Салықтың атқаратын қызметі



Жоспар:

Кіріспе ...3.4

1. Салықтың атқаратын қызметі
1.1.Салық туралы сипаттама ...5.8
1.2. Салықтар түрлері ...9.12
1.3. Тұрғындардан салық салудың халықаралық тәжірибесі ...13.16

2 тарау Салық бойынша тәжірибелік жұмыстар
2.1 Семей қаласының салық комитетінің құрылымы ...17.18
2.2 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бюджеттің, облыстың салықтық түсімдері ...19.20

3 тарау Қазақстан Республикасында салық механизмін жетілдіру жолдары. ...21.23

Қорытынды ...24

Пайдаланылған әдебиеттер ...25
Кіріспе
Мемлекет тәуелсіздігінің ең басты шарттарының бір дербес салық саясаты болып табылады. Егемендік қолға тиген алғашқы күндерден-ақ салық қызметіне басты назар аударылғаны сондықтан. .
Қазақстанның даму старегиясын жүзеге асыруға ықпал ететін негізгі элементтердің бірі – мемлекеттің фискалдық саясаты болып табылады деп айтуға болады.
Елімізде болып жатқан экономикалық өзгерістер, оны нарық механизмімен тиімді жұмыс істейтін елдердің қатарына теңестіру барысындағы ғылыми теория мен практиканың алдында тұрған мәселелеріне тұрақты экономикалық категория мен олардың үкіметтің макроэкономикалық шешімдерін қабылдау барысындағы қажетті құрамдас бөлігі ретіндегі тиімділігі жатады.
Қазақстанның қаржы саясатының экономикалық мазмұнын, еліміздің дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылығына сәйкес ұдайы өндіріс циклінің нәтижесінде жинақталған қаржы ресурстарын, оларды бөлу мен қолданылуына фискалдық саясаты толық сипаттама береді.
Рыноктық экономикада бюджеттің кірісі салық жүйесінің құрылымына байланысты. Жалпы алғанда, салық жүйесі еңбек ақы төлеу, табыс, пайда, түсім басқа да құнды көрсеткіштерден тұратындықтан, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтың ролін анықтау қажет.
Салыққа деген көзқарасты жүйелендіру, мемлекет басқаруының барлық деңгейіндегі экономикалық жүйедегі салықтың түрлерін, мәнін және олардың орнын негіздеу, кешенді сипаттама беру қарастырылады.
Әлеуметтік салаға әсер ететін салық механизмін қалыптастырудың теориялық және практикалық сұрақтарын жүйелік өңдеудің еліміздің экономикасы үшін маңызы зор, себебі ол еліміздің субъектілерінің дамуының әлеуметтік-экономикалық теңсіздігін жоюға, халықтың әл-ауқатын арттыруға көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттері:

1. Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» заңы - № 211-11 от 13 июня 2001 года.
2. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
3. Указ Президента РК «Государственная программа РК «Возрождение исторических центров Шелкового пути» от 27 февраля 1998.
4. Сборник нормативных правовых актов и информационных материалов по вопросам туризма. – Астана, 2005
5. Концепции развития туризма в Республике Казахстан №333 от 6 марта 2001 года.// Туристская деятельность: Сборник законодательных актов. – Алматы: Юрист, 2004. – С. 16-30.
6. Программа развития туристской отрасли на 2003-2005 годы от 29.12.2002 г. №1445. – Астана, 2003
Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Внешнеэкономические связи: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: Финансы и статистика

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе 3-4
1. Салықтың атқаратын қызметі
1.1.Салық туралы сипаттама 5-8
1.2. Салықтар түрлері 9-12
1.3. Тұрғындардан салық салудың халықаралық
тәжірибесі 13-
16
2 тарау Салық бойынша тәжірибелік жұмыстар
2.1 Семей қаласының салық комитетінің құрылымы 17-18
2.2 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
бюджеттің, облыстың салықтық түсімдері
19-20
3 тарау Қазақстан Республикасында салық механизмін жетілдіру
жолдары. 21-23
Қорытынды 24

Пайдаланылған әдебиеттер 25

Кіріспе

Мемлекет тәуелсіздігінің ең басты шарттарының бір дербес салық
саясаты болып табылады. Егемендік қолға тиген алғашқы күндерден-ақ салық
қызметіне басты назар аударылғаны сондықтан. .
Қазақстанның даму старегиясын жүзеге асыруға ықпал ететін негізгі
элементтердің бірі – мемлекеттің фискалдық саясаты болып табылады деп
айтуға болады.
Елімізде болып жатқан экономикалық өзгерістер, оны нарық механизмімен
тиімді жұмыс істейтін елдердің қатарына теңестіру барысындағы ғылыми теория
мен практиканың алдында тұрған мәселелеріне тұрақты экономикалық категория
мен олардың үкіметтің макроэкономикалық шешімдерін қабылдау барысындағы
қажетті құрамдас бөлігі ретіндегі тиімділігі жатады.
Қазақстанның қаржы саясатының экономикалық мазмұнын, еліміздің
дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылығына сәйкес ұдайы өндіріс
циклінің нәтижесінде жинақталған қаржы ресурстарын, оларды бөлу мен
қолданылуына фискалдық саясаты толық сипаттама береді.
Рыноктық экономикада бюджеттің кірісі салық жүйесінің құрылымына
байланысты. Жалпы алғанда, салық жүйесі еңбек ақы төлеу, табыс, пайда,
түсім басқа да құнды көрсеткіштерден тұратындықтан, мемлекеттік бюджетті
қалыптастырудағы салықтың ролін анықтау қажет.
Салыққа деген көзқарасты жүйелендіру, мемлекет басқаруының барлық
деңгейіндегі экономикалық жүйедегі салықтың түрлерін, мәнін және олардың
орнын негіздеу, кешенді сипаттама беру қарастырылады.
Әлеуметтік салаға әсер ететін салық механизмін қалыптастырудың
теориялық және практикалық сұрақтарын жүйелік өңдеудің еліміздің
экономикасы үшін маңызы зор, себебі ол еліміздің субъектілерінің дамуының
әлеуметтік-экономикалық теңсіздігін жоюға, халықтың әл-ауқатын арттыруға
көмектеседі.
Қай кезеңде болмасын кез келген елдің қоғамдық әлеуеті мен
тұрақтылығы, экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс-әорекетіне
байланысты екені мәлім.
Бүгінде еліміздің тәуелсіздігімен бірге сапқа тұрған салық жүйесі де
іргелі маңызды салаға айналды. Қазіргі таңда мемлекеттік кіріс органы
ретінде кең ауқымды қамтыған бұл жүйенің ел игілігі үшін атқарып жатқан
істері қашанда айтуға тұрарлық, айтылып та жатыр
1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Заң күші бар Жарлығы салық
жүйелері мен салық саясатын қалыптастырудың базалық принциптерін белгілеп
берді. Мұнда салық органдарының ұғымдары, бірыңғай салық саясатын
қалыптастырудың іргетасы қаланды. Сол жылдан бастап Салық кодексі әзірлене
бастаған кезге дейін уақыт ішінде салық қызметінде алға қойылған
басымдықтарды дамыту мақсатында бұрынғы тәжірибелерді жүйелендіру жұмыстары
жүргізіліп келді.
Ал бүгінгі таңда кемеліне келген еліміздің қазыналық органдарын салық
заңының орныдалуына бақылау жасайтын мемлекеттік жүйе болып қалыптасты.
Қазақстан үшін салық саясатының тұжырымдамасын жаңадан қалыптастыруға
және оны жүзеге асыруда еліміздің көптеген ғалымдары еңбек сіңірді. Олар:
Қошанов Қ.,Әубәкіров Я, Жоламан Р., Шеденов Ө. Ермекбаева Б., Сейдахметова
Ф. Т.б. атауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері – салықтың тарихы мен
дамуын ашып көрсету. Осымен байланысты:
-әлеуметтік-экономикалық теория ретіндегі салық ұғымына сипаттама
беру, мемлекеттің дамуы мен экономиканың жалпы жүйесіндегі оның алатын
орнын көрсету;
-салықтың түрлеріне тоқталу;
-салық төлеудің шетелдік тәжірибесіне шолу жасау;
-салық механизмін жетілдіру жолдарын анықтау;
1. Салықтың атқаратын қызметі
1.1.Салық туралы сипаттама
Қазақстан Республикасы бүгінде демократиялық, құқықтық, зайырлы, егемен
мемлекет ретінде нарыққа бет бұра отырып қалыптасуда. Баршаға мәлім,
өркениетті елдерді былай қойғанда, көне дәуірдегі мемлекеттердің өздерінде
салық жүйелері болған. Демек, 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Президентінің Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы заң күші бар Жарлығына сәйкес құрылған, нарықтық қатынас
жағдайындағы мемлекетіміздің салық жүйесі бұрыннан қалыптасқан, кейіннен
түрлендірілген салық салудың қыйсынды жалғасы болып табылады. (1, 37)
Салықтар дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке
тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы
көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын
экономикалық категория.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің
бірге өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады.
Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің
қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің
ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері
қажет.
Салық – бұл мемлекет заң жүзінде белгілеген, шаруашылқ субьектілері
мен жеке тұлғаларға белгілі бір мөлшерде жүргізетін,
қайтарылмайтын және қайта өтелмейтін түрдегі бюджетке төленетін міндетті
ақшалай төлемдер. Салық салу – мемлекет пен шаруашылық субъектілері
арасында ақшалай табысты бөлу әдісі. Мемлекет салықтарды экономиканы
дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде
пайдаланады.
Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде мемлекет қайраткерлері,
экономистер, философтар, ойшылдар көптеген еңбектер жазған. Мысалы,
Ф.Аквинский Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны ретінде анықталса,
салық салу теориясының негізін салушылардың бірі А.Смит Салық төлеушілер
үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі деп тұжырымдаған.
Салық ұғымы әр түрлі экономикалық әдебиеттерде әр түрлі
қарастырылады. Негізінен көптеген экономикалық әдебиеттерде салық ұғымы
бюджет қорына белгілі бір көлемде және белгілі бір уақытта түсетін міндетті
төлем ретінде қарастырылады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын
түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметіне тікелей қатысты.
Экономикалық ілімдер арасында салықтар жайлы сұрақтардың алатын орны тек
қазіргі кездегі экономика ғылымдарының классиктері арасында ғана емес,
бұрынғы классиектердің, яғни А.Смидт, Д.Рикардо, К.Маркс, С.Вобан т.б.
арасында елеулі болған. Олар салықтар арқылы мемлекеттің табысы мен
шығысына сипаттамалар берген, олардың пайда болу көздеріне, мүліктер мен
табыс айналымының әдістері мен формаларына, саяси билікті қамтамасыз
етуімен байланысты қаржылай – бюджет байланыстарының шектелуіне көптеген
ойлар мен жобалар ұсынған.
Салықтардың мынадай негізгі қызметтері бар: фискалдық, реттеушілік,
бақылаушылық.
Салықтардың бірінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызмет.
Фискалдық саясат – үкіметтің халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен инфляцияға
қарсы жалпы ұлттық өнім алуына бағытталған салық салу, мемлекеттік бюджет,
мемлекеттік шығындар туралы саясаты.
Фискалдық саясат фискалдық механизм арқылы жүзеге асырылады.
Фискалдық механизм – салық қатынастарын бөлу мен қайта бөлуді жүзеге асыру
процесінің қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына әсер ететін
әдістердің, құралдардың және формаларының жиынтығы.
Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып,
салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің
кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, қорғаныс, тағы басқа да
шаралардың іске асыруын қамтамасыз етеді.
Фискалдық саясат шығарылатын өрім мен табыстың деңгейіне әсер етеді
және экономиканы тұрақтандыру үшін де қолданылады. Бірақ американдық
экономистердің көзқарастары бойынша фискалдық саясат ЖІО (жалпы ішкі өнім)
деңгейін толық тұрақтандыра алмайды, себебі салық ставкаларына немесе шығын
деңгейіне қандай өзгерістер енгізу қажеттілігінің айқынсыздығына және бұл
өзгерістердің бәрі ЖІО –ге әсерін, тез арада белгілі бір уақыт өткен соң
ғана көрсетеді.
Қазіргі жағдайдағы фискалдық саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын
пайдаланудың негізгі бағыттарын, қаржыландыру әдістерінің және қазынаны
толтырудың негізгі көздерін анықтайды.
Ары қарай фискалдық саясаттың экономиканы реттеуін тікелей және
жанама қаржылық тәсілдерге бөлінеді деп қарастыруға болады.
Сонымен фискалдық саясат – мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық
міндеттерді шешу үшін, үкіметпен қабылданатын мемлекеттік шығындар мен
салық салу шараларының жиынтығы. (2, 9-10)
Сонымен, салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі.
Мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын негізгі қаржылық көздер –
салықтар.
Салықтардың екінші маңызды қызметі ол, реттеушілік қызметі.
Реттеушілік қызметі салық механизмі іске асырылады. Оның ішіндегі
тетіктер салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық реттеудің
тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен ақша және
баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші
кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асуры қажет. Әрине, салықтық реттеу
тетіктері тиімді қызмет қызмет атқару үшін олардан басқа да экономикалық
тетіктерін тығыз байланыста болуы керек.
Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастыруға немесе
жіктеуге болады:
1.салық салу объектісіне байланысты;
2.қолданылуына қарай;
3.салық салу органына байланысты;
4.экономикалық ерекшелігіне байланысты;
5.салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар
болып жіктеледі.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке
салынады.
Тікелей салықтарға мыналар жатады:
- жеке табыс салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық,
мүлік салығы, әлеуметтік салық т.б.
Жанама салықтар – тікелей емес,жанама түрде тауар немесе қызмет құны
арқылы алынады.
Жанама салықтарға мыналар жатады:
-қосылған құнға салынатын салық;
-акциздер;
Бюджетке түскен соң қолданылатын белгісіне қарай салықтар жалпы және
арнайы болып жіктеледі.
Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, жалпы мақсатта жұмсалады. Оған
корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және т.б.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң, алдын ала белгіленген нақты
шараларға жұмсалады. Мысалы, көлік құралдарына салынатын салық жол қорын
құруға жұмсалады.

1.2. Салықтар түрлері
Кез келген мемлекеттің өсіп-дамуының материалдық базасы – қаржыларды
қалыптастыратын ең басты қайнар көздерден, яғни, салықтар мен басқа да
міндетті төлемдерден қалыптасатыны белгілі. Жалпы, салықтар деп,
мемлекеттік бюджетті қалыптастыру мақсатында, мемлекеттің жоғарғы заң
шығарушы және өкілді органы Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған
зеңның негізінде, заңда белгіленген мөлшерде және мерзімде салық төлеуші –
заңды және жеке тұлғалардың мәжбүрлі түрде, қайтарылмайтын және жекелей –
ақысыз негізде тиісті бюджетке төлейтін міндетті ақшалай төлемдерін
айтамыз.
Бұл жерде салықтардың өзіне мынадай ерекше белгілерін атап
көрсеткеніміз жөн: міндетті төлем; мәжбүрлі төлем; қайтарымсыз төлем;
жекелей – ақысыз төлем; тұрақты төлем; құқыққа сай төлем; баламасыз төлем;
меншік нысаны алмасатын төлем. Салықтар осындай өте күрделі қаржылық-
экономикалық және құқықтық-құрылымды болумен қатар, оларды біртұтас алғанда
қоғамдық категория деп айтуға болады. Себебі, салық өзіне тән барлық
функцияларын мемлекеттік бюджеттің ақша қаражаттарын мемлекет емес
субъектілердің табыстары есебінен қалыптастыруға нысаналған мемлекет пен
салық төлеушілердің арасындағы тұрақты байланыстың пайда болуы және дамуы
процесінде жүзеге асады. Ал, егер салықтың материалдық мағынасына назар
аударсақ, онда оның мемлекеттік бюджетке салық төлеушілерден түсетін ақша
қаражаттарын үзбей, бірқалыпты түсуін қамтамасыз ету сияқты тек техникалық
функцияларды орындайтынын байқаймыз.
1995 жылғы Заңдық құжатқа сәйкес, қазақстандағы салықтар жүйесі жалпы
мемлекеттік салықтардан және жергілікті салықтардан тұрады. Бұларға қоса
заң жүзінде көрініс тапқан үш жергілікті алымды және мемлекеттік баж бен
кедендік баждарды атап өтуге болады. Сонда мемлекет аумағында алынатын
салықтар мен алымдардың саны былайша болып келеді:
5 жалпы мемлекеттік салық, 3 жергілікті салық, 3 жергілікті алым.
Яғни, Салық Кодексі бойынша міндетті төлемдердің небәрі 11 түрі алынады.
Мәселен, салыстырмалы талдау жасау мақсатында 1991 жылдың 25 желтоқсанында
қабылданған Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің құрамындағы
салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді айтатын болсақ, онда салық
жүйесінде 16 жалпы мемлекеттік салықтар мен басқа да міндетті төлемдер, 10
жалпыға бірдей міндетті салықтар мен алымдар топтастырылғандығын көреміз.
Демек, 1991 жылдың салық жүйесінің құрамында салықтар мен алымдардың 45
түрі болған. Бұрын алынған 45 салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге
қарағанда қазір жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардан алынатын салымдар мен
алымдар әлдеқайда аз мөлшерде екенін, сондай-ақ салық жүйесінің айтарлықтай
дәрежеде ықшамдалғанын байқаймыз. Салық Кодексінің жаңа концепциясын
талқылауды аяқтап, оны жаңадан қабылдау кезінде Алматыға келген Салықтар
және инвестициялар бойынша Халықаралық Орталықтың Президенті Д.Витт мырза:
Сіздердің Салық Кодекстеріңіз экономикаға және республиканың өзіне тән
ерекшеліктеріне сәйкес қайталанбас сипатқа ие болып отыр. Ең бастысы,
республикаларыңыз халықаралық стандарттар мен нормаларға сай келетін заң
жүйесіне ие болмақ. Сондықтан, бұл Кодекстің енгізілуі Қазақстанның
дүниежүзілік жүйеге бірігуінің және оның салық заңдарының басқа елдердің
салыққа қатысты нормативті актілермен үйлестірілуінің маңызды белесі болып
табылары сөзсіз деген еді. Осы орайда, жоғарыдағы пікірге қосыла отырып,
сол Салық кодексінің 59 –бабында жалпы ережелер берілген:
1. Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер қолданылады.
Тікелей тәсілдерге ол бюджеттік реттеу әдістерін, атап айтқанда:
ұдайы өндірісті арттыру шығындарын, мемлекеттің өндіргіш емес шығындарын,
инфрақұрылымның дамуын, құрылымдық саясатты жүргізуін және тағы басқаларын
жатқызады.
Жанама тәсілдер мемлекеттің мемлекеттің тұтыну сұранысының
мөлшеріне, көрсетілетін қызметтер мен тауар өндірушілердің қаржылық
мүмкіншіліктеріне көмектесуне бағытталған. (3, 208)
2. Салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді.
3. Салық және басқа да міндетті төлемдердің сомалары Бюджет жүйесі
туралы Қазақстан Республикасының Заңына және тиісті жылға арналған
республикалық бюджет туралы заңдарда белгіленген тәртіппен тиісті
бюджеттердің кірісіне түседі.
60-бап. Салықтар
1.Корпорациялық табыс салығы
2.Жеке табыс салығы
3.Қосылған құн салығы
4.Акциздер
5.Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
6.Әлеуметтік салық
7.Жер салығы
8.Көлік құралдар салығы
9.Мүлік салығы
Енді осы аталған салық түрлерінің ішіндегі жеке тұлғаларға, жерге,
сондай-ақ мүлікке салынатын салықтарға кеңінен тоқталсақ:
Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының жеке төлеушілері салық
жылында, яғни күнтізбелік жылда, салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар
болып табылады. Табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға Қазақстан
Республикасы азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.
Табыс салығын салуды ойдағыдай жүзеге асыру мақсатында шетелдік
азаматтар – резидент және резидент емес болып екіге бөлінеді. Резидент-жеке
тұлға деп, басталған немесе аяқталуға жақын салық жылының кез келген жүйелі
12 айлық кезеңіне 183 және одан да көп күн бойы Қазақстан аумағында немесе
шетелде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінде болған шетелдік жеке
тұлғаны айтамыз.
Біз елдегі салық жинау жүйесін күшейтеміз. Мемлекет халыққа не
міндетті болса, соны төлеуге тиіс. Сонымен бірге халық та өзінің
мемлекетіне, жергілікті билік органдарына заңға сай нәрсені төлеп тұруға
тиіс. Біздің салық жинау жүйесінің босаңдығы мемлекеттің материалдық
негізін әлсіретеді, рыноктағы жайсыз құбылыстарға себепкер болады, шетел
инвесторларын шошынтады. Азаматтардың елдің басшылығына сенімін шайқалтады.
Салық жинау жүйесі жолға қойылмаған жерде, айналып келгенде, бүкіл елдің
экономикасы күйрейтінін біз талай мемлекеттің тәжірибесінен көріп жүрміз.
Біздің міндетіміз – ақылға қонымды, әділетті әрі қалыпқа түскен салық
жүйесін жасау. (6)
Тұрғындардан алынатын салыққа мүліктей, заттай тағы басқа алынатын
салықтар жатады. Соның ішінде: еңбекке ақы төлеу түрінде алынған табыс,
кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс, жеке тұлғалардың мүліктік табысы
жатады.

1.3.Тұрғындардан салық салудың халықаралық тәжірибесі

Алыс-жақын шет мемлекеттердің салық жүйелері әр-түрлі экономикалық,
саяси, әлеуметтік жағдайлардың барысында қалыптасты. Салықтардың құрылымы
мен олардың қолдану аясы, есептелу және алыну механизмі, әр түрлі билік
органдарының фискалдық өкілеттіктері және басқа да салық саласындағы
мәселелеріне байланысты шет мемлекеттердің салық жүйелері бір-бірінен
айырықшаланады.
Салық төлеуші болып салық төлеу жауапкершілігі жүктелген заңды және
жеке тұлғалар танылса, салық салу объектісі ретінде салық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Салықтың экономикалық мақсаты
Салықтың атқаратын қызметтері
Қазақстандағы салық жүйесiнің жалпы сипаттамасы
Салықтар және салық салу механизмі. Салық түрлері
Салықтың экономикалық мәні және олардың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның элементтері
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: реформалау мәселері және даму тенденциялары
Салықтар және олардың атқаратын функциялары
Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі
Пәндер