Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны 4
1.2.Мемлекеттік және жергілікті билік басқарудың құрылымы 6
1.3. Жергілікті басқарудың экономикалық механизмдері 11
2. ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың әлеуметтік.экономикалық тиімділігі 16
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ағымдық жағдайы 21
3. Қ.Р.ДА ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1.Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқарудың қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері 23
3.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдіру бағыттары 28
Қорытынды 32
Пайдаланған әдебиеттер 34

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Аманжолов Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Бизнес және іскерлік әкімшілік жүргізу кафедрасы
К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі
Орындаған: МжЖБ-09А оқу тобының студенті
Ғылыми жетекшісі: - Мемлекеттік басқару және
реформаларды құқықтық қамтамасыз ету
кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к.
Қорғауға жіберілді: _________________ 2011 жыл
Қорғалды: _____________________ 2011 жыл
Өскемен, 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны 4
1.2.Мемлекеттік және жергілікті билік басқарудың құрылымы 6
1.3. Жергілікті басқарудың экономикалық механизмдері 11
2. ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі 16
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың ағымдық жағдайы 21
3. Қ.Р-ДА ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1.Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқарудың қазіргі кездегі мәселелері мен даму ерекшеліктері 23
3.2. Жергілікті басқару жүйесін тиімді жетілдіру бағыттары 28
Қорытынды 32
Пайдаланған әдебиеттер 34
Кіріспе
Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ендіру өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден-бірі. Бірақ бұл бағытты абсолют ретінде қабылдап, бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан да сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күшті орталықтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады, бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы (қоғам дамуы барысындағы сұраныстарға уақытында жауап бермеуі) саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келуі әбден мүмкін. Ал ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси режимді орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі баскаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жүзеге асыруды талап етеді.
Жергілікті органдар өзінің қызметін орталық биліктердің бақылауыңда атқарады. Бақылау әр салада әртүрлі болуы мүмкін.
Орталық органдар жергіліктілерді әкімшілік бақылауыңда өзінің кейбір актілерін бекіту және олардың белгілі іс-әрекеттеріне санкция салу құқықтарын қолданады, сонымен қатар орталық жергілікті басқарудың лауазымды қызметкерлерін жұмыстан босата алады.
Орталық органдар өзіңің жергілікті басқару құрылымдарымен арақатынастарында қаржылай бақылау өкілетін де қолданады. Жергілікті органдардың қаржысы өздерінің жеке табыстары мен мемлекеттік бюджеттен кіріс түсуден құралады. Бұндай жағдай олардың, бірінші жағынан өздерінің белгілі мәселелерде дербестігін білдірсе, екінші жағынан, жалпымемлекеттік деңгейдегі орнын анықтап, мемлекеттік басқару жүйесіне кіретіндігін білдіреді.
Сонымен қатар жергілікті органдарды қоғамдық, сот және т.б. бақылаулар арқылы тежейді. Бұл орайда сот билігінің жергілікті атқару органдарынан тәуелсіздігі қамтамасыз етілуі өте маңызды.
Президентіміздің биылғы жылғы халыққа Жолдауында тұрғын - үй құрылысының жаңа саясаты тұрғысында "құрылысты арзандату мақсатында тұрғын-үй инфрақұрылымын қаржыландыруды өз мойнына жергілікті билік алуы тиіс" дей келе, "облыстарды дамытудың барлық бюджеттері тек қана білім беру, дансаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына пайдаланылуы тиіс" деп нақты әрі ашық міндеттерді алға тартты.
Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.
1. Жергілікті басқарудың мәні мен теориялық негіздері
0.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың мәні мен мазмұны
Жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін жергілікті өкілді және атқарушы органның құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін, сондай-ақ, маслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қалайтын Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Конституцияның 8-ші бөлімінің 85 бабында жазылған жергілікті мемлекеттік басқару тиісті аумақтағы істің жай - күйіне жауапты жергілікті өкілдікті және атқарушы органдар жүзеге асырады.
Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз - бұл заң актілерінде белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқару органдарының тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізуді, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын және тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызмет.
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық бөліністің әр қилылығы көрініс табады. Оның қызметінің экономикалық және қаржылық негіздерін жергілікті бюджет коммуналдық заңда тұлғаларға бекітілген мүлік құрайды. Мәслихаттар мен әкімшіліктерге міндеттер, талаптар және шектеулер қойылады. Олардың негізгілеріне келесілер жатады:
1. Жалпы мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу.
2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау.
3. Қызметінің қоғамдық маңызы бар салаларында бекітілген жалпы мемлекеттік стандартты ұстану.
4. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.
Аймақты дамытуға байланысты мәслихаттар мен әкімшіліктердің қолданатын жоспарлары елдің стратегиялық даму жоспарына сәйкес келуі тиіс және оларға бірыңғай еңбек нарығын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтер көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тыйым салынады.
Жергілікті өкілді орган мәслихат халықтың, өкілдік бірыңғай жүйелерінің ажырамас бөлігі бола отырып, осы жүйеге тән белгілерін өз бойына сіңірген.
Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңында жазылған: "Жергілікті өкілді орган - мәслихат - бұл облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды білгілейтін және жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган".
Жергілікті өкілді органның өзіндік ерешеліктері. Мәслихат өзінің қызметтік сипаты жағынан жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажына байланысты мәселелерді шешуге құқылы халықтың кең тараған өкілді органы. Мәслихаттар күнделікті қыхметтерінде шаруашылық, тұрмыстық, мәдени, меншікті, қоғамдық тәртіпті, заңдылықты, азаматтардың заңды құқықтарын қорғау, еліміздің қауіпсіздігін күшейту мәселелерімен айналысады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік функциясын іс жүзіне асыруға халықты кеңінен қатыстырушы әкімшілік-аумақтық бөліністердегі өкілді орган болып табылады.
Мәслихат аппараты дегеніміз - бұл тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін, әрі жергілікті бюджет есебінен ұсталынатын мемлекеттік мекеме. Мәлихаттардың ең басты ерекшеліктерінің бірі - тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністерінің жергілікті тұрғылықты азаматтарына тек мәслихат депутаттарының қойылмайтындығы.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың қызметтері:
1. Негізгі өкілеттікті анықтайтын жалпы мәселелер:
oo тиісті аумақты дамытудың жоспарлары, әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларын жергілікті бюджеттік және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту.
oo Тиісті аумақтарда қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту және осы мәселеге қатысты өзге де жағдайларды шешу.
oo әкімшілік ұсынысы бойынша әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасын бекіту.
oo әкімшілік ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешімімен тиісті әкімшіліктің дербес құрылымын бекіту.
oo Халықты жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және кедейлікпен күрес бағдарламасын бекіту.
2. Мәлихаттың айрықша өкілеттігі:
oo өздерінің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс және жергілікті қауымдастық ұғымының шекараларының айқындау мәселелерін шешу.
oo Атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерінің орындалмағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдардың және ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу.
oo Қазақстан Республикасының әкімішілік-құқық бұзушылық туралы кодексінесәйкес әкімшілік құқықты бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық белгіленген еределерді бекіту.
oo Тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністі дамыту жоспарларының экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардыңжергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жасау.
oo Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру.
oo Маслихаттың тұрақты комиссияларымен өзге де органдарын құру, олардың қызметтері туралы есептерді тыңдау тағы да басқа мәселелер.
Жергілікті атқарушы органдары келесі мәселелерді қарастырады:
- аумақты дамыту жоспарларын, экономикасын жергілікті атқарушы органдардың және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті басшыларын қызметке тағайындау бюджетті әзірлеу және қызметтен босату, жергілікті қамтамасыз ету.
- жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу.
oo коммуналдық меншікті басқару.
- Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай республика заңдарымен жергілікті атқару органдарға жүктелетін өз ге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2.1. Мемлекеттік және жергілікті билік басқарудың құрылымы
Мемлекеттік билік - бұл мемлекеттік-құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік-жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады.
Мемлекеттік билігі таралатын барлық жер (аймақ, өлке, қала, ауыл) - сол мемлекеттің территориясы болып табылады. Ал мемлекеттің территориялық құрылымы - мемлекет пен оның территориясын құрайтын жеке бөліктердің арасындағы қарым - қатынасқа негізделеді. Бұл жерде мемлекеттің рөлін үкімет атқарса, территория құрайтын жеке бөліктердің қызметін облыстар, өлкелер мен аудандар атқарады. Бұның түрлері әр елде әр түрлі (провинция, департамент, қауым, т.б.)
Мемлекет өз қызметін тиімді жүргізу үшін әкімшілік - территориялық бөліктер құрады. Солар арқылы үкімет өзінің билігін жүргізеді., жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Әкімшілік - территориялық құрылымның географиялық құрылымнан үлкен айырмашылығы бар, себебі бұл жерде жергілікті биліктің жүйесін жасап, белгілі бір заңның нормасын белгілеу қажет, сонымен бірге олардың өзінен жоғары тұратын билік деңгеімен және мемлекеттік басқару органымен ара қатынасын заңдастыру қажет.
Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей бағыты мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары мен әдістерімен ерекшелінетін әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Оларды кешенді пайдалану мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға, олардың алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді (1 кесте).
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру мемлекеттік механизмге жүктеледі. Барлық билікті жетекшілік, басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық және реттеушілік қызмет - мемлекет механизмінің міндеті. Мемлекеттің саясаты, оның стратегиялық бағыты, тактикалық міндеті мемлекеттің механизмімен жүзеге асырылады.
Жергілікті өкілетті органдар парламентпен бір реттегі жүйені құрайды, тиісті әкімшілік - аумақтық құрылымдардың өмірінде маңызда роль атқарады, бюджет мәселелерін шешеді және олардың орындалуы туралы есепті қарайды, жергілікті жерлерде жекелеген қоғамдық қатынастарды заң шеңберінде реттейтін актілер қабылдайды.
Жергілікті әкімшілік-территориялық бөліктерде биліктің екі түрі жүзеге асуы мүмкін. Олар: жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өзін-өзі басқару.
Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз жергілікті әкімшілік- территориялық жердегі Орталық өкіметтің атынан немесе жоғары тұрған әкімішліктің атынан жүргізілетін биліктің бір түрі.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын адамдарды деңгейі жоғары тұрған әкімшілік орындары тағайындайды. (Мысалы, ауылдың әкімін аудан әкімі тағайындаса, аудан әкімін тағайындау облыс әкімінің қолында).
Жергілікті өзін-өзі басқару дегеніміз сол территорияда тұратын тұрғындардың билігі, бұл билік сол тұрғындардың қалауымен сайланып қойылатын органдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Осы жерде "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Европа Хартиясынан" толық анықтамасын алуға болады:
1. Жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғай отырып, заң шеңберінің көлемінде мемлекеттік істердің негізгі бөлігін жүзеге асыруды және сол істерді басқарудың нақты мүмкіншілігі мен құқығына ие болуды - жергілікті өзін-өзі басқару деп түсеніміз.
2. Бұл құқықты жалпыға бірдей, еркін, жасырын және тікелей дауыс беру арқылы сайланған мүшелері бар кеңестер мен жиналыстар жүзеге асырады. Кеңестер мен жиналыстар олардың алдында есеп беріп отыратын атқарушы органдарды пайдалана алады. Бұл ереже азаматтардың кеңеске тікелей шығуына, референдум жасауына және сол сияқты азаматтардың заңда белгіленген басқа да құқықтарын жүзеге асыруына бөгет бола алмайды.
Европалық жүйе бойынша жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару аралас жүреді, екеуі бірге отырып, бір жүйені береді. Басқарудың екі түрінің араласуының да түрі нұсқасы бар. Әсіресе жергілікті мемлекеттік басқаруға өзін-өзі басқару жүйесіне байланысты әр түрлі міндет крйылады.
Бірінші - әкімшіліктің жергілікті өзін-өзі басқаруды "қамқорлығына алуы".
Бұл жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару органының шешімі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының рұқсатын алмайынша күшіне ене алмайды. Қысқасы, сол шешімді жергілікті әкімшілік (губернатор, әкім, бургамистер, т.б.) қолдауы не бекітуі шарт. Оны қолдаудан бас тартудың да екі түрлі жолы бар. Біріншісі - әкімшілік орындары өзін-өзі басқару органының шешімін заңсыз деп табады, екіншісі - шешімді қажетсіз деп кейін қайтарады. Демек оның "қажетсіз" не "қажетті" екенін халық емес, әкімнің білетін болғаны. Өркениетті елдердің көпшілігінде дәл осыңдай әкім тарапынан жасалатын "қамқорлық" баяғыда-ақ келмеске кеткен.
Екіншісі - әкімшілік тұрғысынан жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қадағалау.
Бұл - бүгіңдері көптеген мемлекеттерде кездесетін, европалық жүйенің ең көп тараған түрі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімін мемлекеттің өкілі (өкім) тек сол елдің заңына сәйкестігі тұрғысынан ғана бақылай алады. Әдетте шешімді тексеруге аз ғана уақыт беріледі, егер сол мерзімде әкімшілік тарапынан қарсылық болмаса, өзін-өзі басқару органының шешімі күшіне енеді. Соңғы уақытта кең етек алған бір жаңалық - әкімшілік ол шешімді сот тәртібімен ғана тоқтата алады. Өз кезегінде жергілікті өзін-өзі басқару да сот арқылы өздерінің шешімдерін қорғап шыға алады. Мемлекеттік және жергілікті билік органдарын қосымшадағы схемадан көре аламыз.
Көптеген елдерде жалпы мақсатты жүзеге асыру бірнеше жергілікті өзін-өзі басқару органдары бас қосып, бір орталық құрады. Осы одақтар арқылы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне қажетті заңдарды қабылдатуға күш салынады, жергілікті жердегі түрлі мәселелерді шешуге бағытталған жалпы ұлттық бағдарламалар жасалынады, тәжірибе алмасып, бірлесе жасайтын жұмыстардың басты бағыттары анықталады.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қоғамдық өмірдегі орнын, мемлекеттік жүйеден ерекшелігін және басқа ғылымдармен байланысын көрсету мақсатында төмендегі схемаларды ұсынамыз. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік және атқарушы органдар жүзеге асырады.
2001 жылы қаңтар айында "Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заң қабылданды. Бұл заң бойынша жергілікті мемлекеттік басқаруға мынандай анықтама берілді.
"Жергілікті мемлекеттік басқару заң және заң актілері шеңберінде территорияда мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың іс-әрекеттері болып табылады".
Әкім Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады және тиісті территорияда әлеуметтік-экономикалық жағдайды дамытуға және мемлекеттік саясатты жүргізуге жауапты.
Жергілікті өкілетті органдар (маслихат) облыс пен аудандардың депутаттарынан тұрады. Бұлар Қазақстан
Республикасы заңына сай жергілікті жерлерде шешімдерді қабылдайды, оны жүзеге асырады және бақылайды. Сонымен қатар, заң атқарушы және өкілетті органдардың негізгі міндеттерін, талаптарын және шектеулерін анықтайды.
Маслихаттар мен акиматтар инвестиция, қаржы және жалпы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қайшы келетін шешімдерді қабылдамауға, мемлекеттік стандартты сақтай отырып, ұлттық тұрақтылықты сақтауға және азаматтардың құқықтарын сақтауға міндетті.
Маслихаттар мен әкімияттардың тиісті территорияны дамыту мақсатында жасаған жоспарлары Қазақстан Респубилкасының стратегиялық даму жоспарымен сәйкес болуы керек. "Қазақстан Республикасы Астанасы статусы туралы" және "Алматы қаласының арнайы статусы туралы" заңдары бойынша осы қалалардағы жергілікті атқарушы органдарына қосымша құқық берілген.
Жергілікті жерлердегі халықтар тиісті аймақтарда шешім қабылдау процесіне өздерінің сайлаған маслихат депутаттары арқылы қатыса алады.
Қазақстан Республикасы азаматының барлық деңгейдегі өкілетті органдарға сайлануға және сайлауға құқығы бар және 18 жасқа толған азамат осы құқыққа ие болады.
Жасы жиырмаға толған азамат маслихат депутаты болуға толық құқығы бар және бір ғана маслихаттың депутаты бола алады.
Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік басқару ісіне тікелей болмаса да жекелей немесе коллективті түрде мемлекеттік органдарға барып ұсыныстарын білдіре алады.
Жергілікті халық өздерінің атқарушы орган басшысына (әкімге) жергілікті өкілетті орган арқылы сенімсіздік білдіре алады. Бірақ бұл практикада кездеспеген және Қазақстанда мұндай жағдай болған емес.
Азаматтардың ролі негізінде шешім қабылдау процесінде сайлау науқанында жүреді. Шешім қабылдау процесіне халықтың ұсынысының қатысуы 1999 жылы Павлодарда алғаш рет жүзеге асты.
Заң бойынша ассоцация құру туралы ешқандай да қарастырылмаған. Бірақ Алматы мен Астана қалаларының мәслихат cекретарлары координациялық кеңес құрды. Алайда, бұл кеңес мемлекеттік тіркеуден өте алмады.
Қазақстан Республикасы көп ұлтты болғандықтан Қазақстан Халықтар Ассамблеясы құрылған және олардың облыстарда да бөлімшелері бар. Сонымен қатар, республика деңгейінде 40 жуық мәдени орталықтар құрылған.
Әкімият пен әкімнің қабылдаған актілері әкімшілік және территориялық аймақтарда заңды күштерге ие болады.
Әкімият пен әкімдердің азаматтардың міндеттері, бостандығы және құқығы туралы актілерді периодты басуға немесе газеттерде жариялауға міндетті. Әкімияттар жалпы ортақ маңыздылыққа ие, ведомствоаралық характер немесе азаматтардың міндеттері, бостандығы және құқықтарын білетін актілер Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің территориялық органдарында тіркеледі.
Әкімият пен әкімдердің актілері іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі, Жоғарғы әкімият пен әкімдер немесе өздерінің қалауы, сонымен қатар соттың шешімімен өзгертеді немесе жұмысын тоқтатады.
Облыстық мәслихат хатшыларының жиналысында Әділет Министрлігі аудандық деңгейде қабылданған шешімдердің 15-20 пайызы тіркелмейді. Тіркеуге бармай жатып кері қайтарылып жатқан актілерді де көруге болады. Тағы басқа мәселелердің мемлекеттік бюджетке қаншалықты күш салып жатқандығын атап айтты.
Үкімет конституциялық құқығы негізінде заңның орындалуын қадағалауды жүзеге асырады. Атқарушы органдар тікелей сызықтық құрылымға жатқандықтан бақылау жоғарыдан төменге қарай жүреді. Ал мәслихаттар тікелей бағыныштылық құрылыммен байланысты емес.
Президенттік бақылауды президенттің өзі және оның әкімшілігі жүргізеді. Президент премьер-министрдің ұсынысы бойынша облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдерін сайлайды. Президенттің әкімдерге деген билігі үкімет билігіне қарағанда артықшылығы бар және ол Президенттің "әкімдерді өз еріктеріне босату" құқығымен бекітілген.
Логика бойынша әкім атқарушы органдар жүйесінің бәр бөлігі болып табылатын жергілікті атқарушы билігінің басшысы болғандықтан өзінің іс-әрекеттеріне үкімет алдында толық есеп беруге міндетті. Бірақ әкім президенттің бұйрықтарында орындап, оның да алдында есеп беруге міндетті.
Президенттің барлық деңгейдегі әкімдерді бақылауы мүмкін емес. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі әкімдердің жұмыстарын бақылайтын мемлекеттік инспекция құрылған, бірақ облыстан селолық деңгейдегі барлық әкімдерді олардың да бақылауы өте қиын. Сондықтан да олардың қызметтегі босатылуын президент шешеді. Ал, парламенттің жергілікті органдардың жұмыстарын бақылау заңды түрде қарастырылмаған. Сенат Бас прокурордың ұсынысы бойынша маслихаттың өкілеттігін шұғыл түрде тоқтата алады.
Үкімет конституциялық өкілеттіктіктер шегінен тыс заңдардың орындалуына бақылау жүргізеді. Әділет министрлігі және оның территориялық органдары жергілікті органдар актілерін тіркеп отырады.
Аудандық акиматты ауданның әкімі құрады. Оның құрамында әкім орынбасарлары, әкім аппараты, тиісті атқарушы органдардың, бірініші басшылары болады. Сонымен қатар, атқарушы органдардың аймақтық бөлімшелерінің бірінші жетекшілері (облыстық бюджеттен қаржыландырылады және тиісті жоғарғы органдардың
басшысының келісімімен) де болуы мүмкін.
Аудан әкімі өзінің маслихаттың функциясын жүзеге асыруға міндетті. Өзінің және аудан акиматының құзыреті бойынша Қазақстан Республикасы Президенті және облыс әкімінің алдында жауапты.
Аудандық органдарға мыналар жатады: аудандық әкім аппараты, бөлімдер, ішкі істер, білім, басқару, коммуналды шаруашылық, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік саясат, қаржы және экономика бөлімдері.
Облыс, аудан әкімдері (облыстағы қалалар) ауданды басқару схемасын дайындап аудандық маслихаттың бекітуіне ұсынады
1.3. Жергілікті басқарудың экономикалық механизмдері
Мемлекетті экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан одан әрі демократияландыруда жергілікті шаруашылықты басқаруды жетілдіруде әкімшілік - экономикалық механизмдердің алатын орны бөлек. Мемлекеттің негізгі қызметті ұлттық егемендікті, меншік құқын, заңды және тәртіп сақтауды қорғау және ақша айналысын, сыртқы сауданы реттеу және тағы да басқалай болып келсе, жергілікті шаруашылықты басқару аясына жергілікті жергілікті бюджетті бекіту, жергілікті салықтарды белгілеу, жергілікті халыққа білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек беру, ауылды көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу сияқты барлық қызмет түрлерімен қамтамасыз ету және т.б. кіреді.

"Қазақстан - 2030" Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгендей, мемлекеттік басқару біртіндеп орталықсыздандырылып, үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде болып, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.
Жергілікті шаруашылықты басқаруда экономикалық механизмдерді қолданудың ерекшелігін оның әлеуметтік мәселелер бойынша тиімді әрі уақытында шешім қабылдай алатындығынан көре аламыз. Жергілікті халықты еңбекпен қамтуда, оларды мамандық бойынша қайта даярлау мәселесі де жергілікті басқару органдарының өкілеттігіне беріледі. Мәселен, олардың келесі жылдан бастап шетелдік инвесторларға мынадай шарт қоюға құқықтары бар: Инвесторлар бір жыл ішінде жергілікті белгілі бір салалар бойынша даярлайды, белгіленген уақыт өткен соң халық еңбекпен қамтылып, шетелден келген жұмыс күші өз елдеріне қайтарылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу елдің экономикалық саясатымен байланысты және оны жүзеге асыруға бағытталады. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасында аймақтық экономикалық саясаттың алатын рөлі зор.
Мемлекеттік реттеудің экономикалықпен бірге әкімшілік және институционалдық та механизмдері де бар. Әкімшілік тұтқалардың жиынтығы құқықтық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етумен байланысты іс-әрекеттерді реттеуді қамтитын болса, экономикалық шараларға қаржы (бюджет, фискалды), ақша-несие (монетарлы) саясаты, бағдарламалау және болжау мәселелері жатқызылады. Жалпы алғанда, "қаржы саясаты" түсінігі - ауқымды категория. Ол екі жақты түсінік береді. Біріншіден, ол экономикалық саясат мақсатын, екіншіден, қаржылық шараларды жүзеге асыру механизмдерін білдіреді. Қаржыдан жергілікті басқаруда туындайтын бюджетаралық қатынастар мәселесі күн тәртібіне шындап қойылып отыр. Қазір Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10 ақпан 2003 жылы №147 қаулысымен мақұлданған "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру" Концепциясындағы бюджет сферасында экономикалық механизмдер берілген. Онда жергілікті басқаруды дамыту максатында ауылдық (селолық) округтардың әкімдер аппаратын құру көзделген. Ол 2004 жылғы республикалық бюджетте (31 бап) ауылдық (селолық) округтардың әкімдері аппараттарын қалыптастыруға облыстық бюджеттерге 7-ші қосымшаға сәйкес берілетін 2,9 млрд. теңге сомасында белгіленген мақсатты трансферттермен жүзеге асырылып отыр.
"Институтционалдық" түсінігіне тоқталсақ, ол отандық ғылымда салыстырмалы аз пайдаланылады. Нарықтық экономика жағдайында осы терминнің қолданылу белсенділігі арта түседі. Экономикада белгілі бір құқықтық, этникалық, психологиялық, ұйымдастырушылық нормалар мен дәстүрлер нақты пайда бола бастайды. Экономикалық саясаттың өзі дәстүрдің, әдет-ғұрыптың ұйымдастырушылық жүйесін білдіреді. Осындай салыстырмалы ұзақ өмір сүретін іс-әрекеттер "институт" түсінігін қалылтастырады. У.Гамильтонның пікірінше, институттар - қоғамдық дәстүрлер тобына берілетін сипаттың белгісі. Қазіргі жағдайда институционалдық форманың кең тараған түрлері мынадай болып келеді:
мемлекеттік биліктің атқарушы құрылымын қалыптастыру, оның тікелей міндеті - үкіметтің мақсаттарын жүзеге асыру;
мемлекеттік меншік обьектілерін құру және қолдау;
экономикалық бағдарламалар мен экономикалық болжамдарды дайындау;
экономика бойынша зерттеу орталықтарын (әртүрлі меншік формасы бар), экономикалық ақпарат институттарын, сауда-өнеркәсіп палаталарын, әртүрлі экономикалық одақтар мен кеңестерді қолдау;
экономика мәселелері бойынша кеңесшілер, консультанттар, сарапшылар кеңесі институттарының қызмет етуін қамтамасыз ету;
кәсіпкерлер мен кәсіби одақтарға ақпараттық, құқықтық қолдау және олардың өзара байланыстарын тиімді ету.
Мемлекеттік шығындар түсінігі қоғамның талаптарын қанағаттандырумен байланысты материалдық игілік пен қызметтерді сатып алуға кететін шығындарды білдіреді. Қаржыларды шығындау саясатының негізгі міндеті жиынтық сұранымға әсер ету болып табылады. Ал мемлекеттік табыстардеп жеке сектордан мемлекетке ағымдағы ақшалай және мүліктік аударымдарды (трансферттер) түсінеміз. Табыстар саясатының алдында тұрған міндеттерді екіге бөліп қарауға болады:
қаржы қорын қалыптастыру үшін жинақталған қаржы, оның көмегімен макроэкономикалық тепе-теңдікке әсер ету;
ресурстарды алу есебінен реттеуші тиімділікке қол жеткізу.
Мемлекеттік табыстарды шоғырландырудың көптеген формалары мен әдістері бар. Жалпы қаржы ресуртарын жинаудың салықтық және салықтық емес деп екіге бөлінетіні белгілі. Соңғысына әртүрлі алымдар мен салымдар жатқызамыз. Ал ресурстарды міндеттеп жинаудың бірден бір жолы ол - салықтар. Ол мемлекеттің ең маңызды табыс көзі. Мысалы, салық дамыған елдерде (АҚШ, Жапония, Швеция) жалпы ұлттық өнімнің 30%-дан 50%-ға дейін көлемін құрайды.
Елдің дамуы, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар тағдыры, халықтың барлық игіліктерге қол жеткізе өмір сүрулерін қамтамасыз ету тікелей мемлекеттік реттеуге байланысты. Дегенмен кей жағдайларда орталықтандыру үрдісі басқару тармақтарының кеңінен таралуына өз кедергісін де тигізеді.. Сондықтан да соңғы кезде аймақтық басқа-руды жетілдіру мәселелері шындап күн тәртібіне еніп, өз бағыт-бағдарын біртіндеп анықтап, жұмыс жасау үстіңде.
Билікті орталық пен аймақтарға жіктеу мәселесінің қоғамымызда талқыланып жатқанына біршама уақыт етті. Осы екі деңгей арасындағы мәселелердің шешілу барысы жергілікті шаруашылықтың тағдырына тікелей қатысы бар. Орталыктан биліктің бір бөлігін алу процесін әрі қарай жеткізудегі тағы бір кезең жергілікті басқару органдарының жаңа жүйеге қатысты құқықтық базасын айқындау. Басқаша айтқанда, "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдарының қабылдануы. Біріншісі қабылданып күшіне еніп, оған өзгертулер мен толықтыруларда енгізіліп жатыр. Ондағы мақсат занды жақсартуды жетілдіре беру деп ойлаймыз. Екіншісіне ауылдан бастап облысқа дейін жергілікті жерлердің құзіреті, оның ішінде жергілікті бюджеттер туралы нормалар енгізіледі. Оның түпкі мақсаты мынада: әр әкім өз мекенінің (ауылдың, қаланың, ауданның) бюджетінің толуына мүдделі болуы үшін жеке шағын, орта, үлкен кәсіпорындардың экономикасына араласпай, қайта олардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын экономикалық механизмдерді пайдалану. Қазақстанда донор облыстармен бірге өздерінің әлеуметтік-экономикалық дамуларына байланысты республикалық бюджеттен субвенция алатын облыстар да аз емес. Олардың бүгінде әл-ауқаты өзін-өэі қамтамасыз етуге толыққанды жетті деп айта алмаймыз. Республикалық бюджеттен субвенция алатын облыстар жылдан жылға көбеймесе, азайып отырған жоқ. Оны кестеден көре аламыз.
Облыстар
Жылдар
2004
2006
2008
2010
мың тг.
%
мың тг.
%
мың тг.
%
мың тг.
Ақмола
4227876
12,3
7191511
12,0
9353447
11,6
13866205
Алматы
8340023
25
10289366
17,2
10125030
12,5
13908539
Шығыс Қазақстан
-
-
5189908
86
9348241
11,6
14913135
Жамбыл
5437028
16
6877104
11,5
10409918
13
14923777
Қарағанды
-
-
-
-
1835447
22
6605669
Батыс Қазақстан
-
-
1285861
21
-
-
8884864
Қостанай
-
-
4181616
70
5191128
6,4
8884864
Қызылорда
2156567
62
6645453
11,2
8972401
11,1
10629369
Солтүстік Қазақстан
3252656
94
5201645
8,7
6205549
7,7
11407502
Оңтүстік Қазақстан
10636332
31,1
12900814
21,6
19072344
23,6
27955336
Павлодар
-
-
-
-
-
-
1490669
Ақтөбе
-
-
-
-
-
-
1865067
Барлығы:
34051182
100
59763278
100
80513248
100
128944652
Кесте - 1. 2001 - 2004 жылдар аралығында республикалық бюджеттен бөлінген субвенция құрылымы
Осы кестеден көріп отырғанымыздай, субвенция көлемі жыл санап арта түскен. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдай бірқалыпты. Дегенмен, Ақмола облысына бөлінген субвенция 2001 жылы 12,4%-ды құраса, ол жылдан жылға азайып 2004 жылы 10,7% болды. Қостанай облысының динамикасы да осындай, ал Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті бюджеті табысының 2004 жылы 9,5%-ы субвенция есебінен, кейінгі 2006, 2008, 2009 2010 жылдары 8.7%, 7,7 және 8,8% құралып отыр. Алматы облысындағы күрт өзгерістер ерекше көрініп тұр. Мәселен, 2001 жылы республикалық бюджеттен бөлінген субвенция облыс бюджеті табысының 25%-ын құраса, оның үлесі жыл сайын жылдам азайып, 2006 жылы 17%, 2008 және 2010 жылдары 12,5 және 10,7%-ға дейін төмендеген. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының динамикасы біркелкі, яғни субвенция көлемі жылдан жылға азайып отырған жоқ. Субвенцияның ең көп мөлшері Оңтүстік Қазақстан облысында, мұнда оның үлесі 2011 жылы облыс бюджеті табысының 31,2% болса, 2012 жылы 21,6% болып, 10%-ға азайған Соңғы жылы субвенция алатын облыстар қатары Павлодар және Ақтөбемен толыққанымен, оларға бөлінген субвенция көлемі басқалармен салыстырғанда аз ғана. Павлодарда 1,1%, Ақтөбеде 1,4%.
Республикалық бюджеттен бөлінетін субвенция жыл сайын артып келеді, биылғы жылғы субвенция көлемінен жоғарыда аталып өткен "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру" Концепциясында берілген бюджетаралық жүйені реттеуге берілген 4 нұсқаның негізінде (соның екіншісінде) бюджеттерді тігінен теңестіру арқылы, ұсынылып отырған бюджеттен алу механизмін жою үшін жасалған алғышарт деп бағалауға болады. Дегенмен бюджеттен алуды жою мәселені түбегейлі шешпейді. Себебі бюджеттік жоспарлау бірлігі бұзылады. Бюджеттен алуға келер болсақ, жалпы елімізде Ақтөбе, Атырау, Шығыс және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы донорлар болып табылады. Аталған облыстардың ішінде Ақтөбе, Шығыс және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының бюджеттерінен алу жыл сайын азайып, 2004 жылы донор ретіңде Атырау, Маңғыстау облыстары және Алматы қаласы қалған. Осы үштіктің алатын орны ерекше. Айта кетер болсақ, 2011 жылы жалпы бюджеттен алу 78339574 мың теңге болса, соның 38,1%-ы Атырау, 10,7%-ы Маңғыстау облыстары және 33,5%-ы Алматы каласы бюджетінен алынған, келесі 2006 жылы бұл мөлшер осы деңгейден арта түскен. 2008 жылы бюджеттен алу сомасы 57629991 мың теңге болып белгіленген, соның 43,3%-ы, яғни 24963765 мың теңгесі Алматы қаласының бюджетінен алынған. Осы жылы Атырау және Маңғыстау облыстарында аз ғана өзгерістер байқалады. 2010 жылы 66908685 мың теңге бюджеттен алудың 47,1%-ы Алматы қаласынан, 36,3%-ы Атырау және 16,6%-ы Маңғыстау облыстарынан алынатын болып бекітілген.
Жергілікті басқаруды жетілдіру үшін ең маңызды - қаржы мәселесі жыл санап өз шешімін таба береді. Қазір оларға дербестік берілсе, бюджеттің шығыс бөлігін қамтамасыз ететін қаржы кезін қайдан алмақ? Әлеуметтік қамсыздандыру саласы ақсап жатса, ол облыс шеңберінде саяси наразылық туғызады. Демек, әр облыс өз бетінше өмір сүре алатын жағдайға жетпей, орталықтың билігін шектеуді енгізу ерте екендіп көрініп тұр. Ал әкімдерді сайлау мәселесіне тоқталсақ, әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыр аймақта әкімдерді сайлау кері әсер беруі мүмкін. Экономикалық дағдарыстан жаңа шыға бастаған ел үшін толассыз сайлаулар экономиканың өсу қарқынын бәсендетуі әбден мүмкін. Жергілікті шаруашылық тек қана коммуналды қызмет көрсетумен шектелмейді, яғни жоғарыда аталып өткендей, болашағы бар елді мекендерде басқа да қызмет түрлерін ұйымдастыруға болады. Мәселен, туризм, балық, аң шаруашылықтарымен байланысты. Тіпті жерге байланысты да, себебі біздің мемлекетімізде жер тек қана мемлекет меншігінде емес.
2. Жергілікті басқарудыңқазіргі таңдағы жағдайы
2.1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі
Жергілікті мемлекеттік баскарудың тиімділік мәселесі қазіргі кездегі ғылым мен тәжірибенің басты назарындағы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселеге шетел және ресей ғалымдары да өздерінің ғылыми еңбектерін арнағаны белгілі.
Қызмет тиімділігі түсінігі кез келген қызмет түріне, оның ішінде басқарушылык қызметте де қолданылады. Экономикалық ғылымда экономикалық тиімділік категориясы және оны бағалаудың тиісті өлшемдері енгізілген. Нарықтық бәсекелестік жағдайында фирманы басқару процесінде қатысты қазіргі заманғы менеджментте де осы категория пайдаланылады. Оларды бірқатар өзгергулер енгізе отырып, мемлекеттік басқарудың тиімділігі түсінігін анықтау барысында қолдануға болады.
Қызмет тиімділігі түсінігі жергілікті мемлекеттік басқару теориясында жеткілікті деңгейде қаралмаған және іс жүзінде толыққанды олданылмаған ұғымдардың біріне жатады. Ал жалпы қоғамның, әрбір басқарушының, басқарылатындардың басқаруға және оның шешімдерін жүзеге асыруға жұмсалған шығындардың қандай нәтиже бергенін білуі қажет. Сондықтан басқару тиімділігі жайлы толық ақпаратқа ие болмай және оны өлшеуге ұмтылыс жасамай басқаруды бақылау мен оны жетілдіру жолдарын анықтау мүмкін емес. Көптеген деректер осындай жағдайдың жетілмеген, жүзеге аспаған мемлекеттік басқарудың басты себебі болып табылатындығын дәлелдейді. Саясаткерлер барлық игіліктерге қол жеткіземіз десе де, көбіне мақсаттар мен жоспарлар орындалмай қалады, күш-жігер орынсыз жұмсалып, маңызды қоғамдық және жеке құндылықтарға қол жетпей жатады. Сондықтан басқару тиімділігінің мәселесі аса маңызды, мемлекеттік басқарудың объективтілігімен тікелей байланысты.
Жалпы тиімділік екі жағдайда: біріншіден, қол жеткен нәтиже мен шыққан шығындар арасындағы айырмашылық он сальдоны, яғни адам еңбегінің әкелген пайдасын көрсеткенде, екіншіден, осы айырмашылық қоғамның, адамдардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетгі болған кезде көрініс табады. Кез келген қызметтің нәтижесінде рухани және материалдық өнімнің өсуі болмаса, әлеуметтік жағдай жақсармаса, онда ол қызмет түрі тиімді деп саналмайды. Сонымен бірге өнімнің өсуіне қол жеткізілген, бірақ ол адамдардың мұқтаждықтарына, олардың мәселелерін шешуге қолданылмаған жағдайда да тиімділік жоқ есептеледі.
Әр түрлі мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары көптеген объект түрлерін басқарады және олардың әрқайсысының басқару тиімділігі де әрқилы болады. Мысалы, қандай да бір басқарылатын объект белгілі бір өнім өндірген немесе әлеуметтік қызмет көрсеткен кезде туындайтын өндірістік тиімділік. Басқарылатын объектілердің қызметінің нәтижесінде көрініс табатын басқарудың мұндай тиімділігі өндірілген өнім мен оны өндіруге кеткен шығындар арасындағы арақатынасты білдіреді. Ол басқарылатын объект шеңберінде еңбекті ұйымдастырумен байланысты, технологиялық сипатқа ие және нормативтік-қүндық шығын көрсеткіштері бойынша өлшенеді.
Орталықтандырылған жоспарлы экономикада өндірістік тиімділікке қатты көңіл аударылды. Кәсіпорындар (ұйымдар) берілген номенклатуралық-натуралдық көрсеткіштерге міндетгі түрде кол жеткізуі керек еді. Өндірілген өнімнің қоғам мүшелерінің талаптарын қанағаттандыруы өндірушілер мен оларды басқаратын мемлекеттік органға да аса қажет болмады. Өндірістік тиімділікке бағытталу нәтижесінде қоғамда - инфляция, сапалы тауар тап-шылығы, жартылай бос нарық орын алып, өндіріс саласында ешкімге керегі жоқ өнім өндіретін кәсіпорындардың өзінде жоғары көрсеткіштер мен жақсы табысқа қол жеткізілді.
Нарықтық қатынастарға өту аталған жағдайды өзгертеді, бірақ басқарылатын объектілердің барлығы үшін емес. Олардың бірқатары - өндіріс кезеңінде де, әлеуметтік қызмет көрсету саласында да өндірістік тиімділікке бағыт бағдар жасайды. Сондықтан оған салыстырмалы экономикалық және әлеуметтік сипат беретін белгілер мен көрсеткіштерді үнемі жетілдіріп отырған жөн.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өнімді өндіру жеткіліксіз, оны айналым кезеңіне (бөлу және айырбастау) өткізіп, сатып алушыларға сату қажет. Көптеген өндірушілер үшін ұдайы өндірістік кезең сауда саттық әрекетін жасаумен аяқталады. Осы кезде өнім тұтынушыға жетіп, басқару тиімділігінің екінші түрі -экономикалық тиімділдік туындайды. Экономикалық тиімділіктің өндірістік тиімділікке қарағанда көпқырлы және терең мағынасы бар. Ең бастысы ол қоғамдағы қандай да бір өнімге деген қажеттілікті білдіреді, сұраныс пен ұсыныс арақатынасын сипаттайды, өн-дірушіге ұдайы өндірістік процестің барлық кезеңдерін анықтап, белгілейді. Өндіруші өндірілген өнім үшін нақты ақысын алады, ал бұл жаңа және ұлғаймалы өндірісті бастауға мүмкіндік беретін шығындалған ресурстарды қайтаруға және табыс табуға жағдай жасайды. Осындай тура және кері байланыс салдарынан экономика өзіне қажетті серпінділікке және өзін-өзі басқаруға ие болады. Нарықтық экономикадағы барлық өндірушілердің негізгі мақсаты экономикалық тиімділікке қолжеткізу және баскару субъектілерінің, оның ішінде мемлекеттік басқару субъектілерінің де күш-қайраты осыған бағытталған. Экономикалық тиімділіктің басқарылатын объектілердегі және басқарушы кіші жүйелердегі басқару тиімділігін талдау мен бағалау үшін маңызы зор. Оның шындыққа жанасуы өндіруші-монополистер, бағаны жасанды түрде көтеру, нақты экономикалық процестерге тән тағы басқа құбылыстар орын алатын нарықтық экономиканың оңтайлылығымен байланысты. Сондықтан мемлекет экономикалық іс-әрекеттің ұтымды ережелерін жасап қоймай, басқарудың экономикалық тиімділігін анықтау арқылы олардың орындалуын бақылап отыруы қажет.
Қоғам үшін өндіріс, бөлу және айырбас кезеңдерімен қатар экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштері бар тұтыну кезеңінің де маңызы зор. Өнімді алу жеткіліксіз, оны тиісті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін колдану керек. Өнім кейде сапасыз болуы, істен тез шығуы, үлкен шығындарды қажет етуі мүмкін. Кейде қымбат өнімнің өзі өзіне барабар қажеттілікті қанағаттандыра алмайды. Нәтижелі тұтыну ұғымы өндіріс құралдарын пайдалану деңгейін сипаттайды. Өсім беретін, еңбек өнімділігін арпыратын, ұлттық табысты құрайтын осы нәтижелі тұтыну. Сондықтан тұтыну кезеңінде өнімнің қоғамға, адамдарға қандай пайда әкелетінін білген жөн. Оны біз басқару тиімділігінің үшінші түрі - әлеуметтік тиімділікті қарастыру барысында анықтай аламыз.
Әлеуметтік тиімділік - бұл коғамның қандай да бір өнімді қолдану немесе нақты жұмыс түрін атқару барысында, сонымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz