Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі және Қытайдың позициясы


МАЗМҰНЫ

Кіріспе.

I. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық қатынастар 1945- 2000 ж. ж.

  1. Азия-Тынық мұхиты аймағы халықаралық қатынастардың саяси біртұтас жүйесі ретінде қалыптасуы . . . 7-17
  2. Қытайдың геосаясатының қалыптасуы . . . 18-30
  3. Қытайдың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ерекше орны . . . 31-41

II. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі және Қытайдың позициясы

2. 1 Солтүстік-Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастардағы мәселелер және Қытайдың саясаты . . . 42-54

2. 2 Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің халықаралық қатынастар мәселесі және Қытайдың позициясы . . . 55-60

Қорытынды . . . 61-63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64-67

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі , «Қырғи-қабақ соғыс» аяқталғаннан кейін Азия-Тынық мұхиты аймағында екі күшті тенденция белгіленді: саясаттағы көпполярлық пен экономикадағы жаһандану. Әлем көпполюсті құрылымға қарай бағытталып келе жатыр. Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуында Қытай - көпполярлық әлемде өзінің полюс ретіндегі орнын анықтап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сыртқы саясатта елдің ішкі дамуы үшін шарттар жасап, ішкі потенциалдың дамуы негізінде халықаралық аренада жаңа секіріс жасауды мақсат етеді. Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу аумағында Пекиннің тағы бір мақсаты Азия-Тынық мұхиты аймағында лидерлік позицияға ие болу. «Неліктен Қытай назарын Азия-Тынық мұхиты аймағына аударады?» деген сұрақ туындайды. Пекиннің көзқарасында осы жүзжылдықта әлемдік экономиканың орталығы толығымен солтүстік Атлантикадан Азия-Тынық мұхиты аймағына өтеді. «ХХІ-ші ғасыр Азия-Тынық мұхиты аймағының ғасыры» деген сөз тіркесін қолдану қытайлық және басқа да ғалымдардың еңбектерінде үйреншікті болып кетті, ал оның астарында «ХХІ-ші ғасыр -Қытайдың ғасыры» деген тұжырымның жатқанын біле аламыз.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері, қазіргі кезеңдегі Азия-Тынық мұхиты аймағындағы халыаралық қатынастардың біртұтас жүйе ретінде қалыптасып жатқан жаңа әлемдік тәртіп форматындағы Қытайдың орнын анықтауға, осы аймақтағы мәселелерді шешудегі Қытайдың сыртқы саяси механизмдерінің сипатын ашуға бағытталады.

Диплом жұмысының мақсатынан төмендегідей міндеттер туындайды:

  • Жаһандану жағдайындағы Азия-тынық мұхиты аймағындағы халықаралық қатынастың құрылымы мен формасындағы өзгерістердің сипатын ашу.
  • Азия-тынық мұхиты аймағындағы саяси процестерге қатысты сыртқы саясатындағы ұлттық мүддесінің мәнін ашып көрсету
  • Солтүстік-Шығыс Азиядағы аймақтық мәселелерге қатысты Қытайдың саясатының мәнін ашу.
  • Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы діни-этникалық дау-жанжалдарға, лаңкестік әрекеттерге, Оңтүстік-Қытай теңізіндегі даулы территориялар мәселесіне қатысты Қытайдың позициясын ашып көрсету.

Диплом жұмысының дерек көзі ретінде АТА аймағындағы қауіпсіздік және В. Михеевтің еңбектерін пайдаланып, өзекті мәселелерге қатысты қабылданған декларациялар мен келісімдер, коммюнике және меморандумдар сияқты ресми құжаттарды пайдаландық. [1]

Диплом жұмысын жазу барысында ҚХР мен Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің қарым-қатынастарының әртүрлі аспектілерін қарастыратын отандық және шетелдік зерттеу еңбектерінің ауқымды бөлігі қолданылды.

Диплом жұмысының тақырыбын ашуға арқау болған «Китай в мировой политике» атты еңбекте Ресей, Қытай, АҚШ авторларының халықаралық ұжымы тұңғыш рет Қытайдың «бірінші деңгейдегі» мемлекеттер қатарына шығуына байланысты геосаяси және геоэкономикалық мәселелері мен осы процестің барысында туындаған жаһандық және аймақтық мәселелерге анализ жасаған. [2]

Зеттеу деңгейі: Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің орнын, аймақтық мәселелердегі позициясын сараптау мақсатында Ресей, Қазақстан және Қытай зерттеушілерінің баспасөз бетінде жариялаған мақалалары кеңінен қолданылды.

Қытайдың сыртқы саяси принциптері мен жаңа бағыттарының қалыптасуы туралы мәселелер В. Михеевтің «Внешняя политика Китая при новом руководстве» мақаласында баяндалады. [3] Солтүстік-Шығыс Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне, әсіресе Корей түбегіндегі саяси жағдайды қарастыруда «Проблемы Дальнего Востока» журналында жарық көрген А. Жебиннің «Переговоры по ядерной проблеме на Корейском полуострове: промежуточные итоги» мақаласының көп көмегі тиді [4] . Автор аймақтағы елдердің қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отырған Корей түбегіндегі ядролық қару мәселесіне тоқталып, екі Кореяның қосылу перспективаларына өзіндік баға берген.

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жаһандану мен интеграциялану процесінің ықпалында ҚХР-дың аймақтағы жетекші державалар мен АСЕАН елдерімен жан-жақты қатынастары және қауіпсіздікке байланысты позициясы В. Федотов, Н. Латышев, Чжай Кунь, А. Шлындов және А. Семиннің мақалаларында қарастырылады. [5]

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық жағдайды шиеленістіруге алып келетін Тайвань мәселесінің шешілу жолдары және осы мәселеге қатысты АҚШ-тың, Жапонияның позициясы А. Болятко, П. Каменнов, Г. Зиновьев және А. Лариннің мақалаларында баяндалған. [6]

Қазіргі таңдағы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы діни-этникалық сипаттағы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттердің етек алуы, есірткінің таралуы сияқты мәселелердің аймақтағы елдердің ішкі және сыртқы саясатына әсері М. Гусевтің мақалаларында кеңінен қарастырылады. [7] Автор Индонезия, Малайзия, Филиппиндағы исламдық экстремизмнің күшеюін, оның діни жанжалдар мен сепаратистік әрекеттерді тудыруын, қоғамдағы көріністерін сөз етеді.

Диплом жұмысын жазуда төмендегі авторлардың еңбектері зерттеу жұмысының ауқымын кеңейтіп, жан-жақты қарастыруға септігін тигізді . ХХ ғ. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық қатынастардың даму сипаты, түйінді мәселелері жайында О. Арин, Збигнев Бжезинский, Н. А Нартов, Питер Кальвокресси және З. Д. Каткованың еңбектерінде құнды мәліметтер беріледі. [8]

Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігіне негізделіп, жұмыстың мақсат-міндеттері айқындалып, дерек көздері мен зерттеу еңбектеріне шолу жасалған.

Негізгі бөлімі екі тараудан тұрады.

Бірінші тарау «Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қазіргі кездегі геосаяси жағдайдың тарихи алғышарттары және Қытайдың орны» деп аталады.

Бұл тарауда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қазіргі кездегі геосаяси жағдайға, Қытайдың аймақтағы негізгі державалармен қатынастарына, қауіпсіздік стратегиясының бағдарламаларының сипатына шолу жасалынды. Қытайдың саяси бағыттары мен аймақтағы орны мен рөлін анықтауға ұмтылыс жасалынды.

«Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі және Қытайдың позициясы» деп аталатын екінші тарауда Азия-Тынық мұхиты аймағының қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін екі Корея мәселесі, Тайвань мәселесі, Оңтүстік-Қытай теңізіндегі таласты территориялар мәселесі, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі соңғы жылдардағы исламдық экстремизмнің, лаңкестіктің күшеюі, діни-этникалық жанжалдардың өршуі мен сепаратистік әрекеттердің белең алуы сияқты негізгі мәселелер қозғалып, оларды шешудегі Қытайдың позициясына тоқталдық.

Қорыта айтқанда Азия-Тынық мұхиты аймағы ХХІ-ші ғасырда әлемдік державалардың бәсекесі мен күресінің негізгі аренасына айналып, халықаралық қатынастар жүйесінде маңызды орынға ие болды. Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу жағдайында Қытай Азия-Тынық мұхиты аймағындағы лидерлік позицияны иеленуге талпынады. Өзінің әскери қуатын арттыра отыра, Қытай аймақтағы қауіпсіздік мәселелерін шешуде белсенділік танытуда. Аймақтағы интеграциялық процестерге араласу арқылы, ықпалын арттырып жетекші позицияға дәл бағыт алып отыр.

Ғылыми зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Бұл жұмыс осы салада зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген мамандар үшін қызығушылық тудыруы мүмкін. Себебі, бұл жұмыста осы саладағы халықаралық құқық практикасы мен теориялық мәселелері топтастырылып, бір жүйеге келтірілген. Бітіру жүмысының негізгі ережелерін адам құқығы мен сыртқы қатынас органдарына қатысты курстарды оқыту барысында колдануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі үлкен тараудан, қорытындыдан тұрады. Диплом жүмысының жалпы көлемі 66 беттен тұрады.

І. Азия-тынық мұхиты аймағындағы қазіргі кездегі геосаяси жағдайдың тарихи алғышарттары және Қытайдың орны

1. 1 Азия-тынық мұхиты аймағы халықаралық қатынастардың біртұтас саяси жүйе ретінде қалыптасуы.

Азия-тынық мұхиты аймағының мемлекетаралық қатынастардың саяси біртұтас жүйесі ретінде қалыптасуы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталып, 60-шы жылдарға дейін жалғасты. Әрине бұл процесс тарихи дамудың алғышарттарымен айқындалған болатын. Мәселен бұл алғышарттарға АҚШ, Англия, Франция және басқа империалистік державалардың Қиыр Шығыс пен Тынық мұхитта 19-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың басындағы саясатының белсенділігі, Патшалық Ресейдің кейіннен Кеңес Одағының тынық мұхит державасы ретінде қалыптасуы, Қытай мен Жапонияның мемлекетаралық қатынастардың жалпы жүйесіне араласуы жатады .

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық саясаттың сферасына отарлық империалардың құлдырауынан кейін пайда болған саяси тәуелсіз мемлекеттер кіре бастады. Мемлекетаралық қатынастардың жаһандану процесі жүре бастады.

Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі екі қарама - қарсы қоғамдық жүйенің қарсыласуы мен күресі, оның мемлекетаралық қатынастардың бүкіл құрылымының өзгеруіне алып келді. Екі әлемдік державаның социализм мен капитализм әлемінің өкілдері - Кеңес Одағы мен АҚШ-тың қарым-қатынасы, мемлекетаралық қатынастардың жаһандық жүйесінің негізіне айналды. Қалған мемлекеттер осы екі мемлекеттің біреуінің жағына топтаса бастады. Бұл жүйе биполярлық сипатқа ие болды. [9]

Күштердің осылайша орналасуы Азия - Тынық мұхиты аймағындағы қарым-қатынастарды да анықтады.

Қытай мен Кеңес Одағы бір саяси блокты, ал АҚШ Жапонияны қатал бақылап тұрған кезге дейін, бұл аймақтағы қатынастар Кеңес-Америка қатынастарымен айқындалды. Бір жағынан ҚХР, екінші жағынан Жапония өздерін аймақтық саясаттың тәуелсіз орталықтары ретінде көрсете бастағаннан бастап, жағдай өзгере бастады. Негізінен бұл Қытайдың халықаралық рөлінің өзгеруіне байланысты болды және де 50-ші жылдардың аяғында оның саясатындағы ұлтшылдық тенденциялардың басым болуы, Қытайдың 60-70 жылдардағы халықаралық аренадағы белсенділігі, сол кездегі сыртқы саясаттағы Қытайдың КСРО қарсы бағыты аймақтағы саяси күштердің жаңадан шоғырлануына әкелді. Осы кезеңде Жапония да Азия мен Тынық мұхитында саяси ықпалын күшейте бастады. Бұл американ-жапон қатынастарында қайшылықтардың шиеленісуіне әкелді.

60-шы жылдардың аяғы 70 жылдардың басына таман тынық мұхиттық державалар - КСРО, АҚШ, ҚХР, Жапония арасында қарым-қатынастар аймақтағы халықаралық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды. Осы уақыттан бастап, яғни аймақтық деңгейдегі орталық күштік қатынастардың құрылуынан бастап, Азия-тынық мұхиты аймағындағы күрделі қарым-қатынас комплексін біркелкі және мемлекетаралық қатынастардың едәуір өзіндік подсистемасы ретінде қарастыруға болады. Сөйтіп, 60-70 жж «Азия-тынық мұхиты ауданы» деген атау қолданыла бастады, оған дейін «Қиыр Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия», « Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия », «Тынық мұхиттың батыс бөлігі және Австралия» және т. б деп аталатын. БҰҰ-ның Азия және Қиыр Шығыс мәселелері бойынша экономикалық коммиссиясы БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты мәселелері бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясы болып жаңадан құрылды, АҚШ-тың Қиыр Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің мәселелері бойынша мемлекеттік департаментінің бөлімі Азия және Тынық мұхиты мәселелері бойынша бөлімі деп атала бастады. Осының барлығы АТА мемлекетаралық қатынастардың өзіндік подсистемасы ретінде қарастырыла бастағанының дәлелі бола алады.

Қазіргі әлемде АТА алдыңғы орынды алады. Планетаның бұл үлкен бөлігінде жер шары халқының 1/3 бөлігі тұрады, шамамен 50 мемлекет орналасқан. Солардың ішінде бәсекелестік рейтингі жоғары Жапония, АҚШ, Канада, Гонконг, Сингапур, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея сияқты елдер орналасқан. Қытай қалыпты финанстық - экномикалық орынды иеленеді. Индия, Индонезия, Тайвань, Малайзия, Шри-Ланка және т. б елдер халықаралық авторитетімен, үлкен экономикалық потенциалымен, үлкен адам ресурстарымен, көне және ерекше мәдениетімен ерекшеленеді.

АТА-дағы мемлекеттердің дамуының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін айтатын болсақ, бұл мемлекеттерге бүкіл дүниежүзінің ІЖӨ-нің және сауда айналымының 60 % келеді. Тек АҚШ өзінің экспортының 40 %, Жапония мен Корея 40 % осы ауданға шығарады. Бұл аймақта автомашиналардың, теңіз кемелерінің, телевизор және синтетикалық талшықтардың 70 %, алюминийдің 50 %, пластмассаның 60 % шығарылады. [10]

АТА-н келесі субрегиондарға бөледі : Солтүстік - Шығыс Азия, Оңтүстік - Шығыс Азия, Орта Азия, Оңтүстік Азия, Тынық мұхиттың Оңтүстік бөлігі. Бұлардың барлығы өзінің ұлттық мәдени ерекшеліктеріне, халықаралық аренадағы саяси «салмағына», саяси және экономикалық интеграцияланғандығы мен интеграциялық процестердің даму мүмкіншіліктеріне, қауіпсіздік деңгейіне байланысты әртүрлі болып келеді.

Осы ерекшеліктеріне байланысты субрегиондарды таза және араласқан деп классификациялауға болады: таза азиялық, яғни құрамында еуропалық халықтар басым болатын мемлекеттері жоқ (Орта Азия, Оңтүстік - Шығыс Азия, Оңтүстік Азия), араласқан : Солтүстік - Шығыс Азия, Тынық мұхиттың Оңтүстік бөлігі. Халықаралық аренада ең «салмақтысы» бұл - : Солтүстік - Шығыс Азия субрегионы, оның құрамына Жапония, Корея, Қытай, Ресей, Монғолия, АҚШ, Канада кіреді. Оңтүстік - Шығыс Азия болса АСЕАН-ға байланысты неғұрлым интеграцияланған болып саналады. Орта Азия субрегионы тұрақсыздығымен ерекшеленеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдегі жағдай түгелімен өзгергені белгілі. Біз білетіндей 20-шы ғасырдың дүниежүзілік соғыстары Евразияға бақылау жүргізу үшін жүргізілген болатын. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңгенінің нәтижесінде КСРО тек өз территорияларын сақтап қана қоймай, өзінің ықпал ету территорияларын кеңейткен еді, яғни Шығыс Еуропаны қамтып, енді Тынық мұхиты бассейніндегі бірқатар елдерді қоспақшы болды. Бірақ бұл батыс елдерінің жоспарларында болмағандықтан, 1945-ші жылдан кейін дүниежүзінде ықпал ету үшін жаңа күрес басталды.

АТА-дағы АҚШ пен КСРО-ның геосаяси қызығушылықтарының негізгі қақтығыс сферасы - Қытай, Вьетнам, Корея болды. Қытай геостратегиялық, геосаяси, геоэкономикалық тұрғыдан өте қолайлы болды. Сондықтан да АҚШ Чан Кайшидің режимін қолдап, Қытайда бекініп, кейін оның территориясын солтүстік пен солтүстік-батысқа Кеңес Одағының жағына қарай жылжу үшін қолдануды жоспарлаған, ал батыста - Үндістан жағына қарай жылжу. Айта кету жөн, Қытай АҚШ пен КСРО-ның барлық геосаяси конструкцияларында «Азияға кілт» ретінде қарастырылды. Сонымен қатар Қытай АҚШ үшін үлкен рынок ретінде де маңызды болды. Американ генералы Ведемейердің Қытайға 1947 жылғы миссиясының мақсаты Қытайдағы саясатты Жапониядағы ремилитаризация курсымен байланыстыру еді. Бұнда Қытай Жапонияның өнеркәсібі үшін шикізат базасы және Жапонияның тауарларын өткізетін рынок ретінде қарастырылды. Бірақ жағдайдың қиындығы Қытайдың солтүстігі КСРО-ның қолдауын тапқан коммунистердің қолында болуында еді. Мао Дзэдунның билігі бүкіл Қытайға таралуы мүмкін еді, уақыт көрсеткендей 1949 жылы азаматтық соғыстың нәтижесінде солай болды. Қытай екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың форпостына айналған жоқ. Бұл рольды Тайвань атқара бастады.

Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижелеріне Каирдағы, Потсдамдағы конференциялардың шешіміне, Жапонияның «капитуляция жөніндегі актісіне» сәйкес Тайвань аралы Қытайға өту керек еді. Алайда 1949 жылы гоминьдан армиясының бөлігі Тайваньға қашып, АҚШ-тың көмегімен сол кезден бері Қытайдан тәуелсіз статусқа ие болуға тырысатын мемлекет құрды. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін, Тынық мұхитта «геосаяси ойынға» қосылған жаңа күш пайда болды. Қытай кеңестік блокқа қосылуына, әлде атлантизмдік позицияны ұстануына АТА-дағы КСРО мен АҚШ-тың қарсыласуының нәтижесі тәуелді болды.

1950 жылы Қытай Тибетті қосып алды да өте белсенді бола бастады. Пекин үшін өзінің оңтүстік рубеждарында режимі ұқсас мемлекет болуы, яғни Американың ықпал ету аймағымен шекарада өзіндік «буфердің» болуы маңызды еді. Сондықтан Корея, Вьетнам Қытайдың ықпал ету аймақтарына кіру керек болды, ал кейін олар Қытайдың ықпалын кеңейтуге септігін тигізер еді.

1940 жылы КСРО Қытайға, Монғолияға, Солтүстік Кореяға, Солтүстік Вьетнамға ықпал етті. Москваның әрекеттеріне қарамастан, Қытай өзінің солтүстік көршісінің геосаяси мүддесінің орбитасына толығымен кіруге ниет білдірген жоқ. 1950 жылы КСРО ақысыз ҚХР-ға КЧЖД-ны бірігіп басқару құқығын барлық мүлігімен қоса тапсырды. Ал, 1954 жылы Порт-Артурдан Кеңес әскерлері шығарылды. Осындай КСРО-ның ҚХР-ға көрсеткен экономикалық, әскери көмегіне дүниежүзілік аренадағы қолдауына қарамастан 50жж екі мемлекет басшыларының арасындағы келіспеушілік екі мемлекеттің қатынастарының нашарлауына әкелді. Бұл ҚХР үшін екі блоктың арасында «геосаяси ойынды» жүргізуде бастау болды да, КСРО болса күшті одақтасынан және Тынық мұхиттағы позициясынан айырылды. Кейінде бұл КСРО-ның батыс блогымен қарсылығында теріс әсерін тигізді. АҚШ болса АТА-да әскери-саяси блоктардың жүйесін құрды. 1954 жылы SEATO құрылды, оның басты мақсаты КСРО -ның немесе Қытайдың Тынық мұхиттағы американдық ықпал ету аймақтарына кіруін болдырмау еді. SEATO -ның құрамына АҚШ, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Австрия, Франция, Филиппин, Пәкістан және Тайланд кірді. Саяси-әскери блоктың қорғау сферасына Тынық мұхитының оңтүстік бөлігі, Вьетнам, Лаос пен Камбоджа кірді, бірақ Гонконг пен Тайланд кірген жоқ. SEATO -ның мүшесіне агрессия жағдайында біріккен қарулы акциялар жүргізу шаралары қарастырылды.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдері үшін Қытай мен Жапонияның мүмкін экспансиясы үрей туғызды. Сондықтан 1967 жылы АСЕАН (Филиппин, Малайзия, Тайланд, Сингапур кейіннен Бруней қосылды) құрылды, құрылуының бір мақсаты -АҚШ, Қытай және Жапонияның ықпалына түспеу үшін аймақтағы геосаясатында өзіндік бағытты жүргізу. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері аграрлық экономикаға негізделген өте төмен позициялардан бастады. Қазіргі кезде олар әртүрлі позицияларға ие. Мәселен Сингапурдағы ұлттық өнім жан басына шаққанда 22, 5 мың АҚШ долларды, Бруней де одан алысқа кеткен жоқ - 18, 5 мың АҚШ долларды, Филлипинда мың доллардан сәл асады, ал Индонезияда 780 доллар ғана болады ( Asia Week бағалауы бойынша) . Еуропалық стандарттқа жеткізу үшін әрине әлі де көтеру қажет, дегенмен оның негізі қаланды және нәтижелері бар. Мәселен, Малайзия осыдан 20 жыл бұрын «ауылды жерде» тұратын үлкен халқы бар аграрлы-индустриалды ел болатын. Қазіргі кезде ол дүние жүзінде ең ірі үй техникасы мен компьютерлердің бөлшектерін шығарушы елдердің қатарында болып отыр, сонымен қатар елде автомобильдер мен аэрокосмостық техниканың бөлшектері шығарылады. Жуырда елде инфраструктураны дамытуға 48 млрд. доллар шамасында қаржы бөлу жоспарланып отыр. Онымен қоса Малайзия Жапонияның үлгісімен компьютерлік білімі жоқтардың барлығын білімсіз деп атау қажет деп жариялады (жаппай компьютеризация 7-ші бесжылдықтың аумағында жоспарланып отыр) . 2020 жылы Малайзия өмір сүру деңгейі мен халықтың табысы бойынша дамыған елдер қатарына қосылғалы отыр.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдері осыған қалайша жетіп отыр? Мамандардың айтуы бойынша бұған бірнеше себеп бар:

  1. Батыстан бөлек, дамудың өзіндік моделі - саяси кооперацияны таңдау.
  2. Мемлекетаралық саяси тұрақтылық - мемлекетаралық капиталды аймаққа тартудың негізгі шарты ретінде: саясаткерлер бейбіт өмір жасайды, ал бизнесмендер экономикалық өрістеумен төлейді.
  3. Инвестицияларды, технологияларды, туристерді (Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде туризм валютаның кіруін қамтамасыз ететін негізгі сала болып табылады) тартудағы ашық есік саясатының тұрақтылығы.
  4. Дамыған финанстық инфрақұрылым.
  5. Мемлекеттің экономикалық дамуды жылжытудағы жоғарғы орны.

Гениальды менеджмент, коммерциализация.

Сиэтлдағы (1993ж) АСЕАН басшыларының кездесуінде АҚШ сыртқы саясаттағы негізгі бағытын АТА-ға бұратыны жөнінде ресми хабарлаған. Бұл Богорда (1994ж), Осакада (1995ж) өткен самиттерде дәлелін тапты. [11] АТА 21-ші ғасырдағы дүниежүзінің дамуында шешуші роль атқарады деуге болады.

Батыс отаршылдарының келуінен бұрын Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен Қытай арасындағы қарым-қатынас басқыншылық сипатта болған жоқ. Қытай көрші елдеріне кейіннен батыс отрашылдары сияқты саяси және экономикалық басымдылық орнатуға тырыспаған. Ал «суық соғыс» кезінде Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы қарым-қатынас АҚШ, КСРО сияқты ұлы державалардың қатынастарына тәуелді болды. 1991-ші жылы соғыс аяқталғаннан кейін Қытайдың АСЕАН елдерімен тұңғыш ресми қатынастары басталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытайдың АТА-дағы сыртқы саясат стратегиясы
Американың Үнді - Тынық мұхиты стратегиясымен байланысы
Қазақстан Азия-тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттермен қарым-қатынастары
Азия-тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі
Қытай сыртқы саясатындағы Үндістанның орны
Екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі
ЖАПОНИЯ ЖӘНЕ АҚШ
ҚХР Жапонияның сыртқы саясатында
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Қытайға Жапониядан капитал шығару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz