Стилистикалық категориялар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.5
1 Стиль түзуші экстралингвистикалық факторлар ... ... ... ... ... ... . 6.12
2 Стилистиканың ұғымдары мен категориялары ... ... ... ... ... ... .. 13.17
2.1 Стилистикалық акценттік категория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
2.2 Стилистикалық гипотезиялық категория ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 22
2.3 Стилистикалық автор образы категориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.4 Стилистикалық бағалау категориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
2.5 Стилистикалық диалогтық категория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34.35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Б І Т І Р У Ж Ұ М Ы С Ы
СТИЛИСТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР
Орындаған:
4 курс студенті М. Бағымбаева
Ғылыми жетекші:
ф.ғ.к., доцент
Д.А. Әлкебаева
Норма бақылаушы:
ф.ғ.к., доцент Ә.Ж.
Әміров
Қорғауға жіберілді:
“____” маусым 2006 жыл
Кафедра меңгерушісі:
филол. ғ.д., профессор
Б.Қ. Момынова
Алматы 2006
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Стилистикалық категориялар
Жұмыстың көлемі: 36
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 20
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны: Жұмыс барысы екі тарауды құрайды. Алғашқы
тарауында стиль түзуші экстралингвистикалық факторларға байланысты
мәселелер сөз болады. Ал екінші тарауда стилистиканың ұғымдары мен
категориялары мәселесі, стилистикалық категорияларды бөлу ұстанымдары, оның
өзіне тән заңдылықтары қарастырылады.
Жұмыстың мақсаты: Стилистикалық категорияларды оқытуда тиімді әдістерін
көрсету.
Жұмыстың негізгі қорытындысы: Қазақ тілінің стилистикалық
категорияларын жете білу үшін, оқушылар алдымен мәтін өрісіндегі
стилистикалық категориялардың негізгі сипатын анықтап, қандай жағдайда
айтылатынын, әрбір стилистикалық категориялар белгісін пайдалану
ережелерін, заңдылықтарын білу керек. Сонда ғана оқушылар кез келген
мәтіндердегі стилистикалық категорияларды дұрыс пайдаланып, көркем жаза
алатын болады, тілін ширатып, ой өрісін кеңейте алады.
Тірек сөздер: стилистикалық категория, ұғым; акценттік категория,
гипотезиялық категория, автор образы категориясы, бағалау категориясы,
диалогтық категория; экстралингвистикалық фактор; сөйлеудің этикалық,
эмотивті-валютативті, сиқырлы функциялары; эмоционалды-экспрессивті реңк,
функционалды реңк, стилистикалық коннотация, интерпретация, автор этикасы.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 4-5
1 Стиль түзуші экстралингвистикалық факторлар ... ... ... ... ... ... .
6-12
2 Стилистиканың ұғымдары мен категориялары ... ... ... ... ... ... ..
13-17
2.1 Стилистикалық акценттік категория
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
2.2 Стилистикалық гипотезиялық категория
... ... ... ... ... ... ... ... . ... 22
2.3 Стилистикалық автор образы категориясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.4 Стилистикалық бағалау категориясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
2.5 Стилистикалық диалогтық категория
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32
ҚОРЫТЫНДЫ

... .. 34-35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
36
К І Р І С П Е
Стилистика – тіл ғылымының тілдік тәсілдер жүйесін зерттейтін саласы.
Стилистика стильдердің даму, өзгеру тарихын, тілдік құрастыру тәсілін,
жанрлық қатынасын, тілдік экспрессивтік құралдарын зерттейді. Қазіргі
стилистика әр түрлі лингвистикалық бағыттар мен мектептерде декскриптивті
стилистика, мәтіндік стилистика, функционалды стилистика, прагматикалық
стилистика, тарихи стилистика, практикалық стилистика, теориялық
стилистика, салыстырмалы немесе контрастивті стилистика және т.б. ретінде
қарастырылады. Стилистика мақсатты ойды қайткенде дәл, айқын, әсерлі,
экспрессивті, көрікті, көркем етіп айтуға тиісті жақтарын, соларға тән
тілдік тәсілдерді анықтайды.
Стиль – тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне байланысты жіктелетін
әдеби тілдің функционалды түрі. Стильдің ерекшеліктеріне:
а) тілдік құралдардың қолдану нормасына сай таңдап құралуы;
ә) шектелген және арнаулы лексикалық құрам;
б) өзіне тән сөздердің мағыналық реңктері мен сөзжасам элементтері;
в) өзіне тән фразеология;
г) өзіне тән синтаксистік конструкциялар;
ғ) әр стильге лайық мәнерлегіш құралдарын, құрамы мен қызметін
жатқызуға болады.
Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі стильдік тармақтар туралы пікірлерге
назар аударар болсақ, әр түрлі көзқарастар, пікірлер беріледі. “Қазақ
тілінің стилистикасы” еңбегінде: “Стильдер – тілдің бәріне тән құбылыс.
Стильдерді топтастыру проблемасы да – тіл білімінде тиянақты шешілмеген
даулы мәселелердің бірі. Стильдерді топтастырудың дәстүрлі, қалыптасқан,
бұрыннан белгілі принципі жоқ,” – дейді. Аталған еңбекте орыс тіл
білімінде де әр түрлі көзқарастар бар екендігі айтылады. Қазақ тіл
білімінде де түрлі топтастырулар бар. Қазақ тілінің эпистолярлық стилі
ресми стильмен бірге алынып жүргені белгілі. Эпистолярлық стильге ғалым Р.
Сыздық: “бұл стиль – жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарының тілін
танытатын сөз мәнері” – деп, анықтама береді [1, 45 б.].
Стиль ұғымына қатысты көптеген тіл мамандары ондаған жылдар бойы талай-
талай пікірлер айтты. Соның өзінде бүгінгі таңда даусыз, бірауыздан
қабылдайтын анықтаманы келтіру қиын. Ғалымдардың біразы бұл ұғымды
көркемөнермен тікелей байланыстырады да, басқа салаларға содан тараған деп
түсіндіреді. Екінші біреулер стиль тек әдебиеттануға ғана тән деген
көзқарасты ұстанады. Қоғамдық қызметтің әр түрлі салаларында жиі
қолданылатын, тарихи жағынан қалыптасқан, тілдік құралдардың шартты түрде
тұйықталған түрі болып табылатын әдеби тілдің түрін функционалды стиль деп
атаймыз.
М. Серғалиев стиль туралы былай дейді: “Біріншіден, стиль дегеніміз –
әдеби тілдің түрі, демек қалың қауымға түсінікті сөздер мен
конструкциялардан тұруы керек. Екінші, ол – тілдік құралдардың қалай болса
солай тіркескен тобы емес, шартты түрде алғанда тұйықталғаны жөн. Оның
мәнісі – бір стильдегі тілдік құралдар стильдің екінші түрінде де кездесе
береді деген сөз.
Ауызекі сөйлеу тіліндегі кейбір элементтер көркем әдебиет тілінде де
немесе ресми стильде болуға тиіс қайсыбір сөздер мен сөз орамдары ғылыми
стильде де қолданылатындығы ұшырасады. Ал көп жағдайда әр функционалдық
стильдің өзіне тән, телулі қолданыс тілі болады. Үшіншіден, стиль тарихи
жағынан қалыптасқан категория болуға тиіс. Олай болатыны стиль әрі тарихи
құбылыс, әрі өзгеріске түсіп отыратын құбылыс. Тарихи болатын себебі –
тілдік құралдың қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалып, тұрақтауы бір
күннің, бір айдың немесе бір жылдың жемісі емес, ол көптеген жылдарды
басынан кешіріп, әбден қалыптасқан категория болмағы керек. Ал оның
өзгеріске түсуі қайшылықты білдірмейді, қайта уақыт өткен сайын толығып,
заңды қалпына келуін дәлелдейді” [2, 8 б.].
Жұмыстың өзектілігі:
Стилистика ғылымының өзіне тән ұғымдары мен категориялары бар. Олардың
қатарына стилистикалық коннотация, стилистикалық категориялар жатады.
Стилитскалық каннотация сөздің қосымша мағынасы болса, бұл мәселе жөнінде
анықталмаған сұрақтар аз емес. Стиль құраушы экстралингвистикалық факторлар
туралы да айту бүгінгі таңда стилистика үшін өте маңызды. Стилистикалық
категорияларды топтастырып, олардың мәтін өрісіндегі тілдік белгілерін
көрсету бұл жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Бітіру жұмысының негізгі мақсаты табиғаты күрделі саналатын
стилистикалық категорияларды зерттеу болып табылады. Стилистикалық
категориялардың мәтін өрісіндегі тілдік белгілерін ажырату, әр стильге тән
ерекшеліктерін көрсету мүддесі алға қойылды. Осыған байланысты бітіру
жұмысында төмендегі міндеттерді шешу көзделді:
- стильге берілген анықтамаларды бүгінгі лингвостилистикалық көзқарас
тұрғысынан соны пікірлермен толықтыру;
- тілдік емес факторлар туралы да айта отырып, олардың стильге қатысын
анықтау;
- стилистикалық коннотация туралы айтып, оның стилистикалық
мүмкіндіктерін көрсету;
- стилистикалық категориялардың түрлеріне тоқтала отырып, мәтінде
қолдану ерекшеліктерін ашу.
1 Стиль түзуші экстралингвистикалық факторлар
Жалпы алғанда, стиль – экстралингвистикалықпен тығыз байланысқан,
дәлірек айтқанда, соған негізделген құбылыс. Мақсат, мәселе, сөйлеу
жағдайлары мен салаларын, сонымен бірге айтылымның мазмұнын ескергенде ғана
бұл құбылыс түсінікті болмақ.
Тілдің функционалды стильдерін жіктеудің және басқа да стилистикалық
түрлерін дифференциялаудың негізі ретінде көптеген ғалымдардың
лингвистиканың өз ұстанымдары мен біртұтас қаралатын экстралингвистикалық
факторларды таңдап алуы кездейсоқтық емес. Бұл факторлар В.В. Виноградовтың
функционалды стиль, стилистикалық бояу, стильдік белгі, стилистикалық норма
және т.б. стилистиканың категориялары мен түсініктері анықтамасының
негізінде жатқанын байқауға болады.
Лингвистикалық факторлардан тыс толық комплекстік бөлшектеп
қарастырудан функционалды стильдер қалыптасатындығы белгілі.
В.В. Виноградов, А.Н. Васильева, О.А. Ахманова, К. Бюлер, Б. Гавранск,
К. Гаузенблас, М. Елинск, И. Мистрик, Дж. Кэрролл және т.б. зерттеулерінде
жүйелі таңдаулар берілген.
Жалпы тілтану үшін тілдің әлеуметтік мәні, оның функционалдануы мен
дамуы жөніндегі мәселелерге лингвистикалық және экстралингвистикалық
мәселелердің қатынасын, тілге оған тән емес қызметтің тигізетін әсерін
зерттеу тән. Осыған орай функционалды стильдер экстралингвистикалық
факторлардың әсерінен түңілетіндіктен, оларға анықтама беріп, жіктеуді осы
негізде жасау тиімді. Біз тек лингвистикалық негіздегі жүйелік құрылымның
болмайтынын көрдік.
Функционалды стильдердің жіктелуі негізінде қандай экстралингвистикалық
факторлар жатады. Ол әр түрлі тіл функциясынан шығатындай да болып
көрінеді. Мұны анықтауда осы ұстанымға сүйене отырып жіктеу жеткілікті
дәрежеде онша оң нәтиже бере алмайды. Мысалы, стильдердің белгілі
классификациясындағы дифференцияшы бастаманың болмауының негізіндегі үш
түрлі аталатын функциядан бес стиль бөлініп шығады:
1) тілдесу функциясы (сөйлеу),
2) хабарлау функциясы (іскерлік және ғылыми),
3) әсер ету функциясы (көркем және публицистикалық).
Функцияны негізге ала отырып стильдерді жіктеудің кемшілігінің өзі тіл
функциясы мәселесін, әсіресе, оны тіл – сөйлеу дихотомия аспектісінде
біржақты ғана зерттеу жеткіліксіз. Тіл функциясын негізге ала отырып
стильдерге классификация берудің мүмкін еместігі олардың әдетте әрбір
сөйлеу актісінде кездесетіндігіне байланысты. Ал сөйлеудің белгілі,
этикалық, эмотивті-валютативті, сиқырлы функциялары тіл құбылысын жан-жақты
қамти алмайды.
Жоғарыда айтылғандай, функционалды стильдің анықтамасы қызмет түрлері
мен қоғамдық таным формаларының салыстырмалы сөйлеу саласына арқа сүйейді.
Бұл факторларды стильдерді жіктеуде ескерудің қажеттігі айқын.
Тіл шынайы таным болғандықтан, функционалды стильдерді жүйелеуде
қоғамдық таным формаларына (ғылым, саясат, құқық, өнер) сүйенудің қажеттігі
анық екендігі ойға қонымды, олардың әрқайсысы қандай да бір қызмет түріне
және әлеуметтік мәнді, өзінше бір стилистика – сөйлесу жүйесін құрайтын тіл
құралдарын пайдалану ұстанымдарына жататын дәстүрлі сөйлесу саласына сәйкес
келеді.
“Әлбетте әр стильдің өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Стильдің
өзіндік айырмашылықтары лингвистикалық және экстралингвистикалық тілдік
құралдардан тыс деп екіге бөлінеді,” – дейді М. Серғалиев [2, 9 б.].
Тұрмыстық стильдің экстралингвистикалық негізі ретінде тұрмыстық тілдесу
мен қарым-қатынас саласын атауға болады, ең соңында тұрмыс – адамдардың
өндірістен және қоғамдық-саяси қызметтен тыс қарым-қатынас саласы.
Сонымен, көрсетілген экстралингвистикалық негізде функционалды стильдер
бөлініп шығады:
а) ғылыми,
ә) іскерлік,
б) публицистикалық,
в) көркем,
г) тұрмыстық.
Әрбір аталған салада осы функционалды стильдің спецификасына
негізделген стиль түзуші факторлардың өз базалық кешені бар. Оған қоғамдық
таным формаларына (ғылым, құқық және т.б.) сәйкес келетін белгілеу, оған
тән ойлау формалары мен мазмұн түрі және осының бәрін анықтайтын тілдесудің
мақсаттары мен мәселелері енеді. Бұл комплекс тілдің осы аталған
салалардағы тиімді коммуникациясын жүзеге асыру үшін барынша тиімді
қолданылуын негіздейді. Ол белгілі дәрежеде бәсеке, екіншілік факторларды,
мысалы: жанрлар жиынтығы, сөйлеу түрлеріне тән функционалды-мәнділікті
анықтайды.
Функционалды стильдер негізгі, әлеуметтік мәні бар сөйлеу түрлерін алға
тартады. Осымен қатар олар қандай да бір сөйлесу саласындағы
ерекшеліктерінің типтік стильдерін құрайды. Алайда сөйлеу әр түрлі
факторлардың әсеріне ұшырай отырып, басқа да стильдік ерекшеліктерге ие
бола алады. Байқап отырғанымыздай, қызметтің қандай да бір саласы мен таным
формасына сәйкес сөйлеудің функционалды түрі иерархиялық құрылым, ал
дәлірек айтқанда – өрістік құрылымға ие.
Шынайы тіл қызметінде сөйлеудің функционалды түрі осы стильдің таза
және типтік түсінігі түрінде нұсқауларда және т.б. болады.
Сөйлем континуумде тек функционалды стильдің типтік таралуы ғана болып
қоймайды, тілдің функционалдануы тек базалық факторларға ғана әсер етіп
қоймайды. Сөйлеушінің тілді пайдалануына әсер ететін экстралингвистикалық
факторлардың күрделі иерархиясы туралы айта кету керек. Алайда осы
факторлардың бәрі де сөйлеу сипатына әсер ете бермейді және олардың барлығы
стиль анықтаушы бола бермейді. Экстралингвистикалық факторлар тіл
дифференцияларының функциялық стилистика иерархиясына сәйкес келеді. Оны
былай етіп кескіндеуге болады.
Әрбір функционалды стиль өзінше стильшелерге бөлінеді, ал олардың
өзінің де жеке-жеке түрлері бар және т.б.; осылайша сөйлем өзіндік бір
үлгіге келгенше бөлшектенеді. Бұндай бөліну ірі сөйлеу түрлерінің
(макростильдер) белгілері жойылады дегенді білдірмейді. Мысалы, барлық жеке
ғылыми сөйлемдердің түрлерінде (стильшелер, жанрлық және т.б.) ғылыми
стильге тән негізгі, арнайы белгілер сақталады.
Осыған байланысты сөйлеудің функционалды-стилистикалық қатпарлануы
негізгі стильге жанаспайды, ол өте күрделі сурет негізінде көрінеді.
Сонымен қатар шындық өмірдегі стильдер өзара ықпалдасқан және қандай да бір
нақты мәтін немесе тіпті жанр әр түрлі стильдер белгісін бір өзінде
тоғыстыруы мүмкін.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, тілдік функционалды-стильдік жіктелуді
өрістік құрылым түрінде қарастыруға болады, яғни әрбір стильдің орталығы
мен шеткі аймақтары болады. Орталыққа қандай да бір стильге жататын, оның
өзіндік қасиетін таза әрі толық көрсететін мәтіндер жатады. Ал шеткі
аймаққа мәтіннің өзіндік қасиетін көрсететін, яғни түр өзгешелігі мен
қатпарлануын, оның қатарында өзге стильдерден өзіне кірме жасалатын
мәтіндер жатады. Міне, нақ осы шеткі аймақта, шекаралық аймақта,
функционалды стильдердің тоғысуы және олардың неғұрлым мүмкін өзара
ықпалдасуы байқалады. Бірақ қандай да бір нақты мәтін өз бойына сәйкес
стильдің өзіндік белгілерін жинап алғанда, ол сол стильге жататыны анық;
шеткі аймақта әр түрлі стильге (жеке) өтіп кете беретін әлсіз
айтылымдағылар жатады. Сонымен, стиль өріс ұстанымы бойынша құрылған, ал
осы стильдің өзара ықпалы және шеткері аймақта бір-біріне ықпалы анық
байқалады.
Ғылыми түрде негізделген стильдер топтамасы мен олардың одан әрі қарай
(іштей) бөлінуі өте өзекті және тек теориялық маңызға ғана емес, сонымен
қатар практикалық маңызға да ие, әсіресе, сөйлеу мәдениеті, әдеби
редакциялау, тілді оқыту әдістемесі үшін де маңызы зор. Бұл мәселе
лингвистердің назарынан тыс қалмаса да, сонымен бірге функционалды
стильдердің экстралингвистикалық факторлар мәселесі де онымен байланысты
бола тұрса да, ол жиі түйсік деңгейінде шешіліп отырады. Сондықтан ол бұдан
әрі қарайғы арнайы және кешенді зерттеуді қажет етеді. Тек осындай
зерттеулер (әсіресе, ғылыми, заңнамалық сияқты салаларға қатысты) шынымен-
ақ ғылыми негізделген топтама беруі мүмкін. Сөйлеу стилі көптеген
экстралингвистикалық факторларға тәуелді болғандықтан, олардың стиль
терминдіруші қасиетін, сөз сипатына әсер ету дәрежесі мен күшін жан-жақты
талдау қажет (стилистикалық тілмен айтқанда, олардың ықпалының өміршеңдігі
мен өміршеңсіздігі). Біріншілік пен екіншілік, күшті мен әлсіз, стиль
түзуші мен стиль түзбейтін экстралингвистикалық факторлар туралы айтуға
болады. Мысалы, жазбаша ғылыми стильде жанр сияқты фактор өте әлсіз стиль
түзуші болып табылса (мақала, монография, очерк – бір-бірінен ғылыми
стильдің өзіндік белгілері бойынша ажыратылмайды), іскери стильде бұл
фактор (жанр) басым болады.
Сөйлеу стиліне көптеген факторлардың әсер етуіне байланысты, оларды
ажыратуда, мысалы, монологтік және диалогтік сөйлеудің әр түрлілігі,
коммуникациясының бұқаралық және бұқаралық емес сипаты, бұқаралық
коммуникацияның әр түрлілігі (диспут, әңгімелесу, симпозиум және т.б.)
кездеседі. Мазмұн ерекшелігінің стиль қасиетіне әсері, оның бойында
авторлық индивидуалдықтың байқалуы да ерекше. Сөйлеу сипатына қарқынды
ықпал ету қарым-қатынас, яғни ауызша немесе жазбаша формада да байқалады.
Барлық функционалды стильдер ауызша, сонымен қатар жазбаша формада да
кеңінен танымал. Мәселен, кейбір стильдердің ауызша формада өмір сүруі
шектеулі (көркем, ресми-іскери), ал өзгелеріне ауызша форма тән.
Стильге экстралингвистикалық факторлардың әсер ету дәрежесін есептеу
қиындығы айтушының темпераменті, тілдік дағдылары, білім сипаты мен
деңгейі, қызығатын дүниесі, сөйлеу кезіндегі көңіл-күйі сияқты жеке
белгілерін көрсетуде әрі қиындай түседі. Лингвистикалық әдебиетте (әсіресе
шетелдік әдебиеттерде) сөйлеуге әсер ететін факторлардың ішінде мыналар да
бар: сөйлеушінің жасы, білім деңгейі, жылдық табысы, отбасылық жағдайы т.б.
Байқағанымыздай, айтылған факторлардың бәрі бірдей дәрежеде стиль түзуші
емес, тіпті, стиль анықтамасына әсер ете алатын қабілеті де бар және
болмауы да мүмкін.
Бұл жөнінде шетелдік стилистика ғылымын зерттеушілердің осы факторларды
объективті және субъективті стиль түзуші деп бөлу идеясы өте жемісті деуге
болады.
Қазіргі кезде жеке функционалдық әр түрлілікті толықтай немесе аздап
болса да топтастыру жоқтың қасы, сондықтан бұдан әрі қарай көрсетілген
жүйелілік толық емес.
Экстралингвистикалық термині шамамен шартты алынған анықтама.
Экстралингвистикалық факторлардың базалық негізінде функционалды
стильдердің конструктивті принципі құрылады. Сонымен, экстралингвистикалық
факторлар барлық стильге тән. Ғылыми стильде бейнелеу категориялары мен
ойлау стиліне негізделеді.
“Республика көлеміндегі жер-су аттарын топтастыру сияқты Жетісу
өлкесінің жер-су аттарын топтастыру барысында: 1. Тарихи – хронологиялық
жағынан топтастыру; 2) тілдік табиғаты жағынан лексикалық қабаттарға бөліп
топтастыру орынды сияқты”
(Жанұзақов Т.).
Бұл ғылыми стильдегі сөйлемде 2 экстралингвистикалық факторларға
негізделгені байқалады. Біріншісі – сияқты болжау категориясымен берілген
пікір. Екіншісі – логикалық жағынан тұрақталмаған. Әрине сөйлемнің
коммуникативті-прагматикалық мәніне бойлаған сайын оның басқа да
экстралингвистикалық факторларға жетелейтіні сөзсіз.
Сонымен ғылыми стиль мынандай іскери стильдерге бөлінеді: ғылыми
стильдің нұсқалары ретінде көрінетін ғылыми және ғылыми-техникалық. Осы
іскери стильдің әрқайсысы бұқаралық-ғылыми айтылымда қолданылуы мүмкін,
яғни ғылыми стильдік белгіге бұқаралық белгісін қосудан пайда болады. Ары
қарай жалғастырсақ, осы түрлердің әрқайсысы ғылым салаларына қатысты
бөлінуі мүмкін (химия, физика, тіл білімі т.б.). Осыған байланысты бәрінен
бұрын лексикалық, кейде одан өзге де сөйлеу ерекшелігіндегі айырмашылық
пайда болады. Жанр болса, сөйлеу сипатына да әсер етеді. Сонымен, сөйлеу
стиліне баяндау тәсілінің де әсері зор. Хабарлау, талдау, бейнелеу. Бұл
көрсетілген факторлар стиль түзушілік маңыздылығы бойынша бірдей емес.
Ресми-іскери (заңнамалық) стиль өз ішінен динамикалық және іскери
сияқты стильге бөлінеді, кейде үшінші түр – дипломатиялық стильге де
бөлінеді. Олар жанр түрлілігін жинастырған: кодекс, жарғы, келісім, бұйрық,
акт, өтілім т.б. Жанрлық-стилистикалық айырмашылық ғылыми стильге қарағанда
ресми-іскери стильде айқын көрінеді, яғни осы қатыста ішкі функионалды
айырмашылық іскери стильде айқын әрі анық көрінеді. Стильдік айырмашылық
құжат мазмұны, тақырыбы мен оны қолданудың тар саласымен байланысты.
Мысалы, “Халықаралық келісім-шарт” пен “Еңбек келісім” стилі туралы да
осылай деуге болады. Стильдік айырмашылық мәтіннің функционалды
бағытталуына тәуелділігінен де көрінеді (мысалы, “Қылмыстық кодекс” стилі
“Қылмыстық-процестік кодекс” стилінен ерекшеленетіні байқалады).
Сонымен қатар, қарым-қатынастың осы саласындағы стильдік айырмашылығы
шығарушы орган немесе өкілеттіктің айтылым сипатына тәуелді болады;
стильдік ерекшелік мәтіннің құрылымдық-құрамдық мүшеленуіне де тәуелді.
Публицистикалық стиль көптеген өтпелі (стильаралық) құбылыстары арқылы
ерекше күрделі әрі салалы болып келеді. Оның негізгі іскери стильдерінде
публицистикалық, сөздің тар мағынасында (памфлеттер, очерктер және т.б.),
газеттік және саяси-үгіттеуші (ұран, үндеухат, прокламация, митингілерде
сөз сөйлеу) сияқты стильдік ерекшеліктер байқалады. Өз кезегінде әрбір
іскери стиль жанрлық және өзге де ерекшеліктер бойынша былай бөлінеді. Айта
кету керек, бұл жерде жанрлық ерекшелік анық байқалады. Қай жағдайларда
жанрлар тобында осыған ұқсас стильдік ерекшеліктер кездеседі.
Газет тілінің ішкі стильдік қатпарлануы өте күрделі. Бәрінен бұрын
стильдік айырмашылық газеттің негізгі функциясы – ақпараттық немесе әсер
етушіліктің нақты бір мәтінде баса көрінуімен байланысты. Сонымен қатар,
кейбір өзіндік газет жанрлары стильдік ерекшелігі бойынша да бөлінеді:
репортаж, интервью, ақпарат т.б. Стильдердің кейбір ерекшелігі басылым
органы сипатынан, газеттің мамандандырылуынан басталады, олар автордың жазу
ерекшелігі мен мазмұн тақырыбына байланысты болады. Газет жанрларында
өтпелі, яғни стильаралық ықпал айқын байқалады. Мысалы, көркем-
беллетристикалық стильдің очерк, фельетон, репортажға әсері. Негізінен,
очерк – синтетикалық, көркем-публицистикалық жанр, міне, осы оның стилінде
бейнеленеді.
Газет, техника, экономика т.с.с. салалар білімді елге танытушы бола
отырып, өз материалдарының қатырында ғылыми-көпшілік немесе ғылыми-
публицистикалық стиль атты ерекше түрді байқатады. Ғылыми стильдің әсері
өтпелі, мәселе көтерген мақалаларда кездеседі, яғни ол мақалаларда сөйлеу
нысанына талдау, жалпылық сипаттағы пікір беріледі. Сөйлеу стилінде
бейнеленетін газет материалдарының әр түрлілігі бола тұра, газет тілінің
құрылуына қатысты жалпы ұстанымдары туралы, оның қызметі, құрылымы мен
стильдік реңкінің біркелкілігі, осыған байланысты жалпы газеттік іскери
стиль туралы айтуға болады.
Осыған бай ұжымдық монографияда көрсетілген әр түрлі газет жанрларының
стильдік ерекшеліктері осындай қатынасқа тән болады. Кейбір жеке жанрлардың
стилистикасы сөйлеу ерекшелігіне авторлардың назарын арнайы бұрса да, ол
газет тіліне тән жалпы стильдік реңктен байқалып тұрады.
Публицистика бұқаралық коммуникацияның бір саласы ретінде өзге де
түрлерге бөлінеді. Радиопублицистика, кинопублицистика, телепублицистика
деп бөлінеді. Олардың әрқайсысы публицистикаға тән жалпы реңктерден басқа,
өзіндік лингвостилистикалық айырмашылықты қалыптастырады. Мысалы:
“Бәлкім мәдениет пен өнер туралы айтылатын ендігі ойлар мен пайымдарды
етекті жасқа толтыра сан соғып, сағымыз сынған қалыпта әңгімелеуден гөрі
оның қазіргі таңдағы құнарлы құбылыстарын жігерлі рухтың, жылы лебіздің
толқынында тебірене жеткізудің заманы келгенін сезінер шақ туған шығар. Бұл
қол жеткен болмашы табысқа болдық-толдық деп масайрап, мамыражай мимырт
тірлік кешейіктің, тоқмейілсінудің ұғымына бой алдырмаса керек. Рухани
қайғымызды заманның батыс жақтан соққан долы дауылы өз ырғағына бағындырып,
жеңіл толқындары жемтігіндей қылқындыра жұтпақ деген қауіпті қаперден
шығармағанымен де, көне сарыны еш кезде көлденең көк аттыға көнбеген көркем
қайнарымыздан мұнан былайғы уақытта көз жазып қалатын болдық деудің өзі
қисынсыз сөз. Жан-жағыңды жанұшыра қымтап, деміңді ішке тартып, оқшау
өмірдің ошағын жападан жалғыз жағып, томаға-тұйықтық тұмшауында қалу ауасыз
тұншығумен бірдей екенін ендігі жерде айтудың өзі артық сияқты” (“Егемен
Қазақстан”).
Публицистикалық стильдегі экстралингвистикалық факторлардан жеке
субъекті мен қоғам арасындағы байланыс, жеке пікір мен қоғамдық пікір,
бағалау және дерек, болжам мен сенімге де негізделгенін көруге болады.
Ауызекі сөйлеу стилінде экстралингвистикалық факторлар өте көп. В.А.
Аврорин қарым-қатынас аясы өте кең, шексіз екенін ескере отырып, 12 қарым-
қатынас аясы бар дегенді [3, 6 б.], ал Ю.М. Скребнев қарым-қатынас аясының
шексіз екенін көрсетеді [3, 5 б.].
Сонымен, экстралингвистикалық факторлар стилистикалық ұғымдар мен
категорияларды өз мәнінде толық айқындауда басты роль атқарады.
Көркем тілдің жалпы стильдік қатпарлануы әдебиеттің үш тегімен, яғни
лирика, эпос, драмамен сәйкес болады. Осыдан іскери стиль шығады: жалпы
өлең тілі, көркем-проза, драматургиялық.
Жалпы стильдік айырмашылық мәтіннің қай жанрға жататындығына, бейнелеу
әдісіне (романтизм, реализм), әдеби мектепке, баяндау тәсіліне (хабарлау,
бейнелеу) байланысты. Олар әңгіменің сипатына (мысалы, баяндаудың ертегілік
мәнері), стильдің болуы немесе жоқ болуына, осыдан басқа, идея мен
тақырыпқа, композициялық ерекшелікке, образдар жүйесіне және автордың
жекелігі дәрежесіне (өзге функционалды стильдерден айырмашылығы), автор
бейнесіне және т.б. факторларға тәуелді болады.
Көркем сөйлеудің стильдік құрылымының көп аспектілігіне, ерекше
күрделілігіне және оның бойынан авторлық жекеліктің ауыспалы сипатының
байқалуына қарамастан, көркем сөйлеудің нақты стильдік біртұтастығы туралы,
сонымен қатар жеке шығарманың стильдік бірлігі туралы айтуға болады. Көркем
сөйлеу әрқашан өзіндік стильдік белгілерден тұрады, осы белгілер оны тілдік
қатынастың басқа саласындағы стильден ерекшелендіріп тұрады. Осындай
стильдік реңктер функционалды бірлікпен негізделеді: сөйлеуде тіл
құралдарын эстетикалық қызметте пайдалану. Жалпыға танымал көркем сөйлеу
көп стильді бола тұра, оның бойында басқа функционалды стильдердің тілдік
элементтері де көрініс табады (бұл өзге стильдердің қандай да бір біртұтас
бейнесі емес, тек элементі екені маңызды). Көркем әдебиетте де синтетикалық
жанрлар бар (мысалы, көркем публицистика саласында). Көркем әдебиет кей
жағдайларда ауызекі тіл мен ауызекі-тұрмыстық тілдің өзіндік бейнесін
көрсетеді, әрине, олар тек суреттік қызметте емес, эстетикалық қызметте де
көрінеді. Осыған байланысты көркем шығарма синтетикалық стилистика – тілдік
құбылыс болып табылады.
2 Стилистиканың ұғымдары мен категориялары
Негізінен категория – дүниедегі заттар мен құбылыстардың және таным
процесінің неғұрлым ортақ және елеулі байланыстарын көрсететін бірегей,
іргелі логикалық ұғым. Ғылымның кез келген саласы, оның ішінде философия
ұғымдар жүйесін пайдаланады. Олардың ішінде зерттеліп отырған пән саласының
неғұрлым маңызды ерекшеліктерін көрсететін негізгілер ғана категория
дәрежесіне ие болады. Категория өздерінің жалпыға бірдей және бірегейлі
сипатымен ерекшеленеді: олар практика мен танымның барлық саласында
кездеседі және қолданылады, ақиқаттың аса маңызды байланыстары мен
қатынастарын олардың неғұрлым жинақталған күйінде көрсетеді. Жаңа ілім
категориялары қоғамдық практика мен танымның тарихи тәжірибесін қорытудың
нәтижесі – ойлау жүйесінің әмбебап формалары деп есептейді.
Ал тілдік категория – жалпы қасиетке ие болатын тілдік элементтің кез
келген тобы. Тар мағынасында – бірыңғай тілдік бірліктердің жиынтығы
(мысалы, етіс категориясы, есім категориясы, септік категориясы). Тілдік
категорияны жүйелеу синтаксистік және семантикалық белгілерге байланысты
жүргізіледі. Категориялық белгі семантикалық, синтаксистік белгілерге
байланысты жүргізіледі. Категориялық белгі семантикалық, синтаксистік және
жалпы категориялық болады. Сөз тобына бөлінуіне қарай категориялық белгілер
– модификациялық және классификациялық болып бөлінеді.
Тілдік категория термині Аристотель еңбектерінде алғаш қолданылып, 10
түрге бөлінген: мән, сапа, қатынас, мекен, уақыт, жағдай , қалып, әрекет
және шыдам. Категорияны бұлайша бөлу кейін сөз табын жүйелеуде негізге
алынады. Синтаксистік прагматикада “сөйлем категориясы”, “коммуникативтік-
грамматикалық категория” т.б. ұғымдар бар.
Тілдік категориялар туралы тілдік таңба мәселесінде ерекше айқындалатын
мәселелердің бастылары болып табылады. Күні бүгінге дейін өзектілігін
жоймаған тақырыптардың бірі – тілдің жүйе ретіндегі табиғатын танытатын
таңба мен таңбаланушы мәселесі. Жалпы таңба ұғымының қалыптасуы ежелгі
антикалық даму кезеңінен бастау алады. Аталған мәселемен тұңғыш айналысқан
Платон, Аристотель, Локк, Лейбниц және т.б. ірі ғалымдар таңба мен
таңбаланушы ара қатынасы туралы озық ойлары мен ғылыми пайымдауларын өз
замандарында-ақ айтып үлгерді.
Тілдің мәні, оның таңбалық сипаты, тілдің шығуы мен дамуы, ойлау мен
тілдің ара қатынасы және т.б. мәселелерді зерттеп шешу үшін философия тіл
біліміне бағыт-бағдар сілтейді. Адамның ойлауы тіл формасы түрінде іске
асатын болғандықтан, ғылым адамның ойлау процесі, өзін қоршаған дүниені
адамның тану процесі тілде қалай көрінеді деген мәселені ескерусіз қалдыра
алмайды. Бұл жерде этнография, мәдениет, өнер, тіл мәселесімен қатар
семантикалық философияның өкілі, американдық дескриптивтік мектептің ірі
ғалымы Эдуард Сепир туралы айтқан жөн. Ол – ғылымда Уорф-Сепир гипотезасы
деген атпен белгілі болған атақты ілімнің иесі, тіл мен мәдениет туралы
алғаш сөз еткендердің бірі. Оның пікірінше, мәдениет – халықтың ойлауының,
іс-әрекетінің көрінісі болса, тіл – қалай ойлаудың көрінісі болып саналады.
Таңба үш бірліктің басын тоғыстырады: таңбалаушы, таңбаланушы және
объект. Оның ішіндегі таңбалаушы дегеніміздің өзі – дыбыс. Ал таңбаланушы –
ой-сана арқылы танылатын, алдын-ала белгілі болған, дыбыстаумен
белгіленетін зат, объект болса – сыртқы субстракт. Осылайша, таңбалаушы мен
таңбаланушының белгілерінен тұратын тілдік таңбаның екі жақтылық
концепциясы ортағасырлық философиядағы ең көп сауалды, даулы тақырыптардың
қатарын толықтырады.
Таңбаның стилистика ғылымында алатын орны ерекше, таңба ықпал ету мен
қарым-қатынастың әр түрлі жағдаяттарынан толық хабар береді.
Стилистикалық категориялардың басты мақсаты – айтылым мен сөз мәтінде
категориялық сипат танытуды көздеу. Ғалым Вайсгербер өз еңбегінде былай
дейді: “Языковой знак, который нечто означает и благодаря своей звуковой
форме занимает, как правило, однозначно определенное место в рамках языка,
сам дает нам сведения о своих судьбах. Поскольку, кроме того, функция языка
как средство общения определяет известную равномерность этих судеб, тут все
же возникает возможность преодолеть возникающие из необозримой массы и
многообразия языковых высказываний трудности в исследовании языка, причем,
более полно, чем это возможно в других феноменах культуры”. Вайсгербердің
бастапқы таңбалық позициясы Фосслердің коммуникативизмі мен оның ұстазы Р.
Турнайзеннің этимологиялық зерттеулермен тығыз байланысты. Таңба жөніндегі
әр түрлі жаңа көзқарастармен таныса отырып, Вайсгербер Фердинанд де
Соссюрдің таңбалық концепциясын өте жоғары бағалайтындығын білдіреді.
Фердинанд де Соссюрдің тілдік таңбаны екіжақты психикалық құбылыс
ретінде қарастыратын тезисі көптеген қолдаушыларын тапты. Аталған тезис
бірнеше бағытты қамтыды. Ғалымның “в языке нет ничего, кроме различий”
деген ойы тілдегі барлық концептуалдық және формалдық ерекшеліктердің
болатындығын дәлелдей түседі.
Вильгельм Гумбольдт, Фердинанд де Соссюр, И.А. Бодуэн де Куртенэ
сияқты әйгілі ғалымдардың таңба екі жақты құбылыс: оның бір жағы – сыртқы
материалдық, дыбыстық көрсеткіші де, екіншісі – ішкі мағыналық, идеялық
жағы, таңба дейтініміз осы екеуінің бірлігі дейтін тұжырымдарына толықтай
келетін тілдік тұлға – сөз. Бірақ, сөз – көмекші таңбалар сияқты өз бойында
мағынасы жоқ, құр материалдық белгі емес, материалдық жағы мен идеялық жағы
бір-бірінен ажырамайтын бірліктерден тұратын біртұтас тұлға.
Тілдік таңбалардың басқа жүйедегі таңбалардан икемді, оралымды,
болмыстағы өмір шындығы бейнесін соншалықты шебер жинақтап бере алатындығы,
басқа таңбалардан тек коммуникативтік қана емес, экспрессивтік де,
парадигматикалық та, репрезентативтік те, сигнификативтік де қызмет
атқаратын көп функциялы болуы және осы қызметтердің бір-бірімен байланысты
шарттастығы – тілдік таңбалардың көп қабатты, иерархиялық құрылымды
болуынан.
Тілдегі бірліктер халықтың дүниетанымы, болмысы, рухани мәдениетінен,
сол халықтың тіршілігінен, өмір сүрген ортасынан, менталитетінен,
психологиясы мен әлеуметтік-саяси көзқарасынан мағлұмат беретін ұлттық
құбылыс болып табылады. Тілдік таңба – мәдениеттің феномені, ол ұлт
мәдениетінің көрінісі ретінде ғылымда өз дәрежесінде әлі де зерттелмей
келеді. Тіл – рухани күш, демек тілдік таңбалар, яғни таңбалаушы мен
таңбаланушы және объект арқылы адам кез келген құбылысты қабылдап, оған
баға беріп, өз көзқарасы мен ойын білдіре алады.
Таңбаның ең басты қасиеттері – оның қабылдану мүмкіндігінің болуында,
басқаша айтқанда – материалдануы, конвенциалдануы және жүйелілігі. Қандай
да бір құбылыс немесе зат таңбаны қабылдаушы субъектінің объективті
шындыққа деген ерекше қарым-қатынасын көрсету арқылы белгілі бір таңбалық
жағдайға нақты таңбалау семиозисін іздестіреді.
Жалпы нақты өзіндік стильдік ерекшелігі бар қарым-қатынастың ауызекі-
тұрмыстық саласы да стилистикалық жағынан біркелкі емес. Бәрінен бұрын
ауызша және жазбаша тілдің түрлеріне бөлінеді.
Осы кезге дейін стилистика ғылымында оның категориясы туралы әңгіме
қозғалмаған болатын. Қайталаманың стильдік категория бола алатындығы туралы
профессор Р. Сыздықтың еңбегінде жалпылама айтылып кетеді [4, 87 б.].
“Шығарма тілін көрнектеуде қайталама құбылыс – өте ұғымды тәсіл қатарынан
табылады. Ол стильдік категорияға жатады,” деп бағалайды ғалым О. Бүркітов
[5, 12 б.]. Сондықтан қайталамаларды лингвостилистикалық категория ретінде
тануда профессор К. Аханов пен профессор С. Исаевтың еңбектерінде негіз
жасалады [5, 12 б.]. Қайталамаларды стилистиканың жеке категориясы ретінде
зерттеу оның бұрын қарастырылмай келген сан түрлі лингвостилистикалық
табиғатын тануға мүмкіншілік береді.
О.Бүркітов қайталамалардың лингвистикалық табиғатын ашуда оны
лингвостилистикалық категория деп таниды [5, 11 б.]. Академик М. Серғалиев
өзінің стилистикаға қатысты еңбектерінде стилистикалық ұғымдар мен
категориялардың негізгі мәнін ашып көрсетті [6, 8 б.].
Стилистиканың өзіндік ерекшелігін айқындайтын ұғымдары мен
категориялары болады. Стилистиканың басты ұғымдары мен категориялары туралы
стилистикаға арналған еңбектерде азды-көпті жазылып жүр. Стилистикалық
ұғымдар мен категорияларға арналған М. Серғалиевтің еңбегін айтуға болады.
М. Серғалиев стилистиканың басты ұғымдары мен категорияларына жалпы
мағынадағы стиль, стилистикалық бояу, стилистикалық құрылым, стилистикалық
белгі, стилистикалық норма т.б. жататындығын айтады [6].
Орыс ғалымдары М.Н. Кожина, В.И. Шаховский, Т.В. Матвеева,
М.П. Катюрова, Л.В. Сретенская, Ф.Я. Солганик, И.Р. Гальперин, Н.Н.Трошина
[7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14] стилистикалық категориялар туралы біршама
еңбектер жазды.
Тілдің жекелеген қабаттарының стилистикалық сипаты, оның функционалды-
коммуникативтік деңгейі қазақ тілі стилистикасының өзекті мәселелері болып
табылады. Тілдік бірліктердің стильдік мәні, стильдік бояуы мен
мүмкіншіліктері лингвоэстетикалық категорияға жатады.
Д.Әлкебаева “Қазақ тілі стилистикасының прагматикасы” деген еңбегінде
стилистикалық категорияларды бірнеше түрге бөліп топтастырады:
1) стилистикалық акценттік категория;
2) стилистикалық гипотезиялық категория;
3) стилистикалық автор образы категориясы;
4) стилистикалық бағалау категориясы;
5) стилистикалық диалогтық категория [15, 32-33 бб.].
Б.Бобылев публицистикадағы стильдік категориялардың қолданыс
ерекшеліктері жайлы былай дейді: “Стиль выступает в публицистике не как
средство образного исследования и моделирования действительности, а как
средство “упаковки”, как наиболее эффективная и целесообразная форма
преподнесения, разъяснения, иллюстраций уже фактов, попечений истин.
Эмоционально-оценночные и образные языковые средства здесь играют
вспомогательную роль” [16, 8 б.].
Публицистикада өзге сөз қолданысындағыдай, сыртқы объективті факторлар
мақсат-ситуация, қарым-қатынастың бағыты – стиль қалыптастырушы қызмет
атқарады.
Стилистикалық категория туралы азды-көпті ғылыми пікірлерді жеке ғылыми
тұрғыдан бөліп көрсеткен Д. Әлкебаева. О. Бүркітов “Қазақ тіліндегі
қайталамалардың лингвистикалық табиғаты” деген еңбегінде қайталамаларды
жеке стильдік тәсіл деп ала отырып, әлдеқайда ауқымды келетіндігіне, оны
лингвостилистикалық категория деп тануға мүмкіншілік береді. М.Н. Кожина
бойынша стилистикалық реңк, стилистикалық тәсіл және стилистикалық мағына
деген терминдер бір-бірімен тығыз байланысты. Алдыңғы екеуі ғылымда
бұрыннан таныс, соңғысы кейін қосылған. Тілдік тәсілдер бейтарап және
стилистикалық бояу деп бөлінеді. Стилистиканың бейтарап түрі тіл білімінде
әр түрлі қоғамдық қарым-қатынаста стилистикалық реңксіз қолданыла береді.
Мысалы, жалпыға ортақ сөздер – үй, адам, тау, оқу, қызыл.
Стилистикалық өңді екі түрге бөлу бар, олар: эмоционалды-экспрессивті
және функционалды.
Эмоционалды-экспрессивті реңкке мысалдар: боқмұрын, шалапай.
Функционалды реңкке: нигилизм, альтернатива, дебет.
Функционалды стильдің реңкі эмоционалды-экспрессивтіге қарағанда
анығырақ. Сондай-ақ, біріншісінің мағынасына бояу жамылғыштары тән болса,
екіншісіне – қолданылатын орны маңызды. Бірақ екіншісінде негізгі мағыналық
бірліктермен қатынас жоқ емес. Реңкті таза функционады деп айта алмаймыз.
Көп жылғы көріністерге сенсек, тілдік бірліктер семантика-стилистикалық
жағынан және оның қолданысында бір-біріне тәуелді болады.
Стилистикалық коннотация дегеніміз – заттық-логикалық, грамматикалық
мағыналарға қосымша жұмсалынатын экспрессивтік және стилистикалық
қасиеттер, ол – стилистикалық коннотацияның көрінісі. Стилистиканың басты
ұғымдары мен категорияларына жататын стилистикалық коннотацияның сипатын
айқындайтын түрлері өте көп.
Р. Авакова “Фразеологиялық семантика” атты еңбегінде фразеологиялық
коннотацияның прагматикалық әсері бар екеніне басты назар аударған. “Сөздер
мен сөз тіркестерінің бойындағы мағынаны толықтыратын қосымша
экспрессивтілік, тілдің ұлттық ерекшеліктері мен мәдени құндылықтары оларға
ерекше прагматикалық әсер, яғни сөйлеуді айшықтандыратын нәтиже қажеті
сөзсіз” [17, 22 б.].
Сондықтан да функционалды стилистикалық реңк тілдік бірлікке қатынасты
болуы мүмкін. Функционалды реңк нақты сөйленісте көрініс табады.
Стилистикалық мағынаға дұрыс анықтама берілген жоқ. Стилистикалық
мағына – стилистика ұғымының орталықтарының бірі. Өйткені кейбір
зерттеушілердің айтуынша сөздің мағынасы тек қана оның заттық ұғымына ғана
емес, сонымен қатар оның экспрессивті-стилистикалық реңкіне байланысты.
Мағына санадағы шындықтың көрінісінің ерекше формасы ретінде қарастырылады.
Стилистикалық коннотация – қосымша мағына, оған қосымша семантикалық,
не стилистикалық реңк, олар экспрессивті-эмоционалды бағалау қызметін
атқарады. Стилистикалық коннотация – стилистикалық ұғымдарды қамтиды.
Стилистикалық коннотациялардың үш түрі бар:
1. Тілдік бірліктің мазмұнына қатысты баға не қатынас оның мағынасынан
көрінеді. Мысалы, ер адамға қатысты: аю, бұқа, ешкі, ит, доңыз.
2. Логикалық-ұғымдық мағынада заттың бағасы немесе оған қатынас
көрсетілмесе де, ол тілдік бірліктің белгілі бір контекске қолдылуына
байланысты көрініп отырады. Мысалы: әдеби троп, байланыс желісі т.б.
3. Коннотациялар бағалауда не қатынаста көрінбейді, олар тілдің
қолданылу аясына тән. Мысалы, әр салаға тән өзіндік терминдер. Кез келген
тілдік бірлік, әсіресе, көп мағыналы стилистикалық құрал бола алады.
Олар екі топқа бөлінеді:
1. Функционалды құралдар: кітаби және ауызекі стиль. Өз алдына кітаби
стиль классификация құрайды, оған: ғылыми, публицистикалық, іс-қағаздар,
көркем әдебиет стилі жатады. Тілдік құрылымның негізіне қарым-қатынас
жасаудағы тілдік бірліктер енеді.
2. Экспрессивті құралдар. Оған эмоционалды-экспрессивті белгілері айқын
көрінетін сөйленістер жатады. Мысалы, салтанатты, ироникалық, жақтырмау,
фамилиярлық т.б.
2.1 Стилистикалық акценттік категория
Стилистикалық категориялардың қатарына акценттік категория,

диалогтық категория, мәтін категориясы т.б. жатады.
Акценттік категория (баса көңіл аударатын) – мәтіндік категориялардың
бірі. Акценттік категория концептуалды тілдік бірліктердің мағыналық жақтан
көңіл аударуын қажет етеді. Адресат автордың көзқарасына көз жеткізу
сенімділігін көрсетеді, сол арқылы қабылдаушы мен тыңдаушының ортақ
түсінікке ие болуын қамтамасыз етеді. Адресант өзінің басты мәтіндік
мәліметінің ақиқатына тыңдаушының көзін жеткізеді. Мәтіндік акценттік
категорияны реттеудің тәсілдері сөздің стилистикалық қызметіне байланысты
әрі соған тікелей тәуелді.
Ғылыми стильде акценттік категория микроөрістерге бөлінеді: дәлелдеу,
нақтылау, бағалау, категориялық, белсенділік т.б. Ғылыми стильдегі дәлелдеу
оның стильдік базасы арқылы да түсіндіріледі. Ғылыми стильдегі нақтылық
логикалық жақтан тиянақтауды қамтамасыз етуде көрінеді. Ғылыми стильде
акценттік категория ғылыми жүйелеудің танымдық процесінің динамикасы мен
табиғаты арқылы түсіндіріледі. Ғылыми стильде ол терісті теріске шығару
заңына сәйкес келіп отырады. Сонымен қатар, бірақ, алайда, керісінше,
дегенмен сияқты шылаулар кез келген ғылыми мәтіннің стилистикалық жағынан
дұрыс құрылуында маңызды рөл атқаратын акценттік категория болып табылады.
Мысалы:
Демек... әдеби тіліміз ұзақ жылдар бойы жалпы халық тілі негізінде пайда
болды (М. Балақаев).
Сонымен, номинативті сөйлем – базистік (түпкі) конструкция (Қазақ
грамматикасы).
Акценттік категорияның ғылыми стильдегі тағы бір түрі нығайту деп
аталынады. Ғылыми мәтіндерде үстеудің түрлерін осыған жатқызуға болады,
мысалы, ерекше, айрықша, төтенше. Автор осы сөздер арқылы ғылыми стильдің
ерекше көңіл аударатын тұстарына адресаттың назар аударуын көздейді.
Мысалы:
Интонацияның маңызды да ерекше компоненттерінің бірі – пауза.
Сонымен, жақсыз сөйлем деген атау шартты болып саналады (Қазақ
грамматикасы).
Ғылыми стильде адресант адресатқа айрықша көңіл аударту үшін мәтіннің
микроөрісіндегі тыңдарманның қызығушылығын арттыратын кейбір синтаксистік
және графикалық тәсілдерді пайдаланады. Ғылыми мәтіндегі осындай акценттік
категориялар өзінің күрделі ғылыми хабарларға толы мәтінінің мазмұнын
қабылдаушыға түсіндіруді жеңілдетеді. Сондықтан кейбір графикалық сызықтар
мен сөйлемдерді ерекше белгілермен сызып, дизайн жасап, белгілі стильдік
белгілермен көрсетіп отырады. Ғылыми стильде баса көңіл аударатын құбылыс
оның фактілілігін, терминдерін түсінуін, анықтамаларын графикалық сызбалар
арқылы бөліп көрсетеді. Міне, осы графикалық сызықтар адресаттың немесе
қабылдаушының стильдік сұранысын өтеуге жеңілдік қана әкеп қоймайды,
қызығушылығын тудырады.
Ғылыми стильде акценттік категорияның арқасында “экспрессивті
мазмұндау” деп аталатын стильдік белгілермен келетін синтаксистік
категориялар болатындығы белгілі болып отыр. Осындай ғылыми анықтамалық
сөйлемді қабылдаушы толқымай оқи алмайды. Көз ауруының 200 түрі бар (Ғылыми
оқулықтан). А. Байтұрсынұлы – өз заманындағы әлемдік дәрежедегі ғалымдардың
еңбектерімен жетік таныс болған адам
(Н. Оралбаева). Демек, экспрессивті мазмұндық тәсілмен келетін
стилистикалық акценттік категориялар ғылыми-танымдық шығармаларда да
баршылық.
Стилистикалық акценттік категория немесе акцентология ұғымының маңызын
былай таратып айтуға болады:
а) екпіннің табиғаты мен қызметін зерттейтін сала;
ә) екпінге байланысты болатын тілдік құбылыстардың жүйесі. Кең
мағынасында, акцентология шеңберінде “тон” да қарастырылады. Акцентологияда
екпін фонологиялық және морфологиялық тұрғыдан зерттеледі. Екпіннің
фонологиялық зерттеулерінің мынандай қырлары бар:
1) екіпін түсетін буынды анықтау. Л. Хаймен 444 тілді зерттеген,
олардың 25%-де екпіннің басқы буынға, 20%-де соңғы, 18%-де ортаңғы, ал 33%-
де еркін түсетіндігін анықтады;
2) екпіннің фонология типін (түрін) анықтау;
3) екпінді және екпінсіз буындардың просодикалық қасиеттерінің үлес
салмағын анықтау;
4) екпіннің фонетикалық түрін анықтау, бұл жерде екпін түсетін буынның
созылыңқылығы (квантативті екпін), күші (динамикалық екпін), көтеріңкілігі
(әуезді екпін), дауысты не дауыссыз аллофондардың ерекшеліктері (сапалық
екпін) қарастырылады. Тонды зерттеуде негізгі мақсат – тілдегі тондарды,
олардың дараланушы белгілері, тон мен буын түрлерін, сөз шеңберіндегі
тондардың үйлесуін анықтау болып табылады. Акцентологияда тон мен екпін
лингвистикалық, психолингвистикалық және аспаптық тәсілдермен зерттеледі.
Морфонологиялық зерттеулердің негізгі міндеті – екпін мен морфема
арасындағы байланысты зерттеу.
Акцентология ұғымына берілген осы сипаттаманы акценттік талдау
жасағанда жүзеге асыратын болсақ, акценттік категориялар оны жүйелейді.
Енді акценттік категорияға бірнеше мысалдар алып, талдап көрелік.
1) Жеңіс те, жеміс те халықтікі.
2) Ұлттық тілдің қуаты – ұлттық намыста!
3) Жаным! Сәулем! т.б.
4) Тығын.
Қарап отырсақ, барлығы да белгілі бір ойдың негізгі арқауы ретінде
алынған тақырыптар. Олардың әрқайсысының интонациясы, просодия екпіні әр
түрлі.
Бірінші мысалда, бірінші және екінші фразадағы те күшейткіш демеулік
шылауынан кейін интонацияны аңғаруға болады. Бірінші және екінші фразадағы
екпінге бағынып тұрған бөлшек – те күшейткіш демеулік шылауы. Және бірінші
фразадан кейін паузаны көре аласың. Екінші мысалдан интонация құбылысын
айқын көре аласың. Ұлттық тілдің қуаты дегеннен кейін кідіріс – интонация
жасалып, ұлттық намыста дегенде сөйлеу темпі мен үдемелігі күшті байқалады.
Үшінші мысалдан дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі, яғни мелодика
құбылысы көрінеді. Бұл мысалда айрықша интонациямен айтылған қаратпа
сөздер. Екпінге бағынып тұрған бөлшек бастапқы буын.
Соңғы келтірген мысалда екпін соңғы буыннан көрінеді. Және сөйлеу темпі
байқалады.
Акценттік категорияда сөз болсын, сөйлеу болсын белгілі бір екпінмен,
белгілі бір қарқынмен шығады. Сол екпінмен, сол қарқынмен шыққан сөз,
сөйлеу – адам айының көрінісі. Ойлаудың, ойдың нәтижесін адам белгілі бір
қарқынмен сөз арқылы сыртқа шығарады. Бір сөз болуы мүмкін, бір ой болуы
мүмкін. Осы жерде ойлау туралы философиялық түсініктеме бере кету керек.
– ойлау – объективтік дүниені ұғым, пікір, теория және т.б. формасында
бейнелеудің белсенді процесі;
– бұл процесс белгілі бір мәселелерді шешумен, шындықты жанама
бейнелендіру тәсілдерімен және оларды жалпылаумен байланысты жүзеге асады;
– айрықша түрде ұйымдасқан материал – мидың жоғары жемісі. Ойлаудың
материалдық физиологиялық механизмдерін жоғары нерв қызметі философиясы
зерттейді. Алайда ойлау мимен айырғысыз тығыз байланысты болғанымен, оны
бүтіндей физиологиялық аппараттың қызметімен түсіндіруге болмайды. Ойлау
биологиялық эволюциямен ғана емес, қоғамдық дамумен де байланысты. Ойлау
адамдардың өндірістік қызметінің процесінде туады және шындықты жанама
жолмен бейнелендіреді, мақсат етеді. Ойлау туу ерекшеліктері жағынан да,
іске асу тәсілі жағынан да, нәтижелері бойынша да қоғамдық сипатта болады.
Мұның себебі ойлау адамзат қоғамына ғана тән еңбек және тіл қызметтеріне
байланысты өмір сүреді. Сондықтан адам сөйлеумен аса тығыз байланысты
жүзеге асырып, оның нәтижелері тілде бейнеленеді.
Енді төмендегі мысалды алып көрсек.
Тығын
Тығынның да өз заңы бар. Ол қоғам ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz