Дипломатиялық келіссөздер рөлі
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда, халықаралық қатынастарда дипломатияның алатын орны ерекше. Әлем кардиналды түрде өзгерді. Соғыс саясаттың жалғастырушысы болмайтын болды. Халықаралық аренада ХХI ғасырда әлем дамуының жолдары күнделікті талқыланып жатыр.. Сол себепті, дипломатия халықаралық қақтығыстарды тойтару немесе реттеу мақсатында келіссөздер жүргізу өнерінің, компромистер мен өзара тиімді шешімдерді табу, сонымен . қатар, әртүрлі сфераларда халықаралық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтудің қайнаркөзі болып табылады. Н.Ә.Назарбаев өзінің Сындарлы оны жыл кітабында былай дейді: Қазіргі тарихтың кестесі мейілінше тығыз. Бұрындары жүзжылдықтар мен онжылдықтарға созылатын іс . бүгіндері қас қағымда атқарылады. Қазір мемлекеттердің басшылары мен президенттері күн сайын кездесіп жатады, ал кезінде тіпті көрші державалардың билеушілері бір.бірімен ешқашан кездеспеген немесе кездескен күнде де белгілі бір биліктің, яки мемлекеттің жаңғыруы себепші болып отырған. Бүгінгі таңда жаңа мемлекеттер мен одақтар ай сайын бой көтереді десе де болады, ал олардың түбегейлі еңсе көтеріп, құрылымын орнықтыруы үшін санаулы.ақ жылдар қажет. [23]
Дипломатияның әдістері мен құралдары қоғамның әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттердің сыртқы саясатының мақсат . мүдделерімен бірге өзгеріске ұшырап отырды. Әрбір тарихи формацияның өзіне тән сыртқы саясаты мен дипломатиясы болды.
Соңғы жылдары елдер арасында қарымқатынастар сипаты өзгеріп келе жатыр. Конфронтациядан ынтымақтастық және серіктестікке өту кезеңі орын алды. Мемлекеттер арасындағы жаңа климаттың қалыптасуына, көбінесе, мемлекет жетекшілерінің ұсынған гуманитарлы, экология, экономика, саясат және әскери сфераларын қосатын халықаралық қауіпсіздік жүйесін құру концепциясы септігін тигізді. Бұл концепцияның негізінде өз қауіпсіздігін басқалардың қауіпсіздіздігі есебінен құруға болмайды деген түсінік жатыр.
Екі биполярлы жүйе құлағаннан кейін әлем, халықаралық қатынастардың жаңа фазасы . монополярлы әлемге көшті. Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде, халықаралық қатынастардың
жаңа акторына айналды. Қазақстан Республикасы әлемдік тәжірибе есебінен жаңа дипломатия құруда белсенді әрекеттер атқарып жатыр.
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы аймақтық интеграцияның көшбасшысы және Орталық Азияда аймақтық одақтар жүйесінің басты ядросы болып табылады.
Ұзақ мерзіміді перспективада Қазақстанның сыртқы саясаты көбінесе аймақтық қауіпсіздік жүйесіне байланысты. ОА Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі доминанты болып табылады. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздікті аймақтықпен ассоциациялайды. Сондықтан, қазіргі кезде аймақтық көшбасшы ретінде Қазақстан дипломатиясы үшін ең басты мәселе ол . ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қалай ұштастыру керек және ұлттық мүдделерді қорғайтын ұлттық дипломатиялық қызмет халықаралық қауымдастық мүдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін халықаралалық қауіпсіздікке қайшы келмейтіндей не істеу керек.
Қазіргі Қазақстан дипломатиясының шарықтауында дипломатиялық келіссөздер мен оларды жүргізу ерекшеліктері маңызды орын алады. Дипломатиялық келіссөздерде Қазақстан дипломатиясы, әсіресе дипломатиялық келіссөздер жүргізуінің тактикасына көп көңіл бөледі. Қазақстан дипломатиялық стратегия мен тактикаға тұтас мөлшерде көп назар аударады. Сондықтан да, жас Қазақстан қазіргі тәжірибесінде дипломатиялық құжаттарды дайындауда көп көңіл бөлінеді. Өзімізге белгілі дипломатиялық құжаттардың қатарына мәлімдемелер, меморандумдар, келісімшарттар, т.б. жатады.
Мамандар мен эксперттердің болжауынша, болашақта ОА динамикалық дамушы аймақ рөліне ғана үміттеніп қоймайды, сонымен қатар, әлемде геосаяси және геоэкономика конфигурацияларының өзгеруіне ықпал ете

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда, халықаралық қатынастарда дипломатияның алатын орны
ерекше. Әлем кардиналды түрде өзгерді. Соғыс саясаттың жалғастырушысы
болмайтын болды. Халықаралық аренада ХХI ғасырда әлем дамуының жолдары
күнделікті талқыланып жатыр.. Сол себепті, дипломатия халықаралық
қақтығыстарды тойтару немесе реттеу мақсатында келіссөздер жүргізу
өнерінің, компромистер мен өзара тиімді шешімдерді табу, сонымен – қатар,
әртүрлі сфераларда халықаралық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтудің
қайнаркөзі болып табылады. Н.Ә.Назарбаев өзінің Сындарлы оны жыл кітабында
былай дейді: Қазіргі тарихтың кестесі мейілінше тығыз. Бұрындары
жүзжылдықтар мен онжылдықтарға созылатын іс – бүгіндері қас қағымда
атқарылады. Қазір мемлекеттердің басшылары мен президенттері күн сайын
кездесіп жатады, ал кезінде тіпті көрші державалардың билеушілері бір-
бірімен ешқашан кездеспеген немесе кездескен күнде де белгілі бір биліктің,
яки мемлекеттің жаңғыруы себепші болып отырған. Бүгінгі таңда жаңа
мемлекеттер мен одақтар ай сайын бой көтереді десе де болады, ал олардың
түбегейлі еңсе көтеріп, құрылымын орнықтыруы үшін санаулы-ақ жылдар қажет.
[23]
Дипломатияның әдістері мен құралдары қоғамның әртүрлі кезеңдерінде
мемлекеттердің сыртқы саясатының мақсат - мүдделерімен бірге өзгеріске
ұшырап отырды. Әрбір тарихи формацияның өзіне тән сыртқы саясаты мен
дипломатиясы болды.
Соңғы жылдары елдер арасында қарымқатынастар сипаты өзгеріп келе
жатыр. Конфронтациядан ынтымақтастық және серіктестікке өту кезеңі орын
алды. Мемлекеттер арасындағы жаңа климаттың қалыптасуына, көбінесе,
мемлекет жетекшілерінің ұсынған гуманитарлы, экология, экономика, саясат
және әскери сфераларын қосатын халықаралық қауіпсіздік жүйесін құру
концепциясы септігін тигізді. Бұл концепцияның негізінде өз қауіпсіздігін
басқалардың қауіпсіздіздігі есебінен құруға болмайды деген түсінік жатыр.
Екі биполярлы жүйе құлағаннан кейін әлем, халықаралық қатынастардың
жаңа фазасы - монополярлы әлемге көшті. Қазақстан Республикасы егеменді
мемлекет ретінде, халықаралық қатынастардың
жаңа акторына айналды. Қазақстан Республикасы әлемдік тәжірибе есебінен
жаңа дипломатия құруда белсенді әрекеттер атқарып жатыр.
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы аймақтық интеграцияның
көшбасшысы және Орталық Азияда аймақтық одақтар жүйесінің басты ядросы
болып табылады.
Ұзақ мерзіміді перспективада Қазақстанның сыртқы саясаты көбінесе
аймақтық қауіпсіздік жүйесіне байланысты. ОА Қазақстан Республикасы
сыртқы саясатының негізгі доминанты болып табылады. Қазақстан
Республикасы ұлттық қауіпсіздікті аймақтықпен ассоциациялайды.
Сондықтан, қазіргі кезде аймақтық көшбасшы ретінде Қазақстан дипломатиясы
үшін ең басты мәселе ол - ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қалай
ұштастыру керек және ұлттық мүдделерді қорғайтын ұлттық дипломатиялық
қызмет халықаралық қауымдастық мүдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз
ететін халықаралалық қауіпсіздікке қайшы келмейтіндей не істеу керек.
Қазіргі Қазақстан дипломатиясының шарықтауында дипломатиялық
келіссөздер мен оларды жүргізу ерекшеліктері маңызды орын алады.
Дипломатиялық келіссөздерде Қазақстан дипломатиясы, әсіресе дипломатиялық
келіссөздер жүргізуінің тактикасына көп көңіл бөледі. Қазақстан
дипломатиялық стратегия мен тактикаға тұтас мөлшерде көп назар аударады.
Сондықтан да, жас Қазақстан қазіргі тәжірибесінде дипломатиялық құжаттарды
дайындауда көп көңіл бөлінеді. Өзімізге белгілі дипломатиялық құжаттардың
қатарына мәлімдемелер, меморандумдар, келісімшарттар, т.б. жатады.
Мамандар мен эксперттердің болжауынша, болашақта ОА динамикалық дамушы
аймақ рөліне ғана үміттеніп қоймайды, сонымен қатар, әлемде геосаяси
және геоэкономика конфигурацияларының өзгеруіне ықпал ете алатын әскери
, саяси, экономикалық және т.б. мүдделер аренасына айналуы мүмкін.
Сол себепті, президентіміз осы аймаққа және ұлттық мүдделерді
қамтамасыз ету стратегиясына көп көніл аударып отыр.
Аймақта АҚШ, ҚХР, РФ сияқты жетекші елдердің мүдделері қиылысады.
Мәселен, экономикасы күшті дамыған Қытай АҚШ-ң
көшбасшылығына жол бергісі келмейді. Ақш-ң аймақққа қатысуы, аймақ
мемлекеттерінің экономикалық және саяси потенциалдар мен мүмкіндектірінің
болуымен байланысты. Сондықтан АҚШ-тың келіссөздер жүргізу ерекшеліктері
Қазақстан үшін өзекті.
Диплом жұмысының өзектілігі дипломатиялық келіссөздердің ерекшеліктері
мен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын талдау. Қазақстан үшін
әртүрлі елдің дипломатиясы мен дипломатиялық келіссөздер ерекшеліктерін
зерттеу өзекті болып табылады..
Қазақстан Евразия континентінің орталығында орналысқан егеменді
мемлекет болып табылады. Кеше ғана Қазақстан Совет одағының құрамындағы 15
одақтас республикалардың бірі болды, ал бүгінгі таңда Қазақстан толыққанды
егеменді мемлекет. Әлемде Қазақстан аумақтық көлемі бойынша тоғызыншы
орында тұр, ал көлемі бойынша КСРО республикаларының ішінде екінші орынды
алады. Қазақстан Ресей, ОА мемлекеттерімен шектеседі. Орталық Азия аймағы
– тұрақсыздықтық белдеуі болғандықтан, ол АҚШ-ң ғана емес, сонымен
қатар, әлемнің жетекші акторлары Ресей, Европалық одақ, Турция, Иран
және Қытайдың назарынан тыс қалмайды. Збигнев Бжезинский бұл белдеуді
Евразиялық Балқан деп атайды. АҚШ-тың бұл белдеудегі геостратегиялық
мақсаты - бұл геосаяси кеңістікті ешбір держава бақыламауы керек, ал
әлемдік қайымдастық бұл белдеуге кедергісіз қаржылық-экономикалық кіруі
керек. [3] Сондықтан, Қазақстанның дипломатиясы мен келіссөздер жүргізу
ерекшеліктері өзекті мәселе болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты дипломатиялық келіссөздер, дипломатиялық
протокол ерекшеліктерін, дипломатиялық қабылдаулар және Қазақстан
Республикасының сыртқы саясатын, дипломатиялық қызметін ашып көрсету.
Осы мақсаттарға жету үшін автор өз алдына төмендегідей міндеттерді
қояды:
- дипломатиялық қызметтің негізгі концептуалды ерекшелерін көрсету;
- дипломатиялық қызметтің негізгі мәселелерін, келіссөздерін
талдау;
- Қазақстанның дипломатиялық қызметін және сыртқы саяси
стратегиясын ашып көрсету.
- Дипломатиялық келіссөздер жүргізудің ерекшеліктерін сараптау.
- Қазақстан Республикасының дипломатиялық тәжірибесіндегі
келіссөздер рөлін ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының дерек көздері.
Диплом жұмысын жазу барысында көптеген дерек көздері қолданылды,
олар мыналар:
Бірінші топқа - Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясатына
байланысты заң шығару актілері мен дипломатиялық құжаттар кіреді. Бұл
дерек көздері ішкі саясаттың басымдылықтарын халықаралық қатынастардың
әртүрлі кезеңдерінде де ашып көрсетеді. [5]
Екінші топқа - ресми сыртқы саяси доктриналар мен концепциялар
кіреді. Бұл құжаттар да Қазақстан Республикасының дипломатиялық
қызметінің қалыптасуын ашып көрсетеді. [9]
Үшінші топқа – дипломатиялық қызмет пен келіссөздер ерекшеліктеріне
арналған теоретикалық зерттеулер және ҚР Сыртқы істер министрлігінің
құжаттары да кіреді. [3]
Диплом жұмысын жазуда тарихнамалық зерттеулерді автор өз тарапында үш
түрге бөледі:
1. Шетелдік тарихнама- Сатоу Э, Д. Вуд., Ж.Серре, Фишер Р., Юри У.
2. Ресейлік тарихнама - Борунков А.Ф., Захарова Л.М., Коновалова
А.А., Загорский А.В., Лебедева М.М, Исраэлян В.Л, Камбон Ж.,
Ковалев А, Карягин В, Левин Д.Б, Матвеев В.М, Молочков Ф.Ф,
Холопова Т.И Лебедева М.М, Усачев И.Г, Челядинский А.А
3. Отандық тарихнамаға Қазақстанның көрнекті дипломаттары – Назарбаев
Н.Ә, Тоқаев Қ.К, Гаджиев К.С, Гизатов И, Арыстанбекова А т.б
кіреді.
Сондықтан осы авторлардың еңбектері диплом жұмысын жазуда жеткілікті
болды.
Диплом жұмысының теориялық негізі дипломатиялық қызметтің
салыстырмалы талдау әдісін қарастыру болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТАРАУ ДИПЛОМАТИЯ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЕРЕКШЕ ТҮРІ
1.1 Дипломатиялық Қызметтің Ерекшеліктері
Дипломатия XVI-XVII ғғ.күнделікті мемлекеттің ерекше қызметі
ретінде қалыптасты.
Сол кезде монарх сарайларында тұрақты дипломатиялық өкілдер,
мемлекеттік органдар жүйесінде арнайы ведомстволар пайда болды, ал олар
мемлекеттер арасында хат алмасумен, шетелдік делегацияларды және елшілерді
қабылдау, сонымен қатар келіссөздер жүргізумен айналысты.
Сол кезеңде мемлекеттердің дипломатиялық қызметтерінің сипаты мен
формасын кейбір ғалымдар былай сипаттайды:
дипломатия – тәуелсіз мемлекеттер үкіметтерінің ресми қатынастардағы
ақыл–ойлары мен тактларының қолданылуы (Э.Сатоу), [26] дипломатия -
мемлекеттердің өзарақатынастары мен өзара мүдделері туралы ғылым немесе
халықтың өзара мүдделері туралы ғылымы” (Г. Мартене), ал нақтырақ айтар
болсақ дипломатия – келіссөздер ғылымы немесе өнері - дейді (Гарден).
Әрине, дипломатия келіссөздермен ғана шектелмейді, сонымен қатар, ол сыртқы
саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Дипломатиялық сөздік анықтамасында былай делінген: дипломатия -
мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізетін бірден-бір құрал болып табылады, ол
бейәскери практикалық шарттар, қабылдаулар, әдістер және міндеттердің
жиынтығы; мемлекеттердің және үкіметтердің басшыларының, сыртқы істер
министрлерінің, сыртқы істер ведомстволарының, шетелдердегі дипломатиялық
өкілдіктердің мемлекеттердің, оның шетелдердегі мекемелері мен
азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау және халықаралық
конференциялардың мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаттары мен мдделерін
жүзеге асыру бойынша жүргізілетін ресми қызметтері. [9]
Дипломатия түсінігімен сондай-ақ халықаралық қақтығыстарды тойтару
немесе реттеу мақсатында келіссөздер жүргізу өнерін, компромистерді және
өзара тиімді шешімдерді табу, сонымен – қатар халықаралық ынтымақтастықты
тереңдету және кеңейтуді байланыстырады.
Солай келе, дипломатия түсінігі мемлекет жетекшілерінің және
мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының, сонымен қатар сыртқы
қатынастардағы органдардың жан-жақты сыртқы саяси қызметтерін қамтиды.
Келіссөздерді және т.б. бейбіт құралдарды пайдалана отырып, дипломатия
сыртқы саясаттың мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыруға, халықаралық
аренада өз елінің мүдделерін қорғауға қол жеткізеді. [9]

ұшырады. Әрбір тарихи формацияның өзіне тән сыртқы саясаты мен дипломатиясы
бар.
Құлиеленушілік қауымдағы дипломатия феодалдық қауымдағы дипломатиядан
біршама әдістерімен ерекшеленген. Феодалдық бытыраңқылықтың орнына келген
абсолютизм, дипломатияға өзіндік принциптер мен формаларды енгізді: [5]
Сол кездің өзінде монарх сарайларында тарихқа кірген көптеген
дипломаттар пайда болды. Жоғары мамандандырылған білім, тәжірибе т. б.
сапалар оларға өз үкіметтерінің тапсырмаларын табысты орындауға көмектесті.
Абсолютизм кезеңінде дипломатияда сатып алушылық, алдау-арбау, интрига,
өлтіру сияқтылар шарықтады. Сондықтан XVII ғғ. ағылшын дипломаты Генри
Уоттен былай дейді: Елші өз мемлекетінің мүддесі үшін өтірік айтуға
шетелге жіберілген адал ер, ал сол кезде XVII ғ. француз жазушысы Жан
Лабрюер: дипломаттардың барлық жұмысы өзгелерді алдауға, бірақ өзі алданып
қалмауға бағытталған, - дейді. [5]
1917 ж. кейін Ресей, халықтар арасындағы бейбітшілік, үлкен және кіші
мемлекеттердің теңдігі, әртүрлі қоғамдық құрылымы бар мемлекеттердің бейбіт
өмір сүруі, тәуелсіз мемлекеттердің құрылуын және халықтық өзін-өзі анықтау
құқығы қсаясатын жариялаған тұғын. Ресей үкіметі өз дипломаттарынан тарихи
тенденцияларды,, дипломатияның әртүрлі бағыттары мен қыр-сырларын білуді,
агрессивті күштерді оқшаулау, және өз тарапына одақтастарды тарту сияқты т.
б. мұқият зерттеуді талап етті. [4]
Кеңес дипломатиясы догматизм мен сектанттықтан арылу, компромистерге
барудан қорықпай, принципиалды және жұмсақ әрекеттер еткенде барып,
табысқа қол жеткізе алатындарына сенді, бірақ кеңес дипломатияның біршама
да жеткіліксіздіктері болды.
Қазіргі қазақ дипломатиясы сол кеңестік дипломатиядан өсіп өркендеді
және тәуелсіздік жылдарында өзінің ұлттық ерекшеліктеріне де қанық болып
келе жатыр десек те артық айтпаймыз. [3]
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасынының дипломатиясы мен сыртқы
саясат стратегиясы барлық халықтар толыққанды әлемде өмір сүріп жатыр
дегенге саяды, өйткені әлем кардиналды түрде өзгерді; соғыс саясаттың
жалғастырушысы болмайтын болды, сондықтан халытың тату - тәтті өмір сүруі
қажет.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында әртүрлі қоғамдық қүрылымы бар
мемлекеттердің бейбіт өмір сүру принциптері мен халықаралық
ынтымақтастығын бекітеді Бұл тұрғыда шетелдік мемлекеттермен дипломатиялық
қатынастарды кеңейту, терендету бірінші кезекте тұрады.
Қазақстан егемендігінің негізгі жетістіктері:
Біріншіден, Қазақстан Республикасы 1992 ж 2 наурызда БҰҰ-на мүше
болып, әлемдік қауымдастықтың бір бөлігіне айналды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасының Президенті өз жарлығымен Семей
ядролық полигонын жауып, сол арқылы глобалды ядорлық қарусыздануға сигнал
берді.
Үшіншіден, Президентіміз Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы
(1992ж), ядролық сынаққа толықтай тыйым салу туралы келісімдерге қол
қойды. (1996ж)
Төртіншіден, Қазақстан өз егемендігінің тұрақты кепілін барлық
мемлекеттер тарапынан және БҰҰ-ң тұрақты мүшелерінен алды.
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының әлемнің 130 мемлекеттерімен
дипломатиялық қатынастары орнатылған және Қазақстан БҰҰ –ң мүшесі болып
табылады. [28]
Дипломатиялық қатынастарды қалыптастыру екі мемлекеттің басшыларының
жеделхаттарында, жолдауларында, коммюникелерінде т.б дипломатиялық
құжаттарда бекітіледі.
Сондай-ақ, дипломатиялық қабылдаулар да мемлекет басшыларының,
дипломатиялық өкілдіктердің және қабылдаушы мемлекеттің қоғамдық, мәдени,
ғылыми-техникалық т.б іскер топтарының арасындағы байланыстарды
қалыптастыру, дамытуда маңызды құрал табылады.
Қазақстан Республикасының дипломатиясы халықаралық практиканың бейбіт
қүралдарының барлық арсеналын қолданады: кез-лер, кеңесулер, мемлекет
басшыларының екі жақты және көпжақты негіздегі конференциялары, сондай-
ақ үкімет басшыларының, сыртқы істер министрлерінің кездесулері. [3]
Жыл сайын ҚР-на ресми, жұмыс сапарлармен мемлекет басшылары, үкімет
басшылары, сыртқы істер министрлері келеді.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә Назарбаев Азияда өзара әрекеттер мен сенім шаралары
кеңесін шақыру инициативасы дипломатиялық топтармен және БҰҰ Бас
Ассамблеясымен мойындалады.
Мемлекеттер арасында хат алмасу тұрақты болып тұрады. Дипломатиялық
қызметтің бұл формасы сыртқы істер ведомстволарының жұмыстарында жетекші
орын алады. Маңызды сыртқы саяси құжаттарға кіретін мәлімдемелер, ноталар,
естелік жазбалары арқылы көптеген мәселелер шешіледі, акциялар дайындалады.
Қазіргі кезде дипломатияның маңызды элементттерінің бірі- мемлекет
басшыларының, сыртқы істер министрлерінің телефон арқылы тікелей
байланыстары. Тура байланыс тет а тет кейде күрделі халықаралық
мәселелерді шешуге септігін тигізеді. [5]
Қазақстан Республикасың сыртқы саясатының негізгі мақсаты ол-
президентіміз Н.Ә. Назарбаев жасаған егеменді мемлекет ретінде Қазақстанды
дамыту және қалыптастыру стратегиясын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай
жасау.
Осы мақсатқа жету үшін Қазақстан ядролық амбициялардан толықтай бас
тартты. Сондықтан егемендік, тәуілсіздік, аумақтық, біртұтастық
шекаралардың мызғымастығы туралы стратегиялық міндетіміз шешілді. Осы
акция барысында Қазақстанның қауіпсіздік кепілі ретінде біздің екі
көршілеріміз Ресей мен Қытай шықты.
Қазақстан қарусыздандыру, қауіпсіздікті құру процесстерінде де және
халықаралық ынтымақтастықтың барлық деңгейлерінде белсенді қатысады.
Біріншіден, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан үш орталықазия
мемлекеттерінің Орталық Азияда бейбйтшілік пен тұрақтылық сақтау бойынша
интеграциялық саясаты.
Екіншіден, халықаралық қауіпсіздік пен қарусыздандыру сфераларында
Қазақстанның ТМД елдерімен белсенді интеграциялық саясаты.
Үшіншіден, Қазақстанның Азияда өзара әрекеттер мен сенім шаралары
кеңесін шақыру бойынша инициативалары.
Төртіншіден, Қазақстанның ЕҚЫҰ (Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға алғашқы сапары
1993 жылы болды) жұмыстарында қатысуы Бейбітшілік үшін серіктестік
бағдарламасында қатысуы, ядролық қаруларды таратпау келісімдері
шеңберінде, сондай-ақ қарусыздандыру бойынша конференцияларда қатысуы.
[6]
Қазақстан сыртқы саясатының принциптері мен мақсаттарын мыналар
құрайды:
- мемлекеттік мүдделерді қорғау;
- елде экономикалық реформаларды жалғастыруға қолайлы жағдайлар
қамтамасыз ету;
- демократиялық институтарды нығайту;
- әлемнің барлық мемлекеттерімен теңқұқықты және серіктестік
қатынастарды дамыту;
- глобалды және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту
мақсаттарында жетекші мемлекеттермен стратегиялық өзара
әрекеттерді кеңейту.
Ал, Қазақстанда тұрақтылыққа қол жеткізу үшін мынадай
мақсаттары бар.
- конфликттерді реттеу;
- әскери сферада қаруларды қысқартуға және сенімге жетуге жаңа
қадамдар жасау;
- гуманитарлы, сондай-ақ қауіпсіздіктің құқықтық компоненттерін нығайту;
- Өз дамуларында әртүрлі себептерге байланысты қиыншылық тартатын
елдерге көмек көрсету, қолдау. [7]
Соңғы жылдары елдер арасында қарымқатынастар сипаты өзгеріп келе жатыр.
Конфронтациядан ынтымақтастық және серіктестікке өту кезеңі орын алды.
Мемлекеттер арасындағы жаңа климаттың қалыптасуына, көбінесе, мемлекет
жетекшілерінің ұсынған гуманитарлы, экология, экономика, саясат және әскери
сфераларын қосатын халықаралық қауіпсіздік жүйесін құру концепциясы
септігін тигізді. Бұл концепцияның негізінде өз қауіпсіздігін басқалардың
қауіпсіздіздігі есебінен құруға болмайды деген түсінік жатыр. [9]
Халқаралық дипломатияда БҰҰ – ның орны ерекше, ол ортақ тіл, өзара
түсінісушілік пен сенімге жетудің тиімді орталығы болып табыылады. БҰҰ-ның
мынадай сапалары Парсы шығанағы зонасындағы қақтығыс кезінде паш етілді.
Ол Кувейтке қарсы Ирактын агрессиясын дұрыс емес деп тауып, Иракты ол
жерден өз әскерін шығаруға мәжбүрледі. Сөйтіп елдің тәуелсіздігі қайта
қалпына келді. [11]
Сыртқы қатынастар органдары жүйесінде мемлекеттердің күнделікті
өкілдігін жүзеге асыру сыртқы істер ведомстволарының еншісіне тиеді.
Көптеген елдерде бұл ведомстволар былай аталады: АҚШ-та Мемлекеттік
департамент, Англияда Форин-офис (Даунинг стрит), Францияда Сыртқы істер
министрлігі (Кэ д΄ Орсе), Аргентинада Сыртқы қатынастар және культ
министрлігі. Олардың осындай атаулары әртүрлі болғанымен, функциялары
бірдей.
ҚР Министрлігіне елдің сыртқы саясатын жүзеге асыру және оған
байланысты ұсыныстар дайындау жүктеледі. Осы мақсатта Министрліктің
шетелдердегі елшіліктер және консулдықтарымен тұрақты байланыстары бар және
ол олардың жұмыстарына жетекшілік етеді согымен қатар ҚР-да орналасқан
шетелдік дипломатиялық өкілдіктерімен байланысын жүзеге асырады. Министрлік
шетелдік мемлекеттік және үкіметтік делегацияларды қабылдауларда және оның
дайындықтарында, сонымен қатар қазақстандық мемлекеттік өкілдіктердің
шетелдерге сапарларын жүзеге асыруында қатысады. [8]
Министрлік өкілдері әртүрлі халықаралық конференцияларда, кеңесулерде
қатысып, келісім – шарттар жобаларын талдап қарастырады. Өз өкілдері арқылы
Министрлік шетелдердегі өз азаматтары мен ұйымдарының мүдделеріні
қорғайды. Халықаралық қатынастар облысында ҚР-ның құқықтары мен мүдделерін
қорғау әрине Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Ал Ресейдің Сыртқы Істер Министрлігіне келер болсақ, 1917 ж. қазан
айында Кеңестің ІІ Бүкіл Ресейлік съезі қабылдаған Учреждение Совета
народных комиссаров декретіне сәйкес шет істер комиссариаты құрылды.
Халықтық Комиссарлар кеңесін басқарған В. Д. Бонч-Бруевич болды. 1917 ж.
онда 30 адам болса, 1918 ж. онда 200 адам жұмыс істеді ШІХҚ-ң алғашқы
тапсырмаларының бірі патша үкіметінің құпиялы келісімдерін жарыққа шығару
болды. 1917-1918 жж. Правда және Известия газеттерінде жеті құпия
жұмыстары шықты, кейіннен Долой тайную дипломатию! Да здраствует открытое
честное соглашение ұраны баспасөз беттерінен түспеді. 1918 жылы 30
мамырда шет істер халық комиссары болып Г.В. Чичерин (1872-1936)
тағайындалды. Чичериннің тағдыры ресейдегі революциялық күреспен байланысты
болды. Ол Европалық елдердің әлеуметтік-демократиялық қозғалыстарында
белсенді жұмыс атқарып, баспасөз беттерінде публицистикалық мақалалар
жариялап, көптеген саяси көрнекті қайраткерлермен жақсы байланыста болды.
Оның бұл қызметі Чичерин үшін өзіндік дипломатиялық университет болды,
өйткені ондағы алған білімі, тәжірибесі оған атақты дирломат болуға
септігін тигізді. 20 жж Чечерин Европалық елдердің баспасөз беттерінен
түспей, ал оның Генуя конференциясында (1922ж) делегация жетекшісі ретінде
болуы және Раппалода (1922ж) Германиямен келісім бекітілген кезіндегі
жұмысы дипломатиялық топ арасында үлкен беделге жеткізді. [27]
Дипломатияның сыртқы саясат әдістері мен формаларын талқылау барысында
Чичерин таланты оны нағыз дипломат ретінде паш етіп көрсетеді.
1918 жылдың наурыз айынан бастап сыртқы істер халық коммисарының
орынбасарыболып Л.М Қарахан тағайындалды.(1889-1937) Қараханның дипломат
ретіндегі таланты Ауғаныстан, Турция, Персия, Қытай, Монғолиямен достық
қарым-қатынастарды орнатуда ашылды. 20жылдары Польшамен дипломатиялық
қатынас орнатылғанда Қарахан бірінші өкілетті өкіл ретінде жіберілді. [27]
Автор жеке-жеке дипломатарға мінездеме беруді міндет қылмайды, бұл
мысал тек Ресейдің Сыртқы Істер Министрлігі неден басталды және кім
басқарғандығын айтуды жөн көрді.
Кеңес одағы құлағаннан кейін Ресей оның жалғастырушысы болды, ал Ресей
Федерациясының СΙМ-не бұрынғы одақтас сыртқы істер Министрлігінің
функциялары жүктелді. Орталық аппаратта бірқатар өзгерістер орын алды.
Министр бұрынғыдай Министрліктің жетекшілігіне жауап береді. оған
министрдің бірінші орынбасарлары бағынышты болды, ал олар териториалды және
функционалды бөлімшілерге жетекшілік етеді. [4]
Министрдің Департамент – хатшысы, Департамент атқарушы хатшысы,
Мемлекеттік протокол Департамент: 1,-2,-3 Азия Департаменттері, Африка
департамент, Таяу Шығыс жне Африка Департаменті, 1,-2,-3,-4 Европа
Департаменттері, Латынамерикан Департаменті; Солтүстік Америка
Департаменті: 1,-2,-3,-4. ТМД Департаменттері бар.
Тарихи дипломатиялық басқару тарихи-құжаттамалық Департаментіне
айқалды.
Преображенная Россия в новом мире ғылыми-практикалық
конференциясында Б.Н. Ельцин былай деді: Біздің жана саясатымыз Ресейде
потенциалды қарсыластар жоқтығының негізінде құрылады. [4]
Ал ТМД елдері өз егемендіктері мен тәуелсіздіктерін жариялағаннан кейін
тенқұқықты серіктестер ретінде әлемдік қауымға кірді. Көптеген елдер
олармен дипломатиялық қатынастар орнатып, елшіліктермен алмастырылды.
Сонымен, ТМД елдерінің болашағы жалпытанылған халықаралық-құқық
нормалары құжаттарының негізінде, көбінесе 1961ж дипломатиялық қатынастар
туралы Вена конвенциясының негізінде құрылады. Бұған қол жеткізу үшін
дипломаттардан және олардын партнерларынан профессионализм мен ерекше
деликаттылық талап етіледі.
1.2 Дипломатиялық протокол - дипломатияның саяси құралы ретінде
Қазіргі таңда халықаралық қоғамда 300-ге жуық елдер бар. Олардың
әрқайсысының өзінің әлеуметтік - қоғамдық құрылымы, тарихы, дәстүрі,
мәдениеті, тілі, діні бар. Ал олар егемендік, теңдік, аумақтық біртұтастық,
бір-бірінең ішкі істеріне қол сұқпау принциптеріне негізделмегенде,
мемлекеттер арасындағы дұрыс қарымқатынастардың мүмкіндігі болмаушы еді.
Сондықтан, осы принциптерді жүзеге асыру үшін құрал қажет болды, ал ол
құрал дипломатиялық протокол болып табылады.
Ресейлік және шетелдік әдебиеттерде дипломатиялық протоколға әртүрлі
анықтамалар белілген. Дипломатический церемониал и протокол кітабының
авторлары Джон Вуд және Жан Серре: протокол толықтай алғанда үкіметтердің
және олардын өкілдерің тәртібтерінің жиынтығы. [6]
Дипломатиялық сөздікте былай делінген: Дипломатиялық протокол
халықаралық құқықта сыртқы істер ведомстволарының, дипломатиялық
өкілдіктердің, ресми тұлғалардың жалптанылған ережелері мен дәстүрлерінің
жиынтығы. [9]
Протокол сөзі гректің protocollon (прото-бірінші, кола-жапсыру)
сөзінен шыққан, бұл термин орта ғасырларда құжаттарды рәсімдеу және
архивтерді жүргізуді білдірсе, кейіннен, протокол сөзі дипломатияда және
дипломатиялық қызметтерде қолданылатын болды. Оның мәні кеңейіп
дипломатиялық протоколға этикет пен церемониал мәселелері кірді.
Протокол - тарихи категория, оған дәлел елшілік дәстүр. Мәселен
XVIIғ поляк елшісі Ян Глинский Константинопольге келгенде дипломатиялық
протокол мынадай болды: Елші жеке жүгімен қосқанда 37 арбамен, оның
артында 4 тамаша кареталар елші причтімен, 40 поляк дворяндары ал-қызыл
жібектен және күмістен тігілген киімде келе жатыпты, ал онын артында ашық
қызыл түсті атжабуы бар 28 ат, 4 сырнайшы, алтын киім киген 12 паж,
гусарларымен келген. Елшінің өзі бриллиантқа толы болып, 12 гайдуктар
султандармен қоршалған, ең бастысы, аттардың тағалары таза күміспен
қапталыпты.
Ал елшілерді қабылдау церемониалы ерекше болыпты. Патша билігінің
белгісі ретінде патша тағының жанынан пирамида қойылыпты. Патшанын өзі
алтын тақта кеудесіне алтын алқалар тағып отыр екен. Патша көйлегі өте ауыр
болыпты, Иван Грозныйға салмағымен ондай көйлек киу өте ауыр болыпты.
Церемониалда елшілер патшаның қолын сүйіп, қол алысу болмаған екен.
Патша келіссөздерді елшілермен боярлар арқылы жүргізіпті. Мәселен, Иван ІV
ағылшын елшісіне Дж. Боусуға 1584 ж бояр арқылы былай депті: У нас издавна
того не ведетца, что, нам, великим государям, самим с послы говорити. [5]
Дипломатия тарихына 1661 ж 30 қыркүйектегі испан елшісі Ватте-виль мен
француз елшісі д´Эстраданың кызметкерлерінің Лондонда швед елшісімен
кездесуде кортежде орын үшін таласқан даулары кірген. Сол кезде дипломаттар
арасындағы ұрыстар дуэльге дейін барған екен.
Франция королі Людовик XIV талабы бойынша испан елшісі жараланып, Испания
елшісіне Франция елшісіне бірінші болып жол беру бұйрғы берілген екен, ал
қарсыласқан жағдайда Франция соғыспен қорқытыпты.. [5]
Бір қарағанда, елшілермен қызметкерлер арасындағы ұрыстар ұйқаспайтын
сияқты. Бірақ, бұл Францияның Европалық мемлекеттер ішінде дипломатия
тарихында кошбасшылыққа ұмтылу претензиясын дәлелдейді.
Уақыт өте келе, дипломатиялық протокол нормалары да өзгеріске ұшырады.
Дипломатиялық протокол халықаралық категория оның нормалары барлық
мемлекеттерде сақталуы тиіс, сонымен бірге әр елде дипломатиялық
протоколдың өзіндік ерекшеліктері бар және де мемлекеттер оған
өзгертулермен түзетулер енгізе алады.
Дипломатиялық протокол жаңа мемлекеттер танылғанда, дипломатиялық
қатынастар орнатылғанда, дипломатиялық өкілдіктер басшылары
тағайымдалғанда, сенім грамоталары тапсырылғанда, дипломатиялық сапарлар
жасалғанда, сұхбаттар, келіссөздер жүргізілгенде, ресми делегациялар,
халықаралық кеңесулер, конференциялар шақырылғанда, мерекелер және
траурларда жүзеге асырылады. Сонымен қатар мемлекеттік әнұран ойнау және
мемлекеттің туын көтеру этикеті, дипломатиялық хатал алмасулар және
дипломатиялық корпуспен өкілеттілік жұмыс жүргізілгенде дипломатиялық
протоколдың орны өте ерекше. [22]
Дипломатиялық протокол нормалары халықаралық сыпайылық ережесінен
туындайды. Оны мемлекеттер мен дипломаттар сақтауға тырысады. Мәселен,
халықаралық сыпайылық бір ел арқылы өткен дипломаттарға кедендік
артықшылықтар мен иммунитеттер береді. Белгілі француз дипломаты Ж. Камбон
айтқандай: халықаралық сыпайылықты сақтамау шіркеуге бас киімді шешпеу
немесе мешітке аяқ киім шешпеумен тең. [15]
Сонымен, дипломатиялық протокол нормаларын сақтау мемлекеттер арасында
міндетті болып табылады, әйтпеген жағдайда мемлекеттер арасында күрделі
шиеленістерге әкеліп соқтыратыны сөзсіз.
Өткен уақыттарда мемлекеттер протоколдын кейбір нормаларына заңи күш
беруге және оларды халықаралық құқық нормаларына айналдыруға тырысқан
тұғын. Осы мақсатта Наполеон соғыстарын аяқтаған 1815 ж Вена Конгресі және
Қасиеті Одақтынң1818 ж Аахен Конгресінің орны ерекше. Олардын қабылдаған
құжаттары халықаралық протокол нормаларын 150 жылдан астам реттеп, осы
кезге дейін маңызды саяси құжаттар болып табылады.
Осы қаулыларға сәйкес, дипломатиялық өкілдіктер классы былай бөлінді:
[1]
1. елшілер-нунцийлер;
2. уәкілдер-интернунцийлер;
3. министрлер-резиденттер;
4. тұрақты сенімді өкілдер.
Емшілерді тағайындау құқы антинаполеон коалицияларының жетекші
державалары – Ресей, Австрия, Англия, Пруссия және Франциямен мойындалды.
Қырым соғысынан кейін (1853-1856) Турция бұл құқыққа ие болды, (1870-1877)
жж франко-прусс соғысынан кейін Германия, (1904ж) орыс-жапон соғысынан
кейін Жапония бұл құқықты алды.
Сондай-ақ үлкен және кіші мемлекеттердің егемендік теңдік принциптерін
бекітуде В.И. Лениннің 1918ж декреті көрнекті рөл ойнайды. Декрет кеңес
дипломатиялық өкілдіктер басшыларына дипломатиялық рангтарды алып, бәріне
ортақ атау - өкілетті өкілді қалыптастырды. Кейбір капиталистік
мемлекеттер түсініксіз деген сылтаумен дискриминацияға дейін барды. Олар
өкілетті өкілді IV класс өкілдері ретінде, яғни елшілерден, уәкілдерден
және тұрақты сенімді өкілдерден де төмен қарастырғанда барып, өкілетті өкіл
қай классқа елшіге, я болмаса уәкілге жататындығын білдіру үшін сенім
грамоталарында көрсетілетін болды. [29]
Сөйтіп көпжылдық жұмыстардың нәтижесінде елшілік құқығын кодификациялау
бойынша Ұлттар Лигасында, сосын БҰҰ Комиссиясында Венада КСРО-ң қатысуымен
1961 жылы 18 ақпанда дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына қол
қойылды. Бұл Конвенция қазіргі таңда да дипломатиялық практика, соның
ішінде протокол мәселелерін реттейді.
Вена және Аахен Конгрестерінің қаулыларына дейін дипломатиялық
өкілдіктер басшыларының ағалық (старшинство) туралы мәселесі көптеген
дауларға, тіпті қарулы қақтығыстарға және өлтіруге дейін әкеліп соқтырған.
Сондай оқиғаның бірі 1768 жылы Лондонда сарай балына француз елшісі сәл
кешігіп келсе, оның орнында австриялық елшімен бірге орыс елшісі Чернышев
отырса керек, сол орын үшін олар дуэльге дейін барып, ақыр аяғы Чернышев
жараланып қалыпты. [4]
Казіргі кезде дипломатияға ағалық үшін дауласудын қажеттігі жоқ.
Дипломатиялық протокол ондай мәселелерді тез шеше алады. Ағалық ресми тұлға
үшін қазірде үлкен мәнге ие. Бір күні Нью-Йорк Тайм мэгэзин журналы
мынадай оқиғаның куәсі болыпты, француз елшісі Э. Альфан
Вашингтонда сенатор үйінде түскі астың басты қонағы болып, үстелге отырудан
бас тартты, өйткені оған берілген орын жеткіліксіз құрметті болды. Сонда Э.
Альфан жеке адам ретінде ол үстел астында отыра алушы еді, бірақ өз елінің
ресми өкілі ретінде ол беделді орынға ие деп жауап қатыпты. [4]
Тарихқа да үнілер болсақ, дипломатиялық протокол Ресейде церемониал деп
аталып, Мәскеу мемлекетінің егемендігі үшін күрестің құралына айналған
тұғын.
XVII ғ мынадай сөз болған: Ең үлкен іс мемлекеттік абыройды қорғау,
мемлекеттік абырой үшін өлуіміз керек; ең әуелі мемлекеттік атауды
қорғауымыз керек. Мәскеу князінің титулы, кейіннен патша титулы протоколды
форма ретінде мемлекеттің біртұтастығы мен территориалды құқықтарды
бекіткен. Титулдың бұрмалануына жол берілмеген.. [5]
Бізге мәлім, Иван Грозный патшаның титулын 1547 ж мемлекеттер бірден
мойындаған жоқ.
Ағылшын Королевасы ЕлизаветаІ Ресеймен саудада мүдделі болғандықтан,
сондай-ақ ағылшын көпестерін кедендік салықтардан босату үшін ғана Иванды4
1555 жылы бастап қана мойындады, ал Польша бұл титулды тек 1634 жылы
мойындады. Петр І- нің де император титулын тек Голландия мен Швеция ғана
мойындады. Яғни, тарихта дипломатиялық қызметте протоколдың мәнін бекітетін
осындай мысалдар көп. [5]
Халықаралық қоғамда протоколды сақтау міндетті болып табылады,
сондықтан да, одан жалтару немесе оны бұзу басқа мемлекеттің және оның
басшысының престижіне, беделіне кесірін тигізу болып есептеледі, ал оның
өзі, өзара қатынастардың шиеленісуіне әкеліп соқтырады.
Сондай-ақ мынадай бір мысал бар: Церемониал – бұл достық фимиамы.
[13] Сол себепті дипломатиялық протокол мемлекеттер арасындағы саяси
қатынастардың жағдайын білдіреді және толығымен сыртқы саясаттың мақсаттары
мен мүдделеріне бағынышты.
Ал 1961 ж дипломатиялық қатыныстар туралы Вена конвенциясына келер
болсақ, барлық мемлекеттер және де конвенцияға қосылудан формалды түрде бас
тартатын мемлекеттер ондағы нормаларды сақтайды, ал протоколды қызмет
оларды өздерінің практикалық жұмыстарында ескереді.
Кейбір мемлекеттерде Вена конвенциясы олардын ұлттық зандарына еніп,
ұлттық құқық нормасы ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық протоколы мемлекеттің
дипломатиясы мен сыртқы саясатының саяси құралы болып есептеледі. [3]
Халықаралық практиканың жалпытанылған нормаларын сақтай отырып,
Қазақстан протоколы үлкен және кіші мемлекеттер өкілдері арасында есшқандай
дискриминацияға жол бермейді. Қазақстан протоколына артық салтанат жат
нәрсе, бірәқ саяси мақсаттылық демократиялық, іскерлік, нәзіктік, басқа
елдің дәстүрін құрметтеу тән.
Кейбір мемлекеттерде елшілер сенім граммотасын тапсырғанда сөз
айтылмайды. Сенім грамотасын тапсыру церемониясында дипломаттардың киімі
демократиялық болып келеді. Елшінің келуінде және кетуі кезінде
дипломатиялық корпустың қатысу практикасы шегерілді. Жоғары қонақтарды
қарсы алу церемониясы қысқартылды.
Көптеген елдерде салют ату, қонақтың ұшағын эскорттау, дипломатиялық
корпусты шақыру және мемлекет басшысын шығарып салу, қонақ тарапынан
жауапты протоколды шаралар практикасы шегерілді. Мемлекет басшыларын
кездестіру кезінде аэропорттарда портреттер ілінбейді, резиденцияға дейін
қонақты транспарантты түрде қарсы алу шегерілді. [16]
Дипломатиялық протокол әр елде әрқалай дедік, әрине олар өздерінің
ұлттық немесе діни дәстүрлеріне байланысты түзетулер мен қосымшалар енгізе
алады. Мәселен, Үндістанда құрметті қонақ елге келген кезде, оның басына
гүлдерден жасалған венок кигізеді, ал Болгария, Югославияда және т. б.
елдерде құрметті қонақтарға нан-тұз және ұлттық шарап ұсынылатын тамаша
дәстүрлер орын алады.
Сонымен протоколды нормаларды білу, оларды дұрыс қолдана білу
дипломатиялық квалификация мен дипломатиялық шеберліктің элементтерінің
бірі болып табылады.
1.3 Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар
Дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар – бұл шетелдік
дипломаттарға, дипломатиялық өкілдіктерге қабылдаушы мемлекетте, өздеріне
жүктелген функцияларды табысты орындауға берілетін ерекше құқықтар мен
басымдылықтар жиынтығы.
Мемлекеттер дипломаттарға осындай құқықтар мен иммунитеттерді бере
отырып, оларды өз юрисдикцияларынан босатады. Ол дегеніміз, шетел
дипломаттары мен дипломатиялық миссиялар абсолютті еркіндікті пайдаланады.
Дипломатиялық қатыныстар туралы Вена конвенциясынан басқа, Консулдық
қатынастар туралы Вена конвенциясы (1963ж), Мемлекеттердің өкілдігі және
олардын халықаралық ұйымдармен қатынастары туралы Вена конвенциясы бар
1975ж. [1]
Дипломатиялық қатыныстар туралы Вена конвенциясы, кейбір мемлекеттерде
олардың ұлттық заңдарына кірдп, ал көптеген мемлекеттерде арнайы заңдар
қабылданды. Біздің елде ҚР территориясында шетелдік мемлекеттердің
дипломатиялық және консулдық өкілдіктері туралы Ереже бекітілген: [6]
Принциптері:
• дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар дипломаттар мен
дипломатиялық өкілдіктерге халықаралық құқық нормаларына сәйкес өз
функцияларын тиімді жүзеге асыру үшін ұсынылады;
• дипломатиялық иммунитеттер дипломаттарға жеке, ал
артықшылықтар тұмалар арасында келісімдер бойынша беріле алмайды;
• дипломатиялық имунитеттер мен артықшылықтар бәріне бірдей
дискриминациясыз даралық принципі негізінде беріледі.
Қазақстан Республикасында дипломатиялық артықшылықтар мен
иммунитеттерді дипломатиялық персонал иеленеді: дипломатиялық миссияның
басшылары (елшілер, сенімді өкілдер), уәкілдер, кеңесшілер, 1 – ші, 2, 3 –
хатшылар, хатшы – архивистер, сондай – ақ сауда өкілдері, олардың
орынбасарлары, сауда кеңесшілері, (қорғаныс мәселелері бойынша атташе,
олардың көмекшілері, арнайы атташе, ғылым, мәдениет, ауыл шаруашылық
мәселелер бойынша және пресс атташе). [5]
Дипломатиялық иммунитеттер олардын отбасыларына да таратылады.
Дипломатиялық персоналға жататынын білдіретін
Сырткы Істер Министрлігінің Мемлекеттік протокол Департаменті
дипломаттарға және олардың отбасы мүшелеріне де дипломатиялық паспорт
береді. Онда олардың дипломатиялық дәрежесі көрсетіледі. Кейбір елдердің
дипломатиялық паспорттарында дипломатиялық дәреже көрсетілмейді. Жәй
ғана жазу дипломат (Гана, Заир, Замбия; Үндістан, Камерун, және т. б.)
шетел кызметінің қызметкері (Нигерия, Сингапур және т. б.) Үкімет
қызметкері (Бангкок, Пакистан т. б.) Ұлыбританияның дипломатиялық
паспортында Аса Құрметті оның дипломатиялық қызметінің қызметкері деп
жазылады. [20]
Америка Қүрама Штаттарының дипломатиялық паспортында паспорт иесі
шетелде мемлекеттік департаменттің тағайындалуы бойынша жүр деген жазу бар.
[21]
Дипломатиялық иммунитеттің негізі дипломаттың жеке басына қол-
сұқпаушылық болып табылады.
Сондай-ақ дипломат тұтқынға алынбайды. Мәселен, Қазақстанда шетелдік
дипломаттың жеке басына ׂқол сұқпаушылық принципі, ол Казақстан
территориясына келгеннен бастап күшіне еніп, ол елден кеткеннен кейін барып
тоқтатылады. Дипломатиялық қатынастар бұзылған кезде де, дипломатиялық қол
сұқпаушылық принципі сақтала береді. Егер шетел дипломаты қабылдаушы елде
тұрақты тұратын болса, онда ол әрине иммунитетке деген құқықтан айырылып,
сол елдің юрисдикциясына тартылады. Жеке басқа қол сұкпаушылықтық бұзылуы
мен дипломатқа шабуыл жасау күрделі инцидент болып есептелінеді.
Абсолюттік монархия кезінде шетел елшісі (екінші мен) деп
есептелінген. [10]
Әрбір тақсырды балағаттау оның жеке басын балағаттау деп есептелінген.
Алайда шетел дипломаттары қабылдаушы мемлекеттің ішкі істеріне араласуға
тиісті емес, керісінше олар сол елдің заңдары мен тәртіптерін қатаң
құрметтеулері керек. Дипломаттарды алып кету, өлтіру біздің ел тарапынан
айыптаушылыққа әкеледі.
1961 ж Вена конвенциясы әкімшілік – техникалық персоналға да кең
иммунитеттер мен артықшылықтар берді.
Олардың тек дипломаттардан айырмашылығы қабылдаушы мемлекеттің
азаматтық және әкімшілік юрисдикциясынан олар тек қана өз қызметтерін
орындағанда ғана босатылады. Иммунитеттер мен артықшылықтар олардын
отбасына да беріледі.
Қызмет көрсету персоналының қызметкерлері де өз жұмыстарын атқарғанда
ғана иммунитетке ие, бұлардың бәрі де алым – салықтан босатылаты.
Алайда қабылдаушы мемлекеттің юрисдикциясынан үй қызметкерлері
босатылмайды. Егер оларға имунитеттер мен артықшылықтар берілсе, олардың
көлемі қабылдаушы мемлекеттің еркіне байланысты. Бұл тұрғыда өкілдік өз
функцияларын атқару барысында, қабылдаушы мемлекет араласпауы керек.
ҚР – да толық көлемде дипломатиялық имунитеттер мен артықшылықтар шетел
мемлекетінің басшыларымен үкімет басшыларынына, сыртқы істер министрлеріне
ҚР территориясында болғанын кезінде береді. Сондай – ақ олар қабылдаушы
мемлекеттің заңдарын құрметтеулері керек. [7]
Дипломатия тарихы көптеген мысалдар береді. 1969 жылы Бурундидағы
Бельгия елшісі Персона нон грата деп жарияланып, елді тастап кетуге
мәжбүр болады. Сөйтсе, Бурунди билеушілері оның Бельгия үкіметімен бірге
сондағы режимді құлатқысы келгендігін жеткізді. [11]
Вена конвенциясы дипломатқа қабылдаушы мемлекетке профессионалды және
коммерциялық қызметпен айналысуына тыйым салады. Алайда дипломаттар жиі-
жиі халықаралық құқықты ғана емес, сондай - ақ қабылдаушы мемлекет
заңдарын бұзып тұрады.
ҚР – на шетел валютасын, қымбат бағалы заттарды (сурет, икона, бағалы
кітаптар) заңсыз түрде алып кету дипломаттарға қатаң шаралар қолдануды
қарастырады. Халықаралық құқыққа сәйкес дипломаттың қызметіне жіберуші
мемлекет жауапты.
Экстерриториалдық дипломатиялық имунитеттер мен артықшылықтарға
байланысты түсінік. Абсолютизм кезеніңде пайда болған экстерриториалдық
концепциясына сәйкес шетел елшісі өз суверенінің территориясында тұра
берген.
Бұдан шығатын қорытынды, заңи көзқарас бойынша қабылдаушы мемлекеттің
территориясында дипломат болмаса оған ол елдің заңдары мен дәстүрлерінің
ешқандай күші жоқ болды.
Экстерриториалдық термині қазіргі таңда қолданылмайды.
1.4 Дипломатиялық қабылдаулар – дипломатиялық келіссөздер формасы ретінде
Дипломатиялық қабылдаулар – үкіметтік, сыртқы істер ведомстволарының,
дипломатиялық өкілдіктердің және дипломаттардың сыртқы саяси қызметтерінің
жалпы қабылданған және кеңтаралған формаларының бірі.
Қабылдаулар елшіліктің қабылдаушы мемлекетпен байланысты әрі қарай
дамытуына септігін тигізеді. Қабдаулар маңызды оқиғалар (ұлттық мерекелер,
юбилейлер, келісімдердің жылдығы, елге делегациялар немесе аса құрметті
қонақ келгенде) кезінде өткізіледі. Қабылдауларда шетел дипломаттары өз
елдерінің саясатымен таныстырады, қабылдаушы мемлекет туралы ақпараттар
жинап, маңызды халықаралық проблемалар бойынша пікірлермен алмасады. [13]
Біздің халықаралық протоколда, барлық елдерде қабылдаулар күндізгі,
кешкі, жайғастыру (рассадка), жайғастырмау қабылдаулары болып бөлінеді.
Шампан бокалы ереже бойынша сағат 12 де басталып, бір сағат көлемінде
болады. Бұл қабылдауға себеп ұлттық мерекенің жылдығы, елшінің кетуі, елге
делегацияның келуі, көрменің ашылуы болуы мумкін.
Қабылдау кезінде қонақтарға шампаннан басқа тағы да басқа сусындар
(шарап, шырында, минерал су) ұсынылуы мүмкін. Сусындар мен дәмтатымдарды
даяшылар таратады. Бұл қабылдау өте қарапайым болғандықтан, үлкен
дайындықты қажет етпейді.
Таңғы ас – дипломатиялық қабылдаудың ең кең таратылған түрі.
Танғы ас сағат 12-15 аралығында ұйымдастырылады. Таңғы ас менюі ұлттық
дәстүр бойынша жасалынады. Меню екі-үш суық дәмтатымнан, бір балық немесе
ет және десерттен турады.
Таңғы ас алдында қонақтарға шырындар ұсынылады. Таңғы ас барысында
құрғақ жүзім шараптары, ал соңында шампан, кофе, шәй беріледі. Таңғы ас
әдетте біржарым сағат жалғасады, бір сағат үстел басында, ал 30 минут кофе,
шәйға арналады (кофе, шәй қонақ бөлмесінде де беріледі). Қонақтар ереже
бойынша күнделікті киімдерінде келеді, егер киім формасы шақыруда
ескерілмесе.
Кешкі қабылдаулардың бірнеше түрі болды.
Коктейль сағат 15-18 екі сағат көлемінде болады. Қабылдау кезінде,
даяшылар сусындар мен суық дәмтатымдар таратады, ыстық тамақтар да берілуі
мүмкін.
Кейде буфет ұйымдылады, онда даяшылар сусындар ұсынады. а ля фуршет
қабылдауы коктейль сияқты сол уақыттарда өткізіледі. Алайда фуршетті
қабылдауда ыстық тамақтары бар үстелдер жасалынады. Қонақтар үстелдерге
өздері келіп, дәмтатымдар алып болған соң, басқалар алу үшін, ары қарай
жүріп кете береді.
Коктейль және а ля фуршет қабылдаулары түрегеліп ұйымдастырылады.
Соңында қабылдаудың салтанатын ерекше қылу үшін шампан, балмұздақ, кофе
ұсынылады. Егер қабылдау ұлттық мереке болғанда немесе құрметті қонақ үшін
жасалса, қабылдаудың соңында кішігірім концерт ұйымдастырылады немесе
фильм көрсетіледі. Онда шақыру билеттерінде киім формасы ескеріледі. [16]
Түскі ас құрметті қабылдау түріне жатады. Әдетте ол сағат 20 немесе 20.30
басталады Түскі ас менюі ұлтық дәстүрлерге байланысты екі-үш суық
дәмтатымдар, бірінші ыстық балық, бірінші ыстық тамақ және дсерттен тұрады.
Сусындар таңғы астағы сияқты беріледі. Түскі ас әдетте екі-үш сағат
жалғасады. Үстелден кейін, қонақтар әнгімелесуге қонақ бөлмеге барады, онда
кофе, шәй беріледі. Түскі аста қонақтар арнайы киім киеді (ерлер – смокинг
және фрак, әйелдер – көйлек).
Кешкі ас сағат 21:00 де басталады. Обед – буфет кешігірім үстелге 4-6
адам жайғасады. Онда да дәмтатымдар, сусындар беріледі. Қонақтар
дәмтатымдар алып өз қараулары бойынша үстелге жайғасады.
Мұндай қабылдау концерт, фильмнен кейін ұйымдастырылады. Кешкі
қабылдауларға, сондай-ақ шәй 16-18 сағат аралығында ұйымдастырылады,
ереже бойынша әйелдер үшін, Сырт Істер министрінің жұбайы елшілер
жұбайларын шәйға шақырады. Қабылдаудың бұл формасы дипломатиялық
өкілдіктердер басшыларының жұбайлары сыртқы істер министріне қоштасу
сапарын жасағанда қолданылады. Шақырылулар санына сәйкес Шәй үшін бір
немесе бірнеше үстелдер ұйымдастырылады. Онда конфеттер, печеньелер,
жемістер, сусындар беріледі.
Халықаралық практикада жур фикс қабылдауы да кездеседі. Елшінің
немесе сыртқы істер министрінің жұбайы бір мезгілге әрбір апта сайын
қонақтарды күтеді.
Күзгі-қысқы мезгілге бір шақырылу бланкасы таратылады. [16]
Дипломатиялық қабылдаулардың басқа да түрлері бар: музыкалық,
әдебиетті, би кеші, дипломаттардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz