Жаңа әлеуметтік – мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету


Мазмұны
Кіріспе . . . 3 - 6
І Қазіргі кездегі кітапханалардың қоғамдағы ролі
- Қазақстан Республикасындағы кітапханалардың типтері мен түрлері… . . . 7 - 19
- Кітапханалық қызмет көрсетудің міндеттері мен мақсаттары … . . . 20 - 38
ІІ Жаңа әлеуметтік - мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету
- Кітапханада жүргізілетін көпшілік жұмыстардың жаңа әдістері . . . 39 - 53
- Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсетудің жаңа формалары. . 54 - 61
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі. .
Қосымша. .
Кіріспе
Адамзат өмірінің табалдырығын аттаған ХХІ ғасырымыз жаңа технологияның қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Ақпараттық технологияның жылдан-жылға кең құлаш жайып, оның адам қызметінің барлық салаларына енуі - өркениетті дамудың қажетті шарты болып отыр. Бұл күндері бүкіл дүние жүзінің дамыған елдері сияқты, Қазақстанда да ақпараттық даму жүзеге асырылуда.
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деген Қазақстан халқына жолдауында (06. 02. 2008ж. ) соңғы « . . . үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтау»1 қажеттілігі көрсетілген.
Қазақстан Республикасында кітапхана жұмысын жаңарту үрдісі дегеніміз оның мазмұны мен сапасын арттыру, кітапхананың ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологияларды енгізуге байланысты жаңаша ақпараттық технологиялық дәуірде өмір сүру.
Бүгінде ақпарат көп жағдайда қоғамда шешуші рөл атқарып, ақпарат ресурстары мемлекеттік табиғи, еңбек, қаржы, энергетикалық ресурс іспетті стратегиялық ресурстармен бірдей маңызға ие болып отыр. Қазіргі кезеңдегі кітапханалардың қоғамдық рөлін көтеру, дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне ену, біртұтас жаңару стратегиясын қабылдау, кітапхананың дамуы, кітапхана қызметінің сапасы мен дәрежесін көтеру, кітапхана қызметкерлерінің үздіксіз жоғарғы білім алуларына ықпал ету бүгінгі күннің көкейкесті талабы.
Кітапхана - ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуеніне сүріндірмей әкеле жатқан тұғыры биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы. Заманымыздың әр кезеңінде кітапханашы мамандықтың қажеттілігін мойындайтын оң пікірлермен көзқарастар қалыптасуы керек. Кітапханаларды тек қана кітап береді деген теріс ұғым көптеген оқырмандардың көкейінде жүрері анық. Сондықтан осындай ойлардың туындамауы үшін кітапханашылар мемлекеттің әртүрлі мәдени шараларына, қоғамдық-саяси өміріне араласып өздерінің деңгңйлерін көрсетуі тиіс.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстанның сарқылмас байлығы - кітап мұрасын жоспарлы түрде зерттеу және оны игеру. Кітапхана ісінде жаңа технология мен ғылыми білімді, мәдениетті дамытудың көздерін табу. Кітапхана құжаттарын сақтаудың бүгінгі таңда ең тиімді, қолайлы түрі - ақпаратты сақтаушы, таратушыларға көшіру және микроформ күйінде сақтау.
Жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда кітапханалардың қызмет түрлерін жандандыру. Кітапханашы мамандығын ғылыми-зерттеу және әдістемелік қалыпта тарату. Қазақстанның әлеуметтік-мәдени жағдайында кітапхананы әлемдік деңгейде өзінділік, бірізділік құндылықтарына бағытталу жолын құру. Ақпараттық өнім сапасын бақылау, әлемдік стандарттарға, ақпараттық қоғамның жаңа лебіне, республиканың ғылыми және мәдени қоғамдастығының талабына сай инфрақұрылымын анықтау. Көзі ашық көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеуде кітапхананың қоғамға қосатын үлесін таразылап, кітапханада ақпараттық қызмет, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру
Диплом жұмысының мақсаты. Жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда кітапханалық қызметтің қазіргі әлеуметтік жағдай мен мәдениетте алатын орнын айқындау. Мәдениет саласында кітап алмасу тек қана ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар, мәдени және кәсіби жағынан сапасының мазмұнын ашу.
Кітапханаларда жаңа ақпараттық мәдениетті насихаттау, ақпараттық қызмет көрсету, кітапханада көпшілік жұмыстардың пайдалану әдістерін зерттеу. Қазіргі кітапханалық қызметте және жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда кітапхананың жан-жақты жаңа бағыттарын ашу. Мемлекеттің мәдени саясатында кітапхананың атқаратын қоғамдық-ұйымдастырушылық жұмыстарының мәнін, ғылыми тұрғыдағы бағыттарын анықтау. Сонымен қатар әлеуметтік-мәдени жағдайда кітапханалық қызметтің мемлекетке тиімділігі мен жетістіктерін көрсету.
Зерттеу міндеттері. Қазіргі кітапхана саласының құрылымдарын зерттеуде ұлттық құндылықтармен байланысын қадағалау. Кітапхананың жұмысын насихаттау барысында мемлекет көлемінде мәдениеттер диалогы мәселесіне деген жаңа тұжырымдамалық тәсілдердің ғылыми негіздемесін жасау. Кітапханада әлеуметтік-мәдени жағдайда кітапханалық қызметті зерттей жүріп, қазақ халқының тарихы мен мәдениеті бойынша жаңа дәлелді және материалды базаны анықтау, оны ғылыми айналымға енгізу. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды мәдениет саласында басым бағыттарын болашаққа объективті түрде жеткізу.
Кітапхананың қоғаммен, қоғамның кітапханамен арақатынасын жақындату мәселесін көтеру. Ақпараттық мәдениет пен кітапханаға өзіндік мән-мағына беріп, ұлттың баға жетпес мұрасы мен кітапханаға деген сұранысты қамтамасыз ету.
Зерттеудің әдістері. Дипломдық зерттеулердің интегралды нәтижесі және оқырман дамуының негізгі көрсеткіші ретінде жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті. «Ақпараттық мәдениет» - түсінігінің құрылымын қалыптастыру: оқу мәдениеті, кітапханалық-бибюлиографиялық мәдениеті, компьютерлік және сауаттылық және басқалар жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін құрылымын зерттеу әдісі.
Кітапханада әлеуметтік және психологиялық қызметтерді құру кітапханалық қызмет көрсетудің негізі. Оқырманды зерттеудегі әлеуметтік және психологиялық тәсілдер кезіндегі негізін зерттеу әдісі. Кітапханадағы жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің құрылуын зерттеу, жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі.
Әлеуметтік-мәдени жағдайда кітапханалық қызметтің мемлекеттің мәдени саясаты ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету, жүзеге асырылатын шаралардың мазмұны мен сапасы мониторингісінің жалпы жүйесін әзірлеу. Кітапхананың барлық бөлімдерін қамти отырып, әртүрлі кешенді тәсілдер арқылы ортақ мәселелерді жинау және түйінді сәттерді шешуге интеллектуалдық күш пен кітапхана мұрасын қолдану. Қоғам мен кітапхананы үйлестіру мен өзара әрекет етудің ұйымдастырушылық-әдістемелік жобасын құру. Кітапханада көптеген мәдени шаралар өткізу, конференция, дөңгелек үстелдер, әдеби кештер ұйымдстыру арқылы кітапхана ғылымын зерттеу.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы тікелей кітапхана қызметіне арналады. Жаңа ақпараттық қоғамда кітапханалық қызметтің түрлері мен олардың іске асыру жүйесін құруда мәлімет беріледі. Кітапханаларда ұйымдастырушылық қабілетін шыңдауға арналған тәсілдер, жалпы кітапхана мен оқырман арасында қарым-қатынас құралдары қаралады. Оқырманның кітапқа деген қызығушылығын әртүрлі іс-шаралар барысында қалыптастыру жүктеледі. Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, төрт тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
І. Қазіргі кітапханалардың қоғамдағы рөлі
1. 1. Қазақстан Республикасындағы кітапханалардың типтері мен түрлері
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның бәсекеге толық қабілетті әлемдегі 50 мемлекеттің қатарына ену стратегиясы» Жолдауының іске асырылуына ғылыми, мәдени таным беретін, жылдан-жылға кең қанат жайып, көркейіп келе жатқан кітапхана қызметінің қосар үлесі зор.
Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық білімдерінің және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады. Жаңа мыңжылдықта кітапханалар қоғамның қайта жанданып өзгеруінде мәдени мекемелер арасында үлкен мүмкіндіктерге ие.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағанттандыру, рухани байлығымен жалпы байлығын дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапхананың алатын орны ерекше.
Кітапхана қызметінің негізгі міндеті - халықты кітаппен қамтамасыз ету, адамзаттың оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани байлығын арттыру, оқырмандардың талап-тілектерін қанағаттандыру, заман талабына сай жұмыстың жаңа үрдісін енгізу, жас буын оқырмандардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, интеллектуалды даму жолында қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты әр түрлі іс-шаралар арқылы нығайту кітапхана ісінің беделін көтеру болып табылады.
Қазақстан Республикасында әртүрлі ведомоствалар мен жүйелерге қарасты кітапханалар саны 2008 жылдың 1-қаңтарында берілген есеп бойынша 11407 кітапхананы құрады. Өткен 2006 жылмен салыстырғанда 185 кітапханаға өсті. Олардың кітап қоры - 273749, 3 мың дана, оқырмандар саны - 7849, 0 мың адам, кітап берілімі - 208280, 7 мың дананы құрады.
2008 жылдың 1- қаңтарында берілген облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың есебі бойынша Қазақстан Республикасында Мәдениет және ақпарат жүйесінде 3821 көпшілік кітапхана республика халқына кітапханалық қызмет көрсетті.
Жалпы 2007 жылы республикадағы көпшілік кітапханалар 96-ға көбейді. Бүгінгі күн талабына сай кітапхана жұмысын жандандыру, бұрынғы жабылып қалған кітапханаларды қайта ашып, халық игілігіне айналдыру мақсатында Жамбыл облысында 32 кітапхана, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 12 кітапханадан қайта ашылды.
Алматы, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы мемлекеттік көпшілік кітапханалардың саны 10 кітапханаға көбейді. 2007 жылы 11 ауылдық кітапхана ашылып (Сарыағаш ауданында - 6, Қазығұрт ауданында - 2, Созақ ауданында - 1, Түлкібас ауданында - 1, Ордабасы ауданында - 1) бір ауылдық кітапхана жабылды (Мақтарал ауданында Атакент поселкалық кітапхана филиалы) .
Павлодар облысында мемлекеттік көпшілік кітапханалардың саны 5-ке, Солтүстік Қазақстан облыстарында мемлекеттік көпшілік кітапханалардың саны 4-ке көбейді.
Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат Министірлігінің жүйесіне кіретін кітапханалардың саны 2 кітапханаға өсті. Еламан, Жангелді, Беленьский ауылдарында 3 кітапхана ашылды. Ауыл тұрғындарында жаппай қоныс аударуына байланысты Қаратөбе ауданындағы Аққозы ауылдық округіне қарасты №14 бөлімшенің ауылдық кітапханасы жабылды.
Қызылорда облысында мемлекеттік көпшілік кітапхананың саны 1 - ге өсті.
Ақмола облысындағы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігінің жүйесіне кіретін кітапханалардың саны 12 кітапханаға кеміді. Облыста 7 ауылдық кітапхана (Радов, Новоишимка, Новостройка, Ақсай, Қараегін, Тарасов, Жақсы ауылдарында) ашылды. Облыстағы тұрғындар саны (150-300 бірлік адам) аз елді мекендердей кітапханалар біріктіріліп, болашығы аз 19 ауылдық кітапхана жабылды.
Республика бойынша Ақмола облысында ғана кітапханалар жүйесі азайды. 2007 жылы облыстар бойынша мемлекеттік кітапханалар жүйесін дамыту, кітапханалар жүйесін тиімді түрде ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігінің жүйесіндегі мемлекеттік көпшілік кітапханалар жүйесінде 2500 ге жуық компьютерлер бар. Кітапхананың 311 Инттернет желісіне қосылған. Қазақстан кітапханаларының басым көпшілігі ҚРҰК-да құрастырған автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе (РАБИС) бағдарламасын пайдаланады. Бүгінгі таңда осы аталған бағдаралама негізінде ҚРҰК-нің Қазақстандық корпоративті каталогтау орталығы бағдарламаны пайдаланушы кітапхананың ақпараттық ресурстарын біріктіру арқылы «Қазақстантану» республикалық жиынтықты электронды каталогын құру жұмысын жүргізіп отыр.
Көпшілік кітапханаларды жаңа ақпараттық технологиямен қамту деңгейі бойынша Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары алдынғы орында тұр. Қарағанды - 596, Шығыс Қазақстан облысында - 285, Павлодарда - 190 компьютерлер бар. ( кесте)
Алматы облысы халқының саны Қарағанды облысындағы халық саны шамалас 1340, 2 мың тұрғыны бар Қарағанды облысында 327 кітапхана бар, жалпы компьютерлердің саны - 596 дана, оның 59-ы Интернетке қосылған. Алматы облысы бойынша компьютерлер саны - 59, оның 9-ы облыстық, 41-і орталық, 2-уі ауылдық, 7-уі қалалық кітапханаларда. РАБИС бағдарламасы 4 кітапханада (3 орталық 1 ауылдық) ғана бар. Интернет желісіне қосылған кітапханалар саны - 8, 2-уі облыстық, 5-уі орталық, 1-уі ауылдық кітапханада. Бүгінде республика кітапханалары пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру жұмыстарын электронды катологтар, библиографиялық дерекқорлар, Интернет ресурсттары, сонымен қатар құжаттарды электронды түрде жеткізу арқылы іске асыруда. Халықаралық кітапханалық қауымдастық федерациясының мөлшері (ИФЛА) бойынша әр 5 мың тұрғынға шаққанда 1 Интернетке қосылу пункті болу керек, ал Алматы облысының 1638, 1 мың тұрғынына Интернеті бар 8 кітапхана ғана қызмет көрсетеді. Орта есеппен алғанда олардың саны ең кемінде 327 болу керек.
Кітапхана - жұртшылықтың баспасөз шығармаларын пайдалану ісін ұйымдастыратын мәдени-ағарту-ақпараттық және ғылыми көмекші мекеме.
Кітапханатанудың маңызды мәселелерінің бірі болып саналатын негізгі міндеті - кітапхана типтерін зерттеу, оны өзіне тән белгілеріне қарай топтау, кітапхана салаларының, топтарының сан қырлы әдістерін анықтау болып табылады. Кітапханалар топтарының түрлеріне, атқаратын қызметіне, белгілеріне қарай топтастырылады. Кітапханаларды типтерге бөлудің маңыздылығы сол, ол кітапханалардың міндеттерін, функциясын, байланысын, ара қатынасын ұйымдастырып, міндеттерін жүйелей топтастырады. Кітапханалар типтеріне, түрлеріне байланысты жоспарлы түрде кітап қорының құрамын қалыптастырып, оқырман сұранысын қанағаттандырып, кітапханалардың бірыңғай жүйесін құруға, кітапхана ісін басқаруға т. б. байланысты көптеген міндеттерді жүзеге асырады.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында зерттеушілер кітапханаларды үш типке бөлді: көпшілік, ғылыми және мектеп кітапханасы. Кітапханаларды көпшілік және ғылыми деп бөлуге кейбір ғалымдар қарсы пікір білдірді. Өйткені бұлай бөлу көпшілік кітапхананы ғылыми кітапханаға қарсы қояды. Ғылыми кітапхана тек ғалымдарға, ал екіншісі көпшілікке арналған деген пікір тудырады, - деді. Сондықтан олар кітап қорын негізге ала отырып әмбебап және арнайы кітапханалар деп бөлді.
М. И. Фруминнің пікірі бойынша оқырмандардың сұранысына қарай көпшілік және ғылыми кітапханалар деп бөлінді. Бірінші: оқырмандардың жалпылама білім алу сұраныстарын қанағаттандыру, екінші: ғылыми зерттеу, өндірістік және оқу процесіндегі сұраныстарды орындау керек еді.
50-60 жылдары О. С. Чубарьянның пікірі бойынша кітапхана түрлерін көпшілік, ғылыми және арнаулы деп үшке бөле отырып, екіншісін ведомстволық саласына қарай да анықтау керектігін айтты.
Кітапхана типтерін анықтауға ғылыми тұрғыдан талдау жасалса да, қазіргі кезге дейін кітапханатанушылар кітапхана типтерін және түрлерін анықтауда бірыңғай позицияға келген жоқ. Негізінен дәстүлі бөлу жолы алынған: көпшілік, ғылыми және арнаулы кітапханалар. Қазіргі кезде ғылым мен мәдениеттің дамуына байланысты көпшілік және ғылыми кітапханалардың функциялары ортақтасып, кеңейіп, олардың қатарына әмбебап кітапханалар да қосылып келеді.
Кітапханатану ғылымының теориясы мен тәжірибесіне сүйене келе, оқырмандар сұранысына байланысты кітапхана типтері екіге бөлінеді: әмбебап және арнаулы, осы әрбір типтің ішінен одан әрі бөлшектеніп, түрлерге бөлінеді.
Әмбебап кітапханалардың өзіне тән белгілері: оқырмандар сұранысының кешенділігіне, кітапхана қорының және анықтама-библиографиялық аппаратының сан-салалы, жан-жақтылығына байланысты түрлеріне, белгілі бір территорияны кітаппен қамтамасыз етуіне байланысты. Толығырақ айтсақ:
Әмбебап кітапханалар, белгілі бір мекемелердің жұмысымен, жоспарымен, міндеттерімен байланысты емес, олар оқырмандардың барлық категорияларына қызмет көрсетеді.
Оқырмандардың әмбебап кітапханаларға қоятын талабы, сұранысы жан-жақты, көп мақсатты. Әмбебап кітапханалар оқырмандардың кез-келген сұранысын қанағаттандыруға жағдай туғызады.
Әмбебап кітапханалардың кітап қоры мазмұны жағынан барлық білім саласын қамтиды. Арнаулы кітапханалармен, ғылыми-техникалық орталықтармен байланыс жасап отырады. Барлық білім саласынан кітап қорының толықтырылуын, сақталуын, қордың айналымын, сол кітапхана орналасқан ауданның (өлкенің) әлеуметтік-экономикалық, мәдени табиғи, демографиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқырмандарға сан-салалы қызмет көрсетеді.
Әмбебап кітапханалардың торабын құруда елдің әкімшілік-территориялық белгілері де ескеріледі. Әмбебап кітапханалардың негізінде ұлттық, депозитарлық қорлар, өлкетану библиографиясының функциялары да дамиды.
Әмбебап кітапханалар республика, облыс, аудан, қала көлемінде орталықтандырылған кітапханалар жүйесін үйлестіру міндеттерін атқарып, оқырмандар қызметіне, басқа кітапханаларға да жетекшілік қызмет көрсетеді. Әмбебап кітапханалар өз жұмыстарын арнаулы кітапханаларды алмастыру үшін емес, солардың қызметін атқаратын орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің базасын жасауға бағыттайды. Бұл кітапхана әр түрлі типтегі кітапханалардың өзара байланысын реттеуші, ұйымдастырушы функцияларын да атқарады.
Әмбебап кітапханалар сұранысына, ақпараттық талабына қарай көпшілік және ғылыми болып жіктеледі. Және де аймақтық мекемелік белгісіне байланысты, оқырмандардың жас шамасына қарай балалар және жасөспірімдер кітапханаса болып бөлінеді. Мекемелік түріне қарай мемлекеттік, кәсіподақтық деп те бөлінеді. Статусына байланысты республикалық, өлкелік, облыстық, аудандық, қалалық деп қарауға болады.
Көпшілік кітапханалар халықтың мәдени-интелектілігінің артуына, жалпы және өздігінен білім алуына, творчестволық еңбек етуіне, эстетикалық талғамының, тәрбиесінің жоғарғы болуына үлкен әсерін тигізеді, ғылымның, техниканың алдынғы қатарлы тәжірибелерін насихаттайды.
Көпшілік кітапханалар кітап қорын қалыптастырады, кітапханалардың барлық жүйесін қамтиды. Сол өлкеде арнаулы кітапханалар жоқ болса, көпшілік кітапханалар халық шаруашылығы саласындағы барлық мамандарды кітаппен қамтамасыз етуді өз міндетіне алады. Оқырмандардың кәсіптік сұранысын қанағаттандыруға, әсіресе кішкене қалашықтарда, ауылдық жерлерде, жалғыз-ақ көпшілік кітапхана болатын жағдайда оның атқаратын ролі үлкен.
Рухани, мәдени талап-тілектердің өсуіне байланысты көпшілік кітапханаларда арнаулы бөлімдер, кабинеттер, оқу залдары, көпшілік оқырмандардың кәсіптік сұраныстарын қанағаттандыру үшін арнаулы филиалдар құрылады, нота-музыка бөлімі, өнер залы, кітапхана, клубтар, жастарға арналған аудиториялар т. б. ашылады.
Әмбебап ғылыми кітапханалардың өзіне тән ерекшеліктері: ғылыми кітапханалардың кітап қорына отандық және шет ел басылымдарының міндетті тегін данасын алып тұрады. Бұлар - ғылыми маңызы бар басылымдар. Ғылыми кітапханалар мемлекеттік, республикалық, аймақтық көлемде халық шаруашылығында қызмет атқаратын мамандарға өз кітап қорындағы әдебиеттердің әр саласынан, ғылыми тұрғыдан іріктелген библиографиялық және анықтамалық әдебиеттерді, жинақ каталогтарын ұсынып отырады. Сонымен қатар кітап қорларын ғылыми бағытта толықтырып, ақпарат орталығының да қызметін атқарып, ғылыми әдебиеттердің дамуына бағыт беріп отырады. Анықтамалық көрсеткіштер шығарып, жинақ каталогтарын, библиографиялық тізімдер жасап, методикалық көмектер де көрсетіп отырады.
Еліміз бен шет елдерде шыққан әдебиеттерді толықтырып, әрі сақтаушы ретінде, депозитарлық қордың, айырбас қорының функцияларын да атқарып отырады. Халық шаруашылығындағы барлық мамандарға, ғалымдарға ғылыми тұрғыдан кітапханалық қызмет көрсетеді. Көпшілік кітапханалардың айырмашылығы мынада: оқырмандарға мақсатты түрде ғылымды және мамандығын меңгеруге, белгілі бір салада жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарына да, экономиканы, халық шаруашылығын дамытуға да үлкен көмегін тигізеді.
Ғылыми кітапханалар мына бағыттар бойынша да қызметтер жасайды: ақпараттық-библиографиялық жұмыстар орталығының міндетін атқарады. Библиографиялық анықтамалық қызмет көрсетеді, архив қызметін де атқарады және көмекші-ғылыми, библиографиялық-ұсыныс құралдарын шығару, жаңалықтарды ғылыми тұрғыдан насихаттау жұмыстарын да жүргізеді.
Сонымен қатар, әмбебап ғылыми кітапханалар - барлық типтегі және ведомостволық кітапханалардың ғылыми-әдістемелік, үйлестіру орталығы. Бұдан басқа да озат кітапханалар тәжірибелерін зерттеп, оларды көпшілік кітапхананың жұмысына пайдалану үшін методикалық құралдар шығаруға, кітапхана мамандарының кәсіби мамандағын арттыруға да үлкен көмек көрсетіп отырады.
Кітапхана ісі бағыттарының дамуына, оқырмандарға қызмет көрсетудің, кітап қорын толықтырудың бірыңғай жүйесін жасауда да тигізетін көмегі көп.
Арнаулы кітапханалардың ерекшеліктері оқырмандар сұранысын кәсіптік қызметіне қарай қанағаттандыру.
Ғылыми-өндірістік және халық шаруашылығының әртүрлі саласына арнаулы мамандар дайындауда оқырмандарға арнайы қызмет көрсетеді.
Арнаулы кітапханалар өндірістің, ғылымның, білім мен мәдениет салаларының құрылымына байланысты құрылады. Кітап қорын өзі қызмет көрсететін мекеменің прогресіне байланысты толықтырып отырады. Кітап қорын белгілі бір салада ғана толықтырылуы мүмкін, ол ұжымдық, өндірістік мекеме оқырмандарының сұранысына байланысты.
Кітапханалардың типтері мен түрлерінің арасындағы байланыстар өзгеріп, кейде бір салаға бірігіп, ауысып отырады. Елеулі жетістіктерге - тек қана ведомстволық үйлестіру негізінде көпшілік және арнайы кітапханалардың және ғылыми-техникалық хабарлама органдарының күш-қуатын интеграциялау арқылы ғана жетуге болады. Мұндай байланыстардың артықшылығына көз жеткізу қиын емес. Өйткені, арнайы кітапханаларда, ғылыми-техникалық хабарлама органдарында ғылым мен өндіріс қажетіне сай іріктелген, көпшілік кітапханалар алмайтын материалдар бар және олар хабарлама жұмыстарының тәжірибелерін жете меңгерген:
Қандай түрдегі кітапхана болмасын, мынадай негізгі бағыттарға ерекше назар аударады:
- кітаптарды насихаттаудың және оқуға басшылық жасаудың идеялық-теориялық дәрежесін арттыру;
- ғылымға, өндіріс пен мәдениет қызметкерлеріне ақпараттық қызмет көрсетуді дамыту;
- халыққа кітапханалық қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыруды, кітапханалар торабын орталықтандыруды жетілдіру;
- кітап қорын неғұрлым толық пайдалану мақсатында кітапханалардың кітап жинақтау ісін жетілдіру. Аз пайдаланатын әдебиеттерді депозитарлық сақтау жүйесін өндіру;
- кітапханалардағы еңбекті ғылыми ұйымдастыру ісін дамыту;
- кітапханашы мамандардың мамандығын жетілдіру;
- әдістемелік орталықтардың ұйымдастырушылық ролін арттыру.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құрылуы кітапханалардың түрлерін бір-біріне жақындастыра түсті. Кітапханалар кімге бағынатына қарамастан, негізгі міндеттері мен қызмет принциптерінің ортақтығымен біріккен, бірыңғай кітапханалар жүйесін құрайды.
Қорыта айтқанда, кітапханалардың типтерге бөлінуі әлі күнге ғылыми зерттеулерді қажет етеді. Ал енді соңғы кезде пайда болып жаңа технологиялармен қызмет көрсетіп жатқан кітапхана түрлеріне тоқталсақ:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz