Күріш дақылының ботаникалық сипаттамасы және агробиологиялық ерекшеліктері


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

Орындаған: Мырзакеримова Г.

Тексерген: Сманов

Алматы 2007


Мазмұны

Кіріспе . . .
Кіріспе . . .: 1 тарау.
: Күріш дақылының ботаникалық сипаттамасы және агробиологиялық ерекшеліктері . . .
Кіріспе . . .: 1. 1
: Күріштің өсіп дамуының морфозиологиялық сипаттамасы . . .
Кіріспе . . .: 1. 2
: Күріштік агроэкологиялық факторларға талабы . . .
Кіріспе . . .: 2 тарау.
: Арал өңіріндегі суармалы жерлердің экологиялық -агромелиоративтік жағдайы және күріш өсіру перспективалары . . .
Кіріспе . . .: 3 тарау.
: Күріш өсіру аймақтарының агроэкологиялық және топырақ - мелиоративтік сипаттамалары . . .
Кіріспе . . .: 4 тарау.
: Өзгерген агроэкологиялық жағдайда күріш өсіру технологиясын жетілдіру . . .
Кіріспе . . .: 4. 1
: Күріш дақылының өсу дәуіріндегі күрделі (шешуші) кезеңдер . . .
Кіріспе . . .: 4. 2
: Сорт ерекшеліктеріне сәйкес тыңайтқыштардың мөлшері мен енгізу әдістерін оптимизациялау . . .
Кіріспе . . .:
: Қорытынды . . .
Кіріспе . . .:
: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырда майда әрі тиімді суару жүйелері орнына шөлді және шөлейт аймақтарды үлкен масштабта суландыру жүйесі іс жүзіне асырылды. Нәтижесінде мақта және күріш өсіру, олардың егіс көлемін ұлғайту шаралары Арал теңізіне құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің суларын егістікке пайдалануды қажет етті.

Сонымен қатар бұл өзендердің бойында гидротехникалық құрылыстардың салынуы да Арал теңізіне және оған көршілес территорияларға кері әсерін тигізді. Мысалы, әр жылдары Амудария мен Сырдария өзендерінің бойында Әндіжан, Тоқтағұл, Қайраққұн, Шардара су қоймалары салынды. Аралға құятын судың 70-75% -ы осы аталған су қоймаларында қалып қойып отыр. Нәтижесінде еліміздің Оңтүстік -батысындағы ұлан-ғайыр Сыр өңірі бүгінде экологиялық проблемалары шиеленіскен апатты аймақтың бірі болып отыр.

Күріш - суда өсетін дақыл. Сондықтан суды және тыңайтқыштарды тиімді пайдаланып ғылым жетістіктері мен озат тәжірибе жаңалықтарын өндіріске енгізу арқылы егіншілік мәдениетін арттырып, фермер-күрішшілер игілігіне айналдыру керек. Бірақ, күріш егісі өнімі баяу өсуде, ал кейінгі жылдар тіпті төмендеп кетті. 1990 жылмен салыстырғанда еліміздегі күріш алқаптарының көлемі 1, 6 есе қысқартылды, ал гектер өнімділігі Қытай, Жапония мемлекетеріндегі өнімділік пен салыстырғанда 1, 5 еседей төмен. Мұның себептерінің бірі - күріш сорттарының биологиялық морфофизиологиялық және агроэкологиялық ерекшеліктері ескерілмей, жалпы күріш егісіне арналған орташа технология қолдануда. Сондықтан, экологиялық дағдарысты Арал өңірінде күріш егісіне азот тыңайтқышын беру мөлшерін оптмизациялау аталған тыңайтқышты қолданудың агроэкологиялық және морфофизиологиялық негіздемесін жасау - практикалық маңызы үлкен, актуальді проблема.


Жұмыстың мақсаты мен міндеті.
1965-1966 жылдардан бастап товарлы күріш өндіру мақсатында бұл дақыл егісі үлкен көлемде (жыл сайын 90-110 мың гектар) егілді. Осындай көлемдегі күріш егісін орналастыру егістігі күріштің үлесі 62, 5% және оданда жоғары болды. Нәтижесінде, бұл Арал өңіріне орасан зор экологиялық, әлеуметтік, т. б. өзгерістер әкелді. Соның ішінде аса қауіпті, зиянды құбылыстардың бірі- топырақтың тұзданып сорлануы, жер асты суының жаппай көтерілуі және минерализациялануы.

Осыған сәйкес жұмыстың мақсаты ауыспалы егіс танаптарындағы топырақ түзілу процесінің өзгеруіне және сорланып тұздануына байланысты күріш өсірудің сорттық технологиясын дайындап, азот тыңайтқышын берудің агроэкологиялық және морфофизиологиялық негіздемесін жасау.

Жұмыстың міндеті. Күріш өсірудің сорттық технологиясын зерттеп дайындау барысында орта бойлы жіңішке, тік жапырақты Кубань сорты мен орта бойлы ірі жапырақты Маржан сорты егісіне азот тыңайтқышын енгізіп қолданудың агроэкологиялық және морфофизиологиялық негіздемесін анықтап белгілеу.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Күріш сорттарын өсіру агротехникасын биологизациялау - бұл нақты сортты (мысалы, ірі жапырақты Маржан, жіңішке, тік жапырақты Кубань 3) өсіріп баптау технологиясы мен әрбір агротехника шараларын олардың биологиялық және морфофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестендіру. Бұл күріштен жоғары әрі сапалы өнім алу жолы және сорттардың өсіру технологиясын жетілдіруде практикалық маңызы үлкен.


1 тарау. Күріш дақылының ботаникалық сипаттамасы және агробиологиялық ерекшеліктері

1. Мәдени күріш немесе екпе күріш (Оrуzа sativa L. ) - бір жылдық өсімдік, злак немесе коңырбас (Gramineae, Роасеае) тұқымдастығына, күріш трибасына (Оrуzeae) жатады. Күріш (Оrуzа) туыстығын алғаш анықтап сипаттаған К. Линней (1735ж. ) . Кейінгі жүйелеу (классификациялау) бойынша Оrуzа (күріш) туыстығында 28 түр бар. Күріш туыстығының түр құрамы әліде зерттеліп анықталуда. Күріштің егіліп жүрген түрлері Оrуzа sativa L. (екпе күріш) және Оrуzа glaberrima Steud (жылтыр күріш) - диплоидтар.

2. Күріш дақылының таралу ареалы өте кең, үлкен. Климаттық, маусымдық өзгерістерге, топырақ жағдайына, әртүрлі суару режиміне бейімделіп және географиялық оқшаулану, табиғи сұрыпталу және селекция нәтижесінде 0. sativa туыстығы дифференцияланып, жіктеліп, әртүрлі сорттар тобына бөлінген. Олар географиялық расаларға (экорасаларға), яғни indica (индиялық), jароnіса (жапондық), jаvаnіса (явандық) түр тамақтарына бөлінеді. Екпе күріш түр тамақтарының сипаттамасы 1 - кестеде келтірілген.

1 - кесте. Күріш түр тамақтарының сипаттамасы

(Е. П. Алешин, ІІ. Е. Алешин, 1993)

Қасиеттері: Қасиеттері
Түр тармақтары: Түр тармақтары
Қасиеттері: indica (индиялық)
Түр тармақтары: jароnіса (жапондық)
jаvаnіса (явандық)
Қасиеттері: Жапырақ
Түр тармақтары: Жалпақ, ашық-жасыл

Жіңішке,

қою-жасыл

Жалпақ, тік

орналасқан,

ашық - жасыл

Қасиеттері: Дән
Түр тармақтары: Ұзын, өте үзын, жіңішке әрі ұзынша, жалпақ
Орташа және кысқа, ұзынша дәнді, жалпақ және домалақ
Орташа және қысқа, ұзынша дәнді, жалпақ және домалақ
Қасиеттері: Түптенуі
Түр тармақтары: Күшті
Орташа
Нашар
Қасиеттері: Сабақ
Түр тармақтары: Ұзын, өте ұзын
Қысқа
Ұзын және орташа
Қасиеттері: Гүл кауыздарын-дағы түкшелер
Түр тармақтары: Жіңішке және қысқа
Ұзын әрі калың
Ұзын
Қасиеттері: Масақ дәнінің төгілуі
Түр тармақтары: Күшті
Нашар
Нашар
Қасиеттері:

Өсімдік ұлпалары,

ондағы кремний

мөлшері

Түр тармақтары:

Жұмсақ, кремний

орташа және аз

мөлшерде

Қатты, кремний көп және орташа

мөлшерде

Қатты, кремний

көп және орташа

мөлшерде

Қасиеттері: Фотокезеңге реакциясы
Түр тармақтары: Әртүрлі

Әртүрлі, қысқа

күндік формаларынан фото бейтарап түрлеріне дейін

Нашар

ТМД елдері территориясында негізінен жапондық jароnіса (тамағына жататын: var. italica, var. zeravschanica, var. vulgaris, var. eruthroceros, var. dicroa, var. nigroapiculata, var. janthoceros түршелерінің сорттары өсіріледі.

Күріш егісін ластаушы, арамшөп қатарына жататын қызыл дәнді формалары: Alef., subpyrocarpa Gust., var., desvauxii, Kazakstanica Gust., flawoactes Kara - Murza bicolota Kanevck түршелеріне жатады.

1. 1 Күріштің өсіп дамуының морфофизиологиялық сипаттамасы

1. Күріштің өсу дәуірі төмендегідей фазаларға бөлінеді: тұқымның өнуі, көктеп (тебендеп) шығуы, түптенуі, сабақтануы, масақтануы, гүлденуі және дәннің пісуі. Өсу дәуірінің әрбір фазаларында күріш дақылы әртүрлі морфофизиологиялық сипатта болып, физиологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондықтан, бұл дақылдың қоршаған ортаға бейімделуі және өсіру технологиясына талабы өсу барысында өзгереді.

2. Күріш онтонегенезінде басқа злак дақылдары сияқты органогенездің 12 этапы анықталып сипатталған. Бірақ, П. С. Ерыгинның (1969, 1981), Е. П. Алешин, Н. Е. Алешиннің (1993) пікірлері бойынша, органогенездің 8-ші және 9-шы этаптары біріккен, сондықтан олар күріште он бір этап бар деген пікірге келген.

3. Ғалымдардың (П. С. Ерыгин, 1981; Ф. М. Куперман, С. Б. Рамазанова және 1986) зерттеу нәтижелері бойынша, күріштің өсіп даму барысындағы морфофизиологиялық өзгерістер төмендегідей:

4. Органогенездің І этапы. Күріш тұқымы ылғал жеткілікті жағдайда (яғни, суға бастырылған атыздарда) өне бастайды. Бұл процесске қолайлы температура 22-26 0 С, ал ең төмен, минимальды температура 12-14°С. Анаэробты жағдайда колеоптиле өседі, оның өсуі клеткалардың созылуы нәтижесінде болады. Егер ортада оттегі мөлшері 2%-дан төмен болса, тамырша өспейді, ал колеоптиле анаэробты зоңадан өткенше өсе береді, сосын негізгі ұрық тамыр төмен қарай өседі (1-сурет) . Колеоптиле ішінде екінші жапырақ (катафилл) өсіп, тебен тәрізденіп шығады. Бұл екеуі күріштің фотосинтетикалық аппаратының қалыптасуына үлес қоспайды. Органогенездің I этапы нағыз бірінші, бірақ пайда болу ретімен үшінші жапырақтың өсіп шығуымен аяқталады. Этап ұзақтығы 10-12 күн, ауа райы салқын болған жылдары 2-3 күнге ұзарады.

5. Органогенездің II этапында конус түбі алғашқы буын мен сабақтың буынаралық бөлігіне дифференцияланады. Сабақтардың буын және буынаралық саны осы 1-11 этапта анықталады, ал бұл көрсеткіштер (сандар) мөлшері күріштің сорттық ерекшеліктеріне және технология деңгейіне байланысты.

6. Органогенездін II этапы күріштің көктеп шығу фазасымен сәйкес және түптену фазасының бастапқы кезін қамтиды. Бұл кезеңде болашақ 5-7 жапырақтар метамерлері дифференцияланады. Этап ұзақтығына сәйкес күріштің өсу дәуірі де ұзарады. Арал өңіріңде аудандастырылған күріш сорттарының осы этап ұзақтығы 28-32 күн. Сабақтың ұзына бойына орналасқан жапырақтар көлемі, морфофизиологиялық қасиеттері бойынша өзгешеленіп анықталады. Бұлар өсу конусындағы өзгерістерге байланысты. II этап соңында өсу конусында жоғарғы 8-10 және жалау жапырақтардың метамерлік ұлпалары түзіліп пайда болады.

7. Сонымен, органогенездің І, ІІ этапында тұқым өніп, күріш көгі шығады, жанама сабақтар саны, жапырақтар көлемі мен саны, ұрық тамыр және қосымша тамырлар саны белгілі болады.

8. Органогенездің III этапында өсу конусы жылдам өседі де, бастапқы масақтың негізгі діңгегі (өсі) пайда болып, болашақ жанама бұтақшалар болатын төмпешіктер пайда болады. Осы кезең басында өсу конусы көлемі 0, 10-0, 16; ал этап соңында 0, 250-0, 350 мм-ге жетеді. Сыр өңіріндегі аудандастырылған ерте пісетін сорттардың ІІІ-этапы 5-ші жапырақ толық шығып, 6-шы жапырақ пайда болғанда, ал орта мерзімде пісетін сорттар - 6-шы жапырақ толық шығып, 7-ші жапырақ пайда болғанда басталады.

9. ІІІ-этапта болашақ өнімнің негізі қаланады, яғни масақтағы дән саны анықталады. Бұл этап кезеңі ұзарған сайын, әрбір масақ ұзын болып, онда бірінші және екінші қатардағы жанама бұтақшалар көп болады. Нәтижесінде, ең көп дән байланады да, өнім артады. Аталған кезеңде атыздағы судын ең қолайлы (оптимальды) температурасы 19-24°С. Су температурасын осы деңгейге жеткізу үшін органогенездің ІІІ-этапының басында, яғни күріштің 6-7 жапырақты кезіңде атыздағы суды уакытша көтереді.

10. ІІІ-этаптын басында күріш егісіне берілген азот тыңайтқышы масақтың ұзындығын арттырып, дән санын көбейтеді. Органогенездің ІІ-этапында берілген фосфор және ІІ, ІІІ этаптарда енгізілген калий тыңайтқышы осыңдай нәтиже береді. Сондықтан, ІІІ-этап басыңда азот және калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіру дән өнімін күрт арттырады. Орта мерзімде пісетін күріш сорттары органогенезінің III-этапы ұзақтығы 8-10 күн, ерте пісетін сорттарда - 6-8 күн.

11. Органогенездің ІV-этапында масақ бұтақшаларының алғашқы ұлпалар тобы күрт өседі де, бұтақтануы жүреді және барлық бұтақшаларда масақшалар төмпешіктері пайда болады. Масақша төмпешіктері қаншалықты көп болса, масақтағы дән саны көбейеді. Бұл кезеңде өсу конусының мөлшері -0, 36-0, 85 мм. Масақтағы алғашқы бұтақшалар мен масақша төмпешіктерінің көп болуын қамтамасыз ететін оптимальды жағдайлар: топырақта қоректік заттардың жеткілікті болуы, атыздағы судың тереңдігі қолайлы деңгейде болып, су температурасы ысымай, орташа жылылықта болуы нәтижесінде фотосинтездің күрт артуы. ІV-этап ұзақтығы - 2-3 күн.

12. Органогенездің V - этапында масақша төмпешіктері дифферен-цияланып, гүлдердің қалыптасуымен аяқталады. Этап ұзақтығы 13-15 күн. Дифференциялану барысында алдымен масақша қауызы пайда болып бөліктенеді, сосын гүл кауыздары ерекшеленеді. Қауыздар масақтың жоғарғы, яғни бас жағында, сосын ортаңғы бөлігінде, ең соңында төменгі бөлігінде түзіледі. Бүтақшаларда да қауыздардың пайда болуы осы тәртіппен бір мезгілде жүреді. Кейін масақтағы дәндердің толысып пісуінде де осы заңдылық сақталады. Гүл қауызының ішінде алты аталық, ортасында аналық пайда болып дифференцияланады .

13. V-этаптағы алғашқы гүлшоғы көлемі мен XІІ этаптағы (толық піскен кезінде) масақ көлемі арасында тығыз байланыс бар және бұл қоректену алаңына байланысты. Бұл кезенде коректік заттар жеткілікті болып, су және температура режимінің қолайлы болуы масақтың синхронды өсіп дамуына себепкер. Осы кезенде пайда болған гүлдер, саны мен масақтағы дәндер санының арасында тікелей байланыс бар.

14. Органогенездің VІ-этапында микро - және мегаспоралар қалыптасады. Тозандықтың даму барысыңда 4 үя пайда болып, онда аталық жыныс клеткалары - тетрада өсіп, одан тозаң дәншелері дамып жетіледі. Аналықта тұқым бастамасы (тұқым бүршігі) қалыптасады. VІ - этапта сабақтың орта буынаралықтары өсуін жалғастырады және жоғарғы буынаралықтар өсуін бастайды. Этап ұзақтығы 1-2 күн.

15. Органогенездің VІІ-этапыңда аталық және аналық гаметофиттер
қалыптасады. VІІ-этап басында гүл қауыздары жұмсақ, түксіз, ал этап
соңыңда қатайып, тері сияқты болады, түк пайда болып, масақ әрбір
сортқа тән өзінің үлкен көлеміне жетеді. Масақтың ұзын болып
қалыптасуына жоғары агротехниканың әсері зор. Этап ұзақтығы 6-8
күн

16. Органогенездің VІІІ-этапында күріш бас шығарады, яғни масақтанады (масақ толық сыртқа шығады), гаметогенез толық аяқталады. ІХ-этапта масақ гүлдейді, аналық ұрықтанып, зигота пайда болады. VІІІ -этапта жақсы дамыған гүлдер қаншалықты болса, XІІ-этапта толық дәндер соншалықты болады. VІІІ -ІХ этап ұзақтығы 1-2 күн.

17. Органогенездің Х-этапында -алғашқы ұрық пайда болып, алғашкы эндосперм қалыптаса бастайды. Бастапкы ұрықтың дифференциялануы аналық ұрықтанғаннан 4 күннен кейін басталады. Бүл этапта дән үзарып есе бастайды, этап соңында дән әрбір сортқа тән ұзындыққа жетеді. Х-этаптың үзақтығы 4-5 күн.

ХІ-этапта -күріш дәнінде коректік заттар жинақталады. Дән ұзындығы және ені мен қалыңдығы бойынша кәдімгі деңгейге жетеді. Бұл этап күріш дәнінің сүттену фазасымен сәйкес. Сонымен, ХІ-этап жаңа организмнің алғашкы стадиясы. Бұл этапта дәндегі құрғақ заттар интенсивті жинақталып, дән бойындағы ылғал азая бастайды, эндоспермның қалыптасуы аяқталады. Алейрон клеткаларының қалыптасуы тездетіліп, қоректік және физиологиялық активті заттар жинақталады. Этап ұзақтығы 6-8 күн.

ХП-этапта - қоректік заттар қорлық (запастық) заттарға айналады. Бұл этап сүттеніп қамырлану фазаларымен сәйкес және дәннің толық пісуімен аяқталады.

1. 2 Күріштің агроэкологиялық факторларға талабы

Жарық режимі . Күріш - жарық сүйгіш дақыл, күн сәулесінің интенсивті болғанын талап етеді. Дақылға қолайлы жарық деңгейі - 40-60 мың люкс (лк) . Күріштің өсу дәуірі (мамыр - тамыз айлары) кезінде Сыр өңіріндегі ауаның салыстырмалы ылғалдығы төмен -29-37%, ал ең аз мөлшері 8-10 %-ға дейін төмендейді. Жаз айының көпшілік күндерінде аспан бұлтсыз болып, ауа кұрғақ әрі таза болады. Сондықтан да, күн сәулесі энергиясы ауа арқылы өткенде атмосферада қалып қоймайды, немесе шашырап Ғарышқа кетпейді. Нәтижесінде күріш егісіне кеп мөлшерде фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) келіп түседі.

Өсімдіктердің күн сәулесі энергиясын қабылдап бойына сіңіруі жапырақ көлеміне байланысты. Сыр өңірінде аудандастырылған Кубань 3 сорты жапырағы көлемі 55-75 мың м 2 /га, ал жапырақ алаңы индексі (ЖАИ) -5, 5-7, 5 м 2 2 болғанда ең жоғары өнім алынады. Оптимальды (үйлесімді) тығыз күріш егісі келіп түсетін радиацияның 60-90%-ын сіңіреді, 10-30%-ы ауаға кетеді, ал тек 5-10%-ы ғана егіс арасына өтіп, су мен топыраққа сіңеді. Егістікте қабылданған (сіңірілген) күн сәулесі радиациясының 80-90%-ы жапырақ аркылы қабылданады, ал қалған 10-20%-ын сабақтар, масақтар және өсімдіктің басқа да мүшелері аркылы қабылдап бойына сіңіреді. Сонымен, күн сәулесі энергиясын көп мөлшерде қабылдайтын оптимальды жапырақ көлемі Кубань 3 сорты үшін 55-75 мың м 2 /га. Бүл деңгейге күріш дакылының егістегі қалыңдығы бір шаршы метр жерде 250-380 өсімдік, немесе 520-650 масақты сабақ болғанда жетеді. Егіс сирек болып, жапырақ көлемі аз болган жағдайда фотосинтетикалык белсенді радиацияны (ФБР) қабылдау мөлшері төмендейді, өйткені күріш дақылының сирек егісі арасынан күн сәулесі радиациясы өтіп, суға, топыраққа сіңеді. Егістік өте қалың (тығыз) болған жағдайда өсімдіктердің бір-біріне көлеңкелеу және басқа да зиянды ценотикалық әсері күшейе түседі. Кейінгі аталған жағдайлардың бәрінде егістің дән өнімі төмендейді.

Температура режимі . Күріш - жылу сүйгіш дақыл. Арал өңірі жағдайында температура қосындысы (3200-4200°) ерте және орташа мерзімде пісетін сорттар өсіруге жеткілікті. Күріш өсімдігі өніп шыққан кезде және гүлдену кезінде температураға сезімтал, - 0, 5-1°С-та дақыл зақымданады.

Топырақтың үстіңгі қабатында температура +13-14°С болғанда себуді бастауға болады. Осы температурадан төмен болса, тұқым баяу өніп өседі, көпшілігі шетінейді, немесе шықпай қалады, егіс сирек болады (2 кесте) .

Тұқымның өніп шығуына ең қолайлы температура 22-26°С. Осы температура жағдайында күріш көгі атыз суға бастырылғаннан кейін 10-12 күнде жаппай тебендеп шығады және шығымдылығы ең жоғары деңгейде болады.

2 - кесте. Арал өңірі жағдайында күріштің өсіп дамуына керекті төменгі (минимум), қолайлы (оптимум) және жоғарғы (максимум)

температуралар

Өсіп даму фазалары: Өсіп даму фазалары
Температура, + °С: Температура, + °С
Өсіп даму фазалары:

төмен

(минимум)

Температура, + °С:

қолайлы

(оптимум)

жоғарғы

(максимум)

Өсіп даму фазалары:

Тұқымның өнуі

Көктеп шыққанда

Түптену

Сабақтану

Масақтану - гүлдену

Дәннің сүттену және қамырлану кезі

Пісу кезеңі

Температура, + °С:

13-14

15-16

15-17

16-18

18-20

18-20

15-17

22-26

24-26

24-28

19-24

24-28

26-28

22-26

34-36

34-36

34-36

34-36

34-36

34-36

32-34

Күріштің өсіп дамуына сәйкес дақылдың температураға талабы және сезімталдығы өзгереді (2 кесте) . Мысалы, дақылдың түптенуі температураға көп байланысты, керекті ең төменгі биологиялық минимум +15-17°С, ал қолайлысы +24-28°С.

Сабақтану кезінде болашақ масақтағы дән саны анықталады және бүл кезенде күріш температураға өте сезімтал. Осы кезенде түптену буынына керекті қолайлы температура +19-24"С. Ол үшін атыздағы деңгейін 12-15 см-ге дейін уақытша көтеру керек, сонда жоғары өнімді, әрбір шаршы метр жерде 320-380 өсімдігі бар егістікте тсмператураның (атыздағы су мен топыраққа) қолайлы мөлшері 19-24°С-қа жетеді. Сирек және орта өнімді егісте су деңгейін 15-17 см-ге дейін уақытша көтеру керек.

Күріш масақтанып, гүлдену кезінде салқын немесе өте ыстық температура болса, ол өзінің зиянды әсерін тигізіп, ұшық (семік) дәндер санын көбейтеді, ал ен қолайлысы (оптимум) 24-28°С. Сүттеніп қамырлану кезінде дән дұрыс толысып пісуі үшін оптимальды температура 26-28°С.

Қазақстан - күріш өсіруші аудандардың ішіндегі ең солтүстік аймағы. Сондықтан, Арал өңірі жағдайында дақылдың өсу дәуірінің ұзақтығы күріш өнімділігін шектеуші факторлардың бірі. Республикамыздағы күріш өсіруші аймақтың топырақ - климат, күн сәулесі радиациясы мен жылу ресурстарына бейімделіп, өсіп-жетілуіне байланысты сорттардың өнім құрау мерзімі төмендегідей (3- кесте) .

Қазақстанның күріш өсіруші аймақтарының ауа райы, температура ресурсы күріш егіншілігіне қолайлы. Мысалы, Алматы облысы Балқаш ауданындағы күріш өсіретін аймақта +10°С-тен жоғары жылы температураның жиынтығы 3200-3500 0 С, Сыр өңіріндегі Жаңақорған -Шиеліде (бірінші аймақ) -3800-4200°С, Қызылорда массивінде (екінші аймақ) -3700-4100°С, Қазалыда (үшінші аймақ) -3500-3800°С, ал Шымкент облысының Шардара ауданында - 4000-4500°С. Яғни, Іле өзені алқабында өте ерте, ерте және орташа мерзімде пісетін, Сыр өңірінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттар, ал Шардара массивінде орташа және кештеу мерзімде (121-125 күнде) пісетін күріш сорттарын өсіруге болады.

3-кесте. Күріш сорттарын пісу мерзімдеріне байланысты топтастыру

Сорттар тобы: Сорттар тобы
Күріштің өніпшыққаннанмасақтану кезінедейінгі күндер саны:

Күріштің өніп

шыққаннан

масақтану кезіне

дейінгі күндер саны

Өсу дәуірі,күн есебімен:

Өсу дәуірі,

күн есебімен

Дакылдың өсіп жетілуіне керектіжылулық қосындысы, °С:

Дакылдың өсіп жетілуіне керекті

жылулық қосындысы, °С

Сорттар тобы:

Өтс ерте пісетіндері

Ерте пісетіндері

Орташа мерзімде

пісетіндері

Кеш пісетіндері

Өте кеш пісетіндері

Күріштің өніпшыққаннанмасақтану кезінедейінгі күндер саны:

>60

61-70

71-80

81-85

86-90

Өсу дәуірі,күн есебімен:

>І00

101-110

111-120

121-125

126-130

Дакылдың өсіп жетілуіне керектіжылулық қосындысы, °С:

>2500

2500-2750

2750-2900

2900-3000

3000-3100

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидайға жалпы сипаттама
Жаздық бидайдың биологиялық ерекшеліктері. Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны
Күріш дақыл сорттарына ауыр металлмен тұздың кешенді әсері
Күріш тамырының жүйесі - шашақ тамыр
КҮРІШ СУАРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ КҮРІШТІҢ СУАРУ РЕЖИМІНЕ ДЕГЕН ТАЛАБЫ
Майкененің халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі
Күріш өздігінен тозаңданатын өсімдік
Күріш дақылы
Күріш дақылын өсіріп-өндіру технологиясы. Ауыл шаруашылық дақылдарын интенсивті технология негізінде өндірудегі, зиянды организмдерден қорғау жүйесі
Күріш ауыспалы егіс жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz