Жалпы психология пәні



1. Психология ғыпымы туралы түсінік.

2. Психологияның тарихы.

3. Ми және психика.
1. Психология гректің екі сөзіне шыққан. psixio-жан, logos-ілім. Психология психикалық құбылыстар мен олардың заңдылықтары туралы ғылым. Психикалық құбылыстар:
1) Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
2) Психикалық күйлер: адамның еркі, жігері, қайраты, сезімі және адамның қимыл-қозғалыстары.
3) Психикалық сипаттар: адамның мінезі, қабілеті, қызығуы, темпераменті және бағыт ерекшеліктері.

2. Психологияның тарихы.
Бірінші психикалық түсініктер Грецияда, Египетте, Римде, Қытайда пайда бола бастады. Ерте заманда психика жөніндегі түсініктер аналистік сипатта болды. Анализм - әр заттың жаны бар деген мағынаны білдіреді. Гелозоизм – психика барлық материалдарға тән. Гераклит : дүниедегі заттар мен құбылыстар әр уақытта өсуде, өнуде болды. Соған байланысты адам жаны да сыртқы әсеріне байланысты өзгеріп тұрады. Демокрит: психикалық процестер көзге көрінбейді, олар ұсақ атомдар әсерінен пайда болады. Адамның қабылдауы бізді қоршап тұрған сыртқы дүниедегі атомдардың біздің сезім мүшелерімізге әсер етуден пайда болады. Дуализм – жан мен тән бөлек құбылыс.
Аристотель – жан мен тәнді екіге бөлуге болмайды. Ол біртұтас процесс. Тән организм болса, жан – сол организмнің мазмұны.Ол жанды 3-ке бөледі: жәндіктер, жануарлар, адамдар жаны.
XVIғ.басында француз философы Декард рефлекс деген ұғымды енгізді. 1874ж. Германияда бірінші психологиялық лаборотория ашылды.Оны ашқан неміс психологы Велгени Вунд.
3.Ми және психика.
Психика мидың қасиеті болып табылады.Ми мен психика әр уақытта байланысты. Адамның бас миында 15 милиардтан астам нерв талшықтары орналасқан. Адамның бас миы 4 бөліктен тұрады: 1) маңдай . 2) самай. 3) желке. 4) төбе.
1)Маңдай – адамның оқу, жазу процестерін реттейді.
2)Самай – естуді қамтамасыз етеді.
3)Желке – адамның көру мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.
4)Төбе – қимыл-қозғалыстарды реттейді.
Адамның нерв системасы 2 бөліктен тұрады: 1)Орталық – бас ми және арқа ми. 2)Перифериялық – бүйрек, жүрек, бауыр, өкпе және бұлшық еттер. Орталық және перифилиялық нерв системасы сырттан және іштен түсетін информацияларды өңдеп отырады. Организмнің барлық органдарын орталық нерв системасы арқылы байланысады.Сырттан бас миға келетін импульстер эфференгтер деп аталады.
4.Психика және сана.
Психиканың 2 деңгейі бар. 1)Жоғарғы деңгейі – сана, 2)Төменгі деңгейі – санасыздық.
Сана – психиканың ең жоғарғы формасы. Бұл адамның еңбек әрекетінде басқа адамдармен бірқалыпты қатынасуында қалыптасқан қоғамдық тарихи жағдайлардың нәтижесі. Сана заттар мен құбылыстардың адам миында сезім мүшелері арқылы байқалады.
Сананың құрылысы:
1)Сананың өзі.
2)Объект пен субъектіні айыру. Жеке адам өзінің санасына сүйене отырып, өзін және өзінің әрекеттерін басқа адамдармен ажырата алады. Яғни адамдардың « мен және мен емес» деген ұғымды ажыратуды.
3)Адамның өзінің іс-әрекетінде мақсаттың қойылуы.
4)Керекті қатынастарды орнату.
Психологияның төменгі деңгейі – санасыздық деп аталады. Санасыздық ақиқатты бейнелегенде жасаған әрекеті үшін есептің берілмеуі.
Сана мен санасыздықты бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. Санасыздық – сана сияқты адамның психикалық көрінісі. Ол қоғамдық жағдайлармен негізделген. Адамның түс көруі, психикалық ауруға шалдыққан адамның әрекеті, жаңылыс айтылған сөздер, мұңдану.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жалпы психология пәні

1. Психология ғыпымы туралы түсінік.
2. Психологияның тарихы.
3. Ми және психика.
4. Психика және сана. Сананың құрылысы.

1. Психология гректің екі сөзіне шыққан. psixio-жан, logos-ілім.
Психология психикалық құбылыстар мен олардың заңдылықтары туралы ғылым.
Психикалық құбылыстар:
1) Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
2) Психикалық күйлер: адамның еркі, жігері, қайраты, сезімі және адамның
қимыл-қозғалыстары.
3) Психикалық сипаттар: адамның мінезі, қабілеті, қызығуы, темпераменті
және бағыт ерекшеліктері.

2. Психологияның тарихы.
Бірінші психикалық түсініктер Грецияда, Египетте, Римде, Қытайда пайда
бола бастады. Ерте заманда психика жөніндегі түсініктер аналистік сипатта
болды. Анализм - әр заттың жаны бар деген мағынаны білдіреді. Гелозоизм –
психика барлық материалдарға тән. Гераклит : дүниедегі заттар мен
құбылыстар әр уақытта өсуде, өнуде болды. Соған байланысты адам жаны да
сыртқы әсеріне байланысты өзгеріп тұрады. Демокрит: психикалық процестер
көзге көрінбейді, олар ұсақ атомдар әсерінен пайда болады. Адамның
қабылдауы бізді қоршап тұрған сыртқы дүниедегі атомдардың біздің сезім
мүшелерімізге әсер етуден пайда болады. Дуализм – жан мен тән бөлек
құбылыс.
Аристотель – жан мен тәнді екіге бөлуге болмайды. Ол біртұтас процесс.
Тән организм болса, жан – сол организмнің мазмұны.Ол жанды 3-ке бөледі:
жәндіктер, жануарлар, адамдар жаны.
XVIғ.басында француз философы Декард рефлекс деген ұғымды енгізді.
1874ж. Германияда бірінші психологиялық лаборотория ашылды.Оны ашқан неміс
психологы Велгени Вунд.
3.Ми және психика.
Психика мидың қасиеті болып табылады.Ми мен психика әр уақытта
байланысты. Адамның бас миында 15 милиардтан астам нерв талшықтары
орналасқан. Адамның бас миы 4 бөліктен тұрады: 1) маңдай . 2) самай. 3)
желке. 4) төбе.
1)Маңдай – адамның оқу, жазу процестерін реттейді.
2)Самай – естуді қамтамасыз етеді.
3)Желке – адамның көру мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.
4)Төбе – қимыл-қозғалыстарды реттейді.
Адамның нерв системасы 2 бөліктен тұрады: 1)Орталық – бас ми және арқа ми.
2)Перифериялық – бүйрек, жүрек, бауыр, өкпе және бұлшық еттер. Орталық және
перифилиялық нерв системасы сырттан және іштен түсетін информацияларды
өңдеп отырады. Организмнің барлық органдарын орталық нерв системасы арқылы
байланысады.Сырттан бас миға келетін импульстер эфференгтер деп аталады.
4.Психика және сана.
Психиканың 2 деңгейі бар. 1)Жоғарғы деңгейі – сана, 2)Төменгі деңгейі –
санасыздық.
Сана – психиканың ең жоғарғы формасы. Бұл адамның еңбек әрекетінде басқа
адамдармен бірқалыпты қатынасуында қалыптасқан қоғамдық тарихи жағдайлардың
нәтижесі. Сана заттар мен құбылыстардың адам миында сезім мүшелері арқылы
байқалады.
Сананың құрылысы:
1)Сананың өзі.
2)Объект пен субъектіні айыру. Жеке адам өзінің санасына сүйене отырып,
өзін және өзінің әрекеттерін басқа адамдармен ажырата алады. Яғни
адамдардың мен және мен емес деген ұғымды ажыратуды.
3)Адамның өзінің іс-әрекетінде мақсаттың қойылуы.
4)Керекті қатынастарды орнату.
Психологияның төменгі деңгейі – санасыздық деп аталады. Санасыздық
ақиқатты бейнелегенде жасаған әрекеті үшін есептің берілмеуі.
Сана мен санасыздықты бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды.
Санасыздық – сана сияқты адамның психикалық көрінісі. Ол қоғамдық
жағдайлармен негізделген. Адамның түс көруі, психикалық ауруға шалдыққан
адамның әрекеті, жаңылыс айтылған сөздер, мұңдану.

Адамзат қоғамында және жануарлар дүниесінде
психиканың дамуы.

1.Психиканың пайда болуы.
2.Психиканың филогонездегі дамуы.
3.Сананың пайда болуындағы еңбектің ролі.
4.Сана және тіл.
5. Адам психикасы мен жануарлар психикасының айырмашылығы.

Академик Орпореннің теориясы бойынша тірі материяның пайда болуы үшін
органикалық заттар бір-бірімен қосылуы керек болады. Органикалық
қоспалардың дамуы нәтижесінде молекулалар пайда болады. Молекуланың зат
алмасу процессінде сыртқы әсерлерге жауабын тітіркенушілік деп аталады.
Тірі организмдерге тән ерекшелік бұл тропизм. Өсімдіктер мен жәндіктердің
түрлі сыртқы ортаға бейімделу формасын тропизм деп аталады. Тропизмнің
түрлері: 1)Фототропизм – жарықтың әсерінен органиканың өзгеруі.
2)Термотропизм – температураның әсерінен органиканың өзгеруі. 3)Хемотропизм
– органиканың белгілі бір физикалық және химиялық ортаның берілуі.
4)Топотропизм – механиканың тітіркендіргіштерінің әсерінен органиканың
қозғалуы.
Жәндіктерде біртіндеп сезімталдық қасиет пайда болады. Сезгіштік –
органиканың сыртқы ортаны түйсіне алу сезімі. Жәндіктерде нерв системасы
пайда бола бастады. Яғни Ганглийтүйіндері деп аталады, нерв клеткалары
пайда болады. Бұл құрттар мен құиырсқаларға тән. Біртіндеп жәндіктерде іс-
әрекеттері де күрделене бастайды. Құрт-құмыпсқалардың мінез-құлықтары іштен
туа бітке, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін инстенгтивтік мінез-құлық. Инстинг
дегеніміз – органиканың белгілі тіршілік жағдайына, өскен ортасына әбден
көніккенін көрсететін мінез-құлықтардың түрі. Оның 3 түрі бар : 1)қорғаныс.
2)тамақтану. 3)жыныстық.
Біртіндеп жәндіктердің ми құрылысы күрделене бастайды. Жануарларда түрлі
иіс сезу, дәм сезу қабықтары пайда бола бастайды. Ми қабығының құрылымы
неғұрлым күрделі болса, жануарларда дағдының қалыптасуы да тез және оңай
болады.
Дағды – бір әрекеттің қайталана берілуінің нәтижесінде бірте-бірте
жасалынатын іс-әрекет. Инстингтің физикалық негізі шартсыз рефлекс,
дағдының физиологиялық негізі шартты. Жоғарғы сатыдағы жануарлардың
берілуіне интелектуалдық мінез-құлық тән. Жоғарғы сатыдағы жануарларға тән
ол – еліктеушілік. Сана – тек жеке адамға тән дара қасиет. Адамға жеке
санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық санада
болады.
Сананың қалыптасуындағы тілдердің функциясы:
1)Тіл сыртқы дүниедегі жағдайлар мен заттарды жеке сөздер арқылы белгілей
отырып, керекті заттарды басқалардан бөліп алып, оларға зейін қойып және
оларды есте сақтауға мүмкіншілік береді. 2)Тіл заттарды талдап қорытады.
3)Тіл тек қатынас құралы емес, сонымен бірге ойдың басты құралы.
Жануарлар психологиясы мен адам психологиясының арасындағы айырмашылық:
1)Жануарлардың мінез-құлқы барлық уақытта биологиялық матифтермен
байланысты жануарлардың мінез-құлқы негізінде биологиялық қажеттілік жатыр.
2)Жануарлардың мінез-құлқы барлық уақытта тікелей қабылданған стимулдармен
ғана анықталады.
3)Жануарларда біоеудің тәжірибесін ұғынып, оны басқаларға жеткізу болмайды.
Адамның саналы әрекеттерінің жануарлардан айырмашылығы:
1)Адамның іс-әрекеті күрделі қажеттіліктермен сипатталады. Оларды жоғарғы
қажеттіліктер деп атйды.
2)Адамның саналы әрекеті сыртқы ортадан алған әсерлерін ғана анықталмайды.
Адам баласы сыртқы ортадағы жағдайларды өте терең бейнелей алады. Олардың
себепті байланыстарын да анықтай алады.
3)Еңбек құралдарын жасап, оны пайдалану. Адам баласы еңбек құралдарын
боспар бойынша жасап, оны керекті уақытта ғана пайдаланып, сақтап қояды.
4)Қоғамдық тәжірибенің берілуі. Адамдарда, жануарларда да өзіне тән
тәжірибесі бар. Бірақ адам баласы ғана қоғамдық тәжірибені иемдене алады.
Қоғамдық тәжірибе адамның психикасын жетілдіреді.
5)Сезім ерекшеліктері. Адам да жануар да айналада болып жатқан құбылыстарға
өзінің сезімін білдіреді. Бірақ, тек адам ғана қуанышты және қайғылы
жағдайларға түрліше жауап қайтарады.
6)Өсу, даму шарты. Адам ел арасында өсіп-дамыса ғана адам бола алады.

Зейін
1. Зейін туралы түсінік.
2. Зейіннің физиологиялық негізі.
3. Зейіннің түрлері.
4. Зейіннің қасиеттері.

Зейін дегеніміз – адам санасының белгілі бір объектіге бағытталған және
шоғырлануын айтамыз. Сананың бағытталуы деп – белгілі объектіні таңдап
алуды айтамыз. Сананың шоғырлануы деп – объектіге қатысы жоқтың бәріне
көңіл аудармауды айтамыз. Зейінді анықтайтын факторлар 2 топқа бөлінеді:
1)Адамға әсер ететін сыртқы тітіркендіргіштердің құрылымын анықтайды.
2)Жеке субъектінің іс-әрекетіне байланысты 1-ші топқа жататындар:
а)тітіркендіргіштердің күші. б)тітіркендіргіштердің жаңалығы. 2-ші топқа
жататындар: Жеке адамның қажеттіліктері, қызығуы, бағыт-бағдары.

Зейіннің физиологиялық негізі.
3-нің физиологиялық негізін академик Павлов нерв процессінің өзара индукция
заңына байланысты түсіндіреді. Егер ми қабығының бір алабында қозу процесі
пайда болса, соған байланысты қалған алабтарда тежелу пайда болады. Зейін
пайда болу үшін Борлау деп аталатын рефлекстің мәні зор. Ол қошаған ортаның
қандай да болмасын өзгеруіне органиканың туа біткен реакциясы.
Зейіннің физиологиялық негізін Уктаиский түсіндірді. Уктаиский зейіннің
физиологиялық негізін Даменанта теориясы тұжырымдамасымен түсіндіреді.
Даменанто дегеніміздің мағынасы – үстем етуші. Бұл теория бойынша сыртқы
дүниедегі көптеген тітіркендіргіштердің ішінен біреуі миға әсер етеді. Яғни
мидың бір алабы күштірек қоздырады. Осындай қоздырған алабты даминанто деп
атайды. Мұндай күшті қозғыш алаб қалған алабтардағы қозуды өзіне қосып
алады. Осыдан мидың қозған алабы одан бетер күшейеді.
Адамның жануарлардан ерекшелігі адам өзінің зейінін басқара алады.
Сондықтан зейінді тәрбиелеуде алдына мақсат қоя білудің маңызы зор. Оны
адамның өзі тұжырымдайды немесе басқа біреулер ұсынады. Зейін адамның
сыртқы пішінінен, жүріс-тұрысынан, мимикасынан білініп тұрады.
Зейіннің түрлері: 1)ырықты. 2)ырықсыз. 3)үйреншікті.
Ырықты зейін деп – адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде күш жігер жұмсап,
керекті объектіге назар аударуын айтамыз. Ырықты зейін тек адамға ғана тән.
Зейінді ырықты түрде ұстауға, жұмыс орнының жағдайы, жеке адамның
психологиялық күйі әсер етеді.
Ырықсыз зейін деп – адам мақсат қоймай-ақ әсер еткен құбылыстарға назар
аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің пайда болуына объективті және
субъективті факторлар әсер етеді. Объективті факторға жататындар: 1)Күшті
әсер еткен тітіркендіргіш. 2)Жай нәрсенің әсер етуі. 3)Әсер етуші
тітіркендіргіштердің қайшы келуі. 4)Өзіміз көріп жүрген заттардың дағдыдан
тыс өзгеруі. Субъективті факторлар: 1)Адамның ішкі зезіміне, түсіндіруге
байланысты. 2)Сыртқы тітіркендіргіштердің организмнің ішкі талаптарына сай
келуі. 3)Адам бір нәрсені күтіп тұрса, онда назар аударады.
Үйреншікті зейін.
Үйреншікті зейін деп – басында ырықты болып, кейін әркімге табиғи сіңісіп
кеткен іс-әрекетке зейіннің аударылуы.

Зейіннің қасиеттері.
1)Зейіннің тұрақтылығы, оның бір объектіге ұзақ уақыт сақталуын көрсетеді.
2)Зейіннің алаң болушылығы. Ол зейіннің ауытқуынан көрініс береді.
3)Зейіннің аударылуы деп – бір объектіден екінші объектіге назар көшіруді
айтамыз. Зейін аударылуы ауытқудан айырмашылығы оның саналы түрде болуында.
4)Зейіннің бөлінуі адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге
бір мезгілде зейін аудара алатындығы.
5)Зейіннің көлемі деп – оның бір уақыт ішінде қамтитын объектілер санын
айтамыз. Зейіннің көлемі танистоскоп деп аталады. Прибор арқылы анықтауға
болады. Танис – тез, скопио – көру деген мағынаны білдіреді.

Түйсік
1. Түйсік туралы түсінік.
2. Түйсіктің физиологиялық негізі.
3. Түйсіктің топтары.
4. Түйсіктің түрлері және ерекшеліктері.

Түйсік дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім
мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың
кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі.
Физиологиялық негіз.
Түйсіктің физиологиялық негізін Павлов анықтады. Түйсік сыртқы
тітіркендіргіштердің анализаторға әсер етуі арқылы пайда болады. Анализатор
деп – сыртқы қабылдау аппоратынан басталып, миға барып аяқталатын күрделі
нерв механизмін айтамыз. Анализатордың қайсысы болса да 3 бөліктен тұрады:
1)Сезім мүшелері немесе рецепторлар.
2)Орталыққа баратын нервтер.
3)Мидағы нервтер.
Түйсік пайда болу үшін бір анализатор ғана қызмет етеді. Адамның сезім
мүшелері сана жағынан жануарлардан жоғары тұрады. Өйткені адамның сезім
мүшелері қоғамдық қатынастың әсерінен еңбек ету нәтижесінде қалыптасып
дамиды.
Түйсіктің топтары.
Түйсік 3 топқа бөлінеді: 1)Экстероцептивтік. 2)Интотоцептивтік.
3)Пропраоцептивтік.
1. Экстероцептивтік түйсіктер – бұл түйсіктер организмнің сыртында
орналасады. Жататындар: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу.
2. Интотоцептивтік түйсікткр – бұл организмнің ішінде орналасады.
Жататындар: дәм түйсінуі, ауруды түйсіну, барлық органикалық
түйсінулер (шөлдеу, қарны ашуы)
3. Пропраоцептивтік түйсінулер – бұл бұлшықетте, сіңіруде және нерв
системасының ішкі жағында орналасады. Жататындар: дірілдеу, тамыр
тартылып қалу.
Экстероцептік түйсіктер 2-ге бөлінеді: Дистонгтік және контонгтік.
Түйсіктің түрлері. 1. Көру. 2.Есту. 3.Иіс. 4.Дәм. 5.Тері. 6.Қозғалыс.
7.Органикалық. 8.Ауруды түйсіктену.
Адамдардың түйсіне алу қабілетін – сезгіштік деп атайды. Түйсік қарқыны
мен тітіркендіргіш күші арасындағы тәуелділік сипаты түйсік табалдырығы деп
аталады. Түйсік табалдырығының 2 түрі бар: 1.төменгі абсолюттік . 2.жоғарғы
абсолюттік . Төменгі абсолюттік табалдырық деп – сәл білінерлік түйсік
туғызытын тітіркендіргіштердің ең аз күшін айтамыз.
Жоғарғы абсолюттік табалдырық деп – тітіркендіргіштердің туғызатын ең
жоғарғы күшін айтамыз.
Ерекшеліктері.
1.Адоптация – бейімделу
Адоптация дегеніміз – сезім мүшелеріне ұзақ әсер еткен тітіркендіргішке
байланысты адамдардың түйсігінің бейімделуінін айтамыз. Түрлері: қараңғы,
жарық, иіс және тері.
2.Синезтезия – гректің қосрласқан түйсік. Синезтезия деп – бір
түйсіктің екінші түйсіктің пайда болуына әсер етуін айтамыз.
3.Сенсибилизация латынның сезгіштік деген мағынаны білдіреді.
Сенсибилизация деп – бір түйсіктің екінші түйсіктің сапасын арттыруын
айтамыз.
Адамның түйсігі оның жаттығуына, мамандығына байланысты әруақытта
өзгеріп отырады. Түйсік сапасын ажырату жаттығуына байланысты. Адамның
сезгіштігі, олардың өмір барысында қалыптасады. Жануарлар түйсігінде
сезгіштіктің артығырақ даму дәрежесі тектік белгі болып есептеледі.

Қабылдау.
1. Қабылдау туралы түсінік.
2. Қабылдаудың физиологиялық негізі.
3. Қабылдаудың түрлері және ерекшеліктері.
4. Кеңістікті және уақытты қабылдау.

Қабылдау дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім
мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың
кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі.
Физиологиялық негізі.
Қабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы
қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ
жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін
анализденген затты синтездеу керек.
Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа
затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады.
Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың
кейбіреулері жанданып отырады.
Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз
деп атайды.
Қабылдаудың түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді.
Ерекшеліктері.
1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден,
бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.
2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге
байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау
кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері,
формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.
3. Қабылдаудың таңдамалылығы . Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар
немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге
байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның
объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны
деп аталады
4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің
нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз.
Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі - адамның
дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне
байланысты.
Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық
қалпына тәуелді болады.
Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді.
Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі . Мұны психологияда
элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі.
Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау.
Кеңістікті және уақытты қабылдау.
Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және
кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе
болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың
белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін
айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты
қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз
қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса,
онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды.
Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері
үлкен роль атқарады.
Уақытша қабылдау.
Уақыт дегеніміз – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан, екінші
қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның рпнын басып
отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен
шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді
қолданамыз: кеше, бүгін, ертең.
Адамдардың адамды қабылдауы адам өмірінде үлкен роль атқарады. Адамның
бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай
екендігін айтуға болады.
Қимыл-қозғалыс ерекшеліктері жеке адамның кейбір қасиеттерін көрсетеді.
Сөйлеу ерекшел іктері де адам туралы көп мәлімет береді.

Ес.
1. Ес туралы түсінік.
2. Ес теориялары.
3. Естің түрлері.
4. Ес процесстері.
5. Естің дара ерекшеліктері.

1. Ес туралы түсінік.
Ес деген проблемамен адамзат өте ерте заманда айналысқан. Мысалы: Өткен
ғасыр-
дағы ғалымдар Аристотель, Платон ес проблемасымен айналысып, адам баласы
пассивтік жағдайдан активтік жағдайға өткенде ес көрініс беретінін
анықтады.
Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап
, есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз.
2. Ес теориясы.
I. Психологиялық теория. Психологиялық теория негізінде назар не
объектіге немесе

субъектіге аударылады. Психологиялық процесстер жеке элементтерге бөлінеді.
Ал кейін олар санада ассоциация заңына байланысты қайтадан бірігеді.
Ассоциацияның 3 түрі бар:
1)Іргелестік – бір-біріне іргелес жатқан заттар мен құбылыстардың
біреуін қабылдаса екіншісі өзінен-өзі еске түсіреді.
2)Ұқсастық ассоциация – бұл ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді.
3)Қарама-қарсылық – бұл қарама-қарсы екі құбылысты байланыстырады.
II. Физиологиялық теория. Естің физиологиялық теориясы Павловтың жоғарғы
нерв қызметінің заңдылықтарымен байланысты. Есте сақтау бұл нерв
системасының мидың иілімділігіне байланысты болады. Мидың иілімділігі
өзгермейтін бірқалыпты қасиет емес. Ол түрлі жағдайларға байланысты не
жақсару не нашарлауы мүмкін. Ми иілімділігінің көрсеткіші бұл ми шарының
қабығында уақытша нерв байланысының құрылуы, олардың көп уақыт сақталуы
және тез жеңіл түрде жалдануы болып табылады.
III. Физикалық теория . Бұл теория бойынша нерв импульстері , нерв
клеткалары арқылы өткенде өзінен кейін физикалық із қалдырады. Адамның ми
қабығында қозулар тізбек бойымен айналып жүреді. Іздердің сақталуы қозудың
бір нерв клеткасы екіншісіне өткенде оның ұзақ уақыт сақталуымен
сипатталады. Осы теория бойынша шоктык жағдай қозудың шеңбер арқылы өтуін
бұзады. Ол іздің жоғалуына әкеледі. Ал іздер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық психологияның обьектісі, зерттеу пәні, мақсат-міндеттері
Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасуы
Әлеуметтік немесе қоғамдық психология
Заң психологиясы жайлы түсінік жайлы
Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
Заң психологиясы – психология ғылымының бір саласы ретінде
Психология ғылымының салалары, әдістері
Психология пәні бойынша семинар сабақты дайындау
Психологияға кіріспе
Психологиядағы iс-әрекет бағытының жалпы сипаттамасы
Пәндер