . . 15
2. 2 Құқықтық тәрбиенің бағыттары . . . 21
Қорытынды28
Қолданылған негізгі әдебиеттер тізімі . . . 30
Кіріспе
Құқық дегеніміз - мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың, құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерінде де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі - объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады.
Құқықтың алғашқы элементі - құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз - мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз - жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке тұлға ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс. Жалпы құқықтық мінез-құлық ұғымын толық білу үшін ең алдымен адамзаттық құндылық ұғымымен танысу керек. Тұлға мəдениетінің негізі оның жалпы адамзаттық құндылықтарға қатынасынан көрінеді. «Құндылық» термині белгілі құбылыстарының адами, əлеуметтік жəне мəдени мəн-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам қызметіндегі заттар, қоғамдық қатынастар жəне олар қамтыған табиғат құбылыстары, құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған бағалы заттар сипатында іс-əрекетке қосылады, яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен жамандық, шындық пен жалғандық, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен əділетсіздік жəне т. б. тұрғысынан пайымдалады. Белгілі құбылыстарды бағалауға негіз болған тəсілдер мен әдістер субъектив баға түрінде қоғамдық сана мен мəдениетте бекиді де, адам əрекетін бағыттаушы құралдарға айналады. Қалыпты тəртіптік ұғым формасына енген мұндай құралдар түрі: ұстанымдар жəне бағалар, бұйрықтар мен шектеулер, мақсаттар мен жобалар. Əрбір тарихи нақты қоғамдық құрылым (формация) өзіне тəн құндылықтар жиынтығымен ажыратылады. Ал одан түзілген жүйе əлеуметтік реттеудің аса жоғары деңгейі сипатында көрінеді. Бұл жүйеде қоғам не əлеуметтік топ мойындаған өлшем-шек, талаптар (критерии) белгіленеді. Тұлғалық деңгейде меңгерілген бұл талаптар тұлға қалыптастырудың негізіне алынып, қоғамды қалыпты тəртіпте ұстауға жəрдемдеседі. Қоғамдағы құндылықты қатынастардың аса маңызды элементтерінің бірі - құндылықты бағыт-бағдар.
Құндылықты бағыт-бағдар - бұл стратегиялық өмір мұраттары жəне жалпы дүниетанымдық алғы шарт ретінде танылған құндылықтардың адам санасында бейнеленуі. Қалыптасқан тұрақты құндылықтар бағыттарының жиынтығы тұлға тұрақтылығын, қажеттер мен қызығулар бағдарында көрінген əрекет-қылық жəне іс-əрекет типтерінің өзара байланыса, ұштасуын қамтамасыз етеді. Осыдан, құндылықты бағыт тұлға сеп-түрткілеріне (мотивтеріне) себепші, реттеуші маңызды фактор ретінде іске қосылады. Құндылықты бағыт-бағдарлардың негізгі мазмұны - адамның саяси, философиялық (дүниетанымдық), адамгершілік наным-сенімдері, терең əрі тұрақты бейімділіктері, қылық-əрекет, мінез принциптері. Осыдан, қай қоғамда да тұлғаның құндылықты бағыт-бағдары тəрбие жəне мақсатты ықпал жасау нысаны ретінде қарастырылады. Олар арқылы еріктік күш салу, зейін, ой-өріс бағдарлары анықталады.
Құндылықты бағдардың дамуы - тұлға кемелінің белгісі, оның əлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі тұлғаның келесідей сапаларының дамып, орнығуына себепші болады. Тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі, белгілі мұраттар мен принциптерге адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік. Құндылықты бағыттар арасындағы қайшылықтар əрекет-қылық пен мінездегі тұрақсыздықты туындатады.
Жалпы адамзаттық құндылықтарды түсіне танудың негізі қоғамға бағытталған идеялардың, сезімдердің, ұғымдардың қалыптасуына; ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтарды байланыстыра білуге; қоғамға жəне басқа адамдарға болған қатынастарға орай құқы мен міндеттерін зерттеп тануға; азамат құқы мен міндеттерінің бірлігін түсінуге; азаматтық мінез-құлық пен сезімдерді тəрбиелеуге; пікір жүргізу еркіндігінің дамуы мен көңіл-күй ортақтығын сезінуге жəне т. б. орайлас келеді. Жалпы адамзаттық құндылықтар тəрбие мазмұнының ажырамас бір бөлігі. Құқықтық мінез-құлық - бұл субъектілердің құқық нормаларына және әлеуметтік маңызды мақсаттарға сай келетін жүріс-тұрысы.
Құқықтық мінез-құлық
1. 1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Құқықтық мінез-құлық - бұл субъектілердің құқық нормаларына және
әлеуметтік маңызды мақсаттарға сай келетін жүріс-тұрыс ережесі. Ал мінез-
құлық дегеніміз - жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар
ұжымына да тән жағдай. Жеке тұлға ғана емес, бірнеше адамнан құрылған
ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен
реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің
мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.
Құқықтық мінез-құлық келесі белгілермен сипатталады:
- заңмен орнықтырылған шекте болады (формальды аспект) ;
- әлеуметтік пайдалы, қоғамдық мақсаттар мен мүдделерге қайшы келмейді; бұлар оның объективтік жағын құрайды (мазмұнды аспект) ;
- саналы сипатқа ие; бұл оның субъективтік жағын құрайды;
- құқықты белгілеу, түсіну, құрметтеу;
- құқықтың дұрыстығына және әділдігіне сену, құқықты сақтауға дағдылану;
- құқықтың талаптарын бұлжытпай орындау.
Құқықтық мінез-құлық құқықтық тәртіппен реттеледі. Құқықтық тәртіптің мазмұны - субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қателікке жол бермеу. Құқықтық тәртіптің құрылымы - қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс-әрекет жасап, қатынас арқылы өздерінің мүдде-мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің ерекшелігі - бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп, мемлекеттің бақылауында болады. Егерде қарым-қатынаста қателіктер кетсе, оны мемлекеттік орган түзетуге тиіс.
Әскери құқықтық тәртіптің өзіне тән ерекшеліктері болады: өздерінің жеке арнаулы заңдары, ережелері болады. Барлық қарым-қатынас сол заңдармен реттеліп, басқарылады. Жалпы саясатта ешқандай айырмашылық жоқ. Тек реттеуде, басқаруда өзгешіліктер болады. Сонымен, құқықтық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы қатынастардың жүйе салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы. Құқықтық тәртіптің кепілдіктері:
- Материалдық кепілдік - егерде субъектілер өзара қателіктер жіберсе, өздері келісімге келіп, нормативтік актіні дұрыс орындауға тиіс.
- Саяси кепілдік - қоғамның саяси тұрақтылығы заңдылыққа, тәртіпке көп әсер етеді. Қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси партиялар дұрыс, жақсы жұмыс жасауы көп әсер етеді.
- Моральдық кепілдік - қоғамның инабаттылық, парасаттылық деңгейі жақсы болса, заңдылық, тәртіп те жақсы болуға тиіс.
- Заңды кепілдік - мемлекеттің заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын арнаулы органдарының рөлі, маңызы, әсері өте зор.
Қоғамдағы заңдылық, бостандық, құқықтық тәртіп, демократия бір-бірімен тығыз байланыста дамиды, бір-біріне зор әсер, ықпал жасайды. Әр мемлекетте қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп болады. Қоғамдағы қабылданған барлық әлеуметтік нормаларды мемлекеттік органдар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар, азаматтар дұрыс, уақытында орындау - қоғамдық тәртіп. Қоғамдық қатынастардың жағдайы құқық нормалардың талабына сәйкес болса - құқықтық тәртіп. Екеуі бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлеуметтік маңызы: 1) . қоғамдық өмір бір қалыпты жақсы дамиды. 2) . мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық ұйымдармен органдар жақсы жұмыс жасайды. 3) . барлық адамдардың құқығын, бостандығын, барлық ұйымдардың, ұжымдардың мүдде-мақсатын дұрыс орындап, дамытуға мүмкіншілік туады.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті жақсы дамыту әдіс-тәсілдері:
- құқықты бұлжытпау шараларының жүйесінің сапасын жақсарту;
- кінәға сәйкес заңды жауапкершіліктің түрін анықтау, әділетті жаза қолдану;
- еріксіз жауапкершілікті қолдануды дұрыс пайдалану;
- заңдылыққа, құқықтық тәртіпке мемлекеттік бақылауды әділетті жүргізу.
Құқықтық тәртіп - заңдылықтың дәйекті, нақтылы толық орындалуы. Заңдылық-құқықтық тәртіптің мазмұны мен мақсаты, мұраты мен қағидалары. Заңдылық пен құқықтық тәртіп тығыз байланысты. Құқықтық тәртіп - заңдылықтың мазмұны мен мүдде-мақсаты. Осы екі ұғым бірлесіп орындалады. Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерде қоғамның жастар проблемалары ретінде айқындауға болатын ерекше проблемаларды шешу қажеттілігіне тап болды. Осы проблеманың ерекшелігі мен өзектілігі барлық қоғамды біріктіреді қоғам жастар арқылы биологиялық және сол сияқты рухани жаңғырады.
Қоғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әр түрлі әдістері бар. Маркстік теорияның жақтастары жастарды ұқсас антропологиялық ерекшеліктері және психологиялық қасиет бар жастық топ ретінде ғана қарамау қажеттілігін талап етеді. Бұл жерде жастардың мәні олардың қоғамдық қатынастардың тарихи айқындалған сипатына негізделген әлеуметтік ерекшеліктері мен белгілерінде болады.
Басқа көзқарастың жақтастары жастар социологиялық мағынада ол жас баланың ролін аса көп ойнамайтын және де сонымен қатар үлкендердің ролін толық құқықты тасымалдаушы болып табылатын адамдар өміріндегі мінез-құлық базасы болып табылады деп санайды. Жастардың барлық проблемалары кедейшілік құрылымды «бейтарап аумақтың» мәртебесіндегі үздіксіздік үзілісінде құрылады деп санайтын американ социологы Г. Сиболд та осы көзқарасты ұстанады. Жастар өзінің мінез-құлқына осылайша қарау біршама дәрежеде зандық практиканың және құқықтық тәрбиенің ерекшеліктерімен негізделеді, бұл жасөспірім қылмыскерлерде өзіне жаза қолданылмайтыны туралы түсінікті қалыптастыруға жиі әкеп соғады және бұл қылмыстың «жасару» себептерінің бірі болып табылады. Соған байланысты құқықтық мемлекеттiң конституциялық идеялары заңнаманың құқық, әдiлеттiлiк, гуманизм идеяларын арқау ете түзiлуiнде, құқықтық тәртiптi, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының материалдық, ұйымдық-құқықтық, саяси кепiлдiктерiн нығайтудың пәрмендi құралдарының жасалуынан көрiнiс табуға негізделіп отыр. Сонымен қатар өзiнiң конституциялық мiндеттерiн қалтқысыз орындауға тиiс мемлекеттiк қызметшiлердiң, өзге де азаматтардың жауапкершiлiгiн арттыру керек. Әлеуметтiк мемлекет конституциялық идеясын iске асырудың аса зор маңызы бар. Бұл жұмысты бiрiншi кезекте жеке адамның өзiн-өзi танытуы мен экономикалық еркiндiгiне қажеттi жағдайлар жасауға, әлеуметтiк өмiрдiң салаларын үйлестiруге, қоғамның жiкке жарылуына, түрлi әлеуметтiк топтардың бiр-бiрiне қарсы тұруына жол бермей, қоғамның әлеуметтiк жағынан шетiн топтарына көмек көрсетуге тиiстігін мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
1. 2 ҚҰҚЫҚТЫҚ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Құқықтық мінез-құлық мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді:
● әлеуметтік маңыздылығы дәрежесіне қарай: қажетті (мысалы, әскери борышты өтеу) ; қалаулы (мысалы, ғылыми және көркем шығармашылық) ; рұқсат етілген (мысалы, діни рәсімдерді орындау) .
Рұқсат етілген құқықтық мінез-құлықтың діни жағына келетін болсақ, Қазақстан Республикасы өзiн ар-ождан бостандығы мен дiни наным бостандығы қағидаттары, әртүрлi конфессияға жататын азаматтардың өз дiни бiрлестiктерiн құруға тең құқықтары, мемлекеттiң дiни бiрлестiктердiң iшкi iстерiне араласпау қағидаты және халықаралық қоғамдастықта қабылданған дiннiң негiзiн қалаушы басқа да нормалары заң жүзiнде бекiтiлген демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыруда.
Қазiргi кезеңде Қазақстанның дамуына тән ерекшелiктердiң бiрi қоғам өмiрiндегi дiн рөлiнiң толассыз артуы болып табылады. Оның беделi мен мәртебесі артып, әлеуметтiк функциялары кеңейiп келедi, дiнге сенушiлер мен дiни бiрлестiктердiң саны өсе түсуде.
Республикада құрамына Қазақстан үшiн дәстүрлi дiни iлiмдердiң (ислам, христиан) барлық дiни бiрлестiктерi және дәстүрлi емес, бұрын Қазақстанда болмаған дiни қозғалыстардың жаңа ұйымдары енген көпконфессиялы кеңiстiк қалыптасты. Сондай-ақ дiни экстремизмнiң Қазақстанға енуiне ықпал ететiн дiнисымақ құрылымдар пайда болды.
Осындай жағдайлар аясында барлық ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерi үшiн экономикалық, әлеуметтiк, мәдени, дiни дамудың бiрдей мүмкiндiктердi нақты қамтамасыз етiлген, ұлтаралық келiсiм, Қазақстан халқының бiртұтастығы, iзгiлiк, ұлт құқықтары мен адам құқықтарын үйлесiмдi ұштастыру қағидаттары iс жүзiнде көрiнiс тапқан көпұлтты, сан алуан мәдениеттi және көпконфессиялы қоғам құру iсiндегi Қазақстанның жетiстiктерi айқын көрiнедi.
Көпэтникалы және сан алуан мәдениеттi қоғамдастық құрудың қазақстандық тәжiрибесi көбiнесе бiрегей болып табылады. Елдiң одан әрi табысты дамуының басты шарты iшкi саяси тұрақтылықты, азаматтық татулық пен ұлтаралық келiсiмдi қамтамасыз ету болып қала бередi.
Елдегi ұлттық және дiни қатынастарды одан әрi үйлестiру, төзiмдi сананы қалыптастыру және қазақстандық қоғамда экстремизмнiң алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың тиiмдi жүйесiн әзiрлеу және icке асыру, шешiмi ұлттық-мәдени, дiни және үкiметтiк емес бiрлестiктердiң кеңiнен қолдауына сүйенген мемлекеттiк және жергiлiктi органдардың үйлестiрілген күш-жiгерiн талап ететiн кешендi мiндет болып табылады.
Мемлекеттiк тәуелсiздiк пен егемендiкке қол жеткiзген сәттен бастап Қазақстан демократиялық мемлекет құруға, әлеуметтiк әрiптестiк пен азаматтық келiсiмдi, саяси және ұлтаралық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк ұлттық саясаттыныңқағидалары:
● адам мен азаматтың нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, қай әлеуметтiк топтарға және қоғамдық бiрлестiктерге жататынына қарамастан, олардың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгi; ● әлеуметтiк, нәсілдiк, ұлттық, тiлдiк немесе дiни тәуелдiлiк белгiлерi бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудiң кез келген нысанына тыйымсалу;
● Қазақстанның тарихи қалыптасқан бiртұтастығын сақтау;
● Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан аумағында тұратын халықтардың құқықтарына кепiлдiк беру;
● әрбiр азаматтың ешқандай мәжбүрлеусiз өзiнiң қай ұлтқа жататынын анықтау және оны көрсету құқығы;
● Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық мәдениеттерi мен тiлдерiндамыту; ● қайшылықтар мен жанжалдарды уақытылы және бейбiт түрде шешу;
● мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық және дiни араздықты, өшпендiлiктi не қастықты қоздыруға бағытталған қызметке қарапайым тілде негізінен тыйым салу;
● Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде оның азаматтарының құқықтары мен мүдделерiн қорғау, халықаралық құқық нормаларына сәйкес шет елдерде тұратын отандастарға ана тiлiн, мәдениетi мен ұлттық дәстүрлерiн сақтауда әрi дамытуда, олардың тарихи отанымен байланысын нығайтуда қолдау көрсету болып табылады.
Осындай жағдайда жалпыұлттық бiрлiктi сақтау және нығайту мүдделерiнде этникалық мәдениеттерді, олардың арасындағы өзара iс-қимылды саяси, экономикалық, әлеуметтiк, идеологиялық жағдайлар кешенiн қамтамасыз ету мiндеттерiнiң маңызы ерекше зор. Саяси радикализмнiң, конфессиялық және этникалық төзбеушiлiктiң алдын алу жөнiнде, азаматтарға сана мен мiнез-құлық төзiмдiлiгiн сiңiру жөнiнде, саяси және құқықтық мәдениеттi дамыту, әлеуметтiк әрiптестiктi кеңейту, қазақстандық патриотизмдi тәрбиелеу, экстремизмнiң әр түрiнiң алдын алу жөнiнде пәрмендi шаралар қабылдау қажеттiлiгi өктем талап етiлуде. Сондықтан, этносаралық және конфессияаралық келiсiмдi жетiлдiру кiдiрiссiз әрi пәрмендi шаралар қабылдауды талап ететiн өзектi мәселе болып табылады.
Көпэтникалық және сан алуан мәдени қоғамдастықты шоғырландырудың, этносаралық және конфессияаралық келiсiмдi нығайтудың модельдерi мен тетiктерi осы әр түрлi бағыттағы үрдiстердiң бүкiл күрделiлiгi мен қайшылықтары, ықтимал қауiптер мен жанжалдар ескерiле отырып жасалуға тиiс.
Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар туындатқан сәйкестендiру дағдарысына жауап ретiнде қауымдық сәйкестендiру, яғни белгiлi бiр этникалық топқа, дiнге, аумаққа тиесiлiлiктi баса көрсету үрдiсi пайда болды. Сонымен бiр мезгiлде қазiргi заманғы жағдайларда дәстүрлi этникалық байланыстардың үзiлуi, этникалық қауымдасудың оқшалануын еңсеру, адамдардың өзге мәдени құндылықтар мен нормаларды сiңiруi ырықсыз.
Қазақстан Бiрiккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекет ретiнде 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 5. 61-қарарымен бекiтілген Төзiмдiлiк қағидаттары декларациясын қолдайды. Дiни төзiмдiлiк пен бейбiтшiлiк қағидаттары бiздiң мемлекетiмiздiң саясатында негiз қалаушы қағидаттар болып табылады.
Сонымен бiрге, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы қазiргi ахуалды талдау бұл проблемаға кешендi ұстаным қажет екенiн көрсетедi. Осы процестiң барлық аспектiлерiн көрсететiн Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестiру проблемасына арналған арнайы бағдарламалық құжатты қабылдау үшiн жағдайда.
Ұлттық саясат Қазақстанда тұратын диаспоралар мүдделерiнiң бүкiл қырын көрсететiн өзiнiң арсеналында олардың келiсiмдерiнiң тиянақты тетiгi бар шоғырландырушы факторға айналуға тиiс. Осыған байланысты мемлекеттiк билiк органдарының, әр түрлi саяси және қоғамдық күштердiң конституциялық қағидаттарға, ғылыми негiзделген қорытындылар мен ұсынымдарға негiзделген ұлттық мәселедегi ұстанымдарының ортақ болуы ерекше негізгі маңызға ие болады отыр.
● себептеріне, яғни, субъективтік жағына, байланысты:
әлеуметтік белсенді; конформистік; әдеттік; маргиналды.
Әлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс - бұл құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің, жауапкершілік пен еріктіліктің жоғары деңгейімен сипатталатын жүріс-тұрыстың жоғарғы нысаны. Бұл жерде субъект жазадан қорыққанынан немесе марапаттауды күткенінен емес, құқықтық мінез-құлықтың қажеттігіне сенуінің негізінде әрекет етеді.
Әлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс мынадай элементтерден құралады: а) . қызметтің мемлекеттік ұйымдастырылған түрлеріндегі, құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру салаларындағы белсенділік; ә) . ерікті ұйымдардың қызметіндегі белсенділік; б) . қоғамдық және қоғамдық-мемлекеттік құрылымдарды құрудағы және олардың қызметіндегі белсенділік; в) . тұлғаның құқық саласындағы дербес белсенділігі.
Конформисттік жүріс-тұрыс - бұл құқықтық ережелерге оларды терең әрі жан-жақты түсінбестен, жоғары құқықтық белсенділіксіз бағынумен сипатталатын әрекет. Басқаша айтқанда, адам басқалардың да осылай жүріп-тұрғанын көргендіктен құқықтық мінез-құлықты таңдайды.
Әдетті жүріс-тұрыс
- бұл құқық нормаларының орындалуы әдетке айналып кеткен жағдайда көрініс табатын жүріс-тұрыс. Әдет әрекеттердің бірнеше рет таныс жағдайда қайталануының нәтижесінде қалыптасады.
Маргиналды жүріс-тұрыс
- бұл мемлекеттің мәжбүрлеуінің, жазадан қорқудың нәтижесінде жүзеге асырылатын құқықтық мінез-құлық. Қазiргi Қазақстанда дiни және этникалық төзiмдiлiк дәстүрлi түрде жоғары болып қалып отыр. Республикадағы ұлтаралық қатынастар жеткiлiктi түрде тұрақты дамуда, ал туындап жатқан мәселелер өркениеттi нысанда шешiлуде. Қазақстандықтардың мәдениетаралық диалог пен этникалық шоғырланудың жалпы адами құндылықтарына бейiмдiлiгi экономиканы реформалауға байыпты әрi шынайы бағдарды жүргiзудiң, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың, әлеуметтiк қорғаудың пәрмендi тетiктерiн құрудың, әлеуметтiк проблемаларды демократиялық жолмен шешудiң рухани-адамгершiлiк, адами негiзi болып табылады.
Демократиялық қоғам құру процесiнде мемлекет пен дiни бiрлестiктер арасындағы қатынастар түбегейлi түрде өзгердi. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дiнге сенушiлер өздерiнiң жалпы адами және азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн шектеуге ұшырамай, дінді әрқашанда еркін ұстануға мүмкіндіктерін алды. Қазақстан Республикасындағы дiни ахуалды сипаттай келе, оның елдiң жалпы әлеуметтiк-саяси және экономикалық жағдайымен тiкелей байланысты екенiн атап өту керек. Экономиканың нығаюымен және қоғамның демократиялануымен дiни саладағы бiрқатар алаңдатушылық туғызып отырған үрдістердiң ыдыратушы әлеуетi әлсiрейдi.
Қазiргi қазақстандық қоғам өмiрiнiң әр түрлi қырына дiни фактордың әсерi күшейе түскенi айқын. Оның серпiнi мен ерекшелiктерi мынадай:
- дәстүрлi дiни институттардың ықпал ету саласы кеңейдi;
- халықтың қалың топтарының дiни ықпалға бейiмдiлiгi арта бастады;
- дiни бiрлестiктердiң әлеуметтiк функциялары кеңейдi;
- дiни бiлiм беру кеңеюде, оның қаржылық және материалдық базасы нығаюда;
1. 3 ҚҰҚЫҚТЫҚ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ДЕҢГЕЙІ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz