Авторлық стиль және мұхтар әуезовтың көркем аудармалары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І ТАРАУ МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ КӨРКЕМ АУДАРМА ... ... ... ..5

1.1. Аударма түсінігі, анықтамасы, тарихы және мәселелері ... ... ..5
1.2. Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы мен көркем аударма
туралы ойлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ІІ ТАРАУ АВТОРЛЫҚ СТИЛЬ ЖӘНЕ
МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ КӨРКЕМ АУДАРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ..28

2.1. Түпнұсқа стилі мен оның аудармадағы қалпы ... ... ... ... ... ..28
2.2. Мұхтар Әуезовтың көркем аудармалары ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.2.1. “Дворян ұясы” романының аудармасы ... ... ... ... 31
2.2.2.Гогольдің және Чехов шығармаларынан
жасаған аудармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.2.3.“Отелло” пьесасының аудармасы ... ... ... ... ... ... ...38

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

І ТАРАУ МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ КӨРКЕМ АУДАРМА ... ... ... ..5

1. Аударма түсінігі, анықтамасы, тарихы және мәселелері ... ... ..5
2. Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы мен көркем аударма
туралы ойлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ІІ ТАРАУ АВТОРЛЫҚ СТИЛЬ ЖӘНЕ
МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ КӨРКЕМ АУДАРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ..28

2.1. Түпнұсқа стилі мен оның аудармадағы қалпы ... ... ... ... ... ..28
2.2. Мұхтар Әуезовтың көркем аудармалары ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.2.1. “Дворян ұясы” романының аудармасы ... ... ... ... 31
2.2.2.Гогольдің және Чехов шығармаларынан
жасаған аудармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.2.3.“Отелло” пьесасының аудармасы ... ... ... ... ... ... ...38

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі: Аударма тарихы алыстан келе жатыр. Бір
халықтың екінші халықпен қарым-қатынас жасауы, танысуы, өз елінің ой-
санасын өркендету тиянақты тірегі болып табылатын аудармаға дүние
жүзінің атақты ғалымдары ерекше көңіл бөлген.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Орыс
классиктері мен бүкіл дүниежүзілік әдебиет классиктерінің шығармалары қазақ
тіліне көп уақыттан бері үзбей аударылып келеді.
Сонымен қатар қай халықтың болса да, сондай-ақ қазақ халқының
өмірінде аударма әдебиет зор роль атқарады. Сондықтан аударма мәселесі -
өмірлік мәні бар маңызды мәселе. Аударма арқылы жұрт адамзат ақыл
иелерінің басынан шыққан асыл қазыналармен танысады. Аударма арқылы
халық өткен ғасырлардағы және осы замандағы дүниежүзілік мәдениеттің
жемістеріне ие болады. Аударманың маңызы мұнымен ғана сарқылмайды.
Аударма ана тілінің қалыптасып, дамуына да әсер етеді.
Экономикамыз бен мәдениетіміздің орасан өсуі нәтижесінде қазақ
тілінің сөздігі жаңа сөздермен, сөйлемшелермен байыды. Қазақ тілінің
қалпы, оның грамматикалық құрылымы, негізгі сөздік қоры бұрынғы күйінде
қалғанмен, қазір оның сөздік қоры молайды. Кейбір ескірген сөздер сөздік
қорынан шығып қалды, көптеген сөздердің мағынасы өзгерді, тілдің
грамматикалық құрылысы жақсарды. Әдеби тіліміздің осындай қалыптасу
процесінде орыс кітаптарын қазақ тіліне аударудың елеулі маңызы
болды.
Жұмыстың мақсаты: М. Әуезов шығармашылығының аударма саласымен
байланысын, қарастырып, аударма шығармаларымен танысу. Атаулы қойылған
мақсатта келесі міндеттер анықталды:
- М.Әуезовтың аудармашы ретінде әдебиетте алатын орнын
анықтау;
- Жазушының аударма еңбектерін қарастыру;
- М.Әуезовтың аудармасы мен қазіргі кездегі аударманың
сабақтастығын қарастыру;
Жұмыстың жаңалығы: Берілген жұмыста М.Әуезовтың аудармашылық қызметі
бүгінгі заман тұрғысынан қарастырылады. Себебі, аударма - шын
мағынасында ғылыми жұмыс. Аударма творчестволық ізденудің, әдеби
шеберліктің нәтижесінде туады. Осы мағынада аударма өнері деп
танылады. Аударма өнеріне жетілу үшін, біріншіден, шығарма қай тілге
аударылса, сол тілді, яғни қазақ тілін жақсы білу керек. Қазақша
сөйлеу, жаза білу қазақ тілін озық білгендік болып табылмайды. Ана
тіліміздің бүкіл байлығын меңгерген, әдеби тілдің заңдарын игерген
және оларды іс жүзінде қолдана білетін адамдар ғана қазақ тілінің
шебері деп есептелінеді. Екіншіден аударма өнеріне жетілу үшін
шығарма қай тілден аударылса, сол тілді, яғни орыс тілін жақсы білу
керек. Оны ресми сөздіктердегі мағынасында ғана емес, халықтың ауызекі
сөзінде кездесетін әр алуан мағынасында жете түсіну қажет. Үшіншіден,
аудармасы аударылатын шығарманың мазмұнын оның жазылған дәуірін, сол
дәуірдегі тарихи оқиғаларды зерттеп білуге міндетті. Міне тек осындай
шарттарды орындағанда ғана аударма өнеріне жетілуге болады.

Жұмыстың ғылыми негізділігі: Атаулы аударма тақырыбы ХХ ғасырдан
бастап зерттелініп келе жатқан тақырып. Бұл саланың дамуына М.Әузов,
С. Талжанов, бертін келе Г Қазыбек, Л.У.Абенова және басқа да
зерттеушілер өз үлесін қосып отырды. Атаулы салада жазылған біраз
ғылыми еңбектер де баршылық.

Негізгі дерек көздер: Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде
М.Әуезовтың аударма шығармалары, аударма саласына қатысты жазған ғылыми
зерттеу мақалалары, тікелей аударылған автор шығармалары, ғылыми
мақалалар, оқулықтар, баспасөз беттеріндегі материалдар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Берілген диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, екі
тараудан, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ КӨРКЕМ АУДАРМА

1.1. Аударма түсінігі, анықтамасы, тарихы және мәселелері

Аударма адамдардың көп замандарға созылған ұзақ тарихында
тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен
қарым – қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған. Аударма –
халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы, себебі ол – бүкіл
адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен
білімінің қайнар бұлағы, тіл ұстарту мектебі.
Аудармашы - өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен
заманының перзенті. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар,
халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани,
ғылыми қарым – қатынастың, алыс – берістің, айырбастың құралы.
Аударма – елтану жолы, достықтың, ынтымақтастықтың, тәжірибе – тағылым
алмасудың делдалы.
Аударма тарихында басқа тілдегі мәтінді екі түрлі жеткізу
үрдісі болғандығын байқатады: түпнұсқа тілін дәлме-дәл жеткізуге
негізделген сөзбе-сөз аударма;
Түпнұсқа шығарманың мағынасын, “рухын” ғана қалдырып, өз тілінің
талабы деңгейінен көрінуге негізделген еркін аударма.
Аударманың бірінші түріне, мысалға, Інжілдің грек - латындық кейбір
аудармаларын; ортағасырлық Еуропа халықтарының тіліне Інжілдің
аудармаларын; Аристотельдің философиялық шығармаларының ортағасырлық
аудармаларын жатқызуға болады. Бұндай сөзбе-сөз дәлме – дәлділікті қажет
еткен, соған себеп болған басты нәрсе – інжілдік мәтіндер алдындағы,
адамзаттың ұлы ұстазы алдындағы “киелі табынушылық” сезімі болатын.
Сонымен қатар бұндай аудармалардың орын алуына осы кезіндегі
аудармашылардың лингвистикалық “аңқаулығы” да, яғни бір тілді келесі бір
тілге механикалық түрде сәйкес келтіруге болады деген үміт-түсінігі де әсер
етті.
Аударманың келесі түрі – еркін аударма көбінде зайырлы
мағыналы шығармаларға пайдаланылған болатын. Мысалы, грек тілінде
жазылған шығармашылықтын жоғары үлгілерін латын тіліне аударуды
алатын болсақ, бұл аудармалардың теориялық негіздерінің мақсатын ұлы
Цицерон (б.з.д. 1 ғ.) белгілеп берген еді.
Аударма өнері-әрдайым тіл өнері. Аударма халықтың рухани
өмірінің, мәдениетінің, ғылым-білімінің, әдебиетінің бөлінбестей бір
бөлігіне айналған. Аударма мәдениеттің айтарлықтай өсіп өркендеуіне
жол ашады. Бір сөзбен қайыратын болсақ, аударма-рухани байлық пен
мәдениеттің биік шыңы.
Оңы мен солы, бары мен жоғын түгендеуге шамасы келе бастаған
біздің елімізде де қазір осы аударма мәселесіне жіті көңіл бөлініп,
аударма жұмысы қолға алына бастады. Оған мемлекеттік деңгейде
қабылданған және қазірде жүзеге асып жатқан “Мәдени мұра”
бағдарламасы, сол сияқты ұлтжанды азаматтардың жеке ынталары
(мысалы, “Зерде” қорының әлемдік саяси ой классиктерінің туындыларын
аудартуы) куә.
Аударманың ауқымы кең. Аудару дегеніміз басқа бір тілге дәл
әрі толық түрде өз тіліндегі ақпаратты жеткізу немесе, керісінше,
басқа тілдегі ақпаратты туған тілінде сөйлету. Аудармада тіл
халықаралық қатынастың маңызды құралына айналады. Ол бір тілден өлең,
көркем проза, ғылыми және ғылыми-көпшілікке арналған әр қилы еңбектер,
дипломатиялық құжаттар, іс қағаздар, саяси қайраткерлердің мақалалары мен
майталман шешендердің сөздері, газет-журнал, баспасөз материалдары, тағы
сол сияқты толып жатқан дүниелер тасымалдауы мүмкін. Осының бәрі
аудармашыға қойылатын үлкен талап пен жауапкершілікті қажет етеді.
Кезінде Якобсон “ Аударма туралы” деген эссесінде аударманың үш түрін
көрсеткен екен:
1. Бір тілдің өзінің ішіндегі тілішілік аударма, яғни бір тілдің
лингвистикалық белгілерін сол тілдің басқа белгілерімен сипаттау –
түсініктеме, талдау, мазмұндау, бір тілдің ескі нұсқасында жазылған
шығарманы жаңаша сөйлету ( мысалы, көне түркі тіліндегі жәдігерлерді
бүгінгі қазақ тілінде түсінікті етіп жеткізу ) және т.б. ;
2. Сөздің төл мағынасындағы аударма немесе тіларалық аударма, яғни
бір тілдің лингвистикалық белгілерін басқа тілде беру;
3. Семиотикалық аударма немесе трансмутация, яғни тілдің лингвистикалық
белгілерін бейлингвистикалық белгілер жүйесі арқылы қайталау.
Мысалы белгілі роман не повесть желісіндегі фильм түсіру
немесе қойылымдар даярлау.
Былайша айтқанда, аударма болып есептелмейтін “аударманың” екі
формасы бар екені көрініп тұр. Біріншісін Якобсон аудармадан басқа
сөзбен жеткізеді: тілішілік аударма немесе басқа атау беру,
rewordіng.
Сондай-ақ үшіншісі де аударма болып есептелмейтін
семиотикааралық аударма немесе трансмутация. Бұл екі жағдайда сөз
“аударманың” аудармасы, интерпретациясы туралы болып тұр. Осыдан
тура өз мағынасындағы аударма бар деп айтуға болатын секілді.

Бұл ретте аударма тіларалық аударма болмақ. Тіларалық
аударма өзге елдің мәдениетін, тілін, дәстүрін игеруде ерекше орын
алады. Аударма арқылы біз басқа ұлттың мәдениетін танып, одан
өзімізге қажеттіні алып, рухани қазынамызды байыта түспекпіз.
Қабылдаушы (рецепиент) мәдениет үшін аудармалар маңызды
рөл атқарады. Аудармада түпнұсқаның мәтіні ұлттың өзіндік
концептосферасының болуының арқасында, сол мәдениеттің өзіндік
танымдық кеңістігінің болуының нәтижесінде көптеген өзгерістерді
басынан кешіреді.
Осында концептосфера (концепттер әлемі) туралы қысқа
тоқтала кететін болсақ, онда ұғымды ғылыми қолданысқа орыс
филологы, мәдениеттанушысы, академик Д. С. Лихачев енгізгенін
айтуымыз керек.
Концепт деп қалыптасқан мәдениеттің ықпалынан туындайтын
әрі сол мәдениет өкілдерінің әлем бейнесін сипаттауына
қатыспай тұрмайтын ядролық ұғымдық бірлікті айтады. Концепттер
жеке тілдік тұлға үшін болсын, жалпы лингво – мәдени
тұтастық – қауым үшін болсын экзистенциалды маңызға ие. Мәдениеттің
негізгі концепттеріне төмендегідей абстрактілі, жалпы адамзаттық
мәнге ие ұғымдар кіреді: отан, ұят, тағдыр, ерік – жігер, күнә,
заң, еркіндік, үміт және т. с. с.
Келесі бір орыс мәдениеттанушысы А. Я. Гуревичке
жүгінер болсақ, мәдени концепттерді екі топқа бөліп қарастыруға
болады екен. Олар:
1) мәдениеттің әмбебап концептері – уақыт, кеңістік, себеп,
өзгеріс, қозғалыс сынды “ғарыштық, философиялық категориялар;
2) еркіндік, құқық, әділеттілік, еңбек, байлық, меншік
сияқты категориялардан тұратын әлеуметтік концептер.
Бұлардың барлығын кез келген мәдениеттің әмбебап
қолданысқа түсетін ұғым – категориялары дейміз. Аталғандарға қоса,
ұлттық мәдениет категориялары, концептері деп өз алдына тағы бір
топ құруға болады. Мысалы, қазақ мәдениетінің ұлттық
концептосферасын құрайтындарға төмендегілерді жатқыза аламыз деп
ойлаймын: атамекен, жерұйық, көңіл, үміт, аруақ, құт – береке,
құдірет, рух, пиғыл, ниет, тілек, арман, жазмыш, жомарттық, сағыныш
және т. б.
Мәдениеттің негізгі концептерінің ұжымдық-тілдік санадағы рөлі өте
зор. Өйткені онсыз ұлттың өзін түсіну, оның ділін, арман-мұратын ұғу қиын.
Демек, ұлттық мәдениеттің концептосферосын танымай тұрып бір тілден екінші
тілге, басқанын қоя тұрғанда, көркем аударма жасау өте қиын.
Бұдан аудармашы жүгінің ауырлай түскенін байқауға болады. Ендеше,
аудармашы кім дегенге келсек, ол “ғылыми тәжірибесі мол, лингвистика
жөнінде хабары бар, аударылатын және аударатын тілді жетік меңгерген адам
әрі басқа ұлт мәдениетінің концептосферасын бір кісідей білетін мәдени
дәнекер деп айтар едік”[32, 25].
Аудармашы, өз ұлты мен өзге ұлттың ерекшелігін қоса қарастыра алатын
мүмкіншілігі бар әрі соны жазып жеткізе алатын шығармашылық таланты бар
адам.
Аудармашылық – нағыз шығармашылық өнер. Аударма ісінің озық
үлгісі ұлттың әдебиетінің, ұлттың мәдениетінің көтерілуіне үлкен
септігін тигізеді. Бейнелі айтар болсақ, аударма әрқашан әлемге,
жарыққа ашылған терезе сияқты. Онсыз самал соғып, “үй ішінің”
(тіліміз бен мәдениетіміздің деп ұғыныз ) ауасы тазармайды, күн
сәулесі түсіп, кеңістігі шұғылана құлпырмайды.
Аударма – мәдениеттің зор тынысы. Аударма әрқашан өзіндік
ерекшелікті сақтай отыра, халықтар мәдениетін жақындастыруға, еларалық
байланыстардың өсуін тереңдетуге қызмет етеді. Ол терең
тамырланған ұлт мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз зор үлес қосады.
Аударма пайда болғалы ол жайындағы ғылыми ой–пікірдің де
қанаттаса өрби түскені мәлім. Қай халықтың тарихын қарасаңыз да
аударма жайында жинақталған тәжірибе, тұрақтанған пайым-түсінік бар.
Аударма практикасымен шұғылданған жұрт, оның ішкі сырына үңіліп, өзіне
лайықты заңдылықтарын да ашып беруге тырысқан. Сондай ықыластан туған
әрекеттер аударма теориясының негізін қалайды.
Аударма өнері идеология саласындағы зор құралдардың бірі болып
та саналады. Аударма әдебиеті халықтар достығының дәнекері. Осы
пікірді дәлелдейтін айғақ орыс халқының тіліне араб әдебиетін аудару
жөнінде айтылған болатын. Сонда: “Мың жыл деген тек бір халықтың
тіршілігі ғана үшін емес, бүкіл адамзат өмірі үшін де көп уақыт, мың
жыл бұрын өтіп ұлы ата – бабасын, олардың келешек үрім бұтаққа қалай
өмір сүрудің жарқын үлгісін көрсетіп, болашаққа сілтеп өткенін
ұмытпаған халық- бақытты халық. Өзінің алыс-жақын көрші елдеріне болған
ұлы адамдары біліп, отыру бақыттылық. Көбінесе, әлгі әр елден ұлы ата-
бабалар өздерінен мың жыл кейін де халықаралық байланыстың дәнекері
болып қала береді”, - дейді академик И.Ю.Крачковский.
Өмір қажетін ашатын, адам арасын қосатын тиянақ-тірек -
аударма өнері. Аударма әдебиеті – бұл төл әдебиетінің егіз туған сыңары,
бұлар қатар өседі. Орыс әдебиетінің тарихы да, қазақ әдебиетінің тарихы
да осыған айғақ бола алады. .
Шетел және орыс классиктерін аудару арқылы өз әдебиетімізді тың
көркемдік тәсіл, нақыш кестесімен түрлендіруге тиіспіз. Түпнұсқаның көп
қырлы қасиеттерін сақтағанда ғана аударушының ісі нағыз өнерпаздық,
игілікті іс саналмақ. Орысшадан қазақшаға аудару қазақ тіліне
бірталай жаңа сөйлем оралымдарын, жаңа сөз байламдарын әкелді.
Бұлардың көбі өз тілімізге әбден сіңісіп кетті.
Аударма - көне де, жаңа да өнер. Өнер болғанда, ол - сөз,
әдебиет, публисцистика ғылымдарының ажырамас саласы. Аударма адамдардың
көп замандары созылған ұзақ тарихында тілі ізгі басқа адамдар
қауымын түсінудің құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы
болған.
Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің
жаңа тәсілдері туды, жазу шеберлігі артты. Ол халықты рухани жағынан
дамытудың күшті құралы. Бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын
ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстартудың мектебі.
Аудармашылық - нағыз творчестволық өнер. Аударма өнері әрдайым - тіл
өнері. Аударманың құрылыс материалы тіл құралдары, аудармашының іс-
әрекеті сол құралдарын орынды қолдану, онымен жұмыс істеу болғандықтан
аудару процесі лингвистикалық тұрғыдан екі тілдің және олардың
стилистикалық құралдары қарым-қатынасының сипаты жайындағы мәселесі
зерттеуді қажет етеді.
Ал аударманы әдебиеттану тұрғысынан зерттегеннің өзінде де
құбылыстарын талдау мен бағалау қажет. Өйткені тұпнұсқаның мазмұны
дербес оқшау нәрсе емес, ол белгілі бір формада мазмұн мен
форманың үйлесімінде көрініс бейнелейтін тіл элементерінің бірлігінде
тіршілік етеді. Және аударма да тек тіл құралдарын жұмсау жолымен
оқушыға, тыңдаушыға жеткізіледі. Аударма шығарманың ғылыми талапқа
сәйкес келуі, дәрежесімен сапасы тіл құралдарын дұрыс пайдалануға
тікелей байланысты.
Аудармашы екі тілді де жетік білу мен қатар әрі жазушы, әрі
ғалым болу керек. Аударма сапасы оның талантына, біліміне жалпы
мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты.
Аударма тарихи алыстан келе жатыр, дүние жүзінің атақты ғалымдары
бұған ерекше көңіл бөлген.
Көркем туындының барлық элементтері автордың негізгі идеялық,
көркемдік ойын білдіреді. Аударманың міндеті басқа тіл құралы арқылы
туынды жүйесінің барлық ойын қайта қалпына келтіру болып табылғандықтан,
ол аударылатын шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұнын ұғыну тиіс.
Көптеген елдерде аударманың екі негізгі түрге бөлінуі
кездеседі: жазбаша аударма және ауызша аударма. Жазбаша аударма -
лингвистикалық әдебиеттану теориясының нысанасы. Осыған орай жазбаша
аударманың лингвистикалық аударма концепциясында зерттелуі лексикалық және
грамматикалық мәселелермен тығыз байланысты.
Көркем аудармаға әдеби байланыстарды бекіту, әдебиетті
жақындастырудың негізгі функциясы жүктеледі. Әдебиет тарихында
классикалық әдебиеттің шығармалары басқа да халықтардың әдебиетіндегі
әр түрлі аударма жағдайлары аз кездеспейтіндігі белгілі.
Қазақстанда көркем аударманың мәселелері кейінгі жылдары ерекше
мәнге ие болды. Оған қазақ тілінің рөлінің күшеюі ықпал етті.
Бұл кезеңнің ерекшелігі әдеби дәстүрдің даму мәселелерімен
қатар, көркем аударма мәселелері ҚР контитуциясына сәйкес мемлекеттік
тіл статусын, оған қазақ тілін қолданудың аясын кеңейту мәселесімен де
байланысты.
Көркем аударма - бұл ақындық, сондай-ақ, прозалық өнер болып
табылады. Өнер - бұл шығармашылық жемісі, ал шығармашылық дәлме-
дәлдікпен сәйкес келмейді. Егер аударма мен өнер дәлме-дәлдікпен ешқандай
ортақ нәрсе иеленбесе, онда аудармашы жазушы қасиетімен ерекшеленуі
керек. Аударма өнері өзінің ерекшеліктерін иеленеді. Сонда да
аудармашы жазушыларды - нақты жазушылармен айырмашылықтарына
қарағанда, ұқсастықтары, анағұрлым басым кездеседі.
Нақты жазушыларға қарағанда аудармашы-жазушыларға өсерге үздіксіз
толығып отыратын өмірлік тәжірибе аса қажет. Нақты жазушы да, аудармашы
жазушы да жан-жақты өмірлік тәжирибесі болмаса, екеуі де бірдей рухани
әлсіреуге шалдығуы мүмкін.
Аудармашы-жазушының тілі нақты жазушының тілі секілді туған халқының
тілінен бақылағанынан және туған әдеби тілінен оның тарихи дамуын да
бақылауынан қалыптасады.
Көркем әдебиет қоршаған ортаның шындығын бейнеле қана қоймайды. Ол
адам табиғатын, қоғамның болмысын өзгертуге, жақсартуға атсалысады.
Көркем аударманың теориясы мен практикасы күрделі және көп қырлы
мәселелерді қамтиды. Әдеби шығарманың құрылым жүйесі, образдылығы,
мазмұны, стилі, тілі поэтикалық құбылыстармен бірге оның эстетикалық,
лингвопоэтикалық, сондай-ақ психологиялық табиғатын түзетін көркемдік
құбылыстарды пайымдау әдеби аударманың табиғатын таразылауда басты
міндеттер қатарында жатады. Оның үстіне аударма шығармашылық шеберлігі ен
даралығы қатар көрініс табады. Әрі түпнұсқа мен аударма тілінің
заңдылықтары қатар қызмет атқарады. Осының бәрі аударма мәселелерін
зерттеудің саласы да, арнасы да, өте көп, алуан түрлі екендігін
көрсетеді.
Ғалым С.Талжанов аударма туралы ойын былай сабақтайды:
“Біздің ойымызша аударма екі түрлі салаға бөлінеді. Соның біріншісі бір
халықтан екінші халыққа ауысқанда мезгіліне сол елдің ұғымына сәйкес
аударылады. Бір халықта айтылған ой өңделіп, өз елінің ұғымына бейімделіп
түпнұсқаның ұзын-ұрғасы беріледі. Ауыс–түйістің алғашқы сатысы осылай
басталды. Бұл аударманың ауыс - екі тарау түрі. Екіншісі - бір елде
айтылған пікір сол қалпында жетеді, ой ырғағы жоғалмайды. Алдыңғы
әдіс ауызша таралады, ал кейінгі әдіс кешеуілдеп туған әдіс жазба
әдебиетте орын тепкен”.
Аудармада кездесетін түрлі-түрлі әдістер бар: еркін аударма,
сөзбе сөз аударма және балама аударма.
Еркін аударма түпнұсқаның жетік білмеуден немесе сол түпнұсқаның
ұғымды болуынан гөрі өзіне тиімділігін, оңайлығын көбірек көздеуден
туады. Сөзбе сөз аударма көбінесе түпнұсқаның тілін түсінгендерден болады,
соның әуеніне еріп, құл болудан шығады.
Балама аударма осының ең қиын түрі. Мұны екі тілді бірдей
білумен қатар сол алдында тұрған түпнұсқаның түпкі ойын сыртқа
түсінетіндер, дыбыс ырғағын, тіл әдемілігін автордың сөз мәндерін зертеп
жете ұғынатындар жасайды
Қазақ аудармасының тарихында да, бүгінгі тәжірибесінде де “тіларалық
аударма”, яғни өзге тілде жазылған шығарманы ана тілімізге немесе,
керісінше, қазақ тіліндегі шығарманы өзге ұлттың тіліне аудару өнері
қалаптасқан.
Қазақ тіліне алғашқы аударма үлгісі XVII-XVIII ғ.ғ. келген тәрізді.
Араб- парсы, шағатай тілдерінен ауысқан, ауызша айтылатын ертегі-аңыздар,
неше алуан мысал-нақылдар осы пікірдің тиянақты тірегіндей болмақ. Бұлар
таза аударма болмаса да, мазмұндап, қайталап айту түріндегі түсініктеме-
аударма болған секілді.
“Переводчики- почтовые лошади просвещения” деген екен кезінде
А.С.Пушкин. Расында да дәл солай. Мысалы, алысқа бармай-ақ, өз
мәдениетіміздің тарихына көз жіберер болсақ, одан да біз орыс ғұламасының
әлгі айтқанының дәлелін тапқандай боламыз.
Аударма ісі дәл өзінің танымал мағынасында, яғни тіларалық көркем
аударма ретінде қазақ мәдениетінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында басталды.
Бұл орыс әдебиетінің алдыңғы қатарлы шығармаларын аудару мезгілі еді. Осы
бағытты бастаған Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар болды. Солардың
арқасында қарапайым халық арасында жеріміздегі ағартушылық үрдістері
басталды десек, қателеспейміз.
Ұлт пен ұлт арасындағы мәдени дәнекер болған Абай аударма шебері болды
деуге толық негіз бар. Абай орыстың ақындарын ана тілінде үйлесімді сөйлете
білген. Абайдың кезінде өзі сусындаған, нәр алған орыс халқының
классиктерін ана тіліне аударып, өз халқына паш етуі үлкен
рухани қажеттіліктен туған іс еді. А.Құнанбаев орыстың Крылов,
Пушкин, Лермонтов сияқты ақын – жазушыларының шығармаларын аударды.
Аудара отырып олардан рухани нәр алды, өлең жазудың шеберлігін,
сөз сараптаудың, ойды бейнелеп айтудың асқақ та нәзік үлгілерін
үйренді.
Абай заманында қазақ арасында аударма өнері мүлде дерлік
дамымаған болатын-ды. Егер онымен бірен-саран шұғылданушы табыла қалса
да, олар аударма ісіне негізгі мамандығының мұқтажына қажетті
қосалқы құрал ретінде қарайтын еді. Мысалы, көрнекті
ағартушы және тұңғыш педагог Ы. Алтынсариннің осы саладағы
еңбегіне назар аударсақ , соның куәсі боламыз. Ол жас
жеткіншектерді оқытуға септігі тиетін бірнеше ғибрат әңгімелерді
орысшадан қазақ тіліне аударған, бірақ бұл игілікті іспен
кең көлемде және арнайы айналысқан жоқ. Ы. Алтынсариннің
аударғандары негізінен А. Н. Толстойдың, А.И.Крыловтың,
К.Д.Ушинскийдің, И. М. Паульсонның шығармалары еді.
Шәкәрім Құдайбердиевті де аудармашы ретінде тани аламыз. Ш.
Құдайбардиевтің көркем аудармаға қосқан үлесінің шоқ жұлдыздары
А. С. Пушкиннің “Дубровский” мен “Барон” хикаясы болды.
Әлихан Бөкейхановтың қазақ тарихындағы саяси орнын
бәріміз білгенімізбен, оның қазақ мәдениетіндегі аудармашы
ретіндегі өзіндік орнын бәрі біле бермеуі мүмкін. Әлиханның
кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі – көркем
аударма. Аудармаларының ішінде орыстың классик жазушылары
Л.Н.Толстой, А.П.Чехов, В.Г.Короленко, Д.М.Мамин – Сибиряк сынды
жазушылармен қатар, Еуропаның өркениетті елдерінің қаламгерлері Ги
де Мопассан әңгімелері, сондай – ақ үнді, түркі тектес
халықтардың әдеби шығармалары және антикалық дәуірдің жәдігерлері
де ұшырасады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Абай аудармалары қазақ
әдебиетінің тарихында болған үлкен оқиға. Аудармашыға қойылатын ең
бірінші талап оның екі тілді де барынша жақсы меңгеруіне
байланысты болса, оған қоса аудармашыдан тіл сырын, сөз мәнін,
көркемдіктің қадірін білетін, өмірге суреткерше қарап, әрбір
көрініс пен құбылысты көркемдік, әсемдік тұрғысынан ұғына
алатындай қиялы ұшқыр, ойы терең, жаны сергек те сезімтал,
ақындық – жазушылық дарынның иесі болуы да керек етіледі.
Абай аудармамен шұғылданған шағында бұл салада арнайы
қызмет етуді, сөйтіп аударма ісін кәсіби биікке көтеруді нысана
етіп қоймаған тәрізді. Әйтсе де, Абай өзінің ақындық өнері
тәжірибесінде әрдайым орыстың озат мәдениетіне сүйенгендіктен, өзі
сүйсіне оқып, үлгі - өнеге тұтқан классик ақындарды қазақша
сөйлетпей де отыра алмаған. Ол, Абай ақындығының кемелденуіне, жетіле
түсуіне, асқан көркемдік пен терең мазмұнға ие болуына сол
аударманың едәуір рөл атқарғаны, игілікті әсер еткені күмәнсіз.
Қалайда, ақынның әдеби мұрасы ішінде аударма үлгілерінің
де өзіндік орны мен салмағы бар. Сан тілімен келтірсек: аудармаға
арналған 15 жылында Абай үлкенді – кішілі 50 – ден астам шығарманы орыс
тілінен қазақшаға аударыпты. Сонда ол А.С.Пушкиннің “Евгений
Онегин” атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді, М. Ю. Лермонтовтан 30
– ға таяу өлең, И. А. Крыловтан 12 мысал және басқа да
авторлардан 7 өлең шамасында аударған.
Абай аудармаларын Пушкин үзінділерінен бастайтын себебіміз кездейсоқ
емес. Қазақ ақынының аударма өнеріндегі алғашқы қадамы дәл
сол тұлғадан басталған болатын.
Абайдың жасаған аудармаларының дәл не еркін болуы
әртүрлі тарихи жағдайлардың жемісі.
Сайып келгенде, өз заманындағы оқушы көпшілікке аударманы ұғымды
ету үшін азды – көпті алшақтыққа Абай саналы түрде барған сияқты.
Бірақ ол еш уақытта да Пушкиннің негізгі сырын, рухын мүлде
өзгертіп көрген емес. Пушкинді қазақшалағанда, Абай қайтсе де оның
мәтініне тың жолдар енгізіп, өнер таластыруға немесе орыс
ақыны тартқан желіні бұзып, соны тақырыпқа әдейілеп барған
жоқ. Егер ара - тұра ақын Пушкиннің түпнұсқасынан алшақтау кетсе, оны
Абайдың қазақ оқырмандарының қамын жеуінен туған заңды көрініс
деп білу керек.
Бір халық пен екінші халық жақындасып араласа бастағанда,
олардың қай – қайсысы болсын өзінде жоқты көрші елден алары
хақ. Осы ауысуды тиянақты жүзеге асырушы – аударма, өйткені
жоғарыда айтып өткеніміздей, аудармашылар – мәдениетті бір елден
екінші елге тасымалдап жеткізетін “пошта аттары”.
Абайдың ерекше сүйіп аударған екінші ақыны – М.Ю.Лермонтов.
Ең алдымен, Лермонтов шығармаларымен қазақ ақынының жақын
таныс екенін және оның жеке өлеңдерімен бірге кейбір
поэмаларынан да үзінділер аударғанын аңғарамыз.
Абайдың аса көңіл бөліп аударған үшінші ақыны – орыстың
атақты мысалшысы И. А. Крылов. Сол бір кезде, аударма өнері
жолға қойылмай тұрған шақтың өзінде, И. А. Крыловтың бір мысалын
(“Қарға мен түлкі”) тұңғыш рет Ыбрай Алтынсарин қазақшалаған
болатын. Содан кейін Абай оның он екі мысалын қазақ тіліне
аударды. Крыловтың сатиралық мысалдарын қазақшалауға бармай, оның
өсиетшілдік бағыты басымырақ мысалдарын Абай ден қоя аударған.
Бұл аудармаларында да Абай шебершіліктің, дәлдіктің,
авторды терең түсінудің үлгілерін көрсете алған. Соншалық
шабытты жолдар орыс елінің ұлы мәдениетімен қазақ ақынының
танысып, Пушкин, Лермонтов сынды абзал жандармен сырласу
сәтінде туған. Сол себепті, Абай, бір жағынан, ақындық өнерін
шырқау биікке көтерсе, екіншіден, сол кездегі қазақ жұртшылығын
тың бір дүниемен таныстырды, келешек ұрпаққа өнеге боларлық
ұмытылмас еңбек жасады.
Данышпан ақын аз жылғы тәжірибесінде шын мәніндегі шебер
аудармашы дәрежесіне көтерілді. Қазірдің өзінде Абайдың кейбір
аудармалары көркемдік қасиеттері мен дәлме – дәлдігі жағынан
кейінгі буын талапкерлердің бәріне қол жетпес үлгі болып
келе жатыр.
Қазақстандағы аударманың тарихы мен теориясын зерттеу
жұмысы ғылыми әдебиетте аударма жайында алғаш пікір айтқан
С. Сейфуллиннен бастауын алады деуге келеді. Спандияр Көбеевтің
“Үлгілі тәржімасы”, Молданияз Өтетілеуовтің “Жиған – тергені” және
басқа авторлардың жарияланған аударма туралы ойлары Қазақстанда
аударма өнерін өркендетуге айрықша қызмет атқарды.
Қазақ аудармасының тарихы мен теориясын қалыптастыруға
ғылыми – зерттеу еңбектері де үлкен септігін тигізді. Атап
айтқанда: С.Нұрышевтің “Абайдың аударма жөніндегі тәжірибесінен” (1957
ж.), “Көркем аударманың кейбір мәселелері” (мақалалар жинағы.
1957 ж.), С.Талжановтың “Көркем аударма туралы” (1962ж.), Ә.
Сатыбалдиевтің “Рухани қазына” (1965 ж.), М.Әлімбаевтың “Өрнекті сөз –
ортақ қазына” (1967 ж.), Т.Абдрахмановтың “Жаңа ғасыр көгінде” (1961
ж.), Б.Әбілқасымовтың “Алғашқы қазақ газеттерінің тілі” (1971 ж.),
С.Талжановтың “Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері” ( 1975 ж.)
деген кітаптарында қазақ аудармасының әрқилы мәселелері зерттеліп,
талқыланды.
Заманына қарай аударманың өсу жолын дәлелдейтін мысалдар көп-ақ.
Аударманың сапасы сол елдегі төл әдебиеттің сапасына сай келеді. Көш
бастайтын төл әдебиеттің соңына еріп, аударма әдебиеті жедел жүреді.
Кейде аударма әдебиет те төл әдебиеттің осы өсіп - өркендеуіне көмек
беріп отырады.
Зерттеуші Л.У Абенованың айтуынша, аударма әдебиетінің марқайып өсуіне
септігін тигізген жағдайлар келесідей келеді:.
- ауысу, араласу арқылы ортақ сөз, ортақ ұғым көбейсе;
- төл әдебиетіміз өсті де, аудармаға үлгі жасалды;
- тіліміздің қалыптасуы, тіл ғалымдарының атсалысуы.
Бүгінгі ғылым дүниесінде талас туып жүр. Ол аударма тіл ғылымына
жата ма. Немесе әдебиет зерттеу ғылымына жата ма дегенге саяды.
Біздіңше, аударма екеуіне де жатады, екеуіне де молымен жетеді. Тек қана
көркем шығарманың аудармасына келгенде, мұның әдебиет ауқымына
кіретінін ұмытпау керек [44, 41.
Жер жүзі халықтары әдебиетінің үздік үлгілерінің қатарына толымды
үлес болып қосылған ұлы эпопеясы арқылы қазақ көркем ой-қазынасын әлемдік
деңгейге көтерген М.Әуезов әдебиеттің барлық жанрында шоқтығы биік
туындылар бергені өз алдына, ХХ ғасырдағы ұлттық мәдениетіміз бен
әдебиетіміздің қалыптасып дамуында т.б. сан алуан жақсы істердің
бастаушысы, алғаш із салушы болғаны белгілі. Сондай игілікті істің
бірі – оның сол дәуірде қазақ аударма мектебінің де көшбасында
тұрғаны.
Жастайынан орыс әдебиетінен және сол арқылы дүние жүзінің классикалық
әдебиетінен сусындап, нәр алып өскен ол халықтар арасындағы әдеби, мәдени
байланыстың ең өнімді жолы - көркем аударма деп біліп, әу бастан-
ақ оның теориялық және практикалық мәселелеріне қатысты ой-пікірін
ортаға салып отырған.
Аударманың теориялық-проблемалық және практикалық мәселелеріне таза
теориялық байламдары мен ғылыми пайымдары көрініс табатын. Көптеген
мақала еңбектеріне арнаған. Бұл орайда “Пушкинді қазақшаға аудару
тәжірибелері туралы” (1936), “Ревизордың” аудармасы туралы (1936) “Қазақ
сахнасындағы аударма пьесалар” (1937), “Жәңгір жыры қазақ тілінде”
(1940), “Пушкин и братская литература Советского народа” (1949), “Дворян
ұясы романның аудармасы туралы” (1952), “ Көркем аударманың кейбір
теориялық мәселелері туралы” (1955), “Художественные переводы литератур
народов СССР” (1955) т.б. еңбектері жарияланған.
М.Әуезов қазақ әдебиетінде көркем аударма саласын қалыптастыру мен
дамытуға, жолға қоюға арналған ғылыми пайымдарын ортаға салып қоймай,
өзі бас болып, белсенділік таныта отырып, творчестволық тәжірибеде
аударманың классикалық түрлерін берді. Ол әлем және орыс классикалық
шығармаларының біразын қазақ тілінде сөйлетті. Шекспирдің “Отелло”,
“Асауға тұсау”, Гогольдің “Ревизор”, К.Треневтің “Любовь Яровая”,
Погодиннің “Ақсүйектер” сияқты пьесаларын шебер аудару арқылы жазушы
қазақтың ұттық театр өнерінің дамып жетілу жолында көп еңбек
сіңірді. Және өзінің де драматургтік шеберлігін ұштай түсті.
Прозадан И.С.Тургеневтің “Дворян ұясы” , Джек Лондонның “Ақ азу”,
Л.Толстойдың “Той тарқар”, “Будда”, т.б. тәрізді шығармаларын аударған.
М.Әуезов аудармашылықты жаттығу, үйрену мектебі деп сезген. Бұл орайда
драматургияда В. Шекспирді, Л.Толстойды аса құрметтеген.
Жазушының алғашқы көркем шығармаларынан да, әдеби-ғылыми
еңбектерінен де өркениетке ерте қадам жасаған елдердің мәдениеті мен
әдебиетінің әсер-ықпалы айқын сезіледі. Бұл орайда Абайдың Пушкин,
Лермонтов, Крылов шығармаларын оқып, оларды қазақ оқушысына ұғымды
етіп аударып қана қоймай, сол классиктер тағылымын бойына сіңіріп,
үйрене білгенін түсінген жас талап Әуезов бастапқы кезден-ақ орыс
және батыс классиктерінің үздік туындылары мен танысып қана қойған
жоқ, олардың кейбіреуін қазақ тіліне аударды. Ол Лев Толстойдың
“Будда” әңгімесін 1918 жылы аударып, “Абай” журналының бірінші санында
жариялады. Бұл болашақ ұлы жазушының аударма саласындағы тұңғыш
қадамы да еді. Осылайша творчестволық қадамның алғашқы сәттерінен бастап-
ақ аудармашылық өнерге ден қойып, бұл салада да қаламын ұштап,
шеберлігін дамытады, әрі өзі көркемдік тәсілдерді сіңіре береді.
Рас, 20-шы ғасырдың алғашқы 30 жыл аумағындағы қазақ аудармасындағы
кемшіліктер көп еді. Ол кезеңде жасалған аударманың көбіне басқа
тілдегі шығармаладың қазақ тіліне аударылған нұсқасының орнына
“қазақыландырылған” түрі жасалатын, шығарманың негізгі мазмұнынан,
идесынан тым алшақтап, өзгертіп жіберетін мысал көп болатын. Осындай
“қазақыландыру” орайында аудармашы шығармасы тәржімаланып отырған
жазушының өзіндік ерекшелігіне қарай қазақ ұғымдарға ғана тән теңеулерді
қолданып, ескі мақал, мәтел, т.б. сөз тіркестерді көп пайдаланатын.
Сөйтіп, бір елдің классикалық туындысын мағына, сезім жағынан
әлсіретіп, өңін айналдырып жіберетін жайлар жиі кездесетін.
Өз шығармашылығына аса жауапкершілікпен қарайтын М.Әуезов “Ревизор”
тәрізді классикалық драманы ұлттық сахнамызда мінсіз сөйлейтіп, өз
бояуын жоғалтпаған күйде қазақ көрермендеріне жеткізуді көздеп, пьесаның
бұрынғы аудармасында еткен кемшілік пен олқылықты толтыруды міндет етіп
қойды. Бұл жайында ұлы жазушы 1936 жылы жазған бір мақаласында былай
дейді: “Ревизордай” мәңгілік қасиеті бар классик шығарманы қазақ
сахнасында мінсіз қып, мәдени түрде қою - біздің театрдың барлық
коллективіне де, жеке артистеріне де үлкен сын. Көркем өнер жолында
есейіп, өскендігіміздің сыны. Олай болса, оның аудармасында да
шалағайлық, теріс әдіс, көрнеу олқылықтар болмауға тиіс. Осындай
міндеттерді есепке ала отырып, бұрынғы аударманы қайта қарап, бастан-
аяқ толықтырып, өзгертіп түзгенде, мен шамам келгенше “қазақыландыру”
белгілерін барлығын жиып, Гогольдің өз тілін, өз стиль-үлгісін, өз
ерекшеліктерін қайтадан орнына салуға тырыстым”. Өйткені “Ревизордың”
алғашқы аулармасында түпнұсқадан қалып қойған сөздер бар еді.
М.Әуезов Гогольдің “Ревизорын” 1934 жылы шыққан алғашқы басылымда
түпнұсқадағы “Мінездері мен киімдері” деген мәселе бойынша Н.В.Гогольдің
дуанбасы, Анна Андереевна, Хлестаков, Добчинский, Ляпкин-Тяпкиндердің
тұрпаты, мінезі, киімі қандай болу керек екені туралы актерлар үшін
арнайы жазған бір беттегі ремаркілік сөздер түгелдей жоқ. Бұған
басқа да кейіпкер сөздердің толықтырылған немесе өзгертілген мысалдары
1953 жылға басылымда көп орын алады. М.Әуезов комедияның барлық
ерекшеліктерін анық көрсетуге тырысқан. Бұл тұрғыда аудармашы өз
мақсатына жеткен деуге болады. Мысалы: “Послушай, Иван Кузьмич, нельзя
ли вам для общей нашей пользы, всякое письмо, которое прибывает нам в
почтовую контору, входящие и иходящие знаете, итак немножко
распечатать и прочитать: не содержится ли в нем кого-нибудь донесения
или просто переписки. Если же нет, можно даже итак отдать письмо,
распечатанное”. Бұл жерде байқалатын негізгі нәрсе парақорлық.
Городничий өзін осал жерін біледі, өйткені ол аса қу адам. Сондықтан
алғашында жағымпазданғанмен сол жердің әкімі, қожайыны екенін естен
шығармайды. Міне, осындай қайшылықты характерлердің болмысын жоғалтып
алмай аудару оңай емес алайда М.Әуезов шеберлігі өз деңгейінде бұл
тұста да көріне алған. Оқып көрейік. “Бері қараңыз, Иван Кузьмич,
бәріміздің пайдамыз үшін конторыңызға келген хатты, азырақ бүйтіп, ашып
оқуға болмас па екен, жай хат па екен, жоқ болса қайта жасырып
қоясыз ғой, жапсырмай тапсырса да оқасы не”.
Бұл ретте зерттеуші Қ.Алпысбаевтың пайымдауымен келісуге болады:
...сөз мағынасы дәлме-дәл жеткізілген. Гогольдің юморы өз дәрежесінде
сақталады. Мұндай мысалдарды комедия аудармасының өн бойынан көптеп
келтіруге болады [38, 48].
Осылайша қазақ тілінде сөйлеп, қазақ театрларының репертуарынан
берік орын алған “Ревизор” аудармадағы М.Әуезовтың шеберлігінің
бір көрінісі екені даусыз.
Көркем шығарманы аударуда автордың стилін бұзбай, мазмұнынан
ауытқымай, дәл жеткізуде берік ұстаным ретінде алған М. Әуезов өз
шығармашылығында оны айқын жүзеге асыра білді.
Қоғамдық дамудың, жаһанданудың, әдеби байланыстың үдеу қарқынына сай
қазақтың әдеби тілі жаңа ұғымды бойына барынша сіңіруде, аударма
мәдениеті де өсу үстінде.
Қазақстанда көркем аударма тәжірибесі неғұрлым кең өріс алып
ұлғайған сайын ол жайындағы әдеби сын мен ғылыми теориялық ой-
пікір де өсіп келеді.
М. Әуезов аударма теориясына байланысты пікірлер айтумен қатар,
шетел және орыс классиктерінің шығармаларын казақ тіліне аударуға
көп үлес қосты.
М. Әуезов үшін аударманың өзі шығармашылық өсудің мектебі
болғандығын көреміз. Абай Құнанбаевты, Пушкинді, Лермонтовты және
Крыловты аудару арқылы өз білімінің өрісін ұлғайтып, заманның мәнін
түсінген сияқты, М. Әуезов те Гоголь мен Шекспирді, Толстой мен
Чеховты, Тургеневті т.б аудару арқылы шеберлік жолында сатылап өрге
басты деп анық айтуымызға болады.
М. Әуезов көркем аударма түпнұсқасының мазмұнымен қатар, бүкіл
стилін де дәл келтіру керек деген принцинпті ұстанды. Оның аудармаға
байланысты жазылған ой-пікірлері, сол кездегі мерзімді баспасөз
беттерінде үзбей жарияланып отырды. 1936 жылы “Социалистік Қазақстан”
(“Егемен Қазақстан”) газетінде “Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері
туралы” деген мақала шықты. Бұл өзі автордың қазақ әдебиеті үшін,
атап айтқанда қазақтың көркем аударма мәдениеті үшін үлкен бір белес
болғалы тұрған тарихи кезеңді ұғына отырып, соған атсалысушыларға
көмек болсын деген оймен әдейі жазған мақаласы еді. Автор мұнда Пушкин
шығармаларын қазақшаға аударудың тарихын шолып, әрбір кезеңдегі
аудармаға қысқаша баға беріп өтеді. Ол көркем аударма түпнұсқаны
оңайлатып, жабайыландыруға мүлдем қарсы.
М. Әуезовтың аударма теориясына байланысты жазылған мақалалары:
“Ревизордың аудармасы туралы” (“Қазақ әдебиеті”1936, №37), “Пушкин
аудармасы қазақ әдебиетіне не берді?” (“Қазақ әдебиеті” 1937, №9) ,
“Евгений Онегиннің қазақшасы туралы” (“Социалды Қазақстан” (1937, №6),
“Евгений Онегин на казахском языке” (“Каз.правда”, 1937, №5) т.б.,
“Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар” деген мақала жазып, көркем
аударманың ұлттық театр өнерін өркендетуде тигізіп отырған және
бұдан былай да тигізе беретін игілікті әсерін сөз етті.
1957 жылы Қазақтың Мемлекеттік Көркем әдебиет Баспасы “Көркем
аударманың кейбір мәселелері” деген жинақ шығарады. Жинақ талантты
аудармашы М. Әуезовтың “Көркем аударманың кейбір теориялық
мәселелері” деген мақаласымен ашылады. Автор өз мақаласында аударма
ғылымының жетістіктері мен кемшіліктеріне тиянақты тоқталып өтеді.
“Аударма саласындағы көптеген міндеттер нақтылы түрде, түпнұсқаның
түрлі қасиеттерін толық беру үшін аудармашы қолданған құрал-
тәсілдері зерттеумен анықталады, ол қасиеттерге: интонация, ырғақ,
образдылық (синонимдардың, идиомалардың, мақал-мәтелдердің, афоризмдердің
түрліше астарларымен бірге) секілді элементтер жатады. Және бұған
ұлттық форманың әрқилы өзгешеліктері, тарихи сипатары да келіп қосылады”,
- дейді автор.
Бұл пікір көркем аударманың практикасы мен теориясына көп еңбек
сіңірген жазушы М. Әуезовтың кездейсоқ айтыла салған ойы емес, қазақтың
тіл мәдениетінің, әдебиетінің көркем ойының, тіпті жалпы дүниежүзілік
әдебиет пен мәдениеттің даму бағытын бағдарлай отырып, ұзақ ойланумен
барып келген ғылыми қорытынды еді.
М. Әуезов Н.В:Гогольдің “Ревизорын” И.С. Тургеневтің “Дворян ұясы”
секілді классикалық шығармаларын қазақ тіліне көркем тілмен аударған.
Ол ешқашанда аудармада “түпнұсқадағы сөйлемнің көшірмесін беру керек”
деп талап қойған емес. М. Әуезов “тек дәл аудару ғана үлкен
жазушының тіл, стиль, сөйлем ерекшеліктерін бере алатын болды.” Деп
ашып айтқан. Осы уақытқа дейін орысшадан қазақшаға аудару кезінде М.
Әуезовтың пікіріне сүйеніп келеміз. Әсіресе, оның аударма автордың
стилін бұзбай жеткізу жөніндегі ұстанған принципі 1-ші кезекке
қойылады.
М. Әуезовпен шығармашылық жағынан көп жыл бойы жұмыстас болған
(аудармашы ретінде) орыс әдебиетшілері А. Пантиелев пен З.Кедринаның
естеліктерінде жазушы бейнесін, оның тұтас тұлғасын танып білуге
септігін тигізетін қызықты материалдар бар. З.Кедринаның естелігіне
назар аударайық:“ ... Мен үшін ең тамашасы- қазақ өлеңдерін орыс
тіліне аудару ісіне, соның ішінде автордың (Жансүгіровтің) өзі тікелей
қатысуымен және Мұхтар Омарханұлының басшылығымен аударуға қатысуым
болып еді. Біз онда Ілиястың “Дала” поэмасын аудардық. Поэманы
үшеулеп отыр аударатынбыз. Мұхтар Омарханұлы, Жангсүгіров және мен
үшеулеп бірігіп әуелі жолма-жол аударма жасап алдық. Осындай әр
отырыста біз бір тарауды аударып тастайтынбыз. Сол кезде менің
қолымнан өткен әрбір тарауды дауыстап оқып, талқылайтынбыз, түзетулер
енгізетінбіз, содан соң ғана дайын болды деп, есептейтінбіз. Осы жұмыс
үстінде мен Мұхтардың қазақтың мәдениетіне шын берілген ғажап
көзқарасын көрген едім. Әуезов өз мойнында көпте көрнекті жұмыс
тұрғанына қарамастан, талай тынымсыз уақытын, алуан еңбегін осы
аудармаға жұмсады” , - дейді. (“Біздің Мұхтар” Алматы1976).
Белгілі сыншы М. Қаратаев М. Әуезовтың аудармашы ретіндегі рөліне
мынадай баға беріп еді: “Без большой и многолетней переводческой
деятельности Ауезов, вероятно, не стал бы тем, кем стал для совесткой
литературы” (“Мастерство перевода” М. 1963).
1963 жылы Мәскеу қаласында жарық көрген “Мастерство перевода”
атты кітаптың М. Әуезовке арналғандығы осының куәсі іспеттес.
1938 жылы М. Әуезов Л.Н. Толстойдың “После бала” дейтін
әңгімесін “Той тарқар” деген атпен аударған. Бұл аударма еркін аударманың
тамаша үлгісі болып есептелінеді. М.Әуезов сынды көркем сөз
зергерінің қолынан шыққан бұл аударма үлкен әдеби мұра болып,
ұрпақтан ұрпақа қала беретіндігі де сөзсіз. Бұл әңгіменің аудармасын сөз
жоқ, сол тұстағы прозалық көркем аударманың алды деп бағалаймыз.
Аудармашының сөзге бай екендігі, ана тілінің образдылық жүйесін
шебер игере отырып, орыс тілінің ішкі сырлары мен мағыналық астарларын
жақсы жеткізгендігі даусыз. Мысалы, “Дождавшись начала мазурочного
мотива, он бойко топнул ногой, выкинул, другую, и высокая, грузная
фигура его то тихо и плавно, то шумно и бурно, с топотом подошв и ноги
об ногу, задвигались вкоруг залы” деген үзіндіні аудармашы былай
береді. “Мазурка күйінің басы басталар бергенде, ол бір аяғын
екпінімен тарс еткізіп, екіншісін соза бастады. Зор, ауыр денесі
кейде жай, кейде қалқып, кейде құлшынып, екіленіп кетеді. Бір аяғын
бір аяғына соғып, немесе табанымен тақтай теуіп зал бойымен жылжып
берді”. Осы үзіндіні салыстырып қараған аударманың қаншалықты дәл
және көркем шыққандығына шек келтірмейді.
Нағыз шығармашылық көркем аудармада түпнұсқаның тілдік, стильдік
ерекшеліктерін түгел ескере отырып, оның көркемдік-идеялық
қасиеттерін толық жеткізу, әрі қазақша биязы да жатық етіп шығару,
осы екеуі шебер ұштасқанда ғана аударма көркем болады. М.Әуезовтың
аудармалары осы айтылған талапқа сай келеді. М.Әуезов қазақ
әдебиеті классиктерінің шығармаларының орыс тіліне аударуға да көп
еңбек сіңірген. Белгілі орыс ақыны Всеволод Рождественский: “Абай
Құнанбаевтың мен аударған шағын жинағы Алматыда 1936 жылы басылып
шықты. Оның жарық көруіне себепші болған - М.Әуезов. Бұл соның идеясы
болатын және оның толық жүзеге асуына ол өзі барынша атсалысты.
Оның достық жәрдемінсіз аудармашы еңбегінің межелі жерден шығуы
екіталай еді”, - деп ұлы М.Әуезовтың аудармашы ретіндегі қызметінің
бір қырын көрсетеді.
ХХ ғасырдың Гомері атанған Ж.Жабаевтың шығармаларын аударылуына
да себепші болған М.Әуезов еді. М.Әуезов аудармада Жамбылдың “өңі
өзгеріп” жаңғырып , “жаңарып” кетпеуін, оның образдылық жүйесі
ұлттық өрнек бояуы, өлең құру ерекшелігі қаз-қалпында сақталуын қатты
қадағалаған. Ол: “Жамбыл сегіз қырлы, бір сырлы суреткер, оның толып
жатқан ертеші, эпиграмма, памфлет, мақал-мәтел, нақыл сөздері бар.
Міне, солардың бәрін мұқият жинақтап, солардың бәрін де аудару қажет,
тек сонда ғана Жамбылдың нағыз жезтаңдай жыршы, халықтық сөз зергері
ретіндегі алып тұлғасын анық анықтауға болады” , - деген.
“Көркем аударуға қойлатын ең басты шарт - шығарманың көркемдік-
идеялық күші мен эстетикалық ләзатын жеткізу. Ол, ең алдымен,
көркем болсын, әсерлі де, тартымды оқылсын”. Бұл пікірді де айтқан
М.Әуезов болатын.
Совет жазушыларының бүкілодақтың екінші съезінде Павел
Антокольский, Максим Рыльскиймен бірігіп, М.Әуезов көркем аударма
туралы баяндама жасаған. Біз М.Әуезовті көркем аударма теориясының
көрнекті теоретигі деп білеміз. Жоғарыда аталған баяндамадан үзінді
келтірейік. “Дарование переводчика сродны способности артистического,
сценического перевоплощения. Это особоя отзывчивость на творчество
другого человека, особое мнение творчески воплотить в себе чужую
манеру, пережить и передать ее в своих переводах. При наличии ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушының драмалық шығармалары
Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы
М. Әуезов әңгімелеріндегі тақырып пен идея
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті және аударма саласының дамуы мен зерттелуі
Абай «Қарасөздерінің» ағылшын тіліне аударылған нұсқасындағы прагматикалық аспектісі, сонымен қатар лексикалық және стилистикалық жағынан қарастырылған сәйкестіктерді анықтау арқылы қазақ аударматану ғылымының дербес теориясы мен практикасына қатысты жалпы тұжырымдар
Қабдоловтың аудармалары және аударма туралы ой-пікірлері
Ұлылық ұлағаты (Б. Шалабаевтың Мұхтар Әуезов шығармалары жайындағы зерделі зерттеуі: дәуір талабы және тың тұжырымдар)
М. Әуезовтың өмірі
АЛҒАШҚЫ ПЬЕСАЛАРДАҒЫ ТАРТЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Көркем аударма.
Пәндер