Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
Түркі әдебиетінде мінәжат жанрының қалыптасуы
Әдебиеттану ғылымындағы күрделі де көп анықтамалы ұғымдардың бірі – «жанр» термині. «Жанр» ұғымы аясында әдебиеттің эпос, лирика, драма секілді ірі тектерінің де, олардың ішкі құрамдас бөліктері болып табылатын жанрлық түрлердің де қамтылатыны белгілі. Шығыс әдебиетіндегі жанрлар теориясын зерттеген белгілі әдебиеттанушы И.В.Стеблеваның пайымдауынша, «жанр» ұғымы белгілі бір дәуірдегі белгілі бір мазмұн мен тұрақты түр белгілерін қамтитын, поэтикалық біртұтас жүйесі бар мәтіндер тобын біріктіреді . Өзгермелі тарихи категория ретіндегі «әдеби жанр» ұғымының ерекшелігін айқындай түсетін кезекті анықтаманы татар ғалымы А.М.Шариповтың «Зарождение системы стихотворных жанров» атты еңбегінен кездестіреміз: «Жанр складывается веками, непрерывно изменяется, трансформируется согласно художественно-эстетическим требованиям каждой эпохи и каждой отдельно взятой национальной литературы, и, прожив долгую жизнь, если нет в нем потребности, он может и угаснуть» . Аталған ерекшеліктердің барлығын дерлік қамтитын төл әдебиетіміздегі бірегей құбылыстардың бірі түркі халықтарының әдебиет тарихында елеулі із қалдырған мінәжат жанры болатын.
Адам баласының өзін жаратушы Құдіретке, тылсым күш иелеріне жалынып-жалбарынуы, жәрдем тілеуі – оның болмысында бар қасиет. Сондықтан мінәжат сөздері мен жырларының адамзат қоғамының алғашқы дәуірінде-ақ пайда болғаны күмән тудырмайды. Қазақ фольклорының ең көне үлгілерінде кездесетін Тәңіріге жалбарыну, рухтардың желеп-жебеуін, тылсым күш иелерінің жарылқауын тілеу мәніндегі шумақтарды мінәжат жырларының ауыз әдебиетіндегі алғашқы нұсқалары ретінде қабылдауға болады. Белгілі жазушы, әдебиет зерттеушісі М.Әуезов «Әдебиет тарихы» еңбегінде алғашқы діни наным-сенімдердің туындауы туралы айта келіп: «Табиғат басшысын қадірлеу, құдайға дұға оқып, жалбарыну әдеті туады. Сонымен жалғас ең әуелгі әдебиет жұрнақтары шығады. Құдайға дұға айтып шұбыртқан тақпақ өлеңдер шығады» деп жазады . Өз заманының ыңғайымен

Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры:
ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
Түркі әдебиетінде мінәжат жанрының қалыптасуы
Әдебиеттану ғылымындағы күрделі де көп анықтамалы ұғымдардың бірі –
жанр термині. Жанр ұғымы аясында әдебиеттің эпос, лирика, драма секілді
ірі тектерінің де, олардың ішкі құрамдас бөліктері болып табылатын жанрлық
түрлердің де қамтылатыны белгілі. Шығыс әдебиетіндегі жанрлар теориясын
зерттеген белгілі әдебиеттанушы И.В.Стеблеваның пайымдауынша, жанр ұғымы
белгілі бір дәуірдегі белгілі бір мазмұн мен тұрақты түр белгілерін
қамтитын, поэтикалық біртұтас жүйесі бар мәтіндер тобын біріктіреді .
Өзгермелі тарихи категория ретіндегі әдеби жанр ұғымының ерекшелігін
айқындай түсетін кезекті анықтаманы татар ғалымы А.М.Шариповтың Зарождение
системы стихотворных жанров атты еңбегінен кездестіреміз: Жанр
складывается веками, непрерывно изменяется, трансформируется согласно
художественно-эстетическим требованиям каждой эпохи и каждой отдельно
взятой национальной литературы, и, прожив долгую жизнь, если нет в нем
потребности, он может и угаснуть . Аталған ерекшеліктердің барлығын дерлік
қамтитын төл әдебиетіміздегі бірегей құбылыстардың бірі түркі халықтарының
әдебиет тарихында елеулі із қалдырған мінәжат жанры болатын.
Адам баласының өзін жаратушы Құдіретке, тылсым күш иелеріне жалынып-
жалбарынуы, жәрдем тілеуі – оның болмысында бар қасиет. Сондықтан мінәжат
сөздері мен жырларының адамзат қоғамының алғашқы дәуірінде-ақ пайда болғаны
күмән тудырмайды. Қазақ фольклорының ең көне үлгілерінде кездесетін
Тәңіріге жалбарыну, рухтардың желеп-жебеуін, тылсым күш иелерінің
жарылқауын тілеу мәніндегі шумақтарды мінәжат жырларының ауыз әдебиетіндегі
алғашқы нұсқалары ретінде қабылдауға болады. Белгілі жазушы, әдебиет
зерттеушісі М.Әуезов Әдебиет тарихы еңбегінде алғашқы діни наным-
сенімдердің туындауы туралы айта келіп: Табиғат басшысын қадірлеу, құдайға
дұға оқып, жалбарыну әдеті туады. Сонымен жалғас ең әуелгі әдебиет
жұрнақтары шығады. Құдайға дұға айтып шұбыртқан тақпақ өлеңдер шығады деп
жазады . Өз заманының ыңғайымен терістеу және үстірт пікір білдіргенімен,
автор осы тұжырымы арқылы мінәжат жырларының тамыры қаншалықты тереңге
кететінін меңзеп, әдебиетіміздегі алғашқы сүрлеуді салды. Ал әдебиеттанушы
ғалым Х.Досмұхамедов халық әдебиетінің бір түрі ретінде өсиет өлеңдерді
атай отырып, оларға мінәжатқа тән мазмұндық ерекшеліктерді теліген .
Ислам дінінің енуімен бірге төл әдебиетіміздегі сыйыну мәнді жырлар
ислами реңкке ие болып, Аллаға мінәжат ұғымының аясына топтасты. Әлем
әдебиетінің ежелгі нұсқаларында жиі кездесетін гимндер де мадақ пен
мінәжаттың біріккен түрі әрі алғашқы бастау-көрінісі болып табылады.
Сондықтан кез келген ұлт әдебиетіндегі мінәжаттың даму жолы сол әдебиеттің
алғашқы үлгілерінен бастау алып, бүкіл өн бойына созылып жатқан құбылыс
десек, қателеспейміз. Ал жазба әдебиеттің біртұтас, тұлғаланған жанры
ретіндегі мінәжаттың шығу төркіні исламдық араб поэзиясынан бастау алады.
Басқа да бірқатар шығыстық жанрлар секілді исламдық мазмұндағы мінәжат
түркі жазба әдебиетіне парсы поэзиясы арқылы сатылай енген. Әдебиеттанушы
И.Жеменей парсы әдебиетінде мінәжат сөзінің бес түрлі мағынасы бар
екендігін көрсетеді: 1. Біреумен сырласу, сыбырласу. 2. Алламен сырласу. 3.
Біреудің ішкі ойын ұғыну. 4. Сырласу. 5. Алладан тілеу.
Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры туралы алғашқы толымды анықтама төл
әдебиеттануымыздың негізін салушы А.Байтұрсынұлы қаламына тиесілі: Діни
дәуір мұңды-зарлы өлеңдеріне мінәжат деп ат қойған. Әуелде мінәжат деп
ғұламалардың Құдайға айтқан зары, арызы, наласы айтылған. Бара-бара зарлық,
мұңлық мағынасына айналып, зарлық өлең сияқты сөздер де мінәжат деп
аталатын болған . Осы тұжырымнан кейін ғалым өз өлеңін Мінәжат деп
атаған Сейдахмет ақынның жырынан үзінді келтіреді:
Құдай-ау мен не жаздым бұл заманға?
Қадірі болмайды екен жұрт аманда.
Ел-жұрттың қасиетін қоян алып,
Болмайды еш қадірім бір адамға [5,268].
Басын алып тастаса, басқасы мұң-толғау болатын мұндай өлеңдерді
мінәжат деп атауға келіспейтінін аңдатып, мінәжаттың құдайға қаратып
бастауымен ғана мінәжат болмайтынын, жырдың біртұтас сыйыну, жалбарыну,
медет тілеу мазмұнына құрылуы қажеттігін айта келіп, ғалым осы сипаттарға
ие нағыз мінәжат үлгілерінен мысалдар келтірген.
Айта кету керек, қазіргі татар әдебиетінде халықтық мұң-шер өлеңдерінің
үлкен бөлігі жалбарыну мәнді болмаса да, Алла атына айтылмаса да мінәжат
жанрының туындылары ретінде қарастырылады. Мұндай өлеңдер қатарына дүниенің
өткіншілігі мен алдамшылығын, айырылысудың ащы зарын өзек еткен мұңдасу
сипатты туындылар және салауаттар мен хикаяттарды қамтитын діни мазмұнды
жырлар жатады. Татар әдебиеттанушылары осындай жүйелеу әдісін негіз ете
отырып, бірқатар зерттеулерді дүниеге келтірді.
Әдебиеттанушы А.Байтұрсынұлының жоғарыдағы пікірі аталған зерттеулер
нәтижесімен қабыса бермейді. Татар әдебиетіндегі жанрлар табиғаты ұлт
әдебиетінің жанрларымен үнемі сәйкес келе бермейтіндіктен, анықтамаларда да
айырмашылық болуы заңды. Дей тұрсақ та, мінәжат жанрына қатысты бірқатар
толымды теориялық тұжырымдардың негізінен татар әдебиетінде жасалғанын да
атап айтуға тиіспіз. В основе жанра мунаджата лежит трагическое начало... В
мунаджате трагическое выражается в мотиве разлуки: разлуки с Родиной,
разлука матери со своим ребенком, предстоящая разлука человека с жизнью
деп жазады белгілі әдебиет зерттеушісі А.Шарипов. Екінші бір татар ғалымы
Х.Ю.Миннегулов: Суть мунаджата составляет или обращенное к богу
повествования о горестях человека, или изложение чувств и переживаний
попавшегося в несчастье лирического героя деген тұжырым айтады.
Классикалық араб поэзиясын зерттеген көрнекті шығыстанушы Б.Я.Шидфар
жанрлар жүйесінде белгілі бір иерархия байқалатынын айқындап, оларды
жоғарғы жанр, орта жанр, төменгі жанр аталатын топтарға бөлген
болатын. Осы бағыттағы ізденістерді дамыта отырып, әдебиеттанушы А.Шарипов
ХІІІ-ХІV ғасырлардағы түркі-татар поэзиясы негізінде жоғары, орта және
төменгі рангалы жанрларға анықтама беріп, саралап көрсетеді. Зерттеуші
мінәжатты жоғары рангалы жанрға жатқызады: Жанры высокого ранга − это
поэтическая публицистика, т.е. произведения, направленные на самые высокие
идеалы и на высокие цели. К этим жанрам относятся: таухид, касыда (особенно
касыда-нагт, посвященная пророку Мухаммеду), мунаджат (где поэт обращается
к Богу, просит у Всевышнего помилования), мадхия и марсия .
Қазақ әдебиеттануындағы теориялық зерттеулердің негізгі іргетасы
кеңестік кезеңде қаланғаны белгілі. Ол тұста тиым салынған тақырыптардың
бірі болып табылатын мінәжат жанры жоғарыда келтірілген А.Байтұрсынұлы
еңбегінен кейін дербес зерттеу нысанына айнала алмады. Осының салдарынан
ортағасырлық туындылар жайлы еңбектерде мінәжат шығарманың құрылымдық
бірлігі ретінде ғана аталып өткенімен, оның жанр ретіндегі сын-сипаты, шет-
шегі айқындала қойған жоқ. Аталмыш тақырыптағы зерттеулердің арнасы
тәуелсіздік тұсында ғана кеңейе бастады. Бұл орайда әдебиеттанушы ғалымдар
арасынан осы тақырыпқа арнайы қалам тартқан А.Ахметбек пен И.Жеменейді
ерекше атауға болады. А.Ахметбек мақаласы түркі сопылық поэзиясының негізін
салушы Қожа Ахмет Йасауидің Мінәжатын талдап-таразылауға арналса,
И.Жеменей өзінің зерттеу нысаны – Тарихи-Рашиди еңбегіндегі мінәжат
мәтіндеріне тоқтала отырып, ұлт әдебиетінің арғы-бергі кезеңдеріндегі
мінәжат жанрының көріністерін біршама зерттеп-зерделеген. Ендігі кезекте
аталған зерттеулер нәтижесін негізге ала отырып, қазақ әдебиетіндегі
мінәжат жанрының қалыптасу және даму кезеңдерін, өзіндік ерекшеліктерін,
сын-сипатын айқындап, біртұтас жанр ретіндегі лайықты бағасын беру
қажеттігі туындап отыр.
Төл әдебиетіміздегі мінәжат жанрының қалыптасу, даму жолдарын егжей-
тегжейлі қарастыруды жазба әдебиеттің ертеректегі нұсқаларынан бастаған
жөн. Түркі халықтары әдебиетінің ежелгі дәуіріне тән Орхон-Енисей
жазбалары, Баласағұн дастаны, Қорқыт ата кітабы секілді шығармаларда
Тәңіріні ұлықтау, Аллаға мадақ айту, жалбарыну, тілек тілеу сынды эпизодтар
біршама көрініс тапқан.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде Тәңірі жаратушы, жарылқаушы, күш
беруші, ұлықтаушы, қолдаушы, қаһарға ұшыратушы құдірет ретінде сипатталады.
Әрбір оқиғаны суреттеу барысында Тәңірі күш бергені үшін, Тәңірі
жарылқағаны үшін, жоғарыда Тәңірдің құдіретімен, ұлықтаған Тәңірі, ел
берген Тәңірі деп Жаратушының қайырым-шарапаты үнемі еске алынып отырады.
Дегенмен бұл жазбаларда Жаратушыға жалынып-жалбарыну сарындары байқала
бермейді. Мұны екі түрлі себеппен түсіндіруге болады. Біріншіден, ерлік
шежіресі іспетті Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жазбалары негізінен өткен
шақ оқиғаларын бірыңғай баяндауға құрылған, кейіпкерлердің жан сезімдері
көріне бермейтін эпикалық сипаты басым мәтін болып табылады; екіншіден
Тәңірі текті, тәңірі жаратқан түрік қағандарының атынан айтылған сөзде
Тәңірге жалбарынудан гөрі тең тұту және қасиеттеу сезімдері басым болуы да
заңды. Орхон жазбаларында Жаратушыдан тілек тілеу сарыны Білге қаған ұша
барды. Жайы жоғары Тәңірде болсын деген жалқы жолдан ғана аңғарылады.
ХІІІ ғасырдың аяғында хатқа түскен деп есептелетін Оғызнама жырының
жазылу барысында тілдік-грамматикалық тұрғыдан біршама өңделгені,
жетілдірілгені байқалғанымен, шығарманың сюжеттік желісі, көркемдік-
бейнелілік жүйесі, лексикалық құрамы түпнұсқадағы қалпын сақтаған деуге
болады. Бұған жырдағы сюжеттік құрылымның қарапайымдығы, баяндау әдісінің
қалыпты-тұрақтылығы, көркемдік жүйенің түркілік төл дүниетанымнан туындаған
табиғилығы себеп болуы мүмкін. Аталған ерекшеліктермен қатар дастандағы
мифологиялық элементтердің басымдығы да оны Қорқыт ата кітабынан
анағұрлым ерте, Түркі қағанаттары дәуіріне дейін дүниеге келген деп
пайымдауға мүмкіндік береді. Оғызнама жыры ел арасында ертегі іспетті
кеңінен таралып, қағазға түспес бұрын қалыпқа түскен болса керек. Аңыздық
сипаты басым Оғызнаманың тақырып аясы, баяндау-суреттеу әдісі, көркемдік
ерекшелігі мүлде басқа мазмұнға лайықталғандықтан, мінәжат мәнді
мәтіндердің қамтылуына қолайлы емес. Жырда Оғыздың Тәңіріге жалбарынып
отырғандығы айтылатын жалқы сөйлем ғана кездеседі .
Қорқыт ата кітабының ауызша тарала бастағаннан хатқа түсіп болғанға
дейінгі аралықта бірнеше ғасырлық сүзгіден өткен көп қабатты мәтіні
Тәңірлік сенімнің де, ислам дінінің де әсер-ықпалын молынан қамтитыны
белгілі. Дегенмен жырлаушылар мен көшірушілердің өзіндік өңдеулері мәтін
мазмұнын барынша жатықтырып, оның ислами реңкін күшейткен. Көңіліне
Тәңірім нұр құйған әулие Қорқыттың алғашқы нақыл сөздерінің өзі мінәжатқа
меңзейтін: Алла, Алла демейінше іс түзелмес, Тәңірі бермейінше, ер
байымас деген жолдардан басталады. Қорқыттың нақыл сөздері де, Аллаға
мадағы да, оғызнама жырлары да Алладан дұға тілей отырып берілген батамен
аяқталады:
Ақ сақалды бабаңның жатқан жері ұжмақ болсын!
Ақ шашты анаңның жатқан жері жәннат болсын!
Ақыр соңы ар-иманнан айырмасын!
Әумин дегендер Тәңірінің жүзін көрсін!
Хақ алдында бес ауыз сөзбен дұға қылдық, қабыл болсын!
Алланың берген үміті кесілмесін!
Барша күнәңызды аты қасиетті Мұхаммед Мұстафаның нұрлы дидары үшін
кешірсін, ей, хан ием!
Мінәжат қазақ әдебиетінде өзімен мазмұндас, бірақ түркілік тілек
салтымен біте қайнасқан бата сөзімен өмір сүріп келе жатыр... Бата қазақ
арасында кеңінен тараған қария-даналардың ұрпағына тілейтін ақ тілегі. Осы
бата-мінәжат Алладан тілеу деген мағынаны білдіреді. Сондықтан мінәжаттың
исламдық мазмұны мен қазақтың бата салты әдемі үйлесім тапқанын көреміз
деген И.Жеменей пікірі орынды пайымдаудан туғанын осы тұста атап айтқан
жөн.
Қорқыт ата кітабындағы Қазылық Қожаұлы Икенек бек әңгімесінің баяны
жырында бас кейіпкердің жаратқан Аллаға сиынып, құлшылықпен мадақтауы
былай беріледі:
Биіктердің биігісің!
Ешкім білмес ұлықсың!
Уа, әзіз Тәңірім!
Сен анадан тумадың,
Сен атадан тумадың!
...Із-түзін білдіртпес білгір Тәңірім!
Зорлығың жоқ ешкімге, ұлы Тәңірім!
Қаһарлансаң қақыратқан Тәңірім!
Бірлігіңе сиындым, Ұлы Тәңірім!
Медет бер!
...Ісімді оңғара көр, Тәңірім!
Жаратушы есімі дәстүрлі ислами-құрандық баламалармен берілген аталмыш
мінәжаттың толық мәтінінде Құран персонаждары аталып, ондағы хикаяларға
меңзеу жасалады. Мұның өзі Икенек бек атынан айтылатын жалбарыну жырының
тұтастай ислами сүзгіден өткенін немесе толығымен бертінде қосылғанын
аңдатады. Хронологиялық жағынан дүдәмал мұндай мәтіндер мінәжат жанрының
қалыптасуы мен дамуын зерттеуде біршама қиындық туғызады.
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастаны – түркі тілінде туындаған
тұңғыш толымды дастан. Әдебиет зерттеушілерінің анықтағанындай,
ортағасырлық түркі дастандарына төмендегідей құрылымдық ерекшелік тән:
1.Тәухид (Алланы ұлықтау)
2. Мінәжат (Аллаға сыйыну, жалбарыну)
3. Нағыт (Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларына мадақ)
4. Мәдхия (шығарма сыйға тартылатын кісіге мадақ)
5. Сәбәб-и тәлиф немесе сәбәб-и китаб (шығарманың жазылу себебін баяндау)
6. Ағаз-и дастан (негізгі бөлім)
7. Хатима (Қорытынды сөз)
Дегенмен, бұл құрылымдық ерекшелік барлық дастандарда бірізді қалыпта
сақтала бермеген, жекелеген бөліктерінің жазылмауы, кейбірінің орын
ауыстыруы, ішінара мінәжат жырының дастанның соңына қарай орналасуы
кездесіп отырады. Тәухид пен мінәжат секілді бір-бірімен астас тақырыптық
бөліктер көбіне қатар келіп, ара-жігі білінбей жымдасып та жатады. Құтты
білік дастанынан да осы ерекшелікті аңғаруға болады. Жазылу кезеңі
исламның біршама орнығып, Қарахан мемлекетінің бас дініне айналған тұсына
сәйкес келгенімен, дастанның сыртқы композициясында оқшау тұлғаланған
мінәжат жыры кездеспейді. Мұнда Аллаға мадақ айтылғаннан кейін нағытқа
кірісер тұста екі бәйіт көлемінде сыйыну сөз айтылған:
Ей, мұңсыз ием, бұл мұңлық құлыңды
Жарылқап, күнәсін кешкін бұрынғы.
Үмітім тек сенде, сиындым саған,
Мұңайған сәтімде қолың соз маған .
Баласағұн дастанында ортағасырлық түркі дастандарына тән құрылымдық
тұтастықтың сақталмауының екінші бір себебі аталмыш дәуірде жанрдың
толығымен тұлғаланып, құрамдас бөліктерінің айқындалып болмағандығында
жатса керек. Қалыптасу кезеңіндегі жанрларда мұндай ауытқулардың кездесуі
заңды.
Сонымен қатар жоғарыда аталғандай, мемлекеттік діні ислам болған елде
туындаған бұл шығарманың өн бойында өзге сарындармен аралас мінәжат мәнді
бәйіттер де кездесіп отырады. Баласағұн дастанының бір ерекшелігі – ондағы
тұтастай тарауларды қамтып жататын Өгдүлміш пен Озғұрмыш арасындағы сопылық
сыр-сұхбатқа құрылған жырлар болып табылады. Оларда кейде жекелеген
бәйіттер күйінде, кейде бес-алты бәйіт көлемінде (3703-3708 бәйіттер, 577
б.) мінәжат мәнді жырлар көрініс тауып отырады.
Махмұт Қашқаридің Диуани лұғати-т-түрк (Түркі тілінің сөздігі)
еңбегіндегі өлең мәтіндері көне түркі тайпалары тудырған әдебиет
үлгілерінің қатарына кіреді. Диуандағы өлең жолдарының жекелеген
сөздердің қолданыс ерекшелігін айқындайтын мысал ретінде беріліп, сөздіктің
өн бойында шашырай орналасқаны белгілі. Олардың арасында махаббат және
табиғат лирикасы, жорық жырлары, жоқтау үлгілері, насихат өлеңдермен қатар
таза мінәжат жырлары болып табылмағанымен, мазмұны жөнінен соған жуықтайтын
Тәңіріні ұлықтау, оған табыну мәніндегі бірқатар жолдар кездеседі: Тәңірге
тәубе еттік біз , Анда болып, Тәңіріне құлдық етер , Құт берсе Құдайым
құлына, Күн санап ісі алға басады , Күн-түн табын Тәңірге, менменсіме,
Қорқып Одан именгін, ойнамағын .
Төл әдебиетіміздің жазбаша туындыларында мінәжаттың дербес жанр ретінде
алғаш көрініс беруі ислами әдебиеттің біршама орныққан кезінен – ХІІ
ғасырдағы Қожа Ахмет Йасауи шығармашылығынан бастау алады. Отандық
йасауитану ғылымында бірқатар іргелі зерттеулер жасалғанымен, бүгінге дейін
хикметтердің жанрлық сипаты арнайы ізденіске арқау болып көрген жоқ.
Дегенмен Йасауи мұрасын әр қырынан қарастырған зерттеушілер жанр мәселесіне
жанама түрде тоқтала отырып, біршама орнықты пікір қалыптастырды.
Х.Сүйіншәлиев, А.Ахметбек, А.И.Пылев сынды зерттеуші ғалымдар Йасауидің
дастан-толғау, дастан-қисса және сопылық эпос үлгісіндегі хикметтерін бөліп
қарастырған. Диуани хикметте түркі фольклорынан ауысқан айтыс жанрлық
түрінің кездесетіні аталмыш тақырыптағы алғашқы зерттеулерден бастап
белгілі. Бұл мәселеге айтыс жанрының тегі мен дамуы жөнінде іргелі зерттеу
жүргізген М.Жармұхамедұлы ерекше назар аударған. Йасауи хикметтерінде өлең
түрі ретіндегі ғазалдың қолданылғаны бірқатар авторлар тарапынан сөз
болғанымен, оның жанрлық ерекшеліктерінің қаншалықты дамытылғаны жөнінде де
дәйекті пікір айтыла қойған жоқ. Ал хикметтердегі мінәжат жанрының
көріністеріне алғашқы болып назар аударған татар зерттеушісі А.Шарипов:
А.Ясеви можно рассматривать в качестве зачинателя жанра письменного
мунаджата на тюркском языке деп жазған болатын. Отандық ғалым И.Жеменей де
өз еңбегінде : Түркі әдебиетіне мінәжат Қожа Ахмет Йасауимен келді деп
тұжырымдайды . Келтірілген мағлұматтардан хикмет ұғымы аясында бірнеше
жанрлық түрдің топтасқанын аңғару қиын емес. Солардың ішінде мінәжат жанры
Диуани хикметтегі әрі жанрлық түр, әрі дербес жанр ретінде тұлғалануымен
ерекшеленеді.
Әдебиеттанушы А.Шарипов хикмет ұғымы аясында ғазал, қытға, мадақ,
мінәжат, муназара, мураббағ сынды бірнеше жанрлық түр мен өлеңдік
қалыптардың көрініс тапқанын айтады, оларға біршама түсінік беріп өтеді .
Іргелі ізденістерге арқау болар соны идея ұсына отырғанымен автор аталған
ұғымдарды талдауда және түсіндіруде араб-парсы поэтикасы заңдылықтарына
біржақты бейімделген тәрізді. Біздің пайымдауымызша, Йасауи шығармашылығы
арқылы толыққанды сипат алған хикмет жанры – аса күрделі симбиоз жанр. Оның
қалыптасуы мен қабылдануын жеңілдеткен басты себеп – аталмыш жанр
алғышарттарының түркі поэзиясында ежелден бар болуы дер едік. Әдебиеттанушы
ғалым А.Ісімақованың орынды тұжырымдағанындай: Внешнее литературное
влияние не способно что-либо породить, если в самой национальной среде не
шел процесс накопления художественно-эстетических средств, которые могли бы
быть первопричиной зарождения нового жанра. Прививается лишь то, что так
или иначе было уже знакомо по опыту предшествовавшего развития . Төл
әдебиетімізге түбірімен жат жанр ешбір жағдайда берік орнығып, терең
тамырласып кете алмасы анық.
Хикмет жанры аясына Йасауи кіріктірген шығыстық жанрлардың бірі мінәжат
болып табылатынын жоғарыда айтып өттік. Түркі сопылық поэзиясының
бастауында тұрған Йасауи Диуанының өн бойы мінәжат мәнді хикметтерге
толы. Йасауи хикметтерінің негізгі тіні, өзегі – мінәжат жырлары десек,
қателеспейміз. Йасауи мінәжаттары негізінен Аллаға жалбарыну, одан тілек
тілеу, баз бір тұстарда Алламен сырласу сарынында жазылған. Мінәжат
атауымен берілген Йасауидің көлемді жеке хикметі бар. Сонымен қатар ақын
шығармаларының қатарында мінәжат аталмаса да тұтастай Аллаға сыйыну,
медет тілеп, жалбарыну мазмұнына құрылған көптеген хикметтер кездеседі.
Мұндай мінәжат үлгілері дәстүрлі буындық өлшемдермен жазылып, түркілік
табиғи сипатқа ие болған:
Иә Иләһи, хамдың бірлә хикмет айтдым,
Заты ұлық хожам, сығныб келдім сәңа.
Тәуба қылыб күнәһымдын қорқыб қайтдым,
Заты ұлық хожам, сығныб келдім сәңа.
Қырық бірімдә ыхлас қылдым йол тапай деб,
Йаранлардан һәр сыр көрсәм мән йапай деб,
Пирмұған изін алып мән өпәй деб
Заты ұлық хожам, сығныб келдім сәңа .
Немесе:
Құлһуаллаһ, субханаллах уирд әйләсәм,
Бір уа Барым, дидарыңны көрәрмін му?
Башдын аяқ хасратыңда дәрд әйләсәм,
Бір уа Барым, дидарыңны көрәрмін му?
Елик бірдә чөлләр кезіб, киаһ йедім,
Тағлар чықыб, тағат қылыб, көзім ойдым.
Дидарыңны көрә алмадым, жаннан тойдым,
Бір уа Барым, дидарыңны көрәрмін му? .
Негізгі мазмұны басқа болып келетін бірқатар хикметтер құрамында да мінәжат
мәнді шумақтар молынан кездесіп жатады. Бұл әсіресе хикметтің қорытындысы
іспетті соңғы шумаққа тән ерекшелік болып табылады.
Ендігі кезекте Йасауидің Мінәжат атты жеке хикметіне тоқталайық.
Мунажат әйләді міскін Қожа Ахмат,
Иләһи бәндәңә қылғыл рахмат , –
деп, Мінәжатты арнайы атап бастауының өзі Йасауидің біртұтас көлемді
туынды жазбаққа ниеттенгенін аңғартады. Мұнда шамасы бұрын шығарылған
жазылған хикметтерді топтастырып, толықтырып, көкейдегі уағыз-насихаттық
дастандарды қоса хатқа түсірмекке ниеттенген болса керек. Бұрын жазылған
дейтініміз – Йасауи Мінәжатында хикметтердің шынайы, толық, анық бағасы
берілген, мұндай көзқарас дүниеге келіп үлгерген туындыға қатысты
қалыптасады. Жазба әдебиетте алғысөздің негізінен соңынан жазылатыны
белгілі. Сондықтан онда түйіндеулер мен қорытындылар, бағалаулар қамтылады.
Көптеген нұсқаларда Мінәжаттың хикмет мәтіндерінің соңынан берілетіні де
кездейсоқ емес. Ал Йасауи хикметтерінің 1903 жылғы Ташкент басылымында
Пақырнама рисаласы мен Мінәжатнама жыры кітаптың басында беріліп, олар
аяқталғаннан кейін Тәммәтул-китаб (Кітап тәмамдалды) деп жазылған . Бұл
да біздің Йасауи Мінәжатының хикметтердің негізгі бөлігінен кейін
жазылғандығы туралы пікірімізді қуаттайды. Йасауи дәуірінен кейін туындаған
бірқатар әдеби мұраларда Мінәжаттың шығарма аяқталар тұста жазылып,
соңынан орын алуы кездеседі. Бұл да табиғи тұтастықты сақтаудың бір
көрінісі. Йасауи Мінәжаты – әмбебап мазмұнды мәтін. Мінәжатта жалбарыну
негізінен алғашқы шумақта ғана бар, ал мәтіннің қалған бөлігінде мінәжаттық
мазмұн астарласа қатар өріліп отырады.
Йасауи Мінәжатының идеялық-мазмұндық қыры М,Жармұхамедұлы,
С.Дәуітұлы, А.Ахметбек секілді ғалымдар еңбегінде біршама зерттелді.
Сондықтан біз негізгі назарды Мінәжаттың құрылымына аудармақпыз. 11
буынды Йасауи хикметтері арасындағы ең көлемдісі – Мінәжат жыры.
Йасауитанушы А.Ахметбек түрік әдебиет зерттеушісі К.Ерасланның Мінәжат
аруз өлшемінде жазылған деген тұжырымға келгенін айта отырып: Біздіңше,
Иассауи Мінәжаты оның басқа да шығармалары сияқты түркі тілінде дүниеге
келгендіктен, өлең құрылысын силлабикалық жүйеде қарастыру қажет сияқты
деп жазады . Ғалымның Мінәжатты 11 буынды, егіз ұйқасты түркілік өлең
ретінде тануды ұсынуы негізсіз емес. Дегенмен бұл мәселені кеңірек
байыптаған жөн тәрізді.
Йасауидің аруз өлшемдерін пайдалана отырып, бірқатар хикметтер жазғаны
белгілі. Олардың негізін 11 буынды хикметтер құрайды. Өзіне дейінгі түркі
поэзиясы үлгілерін жетік біліп, өлшем түрлерін толық игергендігі Йасауидің
өлең құрылысындағы жаңашыл тәжірибелерінен байқалады. Ақынның тек дәстүрлі
өлең өлшемдерімен ғана емес, өзінің алдындағы оқшау шығармашылық иелерінің
жаңалық-тәжірибелерімен де таныс болғанына күмән жоқ. Бұл орайда бірінші
кезекте Ж.Баласағұнның өз тұсында-ақ жоғары бағаға ие болған Құтты білік
дастанын ерекше атаған жөн. Бұл Йасауидің Мінәжаты Баласағұн дастанына
еліктеуден туған деген пікірді білдірмейді, бірақ әрбір шығармашылық
тұлғаның танымында өзі оқыған туындылар, көріп-білген, таныған құбылыстар
сөзсіз із қалдырары, кезі келгенде, бірде мақсатты, бірде стихиялы түрде өз
шығармаларынан көрініс тауып отырары сөзсіз. Бұған қоса Йасауи тәлім алған
сопылық-ақындық мектептің парсы тілді болғанын ескерсек, ақынның өз
хикметтерінде аруз өлшемдерін де қолдануы белгілі бір дәрежеде заңды да.
Араб-парсы поэзиясының аса бай өлшемдері арасынан түркі ақындарының 11
буынды үлгіге сәйкес келетін түрлерді таңдап алуының себептерін жоғарыда
айтып өткен болатынбыз. Сырт қарағанда Йасауидің Мінәжаты дағдылы
түркілік 11 буынды өлеңдерден көп ажыратылмайды. Бірақ зерделей үңілсек,
бұл жырдан да біздер тұрақты бунақ ырғағын көре алмаймыз. Мұндағы бунақ
буындарының ауытқуы 6+5, 5+6, 7+4, 4+7, 3+4+4, 4+3+4 секілді жүйесіз
буындық топтар арқылы жүзеге асқан. Мінәжатты ерікті ұйқасты өлеңге
жатқызудың да реті жоқ. Мұнда егіз ұйқас қатаң сақталған, ал ерікті ұйқасқа
құрылған өлеңде де бунақтардың реттелуінде белгілі бір заңдылықтар
болатынын ескерсек, 11 буынды тармақ шегінде осынша әр алуандықпен құбылуды
буындық жүйеге тән түрлердің ешбірі қабылдай алмайтыны белгілі болады.
Йасауиге дейінгі түркі силлабикалық поэзиясында бірыңғай және аттамалы
ұйқаспен жазылған өлең-жыр үлгілері едәуір десек те, бунақ ырғағы қостармақ
сайын құбылып отыратын егіз ұйқасты тұтас көлемді жыр тұрмақ, бас-аяғы
бүтін бір өлең де кездесе қоймайды. Фольклордың негізінен мақал-мәтел,
жұмбақ секілді кіші жанрларында кездесетін егіз ұйқасты үзік-үзік үлгілер
аталған ұйқас түрінің көлемді жыр-дастанға емес, шағын да шымыр туындыларға
икемді екенін дәлелдесе керек. Бұл орайда Мінәжатты бір тақырып
айналасына құрылған нақыл сөздердің жиынтығы [17,85] деп білетін
А.Ахметбектің тұжырымы сәтті әрі дамытылуға лайықты пікір. Дегенмен бұл
тұжырым Мінәжаттың мазмұнына, ұйқас ерекшелігіне қатысты болғанымен, ішкі
құрылымын қамти алмайды. Мақал-мәтел, нақыл сөздердің де жүйелі қалыбы,
тұрақты ішкі бунақтық ырғағы болатыны белгілі. Білікті ақын Йасауидің мұны
ескермей немесе білмей, бір қостармақтың шегінде бунақ ырғағын сақтай
алмай, құбылта беруі қисынға келмейді. Мысал келтірелік:
7. Оқығанға қылурмын анда шафқат, 4+3+4
8. Қиямат күнідә қылғум шафа’ат. 6+5 немесе 3+3+3+3
11.Тіләгі һәрне болса тәңрі бергай, 3+4+4
12. Мұхаббат шауқыны көксігә салғай. 6+5 немесе 3+3+3+2 .
Дәл осы жолдарды аруздағы хажаз өлшемінің мафаилунмафаилунфаилун
үлгісіне салып көрелік (мұндағы сызықша – созылыңқы буынның, нүкте қысқа
буынның белгісі):
7. . . . . . . . . .
8. . . . . . . . . .
11. . . . . . . . . .
12. . . . . . . . . .
Түрік арузының заңдылықтары бойынша қарастырылған Мінәжат жолдары
хажаздың таңдалған өлшеміне толық үйлеседі. Созылыңқы, қысқа дауыстылары
жоқ буындық жүйе үшін аруз өлшемі жасанды қалып болса да, жазба әдебиет
өкілдері түркі арузын жасауда белгілі бір қағидалар қалыптастырған: түркі
ашық буындары – қысқа буынның, жабық буындары созылыңқы буынның ролін
атқарады. Түркі тіліне енген араб-парсы сөздерді түпнұсқадағы буынның
ерекшелігіне сәйкес қолданылады. Әрине, аруздың табиғаты басқа түрік тіліне
енуі жылдам және мінсіз атқарылуы мүмкін үдеріс емес-ті. Тіл ерекшеліктерін
ескере отырып, түрік ақындары арузға қатысты ережелерге көптеген ескертулер
енгізген. Аруздың түркі әдебиетіндегі алғашқы дәуірі саналатын Йасауи
заманында бұл секілді сұрыпталған теориялық тұжырымдар қалыптаса
қоймағанымен, айтылған үдерістер жетістік-кемшілігінен қоса табиғи қалыпта
тәжірибе жүзінде жүріп жатты. Арузға бейімделген Йасауи хикметтері де сол
тәжірибенің ащылы-тұщылы бір жемісі. Жоғарыдағы хикмет жолдарында да бір
тұста нұқсан байқалады: 7-тармақта қысқа буын ретінде қолданылған дә
қосымшасы 8-тармақта созылыңқы буын орнына жұмсалған. Түркі өлеңін аруз
қалпына салуда мұндай ымыраға келушіліктер Йасауи дәуірінде ғана емес, оған
дейінгі және одан кейінгі түркі арузының сан ғасырлық тәжірибесі мен
тарихының өн бойында ұшырасып отырды. Тұтастай алғанда, Мінәжаттың
буындық үлгіде емес, аруздық өлшемде жүйелі, жатық қалыпқа түсіп отырғаны
келтірілген мысалдан аңғарылады. Сондықтан Мінәжаттың құрылымы жағынан
силлабикалық жүйеге емес, метрикалық өлшемге негізделгенін қабылдаған жөн.
Осы тұжырымға қарсы мәнді секілді көрінсе де тағы бір болжам-пікірді
ұсынбақпыз. Йасауидің өзге хикметтері тап болған тағдыр Мінәжатты да
айналып өтпеген: әр нұсқада Мінәжат жолдарының саны түрліше болуы, кей
тұста Йасауи мәнеріне жат қарабайырлықтың көрініс табуы, лексикалық құрамда
бірнеше ғасырдың ізі байқалуы секілді жайттар заманалар бойғы өзгерту,
толықтыру, жоғалтулардың Мінәжат үшін де қалыпты құбылыс болғанын
айғақтайды. Йасауи хикметтерінің ең көлемдісі саналатын Мінәжатта мұндай
олқылықтардың өзге хикметтерден гөрі көбірек кездесуі заңды да. Сондықтан
Йасауидің Мінәжатының мәтін тұрғысынан түбегейлі талдап-тексерілуі,
қоспалар мен өңдеулердің негізгі мәтіннен ажыратылуы, түпнұсқаға жуық мәтін
үлгісінің жасалуы немесе қалпына келтірілуі қажет. Бәлкім, сондай жағдайда
Мінәжаттың ішкі құрылымының буындық жүйеге негізделген өлшемі туралы
жаңаша көзқарас қалыптастырудың сәті түсер. Ал әзірге біз хикметтердің көз
алдымыздағы көрініс-қалыбына сәйкес талдаулар жасап, мазмұн тұрғысынан да,
пішіні (аруздық) жөнінен де Йасауи Мінәжаты араб-парсылық қалыбын көбірек
сақтаған деген тұжырымға келіп отырмыз.
Сонымен, кез келген ұлт әдебиетіндегі секілді жалбарыну мәнді
тіркестер, шумақтар мен арнаулар төл әдебиетімізге де ежелден етене
екендігін жоғарыдағы талдаулар айқын танытады. Көнеден жеткен ауыз әдебиеті
үлгілері, әсіресе эпостық жырлар мінәжатсыз келмейді десек, қателеспейміз.
Дегенмен жазба әдебиетіміздегі мінәжат жырларының дербес жанр ретінде
тұтастай тұлғалануы Йасауи хикметтерінен басталды деуге негіз бар. Йасауи
хикметтері арқылы қалыптасқан мінәжат жанры бертінгі түркі әдебиетінде
қастерлі дәстүр ретінде орнықты. Мұның мысалын ауыз әдебиетінен де, жазба
әдебиеттен де көптеп кездестіруге болады. Полистадиялық құбылысына
негіздеп, фольклор үлгілеріндегі исламдық реңктегі мінәжат жырларын
кейіннен қосылған деп қарастырғанның өзінде оларда Диуани хикметпен өзара
әсерлесу құбылысы бар екенін жоққа шығару мүмкін емес. Хикмет дәстүрімен
жырлаған ақындар мен барлық діндар ақындар өлеңдері мінәжатсыз келмейді.
Аты аталып, түсі түстеліп тұрмағанымен, жалпы мінәжат мәнді жырлар
ортағасырлық түркі әдебиетінің өн бойында өріліп жатыр. Мұхамед
пайғамбардың үмбеті санатына енген түркі халықтарының әдебиетінде мінәжат
міндетті жанр дәрежесіне көтерілген. Осындай жазылмаған заңның төл
әдебиетімізде берік орныққанын мінәжат жанрының сан ғасырлық даму кезеңдері
дәлелдейді.
Мінәжат жанрының ортағасырлық әдебиеттегі даму ерекшеліктері
Ортағасырлық әдебиеттегі мінәжат жанрының даму ерекшеліктерін сөз
еткенде тоқталып өтпеуге болмайтын бір жайт бар. Бұл – жоғарыда жазба
әдебиеттегі мінәжат жанрының негізін салушы ретінде шығармалары толығырақ
талданған Қожа Ахмет Йасауи қалыптастырған ақындық мектеп өкілдерінің
шығармашылығы. Түркі тілді діни поэзия дегеніміздің өзі негізінен сопылық
поэзия болып табылады. Діни бағыттың бүкіл ортағасырлық поэзиядағы басты
бағыт болғаны, ал түркі халықтарының лирикалық позэиясы сопылық поэзия
негізінде туындағаны (А.Бомбачи) белгілі. Әлішер Науаиге дейінгі Орта
Азиядағы ақындық мектеп – Қожа Ахмет Ясауи мектебі болғанын өз кезегінде
көрнекті ғалым Ә.Қоңыратбаев атап көрсеткен болатын .
Қожа Ахмет Ясауидің ақындық мектебінің даму үдерісінде екі сала құбылыс
байқалады. Біріншісі – төл әдебиетіміздің, барша түркі халықтары
әдебиетінің өн бойында көрініс тапқан сопылық сарын. Ислам өркениетімен
біте қайнасқалы бері туындаған ауызша-жазбаша әдеби мұраларымыздың
барлығында дерлік осы тақырып орын алған. Жыраулар поэзиясын, кітаби
ақындар шығармашылығын, зар заман өкілдері мен бертіндегі ағартушы ақындар
мұраларын сопылық сарын көктей өтіп жатыр. Бұл үдеріс төл әдебиеттануымызда
біршама зерттелген. Екінші сала – Қожа Ахмет Ясауи негізін салған хикмет
жанрын дамытып, ұстаз ақын үлгісімен жырлаған шәкірттер шығармашылығынан
құралатын хикметші ақындар мектебі. Бұл мектеп өкілдеріне белгілі бір
дәрежеде кәсіби біліктілік тән. Кейбірі ежелгі дәуір әдебиетіне, кейі
шағатай әдебиетіне телініп, жүйелі зерттелуін таппаған шығармашылық иелері
де осы хикмет жанрында жырлаған ақындар болып табылады. Осы екі саланы
біріктіретін сопылық сарын ұғымы өз аясында мінәжат жанрын міндетті
жанр ретінде қамтитыны белгілі. Әсіресе Йасауи ұстаз дәстүрлеріне деген
адалдықтан айнымай келген хикметші ақындар шығармашылығы – мінәжат жанрының
дамуындағы маңызды белес болып табылады. Сондықтан осы мектептің бірқатар
көрнекті өкілдерінің шығармашылығындағы мінәжат жанрының көріністері арнайы
тоқталуды қажет етеді.
Йасауи ақындық мектебінің ең көрнекті өкілі – Сүлеймен Бақырғани (Хакім
ата). Едәуір бөлігі С.Бақырғани қаламына тиесілі хикметтер болып табылатын
Бақырған кітабы – Диуани хикмет секілді бертініректе құрастырылып,
ХVІІІ ғасырға дейін толықтырылумен келген, хикмет жанрында жазылған
көптеген шығармаларды қамтыған жинақ. Құл Сүлеймен хикметтері мазмұны
жағынан да, өлең құрылысы жөнінен де көп ретте Йасауи туындыларына ұқсас
болып келеді. Белгілі бір ілімді ортақ ұғымдар арқылы бірдей жанрда
насихаттап отырғандықтан, Бақырғани шығармаларында Йасауи хикметтерімен
мазмұндық ұқсастықтардың көп болуы заңды да. Бақырғани туындылары көп
жағдайда Йасауи хикметтеріне стильдік еліктеу немесе оларды қайта жырлаудан
гөрі нәзирагөйлік үрдіспен жалғастыру, жауаптасу секілді әсер қалдырады.
Қос ақынның бірқатар шығармаларының негізгі мазмұндық желісі сәйкес келеді,
өзара мәндес сөздермен арнайы қайта жазылғандай әсер қалдырады. Осындай
хикметтердің бірі екі ақында да Рахмат атлығ рахматыңдын деп басталатын
мінәжат жыры болып табылады. Құл Сүлеймен жырлауында ол төмендегіше
жалғасады:
Рахмат атлығ рахматыңдын үмідлікмән иләһім,
Қаһһар атлығ қаһрыңдан қорқынчлықмән иләһім.
Қылауызсыз керуендек, из етургән сәрвандек
Құлмын десәм йалғандек, құлым дегіл иләһім.
Ғафу қылғыл азғанны, йолға салғыл йазғанны,
Мендәк йолсыз кезгәнні йолға салғыл иләһім.
Бұлдым қадір түніні, салдым ғафләт тоныны,
Білдім құллық йолыны, қабул қылғыл иләһім .
Құл Сүлейменнің өзіндік мәнер-машығын толығырақ аңдататын мінәжат жыры
ретінде Йә Раббана хикметін атауға болады. Мұнда ақын сопылық мәләмәт
(өзін өзі сөгу, айыптау) дәстүрімен жасаған күнәсін санамалай отырып,
Жаратқаннан кешу (истиғфар) сұрайды, тәубаға келіп, ақыретте жарылқауын
тілейді:
Йә Раббана! Сен кечүргіл мән асийның гүнәһыны,
Ярлақаю бергил мәңа ахиретнің панаһыны.
Нә іш қылдым, йаман қылдым, алимсұндым, харам алдым,
Дәргаһыңа сығнуб келдім йығлайуб қан фирақымны.
Йаманлығым хаддын ашты, мағсиятым толды, ташды,
Міскінлігім мәндін қачды, міндім мәнлік бурақымны.
Мәнлік атыға міндім өзім, нәмәһрамға бақты көзім,
Дәргәһыңгә отлұғ йүзім, өчріб иман чырағыны .
Йасауи заманынан төрт ғасыр кейін өмір сүріп, Шәмси Аси, Шәмси
Кәмина лақаптарымен танылған хикмет дәстүрін жалғастырушылардың бірі
Шәмсатдин Өзгенди (ХVІ ғ.) туындыларына да Йасауи және Бақырғани
хикметтерімен көптеген ортақтықтар тән. Бұл ортақтықтар бірінші кезекте
сопылық ұғымдарға, тариқат үрдісіне тән қолданыстарға, өлеңдік түрлерге,
сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты болып келеді. Шәмсатдин мінәжаты ішкі-
сыртқы ұйқасқа бай, әуезді де әсерлі тілмен өрнектелген:
Йә Раббана, иғфирләнә,
Асий мән-а, ғафир сән-а,
Мұңлұғ мән-а, эрлік сән-а,
Ажиз мән-а, қадир сән-а.
Сәндін – кәрәм, мәндін – хата,
Мәндін – ситәм, сәндін – ғата.
Бұл асий құлларыңны
Лутфың білән йәпәрсән-а .
Шәмсатдин мінәжатындағы тосын әрі ұтымды қолданыстар аталмыш жанрдағы
көркемдік-стильдік ізденістердің арта түскенін аңғартады. Автордың белсенді
сөздік қорында көне түркілік түбірлер де біршама сақталған. Ал араб-парсы
сөздері Шәмси Аси хикметтерінде Йасауи мен Бақырғаниге қарағанда анағұрлым
жиі қолданылған. Өлең құрылысы жөнінен де ақынның кейбір мінәжаттары Йасауи
хикметтерінің құрылымын қайталайды:
Ходая, тұтты аләмні гүнәһым,
Кечіргіл язықым, астағфируллаҺ!
Сәнуқсын әувәл ва ахыр гүн аһым,
Кечіргіл язықым, астағфируллаҺ!
Сәңә хазыр көрубән йандым имди,
Ни кем қылмышдарымдын тандым имди,
Сығынып хәзрәтіңә келдім емді,
Кечіргіл язықым, астағфируллаҺ!
Шәмсатдин хикметтері мінәжат жырларына ерекше бай. Мұның өзі ақын
туындыларының терең сыршылдығын аңдатады. Сендін өзгә кімім бар?, Сен
кечіргіл, Иләһім!, Асан қылғыл, ей, Аллаһ, Сеңә сығнырмын, ей, Аллаһ
сынды хикметтер толығымен мінәжат мазмұнына құрылған. Алғашқы үш хикмет
жеті буынды, соңғысы сегіз буынды өлшеммен жазылған. Ұйқас құрылымы барлық
өлеңде біртекті – дәстүрлі йасауилік абаб әәәб вввб гггб болып келеді.
ХVІІ ғасыр туындыгері Шайх Худайдад хикметтерінде қарапайым көркемдік
пен нәзік сыршылдық астасқан шынайы болмысымен, кемшілік-жетістіктерімен
сомдалған автопсихологиялық типтегі лирикалық кейіпкер көрініс береді. Ақын
шығармашылығы сопылық махаббат лирикасының жетілген үлгілерінің пайда
болуымен ерекшеленеді. Соған орай Шайх Худайдад мінәжаттары ғашық жарға
қаратып айтылған махаббат зары, мұң шағу, дертіне дәрмен болуын сұрап,
жалбарыну сарынындағы жан сыры ретінде өрнектелген:
Мән жамалың көрмәк үчін зари болдым, не қылай?
Өзлегімдін өзлеп бизар болдым не қылай?
Сенсизене бир дәм мәнің жисмимда жаным болмас,
Фирағат отыға күйіп, әхкәр болдым, не қылай?
Ақынның 89-хикмет-мінәжатындағы бір ерекшелік – мұнда Жаратушыға
қатысты маһруй (ай жүзді) деген теңеу қолданылған. Түркі сопылық
поэзиясында сүйген жар ретіндегі Алланың портреттік нышандары жоққа тән
екенін ескерсек, осы жалқы теңеудің өзі жаңашылдықтың соны үлгісін
танытады:
Йүрәгім сад пәрә қылдың һижрә илә, ей, маһруй,
Болмағыл бигәнә мәндін, мән тақый зарым сәңа.
Көрмәсәм зәррә заманый, хаста болыр бу көңіл,
Не бәләлығ вақыт иді, мұнча гирифтарым сәңа .
Шайх Худайдад хикметтері арасында сондай-ақ дәстүрлі үлгілермен
жазылған Жаратушының құдіретін ұлықтай отырып, сыйынып, жалбарыну, өзінің
тағат-ғибадатының Хақ назарына лайық болмағанына налып, өкіну, ақырғы
демінде Алла есімін жадына алып, иманмен дүниеден өтуді тілеу мазмұнындағы
мінәжаттар да (Йә Иләһім, нечік сәні тапғаймын-а, Сендін өзгә мақсудым
йоқ, йә Иләһім!) кездеседі.
Шағатай әдебиетінің біршама қалыптасқан кезеңінде дүниеге келген Құл
Убайди (ХVІІғ.) хикметтерінің көркемдік қолданыстары мен бейнелілік
жүйесінде өзіне дейінгі хикметші ақындармен салыстырғанда едәуір өзгерістер
байқалады. Автордың парсы поэзиясының әсері аңғарылатын бағ ара нәркис
гиби, гөзал сұлтан, жан зарым, ғамги-зарым, ишқ гүлшаны, жан
риштәсі секілді теңеулері, фаш етмәк, дәрду-әлам, нигарәм, нув
бәһәр сынды қолданыстары бертінгі шағатай әдебиетінде кеңінен дамытылды.
Далалық дәстүрден де іргесі ажырай қоймаған Убайди хикметтерінде сондай-ақ
жыраулық поэзия ықпалы біршама сезіледі. Ақынның жекелеген хикметтерінің
мазмұны мен тілінен түркі және парсы сопылық поэзиясының күрделі синтезі
байқалады. Мұнда қамуғ, Тәңірі, тамуғ сынды көне түркілік түбірлер
де, сұм нәпсі, хан мен бек сияқты дағдылы тіркестердің парсылық
изафетке айналдырылған нұсқалары да (нафсе-шум, хану-бек) кездеседі.
Убайдиде 7-8 буынды өлшемнің ұйқассыз түрі жиі қолданылған. Йасауи
хикметтері арқылы үрдіске айналған 12 буынды, абвб гггб дддб ұйқасындағы
өлшем және ғазал жанры мен өлең түрі де белсенді пайдаланылған.
Басқа да хикметші ақындар тәрізді Убайди мінәжаттары да тұтастай
сопылық мазмұнмен көмкерілген. Ғашық қылғыл дидарыңа хикметі – дидар-
ғашық сопының Жаратқан-жардың рақымын тілеп, жолға салуын сұрап жалбарынған
құлшылық жыры:
Жандын артық жаным сен-а, ничек қылай йар бына,
Рахм әйләгіл сен-а, ғашық қылғыл дидарыңа.
Йол қайда-дыр білмәсмән-а, салғучы йолға сен-а,
Рахм әйләгіл мұңлығ мәңа, ғашық қылғыл дидарыңа .
Сопылық мінәжаттарға тән бір ерекшелік Жаратқанға сыйына, жалбарына
отырып, жаратылғандарға уағыз насихат, ғибрат сөз қалдыру болып табылады.
Мұның өзі лиризм мен дидактизмнің бір арнаға тоғысып, бір туындыда көрініс
табуы нәтижесінде туындаған. Құл Убайдидың дәстүрлі тәубаға келу, кешу
сұрау мәнінде жазылған екінші бір мінәжатынан осы ерекшелік аңғарылады:
Хұдауанда, сәңа йаздым,
Йүзім тақсирігә тәубә.
Ки нәмәһрәм сари баққан
Көзім тақсирігә тәубә.
Сәһа ва хайр үчүн ол Хақ
Сәңа емді елік берді.
Йүрер нәфсі һауа бірлән,
Көңіл тақсирігә тәубә .
Ақынның Хұдауәндә кәриман падишаһ-а деп басталатын мінәжат-ғазалының
әрбір қостармақ-бәйітінде жеке бір ой айтылып, қорытындыланып отырады.
Алланың рақымдылығы, әлемді жаратуының хикметі, автордың өз күнәларына
өкініп, кешу сұрауы, барлық пенделерді жарылқауын тілеуі секілді
қалыптанған дәстүрлі сарындар аталмыш мінәжатта да көрініс тапқан. Сырт
қарағанда құранды көрінгенімен, өн бойын тұтас бір өзек – сопылық мазмұн
көмкеріп тұратын мұндай ғазал-мінәжаттар әдетте ортағасырлық діни
дастандарда жеке композициялық бірлік ретінде қолданылған.
Құл Убайдидің ендігі бір ерекше мінәжаты алғашқы жолында автор атын
–тахаллусты айтудан басталады. Әдетте шығыстық сарындағы барлық жыр-
ғазалдарда тахаллус туындының ең соңғы бәйітінде немесе шумағында
келтіріліп, қорытындылаушы роль атқарады. Ол әрі өлеңнің аяқталғанын
білдіреді, әрі авторға қолтаңбасын айқындап қалдыруға мүмкіндік береді.
Убайдидің сөз етіліп отырған мінәжатындағы тахаллустың сөз басында
келтірілуі хикметтің лиризмін күшейте түскен:
Мән Убайди гүнәһкәры
Айыбымлә қабул әйлә.
Мән асийа-әфкәрі
Айыбымлә қабул әйлә.
Нәфс етті мәні надан,
Урды йолымны шайтан.
Ей рахматы чок Рахман,
Айыбымлә қабул әйлә .
Өз атын атап бастап, тікелей Жаратушыға қаратып мінәжат айтуы ақынның
жан сырын бүкпесіз ақтарып, арыла сөйлеуіне мүмкіндік берген. Мінәжаттың
арылтушылық, тазартушылық қасиетін түсіне әрі сезіне білген ақындар
шығармашылығында ол катарсистік-медитациялық роль атқарған.
Хикметші ақындар санатынан жоғарыда шығармалары талданған авторлармен
қатар Шаһа Шаһуди (Тұттым йүзім дәргәһыңа) мен Кәрім Хубби (Мән
йығламай, кім йығласын?) мінәжаттарын да атап айтуға болады. Шаһа Шаһуди
мінәжатында араб-парсы сөздерінің үлес салмағы көбірек, теңеулер мен
тіркестер, ұйқасушы компоненттер негізінен кірме сөздер арқылы өрнектелген.
Парсы идафасын (матаса байланысқан анықтауышты сөз тіркесі) көбірек
қолдануы шағын мәтінде (алты шумақ) буын санының жиі ауытқуына әсер еткен .
Негізгі өлшемі – сегіз буынды, ұйқас түрі – абаб әәәб вввб гггб. Кәрім
Хубби мінәжаты да бірыңғай сегіз буынды өлшеммен жазылып, абаб әәәб вввб
гггб ұйқасына құрылған. Хикмет шымыр пішінімен, жатық та көркем мазмұнымен
ерекшеленеді. Толды өмір пәймәнасы, Шайтан көңлі һәмһанасы, Өтті
йігітлік қуаты, Йетті кәрілік нәубәты, Тұтқай өлім жам-и шарап, Ханиманны
қылғай харап секілді қарапайым да көркем, әуезді теңеу-тіркестер тудыруы
Кәрім Хуббидің ақындық қуатының қарымдылығын аңғартады.
Дәуірі жағынан Йасауи хикметтерінің ізін ала дүниеге келген Ахмет
Йүгінекидің Ақиқат сыйы туындысы да дәстүрлі сарынмен – Аллаға мадақ
айтып, ұлықтаумен басталады. Осы мәтіннің аясында Сенің рахматыңнан үміт
етемін, Саған күшім жеткенше мадақ айтуға жәрдем бер секілді мінәжат
мәнді сөздер кездеседі. Дербес құрылымдық бөлік ретіндегі мінәжат бұл
шығармада қамтылмаған. Жүсіп Баласағұн мен Ахмет Йүгінекидің бір поэтикалық
мектеп өкілі екенін ескерсек, ұйғыр-қарлұқ диалектісіндегі әдебиетте
мінәжатты жеке жанр ретінде қабылдау қалыптаспағаны жөнінде болжам айтуға
болады.
ХІІІ ғасыр туындыгері Құл Ғалидің Қисса Жүсібінде тәухид (Алланы
ұлықтау) пен нағыттан (Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларына мадақ)
кейін Хасан мен Хусейнге, сахабалармен сұхбаттас болған табиғиндерге, шәһид
ерлерге, ислам ғұламаларына, соның ішінде Ханафи мазхабының негізін салушы
Нұғман ибн Сабитке (Имам Ағзам) мадақ айтылып, Алланың рақымы тіленеді.
Осыдан кейін жеті шумақ көлемінде Аллаға мінәжат айтылған. Ақын өз
мінәжатында мақсатқа жеткізуші жалғыз құдірет – Алладан медет тілей отырып,
ғибратты-хикметті сөз айтып, естілердің ақыл-жадын байыту үшін ғылымын –
кемел, тілін түзу етіп, күшті шабыт беруін сұрайды:
Синнән йардәм-үмүт етәм мин зағиф құл,
Сине дәлил етучіләр таба(р) түз йол.
Әгәр йәрдәм берим десәң құдрәтің мол,
Бұ бәндәңә дәлилім бол өзең инде.
Мин зағифні син хикмәткә таба йандыр,
Ғибрат-хикмат сөйләттіріп, син қуандыр.
Көкрәгімдә йәрдәміңнің шамын йандыр,
Хәтерімні йақты нұрға балқыт инде.
...Хәтерімнән шек-хатаны чачратып бер,
Жаңа хикмәт орлықларын син чачып бер.
Меңә йәрдәм қапуғыңны син ачып бер,
Ғақлым тоғры, телем түзік йаша инде .
Шығарманың жазылу себебі мінәжаттан кейінгі төрт шумақта баяндалады.
Дастанның құрылымдық бөліктерінің орын тәртібі қатаң сақталмай, ақын
шабытының шартына орай өзгеріп отыратынын Құл Ғали қиссасы да дәлелдейді.
Құл Ғали мінәжаты мазмұнының толымдылығы, тілінің көркемдігі және жанрлық
ерекшелігінің айқындығы жөнінен ортағасырлық өзге мінәжат үлгілерінен оқ
бойы озық тұрады.
Мінәжат өлеңі дербес композициялық бірлік ретінде көрініс тапқан
ортағасырлық туындылардың бірі – Хорезмидің Мұхаббатнамасы. Түркі
әдебиетіндегі нама жанрының бастаушысы саналатын автордың әдеби сауаты
жоғары болғаны дастанның тілінен, құрылымынан, көркемдік деңгейінен
аңғарылады. Дастандағы сегіз хат (нама) түркіше, үш хат парсы-тәжік
тілінде жазылған. Дастан құрылымында намадан өзге ғазал, мәснәуи, қытға,
фард ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz