Қуат Терібаевтің айтыстары мен аудармалары


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы:

Aуыз әдебиет халықтың тарихи және рухани тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан қоғамдық елеулі құбылыстың бірі. Халықтың басынан кешкен кезеңдері осы ауыз әдебиетінде бейнеленген, халық феодалдық, патшалық заман жағдайында қандайлық азапта болса да, өзінің өлең- жырын, ән-күйлерін шығарудан ешуақытта тынбаған.

Байлар-бектер билеген дәуірде халық ортасынан шыққан талант иелері үнемі үстем тап өкілдерінің қуғындауында болып, қанатын еркін жая алмады.

Ұлы Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда халық ақындарының шығармашылығы жақсы дамыды. Қазақ поэзиясындағы айрықша орын алатын басты тұлға Жамбылдың және даналықпен, көркем жырланған халық поэзиясы қазақ әдебиеті көлемінде айрықша маңызды орын алады. Халық әдебиетінің асыл қазыналарын ақындық өнерлерін сақтап келген Жамбыл халық поэзиясның сол жақсы дәстүрлерін, өмір шындығын жырлауда тың дәстүр қалдырды. Жамбылдың сол жаңа дәстүрін ұстап, онан үлгі алып ілгері дамытушы шәкірттерінің бірі- Қуат Терібаев. Қуат Терібаевтың өмірі мен шығармашылығы, аудармалары қаралып зерттелді.

Бітіру жұмысының өзектілігі. Қуат Терібаевтың ақындығы мен шығармашылығы негізінен жеке тақырып ретінде зерттелмеген. Десек те, тек Есмағамбет Исмайловтың «Ақындар» атты еңбегінде аудармасына байланысты мәліметтер бар, сондай-ақ «Қазақ әдебиеті тарихы» жинағының бірінші том, үшінші кітабында өмірі мен ақындығына байланысты аздаған мәліметтер айтылған. Бұл тақырып жеке арнайы зерттелмегендіктен, жинақтап осы бітіру жұмысын жазуға өзек болып отыр.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері . Жұмыстың негізгі мақсаты Қуаттың ақындығын, өлең жазу ерекшелігін ашып көрсету. Осыған байланысты мынадай міндеттерді шешу көзделді:

-- ақынның өлеңдерін талдау;

- айтыстағы суырып-салмалығын анықтау;

  • аударма жазудағы ерекшелігін салыстыру;

Бітіру жұмысының әдістері мен дерек көздері .

Бітіру жұмысын зерттеуде семантикалық талдау әдісі мен салыстырмалы әдіс қолданылды. Шығармалары ақынның «Өмір жыры» атты шығармасынан алынды. Жұмысты жазу барысында Е. Ысмайлов, М. Дүйсенов, А. Берқайдар, Ғ. Мүсрепов, М. Әуезов және т. б. ғалымдардың ақындық өнер туралы еңбектеріндегі теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды.

Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы . Жұмыстың ғылыми жаңалығы мына төмендегі нәтижелер негізінде көрініс табады:

- аұынның өлең жазу ерекшелігі анықталды;

- айтыстары мағынасы жағынан талданды;

  • аудармалары салыстырылып зерттелінді; ақынның тілдік құралдарды пайдаланудағы даралығы дәйектелді;

Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1. Қуат Терібаевтің өмірі мен шығармашылығы

Қазақ ұғымында ақын деген сөздің ауқымы кең, мағынасы терең. Оның туу төркіні туралы әр түрлі байлау-болжамдар бар. В. Радловтың, М. Әуезовтің топшылауларына жүгінсек, «ақынның» арғы тегі ағын, ағылудан таралған секілді. Шаршы топ, «асау той, тентек жиын» үстінде үздік өнерімен бұлақтай бұлқынып, жыр төккенде тыңдаушысын өзінің ағынды да әсерлі өлеңімен еліктіріп баурай білгенді ғана шын ақын деп тануға болады дейді В. Радлов. Ал қырғыз тілі мен әдебиетінің білгірі профессор К. К. Юдахин ақын деген сөздің өзі ұйғырдың ақылгөй, құрметті адам мағынасындағы атаудан қырғызға, қазаққа ауыспады ма екен деп тұспал болжам жасайды. К. Юдахин бұл мәселені ақындық дәстүр тұрғысынан емес, тілдік этимологиялық тұрғыдан қарап тексергісі келеді. Шығысты зерттеуші ғалымдардың дені ақын деген сөздің ата-тегін фарсының, арабтың, яки бараба татарларының ахон деген атауынан іздемек болады. Бұлар да дәлел айтып, дәйекті қорыту жасамайды.

Тілі мен ғұрып-салты ұқсас туысқан Орта Азия халықтарында «бахшы», «шайыр», «жыршы» деген атаулар әрқалай ұғым алып қалыптасқаны белгілі. Сол секілді «ақын» қазақ, қырғыз, қарақалпақ халықтарында ұлттық ерекшелігі бар нақты мағынаға ие болып қалыптасқан. «Ақын - ақындық өнермен шұғылданушылық» деп түсіндіру қай жағырар болсын толымды жауап болмайды, жүдеу, жалаң берілген анықтама. Өйткені қазақтың әдебиет әлемінде ақын бір ғана «ақындық өнермен шұғылданушылық» емес, немесе бір ғана әңгімеші, жырлаушы мағынасында да жүрмейді. Ол шығарып айтушы - поэт мағынасында да қолданылады. Сондықтан да бір ақын деген сөздің ауқымына орыс ұғымындағы әрі поэт, әрі певец, әрі сказитель, әрі импровизатор сияқты дербес те көл-көсір мағыналы ұғымдар сиятын сияқты.

Басқалардан бөлек бір ерекшелігіміз: біз қазақ поэзиясын екі типке ажыратамыз да, оған орай екі жікке салалай қараймыз. Бұлар бірін-бірі толықтыра түсетін, ажарлай, әрлендіре түсетін, екінші жағынан, өзіндік бояу-белгілерімен көрінетін, сапалық өзгешеліктерімен таылатын типтестірулер. Мұның бірі - өлеңді табан астында төгіп салатын немесе жазып шығарғанымен әнге қосып жатқа айтатын ауыз әдебиеті дәстүріндегі ақпа ақындар - импровизаторлар. Ал, екіншісі - өлеңді жазып шығаратын оқыған адамдар, мәдениеті жоғары, көтеретін жүгі мол, көтерілер өресі биік, кәдуілгі жазба ақындар. Екі ауыз өлең шығару екінің бірінің қолынан келетін секілді. Асылы, ондайды ақын демей, өлеңші, әуесқой деу жөн. Бірақ «бірі - жамау, бірі - құрау» өлеңдер шығарған адамды халық әсте, ақын деп, халық ақыны деп қадір тұтпаған. Ақындықтың халық ақындарының үлкен әлеуметтік мән-мағынасын белгілейтін әдебиеттік анықтамасы болмақ. Қазақ әдебиетінің тарихына көз жіберсек, көңіл аударсақ, әр ақын өзінің туған төңірек, өсекн өлке, қоршаған қауымына қарай, шыққан тегі, шығарған ортасына қарай әр түрлі таптық идеяны жырлаған. Бір саласы, хан-сұлтандардың, би, бай-патшалардың шашбауын көтеретін қошеметшілер ретінде феодалдық, хандық идеологияны қолпаштаса, енді бір тобы еңбекші бұқара басындағы ауыр халді, аянышты күйді, күйкі көн көрісті көріп, халықтың еркіндік жолындағы күресін, азаттық арманын, жақсы өмірді аңсауын жырлаған. Осы екі жүйедегі ақындардың екеуі де ауызша шығарып айтқанымен, әуелгісі үстем таптың сойыл соғары да, екіншісі халық мұңдасы, еңбекші жұртшылықтың жан ашыр жаршысыболып танылған.

Халық жырының, халық тұрмысының қаз-қалпындағы сурет-сарынын, кескін-көрінісін көп көкейіне қонымды қылып айтып беретін ақындар болады. Ондай ақындарды Белинский тура мағынасындағы халық ақындары деп атаған (Ол мысалға Кольцовты келтірген) . Кольцовты орыс шаруасының жан-сезімін, тұрмыс-тұрқын дәл де қонымды кейіпте, түсінікті, орамды тілмен айшықтаған шешен әрі шебер халық ақыны деп бағалайды Белинский.

Біздің заманда халық тілегі мен ақын тілегі бір жерден шығып, ұлы мұраттар төңірегіне толық қабысты. Өмірдің өскелең дамуын сезіне отырып, сол ортадағы шындықты шабытты жырға қосқан ақын әрине халықтың құрметтісі, қадірмен ақыны болып саналады. Халық ақыны халқымыздың неше ғасыр бойғы әдемілеп жасаған атадан ұрпаққа мирас болып келген батырлық жырлар мен лиро-эпосты аңыздар мен әңгіме- ертектерді, тапқыр сөз, шешен тіл көркемдіктерін жаңа мазмұнды шығармаларына молынан пайдаланып, жаңа идеяға сәйкес дамытып отырды. Ауылды жерде шаруашылардың бәрі бірдей тың шығармалар беретін ақпа ақындар емес, бірқатары жаттап айтушы, жыршы немесе өлеңшілер ғана. Міне мұның бәріне халық ақыны деп ат қойып, айдар тағу шындыққа үйлесе бермейді.

Бүгінгі күнде ұжымдық шығармашылықтан гөрі ақынның даралық рөлі анағұрлым артып, күнгей көрініс беріп тұр. Ақындардың көпшілігі шығармаларын суырып салып айтып беріп жүр.

Ақындық дарын, шығарғыштық шабыт, тапқырлық талант тәжірибе тұрғысынан қарағанда халық ақыны мен жазба ақында бір-біріне ұқсас келеді. Ең басты айырмашылығы - халық ақынының импровизациямен төгіп тастайтындығы. Суырып салма ақынның да өмірден үйренуі, айналадағы шындықты танып білуі жазба ақындағы өнерпаздық тәжрибемен ұштас. Халық ақынының шығармашылық өрісінде ауыз әдебиетіндегі ортақ дәстүрлермен, ортақ мотивтер басым көрінеді. Бұрыннан сақталған ақындық өнер үлгісі, сюжет сарыны халық ақындарында қайталанып отырады да, ағыла жөнелуге, суырып салып айтқыштыққа өзіндік сипат қосады. Суырып салма ақын - үлкен шығармашылық тұлға. Ол өмір өзгерістерін, тарихи оқиғаларды өзінің зердесі жеткен биіктен таниды, сезінуі шапшаң, ол жіті көріп, әп -сәтте іліп әкетеді. Алған әсерін көпке дейін ұмытпайды. Ақын естігеннен көрі көргенін шапшаң қағып алып, жылдам жырлай жөнеледі. Міне осылардан жинақтала келіп суырыпсалмалық дәстүр қалыптасып, өріс жаяды. Айт дегенде тақырыпқа табан аузында өлең шығарып, жыр бұлағын ағылту жүйрік ақынның бөлек бір белгісі. Әдетте тұтқиылдан сөз тауып, қысылтаяңнан өрнекті өлеңмен құтылып кетпеген адамды халайық күшті ақын санатына қоспаған.

Ақпа ақынның сынға түсіп, шын бағасын алатын жері - шаршы топ, торқалы жиын, қызған айтыс үсті. Алдына жан салмас жүйрік ақын бабына келіп жаратылған бәйге аты секілді той-думанды көрсе, алқа қотан айтыстың ортасынан шықса, арқасы қозып, көтеріліп өрлеп кетеді. М. Әуезов суырып салма ақындарды «қынаптан қылыш суырғандай жалт еткіш, өткір өнер иесі- деп бағалаған, -айтысқа шеберлік - жалпы ақындық өнерінің тіпті барлық әдебиет өнерінің өзгеше бір биік белгісі. Шабыты келген ақпа ақын бабындағы аш қыранға меңзес. Томағасын тартқанда алғыр қыран бар өңірді сәтте көріп, шолып өтіп, қимылдаған шөп басын қыбыр еткен тышқан жүрісін, қылт етіп бұққан түлкі түгін лезде шалып қалғанда, айтыс ағымындағы ақпа ақын да сондайлық көмескіні көргіш, бұлдырды білгіш болмақшы.

Бұл қасиет ақынға оңай оралмайды. Олшын ақпа ақын өнеріне бейім болған күнде де ұзақ сонар сын кешіп, сан сайыста сілкісе жүріп, сан рет жаға жыртып, тон тоздырып барып жетеді».

Қазіргі халық ақындарының көбі суырып салма, шешендер. Суырып салмамен өлең айту да үлкен шығармашылық жауапкершілік бар. Бұл қасиет ақынның жаратылысында сүтпен кірген, сүйекке сіңісті қасиет емес, бұл да бұрынғы дәстүрді дамытуға, машыққа, үздіксіз үйренуге, төселуге байланысты туып, дамып, шыңдалатын өнер. Талантқа қарай талғам, тақырыпқа қарай білім керек. Өмірден бейхабар, ауыл-айьағынан басқа алысты көрмейтін адамнан қанша құйма құлақ, зейінді болса да арқалы ақын шықпайды. Білген адамға көңілінде, шығармашылық қиялында толғағы жетіп, күйіне келіп жүрген тақырыбы болса ол туралы сұлу да мінсіз, ойлы да өрнекті өлең шығару қиынға соқпайды. Ақын мұндайда барлықпайды, қайта делебесі қозып шалқи жөнеледі. Ал білгенің шамалы, тақырыбың танымал емес, ойлағаның шығармашылық қиялыңнан әлі де бекем орын теппеген тосын дүние болса - ондайда ешқандай ұтқыр өлең тумайды, бұрыннан бергі жатамалы, ақ қаптал өлеңдердің әзір ұйқасынан қылқиып тұрған сөз қайырымынан шыға алмай кикің-кібіртікте қаласың. Айтқаның ала-құла шығады, әлгіндей айтыс үстінде сүріншек боласың, өлеңнің күлді-көмеш, кеудірлек болып, бір сілтеуі кем соғып, жетіспей жатады.

Әлбете талант та, ақындық шабыт та адамның саналы өнерпаздық еңбегінен туып дамитын, психологиялық құбылыс. Қайсыбір ақындардың ұстазынан «бата» алып немесе түсінде «киелі күш аян беріп», осындай өнерге тап болдым деген түсінік-байламы жаңсақ соғады.

Суырып салмалықпен жырлау - әр жеке адамның қарымына, дарынына қарап шығармашылық тәжірибеде бірте-бірте жетілетін қасиет. Бұл қасиет сол орта, отырыс, жәй-жағдайға қарап құбылып, бірде қанаттанып, жалын атып, шалқып отырады да, енді бір сәтте су сепкендей басылып, тына қалатын кездері де болады. Суырып салып айтушылық өнерге көтеріңкі күй, көңілді жағдай керек. Анда -санда «ау, уһи!» -деп қойғанда әнші қалай қанаттанады, сол секілді ақынды да шабытқа шақырып, жанып салып, делебесін қоздырып отыратын тосын әсер керек. Қазіргі ақындардың көпшілігі қалың қауым, жиын-той ортасында іркіліссіз, шапшаң жырлап, ағыла айтып кететіндіктерін көрсетіп жүр. Тегінде ықыласты тыңдаушы келіспеген жерде ақындар өнер көрсетпеген, ондайда мәнді өлең-жыр тумаған да. Сөз түзелген жерде тыңдаушы да ықыласты болса екі жақтан да ұғынысқан көңіл үстінде ұтымды шығарма шықпақ. Бұл жалғыз қазақтың ақын-жазушыларының шығармашылық өміріндегі дәстүр ғана емес, Орта Азия халықтары - өзбек, қырғыз, түркпеннің бақшы, шайыр, жыршыларының шығармашылық өмірінде де бар дәстүрлер. Академик Б. Я. Владимирцов айтады: Ойрат эпосын әрбір жыршы өзінше өңдеп, жаңартып, жақсылап жырлау үшін жыршыны ықыласпен тыңдап, көтермелеп отыратын топ, жиын тыңдаушы керек, онда жыршы рухтанып, тасып, өзін ұмытқандай жырын қызықтап айтып кетеді».

Ғалымдар қырғыздың манасшылары тек жаттаумен ғана айтпайды, «Манас» жырын суырып салып жырлау халық қызығып, құрмет көрсетіп ұйып тыңдаған уақыттарда күшті шығатындығын айтады. Сөйтіп тыңдаушы қауымның қошемет, құрметі, көтермелеп отыруы - ақын-жыршының тың өлең, жыр айтуына негізгі бір жағдай, түрткі болып отырады.

Талантты ақынның төгіліп жырлауына жел беріп, жол ашатын көпшіліктің құрметі мен ықыласы ғана емес, бөгелмей айтуға қобыз, домбыра, сыбызғы, сырнай секілді музыкалық аспаптардың сүйемелі сөзге жан, күйге көрік беріп, қосыла жырлағандай болып отырады. Әр ақынның өзіндік құлақ күйі, қол қағысы, музыкалық жазуы болады. Нәшті әуен, бірде асқақтап биік шығатын, бірде сорғалап төмен құйылатын саз ақын жырының мықты сүйемелі.

Импровизациямен жырлау үшін көпшіліктің қошемет құрметі, ықыласты тыңдауы керек. Ақындық шабытқа қайрап салатын өткір сын да ерекше ызыландырып, қайғыртатын, намыстандыратын уақиғалар да ақынның суырыпсалмалылығына елеулі түрткі болады. Сонымен суырыпсалмалық халық ақындарының шығармашылық қасметінің бірі, ол қасиет - ақындық талант шабытының сыртқы көрінісі, образды ойдың көрінісі, образды ойдың түйіні. Белинский ақынның тың шығармаларды жазуға жығыла беріліп отырған мезгілін ақындық шабытының жалындаған, қанаттанған шағы, онда шығармашылық қиналумен қатар оның ой дүнниесінде ерекше қуаныш сезімі өрлейді деп қарайды. Белинскийдің қағидасынша ақын өмірдегі құбылысты басқалардан бұрын, тез сезеді. Өзі көріп сезгеніне сүйінуі де, күйінуі де шапшаң, ақынның жаратылысында жас баланың мінезіне ұқсас белгілер бар. Ол қазір өмірдегі бір көрген тамаша қызықты әсерге қуанып, шаттанып отыратын болса, енді бір кезекте өзіне жайсыз әсер еткен бір уақиғаны көріп, сезіп, ол күйінеді, ызаланады, ақынның мінезі қазір күліп-ойнап жүріп, қазір ашуланған балаға ұқсайды. «Ол қабылдағыш, - дейді Белинский, - түйсікшіл, әрқашан алғыр, оған кішкене ғана тиіп кетсе, электрдің тогы бергендей, дыз ете түсіп, қуанады, шаттанады, кектенеді, сүйеді, жек көреді».

Міне осы мезгілде ақын бүкіл дүниені, жаратылыс, жер, көк, әлемін бір ғана өзінің шығармашылық қиялында көріп, өмірден алған әсерлерін түйіндеп жырлап кетеді, образды ойын қорытады. Халық ақындарының суырып салмалықпен жырлауы да сондай образды ойдың, ақындық сезімінің жарқын көрінісі.

Бұрынғы фольклористердің көбі ақпа ақындар өз өлеңін өзі жазып алу дәрежесіне жеткеннен соң суырып салып айтқыштық дағдыдан айырылады дейді. Әрине, мұның бір ғана шартты шындығы бар. Халықтың тұрмыс қалпы төмен күйде тұрған заманда, мәдени тірлікке жазу-сызу енбеген кезде өлең-жыр, сөз жоқ, ауызша шығарылып айтылған.

Қазан төңкерісінен бергі дәуірде ақын-жыршылардың орта шамадағыларының көбі дерлік хат танып, сауатын ашты. Дүниені, өскен ортаны, ел тарихын өз көзімен көріп, біліп, анығына қанып барып түсінді. Ақындардың ой-өрісі, дүниетанымы кеңейіп, бұрынғы түсінік нанымдардың тар шеңберінен шығып, ғылым мен техника табыстарын, табиғат сырларын адам арқылы, адам еңбегі арқасында терең ұғынуға болатынын аңғарды. Ақын жырлары бұрынғыша өзі өмір кешкен ауылдың атырабымен ғана шектелмей, енді баспасөз, радио арқылы бүкіл өлке көлеміне ортақ мәдени қазынаға айналды. Ақынның суырыпсалмалық, жаттағыштық дәстүрінде, осының нәтижесінде, елеулі өзгерістер туды. Бірақ бұл бәсеңдеу бағытындағы өзгеріс емес қайта халық ақынының өлең-жырларының идеялық, көркемдік мәнінің көтерілу бағытындағы шығармашылық, сапалық даму. Бұрынғы суырып салма жырларда, айтыс өлеңдерде тақырып көлемінң тарлығы сезілсе, қайым, қайталау өлеңдерінің үлгілері ұшырассып қалып отырса, жаттамалы сарын көрініс беріп қалса, жаңа дәуір ақындарынң шығармаларында мұндай кем-кетіктер мен мін-мүлтіктер азайып, бірте-бірте бәсеңси бастады. Қазіргі ақын өмірдің түйінді кезеңдерін негізгі тақырып қылып жырлайды. Бүгінгі тіршілік кәдесіне аспайтын алыс дүние, бұлдыр қиял ермегіне ермейді. Қайта жазба әдебиетінен оқып, тыңдап, үйрене отырып өз өнерінің өрісін кеңейтіп, өресін өсіріп мінсіз шығарма беруге тырысады. Бұл шартты суырып салып айтқанда да, айтыс үстінде де толық сақтауға ден қояды. Сонымен қатар хат танымайтын қарт ақындардың суырып салып айтқыштық, жаттағыштық дәстүрді қаз-қалпында толық сақтағанына тоқталғанымыз жөн. Ал хат танып білім алған ақындардың көпшілігі де сол дәстүрді дамытып, қолданып келді (Исаның, Нартайдың, Нұрқанның, Кененнің, Қуаныштың т. б. шығармашылығы дәлел) . Бұлардан мынандай түйін шығаруға болады: суырып салма ақын мен жазып шығаратын ақын, домбыра мен қалам бір-біріне кедергі емес, бұлар бір таланттың екі қыры ретінде бірге жүре береді.

Ақын неғұрлым халық өмірімен тығыз байланыста отырса, оның өнері де өмірлі болмақ. Ал халықпен үні үндес, ұраны бір шығармашылық адамы жұртшылық жүлдесіне ие, әрдайым ел ардағы, қауым ққұрметтісі саналмақ.

Ақындардың суырып салып айтқанда ойды ұмытып кетіп, бізді тек қана сезім билейді дегендері де біржақты теріс. Белгілі бір тақырып өмір шындығы туралы ақын ойы тиянақты болмай, оның суырып салып айтқан өлең-жырында мазмұн болмақ емес.

Ақынның ойы, сезім дүниесі ― материалдық дүниеден аулақ, өз алдына бір құбылыс емес, алдымен адамның ақыл миы, санасы арқылы көрінген заттық өмірдің сәулесі.

Ақынның сезімі өткір, бейнелі келеді. Өмір көрінісі, адам кескіндері ақынға дәл өзінің табиғи қалпынан гөрі екінші бір затқа ұқсас, бейнелес, тепе-тең ажарлы, айқын елестеуі мүмкін. Айталық көктемгі құлпырған жер жайып тастаған кілемге, қарлы Алатау ақ шашты ақсақалға, ақын сөзі тасып аққан таза бұлақтың суына, адамның ызалы мезгілі қабағын түйіп жауғалы келе жатқан бұлтқа ұқсап тұруы неғұрлым айқын сияқты. Бірақ ақын өмір шындығын қаншалық көркемдік бейнемен қабылдап танитын болса да, оның түпкі раелдық негізі ақынның саналы ойынан мықты орын алады. Сондықтан шапшаң айтыс, суырып салып жырлау үстінде түйдек-түйдегімен айтылатын өлең, жыр санадан тыс, тек сезімнің, шабыттың ғана жемісі емес, ақынның саналы образды ойының түйінді, жинақты көрінісі.

Ақындық, жыршылық ― бәрі де өнер. Бірақ, ол қандай өнер? Ақындық таланттың күші ме? Екінің бірі ақын бола ма? Бұл мәселелер дүние жүзіндегі әдебиеттану ғылымының, эстетиканың ― көп заманнан бері зерттеп, сан түрлі ғылымдық айтыс, тартыс талқыларына салып әлі күнге дейін толық шешілуіне жете алмай келе жатқан түйінді мәселелердің бірі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақынның шығармашылық өмірбаяны
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Абай аудармаларының мәні, аударма өлеңдерінің біріне талдау жұмыстарын жасау
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы жайлы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Абай шығармашылығы
Жамбыл Жабаев (1846-1945)
Абай аудармаларының көркемдік сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz