Істерді алқалы түрде қарау принципінің сот қызметін ұйымдастыру принциптерінің арасында алатын орны мен мәні


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I ТАРАУ Қылмыстық сот ісін жүргізу принципінің
ұғымы, жүйесі
1. 1 Қылмыстық сот іс жүргізү принципінің ұғымы,
мәні, мазмұны . . . 6
1. 2 Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі . . . 10
1. 3 Сот билігінін ұйымдастыру және сот қызметін
атқару принциптері . . . 16
II ТАРАУ Істерді алқалы түрде қарау принципінің сот қызметін ұйымдастыру принциптерінің арасында алатын орны мен мәні
2. 1 Істерді алқалы түрде қарау принципінің түсінігі
және оның маңызы . . . 21
2. 2 Істерді алқалы түрде қарау принципінің басқа
принциптермен арақатынасы . . . 35
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
БИБЛИОГРАФИЯ . . . 58
Кіріспе
Біз казір шынайы демократиялық, құқықтық және тәуелсіз мемлекет құруға бағытталған іс-шаралар қоғамымызға дендеп енген кезеңде өмір сүріп отырмыз.
Қазақстан құқықтық саясатты одан әрі бекітуде қылмысқа қапысыз тосқауыл қою мен іс жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген принциптердің маңыздылығы ең негізгі рөл атқарады.
1998 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі демократиялық, құқықтық- мемлекетке тән сипаттарды өмірге енгізді.
Республикамызда қалыптасқан әділетті сот ісін жүргізу сот жүйесінің арқа сүйер негізі осы принциптер болып табылады.
Ғылымда қылмыстық процес принциптері түрліше түсініледі. Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін түсіндірмес бұрын, ең алдымен, принцип ұғымының жай -жапсарын ашу қажет секілді. Сөздіктерге жүгінсек принцип - теорияның негізгі бастау қағидасы; жетекші идея, мінез-құлықтық, іс-әрекеттің негізгі ережесі немесе принцип кез келген құрлыстың негізгі ерекшелігі деген анықтамалар берілген.
Принцип ұғымының мәнін зерделеуді кең әлуметтік тұрғыда қарастыру керек сияқты.
Сонымен қылмыстық процесс принциптері - мемлекеттік және қоғамдық құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заң мен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер болып табылады.
Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері ҚР Конституциясында, Қылмыстық іс жүргізу заңында, халықаралық нормативтік актлерде бекітілеген. Жалпы қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін сот қызметінің сатыларына байланысты жіктеуге болады. Осы топтауға сәйкес, сот қызметінің және оны ұйымдастырудың принциптерін ажыратып бөлек шығаруға болады. Біздің зерттеуіміздің объектісі осы принциптердің бірі. Бұл принцип алқалы түрде істі қарау. Бұл принциптің мазмұны - қылмыстық істерді бас сот отырысы кезінде және қайта қарау сатыларында бірнеше судьяның қатысуымен қарау. Бұл принцип, бүгінгі күні бір қатар өзгерістерге ұшырап отыр. Егер осы күнге дейін, қылмыстық істер, сотта, жеке немесе судьялар алқасынан тұратын сот құрамымен қаралған болса, бүгінгі күні сот заседательдері институты енгізіліп жатыр. Істі сот заседательдерінің қатысуымен қарау, алқалы түрде іс қарау түріне келеді, бірақ, алқалы түрде істі қарау, сот құрамында кәсіби дайындығы бар судьяларды талап етеді. Осының барлығы бұл тақырыптың өзектілігін анықтайды. Осы принциптің қалыптасуы көптеген практикалық мәселелерді шешер еді.
Сот қызметін жүзеге асыру принциптері, соның ішінде, алқалы түрде қылмыстық істі қарау принципі, сот қызметінің кепілдігі болып табылады.
Зерттеудің объектісі - сот қызметін және оны ұйымдастыруды реттейтін принциптерді, соның ішінде алқалы түрде істі қарау принципін, бекіткен қылмыстық іс жүргізу заңнамасы, осы тақырыпқа байланысты теоретикалық зерттеулер, тәжрибе;
Зерттеудің пәні - сот қызметін және оның ұйымдастырылуын, принциптер арқылы реттеу барысында пайда болатын қатынастар;
Тақырыптың актуалдығы немесе өзектілігі осы тақырыптың теориялық, практикалық мәселелерімен байланысты. Бұл принциптің нақты реттелмеуі, көптеген заң тұрғысынан шешілмеген сұрақтармен байланысты. Бұл сұрақтар осы принципті зерттеуді және оны қалыптастыру механизмін ұсынуды талап етеді.
Тақырыптың тәжрибелік маңызы - өзекті мәселелердің заңи, теориялық, тәжрибелік тұрғысынан шешілуі оның тәжрибеде дұрыс қалыптасуына әкеліп соғады.
Диплом жұмысының мақсаттары:
- қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің ұғымын, мазмұнын, жүйесін зерттеу;
- сот қызметін және сот билігін атқару принциптеріне мінездеме беру;
- істерді алқалы түрде қарау принципінің мазмұнын ашу, өзекті мәселелерін анықтау, оларды шешу жолдарын ұсыну;
- істерді алқалы түрде қарау принципінің басқа принциптермен арақатынасын анықтау.
Диплом жұмысын жазу барысында қазақстандық және ресейлік заңгер-ғалымдардың зерттеулерін қолдандық. Атап айтқанда, К. А. Мамидің, К. Х. Халиковтың, М. С. Строговичтің, Б. Х. Толеубекованың, Ш. Шариповтың, Т. Айтмухамбетовтың, В. М. Савицкиййдің т. б.
I ТАРАУ Қылмыстық сот ісін жүргізу принципінің
ұғымы, жүйесі
- Қылмыстық сот ісін жүргізу принципінің ұғымы, мәні, мазмұны.
«Принцип» (латынның principum-негіз, бастам) - әлдебір теорияның, ілімнің негізгі, бастапқы жағдайы, басшылық идея, негізгі қызмет ережесі деген мағыналарды береді.
«Принцип» ұғымы түсініктемесінің үш - жай-жапсары бар:
- философиялық;
- затты қолданбалы;
- теориялық-құқықтық;
Принцип ұғымының философиялық жай-жапсары мынада: жалпы таным негізіне немесе әлдебір білім саласы негізіне алынған, заңдылықты айқындайтын және білдіретін әдеттегі нәрселер теория жүзінде талдап қорытылады.
Принцип ұғымының затты-қолданбалы жай-жапсары - осы қызмет өзіне сай келуге тиісті негізгі, жалпы талапты білдіреді.
Принциптің теориялық-құқықтық маңызы-тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқатты және онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі.
Сонымен, «принцип» ұғымы түсініктемесінің барлық жай-жапсарының ұқсастықтары көп, олардың ең елеулілері мыналар:
- «принцип» ұғымы тек негіз қалаушыларға жатқызылуы мүмкін категорияларға ғана қолданылады;
- «принцип» ұғымы жалпы негізгі ережелердің объективті ақиқатынан дерексіздендірілуі мүмкін;
- «принцип» ұғымы құбылыстардың мәнін білдіретін үйреншікті теориялық талдаумен байланысты;
Осы айтылғандарға байланысты Ф. Энгельстің мына бір пікірі ден қоярлық: «Принциптер табиғатқа және адамзат тарихына қолданылмайды, солардан дерексіздендіріледі: табиғат пен адамзат принци птерге лайықталмайды, керісінше, принциптер табиғат пен тарихқа қаншалықты сәйкес келсе, соншалықты ғана дұрыс болады».
Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды.
Қандайда болсын ережелерді қылмыстық сот ісін жүргізу құқығы принциптерінің категориясына жатқызу үшін, олар мына талаптарға сай келуге тиіс:
- олар сот органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінде негізгі, бастапқы сәттерді айқындап, олардан өз кезегінде, жеке-дара сипатты ережелер туындайды;
- принциптердің өздерінде адамдардың ерік берілген немесе міндетті іс-қылықтарының барлық жақтары және құқықтық норманың барлық элементтері (болжам, диспозиция, санкция) тұжырымдалуға тиіс емес;
- негіз қалаушы айқындамаларға еркін мақмұн беруге болмайды, өйткені олар қылмыстық сот ісін жүргізу заңдылықтарымен және ішкі логикасымен объективті түрде байланысты;
- принциптер категориясына жатқызылған ережелер объективті және субъективті негіздерді бірдей дәрежеде ұштастыруға тиіс (мазмұн объективті, заң сөзінің нысаны субъективті) ;
- принцип ережелерінің мәніне орнықтылық, тұрақтылық тән болуға тиіс (құқық нормалары өзгертіледі, заңдар ауыстырылады, ал принциптер сақталады) ;
- өктем, әмірлі сипатта болуы тиіс;
- қылмыстық іс-жүргізу құқығы жүйесінде басым жағдайда болуға тиіс.
Сонымен, қылмыстық сот ісін жүргізу пинциптері - қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, сот органдар ұйымдастырылуының мәнін және олардың қылмыстық істерді қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер:
Ғылымда қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері түрліше түсіндіріледі. Ең айқын үш - бағыт бар.
- бірінші бағыт өкілдері (Савицкий М. Я., Томин В. Т. ) принциптер, жалпы басшылық идеялар бола отырып, идеялар күйінде қалуға тиіс деп санайды; олар құқық тұрғысынан нақтылауды қажет етпейді, өйткені құқық жүйелерінің түгелдей бәрінде кездеседі. Принциптер - дүниетаным элементтері . . . Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы басшылық идеясы, бірде-бір нормативтік актіде әлі тікелей тұжырымдалмаса да, кеңестік қылмыстық сот ісін жүргізу принципі болып қалады . . . Принциптерді жасайтын ғылым . . . 1
- екінші бағыт үшін (М. Л. Якуб, Н. Н. Полянский) принциптер ретінде тек заң мен баянды етілген . . . сот органдарының қызметін айқындайтын жалпы және бастапқы ережелердің танылуы тән. 2
- Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің қазіргі ұғымына бәрінен де жақын тұрған үшінші бағыт. (П. С. Элькинд, М. С. Строговин, М. А. Чельцов, И. В. Тыричев) Ол бағытты қолдаушылардың пікірі бойынша, принциптерге тек құқықта орнықтырылған басшылық идеяларын ғана жатқызылады.
Біздің ойымызша, үшінші бағыт қылмыстық іс жүргізу құқығы дамуының қазіргі деңгейіне барынша толық сай келеді. Бұл бағыттың артықшылығын мына дәлелдерден көруге болады:
- қылмыстық сот ісін жүргізу қызметін тек заңдарда көрсетілген негіздер мен нысандарда ғана жүзеге асыруға болады, демек, бұл қызмет өздеріне негізделген негізгі ережелер заңда тиянақталуға тиіс;
- ешқандай идеялар қылмыстық сот ісін жүргізу қызметі мен құқық қатынастарын таза күйінде реттей алмайды;
- егер принциптер тек мемлекеттік (анықтау, тергеу, прокуратура және сот) органдар қызметінің негізін айқындайтын болса, онда сот төрелігінің мақсаттары мен міндеттері елеулі түрде бұрмаланады, өйткені өзге қатысушылар (айпталушы, жәбірленуші және т, б) мүдделерінің процесс онша елеулі маңызы болмайды.
ҚІЖК 9-бабына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәніне қарай, іс бойынша болған іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады.
Сөйтіп, принциптер мәнінің ауқымды түсініктемесі мынадай:
- қылмыстық сот ісін жүргізу қызметінде принциптер орталық, басты орын алады;
- олар өзара тығыз және үйлесімді байланысты, бастапқы, негізгі нормалар болып табылады.
- принциптер құқықтық нұсқамалар ретінде қалыптасады және нормативті сипатта болады;
- олар қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсатын, оның табиғаты мен жүйесін түсінудің кілті болып табылады;
- принциптер қылмыстық сот ісін жүргізудің негізгі бағыттарын, даму перспективаларын айқындайды;
- олар қолданылып жүрген заңдарды өзгерту мен толықтыруға байланысты ұсыныстардың негізделген анықтай кезіндегі басты өлшемдер болып табылады;
- принциптер құқық қалыптастыру қызметінде әлеуметтік бағдарлар функциясын атқарады;
- принциптер қылмыстық сот ісін жүргізу нормаларының дұрыс түсіндірілуіне жәрдемдеседі.
Қолданылып жүрген ҚІЖК - де «принцип» ұғымы мүлдем берілмеген, алайда екінші тарау принциптерге арналған. Бұрын қолданылып келген ҚІЖК-де тіпті «принцип» терминінің болмауы қылмыстық іс жүргізу құқығы принциптерінің, соның ішінде сот ісін жүргізу принциптерінің мәнін түрліше талқылау үшін негіз болды деп ойлаймыз.
Заңның ортақ арқауынан осы принциптерді зерттеушілер логикалық жолмен айқындады. Логикалық қателіктер түрлі ұғымдардың (принциптердің, сот процесінің жалпы жағдайларының және т. б) араласуына әкепліп соқты. Бұл кемшілік біздіңше, ҚІЖК-ге қылмыстық сот ісін жүргізу принциптеріне арналған жеке тарау енгізу жолымен түзелді. ҚІЖК-де принциптерді орнықтырудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы болды, онда қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері нақты реттелген.
1. 2 Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі.
Жүйе, мәлім болып отырғандай, бір-бірімен қатынаста және байланыста болатын элемиенттердің белгілі бір тұтастық бірлік құрайтын жиынтығы. «Жүйе» категориясынсыз қылмыстық іс жүргізу құқығын көз алдыңа аяқталған тұтас сала ретінде елестету мүмкін емес.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы теориясында принциптерді тұжырымдауға, түсіндіруге байланысты мәселелерді зерттеп дайындауға екі тенденция тән болды. Бір жағынан - принциптер ретінде тануға ұсынылған ережелер тым ұлғайтылды. Екінші жағынан - осы ережелер шеңбері орынсыз таратылды. Екі тенденция да тұйыққа апарып тірейді. Осы қайшылықты жүйе құрайтын факторлар табылған жағдайда ғана жоюға болады. Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері - ең алдымен өзара байланысты элементтер жүйесі. Аталған элементтердің мәні мен орны жүйе құрайтын факторлар негізінде елеулі ықтималдықпен анықталады.
Принциптерге қатысты жүйе құрайтын факторлар ретінде мыналар алынған:
- принциптерді мақсаттар мен міндеттер ортақтығының байланыстыруы;
- ішкі қайшылықтардың жоқтығы;
- объективті және субъективті бастамалар бірлігі;
- өзара байланыстылық және дербес те, бірге де бір мезгілде ықпал жасау ерекшелігі;
- принциптерді қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттары мен міндеттерін жетуге бағдарлау.
Даулы факторлар қатарына принциптерді деңгейлерге саралау туралы мәселенің шешімі жатады. Атап айтқанда, А. С. Кобликов, А. М. Ларин, Ю. И. Стецовский Конституцияда баянды етілген барлық принциптер конституциялық деңгейге, ал басқа құқық көздерінде баянды етілген өзге принциптер конституциялық емес деңгейге жатады және жеке қолданбалы сипатта болады деп санайды.
Т. Н. Добровольская, П. С. Элькинд сияқты зерттеушілер принциптерді конституциялық және конституциялық емес деңгейлерге бөлу «принцип» ұғымының мазмұнына жалпы қайшы келетіні туралы көзқарасты негіздеген. 3 Мыналар:
а) қылмыстық іс жүргізудің барлық принциптерінің бірдей дәрежеде маңызды деп танылуы;
ә) субъективті негіздердің принциптерге түрліше ықпал етуіне байланысты олардың түрлі дәрежеде маңызды деп танылуы осы мәселенің шешіміне байланысты.
«Принциптер» категориясының мәніне жасалған талдау қылмыстық іс жүргізудің барлық принциптерінің бірдей дәрежеде маңызды деп танылуы қылмыстық іс жүргізу құқығы теориясының қазіргі жетістіктерінде неғұрлым толық сай келеді деуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін конституциялық емес деңгейлерге бөлудің өзі қате, сондай-ақ әдістемелік сипаттағы бірқатар жасалған қорытындылар жасауға әкеліп соғады.
Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін тең шамалы және тең маңызды деп тану керек екенінің мынадай дәлелдері бар:
- Барлық заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, конституциялық және конституциялық емес деңгейге бөлу олардың (принциптердің) нақты құқық көзінде орналастырылуы тұрғысынан ғана дұрыс: егер принцип Қазақстан Республикасының Конституциясында немесе конституциялық заңды орнықтырылған болса, ол конституциялық принциптерге жатады; барлық өзге құқық көздерінде орнықтыру оны өзінен өзі конституциялық емес принциптерге жатқызады. Бірақ мұндай көзқарас механистілік және құқық қисынына қайшы келеді. Мән-маңыз тұрғысынан алғанда принциптердің конституциялық емес принциптерге бөлінуі олардың заңды (конституциялық) және заңсыз (конституциялық емес) болып саралануын білдіреді.
Осыған байланысты Т. Н. Добровольскаяның пікірі өте орынды сияқты: «Егер қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері бір-бірімен байланысты болып, өзара әсер ететін болса, қылмыстық процестің демократиялық мәнін анықтау мен қылмыстық істер бойынша сот ісін нақты жүзеге асыруда заңдылықты нығайту үшін олардың бәрі бірдей маңызды, сондықтан қай заң актісінде (КСРО Конституциясында ма, әлде салалық заңда ма) орнықтырылғанына қарамастан оларды категорияларға бөлуге болмайды. Қылмыстық процесс принциптерін . . . конституциялық және конституциялық емес деп бөлу теория тұрғысынан да, практика тұрғысынан да дұрыс емес». 4
- Принциптерді конституциялық және конституциялық емес деп бөлудің механистік жолы принциптердің маңыздылау маңызы аздау, басты және екінші дәрежелі деп бөлінуіне өзінен өзі әкеліп соғады. Принциптердің маңыздылық дәрежесі бойынша саралануы олардың қамтамасыз ету құралдарының да тиімділеу және тиімділігі кемдеу деп бөлінуіне әкеліп соғуы мүмкін, оның қылмыстық сот ісін жүргізуде заңдылық талаптарын сақтауға байланысты елеулі зардаптары болуы ықтимал. Сонымен қатар «принцип» ұғымының негіз қалаушы, түйінді деген мәнінің өзін саралау кезінде құқықтық реттеу механизіміндегі міндетті элемент ролін емес, жай ғана тілек ролін атқарады.
Т. Н. Добровольская бұл жөнінде былай деп жазды: «Бұл принциптер жүйесін өзара байланысты және маңызы бірдей, бір қатарда тұрған ережелердің біртұтас тізбегі деп тану» жүйе құрайтын факторлардың барлық талаптарына сай келеді және принциптерді институттық категория ретінде көрсетеді. 5
Принциптерді конституциялық және конституциялық емес деп бөлу анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарында «конституциялық» принциптердің бұзылуына жол бермеу және «конституциялық емес» принциптерді елемеуге болатыны туралы қате пікір қалыптастырып, олардың құқық қолдану қызметіде тәртіп бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
- Құқық көздерінің Қазақстан Республикасының Конституциясы және салалық заңдар деңгейіндегі ара қатынасы мынадай: Конституцияның негізгі ережелері, соның ішінде қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері деп тура аталғандары салалық құқықта егжей-тегжелі реттелген, сол арқылы құқық қатынастарына қатысушылар құқықтары сақталуының кепілдіктерін күшейте түседі. Бұл ара қатынасты қылмыстық іс жүргізу принциптерінің жүйесіне де қолдануға болады.
- ҚІЖК 9-бабында принциптердің кез-келгенін бұзу іс бойынша болған іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға не жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ тануға әкеліп соқтыратыны туралы ереженің орнықтырылуы Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін маңызы бірдей деп тану керек екенінің тағы да бір айқын дәлелі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық процесс принциптерінің жүйесі қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінің шеңберіндегі тең шамалы және тең маңызды, негізгі, түйінді ережелердің жіктелуі деп емес, ал олардың өзара байланыста, өзара қатынаста болуы деп түсіндірілуге тиіс.
Іс жүргізу нысаны жөнінде принциптер үш топқа бөлінуі мүмкін:
- сот ісін жүргізу тәртібіне, оның нысандарына қатысты талаптарды білдіруші принциптер;
- сот ісін жүргізу тәртібіне, оның нысандарына қатысты талаптар мен тікелей тергеу және сот қызметіне қатысты талаптарды ұштастыратын принциптер;
- тікелей тергеу және сот қызметіне, оның мазмұнына қатысты талаптарды білдіруші принциптер.
Қандай да болсын топқа қатысты екеніне қарамастан оның қылмыстық іс жүргізу құқығының кез келген көзінде орнықтырылуы мүмкін, оның өзі олардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен конституциялық заңдарына сәйкес келуі жөніндегі талапқа қайшы келмейді.
Сонымен бірге принциптерді топтарға бөлінуі шартты сипатта болып отыр. Гәп бірқатар принциптердің шектес екі топқа бірдей қатысты екенінде. Әдебиетте өзге бөліністер бар (мысалы, принциптерді сот құрылысына және сот ісін жүргізуге бөлу) .
Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің маңыздылығы олардың Қазақстан Республикасының Конституциясында орнықтырылуымен айқындалады. Мәселен Конституцияның 77-бабының 3-тармағына сәйкес қылмыстық процесте мына принциптер орын алады:
- кінәсіздік презумпциясы;
- нақты бір қылмыс үшін қайтадан жаза қолдануға тыйым салынады;
- әркімнің соттағы сөз бостандығы;
- дәлелдеу ауыртпалығын айыпталушыға жүктеуге тыйым салынады;
- куә иммунитеті;
- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдікті айыпталушының пайдасына құрастыру;
- дәлелдер алудың заңдылығы;
- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға тыйым салу.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 4-тармағында атап көрсетілгендей, Конституцияда белгіленген сот төрелігі принциптері Республиканың барлық соттары мен судьялары үшін ортақ және біртұтас болып табылады.
Процесс негіздері қылмыстық сот ісін жүргізудің жоғарыда аталған принциптерімен шектелмейтінін мойындау қажет. Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдардың, салалық құқықтық актілердің кейбір ережелерінің мәнінен қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі әлдеқайда қомақты да ауқымды екенін көруге болады. Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген принциптер жүйесі қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін ескере дәйектелгендіктен
ҚІЖК-де мынадай жүйе құрушы элементтермен берілген:
- заңдылық;
- сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы;
- адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы
қорғау;
- жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін қорғау;
- адамның жеке басына тиіспеушілік;
- қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
- адамның жеке өміріне қол сұқпаушылық; хат жазысудың, телефон
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz