Әлемдік саудадағы тендердің рөлі және оның Қазақстандағы тәжірибесі
КІРІСПЕ
ТАРАУ І. ТЕНДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ...
1.1. Тендер түсінігі, мәні және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.Тендерді өткізу тәртібі және шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Тендерді ұйымдастырушылар және тендерге қатысушылар.
ТАРАУ ІІ. ТЕНДЕРДІҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
2.1.Тендердің әлем елдеріндегі тәжірибесі
2.2.алықаралық Ұйымдардың тендермен байланысты саясаты
ТАРАУ ІІІ. ТЕНДЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1. Қазақстан Республикасындағы тендердің шарттары мен нормативті.құқықтық актілері.
3.2. Қазақстан республикасындағы тендерлік сауда жағдайы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы:
Әлемдік саудадағы тендердің рөлі және оның Қазақстандағы тәжірибесі
Орындаған: Әлемдік экономика
мамандығының 4 курс студенті
Кошманов Маулен
_______________________________
Ғылыми жетекші:
экономика факултетінің профессоры,
э.ғ.д. Жатканбаев Е.Б.
_______________________________
Қорғауға жіберілді:
_______________________________
________ ______________2006ж.
Әлемдік экономика кафедрасының
меңгерушісі э.ғ.к., доцент Тұмбай Ж.О.
Алматы, 2006
ЖОСПАР
Кіріспе
ТАРАУ І. ТЕНДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ...
1.1. Тендер түсінігі, мәні және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2.Тендерді өткізу тәртібі және
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.3. Тендерді ұйымдастырушылар және тендерге қатысушылар.
ТАРАУ ІІ. ТЕНДЕРІҢ ӘЕМДІК САУДАДАҒЫ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
2.1.Тендердің әлем елдеріндегі тәжірибесі
2.2.алықаралық Ұйымдардың тендермен байланысты саясаты
ТАРАУ ІІІ. ТЕНДЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ
ПЕРСПЕКТИВАСЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
3.1. Қазақстан Республикасындағы тендердің шарттары мен нормативті-
құқықтық актілері.
3.2. Қазақстан республикасындағы тендерлік сауда жағдайы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
Кіріспе
Еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен байланысты ҚР-ң үкіметі өнімдер
мен бағалардың тиімді болуына баға қалыптастырудың жетілген тәсілдерін және
тауарлар мен қызметтердің нарықтық баға орнату тәсілдерін дамытуға көп
үлесін қосып жатыр.
Нарықтық баға қалыптастырудың жаңа тәсілі – тендерлік баға қалыптастыру
тәсілі және өткізудің жаңа жолдары әрі қарай даму жолында.
Бүгінгі таңда тендер – халықаралық сауданың басты объектілерінің бірі
болып қана қоймай, сонымен қатар әлемдегі мемлекеттердің сыртқы сауда
саясатының басты құралы болып табылады. Әлем елдерінің тәжірибесі бойынша
халықаралық тендерге қатысу, көптеген фирмалармен кәсіп орындарға өздерінің
қаржылық және техникалық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. Сонымен
қатар тендердің принциптері, әлем фирмаларына конкурсты жеңу үшін бірдей
мүмкіншілік береді. Біріншіден, конкурс ашықтылық принципі арқылы өтеді,
яғни конкурстар туралы ақпараттар барлық қатысам деушілерге жеткілікті.
Екіншіден, конкурс бәсекелестік принциптер арқылы өтеді, бұл принцип
қатысулар арасындағы ең әділетті жарыс өтуіне байланысты. Үшіншісі,
теңділік немесе әділеттілік, бұл тендердің басынан аяғына дейін қатысушылар
арасындағы және қатысушыларға деген әділетті қарым-қатынас.
Халықаралық саудада тендер маңызды орын алғанымен, ұйымдастырылуына,
заңдылықтарына, дискриминациялауға байланысты проблемалары бар. Әсіресе,
Қазақстан Республикасы сияқты нарықтық экономикаға көшуші елдердің тендерді
ұйымдастыру барысында келесі қиыншылықтармен кездеседі: заңдылық
базасының, ақпараттық құралдардың жетілмеуі, ашықтылық, есеп беру
процедураларына ұстану, ашық бәсекелестік, әділеттілік принциптерінің дұрыс
орындалмауы.
Бітіру жұмысымның басты мақсаты – бірнеше елдер мен ұйымдарды мысалға
ала отырып, тендердің халықаралық саудадағы қызметтерін, проблемаларын,
артықшылықтар мен кемшіліктерін қарастыру және талдау.
Жоғарыда айтылған мақсаттарға сай келесі мәселелер (тапсырмалар)
туындайды:
- тендердің экономикадағы мәні мен рөлін анықтау;
- әлем елдерінің тендерді ұйымдастыру шарттарын қарастыру;
- тендердің халықаралық экономикадағы өзекті мәселелерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы тендердің өзекті мәселелерін талқылау;
- Қазақстан Республикасындағы тендердің тәжірибесіне бас шолу.
Зерттеу жұмысымның объектісі – тендер.
Бітіру жұмысын жазубарысында таңдап алынған тақырыпқа байланысты
көптеген әдебиет зерттелінді. Мәселен, әлемдік саудадағы тендердің маңызды
проблемаларын зерттеуде Смирнов В.И., Псетерович Н.В., Гончаров Е.Ю.,
Кузнецов К.В., Кенжеқұлов Е.С., Кобзев Г.М., Катамадзе А., Яковлева В.А.,
Воробьева А.А. сияқты экономистердің жұмыстары үлкен көмегін көрсетті.
Дипломдық жұмыс құрамына кіріспе және қорытынды, үш бөлім, алты
бөлімшелер, әдебиеттер тізімі мен қосымша көздер кіреді.
І. ТЕНДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Тендер түсінігі, мәні және түрлері
Халықаралық тендер – бұл тауарларды сатып алу, тапсырыстар беру және
тусімдерді улестіру тәсілдері, ол әртурлі елдердің бірнеше жеткізіп
тұрушыларын немесе мердігерлерінен ұсыныстарды анықталған, алдын-ала
белгіленген мерзімге келтіруді және сауданы ұйымдастырушыға ұсынысы тиімді
болған біреумен(бағасы және басқа да коммерциялық және техникалық шарттары
бойынша) келісім-шартқа отыруды болжайды.
Сауда қазіргі жағдайда айтарлықтай кең тараған. Олар нысандарды
кілттеп салу, машиналар мен жабдықтарды жеткізу бойынша келіссөздерді
жүргізу үшін контрагенттерді іздеуде және іріктеуде маңызды рөл атқарады.
Көптеген жағдайда сауда сатып алу әдісі ретінде дамушы елдлермен
қолданылуда. Шетелдерде машиналар менн жабдықтар сатуда өткізілетін
сатылымдардың жалпы санының 80%- на дейін дамушы елдердің үлесіне келеді.
Дамушы елдерде сауданың кеңінен таралуы онда мемлекеттің өндіріс саласымен
қатар сыртқы сауда-саттық саласына да араласуының күшеюімен тығыз
байланысты. Көптеген дамушы елдердегі әрекет етуші заңдарыимпорттаушыларға
тауарларды, әсіресе жабдықтарды шетелдерден сатып алуды міндеттейді,
олардың бағасы белгіленген сомадан жоғары болады. Сыртқы сауданың
мемлекеттік монополиясы жүзеге асырылған Бирма жіне Египет сияқты елдерде
іс-жүзінде барлық тауарлардың импорты және барлық кезекті операциялары
сауда арқылы жүзеге асырылады. Латын Америкасының көптеген елдерінде,
әсіресе Уругвайда, сатып алулар мен қоғамдық жұмыстар өткізуге
жүктемелердің негізгі бөлігі сауда- саттық арқылы жүргізіледі. Сатып
алулардың осындай түрін Индия, Шри-Ланка, Пәкістан, Иран, Ирак және т.б.
елдер кеңінен қолданады. Жалпы алғанда дамушы елдердің барлық импортталатын
тауарларының (құны бойынша) 20-дан 40%-на дейінгі мемлекеттік ұйымдармен
сауданы ұйымдастыру жолымен әкелінеді.
Өнеркәсіптік дамыған елдерде мемлекеттік ерекшеліктің жоғарлауына
байланысты сауда сатып алуларды және мемлекеттік шарууашылық кәсіпорындары-
электірлік станциялары, көмір шахталары, темір жолдары және т.б. кезекті
жұмыстарын орындауды жүзеге асыру үшін барынша кеңінен қолданылады.
Сауданың көп мөлшері ОАР-да, Австралияда және Жаңа Зеландияда, сонымен
қатар АҚШ, Канада, Франция, Германия, Италия және Шотландия елдерінде
өткізіледі.
Өткізу тәсіліне байланысты сауданың ашық (бұқаралық) және жабық
(шектеулі және жасырын) түрлерін ажыратады.
Ашық саудаларға қатысуға жергілікті, сонымен қатар шетел ұйымдары
мен фирмаларының барлық қалағандары жұмылдырылады.
Жабық саудаларға қатысуға тек қана белгілі бір фирамалар шақырылады,
оларға арнайы шақыру қағаздары жіберіледі. Жабық саудаларда ерекше, күрделі
және арнайы қондырғыларға, жинақты кәсіпорындарға және т.б. тапсырыстар
орналастырылған жағдайларда да жүгінеді.Жабық саудаларға қатысуға көбінесе
берілген сауда аймағында үлкен тәжірибесі бар және техникалық жақсы
жарақталған беделді, белгілі фмрмалардың аздаған саны тартылады.
Анда-санда болса да, жекелеген саудалар деп аталатын түрі
жаьдықтарды өткізуге арналған сауда іс жүзінде кездеседі. Оолардың
ұйымдастырушылары бір фирманың бәсекелестерін қатыстырмай-ақ шақыртылады,
бірақ онда берілген жақтық ережелері бойынша сату процедуралары және
сауданың сыртқы формалары сақталады. Жекелеген саудалар жабық немесе басқа
тауар жалғыз фирма-монополистпен сатып алынатын жеке-дара жағдайларда ғана
өткізіледі; ал мемлекеттік ұйымдар үшін қарапайым келісім-шартқа отыру
берілген елдің заңдарымен тыйым салынған.
Өткізілетін саудалар жайлы ақпарат сауданың түріне байланысты
әртүрлі беріледі. Ашық саудаларды өткізу кезінде ресми, көбінесе үкіметтік
баспа органдарына (газеттерде, экономикалық журналдарда, сауда жайлы арнайы
бюллетендерде) хабарландырулар орналастырылады. Осы хабарландыруларда сауда
жайлы тек негізгі ақпараттар болады, олар негізінен, счауда өткізетін
ұйымның атауы, сауданың нөмірі, сауда жарияланған жеткізіп беру және
орындайтын тауардың мөлшері немесе жұмыстардың көлемі және атауы, ұсыныстар
беру реті және мерзімі және т.б. Сонымен қатар хабарландыруда сауда жайлы
барлық қажетті мәліметтер болатын реттік шарттар, спецификациялар, сызбалар
және басқа құжаттар қайдан алынатындығы көрсетіледі. Мұндай хабарландырулар
сауданы өткізетін күнге бір-бір жарым ай қалғанда жариялайды. Ірі саудалар
екі-үш ай бұрын хабарланады.
Өткізілетін ашық саудалар жайлы ұлттық ақпарат көздерімен қатар
дамыған елдердің экономикалық ақпарат көздерінде жарияланады. Шетелдік
көздерде ақпарат негізінен алдын-ала беріледі, бұл экспорттаушы фирмаларға
қажетті ұсыныстарды уақытылы дайындауға мүмкіндік береді. Шетелдік ақпарат
көздері сауда жайлы хабарландыруларды ұлттық бюллетендерден, газет пен
журналдардан қайта басып қана қоймай, сауда өткізетін елдердің сауда
палаталарына өздерінің сауда уәкілдерінен, өкілдерінен немесе
елшіліктерінен, сонымен қатар сауда жариялайтын елдерде орналасқан
фирмалардың филиалдарынан немесе агенттіктерінен алатын ақпараттарды да
жариялайды.
Жабық сауда өткізген кезде хабарландыру реті басқаша болады.
Өткізілетін сауда жайлы хабарды тек қана жекелеген фирмалар алады, олар не
боолмаса сауданы ұймдастырушыларға алдында орындалған тапсырыстар бойынша
жақсы белгілі, не болмаса берілген саладағы кеңінен белгілі және беделді
фирмалар болып табылады.
1.2.Тендерді өткізу тәртібі және шарты
Тендерді өткізудің тәртібі мен шарты көптеген дамушы елдерде
негізінен ұқсас. Алайда белгілі салттар мен дәстүрлерге байланысты немесе
тендер жайлы заң шарттарынан шығатын кейбір ерекшеліктері бар. Бірқатар
елдерде тендерді өткізудің тәртібі мен шарты арнайызаңдармен, декреттер
және циркулярменен берілген.
Тендерлер, негізінен оны жариялаған мекеменің орналасу орнында
өткізіледі, сонымен қатар оның ұйымдастырушыларымен басқа елдерде өткізілуі
мүмкін, Тендерді өткізуде бірнеше кезеңдерді ажыратуға болады:сауданы
даярлау;саудаға қатысушылардың ұсынысын беру; жеткізіп берушіні
таңдау;келісім-шартқа қол қою.
Тендерді даярлыққа тендерлік құжаттама деп аталатын тендердің
техникалық және коммерциялық шарттарын жасау және онымен тендерге
қатысушыларды – оференттерді таныстыру кіреді.
Импорттаушы тендерді өткізу бойынша даярлық жұмыстары кезінде
тендерді ұйымдастырушы және тапсырыс беруші болады. Ол өз еліндегі
тендерлік заң негізінде тендерге қатысушылар ұсынатын тендерлік құжаттардың
түрі мен формаларын, оларды толтыру талаптарын, өткізілетін тендер жайлы
хабарлама немесе жарияланған басылым күнінен бастап ұсыныстарды беруге
арналған бекітілген мерзімдерін, тендерде ұтып шыққан қатысушымен келісім –
шартқа отыру тәртібін және ұсыныстарды бағалау талаптарын анықтайды.
Халықаралық коммерциялық практикада “тендер” термині түрлі мағынада
қолданылатындығын есте сақтау керек:
- Өткізілетін тендер жайлы хабарлама ретінде, тендерге қатысу үшін
қажетті техникалық жәнее қаржылық базасы бар белгілі фирмалар
қатарына шақыру ретінде, шектеулі (жабық) тендерлерге қатысу үшін
бір немесе бірнеше алдын – ала іріктелген фирманың арнайы шақыруы
ретінде;
- Импорттаушы елдің тендерлік заң талаптарын айғақтайтын, тендерлік
құжаттаманың жиынтығы ретінде;
- Тендерлік құжаттаманың құрамына кіретін, тендерді
ұйымдастырушылармен құрастырылған ұсыныстың проформасы ретінде.
Тендердің проформасы – бұл тендерлік құжаттаманың жалпы және арнайы
шарттарына немесе тендердің проформасына сәйкес жұмыстарды орындау
боййынша өзіне барлық міндеттемелерді мойынына алуға келіскен кезде
оферент толтыратын және қол қоятын
формуляр болып табылады;
- Тендерде қатысуға ниет білдірген ұйымның (оференттің) немесе
фирманың ұсынысы (офертасы) ретінде;
- Келісім – шарт жасалатын (негізінен техникалық күрделі, ерекше жаңа
жабдық, ірі өнеркәсіп нысандары), нәтижесінде контрагент
анықталатын жабық процедура (тендерге қатысушылар шақырылмайды)
ретінде.
Тендердің техникалық және коммерциялық шарттарын жасау
ұйымдастырушылардың өздерімен, не болмаса арнайы инженерлік – кеңес беруші
немесе инженерлік құрылыс фирмаларын тарту арқылы жүзеге асырылады. Бұл
шарттар тендерлік құжаттаманың жинағы түрінде шығарылады. Тендерлік
құжаттаманың жиынтығына көбінесе кіретіндер: тендердің шарты немесе
тендердің проформасы; тендерді өткізу шарты тендерге қатысушыларға –
оференттерге нұсқау ретінде; тендердің ортақ және арнайы шарттары; техника
– экономикалық құжаттама (спецификация, сызбалар, каталогтар), жұмыстарды
орындаудың ең қалаулы тәсілдерін жұмыстардың түрлерінің тізімі; жұмыстарды
орындау бағдарламасы және графиктері; келісім – шарттың проформасы, алғашқы
және соңғы кепілдемелердің формалары, олардың сомалары.
Тендірлік шарттарда көрсетіледі:
Сатып алу жоспарланған жабдықтың немесе басқа тауардың атауы және
мөлшері (немесе нысанның сипаты,оның қуаты,өнімділігі,қызметтердің көлемі);
Осы жабдықтың барлық негізгі техникалық шарттары, техника-
экономикалық сипаттамалары және қосымшаға қандай қосымша техникалық және
түсіндірме құжаттама берілуі қажеттілігі жайлы ақпарат ;
Негізгі комерциялық шарттар, соның ішінде жеткізіп беру мерзімі,
бағаны белгілеу тәртібі, жеткізіп берудің базистік шарттары, сонымен қатар
экспорттаушының несие беруші және кепілдеме берумен байланысты(олардың
мөлшері, банктік кепілдікке ауыстыру мүмкіндігі), басқа да ақпараттары,
оференет ұсынысты қандай бағаларда ьеруі жайлы нұсқаулары және ауыспалы
бағалардың болу мүмкіндігі.
Тендерлік шарттарды жабдықтарға техникалық күтім жасауды қамтамасыз
етуге байланысты (қосалқы бөлшектерді жеткізіп беруді қосқанда)
талаптардың, кепілдемелердің, айыппұлдардың, арбитраждық шарттары айтылады.
Тендердің жалпы шарттары берілген елдің тендер арқылы сатып алынатын
жабдықтардың көптеген түрлері үшін көбінесе ұқсас. Арнайы
шарттарды берілген жабдықтың нақты түрі жайлы барлық қажетті мәліметтері
болады (анық техника – экономикалық және сипаттамалар).
Тендердің проформасы келесі мазмұнда болады:
1. Жоғарыда атлған жұмыстар өндірісінің сызбаларын – келісімнің
шарттарын, спецификасы мен сметасын оқып – танысып, біз, төменде қол
қоюшылар, аталған Жұмыстардың барлық көлемін сызбаларға, келісім
шарттарына, спецификациялары мен сметаларға сәйкес ф. ст
_____________ сомасына немесе басқа сомаға, егер ол келісім – шартта
бекітілген болатын болса, өткізуді болжаймыз.
2. Біздің тендерді қабылдаған жағдайда жұмыстарды ___ күннің ішінде
бастауды біз мойнымызға жүктейміз. Инженердің бұйрығын алу бойынша
жұмыстарды бастау, аяқтау және барлық жұмыстарды келісім – шартта
көрсетілген жұмыстардың орындалуы тиіс мерзімде тапсыру.
3. Егер біздің тендер қабылданатын болса, біз, егер қажет болса,
сақтандыру компаниясы немесе банктің кепілдемесін аламыз немесе
бізді тұтас және жеке байланыстыратын екі жеткілікті және сенімді
кепілдемелерді (сіздер мақұлдаған) береміз, Сіздер қабылдаған
кепілдеме жағдайының дұрыс орындалуын келісім бойынша қамтамасыз
етуге жоғарыда аталған соманың 10%-дан аспайтын сомасын береміз.
4. Біз аталған Тендерде ___ күн мерзімінде оны алған күннен бастап
байланысты болуға келісеміз және онымен байланысты боламыз және осы
мерзім аяқталғанша кез-келген уақытта қабылдауға келісеміз.
5. Негізгі Келісім даяр болғанша, осы Тендер, Сіздің жазбаша оның
акцептімен бірге, біздің арамыздағы келісім–шарттың міндеттемелер
болады.
6. Тіптен төмен бағадағы Тендерді Сіздер қабылдауға міндетті емес
екендіктеріңізді немесе Сіздер алатын кез-келген тендерді алмау
құқықтарыңыз бар екендігін біз мойындаймыз.
“Кілттеу” келісім-шарттарын орындаудың тендерлік құжаттамасына
көбінесе қосымша кіреді; онда оферент келесі мәліметтерді көрсетеді:
кепілдеме салымының мөлшері, жаупкершілікті үшінші жақтар алдында
сақтандырудың минимал мөлшері, жұмыстарды орындау мерзімі, тұрақсыздық және
сыйақы мөлшері (егер ол қарастырылатын болса), кепілдеме кезеңінің
ұзақтығ,ы, бағадан алынатын кепілдемелік ұсталымдар мөлшері, сертификат
бойынша төлемдерді шығару мерзімі, бұл сертификат тендерге қатысты барлық
шарттармен оферент танысқандығы және тендерді өткізгенге дейін құрылыс
алаңын қарағандығы жайлы жағдайдың жұмыстарын орындауды растайды.
Тендерлік құжаттар оференттің ұсынысына (тендер) тікелей қосылуы
мумкін, ол оның мазмұнын көптеген мәселелер бойынша анықтайды немесе
болашақ келісім-шарттың құрамам бөлігі бола алады.
Тапсырыс бағасына (құнына) есептеуді тапсырушы жасайтын болса да,
оферент өзінің есептемесін ұсынып, өз ұсынысының бағасын анықтай алады,
сонымен қатар тапсырушы есептеген бағаға жеңілдік (немесе үстеме) мөлшерін
көрсете алатындығын ескеру қажет.
Оферент тендердің шарттарын орындау жайлы өзінің міндетін көбінесе
кепілдеме сомасын енгізуц арқылы растайды.
“Кілттеу” келісім-шарттарын орындайтын тендерлік құжаттаманың ішінде
тапсырушы оферент үшін міндеттелген, қатаң бекітілген талаптарымен қатар,
альтернативті, оферент үшін немесе тапсырушы үшін шешімдердің басымшылары
болуы мүмкін.
Тендерлік құжатамалардың жиынтығы тендердің болжамды қатысушыларына
сатылады, оның бағасы тендерлік құжаттаманы даярлауға кеткен шығындарға
байланысты қойылады.
Тендер жарияланғандығы жайлы ақпарат алған және онда оферет ретінде
қатысуға ниет білдірген фирма түсетін ұсыныстардың мазмұнына қатысты
тапсырыс берушінің барлық талаптары айқындалған тендерлік шарттардың
(тендерлік құжаттаманың) жиынтығын алады.
Кейде Тендерлік шарттарды тендерді өткізу күнімен қатар онда тендер
бойынша шешімдер қабылдауға арналған бағдарлы мерзім көрсетіледі, ол
көбінесе ұзақ болады және үш-төрт айға жетеді.
Оферент (тендерге қатысушы) тендер шарттарында (жалпы және
техникалық) көрсетілген барлық ережелер мен талаптарды қатаң орындауы,
сонымен қатар ұсыныстарды қатаң белгіленген формада жасау қажет. Тендерді
ұйымдастырушылардың аталған шарттарға сәйкес келмейтін ұсыныстарды тіптен
қарастырмауға құқығы бар.
Оферент тендерге берер алдында тендерлік құжаттамамен тиянақты
танысуы, тендерді ұйымдастырушылардан барлық түсініксіз сұрақтар мен
шарттарды нақтылауы жайлы шарттың мәні өте зор, себебі конкурстың іріктеу
қорытындылары бойынша акцепті жағдайында оферентке өзінің ұсынысында
көрсетілген жеткізіп беру мерзімі және бағасының барлық шарттарын орындау
міндеттілігі жүктеледі. Ол өзіне барлық мүмкін қауіптер мен міндеттемелерді
алуға даяр болуы қажет.
Тендерге қатысушылардың ұсыныстарын беруі – тендерді өткізудің
екінші кезеңі тендерге түсетін ұсыныстар “тендер (tender)”, немесе
“бид(bid)” атауына ие. Ұсыныстарды берудің тәртібі мен тәсілі сауданы
ұйымдастырушылармен реттеледі.
Халықаралық тәжірибеде тендерге қатысу үшін ұсыныстарды тапсырудың
турлі тәсілдері қолданылалды. Бірінші тәсілде оферент тендер проформасының
барлық беттерін онда өзінің бағасын (санмен және жазбаша) және басқа да
конкурстың шарттарды көрсете отырып толтырады және қол қояды деп болжанады.
Оферент толтырған және қол қойған тендер проформасы тендер күшіне ие
және тендерді – конкурстың іріктеу процедурасына қатысу үшін тендерді
ұйымдастырушыларға ұсынылады.
Екінші тәсілде оферент тендерді өзі құрастырады және ол тендер
шарттарын немесе тендерлік құжаттамаға толығымен сәйкес келеді деп
болжамдалып ұсынылады. Тендерде оферент өзі фирмасының атын, оның мекен-
жайын және егер тендер өткізетін елде фирманың өкілдігі болса, онда сол
өкілдіктің мекен-жайын көрсетеді.
Егер оферент қажет деп санайтын болса өзінің өзгертулері мен
толықтыруларын тендер шартының техника – экономикалық бөліміне енгізе
алады, ал оларды өзінің тендеріне қосымша ретінде жеке көрсетуі мүмкін.
Ұсынылған тендерге өзгертулер мен толықтырулар енгізуге болмайды.
Сауданы ұйымдастырушылар, егер оны елінің тендерлік заңдары талап
етсе, онда оферентке тендерге қосымша формада өзінің фирмасы жайлы
мәліметтерді ұсынуға міндеттеуі мүмкін: жарғыда, қаржылық және техникалық
мүмкіншіліктерінде, алдында орындаған тапсырыстарында (әкімшілік және
техникалық істер деп аталатын), саудаға қатысу жүктелген (егер олар ашық
болса), келісім шарттары бойынша келіссөздер жүргізетін, конкурстық
іріктеуді ұтқан жағдайда келісім-шартқа қол қоятын жақтар туралы.
Негізінен, ашық тендерлерде тендерлер жазбаша түрде беріледі, алайда
ауызша түрі де бола беруі мүмкін. Ұсыныстар (оференттің қолы және мөрі бар
толтырылған тендер формасы) жабық, мөрленген конверттерде (көбінесе екеу)
беріледі. Ішкі конвертте тендердің нөмірі, тендер жарияланған тауарлардың
немесе жұмыстардың аталуы, және жұмыстарды қабылдау үшін бекітілген күн
көрсетіледі. Сыртқы конвертте тендерді ұйымдастырушылардың мекн-жайы немесе
ұсыныстарды қабылдауға арналған басқа бекітілген ьекен-жай көрсетіледі.
Жазбалардың мәтіні және олардың орны конверттерде тендер шартымен
көрсетіледі. Шетелдік оференттер көбінесе тендерді тапсырыс хатымен
ұсынады. Егер ұсыныстарда тендер өткізетін елде орналасқан жергілікті фирма
агенттігі немесе өкілі арқылы берілетін болса, онда олар сауда жариялаған
ұйымның тікелей өзіне қол қойып беріледі.
Белгіленген мерзімде тендерлік құжаттаманы ұсынудың мәні өте зор.
Көрсетілген мерзімнен кейін алынған ұсыныстар барлық елдердегі тендер
шартына сәйкес тендерге қатысудан шығарылады. Жоғарыда атлғандай оферент
тендерді ұсынуының өзі оның тендердің барлық шарттарымен толық
келіскендігін білдіреді.
Тендерге қатысушылар ұсынылатын тендерлерінде өздерінің бағаларын
көрсетеді. Тендер кезінде кезекті құрылыс жұмыстары тендерінің шарттары
шығындардың сметасынан тұрады, яғни төленетін максималды баға. Бұл жағдайда
тендердегі бағалар тендерге қатысушы ұсына алтын шартты сомасы бар
жеңілдіктің анықталған пайызы ретінде көрсетіледі. Тендерді
ұйымдастырушылардың талабы бойынша тендерді жіберген фирма жоғарыда
көрсетілген фирма жайлы мәліметтермен қатар, келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
берілген кәсіпорын өзінің техникалық және экономикалық мүмкіндіктері
бойынша тапсырысты орындайтын жағдайы жайлы сауда палатасының, банктің
немесе басқа беделді мекемесінің куәлігі; кепілдік берлгендігі жайлы тендер
ұйымдастырылатын елдегі банктің анықтамасы.
Жеткізіп берушіні таңдау – тендер өткізудің үшінші кезеңі. Тендер
жариялаған ұйым белгіленген күні және сағатта ұсыныстары бар түскен
конверттерді ашады. Конкурсттың іріктеу процедурасы жарияланған тендердің
түріне байланысты жабық және құпия болуы мүмкін. Ол осы және басқа жағдайда
да жүзеге асырылуы төмендегідей: тендер шарттарына ұсынылған ұсыныстардың
сәйкес келетіндерін анықтау мақсатында олардың барлығымен танысу;
коммерциялық шарттары бойынша алынған ұсыныстарды салыстыру; оферент-
фирмалардың әкімшілік және іс-қағаздарының досьесімен танысу. Тендерді
ұтқан оферентті конкурстың іріктеу үнемі жабық түрде жүргізіледі (тендердің
қандай түрі болса да).
Жеткізіп берушіні таңдауға және тапсырыс беруге бәсекелес
ұсыныстардың басқа ұқсас шарттары кезінде ең төмен бағалары бар ұсыныстарды
таңдау жайлы сөз болған жағдайда тікелей ашқан және оқыған соң жүргізуге
кіріседі.
Алайда көбінесе, жабдықты жеткізіп берудің ерекшеліктері кезінде
жеткізіп берушіні таңдаудың және тапсырыс берудің соңғы шешімін қабылдау
белгілі бір уақыт мерзімінен кейін (кейде бірнеше ай немесе аптадан соң)
жоғарыда тұрған ұйыммен жүзеге асырылады. Ол алдымен тендерлерді салыстыру,
олардың әрқайсысынан тиімдісін таңдау белгілі бір уақытты
қажетсінетіндігімен түсіндіруге болады. Техникалық көрсеткіштердің үлкен
санын салыстыру, баға және жеткізіп беру мерзімімен қатар, несиенің
ұзақтығын, есеп айыру түрін, тауарды жеткізіп беру коммерциялық шарттарын
ескеру қажет. Тендер тәжірибесі, сонымен бірге тендерлерді конверттерді
ашып, оларды жариялаған соң да нақтылауға мүмкіндік береді, ал кейбір
жағдайларда – тендердің кейбір шарттарына саудаласу жүргізіледі, бұл да
жеткізіп берушіні таңдауды кешіктіреді.
Тендер ашылған күні барлық тендерлер тек қана ресми хаттамаға
енгізіледі, сонымен қатар оферент-фирмалардың өкілдерінің арнайы бөлінген
бөлмеде осы хаттмаманың көшірмесімен тансысуға және өз бәсекелестерінің
бағаларын және басқа шарттарын белгілі бір уақытта білуге құқығы бар.
Тендерлік құжаттманы оның тендер шарттарына сәйкестілігіне қатысты
түпкілікті тексергеннен кейін, барлық ұсыныстарды салыстырғаннан кейін, ал
күрделі қондырғылар және оны көп сомаға сатып алу кезінде – сонымен бірге
оферент-фирмалардың бәсекелестігі және олардың өндірістің мүмкіндіктері
жайлы қажетті анықтамаларды алғаннан кейін – жеткізіп берушіні таңдау
бағаларға, сапаға, мерзімдерге қатысты ең тиімді шарттардың ұсынысымен
анықталуы тиіс. Іс жүзінде бұл басқаша.
Конкурстың іріктеүде шешуші рөлді баға және басқа коммерциялық
шарттармен қатар, оференттер шығаратын өнімдердің жоғары сапасы, тапсырыс
беруші үшін ең қолайлы келісім-шарттың орындалу мерзімі; жұмыстарды орындау
тәртібі; қажет болған жағдайда мамандандырылған қосалқы жеткізіп
берушілерді және қосалқы мердігерлерді жұмылдыру мүмкіншілігін атқарады.
Сонымен қатар, жеткізіп берушілерді таңдау кезінде жекелеген заң
жағдайлары немесе қарапайым әкімшілік үкімдер немесе жазбалар назарға
алынады.
Бірқатар дамушы елдердің (мысалы Индия, Иран, Пәкістан, шри-Ланка)
жалпы тендердің жағдайында былай жазылған, тендерді ұйымдастырушылар
тауарды, және де көбінесе жабдықтарды өте төмен бағада жеткізіп беруге
ұсыныстар қабылдайтын міндеттермен өздеріне қол байлау жасамауы тиіс. Бұл
көптеген дамушы елдерде ертеден бері сауда кезінде көбінесе белгілі-бір
басымдылық берілетін ірі шетелдік фирмалармен байланыстың болуымен
түсіндіріледі. Бұл жекелеген үшінші елдерге қатысты шектеу саясатының
жүргізілуіне де байланысты. “Ең арзан ұсыныс” принципінен бас тарту
тендерді ұйымдастырушыларға үшінші елдің оференттерінің ұсынысын себебін
көрсетпей-ақ қарастырмауға мүмкіндік береді.
Көбінесе тендерді ұйымдастырушылар тапсырысты жергілікті
фирманың ұсынысы шетелдік фирманың ұсынысынан тиімділігі аз болса да соған
береді. Шетелдік фирамалармен салыстырғанда жергілікті фирмалардың тендер
кезінде бағаны жоғарлату мүмкіндігі түрлі елдерде 5-тен 20%-ға дейін
болады, іс жүзінде бұдан да жоғары ауытқулар кездеседі. Жергілікті
фирмаларға өте ашық түрде басымшылдық беру АҚШ тендерлерінде болады. Тендер
өткізетін мемлекеттік ұйымдарының “америкалықты сатып ал” заңының күшіне
сәйкес басымшылықты шетелдік жеткізіп берушілердің бағасынан американдық
фирмалардың бағасы 6%-ға дейін жоғары болса да беріледі.
Көптеген дамушы елдер үшін жеткізіп берушіні таңдау кезінде шешуші
рөлді кейде тендерге қатысушылар ұсынатын несиенің құны, өту мерзімі,
ұзақтығы, мөлшері атқарады. Бірқатар жағдайларда тапсырыстар біршама жоғары
баға ұсынған, бірақ тендерді ұйымдастырушылармен жақсы жұмыс тәжірибесі бар
фирмаларға беріледі. Кейбір жағдайларда, жеткізіп берушілерді таңдау
коммерциялық емес, саяси ой-пікірден анықталады.
Жеткізіп берушіні таңдау жайлы шешім тендер шарттарымен бекітілген
мерзімге дейін жүргізілуі тиіс. Бұл кезде өзінің тендерлерін ұсынған
оференттер олармен үлестіру мерзіміне дейін байланысты, және берілген
ұсыныстар осы ьерзім ішінде қайтарып алынбайды. Тендерлердің жарамдылық
мерзімі негізінен көрсетілген: ұсынысты қарастырған күннен бастап бірден үш-
төрт айға дейін.
Ұсынысы қабыллданған оферент ол туралы сәйкесінше хабарлама алады,
ал қалған оференттерге айтылмайды, алайда кейбір нәтижелерді сұратқан
жағдайда олардың ұсынысы бойынша хабарланады. Кейбір елдерде тендердің
нәтижелері арнайы шығарылатын бюллетендерде немесе газеттерде жарияланады.
Барлық елдердің тендерлік шарттарына сәйкес жабдықты жеткізіп беруді
ұтқан оферент жеткізіп берудің барлық шарттарын және тапсырысты орындаудың
кепілдемесі ретінде екінші кепілдік салымын өткізуі тиіс. Оның шамасы
тапсырыс құнынан 5-10% құрайды. Тапсырыс орындалған соң бұл кепілдеме
салымы жеткізіп берушіге қайтарылады, бұл қайтарудың сипаты да әртүрлі
болуы мүмкін: не болмаса жабдықты жеткізген соң толығымен, не болмаса
тапсырыстың орындалу шамасына қарай бөлінеді (жеткізуге пропорционал).
Тендерді өткізгеннен кейін тапсырыс берушілер рөліне түсетін тендерді
ұйымдастырушылар бұл кепілдемені тапсырысты орындау кезінде туындайтын
басқа шағымдардың орнын толтыру үшін қолдануға құқығы бар (сапасыз жабдықты
жеткізіп берген, жеткізіп беруден кешіккен және т.б. жағдайларда).
Тендерді өткізудің төртінші кезеңі – тендерде ұтқан фирмамен келісім
шартқа қол қою. Осы келісімдердің шарттары қарапайым сатып алу-сату
келісім-шарттарынан іс жүзінде айырмашылығы аз немесе тіптен жоқ.
Алайда онда кейде өз елінің сауда флотын қолдану немесе тасымалдау тәсіліне
және т.б. қатысты кейбір жекелеген жағдайлар болады.
Тендер қорытындысы бойынша келісім жасау оференттің ұсынысын екі жақ
келісім шартқа қол қоймайтындай жүзеге асырылуы мүмкін.
Болашақ жеткізіп берушімен импорттаушының тікелей контактілерін оған
келіссөз жасау жайлы ұсынысы бар коммерциялық хат жолдау жолын қолдану және
аз санада жеткізіп беруде жылдам орындау қажет болған
жағдайларда келісім-шартқа отыру мүмкін және тиімді болады.
Тауарды жеткізіп беру осы жеткізіп берушімен керекті техникалық-
экономикалық деңгейде жүзеге асырылуы мүмкін, оның сәйкесінше патенттері
бар немесе әлемдік нарықта монополист болады; жеткізіп беру үкіметаралық
келісімде қарастырылған.
Тендерге табысты қатысудың кепілі болатындар: тендердің шарттарын
дұрыс сақтау; тендер шартында көрсетілген мерзімде тендерлерді ұсыну;
тауарларға және мердігерлік жұмыстарға тендекр ұйымдастырушыларға қойылатын
талаптарды, яғни нарық сұраныстарын жақсы меңгеру; тауарлардың жоғары
сапасы, ал жабдықтарды жеткізіп беруде оны сатқаннан кейінгі жақсы
техникалық күтім көрсету, бағалардың бәсекеге қабілеттігі, тауарларды
жеткізіп беру мерзімдері, мердігерлік жұмыстарды орындау мерзімдері

Мемлекеттік мекемелер мен ұйыцмдар (министрліктер, олардың
басқармалары, сатып алу мекемелері), сонымен қатар муниципалитеттер және
кейбір жағдайда ірі жеке фирамалар көбінесе тендерді ұйымдастырушылар
болады.
Тендерде мемлекеттік ұйымдар мен муниципалитеттің кеңінен қатысуы
оларда жеке меншік сыртқы сауда аппаратының жоқ болуымен түсіндіріледі. Бұл
олардың кезекті коммерциялық қызметпен, нарықты және мүмкін жеткізіп
берушілерді немесе мердігерлерді зерттеумен айналысу мүмкіндігін
болдырмайды.
Тендерге бір уақытта жеткізіп берушілердің көптеген санын жұмылдыру
тапсырыс берушіге максимал бәсекелестікке жол ашады, соның есебінен оған ең
тиімді коммерциялық және бақа шарттар кездеседі. Тендер түрі мемлекеттік
және жергілікті мекемелер үшін тиімділігі, оның саудаға қаржылық қатынаста
ең ірі және беделді фирмаларды тарту мүмкіндігі зор.
Бұл жасалатын келісім құнының 1-3% сомасында саудаға қатысу құқығы
үшін кепілдік енгізу қажеттілігін қарастыратын, тендер ережелерінің
көмегімен мүмкін болып отыр.
Келісім-шарттардың сомаларының тендер нәтижесінде жасалғанда біршама
болғандықтан, қаржыға қатысты әлсіз және бәсекеге қабілетсіз фирмаларға
мұнда қатысу қиынға соғады. Бұл жеткізіп беруші немесе мердігер өзіне
жүктелген міндеттерін орындамау тәуекелдігін азайтады.
Мемлекеттік ұйымдар тендерді өткізген кезде әсіресе арнайы және
күрделі жабдықтарды сатып алу кезінде тендерге қатысушы-фирмалардың
бәсекелестігімен емес, ал олардың арасындағы мәмілемен, әсіресе, егер олар
бір
монополистік бірлестікке кіретін, мысалы картель болса кездеседі. Көбінесе
жекелеген компаниялар арасында уақытша мәмілерде консорциумдар
ұйымдастырылады, ол арнайы нақты тендерлер кезінде ұйымдастырылады, сонымен
бірге көбінесе оның жасалғандығы жайлы ресми жарияланады және ірі
тапсырысты орындау ушін жеке фирма-қатысушылардың мүмкін кооперациясы
көрсетіледі.
Кейде біруақытта осындай екі немесе тіптен үш уақытта консорциумдар
жасалуы орын алады. Бұл жағдайда тендерді ұйымдастырушылар осы
консорциумдар арасындағы бәсекелестікті тиімді бағалар алу үшін қолданады.
Алайда мұнда осы сырттай бәсекелестік консорциумдар арасында астыртын
мәміле бөлу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.
2.ТЕНДЕРДІҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
2.1 Тендердің әлем елдеріндегі тәжірибесі
Әлемдік тәжірибеде өнімді жеткізіп берудің ашық халықаралық тендері
тауарларды сатып алуды жүргізудің ең тиімді түрі болып табылады, олардың
атауы және көлемі жеткізіп берушілердің өндірушілердің кең аумағы үшін
тартымды болып табылады. Ашық халықаралық тендерде барлық бірдей құқылы
компаниялар қатыса алады, бұл бәсекенің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Мұндай бәсекелестің нәтижесі мемлекеттік тапсырыс беруші үшін ең тиімді
ұсыныстарды алуболып табылады.
Британдық “Краун Эйджентс” (Crown Agents) компаниясының мәліметтері
бойынша тендер негізінде тауарларды сатып алу процедурасын ашық тендер
арқылы өткізген жағдайда келесі кезеңдерден тұрады: жариялау, жарнама,
тендерлік құжаттарды шығару; тендер ұсыныстарын өткізу; алынған тендер
ұсыныстарын жариялау; алдын-ала жарияланған критерийлер негізінде тендер
ұсыныстарын бағалау; жеңімпазды таңдау; келісім-шартты тағайындау;келісім-
шартты орындау.
Тендерге даярлық сатып алынатын тауарлардың тізімін, олардың мөлшерін,
тендерді өткізу күнін, тауарларды жеткізіп беру мерзімдерін және шарттарын,
жеткізу орнын, келісім-шарттың орындалу мерзімін, төлеу шарттарын және т.б.
Анықтаудан және тендерлік құжаттаманы жасауцдан басталады. Бұл құжаттар
тендерді өткізудің (жалпы және арнайы) шартын анықтау, техника-экономикалық
құжаттамалардан, түрлердің тізімінен тұруы, орындалатын ең қолайлы
әдістерінің көлемінен, келісім-шарт проформасынан, алғашқы және соңғы
кепілдеменің түрлерінен бұлардың сомаларынан және басқа да талптардан тұруы
тиіс.
Техникалық спецификациялар – тендерлік құжаттардың өте маңызды бөлімі,
себебі онда әкелінетін тауарлар, оларға қойылатын қосымша талаптар жайлы
барлық ақпарат бар. Дұрыс даярланған спецмфмкацмялар жеткізіп берушілерге
сатып алушының талабына толық сәйкес келетін ұсыныс беруге мүмкіндік
жасайды. Спецификацияны жасау кезінде халықаралық стандарттарға, ал ондай
жоқ болған жағдайда – ұлттық стандарттарға сілтемелер жасалуы тиіс.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ашық халықаралық тендерлерді өткізу
кезіндегі құжаттар ағылшын, испан және француз тілдерінде даярлануы қажет.
Нашар даярланған тендерлік құжаттама тапсырыс беруші мен орындаушының
міндеттері мен құқығын реттейтін құжат ретінде тендерөткізгенге дейін және
кейін де көптеген келеңсіздіктерге, шиеленістерге және дау-жанжалдарға алып
келуі мүмкін.
Ашық халықаралық тендерді өткізу схемасы
Тендерлік құжаттаманың құны ашық халықаралық тендерді
ұйымдастырушыныңберілген рұқсаттаманы даярлауға және оны орындаушыға
жеткізуге кететін шығындардан аспауы тиіс.
Орташа, тендерлік құжаттаманың құны Ресей Федерациясында 500-1500
ресей рубльдерін (бірақ көбінесе ақысыз беріледі), Украинаның
министрліктері мен ведомстволарында 300-500 гр., Аргентинада 1000 АҚШ долл.
және одан жоғарыны құрайды.
Даярлық кезеңінен кейін тапсырыс беруші жобаның мазмұнымен болашақ
қатысушыларды таныстыру үшін тендерлік негізде тауарлар мен қызметтерді
сатып алу жайлы жалпы хабарландыру жариялауы тиіс. Хабарландыруда
мердігерлік шарттарды, спецификацияларды, сызбаларды және басқа да
ақпараттарды алуға болатын мекен-жай және тендер жайлы тек қана негізгі
мәліметтер ғана көрсетіледі.
Әлемнің көптеген елдерінде ресми басылымдар және басқа көздер
қарастырылған, онда ашық тендерді жарияламай, сонымен қатар олардың
қорытындыларын басып шығармаса, мұндай тендерлердің заңдылығы жайлы сөз
қозғауға да мүмкін емес.
Ресейде – бұл ақпараттық-сараптамалық бюллетен “Конкурсные торги”,
тендердің потенциалды қатысушыларының тапсырысы бар конверттерді ашу
мерзімі ол жайлы бюллетенде хабарлама жарияланғаннан бастап жүзеге
асырылады. Украинада “Вестник государственных закупок”. Еуро одақ елдері
үшін мемлекеттік сатып алулар үшін “ЕС официальный журнал” басылымы
міндетті болып табылады. Сонымен қатар ақпаратты елшіліктер және тендер
өкілдіктері торабы бойынша таратутәжірибесі кеңінен қолдануда.
Әлемдік жаһандану және әлемдік қатал бәсекелесу кезеңінде, әлемдік
нарықтың функционалды жүйесін, тенденцияларын түсіне білу қажет. Қазіргі
таңда халықаралық тендерлерге қатысу, әлемнің көптеген өндірушілеріне
өзінің өнімін өткізу қабілеттілігін, әлемдік нарықта ұлғайтуға үлкен
мүмкіндік береді. Қазіргі кезде тендерді ұйымдастыруына тендерге қатысуына
байланысты келтін. Экономикалық теориялық тәсілдер мен принциптер
заңдылықтар ойлап шығарылған. Әлемдік тәжірибе бойынша, тауарлар мен
қызметтердің тендерлік негізде сатылуы, өзінің мөлдірлігі, әділеттілігі
және ашықтығы арқылы халықаралық сауданың либерализациялануына үлкеюіне
үлес тигізді. Тендерлер дамыған және дамушы мемлекеттердің жабдықталуына
халықаралық нарықтағы жарыста бірдей мүмкіншіліктер береді,
ұйымдастырушыларға немесе сатып алушыларға қаражаттың экономиясына және
сатып алудың жоғарғы эффектісін береді. Көптеген халықтарда ұйымдастыру мен
мемлекеттік қажеттіліктері бар елдерге тендерлер тауаурлар мен қызметтерді
сатып алудың негізгі түрі болып табылады. Мысалға, Еуро Одақтың өзінде-ақ
мемлекеттік сатып алуға кететін қаражат жылына 720 млрд. Еуроға тең. Тендер
арқасында жылына 30 мың тендерлік келісім-шарттар 20 млрд. Доллар өлемінде
әлемдік банктің қаржыландыруы арқылы өтеді.
Бірақ, көптеген компаниялар үлкен тендерлерге қатысу барысында
бірқатар проблемалармен кездеседі. Ең маңыздыларының бірі ірі және беделді
техникалық және қаржы потенциялдары үлкен компанияларды әлем нарығында орын
алуы. Бұл жағдайда бәсеке монополиялық деңгейге өтуі мүмкін және кішігірім
компаниялардың бәсекеден шығып кетуі және мүлдем жойылуына алып кеп соғады
әсіресе дамушы мемлекеттерде кішігірім және орташа компанияларға деген
қатал дискриминациясы, мысалға Индия, Иран және т.б. мемлекеттердің
заңдылық базаларында “тендерді ұйымдастырушы ұйымдармен мемлекеттер өздерін
ең төменгі баға ұсынған компаниялармен байланысуына міндетті емес” деп
жазылған.
Сондықтан олар ең бастысы фирмалардың басқа да үлкен корпорациялармен
немесе фирмалармен байланысына көңіл бөледі және тендер өту барысында
сондай фирмаларға орындарды береді.
Шетел фирмаларын дискриминациялаудың ашық түрі АҚШ-та байқалады. АҚШ-
та тендерлердің жеңімпаздары көбінесе отандық жабдықтаушылар болады.
Отандық өндірушілерді қорғау саясатына байланысты АҚШ-тағы мемлекеттік
сатып алуларды ұйымдастырушылар өзінің таңдауын бағасының жоғары, сапасының
төмен болуына қарамастан, отандық өндірушілерге беруі міндетті. Ал көптеген
дамушы мемлекеттерде: Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Ресейде тендерді
өткізу шарттарының дұрыс қалыптасуына эмиссия заңдылықтардың бір жүйеде
болмауында. Ақпаратты жинау, экологиялық нормалардың, салық заңнамаларының,
социялдық жағдайларының ашықтық және әдептілік нормаларының
жетіспеушіліктері тендерлік дайындылықтағы кедергі береді.
Басты проблемалардың біріне Қытай мемлекетінжатқызуға болады. Қытайда
жұмыс күшінің көп және арзан болғандығынан, Қытай қызметтер мен тауарларына
бағаның төмен болуы рас және Қытай мемлекетінің тауарлары мен қызметтерінің
сапасы басқа елдердің тауарлар мен қызметтерінің сапасынан төмен емес деп
қарастыруға болады. Қытай мемлекетіндегі мемлекеттік сатып алулардың 96 %-ы
отандық жабдықтааушылар қамтамасыз етеді. Яғни Қытай мемлекетінде тендерлік
саудадан алатын пайдасы өте жоғарғы деңгейде тұр.
Халықаралық тәжірибеге, әсіресе әлемдік Банктің процедураларына сәйкес
саудалар 8 аптадан бұрын ол жайлы жарияланғаннан ерте бастауға болмайды.
Ірі және күрделі тапсырыстарды орындаған кезде ашық конкурсты
ұйымдастырушы тендердің потенциалды қатысушыларынан алдын-ала
мамандандырылған іріктеуден өтуді талап етуге құқығы бар, соның барысында
олардың мүмкіндіктері және ресурстары анықталады (осындай келісімдерді
ертеде орындау тәжірибесін, кадрлардың, жабдықтардың, өндірістік базасының
болуын, қаржылық жағдайын және т.б.).
Тендер жариаланғандығы жайлы хабардар болған және оларда қатысуға ниет
білдірген фирма күтілетін ұсыныстардың мазмұнын тапсырыс берүшінің
талаптары бар тендерлік құжаттардың жиынтығын алады.
Оференттер ашық тендерді ұйымдастырушыдан конкурстық құжаттаманың
түсіндірмесін талап етуге құқығы бар. Ашық конкурсты ұйымдастырушы ашық
конкурсқа қатысуға тапсырыстардың мерзімі аяқталғанға дейін оференттерден
алынған кез-келген сұрақтарына конкурстық құжаттаманың шартына түсіндірме
ретінде жауап беру қажет және оференттердің жайларына сәйкесінше
түсіндірмелер жібереді.
Тендерлік келісім өткізудің келесі кезеңі – тендер ұсыныстарын ұсыну,
ол компанияның өкілді тұлғасымен жүзеге асырылады.
Берілген кезеңде сәйкесінше елдердің тендерлік заңының ерекшеліктерін
тиянақты оқып-білген тиімді.
Әлемнің көптеген елдерінің заңына сәйкес, мемлекеттік қажеттіліктер
үшін өнімді жеткізіп беру және тендерлерге қатысу онда ұлттық шаруашылық
субъектінің қатысуы шарты кезінде ғана жүзеге асырылады. Осы байланыста
экспорт еліне өнімді жылжыту процедурасының алғашқы қадамы ретінде
жергілікті өкілді анықтау болып табылады, оның тәжірибесі, мамандануы және
дамыған сату желісі тауар өндіруші атынан жергілікті тендерлерге қатысу
мүмкіндігімен қатар нарықтағы тауар қозғалысының жемісті болуын анықтайды.
Сириямен сауда-экономикалық қатынастардың даму тәжірибесі жергілікті
компанияның ресми өкілін немесе экспорт дилерін тағайындау түріндегі сирия
нарығында тауар қозғалысының осындай түрін кеңінен тарату қажеттілігін
көрсетті. Мұндайдилер өзінің коммерциялық қызығушылығына байланысты нарықта
тауар қозғалымын қамтамасыз етеді, оның жарнамасын жасайды, маркетингтік
зерттеулер жүргізеді, өндіруші-компанияның атынан мемлекеттік сатып алу
аясында өткізілетін тендерлерде қатысады. Соңғыжағдайдың мағынасы зор,
себебі жергілікті сирия компаниясының тендерлік құжаттамаларды алуда және
қатысу кепілдемесінің қаржысынтөлеуде (bid bond) күрделі мәселелері жоқ.
Ресей Федерациясында мемлекеттік қажеттілік үшін тауарларды жеткізуге
жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге тапсырыстар беру 1999 ж. 6
мамырындағы N97-ф3 “тауарларды жеткізуге, жұмыстарды жасауға,
қызметтеркөрсетуге мемлекеттік қажеттіліктер үшін тапсырыстар берудің
конкурстары жайлы” Федералдық заңына сәйкес жүзеге асырылады. Конкурсқа
қатысушы болып, тауарды (жұмыс, қызмет) өндіру үшін қажетті еңбек
ресурстары және жабдықтары, өндірістік қуаты бар жеткізіп беруші
(орындаушы) ғана бола алатындығы заңда бекітілген.
1999 ж. 6 мамырындағы N97-Ф3 Заңының 6 бабында Ресей Федерациясында
мемлекеттік қажеттілік үшін тауардың өндірісі жоқ немесе экономикалық
тиімсіз болған жағдайда тапсырыстарды орындайтын конкурстарға тауарды
(жұмыс, қызмет) шетелдік жеткізіп берушілер (орындаушылар) қатыса
алатындығы анықталған.
Алайда, Заңның 6 бабындағы жағдай Белорусиялық конкурсқа қатысушыларға
қатысып емес, себебі оларға “Ресей Федерациясы мен Белорусь Республикасы
арасындағы шаруашылық субъектілерге тең жағдай жасау жайлы келісімінде”
1998 ж. 25 желтоқсанында қол қойылған шарттарына сәйкес тапсырыстарды
орындауда конкурсқа қатысу кезінде ресейлік үміткерлермен тең шарттарға қол
жеткізу мүмкіндігі беріледі; Сонымен қатар жеңімпаздарды анықтағанда бірдей
критерий қамтамасыз етіледі. Берілген жағдай мемлекеттік тапсырыс берушілер
және олардың ведомстволық ұйымдарына 1999 ж. 8 ақпанындағы Ресей экономика
министрлігінің NАС1084-133 хатымен айтылған болатын. Басқаша айтқанда,
белорусиялық тауарларды (жұмыстарды қызметтерді) жеткізіп берушілерге
(орындаушыларға) ресейлік жеткізіп берушілермен бірдей талапта конкурстарға
қатысады.
Сонымен бірге, Белорус Республикасында жұмыс істеп тұрған құрылыс
нысандарын ұйымдастыру тәртібіжәне тендерді жүргізу шарты Ресей
Федерациясының қолданыла алмайды, себебі Ресей заңына сәйкес отандық
үміткерлер үшін тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді
көрсетуге тапсырыстарды жасау үшін преференциялар, ал сәйкесінше конкурқа
Белорустік қатысушылары үшін қарастырылмаған.
Украинада мемлекеттік сатып алу үрдістері 200 ж. 20 ақпандағы N1409ІІІ
мемлекеттік қаражаттарға тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу
жайлы Украина заңына сәйкес реттеледі. Заң мемлекеттік қаражат есебінен
толық немесе жартылай жүзеге асыратын барлық тауарлардың, жұмыстардың және
қызметтердің сатып алуына қолданылады, онда тауарларды, қызметтерді сатып
алу құны 2,000 евроға, ал жұмыстарды сатып алу құны 100,000 евроға тең
немесе жоғары сомада болатын шарт кезінде орындалады.
Тендерлік негізде тауарлар мен қызметтерді сатып алуды өткізуге
құзіретті сауда ұсыныстарын беру процедураларын ықшамдау үшін кәсіпорындар
жеткізіп беруші үшін әдістемелік нұсқаунама жасауды, оған нұсқамалар,
толтыру үшін ұсынылатын түрлердің жиынтығы және басқа да пайдалы ақпараттар
кіреді.
Халықаралық тәжірибеде тендерге қатысу үшін ұсыныстарды берудің
әралуан тәсілдері қолданылады. Тендерге қатысушымен толтырылған және қол
қойылған тендер проформасында тендердің күші бар және тендерді
ұйыдастырушылармен тендер процедурасына – конкурсттық іріктеуге қатысу үшін
беріледі. Тендерде қатысушы өз фирмасының атын, оның мекен-жайын көрсетеді.
Тендерді ұйымдастырушылар, егер сол елдің тендерлік заңы қажет етсе
тендерге қатысушыны өзінің фирмасы және басқа ақпараттар жайлы қосалқы
мәліметтерді тендерге қосымша түрінде ұсынылуы тиіс.
Негізінен, ашық тендер кезінде ұсыныстар жазбаша түрде жабық мөрленген
конверттерде беріледі. Оны белгіленген мерзімде орындау маңызды, себебі
көрсетілген күннен кейін түскен ұсыныстар әлемнің қай түпкірінде болса да
тендерге қатыстырылмайды. Кейбір елдерде, тапсырысқа ұсыныстар өткізілетін
соңғы күнге дейін бірде-бір тендерлік ұсыныс туспеген жағдайда, конкурсқа
кешігіп келген ұсыныс та қатыстырылуы мүмкін.
Келесі кезеңде алынған тендер ұсыныстарын жариялау жүзеге асырылады.
Алдымен кәсіпорында оның басшысы қол қойған, тендерлік комитет құрылуы
жайлы бұйрық болуыв тиіс. Тендерлік комитетте осы мақсаттарға арнайы
мамандандырылған мамандар есебінен бестен кем емес адамдар кіруі тиіс.
Тендердің басында жетекші тендерге қатысушыларды бұйрықпен таныстыруы және
тендерлік комиттеттің қатысып отырған барлық мүшелерін атымен атауы тиіс.
Тендерді аша отырып, ол ненің негізінде жүргізіліп отырғандығын айтуы
қажет. Одан кейін төраға тендердің өткізілуі жайлы хабарландыру жарияланған
арнайы басылым қашан, қай нөмірде және несінші бетінде жазылғанын жариялауы
тиіс. Егер жоғарыда аталған міндетті процедуралар сақталған болса,
тендерді жүргізуде жетекшілік етуші тендерлік құжаттаманы оған қатысу үшін
алған фирмалар мен кәсіпорындардың тізімін жариялауы тиіс. Тендерде осы
компаниялардың өкілдерінің қатысуы тендерді өткізудің елдегі заңымен
реттеледі. Мысалы, Украинада осы компаниялардың өкілдері тендерге қатысуы
міндетті емес. Егер өкілдер тендерге келген жағдаайда олар тендерлік
комиттетің хатшысына міндетті түрде тіркелуі тиіс мекеме берілген күн және
сағатта ұсныстар мен түскен конверттерді ашады. Жоғарыда аталып өткендей
көптеген ұлттық және халықаралық ерекшелерге сәйкес ұсыныстарды шешу
процедурасы сатып алушы және тендерге қатысушы фирма өкілдерінің көзінше
жүзеге асырылады. Бұл кезде келесі ақпарат оқылады: тендерге қатысушының
атауы, ұсыныстың бағасы, жеңілдік, ұсыныс кепілдемесінің болуы қажет.
Жүргізілетін сатып алудың көлеміне байланысты ашық тендер жарты сағаттан
бір күнге дейін созылуы мүмкін. Қатысушыларға тек осы аумақтарда ғана
сұраныстар ие болмаса шағымдар жазбаша түрде беріледі. Ұсыныстарды ашу
процедурасы аяқталғаннан кейін, ресми хаттама жасалады, сонымен бірге фирма
оференттерінің өкілі оның көшірмесімен танысуға және бағасын білуге, өз
бәсекелестерінің басқа да шарттарымен танысуға құқығы бар.
Одан кейін алынған ұсыныстарды бағалау және конкурстық іріктеу
процедурасындағы тендердің жеңі\мпазын анықтау жүзеге асырылады.
“Краун Эйдженст” компаниясының мәліметтері бойынша ұсыныстарды бағалау
үшін келесі кезеңдер бар: алдымен автоматты түрде кешіккен тендер
ұсыныстары және бағалау кезінде өзінің ұсынысын қайтарып алмайтын
қатысушылар шығарып тасталынады, ал қалған ұсыныстыр рәсімдеу дұрыстығына
ұсынылады, құжатамалардың толық болуына арифметикалық қателердің болмауына
және талаптарға сәйкестілігіне тексеріледі. Халықаралық ережелерге сәйкес
конкурсттық іріктеудегі шешуші рөлді баға және басқа да коммерциялық
шарттарға ғана емес сонымен қатар оферент өнімін сапасы тапсырыс беруші
үшін келісім шарттың қолайлы орындау мерзімдері жұмыстарды орындау тәртібі,
мамандандырылған жеткізіп берушілерді жұмыллдыру мүмкіндігі, басқа да
факторлар көптеген дамушы елдер үшін жеткізіп берушіні таңдаған кезде
шешуші шамалар болып көбінесе несиелердің мөлшері, ұзақтығы, құны және
өтелу мерзімдері болып табылады.
Ресей Федерациясында ашық кокурстың жеңімпазы деп тауарларды
(жұмыстарды, қызметтерді) жеткізіп берудің тиімді шарттарын ұсынған ашық
конкурсқа қатысуға ұсыныы бар ашық конкурстың қатысушысы танылады.
Жапонияда келісім-шарт бағасы төмен ұсынысқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz